{"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/erzan-babaqumarov-2025-zobasy-turaly-aqs-ozin-zane-bukil-alemdi-qalai-ozgerte-alady", "title": "Ержан Бабақұмаров \"2025 жобасы\" туралы: АҚШ өзін және бүкіл әлемді қалай өзгерте алады", "text": "Informburo.kz редакциясы саясаттану ғылымдарының кандидаты, ҚР Саяси ғылымдар қоғамдық академиясының академигі, \"Ника груп\" тәуелсіз талдау орталығының жетекшісі Ержан Бабақұмаровпен сұхбаттар сериясын жалғастырады.  Сұхбаттар АҚШ президенті Дональд Трамп кезеңіндегі жаһандық тәртіптің ықтимал трансформациясы төңірегінде өрбиді. Бұған дейінгі сұхбаттарда ол Америка басшысының мемлекетті корпорация ретіндебасқаратыныжәне оныңкеліссөз жүргізу стилітуралы баяндаған еді.\nБүгінгі тақырып – АҚШ-та соңғы жылдары ең көп талқыланып жатқан саяси құжаттардың бірі – \"2025 жобасы\". Ол елдегі бүкіл атқарушы билікке арналған жол картасына айналуы мүмкін. Бұл жобаның мән-маңызы не? Ондағы ережелер қаншалықты радикалды және оның әлемге тигізуі мүмкін ықпалы қандай?\n– Ержан Жалбақұлы, батыс баспасөзі \"2025 жобасын\" \"жоғарыдан басталған революция\" деп атайды. Бұл не құжат және оған кім бастамашы болды?\n– Бұл – Америка басшысы Дональд Трампқа жақын қорлар, зерттеу орталықтары және республикалық топтар әзірлеген стратегиялық платформа. Жобаға Америкадағы ең көне консервативтік институттардың бірі – Heritage Foundation жетекшілік етті.\nҚұжат өзі – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан либералды мемлекетті бөлшектеудің  нұсқаулығы іспеттес. Ол қорғаныстан бастап білім беруге дейінгі, салықтардан бастап климаттық саясатқа дейінгі салалардың бәрін дерлік қамтиды. Мән-маңызы бойынша ол жай ғана сайлауалды бағдарлама емес, республикашылар жеңіске жеткен жағдайда жүзеге асырылуы тиіс техникалық регламент.\n2025 жобасы – бұл құндылықтар декларациясы емес, америкалық атқарушы биліктің бүкіл архитектурасын реформалаудың жоспары.\n– Құжаттың ең көп талқыға түскен тармақтарының бірі – кадрлық аппаратты жаппай тазалау. Бұл елдің демократиялық тәжірибесіне сай ма?\n– Конституциялық тұрғыда – иә. АҚШ президентінің федералды ведомство басшыларын тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар. Бірақ, ондаған мың мемлекеттік қызметкерді қысқартып, оларды орнына мемлекет басшысына тікелей бағынатын, адал кадрлармен ауыстыру және сол арқылы бюрократияның салыстырмалы егемендігін жою бірінші рет ұсынылып отыр.\nБұл жерде әңгіме АҚШ-та ешқашан болмаған билік вертикалін құру туралы. Бұл корпоративтік қайта құрылымдауды еске салады: бұрынғы менеджмент жұмыстан кетіп, оның орнын көзқарасы \"адал\" өз кадрларымен ауыстырады. Басты критерийлердің бірі – кәсібилік емес, адалдық.\nЖоба шектеулер жүйесін Ақ үйден бастап соңғы шенеунікке дейін бағынудың бірыңғай жүйесімен ауыстыруды көздейді.\n– Жоба халықаралық саясатты қалай құруды ұсынады?\n– \"2025 жобасының\" логикасында ішкі шоғырлануға: мемлекеттік аппарат, көші-қон, білім беру, мәдени күн тәртібін бақылауға басымдық беріледі. АҚШ президенті ел ішіндегі күн тәртібін қарсылықсыз жедел жүзеге асыру үшін ресурстарды алуы керек. Халықаралық саясат бұл тәсілде керісінше ішкі функцияға айналады. Сыртқы әрекеттер америкалық өндірістің, қауіпсіздіктің, бірегейліктің мүдделеріне қызмет көрсетуі керек. Бұл – жаңа типтегі оқшаулануға бетбұрыс, ол бойынша АҚШ әлемнен кетпейді, бірақ онымен қатаң есеп бойынша қарым-қатынас құрады.\n2025 жобасы моральдық авторитет емес, саяси және экономикалық тиімділікті қажет ететін Американы құруды ұсынады.\n– Демек, біз қазір тек АҚШ емес, бүкіл әлемдік геосаясаттағы ықтимал өзгерістер туралы айтып отырмыз ғой?\n– Дәл солай. Егер АҚШ \"2025 жобасын\" жүзеге асыруды бастаса, бұл тізбекті реакцияны іске қосатыны анық. БҰҰ, ДСҰ, Дүниежүзілік банк, НАТО сынды Вашингтон шешуші рөл атқарған халықаралық институттар саяси маңызын әлсіретеді, тіпті жоғалтуы мүмкін. Олар әмбебап ережелері бар алаң ретінде емес, күштік бәсекелестік логикасына толық сәйкес келмейтін ескі құралдар ретінде қабылданатын болады.\nИдеологияға негізделген одақтарды мүддеге құрылған екіжақты және аймақтық келісімдер ығыстырады. Еуропалық одақ қиын жағдайға тап болады – егер Вашингтон дербес мемлекет сияқты әрекет етсе, онда трансатлантикалық бірлік саясатын (бұрынғыдай біріктірілген Батысты) жалғастыра алмайды. Қытай технологиялық және валюталық егемендікке бағыт алып, балама институттар, төлем жүйелері мен платформаларын ұсынуы мүмкін. Ал, Ресей үшін АҚШ біртіндеп шегінетін өңірлерде белгілі бір мүмкіндіктер терезесі ашылады.\nЖаһандық тәртіп бөлшектенеді. Әрбір ойыншы – Қытай, АҚШ, ЕО, Ресей әмбебап ережелерге емес, өзінің тікелей мүдделеріне сүйене отырып ойын жүргізеді.\n– Біз \"әлемдік қоғамдастық\" деген терминнің өзі мағынасын жойып жатқан кезеңге еніп жатырмыз. Солай ғой?\n– Ең қуатты трендтердің бірі – жаһандық қоғамдастықтың орнына әрбірі өзінің айналасында ойын ережесін айқындайтын стартегиялық орталықтар жиынтығының келуі. Бұл жаңа \"темір перде\" ғана емес, жергілікті одақтар мен қысқамерзімді келісімдер жаһандық шарттардан маңыздырақ саналатын мозаикалық геосаясат.\nШЫҰ, БРИКС+, ҰҚШҰ, ОПЕК+ сынды өңірлік альянстар жаңа саяси және экономикалық өзектілікке ие болады. Бірақ олар тұтас блок ретінде емес, жекелеген елдердің ұстанымын күшейтетін құрал ретінде қарастырылады. Теңгерім икемді, тұрақсыз және күрт өзгерістерге бейім болады.\nӘлем үлкен шахмат тақтасына айналады. Тек тақтада екі лагерь емес, өз траекториясы бойынша жүретін ондаған фигура болады.\n– Бұл логикаға сүйенсек, ядролық альянстарға кірмейтін елдерге өз жолдарын іздеуге тура келе ме?\n– Әлбетте. Мұндай елдер тек бейімделіп қана қоймай, әрбір аймақтық теңдеуде қажет бола білуді үйренуі тиіс. Геосаяси енжарлық — күн тәртібінен мүлдем жоғалудың жолы. Қазіргі әлемдік тәртіп ешкімге тұрақтылықты да, назарды да кепіл етпейді.\nСондықтан орта деңгейдегі державалар өңірлік субъектілігін күшейтіп, бастамалар ұсынып, тұрақты логистикалық және энергетикалық байланыстарды қамтамасыз етеді. Түркия, ЕО және Парсы шығанағы елдері сынды өңірлік ойыншылармен тікелей қарым-қатынас құрады. Сондай-ақ, \"әдепкі одақтар\" болмайтын жаңа әлем жағдайында сыртқы саясат стратегияларын жаңарту қажет болады.\nХалықаралық қауіпсіздік архитектурасы АҚШ бастамашы болатын және ережелерді өзі белгілейтін екіжақты келісімдермен алмастырылды. Бұл жағдайдан кім ұтады? Халықаралық ойынды кім тез түсініп, оның ережелерін қабылдай алса – соның ұпайы түгел болмақ.\nБіз ықпал географиясы өзгеріп жатқан жағдайда епті келіссөз жүргізу, тепе-теңдікті сақтау және жедел әрекет ету қабілеті моральдық беделден гөрі ережелерді анықтайтын дәуірге аяқ бастық.\nЖаңа әлемде тұрақты серіктестер болмайды – тұрақты мүдделер ғана бар. Оны түсініп, құндылықтар, инфрақұрылым, логистика тізбегіне кіріге алатындар – аман қалады. Қалғандары өз маңыздылығын жоғалта бастайды.\nКелесі сұхбаттар мына тақырыптарға арналады:\nЖаңа сұхбаттар сериясын жіберіп алмаңыздар."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-serbiya-kaspkerlerne-kolaylyi-jagday-jasauga-371901/", "title": "Тоқаев: “Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз“", "text": "Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгеніне тоқталды., - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі Ақордаға сілтеме жасап.\nҚасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгеніне тоқталды., - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі Ақордаға сілтеме жасап.\n\"Сауда, көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастық мәселелерін жан-жақты талқыладық. Нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланысты дамыту қажеттігіне баса назар аудардық. Қазір екі елдің арасындағы алыс-беріс көбейіп келеді. Елімізде 60-қа жуық серб компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Дегенмен біздің экономикалық әлеуетіміз бұдан әлдеқайда жоғары. Сондықтан сауда-саттық көлемін ұлғайтуға келістік. Мемлекеттеріміздің мүддесіне сай келетін жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаластық. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия бұл жұмысқа баса мән беруі қажет\", – деді Президент.\nМемлекет басшысы елімізге Александр Вучичпен бірге ірі кәсіпкерлер келгенін, сапар қарсаңында Қазақстан – Сербия Іскерлік кеңесінің отырысы өткенін еске салды.\n\"Бизнес өкілдері арасындағы байланысты күшейту қажет екенін атап өттік. Жалпы, біз Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аудардық. Былтыр Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Бұл – ықпалдастығымызды дамыту жолындағы маңызды қадам. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, жүк тасымалдайтын жаңа бағыттар ашу мәселесіне тоқталдық. Инфрақұрылым саласындағы әріптестікті нығайту жолдарын талқыладық. Тиісті министрліктер мен операторларға нақты ынтымақтастық тәсілдерін айқындауды ұсындық. Энергетика саласында аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту үшін өзара іс-қимылды күшейтуге келістік\", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/tanym/2026-zylga-arnalgan-astrologiialyq-bolzam-otty-zylqy-zylynan-ne-kutemiz", "title": "2026 жылға арналған астрологиялық болжам: Отты Жылқы жылынан не күтеміз", "text": "2026 жыл – шығыс күнтізбесі бойынша Отты Жылқы жылы. Бұл кезең нумерологиялық тұрғыдан Күннің белгісімен (цифрлардың қосындысы 1-ді береді) өтетін, жарқын оқиғаларға толы ерекше уақыт болмақ. Астролог Юлия Кацманның пайымдауынша, бұл жыл дипломатия, үлкен өзгеріс және жеке бас бақыты жылы ретінде тарихқа енбек.\nБиылғы жылдың басты ерекшелігі – планеталардың маңызды қозғалысы. Уран планетасының Торпақ белгісінен шығып, Егіздер белгісіне өтуі әлемдік картаны қайта сызады.\nУкраина және бейбітшілік: Мундан астрологиясы бойынша Украина Торпақ белгісіне жатады. Уранның бұл белгіден түпкілікті кетуі (ақпан айында) Украинадағы барлық дүрбелең мен соғыс іс-қимылдарының тоқтауына және бейбітшілікке бағытталған қадамдарға жол ашады.\nАҚШ-тың рөлі: Егіздер белгісі АҚШ аумағына жауап береді. Сондықтан әлемдік саясатта АҚШ-тың ықпалы артып, жаңа халықаралық келісімдердің негізгі бастамашысы болады.\nҚазақстанның жетістігі:Еліміз АҚШ-пен және өзге де ірі державалармен өте тиімді дипломатиялық келісімдер жасайды. Қазақстан әлем алдында тұрақты, бітімгер және сенімді серіктес ретінде көрініп, халықаралық беделін нығайта түседі.\nЖылқы жылында сахнаға нағыз дипломаттар шығады. Бұл кезеңде көптеген бейбіт келісім жасалып, жаңа мықты саясаткер мен политологтардың жұлдызы жанады. Егер сіз саясатпен немесе келіссөздермен айналысуды жоспарласаңыз, 2026 жыл – ең қолайлы уақыт. Жылқы – стратегия мен адалдықтың белгісі, сондықтан ашық әрі таза жүргізілген саясат қана жеңіске жетелейді.\nБизнес саласында жыл екі кезеңге бөлінеді және Юпитер планетасының қозғалысына бағынады:\nЕңбекқорлық пен Батылдық: Жылқы – еңбекқор жануар. Тәуекелге барудан қорықпайтын, батыл адамдар ғана үлкен табысқа жетеді. Егер жұмыс орнын ауыстыруды ойласаңыз, еш күмәнсіз әрекет етіңіз, Жылқы батылдарды қолдайды.\n2026 жылды толық сеніммен \"Отбасы жылы\" деп атауға болады. Жылқы – құштарлық пен адалдықтың символы.\nНеке және сәби: Биыл үйлену тойын өткізуге жылдың әрбір айы қолайлы. Отбасын құруды армандағандар өз теңін тауып, көптеген шаңырақта сәби үні естілетін болады.\nСезімдер тасқыны: Бұл жыл махаббат пен сезімге толы болады. Адамдар өз эмоциясын жасыра алмайтын, шынайылық алдыңғы орынға шығатын кезең.\nОт энергиясы адамның физикалық күйіне де әсер етпей қоймайды:\nЖеңімпаздар: От белгілері (Арыстан, Мерген, Тоқты) мен Ауа белгілері (Таразы, Суқұйғыш, Егіздер) үшін жыл барынша сәтті болады.Сақ болуы керек белгілер: Бикештер үшін Юпитер 12-ші үйінде болғандықтан, тәуекелге бармай, көбірек оңашаланып, медитациямен айналысқан дұрыс. Тоқтылар Сатурнның әсерінен белгілі бір шектеулерді сезінуі мүмкін.\nЖұмысыңыз тежелмеуі үшін Меркурий планетасының \"кері\" қозғалатын кезеңдерінде маңызды құжаттарға қол қоймауға және үлкен істерді бастамауға тырысыңыз:\nЖылқы жылының берекесін кіргізу үшін Юлия Кацман мынадай кеңестер береді:\nБұл жыл – адалдық пен батылдықтың сыналатын шағы. Егер сіз өз мақсатыңызға адал болып, ерінбей еңбек етсеңіз, Отты Жылқы сізге өміріңіздегі ең үлкен мүмкіндіктердің есігін ашады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/esepke-alynbagan-bailyq-memleket-sirek-metaldardan-qalai-qagylyp-otyr", "title": "Есепке алынбаған байлық: Мемлекет сирек металдардан қалай қағылып отыр?", "text": "Парламент пен медиа кеңістігінде елден тысқары шығарылатын руда мен концентраттың құрамын бақылау мәселесі көтерілген соң, бұл тақырып қоғамдық және саяси сипатқа ие болды. Бұған ілеспе компоненттердің, соның ішінде ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызы бар сирек кездесетін металдардың есепке толық алынбауы мүмкін деген мәлімдемелер түрткі болды, деп хабарладыNege.kz.\nБиыл \"Ақ Жол\" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев тиісті мемлекеттік органдарғадепутаттық сауалжолдағаннан кейін пікірталас тіпті күшейе түсті. Сауалда принципті мәселе көтерілді: мемлекет экспортқа шығарылатын шикізаттың нақты құрамын қаншалықты бақылап отыр және талдау мен есепке алу жүйесінің кемшілігінен бюджет шығынға ұшырап жатқан жоқ па?\nОсы ретте еліміздегі ең ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі \"Қазақмыс\" корпорациясы назарда. Талқылауға компанияның химиялық зертханаларының бұрынғы басшысы Бақыт Әділованың \"Гиперборей\" YouTube-арнасында жасаған жария мәлімдемелері себеп болды. Мемлекет руда мен концентрат экспортынан түсетін кірісті жылдар бойы толық алмай келді ме деген әңгіме дәл осы мәлімдемелерден басталды.\nӘділованың айтуынша, әңгіме кәсіби ортада жартылай сандық деп саналатын және технологиялық процесті жедел бақылау үшін қолданылатын рентген-спектрлік талдау туралы болып отыр. Алайда, маман ұлттық және мемлекетаралық стандарттар өзара есеп айырысу, экспорт және кедендік рәсімдеу үшін металдарды есепке алғанда толыққанды химиялық талдауды қолдануды талап ететінін баса айтады.\nӘділова 2019 жылдан бастап Балқаш өңірінің орталық химиялық зертханалары аутсорсингке берілгеніне ерекше назар аударды. Оның сөзінше, бақылау жүйесі дәл осыдан кейін ашықтығынан айырыла бастаған. Ол байыту фабрикаларындағы рентген-спектрлік зертханаларды аккредиттеу іс жүзінде экспортталатын шикізаттағы металл үлесін төмендетіп көрсетуге жол ашқанын алға тартады.\nБір қарағанда, талдау әдістері туралы дау кәсіби келіспеушілік сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, шын мәнінде бұл мемлекеттің тікелей экономикалық мүдделеріне қатысты мәселе, өйткені мыс концентраты дегеніміз – тек қана мыс емес. Оның құрамында әлемдік нарықтағы бағасы жыл сайын өсіп келе жатқан ілеспе бағалы және сирек кездесетін элементтер болуы мүмкін. Егер бұл компоненттердің үлесі толық ескерілмесе, мемлекет экспортталатын ресурстардың нақты құнын бағалай алмайды. Президент деңгейінде сирек кездесетін металдар саласын дамытуға және Жапониямен халықаралық әріптестікке басымдық беріліп отырған шақта мұндай көмескілік жүйелік қауіп ретінде қабылданады.\nНаурыз айының басында бұл тақырып парламент деңгейіне көтерілді: \"Ақ Жол\" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Мәжілісте депутаттық сауал жолдап, баспасөздегі жарияланымдар мен \"Гиперборей\" арнасында айтылған деректерге сүйенді.\n2025 жылдың қазан айында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қосымша бақылау механизмдерінің қажет екенін іс жүзінде мойындады. Мемлекеттік орган \"Эксклюзив\" журналистерінің сауалына берген жауабында сирек кездесетін металдарға бақылауды күшейту, оның ішінде халықаралық қатысушылармен бірлесе отырып мамандандырылған зерттеу орталығын құру және аккредиттелген зертханалар тізімін жасақтау жоспарлары туралы хабарлады.\nЕл басшылығы жоғары технологиялы экономикалар үшін сирек кездесетін металдардың сенімді жеткізушісі болуға ниет білдіріп отырған сәтте, ірі кәсіпорындарда бақылаудың \"сұр аймақтарының\" болуына жол беруге болмайды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/etnostil-trendte-qazaqtyn-ulttyq-kiimderin-qalai-sange-ainaldyruga-bolady", "title": "Этностиль – трендте! Қазақтың ұлттық киімдерін қалай сәнге айналдыруға болады?", "text": "Бүгінде басына тақия, үстіне ою-өрнекпен көмкерілген киім киген адамдарды көру таңсық жайт емес. Этностиль халық арасында трендке айналды. Ұлттық стильдегі әшекейлер де жаңаша сипат алды. Қазақтың шапаны мен камзолын қазіргі заманға сай тігетін дизайнерлер көбейді. Қазір этнобұйымдарды базардан да, дүкендерден де табуға болады. Адам көп жүретін орындарда жәрмеңкелер де өтіп тұрады. Ал соның ең үлкені – Алматыда жыл сайын өтетін Ethno Pop-Up Store. Дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің басын біріктіретін этно-мәдени фестивальде сауда қызып қана қоймай, төрінде қазақтың ән-күйі күмбірлеп, домбыраның үні естіледі.\nОсы орайда Информбюро тілшісі фестивальдің ұйымдастырушысы танымал әнші Динара Сұлтанмен жоба туралы аз-кем сұхбаттасты.\n– Бұл жоба қалай дүниеге келді? Жалпы Астана мен Алматыда Pop-Up store көп етеді ғой.\n– Иә, бірақ этно бағытында мұндай жоба болмады. Шетелде ұзақ тұрған соң елге деген сағынышым осындай жобаны жасауға түрткі болды. \"Біз өзгелерге еліктейміз деп шетелдің киімін киіп аламыз. Неге біз өзіміздің киімдерімізді кимейміз?\" деген сұрақ туды. Араб елдеріндегі адамдар өздерінің ұлттық киімін киіп жүреді. Олардың киімі бізге тән емес. Елге деген сағыныш маза бермей, Қазақстанға оралған соң осы жобаны қалай да болсын жасаймын деп шештім.\n2021 жылы наурыз айында алғашқы Ethno Pop-Up Store өткіздік. Бұл жобаның басты мақсаты – қолөнершілер мен дизайнерлердің басын қосып, қазақтың ұлттық киімдерін көпшілікке таныстыру және оларды Наурыз мейрамында ғана емес, күнделікті киім сияқты киюге болатынын көрсету. Ең бастысы – қазақтың ұлттық киімін трендке айналдыру. Жоба басталғалы үш-төрт жылда ұлттық киімдеріміз бен әшекейлеріміздің танылуына аз да болса үлес қостық деп ойлаймын. Жәрмеңке алғаш өткен жылғы деңгеймен салыстырсақ қазіргі этно бұйымдардың сапасы жоғарылай түсті. Осы жәрмеңкеде қойылған әр бұйымды шетелге шыққанда отандық брендіміз деп мақтанып киіп жүруге болады.\n– Содан бері фестиваль ауқымы кеңейді ме? Қанша бренд қатысып жатыр?\n– Алғашқы фестиваль мектебімізде өтті. Сол кезде қолөнершілер мен дизайнерлерді қосқанда әрең дегенде жиырмадай брендті таптық. Өзіміз бұрын-соңды жәрмеңке жасап көрмегенбіз. Көже қайнатып, дәм татқызып, барынша көңілді өткіздік. Келе-келе брендтер саны жүзге жетті.\nЖобаға қатысу үшін өтініш беру қажет. Брендтерге анализ жасап, бұйымдарын өздері жасай ма соны тексеретін команда бар. Сондықтан барлық бренд қатыса алмайды. Талапқа сай келген, көңілден шыққан жобаларды қоладуға әзірміз. Жәрмеңкеге қатысатын дизайнерлер мен қолөнершілердің әрқайсын жеке танимын. Сүйікті брендтерім де бар. Ешқайсын бөліп жармаймын, бәрін бірдей қолдаймын.\nОсы жолы 120 бренд өз бұйымдарын әкелді. Былтыр 150-ден астам бренд қатысқанда адам сыймаған соң биыл кішкене азайттық. Былтыр наурызда өткен фестивальге екі күн бойы бес-алты мыңға жуық адам келді. Ендігі мақсатымыз қонақтар қатарын 10 мыңға жеткізу болып отыр. Келер жылғы Ethno Pop-Up Store фестивалінде бірінші күні басқа дизайнерлер, екінші күні басқа дизайнерлер болады. Келушілер саны көбейетін шығар деп ойлаймын.\nПубликация от Ethno Pop-Up Store: Mol Dünie (@ethno_popup_store)\n– Бұл жолғы фестиваль неге \"Сабантой\" деп аталды?\nАлғашқы Ethno Pop-Up Store наурыз мейрамына орай өтті. Фестивальге келіп, бұйымдарды сатып алатын тұтынушылар да, сол бұйымдарды жасайтын ісмерлер мен қолөнершілер де бір жылда бір рет қана өткізу аздық ететінін айтты. Есімізге Сабантой мейрамы түсіп, неге күзде де жасамасқа деген ой келді. Этно деп аты айтып тұрғандай ұлттық киімдерді наурызда ғана киеді деген түсінік бар. Сондықтан біз Қазақстанда тойлана бермейтін, өшіп бара жатқан сабантой мейрамын қайта жаңғыртқымыз келді. Ауыл-аймақта егін егіп, астық жинайтын шаруалар бәлки тойлайтын шығар. Бірақ дәл Наурыздай тойланбаған соң Ethno Pop-Up Store бағдарламасына Сабантойды қостық. Міне, екі-үш жыл қатарынан Наурыз және Сабантой мейрамы қарсаңында жылына екі рет жәрмеңке өткізіп келе жатырмыз.\n– Этно-мәдени фестиваль болғандықтан мұнда саудадан басқа тағы не істеуге болады?\n– Бұл – жай ғана жәрмеңке емес, отбасылық үлкен фестиваль. Биыл екінші рет Sadu Arena-да өткізіп жатырмыз. Сахнада өзіміз тәрбиелейтін жас өрендер өнер көрсетті. Биыл тосынсый жасап мен де сахнаға шықтым. Далада тамақ әзірленіп жатыр. Бұл жерде сауда қызып жатса да, күні бойы қонақтарға интерактив болып жатады. Балалар қыш бұйымдарын жасауды, киіз басуды үйренеді. Қонақтар дәрістерді тыңдап, ойланарлықтай бірнәрсе түйіп кетеді. Біз кімбіз? Қазақ тілін не үшін дамыту керек? Кімдігімізді қалай танимыз деген сұрақтарға жауап таба алатын алаң жасадық.\n– Этностильдегі киім үлгілері көбейіп жатқаны қуантады. Алайда \"алайын десек бағасы қымбат, қалтамыз көтермейді\" деген пікірді көп естиміз. Неге қымбат?\n– Дизайнерлер матаны Түркиядан, Дубайдан алады. Өкінішке қарай, Қазақстанда мата тұрмақ ине мен жіп шығармаймыз. Бірақ дизайнерлер әкелетін маталар шетелде де қымбат. Қазір қатты инфляция болып жатыр. Материалға қоса машинасы бар, цехты жалдау ақысы бар, тігіншілердің жалақысы бар. Соның бәрін қосқанда бір киімнің бағасы 100 мыңға жетіп қалады. Көбінесе матасына байланысты.\n– Енді бұл жобаны басқа қалаларда жасасам деймін. Алматыда ғана үлкен ауқымда өтіп келеді. Қаржыны жарнамаға салып жатырмыз. Хобби ретінде алып жүрген жобам болған соң бұдан ешқандай табыс таппаймын. Бала күнімнен зергерлік бұйымдарға қатты қызықтым. Бұл жобаға бизнес деп қарамаймын, бірақ неге бизнес жасамасқа. Басқа елге, басқа қалаға шығып жатсақ тәжірибемізді бөлісіп, франшиза қылып сатуға болады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/prezident-toqaevtyn-prezident-tramppen-qarym-qatynasy-ote-zaqsy-aqs-bas-konsuly", "title": "Президент Тоқаевтың президент Трамппен қарым-қатынасы өте жақсы – АҚШ бас консулы", "text": "Оқырман назарына АҚШ бас консулы Мишель Еркінмен болған видео сұхбаттың (13.11.2025) қазақ тіліне аударылған скрипт-нұсқасын ұсынамыз.\nАҚШ-тың Алматыдағы бас консулыМишель Еркінекі жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда қызмет етіп келеді. Бұл уақыт аралығында ол экономикалық, білім беру бағдарламаларын дамытумен айналысып, америкалық ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеді және АҚШ пен Орталық Азия елдері арасында \"C5+1\" форматындағы диалогты құруға көмектесті. Ақ үйде өткен тарихи саммит пен Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылатыны туралы хабардың аясында екі ел арасындағы мемлекетаралық, сондай-ақ өңірлік форматтағы қарым-қатынастың болашақ дамуы жаңа сипаттарға ие болмақ.\nInformburo.kz порталына эксклюзив сұхбатында Мишель Еркін қол жеткен келісімдер, аса маңызды минералдар, АҚШ мемлекеттік хатшысы мен президентінің Қазақстанға жасауы мүмкін сапары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, қазақша Еркін деген тегін неге Қазақстанның еркіндігі мен тәуелсіздігінің символы деп есептейтінін айтты.\n– Сәлеметсіз бе, бас консул ханым. Біздің студиямызға қош келдіңіз Ең алдымен ұзаққа созылған тарихи шатдаунның аяқталғанымен құттықтаймын! Бұл жаңалық бірнеше сағат бұрын ғана құлағымызға жетті. Дегенмен, біз Сізді мұнда біздің күн тәртібіміздегі сұрақтар бойынша әңгімелесу үшін шақырдық. Қазір бұл мәселелер де өте қызық. \"C5+1\" саммитінен соң айтар әңгімеміз аз емес.\n– Сұхбатқа шақырғандарыңыз үшін көп рахмет! Әсіресе, осындай тарихи кезеңде, президент Трамп пен сіздердің мемлекет басшыларыңыз Тоқаев және Орта Азия елдерінің өзге де басшылары арасында өткен аптада болған тарихи кездесуден соң сұхбатқа келу мені қуанышқа бөлеп отыр.\n– Әңгімені соңғы күндердегі ең өзекті мәселеден бастасақ. Ол – Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы. Бұл маңызды жаңалықты әлемге Дональд Трамп хабарлады. Трамп – Тоқаев – Нетаньяху арасындағы бірлескен телефон қоңырауынан соң америкалық лмдер әлеуметтік желіде: \"Жақында біз ресми қол қою рәсімі туралы хабарлаймыз. Бұл КҮШ клубына қосылуды қалайтын елдер әлі де көп\" деп жазды. Мишель ханым, бұл мәселеде бізге Сіздің сарапшы ретіндегі пікіріңіз қызық. \"Күш клубы\" деген не және оны CapsLk арқылы жазып, ерекше маңыз берудің мәні неде?\n– Президент Трамп Қазақстанның өзінің екінші президенттік мерзімінде Ибраһим келісімдеріне қосылан алғашқы ел екенін расымен атап өтті. Әлі құжаттарды жетілдіріп, қол қоюға дайындау бойынша атқарылатын жұмыстар бар. Бірақ, мен қазір тараптар қол қойған өзге де көптеген келісімдер туралы айта аламын. Бұл келісімдердің тарихи маңызы зор. Құрама Штаттар мен Қазақстан өткен аптада және бізге президенттің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор және мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау келген алдыңғы аптада миллиардтаған доллардың сауда және инвестициялық келісімдерін жасасты. Олардың арасында \"Қазақстан темір жолына\" локомотивтер сату бойынша Wabtec-пен арадағы келісімдер, Air Astana мен Boeing арасындағы  миллиард долларға жуық келісімдер бар. Сондай-ақ...\n– Иә, олар туралы біз міндетті түрде әңгімелесеміз. Дегенмен, Қазақстан қабылдаған шешімді түрліше бағалап жатқандар бар. Бәрі дерлік бұл жай ғана дипломатиялық реверанс емес екенін мойындайды. Бұл туралы, тіпті, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бірқатар БАҚ-қа растап жауап берді. Reuters хабарынан үзінді келтірейін: \"Бұл – дипломатиялық байланыстардың аясынан тысқары шығатын терең қарым-қатынастар. Тараптар бірге жұмыс істей алатын әртүрлі бағыттар бойынша экономикалық дамуға айрықша және бірегей мүмкіндіктерге жол ашатын серіктестік қалыптасы келеді\". Бұл келісімге қосылу туралы шешім қатысушы елдердің (ал олардың саны үшеу – әлі мәселе ашық күйінде тұрған Суданды қоспағанда, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Марокко) жоғары аталған салалар бойынша дамуына қандай да бір серпін берді ме?\n– Біз Ибраһим келісімдеріне қол қою нәтижесінде экономикалық әріптестіктің расымен де күшейетінін күтіп отырмыз. Бірақ, мен басқа елдердің экономикасына қатысты болжамдар айта алмаймын. Сондықтан, мен бүгін өткен аптада біз бірқатар келісімге қол қою арқылы қол жеткізген тарихи прогресс туралы айтқым келеді. Оның ішінде, мен бұған дейін атап өткендей, Boeing және Air Astana арасындағы сомасы 7 млрд доллар болатын келісім, Wabtec пен \"Қазақстан темір жолы\" арасындағы сомасы 4 млрд доллардан асатын келісім бар. Сондай-ақ, мысалы, John Deere қондырғылары Қазақстанда шамамен 3-4 млрд долларға сатылады, бұл екі елдің де экономикасына көмектеседі.\nРұқсат етсеңіз, мен Құрама Штаттар мен Қазақстан арасында өте маңызды минералдарды әзірлеу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына қуанышты екенімізді айтқым келеді. Америкалық Cove Capital компаниясы Қазақстанда вольфрамды қайта өңдеу зауытына бір млрд доллардан астам қаржы инвестициялайды. Болашақта қосымша инвестиция бөлу мүмкіндігі де бар. Осылайша, Қазақстанға келіп, оның экономикасына инвестиция құйғанда біз тек қаржылық капитал ғана әкеліп қоймаймыз, оған қоса көптеген жоғары технологиялық шешімдерді, жоғары өнеркәсіптік стандарттарды, еңбек ен қоршаған ортаны қорғау стандарттарын да ала келеміз. Бұл расымен де саладағы үздік тәжірибе және біз оны осы вольфрам кеніші мен қайта өңдеу зауытынан бастауға үміттіміз.\n– Сіздің ойыңызша, Ибраһим келісіміне қосылу туралы шешім Қазақстанды \"АҚШ – Израиль\" саяси жобасының бейтарап аралық еліне айналдырмай ма? Бұл шешімге тарапты таңдау ретінде баға бері жатқандарға не деп жауап беруге болады?\n– Бұған дейін атап өткенімдей, бұл келісім экономикалық серіктестікті күшейтеді деп үміттенеміз. Бірақ, Ибраһим келісімдеріне қатысты сізбен бөлісетін менде өзге жаңа ақпарат жоқ. Ал менің айтқым келетіні – өткен аптада болған және сәтті өткен \"C5+1\" саммиті мен алдыңғы аптадағы президенттің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор және мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландаудың Қазақстанға сапары жайында.\n– Дегенмен, Ибраһим келісімдеріне қатысты мәселені қорытындылайық. Екі тарап әлі қол қоюы қажет бұл келісімнің аясында экономикалық басымдықтардан бөлек, қандай кепілдіктер туралы айтуға болады? Мен қазір қауіпсіздік мәселесіне назар аударып отырмын. Өйткені, Қазақстан қалай болғанда да террористік ұйымдардың риторикасына ілініп қалып жатыр. Бұл мәселеде келісімдерге қосылу Қазақстанға қандай да бір кепілдіктер бере ме?\n– Жаңа айтқанымдай, келісімнің шарттары әлі біздің үкімет, Қазақстан үкіметі және Израиль үкіметінің арасында әлі талқыланып жатыр, сәйкесінше келісімге әлі қол қойылған жоқ. Сондықтан, қазіргі уақытта мен оған қатысты пікір айта алмаймын. Сондықтан, қауіпсіздік мәселесі бойынша толыққанды ақпарат алу үшін Қазақстан үкіметі мен Израиль үкіметіне хабарласуға кеңес берер едім.\n– Иә, әрине. Бұл мәселелер әлі талқыланып жатыр. Бірақ, қалай болғанда да, бүгінгі бәрі жылдам дамып жатқан заманда сұрақтардың туындауы заңдылық. Екі тарап бұл сұрақтарды әлі де түрлі деңгейде талқылайды де ойлаймын. Сіз \"C5+1\" саммитінің барысын мұқият бақылағаныңызға да сенімдімін. Ол өз мақсаттарына жетті, солай ма?\n– Мен бұл – тарихи оқиға деп есептеймін. Біз Қазақстанда дайындықты біздің президенттеріміз президенттің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор және мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландаумен 28-30 қазанда кездескеннен әлдеқайда бұрын бастадық. Бұл кездесулер саммиттің расымен де сәтті өтуіне негіз қалады. Біз үшін бұл көп жылғы, оның ішінде \"C5+1\" платформасының аясындағы жұмыстың шешуші сәті болды. Ал бұл платформа біздің Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанмен дипломатиялық платформамыз екенін жақсы білесіздер. Ол 2015 жылы құрылды. Сәйкесінше, бізде биыл 10 жылдық мерейтой.\nБіз биыл он жылдықты саммитпен ғана емес, жоғары деңгейдегі іскерлік кездесулермен де атап өттік. Дәл осы кездесулерде мен атап өткен, сомасы миллиардтаған долларды құрайтын келісімдердің көбі жасалды. Біз үшін саммит, онымен байланысты сапарлар мен іскерлік шаралар үлкен жетістік болды. Олар бүкіл өңірдің және әсіресе Қазақстанның инвестициялары мен саудасының дамына негіз болып, біздің елдеріміздің бәрін үшін өз жемісін әкелді деп есептеймін.\n– 10 жыл бұрын негізі қаланған бұл алаңның өткеніне ретроспективті түрде, таяудағы өткен кезеңіне және бүгінгі оқиғаларға қарай отырып, қандай баға берер едіңіз?\n– Мен мұнда 22 жыл бұрын жұмыс істегенімді білесіз. Сондықтан мен 2005 жылы Қазақстаннан кеткен уақыттан кейінгі экономикалық прогресті байқадым. Сонда да мен бұл саммитке өте жоғары баға берер едім. Мен оны он жылғы еңбектің, дипломатиялық қызметтің және жеке сектормен жұмыстың жемісі деп бағалаймын. Мысалы, өткен жылы Алматыда біз \"C5+1\" саммитінің бизнес бөлігі болып табылатын алғашқы \"B5+1\" саммитін өткіздік. Онда 250-ден астам қатысушы болды. Олардың көбін бүкіл өңірдің кәсіпорындары құрады. Олар Алматыда бас қосу арқылы өткен аптадағы саммиттің сәтті өтуіне негіз қалады.\nСондықтан, бұл өңірде ұзақ уақыт өткізген адам ретінде саммиттің жетістіктерін көру, ұзақ жылғы дипломатиялық және жеке әріптестікке негіз қалағанымызға көз жеткізу мені қуанышқа бөлейді.\n– Саммит барысындағы келіссөздерге тоқталсақ, маған сіздің келіссөз жүргізуші ретіндегі пікіріңізді білу қызық болып тұр. Біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың \"жаратқан жіберген көшбасшы\" туралы айтқан сөзі лезде ел арасында тарап кетті. Саммит уақытында процеске қатысушылардың реакциясын бақылау өте қызықты болды. Кез-келген саяси технолог мұндай сәтте қуанатыны анық. Ал дипломатия тұрғысынан сіз бұл келіссөз процесін қалай бағалар едіңіз?\n– Қазақстанның жолы болды, мемлекет басында тәжірибелі дипломат және мемлекет қайраткері отыр. Әрине, оның қарым-қатынасы өте жақсы. Президент Тоқаевтың президент Трамп арасындағы қарым-қатынас өте жақсы. Мен олардың бірнеше рет телефон арқылы сөйлескенін және арасында өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қалыптасқанын білемін. Меніңше, бұл келіссөздердің сәтті өтуіне және келісімдерге қол жеткізуге өз үлесін қосты.\n– Саммит қорытындысында Ақ үй қандай сомадағы инвестициялар мен шарттар туралы жариялады? Қателессем, сөзімді түзерсіз, өңір бойынша – 27 миллиард шамасында, ал Қазақстан үшін сома 17 миллиардты құрайтынын білемін. Мұндай нәтижелерге біз қалай келдік, осы жайын егжей-тегжейлі айтып берсеңіз. Бұл құжаттар ұзақ әзірленгеніне және олардың бір күннің ісі емес екеніне сенімдімін.\n– Біз көптеген саланы қамтитын кең ауқымды келісімдерге қол қойдық. Оның қатарында ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, авиация, маңызды минералдар және өзге де салалар бар. Бұл келісімдер, мен бұған дейін атап өткендей, Мемлекеттік департаменттің экономикалық бөліміндегі біздің қызметкерлердің, сондай-ақ коммерциялық қызмет мамандарының көп жылғы жұмысының нәтижесі. Бізде Сауда министрлігінде бүкіл Қазақстанға жауап беретін коммерциялық атташе бар, ол Алматыда жұмыс істейді. Олар іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында компаниялармен әріптестік құрады. Сондай-ақ, бізде \"B5+1\" форумы бар, ол 2024 жылы Алматыда өткізілсе, кезекті шара 2026 жылғы ақпанда Бішкекте өтеді.\nОсылайша, біз бұл жоғары деңгейдегі сапар болғанына және мұндай жоғары деңгейдегі келесі сапар қашан болатынын білмейтінімізге қарамастан, жұмысты жалғастырамыз. Бұл жұмыстар өткен аптаның тарихи жетістіктерін дамыту үшін, көбірек келісімдер жасасу және Қазақстанмен әріптестіктің жаңа жолдарын табу мақсатында жалғасын табады.\n– Қазақстанның геосаяси жағдайы бір жағынан тиімді болса, екінші жағынан оңай да емес. Бұл туралы саммит барысында америкалық тараптан да бірнеше рет айтылды. Аса маңызды минералдарға айрықша қызығушылыққа орай, бұл мәселе ушыға түсуі мүмкін бе?\n– Бұған дейін айтқанымдай, Құрама Штаттар мен Қазақстан аса маңызды минералдардың кен орындарын игеру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстан аса маңызды минералдарға бай екені белгілі. Америкалық Cove Capital компаниясы тек өндіру мен байыту ғана емес, Қазақстанда қайта өңдеуге де бір миллиардтан астам инвестиция құйып отыр. Америкалық компаниялар кез-келген салаға келгенде орындайтын позитивті жұмысты тағы бір қайталап айтқым келеді. Олар жетекші тәжірибе мен заманауи технологияларын әкеліп, қоршаған ортаны қорғайды және ұзақмерзімді перспективаға жұмыс істейді. Олар Қазақстанға көмек көрсетуді көздейді. Оны біз Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері инвестиция салған компаниялардың мысалынан көре аламыз.\n– Сіз дұрыс айтасыз. Расымен де бұл теңгерімді сақтау, шикізаттық және шикізаттық емес секторда да әріптестікті қатар дамыту өте маңызды. Бүгінгі таңда әңгіме Қазақстанмен 30 келісім жайында болып отыр. Алда әлі бірқатар маңызды кездесу, келісімге келулер болады. Тіпті, мемлекеттік хатшы Марк Рубионың Қазақстанға келетіні туралы да айтылды. Оның Қазақстанға сапары туралы мәселе шешілді ме? Білкім, нақты күні не уақыт мерзімдері белгілі болар?\n– Біз үшін мемлекеттік хатшы Марк Рубионы біздің өңірде, оның ішінде Қазақстанда қарсы алу үлкен құрмет болар еді. Бірақ, менде оның сапарының күні туралы әзірге ақпарат жоқ. Ол келесі жыл ішінде Орталық Азияның барлық еліне бару ниеті бары туралы расымен де айтты. Меніңше, 2026 жылы болуы керек.\n– Біз де оны Қазақстанда қарсы алуға аса қуанышты боламыз. Тарихқа үңілсек, ол Қазақстанға келген Америка Құрама Штаттарының бірінші мемлекеттік хатшысы болмайды. Ал америкалық лидер туралы бұлай айта алмаймыз. Саммит кезінде президент Трамп америкалық көшбасшының Қазақстанға жасалуы мүмкін бірінші тарихи сапары жайында: \"I think it's very possible\" деп жауап берді. Гипотеза тұрғысынан талдап көрсек, егер Марк Рубио Қазақстанға келесі жылы келсе, онда президент Трамп қашан келуі мүмкін? Яғни, бұл 2026, 2027 жыл болуы мүмкін бе?\n–Президент Трамптың сапары, әлбетте, тарихи әрі тамаша жетістік болар еді. Бірақ, өкінішке қарай, менде оның жұмыс кестесіне қатысы ақпарат жоқ, сондықтан президенттің жоспарларына қатысты сұрақтарды Ақ үйге жолдауыңызды сұрауға мәжбүрмін. Мен президенттің нақты сапарын бекітетін бірде-бір хаттаманы білмеймін, бірақ, бұл сапар болады деп үміттенемін.\n– Бас консул ханым, келесі жылы мемлекеттік хатшының сапары кезінде Сіз осы қызметте боласыз ба?\n– Мен мемлекеттік хатшы Марк Рубио қай айда келетінін білмеймін, бірақ ол 2026 жылы болады деген үміттемін. Білкім, мен әлі осы қызметте болармын, бірақ менің бас консул ретіндегі өкілеттік мерзімім алдағы жазда аяқталады.\n– Өткен екі жарым жыл өнімді жұмыстарға толы болды. Сіз бұл кезеңдегі өз жұмысыңыздың негізгі нәтижелері ретінде нені атар едіңіз?\n– Бас консул жұмысының ең жақсы жақтарының бірі – мен әртүрлі мәселелермен айналысамын. Мәдениет және білім беру салаларынан баста, экономикалық, саяси және қауіпсіздік бойынша мәселелерге дейін... Мемлекеттік департаменттегі 23 жылдық қызметімде мен негізінен экономикалық және коммерциялық мәселелермен айналыстым. Сондықтан, егер мен өзіме ұнайтын және өзімді еркін сезінетін жұмысты таңдау құқығы берілсе, ол экономикалық және коммерциялық мәселелер болар еді.\nМәселен, ол – Шымкенттегі Coca-Cola зауытын ашу кезінде лентаны қию мүмкіндігі. Америкалық ірі компания Honeywell-дің жаңа кеңсесінің ашылуы кезінде лента қию мүмкіндігіне ие болдым. Снектер шығаратын Pepsi Lay’s зауытына бару мүмкіндігім болды. Сондықтан, бүкіл ауыр жұмысты көру, оның жасалған келісімдер, Қазақстанға құйылған инвестициялар мен Құрама Штаттармен жасалған сауданың нәтижелерін көру расымен қуанышқа бөлейді.\n– Жастарды, жас кәсіпкерлерді, оның ішінде әйелдерді қолдауға бағытталған көптеген білім беру, гуманитарлық жобалар болғанын білемін. Қай бағдарламаларды өзіңіз ерекше атап өтер едіңіз?\n– Бізде мені айрықша қанаттандыратын және \"C5+1\" дипломатиялық платформасының аясында өңірлік сипатқа ие бір жоба бар. Ол – GoViral. Бұл жоба шығармашылық индустрияда жұмыс істейтін жас кәсіпкерлер мен блогерлерге арналған. Біз оны менің қызмет уақытымда да, оған дейін де зор мақтанышпен қолдау көрсетіп келеміз. Осы ретте \"C5+1\" платформасының тағы бір жетістігі – бүкіл Орталық Азиядағы жастарды біріктіруіміз дер едім. \"C5+1\" саммитінде біз, сондай-ақ, платформамыздың аясында мәдени және экономикалық әріптестікті сақтауды күшейту жөнінде екі жаңа келісімге қол қойдық.\n– Келесі сұрақтың жауабы біздің көптеген көрерменіміз үшін де қызықты боларына сенімдімін. Мен Сізді бірнеше мәрте \"Еркін ханым\" деп атадым. Тегіңіздің қазақша айтылуы, әлбетте, кей адамдардың көкейінде сұрақ тудырғаны анық.\n– Еркін – менің күйеуімнің тегі. Ол америкалық азаматтық алғанда біз осы текті таңдадық. Қазақ дәстүрі бойынша, бұл тек оның әкесінің атынан алынған. Мен үшін оның еркіндік немесе тәуелсіздікті білдіретіні маңызды. Бұл АҚШ үкімет Қазақстанға не қалайтынын еске салып тұрады. Ол Қазақстан еркін, егемен болғанын және территориясының тұтастығы сақталғанын қалайды. Біз үшін бұл текте еркіндікті білдіретін символикалық мән жатыр. Бұл текті күйеуім АҚШ азаматтығын алғанда бірге таңдадық.\n– Сіз орысша сөйлейтініңізді білемін. Қазақ келіні ретінде өтіліңіз үлкен болғандықтан, қазақша да білесіз. Осы орайда сізге мынадай сұрақ қойғым келіп отыр. Қазақ тілінде сіздің жадыңызға жатталған, санаңызға сіңіп қалған қандай да бір мақал, мәтел не өзге қанатты сөз бар ма?\n– Қазақ тілінде мен үйренген алғашқы сөздердің бірі \"айналайын\" болды. Қазақ тілі мен үшін сүйікті әрі ерекше тіл, өйткені бұл сөзді менің енем балаларым кішкентай көзде көп айтатын. Мен үшін бұл сөз көп жылдардан бері мен алып келе жатқан отбасының қолдауын білдіреді. Маған қазақ туысқандар мен балаларым кішкентай кезде үлкен қолдау көрсеткен тамаша ене бұйырды. Отбасымның, күйеуімнің және енемнің қолдауынсыз мұндай талабы қатал мансап құруым қиынға соғар еді.\n– Шын мәнінде, қызмет бабымен қайда жүрсеңіз де, Қазақстан әрдайым сіздің жүрегіңізде деп ойлаймын. Сізге атқарған жұмысыңызда, бізге уақыт бөліп, студияға келгеніңізге алғыс айтамын. Алдағы уақытта да жетістіктеріңіз көп болуын тілеймін!\n– Үлкен рахмет. Мен өз тарапымнан сөз қоссам бола ма? Қазақстанда біліп-таныған қазақ халқының айрықша бір қақырын атап өткім келеді. Ол – қазақ халқының бүкіл әлемге әйгілі қонақжайлылығы. Таяуда президент, президенттің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор және мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландаум барған делегацияға көрсетілген қазақтың қонақжайлылығы оларға қазақ асханасымен, қазақ мәдениеті және дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік бергенін айтқым келеді. Бұл расымен де оларда оң әсер қалдырды және өткен аптада қандай жетістіктерге жол ашқанын өз көзімізбен көрдік. Сондықтан, президент әкімшілігіне, Алматы әкіміне және Сыртқы істер министрлігіне қонақжайлылығы үшін алғыс айтқым келеді. Меніңше, бұл – қазақ халқының қолынан өте, өте жақсы келетін іс."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/erzan-babaqumarov-erezelerden-keiingi-alemnin-zana-tartibi-turaly", "title": "Ержан Бабақұмаров ережелерден кейінгі әлемнің жаңа тәртібі туралы", "text": "Informburo.kz редакциясы белгілі саясаттанушы, тәуелсіз \"Ника груп\" сараптамалық орталығының негізін қалаушы және жетекшісіЕржан Бабақұмаровпенсұхбаттар сериясын аяқтайды.\nБұған дейінгі сұхбаттарда біз Дональд Трамптың халықаралық қатынастар логикасын қалай өзгертетінін, жаһандық институттардың күйреу себептерін және Қытай, ЕО, Ресей сынды негізгі ойыншылардың жаңа шындыққа бейімделу жолдарын талқыладық.\nБүгінгі басты сұрақ: \"одақтар дәуірінен\" кейінгі әлем қандай болады? Әлем ықпал ету аймақтарына қайта бөлінуі мүмкін бе? Ешкім ешкімге ештеңеге міндетті емес әлемде дипломатияның қажеті болмай қала ма?\n– Ержан Жалбақұлы, \"бүгінде әлем Ялта стилінде болмағанымен, функционалы ұқсас жаңа бөлініс формасына қадам басып келе жатыр\" деген ой жиі айтылып жүр. Осы рас па?\n– Иә, сарапшылар мұндай сценарийдің ықтималдығын жоққа шығармайды. Бірақ, бұл формалды емес, табиғи түрде жүзеге асатын -  мүдде аймақтары бойынша бөлінеді. Келісімдерсіз, бірақ нақты тәжірибемен. Мықты елдер мен бірлестіктер экономикалық, логистикалық, цифрлық салалардағы ықпал ету контурларын белгілей бастайды.\nБірақ, бұл \"империялар\" емес. Бұл – бір елдер бір төлем жүйесіне, басқалары өзге жүйелерге негізделген тартылыс аумақтары.\nӘлем екі лагерьге бөлінбейді, логикасы, валютасы, технологиялық стандарттары мен қауіпсіздік тетіктері әртүрлі ықпал ету аумақтарының мозаикасына айналады.\n– Бұл жаһандық тәртіп оталығынан толық бас тарту ма?\n– Біз жаһандастыру әмбебаптылықтың синониміне айналған кезеңнен шығып келеміз. Дағдарысты болғанымен, енді біз орталықсыз әлемге бет алдық. Бұл – ең ықтимал модель және бұл оның басты ерекшелігі.\nБолашақ әлемдік тәртіп – бұл бәсекелес нормалар әлемі. Біреуге энергетикалық қауіпсіздік маңызды болса, біреу үшін цифрлық егемендігі, тағы біреулер үшін діни тұрақтылығы маңызды болуы мүмкін.\nЕшқандай \"тарихтың соңы\" болған емес және болмайды да. Тек бірнеше \"тарих\" бір мезгілде басталып, өзімен бірге қауіп-қатер ғана емес, мүмкіндіктер де ала келеді.\n– Мұндай жағдайда шағын және орта мемлекеттерге өз стратегиясын жедел белгілеу қажет. Сіздіңше, қандай жолды таңдаған дұрыс?\n– Әр елдің өз жолы бар. Ең бастысы – енжарлық танытпау керек. Ережелерге ешқандай кепілдік жоқ әлем бастамашылдық пен икемділікті талап етеді. Орта державалар бағытымен жүріп қана қоймай, шешімдер ұсынуы, күн тәртібіне ілесуі, тұрақты өңірлік, секторлық, институционалдық байланыстар қалыптастыруы керек.\nӘсіресе, логистика, транспорт, энергетика, мәліметтер, стандарттар, қосылған құн тізбегіне қатысуы маңызды. Егер тұтас бағдар тәуелді тізбектің бөлігі болсаңыз, тіпті тікелей әскери салмақсыз да маңызды болуға болады.\nБәрі жарғылармен емес, келіссөздермен шешілетін әлемде қажетті бола білетіндер жеңіске жетеді.\nӘлем құбылмалы болғанда мемлекет өзінің тірегіне берік болуы керек. Қазақстан үшін тірек – ішкі тұрақтылығы, ұлттық бірлігі және өзгерістерді түсініп, бағыттай білетін көшбасшысы. Осы құндылықтарды элита да, соңғы жылдарда көп нәрсені бастан өткерген дана халқымыз да түсінеді.\n– Тұрақты одақтары жоқ және әркім өз-өзіне жауапты әлемде дипломатиядан не қалады?\n– Парадокс дерсіз, бірақ дипломатия бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Тек оның рөлі өзгереді.\nБұрын ол келісімді нығайтушы құрал болса, енді ол – ұлттық мүддені қорғау және келісімді үнемі жаңартып отыру құралына айналмақ.\nҚұбылмалы әлемде дипломаттардың жаңа рөлі – егемендікті қорғаудың икемді форматын жасау. Барлығы бекітілмеген, бірақ мүмкіндіктер көп.\nНағыз дипломатия – бұл жаңа ережелерсіз және қайта таратылған карталар жағдайында келіссөз жүргізе білу, келістіре білу.\nӨз даусын жоғалтпай, тұрақтылық сақтағысы келетіндер – әрекет етуі керек.\n– Бұл жағдай нақты біз үшін не білдіреді?\n– Қазақстан қазірдің өзінде басымдылықтарға ие: география, ресурстар, көпвекторлық тәжірибесі, ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан бастап ИЫҰ мен ШЫҰ-на дейінгі түрлі форматтарға қатысу. Бұл негіз бен қазіргі сыртқы саяси белсенділік – еліміздің мүмкіндігін арттырады.\nЖасыл энергетика, су ресурстары, азық-түлік қауіпсіздігі, көлік дәліздері сынды секторлар  деңгейінде белсенді дипломатия қажет болады. Нақтылық қаншалықты жоғары болса, тұрақтылық та соншалықты берік болады.\nТағы бір маңыздысы – сарапшылар ел ішіндегі институционалдық ойлауды дамытудың маңызын атап өтеді. Әлем болжап болмайтын сипат ала бастады. Демек, қауіпсіздіктің, келіссөздердің, болжам жасаудың ішкі инфрақұрылымын күшейту керек.\nҚазақстанға күш-қуаттың елі болу міндетті емес. Оған тізбектегі маңызды, тұрақты және қандай болмасын конфигурацияда да қажетті ел болу жеткілікті.\nБірақ, мұның бәрі басты ресурс – ішкі тұрақтылық пен бірлік болмаса, нәтиже бермейді. Жылдам өзгеріп жатқан әлемде өз бірегейлігі мен егемендігін сақтау үшін Қазақстанға қоғамдық ұйымшылдығын сақтап, сенімді күшейту және өз құндылықтарына сүйену маңызды.\nБұл жерде ұлт көшбасшысы басты рөл ойнайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев – түрлі тарихи жағдайлардағы мемлекеттік құрылыстың бірегей тәжірибесіне ие мемлекеттік қайраткер. Ол \"Әділетті Қазақстан\" ұлттық идеясын ұсынып, ол халық тарапынан қолдауға ие болды. Оның сыртқы саяси ұстамдылықты ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен үйлестіре алуы – Қазақстан тұрақтылығының басты факторы.\n– Жан-жақты әрі терең талдауыңызбен оқырмандармен бөліскеніңіз үшін алғыс айтамыз. Бес сұхбат барысында сіздің көмегіңізбен біз жаһандық өзгерістердің өзегін түсінуге тырыстық. Жаһандық көшбасшылық логикасының өзгеруі, әмбебап институттардың күйреуі, жаңа мәмілелік дипломатия, ықпал ету аймақтары, АҚШ стратегиясы және Қытай, ЕО мен Ресейдің реакциясы туралы әңгімелестік. Ең бастысы Сіздің көмегіңізбен оқырман– осы өзгермелі әлемде шын мәнінде ненің құнды екенін түсінді деп үміттенеміз.\n– Осындай қызықты зерттеу тақырыбына мені шақырғандарыңызға рақмет. Біздің сұхбат халықаралық тақырыпқа қызығатын жандар үшін пайдалы болды деп сенемін."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/shyimkentteg-7-jasar-okushyi-kyizdyin-janturshgerlk-okigasyi-371898/", "title": "Шымкенттегі 7 жасар оқушы қыздың жантүршігерлік оқиғасы: қылмыстық іс қозғалды", "text": "Шымкентте 7 жастағы оқушының мұғалімге қатысты шағымынан кейін қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nШымкентте 7 жастағы оқушының мұғалімге қатысты шағымынан кейін қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nОқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, қала мектептерінің бірінде болған жағдайдан соң қыз балаға қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.\n\"Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жағдай анықталғаннан кейін бірден оқиға орнына барып, баланың анасымен тұрақты байланыс орнатты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр\", - деп жазылған хабарламада.\nВедомство өкілдері 2024 жылдан бастап елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық түрі үшін жаза күшейтілгенін еске салды. Физикалық және психологиялық қысым көрсеткендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.\n\"Әрбір осындай жағдай уәкілетті органдардың ерекше бақылауында болады. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады\", – деді комитет өкілдері.\nБұған дейін әлеуметтік желілерде Шымкенттегі мектептердің бірінде сабақ кезінде мұғалімнің кішкентай қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасағаны туралы ақпарат тараған болатын.\nОқушының анасының айтуынша, мұғалім баланы тізесіне күштеп отырғызып, оның қарсылығына қарамастан жібермеген. Қызы орнынан тұрмақ болғанда мұғалім оны қолынан ұстап, ерсі әрекет жасаған.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/cancel-culture-akter-sarip-serik-keisinin-qazaqstandyq-kansil-madenietine-aseri-qandai", "title": "Cancel culture: Актер Шәріп Серік кейсінің қазақстандық \"кәнсіл мәдениетіне\" әсері қандай", "text": "Актер Шәріп Серіктің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қамауға алынуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл оқиға тек жекелеген адамның әрекеті ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы \"кәнсіл мәдениетінің\" қалай қалыптасып келе жатқанын да көрсетті.\nЖуырда актер Шәріп Серіктің сүйіктісі, блогер Әлия Бутеева инстаграм парақшасында Шәріптің ұрып-соққанын мәлімдеп, фото және видеожариялады. Бұл материалдарда актердің оны лифтіден күштеп шығарып жатқаны көрінеді.\nОсы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Желі қолданушылары актердің әрекетін сынға алып, оны бойкоттауға шақырды. Осының нәтижесінде Sәlem Entertainment компаниясы Шәріп Серікпен барлық әріптестік қарым-қатынасынтоқтатып, оны \"қара тізімге\" енгізді. Компанияның бұл шешімі актердің қатысуымен жоспарланған жобалардың тоқтатылуына және жобалардан шеттетілуіне әкелді. Мысалы жақында үлкен экранға шығатын \"Патруль\" фильміндегі актердің түскен сахналары қиылды. Сонымен қатар Topcars компаниясы да актермен серіктестігін бұзғанынжариялады. Кейін Шәріп Серік өзінің парақшасында кінәсін мойындап видеоүндеу жариялады және сот шешімімен бес тәулікке қамауға алынды.\nБұл оқиға Қазақстанда \"кәнсіл мәдениетінің\" бар екенін және оның танымал тұлғалардың мансабына әсер ете бастағанын көрсетті.\n\"Кәнсіл мәдениеті\" (ағылш. cancel culture) — белгілі бір адамды, әсіресе қоғамға танымал тұлғаны, жасаған іс-әрекеті немесе айтқан сөзі үшін көпшілік алдында бойкоттау, қоғамдық қолдаудан айыру үрдісі. Бұл құбылыс көбіне әлеуметтік желілерде өрбіп, адамның мансабына, беделіне және психологиялық жағдайына елеулі әсер етеді. Мысалы, жоғарыда жазылған оқиға кезінде желі қолданушылары Шәріп Серіктің түскен фильмдер мен сериалдарды көрмеуге, ол жарнамасына түскен өнімдерді тұтынбауға шақырды. Алайда бір ескеретін жайт – cancel жасау кезінде адамның жеке басына тіл тигізуге, заңға қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға болмайды. Тек байкот жариялау, осы мәселе шешімін тапқанша ұмыттырмау сияқты жүзеге асады.\nКәнсіл процесінде екі тарап болады — айыптаушылар мен айыпталушылар. Айыпталушы адам, компания немесе бренд те болуы мүмкін.(Мысалы, қазір желі қолданушыларыMagnum Cash&Carry компаниясын\"қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен тауар жеткізушіні жұмыстан шығарып жібергені үшін\" супермаркетте сауда жасамауға шақырып жатыр).\nАктерді \"кәнсілдеуге\" шақырғанпиар және маркетинг маманы Роза Әшірбаеваосы жағдайдан соң жазба жариялап, бұл қадамның мән-маңызын түсіндірді.\n\"Желі қолданушылары ішіп көлікке отырған, баласын ұрған, бөтен қыздарға интимді мүшесінің суретін жіберген, балағаттаған, сыйламаған, әйелді ұрған танымал адамдарды, өкінішке қарай, кешіріп жүре береді. Кейбіреулері \"Ер жігіттің басына не келмейді?\",  \"Әр қиындықтың артында жеңілдік бар\" деген сабырға шақыратын әдемі сөздердің қадірін кетіріп, мәдениетсіз, тәрбиесіз, қатыгез адамдарды қолдау үшін жазып жатады. Кәнсіл мәдениеті біздің елде даму керек деп есептеймін. Неге? Медиасалада танымал адамдардың көрсетіп жатқан өрескел қылықтарына көз жұмсақ, өмірде де тәрбиесіздікке, құрметсіздікке, зорлыққа көз жұмуды жалғастыра береміз деген сөз\", – депжазды.\nСонымен қатар маркетинг маманы актер Шәріп Серіктің осы жағдайдан кейін ел алдында есімін ақтауы үшін не істеу керек екенін түсіндірді. Оның жазуынша, актер өзімен жұмыс істеп, зорлық-зомбылыққа қарсы белсінді болуы керек, осы тақырыптағы  кино не сериалдарға түсуі керек және дағдарыс орталығындағы әйелдерге көмектесуі керек.\nҚұқық қорғаушы, феминист Әйгерім Құсайынқызыда оқиғадан тыс қалмай, кәнсілдің мақсаты карьераны құлату емес, зорлыққа қарсы тұру екенін жазды.\n\"Гендерлік зорлық – жеке жағдай емес, бұл қоғамдық дерт. Ал оны жасаған адам \"сүйікті әнші\", \"классик жазушы\" не \"көсем\" болса да, жауаптан қашпауы керек. Әрбір \"ол ондай емес қой\", \"ол тек қатты кетті\", \"жеке өмірі ғой\" деген сөз – зорлықты нормализациялау. Біз кәнсілдейміз, себебі: әйелдердің  қауіпсіздігі комфорттан маңызды, танымалдық зорлық үшін иммунитет емес, жаңа ұрпақ зорлық жасаушыларға құрметпен қарамауы керек. Кәнсіл – карьераны құлату емес. Бұл қоғамның \"енді жоқ\" деген белгісі. Қазақстанда кәнсілге ұшыраған бірде-бір еркекті есіме түсіре алмай отырмын. Бұл менің жадымның әлсіздігі ме, әлде бұл біздің қоғамның зорлықшыларға тым кешірімді болуы ма? Бәлкім, бұл – ұжымдық амнезия. Кеше ғана ел алдында жүріп, ар-ұятты таптаған, бір әйелдің емес, бүтін бір ұрпақтың үмітін жаншыған адамдар бүгін қайтадан марапат алып жүр. Әйелін ұрғаны үшін еш әшкереленбеді. Мен ұмытып қалған жоқпын. Сен де ұмытпа. Бұл – есте сақтау мәдниетін қайта оятудың сәті. Өйткені қандай қоғам ұмытшақ болса, соншалық залымға мейірімді. Ал әділетсіздік дәл осы жерден басталады\", – депжаздықұқық қорғаушы.\nГолливудтың атақтыпродюсері Харви Вайнштейн2017 жылы кәнсіл мәдениетінің басты кейіпкерлерінің біріне айналды. Бірнеше әйел оның сексуалды зорлық-зомбылық көрсеткенін мәлімдеді, желіде әйелдерге қолдау ретінде #MeToo тегімен резонанс тудырған қозғалыс пайда болды. Нәтижесінде продюсер мансабынан айырылды, сотталды.\nГолливудрежиссері Джеймс Ганн2018 жылы твиттердегі ескі жазбасы үшін \"кәнсілге ұшырады\". Ол 2008–2011 жылдары жазылған жазбаларында педофилия, сексуалдық зорлық-зомбылық, СПИД және нәсілшілдік сияқты сезімтал тақырыптарда әзілдеген. Осыған байланысты Disney студиясы оны \"Галактика сақшылары 3\" фильмінің режиссері қызметінен босатты.\nЖазушы Джоан РоулиңTwitter желісінде жыныс пен гендер туралы пікірін білдіріп, өз тәжірибесіне сүйене отырып дәлел келтірген болатын. Оның пікірі ешкімді қорлауға бағытталмаған еді. Бірақ бұл оған көмектеспеді – көптеген адам оны қатаң сынға алды, кітаптарынан бас тартты, #IStandWithTransPeople тегімен түрлі жазбалар жазды. Осы жағдайдан бері көп уақыт өтсе де, жазушы әлі күнге дейін хейтке ұшырап келеді.\nРесейліктележүргізуші Регина Тодоренко2020 жылы PEOPLETALK TV арнасына берген сұхбатында әйелдерге қатысты пікір білдіріп, \"әйелдер кейде күйеулерінің зорлық-зомбылығына өздері себепші болатынын\" айтқан. Бұл пікір көпшіліктің ашуына тиіп, оны кәнсілдеді. Нәтижесінде PepsiCo және P&G сияқты ірі компаниялар Регинамен жасаған келісім-шарттарын бұзды, оның қатысуымен түсірілген жарнаманы эфирден алып тастады.   \nОсы оқиғадан кейін Регина Тодоренко өзінің репутациясын қалпына келтіру үшін YouTube арнасында \"А что я сделала, чтобы помочь?\" атты фильм түсіріп, онда Ресейдегі отбасылық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді. Бұл фильм көпшіліктің назарын аударып, оң пікірлер алды. Сонымен қатар, Регина \"Насилию.нет\" орталығының елшісі болып тағайындалып, осы саладағы жұмыстарға белсене араласты.\nОңтүстік Корея актрисасы Ким Се Рон 2022 жылы мас күйінде рөлге отырып, жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін қоғам сынына ұшырады. Нәтижесінже кино өндірістегі жобалардан шеттелді. Кешірім сұраса да, есімін ақтай алмады. 2023 жылы Netflix келісім-шарттан бас тартты. Салдарынан актриса қаржылық қиындыққа ұшырап, қарызға батқан. Ал 2025 жылдың ақпан айында актрисаның үйінде денесі табылды.\nКәнсіл мәдениеті мен кибербуллинг – арасында ұқсастықтар болғанымен, әртүрлі құбылыстар. Екеуі де адамның психологиялық жағдайына, беделіне, мансабына әсер етеді.\nАлайда кәнсіл мәдениеті – белгілі бір адамды немесе ұйымды қоғамға зиянды әрекеттері үшін жауапқа тарту мақсатында қолданылады. Оның мақсаты – қоғамда әділеттілік орнату, заңсыздықты қатаң түрде айыптау. Ол әдетте нақты оқиғалар немесе әрекеттерге негізделеді. Кәнсілдің нәтижесі кейде тұлғаның мансабын тоқтату немесе оның қоғамдағы беделін қалпына келтіру үшін кешірім сұрауымен аяқталады.\nКибербуллинг – адамды қорқыту, кемсіту немесе арандату әрекеттері. Бұл мақсатсыз, көбінесе адамның өзін-өзі бағалауын төмендету немесе эмоционалды түрде зиян келтіру үшін жасалады. Кибербуллинг әдетте негізсіз немесе асыра сілтелген болады. Буллинг нақты мақсаты болмағандықтан, қашан, қалай аяқталары белгісіз.\nСол себепті кәнсіл мәдениеті мен кибербуллингтің арасындағы айырмашылықты білген абзал."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qairatty-cempiondar-ligasyna-sygargan-temirlan-anarbekov-turaly-ne-bilemiz", "title": "\"Қайратты\" Чемпиондар лигасына шығарған Темірлан Анарбеков туралы не білеміз", "text": "\"Қайрат\" футбол командасы өз алаңында \"Селтик\" командасын жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Тарихи жеңіске жас қақпашы Темірлан Анарбеков себепкер болды. Негізгі уақытта да, қосымша уақытта да есеп ашылмаған соң ойын пенальтиге ұласты. Пенальти сериясында қарсылас команданың үш соққысын қайтарған Темірлан ойынның басты қаһарманына айналды.\nОсы орайда Информбюро порталы 21 жастағы Темірлан Анарбековтің футболдағы жолына үңіліп, материал әзірледі.\nТемірлан Анарбеков 2003 жылы 14 қазанда Атырауда дүниеге келген. Ол 11 жасында Атырауда балалармен доп теуіп жүріп, \"Атырау\" командасына іріктеу жүріп жатқанын естіген. Темірлан әу баста алаңда ойнағысы келген, бірақ оны алмаған. Екінші құрамға ілінген Темірланды қақпашы болмағандықтан қақпаға қойған. Ол ұзын бойыл болмаса да бірнеше соққыны қайтарған соң жаттықтырушы оған қақпашы болуды ұсынған. Солай Темірланның футболдағы жолы басталған.\nФутболға әдеттегідей шабуылшы немесе қорғаушы болып емес, бірден қақпашы ретінде келген Темірлан көп ұзамай \"Қайрат\" академиясының назарына түсті. 2017 жылы академияға ауысып, футболдың қыр-сырын үйрене түсті.\n\"Алматыға жарысқа келгенде скауттар мені байқап, қаралымға келуді ұсынды. Ата-анаммен ақылдасқан соң Алматыға барамын деп шештім. Бәрі сәтті өтіп, мені академияға алды. Басында қиын болды. Бірақ футболға деген махаббатым барлық қиындыққа қарсы тұрды. Ол кезде Қазақстанда мұндай жоғары деңгейдегі академия бар екенін білмедім де. Бәрі ұнады. Жігіттермен жақсы араласып кеттім, команда жақсы болды. Бапкерлер көп нәрсе үйретті. Бәрі үшін алғысымды айтамын\", – деді ол Қазақстан футбол федерациясына бергенсұхбатында.\nТемірлан Анарбеков 2020 жылы 17 жасында Қазақстан Премьер-лигасында \"Қайрат\" сапынла дебют жасады. Ол \"Таразға\" қарсы матчта алаңға шығып, бір матч өткізді. Сол жылы \"Қайрат\" Қазақстан чемпионы атанды. 2022 жылғы маусымда \"Қайрат-Жастар\" командасының капитаны атанып, Бірінші лигада тұрақты ойнады. 2024 жылғы маусымда уақытша елордалық \"Жеңіс\" клубында өнер көрсетті.\n\"Клубтың ұсынысы болды. Қыста \"Қайраттың\" басшылығы \"Жеңіс\" клубына баруға қалай қарайтынымды сұрады. Келістім. Ешкім сен ойнайсың деп уәде берген жоқ. Бірінші нөмір үшін бәсекелестікті жеңу керек болды. Лига Кубогының жартылай финалында \"Қайратқа\" қарсы матчта ойнамаймын деп ойладым. Бірақ алаңға шығуым үшін өтемақы төледі. Өзімді барынша көрсеткім келді. Бапкер жалға беру мерзімі аяқталған соң \"Қайратта\" күтетінін айтты\", – деді Темірлан Анарбеков.\n2025 жылы \"Қайраттың\" негізгі қақпашысына айналып, Қазақстан Премьер-лигасында алты ойын өткізді.\nЖаттықтырушылар оның сабырлы мінезін, ойынға деген жауапкершілігін ерекше атап өтеді. Қақпадағы сенімді қимылдары мен тактиканы тез ұғып, қорғаушылармен тіл табысуы оны негізгі құрамға біртіндеп жақындатты.\nАнарбеков жасөспірімдер құрамасынан бастап Қазақстан намысын қорғап келеді. Ол 2019 жылы – Қазақстан U-17, 2021 жылы – Қазақстан U-19, 2022–2024 жылдары – Қазақстан U-21 құрамасында ойнап, барлығы 15 кездесу өткізді. 2025 жылдан бастап ол Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылып, ірі халықаралық матчтарда ел намысын қорғап жүр. Алайда ол ұлттық құрама сапында әлі дебют жасаған жоқ.\n\"Ол кезде ұлттық құрамаға шақырады деп ойламадым. Ата-анам мен достарым тізімді жіберген соң бірақ көрдім. Қақпашы ретінде өскендіктен шақырды деп ойлаймын. Болашақта Қазақстанның нөмірі бірінші қақпашысы болғым келеді\", – деді футболшы.\n\"Қайрат\" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық \"Селтик\" клубымен кездесті. Глазгода сырт алаңда өткен матчта негізгі қақпашы Александр Заруцкий жарақат алып, ойынның 75-минутында оны Темірлан алмастырды. Жас қақпашы қарсыластардың жойқын шабуылына қарамастан тамаша ойын көрсетті.\nПубликация от UEFA Champions League (@championsleague)\nАлматыдағы қарымта матчта қақпашы қызметін мүлткісіз орындап, қаһарман атанды. Тоқсан минут бойы қақпаны қалтқысыз күзетті. Қосымша уақытта да гол жібермей, матчты пенальти сериясына жеткізді. Селтик футболшыларының үш бірдей соққысын қайтарып, \"Қайратты\" тарихи жеңіске жетеледі. Осылайша алматылық клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Осы ойыннан кейін Темірлан Анарбековтің есімі алтын әріппен жазылып, жанкүйерлердің аузынан түспеді.\nАлматыдағы қарымта ойында қақпашы қауіпті бес соққыны қайтарып, одан кейін пенальти сериясында үш голды қайтарды.\nӘлемдік басылымдар мен сарапшылар Темірлан Анарбеков туралы жарыса жазып жатыр.\nThe Guardian \"Селтик\" пен \"Қайрат\" арасындағы екі матч та 210 минут бойы голсыз өтіп, есеп пенальти сериясында шешілгенін, 21 жастағы қақпашы Анарбеков үш футболшының соққысын қайтарып, \"Қайрат\" клубын топтық кезеңге шығарғанын жазды.\n\"Алғашқы таймда Джеймс Форрестің соққысын жарақат алған негізгі қақпашы Александр Заруцкийді алмастырған Анарбеков қайтарды. Қосымша уақытта та \"Селтик\" қарсыласқа қысым көрсеткенімен \"Қайрат\" соңына дейін тұрды. Бәрін пенальти шешіп, қазақстандық жас қақпашысы Темірлан Анарбеков қаһарманға айналды. Ол Адам Айда, МакКоуэн және Маэданың соққысын керемет қайтарды. Осылайша қазақстандық клуб Еуропа жеріне нық сеніммен аяқ баспақ\", – деп жаздыThe Guardian.\nГерманиялықBildбасылымы \"Қайратты\" аутсайдер деп атап, биыл тұңғыш рет Чемпиондар лигасында ойнайтынын жазды.\n\"Қайрат\"клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алғаш рет шықты. Бұл нағыз сенсация! Алматыда өткен тарихи матчтың шешуші пенальти сериясында 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков нағыз қаһарманға айналды. Ол үш соққыны қайтарып, командасын топтық кезеңге шығарды. Шотландиялық \"Селтик\" клубы үшін бұл күтпеген жайт еді. Британдық басылымдар тіпті бұл ойынды \"Қазақстандағы қорқынышты түн\" деп атады. Ал қазақстандық жанкүйерлердің армандары орындалып, Алматыда той болды. Енді Чемпиондар лигасында да Қазақстан дауысы естіледі\", – деп жазды.\nИспаниялық AS басылымы \"Қайрат\" УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық екінші команда екенін, он жыл бұрын \"Астана\" клубы алғаш осындай нәтиже көрсеткенін жазды.\n\"Алматыда өткен матчта  210 минут бойы бірде-бір гол соғылмады. Қақпашылардың шеберлігі, әсіресе жас Анарбековтың сенімді ойыны ерекше көзге түсті. \"Селтик\" футолшысы Маэда қақпашымен бетпе-бет шығып, гол салуға мүмкіндігі болды. Алайда Анарбеков өз қақпасын қорғап қалды. \"Қайрат\" үшін бұл – тарихи жетістік, ал Темірлан Анарбеков Қазақстан футболының қаһарманына айналды\", – деп жаздыAS.\n\"Қайрат\" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Словенияның \"Олимпия\" клубын, Финляндияның \"КуПС\" командасын, Словакияның \"Слован\" клубын жеңді. Плей-офф кезеңінде тәжірибелі \"Селтикке\" қарсы ойында пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіске жетіп, топтық кезеңге жолдама алды.\nТоптық кезеңдегі қарсыластары қандай командалар екені әзірге белгісіз. 28 тамызда Монакода ресми түрде жеребе тартылған соң белгілі болады. Ал топтық ойындар 2025 жылғы 16–18 қыркүйекте басталады.\nПубликация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)\n\"Қайрат\" төртінші себетте орналасқан. Жеребе тарту кезінде оған әр себеттен екі қарсылас клуб таңдалады. Топтық кезеңде командалар 8 матч өткізеді (төрт ойын – өз алаңында, төрт ойын – сырт алаңда).\nСондықтан атақты \"Реал\" не \"Барселона\", \"ПСЖ\" не \"Ливерпуль\" алматылық \"Қайратқа\" қарсылас атануы әбден мүмкін."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/psixoanalitik-baqytty-aqsadan-izdegen-balalar-qumar-oiynnyn-qurbany-bolady", "title": "Психоаналитик: Бақытты ақшадан іздеген балалар құмар ойынның құрбаны болады", "text": "Психоаналитик Жанар Оспан лудоманияның себебі, түрлері және отбасы мүшелері үшін қандай салдары болуы мүмкін екенін әңгімеледі. Маманның айтуынша, \"бақыт – ақшада\" деген бағдарламамен өскен балалар амалсыз құмар ойынның құрбаны болуы мүмкін. Осы орайда ол отбасы құндылығын нығайтудың маңыздылығына тоқталды.\nПарламент мәжілісі депутаты және \"Аманат\" партиясының фракция мүшесі Нартай Сәрсенғалиев құмар ойындардың жарнамасына қатысты жаңа шектеулер енгізу мүмкіндіктерін айтқан еді. Ол өткен жылы қабылданған заңға толықтырулар қажет болғанын атап өтті және осыған байланысты жаңа өзгерістер әзірленгенін айтты. Депутаттың мәлімдеуінше, бұл қадам қоғамның мүдделерін қорғау және құмар ойындардың зиянды әсерін азайту мақсатында қолға алынған. Сәрсенғалиевтың айтуынша, құмар ойындардың жарнамасын шектеу қоғамдағы талдау және талқылаулардың негізінде қозғалатын болады.\nНартай Аралбайұлы заң бұзылған жағдайда қандай жауапкершілік көзделгенін түсіндіре отырып, бірқатар шара туралы баяндады. Алдымен, заң бұзушыларға200 АЕК көлемінде айыппұлсалынатындығын және құмар ойын ұйымдастырушылардың лицензиясын тартып алу мәселелері қарастырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, әкімшілік кодекске енгізілетін өзгертулер арқылы бұл тұрғыдағы жүктемені арттыру жоспарлануда.\nДепутат сонымен бірге құмар ойын ойнауға қатысты шектеулерге назар аударды. Бұлардың ішінде айыппұл төлемегендер, сотталғандар, алимент төлемегендер секілді тұлғалар бар. Ендібұл тізімге шартты түрде бас бостандығынан айырылғандар мен бас бостандығы шектелгендер де енгізілді. Бұл өзгерістер бәс тігетіндер үшін тыйым салынғандардың базасында бар-жоғын анықтауда маңызды болмақ.\nОсыған қоса,құмар ойындарды қоғамдық көліктердің ішінде және сыртында жарнамалауға тыйым салынғанынатап өтті, бұл да заңның қатаңдатылғандығының бір көрінісі болмақ.\nВиртуалдық букмекерлік кеңсе, казино мен онлайн бәстерді жасайтын слоттардың пайда болуы құмар ойындарға тәуелділікті арттыра түскендей. Бұл тәуелділіктің көптеген атауы бар – лудомания, құмар ойындарға тәуелділік және т.б. Бірақ барлығы бір құбылысты білдіреді, ол психологиялық бұзылу, әлеуметтік байланыстардың үзілуі, отбасының ыдырауы, тұлғаның деградациясына әкеледі. Аталған патология есірткі мен ішімдікқұмарлыққа ұқсайды, ең бастысы, емделеді. Осы орайда психоаналитик Жанар Оспан лудоманияның себебі, тәуелділік белгілері, түрлері және салдары туралы әңгімеледі.\n\"Алкоголизмнен айырмашылығы – ойынға тәуелділік сырт көзге физиологиялық тұрғыдан еш көрінбеуі мүмкін. Лудоманда сөйлеу бұзылыстары да, созылмалы аурулардың өршуі де болмайды. Ол бұл туралы отбасынан ұзақ уақыт бойы жасырып жүреді. Бірақ лудоманияның пайда болған кезде дереу әрекет етуді қажет ететін белгілері бар\", – деді психоаналитик.\n\"Лудоманияның басқа да белгілері бар.Ерте ме, кеш пе – лудомандар микрокредиттік ұйымдардан қарыз ала бастайды. Өсіп келе жатқан шығындар – ойынға тәуелділіктің бір белгісі. Біраз уақыт өткен соң, ойынқұмар қарызын өтей алмайды. Бұл жағымсыз салдарларға әкеледі – коллекторлар қоңырау шала бастайды, олардың психологиялық қысымы лудоманның отбасына да түседі. Жақындары бұл мәселені осы кезеңде ғана байқайды. Дегенмен, онымен күресуді әлдеқайда ертерек бастау керек. Ауыр жағдайларда лудоманияның ішімдікке әуестік, дүрбелең шабуылдары, айналадағылармен жанжалдасу сияқты белгілері байқалады\", – деп түсіндірді маман.\nПсихоаналитиктің айтуынша, адамның лудоман болуына өскен ортасы әсер етпей қоймайды. Тіпті, отбасы мүшелері құмар ойындардан аулақ болса да.\n\"Әлеуметтік ортаның ерекшеліктері, соның ішінде отбасында қалыптасқан нанымдар адамның ойыншы болуына әсер етеді. Әке мен ана құмар ойынды қолдамаса да, байқамай олар баланың миына \"Бақыт – ақшада\" деген бағдарламаны енгізуі мүмкін. Осыдан адам қатты қиналғанда ғажайыптың күшіне сенуге бейім келеді. Яғни жеңіл жолмен әп-сәтте ұтысқа ие боламын деп ойлайды. Сондай-ақ химиялық тәуелділік те себебі болуы мүмкін. Өмірдегі ең тамаша компас – бақыт. Алайда бақыт пен қаражат егіз ұғым емес. Отбасында осыны балаға жеткізе білу маңызды\", – деді Жанар Оспан.\nЖанар Оспанның айтуынша, патологиялық ойынға тәуелділіктің әртүрлі түрі бар. Олар лудоманның қызығушылығы қандай нәрсеге шоғырланатынына байланысты жіктеледі.\nКомпьютерлік ойынқұмарлық – бұл смартфон, консоль, компьютерде ойын ойнауға бейімділік. Ойындардың және сюжеттердің алуан түрлілігі ойыншыны жаңалықтарға көбірек уақыт бөлуге ынталандырады. Турнир жеңімпаздары адам айтса нанғысыз сомалар алатын киберспорттың дамуы қосымша мотивацияға айналады.\nКазинодағы құмар ойындарға байланысты ойынқұмарлық\nКазинодағы құмар ойындарға байланысты ойынқұмарлық – бұл лудоманияның классикалық нұсқасы. Мұнда карточкалық ойындар, рулетка, түрлі ойын автоматтары жатады. Виртуалды казинолардың қолжетімділігі, интернеттегі жарнама, бонустар арқылы тегін айналым мүмкіндігі – мұның бәрі адамды баурайды.\nКоммерциялық ойындар және спорттық бәстер\nКоммерциялық ойындарға байланысты ойынқұмарлық – букмекерлік кеңселерде спортқа бәс тігу, лотерея және телевикториналарға қатысу. Мұндай бәстердің қаупі кәдімгі ойын автоматтарымен салыстырғанда жоғары. Тотализатор және спорттық бәстерде болжам жасау мүмкіндігі бар. Егер адам жарыстардан немесе нақты спорт түрінен жақсы хабардар болса, ол сәтті болжамдар жасай алады, олардың соңынан бірқатар жеңіс келеді және дофаминдік марапат, бақыт гормонының бөлінуі болады. Мұндай тәуелділіктен арылу қиын, бірақ қажет, өйткені ерте ме, кеш пе, сәттілік жолы аяқталады, ал лудоманияның салдарын жоюға біраз уақыт кетеді, дейді психоаналитик Жанар Оспан."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/sapiev-keisi-zane-kensedegi-kikilzinder-qazaqstanda-adep-kodeksi-qansalyqty-zumys-isteidi", "title": "Сәпиев кейсі және кеңседегі кикілжіңдер: Қазақстанда Әдеп кодексі қаншалықты жұмыс істейді?", "text": "Қарағанды облысында Олимпиада чемпионы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында жанжал шығып,төбелесболғаны туралы ақпарат қоғам назарын тағы бір өткір мәселеге аударды.\nСерік Сәпиев бұған қатысты мәлімдеме жасап, бұл жанжалды жеке мәселе емес, \"қызметтік қақтығыс\"деп атады. Оның сөзінше, облыстағы спорт ұйымдарын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, ол бұл процесті тоқтатқан. Соның салдары жанжалға әкеліпті.\n\"Бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді\", – деді Серік Сәпиев.\nСерик Сапиев (@serik_sapiyev)'in paylaştığı bir gönderi\nБұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдіріп, аталған мәселеге қатысты асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасауға болмайтынынайтты. Оның айтуынша, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалып, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі.\n\"Қоғамдағы кез келген келіспеушілік пен жұмыс барысындағы даулы мәселелер тек құқықтық алаңда шешілуі тиіс. Әрбір басшы ұжымдағы тәртіпке, заңның сақталуына және мемлекеттік органның беделіне жеке жауап береді. Мұны баршаңыз естен шығармауларыңыз қажет\", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.\nАлайда бұл оқиға бір ғана тұлғаға қатысты дау емес. Ол мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда жиі кездесетін, бірақ сирек ашық талқыланатын мәселе – қызмет барысындағы кикілжіңдер мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің сақталмауын қайта күн тәртібіне шығарды.\nҚазақстанда басшының қол астындағы қызметкерге дөрекі сөйлеуі, ар-намысын таптауы, психологиялық қысым көрсетуі, тіпті қол жұмсауы туралы кейстер аз емес. Көбіне олар \"қызу жұмыс үстінде...\", \"төтенше жағдай кезінде...\", \"маманның біліксіздігіне ашуланғанда...\" деген секілді уәждермен ақталады.\nЖиналыстағы балағат сөздер:Рельстен шығып кеткен вагондарды 13 шақырым бойы сүйреп келген машинистерге ашуланып, ұрысқан басшы әлеуметтік желі қолданушыларының есінде. Сол кезде \"Қазақстан темір жолы\" компаниясының басшыларының біріАсан Үмбетовонлайн жиналыс кезінде қызметкерлеріне ашулы түрде ескерту жасап, сөз арасында орысша-қазақша аралас бейәдеп сөздер қолданған.\n@grazhdanskii_kontrol_002'in paylaştığı bir gönderi\nҚТЖ баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша тек этика нормаларын сақтау жөнінде әңгіме жүргізілгенін хабарлады.\nБатыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкіміМарат Тоғжановтыңжиналыс барысында қызметкерлерін балағаттаған аудиожазбасы да желіде тараған. Әкім мұны су тасқыны қаупімен байланыстырып, \"Сөз таңдап отыратын уақыт болған жоқ\", – деп ақталған болатын.\n\"Мен проблемалық аймақтарды жеке тексеріп, олардың жойылмағанын көрдім, содан кейін барлығын жинап, жиналыс өткіздім. Иә, мен ашуланып, дөрекі сөздерді қолдандым. Мен түсінемін, заң бойынша бұлай жасауға құқығым жоқ, бірақ сол сәтте су басу қаупінің алдын алу міндеті тұрды, маған \"дөрекі сөздерді\" қолдануға тура келді. Осы кездесуден кейін ауданда бірде-бір үйді су басқан жоқ. Осы өрескел сөздерім үшін барлығынан кешірім сұраймын\", – деген еді Марат Тоғжанов.\nВЫХОД К ПРАВДЕ🔥 (@vyhod_k_pravde)'in paylaştığı bir gönderi\nБұл жағдай да қоғамда екіұдай пікір тудырды. Бірі әкімді ақтаса, екіншісі төтенше жағдай да этика сақтау керек екенін айтты. Айта кетейік, ол – бұрынғы вице-премьер Ералы Тоғжановтың інісі.\nЖасы мен біліктілігіне сөз келтіру:Ақтөбеде квазимемлекеттік сектор маманыТұрсынбек Қуанышбаевтыңісі де осы тақырыпқа кейс бола алады. Ол өзінен 10 жас кіші, 12 күн бұрын ғана жұмысқа тұрған, тәжірибесі аз әріптесіне \"боқмұрын\" деп айтқан. Бұл сөз жасырын түрде диктофонға жазылып, сотқа дәлел ретінде ұсынылған.\nСот сараптамасы бұл сөзді \"ар-намысты қорлайтын, әдепсіз сөз\" деп таныды. Соның негізінде сот айыптау қаулысын шығарып, шенеунік жұмыстан шығарылды. Алайда шенеунік Әділет министрлігіне шағымданып, тексеру жүргізуін сұраған.\nХатшыға күн көрсетпеу:Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығыҚайрат Бақбергенніңмас күйінде жұмысқа келіп, хатшы қызға жұдырық жұмсағаны Үкімет деңгейіндеталқыланды.\n\"Менің ойымша, өздерін ұстай алмайтын шенеуніктерге мүлдем жұмыс істетпеу керек. Мұндай басшылардың пайдасынан зияны көп. Ондайларға  мемлекеттік қызметке емес, рингке шығу керек\", – деген еді сол кезде премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Бақытжан Сағынтаев.\nОсы жағдайдан соң шенеунік қызметтен босатылды. Еске салайық, Қайрат Бақберген – сенаттың бұрынғы депутаты Бақберген Досманбетовтың баласы. Бұл жағдайда әкесі баласының іс-әрекетіне жауапты емес екенін айтқан еді.\nМемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқы, әріптестерімен қарым-қатынасыӘдеп кодексібойынша реттеледі. Онда:\nАл қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға тиіс. Алайда желі қолданушылары кейде басшылардың осындай әрекеттерін ақтап, \"бұларға солай айтпасаң, жұмыс жүрмейді\" деп ақтап жатса, кейде \"Осыларды тоқтататын адам бар ма\" деп күйінеді. Кейбірі бұл кодекстердің жұмыс істемеуіне бірнеше себеп бар екенін жазады. Оның қатарында шағымданса, қызметінен айырылып қалу қаупі, қудалауға түсу қаупі бар.\nЗаңгер Ғабдул-Ғани Әбутәліптіңайтуынша, қызметтегі мұндай әрекеттерге көз жұма қарау – қауіпті үрдіс.\n\"Мемлекеттік қызметкердің қол астындағы қызметкерлерге қорлық көрсетуі, балағаттауы, қол көтеруі де – тек Әдеп кодексін бұзу ғана емес,  Әкімшілік немесе Қылмыстық құқық бұзушылық ретінде де қарастырылады. Негізгі мәселе заңның селективті қолданылуында. Зәбір көрген қызметкер өз құқығын қорғап, дәлелдерімен сотқа жүгінуіне болады. Бірақ біздің мемлекеттік қызметтегі \"субординация\" түсінігі көбіне \"құлдық санамен\" алмасып кеткен. Басшы – жұмыс беруші емес, ол да қызметкер. Оның билігі тек қызметтік тапсырма берумен шектелуі тиіс, ал адамның жеке басына қол сұғуға ешқандай құқы жоқ\", – дейді заңгер."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zerdi-qorgaityndar-xalyqqa-zany-asityndar-az-asanali-asimovtin-informbiuroga-bergen-suxbaty", "title": "\"Жерді қорғайтындар, халыққа жаны ашитындар аз\". Асанәлі Әшімовтің Информбюроға берген сұхбаты", "text": "Халық әртісі, көрнекті кино және театр актері Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасындадүниеден өтті. Өз қолтаңбасын қалдырған өнер иесі сомдаған рөлдері арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленіп, жүрегінен орын тапты. \"Қазақтың Бекежаны\" атанған Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі мен өшес мұрасы туралы естеліктер мен жылы лебіздер толастар емес.\n2021 жылы қыркүйекте Төрегелді Шарманов атындағы халықаралық қордың Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысына Асанәлі Әшімов те қатысты. Бұл іс-шарада Мұрат Әуезов, Олжас Сүлейменов, Қуаныш Сұлтанов сынды қоғам қайраткерлері де бас қосты. Былтыр Төрегелді Шарманов пен Мұрат Әуезов қайтыс болды. Биыл Асанәлі Әшімов те өмірден озды. Информбюро тілшісі дәл осы іс-шарада өнер иесінен сұхбат алған еді. Асанәлі Әшімов мәдениет, театр өнері, режиссерлердің қарым-қабілеті, Қазақстанның болашағы туралы ой толғады. Аңыз тұлғаның сұхбатын қайта жариялауды жөн көрдік.\n– Қазіргі театр өнеріне, режиссерлердің жұмысына көңіліңіз тола ма?\n– Ол ежелден бір заң сияқты. Толмайды деп те, толады деп те айта алмаймын. Екі жағы да бар. Ал енді театр мен кинода бүкіл әлемдік шедеврлер өткен ғасырда туды. Соның бәріне куә болдық. Қазір деңгейі кішкене төмендеген сияқты, оның себебін мен өзім түсіне алмаймын. Ол бір өзі өмірдің заңы – қайтадан көтерілу үшін бір кезде төмен түседі. Аса төмен түсіп кетпей, келешекте үлкен дәрежеге жетсе деген тілегім бар. Армандауға болады ғой. Сенімім де бар. Солай болса құба-құп.\nЕл мәдениетін, әдебиетін алға қарай дамытса, мемлекет қай жағынан болмасын жан-жақты дамиды. Сондықтан театрға, киноға, драматургия саласына көп көңіл аудару керек. Күннен күнге тұқыртуға болмайды. Жемқорлық жайлаған заманда басшылар өнер саласын төмендетіп алды, оны жасыра алмаймын. Ақша қуған, зат қуған миллиардерлердің жаман жағынан кесірі тиіп жатыр. Оны елдің бәрі іштей біледі. Өскен елдер, өсетін елдер мәдениет пен ғылымға көңіл бөледі, қаражат салады. Сонда ел болады. Ақырындап өсіп келе жатқан көрші елдерге қарап ішің ашиды. Ақшасын шетелде сақтап, өзге елде үлкен-үлкен сарайлар салса, онда жағдайымыз төмендейді. Ол заңды нәрсе. Билікке елді ел, халықты халық қылатын, азаматтарының жағдайын ойлайтын басшылар келсе екен деймін. Бізде құр бекерге мақтану көп. Бәлен елден алдамыз дейміз – бәрі өтірік. Жалпы өтірік көбейді, соған ішім ашиды. Қай жерге, қандай бастыққа барсаң да, өтірік айтып шығарып салады. Алдына бара беріп өзің ұяласың, жұмысың бітпейді. Әдебиет, мәдениет, ғылымға көңіл аудармаса, ел өшеді. Табиғаттың заңы – осы.\n– Бірақ, Қазақстан үшін экономика бірінші орында емес пе?..\n– Өтірік. Өнерді ұмытты. Экономиканы, сауда-саттықты бірінші орынға қояды. Затқұмар, ақшақұмар, долларқұмар. Халыққа пайдасы тимеген миллиардерлер бар. Кедей-кепшікке, қиын жағдайда қалған халыққа аз да болсын қол ұшын созбайды. Ақша болған сайын бола берсе дейді. Ақшаның астында қалып соңында өледі. Туысқангершілік, рушылдық дейтін оңбаған тәртіп бар. Университет бітіре сала министр болады. Көргенімізді айтпасқа болмайды. Мен ештеңеден қорықпаймын. Жасарымды жасадым, аларымды алдым. Шындықты айтуым керек. Шындық сол.\n– Көзге түсіп жүрген жас режиссерлер, драматургтер бар ма?\n– Режиссура – үлкен мамандық. Бізде бәрінің деңгейі орташа. Атақты режиссерлер жоқ, олар арамыздан кетті. Режиссер мықты болса, халық атын айтар еді. Ондай жоқ. Сериал көбейді, ол – өнер емес. Кино – өнер туындысы. Сахна да сол сияқты. Үлкен спектакль қойылса, халық жапа-тармағай келеді, театрда ине шаншар орын қалмайды. Жартылай оқыған, білімдері төмен шала-шарпы режиссерлер бар. Мықты режиссер болса, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Оралхан Бөкей, Асқар Сүлейменов сияқты жазушылардың қара әңгімелерін қояр еді. Американың мықты режиссері қазақша роман, повестерді көріп таң қалған. \"Материал азайды, тауыстық, ал сіздерде әлі басталмаған\" дейді ол. Бізде жазылған дайын пьесаларды қояды, нәтижесі төмен. Бұрынғы ұлы режиссерлер қара әңгімелерді экранға шығарып, сахналап, үлкен спектакль, фильмдер жасаған. Қазір ондай режиссерлер жоқ.\n– Күнде айтамын. Талай сұхбатта да айттым. Түрлі жиналыста да айтып жүрмін. Мысалы, ұлы спектакль \"Ана – Жер-Ана\" пьеса емес, хикаяттан туған дүние. Лениндік сыйлыққа ұсынылды. \"Қан мен тер\" деген пьеса жоқ, режиссер романды сахна материалына айналдырды. Мұхтар Әуезовтің қаншама қара әңгімесі бар. Ізденіс керек. Шығарманы сахнаға аудару керек. Ол үшін талант керек. Талант жоқ. Намыс жоқ. Кеше Токио Олимпиадасында бәрі қола медаль алды. Көрші елдердің спортшылары сол жерде аянбай тер төкті, тіпті жылап жіберді. Өйткені, оларда намыс бар. Мемлекет пен халықты намыс қорғайды.\n– Намыс жоқ, өйткені талант жоқ. Намыс дегеннің өзі – талант. Қарсыласына жығылып, көрерменнің көңілі қалды. Неге жеңілді дегенде коронавирусты сылтауратады. Вирус барлық елде жүріп жатыр. Жаттығу аз болды деп өз-өздерін қорғайды. Дұрыс емес. Елді елге танытатын – өнер мен спорт. Ақшаны көбірек қалтаға салуды ойламай ортаға, өнер мен спортқа салу керек. Нәтижені көрген соң намыстанып қорытынды шығару қажет. Намыссыз, талантсыз, жатып ішер жалқау болсақ, ертең жерден де, елден де айырылып қалуымыз мүмкін. Қазір жерді қорғайтындар, халыққа жаны ашитындар аз. Ыңғайы келсе, жерді сатып жібереді. Жерді сату деген – Отанын, елін сату. Ол – қылмыс, ондайды ату керек.\n– Жер сатылмайды деп бірнеше рет айтылды ғой\n– Айтып жатады. Ол тіптен ұран болмауы керек. Оны айту ұят нәрсе. Баяғы ата-бабамыз қорғаған жерге халық қана ие. Басшылық ие емес. Жердің иесі – халық. Халық жақсармай, халықтың әл-ауқаты дұрысталмай, ел жақсармайды. Құр нан мен сумен отырған, электр желісі жетпеген жерлер бар. Сөйте тұра, алып елдердің қатарына қосыламыз дейді. Ұран көп, іс аз. Намысым келіп кейде ұйықтай алмаймын.\nСахнаға да, актерлерге де намыс, мінез керек. Сонда нәтиже шығады. Ал мінезсіз жалқаудан түк шықпайды. Ізденбейді, үйінде жатады. Сахнаға жүгіріп шығып, айлығын алып, үйіне кетеді. Айналайын, сахнада не үшін жүрсің? Тер төгілу керек, көз қызарып кетуі керек. Жылайтын жерде жыла, күлетін жерде күл. Ондай ұлы актерлерді көрген соң айтып отырмын. Актерлер ойнағанда халықты еңіретіп жылататын. Көрермен қойылымды шалқайып жатып қарамауы керек, ынта-шынтасымен беріліп тамашалауы керек. Соған келтіретін – актер. Театр – ұлы өнер. Оны біздің көп адам, тіпті сахнадағы актерлердің өзі түсінбейді. Жүгіріп шығады, жүгіріп кетеді. Неге шықты, не қойды – жауап жоқ.\n– Актерлер көрерменнің деңгейіне әсер ете ме?\n– Баяғыда ұлы актерлер барда Мұхтар Әуезовтер көрермен еді. Бүкіл зиялылар театрға келетін. Қазір оқушыларды, студенттерді шұбыртып, топтап-топтап жинап әкеліп залға тығады. Итеріп зорға кіргізгендер көрермен бола ма? Өз аяғымен келген көрермен – нағыз көрермен."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-aziya-damu-banknn-prezidentn-kabyildadyi-371953/", "title": "Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады", "text": "Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nМемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nҚасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, АДБ жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.\nҚазақстан Президенті 30 жылдан астам уақыт ішінде Азия даму банкі елімізде жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткенін айтты. Осылайша, банк экономикалық өсімге, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты.\nМемлекет басшысы экономиканың басты секторларындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспары жөнінде әңгімеледі. Бұл елімізде орнықты даму мен құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.\nМасато Канда Азия даму банкі Қазақстанмен арадағы ықпалдастық аясын кеңейтуді басым бағыт санайтынын жеткізді. Банк тұрғын үй құрылысы, төтенше жағдайларды басқару және өзге де маңызды стратегиялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін растады.\nАДБ жетекшісі еліміздің цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша алдыңғы орында тұрғанын атап өтіп, аса маңызды минералдар секторын ілгерілетуде, ірі инвестициялық бастамаларды іске асыруда зор әлеует бар екеніне тоқталды.\nҚасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Азия даму банкі арасында орнықты және ұзақ мерзімді серіктестік орнаған, еліміз өзара тиімді кооперацияны одан әрі кеңейтуге әзір."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/asanali-asimovtin-zarqyn-beinesi-taspalangan-uzdik-us-film", "title": "Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі таспаланған үздік үш фильм", "text": "Халық әртісі, көрнекті театр және кино актері Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті. Өз қолтаңбасын қалдырған өнер тарланы сомдаған рөлдері арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленіп, жүрегінен орын тапты. \"Рөлмен жұмыс істеуді гүл өсіретін адамның тірлігіне ұқсатамын\" деген өнер иесі Бекежан бейнесімен ел есінде қалғанымен одан бөлек қаншама фильмге түсті.\nОсы орайда Информбюро порталы аңызға айналған актер Асанәлі Әшімов түскен үздік үш фильмге шолу жасады.\nҚазақ киносының алтын қорына енген \"Қыз Жібек\" туындысында Асанәлі Әшімов Бекежан бейнесін сомдады. 1971 жылы түсірілген режиссер Сұлтан Қожықовтың картинасында Төлеген мен Жібектің махаббаты, Бекежанның қызғанышы, ел тағдыры, ерлік пен опасыздық сияқты мәңгілік тақырыптар терең суреттеледі.\nБекежан – ұлттық кинодағы ең күрделі антагонистік, яғни \"жағымсыз\" образдардың бірі. Актер Бекежанды тек \"жау\" емес, ішкі трагедиясы бар тұлға ретінде ашып көрсетті. Бұл рөл актерді Кеңес Одағына танытты.\n\"Қара түс болмаса, ақтың қасиетін біле ме адам. Өлім болмаса, өмірдің қадірін кім түсінеді. Бекежан болмаса, Төлеген Төле­ген болар ма еді? Қыз Жібек – Төлеген – Бекежан арасындағы драма болмаса, кино кино емес, тек тәтті кәм­пит болып шығар еді\", – деген еді Асанәлі Әшімов бір сұхбатында.\nБұл рөл Асанәлі Әшімовтің бағын ашқанымен, тағдырына кері әсер етті. \"Қыз Жібек\" жарыққа шыққан жылдары кей адамдар Бекежанның тек кинодағы рөлі екенін ұмытып, Асанәлі Әшімовті фильмде \"Төлегенді өлтіргені үшін\" қарғаған.\n\"Актер болған соң, беріліп ойнамасаң тағы болмайды. Қозы мен Төлегенді өлтірер әлгі жауыздардың жан әлеміне сіңіп кеткендей хал кешесіз. Театрда отырғанын, сахнада рөл ойнаушы артистер жүргенін сезсе-дағы, көрермен қауым оларға ызаланады, ашуланады. Тіпті, жағымсыз кейіпкерлердің оспадарсыз істеріне іштей қарғыс та айтары – табиғи құбылыс. Сахнада болсын, экранда болсын, кісі өлтірген қаныпезерлерге кім алғыс айта қойсын?! Эмоциялық, психологиялық ет қызуымен көрерменнің қарғап-сілеп жіберері де шындық. Сенбейін десеңіз, мистикалық, мифтік дүниелерде шындық барын өмір мысалдары дәлелдеп-ақ келеді. Қос құлынымның орны толмас қайғысы әртүрлі ойларға жетелегені рас\", – деген еді Асанәлі Әшімов.\nБірегей режиссер Шәкен Аймановтың соңғы түсірген фильмі – \"Атаманның ақыры\" қазақ киносындағы елеулі туынды. Себебі бұл – ұлттық кинематография тарихындағы детектив жанрында түсірілген тұңғыш кинокартина.\nФильмде 1920–1921 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр аймағындағы тарихи оқиғалар баяндалады. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың андасын жою туралы операция дайындалады. Оны орындау чекист Қасымхан Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.\nАсанәлі Әшімов \"Қыз Жібек\" пен \"Атаманның ақыры\" фильмдеріне қатар түскен. Бұл туралы ол \"Егемен Қазақстан\" газетіне бергенсұхбатындаайтқан еді.\n\"Атаманның ақыры\" фильмінің сценарийі бекіп, оған актерлер іріктеу басталғанда: \"Басқа кейіпкерлерде шаруам жоқ. Қасымхан Шадияровтың рөліне даярлап отырған адамым бар. Ол – Әшімов\", деп Шәкен аға Айманов комиссия жиналысында отырып алыпты. (...) Екі-үш күннен соң қос қожайыным – кинорежиссерлер Сұлтан Қожықов пен Шәкен аға Айманов бірлесіп отырып менің \"Қыз Жібек\" пен \"Атаманның ақыры\" фильмдеріндегі мәселемді түбегейлі шешуге кірісті. Арнайы жұмыс кестесі жасалды. Атқарылатын істің үлкен-кішісі демей, бәрі ескеріліп, талқыланды. Осыдан кейін бір күннің ішінде, яғни түске дейін – Бекежан, түстен кейін Қасымхан болып ойнаған күндерім басталды\", – деді Асанәлі Әшімов.\nАйтуынша, екі рөлдің бір-біріне тигізген көмегі көп болған. Бекежанның эпизодына түсіп келген соң, Қасымхан рөлін ойнау оңайға соққан.\n\"Қызу қанды, от болып жанып тұрған Бекежан мінезін сәл сабаға түсіре қойсам, Қасымхан мінезін дәл ұстаймын. Себебі Қасымхан әр ісін он ойланып, жүз толғанып шешер байып пен ақылдың адамы. Өйтпесе ол барлаушы атанып, мемлекеттік маңызды тапсырманы орындай алар ма еді. Керісінше, Қасымханнан кейін Бекежанның ішкі \"жан сарайына кіру\" тіптен қиын-тын. Оған төзімді, өте сақ чекист сияқты ұзақ ойланып отырсаң, қате қадам жасамауға тырысамын деп қарайлай берсең, кең қолтық, аңғал батырдың бейнесінен мүлде аулақтап кетер едің. Сондықтан сол күндері талғамға талап қоя отырып, психологиялық тұрғыдағы арпалыспен өмір сүруге тура келді\", – дейді актер.\n1977 жылы режиссер Эльдар Оразбаевтың саяси детектив жанрында түсірген \"Транссібір экспресі\" көркем фильмі қазақ киносының алтын қорына енді. \"Транссібір экспресі\" – Асанәлі Әшімов ойнаған белгілі барлаушысы Қасымхан Шадияров туралы трилогияның екінші бөлімі. Фильмде 1972 жылы тәжірибелі Кеңес тыңшысы Омар Қасымхановтың Харбинде Фан Ю-Чун деген әртістің атын жамылып, өзіне тапсырылған міндетті атқарып шыққаны баяндалады.\n\"Шәкең дүниеден қайтқаннан кейін 6-7 жылдай өткенде Эльдар Оразбаев екеуміз үйде отырып, ұстазымызды мұңайып еске алдық. Ағамызға қандай ескерткіш орнатамыз деп ақылдастық. Дәл сол сәттегі ойымыз кәдімгі ескерткіш болатын. \"Эльдар, сен екеуміз Шадияровты жалғастырайық, Шәкен Кенжетайұлына бұдан артық ескерткіш қоя алмаймыз\" дегенім. Эльдар жанып түсті. Фильм табысының негізгі сыры – профессио­нализм. Лентаның өн бойына Шәкен жақсы көрген әуендерді пайдалану, Шәкеннің өзі айтатын \"Жиырма бесті\" қосу тіпті тамаша шешім болды\", – деді Асанәлі Әшімов \"Егемен Қазақстан\" газетіне бергенсұхбатында.\nКинокартина бірқатар кинофестивальдерде жүлдеге ие болды. Прокатта да табысты болды. Оны көрушілердің саны \"Атаманның ақырынан\" да асып кетті. Артынша осы тақырыпта \"Маньчжурия нұсқасы\" фильмі түсірілді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/oqusylardyn-chatgpt-qoldanuy-sapaly-bilim-aluga-komeksi-me-kedergi-me", "title": "Оқушылардың ChatGPT қолдануы: Сапалы білім алуға көмекші ме, кедергі ме", "text": "Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілісте цифрландыру және білім саласына қатыстыүш маңызды мәселенікөтерді. Ол өз сауалдарын Цифрлық даму министрлігіне жолдап, цифрлық теңсіздік, балалардың әлеуметтік желілерге еркін тіркелуі және мектептерде смартфон қолдануға байланысты өзекті проблемаларды атап өтті. Әсіресе, оқушылардың сабақ кезінде смартфон пайдалануына алаңдаушылық білдірді. Экс-министрдің айтуынша, бұл оқу үлгеріміне айтарлықтай кері әсер етеді. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері оқушылардың үй тапсырмасын ChatGPT секілді жасанды интеллект құралдарының көмегімен орындайтынын айтып, мұндай үрдістің оң және теріс жақтарын да атап өтті.\nМектептерде смартфон қолдану мәселесіне тоқталған депутат, бұл тыйымның оң нәтижесін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай шектеу оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, үлгерімнің артуына ықпал етеді.\nБәйтерек орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Нұрболат Тлеуқабылдыңайтуынша, қазіргі таңда оқушылардың үй тапсырмасын ChatGPT сияқты жасанды интеллект құралдарының көмегімен орындауы – көзге көрінбей кең тарап жатқан жаңа үрдіс. Оның пікірінше, ChatGPT секілді жүйелерді мүлде тыйым салуға емес, оны дұрыс бағытта қолдануға үйрету қажет.\n\"Бүгінгі балалар – цифрлық дәуірдің өкілдері. Олар ақпаратты тез табуға, дайын шешім алуға үйреніп барады. Бұл, бір жағынан, уақыт талабына сай, екінші жағынан, ой еңбегінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Менің байқағаным, егер оқушы ChatGPT-дің жауабын сол күйі көшіріп алса, ол өздігінен ойланбайды, жазу мәнері де жоғала бастайды. Ал егер бұл құралды көмекші ретінде – яғни идея алу, мәтінді өңдеу, баламалы шешімдерді салыстыру үшін пайдаланса, оның сыни ойлау қабілеті артады. Тіпті кейбір балалар өз қатесін байқап, неге солай екенін түсінуге тырысады. Бұл – үлкен ілгерілеу\", – дейді мұғалім.\nНұрболат Қуатұлы ChatGPT-ді \"жау\" ретінде қабылдамай, \"ақылды кеңесші\" ретінде қолдануға шақырады. Ол мұғалімдер мен мектептер оқушылар арасында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыруы тиіс деп есептейді.\n\"Мақсат – ChatGPT оқушының орнына ойлануы емес, оны ойландыруы керек. Яғни, жасанды интеллект – оқу үшін құрал, орнына білім алатын \"құтқарушы\" емес\", – дейді ол.\nМұғалімнің айтуынша, ChatGPT көмегімен жазылған жұмысты бірден анықтау оңай емес, бірақ тәжірибелі педагог оқушының бұрынғы жазу стилінен, логикалық құрылымынан, ойлау жүйесінен айырмашылықты байқай алады. Сонымен бірге ол ашық сұрақтар мен пікірталас түріндегі тапсырмалардың AI көмегімен дайын жауапты көшіруге жол бермейтінін атап өтті.\n\"Оқушыларға ең маңыздысы – жауап алу емес, сол жауапты түсініп, өз сөзімен жеткізе білу. Мен үнемі оқушыларға айтамын: жасанды интеллект сенің ойыңды алмастырмасын, керісінше, соны жетілдірсін. Ақпаратты көшіру оңай, ал оны талдап, өз көзқарасыңмен ұсыну – шын мәнінде білімнің көрсеткіші\", – дейді Нұрболат Тлеуқабыл.\nОл сонымен қатар мектеп деңгейінде жасанды интеллектіні қолдануға қатысты этикалық ережелер қажет екенін айтты.\n\"Әр оқушы өз жұмысындағы AI үлесін көрсетуі тиіс. Бұл – академиялық адалдықтың бір бөлігі. Ал мұғалімдер ChatGPT-ді өз сабақтарында тиімді пайдалану жолдарын меңгеруі қажет. Жасанды интеллект білім сапасын арттыруға, әр оқушының жеке оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді\", – деп қорытындылады ұстаз.\nҰстаз Айнұр Шыбырайымқызыныңпікірінше, қазіргі заманда балалардың әлеуметтік желілерге ата-ананың рұқсатынсыз тіркелуі – тек цифрлық қауіпсіздік мәселесі емес, сонымен қатар баланың психологиялық және әлеуметтік дамуына әсер ететін маңызды фактор.\nОның айтуынша, әлемнің дамыған елдері бұл мәселеге ерекше мән беріп отыр. Мысалы, Дания мен Австралияда әлеуметтік желіге тіркелу жасы 15-16 жас деп белгіленген. Ұлыбритания мен АҚШ-та 13 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желіні тек ата-анасының рұқсатымен және жеке деректерді верификациялау арқылы ғана пайдалана алады. ЮНЕСКО мен UNICEF 2024 жылғы есебінде де балалардың интернеттегі еркіндігі мен қауіпсіздігі арасында тепе-теңдік қажет екенін атап өткен.\n\"Бізге де осы бағытта нақты ереже керек. Бала желіге тіркелер алдында ата-ананың рұқсатын алу – бұл шектеу емес, қорғаныш. Себебі ата-ана баланың кіммен сөйлесіп, қандай контент тұтынып жүргенін бақылап отыруы тиіс. Бұл – цифрлық сауаттылықтың ең басты бөлігі\", – дейді Айнұр Шыбырайымқызы.\nМұғалімнің пікірінше, дәл осындай ұстаным мектептегі смартфон қолдану мәселесіне де қатысты. Ол соңғы жылдары әлемнің көптеген елінде мектептерде телефон ұстауға шектеу қою оң нәтиже бергенін айтады. Франция, Нидерланд, Ұлыбритания және Финляндия сынды елдерде мұндай тыйым оқушылардың зейінін арттырып, сынып ішіндегі қарым-қатынасты жақсартқан.\n\"Осы жылы UNESCO мен OECD-тің зерттеулері жарияланды. Нәтижесінде, смартфонды сабақ кезінде пайдаланбайтын мектептерде оқушылардың оқу үлгерімі орта есеппен 6-8 пайызға артқаны анықталған. Бұл – жай статистика емес, нақты дәлел. Өйткені бала зейіні үзіліссіз экранда емес, өз ісінде болуы керек\", – деп атап өтті ұстаз.\nАйнұр Шыбырайымқызының айтуынша, Қазақстанның кейбір жетекші мектептері – Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Білім-инновация лицейлері – бұл тәжірибені сәтті енгізіп үлгерген. Нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы артқан, ал сабақтағы тәртіп пен назар деңгейі айтарлықтай жақсарған.\n\"Мектеп – тек білім беретін орын емес, ол – тұлға қалыптастыратын орта. Ал тұлға экран арқылы емес, шынайы қарым-қатынас арқылы дамиды. Сондықтан әлеуметтік желі мен смартфонға қатысты шектеулер – еркіндікті тарылту емес, баланы қорғаудың мәдени формасы\", – деп түйіндеді Айнұр Шыбырайымқызы.\n№16 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Әбдіраманованыңайтуынша, бастауыш жастағы балалардың әлеуметтік желілер мен смартфондарға еркін қол жеткізуі – соңғы жылдары ерекше алаңдатарлық құбылысқа айналды.\n\"Бала үшін экран – ойын мен қызықтың әлемі, бірақ сол әлемнің ішінде шынайы өмірдің тепе-теңдігін жоғалту қаупі бар. Әсіресе бастауыш сыныптағы оқушылар шынайы мен виртуалдыны ажырата алмайды, эмоциялық тұрғыдан әлсіз\", – дейді ұстаз.\nҰстаздың пікірінше, әлеуметтік желілерге тіркелу кезінде ата-ананың рұқсаты мен бақылауы міндетті болуы тиіс.\nОл халықаралық тәжірибелерді мысалға келтіріп, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтерін атап өтті: экран алдында шамадан тыс уақыт өткізетін бастауыш жастағы балаларда ұйқы режимі бұзылып, зейін тұрақтылығы төмендейді, сөйлеу және эмоциялық даму баяулайды. Канада мен Финляндияның бастауыш мектептерінде бұл мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама енгізіліп, оқушылардың гаджет қолдану уақыты қатаң реттелген.\n\"Смартфон мен әлеуметтік желі баланың даму құралы емес, тек көмекші болуы керек. Ал мектеп – \"тірі\" қарым-қатынас пен ойын арқылы тәрбиелейтін орта. Егер бала үзілісте телефон ұстап отырса, ол достарымен сөйлесуді, ойнауды, тыңдай білуді ұмытады. Бізге осы қарапайым адами дағдыларды қайтару қажет\", – дейді бастауыш сынып мұғалімі.\nАқмарал Әбдіраманованың айтуынша, кейбір ата-аналар баласын тыныштандыру үшін телефон беруді әдетке айналдырған. Бірақ бұл уақытша шешім ғана.\n\"Экран баланы тынышталдырады, бірақ дамытпайды. Керісінше, ойлау белсенділігі мен қиялын тежейді. Ал мектеп пен отбасы бірлесе отырып баланың бос уақытын мазмұнды етуге күш салуы керек\", – дейді ол.\nСондай-ақ, ұстаз соңғы уақытта кейбір оқушының үй тапсырмасын ChatGPT секілді жасанды интеллект құралдарының көмегімен орындап жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай тәжірибенің пайдасы да, зияны да бар.\n\"Бастауыш сынып оқушылары үшін ChatGPT-ді пайдалану – екі қырлы құбылыс. Егер бала оны түсіну, іздену және идея алу мақсатында қолданса, ол оның қызығушылығын оятып, өз ойын жүйелеуге көмектеседі. Бірақ егер дайын жауапты көшіріп алуға үйренсе, онда ол өз бетінше ойлану, жазу және талдау дағдыларынан айырыла бастайды. Сол себепті ата-ана мен мұғалім баланың жас ерекшелігін ескере отырып, жасанды интеллектіні тек көмекші құрал ретінде пайдалануға бағыттауы тиіс\", – дейді Ақмарал Әбдіраманова.\nМұғалім мектептерде смартфон қолдануға шектеу қою тәжірибесін қолдайтынын да айтты.\n\"Бұл – тыйым емес, тәрбие. Телефонсыз өткізілген сабақ пен үзіліс – баланың шынайы өмірмен байланысын қалпына келтіреді. Соңғы зерттеулерге қарағанда, телефонды сабақ кезінде пайдаланбайтын сыныптарда оқушылардың оқу мотивациясы мен назар деңгейі айтарлықтай жоғары. Демек, бұл шешім білім сапасына да, бала психологиясына да оң әсер етеді\", – деп қорытындылады Ақмарал Әбдіраманова."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/akim-bolgandar-da-bar-tanymal-psixolog-taueldilikke-usyragan-adamdar-zaily-aitty", "title": "\"Әкім болғандар да бар\": Танымал психолог тәуелділікке ұшыраған адамдар жайлы айтты", "text": "Қазақстанда тәуелділік дертіне ұшырағандар саны күн санап артып келеді. Олардың қатарында құмар ойындарына, алкогольге, есірткіге тағдыры байланған жандар өте көп. Стастистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 440 мың адам лудоманияға ұшыраған. Ал 18 мыңнан аса адам есірткіге тәуелділік бойынша есепте тұр.\nПсихолог Әлияш Омарбекова тәуелді адамдарды ұзақ жылдар бойы зерттеп, бүгінде олардың жалпы сипаттамасын жасап шығарды. Маманның айтуынша, елімізде ең көп тараған тәуелділік дерті – алкоголизм.\nӘлияш Есенмұратқызы біршама уақыттан бері тәуелділік дертін зерттеп жүрген санаулы мамандардың бірі. Бүгінде ол қоғамның басты сырқатына қатысты маңызды  мәлімделер жасауда.\n\"Тәуелділіктің ең көп тараған түрі – алкоголизм. Себебі, бұл тәуелділіктің әлеумет ашық қабылдаған және \"қолдайтын\" түр. Алкоголь өнімдері кез-келген жерде ашық сатылуда. Кафеге барсаңыз да, дүкенге кірсеңіз де, ала аласыз. Қонаққа барсаңыз да, дастарханда тұрады. Сізге алкоголь ішті деп ешкім ренжімейді, қолмен шұқып көрсетпейді. Сондықтан, тәуелділіктің бұл түрі елімізде кеңінен таралған деп сеніммен айта аламын\", – дейді маман.\nӘлияш ханымның алдынан өткен \"тәуелді\" адамдар өте көп. Олардың қатарында, беделді қызметте болғандар да бар.\n\"Бүгінге дейін мен талай адаммен жұмыс істедім. Әрқайсысының тағдыры әрқилы. Десе де, олардың психолог алдына келгенінің өзі үлкен ерлік деп айтар едім. Өйткені, тәуелділік – бұл ауру. Одан құтыудың сан түрлі жолын іздесе де, шырмауынан шыға алмайтындар көп. Тәуелділік талай отбасының ойранын шығарды, талай адамның тағдырын тас-талқан етті. Тіпті, әкімдер де, күш құрылымында істейтін азаматтар да болды қабылдауымда. Оларға барынша жол көрсеттім. Жоғарыда айтқанымдай, тәуелділік – бұл ауру. Сондықтан, оны жүйелі, кешенді түрде емдеу керек\", – дейді Әлияш Есенмұратқызы.\nПсихологтың айтуынша, тәуелді адамның сипатын жасау қиын емес.\n\"Тәуелділікке ұшыраған адамдарды негізгі 5 белгісіне қарап анықтауға болады. Олар – эмоциялық белгілер (ішкі уайым, мазасыздық, жалғыздықты сезіну), мінез-құлықтық белгілер (өтірік айту, жауапкершіліктен қашу, отбасындағы тұрақсыздық, тәуелділікті ақтап алу), әлеуметтік белгілер (айналамен, отбасымен қарым-қатынастың бұзылуы, оқшаулану), физикалық белгілер, әсіресе, химиялық тәуелділікте (көзінің көгеруі, арықтау немесе толықтау, ұйқының бұзылуы) және психологиялық белгілер (ішкі тыныштығы жоқ, өзін-өзі төмен санайды) бар. Негізінен, тәуелділікке ұшыраған адамдарды осы сипаттардың бірі арқылы бірден танимыз. Қазір әлем бойынша тәуелділікке ұшырағандарды оңалту орталықтары бар. Қазақстанда да жұмыс істейді. Өкінішке қарай, қанша адамның толық жазылып келгені жайлы ресми мәлімет жоқ\", – дейді Әлияш Омарбекова."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/astana-turgyndary-sogymdy-qaidan-alady-zane-onyn-bagasy-qansa", "title": "Астана тұрғындары соғымды қайдан алады және оның бағасы қанша", "text": "Астанада күн салқындаған сайын соғымға деген сұраныс арта түсті. Қала тұрғындары ет базары мен жәрмеңкені жағалап, қыстың қамын ойлай бастады. Бірі – ірі қара мал етін іздесе, енді бірінің таңдауы жылқы етіне түседі. Биыл баға қандай?Соғымды қайдан алған арзан әрі тиімді? Informburo.kz тілшісі зерттеп көрді.\nӘр сенбі-жексенбі күні Астанадағы \"Қазанат\" ипподромының көлік тұрағында әр облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Әдетте, мұнда ет бағасы сәл төмендеу. Мысалы, Абай облысының жәрмеңкесінде сиыр етінің келісі – 3 500 теңгеден, жылқы еті 3 400 теңгеден сатылды.\nТұрғындардың айтуынша, жәмеңкеге ерте бармасаң, түске қарай еттің құнарлы бөлігі қалмайды. Арзанырақ болғандықтан, кезек те көп, кейде ет алу үшін бір сағатқа жуық күтуге тура келеді.\n\"Өзім Абай облысының тумасы болғандықтан, осы жәрмеңкеге арнайы келдім. Біздің топырақтың еті өзімізге ерекше дәмді болып тұрады. 30 келідей ет алдым\", – деді Айжан есімді қала тұрғыны.\nАстанада бірнеше ет базары, шағын дүкен бар.\n\"Әсем\" базарындағы сатушының айтуынша, қала тұрғындарының арасында сиыр етіне сұраныс көбірек.\n\"Сиыр еті қолайлы, әртүрлі тағамға жарайды. Ал жылқы етін қыста қазы-қартаға, қонаққа деп сұрайды. Базарда етті келілеп сатамыз, алайда бірден толық туша сұрайтындар да бар. Қазір жарты тушаға да сұраныс көбейді. Себебі қалада шағын отбасылар көп, тоңазытқыш кішкентай болса, бір малдың етін сақтау да қиын\", – дейді сатушы.\nАл кей шағын ет дүкендерде 1 келі сиыр еті – 3800 теңгеден, жылқы еті 4200 теңгеден сатылып жатыр.\nАстаналықтар соғымды қалаға жақын маңдағы елді мекендерден әкеліп сататындардан да жиі алады. Әсіресе, Павлодар мен Солтүстік Қазақстаннан жеткізілген малға сұраныс жоғары. Сондай-ақ Ұлытау облысы Жаңаарқа өңірінен, тіпті Шымкент, Тараздан тапсырыспен ет әкелетіндер бар.\nКейбір отбасылар етті туша күйінде алдырса, енді біреулер уақытын үнемдеу үшін бәрін мүшелеп, дайын күйде қораптап алуды жөн көреді.\nОсыған байланысты кей кәсіпкерлер соғым, соғымның төрттен бірін, жартысын мүшелеп дайындап, тіпті сыйлы мүшелерді табақтап сатуды қолға алған.\nОсылайша, Астанада бір туша соғым алу үшін 600 мың теңгеден артық қаражат қажет. Бұл – орта табысты отбасы үшін едәуір шығын. Сондықтан көпшілік қазір жарты тушамен шектелуді немесе етті аз-аздан бөліп алуды жөн көреді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanda-songy-10-zylda-zeinetaqy-men-zalaqy-qalai-osti-infografikalyq-solu", "title": "Қазақстанда соңғы 10 жылда зейнетақы мен жалақы қалай өсті? Инфографикалық шолу", "text": "2026 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі. Мәжіліс қабылдаған \"2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы\" заң жобасына сәйкес, келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы – 85 мың теңге, базалық зейнетақы – 35 596 теңге, ал ең төменгі зейнетақы 69 049 теңге болады. Сонымен қатар, АЕК – 4 325 теңге,  ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге мөлшерінде белгіленді.\nInformburo.kz соңғы 10 жылдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қалай өзгергенін сараптап шықты.\n2015 жылдан бері ең төменгі жалақы 4 есеге жуық (21 364 теңгеден 85 000 теңгеге дейін) өскен. 2019-2021 жылдары бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалса, 2022 жылдан бастап жыл сайын айтарлықтай артты.\n2015 жылдан 2025 жылға дейін АЕК шамамен екі есеге жуық (1 982 теңгеден 3 932 теңгеге дейін) өскен. АЕК әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, салықтар мен мемлекеттік алымдарды есептеу үшін базалық мән ретінде пайдаланылады.\n2022 жылы алғаш рет екі түрлі АЕК енгізілді: бірі – әлеуметтік төлемдерге арналған, екіншісі – салықтар мен айыппұлдарға арналған.\nСоңғы он жылда ең төменгі күнкөріс деңгейі екі еседен астам өскен (18 650 теңгеден 36 018 теңгеге дейін). 2018 жылы ең ірі өсім байқалды – 2017 жылмен салыстырғанда 15% өсті.\n2020-2022 жылдары өсім орта есеппен жылына 5-7% шамасында болды.\n2015 жылдан 2025 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері шамамен үш есеге жуық артқан (11 182 теңгеден 32 360 теңгеге дейін).\n2018 жылы зейнетақыны есептеу жүйесі өзгеріп, еңбек өтілі мен табыс деңгейіне байланысты жаңа формула енгізілді.\n2023 жылдан бастап базалық зейнетақы жыл сайын орта есеппен 15-20% шамасында өсіп келеді.\n2015 жылдан 2025 жылға дейін ең төменгі зейнетақы 2,6 есеге өсіп, 23 692 теңгеден 62 771 теңгеге жетті.\n2023 жылдан бастап үкімет инфляция қарқынын ескере отырып, зейнетақыны жыл сайын 10-15% шамасында арттырып келеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/altyn-misabai-olimpiada-cempiony-mixail-saidorovtyn-zenisinde-kimderdin-ulesi-bar", "title": "\"Алтын Мишабай\". Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңісінде кімдердің үлесі бар", "text": "14 ақпанда Михаил Шайдоров Миланда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Қазақстан қысқы Олимпиададан соңғы рет 1994 жылы алтын алған болатын. Арада 32 жыл өткен соң Шайдоров бұл сеңді бұзып, оған қоса мәнерлеп сырғанаудан алтын жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы болды. Бұған дейін Денис Тен 2010 жылғы Сочи Олимпиадасында қола медаль алған еді.\nМихаил Шайдоровтың жеңісі туралы бүкіл әлем жазды. Мәнерлеп сырғанау спортында ерлер арасында көшбасшы саналатын АҚШ спортшысы Илья Малининге ел-жұрт алтын медаль беріп тастаған еді. Алайда еркін бағдарламасын таза сырғанаған Михаил Шайдоровтың бабы мен бағы қатар шауып, алға шықты.\nОсы орайда Информбюро порталы 21 жасында алғашқы Олимпиадасында чемпион атанып, Милан төрінде көк туымызды көтеріп қана қоймай әнұранымызды шырқатқан Михаил Шайдоровтың спорттағы жолына шолу жасады.\nМихаил Шайдоров 2004 жылы 25 маусымда Алматыда дүниеге келді. Әкесі оны бес жасында \"Рамстор\" сауда орталығындағы мұз айдынға сырғанауға алып келген. Алғашында оған сабақ ұнамаған соң бір жылдай спорттық гимнастикамен айналысып көрген. Бірақ бір жыл өтпей мұз айдынға оралған. Михаилдің әкесі Станислав Шайдоров та мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған. Кейін Алматыда балаларға мәнерлеп сырғанаудан сабақ берген. Көп жыл баласын өзі жаттықтырған.\nШайдоров бала кезінде Денис Теннің мастер-класына қатысқан. Бұл видео Михаилдің жеңісінен кейін әлеуметтік желілерде тарап кетті.\nДесе де ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған жапон спортшысы Юдзуру Ханюдің өнерінен шабыт алған. Аты аңызға айналған мәнерлеп сырғанаушының бағдарламаларын қайта-қайта көріп, сол сияқты өз ісінің үздігі болғысы келген.\nӘкесі Станислав ұлын кәсіби спортшы болады деп ойламаған. Секіру элементтерін ақырындап үйрене бастаған. Тек 11 жасында мәнерлеп сырғанаумен кәсіби түрде айналысамын деп шешкен.\n2017 жылы Шайдоров ресейлік бапкер Алексей Урмановпен танысып, Сочиде жаттыға бастады. Алексей Урманов мәнерлеп сырғанаудан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы атанған.\n\"Сол жылы Урманов Йошкар-Олада (Ресей қаласы) жиын өткізді. Жаттығып жүрген қыздардың бірінің ата-анасы сапарыма демеуші болды. Миша ол жақта алғаш рет екі айналым аксель секірді. Кәсіби спортшылар осы элементті орындаған соң ғана өзін мәнерлеп сырғанаушы деп есептейді. Жарты жылдан соң Урмановқа тағы да келдік. Мишаның сырғанауы жақсарғанын айтты. Бір жылда үш айналым секіру элементтерінің бәрін үйрендік. Бірақ үнемі мұз айдынды ауыстыруға тура келді. 2018 жылы күзде Алматыда өз қалтамыздан ақша төлеп мұзды жалға алу не Ресейге көшіп, бапкердің қол астында жаттығу таңдауы тұрды. Алексей Урмановқа хабарласқанда \"жақсы, келе беріңдер\" деді. Дәл сол күні көлігімді сатып, ертеңіне билет алып, Сочиге ұшып кеттік. Миша мен бапкерінің бір-біріне үйренісуіне бір жылдай уақыт кетті. Ұлым алғаш төрт айналым тулуп секірген кезде қуанышымызда шек болмады\", – депеске алдыСтанислав Шайдоров.\n2019 жылы Михаил Шайдоров Қазақстан чемпионы атанды. 2020 жылы алғашқы жарысы – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 34 қатысушының арасынан 22-орын алды. 2020 жылы екінші рет Қазақстан чемионатында жеңіске жетіп, келер жылы өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын болды. Алайда коронавирус пандемиясы кезінде бір жылдай ешқандай жарыс өтпеген соң әлем чемпионатына қатысу үшін Халықаралық конькимен жүгірушілер одағына (ISU) бағдарлама видеосын жіберіп, жолдама алды. Алайда жарақаты болған соң әлем біріншілігінде жақсы өнер көрсете алмады. Әлем чемпионатынан кейін жарақатын емдеуге уақыт қажет еді. Болгарияда өтетін оқу-жаттығу жиынына қатыспай, дәрігердің кеңесіне құлақ асып, үйде қалуды жөн көреді. Алайда кейін ұлттық құрамадан шығып қалғанын біледі.\n2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына лицензия алу үшін Шайдоров жарыстарға қатысу керек еді. Алайда Михаил жарақатынан соң қалпына келе қоймаған еді.\n\"Михаил өз қаржысына емделді, оңалды, қалыпқа келді. Олимпиада маусымына дайындалуға ешқандай көмек алған жоқпыз. Мәнерлеп сырғанауға жақсы қаржы бөлінетінін білемін. Михаил секілді деңгейі жоғары спортшыны баптау үшін көп қаржы керек. Оқу-жаттығу жиындары, жаттығулар, жарыстар, коньки, костюмдер – осының бәріне аз ақша кетпейді. Ұлттық құраманың нөмірі бірінші спортшысын жарақат алған соң құрамадан шығарып тастауы дұрыс емес\", – деді мәнерлеп сырғанаушының әкесі.\nМихаил Шайдоровқа басқа елдің атынан өнер көрсету туралы ұсыныстар келіп түскен. Қаржылай қолдау болмаса да, спортшы Қазақстан намысын қорғауды жөн санаған.\n\"Миша Қазақстанда туғаны үшін мақтанады. Алматыны қатты жақсы көреді. Патриотизм деген дүние бар. Десе де спортшыға көңіл бөлінсе екен деймін. 2026 жылғы қысқы ойындарға Қазақстан атынан Мишадан басқа кім лицензия ала алады?\" – деген болатын Станислав Шайдоров.\nМихаил Шайдоров 2021 жылы жасөспірімдер арасындағы Гран-при Польша жарысына қатысып, күміс медаль жеңіп алды. 2022 жылы Таллин қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға ие болды.\nОл Францияда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатына виза ала алмаған соң қатыса алмады. Бірақ дәл сол жылы Таллин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында АҚШ спортшысы Илья Малининге ғана жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Қысқа бағдарламадан кейін 8-орында тұрған ол еркін бағдарлама нәтижесінде екінші орынға жайғасты. Қазақстанда жасөспірімдер арасында бұндай жетістікке бұрын-соңды ешкім жетпеген еді.\n2023 жылы ол Канада Гран-приінде бесінші орын алды. Дәл сол жылы Қытай кубогында қола жүлдеге ие болды. Загребте өткен Golden Spin жарысында күміс медаль жеңіп алып, ISU Challenger сериясының алғашқы медалін иеленді.\n2024 жылы Шанхайда өткен төрт құрлық чемпионатында алтыншы орын алды. Ақпанда Challenge Cup жарысында алтын жүлдеге ие болды. Маусымды әлем чемпионатындағы 4-орнымен қорытындылады.\nМихаил 2024-2025 жылғы маусым басында Denis Ten Memorial Challenge жарысында жеңіске жетті. Франция Гран-при жарысында төртінші орын алды. Бұл жарыста ол тарихта алғаш үш айналым аксель мен төрт айналым тулупты орындады. Қытай кубогында күміс медаль иеленді. Гран-при финалына тұңғыш рет Қазақстан атынан жолдама алып, жарысты 5-орынмен аяқтады. Ол үш айналым аксель – ойлер – төрт айналым сальхов жасаған алғашқы спортшы атанды.\n2025 жылы Харбин қаласында өткен Қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Арада бір апта өткен соң Сеулде өткен Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Наурыз айында Бостон қаласында өткен әлем чемпионатында Михаил Шайдоров күміс жүлде еншіледі. Бұл жолы да Илья Малинин чемпион атанды.\nМихаил Шайдоров 2025-2026 жылғы маусымын Denis Ten Memorial Challenge жарысында қатарынан екінші рет алтын медаль жеңіп алумен бастады. 2025 жылы өткен Қытай кубогында қола медаль иеленсе, Skate America жарысында күміс медаль алды. Желтоқсан айында Гран-при финалында алтыншы орынға ие болды.\n2026 жылы қаңтар айында Төрт құрлық чемпионатында бесінші орын алды. Маусым бойы Шайдоровтың комбинациялары сәтті шықпады. Десе де Милан-Кортина Олимпиадасына жолдама алып, 10 ақпанда қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Нәтижесінде ол 92,94 ұпай жинап, бесінші орынға жайғасты. Михаил нәтижесіне көңілі толатынын, қолынан келгенін жасағанын айтты.\n13 ақпан күні өткен еркін бағдарлама мәнерлеп сырғанаушылардың тағдырын шешті. Соңғы болып кіл мықтылар өнер көрсетті. Тұғырдан көріну үшін спортшылардың қиын элементтерді орындаудан басқа амалы жоқ еді. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында тұрған Илья Малинин жеті рет төрт айналым секіруді жоспарлады. Михаил да тәуекелге барып, бағдарламасына қиын комбинациялар қосты. Ол үш айналым аксель – ойлер – төрт айналым сальхов, төрт айналым лутц, төрт айналым тулуп, төрт айналым тулуп – үш айналым тулуп каскад, үш айналым аксель, үш айналым лутц – екі айналым аксель секвенциясын секірді. Төрешілер Шайдоровтың өнеріне 198,64 балл беріп, жалпы есепте 291,58 ұпай жинады. Бұл оның жеке рекорды еді.\nШайдаровтан кейін мұз айдынға шыққан жүлдеден үмітті қарсыластары негізгі бағдарламаларын таза орындай алмады. Алтын жүлдеге басты үміткер саналған Илья Малинин болса бірнеше рет құлап, жүлдесіз қалды. Ол еркін бағдарлама нәтижесінде бірінші орыннан 8-орынға сырғыды. Жапония спортшысы Юма Кагияма 280,06 ұпай жинап, күміс жүлде алса, отандасы Шун Сато 274,90 ұпаймен қола жүлде иеленді.\nОсылайша Михаил Шайдоров Милан төрінде әнұранымызды әлеуетіп, Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшы атанды. Оған қоса, 32 жылдан кейін қысқы Олимпиада ойындарының алтынына ие болған Владимир Смирновтың жетістігін қайталады.\nМихаил Олимпиада чемпионы атанған соң сұхбат беріп, арманына жету оңайға соқпағанын айтты.\n\"Шынымды айтсам, әлі де сене алар емеспін. Маусым бойы өз-өзіммен күрестім. Бұл маусым мен үшін қиын болды. Жарыстарда бес бірдей төрттік секіруді шамамен үш рет орындап көруге тырыстым, бірақ бірде-бір рет сәтті шықпады. Ал бүгін бәрі сәтті орындалды. Сәті түсіп, қолымнан келді. Бұл Олимпиадаға ұзақ дайындалдым. Маусым бойы бар ойым өз ісімді адал атқару болды. Енді еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Трибунадағы жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезілді. Бәрі кино сияқты. Әзірше не болып жатқанын толық сезініп үлгермедім. Бұл медаль мен үшін де, еліміз үшін де аса маңызды. Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спорты дамуы үшін бар күшімді саламын. Жағдай жасалып, жастарға мүмкіндік берілсе екен деймін. Менің медалім жолымызды ашқан Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Оның да жолы оңай болған жоқ, менікі де жеңіл болмады. Қазақ мәнерлеп сырғанауының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын\", – деді Миахил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанған соң.\nМихаилдің жеңісінен соң әлеуметтік желіде спортшының шыққан тегі қызу талқыға түсті. Алайда ол өзін \"ресейлік спортшы\" деп атайтындарға былай деген еді.\n\"Алматыда туып өстіп және осында тұрамын. Уақытымның көп бөлігін Қазақстанда, сүйікті қаламда өткіземін. Маған көп уақыт арнайтын Алексей Урмановтың шәкірті болғаныма қуаныштымын. Мәнерлеп сырғанаушылардың көпшілігі конькимен сырғанауды \"Рамстор\" сауда орталығында бастаған. Денис Тен де, мен де. Десе де Ресейде көп уақыт өткіздім, жаттықтым, оқу-жаттығу жиындарына қатыстым. Бірақ қазір Алматыда көп жаттығамын. Мені \"ресейлік спортшы\" деп атап жатады. Алайда мұны мені құрметтемеу деп есептеймін\", – деді Михаил Шайдоров бір жыл бұрын.\nОлимпиада чемпионын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, II дәрежелі \"Барыс\" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады.\nМихаил Шайдоров алтын медаль үшін мемлекет тарапынан 250 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы алады. Бұл – шамамен 124 миллион теңге. Одан бөлек споршыға жан-жақтан қымбат сыйлықтар беріліп жатыр. Танымал әнші Димаш Құдайберген спортшыға су жаңа көлік сыйлайтынын мәлімдеді. Михаил Шайдоров еркін бағдарламада Димаштың әнін таңдап, сонымен өнер көрсеткен болатын. Ал белгілі кәсіпкер Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа Audi Q8 маркалы көлік сыйлады. Ал қазақстандық Ulutau Group құрылыс компаниясы жас спортшыға Астана қаласында үш бөлмелі пәтер сыйға беретінін хабарлады.\nМәнерлеп сырғанау спорты туралы ұзақ жылдан бері жазып жүрген Лилиана Әлжанова Михаил Шайдоров қатысқан Олимпиада жарысын тікелей эфирде комментатор ретінде жүргізді.\n– Мишаның чемпион атанған сәтін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы ойындарда ел қоржынына бір жүлде түссе ғой деп жүргенбіз. Қысқа бағдарламадан кейін қола алуымыз мүмкін екенін есептеп біліп алдық. Үшінші тұрған француз спортшысы Адам Сяо Хим Фадан он ұпайдай қалып тұрды. Бұл – жақсы орындалған бір төрт айналым секірудің бағасы. Француз бір секіруден шатасса, Михаил қола жүлде ала алады деп ойладық. Мишаның осы маусымдағы нәтижелеріне қарап, тіпті, төрешілердің сол қысқа бағдарламадан кейін 5-орын бергенін де жақсы деп ойладым. Себебі жарыстарда бес рет төрт айналымды секірем деп, бірақ дұрыс шықпай ұпайдан қағылып жүрген кездері болды.\nБір ғана төрт айналымды секіру үшін қаншама күш керек. Ал Миша Олимпиадада оны бес рет секірді. Кіп-кішкентай жігіттің бойында қандай күш жатыр.\nМиша ешқандай қате жібермей сырғанағанда \"қола жүлде болуы керек\" деп ойладым. Италиялық Даниэль Грассль бірінші элементте құлағанда жүлдеге бір қадам жақын екенімізді білдім. Ал француз Адам Сяо Хим Фа құлағанда медаль болады деп қуандым. Бірақ күміс не алтын болады деп ойлаған жоқпын. Бірақ Юма Кагияма құлағанда Мишаның қысқы бағдарламадағы ұпайын қайта қарап, күміс болады деп күттім.\nҚысқы бағдарламадан кейін \"жүлдеден үміт бар ма?\" деп сұрады. Михаилдің осы маусымдағы нәтижелеріне қарап \"он процент бар, соны жұлып алса алады\" деген едім. Соны алды. Оған, әрине, Кагияма мен Сяо, Малинин көмектесті. \"Олар құламаса алмайтын еді\" деген әңгіме шығады. Бірақ дер кезінде дәл сол жерде нәтиже көрсету нақ шебердің қолынан ғана келеді.\nИлья Малинин өзінің осы Олимпиадаға дайын емес екенін көрсетті. Командалық сында қысқы бағдарламаға шыққанда бірінші секіруінен-ақ әріптесім Әсемге \"Шайдоровтың медаль алатынына сенемін, себебі Малинин сыңғырлап тұрған жоқ\" деген едім. Бейжің Олимпиадасында Нейтан Чен чемпион болғанда командалық сында қысқа бағдарламасында башпайынан басына дейін дайын екені, чемпион болатыны көрініп тұрды. Ал Малинин маусымның бірінші жарысында екі Гран-приде, Чэлленджерде, Гран-при финалында өте керемет өнер көрсетті. Ол 300-ден астам ұпай алып, әлем рекордын жаңартты. Маусымның екінші жартысында бірдеңе болғаны байқалады. Не жарақат алған шығар, не психологиялық тұрғыдан біреу бірдеңе деген шығар. Бұл Олимпиадада Малининді танымай қалдым. Аяп та кеттім, бірақ оның өте мықты қарсылас екенін мойындау керек. Әлем чемпионатында Миша екеуі тағы да кездессе, жеңісті жұлып алуы әбден мүмкін. Өйткені Малинин төрт айналымды бір емес, жеті рет секіре алады.\nӘу баста Малинин – алтын, Кагияма – күміс, ал Шайдоров қола алады деп ойладым. Малининнің командалық сындағы өнерін көрген соң Кагияма алтын медаль алатын шығар деп топшыладым. Кагияманың бағдарламасы – хореографиясы да, музыкасы да, сырғанауы да келіскен нағыз Олимпиадаға арналған бағдарлама. Шыны керек, Миша дәл Юмадай жұмсақ сырғанай алмайды. Бірақ қысқа бағдарламадан кейін үздік саналған спортшылар командалық сынға бар эмоциясын салды. Жалпы Олимпиадаға қатысқанда эмоция мен энергияны дер кезінде көрсете білу керек.\nМишаның тілеуін қатты тіледім. Өзі сондай қарапайым жігіт. Кішкентай кезінен білемін. 2017 жылы Қазақстан чемпионатында Миланы алғаш көріп, әкесімен таныстым. Сол кезде жасөспірімдер арасында жалғыз өзі үш айналым лутц секірді. \"Бұны қалай үйреткен, қатарынан оқ бойы озық тұр ғой\" деп таң қалдым. Әкесі Станислав Шайдоровпен сөйлескенде сол кездегі қиындықтары, қаржы жетпейтіні туралы айтты.\nСодан кейін 2024 жылдың күзінде сұхбат алдым. Аксель – ойлер – салхов бірегей үш айналым каскадты қашаннан бері жасап жүргені туралы сұхбаттастық. Өте қарапайым, ұяң, байсалды жігіт екені көрініп тұр. Содан кейін Мишаны қатты сыйлап кеттім. Ол кезде жарыстарда жүргенде жалғызсырайтынын, федерациядан ешкім болмайтынын айтты. Франция, Жапония, АҚШ секілді алпауыт елдермен бәсекеге түскенде олардың журналистері жүретінін, ал Михаил өзін ешкім іздеп бармағанын айтты. Олимпиада чемпионы болған соң енді оны бәрі іздейді. Алпауыт елдердің спортшыларында массажист, дәрігер, диетолог, акробатикадан, секіруден және сырғанаудан бөлек бапкер болады. Соның бәріне федерациялар демеуші тауып береді. Ал Миша былтыр әлем чемпионатында күміс медаль алғанша әкесі, бапкері үшеуі күресіп келді.\nАлексей Урмановтан, Мишаның өзінен сұхбат алдым. Мәнерлеп сырғанау туралы қазақша жазып жүрген санаулы адамның бірімін. Мишаның өзі қазақ тілінде сұхбат бергісі келетінін, бірақ ешкім алмайтынын айтты. Ал бапкері Алексей Урмановтан ешкім сұхбат алмаған. Біздің халықтың әрбір спорт түрін тек Олимпиадада қарайтыны қынжылтады.\nҚазақстанның мәнерлеп сырғанаудан Жапония, Америка, Франция секілді мықты елдермен иық тірестіріп тұруы – біз үшін жетістік. Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Мишаға көп көмектесті. Головкинмен кездескенде Мишаны жақсы хореографтарға апаруын сұраған едім. Голвкиннің өзі Михаилді мақтап: \"Уайымдамаңыз, көмектесеміз. Ол – жақсы жігіт\" – деген еді. Мишаны Олимпиадада қарапайымдылық, еңбексүйгіштік, айтқанынан қайтпау алып шықты. Осылайша ол өз есімін мәнерлеп сырғанау тарихында атын алтын әріппен жазды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/hpv-ge-qarsy-vakcinaciia-qyzdardyn-densaulygyn-qorgaudyn-manyzdy-qadamy", "title": "HPV-ге қарсы екпе: Кімдер салдыруы керек және ол қаншалықты қауіпсіз", "text": "Мамандандырылған емдеу-диагностикалық профилактикалық бөлімшесінің меңгерушісі Мустафа Дастан Бақытұлының айтуынша, қазіргі таңда жатыр мойны обыры әйелдер арасында ең кең таралған және қауіпті аурулардың бірі болып отыр. Оның негізгі себебі – адам папилломавирусы (HPV). Бұл вирус жасушалардың өзгеруіне әкеліп, қатерлі ісікке себеп болуы мүмкін. Дегенмен, бұл аурудың алдын алуға болатындығын білу маңызды. HPV-ге қарсы вакцинация – жатыр мойны обырын болдырмаудың ең тиімді жолдарының бірі.\n– HPV дегеніміз не және ол несімен қауіпті?\n– Адам папилломавирусы (HPV) – ең жиі таралатын вирустардың бірі. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жыныстық белсенділік басталғаннан кейінгі алғашқы жылдарда адамдардың басым көпшілігі осы вируспен кездеседі. HPV-нің 100-ден астам түрі бар, олардың ішіндегі ең қауіптілері жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, HPV кейбір басқа онкологиялық аурулардың, соның ішінде қынап, жыныс мүшелері мен анус обырының дамуына себепкер.\n– HPV-ге қарсы вакцинация қыздарды келесі қауіпті вирустардан қорғауға көмектеседі. Вакцинация жатыр мойны обырының алдын алудағы ең сенімді және тиімді әдістердің бірі. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, HPV-ге қарсы вакцинация:\nHPV-ге қарсы вакцинаны алған қыздар болашақта өз денсаулығына байланысты алаңдаушылықты азайта алады. Бұл әсіресе дамыған елдерде дәлелденген, онда вакцинация бағдарламалары енгізілгеннен кейін жатыр мойны обырының көрсеткіштері айтарлықтай төмендеген.\n– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 9-14 жас аралығындағы қыздарға HPV-ге қарсы вакцинаны алуды ұсынады. Себебі дәл осы кезеңде иммундық жүйе вакцинаға ең жақсы жауап береді. Бұл вакцинаны жасөспірім кезеңінде алу өте маңызды, өйткені ол жыныстық өмір басталмай тұрып жасалған жағдайда ең жоғары тиімділікті көрсетеді. Егер вакцинация уақытында жасалмаса, кейінірек 26 жасқа дейін алу ұсынылады, бірақ ол вирустың алдын алу тұрғысынан аздап тиімділігі төмен болуы мүмкін.\n– HPV-ге қарсы вакцина қаншалықты қауіпсіз?\n– Көптеген ата-ана вакцинаның қауіпсіздігіне қатысты алаңдайды. Дегенмен, HPV-ге қарсы вакциналар көптеген ғылыми зерттеуден өткен және олардың қауіпсіздігі дәлелденген. Вакцинациядан кейінгі жанама әсерлер әдетте жеңіл өтеді: ине салған жерде аздап ауырсыну, дене қызуының көтерілуі немесе шаршағыштық сезімі болуы мүмкін. Бұл белгілер қысқа мерзімді және бірнеше күннен кейін өздігінен өтеді.\n– Вакцинация туралы кең таралған қандай мифтер бар?\n– Кейбір ата-аналар HPV-ге қарсы вакцинация туралы қате пікірлерге сеніп, оны жасаудан бас тартуы мүмкін. Алайда, ғылыми дәлелдер көрсеткендей, вакцинация:\n– Елде HPV-ге қарсы вакцина қанша теңге тұрады?\n– Қазақстанда HPV-ге қарсы вакцинация тегін түрде қолжетімді. Бұл мемлекет тарапынан халық денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Вакцинацияны денсаулық сақтау мекемелерінде жасауға болады, ал ата-аналар бұл туралы алдын ала ақпарат алып, шешім қабылдай алады. Қыздардың денсаулығын сақтау – әрбір ата-ананың басты міндеттерінің бірі. HPV-ге қарсы вакцинация – жатыр мойны обыры мен басқа да аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Әлемнің көптеген елінде бұл вакцинация сәтті енгізіліп, оның арқасында жатыр мойны обырының таралу деңгейі айтарлықтай төмендеді. Қазақстанда да бұл вакцина қолжетімді және тегін түрде жасалады. Сондықтан әрбір ата-ана өз қызының болашағы үшін бұл маңызды қадамды жасайды деп сенеміз. Денсаулық – ең құнды байлық. Қазірден бастап қамдансақ, қыздарымыздың болашағы жарқын, өмірі ұзақ болады! Сондай-ақ, N2 Емхана дәрігерлері Медеу ауданындағы мектептерде ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Гинеколог және онколог дәрігерлер ата-аналарға адам папилома вирусының қаупі мен вакцинаның маңызын түсіндіреді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/tanym/tiktok-zuldyzy-xabi-leim-qalai-ozinin-ai-beinesin-milliard-dollarga-satty", "title": "TikTok жұлдызы Хаби Лейм қалай өзінің AI бейнесін миллиард долларға сатты", "text": "270 миллион оқырманы бар ең танымал TikTok-блогер Хаби Лейм өзі негізін қалаған Step Distinctive Limited компаниясын америкалық Rich Sparkle Holdings фирмасына 975 миллион долларға ішінара сатты. Келісімшартқа сәйкес, компания алдағы үш жыл бойы Леймнің бүкіл әлем бойынша жарнама мен лицензиялаудан бастап, оның атымен тауарларды сатуға дейінгі барлық кіріс көздерін басқаруға эксклюзивті құқық алады.\nЕнді блогердің табысы тек жеке жарнамалық келісімшарттарға ғана емес, оның аты тиесілі бизнестің табысына тікелей байланысты болмақ. Бұл үлесті сатып алу ғана емес,  контентті коммерциялау саласында революция саналып отыр.\nХаби Лейм – әлемге танымал TikTok блогер. 2000 жылы 9 наурызда Сенегалда Дакар қаласында дүниеге келген. Шын аты – Хабане. Бір жасында отбасымен Италияға көшіп барған. 2022 жылы ғана Италия азаматтығын алған.\nХаби 22 жасында Fortune 40 Under 40 және Forbes 30 Under 30 тізіміне енді. Канн фестивалінде TikTok-тағы қысқаметрлі видеоларға қазылық етті. 2025 жылы UNICEF ұйымының ізгі ниет елшісі атанды. Hugo Boss сияқты ірі брендтермен, Juventus FC, Binance, Google, Pepsi сияқты танымал компаниялармен бірге жұмыс істеді.\nБылтыр интернетте Хаби жоғалып кетті деген қауесет тараған болатын. Ол 2025 жылы АҚШ-та визасының мерзімі өтіп кеткені үшін Лас-Вегас әуежайында ұсталып, елден кетуге мәжбүр болды.\nЕң танымал тиктокер өзін \"сатып жіберген\" жоқ. Ол табысын арттыру үшін одан да ақылды амал тапты. Лейм жасанды интеллект негізіндегі цифрлық көшірмесін жасауға келісім берді. Мұны келісімшарттың ең инновациялық элементі деуге болады. Оның бет-әлпеті, дауысы және мінез-құлқы айнымайтын AI-көшірмесі тәулік бойы бірнеше тілде трансляция жүргізіп, сауда жасай алады. Бұл брендтің қамту аймағы мен мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.\nЕнді оның цифрлық-көшірмесі Хаби болмаса да жұмыс істей береді, яғни жарнамалар мен промо-контент жасау үшін Хабидің өзі қажет емес. Түсірілім жасайтын кезде Хаби бос болмауы мүмкін. Ал оның цифрлық көшірмесі бірнеше елде бір уақытта әртүрлі контент жасауға мүмкіндік береді.\nХабидің бастамасы әлемдік брендтермен, компаниялармен жұмыс істейтін блогерлердің уақыт тығыздығы, бір жерден екінші жерге сапарлау, бос болмау секілді мәселесін шешіп береді. Хаби секілді қадамға барса олардың цифрлық көшірмелері тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істей береді. Мұның артында жасанды интеллект қана емес, контентті қадағалайтын команда тұратынын айта кету керек.\nБұл жерде Хаби өз-өзін емес, әлеуметтік желілер арқылы қол жеткізген брендін, яғни бет-бейнесін үш жылға бейнені коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы шектеулі мерзімге жалға беріп отыр. Хаби тәулік бойы тыным таппайтын AI-көшірмесінің арқасында өзі ештеңе жасамай-ақ ақша табады.\nAI-көшірме дұрыс қолдана білгенге шексіз ресурс болып отыр. Хаби Лейм бренді жай ғана блог емес, бизнес-модель екенін көрсетті.\nОсылайша TikTok-блогердің жеке бренді аудиторияға өзін таныту құралы емес, ақша табатын активке айналды.\nХаби Лейм мен Rich Sparkle Holdings арасындағы келісімшарт маркетинг саласындағы биылғы ең ірі келісімдердің бірі деп бағаланып отыр.\nRich Sparkle Holdings TikTok-блогердің Step Distinctive Limited компаниясын сатып алғанымен, төлемді ақшалай жасаған жоқ. Төлем ақша түрінде емес, акциялармен жасалды. Осы келісім үшін шамамен 75 миллион жаңа акция шығарылды.\nХаби Лейм бұл келісімде 49% үлеске ие және Rich Sparkle құрамында бақылаушы акционер ретінде қалады. Осылайша ол брендін коммерциялап, өзі эфирге шықпай-ақ, промороликтерге түспей-ақ пайда таба береді. Бұл бұрынғы ай сайынғы демеушілік немесе бір реттік жарнама келісімдерінен өзгеше. Екіжақты келісім бизнес модельге айналады.\nRich Sparkle компаниясы осы интеграцияланған модель арқылы жылдық кірісті коммерция деңгейінде 4 миллиард АҚШ долларына жеткізуді жоспарлап отыр.\nБлогер осы технологияны басқаратын компанияның ірі акционері ретінде акциялар арқылы табыс табады. Алайда кейбір талдаушылар бұл мәміленің бастапқы бағасын қазіргі акция бағасына қарағанда тым жоғары деп есептейді.\nЖасанды интеллект қарыштап дамығалы дипфейк кең таралып отыр. AI көмегімен кез келген адамның түрі мен дауысын айнытпай сомдайтын видео жасауға болады. Әсіресе алаяқтар танымал адамдардың бейнесін өз мақсаттарына пайдаланып, олардың келісімінсіз видео жариялап жібереді. Дипфейкпен күресу қиын заманда Хаби Лейм AI көшірмесін лицензиялап, өзі басқара алатындай қадамға барып отыр.\nСондықтан әлеуметтік желілерде аудиториясы көп адамдар қазірден AI-көшірмесін басқара білуі керек. Танымал TikTok-блогер Хаби Леймнің бұл мәмілесі әлеуметтік маркетинг саласында \"төңкеріс\" болды. Ол \"уақыт = ақша\" деген ескі формуланы бұзып, \"бейне = актив\" деген жаңа жүйеге көшті.\nХаби Леймнің AI көшірмесін жасағанда оның бет-әлпеті және қимыл-қозғалысы, дауысы толықтай цифрланады. Оның көшірмесі Хабидің дауысын айнытпай кез келген тілде сөйлей алады. Осылайша Хабидің бренді белгілі бір аумақпен шектеліп қалмай, әлемнің кез келген аймағына арнап жарнама жасауға мүмкіндік береді.\nХабидің \"бейнесі\" тек жарнамалаумен, сауда жасаумен шектелмейді. Оның бейнесі фильмдерде, компьютер ойындарында көрініс табуы мүмкін."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/7-memleket-donald-trampty-nobel-syilygyna-usyndy-tarixta-nobel-ielengen-el-bassylary-kimder", "title": "7 мемлекет Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды. Тарихта Нобель иеленген ел басшылары кімдер", "text": "Жыл сайын бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығы беріледі. Бұл сыйлық 1901 жылдан бастап 104 рет табысталды. 2024 жылы Нобельді Хиросима мен Нагасакиде атом бомбасынан зардап шеккен адамдар өмірі туралы баяндау арқылы әлем елдерін ядролық қарудан бас тартуға шақырған Nihon Hidankyo қозғалысы иеленді.\nБейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы соғыс пен қақтығысты тоқтатуға, ядролық қарусыздандыруға, халықаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосқан мемлекет басшысыларына да берілген. Олардың қатарында АҚШ президенттері Теодор Рузвельт, Вудро Вильсон, Джимми Картер, Барак Обама, КСРО президенті Михаил Горбочев, ОАР президенті Нелсон Мандела, Германия канцлері Вилли Брандт сияқты саясаткерлер бар.\nОсы орайда Информбюро тілшісі бейбітшілік саласында Нобель сыйлығына ие болған мемлекет басшылары туралы шолу әзірледі.\n1906 жылы \"Бейбітшілік\" сыйлығы АҚШ-тың 25-президенті Теодор Рузвельтке табысталды. Оған Ресей-Жапония соғысын (1904–1905) тоқтатудағы делдалдық рөлі үшін берілді. Ол екі ел делегациясын АҚШ-тың Портсмут қаласында келіссөз жүргізуге шақырып, бейбіт келісімге қол қоюға ықпал етті.\nРесей мен Жапония Маньчжурия мен Корея үшін соғысты. Рузвельт бейбітшілікті сақтаумен қатар, АҚШ-тың халықаралық аренадағы беделін күшейтті.\nТеодор Рузвельт \"Бейбітшілік\" сыйлығын алған алғашқы америкалық әрі мемлекет басшысы атанды. Ол марапаттау рәсіміне келмей, орнына сыйлықты елші және Норвегиядағы өкілетті министр Герберт Пирс алды.\nБельгия премьер-министрі Огюст Мари Франсуа Беернарт 1909 жылы Пол Анри д’Эстурнель де Констанмен бірге Нобель сыйлығына ие болды. Оған бұл марапат халықаралық арбитраж және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу идеясын насихаттағаны үшін берілді. Беернарт Гаага бейбіт конференцияларына қатысып, халықаралық сот құру бастамасын қолдады.\nXIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында халықаралық қақтығыстарды сот арқылы шешу тың идея еді. Бельгия премьер-министрі кезінде бейбіт дипломатияны дамытты.\n1919 жылы Вудро Вильсонға Нобель сыйлығы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі және Ұлттар Лигасын құрудағы рөлі үшін берілді. 1918 жылы ол соғыстан кейінгі әлемді бейбіт және әділ етуге бағытталған \"14 тармақ\" атты жоспарын жариялады. Бұл тармақтарда ашық дипломатия, қаруды қысқарту, ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, теңіз еркіндігі сияқты принциптер қамтылды.\nВильсон осы идеялар негізінде Ұлттар Лигасын құру бастамасын көтерді. Бұл ұйым қазіргі БҰҰ-ның іргетасы еді. Алайда АҚШ Конгресі Вильсонның бастамасын қолдамай, елдің өзі Ұлттар Лигасына мүше болмады. Осы шешім Вильсонның беделіне әсер етсе де, оның бейбітшілік жолындағы халықаралық ықпалын Нобель комитеті мойындады.\n1921 жылы Швеция премьер-министрі Карл Ялмар Брантингке Нобель сыйлығы берілді. Ол бұл марапатты Кристиан Ланге, Фредерик Байермен бөлісті. Брантингке халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Ұлттар Лигасын қолдауға қосқан үлесі үшін берілді.\nБірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде бейбітшілік орнату үшін Ұлттар Лигасы құрылды. Ол Швецияны Ұлттар Лигасының белсенді мүшесі етті. Қарусыздану және бейбіт келіссөздерді қолдады. Карл Ялмар Брантинг Ұлттар Лигасының белсенді жақтаушысы, бейбітшілік саясатын ұстанған социал-демократиялық көшбасшы болды.\n1957 жылы Канада сыртқы істер министрі Лестер Боулс Пирсон Нобель сыйлығына ие болды. Оған бұл марапат БҰҰ бітімгерлік күштерін құрудағы рөлі үшін берілді.\n1956 жылы Суэц дағдарысы кезінде Мысыр, Израиль, Ұлыбритания және Франция арасында қақтығыс болды. Сол кезде Лестер Боулс Пирсон бірінші БҰҰ бітімгерлік күштерін (UNEF) ұйымдастырды. Қақтығысты әскери жолмен емес, халықаралық бақылаумен шешті.\nБҰҰ-ның алғашқы бейбітшілік миссиясын ұйымдастырып, қақтығысты ушықтырмай тоқтатқаны үшін Нобель сыйлығын алған саясаткер 1963-1968 жылдары Канада премьер-министрі болды.\n1971 жылы Батыс Германия канцлері Вилли Брандтқа Шығыс пен Батыс Германия арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған Ostpolitik саясаты үшін Нобель сыйлығын иеленді. Ол Кеңес Одағымен, Польшамен бейбіт келісімдер жасап, қырғиқабақ соғыс кезінде Еуропадағы шиеленісті азайтуға күш салды.\nҚырғиқабақ соғыс кезінде Германия екіге бөлінді. Вилли Брандтың өзі Варшаваға барып, ескерткіш алдында тізе бүгіп, Польша халқынан тарихи кешірім сұрады. 1980-жылдарға дейін ішкі және сыртқы саясатта белсенді қызмет етті.\n1974 жылы Жапония премьер-министрі Эйсаку Сато Шон МакБрайдпен бірге Нобель сыйлығына ие болды. Оларға ядролық қаруды таратпау және Азиядағы бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін бейбітшілік сыйлығы берілді.\nЭйсаку Сато ядролық қаруды таратпау туралы шартты (NPT) қолдап, Жапонияның \"үш ядролық қағиданы\" енгізді. Бұл қағида бойынша ядролық қару жасамау, оны иеленбеу және елге кіргізбеу керек еді.\nЖапония – атом бомбасы түскен жалғыз мемлекет. Эйсаку Сато болса премьер-министр қызметін атқарған кезде ядролық қарусыздану саясатын ұстанды.\nОл 1975 жылы қайтыс болды. Жапония тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен премьер-министрлердің бірі болды.\n1978 жылы АҚШ президенті Джимми Картер Мэриленд штатындағы Кэмп-Дэвид резиденциясына Мысыр президенті Әнуар Садат пен Израильдің премьер-министрі Менахем Бегиндім шақырып, 12 күндік келіссөз жүргізді. Екі елдің басшысы бейбіт келісімшартқа және Синай түбегін Египетке қайтару туралы қол қойды. Осы әрекеті үшін екеуіне Нобель Бейбітшілік сыйлығы берілді.\nКэмп-Дэвид келісімінің арқасында Мысыр мен Израиль арасындағы 30 жылға созылған қақтығыс тоқтады. Осы келісімнен кейін Мысыр Израильді мойындаған алғашқы араб елі болды. Бірақ 1981 жылы Әнуар Садатқа қастандық жасалып, қаза тапты.\n1987 жылы Коста-Рика президенті Оскар Ариас Санчес Орталық Америкадағы азамат соғыстарды, қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған бастамасы үшін Нобель сыйлығын алды.\n1980-жылдары Никарагуа, Сальвадор, Гватемала және Гондураста азамат соғыстары болды. Оскар Ариас Санчес Esquipulas II бейбіт келісімін жасап, осы елдердегі қақтығыстарды тоқтатуға  күш салып, демократиялық реформаларға шақырды.\nОл екі мерзім бойы Коста-Риканың президенті қызметін атқарды. Қызметінен кеткен соң да бейбітшілік белсендісі ретінде қызметін жалғастырды.\n1990 жылы Нобель комитеті Михаил Горбачевке \"бейбітшілік үдерісіндегі жетекші рөлін ескеру үшін\" бейбітшілік сыйлығын табыс етті.\n1985 жылы КСРО басшылығына Михаил Горбачев келген соң социалистік лагерьдегі өзгерістер  орын ала бастады. Нәтижесінде 1989 жылы шығыс пен батыс қарама-қайшылығының, капитализм мен социализм күресінің белгісі болған 155 шақырымға созылып жатқан бетон қабырға – \"Берлин қабырғасы\" бұзылды. 1990 жылы қыркүйекте Германия канцлері Гельмут Коль мен КСРО президенті Михиал Горбачев өз әскерін Германиядан шығару туралы келісімге қол қойды. 1990 жылдың 3 қазанында ГДР мен ГФР ресми түрде біріктірілді. Бұл тарихи істі ұйымдастыруда КСРО басшысының рөлі зор.\nОл КСРО басшысы ретінде \"қайта құру\" және \"ашықтық\" саясатын енгізді. Бұл Кеңес қоғамын демократияландыруға және сөз бостандығын кеңейтуге жол ашты. АҚШ-пен ядролық қаруды қысқарту жөнінде маңызды келісімдерге қол қойды. Шығыс Еуропадағы коммунистік режимдер бейбіт түрде құлаған кезде КСРО әскерін ұстап отырды. Германияның бірігуіне және Еуропадағы саяси картаның өзгеруіне ықпал етті.\nМихаил Горбачёв – Нобель сыйлығын алған соңғы кеңестік көшбасшы. Ресейде оған қатысты көзқарас екіұдай: біреулер оны бейбітшілік үшін еңбегі зор қайраткер десе, енді біреулер Кеңес Одағының ыдырауына жол берді деп сынайды.\n1991 жылы Мьянма демократиялық қозғалысының көшбасшысы Аун Сан Су Чжи демократия жолындағы бейбіт және зорлықсыз күресі үшін Нобель Бейбітшілік сыйлығымен марапатталды. 1988 жылы Мьянмада әскери төңкеріс болған кезде Аун Сан Су Чжи әскери диктатураға қарсы бейбіт оппозициялық қозғалысты басқарды. 1989 жылдан бастап саясаткер 15 жылға жуық үй қамақта отырса да саяси реформаны талап етті. Ол әлемде бейбіт қарсылықтың символына айналды.\n2015 жылы Мьянмадағы сайлауда Аун Сан Су Чжидің партиясы жеңіске жетіп, мемлекеттік кеңесші ретінде билікке келді. Алайда 2021 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде қайта қамауға алынды.\nОл Мьянманың де-факто лидері саналады. Кейінірек Рохинджа мұсылмандарына қатысты қуғын-сүргін кезінде үнсіз қалғаны үшін халықаралық қысымға ұшырап, беделі түсті.\n1993 жылы Нельсон Мандела мен Фредерик Виллем де Клерк \"апартеид режимінің бейбіт аяқталуына және Оңтүстік Африкада жаңа демократия негіздерін даярлаудағы олардың еңбегі үшін\" бейбітшілік сыйлығына ие болды. Виллем де Клерк сол кездегі Оңтүстік Африка Республикасының президенті еді. Ал Мандела Нобель сыйлығын алғаннан кейін президент атанды.\nНельсон Мандела 27 жыл түрмеде отырып, 1990 жылы бостандыққа шықты. Мандела үш жылды Де Клеркпен бірге апартеид құрылымын бөлшектеуге арнап, елдегі демократиялық сайлауға жол ашты. Олар елдің жаңа Конституциясын дайындап, барлық нәсіл өкілдеріне тең құқық берді.\n1994 жылы Мандела Оңтүстік Африка Республикасының алғашқы қара нәсілді президенті болып сайланды. Президент ретінде өткізген бес жылында халықаралық және ұлтаралық татулықты насихаттағаны үшін әлемдік құрметке ие болды.\n1994 жылы Ицхак Рабин, Шимон Перес және Ясир Арафатқа Нобель сыйлығы берілді.\n1993 жылы АҚШ астанасы Вашингтонда Израиль премьер-министрі Ицхак Рабин мен Палестина азат ету ұйымының (ПАЕҰ) жетекшісі Ясир Арафат қол алысып, бейбітшілік жолындағы ниетін жариялады.\nОлар Осло бейбіт келісімдерін жасау арқылы Израиль-Палестина қақтығысын реттеуге талпыныс жасады. Келісім бойынша Палестина автономиясы құрылып, тараптар бір-бірін мойындады. Алайда 1995 жылы Рабин Тель-Авивтегі бейбітшілік митингісінде қастандықпен өлтірілді. Тарихи құжаттарға қол қойып, келіссөз жасауға белсене қатысқан Израиль сыртқы істер министрі кейіннен премьер-министр атанды.\nОсло келісімдері Палестина автономиясын құруға және Израиль әскерін белгілі бір аймақтардан шығаруға жол ашты. Келісімдер толық орындалмаса да, бұл оқиға Израиль–Палестина бейбітшілік процесіндегі ең үлкен үміт кезеңі болды.\nКейін Осло процесі баяулап, көптеген шарт орындалмай қалды. Бұл марапат Таяу Шығыс дипломатиясының ең маңызды символдарының бірі болып қалды.\n1996 жылы Жозе Рамуш-Орта шығыс тиморлық белсенді Карлуш Белумен бірге Нобель сыйлығын алды. Оларға Шығыс Тимор жанжалын әділ және бейбіт жолмен шешуде олардың күш-жігері үшін бейбітшілік сыйлығы берілді.\n1975 жылы Португалиядан тәуелсіздігін жариялаған Шығыс Тиморды бірнеше күннен кейін Индонезия басып алды. Окупация кезінде ондаған мың адам қаза тапты.Жозе Рамуш-Орта БҰҰ-да және басқа халықаралық алаңдарда елінің жағдайын көтеріп, Шығыс Тимордағы адам құқықтарының бұзылуын бүкіл әлемге танытты. Ал Карлуш Белу жергілікті халықты бейбітшілікке үндеп, қақтығыстарды тоқтатуға тырысты.\nКатолик епископы Карлос Белу болса жергілікті халықты бейбітшілікке үндеп, қақтығыстарды тоқтатуға тырысты. Бұл марапат Шығыс Тимор мәселесіне әлем назарын аударды. 1999 жылы БҰҰ бақылауымен өткен референдумда халықтың көпшілігі тәуелсіздікті қолдап дауыс берді. 2002 жылы Шығыс Тимор ресми түрде тәуелсіз мемлекет болды, ал Жозе Рамуш-Орта кейін ел президенті атанды.\nСолтүстік Ирландияның алғашқы министрі Дэвид Тримбл 1998 жылы Джон Хьюммен бірге Нобель Бейбітшілік сыйлығына ие болды. Оған Солтүстік Ирландиядағы \"The Troubles\" қақтығысын бейбіт жолмен аяқтауға қосқан үлесі үшін берілді.\nСолтүстік Ирландияда протестанттар (британшылдар) мен католиктер (ирланд ұлтшылдары) арасындағы қақтығыс отыз жылға созылды. Дэвид Тримблдің бастамасымен екі тарап 1998 жылғы Белфаст келісіміне (Good Friday Agreement) келді.\nОл Солтүстік Ирландия парламентін қайта құру процесіне қатысты. 2022 жылы қайтыс болғаннан кейін Ұлыбритания саясатында бейбітшілік символы ретінде есте қалды.\n2000 жылы Нобель Бейбітшілік сыйлығы Оңтүстік Корея президенті Ким Дэ Чжунға Солтүстік Кореямен қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған бастамалары үшін берілді.\nКорея соғысынан (1950–1953) кейін екі ел арасындағы қатынас өте шиеленісті болды. Ким Дэ Чжун 1998-2003 жылдары президент болған кезде \"Sunshine Policy\" яғни \"Күн сәулесі саясаты\" деп аталған саясатты бастады. Бұл саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды арттыру арқылы бейбітшілік орнату жоспары еді.\nНәтижесінде 2000 жылы Пхеньянда Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ирмен кездесті. Қос Корея арасындағы алғашқы жоғары деңгейлі саммит өтті. Отбасыларды қайта қауыштыру бағдарламасы іске қосылды. Ол қайтыс болғаннан кейін Оңтүстік Кореяда демократия символы ретінде есте қалды.\nАҚШ-тың 39-президенті Джимми Картер 2002 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері атанды. Нобель комитеті оның ондаған жылдар бойы халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу, демократия мен адам құқықтарын ілгерілету және әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесін бағалады.\nДжимми Картер 1977-1981 жылдар аралығында АҚШ президенті қызметін атқарды, Нобель сыйлығын президент қызметінен кеткен соң да бейбітшілікке, сайлаулардың әділ өтуіне және кедей елдердегі денсаулық сақтау жобаларына белсенді араласқаны үшін алды.\nОл 1978 жылы Израиль мен Мысыр арасында Кэмп-Дэвид келісімін ұйымдастырды. Бұл келісім Таяу Шығыстағы бейбіт процестің маңызды қадамы болды. Адам құқықтарын қорғау саясатын сыртқы саясаттың басты бағыты етті.\n1982 жылы Carter Center атты ұйым құрды. Бұл ұйым сайлауларды бақылау, жанжалды аймақтарда бітімгерлік миссиялар жүргізу, аурулармен күресу сияқты жұмыстармен айналысады. Либерия, Гаити, Босния, Солтүстік Корея сияқты елдерде делдалдық миссияларға қатысты. Гвинеядағы құрт ауруы мен безгекке қарсы халықаралық кампания жүргізді.\nНобель комитеті Джимми Картерді \"әлемдегі ең белсенді бейбітшілік қорғаушысы\" деп атап, сыйлықты тек президенттік қызметі үшін ғана емес, өмір бойғы бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесі үшін берді.\n2011 жылы Нобель комитеті бейбітшілік сыйлығына Элен Джонсон-Серлифті лайық деп тапты. Оған бұл марапат Либериядағы әйелдердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау, әйелдердің бейбітшілік құру және демократияға қатысуына жағдай жасау жолындағы күресі үшін берілді.\nЭлен Джонсон-Серлиф бұл сыйлықты азамат соғысын тоқтатуға үлес қосқан либериялық бейбіт белсенді Лейма Гбови және араб елдерінде демократия мен әйелдер құқығын қорғаушы йемендік журналист және белсенді Таваккул Карманмен бірге алды.\nЭлен Джонсон-Серлиф Африкада демократиялық жолмен сайланған алғашқы әйел президент атанды. 2006-2018 жылдары президент қызметкен атқарған ол Либерияда азамат соғысы аяқталғаннан кейін елді тұрақтандыру, татуласу және әйелдердің саясаттағы рөлін арттыруға күш салды. Ол БҰҰ-мен және халықаралық ұйымдармен жұмыс істеп, әйелдерді қақтығыстарды реттеу процесіне қосу тәжірибесін дамытты.\nНобель комитеті Элен Джонсон-Серлифті \"әйелдердің бейбітшілік орнатудағы рөлін бүкіл әлемге дәлелдеген көшбасшы\" деп бағалады. Оның президенттігі кезінде Либерияда сөз бостандығы кеңейіп, әйелдер үкімет пен қоғамда белсенді бола бастады.\n2009 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы АҚШ президенті Барак Обамаға табысталды. Ол халықаралық дипломатияны нығайту және халықтар арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге қосқан ерекше үлесі үшін марапатталды. Нобель комитеті Обаманың ядролық қаруды таратпауға қосқан үлесіне де ерекше назар аударды.\nБарак Обама 2009 жылы президент қызметіне кіріскен сәттен бастап әлемді қарусыздануға шақырып, Таяу Шығыс бейбіт процесін қайта жаңғыртты. Ол АҚШ президенті атанған соң бар-жоғы 9 айға жетпейтін уақытта Нобель сыйлығына лайық деп танылды. Осылайша Барак Обама бейбітшілік саласында Нобель сыйлығына ие болған төртінші АҚШ президенті атанды.\nСарапшылар мұны \"үміт сыйлығы\" деп атады, өйткені бұл марапат Барак Обаманың болашақ әрекеттеріне сенім ретінде берілді.\n2016 жылы Нобель сыйлығын Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос жеңіп алды. Нобель комитеті саясаткерге бұл сыйлықты Колумбияда 50 жылдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғысты тоқтату үшін бүлікшілерімен бейбіт келісім жасағаны үшін берді.\n1964 жылы басталған үкіметтік күш-құрылымдары мен \"Колумбияның революциялық қарулы күштері\" әскері солшыл радикалды күштері мен түрлі әскерилендірілген радикалды топ өкілдері арасында болған қақтығыстардың салдарынан қаншама адам мерт болып, қаншама адам босқынға айналды. Сантос келісім арқылы елде тұрақтылық орнатуға қадам жасады. 2017 жылдың 27 қыркүйегінде бірнеше жыл қатарынан жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде тараптар арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге келді.\nХуан Мануэль Сантос көтерілісшілердің қаруын тастап, бейбіт өмір сүруін талап етті. Алайда бұл келісімдер халық тарапынан қолдау таппады. Олар референдумда бейбіт келісімге қарсы дауыс бергеніне қарамастан, Колумбияның депутттары өзара бейбіт келісім жөніндегі құжатты мақұлдады.\nЭфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Али – 2019 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері. Оған бұл сыйлық Эфиопия мен Эритрея арасындағы 20 жылға созылған қақтығысты тоқтату және бейбіт келісімге келу үшін жасаған батыл бастамалары үшін берілді. Ел ішінде саяси реформалар жүргізіп, саяси тұтқындарды босату, сөз бостандығын арттыру, әйелдерді жоғары лауазымдарға тағайындау сияқты өзгерістер енгізді.\n1998–2000 жылдары Эфиопия мен Эритрея арасында шекара қақтығысы болып, ондаған мың адам қаза тапты. Соғыстан кейін екі ел арасында ресми бейбіт келісім болмай, шекара жабық тұрды. Абий Ахмед 2018 жылы билікке келісімен Эритрея президенті Исайяс Афеверкимен келіссөз жүргізіп, шілде айында \"Джибутидегі бейбіт келісі\" жасалды. Келісім нәтижесінде елдер арасында дипломатиялық және сауда қатынастары қайта орнады.\n2020 жылдан бастап Эфиопияның Тыграй аймағында азамат соғысы басталып, Абий Ахмедтің бейбітшілікке қатысты беделі халықаралық деңгейде дауға ұшырады. Дегенмен, Нобель сыйлығы оған бейбітшілік бастамасы үшін, яғни нақты 2018-2019 жылдардағы жетістіктері үшін берілді.\nИзраиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трампты Абрахам келісімдері (АҚШ-тың араб мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынасты қалыптастырудағы бастамасы) үшін биылғы Нобель сыйлығына ұсынды. Республикалық конгрессмен Бадди Картер болса Иран мен Израиль арасындағы қақтығысты тоқтату және Трамптың ядролық қарудың таралуын тежеуге арналған әрекеттерін атап көрсетті. Ал Камбоджа премьер-министрі Хун Манет Трамптың Камбоджа мен Тайланд арасындағы жер шекарасындағы қақтығысты тоқтатуға делдалдық еткенін ерекше атап өтті. Пәкістан үкіметі де Үндістанмен арадағы дағдарыс салмағын азайтуға қосқан үлесі үшін Дональд Трампты сыйлыққа ұсынды.\nАрмения мен Әзербайжан көшбасшылары да Трамптың бейбіт келісім жасаудағы рөлі үшін Нобель сыйлығына лайық деп таныды.\nДональд Трамп алғашқы президент қызметкен атқарған мерзімде де Нобель сыйлығына ұсынылған болатын. Алайда бұл марапат оған бұйырмады. Норвегиялық саясаткер Кристиан Тибринг-Гедде Трампты 2018 және 2020 жылдары ұсынды. Сол кездегі Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн арасындағы Абрахам келісімдері Трамптың дипломатиялық жетістігі ретінде көрсетіледі. Иран мен Израиль, Камбоджа мен Тайланд, Үндістан мен Пакістан арасындағы қақтығыстарды азайту мақсатындағы делдалдық әрекеттері де аталады. Алайда кейбір сарапшылар мұндай ұсыныстарды \"дәлелденбеген\", \"өзін-өзі мақтау мақсатында айтылған\" деп бағалайды.\nThe Guardian мақаласында Нетаньяхудың ұсынысы Дональд Трамп туралы халықаралық деңгейде жағымды имидж қалыптастыру мақсатындағы \"саяси айла\" деп сипатталған. Алайда АҚШ пен кей елдерде бұл әрекеттер Трамптың \"бейбітшілік брокері\" ретіндегі имиджін нығайтудың бір бөлігі ретінде қарастырылып жатыр.\nӘзірге Израиль, Камбоджа, Пәкістан, Армения, Әзербайжан басшылары, АҚШ-тағы демократиялық ұйым мен кей конгрессмендер Дональд Трамптың кандидатурасын қолдап отыр.\nДональд Трамптың өзі Нобель сыйлығына дәмелі, алайда ол Нобель комитеті бұл сыйлықты бермейтінін бірнеше мәрте мәлімдеді.\n\"Нобель сыйлығын әділетті түрде берген болса, мен көп нәрсеге байланысты алуыма болушы еді, бірақ олар ондай емес. Барак Обама президент бола салысымен сыйлықты қолына ұстатты. Обаманың өзі не үшін Нобель сыйлығын алғанын түсінген жоқ\", – деді Трамп.\nТрамп жыл басынан бері төрт жанжалды тоқтатуға үлес қосты."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ukimet-otyrysynda-kimder-toqaevtyn-on-bagasyn-aldy-al-kimder-syn-tyndap-qaitty", "title": "Үкімет отырысында кімдер Тоқаевтың оң бағасын алды, ал кімдер сын тыңдап қайтты", "text": "Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығыменҮкіметтің кеңейтілген отырысыөтті. Жиында президент экономиканың негізгі бағыттарынан бастап әлеуметтік саясатқа дейінгі бірқатар салада атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, нақты баға берді. Кей салалардағы ілгерілеуді атап өтсе, бірқатар бағыттағы кемшіліктерді ашық сынады. Informburo.kz президенттің 1,5 сағатқа созылған сөзінде кімге не үшін және қандай баға бергенін шолып шықты.\nОтырыс басында президент Үкіметтің жұмысынажалпы оң баға берді. Атап айтқанда, мемлекет басшысы ел экономикасы 6,5 пайызға өскенін, инфляцияның себебі анықталғанын, жаңа салық кодексінің оң нәтиже бере бастағанын, азық-түлік бағасын реттеуге қатысты атқарылып жатқан айтып өтті.\n\"Бұл жақсы нәтиже, сыртқы жағдайдың қиын екенін ескерсек, алайда жетістікке сеніп қалуға болмайды,алда әлі көп жұмыс бар. Экономиканы жаңа даму моделіне толық көшіру үшін нақты және тиімді шешімдер қажет\", – деді мемлекет басшысы.\nПрезидент Үкіметтің жалпы жұмысына жақсы баға бергенімен, оның кейбір мүшелерінің саяси бағдарды терең түсінбейтініне және оқуға деген құлықсыздығын сынға алды. Президент оны өзінің \"Turkistan\" газетіне берген сұхбаты арқылы түсіндірді.\n\"Үкіметтің кейбір мүшелерімен әңгімеден ұққаным, оны бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзімді де толық түсінбегендеріңіз байқалады. Интернет ұзақ мәтіндерді оқудан алыстатты. Оның үстіне кітаптар мен мақалаларды оқымай-ақ, мазмұнын тыңдай салатын мүмкіндік пайда болды. Бірақ бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайтын әдет.Оқу керек. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде, ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар\", – дедіпрезидент.\nҚасым-Жомарт Тоқаев 130 адамнан құрылған конституциялық комиссияның жұмысы туралы да жақсы сөздер айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа Конституцияның жобасында әділетті Қазақстан, заң мен тәртіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатыны сияқты негізгі қағидаттар нақты көрсетілген.\n\"Білім, ғылым, инновациялар және мәдениет еліміздің теңдессіз басымдықтары ретінде айқындалды. Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз және аумақтық тұтастығымыз мызғымас құндылықтар болып қала береді және еліміздің унитарлығы, жерінің тұтастығы мен басқару нысаны ешқашан өзгермейді деген аса маңызды сөздер бар. Ата Заңымызда бірлік пен келісімнің негіздері нығая түседі. Бас құжатта жауапты әрі жасампаз отаншылдық ұғымы нақты жазылады. Бір сөзбен айтқанда,жаңа Конституция жобасын шын мәнінде озық, яғни түбегейлі жаңарған, әрбір тұсы сарапталған, сапалы жазылған мәтін деп атауға толық негіз бар.Онда конституциялық құрылысқа қатысты әлемдегі үздік тәжірибелер көрініс тапқан, адам құқықтары және ұлттық мүддеміз толық қорғалған\", – деді президент.\nПрезидент дербес деректердің тарап кетуі, онлайн-алаяқтық, жасанды интеллектіні қылмыс құралы ретінде пайдалану туралы айта келе, қаржылық мониторинг агенттігінің жұмысына да баға берді.\n\"Біз Қаржылық мониторинг агенттігі мен басқа да құқық қорғау органдарын жұмылдырып, киберқылмыспен және алаяқтықпен күресу үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды\", – деді президент.\nАл \"Самұрық-Қазына\"қорына келсек, мемлекет басшысы оның жұмысын қатаң сынға алды.\n\"Самұрық-Қазына\" қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болды. Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Қосшыдан басшы көп.Басшылық құрамы ел айтып жүргендей \"Сол жағалаудың\" адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ.Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды\", – дедіпрезидент.\nПрезидент Роман Склярдың жұмысына оң баға берді.\n\"Инвестициялық штаб Роман Склярдың арқасында өз жұмысын жалпы тиімді атқарып отыр. Көп нәрсе бірінші басшыға байланысты. Олар инвестициялық жобалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Жоба іске қосылғаннан кейін де инвесторға қолдау көрсете беру керек. Жұмыс барысына үнемі мониторинг жүргізіп, әкімшілік кедергілерге жол бермеу қажет\", – деді президент.\nМемлекет басшысы арнайы экономикалық аймақтардың даму моделін қайта құруды ұсына келе, бұл жұмысты атқаруда Дархан Сатыбалды мен Жеңіс Қасымбектің қызметін жоғары бағалады. Рас бұл баға Дархан Сатыбалдының Түркістан облысын басқарып тұрған кезі жайында берілді.\n\"Түптеп келгенде, егер нақты нәтижеге жетемін деген ниет болса, бұл мәселені Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды сияқты қолда бар қаржымен де шешуге болады. Астанада да жақсы тәжірибе бар\", – деді президент.\nПрезидент Алатау қаласына капитал тарту мәселесіне қатысты Конституциялық заңның қабылдануына кедергі келтіргені үшін Ұлттық банк пен Қаржылық мониторинг агенттігінің жұмысын сынады. Бұған дейін жұмысы жақсы бағаланған ҚМА бұл мәселеде сүрініп қалды.\n\"Менің төрағалығыммен өткен жиында мұндай пікір айтылмаған еді. Егер сіздерде қандайда бір қауіп не қарсылық болса, маған қағаз жүзінде ұсыныс беріңіздер. Тиісті тапсырма беремін. Бірақ, менің ойымша, бұл шындыққа жанаспайтын бос әңгіме секілді.Мен жауапкершілік алудан қашпаймын, ал сіздер конференцияларда ділмәрсіп, сөз сөйлеп жүре беріңіздер.Қазір қорқыныштан қалтырап отыратын емес, нақты жұмыс істейтін заман\", – деді президент.\nПрезидент елдегі банктердің қызметіне де сын айтты.\n\"Бүгінде еліміздің қаржы нарығындағы жиынтық активтердің 84 пайызы банк саласына тиесілі. Дегенмен бизнеске берілетін қарыз үлесі төмен деңгейде қалып отыр. Не бары 38 пайызды құрайды. Ал екінші деңгейлі банктер былтыр \"шыбық басын сындырмай\", еш қиналмай 3 триллион теңгеге жуық табыс тапты. Банктер экономиканың негізгі қаржыландыру көзі ретінде өзінің заңды рөліне оралуы үшін жағдай жасау қажет деген сөз талай рет айтылды. Бірақ сылтау таусылмайды. Нәтижесінде банк жүйесіндегі алаяқтық әрекеттерге куә болдық. Ірі, жүйе құраушы банктер мемлекет тарапынан орасан зор көмек берілгеніне қарамастан, дағдарысқа ұшырап, тура мағынасында 1 долларға сатылды. Қазір банктердің өзіне тартатын қаржы ресурстарының құны жоғары деген әңгіме айтыла бастады. Олардың экономиканы қаржыландыруына осы кедергі келтіріп отыр-мыс\", – деді президент.\nҚасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы цифрландырудың жүйесіз жүргізіліп отырғанын қатаң сынға алды.\n\"Салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады. Оның үстіне бұл әлеуметтік салада орын алып жатыр. Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдар қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан, істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауға міндетті. Тергеу процесін өз бақылауымда ұстаймын\", – деді президент.\nЖиында Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергиясына қатысты мәселелерді айта келе бұрынғы энергетика министрлерінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.\n\"Энергетика министрлігінің бұрынғы басшылары тек мұнаймен шұғылданған сияқты, электр қуаты өндірісі екінші қатарда назардан тыс қалды. Енді бұл олқылықты тез арада түзетуіміз қажет. Қазіргі кезде Қазақстанда 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы өндіріледі. Бұл еліміз үшін жеткіліксіз\", – деді президент.\nПрезиденттің пікірінше, мәселе – энергетика саласында нағыз мамандардың жетіспеуінде.\n\"Энергетика саласындағы мәселелермен \"алып бара жатқан не бар дейсің?\" деп, \"азды-кем білімі бар, бірақ өзіне деген сенімі мол\" кез келген адам айналысатын болды\", – деп сынады президент.\nМемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібіне қатысты мәселелерге де сыни баға берді.\n\"Былтыр өңдеу өнеркәсібі тұрақты дамып, 6,4 пайызға өсті. Бірақ өңделген тауар экспорты 2,7 пайызға төмендеді. Бұған жалпы экспорттың 4,2 пайызға азайғаны да әсер етті.Өнеркәсіп саясатының басты кемшіліктері дәл осы тұста анық байқалды. Бұл салада шикізат өндірушілердің үлесі әлі де басым.Бірақ бұл оларға кедергі жасауға болады деген сөз емес, керісінше, оларға көмегімізді әлдеқайда күшейтуіміз қажет. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіне баса назар аудару керек. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің 40 пайыздан астамы металлургияға тиесілі. Ал металлургия секторында экспортқа шығарылатын тауардың жартысынан көбі – төмен деңгейде өңделген өнімдер. Соның салдарынан, шикізатты сыртқа шығарамыз да, одан жасалған дайын өнімді басқа елдерден сатып аламыз. Парадокс. Мұндай тәжірибені доғару керек\", – деді президент.\nМемлекет басшысы тиісті органдарды мал шаруашылығының әлеуетін дұрыс пайдаланбай отырғаны үшін сынады.\n\"Мал шаруашылығының даму стратегиясы да, қарқыны да мардымсыз, түсініксіз, кешенді жүйе жоқ. Бұл салада шешімін таппай тұрған мәселе көп. Өнімдердің басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда және шаруа қожалықтарында өндіріледі. Еттің 60 пайызы, сүттің 80 пайызы – солардың еншісінде. Бұл жағдай өнімділікті арттыруға кедергі болып отыр. Елімізде жем-шөп қорын даярлаудан бастап, өнімді өңдеу, жеткізу, сату үдерісі біртұтас жүйе ретінде жолға қойылмаған. Басқаша айтсақ, осының бәрін басқарудың бірыңғай жүйесі жоқ. Өкінішке қарай, 2026 жылы осындай мәселелер туралы айтуға мәжбүр болып отырмыз\", – деді мемлекет басшысы.\nСонымен қатар президент ветеринарлық қауіпсіздік жүйесінің сапасын сөз етті.\n\"Ашығын айтқанда, Қазақстанда бұл сала кенжелеп тұр. Еліміздегі 168 зертхананың жиырма жетісі ғана халықаралық стандартқа сай келеді. Мал дәрігерлерінің жұмысы толық бақылауға алынбаған. Соңғы үш жылда малға екпе салдық деп 30 мың жалған құжат жасалды. Бұл саланы біржола тәртіпке келтіру қажет. Үкімет ветеринария саласын дамытудың кешенді бағдарламасын үш айдың ішінде қабылдауға тиіс\", – деді президент."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zeke-derekter-zelige-tarady-endi-ne-isteu-kerek-qauiptin-aldyn-alatyn-6-qadam", "title": "Жеке деректер желіге тарады, енді не істеу керек? Қауіптің алдын алатын 6 қадам", "text": "Аталған мәліметтер базасында 16,3 миллион жолдан тұратын CSV файл анықталған. Онда азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, идентификатор, ЖСН, ұялы телефон, жұмыс, үй, азаматтығы, ұлты, мекенжайы, расталған мекенжайы, тұрғылықты жерінің басталу және аяқталу күні туралы деректер бар.\nҚұпиясөз ретінде аты-жөніңізді, туған күніңізді, қысқа сөздерді немесе 123456, qwerty сияқты оңай табылатын сөздерді пайдаланбаңыз. Пароль кемінде 12 таңбадан тұратын болсын. Оның ішінде үлкен және кіші әріптер, сандар мен арнайы таңбалар (\\*!@#) болса, қауіпсіздеу болады. Сонымен қатар әр түрлі сервиске әр түрлі құпиясөз қойыңыз.\nҚұпиясөздерді қағазға жазып немесе браузерде сақтамаңыз, bitwarden, 1Password, KeePass сынды арнайы құпиясөз менеджерлерін қолданыңыз.\nСонымен қатар құпиясөздерді жиі-жиі жаңартып тұрыңыз.\nБұл сіздің аккаунтыңызға кіру кезінде қауіпсіздікті арттыратын қосымша қорғаныс тетігі. Әдетте, аккаунтқа кіру үшін логин мен құпиясөз жеткілікті. Ал екі факторлы аутентификация қосылған жағдайда, жүйе сізден қосымша растауды талап етеді. Мысалы, телефонға SMS арқылы келген бір реттік код, Google Authenticator, Microsoft Authenticator, Authy сияқты арнайы мобильді қосымшадағы уақытша код немесе электрондық пошта арқылы жіберілген сілтеме.\nЕкі факторлы қорғауды әлеуметтік желілерде, электронды пошталарда, банк қосымшаларында және eGov сияқты мемлекеттік жүйелерде міндетті түрде қосып қойған жөн.\nФишинг – қаскөйлердің сізді алдау арқылы логин, құпиясөз, банк картасы деректері сынды құпия деректеріңізді өз еркіңізбен беруге мәжбүрлейтін алаяқтық тәсілі. Олар көбіне банк, мемлекеттік орган немесе танымал сервис атынан хабарлама жіберіп, құрығына түсіреді. Мысалы, \"аккаунтыңыз бұғатталады\", \"төлем қабылданбады\", \"бонус ұттыңыз\" деген секілді хабарламалармен сілтеме жібереді.\nМұндай сілтемелер көбіне жалған сайтқа апарады, ал ол нағыз сайтқа қатты ұқсайды. Егер сіз логин немесе банк картасының мәліметтерін енгізсеңіз, олар алаяқтардың қолына түседі. Сондықтан кез келген электронды хатқа, SMS-ке немесе мессенджердегі сілтемеге сақтықпен қараңыз.\nРесми сайттарға тек өзіңіз теріп кіріңіз, ал хабарлама келсе, банкке немесе ұйымға тікелей қоңырау шалып, ақпараттың шынайылығын нақтылаңыз. Ешқашан құпиясөзді, ЖСН-ді, картаның CVV-кодын бейтаныс сілтемелер арқылы енгізбеңіз.\nСайттарға тіркелген кезде сізден сұралған деректердің қайсысы міндетті, қайсысы артық екенін саралаңыз.\nКөптеген сайт пен қосымшаға тіркелгенде сізден аты-жөн, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжай, тіпті ЖСН сияқты мәліметтер сұралуы мүмкін. Алайда барлық сұралған ақпарат шын мәнінде қажет емес. Кейде компаниялар бұл деректерді тек маркетингтік мақсатта жинайды немесе үшінші тарапқа сатады. Сондықтан тіркелу формасын толтырғанда ұлт, жұмыс орны, мекенжай сынды міндетті емес жолдарды бос қалдыруға құқығыңыз бар.\nСонымен қатар, сайттың құпиялылық саясатына көз жүгіртіп, жеке деректеріңіздің қалай өңделетіні мен қайда жіберілетініне назар аударыңыз. Егер сайт немесе қосымша деректерді шамадан тыс талап етсе және олардың қалай қорғалатыны туралы ашық ақпарат бермесе, одан бас тартқан жөн.\n5. Қоғамдық Wi-Fi желілерінен сақтаныңыз\nСауда орталықтары, әуежай, кафе мен қонақүйдегі тегін Wi-Fi желілері ыңғайлы болғанымен, олар әдетте ашық және қорғалмаған болады. Қаскөйлер тіпті шынайы Wi-Fi атауына ұқсас жалған желі жасап, сізді соған байлап қоюы ықтимал. Мұндай желіге қосылған кезде сіз байқамай құпия деректеріңізді өз қолыңызбен бере салуыңыз мүмкін.\nСондықтан қоғамдық желіге қосылғанда электронды пошта, банк қосымшасы немесе eGov порталы сияқты маңызды қызметтерге кірмеген дұрыс. Егер мұндай желіде жұмыс істеу қажет болса, VPN қолданған жөн.\nСонымен қатар, ноутбук немесе телефондағы Wi-Fi-ды автоматты түрде қосылмайтындай етіп баптап, қажет болмаған жағдайда сөндіріп жүру де – киберқауіпсіздік мәдениетінің маңызды бөлігі.\nАнтивирус компьютер немесе смартфонды вирустардан, шпиондық қосымшалардан, фишингтік әрекеттерден сақтайды. Тіпті сенімді сайттар мен файлдардың өзі кейде қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан антивирус әрдайым қосулы тұруы қажет.\nСонымен қатар, операциялық жүйе мен қосымшалардағы жаңартуларды уақытында орнату өте маңызды. Себебі әр жаңартқан сайын бұрынғы нұсқадағы қауіпсіздікке қатысты осал тұстары да жетілдіріліп отырады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/cifrlyq-egemendik-memlekettik-sekara-nege-kiberqylmys-alemimen-kureske-kedergi", "title": "Цифрлық егемендік: Мемлекеттік шекара неге киберқылмыс әлемімен күреске кедергі", "text": "Әлем елдері арасындағы шиеленістер, саяси-әскери қақтығыстар, сауда соғысы және экономикалық дағдарыстар мемлекеттік қана емес цифрлық қауіпсіздіктің де маңызды екенін айқын ете түсті. Киберәлемде шекара жоқ екені белгілі. Ендеше әлемге ортақ киберкеңістікте әр ел өзінің цифрлық егемендігін қалай сақтай алады? Мамандар бұл сұраққа жауапты дәстүрліPositive hack daysфестивалінің аясында іздеді.\nСала мамандары әлемде тұрақтылық болмағанымен, киберәлемде тұрақтылықты қамтамасыз етуге әлі де мүмкіндік барына сенімді. Бұл үшін елдер цифрлық әлемдегі қауіпсіздіктің мемлекеттердің бәріне ортақ архитектурасын, яғни жалпы стандарттары бойынша келісімге келуі тиіс.\n\"Сайберус\" қорының және Positive technologies компаниясының негізін қалаған Юрий Максимовтың айтуынша, соңғы жылдары әлем елдері өзара \"шекараларын жапқаннан\" кейін өз технологияларын жасауға кірісті. Яғни, бұған дейін барша ел ортақ қолданып келген технологиялардың әр елде балама түрлері әзірлене бастады. Бұл жол цифрлық егемендікті қамтамасыз еткенімен, маман оны өркениет жолы деп есептемейді.\nЮрий Максимов,\"Сайберус\" қорының негізін қалаушы:\n– Әлемде көптеген ел бар және олардың бәрі өз азаматтарына қажет технологияларды жасап шығаратын болса, қанша ресурс, қанша күш, қанша еңбек қажет екенін есептей беріңіз. Мен мұны өркениеттің жолы деп есептемеймін. Оның орнына цифрлық әлемнің баршаға ортақ архитектурасын жасауға тиіспіз. Стандарттар ортақ болса, әр ел оның өзіне тиесілі бөлігін жасай алар еді. Рас, қазір әлем тыныш емес және мемлекеттер арасында келіспеушіліктер көп. Бірақ, цифрлық әлемде келіссөз жүргізуге, ортақ келісімге келуге әлі уақыт бар деп есептеймін.\nСондықтан,бізге киберБҰҰ рөлін атқаратын ұйым керек.Ол цифрлық стандарттардың ортақ болуын және елдердің осы стандарттарды бұлжытпай ұстануын қамтамасыз етуі керек. Цифрлық әлемде ешбір ел өзге елге тәуелді болмауы, бір-біріне ықпалын жүргізбеуі керек. Әрине, бұл әлемде де ірі елдер мен әлсіз елдер болады. Бірақ, ешкім өз технологияларын ықпал ету құралына айналдырмауы тиіс. Оның орнына әріптестікте жұмыс істеуі шарт. Егер бір елдің дайын әрі сәтті шыққан технологиясы болса, басқа елдердің оны қайталап көшіріп, өзіндік нұсқасын әзірлеп қажеті қанша? Сондықтан бұл салада жетістікке жеткен елдер қай технологияларды жасау қажет емес екенін, ал қайсын әзірлеу керектігі жөнінде айтып, өз тәжірибесімен бөлісе алатың алаң қажет.\nЦифрлық әлемде шекара болмағанымен, мемлекеттік шекараның болуы тек технологияларды дамытуға ғана емес киберәлемдегі қылмыстармен күреске де кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы Қазақстан мысалында Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов айтып берді. Оның сөзінше, қылмыс әлемімен күресте мемлекеттер арасындағы өзара әріптестіктің әлсіздігі үлкен тосқауыл болып отыр.\nРуслан Әбдіқалықов,Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:\n– Қазақстанда барлық қылмыс ішінде киберқылмыстар өз үлесі бойынша бірінші орында. Біздіңкиберқылмыстармен күресте көбіне жеңіліп жатуымызға қылмыстық әлемде шекара деген дүниенің болмауы себеп. Оларда ұлт, мемлекет, шекара деген ұғымдар жоқ. Киберқылмыскерлердің жалғыз мақсаты – өзгелердің қаражаты есебінен баю ғана. Бұл мақсатқа қол жеткізуге оларға мемлекеттік шекара ешқандай тосқауыл емес.\nАл мемлекеттерге қылмыс әлемімен күресте осы шекара және елдер арасындағы өзара әрекеттің әлсіздігі үлкен кедергі. Қазақстан мысалында айтсақ, біздің елде қаржылық алаяқтық жасап, шетелге қашып кеткендерді біз кез-келген елден экстрадициялай алмаймыз. \"Өз халқымызға тигізіп жатқан зияны жоқ болса, бұл іске араласып нем бар\" дейтін елдер табылады. Сондықтан, Қазақстан киберқауіпсіздік мәселесінде елдер арасындағы шекараны жойып, мемлекеттердің бірге ашық әрі адал жұмыс жүргізуін қолдайды. Ешбір ел жалғыз өзі киберқылмыс әлемін жеңе алмайды. Тек бірігу арқылы ғана біз оларға жедел әрі нақты жауап бере аламыз.\nХалықаралық әріптестікті дамыту қажеттігі туралы пікірді Security Vision бас директоры Руслан Рахметов те қостады. Компания басшысы цифрлық технологияларды әзірлеушілердің коллаборациясы жеке өнімдер емес тұтас шешімдер әзірлеуге негіз болатыны туралы айтты.\nРуслан Рахметов,Security Vision бас директоры:\n– Киберқылмыс әлемімен күресті күшейту үшін әлбетте халықаралық әріптестікті дамыту қажет. Бұл ретте жекелеген вендорлардың халықаралық нарыққа жалғыз шығуынан гөрі бұл бағытта бірлескен жұмыс жүргізу тиімді болады.Вендорлардың коллаборациясы бір-бірін толықтыруға және жекелеген өнімдерді емес, техникалық тұрғыдан толыққан, тапсырыс иесіне кешенді пайда әкелетін нақты шешімдерді сатуға мүмкіндік береді.\nБұл стратегияны жүзеге асыруда, сондай-ақ, вендорлардың басын ортақ мақсат аясында қосатын біріктіруші күштің болғаны маңызды. Оған қоса, компаниялардың қызметін халықаралық аренада GR аясында сәтті жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау да қажет.\nPositive Technologies бас директоры Денис Баранов бұл тұрғыда әлем елдерінің вендорлары, яғни цифрлық технологияларды әзірлеуші компаниялар әріптестікке дайын деп есептейтінін жеткізді. Оның сөзінше, бұл сала өкілдерінің базалық мүдделері мен құндылықтары ортақ.\nДенис Баранов,Positive Technologies бас директоры:\n–Цифрлық егемендік дегеніміз – көрші елдердің технологияларын өзіндік жаңа технологиялармен ауыстыру емес, технологияларға берілетін сенімділіктің деңгейі. Соңғы жылдар біздің индустриядағы компаниялардың бәрі дерлік децифровизацияны жою бағытында жұмыс істеп жатыр.\nСондықтан, киберқауіпсіздік саласында коммерциялық бәсекелестік аса байқалмайды. Компаниялардың бәрі ортақ құндылықтар аясында біріккен.\nМамандардың түйіндеуінше, цифрлық егемендік – қандай да саяси қозғалыстар мен оқиғаларға қарамастан, цифрлық технологияларды қолданушылар мен мемлекеттің мүддесін сақтау. Бұл ретте қолданушылардың мүддесі өздеріне үйреншікті сервистерді пайдалану болса, мемлекеттің мүддесі – ұлттық қауіпсіздікті қорғау. Осы екі мүдденің тоғысуы үшін әлем елдері келісімге келіп, әріптестікте жұмыс істеуі тиіс."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/auyl-akiminin-biligin-kuseitu-usin-olarga-qandai-martebe-beru-qazet-sarapsylar-pikiri", "title": "Ауыл әкімінің билігін күшейту үшін оларға қандай мәртебе беру қажет? Сарапшылар пікірі", "text": "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл және аудан әкімдерінің құзыретін заңмен нығайту керек екенінмәлімдеді. Халық сайлағанымен, ауыл әкімдерінің қолында дербес шешім қабылдауға мүмкіндік беретін нақты өкілеттіктер аз.\n\"Әкімдердің өкілеттігін қайта қарау мен жауапкершілігін күшейту экономикалық ресурстарды рационалды бөлумен қатар сауатты жүргізілуге тиіс. Әйтпесе аталған бағыттағы реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді\", – деді мемлекет басшысы.\nОсы ретте Informburo.kz сарапшылардан ауыл әкімінің мәртебесі қандай болуы тиіс және оларға қандай өкілет берілуі қажет екенін сұрады.\nСерік Егізбаев, мәжіліс депутаты, \"Ауыл\" фракциясының жетекшісі:\n– Ауыл-аймақтардың қарқынды дамуы үшін ауыл әкімдерінің мәртебесі нақтылануы өте маңызды.Қазіргі таңда, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік атқарушы органдармен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін де жүзеге асырады. 2021 жылдан бастап Қазақстанда ауылдық округ әкімдерін депутаттар емес, жергілікті тұрғындар тікелей сайлай бастады. 2018-2020 жылдары дербес жергілікті бюджет механизмдері енгізіліп, ауылдық округтер дербес бюджет алды, ауылдық округтердің өзін-өзі қамту деңгейін арттыру мақсатында салық пен төлемдердің 25 түрі берілді. Оның орынды шешім болғанының дәлелі – төртінші деңгейлі бюджет енгізілгеннен бері ауылдық округтердегі түсім 4 есе ұлғайып, 130 млрд теңгеден асқан. Ал биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төртінші деңгейлі бюджеттің дербестігін арттыруды тапсырды.\nЕгер ауыл әкімдерінің мәртебесі шын мәнінде күшейсін десек, келесі салаларда нақты және кең өкілеттер беру маңызды:\nЯғни, әкім - ауылдың күнделікті өміріне, даму бағытына, жергілікті инфрақұрылым мен әлеуметтік мәселелеріне толық жауапты лауазым иесі болуы тиіс.\nЕгер әкімдерге нақты өкілеттер мен ресурстар берілсе, жол, коммуналдық қызмет, су, жарық сияқты жергілікті мәселелер бойынша бюрократиялық іс-қимылдар азайып, ауыл жұртының көп мәселесі ауылдық деңгейде шешілер еді. Бұл ауыл инфраструктурасы мәселелерін жергілікті деңгейде тез шешіп, ауылдарды дамытуға мүмкіндік береді. Әкім әлеуметтік, мәдени, білім, спорт, қоғамдық қызметтерді дамытуға, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеруге тікелей ықпал ете алады. Бұрынғы \"орталықтан тағайындалған әкім\" моделімен салыстырғанда ауыл тұрғындарының нақты қажеттілігіне сәйкес саясат жүргізіледі.\n​Қорыта айтқанда, бюджет және заңнамалық базаны бекіту ауыл әкімдеріне нақты қаржылық дербестік береді. Бұл ауыл бюджетін жергілікті қажеттіліктерге жұмсауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, орталықтан тапсырма күтпей-ақ, ауылішілік мәселелерді, инфрақұрылым, коммуналдық қызметтерді басқару өздерінде болады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары әкімді өздері сайлап, оған өздері талап қояды. Бұл биліктің жергіліктенуін, халықтың белсенділігі мен жауапкершілігін арттырады, ашықтық, есеп беру, қоғамдық бақылау күшейеді.\nСөздің шыны керек, әр ауылдың өз проблемасы бар, қажеттілігі де әртүрлі. Қазақта \"Басы ауырмағанның қасында балтырың сыздамасын\", деген сөз бар. Яғни, ол ауылдың мұң-мұқтажын, жергілікті ахуалды сол ауылдың азаматы ғана біледі. Сырттан сайланған бөтен біреу ол ауылдың қажеттіліктерін білмейді, түсінбейді. Сондықтан да, ауыл әкімін де сол ауыл азаматтары өз арасынан өздері сайлағаны орынды. Сәйкесінше, сайланған әкім халық алдында жауапты болады. Егер нәтижесі жоқ болса, халықтың сенімі азаяды. Сондықтан әкімдер мықты, белсенді, нәтижелі жұмыс істеуге жігерленеді.\nДегенмен, мәртебе күшейту мен өкілеттік беру – тек бастама. Егер әкім аппаратындағы кадрлық және басқару мәдениеті жеткіліксіз болса, бюджеттік дербестік болғанымен, бюджет кірісі аз болса (ауыл халқы аз, салық түсімі жоқ, табыс көзі шектеулі) және қоғамдық бақылау, халықтың белсенділігі, азаматтық қоғам дамымаған болса, әкім дербестігінің тиімділігі де күмәнді. Сондықтан, әкімдер мәртебесін күшейту міндетімен қатар, олардың есеп беру механизмін, ашықтықты, жергілікті демократияны да қатар дамыту керек. Әрине, ол үшін әкімдер мен әкім аппараты қызметкерлері кәсіби деңгейді көтеру, басқарушылық дағдыларға бейімделу, яғни, әкімдерді қайта даярлау бағдарламасына ден қойып, сол бағытты күшейткені жөн.\n– Жалпы, бізде бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді. Ауыл әкімдеріне бюджеттік дербестік беріліп, өздерінің белгілі бір бюджетін бөлу бойынша көптеген дайындық жұмыстары жүргізілген. Бірақ бәрібір кейін көп ауыл әкімдерінде құжаттарды жүргізу, есеп тапсыру сияқты қаржылық сауаттылыққа қатысты сұрақтар пайда болды. Сол үшін барлығы \"әкімдер мектебі\", \"ауыл әкімдерінің мектебі\" деген арнайы курстардан өтті. Енді осы жұмыстарды нақты орындау керек болып отыр.\nҚазір ауыл әкімдерінің мәртебесі бойынша жан-жақты шаралар жасалып жатыр. Олар мектептен өтті, біліктілігін арттырды, құжаттармен, бюджет құжаттарымен жұмыс істей алатын деңгейге жетті. Сондықтан ауылда жиналатын жеке табыс салығы, корпоративті табыс салығы, кәсіпкерлерден түсетін түсімнің белгілі бір бөлігі белгілі бір пропорцияда ауылда қалуы керек. Сол кезде ауыл әкімі ауыл азаматтарымен кеңесе отырып, елді мекенді дамытуды өзі жоспарлай алады. Мысалы: су, инфрақұрылым, ауылішілік жолдар (республикалық үлкен жолдар емес) сияқты мәселелердің бәрі ауыл әкімінің қолында болса, инфрақұрылымның жақсаруы да, әлеуметтік мәселелердің шешілуі де тезірек жүруі тиіс.\nҚазір бюджеттік өтініш ұзақ жүреді: ауданға барады, облысқа барады, қайта оралады. Ал егер белгілі бір өкілеттік ауыл әкімдерінің қолына берілсе, біз оларға сенім артсақ, жұмыс тез жүреді. Бұл ауыл тұрғындарына да тікелей әсер етеді, яғни шешілмей жүрген мәселені бір жыл күтпей, бір айдың ішінде жасап алуға мүмкіндік туады.\n– Жергілікті өзін-өзін басқару реформасы елімізде жақсы бастау алып еді, бірақ жарты жолда тоқтап қалған секілді. Менің ойымша, бұр үрдісті қайта жандандыру қажет, және осы орайда президенттің сөзін қолдаймын. Алайда, тек ауыл әкімдерімен тоқталмай, қалалар және облыстар әкімдерін сайлауға, оларды жергілікті мәселелерді шешуге көбірек тетіктер беру қажет деп санаймын. Әкімдерді мәслихаттар емес, халық тікелей сайлауы қажет, сонда әкімдер халықтың алдынан өтіп, халықтың алдында жауап береді. Жұмысын уәде бергеніндей атқармаса, халықтың көңілін таппаса, сол халық келесі жолы оны сайламай, басқа біреуді орнына қояды. Сөйтіп келе, билікке ең білімді, білікті, қолынан іс келетін ел басқарудағы мамандар келеді, мемлекетті басқару жүйесінің сапасы күрт арта түседі.  Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылы: \"Біздің халық демократияға әлі дайын емес, Америкада сияқты демократияны құру үшін сонша миллион американдықтарды қайдан аламын?\", – деп айып еді ғой, оның бәрі тек сылтау ғана. Себебі, халық аңқау емес, бәрін көреді, кімнің қалай жұмыс істейтініне көзі жетеді және өзіне лауазымына сай болатын басшыларды таңдауға ақылы жетеді.\nАлайда, халық сайлаған әкімдердің қолында шынайы билік тетіктері болуы үшін, олардың құқықтары мен уәкілеттік күшін көбейту керек. Себебі әкім сайлағанда \"ананы істеймін\", \"мынаны қатырамын\" дейді, бірақ сайлау өткен соң соны істеймін десе де, қолында не қаражат, не ықпалы болмай қалады. Сондықтан бірден емес, біртіндеп өкілеттіктерді жергілікті басқару деңгейіне түсіру керек.\nОрталықтан (республикалық деңгейде) тек ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, ішкі істер, сыртқы саясат, төтенше жағдайлар, идеологиялық жұмыс, ақпараттық технологиялар, ірі инфрақұрылым жобалары – сол сияқты салалар қалуы керек. Ал жергілікті бюджет, бизнесті қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, жол жөндеу, әлеуметтік сұрақтарды осы жергілікті биліктер шешу керек. Бір жағынан, ол жергілікті биліктің Астанадағы бастықтары емес, жергілікті халықтың алдында жауап беруіне әкеледі. Себебі, қазіргі жағдайда бүкіл билік орталықта болған соң, жергілікті шенеуніктер жоғарыдағыларға қарап отырады, халықтың алдында жауапты емес.\nЕкіншіден, жергілікті биліктің өкілеттігін арттыру орталық мемлекеттік органдардың жұмысын азайтады, олар стратегиялық, мемлекеттік маңызы бар сұрақтармен айналыса алады, орталықтағы мемлекеттік қызметкерлердің санын біраз қысқартуға болады. Сол жұмыс орындары Астанада емес, облыстарда, қалаларда, аудандар мен ауылдарда ашыла бастайды, жергілікті бизнес дамиды, халық Астана – Алматы – Шымкент сияқты ірі қалаларға ұмтылмай, аймақтарда қала береді, жұмыс істейді, экономикалық және әлеуметтік даму тек қалаларда шоғырланбай, ауылдар да бой көтере бастайды. Сол арқылы қала мен ауылдағы халықтың өмір сүру деңгейі, жағдайы теңеле бастайды және тек осы арқылы жүйелі түрде бірқатар мемлекеттік мәселелер шешіле бастайды.\nАуыл, аудан, қала, облыс деңгейінде шынайы басқару тетіктері, ең бастысы, бюджет қолда болса, көптеген сұрақтар жергілікті деңгейде шешіле бастайды. Қазір халық жалақы алмай жатса да, жергілікті жол жөнделмей, жылу берілмей, қоқыс шығарылмай, су ақпай қалса, барлық сұрақтардың шешімін президенттен сұрайды, себебі шынайы билік, ықпал, күш тек президенттің қолында бар екенін біледі. Сондықтан халық барлық сұрақтар бойынша әкімге, депутатқа, министрге бармайды, тек президентке жүгінеді, тіпті ауыл, аудан, облыс әкімінің аты-жөнін де білмей жатады. Бұл жағдай президент пен оның әкімшілігіне де тиімсіз. Ал биліктің біраз бөлігін әкімдерге жүктеп, оларға билік тетіктерін беріп, тікелей халықпен сайланып, халыққа жауап берсе, онда президенттің де ауыртпалығы азаяды, жергілікті сұрақтар бойынша жауапкершілік жергілікті әкімдердің мойнында болады.\nЕң бастысы – халық өз күшін сезе бастайды, өз басшыларын өзі тағайындап, өзі алып тастауға мүмкіндігі бар екенін түсінеді, саяси белсенділік пен саяси мәдениет арта түседі. Билік те халықтың күшін сезіп, халықтан қорқып, халықтың ризалығы үшін жұмыс істей бастайды. Яғни халық билікке жұмыс істемейді, билік халыққа қызмет етеді.\nӨкінішке қарай, отыз жылдан астам тәуелсіз болсақ та, ол деңгейге әлі жеткен жоқпыз, Кеңес дәуіріндегі менталитет әлі күшін жоғалтқан жоқ, яғни \"барлық мәселені үкімет шешу керек\", \"халық белсенді болмауы керек\", \"саясатқа араласпауы керек\" секілді ұстанымдар әлі де кең таралған. Ал шынайы демократиялық ел құрамыз десек, халық барлық сұрақтарға белсенді араласып, барлық мемлекеттік шешімдерді өзі қабылдап, қазіргі өмірі мен болашағы өз қолында болуы тиіс және оны президент қашан айтады деп күтпей, өзі талап етуі керек.\nНұрболат Құрметұлы, Экономикалық зерттеулер институты Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының директоры:\n– Жалпы әкімдерді сайлау институтын енгізу – халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуының тиімді тетігі. Әкімдерді тікелей сайлау арқылы таңдау халыққа өз еркін білдіруге кең мүмкіндіктер береді және демократиялық қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.\nҚазақстанда әкімдер сайлауын өткізу тәжірибесі 2021 жылдан бері енгізіліп келеді. Сол уақыттан бері сайлау арқылы шамамен 2,5 мың ауыл әкімі таңдалды. Бұл – ауылдық деңгейдегі барлық әкімдердің 93%-ы. Тікелей сайлауды енгізу әкімдердің кадрлық құрамына оң әсер етті. Әкімдер корпусы айтарлықтай жасарды, мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа кадрлар келді. 2023 жылы пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды. 2025 жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау толық енгізілді.\nБіріншіден, сайлау әкімдер мен тұрғындар арасындағы сенімді диалогты қалыптастыруға ықпал етеді. Азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысуына қолайлы жағдай жасалады.\nЕкіншіден, әкімдердің сайланбалылығы кадрлық әлеуеттің артуына әсер етеді. Тікелей сайлауда табысты қатысып, жергілікті атқарушы органдардың күрделі жүйесін басқара алған мемлекеттік қызметшілер облыстық және орталық атқарушы органдар үшін дайын әрі тиімді менеджерге айналады.\nҮшіншіден, сайлаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі және халықтың саяси мәдениеті өседі.\nЖалпы, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлауды енгізу – Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытудағы маңызды қадам. Бұл қадам саяси мәдениеттің өсуіне ықпал етіп, сайлаудың ашықтығы мен бәсекелестігі азаматтық қоғамды жаңа жетістіктер мен жаңғыруға ынталандырады.\nМаңызды мәселе – ауыл әкімдерін жай ғана сайлап қоймай, оларға сайланғаннан кейін өзінің жоспарын іске асыруға тетіктер мен құзыреттер беру. Сондықтан ауыл әкімінің құзыретін нығайту бойынша оларға өкілеттіктер беру.\nАуылдық округтердің қаржылық дербестігін қамтамасыз ету, сайланған әкімдердің қолына ауылдағы ахуалды жақсарту үшін нақты өкілеттіктер беру мақсатында 2020 жылдан бастап Қазақстанда төртінші деңгейлі бюджет толығымен енгізілді. Қазіргі таңда төртінші деңгейлі бюджетке салықтың 8 түрі және басқа да төлемдердің 17 түрі түсіп отырады. Ауыл бюджетіне түсетін салықтар – жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жеке және заңды тұлғалардың жер салығы, жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін салықтар, сыртқы жарнаманы орналастыруға төлем.\nАл салықтық емес төлемдер – айыппұлдар, ерікті жарналар, коммуналдық мүліктен түсетін пайда және тағы басқалары. 2024 жылдың қорытындысы бойынша төртінші деңгейдегі бюджеттің өз табысы 112,2 млрд теңгені құрады немесе ауыл бюджетінің тек 29,5%-ы ғана. Сондықтан қазіргі жағдайдағы ауыл бюджетінің базасы жеткіліксіз деп ойлаймын. Ауыл бюджетіне түсетін салықтар мен төлемдер тізімін кеңейту қажет деп ойлаймын.\nАуыл бюджетін одан әрі ұлғайту үшін қосымша өзге кіріс көздері ретінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкердердің мүлік салығын, жеке қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына төленетін лицензиялық алымын, су қорларын пайдаланғаны үшін төленетін алымды қарастыруды ұсынар едім. Егер бұл ұсыныстар жүйеге асқан жағдайда төртінші деңгейдегі бюджеттің жеке табысы 2,5 есеге көбейер еді.\nСонымен қатар, әрине ауыл әкімдерінің құзыретін күшейту қажет. Мысалы, ауыл әкімінің қармағындағы жерлерді пайдалануды бақылау, ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет ету үшін арнайы техника немесе ауылшарушылық машиналарын сатып алу құқығын беру сияқты мәселелерді қарастыру қажет сияқты.\nСондай-ақ, ауылдағы кадр тапшылығы мәселелерін ескере отырып, ауыл әкіміне азаматтық қызметшілердің келісімді еңбекақы жүйесіне сәйкес еңбек шарты негізінде қызметкерлерді жалдау мүмкіндігін беру керек. Бұл құзырет оған қажетті мамандарды жалдап, күнделікті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, ауыл әкімі механизаторларды, сантехниктерді, электриктерді, заңгерлерді, бухгалтерді жалдай алатын болады.\nЖалпы жоғарыда айтылған бастамалар іске асқан жағдайда ауыл әкімдерінің құзыреті нығайып, өз бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасалады деп ойлаймын. Ауыл әкімінің мәртебесі күшейсе ауылдағы басқару сапасы артады. Ең алдымен ауылдағы жергілікті мәселелерді жедел шешуге жағдай жасалады деп ойлаймын. Сонымен қатар, қаржының тиімді жұмсалуына және ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін уақытында қанағаттандыруға жол ашылады.\nМенің ойымша, әкімнің өкілеттігі артқан жағдайда, ауыл инфрақұрылымын жөндеу, әлеуметтік нысандарды дамыту, жер қатынастары, жол, су, жарық мәселелері сияқты маңызды бағыттар бойынша мәселелер жылдамырақ шешілетін болады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/olim-talqylana-bermeitin-taqyryp-qaitys-bolgandar-turaly-kormenin-aitary-ne", "title": "\"Өлім – талқылана бермейтін тақырып\". Қайтыс болғандар туралы көрменің айтары не", "text": "Алматыда заманауи суретші Мөлдір Қарубайқызы мен коммуникация маманы Дастан Аққожаның бірлескен \"Жад жолы\" атты партиципаторлық көрмесі өтіп жатыр. Мөлдір мен Дастан инсталляциялар мен экспонаттар арқылы ежелден келе жатқан \"жыртыс\", \"көненің көзі\" секілді әдет-ғұрыпты қайта тірілткен. Көрме авторлары 500-ге жуық адамнан өлім мен марқұмның жады туралы естеліктерін жинап, іріктелген 150-ге жуық хикаяны 17 метрлік матаға тігілген құраққа айналдырған. Әр құрақтың айтары бар. Пішініне, матасына, түсіне қарап-ақ кімге арналғанын білуге болады. Атасы не әкесінен қалған көйлектің жағасы да бар.\nОсы орайда Информбюро тілшісі Almaty Gallery-де өтіп жатқан \"Жад жолы\" көрмесін аралап, көрме авторларымен және зерттеушімен сұхбаттасты.\n– Көрме жасау идеясын Дастан ұсынды. Мен суретші ретінде формасын бірге жасайық деп келістім. Ата-әжем, ағам, туысқандарым қайтыс болса да бұл тақырыпқа терең үңіле алмадым. Қаза, жад тақырыбы таңсық емес еді, дегенмен жан дүниемнен өткізетіндей болмады. Көрменің эскиздері мен материалдарды жасап жатқан кезде анам қатерлі ісіктен көз жұмды. Сол кезде ғана Дастанның күйін түсіндім. Марқұм әкесі туралы қайта сұрадым. Екінші рет айтқанда ғана жақсы түсіндім.\nАнам қайтқан соң біраз күннен кейін Дастанның әжесі қайтыс болды. Бұл тақырып ауыр болса да көрмені анамның жүзіне, Дастанның әжесінің қырқына қарай жасаймыз деп шештік. Марқұм апамның көзін жасағалы жүрген едім. Апамды соңғы рет моншада көрдім. Жалаңаш болатын. \"Арқамды езіп бер\" деп отырған кезі есімде қалыпты. Образ іздеп жүргенде анам дүние салды. Анамды соңғы рет қызыл киіммен жүргенін көріп едім. Анама арнап жасаған қызыл көз өзіме сағыныштан гөрі қайғы кейпінде көрінеді. Қызыл түсті біз де жақсы көрмедік. Қатерлі ісік ауруына ем екен, қызыл киімнен қорқады екен деген соң киіндіріп қойдық.\n“Соңғы құшақ” қоштаса алмай қалған жандарға жақынының жылуын сезіну, қоштасып үлгеру үшін қойылды.  Үш құшақ түрі бар: ауыр, орташа, жеңіл. Құшақтың әсері барған сайын әлсірейді. Көрмеге келушілер жақынын еске алып, құшақтап үлгермеп едім деп көрпені ұзақ жамылды.\nӨзгелердің хикаясын оқу қиынға соқты. Әсірсе, бес жасар қызынан айырылған ананың жазғаны жүрегіме дөп тиді. Уақыт өткен сайын қазаны қабылдау ауырлай түседі екен. Көрме жасағанда бәріміздің қайғымыз ортақ екенін түсіндім. Дастан екеуміз тек өз қайғымызды ғана ойламай, басқалардың оқиғасын, естелігін, көзін, жадын оятуды көздедік.  Адамдардың жазғаны осындай формаға айналып, бірге жоқтауға, қайғыға ортақтасуға көмектесті.\n– Көрмеге дайындалған кезде концепцияны барынша жұмырлату және мата іздеу қиын болды. Мата атаулары өзгерген екен. Масаты мата деп сұрағанда сатушылар білмейтін болып шықты. Оқиғаларды сұрыптап, соған сай киім іздеу де қиынға соқты. Тіккенге қарағанда мата іздеуге көп уақыт кетті, себебі оқиғасын айтқанмен де, киімін бергендер аз болды. Марқұмның киімдерін көзі қылып сақтап қалғысы келеді. Кейде киімін таратады. Содан қалмай қалуы да мүмкін.\nКөрмені әу баста әкемнің жадын сақтау мақсатында бастадым. Алайда уақыт өте келе тек өзімнің қайғымды көрсеткім келмеді. Себебі бұл тақырып қаншама адамның басын қосады. Әкем қайтқан кезде ғана айналамдағы достарымның әкесінің біразы жүріп кеткенін түсіндім. Ешқашан бұл туралы сөйлеспей, иығымыз қайғының аясында теңескенде ғана осы тақырыпты қозғай бастаған екенбіз. Қоғамымызда бұл тақырып талқыланбайтын, табуланған, жабық тақырып екенін түсіндім. Соны өзгерту үшін осы көрмені жасадық. 500-ге жуық адам оқиғасын бізге аманаттап, өз қайғысын ортаға салып, жақынының жадысын сақтауға үлес қосқаны қатты қуантты.\nКөрмеге Үндістаннан келген турист ат басын бұрды. Ол 12 жыл бұрын анасын жоғалтқанын, осылай есте сақтауға болатыны ойға келмегенін айтты. Жады тақырыбы, қайғыны еңсеру тақырыбы тек ұлт не ел, болмаса кеңістік пен аймақты қамтымайды. Көрмедегі экспозициялар Үндістанда жүрген адамның көңілін қозғап, еліне қайтқан соң анасына арнап құрақ жасап көретінін айтты. Бұл сөз жаныма дауа болды, себебі бір адамның ғана мойнына түспеген жүк екенін қабылдау әлдеқайда жеңіл екенін түсіндім.\nҮш құшақтан тұратын \"Соңғы құшақ\" экспонаты адамдарға қатты ұнап жатыр. Көрермендер қазақ мәдениетіне жаңа көзқараспен қарап, мұндай салт-дәстүрдің, практиканың бар екенін білмегенін айтып жатыр. Өнер жанды сипап қана қоймайды. Санаға ой тамызық болса екен деген үмітіміз ақталды.\nКөрмедегі жыртыстардың барлығы талқыланбай, көрінбей жатқан адамдардың сезімдері секілді. Біз сол сезімдердің барлығын ескеріп, елеп, зат жасағымыз келді. Біз үшін құрақ – сол заттың негізгі формасы. Құрақ, жыртыс қазақ санасындағы өмір пәлсапасын жақсы көрсететін секілді. Біз де соны көрсеткіміз келді. Не болса да жақсы, қайғылы сәттер туралы бұйым жасауға болады деген ой салдық.\n– Сауалнамада үш негізгі блок болды. Социодемографиялық блок респонденттердің жалпы бейнесін анықтауға көмектесті. Бір блокты қайтыс болған жақындар туралы естеліктерге арнадық: оларды қалай есте сақтағанымызды және өз қайғымызды қалай өткергенімізді сұрадық. Тағы бір маңызды блок – жады/еске алу тәжірибелері: марқұмның заттарын сақтап қалдыңыз ба, мұны саналы түрде жасадыңыз ба, оны \"жыртыс\" сияқты дәстүр ретінде ұстандыңыз ба деген сұрақтар болды. Басты зерттеу сұрағымыз: \"жыртыс\" тәжірибесі әдет пе (жеке сипаттағы, белгілі бір аймақтық, жас не этникалық топпен шектелген практика) әлде дәстүр ме (кеңінен таралған тәжірибе)? Талдау барысында біз әсіресе адамдардың осы қырды қалай ой елегінен өткізгеніне назар аудардық: қайғыру тәжірибелеріне қатысты рефлексия бар ма, марқұмның жеке заттарын өзінде қалдыруды қажет әрі маңызды деп санай ма.\nМенің міндетім негізінен аналитикалық болды: біз нақты зерттеу сұрағына жауап іздедік. Бірақ сонымен бірге өте сезімтал материалмен жұмыс істедік. Сол себепті мен Мөлдір мен Дастанға арасында біздің ортақ мақсатымыз – нақты сұраққа жауап табу екенін және бұл іске бізден бөлек тағы 450 адамның қатысып отырғанын еске салып отырдым. Өйткені олардың әңгімелері мен үшін – эмпирикалық дерек, ал олар үшін – шығармашылыққа арналған материал.\nЗерттеу барысында біз мына негізгі тұжырымдарға келдік:\nӨлім туралы неге сөйлеспейміз дегенге бірнеше себеп бар. Өз өліміміз немесе жақындарымыздың қазасы жайлы әңгіме көбіне қаралы, шамадан тыс ашықтық ретінде қабылданады. Сондай-ақ \"өлім туралы айтсаң, оны шақырып аласың\" деген ырым-сенімдер кең таралған. Нәтижесінде өлімді түсіну жеке кеңістікке ығыстырылады – өмірдің ақыры туралы ойлану көпшілік алдында емес, оңашада, өз-өзіңмен жүруі керек деп саналады. Тақырып қоғамдық кеңістіктен шеттетілгенде, адамдар нақты өмірде өліммен бетпе-бет келгенде әлдеқайда дәрменсіз болады: жақындарының қазасы немесе өлімге әкеп соғатын дерт оларды моральды тұрғыдан дайын емес кезде қағып түсіреді.\nҚоғамда ортақ \"өлім тілі\" қалыптаспауынан қайғыру үдерісінің өзі күрделене түседі: адам өзін оқшауланғандай, ешкім түсінбейтіндей сезінеді, тіпті ұзаққа созылған қайғысы үшін ұялуы мүмкін. Сол себепті біз өлім мен қайғы туралы әңгімені қалыпты дүние деп санауға тырысамыз – жоғалтуды өмірдің ұялмай айтуға болатын табиғи бөлігі ретінде мойындататын мәдени кеңістік құру маңызды. Дегенмен сенімге негізделген орта пайда болған сәтте-ақ адамдар өлім мен жады туралы сөйлесуге дайын екені көрінді. Бұл өлім тақырыбының табуға айналуы оған қатысты қызығушылық пен эмоциялардың жоқтығын емес, керісінше оларды білдіруге лайық мәдени арналардың жоқтығын көрсетеді.\n– Заманауи белсенді суретші Мөлдір Қарубайқызы мен коммуникация маманы Дастан Аққожаның бірлескен жобасы партиципаторлық көрменің үлгісін ұсынады.Мұнда аворлар бақилық болған жандардың артында қалған заттарын 150-ге таяу адамдардан жинақтап, сұхбат алып, оларды көрме экспозициясына айналдыру барысында оның ұжымдық жадта көрініс табуын материалдандыру арқылы жүзеге асырады. Мұндай естеліктер ұжымдық жад пен ұжымдық мәдениеттің белгісі болмақ. Осылайша көрме көптеген естеліктерден құралған бірнеше инсталляцияларда көркемдік пішінде шешім тауып, сол естелік иелерін еріксіз көрмеге қатысушылардың біріне айналдыру арқылы ерекшеленіп, заманауи сипатты иеленген.\nКөрмеге қойылған инсталляциялар мен экспонаттар арқылы жоба авторлары халықтың санасында сонау ерте замандардан қалыптасқан \"жыртыс\", \"көненің көзі\" секілді ұғымдардың дәстүрге, ғұрыпқа немесе уақыт өте келе қалыптасқан әдетке жататынын анықтап, шекараларын айқындауға тырысады. Бұл процесс көрмеге қатысушылар мен көрерменнің, суретшілер мен антропологтардың, өнер зерттеушілері мен жоба авторларының қатысуымен өтетін кездесулер, талқылауларда жүзеге аспақ.\nЖоба авторлары көрме барысында өнер туындысы мен қоғамды сабақтастыруға талпынып, оларды ортақ диалогқа түсуге, өзінің бірегейлігін табуға, бақилық болған жақынына деген тұншыққан сезімдердің эмоционалдық күйзелісін еңсеруге шақырады.\nӨмір – өлімді қабылдаудың тәжірибесін қалыптастыратын мектеп. Ал өнер – соны еңсеруді үйрететін терапия."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/alas-arystarynyn-maxabbaty-qazaq-ziialylary-omirlik-zaryn-qalai-tandagan", "title": "Алаш арыстарының махаббаты: Қазақ зиялылары өмірлік жарын қалай таңдаған", "text": "XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының отбасылық өмірі туралы әңгімелер Қазнетте үнемі қызу пікірталас тудырып отырады. Жақында бұл тақырып әлеуметтік желілерде тағы да талқыланды. Себеп тарих желісінен үзіліп алынған бір тұжырым болды. Онда сол заманның көрнекті қайраткерлері өз еркімен өзге ұлт пен дін өкілдерінен жар таңдады деген пікір айтылған. Бұл ой толық мәтін аясында кеңінен ашылмаса да, жалпылама \"ақиқат\" ретінде қабылданыпп, ұлттың өткеніне деген көзқарасты қайта сүзгіден өткізуге мәжбүр етті.\nЖелі қолданушыларының назарыӘлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаханша Досмұхамедұлы, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұстафа Шоқайсынды тұлғалардың жеке тағдырына ауды.\nОсы орайда Informburo.kz редакциясы мәселенің байыбына барып, \"Алаш\" қозғалысы қайраткерлерінің қандай тарихи жағдайда отбасын құрғанын, олардың жар таңдаудағы шешіміне қандай әлеуметтік, рухани және жеке факторлар әсер еткенін зерттеуді жөн көрді.\nМатериалдың түпнұсқасы:Любовь и идеалы “Алаша”. Как лидеры казахской интеллигенции выбирали спутниц жизни\nСаясаттанушыТалғат ҚалиевҚазнеттегі соңғы дау-дамайларды саяси пікірталас мәдениетінің жетіспеушілігінің мысалы ретінде бағалады.\nXIX–XX ғасырлар тоғысындағы қазақ зиялыларының неке мәселесін талқылау бастала сала-ақ дәлелді ой алмасу аясынан шығып кетті. Пікір таластырушылар тексерілген деректерге сүйеніп, әрқилы көзқарастарды жинақтап, байыппен саралаудың орнына, бір-бірінің жеке басына тиісіп, қарсыласын жағымсыз эмоциялық реңктегі сөздермен теңей бастады. Нәтижесінде бұл күрделі тақырып жеке таңдау, әлеуметтік нормалар мен ұлттық жаңғыру үдерісі арасындағы күрделі байланыстың талқысына емес, хейт пен қатаң қарсыласуға ұласты. Қызу пікірталас желіде әлі де жалғасып жатыр. Алайда мазмұны жағынан көпшілігі әлі де \"салмақты қоғамдық диалог\" деңгейіне жете алған жоқ.\n\"Бұл бізде ұзақ уақыт бойы көптеген тақырыптың табу болуының салдары. Сөз бостандығына қатысты елеулі шектеулер болды. Мұндай жағдайлар өркениетті пікірталас мәдениетінің дамуына кедергі келтірді. Қазір біз сол кезеңнен өтіп жатырмыз. Бұл өсуге тән өткел. Бізге енді адамдардың өзін емес, олардың пікірін, көзқарасын, шешімі мен әрекетін сынға алуды үйрену қажет. Бұл екеуінің арасында өте нәзік шекара бар. Лайықты түрде пікір таластыра білу керек\", – деді спикер.\nОләлеуметтік топтарды жалпылама қарастырып, оларға таңба мен стереотип тағу адамның беделін түсіреді және конструктивті диалогқа кедергіболатынын айтады. Оның пікірінше, өз қадір-қасиетін түсінетін адам басқа адамды да құрметтейді. Вольтер айтыпты дейтін: \"Мен сенің пікіріңе қарсымын, бірақ оны еркін айтуға деген құқығың үшін өмірімді де қиюға дайынмын\" деген сөзге, өкінішке қарай, желідегі пікір таласушылардың тек аз ғана бөлігі сүйенеді.\n\"Алашорда қайраткерлерінің көбінің әйелі басқа этнос өкілінен болғаны сол кездегі қазақ қоғамының ашықтығын көрсетеді. Бұл қазақтардың сол тарихи кезеңде ұлтаралық некелерге деген көзқарасының, қандай да бір тосқауыл мен таптаурындардың болмағанының дәлелі”, – деді саясаттанушы.\nСонымен қатар, бұл факт Талғат Қалиевтің пікірінше,алашордашылардың даму деңгейін де көрсетеді.\n\"Мәскеуде тұрған кезімде жоғарыда аталған азаматтардың барлық салтанатты жиындарда ең көзге түсетін жастардың қатарынан болғанын естідім. Олар ерекше сымбаттылығымен, көркем мінезімен, талғамымен, тапқырлығымен және жоғары интеллектісімен ерекшеленген. Барлық жағынан тартымды болғандықтан, ең қалаулы күйеу жігіт болуы да заңды. Яғни, үйленуге бастаманы тек олар ғана емес, қыздар да жасаған. Аталмыш жастар Мәскеу мен Петербургтің сұлу қыздарының ықыласына ие болды.Олар сол ортада өмір сүргендіктен, тағдыр жолықтырған адаммен қарым-қатынас құрды. Өз ұлтының өкілдері жанында болмады\".\nСаясаттанушының пікірінше, қазақтарда қазігідей алдын ала қалыптасқан теріс көзқарас болмаған. \"Ұлтаралық некелерді мәдени ашықтықтың айғағы ретінде бағалау қажет.Егер алашордалықтар жұбай таңдауда қазақ қоғамынан ерекшеленсе, қоғам оларды қабылдамас еді\".\nРесейлік және қазақстандық тарихшы, тарих ғылымдарының докторыДина Аманжоловаалашордашылардың некесіне қатыты тақырып Қазақстан медиасында неге қайталана беретінін түсінбейтінін айтты.\n\"Тек \"Алаш\" қайраткерлері ғана емес, қазіргі заманғы әртүрлі мемлекет басшысының, оның ішінде Қазақстанның басшысы да бар, ұлтаралық некеге тұрғанын білеміз. Заң бұған тыйым салмайды, бұл – отбасының жеке ісі. Сондықтан да осындай екпіндегі пікірталастар қоғамдық сананың ерекшелігін көрсетеді. Мүлде назар аударуға тұрмайтын нәрсеге тым көп мән беру мәдени мәселелердің бар екенін аңғартады. Егер Әлихан Бөкейханов кез келген басқа ұлттың, мысалы, поляк, башқұрт немесе саха қызына үйленген болса, сосындай мәселе туындар ма еді? Мәселе ол кісінің өзінде де, әйелінде де емес,қоғамдық санадағы ұлтшылдықтың шамадан тыс болып кетуінде\", – дейді тарихшы.\nОның сөзінше, Ресей империясының заңнамасы неке мәселесін дін тұрғысынан қарастырған және соған байланысты нақты шектеулер болған. Бұл жалпыға аян факт.\n\"Алайда тарихи контекстті ескерсек: православ әйелге үйленген мұсылман Ресей империясының заңдарын немесе шариғат талаптарын бұзды ма? Мұндай некелерге мұсылман қауымдастығы қалай қарайтын? Әлихан Бөкейханов христианға үйленгендіктен \"жеткілікті\" мұсылман болмай қалды ма? Бұл бөлек мәселе. Менің ойымша, бұл бізді алаңдатпауы керек – ол оның жеке өмірі және таңдауы\".\nДина Аманжолованың айтуынша, Бөкейхановтың \"тамаша әйелі болған, ол оны, білуімізше, өте жақсы көрген. Себебі әйелі қайтыс болғаннан кейін қайта үйленбеген. Кейін азаматтық некеде өмір сүргені туралы ешқандай дерек жоқ. Оның Ұлы Отан соғысына қатысқан қызы және Кеңес Отаны үшін қаза тапқан немересі болған. Демек, Бөкейханов өз еліне адал азамат болып, балаларын лайықты тәрбиелеген\".\nТарихшы атап өткендей, Әлихан Бөкейханов кеңес кезеңінің барлық сынағынан абыроймен өтті: шет елге кетпеді, жасырынған жоқ. Сонымен қатар, некесіне адал болды, бұл басқа қайраткерлер сияқты құрметке лайық. \"Жеке өмірді талқылауды аяқтайтын уақыт келді\", – деп қорытындылады спикер.\nXIX ғасырдың басынан XX ғасырдың басына дейінгі уақыт – өте ауқымды тарихи кезең. Бұл уақыт түрлі әлеуметтік, саяси және мәдени контекстілермен сипатталады, мұны ескеру қажет.\n\"Ресей империясында неке, негізінен, бір дін өкілдері арасында қиылатын. Православтар шіркеуде православтарға үйленетін, ал мұсылмандар мұсылман әйелдермен неке қиятын. Яғни, қазіргідей АХАЖ деген болмаған. Некелерді шіркеу тіркейтін, мұсылмандарда діни басқарма тіркейтін немесе неке әдет бойынша рәсімделетін. Басқа діндегі адамға үйлену қиынға соғатын және ондай қадам құпталмайтын. Мысалы,Шоқан Уәлиханов,өзінің хаттары мен Григорий Потаниннің естеліктерін оқысаңыз, қаншалықты сері, сәнқой жігіт болып, түрлі ұлт қыздарының арасында танымал болса да,орыс қызына үйлену туралы тіпті ойламаған\", – дейді Назарбаев университетінің Әлеуметтану және антропология кафедрасының антропология бойынша доцентіӘлима Бисенова.\nТөңкеріске дейінгі кезеңде дінаралық неке, әдетте, некеге тұратын екі тараптың біреуі екіншісінің дінін қабылдағанын білдіретін. Бұл өте сезімтал мәселе болатын. Ешбір зиялы қауым өкілі өзін \"шоқынған\" деп атағанын қаламайтын. Соған қарамастан XX ғасырдың басына қарай көптеген қазақ қайраткері орыс әйелдерге үйлене бастағаны.\nТөңкерістен кейін ұлтаралық некелерге қойылған барлық институционалды кедергі жойылды.Мұндай одақтар заңды деп танылып, кеңес мемлекеті оларды, тіпті, құптайтын.Олар \"нағыз кеңестік\" өмір салтының көрінісі ретінде қарастырылды. Ең болмағанда,\"Мен ұлтшыл емеспін – менің әйелім орыс\"деп айтуға болатын еді. Дегенмен,саяси репрессияның ең ауыр жылдарында мұндай дәлел де әрдайым көмектесе бермеген сияқты.\nСарапшы әр жағдайды жеке қарастыруды ұсынды. Оның айтуынша, алашордашылардың арасында татар қыздарына үйленгендер де (бұл мәселе туғызбаған), орыс қыздарға үйленгендер де (бұл белгілі бір талас-тартыс туғызды) көп болған. Ол кезде\"Қолы жеткен орыстан алады, қолы жетпеген татардан алады\"деген сөз болған.\n\"Менің ойымша, бұл сұраққа жауапты алаштанушылар беруі тиіс. Біздің болжамымыз бойынша, алашордашылар махаббатпен үйленген, бірақ сондай некелер сол кездегі әлеуметтік мобильділік мүмкіндіктерін де ашқан болуы мүмкін. Мысалы, некесі көп талқыланған Әлихан Бөкейханов Самарада өмір сүріп, губернияның жоғарғы қоғамының және кадет партиясының мүшесі болған. Оның алға жылжуына әйелі ықпал еткен болуы мүмкін. Әйтпесе, ол тек мұсылман фракциясымен шектелген болар еді. Оқыған, білімді орыс әйелі оған тезірек \"еуропалануға\" көмектесті, ал Еуропа алашордашылар үшін оқыған, дамыған ел ретінде үлгі болды. Соңында олардың мақсаты қазақтарды алдыңғы қатарлы елге айналдыру еді\", – деді ғалым.\nӘлима Бисенова алашординдіктердің қазақ әйелдеріне қатысты пікірі екіұшты болғанын айтады. Бұл постколониалды интеллектуалдық қауымдастықтарға тән құбылыс, онда гендерлік рөлдер бөлінісі байқалады: ерлер жаңғыртуға жауап берсе, әйелдер \"руханият\", \"дәстүрді сақтау\" және соған ұқсас міндеттерді атқарады.\nСпикерМұхтар Әуезовтың \"Кінәмшіл бойжеткен\"атты шығармасын тілге тиек етті, онда бұл тақырып жақсы ашылған. Негізгі кейіпкер Ғайша – білімді қыз, алайда оның \"беделі түсініксіз\" және еркектермен қарым-қатынасындағы сексуалды еркіндігі қатты сыналады, ал осындай мінез-құлық орыс қыздарына рұқсат етіледі. Еркектер өсек таратып, бір-біріне оған үйленбеуге кеңес береді. Әуезов 1920-жылдардың басындағы шындықты суреттейді.\nБисенованың болжамынша, бұл әңгіме орыс тіліне аударылмаған да болуы мүмкін, себебі белгілі бір дәрежеде ол \"антисоветтік\" сипатқа ие. Ондасол кезеңдегі қазақ әйелдерінің эмансипацияны\"неке құрудағы кең таңдау мүмкіндігі» ретінде қабылдауы көрсетіледі.Ғайша әр түрлі съездергекәсіби тұрғыда қатысу және қазақ әйелдерін \"көрсету\" мақсатында емес,тек білімді және интеллигентті қазақтар арасынан лайықты жар табу үшін барады.\nСонымен қатар\"Оқыған Азаматта\"әңгімесінде де басты кейіпкерлердің бірі досының жесіріне материалдық мүдде үшін үйленіп, досының анасын мұрасыз қалдырады. Әуезов бұл туындыларында білімді қазақтар арасындағы неке құру дәстүрін өте аяусыз сипаттайды.\nТарихшы-алаштанушы, Әлихан Бөкейханов туралы монографияның авторыСұлтан Хан Аққұлы\"Алаш\" қозғалысының жетекшілері – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай орыс қыздарына үйленгенін растады. Дегенмен, ол бұл жағдайды заңдылық деп есептемейді. Тарихшы пікірінше, аталмыш \"Алаш\" қайраткерлері өмірлік серігін есеппен емес, махаббатпен саналы түрде таңдаған.\nАхмет Байтұрсынұлының әйелі, туған аты Александра Журавлёва, ислам дінін қабылдап, орыс атынан бас тартқаны белгілі. Ол Бадрисафа Мұхаммедсафина деген мұсылман атын алған.Бұл оның өз еркімен жасаған таңдау еді. Алашорда қазақ-қырғыз халық кеңесінің (үкіметінің) батыс бөлімшесінің басшысы Жаһанша Досмұхамедұлы да орыс қызымен некеге тұрған. Ол құқық факультетін тәмамдап, 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін Томскіде облыстық прокурордың орынбасары қызметін атқарған. Сол жерде болашақ жарымен танысқан.\n\"Әлихан Бөкейханның өз әріптесі, Омскідегі \"Степной край\" газеті қызметкері және Императорлық орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің толық мүшесі Яков Сергеевич Севастьяновтың қызына үйленуі табиғи таңдау болды. Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітіргеннен кейін ол көп уақытын Омскіде өткізді. Сондықтан ол өмірлік серігін өзінің кәсіби және қоғамдық ортасынан таңдады\", – деді Сұлтан Хан Аққұлы.\nТарихшының айтуынша, Ақмола облысы жандарм басқармасының хат алмасуынан белгілі болғандай, Әлиханды бірнеше рет туған өлкесіне, Семей облысы Қарқаралы уезіне қайтып келуге шақырған, сол жерде текті жерден, құрметті отбасынан қалыңдық табуды ұсынған. Бірақ ол ауылға оралғаннан гөрі Омскіде қалса, халыққа көбірек пайда әкелуге болатынын ойлап, бас тартқан.\nТарихшының айтуынша, Ақмола облысы царлық жандарм басқармасының хат алмасуынан белгілі болғандай, Әлиханға бірнеше рет туған өлкесіне, Семей облысы Қарқаралы уезіне қайтып келуге шақырған, сол жерде жақсы шыққан, құрметті отбасынан құда табуға ұсыныс жасаған. Бірақ ол Омскіде қалып, ауылға оралғаннан гөрі халыққа көбірек пайда әкелуге болатынын ойлап, бас тартқан.\n\"Нәтижесінде ол сол кездегі қазақ дәстүріне қарағанда кеш үйленген – 1901 жылы, жасы 34–35-те болған кезде. Тіпті қазіргі қазақ дәстүрімен де бұл кеш үйлену саналады. Айта кететін жайт, Әлихан Бөкейханның болашақ жарының әкесі (бұл кісі революциялық-демократиялық ортаға жататын және әскери атағы жоқ адам еді) қызына тұрмысқа шығар алдында басқа ұлт пен дін өкіліне тұрмысқа шығу қоғамда қалай қабылданатынын ойлауды ескертті. Ол сондай-ақ:\"Ойланып, өзің шеш. Мен сен үшін Әлиханнан артық лайықты күйеу көрмеймін. Батамды бердім\"деген\", – деді сарапшы.\nСонымен қатар, Әлиханның анасы Бегім ханым ұлының таңдауы қатты қарсы болған. Ол өмірінің соңына дейін келінін мойындамаған және \"Мойнында крест тұрған келінді қалай қабылдаймын?!\" деген.\nӘлиханның жары шынында да ислам дінін қабылдамаған және өмірінің соңына дейін православ христиан болып өткен. Осыдан оншақты жыл бұрын, мынадай қызық дерек белгілі болды: қызы Елизавета Әлиханқызы осы жағдайға байланысты анасына өкпелі болыпты. Әлихан Бөкейхановтың немере інісінің жұбайы Александра Борисовнаның айтуынша, анасы мен қызының арасында осы себепті суық, шиеленіскен қарым-қатынас болған. Александра Борисовна Мәскеуде тұратын Елизаветаны жиі көрген екен.\n\"Әлихан Бөкейханның дінге қатысты философиялық көзқарас ұстанды. Ол сенім адамдарды бөліп-жармауы, халықтар арасында жауыздық тудырмауы және махаббатқа кедергі жасамауы тиіс деп есептеді. Оның дүниетанымы Құдай бір және оған жетудің түрлі жолдары болуы мүмкін деген түсінікке негізделген. Бұл, әсіресе, 1899 жылы Лев Толстойдың \"Сурат кофеханасы\" әңгімесін \"Қырғыз далалық газеті\" мен оның қазақ тіліндегі қосымшасы \"Дала уалаятының газеті\" басылымына аударғанынан айқын көрінеді. Сол әңгімеде әртүрлі дін өкілдері өз сенімінің ақиқаттығын талқылайды. Конфуциан кейіпкерінің бірі: \"Діндер әртүрлі, бірақ Құдай бір\" дейді. Осы гуманистік көзқарас Әлиханға жақын болды. Ол әр адамның ұят пен сенім еркіндігіне құрметпен қарауды ұстанды\".\nСпикердің түсіндіруінше, Әлихан Бөкейхан жары Елена Яковлевнаны ислам дінін қабылдауға мәжбүрлемеген. Тіпті ол 1921 жылы жұқпалы аурудан қайтыс болған кезде соңғы тілегін орындап, православтық дәстүрмен жерлеген. Ол үшін арнайы православ дін қызметкерін шақырған. Бұл тек құрмет қана емес, терең махаббаттың, басқа адамның сеніміне деген құқығын мойындаудың белгісі еді. Әлихан дәл осындай – ішкі еркіндігі бар, махаббатты, ар-намысты, қадір-қасиетті дін догмаларынан биік қойған тұлға болған.\nОсы деректерге қарамастан, спикердің айтуынша, Әлиханның жеке таңдауы оның беделіне нұқсан келтірген жоқ.\nТарихшы Ресей империясы Мемлекеттік думасының алғашқы шақырылымының 10 жылдығына арналған естеліктен үзінді келтірді. Әлихан Бөкейхан өз естелігінде 1906 жылы депутаттыққа сайлану кезінде орыс әйелі оның жолына кедергі бола жаздағанын баяндаған. \"(...) Мен сайлаушы Садуақас Шормановтан қонаққа шақырту алдым... Онда біржақты таңдалған қонақтар жиналған: басым бөлігі молдалар, қожалар мен қариялар – шамамен 40 шақты адам болды. Олар мені тергеуге ұқсас әңгімеге тартты, дінге деген көзқарасымды, Мемлекеттік думада қазақтардың мүддесін қорғаймын ба, соны сұрады. Тіпті отбасылық өмірім туралы да сұрақтар қоюға қысылмады... Біздің әңгіме таң атқанша жалғасты. Соңында Өскемендік қария Қайранбай қожа фәтуа беріп, \"Ертең Әлиханды сайламаған адам әйелінен, иманнан айырылсын!\" деді\" деп еске алған Әлихан Бөкейхан\".\nӘлихан принципшілдік танытты: оның шынайы әрі дәлелді жауаптары тіпті ең консервативті тыңдаушыларды дадін халықтар арасындағы өшпенділіктің себебі болмауы керекекеніне иландырды. Бұл оқиға оның ұстанымының беріктігін және әртүрлі адамдармен тіл табыса білгенін анық көрсетеді. Нәтижесінде Әлихан Семей облысының қазақтары атынан Мемлекеттік дума депутаты болып бірауыздан сайланды.\nАлашорда мүшелерінің жұбайлары әртүрлі ру мен ұлт өкілдерінен болған, олар жарына қолдау көрсетіп, сол дәуірдің мәдени ерекшелігін көрсетті.Халел Ғаббасовтыңжары Рамия атақты Тобықты руынан шыққан.Жақып Ақбаевтыңөмірлік серігі танымал Бекметовтер әулетінен шыққан татар қызы Гүлбағар Бекметова болды.Отыншы ӘлжановДүйсебай қажының қызы Нұржамилә Кемеңгеровамен отбасын құрды.Ахмет Бірімжановтыңжұбайы Әбілқайыр ханның шөбересі Гүлжаухар Сейдалина еді.Халел ДосмұхамедовЖымпиты өңірінен шыққан Жұмағалидің үлкен қызы Сағирамен үйленді. Сағира – сауатты әрі зерек әйел болған, ауыл мектебін тәмамдаған.\nӘлімхан Ермековтіңжұбайы – Рақия Шағабетдинқызы Ермекова – Қазақстандағы жоғары медициналық білім алған алғашқы әйелдердің бірі. Ол Томск университетінде оқыған.Райымжан Мәрсековтіңжары – Гүлнәзи-Бұлбұл Бекметева.\nМіржақып Дулатовболашақ әйелі Ғайнижамал Досымбековамен Омскіде танысты, онда ол ата-анасымен бірге тұрған. 29 жастағы Міржақып Ғайнижамалға бірден \"Менің халық үшін күресуім керек, алда түрлі қиындық тұр. Сен бұған төтеп бере аласың ба? Кейін өкінбеу үшін ойланып шеш\" деп ескерткен. Ғайнижамал соған қарамастан, оның жары болуға берген сөзінде тұрды.\nМұхамеджан Тынышпаевтыбірінші әйелімен жас кезінде үйлендірген, бірақ некесі ұзаққа бармады. 1922 жылы Тынышпаевтың екінші әйелі Гүлбахрам сүзектен ауруынан қайтыс болды.\nОл оған Ескендір, Фатима және Дина есімді үш бала тауып берді. Әзиза Шалымбекова (Газиза Яхияевна) әмеңгерлік дәстүрге сай, Тынышпаевқа тұрмысқа шығып, Енлік атты қызды дүниеге әкелді. Бірақ олардың одағы ұзаққа созылмады, Әзиза Мәскеуге көшуге мәжбүр болды. 1930 жылғы сәуірде Мұхамеджан Тынышпаев төртінші рет құмық қызы Әмина Шейх-Әлиге үйленді, ол оның көптен бері таныс досы Даудтың қарындасы еді. Олардың Дәулет есімді ұлы дүниеге келді, кейін қауіпсіздік мақсатында оның тегін Шейх-Әли деп ауыстырды.\nАлашордашылардың жұбайы тұрмыстың ауыртпалығын ғана емес, сонымен қатар репрессия дәуірінің соққысын да бастан кешірді. Күйеуі жасырын ұйымдарымен айналысып, баспахана жұмысын жүргізіп немесе ауыл-ауылды аралап жүргенде, әйелдер шаруашылық жүргізіп, бала бағып, отбасын басқарды, жиі қаржылық көмексіз қалды. Олар майдан іргесіндегі ауылдар мен қалаларда мүлікті нанға айырбастап, ескі киізден жылы киім тікті, күйеуінің архивтері мен қолжазбасын тәркілемеуі үшін жасырып сақтады.\nБірнеше тілге меңгергендері заңсыз мәтіндерді қолмен көшіріп, қол жинаған, азшылық құқықтары туралы еуропалық мақалаларды аударған. Мұстафа мен Мария Шоқайдың хаттарынан Мұстафаның кедейлік жағдайында киімін тағамға айырбастап жүргені, ал Марияның түскі ас сатқаны көрінеді. Жұбайының күш-жігерінің арқасында Мұстафаның еңбектері жоғалмай, жойылмай, оқырманға жетті.\nРақия Шағабетдинова-Ермекова Жетісу бойынша Әлімхан Ермековпен бірге жүріп, дипломы бар дәрігер ретінде науқастарды қабылдаған. Гүлбағар Бекметова Жақып Ақбаевқа саяси тұтқындарды қорғау үшін заңды құжаттарды дайындауға көмектескен. 1920-1930 жылдардағы қамаулар кезінде әйелдер тартқан азап күшейді: оларды үйлерінен қуып, \"халық жауларының\" отбасы ретінде шалғай аудандарға айдады. Әйелдер тыйымға қарамастан, Алаш көшбасшыларының хаты, фотосуреті мен күнделігін сақтаған. Рақия Ермекова \"әлеуметтік қауіпті элемент\" ретінде КарЛАГ-та болды, онда тұтқындарды емдеуді жалғастырған. Шахзада Шонан күйеуі қамалғаннан кейін өзі Лубянкада болған.\n\"Жаппай сталиндік репрессиякезінде қазақ халқы тек асыл ұлдарынан ғана емес, сондай-ақ қыздарынан да айырылды. Солардың бірі –Шахзада Аронқызы Шонан(Шонанова) – \"Алаш\" қозғалысы мен партиясының көрнекті қайраткері, ағартушы, \"халық жауы\" ретінде репрессияға ұшырағанТелжан Шонанныңадал серігі әрі жары. 1937 жылы оны \"халық жауы\" деген жалған айыппен тұтқындады. 1926 жылы НКВД-ның азаптауымен буржуазиялық ұлтшыл контрреволюциялық ұйымның мүшесі болғаны, көтеріліс ұйымдастыруды жоспарлағаны, Қазақстанды Кеңес Одағынан бөлгісі келгені және кейін оны жапон протекторатына тапсыруды армандағаны туралы жалған айыптарды мойындауға мәжбүр болды. 1938 жылғы 9 наурызда Шахзаданы ешқандай сотсыз, тергеусіз ату жазасына кесті\".\nТарихшының айтуынша, оның қай жерде жерленгені әлі күнге дейін белгісіз.\nШахзада Шонанова екі мәрте медициналық факультетте оқыған, бірақ екеуінде де оны \"халық жауының қызы\" ретінде оқудан шығарып жібергендіктен, жоғары білімін аяқтай алмады. Дегенмен, алған білімі оған партия инструкторы болып жұмыс істеуге және сүзек ошағында дәрігер міндетін орындауға мүмкіндік берді. Ғалым, ағартушы Телжан Шонан оның екінші күйеуі болды. Бірінші некесі жары Ыдырыс Мустамбаевқа НКВД органдарының қысымы күшеюіне байланысты бұзылды. Шахзаданың сынаққа төтеп беру жігері ата-анасын \"халық жауы\" деп танылғанда сыналды, бірақ ол соған қарамастан анасын қолына көшіріп әкелді және алашордашымен партия мүшелеріне қарсы репрессия басталған кезде үйленді.\nШахзаданың білім алуға деген құлшынысынан ширек ғасыр бұрын дәл осы \"Алаш\" жетекшілері әйелдердің құқығын жаңғырту бағдарламасының өзегі етіп алған еді. Тарихшы Сұлтан Хан Аққұлының айтуынша:\n\"Алаш\" жетекшілері еуропалық жеделдетілген жаңғырту тәжірибесіне сүйенді. Жапония бұл панораманы тек құрлықтан тыс айқын мысал ретінде толықтырды. Қазақ интеллигенциясы тек декларациямен шектелмей, қалың мал төлеуді жойды, құқықтық тұрғыдан таңдау еркіндігін бекітіп, әйелді мәміленің нысанынан некенің толыққанды субъектісіне айналдырды\".\nӘлихан Бөкейхановтың батыс бағытындағы көзқарасында әйелдердің құқығын қорғау жаңғырту жобасының толықтырушысы емес, оның басты жүрегі болды. Ол жеке хаттарында мұны: \"Қазақтар ерлер де, әйелдер де тең мүмкіндік алған кезде ғана алдыңғы қатарлы ұлт болады\" деп атап көрсеткен. Ол 1911 жылы Барлыбек Сырттанұлына \"Қазақ елінің жарғысын\" дайындауды тапсырғанда, \"ерлер мен әйелдер тең\" деген формулаға басымдық берді. 1917 жылдың қараша айында осы қағида \"Алаш\" партиясының бағдарламасының негізіне айналды, онда \"барлық азаматтар сеніміне, қанына, жынысына қарамастан тең құқылы\" деп жарияланып, шіркеу мемлекеттен бөлінді.  І жалпықазақ құрылтайында (1917 жылғы шілде) ол қалың мал төлеудің жойылуы, жар таңдау еркіндігі, жеке келісім, ең төменгі неке жасы, жесір әйелдердің құқықтары, жетінші атаға дейінгі жақын туыстар арасындағы некеге тыйым салу сынды \"әйел мәселесінің\" тоғыз тармағын бекітті. Облыстық комиссар қызметіне кіріскен соң, Бөкейханов бұл нормаларды бұйрықтармен бекітіп, әйелге сүйгеніне үйлену құқығын берді және оның мүлкін қорғады: \"Хафиза еркін: өзі қалаған адамға үйлене алады\" (1917 жылдың 8 маусымындағы бұйрық).\nМұндай заңнамалық теңдік әйелдердің кәсіби түрде өсуіне жол ашты: олардың бірі –Аққағаз Досжанқызы(1893–1932), жетім қыз, оны алашордашы ағасы әйелдер гимназиясына, одан кейін Мәскеудегі медицина факультетіне оқуға жіберген. Соғыс жылдары ол жараланғандарды құтқарған, кейін алғашқы қазақ гинеколог-дәрігерлерінің бірі болды, \"Әйел теңдігі\" газетіне шықты және аштық көргендерге көмектесті. Оның мансабы Бөкейханов жариялаған әйел құқықтарының іс жүзінде іске аса бастағанының айқын дәлелі болды.\nПатриархатқа қарсылықтың айқын көрінісі – Назипа Сегізбайқызының (Құлжанова) тағдырында айқын байқалады. Ол \"қалың мал тауары\" болудан бас тартып, әскери прокурор арқылы келісімді бұзды және сүйгені, ұстаз әрі ағартушы Нұрғали Құлжанмен үйленді. Орыс-қазақ гимназиясын бітірген (1902 жылы), Торғай училищесінің және Семей семинариясының мұғалімі, \"Азамат серіктігі\" қоғамының мүшесі болған Назипа Абайға арнап еске алу кештерін ұйымдастырып, \"Қазақ\", \"Айқап\" және \"Бірлік туы\" газеттерінде әйелдердің құқығы туралы жазған. Кейін Наркомпроста жұмыс істеп, оқулық пен жаңа қазақ әліпбиін дайындады, \"Әйел теңдігі\" журналын басқарды, \"Мектептен бұрынғы тәрбие\" (1923) және \"Ана мен бала\" (1927) оқу құралдарын шығарды.\n\"Алаш және оның көшбасшыларының жеке өмірі туралы тақырып “мифтерге” толы: ол некелер совет билігі келгенге дейін көп бұрын қиылған, яғни “орыс әйелдері арқылы” мансапқа жету үшін емес, махаббатқа негізделген қарапайым отбасылық одақтар еді. Қазіргі шатасулар 1980-жылдардың соңынан, архивтер алғаш ашылған кезден басталды. Сол кезде деректердің бір бөлігі ешқандай тексерусіз қолданысқа енді, оның үстіне болжамдар қосылды. Тек алашордалықтардың жеке өмірін мұқият зерттеген аздаған мамандар ғана нақты мәліметтерге ие. Ал көпшілік осы күнге дейін қалыптасып қалған, бірақ толық емес түсініктерге сүйенедіә, – деді қазақстандық журналист, \"Алашорда\" кітабының құрастырушысыБолат Мүрсәлім.\nАлашорда жетекшілерінің – оның үкіметі мен идеологиясын қалыптастырған адамдардың тағдырына “ұлы кездейсоқтық” араласқанда этникалық және конфессиялық кедергілер артта қалып отырды: олар модернизацияның негізі ретінде жариялаған жеке таңдау еркіндігі мен тең серіктестік табиғи түрде өз отбасында да көрініс тапты."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astana-manyinda-br-otbasyi-musheler-katyigezdkpen-oltrlgen-371948/", "title": "Астана маңында бір отбасы мүшелері қатыгездікпен өлтірілген: не белгілі?", "text": "Ақмола облысының Полиция департаменті Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыс туралы хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nАқмола облысының Полиция департаменті Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыс туралы хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nМессенджерлерде бір отбасы мүшелері қатыгездікпен өлтірілгені туралы хабарлама тарады. Кейбір деректер бойынша, қылмысты ауыл тұрғыны жасаған.\nПолиция департаментінің баспасөз қызметіTengrinews.kzредакциясының сұрауына берген жауапта, полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстағанын және ол уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.\n\"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында\", - деп хабарлады полиция.\nҚұрбандар саны әлі нақтыланып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.\nСуреттер: Tengrinews.kz/ Маржан Қуандықова\nЖібек Жолы - Қазақстанның Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы ауыл. Жібек Жолы ауылдық округіне кіреді. Астанадан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qant-diabeti-aleumettik-manyzy-bar-aurular-tiziminen-syzyldy-bul-infrakt-pen-insulttin-artuyna-akelui-mumkin", "title": "Қант диабеті әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен сызылды. Бұл инфракт пен инсульттің артуына әкелуі мүмкін", "text": "Қант диабеті – әлем бойынша миллиондаған адамның өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін күрделі әрі созылмалы дерт. Қазақстанда бұл диагнозбен өмір сүріп жатқан азаматтар саны жылдан-жылға артып келеді. Сондай-ақ соңғы уақытта елде диабетпен ауыратын адамдардың құқықтарын, өмір сапасын және денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған медициналық саясатқа қатысты алаңдаушылық арта түсті.\nАлматыда \"Диабеттік ата-аналар комитеті\" қоғамдық қоры ұйымдастырған баспасөз конференциясында қант диабетімен ауыратын қазақстандықтарды дәрілік қамту, заманауи инсулиндерге қолжетімділік, халықаралық медициналық стандарттардың бұзылуы және мемлекеттік деңгейдегі шешімдердің салдары жан-жақты көтерілді. Бұл шарада медициналық сарапшылар, заңгерлер, пациенттер мен азаматтық қоғам өкілдері үн қосып, қабылданып жатқан шешімдердің медицина мен адам құқығы қағидаттарына сай келмеуі салдарынан туындауы мүмкін қауіптерді атап өтті. Кездесудің басты мақсаты – қоғам назарын маңызды мәселеге аударып, шешімін табуға ықпал ету болды.\nКездесуде талқыланған басты мәселелердің бірі – 2025 жылғы 14 шілдеде қабылданған №206-VIII ҚРЗ заңына сәйкес, қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар санатынан алынып тасталуы болды.\n\"Бұл шешім медициналық ғана емес, жалпы логикаға да қайшы келеді. Қант диабеті – Қазақстандағы инфаркт пен инсульттің басты себептерінің бірі. Мұндай ауқымды аурудың әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен шығарылуы біз үшін түсініксіз. Бұл – мемлекет тарапынан пациенттерді қолдаудан бас тарту деген сөз\", – деді \"Диабеттік ата-аналар комитеті\" ҚҚ директоры Руслан Закиев.\nNOMAD зерттеуінің мәліметінше, елдегі ересек тұрғындар арасында 2-типті қант диабетінің таралуы 8,2 пайызды құрайды, бұл шамамен 1 640 000 адам деген сөз. Аталған аурудан туындайтын асқынулар, мүгедектік пен өлім жағдайларынан экономикаға келетін жыл сайынғы шығын көлемі 436 миллиард теңгеден асады деп бағалануда.\nБаспасөз конференциясы барысында деглудек инсулиніне – заманауи әрі қауіпсіз препаратқа – қолжетімділіктің жасанды түрде шектелуі де сынға алынды.\n2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап детемир инсулинін жеткізу тоқтатылады. Ал деглудек инсулині тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана қолжетімді болады. Бұл ретте заңнамада нақты анықталмаған \"жасөспірім жастағы балалар\" деген түсініксіз термин қолданылған.\n\"Мұндай тұжырым заңнамаға сенімділікті төмендетіп қана қоймай, мыңдаған бала мен жасөспірімді емделу құқығынан айыруы мүмкін\", – деді медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстандық қант диабетін зерттеу қоғамының төрағасы Жанай Ақанов.\nСондай-ақ сарапшылар ГТП-1 класындағы дәрілік заттардың – атап айтқанда Виктоза және Трулисити препараттарының – тегін дәрілік қамту тізімінен алынып тасталғанына алаңдаушылық білдірді. Бұл препараттар бүкіл әлемде қандағы қант деңгейін, дене салмағын бақылау мен жүрек-қан тамырлары қаупін азайтуда тиімділігімен танылған.\nЭндокринологиялық көмектің стандарттарының сақталмауы\nМедициналық көмектің бекітілген стандарттарына сәйкес, егер инсулин терапиясы 18 жасқа дейін басталса, мемлекет студенттер мен жүкті әйелдерді инсулин помпаларына арналған шығын материалдарымен қамтамасыз етуге міндетті. Алайда, шын мәнінде, кәмелетке толған пациенттер мұндай көмекке екі жарым жыл бойы қол жеткізе алмай келеді.\nБалаларға арналған дәрі-дәрмектер тізіміне халықаралық қауіпсіздік сараптамасынан өтпеген бірқатар препарат енгізілген. Атап айтқанда, АҚШ-тың FDA ұйымы балаларға қолдануға рұқсат етпеген Humalog Mix 25 және Humalog Mix 50 екі фазалы инсулиндері қолданылады.\n\"Аталған препараттарды балалар тізіміне енгізу – халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен дәлелді медицинаның принциптеріне қайшы келетін, өте қауіпті шешім. Мұндай шешімдерді Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы атышулы мекеме – Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы қабылдап отыр. Айталық, дәл осы орталық бұған дейін Қазақстанда іс жүзінде өндірілмейтін \"отандық\" қолғаптар шығаратын \"ҚазМедПром\" ЖШС-не тіркеу куәліктерін берген\", – деді Руслан Закиев.\nБаспасөз конференциясын ұйымдастырушылар Денсаулық сақтау министрлігіне төмендегідей нақты талаптарды жария етті:\n\"Біз жай ғана алаңдаушылық білдіріп отырған жоқпыз – біз өз балаларымыздың, күн сайын қолдауға мұқтаж жақындарымыздың өмірі туралы айтып отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігінің қабылдаған әрбір шешімі олардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығына тікелей әсер етеді\", – деп қорытындылады ұйымдастырушылар."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/labubu-men-lafufu-qubyzyq-oiynsyq-qalai-trendke-ainaldy-zane-onyn-bala-psixikasyna-aseri-qandai", "title": "Лабубу мен Лафуфу: Құбыжық ойыншық қалай трендке айналды және оның бала психикасына әсері қандай", "text": "Соңғы жылдары жұмсақ ойыншықтар әлемінде бұрын-соңды болмаған құбылыс орын алды. Орталық Азия мен Еуропада, АҚШ-та құбыжық ойыншық Лабубу ерекше танымалдылыққа ие болды. Қоянға да қасқырға да ұқсас, тісі ақсиған, тостақ көзді ойыншық бір қарағанда қорқынышты көрінгенімен, нағыз фан-клубы, коллекционерлер қауымдастығы қалыптасқан трендке айналды. TikTok-та осы ойыншыққа қатысты вирустық бейнелер миллионнан асады. Бұл құбылыстың артында не бар? Лабубу балалар мен ересектерді қалай қатар жаулап алды? Лафуфу деген кім? Зерттеп көрдік.\nЛабубу – тек сүйкімді ойыншық емес, ол шынайы өнер мен еркін қиялдың тоғысынан туған кейіпкер. Оның авторы – гонконгтік суретші әрі иллюстратор Касин Лун (Kasing Lung).\nКасин Лун шығармашылық жолын кітап иллюстрацияларынан бастаған. 2011 жылы How2work компаниясымен бірлесе отырып, алғашқы балаларға арналған кітаптары мен ойыншықтарын шығарды. 2013 жылы оның қытай тілінде \"Менің кішкентай ғаламшарым\" атты суретті кітабы жарық көрді. Онда әлемге күмәнмен қарайтын кішкентай баланың тарихы баяндалады. Ал 2014 жылы белгілі бельгиялық балалар жазушысы Брижит Миннмен бірге балетке қызығатын қоян туралы “Лиззидің билегісі келеді” деген ертегісі жарық көрді. Осы туындыдан кейін Касин Лун балалар әдебиетінің жаңа жұлдызына айналды. Бельгияның беделді Illustration Award сыйлығын жеңіп алған алғашқы қытайлық суретші ретінде тарихқа енді.\nБірақ оның нағыз жұлдызды туындысы – 2015 жылы шыққан \"Пука туралы хикая\" деген ертегі кітабы болды. Бұл кітап \"Құбыжықтар трилогиясының\" алғашқы бөлігі еді.Лабубу– осы әлемде алғаш пайда болған кейіпкер.\nАвтор оны былайсипаттайды: \"Лабубу – жүрегі таза, бірақ байқамай тентектік жасап қоятын рухтар тобы\".\nОның артынан басқа кейіпкерлер пайда болды. Атап айтқанда, Лабубу эльфтерінің көсемі –Зимомо, сүйекке ұқсайтын, бірақ вегетариан монстр –Тайкоко, ай жарығында пайда болатын қардан жасалған кейіпкер –Спукимен тышқанға ұқсасПато.\nКасин Лун бұл кейіпкерлерді жайдан-жай ойлап таппаған. \"Мен өзіме тиесілі рухтар әлемін жасағым келді. Оларға  өзіме қызық, тіпті сәл тентектеу сипаттар қостым. Себебі олар өмірге толы, еркін және шынайы болсын дедім (...) Адамдар көбіне ережелерге бағынып өмір сүреді. Ал Лабубу – сол шеңберді бұза алатын кейіпкер. Ол біздің батылымыз жетпейтін дүниелерді жасайды. Кейде бізге де сондай батылдық керек. Сол үшін де Лабубу – менің ең сүйікті туындым\", – дейді ол.\nЛабубудың пайда болуына Скандинавия ертегілері мен фольклоры себеп болған. Касин Лун жеті жасында отбасымен бірге Гонконгтан Нидерландыға көшіп кеткен. Ата-анасы мейрамхана жұмысымен айналысып жүргенде ол Скандинавия ертегілерін оқып, өз қиялындағы кейіпкерлердің суретін салады екен. Әсіресе, орманда немесе жерасты үңгірлерде өмір сүретін тролльдер туралы ертегілерге қатты қызығыпты. Ең сүйіктілерінің бірі – \"Үш ешкі мен тролль\" атты классикалық скандинав ертегісі мен \"Смурфтар\".\n\"Бұл – қарапайым ертегі сияқты көрінгенімен, өте терең әрі ойландыратын туынды. Міне, мені осы ертегі жаңа оқиғалар ойлап табуға шабыттандырды. Ал \"Смурфтар\" сол хикаяның кейіпкерлерін сан түрлі қылып жазуға шабыттандырды\", – дейді Касин Лун.\nЛабубу алғаш рет 2015 жылы көпшілік назарына ұсынылды. Алайда оның танымалдығы 2019 жылы келді.\n2019 жылы Касин Лун қытайлық Pop Mart компаниясымен серіктестікке отырды. Осыдан кейін Лабубудың жұлдызы жанды.\nPop Mart ойыншықты \"тосынсый\" форматында (surprise box), яғни ішінде не бар екенін білмей сатып алу моделі бойынша сатылды. Бұл тәсіл тұтынушыларда коллекцияны толық жинауға деген әуестікті күшейтіп, сатылымның күрт өсуіне себеп болды.\nPop Mart негізін қалаушы Ван Нин 2025 жылы Forbesтізімінееніп, оның байлығы 23 млрд доллар деп бағаланған. Бұл Pop Mart өнімдеріне, соның ішінде Лабубуға деген сұраныстың қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.\nБүгінге дейін 300-ден астам Лабубу шығарылған. Бағалары да әртүрлі: 15 доллардан бастап, 960 долларға дейін жетеді.\n2025 жылдың маусымында Бейжіңде өткен алғашқы аукционда биіктігі 120 см, жалбыз түсті Лабубу 170 мың долларға сатылды.\nLabubu-ның тартымдылығы тек ерекше дизайнымен шектелмейді. Оның айналасында сәндік субмәдениет қалыптасты. Әсіресе, 2024 жылы әйгілі BLACKPINK тобының әншісі Лиса (Lalisa Manobal) әлеуметтік желіге Лабубумен түскен сурет салғаннан кейін тренд басталды. Ол осы ойыншықты инстаграмдағы суреттерінде, тіпті Рождество шыршасын безендіруде қолданды. Кейін бұл ойыншық басқа да белгілі тұлғалар, инфлюенсерлер, тіпті кейбір K-pop жұлдыздарының сөмкесінде сәндік элемент ретінде пайда болды. Бұл оны балалардан бөлек, 20-30 жастағы жастардың да қызығушылығына бөлеп отыр.\nБалалар клиникалық психологы Айнұр Алдаштыңжазуынша, Лабубуды балалар қорықса да қарайды, алады, себебі бала психикасында қызығушылық пен қорқыныш қатар жүреді. Сонымен қатар бұл кейіпкер баланың санасында түсніксіз, бірақ тартыпты күй тудырады. Балаларға екі эмоцияның қатар келуі де \"ғажап\" әсер болуы мүмкін. Әрине, айналадағы жаппай сұраныс пен \"топтан қалмайын\" деген ықпал да бар.\n\"Балаңыз Лабубы әперуді сұраса, маман ретінде пікірім мынау: Балаңыз өз дене мүшесін білетін жаста ма? Егер 6-7 жасқа толмаған болса, бұл ойыншықты алмаған жөн. Ал 6-дан асқан балаға әперсеңіз де, не үшін ол ойыншыққа қызықты сұраңыз. \"Қорқынышты ма?\" \"Қорқынышты болса, неге алғысы келеді?\", \"Ол қандай кейіпкер?, \"Ол кейіпкердің несі ұнайды, несі ұнамайды?\" деген сияқты сұрақтар қойып, талқылап, сезімдерін қорытуға көмектесіңіз\", – дейді маман.\nАлайда қазір дүкен сөрелерінде тұрған Лабубулардың көбі – Лабубу емес, Лафуфу.\nLafufu – Лабубудың көшірмесі. Бұл жалған өнімдер шынайы Pop Mart ойыншықтарына ұқсас көрінгенімен, арзан әрі сапасыздау.  Лафуфудың кең таралуы әлеуметтік желідегі трендтің қарқындылығын дәлелдегенімен, ол Қытайда зияткерлік меншікті қорғау мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетті.\nPop Mart пен Labubu феноменінің табысы Қытай үшін стратегиялық деңгейге шықты. Қытай Коммунистік партиясының ресми басылымы \"People’s Daily\" Лабубуды \"Қытайда жасалған\"-нан (Made in China) \"Қытайда ойлап табылған\"-ға (Created in China) ауысудың символы ретінде жазды. Мақалада: \"Лабубудың өрлеуі – Қытайдың мықты өндірістік әлеуеті мен шығармашылық инновациясының үйлесімі. Бұл әлем тұтынушыларының эмоциялық қажеттіліктеріне дәл жауап береді\" деп жазылған.\nThe Guardianжазуынша, Pop Mart компаниясының ұлттық бренд дәрежесіне көтерілуі Қытай билігінің жалған өнімдерге қарсы күресін күшейтуіне себеп болды. Ел \"жалған тауарлар елі\" деген беделден арылуға тырысып жатқан тұста, бұл брендті қорғау маңызды қадамға айналды. Сәуір айында Қытайдың шығысындағы Нинбо қаласында кеден қызметі Лабубудың зияткерлік меншігін бұзды деген күдікпен 200 мың жалған өнім партиясын ұстаған. Ал маусым айында тағы бір арнайы операция барысында 2 мыңнан астам контрафакт өнім тәркіленген."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/erzan-babaqumarov-seriktestikten-qysym-zasauga-kosu-turaly-aqs-qytaimen-eo-zane-reseimen-qarym-qatynasty-qalai-qaita-quruda", "title": "Ержан Бабақұмаров серіктестіктен қысым жасауға көшу туралы: АҚШ Қытаймен, ЕО және Ресеймен қарым-қатынасты қалай қайта құруда", "text": "Біз саясаттанушы, \"Ника груп\" тәуелсіз талдау орталығының жетекшісіЕржан Бабақұмаровпенжаһандық тәртіп трансформациясы туралы сұхбаттар циклін жалғастырамыз. Бірінші бөлімде ол Дональд Трамп неге СЕО секілді ойлайтынын және неліктен АҚШ-ты корпорацияға айналдырып жатқанын түсіндірді. Екінші бөлімде дипломатия өзгеріп жатқаны: одақтар мен ережелердің орнын келісімдер мен қысым қалай басқаны туралы әңгіме болды. Ал үшінші бөлімде біз \"2025 жобасы\" және әлемдік тәртіптің ықтимал трансформациясы туралы сұхбаттастық.\nЕнді ең өзекті мәселе: Трамп әкімшілігі Қытай, Еуропалық одақ және Ресей сияқты негізгі халықаралық ойыншылармен қарым-қатынасты қалай құрып жатыр және Вашингтонның ұстанымының өзгеруіне бұл елдер мен өңірлік бірлестіктер қалай жауап беруі мүмкін.\n– Ержан Жалбақұлы, Трамп тұсындағы АҚШ үшін Қытай қандай ел? Серіктес пе, бәсекелес пе, әлде қауіп-қатер ме?\n– Қытай Дональд Трамп үшін – жаһандық саясаттағы негізгі акторлардың бірі. Вашингтон бұл елге ерекше мән береді. Басқа бағыттармен салыстырғанда, бұл мәселе бойынша америкалық ұстаным әлдеқайда жүйелі: Қытайды стратегиялық бәсекелес ретінде қарастырады және АҚШ-тағы бірқатар топтардың пікірінше, оны тежеп отыру қажет.\nМұнда ашық қарсы тұру емес, технология, логистика және энергетика салаларындағы тәуелділікті қайта қарау туралы сөз болып отыр. Вашингтонда жеткізу тізбектерін \"ажырату\" (decoupling) идеясын қолдайтындар саны артып келеді. Мақсат – жаһандық өзара әрекеттестікті бұзу емес, оны неғұрлым бақылауға болатын жағдайларда қайта бейімдеу.\nАҚШ үшін Қытай – халықаралық жүйедегі маңызды әрі ықпалды ойыншы. Сол себепті АҚШ бұл елге қатысты экономикалық бәсекелестік элементтері бар жаңа саясат жүргізуді жөн көреді.\n– Қытайдың Ақ үйдің қазіргі саясатына реакциясын қалай сипаттауға болады?\n– Бейжің дәйекті әрі стратегиялық тұрғыда әрекет етеді. Ол, шамасы, жаһандық Оңтүстікпен, Оңтүстік-Шығыспен, Еуразия елдерімен өзара әрекеттің балама формаларын құруға маңыз беріп отырған секілді. Мақсат осалдықты әртараптандыру және төмендету.\n\"Бір белдеу, бір жол\" бағдарламасы жаңа әлемге бейімделіп жатыр. Тұрақсыз аймақтарды  айналып өтетін бағыттар ашылды, цифрлық инфрақұрылымға, логистикаға және транспорттық үйлесімге басымдық берілуде. Қытай тәуелсіз алмасу инфрақұрылымын, оның ішінде банк саласында юаньды пайдалану арқылы, доллар аумағынан тыс төлем жүйелерін, инвестициялық банктерді қалыптастырып жатыр.\nБұл ретте Бейжің АҚШ-қа қарсы тікелей қадам жасаудан қашқақтайды, себебі жағдайды ушықтыруға мүдделі емес деуге болады. Оның орнына, Бейжің өңірлік байланысын күшейту, экспорт каналдарын кеңейту, несиелеу, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларға қатысу арқылы Вашингтон үшін текетірес құнын ұлғайтады.\nҚытай симметриялық емес, стратегиялық жауап беруде: осалдықты азайтып, өзі басым күшке ие әріптестіктің параллель кеңістіктерін құрып жатыр. Аспан асты ел ең қиын тарихи кезеңдердің өзінде өзінің жаһандық ықпалын ұстап тұру және күшейтудің мыңжылдық тәжірибесіне ие.\n– Еуропалық одақ ондаған жылдар бойы трансатлантикалық кеңістіктің тірегі болды. Қазір ол неге перифериядан жиі бас тартып жүр?\n– Трамп әкімшілігі жалпы екіжақты форматтарға басымдық береді. Еуропалық одаққа Вашингтон стратегиялық тиімді серіктестен гөрі қиын келіссөз тетігі ретінде қарайтын сияқты.\nАҚШ ынтымақтастықтан бас тартпайды, бірақ тез және нақты нәтиже беретін жағдайда ЕО елдерімен тікелей жұмыс істеуді жөн көреді. Бұл, әсіресе, қорғаныс, технологиялар және энергетикалық ресурстарды экспорттау мәселесіне қатысты.\nЕуропалық одақ АҚШ-ты трансатлантикалық құрылымның тұрақты тірегі ретінде қарастырмайды, мазмұны мен ретіне қарай таңдау бойынша серіктес ретінде қарастырады.\n– ЕуроОдақ тарапынан қандай жауаптар болуы мүмкін?\n– Жағдай екі сценарий бойынша өрбуі мүмкін. Біріншісі – автономияны күшейту: өзіндік қорғаныс саясатын дамыту, өнеркәсіптік егемендікті қолдау, оңтүстік және шығыс бағыттармен байланысты күшейту. Екіншісі – жаңа икемділікке бейімделу: әрбір ел АҚШ, Қытай, Ресей, өзге державалармен қарым-қатынасты жеке-дара жолға қояды.\nҚазіргі кезде біртұтас еуропалық ұстаным туралы айту қиын: ішкі динамика, сайлау циклдерінің қысымы, сенім дағдарысы координацияны қиындатады. Бірақ, талқылау деңгейінде Еуропалық одақтың стратегиялық автономиясы тақырыбы күшейіп келеді.\nЕуропа кепілдіктер жоқ, бірақ мүдделер сақталған әлемде жаңа рөлін іздеп жатыр. Бұл – оңай емес, бірақ қажет қадам.\n– АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас әрқашан \"сезімтал\" тақырып болатын. Трамп әкімшілігі бұл бағытта қандай тәсілді қолданады деп есептейсіз?\n– Сарапшылардың пікірінше, АҚШ энергетика, стратегиялық тұрақтылық және киберқауіпсіздік сияқты өз мүддесі бар салаларда шектеулі, прагматикалық ынтымақтастыққа ұмтылады. Идеологиялық риторика жұмсаруы мүмкін. Оның орнына – болжамды саясат, нақты шекаралар және америкалық мүдделерге сай нақты келіссөздер жүргізу мүмкіндігі қарастырылады.\nМәскеу өз тарапынан ұлттық мүдделерін икемді қорғауға ұмтылады. Қытай, ЕО, Таяу Шығыс елдері және Жаһандық Оңтүстікпен арадағы тактикалық маневрлерге ставка жасалуы мүмкін. АҚШ-пен тікелей қақтығыс Ресей үшін тиімді емес, бірақ серіктестік моделіне қайту да әзірге екіталай.\nРесеймен қарым-қатынаста екі жақ та өзара рұқсат етілген шектерді тексеріп отыратын, басқарылатын тепе-теңдік кеңістігіне көшуге тырысуы мүмкін.\n– АҚШ әрекеттеріне жауап беру үшін елдер бір-бірімен үйлесе бастауы мүмкін бе?\n– Кей тақырыптар бойынша өңірлік үйлесім мен тәжірибе алмасу күшеюі мүмкін. Мысалы, БРИКС+, ШЫҰ, ОШАЕҚ, энергетика және технология бойынша форматтар аясында. Әлем бинарлы модельден бас тартып жатыр. Бұл – шешім қабылдау орталықтары көбейетін кезең.\nАҚШ таңдап әрекет ететін жағдайда қалған ойыншылар да ұлттық мүдделеріне қарай байланыс пен платформалар құрып, икемді әрекет етуді бастайды.\n– Демек, жаһандық саясат орталығы жоқ, белгіленген геометриясы жоқ, бірақ көптеген түйісу нүктелері бар желіге ұқсай түседі ғой?\n– Ия, басты қозғалыс дегеніміз осы. Әлем \"архитектурадан\" бас тартып, \"қысым географиясына\" ауысып жатыр. Мұнда бәрі траекторияға, импульске және байланыс қуатына тәуелді.\nҚорытынды сұхбатта келесі мәселелер талқыланады:"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/barefooting-zalanaiaq-zuru-alemde-nege-trendke-ainaluda-zane-ol-turaly-ortoped-ne-deidi", "title": "Barefooting. Жалаңаяқ жүру әлемде неге трендке айналуда және ол туралы ортопед не дейді", "text": "Соңғы жылдары әлемде ерекше бір тренд кең тарала бастады. Ол – \"Барефутиң\" немесе жалаңаяқ жүру мәдениеті. Барефутиң жақтаушылары аяқ киімді шешіп, жермен тікелей байланыста болудың денсаулыққа және психологияға пайдалы екенін алға тартады. Бұл жай ғана әуесқойлық емес, тұтас философияға айналып бара жатқан мәдениет. Әлемнің көптеген келінде жалаң аяқ жүрушілерге арнайы барефут саябақтары салынған. Осы ретте Informburo.kzортопед дәрігер Асылбек Жолдасовтыңкөмегімен жалаң аяқ жүрудің пайдасы мен зиянын зерттеп көрді.\n\"Барефутиң\" (barefooting) – күнделікті өмірде аяқ киім кимей, жалаң аяқ жүру тәжірибесі. Бұл мәдениет әсіресе АҚШ, Германия, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония сияқты елдерде танымал бола бастады. Бұл – адам күнделікті өмірде аяқ киімсіз жүруді әдетке айналдырып, өзінің табиғи жүріс мәнерін қалпына келтіруге тырысады дегенді білдіреді.\nСырт көзге байқалмауы мүмкін, бірақ аяқ киіммен жүру мен жалаң аяқ жүрудің айырмашылығы үлкен.\nАдам табаны – ерекше құрылым. Онда отыз шақты сүйек, ондаған буын мен сіңір жұмыс істейді. Ұзақ уақыт ауыр әрі табаны қатты аяқ киім кию  табан құрылымының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Себебі, табандағы қан айналымы баяулайды, жүру мәнері бұзылады. Әсіресе өкшесін тарсылдатып басып жүру тізеге, белге артық салмақ түсіреді.\nАл жалаңаяқ жүргенде адам әдетте табанның орта бөлігімен немесе ұшымен жүреді, бұл қозғалысты \"жұмсартады\", буындарға түсетін салмақ азаяды. Табан бұлшықеттері белсенді жұмыс істейді, қан айналымы жақсарады.\nИә, жалаң аяқ жүрудің артықшылықтары көп. Бірақ, дәрігер ретінде ескертерім, бәріне бірдей пайдалы бола бермейді. Табан невропатиясы бар (бұл қант диабеті бар адамдарда жиі болады) адамдарға, табан терісі өте жұқа, сезімтал адамдарға жалаң аяқ жүру ұсынылмайды. Сонымен қатар суық ауа райында ұзақ уақыт жалаң аяқ жүру салқын тиюге әкелуі мүмкін.\nҚазақстанда табиғи орта кең болғанымен, инфрақұрылым мен қоғамдық сана әлі дайын емес. Себебі көшедегі тротуарлар қатты жабындымен қапталған, әрі лас болып жатады. Кей жерлерде жалаң аяқ жүру түгілі, қарапайым жаяу жүргінші үшін жағдай жасалмаған.\nСондай-ақ көпшілік жерде жалаңаяқ жүрген адамды орта  дұрыс қабылдай алмайды. Оның сыртында климатты да ескеру қажет, себебі әр аймақта ауа райы әртүрлі, солтүстік өңірлерде суық ұзақ уақытқа созылады.\nДегенмен, таза саябақтарда, үй маңындағы көгалды жерлерде немесе жазғы демалыс кезінде жалаңаяқ жүру тәжірибесін бастауға болады.\nЖалаңаяқ жүруге бірден көшіп кетуге болмайды, бұл дене үшін күтпеген стресс болуы мүмкін. Сондықтан оны біртіндеп, дұрыс тәсілмен бастау маңызды.\nҮйде бастау:Алдымен, күн сайын үйде жалаң аяқ жүруге дағдыланыңыз. Жылы, таза еденде немесе жұмсақ кілем үстінде жүру табанға жайлы әсер етеді. Бұл бұлшықеттердің жұмысын күшейтеді, тепе-теңдік сезімін жақсартады.\nШөп үстінде немесе құмда:Ауладағы көгал, саябақтағы жұмсақ шөп немесе жағалаудағы құм – жалаңаяқ жүруге ыңғайлы орта. Алғашқы апталарда күніне 10-15 минут жеткілікті.\nҚатты беттерге біртіндеп өтіңіз:Шөптен кейін ағаш еден, тақтайша, таста жүруді үйренуге болады. Осылайша табан әртүрлі текстураларды \"оқып\" үйренеді. Бұл кезеңде аяқта ауырсыну, шаршау сезілсе, уақытты қысқартыңыз немесе жұмсақ ортаға қайта оралыңыз.\n\"Барефут\" аяқ киімді қолданыңыз:Қалалық жерде бірден жалаң аяқ жүру мүмкін емес. Сондықтан жұқа, иілгіш табанды барефут аяқ киімдер жақсы балама бола алады. Олар табиғи жүріс мәнерін сақтай отырып, табанды жарақаттан қорғайды.\nАрнайы жаттығулар жасаңыз:Табан бұлшықеттерін нығайту үшін мынадай қарапайым жаттығуларды орындауға болады:\nЖаттығуларды күніне 5–10 минут жасау жеткілікті.\nЕгер сізде майтабан, варикоз немесе диабет болса, жалаңаяқ жүруді бастамас бұрын ортопед дәрігермен кеңескен дұрыс.\nЖалаң аяқ жүру пайдалы болса да, одан кейін табанды қорғау маңызды. Себебі жалаң аяқ сыртқы ортаның әсеріне тікелей тап болады: кір, микроб, жарылу, жаралану сияқты қауіптер бар. Ортопед-дәрігер мынадай күтім тәртібін ұсынады:\nАяқты жуған соң жақсылап құрғатыңыз:Жалаңаяқ жүрген соң аяқты, табанды, бақай арасын жылы сумен жуып, міндетті түрде құрғақ сүлгімен мұқият сүртіңіз.\nЫлғалдандырғыш крем жағыңыз:Серуеннен кейін табан терісі кеуіп кетуі мүмкін. Сол үшін қарапайым нәрлендіргіш немесе балауыз негізіндегі аяқ кремін қолданыңыз. Табан мен өкше бөлігіне көбірек назар аударыңыз.\nАптасына 1-2 рет скрабпен тазалау:Бұл тері қабатын жұмсартып, өлі жасушаларды кетіреді.\nҚолайлы шұлық кию:Серуеннен кейін жұмсақ, таза шұлық киіп, аяқты демалту керек.\nЖараны бірден өңдеу:Аяқта жара пайда болса, бірден өңдеу керек. Ол үшін сутегі тотығы немесе хлоргексидинді пайдалануға болады. Жараны құрғақ ұстаған жөн. Асқынып кетпеуі үшін бірнеше күн аяқ киім киіңіз немесе серуенге үзіліс жасаңыз.\nАяқты демалдырыңыз:Кешкісін аяқты жоғары көтеріп, 5-10 минут демалдырыңыз.\nЕгер табан терісі үнемі жарыла берсе, аяқта иіс пайда болса немесе қышу байқалса, қабыну, ісіну, қызару болса, міндетті түрде дерматолог немесе ортопедке қаралған жөн."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zezdiden-zeniske-gitler-fasizmin-kuiretuge-qanys-satbaevtyn-qosqan-ulesi-qandai", "title": "Жездіден – Жеңіске! Гитлер фашизмін күйретуге Қаныш Сәтбаевтың қосқан үлесі қандай", "text": "Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс туралы айтқан кезде тек майдан шебінде жаумен бетпе-бет соғысқан жауынгерлердің ерлігін ғана емес, сонымен қатар тылда еңбек еткен жұмысшылар мен ғалымдардың ерен еңбегін де ескеру шарт.\nҰлы Отан соғысы басталғанда Кеңес Одағы үшін ең маңызды міндеттердің бірі – майдан мен тылға қажетті шикізатпен, әсіресе металл мен көмірмен үздіксіз қамтамасыз ету болды. Бұл күрделі кезеңде Қазақстан бүкілодақтық ірі өнеркәсіптік базаға айналды. Қазақстан байлығын ашуда, игеруде және соғыс қажеттіліктеріне бағыттауда академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың рөлі орасан зор болды.\nҚаныш Сәтбаев – Қазақстан ғылымының негізін қалаушы, геолог-ғалым, академик. Соғыс жылдары ол бар күшін Отан қорғауға, өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануға бағыттады. Солардың ішіндегі ең елеулісі – Жезді марганец кенішін ашуы және оны қысқа мерзім ішінде іске қосуы. Бұл туралы Медеу Сәрсеке \"Қаныш Сәтбаев\" кітабында жазған.\n1941 жылдың тамыз айында Кеңес әскері мен неміс әскерінің арасында болған қиян-кескі шайқас кезінде марганец кенінің негізгі қоймасы Никополь  кеніші жау қолында қалды. Сол кезде Германияның насихат министрі Иозеф Геббельс Кеңес өндірістері қымбат шикізат көзінен біржола айырылғанын айтып, \"Демек, бізге айбынды әскерлерге құрыш сауытпен ұрған ең соңғы танкті құрту ғана қалды\" деген екен.\nСебебі, марганец – тек металл емес, майданның мызғымас тірегі болды. Бұл элементтің әскери өндірістегі орны ерекше еді. Ол қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілердің беріктігі мен сапасын қамтамасыз ететін стратегиялық шикізатқа айналды. Оның қоспасы болаттың беріктігін арттырып, төзімділігін күшейтеді және соққыға шыдамды етеді. Бұл қасиеттер танк, зеңбірек, әскери ұшақтар мен кеме корпустарын жасау үшін аса қажет болды. Марганец болмаса, болат сапасыз, морт сынғыш болар еді. Сонымен қатар, марганец темірден болат қорытқанда қалдық күкірт пен оттегіні жояды, яғни қорытпаның химиялық тұрақтылығын жақсартып, оны ұрыс алаңына лайықтайды. Сол себепті соғыс жылдары КСРО үшін марганец – стратегиялық металл саналды.\nСоғысқа дейін Кеңес одағындағы марганец шикізатының 91,6 пайызы Никополь мен Чиатура кендерінде өндірілетін. Ал күзге таман неміс әскері Дон бойындағы Ростов қаласын басып алып, Қара теңіз жаңасына шығатын темір жолды да қиып тастады. Бұдан соң Кавказдағы Чиатурадан ферромарганец(марганецтің ғылыми атауы - авт.)тасу да ұзақ мерзімге тыйылды. Ал күн сайын өршіп келе жатқан алапат соғыста миллиондаған тонна құрышқа шымыр қасиет беретін марганец қоспалар қажет.\nОсыған байланысты КСРО Халком кеңесі тамыз айының соңында \"Шығыс аудандардан марганец шикізатын өндіруді жедел арттыру керек\" деген қарар шығарады.\nОсы кезде КСРО ғылым академиясының қазақ фиалиының жетекшісі Қаныш Сәтбаев өзі бұрыннан барлап жүрген Жездіні барлауды мықтап қолға алады. Ол үшін жезқазғандық геолог Иосиф Богданчиковты шақыртады.\nҚаныш Сәтбав Жезді тауын 1928 жылдан бастап назарда ұстаған. Сол жылы ол жақтан марганец қорының ізін байқаған. Бұл туралы ғалым 1941 жылы геологқа тапсырма беру кезінде:\n\"Қарсақбай зауыты үшін флюстік шикізат іздеп жүргенде кездестім. Бұрғы салуға қаражат болмады. 1936 жылы Жезді жағасында бір жаз барлау тобын ұстадық: жеті ұңғыма, он шақты жыра қазылды. Олардың құжатын Қарсақбайдан табасыз. Петуховтың да не бітіргенін өзінен естисіз, ол да құралақан емес. Менің шамалауымша, нақ осы екі өзен түйісетін аңғарда ферромарганецтің сүбелі қоры бар. Ол болса, соғыс өрті күшейіп тұрғанда стратегиялық мәні ерекше шикізат\", – деген екен.\nАлайда, Жездіні барлау тапысырлған ғалымдар ондағы марганец көлемін нақты көрсетуге қорыққан. Себебі, ол заманда, соғыс кезінде байқаусызда жалған ақпарат беріліп қойса, ғалымға басымен жауап беруге тура келетін. Сол кезде де Қаныш Сәтбаев кен орнының қоры шамамен қанша екенін, қанша бөлігін жерасты әдісімен, қанша бөлігін ашық әдіспен өндіруге болатынына дейін тәптіштеп есептеп берген. Бұл хабар Сталинге жеткенде ол бірден Жезді кенін игеруге тапсырма берді. Өйткені, марганецсіз құрыш құйылмайды.\nОсылайша, ғалым 1942 жылдың 12 маусымында құрылыс басталған соң бар-жоғы38 күнде Жезді кенішін іске қосып,алғашқы марганец кенін майданға жөнелтті. Соның нәтижесінде, соғыс жылдарында КСРО марганец кенінің 70,9 пайызы Жезді кен орнынан алынды. Кеңес Одағы танк шығаруды 2,5 есе өсірді.\nБұл туралы \"Ұлы Отан соғысының тарихы\" кітабында\": Сайып келгенде бұл үлкен ұрыста жеңісп шыққанға тек зор табыс болды. Сапалы прокат өндіру жедел артты. Магнитогор комбинатын жезді ферромарганецпен дер кезінде жабдықтау броньдық прокат беруді 3 есе өсірді\" деп жазылған.\nҚаныш Сәтбаев та 1943 жылдың 21 желтоқсанында \"Казправда\" газетінде жарық көрген \"Отан соғысы күндеріндегі Қазақстан интеллигенциясы\" атты мақаласында Қазақстандағы өндірістің майданға қосқан үлесін тап көрсетеді:\n\"Қазақстан қойнауындағы барлық орасан зор байлықтар қазіргі таңда Отан қорғанысына жұмылдырылды. Қазақстан – ел ішінде қорғасын мен молибден өндіруде алдыңғы орында, ал мыс қорытуда жетекші республикалардың біріне айналды.Гитлершіл жауды жоятын әр 10 оқтың 9-ы – Қазақстанда өндірілген қорғасыннан жасалған. Танктер мен өздігінен жүретін қарулардың жартысынан көбі – құрамында қазақ молибдені бар броньмен қапталған. Патрон мен снарядтардың гильзаларының үштен бірінен астамы, сонымен қатар майдандағы әскердің байланыс құрылғылары да – Қазақстанда өндірілген мыстың қорытпаларынан жасалған.Қазақстанның жоғары сапалы марганец кендері уақытша жоғалған Никополь кен орындарының орнын басты. Бүгінде олар – Кеңес Одағының әскери қуатын қамтамасыз етіп отырған Орал металлургия зауыттарының жұмысын қамтамасыз етіп отыр\", деп жазды.\nҚаныш Сәтбаев тек Жездімен шектеліп қалған жоқ. Ол геология саласын стратегиялық құралға айналдырып, республиканың түрлі аймағынан қорғасын, мыс, темір, вольфрам, молибден және басқа да пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтап, олардың соғыс өндірісіне бағытталуын қамтамасыз етті. Ғалымның ұйымдастыруымен Қарағанды маңындағы Жауыртау мекені зерттелді. Нәтижесінде қазіргі Теміртау қаласы бой көтерді.\nКейін ғалым бұл турасында: \"Қазақстан майданды металмен, қару-жарақпен және азық-түлікпен қамтамсыз ететін қуатты арсеналға айналды. Республикадағы табиғи ресурстарды ел қорғанысы үшін тауып, жұмылдыру ісі өте-мөте қатты дамыды\", – деп жазды.\nСоғыс жылдары Қазақстанда 200-ден астам жаңа өнеркәсіп орны ашылып, олар әскери тапсырысты орындауға жұмылдырылды. Бұған себепкер болған — табиғи байлық пен оны тиімді игере білген ғалымдардың бірлескен еңбегі.\n\"Меніңше, барлық ғылыми қызметкерлердің, бүкіл кеңес зиялыларының ойы мен сезімін жеткіземін деп ойлаймын: әрқайсымыз бар шығармашылық күш-жігерімізді жұмсай отырып жұмыс істеудеміз және жұмыс істей беретін боламыз, отан игілігі үшін, жеңісті жақындату жолында бар ынтамызбен, табандылықпен еңбек етеміз\", – деген еді бұл туралы Қаныш Сәтбаев.\nҚаныш Имантайұлының басшылығымен Кеңес ғалымдары ғылыми және техникалық жетістіктердің барлығын Отан қорғанысының мүддесіне бағыттап, аса ірі жеңіске жетті. Ол геологияны әскери стратегиямен ұштастырып, кен орындарын жедел барлау мен игеру тәжірибесін қалыптастырды. Соғыс жылдарында пайдалы қазбаларды іздестіру үшін 350 эскпидициялық отряд құрылды. 1941 жылы олардың саны 38 болатын. 1944 жылы кен байлықтарын зерттейтін 38 ғылыми-зерттеу мекемесі жұмыс істеді. Қазақстан филиалы соғыс жылдарында үкімет пен халық комиссаритарына 160-тан астам пайдалы ұсыныс тапсырды.\nОсылайша гитлершілердің Кеңес Одағы Германиямен ғылыми-техникалық тұрғыда бәсекелесе алмайды деген үміті ақталмады. Сол еңбегі үшін ғалым 1945 жылы екінші рет Ленин орденімен және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.\nҚаныш Сәтбаевтың жұмысы тек соғыс кезінде емес, соғыстан кейінгі Қазақстан индустриясының негізін қалауға да себеп болды. Ғалым 1946 жылы жаңадан құрылған Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті болды.\n\"Халықаралық Сәтбаев қорының\" қамқоршылар кеңесінің төрағасы,сенат депутаты Алтынбек Нухұлыныңайтуынша, академик Қаныш Сәтбаев – ел тарихына алтын әріппен жазылған ұлы тұлға. Соғыс жылдарында Сәтбаевтың майдан үшін жасаған еңбегі әскери операциямен пара-пар бағаланған.\n\"Жезді марганец кенішін небары 38 күн ішінде іске қосып, алғашқы стратегиялық маңызды марганец кенін Орал мен Сібірдегі танк зауыттарына жөнелту – бұл тек геологиялық емес, тарихи ерлік. \"Ұлы Отан соғысының тарихы\" кітабында Жезді кенішінің маңызы турасында: \"соғыстағы әр ісі операцияда жеңіспен пара-пар\" деп көрсетілуі – соның дәлелі. Соғыс жылдарында Кеңес Одағы армиясы қолданған танктердің 80 пайызы Жезді марганецінен жасалған. Әсіресе атақты Т-34 танкісінің сауытында Жезді марганеці қолданылды. Өйткені болатқа марганец қосылғанда, ол шынайы сауытқа айналып, жау снарядтарын өткізбейтін деңгейге жеткен. Сол секілді соғыста атылған әр он оқтың тоғызы – Қазақстанның қорғасынан, ал әр үшінші снаряд пен гильза – Жезқазған мысынан жасалғаны – Қаныш Сәтбаев ашқан қазба байлықтардың тікелей нәтижесі. Бұл көрсеткіштер ғылым мен геологияның, соның ішінде бір ғалымның – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың – Жеңіске қосқан орасан үлесін дәлелдейді. Осыны ескере отырып,Жеңістің 80 жылдығында Қаныш Сәтбаевқа \"Халық қаһарманы\" атағы берілуі керек.Бұл марапат Қанышқа емес, қазақ халқына, келер ұрпаққа қажет. Өйткені ол тек қазба байлықты емес, қазақ ғылымын, экономикасын, болашағын қалыптастырды\", – деді Алтынбек Нухұлы."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kolaysyiz-aua-rayyi-kazakstannyin-ontustgnde-tolassyiz-371940/", "title": "Қолайсыз ауа райы: Қазақстанның оңтүстігінде толассыз жаңбыр жауады", "text": "Казгидромет синоптиктері 3, 4 және 5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nКазгидромет синоптиктері 3, 4 және 5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nБолжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклоны әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.\n\"4 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанады\", - деді синоптиктер.\nҚазақстан бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы уақытта тұман, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/segirtkemen-kureske-71-mlrd-tenge-bolindi-saruaga-komek-ekozuiege-ziianyn-tigizbei-me", "title": "Шегірткемен күреске 7,1 млрд теңге бөлінді. Шаруаға көмек экожүйеге зиянын тигізбей ме", "text": "Биыл шегірткемен күреске жылдағыдан көбірек қаражат бөлінді – 7,1 миллиард теңге. Бұл сома 38 миллион гектар жерге арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шараларды жүзеге асыру үшін керек. Сондай-ақ, 2025 жылы былтырдан екі есе көп, яғни 4342 маман егінді шегірткеден қорғау жұмысымен айналысады деп жоспарланып отыр. Осы орайда ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіруші маман Мұрат Асанов шегірткемен күреске шекаралас жатқан мемлекеттер бірге араласса, нәтиженің әлдеқайда жақсы болатынын айтады.\n2025 жылы елімізде шегіртке зиянкестерінің таралуы2,1 миллион гектараумақты қамтитыны болжануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллион гектарға азайғанын көрсетеді. Шегірткеден қорғау шараларын тиімді ұйымдастыру мақсатында республикалық бюджеттен7,1 миллиардтеңге бөлінді. Осы қаржы шеңберінде38 миллион гектаржерге кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Аталған жұмыстарға4342 мамантартылатын болады, бұл өткен жылмен салыстырғанда жұмыс күші екі есеге артқанын көрсетеді. Жоспарланған шаралар шегіртке мәселесімен тиімді күресуге және ауыл шаруашылығына келетін зиянды азайтуға бағытталған.\n\"Қазіргі уақытта аймақтарда кешенді қызметтерді сатып алу шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың бір бөлігі ретінде мердігерлермен келісім-шарттар жасалып, өңдеуге443 бірлік бүріккіш техникатартылады. Шегірткелердің ең көп таралуы байқалатын өңірлерде жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында жедел штабтар құрылды. Осы штабтар облыс әкімдерінің орынбасарларының жетекшілігімен басқарылады, олар жергілікті жерлерде жұмыс үйлестіру жұмыстарын атқаруда. Мұндай шаралар аймақтардағы ауыл шаруашылығын шегірткелердің залалынан қорғау үшін қолға алынған\", – деді Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер.\nШегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларын тиімді жүргізу мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары мен арнайы жол картасы әзірленді. Бұл құжаттарда зиянкестердің таралуына жол бермеу үшін алдын алу шаралары, жүйелі мониторинг жүргізу және химиялық құралдарды қолдану әдістері қарастырылған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мамандарын оқыту және халықты ақпараттандыру жұмыстары жоспарланған. Осы арқылы зиянкестердің ауыл шаруашылығына келтіретін залалын барынша азайту мақсат етіледі.\n\"Қазақстанда шегірткелер көбінесе ауылдық және егіншілікпен айналысатын аймақтарда таралады. Әсіресе, Қостанай, Ақтөбе және Түркістан облыстарында олардың ауыл шаруашылығына тигізетін зияны жиі тіркеледі. Сонымен қатар, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында да шегірткелердің жаңа таралу ошақтары анықталған. Олар көбінесе ашық, құрғақ және шөпті жерлерде, әсіресе ауыл шаруашылық алқаптарында кездеседі, – деді маман Мұрат Асанов.\nҚазіргі уақытта Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткемен күресу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті билік пен аграрлық мамандар шегірткелердің таралуына тосқауыл қою мақсатында алдын алу шараларын қолға алды. Бұл аймақтарда шегірткелердің көбеюі ауыл шаруашылығы өнімдеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін болғандықтан, өңірлерде дезинсекциялық жұмыстар жүргізу және фермерлерді ақпараттандыру жоспарланған. Аталған шаралар шегірткелердің көбеюін болдырмауға және егін алқаптарын қорғауға бағытталған.\nМарокко шегірткелерінің дернәсілдеріне мониторинг жүргізу мақсатында Түркістан облысына арнайы мамандар жіберілмек. Бұл үшін Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарынан білікті мамандар қатысады. Жалпы есепте, өңірлерге барлығы 12 көлік жүргізушісі мен 20 аудандық бөлімшелердің басшылары мен мамандарының қатысуы жоспарланған. Бұл шара Марокко шегірткелерінің таралуын бақылап, зиянын азайту мақсатында маңызды рөл атқарады.\n2025 жылы шегірткелермен күрес тиімділігін арттыру мақсатында барлық мүдделі тараптардың үйлестірілген әрекеттері жүзеге асырылады. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарының зақымдану қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Бірлескен күш-жігердің арқасында шегіртке зиянкестерімен күресте тиімділік жоғарылап, аграрлық сектордың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, деп сендірді министрліктегілер.\nПремьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық штаб отырысында алдыңғы аптадағы жағдай талқыланды. Отырыста шегіртке зиянкестерімен күресу шаралары, олардың таралу аймақтары және алдын алу бойынша жоспарлар қарастырылды. Мемлекеттік органдар мен аймақтық өкілдіктердің үйлестірілген іс-қимылының маңыздылығы атап өтіліп, тиімді шаралар қабылдау қажеттілігі баса айтылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен басқа да жауапты органдар жедел әрекет етуге міндеттілігіне назар аударылды.\nБүгінде шегірткенің таралу ошақтарын анықтау мақсатында16,7 миллион гектараумаққа мониторинг жүргізілді, бұл жоспарланған жұмыстың98 пайызынқамтиды. Осыған орай, қорғаныс шаралары қолданылып, олардың жалпы ауданы2,9 миллион гектарғажетті. Бұндай шаралар шегіртке зиянының алдын алу және ауылшаруашылық алқаптарын қорғау үшін маңызды.\nАқмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында итальяндық прус шегірткесіне қарсы күрес шаралары белсенді түрде жалғасуда. Ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар мен аймақтық билік органдары өзара ынтымақтастықта болып, зиянкестердің таралу ауқымын азайтуға күш салуда. Мұндай шаралар жергілікті өсімдіктерді қорғауға және егін өнімділігін сақтап қалуға бағытталған. Арнайы топтар химиялық өңдеулерді жүзеге асырып, тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп отыр. Бұл аймақтарда атқарылып жатқан шаралардың арқасында зиянкестердің шығынын минималды деңгейде ұстап тұру көзделуде.\n\"Шегірткелер көбінесе құрғақ және жылы климатты аймақтарда көп кездеседі. Олардың негізгі мекендейтін жерлері – далалы, шөлейт және шөлді аймақтар. Шегірткемен күресті екі немесе одан да көп мемлекеттердің бірігіп жүргізуі әлдеқайда тиімді. Себебі бұл зиянкестер шекараларды елемей, үлкен қашықтықтарға көшіп отырады. Егер елдер үйлестірілген шаралар қолданса, химиялық өңдеу, биологиялық бақылау және мониторинг жүйелері тиімдірек жұмыс істейді. Сонымен қатар, шығындар да біркелкі бөлініп, жалпы нәтижелілік артады\", – деп түсіндірді маман Мұрат Асанов.\nАуыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша шегірткенің таралу орындарын анықтау үшін зерттеу жүргізілгенін айтты. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында шегірткенің ұшып келу қаупі жоқ екенін және жағдайдың тұрақты екенін атап өтті.\nЖақында Қазақстанның бірнеше облыстарында шегірткелердің таралуы бойынша талдау жүргізілді. Атап айтқанда, Ақтөбе және Абай облыстарында шегірткелердің таралуы анықталған жоқ. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Ресей Федерациясымен шектесетін аумақтарда шегірткенің шоғырлануы экономикалық зияндылық шегінен төмен деңгейде екені белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының аграрлық вице-министрі мәлімдеді.\nШегіртке таралуы ықтимал аймақтарда зиянкестердің көбеюін болдырмау үшін бақылау және өңдеу жұмыстары жалғастырылатын болады. Бұл іс-шаралар зиянкестердің ауыл шаруашылығы өнімдеріне тигізуі мүмкін зияндарының алдын алу мақсатында жүзеге асырылмақ. Мамандар аймақтардағы жағдайды қадағалап, қажет болған жағдайда қосымша шараларды қолға алуға дайын. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, табиғи ортаға залал келтірмеу үшін арнайы әдістер қолданылуда. Сонымен қатар, шаруаларға шегіртке зардаптары және олармен қалай күресуге болатыны туралы ақпараттар беріледі. Осының арқасында, аймақтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігі сақталмақ."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ekonomikalyq-emes-saiasi-messedz-donald-tramptyn-qazaqstanga-qatysty-tarif-saiasatynyn-astarynda-ne-zatyr", "title": "\"Экономикалық емес, саяси месседж\": Дональд Трамптың Қазақстанға қатысты тариф саясатының астарында не жатыр", "text": "2025 жылдың 1 тамызынан бастап АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыздық кедендік баж салығы енгізілетіні белгілі болды. Бұл мәлімдеме халықаралық қауымдастық пен сарапшылар арасында қызу пікірталас тудырып, геосаяси және экономикалық салдарын бағалау қажеттігін күн тәртібіне шығарды.\nҚазақстан үшін бұл шешімнің салмағы қандай? Экспортқа тікелей әсер ете ме? Әлде бұл АҚШ-тың жаһандық саудадағы жаңа стратегиясының бір бөлігі ғана ма? Осы және өзге де маңызды сұрақтар төңірегінде біз қазақстандық экономистерден пікір алып, Трамптың тарифтік саясатының Қазақстан экономикасына ықтимал әсерін талдадық.\nЭкономист Айбар Олжайдыңайтуынша, Трамп әкімшілігінің қазіргі ұстанымы – АҚШ экономикасындағы сауда теңгерімсіздігін түзетуге бағытталған.\n\"АҚШ-тың Трамп әкімшілігі кезінде қолға алған негізгі бағыттарының бірі – сыртқы сауда теңгерімін қалпына келтіру. Олар: \"Америка өз тауарынан гөрі сырттан әкелген тауарға көбірек тәуелді болып кетті. Біз өндірмейміз, тек тұтынамыз. Бұл ұзақмерзімді перспективада елдің экономикалық дербестігіне қауіп төндіреді\" деп есептеді. Сондықтан олар импортқа кедендік баж салығын көбейтіп, өз өндірісін ынталандыруды жөн көрді. Мақсат – АҚШ экономикасын қайта индустрияландыру, жұмыс орындарын ел ішінде сақтау және Қытайға тәуелділікті азайту\", – дейді Айбар Олжай.\nЭкономистің айтуынша, бұл саясаттың артында экономикалық қана емес, саяси және геосаяси мүдделер де бар. Сарапшы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы тек экономикаға ғана қатысты емес екенін айтады.\n\"Бұл жерде әңгіме тек доллар мен юаньның айырмашылығында емес. Бұл – ықпал үшін күрес. Қытай өндірісті жаһандық деңгейде өз қолына алғысы келеді. Ал АҚШ бұған жол бермейді. Олар Қытайды нарықтағы шексіз өндіруші емес, белгілі бір шеңберде әрекет ететін ойыншы ретінде көргісі келеді. Сондықтан сауда кедергілері – бір жағынан экономикалық құрал, екінші жағынан саяси қысым. Олар Қытайға \"бізге тым жақын келме\" деген белгі беріп отыр\", – деп түсіндірді экономист.\nАйбар Олжай бұл жағдайдың Қазақстанға қандай әсері болатынын да ашып айтты. Оның пікірінше, біз үшін бұл үрдістің тіке қатері жоқ.\n\"Қазақстан АҚШ-қа дайын өнім экспорттамайды. Біз негізінен шикізат жеткіземіз. Мұнай, металл, ферроқорытпа, кейде химия өнімдері. Бірақ бұл – стратегияға бағытталған өнімдер. АҚШ бұл шикізатқа кеден салығын салмайды. Себебі ол олардың өндірісіне керек. Сондықтан \"бізге де кеден салығын салды\" деген қауесет негізсіз. Бұл біздің экспорттық табысымызға әсер етпейді\", – дейді маман.\nАйбар Олжай Қазақстанның кедендік саясаты туралы да сөз қозғады. Ол еліміздің кеден жүйесі дербес емес екенін, оның Еуразиялық экономикалық одақ аясында жүргізілетінін баса айтты.\n\"Бізде кеден салығы жеке-жеке елдерде емес, ортақ келісім бойынша белгіленеді. Қазақстан Ресеймен, Беларусьпен, Қырғызстанмен және Армениямен бір одақта. Бұл дегеніміз – кедендік ставкаларды бірлесе отырып шешеміз. Яғни, АҚШ-тан келетін өнімге \"Қазақстан кеден салығын көбейтеді\" деген сөз шындыққа жанаспайды. Біз ондай қадамды жеке-дара жасай алмаймыз\", – дейді сарапшы.\nОның айтуынша, Қазақстан бұл жағдайда эмоциямен емес, ақылмен әрекет етуі керек.\n\"Біз – АҚШ-пен ашық соғыс жүргізіп жатқан ел емеспіз. Керісінше, прагматикалық ынтымақтастыққа мүдделіміз. Мысалы, бізге АҚШ-тан келетін тауарлар – өте қажет дүниелер. Электроника: ноутбук, планшет, смартфон. Химия өнімдері: бояу, реагенттер және ең маңыздысы – авиация. Біз \"Boeing\" ұшақтарын сатып аламыз. Бұл – жай ғана бизнес емес, еліміздің әуе инфрақұрылымының бір бөлігі. Біз оған салық салып, өзімізге зиян келтіруіміз – қисынсыз шешім болар еді. АҚШ-тан Қазақстанға келетін импорт шамамен 2 миллиард доллардың айналасында. Бұл әлемдік сауда аясында салыстырмалы түрде шағын көрсеткіш. Сондықтан екіжақты сауда қарым-қатынаста шектеулер енгізу – екі жаққа да тиімсіз. Бізге АҚШ керек, оларға біз – аса маңызды сауда серіктесі емеспіз, бірақ ынтымақтастық артық етпейді. Сол себепті біз эмоциямен емес, ұлттық мүддемізбен жұмыс істеуіміз керек\", – деп қорытты Айбар Олжай.\nЭкономист Елдар ШамсутдиновТрамп әкімшілігінің бұл шешімін таза экономикалық мүддеден емес, кеңірек геосаяси мақсаттан туындаған қадам ретінде сипаттайды. Оның айтуынша, бұл жерде сауда балансына қарағанда, геосаяси салмақ басым.\n\"Бұл шешімнің астарында тек экономика емес, үлкен саясат жатыр. Трамп әкімшілігі Қытаймен ғана емес, BRICS елдерімен тұтастай жаңа экономикалық блок құру ықтималдығына алаңдады. Мұндай жағдайда Қазақстанның рөлі де кездейсоқ назарға іліккен жоқ. Біз – Ресейдің мұнайын транзиттейтін негізгі елміз. Сондықтан АҚШ бұл қадамымен саяси белгі бергісі келді. Бұл \"біз бәрін бақылауда ұстап отырмыз\" деген месседж. Тікелей экономикалық пайдадан гөрі, осындай ақпараттық және саяси сигнал жіберу әрекеті деп есептеймін\", – дейді сарапшы.\nЕлдар мырза, әсіресе, Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей экспортталатын өнімдерге тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы тауарлардың көлем үлкен емес, бірақ символдық мәні бар.\n\"Жыл сайын Қазақстаннан АҚШ-қа шамамен 95 миллион доллар көлемінде өнім экспортталады. Бұл – негізінен металдар, уран, химиялық заттар мен машина жасау саласының өнімдері. Егер баж салығы енгізілсе, осы салаларда қиындықтар туындайды. Дегенмен, ең үлкен қауіп – ресми емес, жанама жолмен экспортталатын өнімдерде. Әсіресе энергетика секторы осал. Мысалы, біз тікелей емес, үшінші елдер арқылы белгілі бір өнімдерді жеткіземіз. Ал баж салығы дәл осы тізбектерге әсер етіп, оларды бұзуы мүмкін\", – деп қосты Елдар Шамсутдинов.\nЭкономисттің пайымдауынша, АҚШ-тағы бұл шешім – Трамптың протекционистік саясатының бір бөлігі ғана. Қазақстан бұл процесте басты нысана емес, символдық деңгейде қаралған елдердің қатарында.\n\"Бізге бағытталған бұл шешімнің астарында нақты бір экономикалық қадам жоқ. Бұл – тікелей нысана емес, жанама қысым, саяси нышан ретінде орын алған әрекет. Яғни, \"кім Қытаймен, Ресеймен тым жақын жүрсе – біз де оларға қысым жасай аламыз\" деген емеурін\", – дейді сарапшы.\nСонымен бірге, Елдар Шамсутдинов бұл шараның Қазақстан экономикасына ықпалы бар екендігін мойындай отырып, оның көлемі шектеулі болатынын жеткізді.\n\"АҚШ – біздің экспорттық нарығымыздың бір пайызынан да аз бөлігін ғана құрайды. Негізгі бағыттар – Қытай, Еуропалық Одақ және Ресей. Сондықтан бұл санкция біздің жалпы экономикамызға керемет соққы емес. Бірақ ол белгілі бір салаларға әсер етеді – бұл шындық\", – деп қосты Елдар Шамсутдинов.\nЭкономист баж салығы енгізілген жағдайда қазақстандық экспорттаушылар үшін нақты қандай қиындықтар туындайтынын да тәптіштеп түсіндірді.\n\"Кедендік баж салықтары әсіресе капиталды көп қажет ететін секторларға ауыр тиеді. Экспорттаушылардың табыстылығы төмендейді. Логистика қиындайды. Уран мен металл жеткізудегі бағыттар өзгереді. Ал ол дегеніңіз – қосымша шығын, уақыт жоғалту, жаңа нарық іздеу\", – дейді экономист.\nОл қысқа мерзімде валюталық тұрақсыздық пен логистикалық дағдарыстар орын алуы мүмкін деп есептейді. Оның айтуынша, Қазақстан бұл жағдайға дипломатиялық деңгейде жауап қатуы керек. Әсіресе, Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы нормалар мен ерекшеліктерді пайдалану арқылы өз позициясын қорғауға тырысу қажет. Экономист сондай-ақ екіжақты сауда қатынастарына кері әсер ету қаупіне де назар аудартты.\n\"Иә, теңгенің бағамында құбылу болуы ықтимал. Логистикамен айналысатын компаниялар күмәнданады, бағытын өзгертеді. Бұл нарықтағы сенімсіздікке алып келеді. Ал ұзақ мерзімде біз жаңа нарықтар іздеуге мәжбүр боламыз. Бұған дейін тек айтып жүрсек, енді әрекетке көшеміз. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Үндістан мен Түркияға қызығушылық артады. Қазақстан дипломатиялық арналарды пайдаланып, бұл мәселеге нақты реакция білдіруі керек. ДСҰ шеңберінде жеңілдіктер мен ерекшеліктер сұрауға мүмкіндігіміз бар. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ шешімге келу қиын болады. Бұл одақтың барлық мүшесі бірдей жағдайда тұрған жоқ. Егер баж салығын айналып өту жолдары мен логистикалық тізбектер тым күрделене берсе, онда екіжақты сауда қатынастары зардап шегеді. АҚШ үшін бұл үлкен қауіп емес, бірақ біз үшін маңызды мәселе. Сондықтан біз келіссөз бастауымыз қажет\", – дейді ол.\nСөзінің соңында Елдар Шамсутдинов Қазақстанның қазіргі нарықтарды әртараптандыру бағыты жайлы оң пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл бұрын қағазда қалған идея болса, қазір нақты іске айналып келеді. Экономист бұл жағдайдан ең алдымен қазақстандық экспорттаушылар зардап шегетінін, ал АҚШ-тың ішкі нарығына әсері тек уран сынды ерекше тауарлармен шектелетінін де атап өтті.\n\"Нарықтарды әртараптандыру – бұл жай теория емес. Біз \"Орта дәліз\" арқылы Қытай, Үндістан, Түркия және Парсы шығанағы елдерімен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұл үрдіс енді нақты іс жүзіне асып келеді. Иә, бұл шешімнің ең бірінші соққысы – біздің экспорттаушыларға тиеді. Себебі олар келіссөзде әлсіз. Қаржы, логистика, маркетинг жағынан да шектеулі. Ал америкалық тұтынушыларға әсері аз болады. Тек уран импорты сынды ерекше тауарлар үшін ғана ол маңызды\", – деп қорытты Елдар Шамсутдинов.\nR-Finance қаржы кеңесшісі Арман БайғановАрман Байғанов Трамп әкімшілігінің протекционистік саясатын жаһандық саудаға тікелей әсер ететін, бірақ ұзақмерзімді пайдадан гөрі ішкі саяси ұпай алуға бағытталған қадам деп санайды. Ол мұндай шешімдердің экономикалық логикасы барын мойындай отырып, оның шектеулі тиімділігін де атап өтті.\n\"АҚШ-тың көптеген елмен сауда сальдосы теріс. Яғни, олар экспорттағаннан гөрі көбірек импорттайды. Бұл – жай ғана статистика емес, стратегиялық мәселе. Өйткені шетелдік тауарлар үшін төленген ақша басқа елдердің экономикасын қаржыландырып жатыр. Мұндай жағдайда АҚШ өз өндірісін емес, Қытайдың, Германияның немесе өзге елдердің өндірісін қолдап отырғандай көрінеді. Бұл – дамушы елдер үшін тиімді болуы мүмкін, бірақ АҚШ үшін ұзақ мерзімді перспективада тиімсіз шешім. Сондықтан Трамп әкімшілігі ішкі өндірісті күшейтуге ден қойды\", – дейді Арман Байғанов.\nАрман Байғановтың айтуынша, бұл саясаттың түпкі мақсаты – америкалық жұмыс орындарын сақтау, салық базасын кеңейту және стратегиялық тауарлар өндірісін ел ішінде шоғырландыру. Сарапшы Қазақстанға қатысты сауда айналымының құрылымын да нақты атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасындағы экономикалық байланыс ауқымды болмаса да, өз ерекшелігі бар.\n\"Импортты шектеу арқылы ішкі нарықты қорғау – олар үшін өзінше бір экономикалық егемендік. Осы мақсатпен кедендік тарифтер көтерілді. Бұл – таза экономикалық қадам ғана емес, сонымен қатар саяси мәлімдеме. Яғни, \"біз өзімізге сенеміз, өз өнімімізді тұтынамыз\" деген ұстаным. Бірақ, әрине, мұның жанама салдары да бар, әсіресе халықаралық серіктестері үшін. Қазіргі таңда Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы шамамен 4,2 миллиард долларды құрайды. Соның ішінде 2,1 миллиарды – біздің экспорт. Бұл экспорттың едәуір бөлігі – шикізат. Алайда бұл жерде назар аударатын мәселе – стратегиялық сипаттағы өнімдер. Мәселен, шикі мұнай, уран, сирек кездесетін металлдар, техникалық күміс сынды тауарлар бар. Олар кедендік тариф тізіміне тікелей кірмейді. Себебі, бұл өнімдер – АҚШ үшін аса маңызды, стратегиялық мәні бар ресурстар. Оларды басқамен алмастыру қиын\", – деп қосты экономист.\nДегенмен экономист баж салығына нақты іліккен кейбір тауарлар бар екенін де жасырмайды. Байғановтың айтуынша, АҚШ Қазақстан үшін толық тәуелді нарық емес, сол себепті бұл шешімге байланысты біржақты қарсы шаралар қабылдау тиімсіз болар еді. Импорт мәселесіне келгенде, сарапшы америкалық өнімдер біз үшін қажет әрі бәсекесіз екеніне назар аударады.\n\"Қазақстаннан АҚШ-қа баратын 95 миллион доллар шамасындағы өнімдер баж салығына түсуі мүмкін. Бұл – фосфор мен оның қосындылары (әсіресе Сицилия арқылы өтетін экспорттық тізбек), кейбір ауылшаруашылық тауарлары, соның ішінде бидай негізіндегі өнімдер. Бірақ бұл көлем жалпы экспортпен салыстырғанда өте аз. Сондықтан бұл – экономикалық апат емес, тек ескеруге тұрарлық фактор. АҚШ-пен экономикалық тәуелділік деген бізде жоқ. Бұл санкциялар қазақстандық кәсіпорындардың экономикалық моделіне тек түзету енгізуді талап етуі мүмкін. Мысалы, өндірісті қайта құрылымдау, нарықтарды әртараптандыру немесе логистиканы оңтайландыру. Кейбір салалар бұған бейімделе алады, ал кейбірі үшін бұл – жаңа мүмкіндік. АҚШ-тан келетін дайын өнім көлемі шамамен 2 миллиард доллар. Бұл – өзімізде өндірілмейтін тауарлар: дәрі-дәрмек, медициналық құралдар, кейбір азық-түлік (мысалы, тауықтың жамбасы), өндірістік құрал-жабдықтар. Мұндай өнімдерді бірден алмастыру қиын. Сондықтан бізге \"айнадағыдай жауап береміз\" деп баж салып, эмоциямен шешім қабылдау тиімсіз. Қатаң қарсы шаралардан гөрі икемді, прагматикалық стратегия ұтымдырақ\", – деп түсіндірді Арман Байғанов.\nКеден саясатының отандық кәсіпорындарға ықпалы жайында да Арман Байғанов нақты ұстанымын білдірді. Экономист әлемдік сауда жүйесіне қауіп төніп тұрғанын да атап өтті.\n\"Әлемдік саудада кез келген тарифті көтеру – кері әсер береді. Біз – ғаламдық экономикаға кіріктірілген мемлекетпіз. Бүгінде ешбір ел өз-өзіне ғана сеніп, тұйық өмір сүре алмайды. Тіпті АҚШ-тың өзі де. Сол себепті кедендік шектеулер – халықаралық ынтымақтастыққа нұқсан келтіреді. Дүниежүзілік сауда ұйымы бірізді, әділ ережелерді сақтау үшін құрылған. Бірақ Трамп кезінде басталған бұл протекционизм – сол жүйеге жасалған шабуыл іспетті. Бұл тек Қазақстанға емес, жалпы әлемдік сауда тәртібіне зиян келтіреді\", – деді ол.\nСөзінің соңында Арман Байғанов АҚШ-тың бұл саясаты ақыр соңында өзіне зиян келтіретінін атап өтті.\n\"Иә, осындай тұрақсыздық инвесторлардың сенімін төмендетеді. Ал инвестициялық тартымдылық – кез келген елдің экономикалық болашағын айқындайтын фактор. АҚШ – әлемнің қаржы орталығы. Сол себепті олардың ішкі шешімдері бүкіл әлемдік нарыққа әсер етеді. Егер тұрақсыздық жалғаса берсе, олар стратегиялық әріптестерін жоғалтады, ал бұл – кез келген держава үшін қауіпті жағдай\", – деп қорытты экономист Арман Байғанов.\nЕске салсақ, 2025 жылдың 2 сәуірінде Дональд Трамп әлемнің түрлі мемлекеттерінен келетін тауарларға жаппай кедендік баж салықтарын енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сол кезде Қазақстаннан келетін тауарларға 27 пайыздық баж енгізу жоспарланған еді. Алайда, қаржы нарығындағы тұрақсыздықтарға байланысты АҚШ билігі бұл шешімнің күшін уақытша тоқтатып, тараптармен келіссөз жүргізу үшін тек 10 пайыздық баж мөлшерін қалдырған болатын. Аталған тоқтату мерзімі 9 шілдеде аяқталады.\nАҚШ қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, егер 1 тамызға дейін сауда келіссөздерінде алға жылжу байқалмаса, Вашингтон кедендік баждарды қайта қалпына келтіреді. Ал 7 шілдеде Трамп кез келген ел, егер ол БРИКС-тің антиамерикалық бағытына қосылатын болса, қосымша 10 пайыз көлемінде баж салығына ілігетінін мәлімдеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/basqurtstannyn-ay-yola-toby-qalai-bir-anmen-qazaqstandyqtardyn-zuregin-zaulap-aldy", "title": "Башқұртстанның Ay Yola тобы қалай бір әнмен қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды", "text": "2025 жылдың басында құрылған Башқұртстанның AY YOLA тобы фолк, рок, электроника секілді жанрлар мен қурай, қылқобыз, домбыра секілді дәстүрлі аспаптарды өзара үйлестіреді. Олар жобаны музыкалық альбом ретінде ғана емес, башқұрт эпосынан шабыт алған тұтас шоу ретінде таныстырады.\nAy Yola тобы 2025 жылдың басында Башқұртстан Республикасында құрылды. 16 қаңтар күні ұжым телеграм арна ашып, 11 ақпан күні жоба философиясы баяндалған жазба жариялады. AY YOLA – шығармашылығы башқұрттардың \"Орал батыр\" эпосына негізделген музыкалық трио. Музыканттар олардың мақсаты көне туындының мәнін қазір көпке танымал музыкалық формалар арқылы жеткізу екенін айтады. Артынша телеграм арнаға \"ВКонтакте\", Yappi, TikTok секілді басқа да әлеуметтік желілер қосылды.\nТоптың құрамында үш адам бар. Продюсері – өз елінде DJ Север атымен танымал Руслан Шайхитдинов. Бала күнінде скрипкада ойнауды үйренген. Авиациялық институттағы оқуын тәмамдаған соң мамандығы бойынша жұмыс істемей, радиоға орналасады, бизнес және диджеингпен айналысады. Шайхитдинов, сондай-ақ, топтың саунд-продюсері, бас пен қылқобызда ойнайды.\nРусланның қызы Адель Шайхитдинова топта ән айтады және гитара мен домбырада ойнайды. Ay Yola – Шайхитдиновтардың алғашқы бірлескен жобасы емес, 2019 жылы ТНТ арнасындағы \"Әндер\" жобасында олар Musume атымен өнер көрсетті. Қазір Руслан мен Адель Ay Yola тобын құрса да, болашақта Musume болып өнер көрсетуге қайта оралмақ.\nҰжымның үшінші мүшесі – Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі, \"Арғымақ\" этно-рок тобының құрушысы Ринат Рамазанов. Ол ән айтады және қурайда ойнайды. 2024 жылы үшеуі де \"Менің Уфам\" әнұранын таныстырып, жаңалықтарда \"Йолам\" жобасын қолға алғаны туралы айтылды.\n\"Бұл екі мүлдем бөлек ұжымның үйлесуі деуге болады. Адель қызым екеуіміз музыкамен шамамен 15-16 жыл шамасында айналысып келеміз, бірнеше альбом жариялаған Musume атты жобамыз да бар. Екінші жағынан – бэкграунды керемет бай, \"Арғымақ\" секілді тамаша ұжымды құрған, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, көптеген аспапта қатар ойнайтын, башқұрт мәдениетін терең білетін Ринат Рамазанов. Былтыр мен 50 жасқа, ал Уфа 450 жасқа толды, өзіме және қалама сый жасағым келіп, әнұран жаздым. Осылайша \"Менің Уфам\" әні дүниеге келді, ол \"Барша Уфа\" телекомпаниясы ұйымдастырған байқауда жеңіске жетті, уфалықтарға қатты ұнады және бірнеше фильмге саундтрек болды. Бұл әнді жазған кезде мен Уфа әнұранының қурай дыбыстарынсыз болмайтынын түсіндім. Ринатқа қурай партиясын жазып беруін өтініп жүгінген едім. Ол бұл композицияға өте көп үлес қосты, қызықты идея ұсынды, біз оған қазақ тіліндегі ескі Уфа гимнінен бір бөлік қостық. Сол сәттен бастап Ay Yola деген атаумен жаңа тарих басталды. Біз үш бір-бірімен сәйкес келмейтін нәрсені: заманауи дыбыс, этникалық музыка жаңғырығы және \"Орал батыр\" эпосын біріктіруді ұйғардық. Бұл философия аттас альбомның барлық жерінде көрініс табады. Оны біз 10 айда жазып шықтық, демалыссыз жұмыс істедік\", – деді Руслан Север mgazeta.com сайтына берген сұхбатында.\n2025 жылдың ақпан айында Ay Yola тобы әлеуметтік желіге Batyr дебюттық синглының үзіндісін көпке жариялады. Әннің жеткізер ойы – уақыт өтіп, керуен көшсе де, өзінің отбасы, жері мен сенімін қорғайтын нағыз батырлардың бар екенін, халыққа еш жамандық төніп тұрған жоқ екенін еске салу. Мәтінде эпостың бас кейіпкерін арманына жетелеген Ақбозат туралы да айтылады. Ал ән 21 ақпанда \"VK Музыка\", \"Яндекс Музыка\", \"Звук\" және т.б. платформаларда пайда болды.\nBatyr синглы шыққаннан кейін музыканттар екінші релиз Homay-ды жария етті. Хумай – башқұрт аңыздарының кейіпкері, тазалық, даналық және туған жерге деген адалдықтың символы. Хумай – өзі үстінен ұшып өткен адамға жарқын болашақ сыйлайтын, әдемі аруға айнала алатын құс. Homay әні 14 наурыз күні көпшілікке жол тартып, көрші елдерде де хитке айналды.\n27 ақпан күні Ay Yola тобы тыңдармандарымен Batyr әнінің лирик-видеосын бөлісті – ол толыққанды бейнебаян емес, мәтіні жазылған видео. Сондай-ақ, топ әнді башқұрт және орыс тілінде жариялады.\nҚазір Ay Yola тобы болашақта Ural-batyr альбомына кіретін тректер шығарып жатыр. Оның 12 әннен құралатыны белгілі. 2025 жылдың 24 ақпанында ұжым Yola атты үшінші әнді таныстырды. 2025 жылғы 4 сәуірде топтың дискографиясы Орал батыр мен алып бұқаның шайқасын баян еткен Ugez әнімен толықты.\n2025 жылғы наурыз айының соңында Ay Yola тобының Homay әні әлеуметтік желіде асқан танымалдылыққа ие болды. Тректің үзіндісі жарияланған видеоға тыңдармандар жүздеген пікір жазып, башқұрт мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып жатыр. Бұл туындыны \"Аигел\" тобының 2023 жылы жарияланған \"Пыяла\" хитімен де қатар қойып жатқандар бар. Ay Yola \"Салават Юлаев\" – \"Сибирь\" матчының алдында ән салды, сондай-ақ, мамыр айында Ün Music Week халықаралық фестиваліне қатысады деп жоспарланып отыр."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/on-minutka-shyikkanday-korned-aktauda-er-adam-z-tuzsz-371934/", "title": "“Он минутқа шыққандай көрінеді“. Ақтауда ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен", "text": "Ақтауда 38 жастағы жергілікті тұрғын Андрей Сотниченко жоғалып кетті. Ер адамның көптен бері көзге түспей кеткенін көршілері байқаған, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісіLada.kz-кесілтеме жасап.\nАқтауда 38 жастағы жергілікті тұрғын Андрей Сотниченко жоғалып кетті. Ер адамның көптен бері көзге түспей кеткенін көршілері байқаған, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісіLada.kz-кесілтеме жасап.\nЕр адам жоғалғаны туралы хабар әлеуметтік желілерде жарияланды. Таныстарының айтуынша, Андрей 12-шағынауданда жалғыз тұрады. Көршілері оны бір апта бойы көрмеген, сондай-ақ оларды терезелердің айқара ашық тұрғаны алаңдатқан.\nОсыған байланысты құтқарушылар мен полиция қызметкерлері шақырылды. Пәтердің есігі ашылғанымен, ішінде иесі болмаған.\n\"Әдетте оның дүкенге барып жүргені көрінетін, үйіне адамдар келіп-кетіп жататын. Ал бұл жолы бір аптадан аса тыныш болып қалды, терезелері екі жағынан ашық тұр. Он минутқа шығып, пәтерді желдетуге қалдырғандай көрінеді. Мұнда оның туыстары жоқ, әпкесі Астраханда тұрады, ол да алаңдап отыр\", – деді таныстарының бірі.\nЖоғалған ер адамның шашы ашық түсті, бойы шамамен 170 сантиметр. Оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар +7 705 144 2541 (Юлия) нөміріне хабарласа алады.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/dress-kod-avtobus-kestesi-zane-kiru-tartibi-backstreet-boys-koncertinin-korermenderi-ne-bilu-kerek", "title": "Дресс-код, автобус кестесі және кіру тәртібі: Backstreet Boys концертінің көрермендері не білу керек", "text": "21 қыркүйекте \"Астана Арена\" стадионында алғаш рет әлемге әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Бұл кешке 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді. Көпшілік асыға күткен концерт қарсаңында қалада қандай дайындық жасалды? Жанкүйерлерді не күтіп тұр? Дресс-код қандай? Шаттл автобустар қай жерден жүреді? Informburo.kz көрерменге қажет ақпаратты жинақтады.\nӨтетін орны:\"Астана Арена\" стадионыКүні:21 қыркүйекКөрерменді кіргізу уақыты:17:00Шоудың басталуы:19:30\nӘкімдіктің хабарлауынша, концерт күні қалада көлік жүктемесін азайту үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 16:00-ден бастап қаланың бес нүктесінен көрермендерді стадионға жеткізеді:\nКөрермендер стадионға тек билетте көрсетілген сектордың есігінен кіре алады.\nКонцертті ұйымдастырып отырған \"Астана концерт\" ұйымы көрермендерге бірыңғай ақ түсте киініп келуді ұсынды. Барлығы ақ түсті киіммен келсе, концерт атмосферасы ерекше әсерлі болады деп күтілуде.\nОсыған байланысты қазақстандықтар әлеуметтік желілерде #GetReadyWithMe хэштегімен концертке қалай киініп келетінін көрсетіп жатыр.\nҰйымдастырушылардың мәліметінше, концертті көру үшін Астанаға Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, БАӘ, Австралия сияқты 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді.\nБұл концерттің тек Қазақстан ауқымындағы емес, Орталық Азиядағы ірі мәдени оқиғаға айналатынын көрсетеді.\nКонцертте топтың әлемге белгілі хит әндері шырқалады. Олардың қатарында I want it that way, Everybody, As long as you love me, Quit playing games, Larger than life сынды әндер бар. Бұл әндер бірнеше буынның жастық шағымен, мектептегі би кештері мен 90-жылдардағы поп-мәдениетпен тығыз байланысты.\nBackstreet Boys 1993 жылы АҚШ-тың Флорида штатында құрылды. Топта Эй Джей Маклин, Хауи Дороу, Ник Картер, Кевин Ричардсон және Брайан Литтрелл өнер көрсетеді. 1999 жылғы Millennium альбомы 30 миллионнан астам данамен сатылып, поп-музыка тарихындағы ең табысты дисктердің біріне айналды.\nБүгінде топ 130 миллионнан астам альбом сатып, әлемдегі ең табысты поп-группалардың қатарын толықтырды. 2025 жылы Лас-Вегастағы The Sphere кешенінде бір күнде 500 мың билет сатылып, рекорд орнатқан болатын.\nАстанадағы концерт осы турдың бір бөлігі ретінде өтеді. Ұйымдастырушылар бұл оқиғаны Орталық Азиядағы ең ірі мәдени шаралардың бірі деп бағалап отыр."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/bir-palataly-parlament-qazirgi-zuieden-aiyrmasylygy-qandai-zane-alemdik-taziribege-solu", "title": "Бір палаталы парламент: Қазіргі жүйеден айырмашылығы қандай және әлемдік тәжірибеге шолу", "text": "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында екі палаталы парламенттен бір палаталы жүйеге көшу туралы бастама жасады. Алайда бұл реформаны асығыс жүзеге асыруға болмайтынын, оны бір жыл бойы қоғамда, сарапшылар ортасында және қазіргі Парламентте талқылау керектігін айтты. Егер халық қолдаса, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізіліп, Конституцияға өзгеріс енгізілуі мүмкін.\nБұл бастама нені білдіреді? Бір палаталы және екі палаталы жүйелердің айырмашылығы қандай? Әлемде қай елдер бір палаталы жүйені таңдаған? Informburo.kz осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.\nҚазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 1993 жылғы Конституция бойынша бірпалаталы Жоғарғы Кеңес жұмыс істеді. Алайда ол саяси тұрақсыздық жағдайында тиімділігін көрсете алмады. 1995 жылғы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін екі палаталы Парламент құрылды. Ол: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.\nПарламент жүйесінің негізгі екі түрі бар: бір палаталы және екі палаталы. Бұл жүйелердің айырмашылығы – заң шығарушы органның құрылымында.\nЕкі палаталы жүйе:Заң шығарушы орган екі тәуелсіз палатадан тұрады. Әдетте олар Жоғарғы палата (Қазақстанда – Сенат) және Төменгі палата (Қазақстанда – Мәжіліс) деп аталады.\nТөменгі палата: Көбіне жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланады және халықтың мүддесін білдіреді. Заң жобаларына бастамашылық жасау және бюджетті бекіту сияқты негізгі өкілеттіктер осында шоғырланған.\nЖоғарғы палата: Құрылу принципі әртүрлі болуы мүмкін: аймақ өкілдерінен, тағайындалған мүшелерден немесе жанама сайлау арқылы жасақталады. Оның басты міндеті – төменгі палата қабылдаған заңдарды тағы бір рет сүзгіден өткізу, аймақтық мүдделерді қорғау және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау.\nЗаң жобалары екі палатада да мақұлдануы керек. Мысалы, Қазақстанда алдымен заң жобасын Мәжіліс әзірлеп, мақұлдаған соң, Сенатқа жібереді. Сенат заң жобасын мақұлдаған соң ғана, құжат Президенттің қол қоюына жіберіледі. Сенат заң жобасымен келіспесе, кері қайтарып жібере алады.\nБұл жүйе федералдық немесе үлкен елдерде таралған, өйткені ол түрлі мүдделерді теңестіруге мүмкіндік береді.\nБір палаталы жүйе: Заң шығарушы органның бір ғана палатасы болады. Барлық заң жобалары осы бір палатада талқыланып, қабылданады. Депутаттар әдетте халық санына немесе партиялық тізімге сүйене отырып сайланады. Бұл жүйе кішігірім елдерде немесе унитарлық мемлекеттерде жиі кездеседі.\nҚасым-Жомарт Тоқаев егер Қазақстан бір палаталы Парламентке көшсе, онда Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн екенін жеткізді.\nӘр жүйенің өзіндік оң және теріс тұстары бар.\nӘлемдегі 188 ұлттық парламенттің шамамен 107-сі бір палаталы.\nЕуропа:Даниядағы – Фолькетинг, Швециядағы – Риксдаг, Финляндиядағы – Эдускунта, Грекиядағы – Халық жиналысы, Португалиядағы – Республика ассамблеясы бір ғана палатамен жұмыс істейді. Бұл елдерде парламент саяси тұрақтылыққа сүйеніп, заң қабылдау үдерісін жеделдету үшін қарапайым модельді сақтап отыр.\nАзия:Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі, Сингапур Парламенті, Қытайдың Бүкілқытай халық өкілдері жиналысы, сондай-ақ Израильдегі Кнессет – бір ғана палатадан тұратын заң шығарушы органдар. Бұл елдерде парламенттің күші әртүрлі: мысалы, Түркияда Ұлттық Мәжіліс шешуші рөл атқарса, Қытайда халық өкілдері жиналысы партиялық бақылаудағы символдық институт ретінде жұмыс істейді.\nТМД:Посткеңестік елдер ішінде де бірпалаталы парламенттер бар. Грузия Парламенті мен Қырғыз Республикасының Жогорку Кеңеші бір ғана палата арқылы заң шығару қызметін атқарады. Бұл елдерде қос палаталы жүйе тиімсіз деп танылып, саяси және экономикалық шығындарды азайту мақсатында қайта қаралған.\nӘлемдегі ең көне парламент– Исландиядағы Альтинг (Alþingi). Ол 930 жылы құрылған және бірпалаталы орган ретінде жұмыс істеді. ХХ ғасырда екі палаталы жүйеге көшті, алайда 1991 жылдан бастап қайтадан бірпалаталы жүйеге оралды.\nЕң үлкен бірпалаталы парламент:Әлемдегі ең ауқымды бірпалаталы парламент – Қытайдың Бүкілқытай халық өкілдері жиналысы. Оның құрамында шамамен 3 мыңға жуық депутат бар. Бұл орган елдің заң шығару билігін жүзеге асырады, бірақ іс жүзінде Қытай коммунистік партиясының бақылауындағы саяси институт саналады.\nЕң кішкентай парламент:Тувалу парламентінде бар-жоғы 16 депутат бар. Депутаттар 4 жылға сайланады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/nemere-baqqysy-kelmeitinder-bar-qanymzan-kolbaeva-qazirgi-qazaq-enelerine-aqyl-kenesin-aitty", "title": "\"Немере баққысы келмейтіндер бар\": Қанымжан Көлбаева қазіргі қазақ енелеріне ақыл-кеңесін айтты", "text": "Қазақ қоғамында ене мен келін тақырыбы қашан да маңызды. Бірде келін, бірде ене мәселесімен әлеуметтік желі мен отандық ток-шоу табалдырығын тоздырғандар да көп. Осы орайда, екі келінімен де бірге тұратын Қанымжан Көлбаева өз пікірін білдіріп, қазақ  енелеріне даму керектігін жеткізді.\n\"Мен ененің де, келіннің де сөзін сөйлемеймін. Мен – дұрыс әрі адамдық қарым-қатынасты қолдайтын адаммын. Өзім де екі келін ұстап отырғандықтан, ене мен келін тақырыбы маған жақсы таныс. Әсіресе, қазақ секілді туыстық қатынасты өте жоғары ұстайтын халықта мұндай мәселелердің болуы да заңды. Дегенмен, уақыт  алға озып, заман өзгерген сайын қазақ енелері де дамып отыруы керек деген пікірдемін. Өкінішке қарай, біздегі енелер барлық нәрсені тек келіннен талап етеді. Өзінің өмір көргенін, келіндік қызметтен өткенін міндет қылады. Бірақ қазіргі жастарды бұлай басқара алмайсың. Өйткені, біздің жастар, біздің келіндер өте ақылды әрі білімді. Бұл – білімнің заманы. Сондықтан, бұрынғыдай келінді бір уыста, ашсам алақанда, жұмсам жұдырықта ұстаймын деген ойдан арылу  керек. Енелер неғұрлым дана болған сайын, отбасы да берік, келін мен баланың арасы да жақсы болады\", – дейді Қанымжан ене.\nЕнелер тақырыбына қатысты айтар ойларын жинақтап, \"Алтын көпір\" атты кітабын басып шығарған Қанымжан Көлбаева қазіргі келіндер мен енелерге қатысты  бірқатар ойын білдірді.\n\"Қазір көпшілік келін ата-енемен бірге тұрғысы келмейді. Бұған де себеп  бар. Енелер оқымай, ізденбей, тек жасы үлкендігін алға тарта беретін болса, келінмен тұру қиынға  соғады. Негізі, ата-енемен тұруға жас келіндердің көп ынтасы жоқ. Бірақ балалы болған соң, ененің көмегіне жүгінетіндері де жасырын емес. Өйткені,  балаларын ата-енесіне тастап, қыдырып, шаруаларын тындыруға үлкен мүмкіндік болады. Мұны жас келіндер кейінірек түсінетін шығар. Жас жұбайларға бірге қыдыру, күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт арылып, оңаша сырласу өте маңызды. Тіпті, сырттан бір кесе кофе ішіп келгенінің өзі не тұрады? Осындай  кезде ата-енемен тұрудың  көмегі көп. Алаңсыз балаларды тастап кетесің, бір шәугім шайды әңгімелесіп отырып ішесің. Алайда, соңғы кездері көп келіннен бір жағымсыз жайтты естідім. Немерелерін баққысы келмейтін, келін мен бала бір жаққа шықса, телефонына маза бермейтін енелер де көп екен. Бұған не айтуға болады? Оқу керек! Енелерге оқып, даму керек. Басқа жолын көріп тұрғаным жоқ\", – дейді Қанымжан ханым."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanga-keletin-turisterdi-ne-qyzyqtyrady-zane-biz-ne-usyna-alamyz-sarapsymen-suxbat", "title": "Қазақстанға келетін туристерді не қызықтырады және біз не ұсына аламыз? Сарапшымен сұхбат", "text": "Халықаралық Kompas Touroperator компаниясының құрушысы әрі жетекшісі Анна Загоруйко Қазақстанға демалысын өткізуге келетін туристердің ерекшелігі туралы әңгімеледі. Айтуынша, әр мемлекет туристерінің келетін маусымы болады және қызығушылықтары мен түнейтін уақыттары да әртүрлі болып келеді. Сондай-ақ, ол туризм саласының Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп отырғанын және бұл саланың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін айтып берді.\n– Қазақстанға туристер қай елдерден жиі келеді?\n– Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстан шекарасын15 миллионшетелдік азамат кесіп өтті. Бұл сан тіркелген еңбек мигранттары мен елде тұрақты тұратын экспатрианттарды қоспағанда, Қазақстанға келіп-кеткен және түнеген туристерді қамтиды.\n2024 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстандағы орналастыру орындарында968 667шетелдік турист түнеген. Ең көп түнеген туристердің ТОП-5 елі (кему ретімен):\nАл ТОП-10 қатарынаӨзбекстан, Германия, Корея, ҚырғызстанжәнеБеларусьелі кіреді.\nАймақтық тұрғыда ең көп түнейтін туристерді қабылдайтын қалалар мен өңірлер (кему ретімен):Алматы, Астана, Маңғыстау, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Шығыс ҚазақстанжәнеҚостанайоблысы.\n– Қазақстанға туристер қай маусымда жиі келеді?\n– Қазақстанның алып территориясын ескерсек, елдің бір бөлігінде қыс әлі жалғасып жатса, басқа өңірлерде жаз басталып кетеді. Сондықтан маусымдық ерекшеліктер бар.\nТуристердің маусымдық ағымы негізінен екі факторға тәуелді:\nМысалы, Таяу Шығыс елдерінен (Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Кувейт, Катар, Бахрейн) келетін туристердің саны тұрақты өсіп, қазірдің өзінде жыл бойына жалғасатын үрдіске айналып отыр. ТМД елдерінен келетін туристер үшін Қазақстан жыл бойы сұранысқа ие бағыт. Әсіресе, Ресейден келушілердің саны көп, бірақ соңғы жылдары түнейтін туристердің өсімі бәсеңдеген. АлҮндістаннан келетін туристер саны бірнеше есе артты.\nҚытайлық туристер Қазақстанға жаңа визасыз режимге үйреніп келеді. Қазіргі уақытта олар көктем, жаз және күз мезгілдерінде көптеп келеді. Еуропалық туристер негізінен көктем мен күз аралығында, ал Оңтүстік Азия және Таяу Шығыс елдерінің туристері жыл бойына келетін үрдіске көшіп жатыр.\n– Қазақстанға келетін туристерді не қызықтырады?\n– Шетелдік туристердің қызығушылығы әртүрлі. Кейбіреулер үшін қауіпсіздік, түсінікті тілдік орта, мәдени ұқсастықтар және табиғи әртүрлілік маңызды. Басқалары үшін ортақ дін, табиғи-климаттық ерекшеліктер және көшпенділер мәдениетінің түпнұсқалығы қызықты. Ал енді үшіншілерін қарлы таулар, жасыл ормандар мен көпұлтты мәдениет тартады. Туристердің белгілі бір бөлігі қалалардағы ерекше нысандар мен қорықтардағы табиғи-мәдени мұраларға қызығады.\nҚазақстанда шетелдіктер ең көп баратын орындар\nТуристер Қазақстанның табиғи ландшафттарының әртүрлілігін, қала маңындағы дамыған инфрақұрылымды және сақталған мәдени мұраны жоғары бағалайды.\nӘр өңірде өзіндік ерекше туристік орындар бар, олар өз зерттеушісін күтіп отыр десек те болады. Оның ішінде өңірлер мен тіпті елдерді біріктіретін бірегей турөнімдердің соңғы үлгілерінің бірі – теміржол круизінің эксперименттік үйлесімі және елдің оңтүстік қалаларының көркем жерлерін, сондай-ақ Ұлы Жібек жолының Орталық Азиядағы мәдени-тарихи мұрасын біріктіретін сапар – Keruen Express. Бұл жоба Өзбекстан мен Қазақстан халықтарын байланыстырып, шетелдік қонақтарға ежелгі маршрутты заманауи тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді.\nKeruen Express таңғы аспен қамтылған, жоғары жайлылықтағы чартерлік пойыз, қазақстандықтар мен шетелдік қонақтарға арналған. Бұл – ежелгі қалалардың тарихи атмосферасын сезініп, заманауи ойын-сауық орындарымен танысудың ең жақсы тәсілі, сондай-ақ мәдени алмасу үшін ең ыңғайлы көлік түрі.\n– Шетелдік туристер бір сапарға қанша ақша жұмсайды?\n– Туристердің шығындары еліне, отбасы мүшелерінің санына және саяхат мақсатына байланысты айтарлықтай өзгереді. Орта есеппен бір турист сапар барысында бірнеше жүз доллардан 2-3 мың долларға дейін жұмсайды. Бұл шығындарға:\n– Туризм Қазақстан экономикасына қандай пайда әкеледі?\n– Ең тікелей, тура әсерін қалыптастыратын фактор – туристің өзі, ол тамақтану, көлік, туристік қызметтер салаларында, сондай-ақ сапар барысында әртүрлі тауар мен қызметтерді сатып алу арқылы 3-тен 8-12-ге дейін жұмыс орнын құрады. Мәселе тек туристер саны мен олардың белгілі бір аймаққа келу мотивациясында, ал жергілікті бизнес пайда болған сұранысқа бейімделіп, шикізаттық емес салаларда жаппай жұмыспен қамтуға ықпал етеді.\nТуризм қазірдің өзінде дамып келеді, бірақ ол әлі біркелкі бөлінбеген әрі ол мемлекеттің қолжетімді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуіне және жергілікті туристік индустрияның ұсыныстарына тікелей тәуелді. Бұл индустрияға тамақтану, көлік, орналастыру, ойын-сауық салалары, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптен бастап азық-түлік және тұрмыстық қызмет көрсетуге дейінгі ондаған қосымша секторлар кіреді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qyz-alyp-qasu-dastur-me-qylmys-pa-ara-zigin-qalai-azyratamyz", "title": "Қыз алып қашу – дәстүр ме, қылмыс па? Ара-жігін қалай ажыратамыз", "text": "Соңғы үш жылда Қазақстанда қыз алып қашу немесе мәжбүрлеп некеге тұрғызу фактілеріне қатысты полицияға 214 шағым түскен. Оның тек 10-ы ғана сотқа жеткен. Қалған 204 іс тергеу сатысында жабылған. Енді қыз алып қашқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Сенат қылмыстық кодекстке осындай өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.\nЗаңнамалықөзгерістергесәйкес, енді адамды бопсалау арқылы некеге тұруға мәжбүрлеу — қылмыстық жауапкершілікке жатады. Мұндай әрекет үшін: 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл(шамамен 7,8 млн теңге)немесе дәл осы мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.\nЕгер некеге мәжбүрлеу кезінде күш қолданылса, жәбірленуші кәмелетке толмаған болса, материалдық немесе өзге де тәуелділік жағдайы пайдаланылса, алдын ала сөз байласқан топпен бірге жасалса, қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған болса,жаза күшейтіледі.Мұндай жағдайда5 мың АЕК-ке дейін айыппұл(2025 жылы — шамамен 19,6 млн теңге)немесе бостандығын шектеу, немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.\nАл алып қашу немесе некеге мәжбүрлеу кезіндежәбірленуші ауыр зардап тартса, кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.\nБұған дейін заңда бір жеңілдік болған: егер ұрланған адам өз еркімен босатылса, кінәлі адам жазадан құтылатын. Енді бұл норма заңнан алынып тасталды. Яғни, күдікті адам жәбірленушіні босатқан күннің өзінде жауапкершіліктен құтыла алмайды.\nОсы ретте Informburo.kz құқық қорғаушы,феминист Айгерім Құсайынқызыменжәнеэтнограф Бұлбұл Кәпқызыментілдесіп, жаңа өзгерістерге қатысты пікірін білді.\nАйгерім Құсайынқызы, құқық қорғаушы, феминист:\n– Біз үнемі айтып жүретін және Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында айтылғандай, Қазақстан – құқықтық мемлекет болғандықтан, кез келген әрекет құқықтық тұрғыда шектелуі керек, шешілуі керек. Яғни, кез келген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда орын алатын әрекеттер – ол қыз алып қашу, қаржылық алаяқтық, хорасмент, сексизм болсын – \"ол мәдениет еді\", \"дәстүр еді\", \"менталитет еді\", \"біздің тәрбиемізде бар еді\" деген ақтаусыз, тек қана заң мен тәртіп шегінде реттелуі керек. Құқықтық мемлекеттің анықтамасы – осы. Қоғамның барлық саласындағы кез келген қатынас шешілген кезде, оның соңғы қаралатын инстанциясы – әжелердің, аталардың, ардың, ұяттың соты емес, заңның алдында құқықтық жауапкершілік болуы керек.\nҚыз алып қашудың құқықтық, заңнамалық бөлек бап болып енгізілуі депутаттардың бастамасымен жүзеге асты деп айта алмаймын. Ол – азаматтық қоғамның, соның ішінде феминистердің еңбегінің жемісі. Оны нақты айту керек. Себебі, 1997 жылы Қазақстан Республикасының сол кездегі Қылмыстық кодексінен қыз алып қашу бабы алып тасталғаннан бері кез келген азаматтық белсенді, адам құқықтары саласында жүрген мамандар осы мәселені айтып келе жатыр. Соның 2025 жылы заңға енгізілгеніне қуану керек пе, білмеймін. Әлбетте, алға басатын қадам. Алайда, егер 1997 жылы соны Қылмыстық кодекстен алып тастамағанда, мүмкін мыңдаған қыздың тағдыры сынбас па еді?!1997 жыл мен 20225 жылдың аралығында \"алып қашу\" деген бөлек бап болмағандықтан, Қазақстанда нақты қанша қыздың өзінің еркінен тыс күшпен ұрланғанын, қанша қыздың отбасы содан кейін бүлінгенін біле алмаймыз.Оны ешбір экономист, ешбір статист есептеп бере алмайды.\nҚазіргі Қылмыстық кодекстің 25-бабы – \"Адам ұрлау\" деп аталады. Бірақ, біз қыз алып қашудың Қырғызстандағыдай, Әзербайжандағыдай бөлек бап болуын талап еткен болатынбыз. Дәл қазіргі өзгеріс бойынша бұл бап \"Қыз алып қашу\" емес, \"Некеге тұруға мәжбүрлеу\" деп аталады. Яғни \"қыз\" деген сөз жоқ, адамның жынысы аталмайды. \"Қыз алып қашу\" деген баптың сипаттамасының болмауынан-ақ бұл жерде акцент \"қыз алып қашуға\" қойылған деп айта алмаймын. Әлбетте, адам ұрлаудың және қыз алып қашудың объективті, субъективті құқықтық мотивтері әртүрлі болғандықтан, Қазақстанда қыз алып қашу бойынша құқықтық статистика жүргізілмегендіктен және бұл заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда қыз алып қашу мынанша пайызға азайды деп айта алмаймыз. Себебі, Қазақстан Республикасының құқықтық қарым-қатынасын тек қана заң реттей алмағандықтан, кейбір өңірде ол әлі де дәстүр, мәдениет, тарих, \"атадан қалған із\", \"әжеміз де солай отбасылы болған\" еген сияқты ұғымдармен ақталатындықтан, тек қана бір бапты енгізу арқылы мәселе шешіліп кетеді дей алмаймыз. Ол кешенді түрде әр тарапта жүргізілетін жұмыс.\nҚазір ақпараттық-мәдени жұмыстар жүргізілуі керек. Жарнамада болсын, телеарнада болсын – кез келген жерде қыз алып қашу қылмыс екенін айта беру қажет. Бұрын ол атадан қалған дәстүрге баланып келді. Ол дұрыс емес. Ол туралы этнографтар да, тарихшылар да айтқан. Қыз бен жігіттің әке-шешесі үйленуге рұқсат бермеген кезде бірге қашып кетуі – басқа мәселе.\nАл бізде Қазақстанда етек жайған дүние – танымайтын қызды өзінің еркінен тыс алып кетуі немесе сыртынан біліп жүрген жігіттің әйел ету мақсатында қызды күшпен алып кетуі. Қыздардың осыны біле тұра, өзін танымайтын, сүймейтін адамдармен отбасы құрып кетуі, төзіп кетуі қоғамның үлкен дерті болды. Неліктен? Себебі, бізде \"қызға қырық үйден тыю\", \"қыздың жолы жіңішке\" деген мақалдарға қарап, біз қыздардың отбасылық өмірі, некесі зорлықпен басталуы қалыпты деп қабылдап келдік. Зорлықпен басталған некеде кейін физикалық, әлеуметтік-экономикалық, сексуалды сипаттағы зорлық болса, соның бәрін біздің қыздарымыз қалыпты жағдай деп қабылдап келді. Соған қарамастан, неге әйелдер зорлық жайлы хабарламайды дейміз. Бұл жауапкершілікті қыздарға жүктеп қоятын, жәбірленуші тарапты аямайтын, өте қатты қысым жасайтын қоғамның пікірі.\nСебебі адамдар бала кезден естіп өскен ертегі, аңыздармен өмір сүргісі келеді және сол ертегі мен аңыздардың, дәстүрдің, менталитеттің ішінде \"қыз алып қашу – қалыпты жағдай\" деген пікір болды. Енді сол пікірді жоққа шығару үшін бізге әлі ондаған жыл керек. Себебі Қырғызстанда \"қыз алып қашу\" деген жеке бап бұрыннан болса да, статистика бойынша жылына 5 мың қыз қыз алып қашудың құрбаны болады екен. Яғни, қоғамның мәдениеті, әлеуеті, кез келген зорлыққа төзбеушілік, толеранттылық мәдениеті қалыптаспай, бір бап – ешнәрсені шешпейді деген сөз.\n– Негізінде, \"қыз алып қашу\" деген атауы ғана үрейлі естілгенімен, бұрынғы заманда бұл шын мәнінде зорлыққа негізделген әрекет емес еді. Ертеректе қыз бен жігіт өзара келісіп, дәстүр бойынша ғана \"алып қашатын\". Яғни, бұл жерде қыз да, жігіт те келісіп, ата-анасына айтпай, бірге кете беретін. Бұл бұрыннан бар, келісімге негізделген дәстүр.\nҚазіргі заманда той жасау оңай емес. Қыз тұрмысқа шыққысы келсе, ата-анасы ұзату тойын жасап беруі керек. Бірақ көп жағдайда оған мүмкіндігі болмай жатады. Сондай кезде кейбір аналар қызына \"үндемей кетіп қалсаңшы\" деп өзі-ақ айтады. Қыз солай кетіп қалады, ал сырт көзге бұл да \"алып қашу\" сияқты көрінеді. Сөйтіп, ата-ананың да жағдайы жария болмайды, қыздың да абыройы сақталады. Бұл шын мәнінде, халқымыздың қарапайым ғана, сабырмен қабылданатын жолы еді. Өзіміз де кезінде дәл солай кеткенбіз. Ешкім зиян шеккен жоқ.\nБірақ, бүгінде \"алып қашу\" деген сөздің тасасына тығылып, қызды зорлықпен алып кетіп, оны жылатып, есік алдында күштеп көндіру – мүлде басқа, өте өрескел жағдай. Мұндай әрекеттер көбіне оңтүстік өңірлерде жиірек кездесетіні жасырын емес. Бұл ешқандай дәстүр емес, керісінше, адамның өміріне зорлықпен араласу. Сондықтан мұндай әрекеттерге заңмен нақты тыйым салынуы қажет.\nЕгер қыз өз еркімен барған болса, бұл жағдайда оны \"алып қашу\" деп атауға болмайды. Ол келісіммен отбасын құру. Мұндай жағдайда тергеу кезінде де қыздан: \"Сен өз еркіңмен келдің бе, әлде мәжбүрледі ме?\" – деп сұрайды. Қыздың өзі шындықты айтуы маңызды. Бірақ қыз өз еркімен кетіп, кейін жағдайды бұрмалап, \"мені алып қашты\" десе, әділетсіздік орнайды. Сондықтан әр жағдайды жеке қарап, шынайы мән-жайына үңілуіміз қажет.\nСол себепті заң жүзінде тыйым салғанда мына мәселені ескеру қажет: қыз өз еркімен барды ма, әлде оны мәжбүрледі ме? Егер келісіммен кеткен болса, ол дәстүрдің шеңберіндегі жағдай. Ондайға қатаң жаза қолдану – дұрыс емес. Ал шын мәнінде күш қолданылған болса, онда заң шеңберінде жауапкершілік болуы тиіс.\nҚорытқанда, әр жағдайға терең үңіліп, нақты бағалау керек. Келісіммен құрылған одақ – қылмыс емес, ал еркінен тыс алып кету – қылмыс. Осы екеуінің аражігін ажыратып барып, шешім қабылдау маңызды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/dana-qaragusova-garysqa-algasqy-bolyp-usatyn-qazaq-qyzy-kim", "title": "Дана Қарағұсова. Ғарышқа алғашқы болып ұшатын қазақ қызы кім", "text": "Қазақстандық кәсіпкер Дана Қарағұсова жуырда Blue Origin компаниясының суборбиталық туристік ғарыш сапарына қатысады. Бұл – ел тарихындағы сирек оқиға. Бұған дейін ғарышта тек үш қазақстандық ғарышкер болған. Енді олардың қатарына кәсіпкер әйел де енеді. Осы ретте Informburo.kz Дананы оқырмандарға таныстыруды жөн көрді.\nДана Карағұсова – кәсіпкер, маркетинг саласының маманы. Ол 25 жылдан бері медиа, дистрибуция және іс-шаралар индустриясында жұмыс істеп келеді. Қазақстандағы First Media Group маркетинг холдингінің негізін қалаған.  JLo, Backstreet Boys, 50 cent сияқты әлем жұлдыздарының Алматыдағы концертін осы холдинг ұйымдастырған.\nДананың анасы – бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, сондай-ақ мәжіліс пен сенат депутаты болған Гүлжан Карағұсова.\nКәсіби қызметінен бөлек, Дананың жеке қызығушылықтары да айрықша: ол альпинизммен әуестенеді, Африкадағы Килиманджаро шыңына және Кавказдағы Эльбрусқа көтерілген.\nДана Қарағұсовамен бірге ғарышға кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли ІІІ, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкері Виталий Островский және аты-жөні құпия тағы бір жолаушы аттанады.\n1 қазанда Blue Origin компаниясы NS-36 миссиясының құрамын жариялады. Сол тізімде Дана – Қазақстаннан шыққан жалғыз қатысушы. Компания миссияның нақты күнін алдағы уақытта хабарлайтынын мәлімдеді.\n\"Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа шекараларды игеру арқылы біз тек технологияны ғана дамытып қоймаймыз, өз мүмкіндігімізді де кеңейтеміз. Мен үшін Blue Origin-нің NS-36 миссиясы – зерттеу жобасының бір бөлігі әрі жылдар бойғы арманыма жасалған қадам\", – депжазды.\nҰшу күні жақын арада жарияланады. Бұған дейін Blue Origin қазан айының басында ұшатынын хабарлаған. Сапарды BlueOrigin.com сайтында, YouTube платформасында, әлеуметтік желілерден тікелей эфирде көруге болады.\nNS-36 миссиясы – New Shepard бағдарламасы аясындағы 15-ұшу. Осы күнге дейін Blue Origin ғарышқа 75 адамды ұшырды. Ғарышкер-туристер ғарыштың халықаралық шекарасы – Карман сызығынан асып шығады. Әдетте сапар шамамен 10–12 минутқа созылады. Осы уақыт ішінде Жерді ғарыштан көруге болады.\nКомпания алғаш рет туристерді ғарышқа 2021 жылғы 20 шілдеде жіберді. Оның арасында америкалық миллиардер, Amazon және Blue Origin компанияларының негізін қалаушы Джефф Безос болды.\nИнтернеттегі деректерге сүйенсек, мұндай сапардың құны – шамамен 500 мың доллар. Ал 2021 жылы Джефф Безоспен бірге алғашқы ғарыш сапарына билет онлайн-аукционда 28 миллион долларға сатылған."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/chatgpt-ornyna-oylan-mangisoz-beynele-zane-tilsync-qazaqstandyq-zana-4-zana-zasandy-intellektke-solu", "title": "ChatGPT орнына – Oylan, MangiSoz, Beynele және TilSync: Қазақстандық жаңа 4 жаңа жасанды интеллектке шолу", "text": "Жасанды интеллект енді қазақша ойлайды. Назарбаев университеті ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) төрт бірдей отандық жасанды интеллект өнімін таныстырды.\nISSAI әзірлегенOylan 2.5– мультимодальды, яғни мәтін, дауыс және сурет арқылы ақпарат қабылдайтын көптілді көмекші. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлей алады. Ең маңызды жаңалығы – латын әліпбиінде жұмыс істей алу мүмкіндігі.\nISSAI IT өнім менеджеріӘмина Байкенованыңайтуынша, Oylan моделі әмбебап жаһандық ЖИ жүйелерінен түбегейлі ерекшеленеді. Себебі бұл модель толықтай Қазақстанда әзірленіп, отандық мәліметтерге негізделіп оқытылған.\n\"Басқа ірі халықаралық жүйелерден айырмашылығы, Oylan – қазақ тілін басты әрі негізгі тіл ретінде меңгерген модель. Ол қазақ тілініңтерең құрылымын, диалектілік ерекшеліктерін, ресми және бейресми сөйлеу стильдерінжақсы түсінеді. ИИН, Kaspi, QR-кодсияқты отандық ұғымдарды таниды әрі орынды қолдана біледі. Сонымен қатар, ол қазіргі латын қарпін де қабылдай алады. Сонымен қатар Oylan мәдени тұрғыдан сезімтал және Қазақстан заңнамасына сай, рұқсат етілмеген контенттен автоматты түрде бас тартады\", – дейді Әмина Байкенова.\nISSAI командасы 2026 жылдың желтоқсанына дейін Oylan моделін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Жаңа мүмкіндіктер модельдің тек мәтінді ғана емес, сонымен қатар сурет, аудио және видеоны қабылдап, өңдей алуын қамтамасыз етеді.\nСонымен қатар, модельге \"интеллектуалды агент\" функциясы енгізіледі. Мысалы, егер сіз \"Алматыдан Ақтауға ең арзан әуе рейсін тап\" деп сұрасаңыз, Oylan-ның интеллектуалды агенті интернет-ресурстарды шолып, нақты бағаларды, күндерді және рейстерді автоматты түрде тауып береді. Яғни, модель тек жауап беріп қоймай, әрекет ете алатын деңгейге жетеді.\nMangiSoz 2.0мәтінді адам даусына ұқсас дауыс арқылы оқи алады және керісінше, сөйлеуді мәтінге айналдырады. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдерін қолдайды. Әр тілде ер немесе әйел дауысын таңдау мүмкіндігі бар.\nIT өнім менеджерінің айтуынша, MangiSoz шешімінің басты артықшылығы – оның дербестігі мен қауіпсіздігі:\n\"Біз қазақ тілінің аударма сапасына ерекше мән береміз және MangiSoz жүйесі қазақ тілін цифрлық кеңістіктің тең құқықты қатысушысына айналдырып отыр. Қазіргі уақытта бұл шешімді квазимемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік білім беру мекемелері мен отандық өнеркәсіп кәсіпорындары белсенді пайдаланып жатыр. Бұл – ең алдымен, аударма кезінде деректердің құпиялығына қойылатын жоғары талаптарға байланысты. Көптеген компаниялар деректердің сыртқа кету қаупіне алаңдайды. Ал бізде ондай қауіп жоқ:MangiSoz Назарбаев Университетінің деректер орталығында орналастырылған, деректер ел ішінде қалады. Біз сұраныстарды өңдейміз, бірақ деректерді сақтамаймыз және не аударылып жатқанын көрмейміз.Біз өз пайдаланушыларымыздың қауіпсіздігіне кепілдік береміз\", – дейді Әмина Байкенова.\nBeynele– қазақ, орыс және ағылшын тілінде берілген мәтіндік сұраныс бойынша визуалды сурет жасайтын генеративті модель. Ерекшелігі – мәдени бейімделуі: суретте қазақтың ұлттық киімдері, ою-өрнектері, табиғаты, символдары бейнеленуі мүмкін.\nӘмина Байкенованың айтуынша, Қазақстанда жасалған бұл модель жергілікті мәдени кодтарды, ұлттық ерекшеліктер мен фольклорлық элементтерді ескеруге бейімделген:\n\"Модель тек жалпыға ортақ ұғымдарды ғана емес, Қазақстанға тән мәдени әрі психологиялық түсініктерді де дәл қабылдайды. Өйткені ол қазақстандық деректер негізінде құрылған. Бұл құрал арқылы ұлттық болмыс пен эстетика цифрлық кеңістікте көрініс табады. Ол жергілікті суретшілер мен педагогтарға өз мәдениетімізге сай контент жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мәдени мұраны сақтап, жаңа оқиғаларды жасанды интеллект көмегімен бейнелеуге жол ашады. Мысалы, дәстүрлі ортада отырып, немерелерімен отырған ата-әжелер бейнесін сұратқанда, Google Gemini батыстық стильде сурет ұсынса, біздің модель ұлттық колоритпен нақты бейнені көрсетті\", – дейді ол.\nISSAI атқарушы директорыЕрбол Абсалямовжасанды интеллект жүйесін Қазақстанға бейімдеуде ұлттық тіл мен менталитеттің маңызына ерекше назар аударады:\n\"Біздің басты мақсатымыз – жасанды интеллект модельдерін қазақ тілі мен қазақстандық болмысқа бейімдеу. Себебі, тіпті қазақша жақсы түсінетін халықаралық чат-боттың өзі біздің ойымызға сай нақты жауап бере ала ма – бұл үлкен сұрақ. Ал біз жасап жатқан модель жергілікті мәліметтерге сүйенеді, сондықтан ол ұлттық ерекшеліктерімізді ескере алады. Бұл бағыттағы жұмысымыз екі негізгі қағидаға негізделеді: біріншіден, жасанды интеллект тек игілік үшін қызмет етуі керек (AI for good), екіншіден, ол Қазақстан халқына нақты пайда әкелуге бағытталуы тиіс\", – дейді Ербол Абсалямов.\nБір тілде сөйлеп, бірнеше тілде түсінісуге мүмкіндік беретінTilSync жүйесіреалды уақытта субтитр мен аудиоаударма жасайды. Ол Zoom, YouTube, Teams сияқты платформалармен оңай біріктіріледі.\nМысалы, видеоконференция кезінде қазақ тілінде сөйлеген адамды тыңдаушы бір мезетте орыс немесе ағылшын субтитрімен көре алады. Бұл әсіресе халықаралық жиындар, қашықтан оқу, подкастинг пен стриминг кезінде маңызды.\n\"Форумдар мен конференцияларда кейде ағылшын немесе орыс тілін білмейтін азаматтар да қатысады. Алайда олар да шетелдік спикерлердің мазмұнын түсініп, қажетті ақпарат алғысы келеді. Дәл осы қажеттілікті өтеу үшін біз TilSync қосымшасын жасадық\", – дейді Әмина Байкенова.\nTilSync жасанды интеллекті әлі толық қолданысқа енгізілмеген. Жыл соңына дейін кең қолданысқа беру жоспарланған.\nOylan және MangiSoz және Beynele жасанды интеллектілерін пайдалану үшін сайтына кіріп, тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін әр қолданушыға үш жасанды интеллектке ортақ 250 мың таңба тегін беріледі. Ол біткеннен кейін сатып алу керек болады.\nАталған жасанды интеллектілер жазылыммен емес, таңба санына байланысты сатылады. Мысалы, 1 млн таңба – 9 мың теңге, 2 млн таңба 18 мың теңге тұрады.\nСонымен қатар ISSAI Mangitas 02 технологиясын. таныстырды. Ол отандық жасанды интеллект жүйелерін толықтай Қазақстан аумағында, жергілікті серверлерде орналастыруға арналған заманауи шешім. Бұл құрылғы бірқатар маңызды міндеттерді атқарады. Атап айтқанда:\nОсылайша, ISSAI тек ғылыми зерттеулермен шектелмей, реалды өмірде қолдануға болатын, экономиканың нақты секторларына ендіруге болатын өнімдер ұсынып отыр.\nISSAI — 2019 жылы құрылған, 2024 жылы автономды мәртебе алған жасанды интеллект саласындағы зерттеу институты. Онда 70-тен астам ғалым мен инженер жұмыс істейді. Институт ғалымдары 120-дан астам ғылыми мақала жариялаған. Ғалымдар ашық бастапқы кодты ЖИ модельдері мен деректер жиынтығын ұсынады және Қазақстандағы тілдік, мәдени және институционалдық ерекшеліктерге бейімделген ЖИ шешімдерін әзірлейді. ISSAI миссиясы – этикалық, инклюзивті және тәуелсіз жасанды интеллект жүйесін қалыптастыру"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/uisizdik-caildfri-ozi-usin-omir-suru-qazirgi-zastardyn-kes-uilenuine-ne-sebep", "title": "Үйсіздік, чайлдфри, өзі үшін өмір сүру. Қазіргі жастардың кеш үйленуіне не себеп", "text": "Кейінгі жылдары Қазақстанда отбасын құратындардың қатары азайып, орташа некеге тұру жасы өскен. Оған қоса азаматтық некеге тұратындар да көбейген. Биыл жарты жылда 51,4 мың неке тіркелсе, былтыр дәл осы кезеңде 57,5 ​​мың неке қиылған.\nОсы орайда Информбюро тілшісі қазақстандықтардың отбасы құруға асықпауына әсер ететін әлеуметтік, экономикалық және өзге де факторлар туралы сарапшылардан сұрап білді.\nҰлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда соңғы он жылда некелер саны тұрақты түрде төмендеген:\n2021 жылғы Ұлттық халық санақ нәтижесі 20 жастан асқан ер адамдардың ішінде ешқашан некеге тұрмағандар саны – 1 309 844 адам, ал әйелдер арасында 1 233 484 адам болғанын көрсетті. Алғаш рет үйленген ерлердің орташа жасы 2014 жылы 27,1 жас болса, 2024 жылы 27,9 жасқа өскен. Ал алғаш некеге тұрған әйелдердің орташа жасы 24,6 жастан 25,2 жасқа дейін өскен.\nЭкономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Шынар Төлешованың сөзінше, некеге тұру жасының өсуі – жаһандық тенденция. БҰҰ деректеріне сәйкес, 2021 жылы Еуропа елдеріндегі ер адамдардың некеге тұруының орташа жасы Беларусь елінде – 28,6 жасқа, ан Испанияда 36,3 жасқа жеткен. 2011-2021 жылдар аралығында бұл көрсеткіш Беларусь елінде 2 жасқа, Испанияда 3 жасқа артты. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш Молдова елінде 26 жастан Швецияда 36,3 жасқа дейін құбылып отыр. Он жыллда Молдовада қалыңдықтардың орташа жасы 3 жасқа, ал Швецияда 3,2 жасқа өскен.\n\"Солтүстік өңірлер мен Астана, Алматы секілді ірі қалаларда кеш отбасын құру үрдісі айқын байқалады. Оңтүстік және батыс өңірлерде дәстүрлі мәдениеттің ықпалымен ерте отбасын құру үрдісі сақталып отыр. Орта Азия елдерінде ерлердің некеге тұру жасы артып келеді, ал әйелдердің некеге тұру жасы салыстырмалы түрде баяу өсіп жатыр. 2011-2021 жылдар аралығында: Түрікменстанда – 25,0-ден 25,8 жасқа дейін, Өзбекстанда – 25,8-ден 26,5 жасқа дейін, Қырғызстанда – 26,8-ден 27,3 жасқа дейін көтерілді\", – деді Шынар Төлешова.\nАдамдардың отбасы құруға асықпауын білім алуға, мансап жасауға, жағдайын жақсартуға, шығармашылық және кәсіби тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысымен түсіндіруге болады.\n– Экономикалық тұрғыдан қарасақ, некелесу жасының ұлғайып жатқанының және \"чайлдфри\" жолын таңдаған адамдардың көбеюінің басты себебі – бірінші кезекте қаржылай тұрақтылыққа деген талап пен әлеуметтік-экономикалық қысымның артуы. Зерттеулер көрсеткендей, қазір жастар алдымен жоғары білім алып, мансабын құрып, белгілі бір деңгейде табысқа жетіп алған соң ғана отбасын құруға ұмтылады. Әсіресе, әйелдер үшін бұл құбылыс айқынырақ, себебі олар өзінің білімін жетілдіруге, кәсіби тәжірибе жинақтауға және мансабын дамытуға көбірек мүмкіндік алады, табысы өсіп, экономикалық еркіндігі нығаяды. Яғни кешірек тұрмысқа шығу – қаржылай тұрақтылық пен жеке таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін экономикалық стратегияға айналып отыр.\nСонымен қатар, экономикалық шығындардың өсуі: баспана бағасының қымбаттауы, инфляция, қарыз жүктемесі – отбасын құруға кедергі факторлар. Мысалы, Оңтүстік Корея еліндегі соңғы деректерде кеш үйленудің басты себебі ретінде тұрғын үйдің қолжетімді болмауы мен табыс тұрақсызды көрсетілген.\nОның үстіне цифрландыру дәуірі Z буынына өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: онлайн тапсырыс, жеткізу қызметі, стриминг, цифрлық қаржы құралдары бар кезде \"тұрмыс құрмай-ақ күн көру\" әлдеқайда жеңіл секілді. Экономикалық тұрғыда бұл некенің қажеттілігін төмендетеді, өйткені шаруашылықты бірігіп жүргізу бұрынғыдай тиімді болмай қалды.\n– Бұл жайтқа қатысты пікірлер сан алуан болуы мүмкін. Дей тұрғанмен, әр адамның өз қажеті бар. Сан алуан тағдыр, сан алуан жайт. Бірі біреу үшін жауапкершілік алғаннан гөрі ата-анама көмек қолын созайын десе, енді бірі, әсіресе, ер азаматтар қауымы баспаналы болайын деп келешекті ойлайды. Қазіргі қоғамдағы жастардың еркіндігі көзге түседі. Өз ойларын еркін жеткізіп, өзгенің пікіріне аса мұктаж емес екенін де көрсетеді. Қазіргі сәт деп өмір сүріп қана қоймай болашаққа да көз жүгіртетіндерін ескеру қажет.\nСонымен қатар, жұбын лауазымына, жағдайына қарап таңдайтын арулар көп. Әлеуметтік желіден өзгелердің өтірік-расы аралас өмірін көріп, өздері де бір образ жасап алып, соны күтіп жүретіндер аз емес.\nБалалы болғысы келмейтіндердің катарына келсек немесе \"чайлдфри\" деген ұстанымдағы адамдар бала күнінен артынан ілескен іні-бауырларына жауапкершілік алып, бала қарау деген міндеттен шаршаған, ресурсы таусылған бала кейін есейген шағында балалы болудан мезі екенін ұғынып, ондай жауапкершілік алғысы келмей жатады. Балалық шағы тәтті болмаған жан, кішкентай баланың бақытқа жетелемейтіндей беймазалығы мен ашушаңдығын көтеріп, қазіргі өміріне балалық шақтың ызғары әсер етеді\nАдам баласы жалпы ақпаратты айналасынан, қоршаған ортасы мен отбасынан алып, ұстанымдары мен көзқарастары қалыптасады.\nОтбасында әбіржіп, өзіне қарамаған анасын бақылаған қыз \"әйел + отбасы + бала = әбіржу, өзіне уақыты жоқ бақытсыз жан\" деп шешеді. Сол кезде қыз өзі үшін өмір сүріп, тұрмысқа шығуға асықпауды жөн санайды. \"Үлгеремін, әлі ерте\" деп есейгісі келмейді. \"Отбасы құрудан қашып құтыла алмайсың, түбінде уақыты келеді деп\" уақыт созады.\nОйында еркек қандай болу керек деген образ жасап алады: оқыған, бай, үйі бар, жұмысы бар, ата-анасы бар (маңызды болса), арақ ішпейді, темекі шекпейді дегендей. Танысқан адамы талабына сай болса әрекетке көшеді. Болмаса тағы іздейді. Кейін \"талабыма сай адам жоқ, бірақ осы адам болатын сияқты\" деп көрінгенге тұрмысқа шығып жатқандар да өте көп.\nТоқетері, бізді өз үрейіміз бен сеніміміз, әсіресе, ата-анамыз бен қоғамның сенімі билейді.\nДарина Жунусова,саясаттанушы, Paperlab зерттеушісі, Мақсұт Нарикбаев атындағы университетінің оқытушысы:\n– Қазіргі жастардың некеге және отбасына деген көзқарасы шынымен де аға буыннан түбегейлі өзгеше. Факторлардың бірі – ұжымдық құндылықтардан жеке құндылықтарға өту. Аға буын үшін отбасы ең алдымен әлеуметтік парыз және ұрпақ жалғастығы болса, жастар үшін ол – жеке таңдау, бақыт пен өзін-өзін дамытумен байланысты.\nҰлттық зерттеу орталығының деректері бойынша, жас қазақстандықтар серігін таңдау кезінде ең алдымен прагматикалық факторларға – жасына, сыртқы келбетіне, әлеуметтік жағдайына қарайды. Ал махаббатты бірінші орынға қойғандар бар болғаны 0,7% ғана. Аға буын, керісінше, отбасыны махаббат және моральдық құндылықтармен байланыстырған.\nКөзқарастардың өзгеруіне жаһандану мен заманауи өмір салты қатты әсер етті. Жастар некені жиі кейінге қалдырып, алдымен білім, мансап пен қаржылық тұрақтылыққа ұмтылады. Бұған нақты экономикалық жағдаймен де байланысты: қымбат баспана, инфляция және тұрақсыз еңбек нарығында өмір сүретін жастар үйленуді қымбат әрі жауапты шешім деп санайды.\nҮндістан, Оңтүстік Корея, Еуропа елдерінде қалада тұратын әйелдер – мансап үшін, ал еркектер өз-өзін дамытуға көңіл бөлу үшін некені кейінге ысырып қояды. Қазақстанға бұл үрдіс сәл кешірек жетсе де, қоғамда байқалып отыр: әйелдердің 30,6%-ы болашақ күйеуінің қаржылық жағдайын маңызды деп санаса, 22,9%-ы мансабын маңызды деп атаған. Ер адамдар да болашақ әйелінің отбасының әлеуметтік мәртебесіне назар аударады.\nСонымен, қазіргі қазақстандықтар некені құндылық ретінде жоққа шығармайды. Керісінше, жастардың 70–80%-ы отбасын басты құндылық деп атайды. Десе де \"өмірдегі міндетті қадам\" деп саналған неке түсінігі саналы түрде шешім қабылдау дегенге өзгерді. Ал адамдар мансапта өсіп, қаржылай мақсаттарына жеткен соң ғана кешірек осы қадамды жасайды.\nЗерттеулер көрсеткендей, қазақстандықтар отбасы құруға жауапкершілікпен қарай бастады. Қазақстан қоғамдық қаму институтының дерегінше, халықтың басым көпшілігі неке құруға алдын ала дайындалу қажет деп санайды. Бүгінде бірінші орынға білім, мансап және өзін-өзі дамыту шығып отыр. Білім деңгейінің өсуі де некеге тұру жасына әсер етеді. 2024 жылы некеге тұрған әйелдердің 41%-ының, ерлердің 38%-ының жоғары білімі болған.\nҚолжетімсіз баспана, жұмыссыздық, инфляция некені қымбат әрі тәуекелді жобаға айналдырады. Сондықтан жастар үйленуге асықпайды немесе азаматтық некеге тұрады. 2025 жылдың тамызында жылдық инфляция 12,2%-ға жетті. Ал отбасын құрса шығын да артады. Сондықтан бәрі қымбаттап жатқан соң отбасын құруды кейінге қалдырылады. Экономиканы елемеудің салдары Оңтүстік Кореяда неке мен туу көрсеткішінің төмендеуіне әкелді. Ол жақта да үй қымбат, жұмыс уақыты ұзақ, мансап жолында бәсеке жоғары, бала өсіруге көп шығын кетеді.\nҚазіргі жастардың психикалық жағдайы да үлкен мәселе боп тұр. Бұрын күйзелісті көбіне орта жастағылар сезінсе, қазір ең \"бақытсыз\" топ жастар болып отыр. Бұл да некеге тікелей әсер етеді. Адам күйзелісте жүргенде болашағына күмәнмен қарайды әрі міндет алғысы келмейді.\nАдамдар отбасын құрғысы, балалы болғысы келсе де, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық жағдайлар кедергі болады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zahandyq-temperaturany-aldagy-zuzzyldyqta-15-gradusqa-tomendetu-mumkin-be", "title": "Жаһандық температураны алдағы жүзжылдықта 1,5 градусқа төмендету мүмкін бе", "text": "Ресейлік ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Алексей Кокорин Информбюроның климаттың өзгеруіне қатысты сұрақтарға жауап берді.\nАлексей Кокорин – Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының бағдарлама жетекшісі, Климат өзгерісі бойынша сапашылардың үкіметаралық тобының құрамында 2007 жылы Нобель сыйлығын иеленген.\nҒалымның түсіндіруінше, ауа райы 1-2 күндік, әрі кетсе, бір айлық мерзімге жасалатын болжам. Ал климаттың мерзімі әлдеқайда үлкен, ең кемі он жыл, ал дәлірек болуы үшін 50 жылды бір-ақ қамтитын кезеңді алу керек. Сәйкесінше, былтырғы қыстан биылғы қыстың суық не жылы болуын климаттың өзгеруіне жатқызуға болмайды. Ал егер 15-20 жыл бойы қатарынан қыс әдеттегіден тыс қытымыр мінезінен күшейтсе, онда дабыл қаға беруге болады.\n\"Климат ауа райына да үлкен әсер етеді. Қазір біз оның тұрақсыздығын бақылап отырмыз. Біресе аса ыстық, біресе тым суық. Жауын-шашын да солай, біресе мол жауады, ал біресе тамшы тамызбай әуре етеді. Мұны біз \"климаттың жүйкесі сыр беріп жатыр\" деп сипаттаймыз\", – деді Алексей Кокорин.\nСондай-ақ, климаттың өзгеруі табиғи апаттар мен құбылыстардың жиілеуіне де әкеледі. Мысалы, ерекше құрғақшылық, су тасқыны, болмаса, ұзаққа созылатын тым ыстық ауа райы бұрын 50 жыл сайын қайталанатын болса, олар бүгінде бес есе жиілей түскен. Келешекте мұндай құбылыстарды жыл сайын бақылауымыз да мүмкін.\n\"Су жетіспеушілігі мен жыл мезгілдерінің келу уақытының өзгеруі де – климат өзгерісінен туатын үлкен мәселе. Дәл осы мәселелер, Орталық Азия елдеріне тән. Айталық, оңтүстік өңірлерде көктемді тым ерте қарсы алу дәстүрі қалыптасып келеді. Тіпті, биыл Астананың өзінде көктем айрықша жылы болғанына куә болдық. Ал көктем соңында күн суып, тағы әбігерге салды. Мұның бәрі ұзақмерзімді климаттың өзгеру процесінің аралық көріністері\", – деді Алексей Кокорин.\nӘлбетте, әлем тарихына зер салсақ, климат өзгерісі бір бүгін болып отырған құбылыс емес. Мың сан құбылған. Ендеше, неге бүгін оған уайым шегуіміз қажет?\nАлексей Кокориннің түсіндіруінше, қазіргі таңда климаттың өзгерісінде антропогендік фактордың үлесі жоғары. Сәйкесінше, адамдар жанартау, мұхиттардың ықпалын емес, тек осы факторды ғана реттей алады.\n\"Атмосфера құрамындағы парник газдарының үлесі ең бірінші кезекте көмір, мұнай, газ өнімдерін жағудан артып отыр. Есепке салсақ, атмосфераның төменгі қабатының температурасы 1,5 градусқа артты. Анығында, жылыну 2 градус шамасында, бірақ адамдар азот, күкірт қышқылын бөлу арқылы температураны шамамен 0,5 градусқа суытатынын ескерсек, 1,5 градус мәні шығады. Біз үшін басты мәселе – осы көрсеткішті ары кетсе, 2-3 пайыздан арттырмай, ұстап қалу. Ал бұл ғасырда оны нөлге қарай төмендетеміз деп үміттенбей-ақ қойсақ та болады\", – деді ғалым.\nАлексей Кокорин бұл ретте климаттың өзгеруіне қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес екенін алға тартады. Бұл ретте ғалым өзгерісті мейлінше тоқтату және оның салдарларына бейімделудің өзі үлкен жетістік екенін айтады.\n\"Париж келісімі аясында әлем елдерінің алдына екі басты міндет қойылды. Біріншісі – атмосфераға бөлінетін парник газдарының көлемін қысқарту болса, екіншісі – жаңа өзгерістерге бейімделу. Көптеген елдер қазірдің өзінде әдеттен тыс құрғақшылық, ыстық және өзге де табиғи апаттардан зардап шегіп жатыр. Әлем елдері Париж келісіміне сәйкес, өз мойнына алған міндеттерді толық және уақытылы орындағанның өзінде мұндай құбылыстар 2-3 есе жиілей түседі. Яғни, құрғақшылық қазіргіден де ұзаққа созылады, су тасқыны болса, қазіргіден қуаттырақ болады. Мұздықтардың да еруі жылдамдайды. Солардың бәріне адамзат дайын болуы, яғни бейімделуі қажет\", – деп атап өтті Алексей Кокорин.\nДегенмен, ғалым климаттың өзгерісін ақырзаманға балауға болмайтынын айтады. Егер уақытылы бейімделе білсек, \"климатпен де келісімге келуге\" болады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zasandy-intellekt-qazaqstannyn-adam-damuy-indeksindegi-poziciiasyn-zaqsarta-ma", "title": "Жасанды интеллект Қазақстанның Адам дамуы индексіндегі позициясын жақсарта ма?", "text": "Астанада өткен Digital Bridge форумында 2025 жылғы Адам дамуы туралы баяндама Қазақстанда таныстырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Digital Bridge 2025 форумында \"Таңдау мәселесі: Жасанды интеллект дәуіріндегі адамдар мен мүмкіндіктер\" атты панельдік сессияны ұйымдастырды.\nБҰҰДБ алғаш рет 1990 жылы жариялаған Адам дамуы туралы баяндама экономикалық өсуден тыс ілгерілеуді өлшеудің жаңа тәсілі ретінде Адам дамуы индексін енгізді. HDR әл-ауқатты бағалаудың жетекші жаһандық көрсеткіші болып, денсаулық, білім және өмір сүру деңгейіне назар аударады. Әр жылы баяндама адам дамуын қалыптастыратын негізгі тақырыпты зерттеп, деректерге негізделген түсініктер мен саясаттық ұсыныстар береді.\n2025 жылғы Адам дамуы туралы баяндама жаһандық алаңдатарлық үрдісті көрсетеді: Адам дамуы индексі тарихтағы ең жоғары деңгейге жеткенімен, ілгерілеу қарқыны соңғы 35 жылдағы ең төмен деңгейге түсті. Көп жылдар бойы жаһандық Адам дамуы индексі тұрақты түрде жақсарды, бірақ соңғы жылдары тұрақсыздық пен тоқырау байқалды. 2020-2021 жылдары жаһандық Адам дамуы индексі орташа мәні екі жыл қатарынан төмендеді. Бұл баяндаманың тарихында алғаш рет орын алды. 2023 жылы 90-нан астам елде Адам дамуы индексінің мәні 2019 жылмен салыстырғанда төмен болды, бұл соңғы дағдарыстардың кең таралған әсерін көрсетеді.\nТағы бір алаңдатарлық жайт – Адам дамуы индексі рейтингінің жоғарғы және төменгі елдері арасындағы адам дамуы алшақтығы ондаған жылдар бойы қысқарғанымен, қазір қайтадан ұлғайып келеді. Бұл ең кедей және осал топтардың одан әрі артта қалуына әкеледі, жақындасу процесін алшақтау процесіне айналдырады. Баяндамада соңғы жылдары, әсіресе жас әйелдер мен қыздар арасында, жастардың психикалық әл-ауқатының күрт төмендеуі атап өтілген – бұл жасанды интеллектпен қуатталған цифрлық технологиялардың жылдам таралуымен сәйкес келеді.\n\"Жасанды интеллект – бұл тек технологиялық серпіліс емес, ол біздің құндылықтарымыз бен басымдықтарымыздың сынағы. Бүгінгі таңда қабылданатын шешімдер жасанды интеллектінің инклюзия мен ілгерілеу құралы бола ма, әлде алшақтықты тереңдететін факторға айнала ма, соны анықтайды. БҰҰДБ жасанды интеллектінің адам дамуын қолдап, барлық адамдарға мүмкіндік беруіне ұмтылады\", – деді Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.\n2025 жылғы HDR жасанды интеллектті адам дамуы үшін әрі сын-қатер, әрі мүмкіндік ретінде қарастырады. Сауалнама деректері бойынша, әлем бойынша респонденттердің шамамен 20 пайызы жасанды интеллектіні қазірдің өзінде пайдаланып отыр, ал төмен Адам дамуы индексі елдеріндегі респонденттердің үштен екісі бір жыл ішінде жасанды интеллектіні қолдануды бастауды жоспарлап отыр. Бұл өте жоғары Адам дамуы индексі елдеріндегі респонденттердің шамамен жартысымен салыстырғанда өзгеше. Адамдар жасанды интеллектіні жұмысын автоматтандырудан гөрі толықтыратынына, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына көбірек үміт артады.\nАлайда баяндамада генеративті жасанды интеллект модельдерін оқыту деректері мен дамуы жоғары елдердің көзқарасына қатты бейімделгені, бұл алалаушылық пен инклюзивтілікке қатысты алаңдаушылық туғызатыны ескертіледі. Бүгінгі таңда қабылданатын шешімдер – үкіметтер, ұйымдар және жеке тұлғалар тарапынан – жасанды интеллектіні инклюзия мен ілгерілеу құралы бола ма, әлде алшақтықты тереңдететін факторға айнала ма, соны анықтайды.\nБаяндама жасанды интеллекттің әлеуетін – тек технологиялық серпіліс ретінде емес, тоқырауды еңсеруге және ілгерілеуді ынталандыруға арналған қуатты құрал ретінде көрсетеді. Жаһандық сауалнама нәтижелері сақ оптимизмді көрсетеді: респонденттердің жартысы қазіргі жұмыс орындары автоматтандырылуы мүмкін деп санайды, бірақ 60 пайызы ЖИ жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашады деп күтеді, оның ішінде әлі жоқ мамандықтар да бар. Тек 13 пайыз жұмыс орындарын жоғалтуға алаңдайды, ал Адам дамуы индексі төмен елдерінде 70 пайызы жасанды интеллектіден өнімділіктің артуын күтеді, үштен екісі оны келесі жылы білім, денсаулық сақтау салаларында немесе жұмыста қолдануды жоспарлап отыр.\n\"Жасанды интеллект біздің экономика мен қоғамның барлық секторларын жылдам өзгертуде. Біздің міндетіміз – оның әлеуетін баршаға пайда әкелу үшін пайдалану, ешкімнің артта қалмауын қамтамасыз ету. Қазақстан цифрлық инфрақұрылым мен дағдыларға инвестиция салып, жұмыс күшін болашаққа дайындауда\", – деді жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун.\nҚазақстан 193 елдің ішінде Адам дамуы индексі бойынша 60-орында (0,837 балл) мықты позицияға ие. Алайда теңсіздік пен экологиялық тәуекелдерді ескергенде индекс 0,765-ке дейін төмендейді, бұл әділ және орнықтылық шешімдердің қажеттілігін көрсетеді.\nЦифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне жауап ретінде Қазақстан жасанды интеллектіні реттейтін жаңа заң қабылдады. Онда адам құқықтары, ашықтық және қауіпсіздік басымдыққа ие. Заң жасанды интеллектіні эмоцияларды талдау, мінез-құлықты бақылау және жеке деректерді келісімсіз жинау үшін қолдануға тыйым салады, дипфейктерді белгілеуді міндеттейді. Сондай-ақ, құпия ақпаратты қорғау үшін ашық нейрондық желілерге шектеу қойылып, жасанды интеллектіні енгізуде ұлттық құндылықтар мен мәдени сәйкестікті интеграциялау маңызды деп атап көрсетіледі.\n\"Бүгінде халықаралық құқық жүйесі бірізді дамымай, тиімді іске асыру тетіктерін қалыптастырмай отыр. Жасанды интеллектіні жаһандық реттеу әлі де әлсіз деңгейде. Сондықтан азаматтардың құқықтарын қорғау мен экономикалық мүдделерді қамтамасыз ету бойынша негізгі жауапкершілік ұлттық жүйелерге жүктеледі\", – деді мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.\nҚазақстан білім мен инновацияға да айтарлықтай инвестиция салып жатыр. Инновациялық саясат функциялары Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді, бұл ғылыми және білім беру процестерін тығыз интеграциялауға мүмкіндік береді. Ел отандық технологияларды енгізуді жеделдетіп, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, жасанды интеллектпен жұмыс істейтін мамандарды дайындауда. Білім беру саласында жасанды интеллектіні оқыту мен дағдыны дамыту тәсілдерін өзгертіп жатыр.\n\"Жасанды интеллект  бұл тек технологиялық құрал емес, сонымен қатар білім беру философиясын өзгертетін фактор. Ол жаңа буын мамандарын дайындауға көмектеседі, заманауи білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді және болашаққа қажетті дағдыларды – аналитикалық ойлау мен шығармашылық шешім қабылдаудан бастап дамытады. Жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу бейімделгіштікке, инновацияға және ұлттық дамуға үлес қосуға ықпал етеді\", – деді ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова.\nГенеративті жасанды интеллект бұрынғы кез келген технологияға қарағанда жылдамырақ таралуда. 2025 жылғы Адам дамуы туралы баяндама – жылдам интеграцияның дамуға жақсы әсер ете алатыны мен қауіп-қатер әкеле алатынын де ескертеді. Нақты әрекеттерсіз жасанды интеллект бар теңсіздіктерді тереңдетуі мүмкін  көмекші технологияларға қолжетімділік бірнеше жоғары табысты елдерде шоғырланған, ЖИ жұмыс күшінде гендерлік алшақтық сақталып отыр, ал адам жасы мен білім деңгейі кімнің көбірек пайда көретінін анықтауды жалғастыруда.\nӘлемнің көптеген жұмысшылары, әсіресе Адам дамуы индексі төмен аймақтарында, жасанды интеллект әлеуетін пайдалану үшін қажетті цифрлық құралдарға әлі де ие емес. Жасанды интеллект не болатыны, оны кім басқаратыны және кім пайда көретіні алдын ала анықталмаған. Бүгінгі таңда қабылданатын шешімдер жасанды интеллект баршаға мүмкіндік беретін қозғаушы күш бола ма, әлде көптеген адамдарды артта қалдыра ма – соны анықтайды.\nСессия қатысушылары жасанды интеллект адам дамуының тұжырымдамасын қалай өзгертетінін, осы технологиялық дәуірдің бірегей сын-қатерлерін және жасанды интеллект әділеттілікке, инклюзияға және адамдардың өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал етуі үшін қажетті саясаттық шешімдерді талқылады."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-keles-jyilyi-serbiyanyin-ekspo-kormesn-tabyistyi-371900/", "title": "Тоқаев келесі жылы Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне тілектестік білдірді", "text": "Мемлекет басшысы келесі жылы Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне еліміздің тілектес екенін жеткізді, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі Ақордаға сілтеме жасап.\nМемлекет басшысы келесі жылы Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне еліміздің тілектес екенін жеткізді, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі Ақордаға сілтеме жасап.\nБұл ретте Қазақстан \"EXPO 2027 Belgrade\" көрмесіне қатысып, өз тәжірибесін бөлісуге дайын.\n\"Жалпы, бүгінгі келіссөздер өте табысты болды. Бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Жан-жақты ынтымақтастыққа тың серпін беретін бірқатар маңызды құжатқа қол қойдық. Осы келісімдердің нәтижесінде екі елдің қарым-қатынасы нығая түсетіні сөзсіз\", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.\nСондай-ақ тараптар халықаралық және аймақтық мәселелер жөнінде пікір алмасқан.\n\"Жаһандық геосаяси ахуалдың ушығуына, қақтығыстардың көбеюіне бәріміз алаңдап отырмыз. Әлемдегі көптеген түйткілге қатысты мемлекеттеріміздің ұстанымы – ұқсас. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және халықаралық құқық нормаларының талаптары қатаң сақталуға тиіс. Кез келген жанжалды келісім арқылы дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санаймыз. Біз болашақта да халықаралық деңгейде күш біріктіріп, тиімді жұмыс істеуге, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсене атсалысамыз деп келістік. Бүгінгі сапар екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетіні анық. Бұған қос тарап та мүдделі. \"Жұмыла көтерген жүк жеңіл\" дейді. Бірлесіп әрекет етсек, ортақ мақсаттарға қол жеткіземіз деп сенемін\", – деді Қазақстан Президенті.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/astanada-turgyin-uy-keshenndeg-paterler-ek-ret-satyilgan-371937/", "title": "Астанада тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер екі рет сатылған: қандай схема болған?", "text": "Астана прокуратурасы Qyran тұрғын үй кешенінде пәтерлерді екі рет сату дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nАстана прокуратурасы Qyran тұрғын үй кешенінде пәтерлерді екі рет сату дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nСоталды тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалар құрылыс компаниясының қызметкерлері бола отырып, Qyran тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы азаматтарды алдағаны анықталды. Қызметкерлер \"International Invest Company IIC\" ЖШС-нің атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсеткен.\n\"Азаматтарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынылған. Сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру туралы келісімдерді, алдын ала шарттарды ресімдеген. Алданған сатып алушылар күдіктілердің жеке шоттарына ақшаны аудару арқылы және қолма-қол ақшамен төлем жасаған\", - делінгенхабарламада.\nКомпания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 миллиард теңгеден асты. Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 миллиард теңге болатын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынған.\n\"Үш күдіктіге қатысты \"қамауда ұстау\" түріндегі бұлтартпау шарасы, төртіншісіне \"кепіл\" қолданылды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді\", - делінген хабарламада."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/erzan-babaqumarov-donald-tramp-stilindegi-iri-kelisimder-zane-qysym-zagdaiynda-kelissoz-zurgizu-turaly", "title": "Ержан Бабақұмаров Дональд Трамп стиліндегі ірі келісімдер және қысым жағдайында келіссөз жүргізу туралы", "text": "Саясаттанушы, талдаушы, \"Ника груп\" талдау орталығының жетекшісіЕржан Бабақұмаровпензаманауи геосаяси процестер туралы сұхбаттар сериясын жалғастырамыз.\nБірінші сұхбаттасарапшы Дональд Трамп неге Америка Құрама Штаттарын корпорация, ал халықаралық саясатты келісімдер мен транзакциялар нарығы ретінде қарастыратынын түсіндірді. Альянстар, институттар, құндылықтар – Ақ үй басшысының ойынша, мұның бәрі \"АҚШ үшін пайдалы\" деген басты критерийге бағынуы тиіс.\nБұрынғы дипломатия қатаң прагматизмге жол беріп отырған әлем елдердің бәрінен, әсіресе ірі әскери-саяси блоктардан тысқары мемлекеттерден жаңа тәсілдерді талап етеді.\nБұл сұхбатта Informburo.kz корреспонденті сарапшымен АҚШ президенті қалай келіссөз жүргізетінін, неге саналы түрде тұрақсыздық атмосферасын қалыптастырып жатқанын және бұл орта державаларға қалай әсер ететінін талқылады.\n– Ержан Жалбақұлы, Дональд Трамптың сыртқы саясатты жүргізу тәсілін \"сауда-корпоративті тәсіл\" деп атайды. Ол АҚШ мүддесін үшін бірбеткей, кейде агрессивті келіссөздерді жөн көреді. Бұл шынымен де стратегиялық таңдау ма, әлде Трамптың жеке стилі ме?\n– Дональд Трамп келіссөзді бірінші кезекте тәжірибелі бизнесмен, тек содан кейін ғана кәнігі дипломат ретінде жүргізеді. Оның тәсілі ымыра іздеуге емес, күш пен үстемдікті көрсетуге негізделген. Ол \"Егер қолыңда қысым көрсету құралдарың болмаса, ешқашан келісім жасаспа\" дегенді бірнеше рет айтқаны бар. Бұл қағиданы ол расымен де ұстанады.\nАмерика басшысы халықаралық аренада қолданатын төрт рөлді атауға болады. Олар: қадағалаушы, атқарушы, бақылаушы және қиратушы. Ол әңгімелесушісін зерттейді, бұқаралық мәлімдемелер арқылы күн тәртібін бақылауға тырысады, процесті өзіне тиімді бағытқа бұру үшін ойын ережесін күрт, тіпті қарсы тарапты тұрақсыздандыра отырып өзгерте алады.\nМұндай саяси стильдің негізгі құралы – қысым көрсету арқылы мәжбүрлеу, осал тұстар арқылы ойын жүргізу және белгісіздік атмосферасын құру.\nСыртқы экспрессивтілікке қарамастан, оның стилі мейлінше ұтымды. Ол билік ассиметриясын және психологиялық артықшылығын қолданады. Оның негізі – импульс емес, нақты есеп.\n– Соңғы жылдары АҚШ-тың тіпті ресми одақтастарын да қолайсыз шешімдер қабылдауға мәжбүрлейтін сауда салықтары, келісімдерден шығу және әріптестік шарттарын таңу сынды әдіс-тәсілдері жиі талқыланып жүр. Мұндай қатаң құралдар АҚШ президентінің келіссөз жүргізу моделімен қалай үйлесім табады?\n– Америка басшысы серіктестерінің қимыл еркіндігін шектейтін қатаң әрекеттерге барады. Ол қарсыластың балама мүмкіндіктерін азайту, өзге нұсқалардың тартымдылығын азайту, \"жомарт\" ұсыныстардың шектеулілігі, басшылармен тікелей келіссөздер, қарсылыққа дайындықты көрсету және келісімнің нақты белгіленген шарттарын қою секілді тексерілген және нақты есепке құрылған тактикаларды қолданады.\nБұл қысым сезімін тудырады да, серіктесті әдетте мүмкін еместей көрінетін шарттарға келісуге мәжбүрлейді. Мұндай келіссөздерде, әсіресе, институттық жүйесі әлсіз елдер осал жағдайда қалады.\nПрезидент Дональд Трамп нәтижеге сенім көмегімен емес, қысым көрсету жолымен жетеді. Ол үшін ең бастысы – қарым-қатынасты сақтау емес, барынша пайда табу.\n– Халықаралық баспасөзде Дональд Трамптың саналы түрде болжамдылық логикасынан тыс әрекет ететіні талай айтылды. Оның мәлімдемелері мен шешімдері кейде жаға ұстатарлық болғанмен, аналитиктер олардың негізінде нақты есептер жатқанын айтады. Ол басқаруға болатын болжамсыздық стратегиясын қолданады деп айта аламыз ба?\n– Бұл саяси ғылымда \"ақымақтар теориясы\" деген атаумен белгілі саналы стратегия болса керек. Оның мәні – қарсыластарды өзіңнің қисынсыз, кесімді және тіпті қиратушы қадамдарға бара алатыныңа сендіру. Бұл қадам серіктестерге қорқыныш ұялатып, оларды ымыраға келуге итермелейді.\nАҚШ президенті резонансты мәлімдемелерді жиі жасайды. Мәселен, Гренландияны аннексиялау, Канаданы қосып алу және НАТО-мен байланысты мүлде үзу. Бәлкім, ол бұл айтқандарын іске асыруға ниетті емес те болар, бірақ мұндай мәлімдемелер саяси артиллерия ретінде жұмыс істеп, қажетті фон жасайды.\nДональд Трамптың арсеналындағы болжамсыздық – әлсіздік емес, басқаруға болатын хаос. Ол келіссөз тараптарын кері шегінуге мәжбүрлейтін тізбекті реакцияларды іске қосады.\n– АҚШ президентінің дәстүрлі дипломатиялық институттарды қаламайтынын байқаймыз. Ол мемлекеттердің басшыларымен, әсіресе қолмен басқару режимін қолданатындармен жиі тікелей сөйлеседі. Бұл дәуірдің ерекшелігі ме, әлде оның жеке стилі ме?\n– Бұл стратегия. Дональд Трамп дербес дипломатияны – шешім қабылдаушылармен тікелей қарым-қатынасты қалайды. Ол Владимир Путин, Си Цзиньпин, Мұхаммед ибн Салман, Режеп Тайып Ердоған секілді әлемнің мықты тұлғаларымен келіссөздерде өзін жайлы сезінеді. Оған сенің кім екенің емес, қаншалықты шешім қабылдай алатының маңызды.\nМұндай стиль мемлекеттік департамент, БҰҰ, елшіліктер арқылы келіссөз жүргізу тәсілдерін ығыстырып шығарады. Трамп үшін сыртқы саясат – келісу процесінің көпсатылы жүйесі емес, мықты ойыншылар арасындағы келісімдер жиынтығы.\nАқ үй басшысы үшін идеология мен тарих маңызды емес. Оның орнына басқару, ықпал ету және қол жеткізу қабілеті маңыздырақ.\n– Ескірмейтін сұрақ: біздің еліміз жаңа жағдайларға қалай бейімделуі керек?\n– Жауапты біз қазірдің өзінде көріп отырмыз. Әлемдегі күрделі жағдайларға қарамастан, Қазақстанның ұлттық мүдделері мен егемендігі тиімді қорғалып келеді. Қазіргі халықаралық саясат – бұл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мықты қырларының бірі. Бұл – мықты мінез бен ерік-жігердің, кәсіби дипломатия және стратегиялық ойлаудың мықты үйлесімі.\nСонымен қатар, сарапшылар әлемдік тәртіпте басталған өзгерістер жағдайында ұлттық мемлекеттерге өзгелердің шешімінің нысанынан айналмай, сол шешімдерді қабылдауға қатысу маңызды екенін айтады. Батыстың сарапшылары, ең алдымен жаһандық әділдік немесе әмбебап ережелер туралы қиялдардан бас тарту керектігін айтады. АҚШ-тың қазіргі президентімен жан-жақты дипломатия аясында әңгімелесу мүмкін емес болар. Оның басқару жүйесінде декларациялар емес, пайданың құны жоғары.\nОрта елдер өзінің субъектілігін нығайта алады және солай істеуі керек те. Әлемдік тәртіптегі өзгерістерді тек қауіп емес, мүмкіндіктер ретінде де қарастырған жөн. Біздің еліміз Ресей, Қытай, ислам әлемі, АҚШ және Батыс арасында бірегей геосаяси жағдайға ие. Бұл одан әрі де сауатты басқаруға қажет ресурс. АҚШ пен өзге қуатты державаларға Қазақстанның ұлттық мүдделері мен егемендігіне зиян келтірмейтін ұсыныстар жасап үйрену керек. Икемді болу қажет, табандылық танытып, күрделі келіссөздерге арналған сценарийлерді алдын ала әзірлеу керек.\nОрта елдер келіссөздерге алдын ала дайындалуы қажет: не үшін барамыз, не ұсынамыз, нені қорғауға дайынбыз және нені талап етеміз.\n– Бүгінде демократиялық институты, болжамды саясаты және сыпайы дипломатиясы бар \"дұрыс\" мемлекет болу жеткіліксіз секілді көрінеді. Енді қатаң ережелермен ойнай білу қажет пе?\n– Иә, дәл солай. Дональд Трамптың әлемінде тәртібі жақсылар емес, пайдалы болатын әрі шешім қабылдай алатындар жеңіске жетеді. Бұл жаңа реализм. Соның шарттарымен өмір сүріп үйрену керек."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/erzan-babaqumarov-amerika-korporaciia-retinde-nemese-donald-tramp-alemdik-geosaiasatty-qalai-ozgertip-zatyr", "title": "Ержан Бабақұмаров: Америка – Корпорация ретінде немесе Дональд Трамп әлемдік геосаясатты қалай өзгертіп жатыр", "text": "2025 жыл тарихқа жаһандық өзгерістердің кезеңі ретінде енбек. Халықаралық процестердің тым жылдам дамып жатқаны соншалықты, тіпті кәсіби сарапшылардың өздері де оқиғаларға баға беріп үлгермей жатқанын мойындайды. Державалар арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі, жаһандық институттардың әлсіреуі, тұрақсыздық толқындары – мұның бәрі әлемдік саясаттан бойын алыс ұстап, оны абстракт дүние санайтындардың да назарын аударып отыр.\nБұл аумалы-төкпелі құбылыстардың негізгі факторы – Дональд Трамптың Ақ үйге қайта оралуы, АҚШ-тың 45 және 47-президентінің екінші мерзімі тек саяси факт емес, ол жаһандық трансформацияның жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Трампизм дегеніміз не? Неге Трамптың тұлғасынан біреулер қауіптенеді, ал енді бірі үміттенеді? Орта державаларды әлемнің жаңа конфигурациясында қандай тәуекелдер мен мүмкіндіктер күтіп тұр?\nInformburo.kz порталының осы және өзге де сұрақтарына саяси ғылымдар кандидаты, ҚР Саяси ғылымдар қоғамдық академиясының академигі, \"Ника груп\" тәуелсіз талдау орталығының негізін қалаушы әрі жетекшісіЕржан Бабақұмаровжауап берді. Бұл – сайт редакциясы \"әлемдік жаңа бөлініс\" және зерттеу мен уақытылы реакцияны талап ететін беймәлім факторлар туралы әзірлеген материалдар цикліндегі тәуелсіз сарапшымен алғашқы сұхбат.\n– Ержан Жалбақұлы, сіз кәсіби саясаттанушысыз, мемлекеттік қызметте көп жыл еңбек еттіңіз, мемлекет деңгейіндегі стратегиялық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыруға қатыстыңыз. Әлемдік процестерді терең талдаумен айналысып, іргелі геосаясатқа қайта оралуға не түрткі болды?\n– Мен кәсіби еңбек жолымды ғалым ретінде бастадым, және 1995 жылы бірқатар пікірлес азаматтармен бірігіп, елімізде алғашқы жеке аналитикалық орталық – Қазақстанның даму институтын құрдық. Бәлкім, осы тәжірибе менің зерттеу жұмыстарына қайта оралуыма, әлемде болып жатқан құбылыстарға тереңірек үңілуіме түрткі болған шығар. 2025 жылдың наурызы шын мәнінде бетбұрысты кезең болды. Болжамдар, талдаулар, сараптамалық бағалаулар – ешбірі де тарихи уақыттың жылдамдығына ілесе алмай қалды. Саясаткерлер жоғары дәрежедегі белгісіздік жағдайында шешімдер қабылдауға мәжбүр. Дегенмен, белгісіздік біреулер үшін – қауіп, ал басқалар үшін – мүмкіндік.\nБіз қазіргі жағдайды әлемдік геоэкономикалық дағдарыс деп сипаттаймыз. Оның белгілері көзге ұрып тұр:\nДональд Трамп пен оның командасының АҚШ билігіне қайта оралуы әлем бойынша саяси дағдарыстардың тізбекті реакциясын тудырады.\nРеспубликашылар партиясы оқшаулыққа бейім деген танымал түсінікке қарамастан, Американың қазіргі президентінің командасы басқа елдердің саясатына белсенді ықпал етуге ұмтылып отыр.\nӘлемдік сарапшылар трампизмді (Ақ үйдің қазіргі басшысының 2016 жылдан бері дамып келе жатқан көзқарастары мен идеологиясының жүйесі) саяси дағдарыстан және неолиберализм истеблишментінен туындаған жаңа оң бетбұрыс деп санайды.\nНеолиберализм дағдарысы қоғамда наразылық көңіл-күй тудырды. Сондықтан, трампизм – бірінші кезекте билік пен элитаның жаңаруына деген қоғамдық сұранысқа, жаңа саясат, жаңа экономика және жаңа әлемдік тәртіпке деген сұранысқа берілген жауап болып саналады.\n2025 жылғы көктемнен бері АҚШ пен Еуропадағы оқиғалардың динамикасы неолиберализм оңайлықпен жеңілмейтінін көрсетті. Алдағы бірнеше жылда түрлі саяси қақтығыстар трампшыл және оған қарсы күштердің соқтығысуы ретінде сипатталатын болады. Әлемдік аренаны үлкен тәуекелдер, болжап білу қиын оқиғалар мен үлкен белгісіздік күтіп тұр. Бұл бүкіл әлемдік қарым-қатынастар жүйесіне өз ықпалын тигізеді. Әлемдік тәртіптің трансформациясына объективті түрде жағдайлар жасалады.\nБатыс дереккөздерінің бағасы бір: Дональд Трамп АҚШ-қа бизнес ретінде қарайды. Ол мемлекетті корпорация, ал өзін – оның бас директоры ретінде қабылдайды. Бұл стиль Илон Масктің Twitter немесе DOGE криптовалюта жобасын басқаруымен ұқсас. Ақ үй басшысы классикалық типтегі саясаткер емес, тиімділікті, бақылауды және активтердің өсімін көздейтін стратег.\nМұндай \"корпорацияны\" тиімді басқару үшін технологиялар, ресурстар, өткізу нарықтары, білікті кадр, қауіпсіз шекара және халықаралық аренадағы монополиялық жағдай болуы керек. Экономикалық қайтарым бермейтін нәрселер – идеология, мәдени нормалар, одақтастық міндеттемелер – екінші орынға ысырылып қалады.\n\"Америка президенті корпорацияның бас директоры секілді әрекет етеді. Ол шығындарды қысқартады, табысты арттырады және кім пайда әкеле алады – солармен ғана қарым-қатынас орнатады\".\n– \"Америка бәрінен жоғары\" деген ұран сөздің астарында не жатыр?\n– Бұл жай ұран емес. Бұл – саяси философия. АҚШ президенті экономикалық ұлтшылдықты, сыртқы саяси шығындарды қысқартуды және одақтастықтарды пайда тұрғысынан қайта қарауға басымдық береді. Ол АҚШ өз азаматтарынан және өз бизнесінен басқа ешкімге ештеңе де міндетті емес екенін алға тартады.\nПрофессор Хэл Брэндс Дональд Трамптың \"Американы елдің өзі құрған жүйе пайдаланып жатыр\" деп есептейтін нағыз прагматик адам екенін жазады. Трамп бұл жағдайды өзгертуге ниетті. Оның басқару тәсілінің екінші маңызды элементі – \"жаңа меркантилизм\": мемлекет экономикаға қайта оралып, протекционизмді күшейтеді, корпорацияны бақылайды және адалдықты талап етеді.\n\"Трампизм – бұл жаһандық нарықтың абстрактылы идеалдарынан өз мүддесін жоғары қоятын мықты мемлекеттер әлеміне оралу\".\nБұл Клинтон, Буш және Обама әкімшілігі жүргізген жаһандану бағытынан бөлек, өзгеше даңғыл.\n– Бұл халықаралық альянстарға қаншалықты ықпал етеді?\n– Ықпал күшті болмақ. АҚШ президенті ешқандай тікелей пайда әкелмейтін одақтардан бас тартып жатыр. Ол АҚШ мүдделеріне сай келетін болса, Ресейге қарсы санкцияларды жоюға және Еуропамен сауда соғысын бастауға дайын. Оның ұстанымы: егер одақ келісім секілді жұмыс істемесе онда оның қажеті шамалы.\nИдеологиялық негіздері бар одақтардан бас тарту америкалық көшбасшылықтың 80 жылдық моделінің мәресіне жеткенін білдіреді. Оның орнына \"транзакциялық тәсіл\" деп аталатын кезең келді. Мұнда мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас ортақ құндылықтарға емес, өзара пайдаға негізделеді.\n\"Дәстүрлі альянстар келмеске кетіп жатыр. Дональд Трамп әрбір тармағы қайырымдылыққа емес, саудаға негізделген келісімдерге басымдық береді\".\n– Халықаралық қарым-қатынас құрылымында қандай өзгерістер болып жатыр?\n– Президент Дональд Трамп әлемді ықпал ету аймақтарына қарай бөлу идеясын қолдайтынын жасырмайды. Ол әмбебап ережелерге сенбейді. Оның орнына логикаға сүйенеді: мықты ойыншылар өзара тікелей келіссөз жүргізуі керек, бұл – басымдық.\nОсылайша, Украина мен Еуропа АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерге шақырылған жоқ. Бұл – \"егер сіз келіссөз үстелінде жоқ болсаңыз – демек, оның ережесін айқындауға да қатыспайсыз\" деген қағиданың жарқын мысалы.\n\"Америка басшысы әлемді корпорациялардың жиынтығы ретінде қарастырады. Сәйкесінше, ол Владимир Путин, Си Цзиньпин, Режеп Ердоған, Мұхаммед ибн Салман сынды басқа СЕО-лармен ғана келісімге келуге дайын\".\nБұл кво-статусын күрт өзгертеді және серіктестің құндылығы одақтың тарихымен емес, пайдалы болу қабілетімен өлшенетін жаңа жүйені құрады.\n– Қазіргі жағдайдан қандай түйін түюге болады?\n– АҚШ енді жай ғана \"еркін әлемнің көшбасшысы\" болып қалғысы келмейді, олар экономикалық жарыста жеңімпаз болуды қалайды. Бұл көпжақты құрылымдардың әлсіреуіне, екіжақты келісімдердің өсуіне және жаңа, бірақ тұрақтылығы әлсіздеу жаһандық құрылымның қалыптасуына әкелері анық.\nОрта державалар үшін бұл икемділіктің, айқын позицияның және мүдделер тілінде сөйлесе білу қабілетінің қажеттігін білдіреді. Классикалық дипломатия прагматикалық келіссөздерге орын беріп жатыр. Бұл жағдайда кім дұрыс емес, кім мықты ойыншыларға пайдалы бола білсе – сол аман қалады.\n\"АҚШ-тың жаңа сыртқы саясаты серіктестерді қатаң іріктеуге негізделеді: нақты дивиденд әкеле алатындар басымдыққа ие болады. Ал қалғандарына диалогтан тыс қалу қаупі төніп тұр\".\nТаяу уақытта редакция тәуелсіз сарапшы Ержан Бабақұмаровпен тағы бірнеше сұхбатты жариялайды. Олар келесі тақырыптарды арқау етеді:"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/threads-qalai-seteldikterdin-qazaq-tili-men-madenietine-qyzygusylygyn-oiatty", "title": "Threads қалай шетелдіктердің қазақ тілі мен мәдениетіне қызығушылығын оятты", "text": "Бұл желіде қолданушылар қарапайым мәселелерден бастап, өзекті де әлеуметтік маңызы зор тақырыптарға дейін талқылайды. Әркім өз ойын жазады, қалжыңдасады, пікір таластырады. Соңғы кезде талдаушылар, тіпті, платформаның орыс тілді сегментінде қазақстандық қолданушылардың көш басына шыққанын байқаған. Бұл, әрине, Ресейде әлеуметтік желілердің жаһандық тұрғыда бұғатталуымен байланысты, дегенмен орыс тілі әлі де белсенді қолданылатын Орта Азиядағы бұл тенденция таңданыс туғызғаны рас.\nОсы орайда Информбюро порталы Grey Cardinals коммуникациялық агенттігінің зерттеуіне сүйене отырып, Threads қалай Қазақстанның жылдам еніп, қандай цифрлық мәдениетті қалыптастырып жатқанын баяндайды.\nЗерттеуге сүйенсек, Threads өзінің қарапайым, мәтін форматындағы платформасының арқасында желідегі еркін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып жатыр.\n\"Батыс әлемінде мұндай тәжірибе бұрыннан бар, қолданушылар ол үшін Reddit әлеуметтік желісін пайдаланады. Бұл тұрғыда Threads оның жергілікті баламасына айналды. Мұнда қолданушылар жеке және өзекті мәселелерін талқылайды, жұмыс не өмірлік серігін іздейді, түрлі сервистерді қолдану тәжірибесін бөліседі. Бұл тізімде шек жоқ. Басқаша айтқанда, Threads пайдалы ақпарат ұзынқұлақ тәсілімен тарайтын, түрлі жарнама мен хабарландыру ілінетін бұрынғы автобус аялдамасына ұқсас алаңға айналып отыр\", – делінген зерттеуде.\nДегенмен, хабарландыру алаңынан бөлек, Threads Қазақстанда өзге, атап айтқанда бұқаралық қысым көрсету құралына да айналғанына куә болдық. Бұл, әсіресе, Cancel мәдениеті түрінде көрініс тапты.\n\"Cancel мәдениеті Threads платформасында талқыланатын негізгі тақырып болмағанымен, түрлі брендтерге жаппай шағым не үндеу жасау, ашық бойкот жариялау жиі байқалады. Контенттің мәтін форматында болуы негативті реакцияны жылдам әрі мақсатты аудиторияға дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалға таяуда Youtube желісіне шыққан екі танымал тұлғаның (Әлішер Елікбаев пен Шәріп Серіктің сұхбаты – ред.) сұхбатын алуға болады. Видеоның өзі түрлі мазмұндағы пікір туғызғанымен, дәл осы Threads Cancel мәдениетінің белсенді алаңына айналды. Қолданушылар ашулы посттар жазып, жарнама берушілерге жазған хаттарының скриншоттарын жаппай жариялады. Ағылшын тілінде пост жазған қолданушылардың бірі, тіпті, әлемдік санатқа ие қонақүйлердің сұхбатты жүргізген блогермен әріптестігі туралы алаңдаушылық білдірді. Нагимуша есімді танымал блогер сұхбаттың екі тарабын да тікелей сынап, бірнеше пост жариялады. Осы кейс Threads желісінің бизнеске және танымал тұлғаларға қысым көрсетудің нақты құралына айналғанын көрсетеді\", – деп жазды зерттеу авторлары.\nЗерттеуде Threads тек талқы мен сынның алаңына ғана емес, Қазақстанның жергілікті тақырыптары мен мәдени ерекшеліктерін насихаттаудың тиімді құралы екені де айтылған. Желідегі қазақстандық посттардың танымалдығының артуы өзге елдер қолданушыларының қазақстандық мәдениетке қызығушылық оятқан. Мысалы, олар қазақтың дәстүрлі тағамы – ет тамақтан дәм татқысы келетінін жазған, одан бөлек, елдегі дәмхана және өзге де ойын-сауық орындары туралы сұрайтындар көбейген.\n\"Ал кейбірі, тіпті, аздап болса да, қазақ тілін үйрене бастады. Желідегі мұндай ашықтық елге де қызығушылықтың өсуіне және Қазақстанның өзге елдерде танымалдылығын арттыруға негіз болады\", – делінген зерттеуде.\nБүгінде бизнес үшін өзінің әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар Threads қоғамдастығының реакциясын да қадағалау маңызды. Өйткені, бұл брендтер мен танымал тұлғалардың абыройына және сәйкесінше табысына да тікелей әсер ететін факторға айналды. Өйткені, желі қолданушылары қандай компанияларға бойкот жариялау керектігін ашық талқылайды, оған қоса, 2GIS сынды карталарда бизнес нысандарының рейтингін жаппай түсіріп тастай алатын күшке ие. Мұның бәрі кейде агрессивті сипатта жүзеге асқанымен, онымен санаспау бизнесті құрдымға жетелейтіні анық.\n\"Қорыта айтқанда, Threads желісіндегі ашық пікірталас бизнеске де, қоғамдық пікірге де тікелей ықпал ете алады. Осы ашықтық және ықпал ету қуаты Қазақстан қоғамының бұл әлеуметтік желіге қызығушылығын арттырып отыр. Соған қарағанда, Threads сыйлаған цифрлық мәдениет Қазақстан қоғамында ұзақ уақыт қонақ болатын секілді\", – деп түйіндеген зерттеу авторлары."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/schuchinskteg-kaygyilyi-okiga-jana-malmet-belgl-boldyi-371887/", "title": "Щучинсктегі қайғылы оқиға: жаңа мәлімет белгілі болды", "text": "Щучинскте кафеде болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты. Ақмола облысы әкімдігінде қаза болғандардың алтауы мекеме қызметкерлері болғанын, тағы бір адам бойынша ақпарат нақтыланып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nЩучинскте кафеде болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты. Ақмола облысы әкімдігінде қаза болғандардың алтауы мекеме қызметкерлері болғанын, тағы бір адам бойынша ақпарат нақтыланып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nАқмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қайғылы оқиға салдарынан алты қызметкер қаза тапқанын хабарлады. Қаза болған 16 жастағы қыз туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Әкімдікте оның кафеде жұмыс істеген-істемегені тексеріліп жатқаны айтылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз анасымен бірге мекемеде болған, ал анасы осы жерде қызметкер болған. Әкімдік өкілдері қыздың анасы тірі екенін нақтылады.\nЕске салайық, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жалғасқан бір қабатты кафеде \"газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, кейіннен өрт шыққаны\" тіркелген. Сол кезде алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды.\nТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарған. Өрт сөндіріліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.\n27 ақпанда барлығы 26 адам зардап шеккені, соның ішінде 7 адам қаза тапқаны (оның бірі - 16 жастағы қыз) белгілі болды. 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген.\nАқмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылды.\nЖарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны айтылды.\nКуәгердің айтуынша, бәрі кенеттен болған. Қатты жарылыс болып, ғимаратты өрт шарпыған. Кейін ішінен адамдар жүгіріп шыға бастаған.\n\"Бәрі өте тез болды. Бір секундта. Адамдар жүгіріп шықты. Бәрі күйік алған. Аспаздар, қызметкерлер, бәрі қардың үстіне құлап жатты. Барлығын сыртқа шығарып жатты. Мен жүгіріп бардым, сол жерде тәтемді көрдім, оны алып кетіп бара жатты, күйіп қалған, үсті-басы қан болды. Бәрі күйіп қалған, кейбірі шашсыз шықты, күртелерін тастап, жалаңаяқ жүгіріп шықты\", – деді куәгер.\nОсы өрт кезінде куәгер досынан айырылған.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/page/kaz/about", "title": "informburo.kz жобасы туралы", "text": "informburo.kz– мультимедиялық, ақпараттық-сараптамалық портал.\nАқпараттық.Біз жаңалықтар таспасын аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат жаңарта отырып, Қазақстан және әлемдегі оқиғалар туралы баяндаймыз. Біз ең өзекті оқиғаларды таңдап, олардың әрі қарай қалай өрбитінін назарда ұстаймыз.\nСараптамалық.Сонымен бірге біз портал оқырмандарына мәселеге тереңірек үңіліп, «Неге?» және «Не үшін?» деген сұрақтарға бізбен бірге жауап табуға көтмектескіміз келеді. Біз мұны нақты және әртүрлі тараптардың көзқарасын бере отырып орындаймыз.\nМультимедиялық.Әдетте бір фото немесе 20 секундтық видео жүздеген сөзден артық ақпарат бере алады. Біз үшін фотосурет, видео, инфографика, сызбалар мен суреттер – журналистік материалдардың ажырамас бөлігі.\nБіздің серіктестер– 31 арнадағы \"Информбюро\" бағдарламасы\nШығыс деректерЖелілік басылым атауы: informburo.kzМеншік иесі: «Инфополис» ЖШСБас редактор: Гүлжан Мұқышева№ 16589-СИ тіркеуге/қайта тіркеуге қою туралы куәлік 26.06.2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті тарапымен берілген.\nБайланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050060, Тажибаев к-сі, 155; e-mail: info@informburo.kz"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/realdyn-sabuylyna-qarsy-turgan-18-zastagy-serxan-qalmyrza-turaly-ne-bilemiz", "title": "\"Реалдың\" шабуылына қарсы тұрған 18 жастағы Шерхан Қалмырза туралы не білеміз", "text": "Алматыда \"Қайрат\" пен аты аңызға айналған \"Реал Мадрид\" кездесуі өтті. Отандық футбол клубы испаниялықтарға 0:5 есебімен есе жіберсе де, жанкүйерлердің ризашылығына бөленді. Әсіресе, қақпаға бағытталған 12 соққының 7-еуін ұстап қалған қақпашы Шерхан Қалмырза көпшіліктің батасына бөленіп жатыр.\nОсы орайда Информбюро порталы 18 жастағы Шерхан Қалмырзаның футболдағы жолына үңіліп, материал әзірледі.\nШерхан Қалмырза 2007 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Бойы – 187 см, салмағы –  75 келі. \"Қайрат\" клубының жүйесінің түлегі, негізгі командада №82 нөмірмен ойнайды. Жас өспірімдерден бастап \"Қайрат\" академиясында тәрбиеленген.\n\"Қайрат\" футбол клубының сапында 3 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. \"Қайраттың\" жастар клубы сапында екі дүркін Қазақ жастар лигасының чемпионы атанған.\n\"Қайрат\" құрамында тұңғыш рет 2025 жылдың 14 қыркүйегінде \"Ақтөбеге\" қарсы ойында алаңға шықты. Бұл ойынды қақпашы Темірлан Анарбеков бастағанымен, ол бірінші таймда жарақат алып қалған еді. Сол кезде Шерхан оны алмастырған.\nНегізінен, ол \"Қайраттың\" ресми түрде үшінші қақпашысы болып есептеледі, негізгі қақпашылар жарақат алғанда алаңға шығады.\nТөрт күннен кейін Лиссабонда УЕФА Чемпиондар лигасындағы тұңғыш ойынын өткізді. \"Спортингке\" қарсы матч кезінде пенальти қайтарып, көзге түсті. \"Қайрат\" 1:4 есебімен жеңіліп қалса да, Шерхан Чемпиондар лигасы тарихындағы үшінші ең жас қақпашы атанды.\nДебют жасаған сәтінде Шерхан Қалмырзаның жасы небәрі 18 жас 3 ай ғана болған. Ал әйгілі испан қақпашысы Икер Касильяс Чемпиондар лигасында 18 жас 3 ай 26 күнінде алғаш рет алаңға шыққан еді.\nАл Шерханнан жасырақ қақпашылардың қатарында бельгиялық \"Генк\" клубының қақпашысы Мартен Вандевордт (17 жас 9 ай 14 күн) және португалиялық \"Бенфиканың\" қақпашысы Миле Свилар (18 жас 1 ай 21 күн) тұр.\nThibaut Courtois (@thibautcourtois)'in paylaştığı bir gönderi\nСонымен қатар шетелдік футбол жанкүйлерлері де Шерхан Қалмырза туралы жарыса жазып жатыр.\nÉl es Sherkhan Kalmurza, portero del Kairat-Zhastar. Con 18 años fue titular ante el Real Madrid. ❤️A pesar de un resultado desfavorable (derrota 5-0) definitivamente no olvidará esta noche de Champions League.pic.twitter.com/paVkeyIGHE\nIn the Champions League match against Real Madrid, FC Kairat are fielding their third-choice goalkeeper, Sherkhan Kalmurza. Prior to facing Madrid, the 18-year-old had only made three appearances with Kairat’s senior team.#UCLpic.twitter.com/fllI36Pmv6\nKairat’s goalkeeper Sherkhan Kalmyrza, only 18 years old, is playing against Real today. His second career match is already a Champions League game. The whole of Kazakhstan supports him with love and pride.pic.twitter.com/BolzX8zpFD\nBuena carta de presentación de Sherkhan Kalmurza (18) 🇰🇿 vs el Real Madrid en#UCLMostrando gran personalidad a su corta edad, capacidad de concentración y un buen nivel de paradas 🧤🔝Habrá que estar atento a él en esta Champions League 👀🌟pic.twitter.com/Q2AEH7RLWW\nSE SALIÓ ANTES DEL KINDER PARA JUGAR 👀🔥Sherkhan Kalmurza está dando un gran partido ante el Real Madrid con tan solo 18 años 🫶🏼#TeDaMásEmocionespic.twitter.com/bKBTazg8gO\nThis is a big lie, the Kairat goal keeper has been phenomenal for his team. Young, fresh and energetic performance. Quite good against a team like Madridpic.twitter.com/AXyxCsBwE5"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanda-qogamdyq-kolikpen-zuru-qasan-qauipsiz-bolady-youtong-taziribesi", "title": "Қазақстанда қоғамдық көлікпен жүру қашан қауіпсіз болады? Yutong тәжірибесі", "text": "2020 жылдың соңында \"Қазақстанда автомобиль көлігімен қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегішаралар кешені\" бекітілгеннен кейін, 2021 жылдан бастап елдің автобус парктері ұдайы түрде жаңаланып отыр.\nБұл ретте газбен жүретін және электр автобустарына басымдық берілді. Оған аталған транспорт түрлеріне утиль алымының мөлшерін төмендету және жолаушылар тасымалын бәсекелестік нарыққа басыбүтін беру, яғни мемлекет қатысуымен автобус кәсіпорындарын құруға тыйым салу серпін бергенін айта кету керек.\nЖолаушылар тасымалымен айналысатын жеке компаниялар Қазақстанға, оның ішінде Алматы, Астана секілді ірі қалаларға жаңа автобустарды көптеп әкеле бастады. Негізінен, Қытайда құрастырылған көліктер шекарадан бері ағылса, одан бөлек Қазақстанның өз ішінде де автобус құрастыратынҚарағандыдағы QazTehna, Семейдегі \"СемАЗ\", Алматыдағы Hyundai Trans Almatyсынды отандық және бірлескен кәсіпорындар қалыптасты. Олардың ішінде Қытайдың жетекші Yutong компаниясымен бірлесіп ашылған QazTehna автобус парктерін жаңартуда басты позицияны иеленіп отыр.\nРеспубликадағы ең ірі мегаполис – Алматының мысалында қарайтын болсақ, қалада жолаушылар тасымалына жегілген қоғамдық көліктердің50 пайызынан астамы – Yutong брендінің автобустары.\nБиыл Үкіметтің кешенді жоспары қабылданғанына 5 жыл толады. Ол саладағы қаржылық және автобустардың жетіспеушілігі мен ескіру мәселелерін шеше алды ма? Қауіпсіздік және экология тұрғысындағы көрсеткіштер қаншалықты жақсарды?\nInformburo.kz журналистері Қытай халық республикасының Чжэнчжоу қаласында орын тепкен Yutong компаниясының фабрикасында болып, Қазақстанда құрастырылатын көліктердің негізгі бөліктері мен қосалқы бөлшектері қалай дайындалатынымен, сондай-ақ компанияның Қазақстанға әлі жете қоймаған жаңа технологияларымен де танысты.\nYutong компаниясыбүгінде қалалық, қалааралық, туристік, мектепке арналған, перронды, шағын автобустардан бөлек, арнайы техникаларды да шығарады. Дегенмен, сонау 1963 жылы компания жолаушылар автобусын жөндейтін мекеме болып құрылса, бүгінде де оның негізгі өндірісі жолаушылар тасымалымен байланысты.\nСоңғы мәліметтерден сөз тартсақ, компания 2024 жылы орташа және ірі габаритті46 918 автобусты сатқан, бұл өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда 28,48 пайызға көп. 2024 жыл соңындағы мәлімет бойынша, Yutong-тың жалпы экспорты 110 мыңға жуықтаған. Бұл автобустарәлемнің 100-ден астам елі мен өңірінежеткізілген.\nҚазақстан бұл елдер арасында үлкен басымдыққа ие. Компанияның ТМД елдері бойынша сату менеджері Юан Мяоның айтуынша, Қазақстан экспорт көлемі жөнінен екінші орын алады.\nБұл ретте айта кетейік, қазақстандық инвесторлар мен Yutong бірлесіп ашқанQazTehna 2021 жылы іске қосылғанымен, Yutong автобустары Қазақстанда 2005 жылдан бері жолаушы тасымалдайды.\nБүгінде Қазақстанда Yutong компаниясының 8 техникалық қызмет көрсету стансасы мен 1 қосалқы бөлшектер қоймасы бар. Сарань қаласындағы QazTehna зауыты бастапқыда SKD форматында (ірі бөлшектерді құрастыру – автор) жұмыс істесе, бүгінде бірте-бірте DKD форматын (ұсақ бөлшектерді құрастыру) да игерді. Әзірге бұл форматта автобустардың 3 моделі ғана құрастырылады.\nЗауыт аумағы 12 гектардан астам, олжылына мың автобус пен 200 құрылыс техникасын шығаруәлеуетіне ие. QazTehna өндірістік операциялардың толық циклін орындай алады.\n\"Қазақстандық авто зауыттарда дайын көлікке тек дөңгелегін ғана салады деген сөздер жиі айтылып болады. Ол шындыққа жанаспайды. QazTehna мамандары қазір дәнекерлеу, бояп-сырлау, құрастыру және сапаны бақылау жұмыстарын да жүзеге асырады\", – деген Юан Мяо \"QazTehna өндірісте отандық өнімді қаншалықты қолданады?\" деген сауалға да жауап берді.\nОның сөзінше, әзірге негізгі және қосалқы бөлшектердің басым бөлігі Қытайдан жеткізілетін болса, автобус орындықтары сынды кейбір бөлшектер Ресейден тасымалданады. Ал қазақстандық өнім әзірге бұл өндірісте қолданылған емес.\n\"Дегенмен, Qarmet компаниясымен олар өндіретін болатты өндірісімізге енгізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Бірақ, қазақстандық металл қасиеті жөнінен қаттырақ келеді де автоөндірістен гөрі құрылыс жұмыстарына лайық саналады. Ал біздің стандарт бойынша иіліп жасалатын бөлшектерге болаттың өзге, жұмсағырақ түрі керек. Сондықтан, қазір металл құрамын өзгерту бойынша біздің мамандар Qarmet компаниясына өз кеңестерін берді. Алдағы уақытта қазақстандық болатты автобустардың негізгі қаңқасын жасауға қолданып қалуымыз әбден мүмкін\", – деді Юан Мяо.\nQazTehna болаттан бөлек,елде өндірілген пластик бөлшектерді, орындықтарды, дөңгелектердіқолдануды жоспарлап отыр.  Бұл ретте өндірісті жергілікті жерде шоғырландыру және өндірісте отандық өнімді қолдану – тек компанияның өз бастамасы емес, Қазақстан үкіметінің де қойып отырған басты талабы екенін атап өту маңызды.\nМяо осы орайда қазіргі таңда Қазақстанда жолға шығып жатқан жаңа Yutong автобустарының бәрі Қытайдан дайын күйде экспортталмайтынын, Қарағандыдағы QazTehna зауытында құрастырылатынын айтты.\n2005 жылдан бері Yutong компаниясы Қазақстанға6200-ден астам автобус сатқан. Ал биыл Қазақстан нарығына1600-ден астам автобус сатудыжоспарлап отыр. Қазірге дейін оның 350-ге жуығы тапсырыс иесіне жеткізілген. Жыл басынан бері Атырау облысы мен Алматы қаласы автобус сатып алуда белсенді болса, енді Астанадан 300 автобусқа тапсырыс түскен.\nКомпанияның Орталық Азия бойынша бас директоры Ли Хайфэннің айтуынша, Қазақстанда әр өңірдің автобусқа деген сұранысында өз ерекшелігі бар. Мәселен, әлемдегі суық қалалардың бірі болып саналатын Астана үшін автобустар жылырақ етіліп жабдықталады. Таңғы суықта автобустың жылдам оталуы үшін аккумулятор тұратын бөлігінің қаптамасы да қалыңдатылған. Оған қоса, жолаушылардың жайлылығы үшін бұл автобустарда сумен жылыту жүйесі іске қосылған.\n\"2024 жылғы қаңтарда Астанада E18PRO Yutong электробусын ауа райының айрықша суығында сынақтан өткіздік. Сыртқы ауа температурасы -25 °C болғанына қарамастан, автобус ішіндегі температура 18°C-22°C-тан төмендеген жоқ. 100 пайыз толық қуатталып шыққан электробус 16 сағатта 374 шақырым жол жүріп, сынақтан сәтті өтті. Сапар соңында тіпті автобустың әлі 5% қуаты бар болатын. Сынақ аясында автобус аялдамаларда 350 рет тоқтап, 1500-ден астам жолаушыны тасымалдады\", – деді Ли Хайфэн.\nАйта кетейік, компания Астананың жолаушылар тасымалынажүз E12 электробусынжасап берген болатын.\nАл Алматыға арналған автобустар өңірдің таулы географиясына оңтайландырылған. Компания алғашқыда Алматыға бензинмен жүретін дәстүрлі автобустарды ұсынса, кейін қаланың экологиялық ластануының алдын алу үшін газбен қозғалатын 12 метрлік 700 автобусты құрастырып берді.\nАлматыдағы жолаушылар тасымалы кәсіпорындарынан энергия үнемдеуші және экологиялық таза қалалық автобустарға сұраныс жиірек түседі.\nЖолаушылар тасымалынан бөлек, Қазақстанда соңғы үш жылда оқушыларға арналған автобустар жоғары сұранысқа ие болып отыр. Қазір QazTehna зауытында өндірілен мектеп автобустары Алматы Астана, Шымкентте және өңірлердің басым бөлігінде оқушыларды мектепке тасымалдайды.\nАлматыда қазір 15,3 мың бала 200 мектеп автобусымен қатынайтын болса,биыл автопарк осындай тағы 100 автобуспентолығады.\nЧжэнчжоу қаласына сапар аясында қазақстандық журналистерді қызықтырған мәселе – автобустардың қауіпсіздігі болды. Өйткені, соңғы жылдары елде автобустардың қатысуымен бірнеше ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Олардың басым бөлігіне себеп – адам факторы болғанымен, мұндай жағдайларда жолаушылардың жарақат алу қаупін азайту мақсатында Yutong не істей алады және не істеп жатыр?\nКомпанияның Орталық Азия бойынша бас директоры Ли Хайфэннің айтуынша, Yutong автобустары пайдалануға берілмес бұрын бірнеше сатыдан тұратын сынақтан өтеді. Оның қатарында автобустың электр магниттік импульске сәйкестігі, -40 градус суықтан +40 градус ыстыққа дейінгі температурадағы қозғалысы, нөсер жаңбыр және жолды су басу кезіндегі жүрісі, сондай-ақ, автобус аккумуляторлары зақымдалған кездегі оның жарылу мүмкіндігіне тексерулер жүргізіледі. Сондай-ақ, жол апаты кезіндегі жолаушылар қауіпсіздігі үшін транспорт қаңқасы күшейтілген.\nЭлектробустардың аккумуляторлары азот технологиясы негізінде қорғалады. Бұл түрлі сыртқы күштердің әсерінен аккумулятор 200 градустан жоғары температура кезінде де жарылмай, осы уақытта жолаушылардың сыртқа шығып үлгеруіне толықтай мүмкіндік береді.\n\"Былтыр Қазақстанда су тасқыны кезінде Yutong автобустары \"табиғи түрде\" сынақтан өтті. Біздің бірде-бір транспорт жолда қалып қойған жоқ\", – деді Ли Хайфэн.\nАл компанияның ТМД елдері бойынша сату менеджері Юан Мяо 2024 жылыАлматы облысында болған оқиғаныеске алды. Қаскелең автобус паркіне тиесілі Yutong автобусы жүргізушінің денсаулық жағдайына байланысты рөлге ие бола алмауынан 10 метрден биік көпір үстінен жолға құлаған болатын. Жүргізуші жансақтау бөліміне түссе де, аман қалды. Автобусқа айрықша қатты зақым келмеген.\nМұндай жағдайлардың болмауы үшін компания жүргізушілерді үйрету жұмыстарын да жүргізеді. Yutong-пен келісімшарт жасасқан әрбір компанияғабірнеше сатылы оқыту шаралары тегін жүзеге асырылады. Оның барысында жүргізушілердің көлікті басқару қабілеті бағаланады.\nСапар аясында компания өкілдері әрбір сынақ түрі қалай атқарылатынын имитациялық жағдайда таныстырды.\nАрнайы баспасөз конференциясында Yutong өкілдері автобустардың бағасына қатысты да жауап берді. Бұл сауалға шараға қатысқан қазақстандық жолаушы тасымалымен айналысатын жеке компаниялардың\"Yutong автобустары қауіпсіздік және жаңа технологиялар тұрғысынан әлдеқайда озық. Алайда, бағасы өзге брендтермен салыстырғанда тым жоғары\"деген пікірі негіз болған еді.\nКомпанияның Орталық Азия бойынша бас директоры Ли Хайфэн мұндай сауал клиенттер тарапынан да жиі қойылатынын айтты.\nДегенмен, компания есебінше, Yutong ұсынып отырған сапа бағаны толық ақтайды.\n\"Бастапқы баға өзге автобустарға қарағанда қымбат екені рас. Бірақ, оны ұзақ уақыт мерзім пайдалану тұрғысынан қарағанда, керісінше шығыны әлдеқайда аз болады. Біріншіден, біздің автобустар ұзақ уақыт бойы пайдалануға жарамды. Мысалы, біз Қазақстанға жеткізген автобустардың бірде-бірі әлі істен шыққан жоқ. Екіншіден, қосалқы бөлшектері де сапалы әрі ұзақ уақыт қызмет етеді. Ал бұл уақытта өзге автобус иелері бірнеше рет жөндеу жұмыстарын жүргізіп үлгереді. Осы факторлардың бәрін есепке алғанда,Yutong автобустарының құны өзге бренд автобустарына қарағанда жоғары деп айта алмаймын\", – деп жауап берді Ли Хайфэн.\nСондай-ақ, ол Қазақстан мысалында Yutong автобустарын сатып алған жеке компаниялардың оны бірнеше жыл пайдаланған соң, әлі де жоғары сапада және бағада өзге өңірлік компанияларға сатқанын да сөз етті.\nАйта кетейік, Қазақстанда 12 метрлік қалалық бір жолаушылар автобусының құны 70 млн теңге шамасында болса, мектеп автобусының құны 40 миллион теңгеге жуықтайды. Микроавтобус құны – 30 миллион теңге шамасында.\nYutong бүгінде автобус өндірісінде жаңа технологияларды қолдану бойынша қарқынды қызмет етіп,зерттеу және дамыту (R&D) жұмыстарына қомақты инвестициябөлуде.\nБіз үшін әлі арман болып көрінетін жүргізушісіз автобустар Қытайда бірнеше жылдан бері жолаушыларды, жұмысшыларды және туристерді тасымалдауда қолданылады. Хэнань провинциясында Yutong автобустары сақиналы бағдар бойынша бақылаушы жүргізушінің қатысуымен жолаушы тасымалдайтын болса, шағын E7S автобустары толықтай автономды түрде жұмыс істей алады.\nАйта кетейік, дәл осындай шағын автобустар Астанада бұрынғы премьер-министр Асқар Маминге EXPO аясында таныстырылған болатын. Алайда, Қазақстанда әзірге оған қызмет көрсете алатын инфрақұрылым жасалмаған. Жүргізушісіз автобустарды іске қосу үшін сапалы 5G интернет желісі, сондай-ақ соған лайықты инфрақұрылым қажет.\nШара барысында Yutong сутегімен жүретін автобустарды да, электробустарды жылдам қуаттауға арналған заманауи құрылғыларды да журналистер мен клиенттеріне көрсетті.\n\"Бұл жаңа технологияларды Қазақстанда қашан көреміз?\" деген сауалға Ли Хайфэн: \"Біз өз технологиямызды апаруға қазір-ақ дайынбыз. Бірақ, ол үшін Қазақстан тарапынан қажетті жағдай жасалуы, ал интернет өте сапалы болуы қажет. Инфрақұрылым дайын болмаса, бұл технологиялар кәдеге жарамайды\", – деп жауап берді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ansi-artister-oramaldy-kim-usin-tagady-zane-ne-usin-sesedi", "title": "Әнші-әртістер орамалды кім үшін тағады және не үшін шешеді?", "text": "Соңғы уақытта әлеуметтік желі кеңістігінде хиджабын шешіп, бұрынғы өмір салтына қайта оралған танымал тұлғалардың әрекеті қоғамда қызу пікірталас тудырып жатыр. Желі қолданушыларының көзқарасы екіге жарылды: бірі бұл қадамды \"жат ағымдар тарапынан көрсетілген қаржыландырудың тоқтауы\" деп қатаң айыптаса, екіншілері әр әйелдің жеке таңдау құқығы мен сенім бостандығын алға тартып, олардың бақытты өмір сүруге деген талпынысына түсіністікпен қарауға шақырады.\nСоңғы жылдары хиджаб киіп, сахнадан алшақтаған өнер иелерінің бірі – әнші Айдана Меденова. \"КешYOU\" тобының құрамында танылып, мыңдаған тыңдарманның ықыласына бөленген ол өз таңдауына қатысты осы күнге дейін ешкімге тіс жармаған шындығын айтып, ағынан жарылды. Әншінің пайымдауынша, оның өнерден кетуіне Ислам діні емес, басынан өткерген жеке басындағы қиындықтары себеп болған. Әсіресе, асқар тауы – әкесінен айырылуы өмірге деген көзқарасының күрт өзгеруіне басты түрткі болғанын жасырмады.\n\"Құшағымды жайып, сіздермен бүгін шынайы сөйлескім келіп тұр. Соңғы бірнеше жыл менің өмірімде де, отбасымда да оңай жылдар болған жоқ. Әртүрлі өзгерістер, бақытты сәттер де, қуанышты жағдайлар да қатар жүрді. Білім алу мен тәжірибе жинақтау процесі де тоқтаған емес. (...). Шоу-бизнестен кеткен соң, бәрін жаңадан бастағымыз келді. Жаңа салаларда өзімізді іздедік. Бірде сәтті болса, бірде өте қиын болды. Осы қиындықтармен қатар, сыртымыздан түрлі қауесет жүріп жатты. \"Әлішер Айданаға тыйым салып тастапты\", \"пропаганда үшін ақша алыпты\" деген сияқты жағымсыз әңгімелер көбейді. Біз сол кезде іштей қиналып, бағытымызды таба алмай жүрген едік, бірақ оны ешкімге айтпадық. Тіпті жақын туыстарымыз да мұндай қиындық көріп жатқанымыздан хабарсыз болды\", – деді Айдана Меденова.\nСонымен қатар, әнші шығармашылыққа қайта оралып, концерттік бағдарламаларын жалғастыратынын мәлімдеді. Өз өмірінің жаңа парағын бастаған ол бұл жолда көпшіліктен қатаң сын емес, керісінше, қолдау күтетінін жеткізді.\n\"Тағы бір себеп – мен әкемнен айырылып қалдым. Сол кезде менде үлкен трансформация мен терең ойлар болды. Мұндай жағдай менің өмірімде екінші рет қайталанды. Кезінде анам қайтыс болғанда да мен екі жылға әншіліктен кетіп қалған едік. Сіздер білесіздер, мен Семейде кішкентай кезімнен ән айтып келемін. Сол кезде \"әншілікке ешқашан қайтып оралмаймын\" деген шешім қабылдағанмын. Осыдан үш жыл бұрын әкемді жоғалтқанда да соған ұқсас сезімдер болды. Денем де солай реакция берді – мен іштей аза тұттым. Ал сахнада ән айту мен үшін мереке сияқты еді, сондықтаназа тұтып жүріп сахнаға шығуды елестете алмадым. Ол кездегі шешімімнің хиджабқа еш қатысы жоқ. Мен хиджаб кигенде \"сахнадан біржола кетемін\" деген мақсат болмаған. Тек уақыт өте келе өз сезімдерімді тыңдап, сондай шешімге келдім. \"Уақыт – емші\" дейді ғой, бәрі де өз уақытымен болған шығар. Қазір сіздерге айтайын дегенім: мен сахнаға, өз әндеріме, шығармашылығыма ораламын. Әрине, барлық концертке қатыспауым мүмкін. Өзіме ұнайтын форматта, мемлекеттік концерттерде немесе өзім қалаған бағытта ән айтуды жалғастырамын. Сіздерден өтінерім – ешкімге асығыс шешім шығармаңыздар, ешкімді тез сөкпеңіздер. Өйткені әр адамның өмірінде қандай қиындық болып жатқанын ешкім білмейді. Біз сол адамның жолымен жүріп көрмейінше, оның ішкі күйін сезе алмаймыз. Әр адамның өз уақыты, өз сабағы бар. Алла әр пендесіне әртүрлі сынақ береді\", – деп түйіндеді сөзін Айдана Меденова.\nПубликация от |ВАНХУН | Продюссер |РОП | (@farizkamirzabek)\nӘлеуметтік желіде әншінің бұл қадамын қатаң сынағандардың қатарында танымал блогер, кәсіпкер Фариза Мырзабек те болды. Ол желіде жариялаған видеоүндеуінде танымал тұлғалардың хиджаб киіп, артынша қайта шешуі дін жолында шын ниетімен жүргендердің абыройына нұқсан келтіретінін айтты. Блогердің пайымдауынша, мұндай тұрақсыздық қоғамда дінге деген күмән ұялатып, шынайы сенім иелеріне сөз тиюіне себеп болады.\n\"Блогерлер мен әншілер орамалды ойыншық қылды. Ақшадан өлдіңдер ме? Сұмдық қой мынау! \"Жанымның қалауы, жүрегімнің тыныштығы, елдің сөзі\" дейсіздер. Алла алдындағы парыз қайда қалды? Неге тақтыңдар онда? Елдің бәрін тағып-шешуге үгіттеп жатырсыздар. Позор. Түсінбей жатқандар болса, айта кетейін: Айдана Меденова орамалын шешіп тастапты. Құрметті әншілер, сіздерді орамалсыз-ақ жақсы көретін едік. Орамал таққан соң сыйларыңыз арта түсті. Ал шешкеннен кейін не болды? Діннің атына кір келтірдіңіздер\", – деді Фариза Мырзабек видеода.\nДінге заманауи көзқарасымен танымалНұрлан имам(Нұрлан қажы Байжігітұлы) бұл орайда Ислам дінінің тек хиджаб киюмен ғана шектелмейтінін түсіндіріп өтті. Оның пайымдауынша, асыл дініміз ешқашан білім алуға тыйым салмайды және адамның рухани өмірі тек намаз оқумен ғана шектелмеуі тиіс. Имам қоғамды, әсіресе жастарды шет тілдерін меңгеруге, жан-жақты сауатты әрі білімге құштар болуға шақырды. Дін адамды тек шектеу немесе жабу үшін емес, керісінше, оның қоршаған әлеммен үйлесім тауып, бақытты өмір сүруіне септігін тигізу үшін берілгенін алға тартты.\n\"Қап-қара киініп, хиджабқа орануды немесе тек сақал қоюды \"дін\" деп түсіну – үлкен қателік. Дін жолына түскен соң \"оқуға болмайды екен, дін деген тек намаз оқу\" деген жаңсақ оймен мектеп пен университетті тастап кеткен қаншама жастың тағдырына куәміз. Негізінде, шынайы сенім тек намаз оқумен немесе мешітке барумен ғана шектелмейді.Шын мәнінде, дін – ешкімге қиянат жасамау, Отанды сүю, елді қадірлеу және өз сеніміңе адал болу. Сонымен қатар, өзге тілдердің бәріне құрметпен қарау – мұсылмандықтың белгісі. Нағыз қазақ, нағыз мұсылман ешқашан біреудің ала жібін аттамайды. Пейілі кең ата-бабаларымыз тілі мен діні, ұлты бөлек жандардың бәрін құшақ жая қарсы алып, төрінен орын берген. Егер біз бүгін дін ісін бұрмалап, бір-бірімізге сөз тигізіп, алауыздық тудырсақ, ертеңгі ұрпақ пен бабалар алдында жүзіміз қалай жарқын болмақ? Сондықтан, ардақты жас ұрпақ, қазір – жаһандану заманы. Барлық тілді үйренетін, әсіресе ағылшын, қытай және басқа да шет тілдерін меңгеріп, биік белестерге ұмтылатын кез. Білім мен тәрбиені қатар ұстағанда ғана алынбайтын қамал болмайды\", – деді Нұрлан имам.\nМәдениеттанушы Зира Наурызбайтеріс ағымдардың ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі Ислам дініне тигізген кері әсеріне тоқталды. Оның пайымдауынша, Исламды терең түсінген жан үшін бұл дін, керісінше, әйел құқығын жоғары қойып, оны қорғайтын құндылықтарға толы. Осы орайда, ол қазақ әйелінің болмысына жат, тым тұмшаланған жабық киімдердің шығу төркіні мен оның біздің мәдениетімізге қалай енгенін тарихи тұрғыдан түсіндіріп өтті.\n\"90-жылдары Маңғыстау өңіріндегі Құлсарыда және Ақтөбе облысының Шалқар станциясында радикалды ағымдардың ықпалы өте күшті болды. Тіпті, әйел адам көшеге басына орамал салмай немесе қасына ер адам ертпей еркін жүре алмайтын. Құдды қалыптасқан тәртіпке бағынбасаң, таспен атқылап жазалайтындай көрінетін.Сол кезеңде елімізге түрлі діни ағымның қалай енгенін және олардың артында қандай қаржылық қолдау тұрғанын бәріміз көрдік. Көптеген саясаткеріміз сол тұста \"дінді саяси басқару құралы ретінде пайдалана аламыз\" деген жаңсақ сеніммен түрлі сектамен ынтымақтастыққа барды. Мұсылмандық бірегейлік тек халықтың жадында ғана сақталып, дәстүрлі исламның негіздері терең түсіндірілмегендіктен, радикалды идеялар мен лаңкестік әрекеттер күткендегідей Оңтүстікте емес, Батыс аймақтарда көбірек көрініс тапты. Мұның себебі, бәлкім, жергілікті менталитетте шығар. Десе де,Оңтүстік өңірлерде дәстүрлі отбасылық діндарлық пен ата-баба жолы жақсырақ сақталғанын айта кету керек. Ал Батыста бұл сабақтастық үзіліп қалды\", – деп түсіндірді Зира Наурызбай.\nЗира Наурызбай қоғамдағы отбасылық діни сабақтастықтың үзілуі қандай парадокстарға әкеп соқтырғанын атап өтті. Оның айтуынша, дәстүрлі тәрбие мен шынайы діни танымның үзілуі адамдардың сыртқы пішінге ғана мән беріп, ішкі мазмұн мен өткен тарих арасындағы алшақтықтың туындауына себепші болады.\n\"Отбасылық діни сабақтастықтың болмауы жастардың сырттан келген уағызшылардың жетегінде кетуіне әкеп соқты. Тіпті, кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Саид Бурятский сияқты Ресейдің өзінде тыйым салынған уағызшылардың дәріс оқуына жол беруге дейін бардық. Қауіпсіздік мекемесінің өзі сондай ықпалда болса, басқа не деуге болады? Дінге жаңа келген неофиттер, әдетте, бұл жолға баспен кіріп кетеді. Адамның білімі неғұрлым таяз болса, ол соғұрлым қатты сөйлейді және өз пікірін өзгелерге таңуға тырысады. Бұл – Даннинг-Крюгер эффектісінің нақ өзі: ештеңе білмейтін адам өзінің абсолюттік ақиқатына сенімді болады. Көп жағдайда бойындағы кемшілігін дінмен бүркемелеуге тырысады. Жуырда Facebook желісінен бір әйелдің \"Хиджаб киген сәтте өзімді өзгелерден жоғары сезіндім, бәріне жоғарыдан төмен қарауға құқығым бар деп есептедім\" деп жазыпты. Бірақ уақыт өте келе ол киімнің адамға қасиеттілік немесе күнәсіздік мәртебесін бермейтінін түсінген. Қазір мұндай секталардың қаржылық және саяси қолдауы азайған шығар деп үміттенемін, дегенмен идеялардың санаға терең енгені рас. Дегенмен әр жағдай – жеке қарастыруды қажет етеді, барлығына бірдей топырақ шашуға болмайды\", – деді Зира Наурызбай.\nПсихолог Жібек Абжанованың пайымдауынша, әке қамқорлығын сезінбей өскен немесе сыртқы әлемді қауіпті деп қабылдайтын қыздар үшін хиджаб – өзін қорғаудың бір жолы. Ол мұны нәзік жандылардың өз тәнін орап қою арқылы іштей \"қауіпсіздік белдеуін\" жасауға тырысатын психологиялық қорғаныш механизмі деп түсіндіреді. Сонымен қатар, маман орамалын шешкен бойда бірден ашық киімге көшетін қыздардың әрекетіне де тоқталды. Оның айтуынша, бұл – ұзақ уақыт басылып келген ішкі еркіндіктің сыртқа жарылып шығуы және адамның өз денесіне деген иелік құқығын қайта орнатуға талпынысы.\n\"Психология мен психоанализ ілімінде хиджаб кию – бұл тек діни таңдау ғана емес, адамның ішкі әлеміндегі күрделі процестердің көрінісі.Көптеген қыз үшін орамал сыртқы әлемнен қорғайтын \"психологиялық сауыт\" қызметін атқарады. Егер адам айналасын агрессивті немесе қауіпті деп сезінсе, ол орамал арқылы өзіне қауіпсіз шекара орнатады. Сондай-ақ Зигмунд Фрейдтің теориясына сүйенсек, бұл – ішкі қалаулар мен инстинкттерді қатаң моральдық нормалармен тізгіндеу әдісі. Адам өз бойындағы энергияны немесе \"тыйым салынған\" ойларын басу үшін осындай сыртқы шектеулерге жүгінеді. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, адам өмірде тірегінен айырылғанда немесе әкесімен қарым-қатынасы қиын болғанда, бейсаналы түрде \"Жоғарғы Әке\" – Құдай бейнесінен қорғаныш іздейді. Хиджаб кию – сол абсолютті билік пен шексіз махаббатқа мұқтаждықты өтеудің бір жолы. Кей жағдайда бұл \"рухани нарциссизмге\" де ұласуы мүмкін: адам өзін өзгелерден таза, рухани биік сезіну арқылы өз-өзіне беретін бағаны көтергісі келеді\", – деп түсіндірді психолог.\nЖібек Абжанованың айтуынша, хиджабты шешкен соң қыздардың тым ашық киімге көшуі – психологиядағы \"реактивті қалыптасу\" немесе \"орнын толтыру\" механизмі. Яғни адам орамалды іштей дайындықсыз, тек ортаның немесе догмалардың қысымымен кисе, оның ішінде \"еркіндікке шөлдеген энергия\" жинала береді.\n\"Орамалды шешкен сәтте сол энергия сыртқа жарылып шығады. Бұл жерде тым ашық киіну – әдепсіздік емес, бұл: дене шекарасын бекіту: \"Менің денем – менің билігімде\" дегенді дәлелдеу; реабилитация: Ұзақ уақыт \"көрінбей\" келген жанның \"мен тірімін, мен осындамын\" деп әлемге айғайлауы; жанды емдеу: Іштегі басылған агрессия мен ұяттан арылуға талпыныс. Бұл – өтпелі кезең. Психика бір шеттен екінші шетке ауысу арқылы өзінің сау, теңгерімді нүктесін іздейді.Бұл жерде қызды айыптау емес, оның ішіндегі \"еркіндікке сусаған баланы\" түсіну маңызды.Қызық бір жайт: хиджабты шешкендерді ең қатты сынайтын адамдардың көбі – іштей дәл сондай қадамға барғысы келетін, бірақ өзіне рұқсат бере алмай, сол сезімді тұншықтырып жүрген жандар. Психологияда мұны \"проекция\" дейміз: адам өзіндегі басылған қалауды басқадан көргенде, оны жек көру арқылы өзін қорғайды. Сондықтан, біреудің таңдауына төрелік айтпас бұрын, оның жан жарасының қаншалықты терең екенін сезінуіміз қажет. Әрбір адам – өзін-өзі құрастырып жатқан үлкен әлем\", – деп қорытындылады жан маманы.\nФитнес-жаттықтырушы Айжан Қалымова әлеуметтік желіде сынның астында қалған аруларға барынша түсіністік пен жанашырлық танытуға шақырды. Оның пайымдауынша, әрбір адамның қабылдаған шешімінің астарында біз біле бермейтін терең себептер мен ішкі толғаныстар жатыр. Сондықтан, сыртқы киім үлгісіне қарап төрелік айтудан бұрын, адамның таңдау құқығына құрметпен қарау маңызды. Осы орайда маман тән саулығы – Жаратқанның адам баласына берген ең ұлы аманаты екенін алға тартып, әрбір нәзік жандыны өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және спортпен шұғылдану арқылы өзіне деген махаббатын арттыруға шақырды.\n\"Ең алдымен айтқым келетіні – хиджаб кию немесе кимеу, оны шешу немесе қалдыру – әрбір әйелдің жеке еркі мен қасиетті құқығы. Біз әр адамның таңдауына махаббатпен, үлкен жанашырлықпен және түсіністікпен қарауымыз керек.Себебі әрбір шешімнің артында біз білмейтін үлкен себептер, ішкі арпалыстар мен тағдыр жолдары жатыр. Сондықтан, сыртқы стиль қандай болса да, біздің алдымыздағы басты міндет – Жаратқан берген тәніміздің саулығын бірінші орынға қою.  Көп жағдайда біз \"құлшылық\" дегенді тек діни жоралғылармен ғана байланыстырамыз. Алайда, фитнес саласындағы маман ретінде мен үшін өз денсаулығыңа күтім жасау – Жаратқанның алдындағы ең үлкен жауапкершілік пен парыздың бірі. Дене – бізге уақытша берілген аманат. Біз бұл дүниеге жанымызды да, тәнімізді де сау күйінде сақтау үшін келдік. Сондықтан, дұрыс тамақтану, денені шынықтыру және белсенді өмір салтын ұстану – бұл жай ғана сән емес, бұл – Жаратушының берген сыйына деген құрметіміз.\nДенені шынықтыру – өзіңді сүюдің ең шынайы көрінісі. Өзін жақсы көретін адам өз тәнін сапасыз тағаммен уламайды, қозғалыссыз қалдырып тоздырмайды. Керісінше, спортпен шұғылдану арқылы біз ерік-жігерімізді шыңдап, тәртіпке үйренеміз. Сау денеде – сау рух болады. Егер тән әлсіз, сырқат болса, адамның рухани деңгейде де өсуі қиындап кетеді. Сондықтан, фитнесті жай ғана \"арықтау\" немесе \"әдемі көріну\" деп емес, Жаратқанның аманатына қиянат жасамау және өмірлік энергияны арттыру деп түсінгеніміз абзал. Біз қанша жерден рухани бай болсақ та, сол рухтың мекені – біздің тәніміз. Сондықтан, физикалық белсенділік пен денсаулыққа күтім жасауды күнделікті құлшылықтың бір бөлігі деп қабылдау керек. Өзіңді сүю – таңертең ерте тұрып денеңді оятудан, таза су ішуден және күш-қуатыңды нығайтудан басталады\", – дейді Айжан Қалымова.\nОрамал тағу немесе оны шешу – тек мата мен стильдің ауысуы емес, бұл әр әйелдің ішкі әлеміндегі күрделі рухани және психологиялық процестердің көрінісі. Қоғам болып біреудің таңдауын айыптаудан бұрын, оның артындағы адами себептерге үңілу – парасаттылықтың белгісі. Имамдар айтқан ішкі ниет тазалығы, мәдениеттанушылар алға тартқан тарихи сабақтастық, психологтар ескерткен ішкі еркіндік пен жаттықтырушы айтқан тән саулығы – бәрі де бір арнаға тоғысады. Ол  адамның өзімен және Жаратқанмен үйлесімде өмір сүруі. Ең бастысы, сыртқы бейне қандай болса да, жүректегі иман мен адами қасиеттердің жоғалмауы. Өйткені нағыз рухани тазалық – өзгенің таңдауына құрметпен қарап, аманатқа қиянат жасамаудан басталады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/anarbekovtin-zaraqaty-men-realdyn-quramy-qairat-real-madrid-matcynan-ne-kutemiz", "title": "Анарбековтің жарақаты мен \"Реалдың\" құрамы. \"Қайрат\" – \"Реал Мадрид\" матчынан не күтеміз", "text": "Алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан \"Қайрат\" 30 қыркүйекте өз алаңында әйгілі \"Реал Мадридке\" қарсы ойнайды. Матч жақындаған шақта жұлдызды қақпашыға айналып үлгерген Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып қалды. Оның қашан алаңға оралатыны белгісіз. Ал Қазақстанда \"Реал\" жанкүйерлері де жетерлік. \"Алматыға кімдер келеді екен?\" деп елеңдеп отырғандар аз емес.\nОсы орайда Информбюро тілшісі \"Реал\" сапында кімдер ойнауы мүмкін, билет бағасы қанша болады деген сұрақтарға жауап беріп, сарапшылардың пікірін ұсынады.\n\"Реал Мадрид\" алдағы Чемпиондар лигасының ойындарына арналған ресми құрамын жариялады. Хаби Алонсо баптайтын команда алдымен 17 қыркүйекке қараған түні өз алаңында \"Марсельге\" қарсы ойнайды. Содан кейін 30 қыркүйекте Алматыда \"Қайратпен\" матч өткізеді.\n\"Марсельмен\" өтетін матч бойынша жарияланған тізімде \"Реал Мадридтің\" барлық жұлдызы бар:\n14 қыркүйекте \"Қайрат\" пен \"Ақтөбе\" арасында өткен ойынның 10-минутында \"Қайраттың\" қақпашысы Темірлан Анарбековке Уче Агбоға соқтығысып, ауыр жарақат алды. Оның орнына 18 жастағы Шерхан Қалмұрза алаңға шығып, \"Қайрат\" сапында дебют жасады.\nАлдын ала мәлімет бойынша қақпашының жағы сынған. Спортшының ақыл тісі де зақымданып, мойын тұсы жарақаттанған.\n\"Оған астыңғы жақ сүйегі сынды деген алдын ала диагноз қойылды. Өкінішке қарай, Темірлан Анарбеков алдағы кездесулерге қатыса алмайды\", – деді клубтың медиа-офицері Арман Жақсығұлов.\nАнарбеков алдағы уақытта \"Қайраттың\" Чемпиондар лигасындағы басты кездесулерінде ойнай алмауы мүмкін. 18 қыркүйекте португалиялық \"Спортингке\", 30 қыркүйекте \"Реалға\" қарсы матчтарды жіберіп алмақ. Ем-дом шаралары 2 айға созылады.\nАйта кетейік, командадағы бірінші қақпашы Александр Заруцкий де жарақат алған болатын. Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарында \"Селтикке\" қарсы сырт алаңда өткен матчта Заруцкийдің орнына Темірлан Анарбеков шығып, есеп тең аяқталған еді. Одан кейін алматылық \"Қайрат\" өз алаңында шотландиялық \"Селтикті\" қабылдап, негізгі уақыт пен қосымша уақыт бойы есеп ашылмай, пенальти сериясына ұласқан болатын. Қақпашы Анарбеков үш бірдей допты қайтарып, командасына жеңіс сыйлады.\nЕндігі ойындарда алаңға жас қақпашы Шерхан Қалмұрза шыпқақ. Ол 2022 жылдан бері \"Қайрат\" Академиясында жаттығып келеді. Биылғы маусымда ол Бірінші лигада \"Қайрат – Жастар\" құрамында 7 матчқа қатысты.\n\"Ол жап-жас. Ол өзіне артылған міндетті жасады. Жас болса да сенімді ойнады. Толқыған шығар, бірақ мұндай мачта кез келген футболшы \"қалай болады екен\" деп уайымдайды деп ойлаймын. Шерхан жарады, қолынан келді. Оны қатты мақтауға да болмайды. Ол әлі өзін дәлелдеуі керек. Десе де берілген мүмкіндікті қолдана алғаны тамаша дер едім. Ешқандай доп жібермегеніне тек қуаныштымыз\", – деді \"Қайрат\" клубыынң бас бапкері Рафаэль Урахбахтин.\nПарламент мәжілісінің депутаты Асхат Рахымжанов билеттің бағасын шектеп, қымбаттап кетпеуін айтқан болатын.\n\"Алыпсатарлар мәселесі бар, өзім де талай рет соған тап болдым. Бұл ұлттық деңгейдегі маңызды спорттық оқиға болып жатқанда моральдық қағида алдыңғы орынға шығуға тиіс. Бір адамға бір билеттен ғана сататын ереже енгізу керек шығар. Құқық қорғау органдары мен әкімдікті де қосу қажет болуы мүмкін, өйткені бұл Қазақстан футболы тарихындағы маңызды матч\", – деген болатын.\nОл билет құнын 10 мың теңгеден асырмауды, ал балаларды мүлдем тегін кіргізуді ұсынды.\n\"Шығынды жабу үшін символикалық баға қоюға болады. Бірақ 10 мыңнан аспауы керек, ал жақсы баға – 5 мың теңге. Ең мықты жанкүйерлеріміз – балаларды тегін кіргізу керек\" – деді саясаткер.\n\"Қайрат\" – \"Реал Мадрид\" матчының билеттері 23 қыркүйекте сағат 17:00-де клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында сатылымға шығады. Бір ЖСН бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі.\nУЕФА-мен келісілген және барлық ойынға бірыңғай болып белгіленген билеттің бағасы30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейінболады. Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді.\nАбонемент иелері өз орындарын ертерек тиімді бағаға сатып ала алады. Ticketon қызметкерлері сатылым басталғанға дейін алдын ала хабарласып, орындарды сатып алу бойынша толық ақпарат береді. Осылайша, клуб ең адал жанкүйерлеріне ерекше қамқорлық көрсетіп отыр.\nБилеттердің бір бөлігі дәстүрлі түрде бекітілген әлеуметтік және клуб квоталары аясында бөлінеді. Олар \"Қайрат\" Академиясының және клуб филиалдарының бапкерлері мен тәрбиеленушілеріне, паралимпиадалық спорт түрлерінің спортшыларына, сондай-ақ клубтың қызметкерлері мен ардагерлеріне беріледі. Белгілі бір квота клуб демеушілеріне қолданыстағы серіктестік міндеттемелер аясында қарастырылған.\nКлуб билетті тек ресми арналардан, яғни клубтың ресми сайты, Qairat SuperApp мобильді қосымшасы және Ticketon сервисі арқылы сатып алуға болатынын ескертеді. Осы сервистерден алынған билетпен ғана стадионға кіруге болады.\n– Матчқа әлі біраз уақыт бар, оған дейін біраз нәрсе өзгеруі мүмкін. Бірінші кезекте, Темірлан Анарбековтің алаңға шығу-шықпау мәселесі де әлі белгісіз. Александр Заруцкийдің жарақаты бар. Анарбеков жарақат алмағанда әлдеқайда сенімді болушы едік. Оның қазіргі жағдайы туралы толыққанды ақпарат жоқ. Тіпті инсайт та жоқ. Шерхан Қалмұрзаның біраз ойынын көргенмін. Өте жас ойыншы. 2000-жылдары Икер Касильяс жарақат алған Бодо Иллгнерді алмастырып, бірден үздік қақпақшы болды. Ұлттық құрамадан негізгі қақпашаны ысырып тастады. Бәлкім, сол секілді Шерхан Қалмұрзаның да жұлдызы жанатын уақыт болатын шығар. Бірақ Темірлан Анарбековтің аяғы не қолы емес, жағы сынды. Енді оның денсаулығы дәрігерлердің қолында. Ойынға дейін алаңға оралуы әбден мүмкін. \"Қайрат\" пен \"Ақтөбе\" ойынын кейінге жылжытқанда алматылық клубтың \"Спортингке\" қарсы матчқа дайындыққа әлдеқайда уақыт көбірек болар еді.\nМадридтің \"Реалы\" Алматыға келетін ойыншылардың құрамын жариялап қойды, бірақ алаңға нақты кімдер шығатыны белгісіз. Құрамды қарап отырсаңыздар резервтен ешкім жоқ, барлығы да мықты ойыншылар. Килиан Мбаппе алаңға негізгі құрамда шыға ма, әлде екінші таймда шыға ма, ол жағы белгісіз. Браим Диас не Гонсало Гарсия да алаңға шығып қалатын шығар. Қайсы шықса да \"Қайраттың\" қорғанысына оңай болайын деп тұрған жоқ.\nБарлыға да ертең \"Қайрат\" пен \"Спортинг\" матчынан кейін белгілі болады. Бүгін \"Реал Мадрид\" өз алаңында \"Марсельді\" қабылдайды. \"Марсельді\" жеңген жағдайда \"Реал\" негізгі құрамдағы ойыншыларына демалыс беруі мүмкін, өйткені \"Қайратпен\" өтетін ойыннан екі-үш күн бұрын Ла Лига аясында \"Атлетико Мадридпен\" кездеседі. \"Реал\" үшін бұл матч оңай болмайды. Сондықтан, меніңше\" негізгі құрамда шабуыл шебінде Гонсало Гарсия шығуы мүмкін. Содан кейін Родриго алаңға шығып қалар. Браим Диас та шығуы мүмкін. Олар да өте мықты, жұлдыз ойыншылар. Ал Мбаппе қосалқы құрамда отыруы мүмкін. Екінші таймда алаңға шығып қалар, шықпауы да ғажап емес. Шабуыл шебіндегі ойыншылар – Гарсия, сол қапталда – Родриго, оң қапталда – Браим Диас. Ал артқы шеп бізге аса маңызды болып тұрған жоқ.\nЕсеп қалай болуы мүмкін деген өзекті сұрақ болып отырған жоқ. \"Қайратқа\" жанкүйермін, қолдаймын. \"Реал\" секілді әлемдік жұлдыздардан құралған команда бізге келіп тұрған кезде таблоға қараудың қажеті жоқ. \"Қайраттың\" футболшылары да, жанкүйерлері де тек ойыннан ләззат алуы керек. Қалғаны алаң, ойын барысында көріне жатады. Сондықтан, әрине, \"Қайрат\" бұл ойында аутсайдер саналады. Меніңше, \"Мадридің Реалына\" бұл ойын аса қиынға соқпайды. Алаңның сапасы бар, ойын Алматыда өтіп жатқаны бар, ауа райының басқаша болуы, таулы аймақта өтуі \"Реалға\" мәселе болмауға тиіс.\n– \"Реал\" сапында кім ойнайтыны соңғы күнге дейін белгісіз болайын деп тұр. Себебі 28 қыркүйекте олар \"Атлетико Мадридпен\" кездеседі. Ол жақта негізгі құрамдары ойнайтыны сөзсіз. Ал \"Қайратқа\" қарсы матч та өте маңызды ойындардың бірі, өйткені \"Қайратқа\" да, \"Реалға\" да ұпай керек. Сондықтан \"Реал\" Алматыға барынша негізгі құрамға жақын құраманы жіберетін шығар. Мбаппенің алаңға шығу-шықпауы – елу де елу. Оны қазір нақты ешкім айта алмайды.\nТемірлан Анарбековтің жарақат алып қалғаны өкінішті. Енді бар үміт – Шерхан Қалмұрзада. Әрине, 18 жастағы футболшы үшін бұл бір үлкен сынақ болайын деп тұр. \"Реал\" – әлемдегі ең алып командалардың бірі. Сондықтан Шерханға психологиялық тұрғыдан өте қатты дайындалу керек.\nЖағдайға тура қарасақ, бұл ойында \"Қайрат\" ұтады дегенге аздап күмәнім бар. \"Қайрат\" тең есеп ұстап қалса, бұл жеке мен үшін үлкен жеңіс болар еді. \"Шериф\", \"ЦСКА\" клубтарының жолын қуып, алматылық \"Қайрат\" мадридтік \"Реалды\" жеңіп кетсе, бұл бір тарихи оқиға болары сөзсіз. Бір \"Қайраттың\" ғана емес, күллі Қазақстанның жеңісі болар еді. Бұл елімізде футболды ілгерілетуге сеп болар еді.\n\"Қайраттың\" жоқ дегенде бір гол салып, \"Реалды\" қапы қалдырғанын қалаймын. Есептің тең болғаны да жаман емес. \"Реал\" футболшылары \"Атлетикодан\" ұтылып қалып, Алматыға жынданып келсе, онда есеп 0:3 болуы әбден мүмкін.\n\"Реал\" футболшыларының Қазақстанға келе жатқаны біз үшін үлкен мереке болмақ. Бұл қазақ футболының алға жылжып, дамып келе жатқанын білдіреді. Жиырма жылдан бері \"Барселонаға\" жанкүйер болғандықтан жеребе кезінде \"Барселона\" түссе екен дедім. Бірақ олай болмай қалды. Әрине, \"Реал\" да мықтылардың бірі. Бұл күнді \"Қайраттың\" жанкүйерлері мереке қылып өткізуі керек.\n30 жылдан бері қазақ футболы бір орында тұр. Кейінгі бес-алты жылда ақырындап алға жылжып жатырмыз. Әрине, әлі үйренеріміз көп. Бірақ осындай мықты командалар көбірек келсе, ойыншыларымыз олармен ойнап, көбірек тәжірибе жинаушы еді.\n\"Қайрат\" пен \"Реал\" матчы мен үшін естен кетпес тарихи сәт болайын деп тұр. Билет алып үлгерсем матчқа барып, әр сәтін бағалап, қызығып қараушы едім.\n\"Қайрат\" клубы 8 матч өткізеді. Алғашқы өз алаңындағы ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда мадридтік \"Реалға\" қарсы өтеді. Ал Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчта 18 қыркүйек күні \"Спортингке\" қарсы ойнайды.\n21 қазанда алматылық клуб өз алаңында \"Пафосты\" қабылдаса, 5 қарашада \"Интер\" клубына қонаққа барады. 26 қарашада \"Копенгагенге\" қарсы сырт алаңда ойнап, 9 желтоқсанда өз алаңында \"Олимпиакоспен\" кездеседі. Келер жылы 20 қаңтарда өз алаңында \"Брюггені\" қабылдап, 28 қаңтарда \"Арсеналмен\" сырт алаңда кездеседі."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/nagyz-zenis-taudan-aman-esen-tusu-gid-instruktor-synga-sygarda-neni-eskeru-kerek-ekenin-aitty", "title": "\"Нағыз жеңіс – таудан аман-есен түсу\". Гид-инструктор шыңға шығарда нені ескеру керек екенін айтты", "text": "Жақында Алматы тауларында қар көшкінінің астында қалған үш жас жігіттің денесі табылды. Олар төрт мың метр биіктегі шыңға шықпақ болған. Алайда табиғи апат салдарынан үйіне аман-есен оралмады. Биыл Алматы тауларына шығамын деп ондаған адам қаза тапты. Олардың кейбірі тауға жалғыз аттанған.\nИнформбюро порталы бұған дейін де тауға қауіпсіз шығу туралы бірнеше материал жарияланған еді. Осы қайғылы оқиғалардан соң тау гиді, инструктор Дидар Қайырдың тауда адамдардың қайтыс болу себебі туралы ойын бөлісуді жөн көрдік.\nДидар Қайырдың айтуынша, шыңдар екіге бөлінеді: альпинистік және туристік. Альпинистік шыңдарға апаратын маршруттар қиындық деңгейіне қарай санаттарға бөлінеді. Олар 1Б, 2А, 2Б деп жалғасып, 6А, 6Б-мен аяқталады. Бір шыңға апаратын бірнеше маршрут болуы мүмкін. Олар арнайы альпинистік жабдықтарды, тәжірибені, біліктілікті және жоғары дайындықты қажет етеді.\n\"Биіктігі 4147 метр Жастар шыңында 29 шілде күні 20 жастағы жігіт қаза тапты. Ол суреттегі 4 саны көрсетілген 1Б санатындағы маршрутпен көтерілмек болған. Жалғыз, арнайы құрал-саймандарсыз және сақтандырусыз шығып, мұздықтан сырғанап, аяғын сындырған. Көп қан жоғалтып, тауда қаза тапты. 28 қазан күні 19 жастағы жігіт дәл осы шыңға туристтік маршрутпен көтеріліп, 1Б санатындағы маршрутпен түспек болған. Ол да жалғыз, құрал-саймандарсыз және сақтандырусыз шығып, жоғарыдан мұздықтан құлап, денесінің сау жері қалмаған\", – деді гид.\n️Инструктор осы қайғылы оқиғалардан кейін тауды құрметтемеу, тауды жақсы көру мен тау фанатизмінің айырмашылығы, тауға шығу мен эгоның артынан еру туралы ой бөлісті.\n\"Сонымен, тауды құрметтемеу дегеніміз не? Альпинистік маршруттарға сақтандырусыз, арнайы құрал-саймандарсыз шығу – тауға көрсетілген үлкен құрметсіздік. Себебі тауға бекерден-бекер белгілі бір санат берілмейді. Сол маршрутты алғашқы болып ашқан, күрделілігіне қарай арнайы санат берген мықты-мықты альпинистер бар. Сол маршрутта қаншама адам қаза тапты. Ал тауға енді шығып жүргендер сол санатты жоққа шығарады. Сол маршрутта қаза тапқан адамдардың өмірін елемейді. Бұл \"таудан да ақылдырақпын\" дегенмен тең. Ал тау мұндайды кешірмейді\", – дейді ол.\nГидтің айтуынша, туристік маршруттар көбіне 1А санатына жатады. 1А санаты – альпинистік құрал-сайманды талап етпеуі мүмкін. Бірақ мұндай маршруттар жеңіл деген сөз емес. Сондықтан қай уақытта шығу, қай уақытта кері бұрылу қажет, сол аймақтағы ауа-райын қарап шығу, жақындарыңды ескерту, маршрутты оқу, тайминг, қалай киіну керек, өзіңмен не алу керек деген сияқты базаны білу қажет.\n\"Тау – бөлек әлем, ол әлемнің өз заңдары мен ережелері бар. Ал бұл ережелерді елемеу – тауға көрсетілген құрметсіздік\", – деді гид.\nОл тауды жақсы көру мен тау фанатизмінің айырмашылығын түсіндіре кетті.\n\"Сөзсіз, тауды жақсы көріп, таумен \"ауыратын\", ұзақ уақыт тауға шықпаса өзін жайсыз сезінетін адамдар бар. Бірақ сонымен қатар, тауды культке айналдырып, қауіпті романтизациялап, ақылға емес, тек батырлыққа салып: \"өлсем де тауда өлермін\" деп, бос ұранның артынан ерген жасөспірімдер де аз емес екенін соңғы уақытта байқап жүрміз. Бұл – махаббат емес. Бұл – эгоның бетпердесі. Ал тауды жақсы көру – оған бағыну, кері бұрыла алу, қабылдау, күте білу, сабырлық. Шыңнан емес, процестен ләззат алу.  Таулар ғасырлар бойы бір орында тұрды. Тауға бұл жолы шыға алмасаң, уақыты келгенде шығасың. Ең бастысы – керу бұрыла алу\", – деді Дидар Қайыр.\nГид тауға шығу мен эгоның артынан ерудің не екенін түсіндіре кетті. Эгоның артынан ерген адам шыңға жетуді жеңіс деп көреді. Ал шын мәнінде шыңға жету – жеңістің тек жартысы ғана. Нағыз жеңіс – таудан аман-есен түсу.\n\"Екі адам бір маршрутқа шықты делік, бірақ екеуінің ниеті екі түрлі. Шыңға шығатын адам – өз денесін тыңдайтын, ішкі дауысына құлақ асатын, күш-қуатын есептейтін, кері бұрылуды стратегия деп білетін адам. Ал екіншісі – шыққан шыңдардың санын көбейту үшін немесе шыңға тек \"мен шықтым\" деп, белгі, фото, атақ үшін шығатын, өзгелермен жарысып, салыстыратын, кері бұрылуды жеңіліс деп қабылдайтын адам – эгоның құрбаны. Ал тауға шыққанда эго мен тәкәппарлықты төменде қалдырған дұрыс. Қорытындылай келе, таулар қаншалықты сұлу болса, соншалықты қауіпті екенін ескерейік. Тауларға құрметпен қарап, сол әлемнің заңдары мен ережелерін ұстануға, таудың тек сұлулығын ғана емес, оның қаупі мен қауіпсіздік ережелерін де насихаттауға шақырамын\", – деп түйіндеді Дидар Қайыр.\nҚұтқарушылар тауға шығатын туристерге келесі ережелерді ескертеді:"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/oraza-aldynda-kimder-check-up-otui-tiis-zane-asygyp-qalmau-usin-ne-isteu-kerek", "title": "Ораза алдында кімдер check-up өтуі тиіс және ашығып қалмау үшін не істеу керек", "text": "Қасиетті Рамазан айында бірінші рет ауыз бекіткен жан ашығу, шөлдеу, дәрумен жеткіліксіздігі, ұйқының бұзылуы және ағзадан аммиак иісінің мүңкіп шығуы секілді қиындықтармен бетпе-бет келуі мүмкін. Осы орайда Nutri Kaz (Қазақстанның тамақтану бойынша дәлелді мамандар қоғамдастығы) мүшесі, фитнес жаттықтырушы, нутрициолог Рамзан Чемурзиев осы қиындықтарды қалай алдын алуға болатыны туралы әңгімеледі. Маманның айтуынша, барлық тағамның өз құндылығы бар және ең бастысы – баланс сақтау.\n– Ауыз бекітер алдындағы чек-ап – кімдерге Ораза ұстаған жақсы, кімдерге керісінше болмайды?\n– Дінде жазылғандай Оразаны дені сау адам ұстағаны абзал. Белгілі бір тағамдарға тыйым салмайтындықтан және ағзаға кері әсерін тигізбейтіндіктен, Ораза салауатты өмір салтының бір бөлігі. Алайда күндізгі уақытта мүлдем тамақ жеуге және су ішуге болмайтындықтан, созылмалы ауруы бар адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін.\nДиабет, гипертония, жүрек, бүйрек, асқазан-ішек жолдарыжәнетамақтану тәртібінің бұзылуысекілді аурулары бар адамдардың ауыз бекітпес бұрын дәрігерге қаралғаны абзал. Қант пен су балансын реттеуді қажет ететін қарияларға да медициналық бағалау қажет.\nНутрициология тұрғысынан алып қарайтын болсақ, Ораза алдында арнайы барып чек-аптан өту қажет емес. Бірақ ауырып жүрген адам болса, дәрігермен кеңескені абзал. Өз бетінше диагноз қою мен арнайы көрсеткіштерсіз анализ тапсырудың пайдасы жоқ.\n– Ораза алдында қандай мөлшерде ақуыз, май және көмірсулар жеу қажет – балансты қалай сақтаймыз?\n– Рационның баланста болуы Оразаға дейін де, кейін де маңызды, сондықтан бұл кеңестер әрдайым пайдалы болмақ.\nКалория есептейтіндер үшін (спортшылар, не жейтінін жіті қадағалайтындар):\n\"Пайдалы тәрелке\"тәсілін ұстанатындар үшін (калорияны есептемей):\nПорцияны таразысыз қалай есептеуге болады:\nОраза кезіндегі дискомфортты төмендету үшін гидратацияны ұстану маңызды:\n✔ рұқсат берілген уақытта суды аз порциямен ішу;\n✔ шөлдегеніңізге қарай өзіңіздің нормаңызды ішу (Ораза кезінде дұрыс бағалап, суды минимумға жеткізбеу пайдалырақ);\n✔ зәр түсіне зер салыңыз: ашық сары су мөлшерінің жеткілікті екенін көрсетеді, қара сары – жетіспеушілігін білдіреді;\n✔ кофеиннен бас тартып, қант мөлшерін азайту және тұз нормасын ұстану (ДДСҰ кеңесі бойынша тәулігіне 5 грамнан асырмау), бұлардың барлығы адамды шөлдетіп, ағзаны сусыздандырады.\n– Дәрумендер мен минералдар дефициті – оларды алдын ала толықтыру неліктен маңызды?\n– Дәрумендер \"дефицитімен\" дәрігерлер айналысады. Ол сараптаманың референтті мәніне қарамайды, белгілерге зер салады. Сол себепті өз бетінше диагноз қойып, дәрумендер тағайындаудан айтарлықтай пайда жоқ.\nТемір, D және B12 дәрумендері, магний және электролиттердің дефицитіОраза кезінде адамды әлсіретіп жіберуі мүмкін. Десек те көп нәрсе ауыз бекіткенге дейінгі өмір салтына байланысты. Егер адам дұрыс тамақтанып, ауыр аурулармен ауырмаған болса, Ораза кезінде денсаулығына қатысты ешқандай қиындық болмайды.\nРамазан – уақытша ауыз бекіту, бұл кезде дефициттер қатты біліне қоймайды. Алайда анамнезде дәрумендер жетіспеушілігіне қатысты патологиялар болса, қауіп деңгейі арта түседі.\nТек Ораза кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де тамақтануға көңіл бөлу қажет. Сол кезде режимнің уақытша өзгеруі еш қиындық тудырмайды. Қазір кеңестерді оқи отырып оларды бірден қолдану маңызды, сондай-ақ оларды Оразадан кейін де ұстанған жөн!\n– Қандай суперфудтар Оразаны жеңіл өткеруге көмектеседі?\n– Рациондағы әрбір өнімнің өзіндік пайдасы бар, белгілі біреуін алып \"ерекше пайдалы\" деп бөліп-жарған дұрыс емес. Бастысы – тағам топтарының алуантүрлілігі және олардың арасындағы баланс.\nТамақтану өнімдерінің басты бес тобы бар: көкөністер, жемістер, астық тұқымдастар, ақуыз және сүт өнімдері. Толыққанды тамақтану және деннің сау болуы үшін осы топтардағы тағамдардың барлығын араластырып тұтыну қажет. Себебі олардың әрқайсысында ағзаға қажет маңызды деген макро- және микроэлементтер бар.\nКейбір топтардың ішкі санаты бар. Сол себепті тағамдық тізбектегі маңызды құрауыштар спектрі ұлғаяды.\nЖемістер де көкөністер секілді иммунитет пен жалпы денсаулықты нығайтатын дәрумендер мен антиоксиданттарға бай. Олар – табиғи қант пен жасұнықтың таптырмас көзі. Астық тұқымдастар (жарма, нан, макарон өнімдері) ағзаны энергияның қайнар көзі – көмірсулармен қамтамасыз етеді. Құрамында жасұнық, В тобындағы дәрумендер және минералдар көп болатындықтан, бүтін дәнді өнімдерді таңдаған жақсы. Ақуыз өнімдеріне ет, балық, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар және дәндер жатады. Олар ұлпалардың өсіп, қайта қалпыну келуі, бұлшықеттің нығаюы және ферменттер мен гормондардың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Сүт өнімдері (сүт, ірімшік, йогурт, айран) асқорыту жүйесі мен сүйектің саулығына қажетті кальций, ақуыз, пробиотиктерге бай.\nОсы топтағы өнімдерден тұрақты баланс сақталған рацион деннің саулығы және энергиямен қамтамасыз етеді.\nАлОраза кезінде өзіңізді жайлы сезінуге келесі тағамдар көмектесе алады:\n✔ субөнімдер – темір мен В тобындағы дәрумендердің қайнар көзі;\n✔ көже – күндіз ауыз бекіткен соң асқазан-ішек жолдарына жайлы;\n✔ құрма (кептірілген жемістер) – ауыз бекіту мен ауыз ашарға жылдам энергия береді және оны өзіңізбен бірге алып жүрсеңіз болады;\n✔ айран, йогурт – ішек микрофлорасын қалпына келтіретін пробиотик;\n✔ жаңғақтар мен дәндер – магний мен майлардың қайнар көзі;\n✔ көк шөп пен көкөністер – минералдар мен микронутриенттер, ас қорыту жүйесін қолдау;\n✔ ферменттелген көкөністер – микробиота саулығына қажет;\n✔ майсыз ет пен балық – ағзаның құрылысына қажет аминқышқылдары;\n✔ бүтін дәнділер – тойымдылық сезімін береді;\n✔ картоп – тойымдылық сезімін беру индексі жоғары.\nБұл тізімді үздіксіз тарқата беруге болады, тоқ етері – бір ғана \"суперфудты\" жемей, әртүрлілік пен балансты сақтау.\n– Дофамин детоксы – ауыз бекітуге қалай дағдыланып, мотивацияны сақтап қалуға болады?\n– Ауыз бекіту – күн жарықта су мен тамақтан бас тарту ғана емес, сондай-ақ өз әдеттеріңді қайта қарауға мүмкіндік. Көп адам кофе, қант, көңіл-күйге байланысты жейтін тіскебасарлар секілді үдеткіштерден бас тартады, тіпті әлеуметтік желіге кірмеуді жөн көретіндер бар (неге? – деген талас тудыратын сұрақ). Сондай-ақ зиянды әдеттерден – ең тамаша нұсқа – ерік-жігерді күшейтіп, Оразадан кейін де бас тарту...\nКөп жағдайда адамдар күндіз ұйықтап, ауыз ашатын уақытты күтеді. Керісінше белсенді болып, пайдалы жұмыстармен айналысуға болады – денсаулық, өзіңіңізді дамыту және рухани жаттығулар.\nАуыз бекітуге дағдыланып, мотивацияны жоғалтып алмас үшін келесі қағидаттарды ұстануға болады:\n– Ауыз бекітерде қалай тамақтанған пайдалы – асқазанға ауыртпалық түсірмейтін жеңіл таңғы ас қандай?\n– Сәресі – ауыз бекітер алдындағы соңғы тамақтану болғандықтан, ол тойымды және асқазан-ішек жолына ауыртпалық түсірмейтіндей болуы керек. Оның мақсаты – ауыз ашар уақытқа дейін ағзаны сұйықтық және энергиямен қамтамасыз ету.\n✔Ақуыздар. Тойымды әрі бұлшық етті нығайтады. Жеңіл қайнар көздері – жұмыртқа, сүт өнімдері (қатық, ірімшік және йогурт).\n✔Күрделі көмірсулар. Тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді. Ең тиімдісі – сұлы жармасы, қарақұмық, бүтін дәнді нан.\n✔Майлар. Тоюға көмектеседі. Жаңғақ, дәндер, авокадо және сары май жарайды.\n✔Жасұнық. Ас қорытуды жақсартады және тойып жүруге көмектеседі. Оның қайнар көздері – көкөністер, жасыл шөп және бүтін дәнділер.\n✔Көп су ішу. Ауыз бекітер алдында аз-аздан бөліп көбірек су ішу қажет. Кофеин мүлдем тұтынбаған абзал.\n✔Ішуге болатын сусындар: су, шөптен жасалған шайлар, дәндер араласқан айран немесе йогурт.\n✔ Тым тұзды және ащы тағам – күндіз қатты шөлдетеді.\n✔ Қуырылған және майлы тағам – асқазан-ішек жолдарына ауырлық түсіреді.\n– Ауыз ашар кезінде көп тамақ жеп қоймау үшін не істеу керек?\n– Ауыз ашар дегеніміз – күндіз ауыз бекіткен соң ішетін бірінші тағам. \"Шартты ашығудан\" дұрыс шығу маңызды, бұл асқазан-ішек жолдарына ауыртпалық түсіруден сақтандырады.\n– Ауыз бекіткен уақытта сергек жүру үшін не істеуге болады?\n– Рамазан кезінде ағза жаңа режимге үйрене бастайды, шаршау – табиғи реакция. Сергек жүру үшін келесілерді жасау қажет:\nБастысы – су, тамақтану және ұйқы балансын сақтасаңыз, ағзаңыз жаңа режимге тез үйренеді.\n– Агрессия мен есеңгіреп жүру – ауыз бекіткен уақытта аммиак деңгейін қалай төмендетуге болады?\n– Ауыз бекіткен уақытта адамның ағзасы жаңа режимге бейімделуге тырысады. Яғни тамақтану, ұйықтау тәртібі өзгеріп, ас тұтыну арасы ұзаратындықтан, келесі салдары болуы мүмкін:\nБұл белгілер бірнеше фактормен байланысты:\nБастағы \"тұман\" мен агрессияны қалай басуға болады?\nАуыз, тері және зәрден шығатын аммиак иісі кетозбен байланысты болуы мүмкін – бұл ағза отын ретінде майларды қолданатын табиғи процесс. Егер рационда көмірсулар азайып, ақуыздар көбейсе, аминқышқылдар толығымен ыдырап, аммиактың көбірек түзілуіне алып келеді.\nДені сау адамның бауыры аммиакты несепнәрге айналдырып зәр арқылы шығарып тастайды. Алайда ақуыз көп болса, бұл процесс баяулап, адамнан жағымсыз иіс шығуы мүмкін.\nАммиак деңгейі мен дискомфортты қалай төмендетуге болады?\nКөмірсулардан бас тартпау – күрделі көмірсулар (бүтін дәнді өнімдер, көкөністер, жемістер) ағзадағы процесс пен бауырға түсетін салмақты азайтуға көмектеседі."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/emi-men-ekpesi-zoq-nipax-virusy-ddsu-ne-deidi-zane-qazaqstanga-qauip-bar-ma", "title": "Емі мен екпесі жоқ Нипах вирусы. ДДСҰ не дейді және Қазақстанға қауіп бар ма", "text": "Үндістанда бірнеше медицина қызметкері Нипах вирусын жұқтырған. Қауіпті инфекцияға қарсы әзірге вакцина да, нақты ем де жоқ. Осыған байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі сақтық шараларын күшейтуге шақырып отыр. Нипах вирусы қаншалықты қауіпті және одан қалай қорғануға болады? Informburo.kz материалында.\nҚаңтардың ортасында Үндістанның Батыс Бенгалия штатының билігі Нипах вирусын жұқтырған бірнеше медицина қызметкері анықталғанын хабарлады. Олар өздері жұмыс істейтін Барасата қаласындағы ауруханаға жатқызылған. Жергілікті биліктің мәліметінше, науқастардың жағдайы ауыр. Барлығы изоляторда, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Осы жағдайға байланысты. 100-ден астам адам карантинге жабылған.\nҮндістан билігі \"ауру жұқтырғандар саны артып жатыр\" деген ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Қазіргі таңда басқа да адамдардың вирус  жұқтырғаны туралы да жаңа ақпарат жоқ.\nНипах вирусы – 1999 жылы алғаш рет анықталған жаңа зооноздық вирус. Алғаш рет Малайзиядағы Нипах елді мекеніндегі шошқа фермасындағы қызметкерлерден анықталған. Сол уақытта вирус шошқалардан адамдарға жұққан болатын. Кейін 2001 жылы Бангладеш пен Үндістанда да вирус жұқтыру деректері тіркелді. Содан бері Бангладеште індеттің өршуі жыл сайын дерлік тіркеліп тұрады. Сондай-ақ, инфекция Филиппинде және Үндістанның шығысы мен оңтүстігінде мезгіл-мезгіл анықталып келеді.\nВирустың табиғи иесі – жеміс жарқанаттарының кейбір түрлері. Бұл жарқанаттар Австралияның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында, Индонезияда, Малайзияда, Филиппинде және кейбір Тынық мұхиты аралдарында таралған. Олар осы вирус жұқтыруға бейім болғанымен, өздері ауырмайды.\nВирус адамға жарғанаттардан, шошқалардан, сондай-ақ ластанған азық-түлік пен науқас адаммен тығыз қарым-қатынас арқылы жұғады.Инкубациялық кезең 4 күннен 14 күнге дейін жетеді.\nДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңхабарлауынша, вирустың бастапқы белгілері тұмауға ұқсайды:\nӨкпе инфекциясы жөтелге және тыныс алудың қиындауына әкеледі. Кеуде қуысының рентгені әдетте типтік емес пневмонияға тән өзгерістерді көрсетеді. Неврологиялық инфекция энцефалитке ұласуы мүмкін, оның белгілеріне бас айналу, ұйқышылдық, сананың бұлыңғырлануы, құрысулар және кейбір жағдайларда кома жатады. Аурудың нақты Нипах вирусынан екенін анықтау үшін зертханалық зерттеулер жасау қажет.\nӨлім-жітім көрсеткіші 40% бен 75% аралығында бағаланады,ал кейбір індет ошақтарында бұл көрсеткіш 100%-ға дейін жеткен. Өлім-жітім деңгейінің мұндай үлкен айырмашылығы өкпені жасанды желдету аппараттарының қолжетімділігіне, гемодинамикалық қолдауға және басқа да реанимациялық қызметтердің сапасына тікелей байланысты.\nНипах инфекциясын емдеуде тиімділігі дәлелденгендәрі-дәрмек әлі жоқ.Емдеу негізінен қарқынды демеуші терапиядан тұрады. Дегенмен, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығыныңдеректерінесәйкес, қазіргі уақытта иммундық терапияға қатысты кеміндебір клиникалық зерттеужүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ремдесивир препараты адамға жатпайтын приматтарда үміт күттіретін нәтижелер көрсеткен.\nНипах вирусы адамға жануарлардан, әсіресе шошқа мен жарқанаттардан жұғады. Алайда басқа да үй жануарынан жұғуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Ал адамнан адамға жақын қарым-қатынас кезінде жұғуы мүмкін.\nҚазақстанда бұл вирус тіркелген жоқ.Дегенмен әлеуметтік желіде барлық денсаулық сақтау ұйымдарында осы вирустан сақтандыруға қатысты ақпараттандыру жүріп жатқанын байқауға болады.\nОсы жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды барыншасақ болуғашақырады.Нипах вирусы тіркелген өңірлерге барған жағдайда:"} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-halkyinyin-sanyi-turalyi-malmet-janardyi-371955/", "title": "Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды", "text": "Қазақстан халқы 20,5 миллион адам межесінен асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nҚазақстан халқы 20,5 миллион адам межесінен асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\n1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жеткен. Қалаларда 13 106 358 адам, ал ауылдарда 7 411 647 адам тұрады.\nҚазақстандағы ең тығыз қоныстанған аймақтар - Алматы мен Түркістан облысы. Мұнда сәйкесінше 2 351 424 және 2 146 420 адам тіркелген.\nАстанада 1 649 242 адам, Алматы облысында 1 600 814 адам тұрады. Шымкент халқы 1 298 279 адамға, Жамбыл облысының халқы 1 215 360 адамға жеткен. Карағанды облысында да 1 миллионнан аса адам тұрады - 1 131 435 адам.\nЖыл басынан бері Қазақстан халқы 18,1 мың адамға артты. Оның 15,8 мыңы табиғи өсімнің есебінен, 2,3 мыңы – оң миграциялық сальдодан.\nҰлттық статистика бюро мәліметінше, 20 миллиондық межеге Қазақстан 2023 жылғы қарашада жеткен.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstandagyi-en-bay-zeynetker-kantarda-kansha-aldyi-371874/", "title": "Қазақстандағы ең бай зейнеткер қаңтарда қанша алды?", "text": "Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қаңтардағы ай сайынғы төлемдердің мөлшері аталды. Қор мәліметінше, зейнетақының көлемі тікелей жинақталған қаражат мөлшері мен жүйеде қатысу ұзақтығына байланысты, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі\"Диапазон\"басылымына сілтеме жасап.\nБіріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қаңтардағы ай сайынғы төлемдердің мөлшері аталды. Қор мәліметінше, зейнетақының көлемі тікелей жинақталған қаражат мөлшері мен жүйеде қатысу ұзақтығына байланысты, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі\"Диапазон\"басылымына сілтеме жасап.\n\"Төлемнің максимал мөлшеріне шектеу жоқ: жинақталған қаражат көлемі неғұрлым көп болса, жинақтаушы зейнетақының мөлшері соғұрлым жоғары болады\", - делінген БЖЗҚ-ныңTengrinews.kzресми сұрауына берген жауабында.\n2026 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша, ай сайынғы төлемдер 32 360 теңгеден 900 мың теңгеден аса сомаға дейінгі аралықта болған.\nОсылайша, қазіргі уақытта Қазақстандағы ең үлкен жинақтаушы зейнетақы ай сайын900 мың теңгеденасады.\nБұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 1 ақпанда Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атаған болатын.\n\"Орташа жинақталған зейнетақы мөлшері 157 843 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге\", - делінген министрлік хабарламасында.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/suicidke-beiim-balanyn-minez-qulqy-qalai-ozgeredi-psixologpen-suqbat", "title": "Суицидке бейім баланың мінез-құлқы қалай өзгереді? Психологпен сұқбат", "text": "Бүгінгі күннің ең өткір әрі өзекті мәселелерінің бірі – балалар мен жасөспірімдердің психологиялық саулығы. Қоғамдық қысым, оқу жүктемесі, отбасындағы қарым-қатынас, әлеуметтік желілердің әсері мен ішкі дағдарыстар – мұның бәрі бала мен жасөспірімнің ішкі әлеміне терең із қалдырады. Ал бұл күйзелістердің дер кезінде байқалмауы кейде ауыр салдарға, соның ішінде суицидалды мінез-құлыққа алып келуі мүмкін.\nБаланың үнін дер кезінде естіп, оның ішкі күйін түсіне алу – тек ата-ананың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бұл сұхбатта біз тәжірибелі психолог, коуч Назира Бурхановадан балалар мен жасөспірімдер психикасындағы өзгерістерді ерте тану, эмоцияны білдіру еркіндігі, психологиялық қолдаудың маңызы, сондай-ақ қазақ қоғамындағы психологиялық мәдениетті дамыту жолдары туралы сұрадық.\n– Суицидалды мінез-құлыққа бейім баланы ерте кезеңде қалай тануға болады? Қандай сигналдар ата-аналар мен мұғалімдерді ескертуі керек?\n– Суицидалды мінез-құлыққа бейім баланы ерте кезеңде тану – бұл ата-аналар мен педагогтар үшін аса маңызды, бірақ күрделі міндет. Себебі балалар мен жасөспірімдер ішкі күйзелісті ересектер секілді тікелей білдіре алмайды; олардың психологиялық ауыртпалықтары көбіне жанама, вербалды емес белгілер арқылы көрінеді. Психология ғылымында бұндай ерте кезеңдегі сигналдарды тану үшін суицидалды мінез-құлықтың жасырын кезеңін зерттеу маңызды саналады. Ғылыми деректерге сүйенсек,суицидалды ойлар мен әрекеттерге бейімділік көбіне балада психоэмоциялық тұрақсыздықпен, әлеуметтік оқшауланумен және мінез-құлықтағы күрт өзгерістермен қатар жүреді. Мысалы, бала бұрын қуанышты, белсенді болса, кенеттен тұйық, үндемейтін, ешнәрсеге қызықпайтын күйге түссе – бұл психикалық күйдің күрт өзгергенін білдіретін маңызды белгі. Қызығушылықтардың жоғалуы, қуаныш сезіміне деген жауаптың бәсеңдеуі депрессиялық процестің алғашқы көріністеріне жатады.\nТағы бір маңызды белгі – ұйқы мен тәбеттің бұзылуы. Бала жиі шаршаңқы, ұйқышыл не керісінше, ұйқысыз болса, тамаққа тәбеті мүлдем болмаса немесе күрт өзгерсе – бұл да суицидалды дисфункцияның бастапқы физиологиялық көріністері болуы мүмкін. Сонымен қатар, бала өзіне тән емес әрекеттер жасай бастайды: кенеттен жақындарымен қоштасқандай сөздер айтуы, өлім туралы жиі ой қозғауы, тіпті күнделік, өлең немесе сурет арқылы өз ішкі жан күйзелісін білдіруі – мұның бәрі психологиялық көмекке мұқтаждықтың дабылы.\nҒылыми еңбектерде суицидалды бейімділіктің үш негізгі қозғаушы факторы аталады: үмітсіздік сезімі, әлеуметтік қатынастардан үзілу және өзін \"артық адам\" ретінде сезіну. Мұндай сезімдер балада біртіндеп, көбіне елеусіз қалыптасуы мүмкін. Сондықтан мұғалімдер мен ата-аналар бала мен қоршаған орта арасындағы байланыстың сапасын ұдайы бақылауы тиіс: достармен қарым-қатынасы, өзін ұжымда сезінуі, отбасындағы эмоционалдық климат – бәрі психикалық күйдің көрсеткіші бола алады. Ерекше назар аударарлық тағы бір сигнал – балада өзін-өзі жазалау немесе өзін-өзі жарақаттау әрекеттері. Мұндай әрекеттер – өзін білдіре алмаған эмоцияның физикалық формаға көшуі, яғни бұл – жан айқайының тілсіз көрінісі. Психоаналитикалық тұрғыда бұл құбылыс бейсаналық агрессияның өзіне бағытталуымен түсіндіріледі.\nСоңғы деректер көрсеткендей, балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу тек клиникалық белгілерді танумен шектелмеуі керек. Бұл – эмоционалдық қауіпсіз орта құрумен, баланың дауысы естілетін сенімді қарым-қатынас орнатумен тығыз байланысты процесс. Баланың ең алғашқы сигналдары – оның сөзі емес, өзгерген көзі, үні мен мінезі. Ал сол өзгерістерді уақтылы көріп, қабылдай білген ересек – суицидтің алдын алудағы ең маңызды буын.\n– Психоаналитикалық терапия суицидалды бейімділіктің алдын алуда қандай нәтижелер бере алады?\n– Психоаналитикалық терапия суицидалды бейімділіктің алдын алуда терең құрылымдық және ұзақмерзімді нәтижелер бере алатын бағыттардың бірі болып саналады. Бұл терапия түрі адамның мінез-құлқын емес, сол мінездің астарындағы бейсаналық процестерді, бала шақта қалыптасқан психологиялық жараларды және ішкі конфликтілерді тануға, түсінуге және қайта құрылымдауға бағытталады. Суицид көбіне кенеттен қабылданған шешім емес, ұзақ уақыт бойы жинақталған ішкі күйзелістің, өңделмеген эмоциялардың және бейсаналық агрессияның көрінісі болғандықтан, оны тек сыртқы мінез деңгейінде бақылау жеткіліксіз.\nПсихоаналитикалық тәсіл адамдағы өзіне бағытталған агрессияны, өзін жек көру сезімін, жарақаттан кейінгі кінә мен қорқынышты, қабылданбаған эмоциялар мен символдық ойлауды зерттейді. Терапия барысында клиент өзіне де, өзге адамдарға да деген шынайы эмоцияларын қауіпсіз кеңістікте аша алады. Бұл процесте эмоцияны рационализациялау емес, оны терең сезіну, атау беру және қайта түсіну маңызды. Мұндай жұмыс суицидалды ойдың түпкі себептерін жоюға мүмкіндік береді. Психоанализ негізін қалаушылардың бірі Зигмунд Фрейд суицидті бейсаналық агрессияның өзіне бағытталуы деп түсіндірген. Кейінгі неофрейдшіл бағыттағы зерттеушілер де, мысалы, Карен Хорни немесе Отто Кернберг, ішкі \"жақсы\" мен \"жаман\" объектілер арасындағы қақтығысты, өзін-өзі қабылдау мен өзін жек көру арасындағы күресті суицидалды бейімділіктің басты психодинамикалық себептері ретінде атаған. Осы ішкі дағдарысты психоаналитикалық терапия арқылы терең жұмыс істеу – бейсаналық шаблондарды саналы деңгейге шығарып, оларды қайта қарауға мүмкіндік береді.\nКлиникалық практикада психоаналитикалық терапия ұзақ уақытты талап етеді, бірақ оның әсері тек симптомдарды жеңілдетумен шектелмей, адамның бүкіл тұлғалық құрылымын қайта қалыптастыруға бағытталады. Мұндай жұмыс барысында адам өз өміріндегі қайталанатын сценарийлерді таниды және олармен жаңа қарым-қатынас орната бастайды.\nСондай-ақ бұл терапия сенімді, құпиялы, қабылдаушы кеңістік ұсынады. Терапевт пен клиент арасындағы трансферлік қатынас – яғни бейсаналық түрде терапевтке маңызды фигуралардың бейнесін жүктеу – суицидалды бейімділігі бар адамның қайта сенім арта алуына, эмоциялық байланысты қалпына келтіруіне жол ашады. Бұл – жалғыздық пен үмітсіздік сезімін әлсіретудің ең тиімді психологиялық тетіктерінің бірі.\n– Психолог ретінде сіздің тәжірибеңізде жасөспірімнің өмірге деген қызығушылығын оятқан қандай нақты әдістер көмектесті?\n– Жасөспірімдердің өмірге деген қызығушылығын қайта ояту – бұл психологиялық жұмыстың ең нәзік әрі жауапты сәттерінің бірі. Себебі жасөспірім жасы – тұлғалық қалыптасудың дағдарысты кезеңі: бұл кезде адам өзін қоғамда, отбасыда, құрдастары арасында қалай қабылданатынын терең сезіне бастайды. Егер осы үдеріс жеткілікті қолдаусыз өтсе, жасөспірімде үмітсіздік, мағынасыздық, оқшаулану, өзін қажетсіз сезіну секілді күйзеліс күшейіп, өмірге деген қызығушылық өшіп қалуы мүмкін.\nМенің тәжірибемде ең алдымен тиімді болған – жасөспірімнің даусын естіп, оның болмысына шынайы қызығушылық таныту. Көп жағдайда олар тек өзін естігенді қалайды, бірақ ересектердің көбісі \"ақыл айту\" мен \"бағалау\" стилінен шыға алмай қалады. Қарапайым, бағалаусыз қарым-қатынас – жасөспірімге алғаш рет қауіпсіз байланыс орнатып, оның ішкі қорғанысын төмендетеді. Екінші қолданған әдіс – мағына іздеу жұмысы. Бұл экзистенциалды психология мен логотерапияға тән бағыт. Жасөспірім өз күнінің, сезімінің, әрекетінің мағынасын көре алмай, \"неге тұрып жатырмын, не үшін оқып жүрмін?\" деген сұрақтарға жауап таппай, психологиялық вакуумға түседі. Осы сәтте мен оларға бірден \"өмірдің мәнін\" түсіндіруге тырыспаймын. Керісінше, кішкентай жетістіктер, қызығушылық ұшқыны, шығармашылық әрекет арқылы олардың ішкі энергиясын сыртқа шығаруға көмектесемін. Мысалы, сурет салу, музыка тыңдау, фотоға түсіру, табиғатпен болу – мұның бәрі эмоциямен қайта байланыс орнатудың құралына айналады. Тағы бір пайдалы тәсіл – құндылықтармен жұмыс. Көптеген жасөспірім өз таңдауы мен ішкі қалауынан ажырап қалады, өйткені олар көбіне ата-ананың, мұғалімнің, қоғамның күткенін орындауға тырысады. Терапияда мен \"сен үшін не маңызды?\", \"не сені тірі ұстайды?\", \"қай сәтте сен өзіңді шынайы сезінесің?\" деген сұрақтар арқылы оның нағыз ішкі тірегін іздеуге бағыттаймын.\nТәжірибеде бірнеше рет көмектескен тағы бір әдіс – психодрама немесе символикалық рөлдік жұмыс. Бұл тәсілде жасөспірім өзінің ішкі күйлерін кейіпкерлер арқылы бейнелейді: өлім, жалғыздық, үміт, ашу – бұларды сыртқа шығарып, сөйлету арқылы эмоцияны бастан кешіріп, жеңілдетуге болады. Бұл \"жансызданған\" күйден серпіліс әкеледі. Ең бастысы – жасөспірімнің \"өмірлік тарихын\" қайта құруға көмектесу. Көп жағдайда олар өз өткенін тек жара, сәтсіздік, қабылданбау арқылы еске алады. Ал мен олармен бірге сол естеліктердің жаңа интерпретациясын жасап, \"сен осыған төзе алғансың\", \"осы жерде сен күшті болдың\", \"мына сәт саған үміт берді\" деген көзқарас қалыптастыруға тырысамын. Бұл – баланың өзінің ішкі күшімен қайта қауышуының негізі. Сондықтан өмірге деген қызығушылықты ояту – бұл мотивация берумен емес, ішкі отты тұтататын өз әлемін қайта құрумен байланысты. Жасөспірім өзінің үні естіліп тұрғанын сезсе, сол сәттен бастап оның ішінде \"тірі\" сезіну қайта ояна бастайды. Ал бұл – емделудің алғашқы белгісі.\n– Қоғамдық деңгейде қандай институционалдық немесе білім беру жүйесіне қатысты өзгерістер суицидтің алдын алуға ықпал ете алады?\n– Суицид – бұл тек жеке психологиялық мәселе емес, тұтас қоғамның әлеуметтік, мәдени және институционалдық құрылымдарымен тығыз байланысты көпқабатты құбылыс. Сондықтан оның алдын алу тек психотерапиялық деңгейде емес, қоғамдық және жүйелік деңгейде де жүргізілуі тиіс. Институционалдық және білім беру саласындағы өзгерістер – дәл осы бағытта ұзақмерзімді әрі тұрақты әсер бере алатын негізгі механизмдердің бірі.\nБірінші кезекте, мектеп жүйесінде психологиялық қызметтің маңызын түбегейлі қайта қарау қажет. Көптеген білім беру мекемелерінде психолог қызметі формалды сипатта ғана, ал нақты психоэмоциялық жұмысқа ресурсы да, уақыты да, статусы да жеткіліксіз. Сондықтан білім беру жүйесіне кәсіби, клиникалық тұрғыдан даярланған, эмоционалдық күйзелістермен, суицидалды бейімділікпен жұмыс істей алатын мамандандырылған психологтар институтын енгізу – маңызды қадам. Мұндай мамандар тек \"кеңес беруші\" емес, нақты алдын алу, диагностика, араласу және бағыттау жұмыстарын жүйелі жүргізе алуы керек.\nЕкінші – эмоциялық интеллект пен психологиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған пәндік және тәрбие бағдарламаларын енгізу. Балалар мен жасөспірімдерге өз эмоцияларын тану, оларды сөзбен жеткізу, ішкі күйді басқару, көмек сұрай білу дағдылары мектептен бастап үйретілуі қажет. Мұндай бағдарламаларда суицид сөзі айтылмай қалмауы тиіс – керісінше, оны табу емес, түсінуге ұмтылу маңызды. Осы арқылы стигмадан арылу мен ашық диалог мәдениеті қалыптасады. Финляндия, Швеция, Канада секілді елдерде мұндай пәндер мен бағдарламалар мектеп қабырғасынан бастап жүйеге енгізілген.\nҮшінші – мұғалімдер мен ата-аналарға арналған тұрақты психологиялық білім беру және қолдау жүйесін құру. Суицидалды мінез-құлықтың алғашқы белгілерін тану үшін педагогтарға тек академиялық дайындық емес, эмоциялық сезімталдық қажет. Бұл бағытта профилактикалық тренингтер, семинарлар, дағдарыстық араласу бойынша нұсқаулықтар, супервизиялық қолдау жүйелері қажет. Ата-аналар да бала психикасының дамуы, дағдарыс кезеңдері, өзін-өзі жарақаттау белгілері туралы базалық біліммен қарулануы тиіс.\nТөртінші – институционалдық деңгейде суицидке қарсы ұлттық стратегиялар мен құқықтық негіздердің нақты орындалуы мен бақылауын күшейту. Көптеген елде суицидтің алдын алу бойынша стратегиялар бар, бірақ олардың орындалуы жиі декларативті күйде қалып қояды. Қазақстанда да мұндай стратегиялар болуы қажет, алайда олар жергілікті деңгейде жұмыс істейтін механизмдерге, мектеп, колледж, ЖОО психологиялық қызметтерінің міндеттері мен құқықтарын нақтылауға сүйенуі керек. Сондай-ақ медиа саласындағы реттеу мен жауапкершілік те маңызды. Өкінішке қарай, кейбір ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі парақшаларында суицид тақырыбы сенсация түрінде беріледі. Бұл феноменді \"Верттер эффектісі\" деп атайды – яғни суицидке қатысты ақпарат белгілі бір жастар арасында жұқпалы мінез-құлыққа айналуы мүмкін. Осыған байланысты, БАҚ-та және интернет кеңістігінде жауапты жариялау стандарттарын, яғни суицид тақырыбын кәсіби этикамен беру принциптерін заңнамалық және мәдени деңгейде енгізу қажет.\nЖалпылай алғанда, суицидтің алдын алу – бұл тек дағдарыс сәтінде көмек беру емес, күйзелісті болдырмайтын әлеуметтік, мәдени және психологиялық иммунитетті қоғам деңгейінде қалыптастыру. Ол үшін білім беру жүйесі мен институционалдық құрылымдар жеке адамды ғана емес, оның эмоционалдық әлемін, әлеуметтік қолдау желісін және өзін-өзі түсіну кеңістігін дамытуға бағытталуы тиіс. Суицидке қарсы ең мықты қорған – бұл тек көмек көрсету жүйесі ғана емес, тыңдай алатын, қабылдай алатын, түсіне алатын қоғам.\n– Біздің қоғамда психологиялық көмекке жүгіну әлі де ұят санала ма? Бұл стигма суицид деңгейін қалай ушықтырады?\n– Иә, өкінішке қарай, біздің қоғамда психологиялық көмекке жүгіну әлі де болса әлсіздікпен, \"ақыл-есі дұрыс емес адамның ісі\" деген түсінікпен байланыстырылады. Бұл – терең әлеуметтік стигма, ал оның салдары өте қауіпті: көмек сұрауға ұялу, ішкі күйзелісті жасыру, ауыр сезімдермен жалғыз қалу – осының бәрі суицидалды тәуекелді арттырады. Адам өз уайымын, күйзелісін бөлісе алмаған сайын, ол эмоциялық оқшаулануға түседі. Бұл психологияда \"үнсіз азап шегу\" феномені ретінде сипатталады және суицидке апарар ішкі жолдың бірі болып саналады. Егер адам уақытылы кәсіби қолдауға жүгінсе, ол өзін ғана емес, өмірін де сақтап қалуы мүмкін еді. Бірақ қоғамдағы ұят, кінә мен қорқыныш сезімі осы мүмкіндікті жоққа шығарады. Сондықтан стигманы азайту – бұл суицидтің алдын алудағы ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі. Психологиялық көмек сұрау – әлсіздіктің емес, керісінше, саналылық пен жауапкершіліктің көрінісі екенін ұғындыру қажет.\n– Сіздің ойыңызша, балалар мен жасөспірімдердің эмоциясын еркін білдіруіне мүмкіндік беру олардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма?\n– Иә, балалар мен жасөспірімдерге эмоциясын еркін білдіруге мүмкіндік беру – олардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең негізгі шарттардың бірі. Себебі эмоцияны еркін жеткізе алатын ортада бала өзін қорғалатын, қабылданатын және маңызды сезінеді. Ал бұл сезім – психикалық саулықтың іргетасы. Керісінше, эмоциясын білдіруге тыйым салынған немесе оны ашық көрсету ұят саналатын ортада балада ішкі кернеу жиналып, уақыт өте келе агрессия, тұйықталу, мазасыздық немесе өзіне-өзі зиян келтіру секілді симптомдар пайда болады. Эмоцияны тану, түсіну және оны вербалды түрде жеткізе білу – бала үшін қауіпсіздік шекарасын қалыптастырады.\nЭмоцияны еркін білдіру мүмкіндігі тек балаға ғана емес, ата-ана мен педагогке де өзара сенімді қатынас орнатуға жағдай жасайды. Бұл – дағдарысты сәттерде көмек сұрау, қорқынышын айту, шынайы сезімін жасырып қалмау мүмкіндігін береді. Яғни эмоцияны білдіру еркіндігі – психологиялық қорған емес, ішкі тіректің өзегіне айналады.\n– Қазіргі қазақ қоғамында психологиялық қолдау жүйесін дамыту үшін қандай нақты қадамдар жасалуы керек деп ойлайсыз?\n– Бұл саланы тек көмек көрсету құралы ретінде емес, қоғамдық денсаулық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде тану қажет. Бұл үшін біріншіден, психология саласының мәртебесін заңдық және институционалдық деңгейде нақтылау керек. Яғни мектеп, колледж, университет, аурухана, әскери құрылым, тіпті ауылдық деңгейдегі мекемелерде кәсіби психологиялық қызметтің міндетті әрі жүйелі түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, мамандарды даярлау сапасын арттыру – басты мәселе. Психолог тек теория білетін емес, нақты тәжірибе жүргізе алатын, клиникалық дағдыға ие, этикалық ұстанымдары қалыптасқан маман болуы тиіс. Ол үшін психология факультеттерінде тәжірибелік базалар ашылып, супервизиялық қолдау жүйесі енгізілуі керек. Үшіншіден, қоғамдық санада психологиялық көмекке жүгінудің беделін қалыптастыру қажет.Бұл – медиадағы тілдік өзгерістен басталады: психологқа бару ұят емес, керісінше, мәдениетті таңдаудың белгісі екенін көрсету. Танымал тұлғалар мен қоғамдық лидерлердің бұл тақырыпты ашық көтеруі – стигманы бұзудың тиімді жолы. Сондай-ақ ауыл мен қала арасындағы психологиялық қолжетімділік теңсіздігін жою – ерекше назарда болуы тиіс. Онлайн психологиялық платформалар, мобильді кеңес беру орталықтары, мемлекеттік субсидия арқылы қолжетімді көмек жүйесін құру – нақты нәтижеге бастар жол. Яғни психологиялық қолдауды дамыту – бұл тек кәсіби мамандардың емес, бүкіл қоғамның, мемлекеттің, білім мен мәдениет саласының ортақ жауапкершілігі. Сауатты қоғам – психикалық тұрғыдан тұрақты, жауапты және сенімді қоғам."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qysqy-aziia-oiyndary-2025-qazaqstan-kimderge-umit-artyp-otyr", "title": "Қысқы Азия ойындары – 2025: Қазақстан кімдерге үміт артып отыр", "text": "Қытайдың Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығында қысқы Азия ойындары өтеді. Харбин екінші рет Азиаданы өткізгелі отыр. Ұлттық құрама споршылары алғаш рет 1996 жылы Харбинде өткен қысқы Азия ойындарына қатысқан болатын. Қазақстан 2011 жылы дүбірлі доданы қабылдап, споршылар Астана мен Алматыда бас қосты. Одан кейін 2017 жылы Саппорада өтті. Енді міне, сегіз жылдан соң Харбинде Азиада алауы тұтанбақ.\nҚысқы Азия ойындары ресми түрде 7 ақпанда ашылғанымен, іріктеу жарыстары 3 ақпанда басталып кетті. Харбинде споршылар қандай спорт түрлерінен сынға түседі? Кімдерден үміт күтеміз? Информбюро порталы осы және өзге де сұрақтарға жауап береді.\nҚытайдың ең солтүстігіндегі Хэйлунцзян өлкесінің орталығы – Харбин қысы суық болғандықтан \"Мұз қаласы\" деген атқа ие. Харбин мұздан қаланған мүсіндерімен әлемге танымал. Мұнда жыл сайын мұз және қар фестивалі өтеді. Былтыр ғана Харбин мұз паркі Гиннес рекордтар кітабына енді.\nҚысқы Азия ойындары бұл қалада екінші рет өтіп жатыр. 2025 жылғы Азиаданың бойтұмарлары – Бинбин мен Нини атты сібір жолбарыстары.\nБиылғы қысқы Азия ойындарына 34 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарына алғаш рет Камбоджа мен Сауд Арабиясының атлеттері қосылды. Соңғы рет Жапонияның Саппоро қаласында өткен додаға Азия Олимпиада кеңесіне кіретін 30 ел мен Аустралия және Жаңа Зеландиядан келген 1 147 спортшы қатысты. Харбинде сынға түсетін атлеттер саны артқан: 1 275 спортшының 755-і – ер, 520-сы – әйел. Олардың 847-сі мұз айдынында өтетін жарыстарға, ал қалған 428-і биатлон, шаңғы жарысы сынды Ябули қаласында өтетін қар спортынан сынға түседі.\nАзия ойындарында атлеттер спорттың 6 түрі, 11 дисциплина бойынша 196 медаль жиынтығын сарапқа салады:\nҚысқы Азия ойындарының жарыс бағдарламасына алғаш рет ски-альпинизм қосылды.\nАзиаданың салтанатты ашылу және жабылу рәсімдері мен жарыстар жеті спорт нысанында өтеді:\nАзия Олимпиада кеңесінің құрамына 45 ел кіреді. Ұйымның бас кеңсесі Кувейт астанасында орналасқан.\n7 ақпанда Халықаралық Харбин конгресс-көрме және спорт орталығында өтететін ашылу салтанаты өтеді. Шоу бағдарламасы үш бөлімнен тұрады. Шоудың қоюшы-режиссері –  Ша Сяолань. Ол бұған дейін Ханчжоудағы Азия ойындары мен 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасының шығармашылық тобында жұмыс істеген. Режиссердің айтуынша, қойылым Азия ойындарының ұраны – \"Қысқы арман, Азия жүрегіндегі махаббат\" тақырыбымен үйлеседі. Бұл тақырып халықтарды спорт және қысқы мәдениет арқылы біріктіру идеясын бейнелейді.\nҰйымдастырушылар шоу барысында жасанды интеллект пен VR сияқты озық технологиялар қолданбақ. Салтанатты шарада мыңға жуық студент өнер көрсетеді. Шоуда Харбиннің мәдениеті мен сәулеті көрсетіледі. Ашылу салтанаты 80 минутқа созылады. Бағдарлама бойынша Харбиннен басқа аймақтарға, одан әрі бүкіл Азияға сапар шегеді. Бала кезден бастап арман қуып, сол армандарды жүзеге асыру жолын көрсетеді.\nСалтанатты шара Астана уақытымен 17.00-де басталады. Ашылу салтанатында Қазақстан туын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шығады. Азия ойындарының ашылу және жабылу салтанатын, жарыстарды тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді.\nҚазақстан құрамасы 6 қысқы Азия ойындарына қатысып, 78 алтын медаль, 62 күміс және 56 қола медаль (барлығы 196) жеңіп алды. Азия ойындарында жалпы есеп бойынша ең көп алтын алған спортшылар – шаңғышылар. Олардың еншісінде 26 алтын бар. Одан кейінгі орында – 19 алтын алған биатлоншылар. Ал шайбалы хоккейшілерАзия ойындарында жеті рет чемпион атанды.\nХарбинде Қазақстан атынан 137 спортшы сынға түседі. Олардың арасында әлемдік додаларда жүлде алып, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген спортшылар көп.\nАзия ойындарындабиатлоннанҚазақстан қоржынында 19 алтын медаль бар. Жалпыкомандалық есепте Қытай 15 алтынмен, ал Жапония 11 алтынмен артта келеді. Харбинде Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес, Александр Мухин, Дарья Климина, Арина Крюкова, Ольга Полторанина, Елизавета Белецкая және Полина Егоровадан үміт күтеміз.\nЖасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Дінмұхаммед Райымқұловфристайл-акробатикадансынға түседі. 2022 жылы қысқы Олимпиадада 15-орын алған Шерзод Хаширбаев былтыр Еуропа кубогының кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер арасында Аяна Жолдас та Еуропа кубогы кезеңдерінде бірнеше рет жүлде алды.\nМәнерлеп сырғанаутарихына есімі жазылған Михаил Шайдоров та жүлдеге үміткер. 2024 жылы Францияда өткен Гран-при кезеңінде ол үштік аксель мен төрттік тулуп секіріп, ресми жарыста осы комбинацияны таза орындаған алғашқы спортшы атанды. ISU Гран-при финалында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық атлет атанған ол бұл жарыста 253,75 ұпай жинап, бесінші орын иеленді. Ал 2025 жылы Туринде өткен Универсиадада нәтижесін жақсартып, алайда қола жүлдеден бір қадам қалыс қалды. Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Софья Самоделкина да тұғырдан көрінуі мүмкін. Ол енді ғана ересектер деңгейіндегі халықаралық жарыстарға қатыса бастады. Биыл Универсиадада қола жүлдеге ие болды. Алайда Азия ойындарында қыздар арасында Жапония мен Оңтүстік Корея спортшылары көшбасшы саналады.\nКонькимен жүгіруденНадежда Морозова фавориттердің бірі болып отыр. Кристина Силаева Әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашықтыққа жүгіруден төртінші орын алып, үздіктердің қатарына кірді. Бұл жарыста оны тек екі азиялық спортшы ғана басып озды. Олардың көрсеткіші Силаеваның нәтижесінен алшақ емес. Калгари қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде командалық спринтте Надежда Морозова, Дарья Важенина және Кристина Силаева қола жеңіп алған болатын. Ерлер арасында Евгений Кошкин 100 метрлік қашықтықта жүлдеге таласуы мүмкін. Осы маусымда төрт құрлық чемпионатында жеңіске жеткен Виталий Щиголев те медаль алуға қауқарлы спортшы.\nШорт-трекшілерденде медаль күтуге болады. Олар эстафетада да, жекелей сында да тұғырдан көрініп жүр. Харбинде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Никиша, 2011 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Абзал Әжғалиев сынға түседі. Эстафедада жүлде алған Абзал бұл жолы жекелей сында жеңіске жеткісі келеді. Әйелдер арасында Яна Хан, Ольга Тихонова, Алина Әжғалиева да мықты қарсылас саналады. 2017 жылы Саппорода өткен Азия ойындарында Ольга Тихонова бар әйелдер командасы қола медаль алған еді. Харбинде қазақстандық шорт-трекшілер үшін жүлде алу оңайға соқпасы анық, себебі бұл бәсекеде Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай споршылары мықты қарсылас саналады.\nХарбинге баратын делегацияның жартысынан астамы – Астана, Алматы қалаларының және Шығыс Қазақстан облысының спортшылары. Қысқы Азия ойындарының чемпиондары биатлоншы Ольга Полторанина мен Дарья Климин, шайбалы хоккейшілер Евгений Рымарев, Роман Старченко, Кирилл Савицкий мен Дмитрий Гренц Харбинге бара жатыр.\nФристайл-акробатикадан жарысқа қатысатын 15 жасар Асан Асылхан ұлттық құраманың ең жас спортшысы атанып отыр. Ал ең егде спортшы – 41 жастағы Денис Власов. Ол алғаш рет ски-альпинизмнен бақ сынамақ."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/manerlep-syrganauga-zan-tanimen-beriletin-tanymal-sportsy-dzeison-braun-denis-ten-turaly", "title": "\"Мәнерлеп сырғанауға жан-тәнімен берілетін\". Танымал спортшы Джейсон Браун Денис Тен туралы", "text": "Танымал мәнерлеп сырғанаушы Джейсон Браун қазан айында Алматыда өткен Denis Ten Memorial Challenge турниріне қатысып, қола жүлдеге ие болды. Мәнерлеп сырғанау спорты жасара түссе де өз биігін түспей, жас буынмен қатар тұғырға көтеріліп жүрген америкалық спортшы көрерменді әртістік шеберлігімен, әсем сырғанауымен тәнті етті.\nОсы орайда Информбюро тілшісі Қазақстанның жарқ етіп аққан жұлдызы Денис Тенмен бірге жаттығып, талай жарыста өнер көрсеткен замандасы Джейсон Браунмен аз-кем сұхбаттасты.\n– Турнирде жүлделі үшінші орынға ие болдыңыз. Нәтижеңізге көңіліңіз тола ма?\n– Бұл турнирге бір ай бұрын ғана қатысамын деп шешім қабылдадым. Алматы жылы қарсы алды. Маусымды осылай жеңіспен бастағаныма қуаныштымын. Бүгінгі көрсеткен өнерім өзіме ұнады. Көрерменнің де көңілінен шықты деп ойлаймын.\n– Денис Тен екеуіңіз замандас болдыңыздар. 2010-жылдары талай жарыста өнер көрсеттіңіздер. Өкінішке қарай, Денис арамызда жоқ. Денисті еске алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар келді. Сіз де АҚШ-тан келіп отырсыз. Замандасыңыз Денис туралы естелігіңізді айтыңызшы.\n– Ол ғажап адам еді. Дениспен бірге жаттықтық. Жаттыққан кезде де бар жан-тәнімен сырғанайтын. Мұзда сырғанағанда әркез құштарлығы мен қайсар мінезін көрсететін, оны байқамау мүмкін емес еді. Денис әртістік шеберлікке көп күш салатын, сондықтан да оның секіруі әдемі көрінетін. Дениспен бірге жаттыққанда оның артистизм мен атлетизмді ұштастыра алатынына тамсана қарап, шабыт алатынмын. Оның бұл қасиеті мені дәл солай жасауға, дәл сондай деңгейге ұмтылуға итермеледі.\nЖаттығу кезінде Денистің күшін көріп қана қоймай, оның өте мейірімді, жақсы адам екеніне көзім жететін. Жаттығу кезінде әрдайым маған қолдау көрсететін. Жарыстарда қарсылас болсақ та, мейірімді болатын. Бірге тамақтансақ, ашық мінезінен танбай емін-еркін сөйлесе беретін.\nҚазақстанға, Денис Теннің туған жеріне келуді әрі осы жерде өнер көрсетуді көп уақыттан бері армандадым. Денистің анасын көргеніме қуаныштымын. Міне, арманым орындалып, Қазақстанда Денис Тенді еске алу турнирінде, өзі сырғанаған мұзайдында өнер көрсетіп жатырмын.\n– Сонда сіз бұрын Қазақстанда болмадыңыз ба? Денис өзінің шоуына шақырмады ма?\n– Жоқ, болмадым. Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Денис бір жылы шоуында өнер көрсетуге шақырды. Бірақ мен белгілі бір себептермен келе алмадым. Бұған аздап қынжыламын.\n– 2019 жылы мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведевамен бірге \"Халық Арена\" кешеніне Денис Теннің атын беруге қатысты петицияны қолдап, видеоүндеу жасаған екенсіздер. Өкінішке қарай, бұл бастама қолдау таппаған секілді. Дегенмен, сіз дәл сол аренада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріндіңіз. Қызық емес пе...\n– Иә, таң қаларлық жағдай. Бәрі ап-анық есімде. Евгения маған келіп, Қазақстанда петиция жасап жатқанын айтты. Мен \"не істеуім керек?\" деп сұрадым. Денис Тенге қатысы бар болған соң, бастаманы қолдағым келді.\nДәл осы аренада өнер көрсетіп, Алматыдағы Денис Тен ескерткішіне барғаным ерекше күйге бөледі. Қазақстанға сапарым мен үшін ерекше мінге ие.\n– Тамаша. Адамдары сондай жақсы, қонақжай. Жанкүйерлер, еріктілер, қалада серуендеп жүргенде кездестірген адамдар, такси жүргізушілері, бәрі-бәрі тым жақсы адамдар. Жолымда кездескен әр адам өте мейірімді, көмегін аямады. Алматы әдемі қала екен. Мен келгенде ауа-райы да керемет болып тұр.\nБиік-биік таулар да көздің жауын алады. Дәл мұндай табиғатты көремін деп күтпеген едім.\nТамақ та дәмді. Жылқының етін әлі жеп көрген жоқпын,  бірақ көп адам соны жеуге кеңес берді. Алматыға ата-анаммен бірге келдім. Дәмін татып көріп, ұнағанын айтты. Екеуі \"Шымбұлаққа\" барып қайтты. Мен жарыста жүрген соң тауға әлі шықпадым.\nПубликация от Jason Brown (@jasonbskates)\n– Мәнерлеп сырғанау спорты – көп жарақат алатын спорт. Спортшылардың көпшілігі техникалық элементтерді орындаймын деп ауыр жарақат алып жатады. Тіпті, мансабын ерте аяқтайды. Әлі күнге дейін мұзға шығып, жарысқа қатысып жүрген қатарластарыңыз да некен-саяқ. Төрттік элементтерді қиналмай секіретін жас буын келгенде спортты тастамай, керісінше тұғырдан түспей жүргеніңіз таң қалдырады. Өз бабыңызда қалуға не жігерлендіреді?\n– Мен спортты, жаттығуды, жарысты қатты жақсы көремін. Сол себепті ешқандай қиындыққа қарамай осы деңгейге жету үшін жаттыға беремін. Техникамды жетілдіру үшін талмай еңбек етемін. Мәнерлеп сырғанау спорты техникалық тұрғыдан дамып, жас буын жаңа элементтер, секірулер орындап жатыр. Артымнан келе жатқан жас спортшылардың өнеріне, техникасына қайран қаламын. Олар секілді секіру оңай емес болса да, артистизм, хореография тұрғысынан өнерімді жетілдіре беремін."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/paydaly-kenes/ubt-dan-keiingi-kuizelis-tomen-ball-algan-balalarga-qalai-psixologiialyq-qoldau-korsetken-durys", "title": "ҰБТ-дан кейінгі күйзеліс: Төмен балл алған балаларға қалай психологиялық қолдау көрсеткен дұрыс", "text": "ҰБТ – оқушының білім деңгейін ғана емес, оның психологиялық және физикалық жағдайын да сынайтын маңызды кезең. Осы уақытта ата-аналар мен мұғалімдердің қолдауы, сондай-ақ, дұрыс тамақтану мен уайымсыз ұйқы оқушының сәттілігіне айтарлықтай ықпал етеді, дейдіprobio.onlineмектебінің негізін қалаушы Малика Ильяс. Мұнымен қатар, маман ҰБТ-дан төмен балл алып қалған жағдайда өзімізге қалай қолдау көрсетуге және керісінше келесіде жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін не істеуге болатынын әңгімеледі.\n\"ҰБТ нәтижесі – көптеген мектеп түлектері үшін өте маңызды әрі күйзеліс тудыратын кезең. Бұл сынақтың нәтижесі көбінесе баланың болашағына әсер ететіндіктен, оған деген қысым өте жоғары болады. Бірақ, егер ҰБТ-дан төмен балл алып қалсаңыз, бұл сіздің құндылығыңыз бен болашағыңызға деген ешқандай дәлел емес. Осы орайда, өзіне қолдау білдіру, депрессия мен суицид туралы ойлардан арылу үшін бірнеше маңызды психологиялық әдістер мен ғылыми зерттеулер бар\", – дейді Малика Ильяс.\nҰБТ-ның нәтижесі оқушылар үшін, әсіресе олардың болашақ жоспарларына қатысты үлкен қысым мен күдік туғызады. Бұл кезеңде түрлі эмоция: ашулану, үмітсіздік, көңілсіздік сезімдері пайда болуы мүмкін. Психологтар мұндай күйзелістің қалыпты екенін және психикалық денсаулыққа әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.\nЗерттеулер нәтижесінде ҰБТ алдында және соңында мектеп бітіруші түлектердің қатты күйзелісе ұшырайтыны анықталған. Күйзеліс, сенімсіздік, үмітсіздік сияқты сезімдер көбінесе нәтижеге байланысты болды. Алайда, бұл күйзеліс уақытыша және дұрыс психологиялық көмек көрсету арқылы жеңілдетілуі мүмкін.\nҰБТ нәтижесінен кейінгі психологиялық күйзелісті жеңудің ең тиімді әдісі – қолдау көрсету. Ата-аналар, достар және мұғалімдер – жақындардың қолдау көрсетуі, әсіресе, осы күйзелісті жеңу үшін маңызды. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, әлеуметтік қолдау күйзеліс деңгейін айтарлықтай төмендетеді және адамның өзін-өзі бағалауы мен психологиялық күйін жақсартады.\nОқушылардың академиялық жетістіктері олардың зияткерлік қабілеттеріне ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қолдау мен эмоционалды интеллект деңгейіне де байланысты. Мысалы, Испанияда жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, оқушылардың академиялық көрсеткіштері мұғалімдер мен отбасынан алған қолдау деңгейіне тікелей байланысты екені анықталған. Бұл зерттеу эмоционалды интеллект пен әлеуметтік қолдаудың академиялық жетістікке әсерін көрсетеді.\nҰБТ-дан төмен балл алған соң, өзін кінәлі немесе үмітсіз сезіну қалыпты, бірақ бұл сезімдер ұзақ уақытқа созылмауы керек. Өзін-өзі қабылдау өте маңызды. Сіз төмен балл алсаңыз, бұл сіздің болашағыңыздың және мүмкіндіктеріңіздің аяқталғанын білдірмейді. Қателіктер мен сәтсіздіктер – адам өмірінің ажырамас бөлігі.\n2014 жылы жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, өз-өзіне деген қабылдау деңгейі төмен адамдар күйзелісті сезініп, өзін қайтадан табу үшін ұзақ уақыт қажет етеді. Алайда, өзін жақсы көретін адамдар жылдам қалыпқа келеді және болашаққа деген оптимистік көзқарас қалыптастырады.\nТөмен балл алғаннан кейін суицид туралы ойлар туындауы мүмкін, әсіресе егер оқушы қатты күйзелістен өтсе. Бұл жағдайда психологиялық қолдау мен қауіпсіздік шараларын қабылдау өте маңызды.\n2017 жылы Джон Хопкинс университетінде жүргізілген зерттеу суицидтің алдын алу үшін жүйелі психологиялық қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Ғалымдар белгілі бір психологиялық тәсілдерді, мысалы, когнитивті мінез-құлық терапиясының суицидке деген ойлардың төмендеуіне және жағдайды жақсартуға көмектесетінін анықтады. Бұл әдіс адамның қиын жағдайларға қалай жауап беретінін өзгертуге мүмкіндік береді.\nКогнитивті мінез-құлық терапиясы – адамдардың теріс ойлары мен эмоцияларын өзгертуге бағытталған тиімді әдіс. Мысалы, оқушы өзіне деген сенімсіздікті жеңіп, \"мен ешқашан жақсы болмаймын\" деген ойды\"бұл сынақ, мен одан үйренемін және жақсы боламын\"деген ойға алмастыруы мүмкін. Мұндай әдіс ҰБТ нәтижелерінен кейінгі күйзелісті жеңуге көмектеседі.\nЕгер суицид туралы ойлар пайда болса, жедел психологиялық көмек алу керек. Суицидтік ойлар – ауыр психикалық мәселелердің белгісі болуы мүмкін. Қазақстанда және басқа елдерде суицид туралы ойлары бар адамдар үшін арнайы дағдарыс орталықтары мен қолдау желілері жұмыс істейді. Оған қосымша, психотерапевт немесе психиатрмен кеңесу өте маңызды.\nҚазақстанда психологиялық көмек алу үшін бірнеше мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Олар өз қызметін тегін немесе қолжетімді бағамен ұсынады. Қазақстандағы кейбір тегін психологиялық көмек көрсету орталықтары мен жедел көмек нөмірлері:\nҰБТ – тек өмірдің бір кезеңі ғана. Төмен балл алғаннан кейін мүмкіндіктер азаймайды. Көптеген университет пен білім беру мекемесі баламалы жолдарды ұсынады, мысалы, арнайы конкурстар, білім гранттары немесе қосымша емтихандар арқылы оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанда ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру мүмкіндігі бар.\nТөмен балл – жаңа мақсаттар қоюға мүмкіндік. Өмірдің әр кезеңінде өзіңізді дамыту үшін жаңа жолдар іздеу қажет. ҰБТ-ға дайындық сәтінен кейін өмірде жаңаша қадамдар жасауға болады. Оқушы, мысалы, басқа оқу бағдарламаларын немесе арнайы курстарды қарастыруы мүмкін.\nЖаңа дағдыларды игеру адамға болашаққа деген сенім ұялату мүмкіндігін береді. 2016 жылы жүргізілген зерттеу өмірлік дағдыларды дамытуға негізделген курстардың жеке тұлғаны дамытуға және стресс деңгейін төмендетуге әсері жоғары екенін көрсетті.\nҰБТ нәтижесінен кейін өзін теріс бағалап, суицид туралы ойлардың пайда болуы психикалық және физикалық күйзелісті тереңдетуі мүмкін. Алайда, бұл күйзеліс уақытша. Өзін жақсы көріп, қателіктер мен сәтсіздіктерден үйрену, жаңа мүмкіндіктерді іздеу және психологиялық қолдау арқылы болашаққа оң көзқарас қалыптастыру – ең маңызды қадамдар. Өз-өзіңізді бағалауды үйрену және жаңа мақсаттар қою арқылы өмірдегі қиындықтарды жеңуге болады.\nҰБТ алдында дұрыс тамақтану оқушының когнитивті функцияларын жақсартуға және энергия деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, дұрыс тамақтану есте сақтау қабілетін жақсартып, концентрацияны арттырады.\nҰБТ алдында ұсынылатын тамақтану кеңестері:\nГарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің зерттеулері бойынша, кешіктірілген көмірсулар мен ақуыздарға бай тағамдар есте сақтау қабілетін 20 пайызға дейін жақсарта алады.\nҰБТ алдында тамақтану уақыты да маңызды. Зерттеулер көрсеткендей, емтиханға кемінде үш сағат қалғанда тамақтану оқушының нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді. Ерте таңғы ас немесе түскі ас кезінде дұрыс тамақтану ағзаның энергиямен қамтамасыз етілуін және когнитивті функциялардың жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді.\nҰлттық бірыңғай тестілеу алдындағы ұйқы – баланың сәттілігіне айтарлықтай әсер ететін маңызды фактор. Ұйқының сапасы мен ұзақтығы оның ми қызметіне, есте сақтау қабілетіне және когнитивті функцияларына тікелей әсер етеді. ҰБТ сияқты стресстік кезеңде дұрыс ұйқы алу оқушының нәтижесіне үлкен ықпал етуі мүмкін.\nҒылыми зерттеулер ұйқының адам миының жұмысын жақсартатынын және білім мен дағдыларды сақтау қабілетін арттыратынын дәлелдеді. Мәселен, Калифорния университетінің зерттеуі бойынша, ұйқы кезінде ми ақпаратты қайта өңдеп, еске сақтау қабілетін жақсартады. Зерттеулер көрсеткендей, ұзақ және сапалы ұйқы есте сақтауды жақсартады және жаңа ақпаратты қабылдауға көмектеседі.\nҰйқының маңызын тағы бір зерттеу анықтады: АҚШ-тың Әскери медицина академиясында жүргізілген зерттеу ми мен ұйқының арасындағы байланысқа қатысты болды. Зерттеу нәтижелері бойынша, ұйқының кез келген тапшылығы когнитивті функцияларды төмендетеді, оның ішінде есте сақтау, шешім қабылдау және назарды сақтауды нашарлатады.\nСондықтан ҰБТ алдындағы түнде толыққанды ұйқы алу өте маңызды. Оқушы жақсы демалған кезде ғана мидың ақпаратты сақтау, өңдеу және есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс істейді.\nҰБТ алдындағы түнде ұйықтау ұзақтығы маңызды рөл атқарады. Ұйқының сапасы мен ұзақтығы арасындағы байланыс жайлы бірнеше зерттеу жүргізілген. Ұйқының ұзақтығы мен ми қызметінің арасындағы байланыс туралы зерттеу жүргізген Американдық неврология академиясы ұйқының сапасы мен ми функцияларын жақсартатындығын анықтаған. Олардың зерттеуіне сәйкес, адамдар 7-9 сағат аралығында ұйықтағанда, олардың есте сақтау қабілеті және ойлау дағдылары айтарлықтай жақсарады.\nҰБТ алдында 7-9 сағаттық ұйқы ұсынылады. Ұйқының ұзақтығы 5-6 сағатқа дейін қысқарса, оқушының когнитивті және психоэмоционалды жағдайы нашарлауы мүмкін. Көптеген зерттеу көрсеткендей, толыққанды ұйқының арқасында адамның есте сақтау қабілеті 20 пайызға дейін жақсарады. Ал ұйқының аздығы тест нәтижелерін төмендетіп, күйзелісті арттыруы мүмкін.\nҰйқының сапасы – ұзақтығымен қатар маңызды фактор. Ұйықтап жатқанда ми белсенді жұмыс істейді. Ұйқы фазалары деп аталатын процестерде ми күндізгі уақытта қабылданған барлық ақпаратты өңдеп, маңызды мәліметтерді сақтайды. Бұған әсіресе терең ұйқының фазасы әсер етеді. Ұйқының бұл фазасы когнитивті процестердің, оның ішінде есте сақтау, шешім қабылдау және ақпаратты өңдеу қабілетінің дұрыс жүруі үшін маңызды. Сондықтан ұйықтау алдында бөлменің жайлылығы мен тыныштықты қамтамасыз ету өте маңызды.\nҰБТ алдындағы ұйқыға әсер ететін факторлар\nҰйқының сапасына бөлменің температурасы мен жарығы әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, бөлмедегі тыныштық, қараңғылық және дұрыс температура мидың терең ұйқыға кетуін жеңілдетеді. Ұйқыны жақсарту үшін ең қолайлы температура – 18-20°C аралығы. Көбірек немесе аз температура оқушының ұйқысы мен тыныштықты бұзады, бұл оның күйін нашарлатуы мүмкін.\nСондай-ақ, бөлмедегі жарықтың аз болуы маңызды. Жасанды жарық ұйқының сапасын бұзып, мидың демалуы мен тынышталуына кедергі келтіреді. Ұйықтар алдында бөлмені қараңғылау, жақсы желдету және тыныштықты сақтау ҰБТ алдындағы түні үшін аса қажет.\nТөсектің жайлылығы да ұйқының сапасына әсер етеді. Тым қатты немесе тым жұмсақ төсекке жату дененің дұрыс орналасуына мүмкіндік бермейді. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, дұрыс таңдалған төсек, арнайы жастықтар мен матрацтар ми мен дененің толықтай демалуы үшін қажет. Бұл, әсіресе, ҰБТ алдындағы стресстік жағдайда өте маңызды, себебі дұрыс ұйқы тыныштық пен тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.\nҰйқы алдында электронды құрылғыларды пайдаланудың ұйқыға теріс әсері ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Жарық шығарушы құрылғылар (смартфондар, планшеттер, компьютерлер) ұйқы гормоны – мелатониннің өндірісін тежейді. Бұл ұйқының басталуын қиындатады және ұйқының терең фазасына өтуге кедергі жасайды. Сондықтан ҰБТ алдында кемінде 1-2 сағат бұрын гаджеттерді пайдалануды тоқтату керек."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ekran-men-saxnadagy-zastar-tarbiesi-kuldiremiz-dep-buldirip-zurgen-zoqpyz-ba", "title": "Экран мен сахнадағы жастар тәрбиесі: Күлдіреміз деп бүлдіріп жүрген жоқпыз ба", "text": "Ер адамның әйел кейпіне еніп ойнауы немесе әйелдің ер адамның рөліне шығуы – әлемдік театр мен кинода ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан тәсіл. Бұл құбылыстың түп-тамыры өте терең. Мәселен:\nӘлемге танымал Mrs. Doubtfire, Some Like It Hot, White Chicks фильмдері немесе Шекспир театрларының классикалық қойылымдары – бәрі де гендерлік рөлдерді көркем тәсіл ретінде қолданған туындылар. Бұл бағыт көптеген елде заңмен шектелмейді, керісінше шығармашылық еркіндіктің бір бөлігі ретінде танылады. Шетелдік заңдар көбіне мұндай көркемдік элементке тыйым салмайды, тек оның мазмұны балаларға арналмаған жағдайда тиісті жас санаты бойынша реттеледі.\nҚазақстанда да гендерлік рөлдердің ауысуын комедиялық әдіс ретінде пайдаланатын фильмдер аз емес: халық жақсы көретін \"Келинка Сабина\", \"Зу-зу Күлпаш\", жаңа \"Жездуха\" франшизасындағы образдар – көрермен арасында кең таралып, ұлттық комедияның бір бөлігіне айналды.\nАлайда соңғы кезде қоғамда өнердің осындай формаларына қатысты пікірталас күшейіп, кейбір азаматтар мен ұйымдар бұл тәсіл ұлттық құндылықтарға қаншалықты сай келетіні туралы сұрақтар көтере бастады. Осыған байланысты мемлекеттік деңгейде \"насихат\", \"әдеп\", \"қоғамдық құндылықтар\" ұғымын қалай түсіндіру керектігі туралы да талқылау жүріп жатыр. Осындай пікірталастар аясында қоғам белсенділері мен киносыншылар өз ұстанымын ортаға салды.\n\"Қазақстан ата-аналар одағының\" төрайымы Бағила Балтабаевақоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты пікір білдіріп, өнер мен ұлттық құндылықтардың бір-біріне қарсы қойылмауы керектігін айтты. Оның айтуынша, негізгі шешім – тыйым салуда емес, мәдени талғамды өсіруде жатыр. Ол қоғамның талғамы көтеріле бастағанда, сахнадағы бейнелердің де табиғи түрде өзгеретініне сенетінін жеткізді.\n\"Бұл мәселенің шешімі – тыйымда емес, мәдени талғамды көтеруде. Ұлттық құндылық пен өнер бір-біріне қарсы емес, оларды тек дұрыс арнаға бағыттау қажет. Қоғамның талғамы өссе, сахнадағы бейнелер де ешкімге күш салмай-ақ, біртіндеп жөнге келеді деп ойлаймын\", – деді Бағила Балтабаева.\nОдақ басшысы ер адамның әйел рөлін шектен тыс бейнелеуі немесе керісінше әйел адамның ер кейіпіне тұрпайы енуі көрермен талғамын төмендетуі мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, өнердің еркіндігі бар болғанымен, ұлттық құндылықтарды қорғайтын өз шеңбері де болуы тиіс. Ол бұл мәселені нәзік тақырып санайтынын, бірақ кез келген нәрсенің шегі бар екенін айтты.\n\"Ер адамның әйел рөлін ойнап, оның кейіпіне енуді өз басым құптамаймын. Өнер еркін, бірақ ұлттық құндылықтың да өз шегі бар. Шектен тыс тұрпайылық қоғам талғамын бұзады\", – деді ол.\nБалтабаева театрлар мен продюсерлік орталықтарға мәдени жауапкершілік стандарттарын енгізу қажет деп есептейді. Оның сөзінше, бұл шектеу емес, бағыт көрсету. Ол арзан күлкіге емес, сапалы сатираға басымдық беру керектігін айтып, көрермен талабы өссе, өнердің өзі де өзгереді деген пікірде.\n\"Сондықтан мәдени жауапкершілік стандарттарын енгізу керек деп ойлаймын. Бұл тыйым емес – дұрыс бағыт. Арзан күлкі көрермен талап ететін жерде ғана жасалады. Егер қоғам сапалы өнерді талап етсе, сахна да өзгереді\", – деді Бағила Балтабаева.\nАйта кетсек, сарапшы телеарналар мен театрларда ұлттық құндылықты нығайтатын жаңа форматтағы комедияларды қолдау маңызды екенін ерекше атап өтті. Ол жас буынның талғамын қалыптастыру үшін мектептер мен колледждерде театр мәдениетіне арналған сабақтар мен шеберлік сағаттарын өткізу қажет деп санайды. Бағила Балтабаеваның пікірінше, бұл келешек буынды арзан күлкіден алыс ұстап, сапалы өнерді ажырата алатын деңгейге жеткізеді.\nАлҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, ұстаз Елбек Тасболатұлыдін іліміндегі біржынысты қатынас жайлы тұжырымдарды таратып түсіндіріп, қоғамның өркендеуі мен рухани тұрақтылығы ең әуелі берік отбасы институтына байланысты екенін атап өтті.\n\"Біздің басты міндетіміз – халқымызды имандылыққа, рухани тазалыққа шақыру, ата-бабамыздан мирас болып жеткен ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды ұлықтау. Ұлттың рухани бірлігі мен отбасылық институты – қоғам тірегінің ең маңызды бөлшектері. Соңғы уақытта қоғамда әртүрлі атаумен көрініп, өзін адам құқықтарын қорғаушылар ретінде көрсететін кейбір топтардың дәстүрлі құндылықтарымызға қайшы дүниелерді насихаттауға ұмтылып жүргені жайлы хабарлар түсуде. Әсіресе әлеуметтік желілерде қоғамның құндылықтық таңдауларын қайта бағалау қажеттігін айтып, қалыптасқан ұстанымдарға әсер етуге тырысатын пікірлер жиілеп кетті\", – деді ұстаз Елбек Тасболатұлы.\nҚМДБ ресми өкілі ары қарай отбасының табиғи болмысы ер мен әйелдің одағынан басталатынын, бұл – жаратылыстың өзгермес заңы әрі адамзат өркендеуінің негізі екенін еске салды. Сондай-ақ \"Ағраф\" сүресінің 80-81-аяттарына тоқталды.\n\"Шариғат бойынша ер мен әйелдің арасындағы шынайы отбасы – жаратылыстың негізі. Қасиетті мәтіндерде осы жаратылыстан алшақтайтын әрекеттердің құпталмайтыны анық айтылған. Құранда Лұт пайғамбар қауымының мысалы келтіріліп, мұндай жолға түспеудің қажеттігі ескертіледі. Бұл аяттарда табиғи емес бағытқа бет бұрудың дұрыс еместігі нақты ескертіледі\", – деп түсіндірді ол.\nДін өкілінің айтуынша, адамның өз болмысын өзгертуге талпынысы да шариғатта мақұлданбайды. Сөз соңында өкіл қоғамды сабырға, парасаттылыққа, өзара құрметке шақырды.\n\"Кімде-кім табиғи жаратылысын өзгертуге ниет етсе, ол өзіне де, қоғамға да зиян келтіреді. Мұндай жағдайда ең дұрыс жол – рухани қолдау іздеу, кеңес алу, тәубе мен түзелуге ұмтылу\" – деді ол.\nКино саласын ұзақ жылдар зерттеп жүргенкиносыншы Жанкелді Өмірәлиевқазіргі комедияда жиі кездесетін гендерлік рөлдер ауысуы туралы пікір білдіріп, бұл тәсілдің әлемдік кинода да, қазақ комедиясында да бұрыннан бар драматургиялық әдіс екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай трюк контраст пен абсурдты ашуға мүмкіндік береді, әрі стереотиптерді күлкіге айналдырудың тиімді тәсілі саналады.\n\"Киноға келетін болсақ, әйел адамның рөлін ер адам немесе ер адамның рөлін әйел адам сомдау – баяғыдан келе жатқан үрдіс. Көбінесе комедия жанрында қолданылады. Комедия гендерлік рөлдердің ауысқанын, кейіпкердің өзіне тән емес әлеуметтік жағдайда ашылғанын жақсы көреді. Мұндай тәсіл арқылы авторлар әйелдер мен ерлерге қатысты стереотиптерді, қос стандарттарды, әлеуметтік айырмашылықтарды күлкіге айналдырады\", – деді Жанкелді Өмірәлиев.\nКино маманы бұл тәсілдің қазақ комедиясында да кең таралғанын айтады. Оның пікірінше, \"Зу-Зу Күлпаш\", \"Келинка Сабина\" немесе \"Жездуха\" франшизасындағы Айжамал секілді образдардың халыққа ерекше жаққандығы – дәл осы трюктің драматургиялық тиімділігіне байланысты.\nӨмірәлиев бұл кейіпкерлер арқылы авторлар танымал келін образын батыл түрде комедияға айналдырып, жарқын тұлғалар жасағанын атап өтті.\n\"Біздің комедияда да бұл құбылыс өте жиі. Күлпаш, Сабина, Айжамал секілді кейіпкерлерді көрермен қатты жақсы көреді. Олар арқылы авторлар келін образын ашық көрсетіп, күлкілі формаға енгізіп, есте қаларлық персонаждар жасап шықты\", – деді ол.\nКиносыншы қазіргі әлеуметтік шектеулер мен қоғамның жедел өзгерісі бұл әдісті ескілеу етіп көрсететінін де жоққа шығармайды. Ал дорамалардағы біржынысты кейіпкерлер бойынша нақты пікір айта алмайтынын, себебі ол контентті жүйелі түрде көрмейтінін айтты. Сонымен қатар, ЛГБТ тақырыбын реттеуге бағытталған заң жобаларына қатысты да өз көзқарасын білдірді.\n\"ЛГБТ насихатына тыйым салу мәселесіне келсек, жалпы кез келген цензураға қарсымын. Иә, кейде фильм авторлары шектен шығып, қажетсіз жерге өз \"повесткаларын\" тықпалайды. Мысалы,балалар контентінде ондай кейіпкерлердің түкке қажеті жоқ. Бірақ оның сыртында, шығармашылықта артық цензура болмауы керек\", – деді Жанкелді Өмірәлиев.\nМәжіліс депутаты Ерлан Саировқоғамда талқыланып жатқан мәселе жөнінде өз позициясын білдіріп, ұлттық болмысты сақтау әрқашан мемлекет назарындағы маңызды ұстанымдардың бірі екенін айтты. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістерді бағалау кезінде елдің тарихи тәжірибесі мен құндылықтық бағдарын да ескеру қажет.\n\"Қазақстан әрқашан өзінің дәстүрі мен салт-санасын сақтау жолында болған, сондықтан бұл бағыт біз үшін маңызды болып қала береді\", – деді ол.\nЕрлан Саиров ұлттық рухани тіректі сақтау мемлекеттің тұрақтылығына тікелей әсер ететінін айтып, отбасы мен ұрпақ тәрбиесі – бұл жүйенің негізгі іргесі екенін атап өтті. Оның сөзінше, қоғам үшін ең өзекті міндет – ұлттық болмысты жоғалтпай, жаңа ықпалдарға байыппен қарау.\n\"Ең бастысы – ұлтымыздың рухани келбетін сақтап қалу. Оның іргесі отбасынан, ұрпақ тәрбиесінен басталады\", – деді депутат.\nОл сондай-ақ кез келген өзгерісті қабылдауда эмоцияға емес, ақылға жүгіну керектігін жеткізіп, қоғамдық пікір екіге жарыла бастаған жағдайда әсіресе сабырлы талдау қажет екенін атап өтті.\n\"Сол себепті әр мәселені ақылмен саралап, байыппен қараған жөн\", – деп түйіндеді ол сөзін.\nАдвокат, құқық ғылымдарының PhD докторы, адам құқықтары жөніндегі халықаралық кеңесші Халида Әжіғұловазаң жобасына қатысты өз ұстанымын білдіріп, бұл бастаманың Конституцияға сай келмейтінін айтты. Оның айтуынша, \"ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы\" ұсыныс тұтас бір әлеуметтік топты кемсітеді және құқықтық мемлекетке жат өшпенділік пен төзімсіздікті қалыптастыруы мүмкін. Сарапшы \"ЛГБТ насихаты\" деген терминнің өздері үшін де анық еместігін айтып, қандай да бір насихатты шектеу үшін ол әрекет заңсыз болуы тиіс екенін түсіндірді.\n\"Өкінішке қарай, Мәжіліс депутаттары жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестік ұғымдарының мәнін терең түсінбейді және Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерінен бейхабар екенін көрсетті. Қандай да бір нәрсенің насихатына тыйым салу үшін, ол алдымен құқық бұзушылық ретінде бекітілуі керек. Ал Қазақстанда біржынысты қарым-қатынас қылмыстық жаза қарастырылған әрекет емес. Демек, құқықтық негізсіз нәрсенің \"насихатын\" тыйым салу мүмкін емес\", – деді қорғаушы.\nӘжіғұлова, сондай-ақ, \"балаларды қорғау\" деген уәждің қисынсыз екенін айтып, сексуалдық бағдар мен гендерлік сәйкестік адамның туа біткен ерекшелігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қауіптісі – ақпарат емес, балалардың бағдар ерекшелігі үшін буллингке ұшырауы.\n\"Әлемде бірде-бір адам теледидардан біржынысты махаббатты көріп, кенеттен ЛГБТ болып кеткен жағдай болмаған. Бұл – ғылыми тұрғыдан да, тәжірибеде де дәлелденбеген. Дәл осы буллинг балаларды тығырыққа тіреп, суицидке әкелуі мүмкін. Сондықтан мемлекет кемсітушілікке қарсы құқықтық білімді күшейтуі тиіс. Қазақстан бір жағынан БҰҰ құрылымдарында жоғары деңгейде өкілдік алып отырмыз деп мақтанады, ал екінші жағынан тұтас бір топты кемсітетін заң қабылдамақ. Бұл – адам құқықтары саласындағы қос стандарттың көрінісі. Ғылым гомосексуалдықтың туа біткен қасиет екенін әлдеқашан дәлелдеді. Табиғи ерекшеліктерді \"насихатқа\" теңеп, оған тыйым салу – \"қараңғылық\". Егер бұл заң қабылданса, Қазақстан адам құқықтары саласында айтарлықтай кері кетеді\", – деп түйіндеді ол сөзін."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zyl-saiyn-35-mln-adam-koz-zumady-esirtkige-taueldiliktin-saldary-qandai-zane-odan-qalai-aiyguga-bolady", "title": "Жыл сайын 3,5 млн адам көз жұмады: Есірткіге тәуелділіктің салдары қандай және одан қалай айығуға болады", "text": "Бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде есірткі мәселесі тек құқықтық немесе медициналық емес, сонымен қатар психологиялық, әлеуметтік, мәдени дағдарысқа айналып отыр. БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының 2024 жылғы есебінде:\nҚазақстан да бұл індеттен тыс емес. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде 100 мыңнан астам адам есірткіге тәуелділіктен ресми тіркеуде тұр. Бірақ сарапшылардың айтуынша, бұл нақты саннан бірнеше есе аз көрсеткіш – себебі көп адам көмек сұрауға қорқады. Бүгін біз осы күрделі әрі нәзік тақырыпты психологиялық тұрғыдан талқылау үшін психоаналитик, тәуелді мінез-құлық маманы Жанар Оспанмен сұхбат құрдық.\n– Қазіргі қоғамда есірткіге тәуелділік неге кеңінен таралып отыр? Бұл тек әлсіз адамдардың таңдауы ма?\n– Жоқ, бұл – ең үлкен қателік. Есірткіге тәуелділік тек әлсіз адамның таңдауы емес, ол – күрделі психологиялық, биологиялық және әлеуметтік құбылыс. Психоанализ тұрғысынан қарасақ, тәуелділік – адамның бейсаналы түрде ішкі ауырсынудан қашуының көрінісі. Мысалы, бала кезінде эмоциялық назардан айырылған, жиі сыналған немесе қабылданбаған адам есейгенде сол бос орынды бір нәрсемен толтыруға тырысады. Кейде ол – жетістік, кейде – махаббат, ал кейде, өкінішке қарай – есірткі. Мәселен, біз терапияда жиі байқаймыз:тәуелділікке бейім адамдардың 80 пайызында бала кездегі травмалар бар. Олардың санасында \"мен жақсы емеспін\", \"мен ешкімге керек емеспін\" деген терең сенім қалыптасқан. Бұл – есірткінің тамыры психикада жатқанын көрсетеді. Ол – тек химиялық тәуелділік емес, эмоциялық тәуелділік.\n– Демек, тәуелділікке бейім адамның мінезі, ойлау жүйесі өзгеше ме?\n– Иә, кейде тәуелділікке бейім тұлғалардың мінез құрылымы ерекше болады. Психологияда мұндай адамдарды \"аддиктивті тип\" деп атаймыз.\nОлардың бойында көбіне үш ерекшелік байқалады:\nМысалы, мұндай адам қиын жағдайда шынайы сезімін айта алмай, ішкі ауырсынуын жасырғысы келеді. Ал есірткі оған \"уақытша еркіндік\" сезімін береді. Психоанализде бұл механизмді \"ауыстыру\" деп атаймыз – адам ауыр эмоциясын басқа нысанға бағыттайды.\n– Алғашқы белгілер туралы айтсақ. Ата-ана немесе жақындары тәуелділікті қалай ерте байқай алады?\n– Бірінші белгілер әрдайым мінез-құлық пен эмоциялық күйден басталады.\nКейбір ата-аналар баласының тұйықталуын \"жасөспірімдік кезең\" деп қабылдайды. Бірақ бұл – өте қауіпті қателік. Психоаналитик ретінде мен әрқашан айтамын: жасөспірімнің мінезіндегі кез келген күрт өзгеріс – ескерту сигналы. ДДҰ мәліметінше, тәуелділіктің алғашқы белгілерін байқаған отбасылардың 70 пайызы дер кезінде көмек сұрағанда, баланы толық емдеп шығуға мүмкіндік болған.\n– Жақындары мұндай жағдайда не істеуі керек? Ұрысу ма, әлде үнсіз қалу ма?\n– Ең қиыны да – осы. Көп ата-ана қорқыныштан эмоцияға беріліп, баласын ұрысады. Бірақ бұл – мәселені ушықтырады. Психологияда бар қағида: \"ұят емес, қауіп бар\". Яғни ұялмау, мәселені жасыру емес, ашық айту маңызды. Бір мысал келтірейін. Маған бірде 16 жастағы ұлы бар ана келді. Ұлы бірнеше ай бойы өз бөлмесінде қамалып, сабағына бармай, үнемі шаршаңқы жүрген. Тексеріс барысында оның синтетикалық есірткі қолданғаны анықталды. Анасы алғашында өз-өзіне кінә артып, қатты күйзеліске түскен. Бірақ терапия барысында біз оның баласымен ашық әңгіме орнатып, кінә мен қорқынышты \"қолдау мен түсінуге\" ауыстырдық. Бір жыл ішінде ол бала толық емделіп, қайта оқуына оралды. Осыдан шығатын қорытынды –жақындардың махаббаты мен сабыры кейде дәріден де маңызды.\n– Ал неге адамдар маманға барудан қорқады? Психологқа немесе психоаналитикке бару ұят сияқты қабылданады ғой...\n– Өкінішке қарай, иә. Бұл – біздің қоғамның басты стереотиптерінің бірі. Бірақ әлемде бұл көзқарас баяғыда өзгерген. Мысалы, Еуропада әрбір төртінші адам жылына кем дегенде бір рет психотерапевтке барады. Себебі олар түсінеді: психологиялық гигиена – дене гигиенасы сияқты маңызды. Қазақстанда соңғы 5 жылда психологиялық көмекке жүгінетіндердің саны 40 пайызға артқан. Бұл – жақсы көрсеткіш.Бірақ тәуелділікке келгенде адамдар әлі де ұялады, себебі \"нашақор\" деген таңба қорқытады. Мен үнемі айтамын: маманға бару – әлсіздік емес, ерлік. Бұл – адам өз өмірін өзгертуге дайын екенін көрсететін ең батыл қадам.\n– Синтетикалық есірткілер туралы көп айтылып жүр. Олардың айырмашылығы неде және неге олар қауіпті?\n– Бұл өте өзекті сұрақ. Егер бұрын есірткі көбіне табиғи өсімдіктерден (гашиш, опий) алынатын болса, қазір синтетикалық түрлері – \"спайс\", \"мефедрон\", \"соль\" сияқты түрлері басым. Синтетикалық есірткілердің ерекшелігі – оларды анықтау қиын, ал әсері әлдеқайда күшті. Бір ғана дозадан кейін-ақ адамда галлюцинация, дүрбелең, агрессия, суицидтік ойлар пайда болуы мүмкін. 2023 жылы ДДҰ жариялаған деректерге сүйенсек, синтетикалық есірткілердің әсерінен болған психоз жағдайлары соңғы 10 жылда үш есеге артқан. Бұлар орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер етіп, ми нейрондарын өлтіреді. Әсіресе 25 жасқа дейінгі жастарда мидың даму процесі тоқтап қалады. Сондықтан синтетикалық есірткі – психологиялық тұрғыдан \"адамның менін\" жоятын зат.\n– Емделу процесі қалай жүреді? Тек дәрі-дәрмек жеткілікті ме, әлде психотерапия міндетті ме?\n– Емделудің екі кезеңі бар: физиологиялық және психологиялық. Бірінші кезеңде дәрігерлер ағзаны уыттан тазартады, жүйке жүйесін қалпына келтіреді. Бірақ бұл – тек бастапқы қадам. Нағыз жұмыс екінші кезеңде басталады – яғни психоаналитикалық емдеуде. Біз терапияда адамның есірткіге жүгіну себептерін іздейміз: неге ол ауыр эмоциямен бетпе-бет келгісі келмеді? Кейде бұл себеп 10, тіпті 20 жыл бұрынғы бала кездегі жарада жатады. Мысалы, бір клиентім есірткіге 25 жасында тәуелді болған. Талдау барысында анықталды: бала кезінде анасы жиі ауырып, ол өзін \"кінәлі\" сезінген. Бұл сезім ересек өмірінде ішкі қысым туғызған. Ол осы қысымды жеңу үшін есірткі қолданған. Ал түпкі себебін түсінген соң, оның тәуелділігі біртіндеп жойылды.\n– Бұл әр адамға байланысты. Кейде бірнеше ай, кейде бірнеше жыл қажет. Бірақ психоанализдің басты мақсаты – тек есірткіден бас тартқызу емес, өмірді қайта сезінуге үйрету. Тәуелділік – бос кеңістіктің көрінісі. Егер адам сол кеңістікті жаңа мағыналармен толтырмаса, қайта оралу қаупі жоғары.\n– Сіздің тәжірибеңізде ерекше әсер еткен жағдай болды ма?\n– Иә, көп болды. Бірақ бір оқиға есімнен кетпейді. 30 жастағы жігіт келді. 10 жыл бойы түрлі есірткі түрін қолданған. Терапия барысында ол бала кезінде \"ер адам жыламауы керек\" деген тәрбиемен өскенін айтты. Эмоциясын жасырып, ауырсынуды сыртқа шығара алмаған. Сол себепті ішкі қысымды есірткімен жеңуге тырысқан. Бірнеше айлық жұмыс барысында ол алғашқы рет сеанс кезінде жылады. Сол сәтте ол өзімен татуласты. Қазір ол өзге тәуелділерге көмек көрсететін волонтерлік топтың жетекшісі.\n– Қоғамда \"нашақор жазалансын\" деген көзқарас бар. Сіз бұған қалай қарайсыз?\n– Мен жазалауға қарсы емеспін, бірақ жаза жалғыз жол емес. БҰҰ дерегіне сүйенсек, жазалау саясаты басым елдерде тәуелділердің саны азаймаған, керісінше жасырын тұтыну артқан. Ал керісінше, реабилитация мен психологиялық көмек жүйесі дамыған елдерде – мысалы, Португалия, Нидерланд, Норвегия – тәуелділік деңгейі соңғы он жылда 40-60 пайызға төмендеген. Сондықтан есірткіге қарсы күрестің басты бағыты – адамды емдеу, қалпына келтіру, қоғамға қайта қосу.\n– Тәуелділіктен арылған соң адам өмірін қалай қайта құра алады?\n– Бұл ең маңызды сұрақтардың бірі. Емделу – соңғы нүкте емес, жаңа бастама. Көп адам \"мен енді есірткісіз өмір сүре алам ба?\" деп қорқады. Біз терапияда оларға \"бос орынды өмірмен толтыру\" принципін үйретеміз:\nДДҰ дерегі бойынша,өмірінде жаңа мағына тапқан адамдардың 84 пайызы қайта тәуелділікке оралмайды.\n–Отбасы – бұл \"қалпына келтіру орталығының\" ең бірінші қабаты. Жақындарының қолдауы емнің нәтижесін екі есе арттырады. Бірақ мұнда тепе-теңдік қажет. Тым бақылау – кері әсер етеді, ал бейжайлық – адамды жалғыз қалдырады. Сондықтан, психоаналитиктер \"жылы қадағалау\" әдісін ұсынады.\n– Сіздің ойыңызша, жастарды бұл жолдан қалай сақтап қалуға болады?\n– Ең мықты профилактика – білім мен сенім. Жастар есірткі туралы шынайы ақпаратты ата-анасынан, ұстаздан, қоғамнан алмаса, оны интернеттен іздейді. Ал ол жақта көбіне бұрмаланған ақпарат. Мектептерде психологиялық сағаттар мен есірткіге қарсы тренингтерді көбейту қажет. Мысалы, Финляндияда мектеп бағдарламасына \"эмоциялық сауаттылық\" сабағы енгізілгеннен кейін, жасөспірімдер арасындағы есірткі қолдану көрсеткіші 30 пайызға азайған.\nЕсірткі – тек ағзаны емес, жанның құрылымын бұзатын дерт. Бірақ ол үкім емес. Егер адам көмек сұраса, үміт бар. Мен әр пациентіме: \"Сенің бойыңда өмірге қайта келетін күш бар, тек өзіңе сен\" деймін. Тәуелділік – жолдың соңы емес, тек бұрылысы. Одан өтіп, жаңа өмір бастау – әркімнің қолында."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/dombyrany-dybys-tani-biletin-adam-zasauy-kerek-seber-zolausy-turdygulovpen-suxbat", "title": "\"Домбыраны дыбыс тани білетін адам жасауы керек\". Шебер Жолаушы Тұрдығұловпен сұхбат", "text": "Жолаушы Тұрдығұлов – \"Үкілі домбыра\" және \"Дана қобыз\" сайысының бас жүлдегері, \"Алтын домбыра\" және \"Алтын қобыз\" сыйлығының иегері, шетелдегі түрлі қолөнер көрмелеріне қатысып, қазақтың ұлттық аспаптарын дәріптеп жүрген \"Қазақтың Страдивари\". Ол ағаш жонған шебер ғана емес, домбыра жасаудың қыр-сырын үйретіп, талай шәкірт тәрбиелеген құрметті ұстаз.\nШебердің қолынан шыққан домбыралар Секен Тұрысбек, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Қайрат Байбосынов секілді елге белгілі өнер иелерінің қолында күмбірлеп жүр. Жолаушы Тұрдығұловтың екі домбырасы Америкадағы әлем музыка аспаптарының музейінде тұр.\nИнформбюро тілшісі екі мыңнан астам аспап жасаған, зейнетке шықса да Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде реставрация шебері болып жұмыс істеп жүрген Жолаушы Тұрдығұловпен аз-кем сұхбаттасты.\n– Қай кезден бері бұл өнермен айналысып жүрсіз?\n– Елу жылдан астам уақыт музыкалық аспап жасаумен айналысып келемін. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 27 жылдай ұстаздық еттім. Ағашты көркемдеп өңдеуден сабақ бердім. Музыкалық аспаптар, ағаштан жасалатын тұрмыстық бұйымдар жасауды үйреттім. Хоббиім музыкалық аспаптар жасау болғандықтан соған көбірек көңіл бөліп, көп шәкірт тәрбиеледім. Бүкіл Қазақстанда \"Жолаушы мектебі\" деген мектеп бар. Музыкалық аспаптардың үнінің сапасы, дәстүрлі дыбыстарды қайта жаңғырту, аспаптардың түп негізі қалай болған және қалай өрістеген, ұмытылып бара жатқан кейбір аспаптарды қайтадан дүниеге әкелу секілді көптеген жұмыс атқарылды.\nБелгілі өнер қайраткерлері, бұрынғы сал-серілер, күйшілер мен домбырашылар ұстаған аспаптарды жаңғыртып, қайта дүниеге әкелдім.\nКөп шәкірт қалдырдым деп мақтанышпен айта аламын. Бүкіл Қазақстан бойынша өнер қайреткерлерінің аспаптарының жартысын менің шәкірттерім жасайды. Қазір құрметті демалыстамын. Құрманғазы оркестрінде реставрация шебері болып жұмыс істеймін.\n– Музыкалық аспапты жасау бар да, оның үнін шығару бар ғой. Кейде домбыраның сырт келбеті қанша әдемі болса да, тартқанда үні дұрыс шықпайды. Түрін де, үнін де қалай келістіру қажет?\n– Домбыраның дыбысын шығару үшін бет қақпағын дұрыстап жабу керек. Материал дұрыс таңдай білу де маңызды. Соның барлығы синтез болғанда ғана дыбысы жақсы шығады. Ол үшін дыбысты, ағашты тани алу керек. Дыбысты ажырата алу қабілеті болуы қажет. Акустикалық ағаштардың жақсысын таңдай білгені жөн.\nАғаш біраз жыл кебуі керек. Дизайны қанша керемет болса да, үні болмаса ол – аспап емес.\nҚарапайым түрде жасалса, бірақ дыбысы керемет болса, бағасы да қымбат болады.\nБұрынғы шеберлердің біраз аспабы сақталып қалды. Жоғалып кеткен үндер бар. Үнтаспаға жазылып қалған Дина әжеміздің домбырасының үні, кейінгі Қалижан Тілеуов, Рүстембек Омаров, Сұлтанғали Лұқпанов тартқан домбыралардың үні қазір жоқ.\n– Олар тартқан домбыра үнін қайта жаңғыртуға бола ма?\n– Иә, болады. Оған уақыт керек. Көне дыбыстар ғой. Мысалы, Сахараның дыбысын, қырылдаған шалдардың дыбысын береді. Қазіргі дыбыстардың барлығы нотаға, оркестрге лайықталған таза дыбыстар. Бұрындары домбыра дыбыстарында өте таза дыбыс болмаған. Өзіндік бір қыжыл, құлаққа жағымды дыбыстар болған. Дәстүрлі дыбыстар жоғалып бара жатыр. Мысалы, Әбікен Хасеновтың \"Қоңыр\" деген күйі бар. Сол Әбікеңнің қалдырып кеткен үнін табу қиын. Ол да уақытымен келеді. Аспап тартыла-тартыла біраз жылдан кейін дыбысын табады.\n– Кезінде әрі өңірдің күйшілік мектебі болды ғой. \"Қазір бәрі біртұтас болып кетті, ерекшелік қалмады\" дегенді естиміз. Оған не себеп? Сол мектеп өкілдері тартқан домбыра үнінің сақталмауы себеп пе?\n– Жас кезде домбырашылар алып-ұшып тұрады. Оларға виртуоз, жылдам күй керек әрі технкиаға көбірек көңіл бөледі. Ал жүректпен тарту тыс қалып қояды. Сондықтан бәрінің өнері бірдей сияқты болып көрінеді. Келе-келе салиқалы жасқа жеткен кезде ойлана бастап, байсалды күйлерге, философиялық дүниелерге көшеді. Бір қарағанда бірдей сияқты, бірақ бір деп айтуға болмайды.\nӘртүрлі мектеп бар. Батыстың төкпе күйлері, Алтай күйлері, Тарбағатай күйлері, Қытайдан келген қандас күйшілеріміз, Жетісу күйлері бар. Ақырын-ақырын тармақталып жатыр.\nБұрындары шертпе күйге көңіл бөлінбеген соң ұмытылып кетті.\nШертпе күйдің ең соңғы өкілі Уәли Бекеноватан кейін бұл күй жоғалып кетті. Қазір Біләл Ысқақ қолдауымен шертпе күй сыныптары ашылды. Басқа да ұлттық аспаптардың сыныбы ашылып жатыр. Осы ғасырда музыкалық аспаптарымыз өрістеп, қайта жаңғырып жатыр. Шеберлердің кәсібилігі өсіп, өте жоғары деңгейге жетті деп айтуға болады.\n– \"Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра\" дегендей ұлттық өнерімізді келешек ұрпаққа мирас етіп қалдыру үшін мектеп бағдарламасына домбыраны міндетті пән ретінде қосу керек деген ұсыныс айтылып жатыр. Сіз бұған не дейсіз?\n– Өте қуантатын жайт. Барлық мектептің жанында домбыра үйірмелері бар. Нағыз қазақи Көкіл мектебінде балалар бірінші сыныптан бастап нотасыз, құймақұлақ арқылы домбыра тартады. Домбыраның маңызы артып, беделі өсіп, бүкіл әлемде домбыраға деген қызығушылық пайда болып жатыр. Димаш Құдайбергеннің домбыра тартуды үйренгісі келетін шетелдік жанкүйерлері көп. Шетелден бізге тапсырыс беретіндер аз емес. Екі ішектен төгілген үнді естіп таң қалады.\nБұл – ешкімде жоқ қайталанбас, қасиетті де киелі аспап.\nӘр қазақтың үйінде домбыра ілініп тұруы керек. \"Келген қонақ домбыра сұрағанда ұят екен\" деп домбыра алдыртып жатыр. Қазақта ғана бар күй өнері материалдық байлығымыз болып танылды. Домбыра күнін атап өтеміз. Сондықтан домбыраның болашағы жарқын деп ойлаймын."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/page/kaz/rules", "title": "Интернет ресурсты қолдану ережелері", "text": "Іnformburo.kzинтернет ресурсын қолдану ережелері (бұдан әрі– \"Ережелер\")Іnformburo.kzинтернет ресурсының меншік иесі мен қолданушылары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, сондай-ақ іnformburo.kzинтернет ресурсының электронды ақпараттық материалдарын қолдану тәсілдерін толық түсінуге арналған.\n1.1.Іnformburo.kzинтернет-ресурсы(бұдан әрі – \"Сайт\") – мемлекеттік емес электронды ақпараттық ресурс, ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде қызмет ететін оны жүргізу және (немесе) қолдану технологиясы, сондай-ақ, ақпараттық өзара қызметті қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым.informburo.kz–Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігіБайланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде тіркеуге/қайта тіркеуге қойылған желілік басылым (№ 16589-СИ, 26.06.2017 жыл).\n1.2.Іnformburo.kzинтернет-ресурсының меншік иесі(бұдан әрі – \"Меншік иесі\") – informburo.kz интернет-ресурсына иелік ету, қолдану және басқару құқықтарын толық көлемде жүзеге асыратын \"Инфополис\" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. \"Инфополис\" ЖШС Қазақстан Республикасы\nақпараттық кеңістігінде отандық авторлық контент өндірушілер мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, ақпараттық ортаны қолданушылардың бәріне қауіпсіз ету және оларды жүзеге асыру кезінде өзара қызмет шарттарын құруға атсалысуға бағытталған 2016 жылғы 24 тамызда қабылданған Ұжымдық шарт (бұдан әрі – \"Ұжымдық шарт\") қатысушысы болып табылады.\n1.3.Іnformburo.kzинтернет-ресурсын қолданушы(бұдан әрі – \"Қолданушы\") - informburo.kz интернет-ресурсына өзіне қажетті электрондық ақпараттық материалдарды алу үшін және оларды осы Ережелерде анықталған шек аясында қолданатын субъект.\n1.4.Іnformburo.kzэлектронды ақпараттық материалдары(бұдан әрі – \"Материалдар\") –informburo.kz интернет-ресурсында бар, электронды түрде жарияланған және сақталатын ақпарат/материалдар (аудиовизуалды, мәтінді, графикалық, фотоматериалдар суреттер және т.б қоса алғанда, бірақ шектеусіз).\n1.5.Сайтты қолдану– Қолданушының сайттағы Қазақстан Республикасы заңнама нормаларына қайшы емес кез-келген әрекеті.\n2.1. Меншік иесі Сайттағы тәртіп ережесін айқындайды және Қолданушыдан оны орындауды талап ету құқығын өзіне қалдырады.\n2.2. Сайт қолданушыларына онда жарияланған Материалдармен танысу және осы Ережелердің талаптары сақталған жағдайда Материалдарды қолдану мүмкіндігі беріледі.\n2.3. Қолданушының сайтты пайдалануы оның\nосы Ережелердегі төменде аталған шарттарды қабылдайтынын және орындауға міндеттенетінін білдіреді. Бұлай болмаған жағдайда Қолданушы Сайтты пайдаланудан бас тартқаны жөн.\n2.4. Осы Ережелерді білмеу оларды орындау қажеттігінен және жауапкершіліктен босатпайды.\n2.5. Осы ережелер Меншік иесі тарапынан кез-келген уақытта және хабарландырусыз толықтай немесе ішінара өзгертілуі мүмкін. Ережелердің жаңа редакциясы сәйкес датасы көрсетіліп, Сайтта жарияланған уақыттан бастап күшіне енеді.\n2.6. Барлық ескертулер, шағымдар және ұсыныстарды келесі электронды мекен-жайға жолдауға болады:info@informburo.kz\n2.7. Сайтта өзге интернет-ресурстарға сілтемелер жариялануы мүмкін. Мұндай сілтемелермен өту арқылы Қолданушы оның салдарына барлық жауапкершілікті өзіне алады. Қолданушы мұндай ресурстардың қолжетімділігіне және оларда жарияланған контентке, сондай-ақ мұндай ресурстарға өтумен және оларды қолданумен байланысты жауапкершілік Сайттың Меншік иесіне жүктелмейтінімен келіседі.\n2.8. Қолданушы Сайттың Меншік иесіне Қолданушының жеке мәліметтеріне қатысты ақпаратты жинауға (өңдеуге) өзінің толық келісімін береді. Бұл ретте Сайттың Меншік иесі Қолданушы берген жеке мәліметтерге қатысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді.\n2.9. Сайтта жарияланған авторлардың пікірі Сайттың Меншік иесінің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.\n3.1.1. Меншік иесі Сайтта өзінің Материалдарын және өзгеден алынған Материалдарды да жариялайды.\nқорғалатын нәтижелерін қамтиды, оның ішінде  (бірақ шектеусіз) авторлық және аралас құқық нысандары және индивидуализация құралдары, оның қатарында мәтіндер, фотосуреттер, аудиовизуалды материалдар, графикалық суреттер, тауар белгілері, логтиптер және басқалар бар.\n3.1.3. Меншік иесіне Сайт Материалдарының, оларды таңдау, орналастыру, жүйелеу және өзгерту құқықтары, сондай-ақ жарияланған Сайт Материалдарының мазмұнында көрсетілген ерекше жағдайлардан өзге кезде бастапқы мәліметтеріне деген құқық тиесілі болып саналады.\n3.2.1. Қолданушы Сайттағы кез-келген материалдыМеншік иесінің жазбаша рұқсатымен ғана пайдалана алады.\n3.2.2. Ұжымдық шарт қатысушыларына Меншік иесінің (Сайттың) материалының Сайтта жарияланған мәтіннің үштен бірінен артық емес бөлігін Материалда баяндалған мағынасын сақтай отырып пайдалануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, Материалдарды пайдаланудың басты шарты – Сайттың сәйкес бетіне (//informburo.kz) бастапқы дерек көзі ретінде гиперсілтеме берілуі тиіс.Сайтқа гиперсілтеме бірінші не екінші сөйлемде көрсетілуі қажет.Ұжымдық шарт Қатысушылары Меншік иесінің (Сайттың) фото-, аудио- және видеоматериалдарын пайдаланған жағдайда, оның ішінде көшіргенде, таратқанда және жариялағанда Сайттың арнайы белгісін (логотип/заставка) қойып, Сайтқа бастапқы дерек көзі ретінде гиперсілтеме беруі тиіс(Сайтың фото- және видеоматериалдарындағы арнайы белгіні кесіп тастауға не өшіруге тыйым салынады).\n3.2.3. Өзгелерден, оның ішінде \"31 арна\" телерадиокомпаниясы\" ЖШС, \"Информбюро\" жаңалықтар бағдарламасы және Меншік иесінің өзге де серіктестерінен алынған және Сайтта жарияланған материалдар Меншік иесіне тек жарияланым құқығында ғана тиесілі болады. Оларды толықтай не үзіндісін кез-келген формада кез-келген ресурста, оның ішінде интернет-сайттарда қайта басу не ретрансляциялау, көрсету, көшіру және/немесе\nтаратуға аталған субъекттердің жазбаша келісімі болмаған жағдайдаТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.\n3.2.4. Сайт Қолданушысының Сайттың өзіндік және/немесе өзгеден алынған материалдарын толықтай не ішінара осы Ережелерде қарастырылған талаптарды орындамастан өзгертуге, жариялауға, үшінші тұлғаларға беруге, сатуға не беруге қатысуға, оның негізінде жаңа өнім дайындауға және басқаша тәсілмен пайдалануға құқығы жоқ.\n3.2.5. Ережелердің осы бөлімінде көрсетілген шарттар Сайт Материалдарының құқық иесі болып табылатын Меншік иесі мен үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғауды қарастырады. Бұл ретте құқық иелері осы Ережелерде көрсетілген құқықтарын өз бетінше пайдалануға құқылы.\n4.1. Сайт Қолданушысы Сайтта белгілі бір әрекеттерді жасау кезінде жаңа материалдың жариялануы туралы немесе қолданушы функционалының өзгеруі туралы хабарламаның автоматты таратылымына жазыла алады.\n4.2. Аталған таратылым қалаусыз хабарламалар тарату сервисі болып табылмайды және Сайттағы функционал өзгерістері мен жаңа Материалдар туралы хабарландыру қызметін атқарады.\n4.3. Егер Қолданушы таратылымнан бас тартқысы келсе хаттың төменгі бөлігіндегі \"Бас тарту\" батырмасын басу арқылы кез-келген уақытта қызметті тоқтата алады.\n5.1. Сайтта жарияланған Материалдарды заңсыз пайдаланған Сайт қолданушылары Материалды заңсыз көшіргені және пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және өз есебінен (Сайттың Меншік иесінің қатысуынсыз) жауапкершілікке тартылады.\n5.2. Сайттың Меншік иесі Қолданушыға үшінші\nтұлғалар тарапынан, оның ішінде Сайт және/немесе Сайт мүмкіндіктерін қолдану арқылы келген зиян үшін жауапты емес.\n5.3. Меншік иесі өз құқықтары мен заңды мүдделерін кез-келген заңды тәсілмен, оның ішінде сот тәртібімен қорғау құқығын өзіне қалдырады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/tarixty-zanartu-kerek-alem-cempiony-atangan-taekvondosy-batyrxan-toleugalimen-suxbat", "title": "\"Тарихты жаңарту керек\". Әлем чемпионы атанған таеквондошы Батырхан Төлеуғалимен сұхбат", "text": "Кения астанасы Найробиде таеквондодан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында 75 елден 500-ге жуық даянг шебері өзара бақ сынады. Қазақстан екі алтын, бір қола медальмен жалпы есепте үздік үштікті қорытындылады. Мұндай жетістік ел таеквондо тарихында бұрын-соңды болмаған.\nОсы орайда Информбюро тілшісі 87 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған Батырхан Төлеуғалимен аз-кем сұхбаттасты.\nБатырхан Төлеуғали – жастар арасындағы Азия чемпионатының, жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионатының, Универсиада ойындарының қола жүлдегері, G1 Austria Open және G1 Turkish Open турнирлерінің жеңімпазы, жастар арасында Қазақстан чемпионы.\n– Батырхан, әлем чемпионы атанғаның құтты болсын! Жарыс қалай өтті? Қарсыластарың кімдер болды?\n– Әлем чемпионаты өте жақсы деңгейде өтті. Бәрімізге қатты ұнады. Алғашқы кездесуде Грекия елінен келген Домпас Фотиості, ширек финалда аустралиялық спортшы Стюарт Джобты, ал жартылай финалда бейтарап ел өкілі Владислав Будинді жеңдім. Финалда ирандық Мохаммед Ализадемен алтынды сарапқа салдым.\nЖасөспірімдер арасында үшінші орын алғаннан бері алтынға қолым жетпей жүр еді. Финалдық кездесу оңайға соқпады, өйткені қарсыласым бұған дейін әлем чемпионы атанған бразилиялық мықты таеквондошыны жеңді. Ақтық сында бар күш-жігерімді салып, соңғы сәтте жеңісті жұлып алдым. Көптен бері әлем чемпионы атануды армандап жүрген соң, финалда эмоцияға ерік бердім.\n– Қайда туып өстің? Таеквондомен қашаннан бері айналысасың? Таеквондоның басқа спорт түрлерінен қандай ерекшелігі бар?\n– Аякөз ауданында тудым. Кейін  7-8 жасымда ата-анам Семейге көшкен соң мені таеквондо спортына берді. Содан бері үзбей жаттығамын. Таеквонда – өте әдемі спорт, әрі олимпиадалық спорт түріне жатады.\nТаеквондо басқа спорт түрлеріне қарағанда аяқтың көп қимылын қажет етеді. Кинодан сан түрлі әдемі соққыларды көреміз ғой, сол секілді таеквондо жарыстарында да спортшылар әдемі соққылар жасайды. Әрбір соққы сол жарыста жасай салған соққы емес, ол бір-екі жыл ғана емес, талай жыл жасаған жаттығулар мен практикадан өткен соөөылар. Таеквондоны әдемі соққылары үшін, ережесі үшін жақсы көремін. Әрі мұнда әділ төрелік етеді. Басқа спортқа қарағанда \"жеңісті сатып алу\" деген жоқ, өйткені бәрі автоматтандырылған. Мысалы, бастан тепкенде дулығамызда орнатылған аппарат жанады. Күшің жетсе жанады, жетпей жатса жанбайды.\nТаеквондода бой аса маңызды емес. Мұнда соққыны мүлтіксіз орындау керек. Бапкердің айтқанын жасап, қарсыласыңның осал тұсын таба алсаң жеңістің ауылы алыс емес.\n– Былтыр Париж Олимпиадасына қатысқан Қазақстан спортшылары арасында ең жасы өзің болдың. Олимпиада ойындары қалай өтті? Олимпиадаға қатысу ғана емес, жеңіске жету арманың болар?\n– Олимпиада ойындарына 17 жасымда жолдама алдым. Олимпиада басталғанда 18-ге енді толып, өзімді әлі бала сезіндім. Оған дейін үлкен жарыстарды көрмеген едім. Десе де алға қойған мақсатым, дайындығым дұрыс болды. Тек жеңісті көздедім. Бапкерлермен де ұзақ дайындық жасадық, бірақ жүлде бұйырмады. Париж Олимпиадасы маған үлкен сабақ болды. Алдағы Олимпиадада алтын алуға бар күшімді саламын. Оған дейін әлі үш жыл бар. Келесі Олимпиадада жақсы формада шығамын деген ойдамын.\n– Инстаграм парақшаңда \"Тарихты жаңарту керек\" деп жазылып тұр. Бұнымен не айтқың келеді?\n– Иә, бұл жайдан-жай шыққан сөз емес. Неге десеңіз, Қазақстан таеквондо тарихында үлкен додалардан медальдар көп емес. Найробиде өткен бәсекеге дейін Қазақстанда таеквондодан әлем чемпионы шықпаған еді. Бейбарыс Қабылан тұңғыш әлем чемпионы атанса, артынша мен де бұл  қатарға қосылдым. Осылайша сең бұзылып жатыр.\nКез келген спортшы жеңіске жетуді, тарихта атын қалдыруды мақсат етеді. Тынбай еңбек етіп, алға мақсат қойып жаңа тарих жазамыз деп сенемін.\n– Жылды қорытындыласақ, биылғы жыл сен үшін қалай өтті?\n– 2026 жыл өте жақсы жыл болды. Десе де өте ауыр өтті, себебі көп жарақат алдым, стресс болды. Жыл басынан бері бас бапкеріміз Есбол Сұлтановтың нұсқауымен  жарыстарға демалыссыз үзбей дайындалдық. Көптеген халықаралық оқу-жаттығу жиынына, үлкен жарыстарға қатыстық. Осындай мүмкіндік беріп отырған Қазақстан таеквондо федерациясына алғыс айтқым келеді. Елімізде өткен оқу-жаттығу жиындарына мықты спортшыларды шақырып, тәжірибе алмастық. Біз үшін өте жақсы сабақ болды. Соның арқасында биыл жақсы нәтиже көрсетіп, жылды жақсы аяқтап жатырмыз. Биыл өзім шамамен оннан астам жарыста бақ сынап, екеуінен ғана жүлдесіз қайттым. Бірақ бапкерім, жақындарым қолдау көрсетіп, әлем чемпионатында топ жардым. Ересектер арасында әлем чемпионы атанғым келеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/bipl-ai-sozine-qoi-filtr-ai-enlik-qurarbektin-ani-zelide-qalai-parodiia-aitysty-tudyrdy", "title": "\"Bipl-ай, Сөзіңе қой фильтр-ай\". Еңлік Құрарбектің әні желіде қалай пародия айтысты тудырды", "text": "Жуырда отандық музыка индустриясы үлкен жаңалықпен қуантты. Отандық танымал әнші Еңлік Құрарбек әйгілі COLORS музыкалық платформасында өнер көрсеткен Қазақстаннан шыққан алғашқы әртіс атанды. Бұл оқиға бір жағынан мақтанышқа себеп болса, екінші жағынан ән мәтінінің сауаттылығына қатысты үлкен пікірталасқа ұласты.\nCOLORS – әлемдік деңгейдегі Billie Eilish, Drake, Doja Cat сынды жұлдыздар өнер көрсеткен, жас таланттардың \"жарқ етіп\" шығуына көмектесетін халықаралық алаң. Еңліктің өзі бұл жобаға қатысуды көптен бері армандап, бірнеше рет өтініш бергенімен, бағы осы жолы жанғанын айтты.\n\"COLORS-тан шақырту алған сәтте қуаныштан жылап жібердім. Бұған дейін өзіміз бірнеше рет өтініш берген едік, бірақ нәтиже болмады. Ал бұл жолы олар мені өздері тауыпты\", – деді әнші.\nПлатформада Yenlik-тің \"Bipl\" әні шырқалды. Минималистік фон мен қазақ тіліндегі музыкалық үн шетелдік тыңдармандардың да жоғары бағасына ие болды. Алайда, ән мәтініндегі кейбір жолдар отандық ақын-филологтардың сынына ұшырады.\nПубликация от Жандарбек Бұлғақов (@olensoz_kz)\n\"Қазір қазақтың беделін көтеріп жатыр, әлемдік платформада бұл әннің таралымы да, қаралымы да кеңінен болып жатыр. Не деген музыка сферасындағы жаңалық!\" деп бөркін аспанға атып жүрген ағайындардың әні. Мәтінін оқып берейін. (...). Мінеки, қазақтың абыройын көтеріп жатыр, әлемде хит болып жатырмыз\" деген әннің мәтіні осы. Бұл қай ән екенін жаза кетіңіздер. Не түсінгендеріңізді көріңіздер өздеріңіз\", – деп күледі Жандарбек Бұлғақов видеода.\nОсы сыннан кейін ақынның Threads желісіндегі парақшасында көптеген пікір жазылады. Бірі Еңлік Құрарбекке қолдау білдірсе, енді екіншілері айтыскердің пікірі де орынды екенін алға тартты. Арасында Жандарбек Бұлғақовтың жағымсыз пікірлерді өшіріп жатқанын жазғандар да болды.\nАйтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов желідегі парақшасында көптеген пікірге жауап беріп, өзінің сын айтуға толық құқылы екенін алға тартты.\n\"Жарықтық Threads парақшам бір аунап түсіпті ғой. Ал, талаңдар мені, қазір жауап беремін. Біріншіден, \"Бұл қай ән? Кім не түсінді?\" деген сұрақ қойылды. Оған: \"Бұл – Еңліктің әні, мағынасы осындай да осындай\" немесе \"Дым түсінбедім\" деп сауатты, салқынқанды жауап бергендер бар. Негізгі шаруа сонымен бітті. \"Қыз баланы сынадың\" деп лағып жатқандар бар. Өнерпаздың жынысы, сыр-сымбаты, тұлғасы мен әншілігі туралы бір ауыз сөз айтылған ба? Тақырып мәтін емес пе? Ал әндегі мәтінді кім сынап, кім пікір айта алады? Тыңдарман, ақын, филолог. Мен қайсысына жатамын? Мен әуелі тыңдарманмын. \"Мынау сәтті, мынау сәтсіз, мынау ұнайды, мынау ұнамайды\" деп жеке пікірімді жеке парақшамда айтуға 100% құқығым бар. Ақын адам ретінде өлеңнің құрылымы мен сөз жүйесінің бұзылғанын байқау маған қиын емес. \"Өлеңді сынайтындай филолог емессің\" деп отырғандар. Бакалавр бойынша да, магистрлік білімім де – филолог. Дипломдық жұмысым – \"XXI ғасырдағы поэзия\", – деп жазды. ол.\nАқынның білдірген сынына байланысты Еңлік Құрарбектің өзі де жауап қатты. Ол туындыны қайталап тыңдап, мәтіннің астарына тағы бір мәрте назар аударуды сұрады. Сонымен қатар, ақынға өзінің өзге де шығармаларын тыңдап көруге кеңес берді.\n\"Алуан, алуан адам бар ей қыз, Алдар, алдар алданба!\" Осылай жазылған негізі, тағы бір тыңдап аласыз-ау! Басқа әндерімнің мәтінін оқып көріңіз, бұлай ішіңіз ашымас\", – деді Еңлік Құрарбек.\nӨз кезегінде Жандарбек Бұлғақов та әншіге сәттілік тілеп, айтылған сыни пікірлерді байсалдылықпен қабылдай білуге шақырды.\n\"Қарындасым, бағың жанып, бақытың ашылсын. Орындаушылығың мен даусыңа басқа кәсіби мамандар пікір айтар. Бірақ дәл мына мәтіннің мағынасы жоқ. Мен оны сөз түсінетін қазақ ретінде айтып отырмын. Өнерге келген екенсің елдің асыра мақтауына да, жігеріңді жаныған сыни пікіріне де дайын бол. Ішіміз ашығаннан емес тілге жанымыз ашығаннан сөйлейміз\", – деді ол.\nЕңлік Құрарбек өз кезегінде бұл тілектің көңіліне жақпағанын жеткізді.\n\"Өтірік тілек жазбай-ақ қойыңызшы, менің шығармашылығымды толық қарап шыққан болсаңыз, бұлай бір әніме қадалып қалмайтын едіңіз. Сыныңызды осылай бастасаңыз да болар еді\", – деп жауап берді әнші.\nПубликация от Balgynbek Imash (@balgynbek_imash)\nАйтыскер мен әнші арасындағы қызу пікірталасқа танымал ақын Балғынбек Имашев те қосылып, өзіндік ерекше көзқарасын білдірді. Ол рэп форматында өлең жолдап, әріптестерін әнші қарындасының жеке басына шүйлікпеуге үндеді. Керісінше, жас таланттың ізденісіне түсіністікпен қарап, оны қолдауға және шығармашылығына демеу болуға шақырды.\nСендердікі, Жансырым, неғылған сөз?Қызда нең бар, басқаларды сынай бер.Қатты сынап қайтесің, жақсылап қолдасаң?Өнер деген осылай басталады.Bipl-ай, Не деп жүр бұл екі ұл-ай?Керуенге үрген итім-ай.Bipl-ай, Еңліктің хитын-ай! Bipl-ай, Bipl-ай.Тигр, тигр – жолбарыстың таңбасы ол.Ешқашан бітпейтін, дау деген – майда тірлік ол.Әркімге соғылып, мәтінге налып,Іштерің толып, сызданған қиын-ай.Алаштың бір-бірін \"бауырым\" дегені,Бірге бол, ағалық – Айтатын сөзім бұл.Шу болған сол бір сөздерің болбыр,Ренжімесең, Жансырым, бұл дауды сөндір.Bipl-ай, Сөзіңе қой фильтр-ай.Bipl-ай, бұл – әлемдік хитым-ай.Bipl-ай, қалай менің клипім-ай? Bipl-ай, Bipl-ай.\nПубликация от Жандарбек Бұлғақов (@olensoz_kz)\nӨз кезегінде Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан да Балғынбек Имашевтің үндеуіне бейжай қарамай, рэп стилінде арнайы бейнежауап қайтарды.\nПубликация от Сырым Асылханұлы Әуезхан (@syrym_auyezkhan)\nЖеліде қызу талқыға түскен видеоға қатысты айтыскер ақын Сырым Әуезхан өз пікірін білдіріп, қалыптасқан жағдайдың мән-жайын түсіндірді. Ол сөз өнерінің өкілі әрі кәсіби филолог ретінде бұл мәселеге бейжай қарай алмайтынын жеткізді.\n\"Достар, ассалаумағалейкум! Сапарда болғаныма байланысты әлеуметтік желіге кіруге қолым тимей кетіп еді. Жандарбек екеуміздің сақтықпен салған видеомыз \"пакеттей\" сыбдырлап, желіні шарлап кетіпті. Соған қатысты өзімнің ойымды, сөз өнерінің азаматы ретінде айта кетейін. Біріншіден, \"Еңлікке неге шықпайсыңдар?\" деп жатқан азаматтарға айтарым: мен Еңлік қарындасымызға шықтым. Өзімнің жеке пікірімді ақын, филолог ретінде жеткіздім. Конструктивті сын болғаннан кейін, ол мұны шынайы қабылдады. Негізі, Еңліктің өзі қабылдаған сынды қарапайым халық қабылдай алмай жатыр. Бірақ әнді қыз баласы айтқаннан кейін, ол бізге: \"Сіздер маған күлдіңіздер\", – деп өзінің өкпе-назын білдірді. Біз де: \"Егер артық кеткен жеріміз болса, көңіліңізге тисе, кешірім сұраймыз\", – деп, өте әдемі келісімге келдік. Бұл – бірінші мәселе\", – деп түсіндірді Сырым Әуезхан.\nСырым Әуезханның айтуынша, Жандарбек Бұлғақовпен бірге түсірген видеосы ешқандай мазақ ету мақсатын көздемеген. Ол әнші Еңлікпен жеке сөйлесіп, маман ретіндегі сынын жеткізгенін және өзара түсіністікке келгендерін айтты. Ақын өз уәжінде сынның негізгі нысаны әншінің тұлғасы емес, тек қазақ тілінің құрылымы мен мәтіннің сауаттылығы екенін баса көрсетті.\n\"Екінші мәселе: \"Неліктен күлдіңіздер?\" дегенге байланысты. Бұл жерде Еңлікті мазақ қылайық деген ойымыз болған жоқ. Егер оны мазақтағымыз келсе, арнайы көрсетіп, атын атап, әжуалайтын едік. Бірақ біздің түсімізге де кірмеген дүниені ойлап табудың қажеті жоқ. Видеода оның атын да атаған жоқпыз. Бұл видеоны саясатты түсінетін жандар біледі. Біз бұған дейін үлкен басшыларды да, әкімдерді де сынағанда, күліп отырып, қарқылдап отырып сынаған кездеріміз болған. Күлкі – ол адамның жеке басын қорлау емес. Бұл жерде сөздің мәніне назар аудару керек. Біздің айтқанымыз тек мәтінге қатысты болды\", – деп сөзін жалғады Сырым Әуезхан.\nСонымен қатар, ол өзінің де, әріптесі Жандарбектің де филология саласының мамандары екенін алға тартып, жас буынның шығармашылығындағы тілдік нормалардың бұзылуына алаңдаушылық білдірді. Ақын бұған дейін де көптеген ер әншілер мен мемлекеттік қызметкерлерді осылайша ашық сынап келгенін алға тартып, бұл жерде ешқандай кемсітушілік жоқ екенін мәлімдеді.\n\"Үшіншіден, \"Сын айтатындай сіздер кімсіздер, ақынсыңдар ма, филологсыңдар ма?\" деп жатқандар бар. Жандарбек те – филологияны бітірген маман, мен де – филологпын. Тіпті менің анам да – қазақ тілі мен әдебиетінің маманы. Қазақ тілінің стилистикасы, морфонологиясы деген ұғымдар бар. Өнер дамысын, рэп дамысын десек те, қазақ тілінің құндылығы мен құрылымы жойылмауы керек. Кейбіреулер: \"Ақындар – ескі көзқарастағы адамдар, бұлар бәрінен айтыс стилін талап етеді\", – деп жатыр. Олай емес. Біз өзімізден кейінгі жас буынның өнерін зерттеп жүрміз. Гитарадан бастап, De Lacure, Еңлік, тағы басқа орындаушылардың не айтып, қандай сөз қолданып жүргенін бақылап отырамыз. Шыны керек, олардың көбі көңілімізден шықпайды. Еңліктің әні қазір хит болып жатқандықтан, соны мысал ретінде алып, \"түсіндіңіздер ме?\" деп айтқан едік, содан үлкен хейт туындады. Бірақ мәселе – бүкіл жас буынның тіл құрылымын бұзып, әдепсіз сөздерді қолданып жатқандығында. Мен Еңліктің барлық альбомын жатқа білемін. Оны қорғап жатқандардың ішінен бірі де шығып: \"Міне, оның мынадай сауатты сөздері бар еді, неге соны айтпайсыздар?\" деп нақты мысал келтіре алмады. Тағы бір топ: \"Сендер қаршадай қызға шамаларың жетеді, ер адамдарды сынамайсыңдар\", – дейді. Біріншіден, біз бұған дейін үкіметті немесе түрлі тұлғаларды сынасақ, олардың барлығы ер адамдар болды. Екіншіден, әншілерге қатысты айтсақ: Raim, Ганвест (Kalifarniya), Shiza, Илхан, олардың мәтінін жазатын авторларды да бетіне айтып, арнайы бағдарлама арнап сынағанбыз. Ол видеолардың бәрі әлеуметтік желіде бар\", – деді Сырым Әуезхан."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaq-artisi-qalai-dat-koroldigi-teatrynyn-solisi-boldy-meirambek-nazarqozaev-europa-men-qazaqstandagy-balet-oneri-turaly", "title": "Қазақ артисі қалай Дат Корольдігі театрының солисі болды? Мейрамбек Назарқожаев Еуропа мен Қазақстандағы балет өнері туралы", "text": "Әлемдегі көне де танымал театрлардың бірі – Дат Корольдігі театрының жұлдыздары алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетті. 1748 жылы негізі қаланып, аты аңызға айналған осы театрда сегіз жылдан бері өнер көрсетіп жүрген Мейрамбек Назарқожаев сахнадағы әріптестерін туған еліне шақыруды көптен бері ойлап жүрген. Осылайша ол Қазақстандағы достарымен бірге Nomad Ballet Project жобасын бастайды. Канада, АҚШ, Жапония, Португалия, Оңтүстік Корея, Польша секілді әртүрлі елден жиналған Корольдік театрдың жетекші артистері Almaty Theatre сахнасында өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Одан бөлек балет артистері мен Бурнонвиль техникасының шебері Динна Бьёрн Алматы хореография училищесінің студенттеріне арнайы мастер-класс өткізіп, тәжірибесін бөлісті.\nОсы орайда Информбюро тілшісі Дат Корольдігі театрына қабылданған тұңғыш қазақ Мейрамбек Назарқожаевпен сұхбаттасып, өнер жолы, жаңа жобасы және алдағы жоспары туралы сұрады.\n– Дат Корольдігі театрына қалай қабылдандыңыз?\n– Сегіз жыл училищеде оқыдым. Басты мақсатым шетелге барып, әйгілі хореографтармен, балетмейстерлермен жұмыс істеу еді. Мектепті бітірген соң курстастарым Алматы мен Астана театрларында өзін сынап көрмек болды. Ал мен болсам бірден шетелге кеттім. Неге десеңіз, шетелді көріп, тәжірибе жинап, Қазақстан жастарымен бөліссем деген ой болды. Мәскеуге бардым. Германияда екі жыл жұмыс істедім. Тарихы терең Дат Корольдігі театрына кірем деп ойламаған едім. Жыл сайын бұл театрға мыңдаған адам түйіндемесін жібереді. Таңдаулы адамдар ғана іріктеуге шақырылады.\nСонда жұмыс істегісі келетін әріптесімнен осы театр туралы көп естідім. Мен де түйіндемемді жіберіп көрейін дедім. Бәсеке жоғары болған соң шақыру келмейтін шығар деп ойладым. Шақыру алып, бірге жұмыс істейтін әріптес қызбен жабық қаралымға барып, классика билеп көрсеттік. Екі күн қарап, жарақаттарды анықтау үшін физиотерапевтке жіберді. Талаптарына сай келсек, ұнасақ екі аптадан кейін келісімшарт ұсынады. Дат Корольдігі театрын көріп, артистерден тәжірибе алдық. Екі-үш аптадан кейін театрға қабылданғаным туралы хат келді. Ол кезде ағылшын тілін білмеймін. Келісімшарт алдым ба, жоқ па деп бәріне көрсеттім. Әріптестерім құттықтап, мен үшін қуанды. Германия труппасынан келісімшарт алған жалғыз мен болдым.\nДат Корольдігі театрында жұмыс істеп жатқаныма сегіз жыл болды. Театр солисі болып естептелемін. Өмір бойына келісімшартым бар. Өз еркіммен жұмыстан шықпасам мені ешкім шығара амлайды. Десе де болашағымды әрдайым Қазақстанмен байланыстырамын.\n– Дат Корольдігі театрында өнер көрсеткен алғашқы қазақ атанғанда қандай күй кештіңіз? Бүкіл елдің намысын арқалағандай жауапкершілік басым болды ма, әлде өз арманыңызға жеткеніңізге қуандыңыз ба?\n– Тұңғыш қазақ деген түсінік уақыт өте келе келді. Журналистер сұраған соң, Дат Корольдігі театрының тарихын білген соң ойлана бастадым. Тұңғыш қазақ болған соң әрі қазақтар бұл тетарды біле бермеген соң өзімді жақсы жағымнан көрсетуім керек. Алматыға өнер көрсетуге келген Дат Корольдігі театрының артистері бұрын Қазақстан туралы ештеңе білмеген. Мені таныған соң елімді де тани бастады. Бұл үлкен жауапкершілік.\nКөптеген хореографпен жұмыс істедім. Менің, отандық балет артистеріннің өнерін көріп Қазақстан балет мектебінің мықты екеніне көзі жетеді. Арманыма жеткеніме қуандым.  Үлкен театрларда өнер көрсеткен қазақ артистер көп. Ал Корольдік театрларда істегендер аз. Бүкіл дүниежүзінде екі адам ғана шығар, бірақ қателесуім де мүмкін. Соның біреуі – \"Астана Опера\" театрындағы балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Екіншісі – мен.\n– Бірнеше театрда өнер көрсеттіңіз. Қазақстан мен шетел театрларының балет қоюында айырма байқадыңыз ба?\n– Иә, мысалы көрермендер арасында да айырмашылық бар деуге болады. Мысалы, Ресейде не Қазақстанда көрермен артистің техникасына, жасаған трюктеріне баса мән береді. Ал Дат Корольдігі театрында немесе Еуропа театрларында көрермен техникаға емес, көбінесе актерлік шеберлікке қызығады. Репертуарға келсек, Қазақстан мен Ресейде классикалық биге көбірек көңіл бөледі. Шетелде қазір заманауи бағыт дамып жатыр. Бишілер де заманауи балет билегенді ұнатады, себебі бұл балетте қатып қалған қағида жоқ. Эмоцияңды, тәжірибеңді өзің қойып, еркін білдіруге болады. Классикада қатып қалған заңдылықтарды өзгерте алмайсың. Ал заманауи биде интерпретация жасауға болады. Еркіндік көп.\n– Балетте техника да, актерлік шеберлік те маңызды. Сізге қайсы жақынырақ?\n– Алғашында техникаға көп қызықтым, себебі Қазақстанда техникаға көп көңіл бөлінеді. Уақыт өте келе техникадан гөрі актерлік шеберлік маңызды деп санай бастадым. Себебі келген көрермен техниканы қалай орындап жатқанын біле білмейді. Олар қойылым тамашалауға келеді. Артист рөлді сомдап, оқиғаны аудиторияға жеткізе алуы керек. Кітап оқитындар Ромеоның кім екенін біледі. Олар актерлік шеберлігіңізге қарайды. Әрина, техниканы ұмытпаған дұрыс. Бірақ рөлге кіріп, актерлік шеберлікті көрсету қажет. Көрерменді оқиғаға ерте білу өте қиын.\n– Дания патшайымының алдында өнер көрсеткен сәт қалай есте қалды?\n– Әрине, толқыдым. Концерт, спектакль біткен соң ең алдымен патшайымға және оның отбасына иіліп сәлем беру керек. Содан соң ғана көрерменге сәлем береді. Патшайым келгенде бұл дәстүр ұзаққа созылады. Патшайымның арнайы шақыруымен Дат корольдігінің үздік артистері сарайға барып концерт бердік. Патшайымның өзі келіп, алдыңғы қатарда отырды. Қолында біз туралы ақпарат болды. Қазақстаннан келген биші бар екен деп ойлаған шығар. Бізге келіп, сәлем беріп, алғысын айтты. Сол кезде толқыдым. Өздері шақырған кезде өнер көрсету қиын, бірақ жақсы билеп шықтық деп ойлаймын.\n– Бірнеше жылдан бері шетелде тұрасыз. Қазақстанға қаншалық жиі келесіз? Елге ораламын деген екенсіз. Шетелде ұзақ тұрған адамдар кейде туған жерінен алыстап кетеді. Сізді не байланыстырады?\n– Шетелде тұрсам да Қазақстанға жылына екі-үш рет келуге тырысамын. Болашағымды туған еліммен байланыстырамын. Қазір мұнда жұмыс бабымен жүрмін. Белгілі хореографтармен жұмыс істеп, тәжірибе жинап, Қазақстанға ораламын деген жоспарым бар. Еуропаға тәжірибе жинауға бардым. Қазақстанда отбасым бар. Ұлтымды, мәдениетіміз бен қазақи менталитетімізді, туған жерімді әрдайым сағынамын. Демалуға келемін де, қайтқым келмейді. Қанша шетелде жүрсем де туған елім ыстық.\n– Nomad Ballet Project туралы айтып өтсеңіз. Алда қандай жоспарларыңыз бар?\n– Бұл жобаны Олжас және Дәурен атты екі досыммен бірге бастадық. Біз бір училищеде оқып, он жасымыздан жатақханада бір бөлмеде жатып, бір нанды бөліп жегенбіз. Достығымыз осындай үлкен жобаға ұласты. Алғашында қалай болар екен деген қорқыныш болды. Көп адаммен ақылдастық. Ірі компаниялар қолдаған соң қалай да болсын істеу керек дедік. Ең батыл адамдар өз қалағанына жетеді дейді ғой. Тәуекелге бел байладық. Жаз айында бүкіл театрлар демалысқа кетеді. Сондықтан Дат Корольдігі театрының артистері жазда ғана бос болады. Оларды Қазақстанға алып келу үлкен жетістік деп ойлаймын. Коммерциялық жоба ғана емес, балалар мен жасөспірімдерге тегін мастер-класс өткіздік. Мені өсірген училище директорлары мен педагогтары да келді. Дат балетінің аңызы, Бурнонвиль техникасының шебері Динна Бьёрнді шетелден шақырдық. Жас өнерпаздар келіп, тәжірибе жинады.\nОсы терең зерттелмеген Бурнонвиль техникасын келер жылы Астанаға алып барсақ деген ойымыз бар. Көптеген гала-концертте өнер көрсетіп жүрген соң танымал хореографтар мен бишілерді танимын. Қазақстанға келсем дейтін артистер көп. Оларды да Қазақстанға шақырғым келеді.\n– Дат Корольдігі театрында артистер әртүрлі мәселені талқылап, театр стратегиясына әсер ете алады екен. Бұл рас па? Қазақстандағы өнер мекемелері мұндай демократияға дайын ба?\n– Бұл сауалды маған көп қоя бермейді. Дат Корольдігінің, Еуропаның үлкен-үлкен театрларының басты айырмашылығы осы шығар деп ойлаймын. Менің білуімше Қазақстанда артистер жұмысқа келіп, репетиция жасап, техникалық жұмыстар істеп, қойылымды атқарады. Қателесуім де мүмкін, бірақ Қазақстан театрларында жұмыс істейтін достарыма, ұстаздарыма Дат Корольдігі театрында қалай жұмыс істейтінімізді айтқан кезде таңдай қағады. Себебі Қазақстанда ондай жүйе жоқ. Қазақстанда театр стратегиясын директор не шағын ұжым ғана қабылдаса, Дат Корольдігі театрында бүкіл артистер қабылдайды. Қандай репертуар қажет екенін директорлар мен менеджерлер емес, сахнаға шығатын артистер анықтауы керек. Қандай балет билегіміз келетінін, бір-бірімізбен қарым-қатынас қандай деңгейде болуы керек екенін өзіміз шешуіміз қажет.\nРепетициядан бөлек әртүрлі мәселені талқылайтын үлкен семинарлар өтеді. Мысалы, бүгінгі тақырып мотивация дейміз де, қалай мотивация алуға болатынын, театрға не жетіспейтінін талқылаймыз. Мотивацияның жоғалуына не себеп болатынын іздейміз. Ұсақ-түйек дүниелерге дейін айтамыз. Театр қалай ақша табатынынан, ақша қайда жұмсалып жатқанынан әр балет артисі хабардар болады. Осы демократиялық жүйені Қазақстанға ақырындап енгізу қажет. Бірден енгізе салуға болмайды. Театрда әр адамның дауысы естілуі керек, өйткені әрқайсы өнерді дамыту деген ортақ мүдде үшін жұмыс істейді. Қандай ой, идея тұрғанын білген соң мотивация да жоғалмайды, бар мүмкіндігін көрсетеді. Билегісі келмеген биді билесе, орнына өзге таңдау жасаса мотивация да жоғалады. Тетардың бір бөлігі сезінбей, жұмыс істеу керек болған соң ғана жұмыс істейді. Сондықтан Қазақстанға Дат Корольдігінің жүйесі керек. Мен де осындай реформаларды енгізуге тырысамын.\n– Дания патшайымының алдында өнер көрсеткен сәт қалай есте қалды?\n– Әрине, толқыдым. Концерт, спектакль біткен соң ең алдымен патшайымға және оның отбасына иіліп сәлем беру керек. Содан соң ғана көрерменге сәлем береді. Патшайым келгенде бұл дәстүр ұзаққа созылады. Патшайымның арнайы шақыруымен Дат корольдігінің үздік артистері сарайға барып концерт бердік. Патшайымның өзі келіп, алдыңғы қатарда отырды. Қолында біз туралы ақпарат болды. Қазақстаннан келген биші бар екен деп ойлаған шығар. Бізге келіп, сәлем беріп, алғысын айтты. Сол кезде толқыдым. Өздері шақырған кезде өнер көрсету қиын, бірақ жақсы билеп шықтық деп ойлаймын.\n– Дат Корольдігі театрында өмір бойына жалғасатын келісімшарт бар және кәсіподақ жақсы жұмыс істейді. Мұндай қолдау шарасы артистердің өнеріне, өміріне қалай әсер етеді? Қазақстанда да дәл осындай жағдай жасау үшін не істеу қажет?\n– Бұл тамаша идея, себебі дәл осындай келісімшарт болса әр артист өзін қауіпсіз, жақсы қорғалған сезінеді. Артист – ең алдымен адам. Ол да өз өмірін жоспарлауы керек. Отбасын құрып, баласын балабақшаға береді. Балет театрларында екі-үш жылдық қана келісімшарт болса, ертең не болатынын білмейсіз. Үш жылдан кейін тағы үш жылға созды делік. Директор ауысса сол театрда жұмыс істей беретініңізге ешкім кепілдік бермейді. Еуропада директорлар көп ауысады, командасыман келеді. Өзіне ұнайтын бишілерді шақырып, жаңа жүйе мен саясат, өз көзқарасын енгізгізіп, реформа жасағысы келеді. Сол кезде жұмысыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Көптеген мықты балет артистері солай жұмыссыз қалған.\nҚазақстанда бір жақсысы директорлар көп ауыспайды. Ал өмірлік келісімшарт алса сақтандыру бар екеніне сенімді болады. Билей алмайтындай жарақат алып қалғанда зейнетке шығады, өйткені аяғын әдейі сындырып алған жоқ. Қазақстанда билеуге жарамсыз болып қалса зейнетке шыға ала ма, жалақысы толық көлемде төлене ме ол жағын білмейді екенмін. Бірақ өмір бойғы келісімшарт тәжірибесі енсе екен деймін.\n– Репертуарыңызда қандай партиялар бар? Қай партия өзіңізге жақын? Осы партияны сомдасам екен деген арманыңыз бар ма?\n– Көптеген партия бар. Ең жақын партия Ромео мен Джульеттадағы Тибальт шығар. Заманауи балет өте қайтты ұнайды, өйткені онда шекара жоқ. Интерпретация жасап, сезімді шығарып жаңа өнер тудыруға болады. Осы партияны сомдасам деген арманым жоқ, оған жеттім. Бірақ мына хореографпен жұмыс істесем деген арман болған. Келер жылы Дат Корольдігі театрына А деңгейлі хореограф келіп, \"Леди Макбет\" қойылымын қояды. Сол балетте басты рөлді сомдаймын. Кристайл Пайт деген хореографпен де жұмыс істегім келеді. Болашақта жұмыс істеймін деген ойдамын.\n– Балет билеп жүргенде болған бір қызық оқиғаңызды әңгімелеп берсеңіз.\n– 7 маусым күні Америкаға ұшып барып, Дат Корольдігі театры атынан арнайы шақырумен гала-концертте өнер көрсеттім. Бесінші маусымда тетатр мауысымының соңғы қойылымы болды. \"Этюдс\" дейтін ең қиын балеттің бірінде басты рөлді биледім. Сол балетті билеп жатқан кезде қызық жайт болды. Айналатын заттар көп: оңға 18 рет, солға 18 рет, қайтадан оңға 18 рет айналамын. Балет туфлиім сырғып бара жатқанын байқадым. Музыка болып жатқанда он алтыға дейін санайтын кішкене үзіліс бар. Әлі сахнада тұрмын. Үзілістен кейін 32 рет айналу керек. Туфлиім түсейін деп тұрғанын білсем де, сахнадан кетіп қала алмаймын. Сол жерде аяғымды итеріп-итеріп, аяқ киімді киюге тырысып жатырмын. Саусақтарымды жиырып алып, 32 айналымды бастаймын. Құламасам екен деп онын айналдым. Содан кейін аяқ киімім шешіліп қалды. Адамдар оны көріп күліп жатты. Аяқ киімсіз айнала алмаған соң жай тұрып қалдым. Ханшайым тамашалап отыр. Аяқ киімді жерден көтеріп, қолыма ұстаған күйі иіліп сәлем бердім. Көрермендер күліп, шапалақтады. Ондай жағдайлар болады.\nБірде қызды көтеріп келе жатқанда костюміміз бір-біріне ілінді де қалды. Ілгекті босата алмадым. Қыздың артына жабысып тұрмын. Былай сүйрейін десең де болмайды. Бір-бірімізді құшақтаған күйі секіріп-секіріп сахнадан кетіп қалдық.\n– Үлкен сахналарда өнер көрсетуді армандайтын балаларға, жастарға қандай ақыл-кеңес айтасыз?\n– Өзіңізге сеніңіз. Балет болса да, басқа сала болса да жетістікке еңбекпен жетесіздер. Айналаңыздағы білетін адамдарға қарап үйреніңіздер, айтқанын тыңдаңыздар. Олар қолдап, жол сілтейді. Ең бастысы – қара еңбек, соның арқасында көп нәрсеге жетуге болады. Мақсатыңыз көп болсын. Ешқашан қол қусырып қарап отырмаңыз. Өмір деген қып-қысқа. Жетістікке жету үшін әрқашан тек алға ұмтылу керек."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/talgarda-oqusy-qyzdy-zorlau-oqigasy-aruzannyn-anasy-prezidentten-komek-surauga-mazbur", "title": "Талғарда оқушы қызды зорлау оқиғасы: Аружанның анасы президенттен көмек сұрауға мәжбүр", "text": "Алматы облысының Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында 16 жастағы Аружан есімді бойжеткенді топтасып зорлады деп айыпталған төрт жігітті сот ақтап шықты. Үкім 29 қаңтарда жарияланып, сотталушылардың бәрі сот залынан босатылды. Алайда жәбірленуші тарап сот үкімімен мүлдем келіспейді. Олардың пайымдауынша, іс материалдарында күдіктілерді кінәлі деп тануға негіз болатын бұлтартпас айғақтар жеткілікті болған. Әділдік іздеген отбасы енді мемлекет басшысы, Бас прокуратура мен Жоғарғы соттан араша сұрап отыр.\nЖәбірленуші тараптың айтуынша, қайғылы жағдай 2024 жылғы 8 қазанда болған. Алайда, қатты қорқып қалған жасөспірім бұл сұмдықты 17 қазанға дейін ешкімге айтпай келіпті.\nИнформбюро порталына сұхбат берген Аружанның анасы Индира Серік қызының ҰБТ алдындағы күйзелісі деп ойласа, сынып жетекшісі Аружанның ауырсынуды басатын дәріні тым көп ішіп жүргенін хабарлайды. Осылайша тек денсаулығы сыр беріп, медициналық тексеруге барар алдында ғана ол бәрін мойындаған.\n\"2024 жылғы 8 қазанда болған қасіретті жағдай Аружан өмірінің астаң-кестеңін шығарды. Сол күні жанына төрт жігіт мінген көлік келіп тоқтаған. Олардың бірі өзін сол кезде әскерде жүрген Аружанның бөлесінің досымын деп таныстырса, тағы бірін сіңілім мектептен сырттай танитын болып шықты. Ағасының досымын деген жігіт оның әскердегі жағдайын сұрап, \"уақыт кеш болды, үйіңе жеткізіп салайық\" деп қолқа салған. Бір ауылдың адамдары болғандықтан, Аружан еш күдіксіз көлікке мінеді. Көлік бағытынан жаңыла бастағанда Аружан мазасызданғанымен, қасындағылар \"алдымен досымызды тастап, сосын сені жеткіземіз\" деп алдарқатқан. Олар сіңілімді үйіне емес, иен далаға апарған. Сол жерде топтасып зорлап, \"отбасыңды жайратамыз, бәрін видеоға түсіріп алдық\" деп сес көрсеткен. Зәресі ұшқан сіңілім болған жайтты ешкімге тіс жарып айта алмаған. Қорқытып-үркітудің салдарынан Аружан бұл сұмдықты ішінде сақтады, ал отбасы тек 17 қазанда ғана білді. Анасы қызының томаға-тұйық болып кеткенін байқағанымен, оны ҰБТ алдындағы қобалжуға балаған. Кейін сынып жетекшісі Аружанның тым көп ауырсынуды басатын дәрі ішіп жүргенін хабарлайды. Әпкем оның бөлмесінен \"Кетановтың\" бос қораптарын тауып алып, ішінің ауырғанына байланысты дәрігерге қаратпақ болғанда, Аружан шыдай алмай жағдайдың мән-жайын түгел айтып береді\", – дейді Аружанның әпкесі.\nЖәбірленушінің анасы сот процесінің әділетсіз әрі созбалаңға салынғанына налыды. Оның айтуынша, тергеу амалдары аяқталғанымен, сот отырыстары негізсіз кейінге шегеріліп, бұл жағдай онсыз да соққы алған қызының жүйкесіне салмақ түсірген. Ел арасында тараған түрлі қауесет пен сотталушы туыстарының\"бәрі сатып алынған\" дегендей асқақ мінез танытуыотбасының әділдікке деген сенімін селт еткізіпті.\nСонымен қатар, анасы іс материалдарымен танысу барысында сотталушылардың бірінің телефонынан өзге бір қыздың қатысуымен түсірілген интимдік бейнежазбаны анықтаған. Алайда, бұл бұлтартпас айғақ сот залында қаралмай қалған. Аружанның анасының айтуынша, күдіктінің хаттамада құпия сөзі жазылып тұрса да, \"парольді ұмытып қалдым\" деп жалтаруы және судьяның бұл мәселеге атүсті қарауы маңызды дәлелдің ескерусіз қалуына әкеп соққан.\n\"Сот басталғанда заң жүйесінің бізді қорғауға қауқарсыз екеніне көзіміз жетті. Тергеу амалдары 2025 жылғы шілдеде тәмамдалып, қыркүйекте іс сотқа өтті. Алайда сот процесі негізсіз созылып кетті: қазан айында бірде-бір отырыс өтпесе, 2026 жылғы қаңтарда судья шешім шығаруды ай соңына дейін созбалаңға салды. Осы уақыт ішінде ел арасында неше түрлі қауесет тарап, зорлық оқиғасының егжей-тегжейі жұрт талқысына түсті. Аружан мұндай психологиялық соққыға төтеп бере алмады. Істің ұзаққа созылуы мен түрлі өсек-аяң қажытқандықтан, ол бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Біз құқық аясында әділдік іздеп жүргенде, қызымның жан дүниесі қор болды. Бастапқыда заңның үстемдігіне сенгендіктен және қызымның болашағына нұқсан келмесін деп, бұл жайттың жария болып, көпке таралғанын қаламап едім. Бірақ сот залында айыпталушылардың туыстарының арсыз әрекеттерін көрдік. Олар үкім шыққан бойда ұлдарын үйге алып кететінін айтып, ашықтан-ашық шіренді. Осының бәрін көргенде,\"Бәрі әлдеқашан сатып алынған, әділдік біздің сыртымыздан шешіліп қойған ба?\"деген күдікке еріксіз бой алдырдық\", – деді Индира Серік.\nОның айтуынша, тергеу амалдары тәмамдалған соң, іс материалдарымен танысуға шақырған. Сол кезде Индира хаттаманы парақтап отырып, сотталушылардың бірінің телефонынан бірнеше бейнежазба табылғанын аңғарады.\n\"Оның бесеуі – екінші сотталушының қатысуымен түсірілген интимдік сипаттағы дүниелер екен. Бұл жайында хаттамада тайға таңба басқандай анық жазылып тұр. Сол сәтте мен тергеушіден:\"Бұл қандай бейнежазба? Маған көрсетіңіз, хаттамада тіркеулі тұр ғой. Егер мұнда видео бар деп жазылса, ондағы менің балам болуы мүмкін емес пе?\" – деп сұрадым. Ал тергеуші: \"Жоқ, бұл сіздің қызыңыз емес, мұнда басқа қыз\", – деп қысқа қайырды.Мен бәрібір көретінімді айтып табандап тұрып алдым, тіпті көрсетпеген жағдайда департамент бастығына шағымданатынымды ескерттім. Кейін судья да бұл бейнежазба жайында қайдан білгенімді сұрады. Мен іспен танысу барысында тергеушіден көргенімді сол жерде бүкпесіз айтып бердім. Судья прокурорға аталған видеоның бар-жоғын анықтау үшін заттай дәлелдемелерді алдыруды тапсырды. Егер жазба табылса, оны сот залында тікелей сотталушының телефонынан көретін болдық. Келесі отырыста прокурор телефонды әкелді. Судья оны қолына алып, мен нұсқаған том мен беттегі хаттаманы мұқият оқып шықты. Содан соң телефонның бұғаттауын ашу үшін құрылғыны сотталушының өзіне берді. Алайда, хаттамада әр телефонның құпия сөзі тайға таңба басқандай жазылып тұрса да, сотталушы \"парольді ұмытып қалдым\" деп жалтарды. Осылайша, бұлтартпас дәлел болуы тиіс бейнежазба сот залында қаралмай қалды\", – деп налыды Аружанның анасы.\nЖәбірленуші тараптың айтуынша, тергеу және сот үдерісі кезіндегі ең үлкен күмән медициналық сараптама қорытындысына байланысты туындап отыр. Аружан анасының сөзінше, құжаттың сипаттама бөлімі мен түпкілікті тұжырымы бір-біріне мүлдем қайшы келеді.\n\"Сот отырысында сарапшыдан жауап алынды, алайда ол өз қорытындысынан танбай, уәжін өзгертпеді. Тергеуші тарапынан тәуелсіз немесе кешенді сараптама тағайындау туралы ешқандай бастама болған жоқ. Біз сараптама мәтінінде барлық жарақаттың тайға таңба басқандай жазылғанын көріп, қорытынды бөліміндегі олқылықтарға уақытында тиісті мән бермеген екенбіз.Биологиялық сараптамада бәрі ашық көрсетілген: оқиға орнынан алынған жамылғыдан \"сперма аралас қан іздері\" табылды. Соған қарамастан, геномдық сараптама \"ДНҚ анықталмады\" деген негізсіз қорытынды шығарды\", – деді ол.\nЖәбірленуші тарапты толғандырған тағы бір жайт – күдіктілердің алғашқы куәлігінен бас тартуы және соттың бұл маңызды айғақтарды ескерусіз қалдыруы. Аружанның анасының айтуынша, тергеу сатысында бәрі заңды тіркелгенімен, сот залында жағдай мүлдем басқа арнаға бұрылған.\n\"Іс материалдарында күдіктілердің алғашқы жауаптары бейнежазбаға таспаланған. Алайда олар сотта \"жауапты өз еркімізбен бермедік\" деп ақталды. Шындығында, әрбір хаттаманың астында \"ешқандай қысымсыз, өз еркіммен бердім\" деген қолдары бар. Судьяның істегі бұл бейнежазбаларға нақты құқықтық баға бермегені жанымызға батады. Біз айғақтардың томдары мен беттерін нақты көрсеткенде, судья мен қарсы тараптың адвокаттары аңтарылып қалғандай кейіп танытты. Артынша адвокаттар ол видеоларды сот залында көрсетпеуді сұрап еді, судья бұл өтінішті бірден қабылдады. Қорғаушылардың бірі беттестіру кезінде бұрын мемлекеттік қызметте болғанын айтып қалған еді. Оның қолында тергеуі әлі аяқталмаған материалдардың көшірмелері түгел болды. Кейіннен ол кісінің бұрын судья болып қызмет атқарғанын білдік\", – деді Индира Серік.\nСотталушыларды ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы және 121-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, олардың әрқайсысына төмендегідей жаза кесуді:\nАлайда 2026 жылғы 29 қаңтарда Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен төрт айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы және 121-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты ақталды.\nЖергілікті соттың шешіміне көңілі толмаған және тергеудің әділдігіне күмән келтірген отбасы еліміздің ең жоғары құзырлы органдарынан көмек сұрап отыр. Олар бұл істің ашық әрі заң аясында қаралуын талап етіп, бірнеше мекемеге жүгінген. Сот процесі кезінде жәбірленуші тарап тек заң тұрғысынан емес, рухани тұрғыдан да үлкен соққы алғанын айтады.\n\"2025 жылғы 30 желтоқсанда біз Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға, ҰҚК және Жоғарғы сотқа ресми түрде өтініш-шағым жолдадық. Сот залында судья тарапынан ешқандай ескерту жасалған жоқ. Адвокаттар арсыз, әдепке жатпайтын сұрақтар қойғанда да судья бірде-бір рет оларға тоқтау салмады. Аружан мектепті 2025 жылы бітірді. Биыл ҰБТ тапсыруға дайындалып жүр. Қазіргі уақытта жеке психологтың көмегіне жүгініп, маманмен тұрақты жұмыс істеп жатыр. Күдіктілермен бір ауылда тұрғандықтан, екі қызымыздың қауіпсіздігі үшін қатты алаңдаймыз. Сақтық шараларын күшейтіп, өзімізді қорғауға мәжбүрміз. Біз сот шешімін қайта қарап, заң мен әділдіктің орнауын, кінәлілердің лайықты жазасын алуын талап етеміз. Істегі бұлтартпас дәлелдердің еленбеуі – күдіктілердің аналары айтқан сөздерді растағандай болады. Олар ашықтан-ашық: \"Қомақты қаражат берілді, бүгін алып қайтамыз\", \"Қазір көресің, сот залында не болатынын\" деп бізді мазақ қылған еді\", – дейді анасы.\nАружанның ісіне қатысты шыққан сот үкімі қоғамда үлкен толқу туғызды. Әлеуметтік желі жұртшылығы күдіктілер мен істі қараған судьяның аты-жөнін жариялауды талап етіп отыр."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/izdeu-zariialangan-qaisar-qamza-qazir-qaida-nemese-quzyrly-organ-qarmagyndagy-blogerler-kimder", "title": "Іздеу жарияланған Қайсар Қамза қазір қайда немесе құзырлы орган қармағындағы блогерлер кімдер?", "text": "Қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамзаға ресми түрде іздеужарияланды.\nРесми дерекке сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлы 10 қаңтардан бастап іздеуде. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр. Алайда қазіргі уақытта қылмыстық істің нақты мән-жайы мен қай бап бойынша күдікке ілінгені ресми түрде жарияланған жоқ. Тергеу органдары да бұл іске қатысты қосымша ақпарат бермеді.\nКелесісторизіндеблогер: \"Кімнің ала жібін аттап кеттім екен? Кәдімгідей ел, дүйім жұрт, мемлекет болып, бүкіл жұмысты ысырып қойып іздейтіндей қылмыскер емес сияқты едім ғой. БТА банкті тонап, миллиардтарды алып кеткен Әблязов сияқты шығарып қойыпты ғой\", – дейді.\nЕскерту:блогердің бейәдеп сөздері алынып тасталды.\nБұл видеоны бұрынғы посттармен салыстыра отырып, оның Вьетнамда түсірілгенін аңғаруға болады.\nQorday cinema кинотеатр (@qorday_cinema)'in paylaştığı bir gönderi\nБұған дейін оның Үндістандағы сапары кезінде түсірілген видеолары қоғамда қызу талқыға түскен. Онда блогердің бейәдеп сөздер қолданғаны және жергілікті тұрғындарға дөрекілік көрсеткені айтылды.\nОсы жылдың тамыз айында Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан бері 34 блогердің онлайн ойындарды жарнамалауға қатысы бар екенінанықтағанеді. Олардың қатарында Қайсар Қамзаның да есімі аталады.\nАгенттік: \"Онлайн-казино жарнамасы ойынға тәуелділікке бастайтын негізгі арна екенін біле тұра, аталған тұлғалар өз істерін жалғастыруда. Олар адамдардың тағдырына немқұрайлы қарап, отбасылардың күйреуіне себеп болуда. Миллиондаған табысқа кенелген блогерлер айыппұлдарын төлеп, заңсыз әрекетін қайта жалғастырып жүр\", деп жазды. Тіпті осыған байланыстымұндай әрекеттерді Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-тармағы аясында \"заңсыз ойын бизнесіне көмектесу\" ретінде қарастыруға ниеттіекенін де жеткізген.\nСонымен қатар хабарламада қаржы пирамидаларын жарнамалағандағыдай, онлайн-казино жарнамасы үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізу бастамасы көтерілгені айтылды.\nМейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов\nҚазақстанда блогерлерге қатысты қозғалған ең резонансты істердің бірі – Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты қылмыстық іс. Олар 2022 жылы қаржы пирамидасын ұйымдастырды және жарнамалады деген айыппен жауапқа тартылған. Тергеу дерегінше, блогерлер әлеуметтік желідегі ықпалын пайдаланып, азаматтарды инвестиция салуға үгіттеген. Сот оларды 5 жылға бас бостандығынан айырды.\nБылтыр шілде айында Қаржы мониторингі агенттігі ерлі-зайыпты Даулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты тергеу бастады. Агенттіктің дерегінше, жұбайлар ұлын емдеу үшін қазақстандықтардан шамамен 1,3 миллиард теңге жинаған. Алайда, тергеу барысында жиналған қаражаттың көп бөлігін үй, көлік алу сынды жеке мақсатта пайдаланып, баланың еміне бар болғаны 6,4 млн теңге ғана жұмсағаны анықталды. Сот шешімімен олар 7 жылға бас бостандығынан айырылды.\nӘлеуметтік желі арқылы танылған Мұрат Әбділдә 2022 жылы Қылмыстық кодекстің 174-бабы, яғни, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік алауыздықты азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер жасағаны үшін 4 жыл 6 айға сотталған. 2024 жылы мерзімінен шартты үрде босап шыққанымен, көп ұзамай  сот бұл шешімнің күшін жойып, блогер қайтадан түрмеге оралды.\n2024 жылы Айка есімді блогер аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау, сонымен қатар \"элиталы эскорт\" ұйымдастыру деректері бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 2025 жылы Қылмыстық кодекстің 74-бабына  өзгерістер енгізілгеннен кейін сотқа өтініш түсіріп, кішкентай баласы болғаны үшін жазасын өтеуі екі жылға шегерілді. Екі жыл ішінде ол пробациялық бақылауда болады.\n2023 жылдан бастап Қазақстанда \"Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы\" заң күшіне енді. Бұл құжат блогерлердің қызметін тікелей лицензияламаса да, жауапкершілік аясын нақтылады.\nСонымен қатар мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көшеде бейтаныс адамдарды рұқсатсыз суретке немесе видеоға түсіріп, оны желіге жүктейтіндерге, \"пранк жасауға\" заңмен тыйым салынуы мүмкін екенін жеткізді. Министрдің айтуынша, мұндай контент көп жағдайда этикалық және құқықтық нормаларды бұзады. Алайда ведомство басшысы нақты қандай өзгерістер екенін айтпады, ол нақты ережелерден бастап, тыйым салуға дейін жетуі мүмкін.\nЗаңгер Ғабдул-Ғани Әбутәліпблогерлердің Қазақстан Республикасының азаматы ретінде тек \"Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы\" заңға ғана емес, барлық заң нормаларына сәйкес әрекет етуі тиіс екенін еске салды.\n\"Олар  Әлеуметтік желідегі әрекеті үшін блогерлер де қарапайым азамат сияқты жауапкершілік арқалайды. Сондықтан, аудиториясына әсер ететін, қаржылық немесе әлеуметтік сипаттағы кез келген әрекет заң алдында бақылауға алынуы мүмкін\", – дейді заңгер.\nАлэкономист Айбар Олжайблогерлерге қатысты тексерістер екі бағыттан тұратынын айтады.  Біріншісі – жарнаманың мазмұны мен саны, екіншісі – одан түскен табыстың заңдылығы.\n\"Себебі кез келген кәсіпкерліктен түскен табыстан салық төленуі керек. Бұл бағытта Мемлекеттік кірістер комитеті осыған қатысты біраз жұмыс жүргізген болатын. Қазір көп блогер заңды тұлға ретінде тіркеліп, салық төлейді және есеп тапсырып отырады. Сонымен қатар, салық органдары мен Қаржы мониторинг агенттігі ірі блогерлердің транзакцияларын бақылап отырады. Бұл тек блогерлерге ғана емес, жалпы кәсіпкерлер мен азаматтарға да қатысты. Блогер болсын, кәсіпкер болсын, табысынан салық төлеу міндетті. Салық жүйесінде соңғы жылдары реформалар жүріп, тәртіп орнатылды\", – деді экономист.\nСарапшы бүгінде жарнама мазмұнына қатысты да нақты ережелер бар екенін еске салды.\n\"Нені жарнамалауға болады, нені жарнамаламау керек, қандай іс-әрекеттер заңсыз саналатынын Қайсардың кейсі көрсетіп отыр. Мысалы, Қазақстанда лоторея өткізуге лицензиясы бар бір ғана ұйым бар. Одан ьасқа лотореялар заңсыз деп саналады. Онлайн казино және басқа да құмар ойындарға қатысты өзінің белгілі бір критерийлері бар. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін жарнамалауға тыйым салынған. Жалпы жауапкершілік барлығымызға ортақ. Блогерлерге олардың аудиториясы үлкен болғандықтан ғана көп назар аударылады\", – деді маман."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/temeki-tastai-almai-zursiz-be-alem-darigerleri-balama-zol-usyndy", "title": "Темекі тастай алмай жүрсіз бе? Әлем дәрігерлері балама жол ұсынды", "text": "Қазақстанда шылымқорлық әлі де өзекті мәселе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде жыл сайын темекіге әуестіктің салдарынан 7 миллион адам көз жұмады. Ал біздің елде жүргізілген сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 38 пайызы темекінің ең зиянды бөлігі – никотин деп есептейді. Алайда, халықаралық ғылыми деректер бұл пікірді жоққа шығарады.\nInformburo.kz тілшісі \"Түтінсіз болашақ\" шарасында өткен \"Темекі зиянын азайту: медициналық қауымдастықтың дауысы\" панеліне қатысып, сарапшылар пікірін тыңдап қайтты.\nМедицина ғылымдарының докторы, молекулалық онкология маманыЕвгений Имянитовтыңайтуынша, темекі шегудің тарихы Майя халқынан басталады. Алайда, тек ХІХ ғасырда ғана кең тарала бастаған. Тіпті, никотин тыныштандырып, зейінді арттыратын болғандықтан, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскерилердің рационына кіргізілген. Кейін ол сәнге айнала бастаған.\n\"Алайда қоғам мен медицина темекінің зиянын түсінген соң, оған қарсы күрес басталды. Темекі шегудің  ең басты қаупі әрдайым өкпе қатерлі ісігімен байланысты болды. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы сияқты созылмалы аурулар бар, бірақ олар баяу дамиды, ал өкпе қатерлі ісігі – темекіге қатысты тарихи әрі негізгі қорқыныш\", – деді ол.\nҒалымның пікірінше, түтінсіз технологиялардың пайда болуы онкология үшін жаңа мүмкіндік ашты.\n\"Бүгінде барлық канцерогендер белгілі, олар темекі жанған кезде пайда болады. Ал түтінсіз никотин өнімдерінде канцерогендер мүлде жоқ. Дегенмен, қабыну процестері, никотиннің ұзақмерзімді әсерлері сияқты басқа факторлар әлі зерттелуі тиіс\", – деді ғалым.\nЕң бастысы, сарапшының пікірінше, никотин ағзаға түтінсіз жеткізілген жағдайда өкпе қатерлі ісігінің қаупі жойылады.\n\"Бұл – темекі шегушілер үшін жақсы жаңалық. Себебі, дәрігерлердің 99 пайызы темекі шегудің басты себебін \"өкпе қатерлі ісігі\" деп санайды. Статистикалық деректер де осыны растайды. Жыл сайын әлемде 2 миллион адам өкпе қатерлі ісігіне шалдығады, олардың 85 пайызының себебі – дәстүрлі темекі. Түтінсіз өнімдер тым жаңа болғандықтан, оларды тікелей кінәлау мүмкін емес. Бірақ, скандинав елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, адамдардың дәстүрлі темекіден түтінсіз темекіге көшуі өкпе қатерлі ісігінің деңгейін бірнеше есе төмендетті\", – деді онколог.\nПульмонолог, Еуропалық респираторлық қоғамының (ERS) мүшесіСаттар Ералиевтіңайтуынша, темекі шегуге байланысты аурулар медицинада жеке топ ретінде қарастырылады. Оның ішінде ең алдымен өкпе қатерлі ісігі аталады. Бұл дерт шылым шекпейтіндерге қарағанда темекі шегушілерде шамамен 8 есе жиі кездеседі. Дегенмен, маманның пікірінше, өкпе қатерлі ісігінен де ауқымдырақ мәселе бар, ол – созылмалы обструктивті өкпе ауруы (ХОБЛ).\n\"Созылмалы обструктивті өкпе ауруы қазір әлемдік деңгейдегі проблемаға айналып отыр. Бұл ауру темекі шегумен тікелей байланысты және жұқпалы емес дерттерден болатын өлім себептерінің ішінде 3-орында тұр. Ең қауіптісі – өлім саны жыл сайын өсіп келеді. Қолда бар дәрілер науқастың өмірін жеңілдеткенімен, ауруды толық емдеу мүмкін емес\", – деді пульмонолог.\nҒылыми зерттеулер оның тек өкпені ғана емес, бүкіл ағзаны зақымдайтынын көрсеткен. Қабыну процесі қант диабеті мен атеросклероз секілді кемінде 6 түрлі аурудың дамуына ықпал етеді.\n\"Негізгі зиянды әсер темекідегі никотинде емес, түтіннің өзінде жатыр. Жану процесінде мыңдаған химиялық зат бөлініп шығады, олардың ондағаны – обыр тудырушы. Олар тікелей өкпеге түсіп, жасушаларды зақымдайды. Ал түтін иммундық жүйені шатастырып, ағзаны өз жасушаларына қарсы қояды. Соның салдарынан ауыр ХОБЛ дамиды. Сондықтан, негізгі үмітіміз – түтінсіз технологиялар. Өйткені, түтіннің әсерін тоқтату оң нәтижелерге әкелуі мүмкін\", – деді маман.\nСтоматолог, медицина ғылымдарының кандидатыМейрам Раганин6 жылдан астам уақыт бойы темекі шеккендер мен 3 жылдан астам қыздырылатын өнім қолданған адамдарды салыстырып көрген.\n\"Темекі шегушілердің жағдайы нашарлады, гиперкератоз (обырға дейінгі жағдай) жиі кездесті. Ал қыздырылатын өнім қолданушыларда көрсеткіштер әлдеқайда жақсы болды, гиперкератоз сирек анықталды\", – деді Мейрам Раганин.\nДәрігер төрт қалада 80 адамға жүргізілген тәжірибе нәтижесін де бөлісті.\n\"Жартысын темекімен қалдырдық, жартысын қыздырылатын өнімге ауыстырдық. 3 айдан кейін қыздырылатын өнім қолданушыларда аз да болса, оң өзгеріс байқалды, ал шылымқорларда жағдай нашарлай берді. 6 айдан соң қыздырылатын өнім қолданушылардың гиперкератоз деңгейі 7-ден 1-ге дейін төмендеді, яғни обырға дейінгі белгілер айтарлықтай азайды. Ал темекі шегушілерде жағдай өзгерген жоқ\", – деп түсіндірді маман.\nАл медицина ғылымдарының докторыАлександр Филипповникотиннің ағзаға әсерін былай сипаттайды:\n\"Адам ағзасында арнайы рецепторлар бар. Никотин осы рецепторларды ынталандырады, соның нәтижесінде жүрек соғу жиілігі артады, артериялық қысым көтеріледі және басқа да физиологиялық реакциялар байқалады. Сондықтан жүректің ишемиялық ауруы немесе стенокардиясы бар адамдар үшін никотин зиянырақ әсер етуі мүмкін\", – деді ғалым.\nАлександр Филипповтың пікірінше, мәселе тек никотинде емес, түтіннің өзінде жатыр.\n\"Никотин – ерекше зат, тіпті оны ерекше \"наркотик\" деп атауға болады. 2024 жылы Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу темекіге тәуелділіктің ауқымын көрсетті. Мыңнан астам шылымқордың жағдайы тексерілгенде, олардың шамамен 40 пайызында ауыр немесе өте ауыр никотиндік тәуелділік анықталған. Бұл тәуелділіктің ғаламдық проблемаға айналғанын дәлелдеді. Бірақ, мәселе тек никотинде емес. Темекі түтінінде мыңдаған улы зат бар, олардың концентрациясы өте жоғары. Егер бүгін темекі алғаш рет ойлап табылса, ол ешқашан нарыққа шығарылмас еді\", – деді ол.\nСарапшының айтуынша, сол себепті де халықаралық ұйымдар темекіні тастай алмай жүрген адамдарға түтінсіз технологияларға ауысуды ұсынады.\n\"Алайда темекіні тастағысы келетін көптеген адамдар зияны азырақ балама өнімдердің бар екенін білмейді. Мәселен, Ұлыбританиядағы зерттеулер көрсеткендей, 2012 жылы респонденттердің тек 6 пайызы электронды темекіні дәстүрлі темекіден зиянырақ деп санаса, 2022 жылы мұндай пікірдегі адамдардың үлесі 30 пайызға жетті. Бұл – ақпарат тапшылығының айқын белгісі\", – деді Александр Филиппов.\nЕкінші мәселе – медициналық қауымдастықтың өзі жеткілікті ақпаратқа ие емес. 2024 жылы өткен халықаралық форумда мыңнан астам дәрігер арасында сауалнама жүргізілген.\n\"Нәтижесінде 95 пайызы \"темекі шегу зиян\" деп нақты жауап бергенімен, 20-28 пайызы электронды темекі мен кәдімгі темекінің арасында айырмашылық жоқ деп ойлайтыны анықталды. Яғни, дәрігерлердің өздері де науқасты қалай ынталандырып, шылымнан балама жол арқылы бас тартуға бағыттау керегін толық білмейді\", – деді сарапшы.\nҮшінші мәселе – реттеуші органдар деңгейінде. Оларды бейхабар деуге болмайды, бірақ жастар арасында электронды өнімдердің таралуы алаңдатарлық. Маманның айтуынша, кәдімгі электронды шылымдар электронды темекіні қыздыру жүйелеріне қарағанда әлдеқайда танымал. Сондықтан мемлекет үшін басты міндеттердің бірі – жастарды электронды өнімдерден қорғау болса, екіншісі – темекіні тастай алмайтын адамдарға зияны азырақ балама ұсыну.\n\"Бұл қоғамдық денсаулыққа зиян келтірмей, жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – электронды темекі өнімдері шынымен зиян келтірмеуі тиіс\", – деп қорытындылады сарапшы."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/keudemdi-maqtanys-kernedi-qol-kuresinen-birnese-durkin-alem-cempionyn-zengen-qazaq-qyzy-kim", "title": "\"Кеудемді мақтаныш кернеді\". Қол күресінен бірнеше дүркін әлем чемпионын жеңген қазақ қызы кім", "text": "Биыл қыркүйек айында 16 жастағы Ұлболсын Елмұрат Болгарияда армрестлинг, яғни қол күресінен өткен  әлем чемпионатында сенсация жасады. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалда 13 дүркін әлем чемпионы словакиялық Лусия Дебранованы жеңді.\nҰлболсын – армрестлинг саңлақтары шыққан мекен Шардараның тумасы. Биыл сәуірде өткен ел чемпионатында \"Шардара Армспорт\" құрамасы 25 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Олардың арасында жасөспірімдер сапында өнер көрсетіп, алтын медаль алған Ұлболсын да бар.\nОсы орайда Информбюро порталы ересектер арасындағы алғашқы жарысына қатысып, әлем чемпионы атанған Ұлболсын Елмұратпен аз-кем сұхбаттасты.\n– Ұлболсын, қайда туып өстіңіз. Қол күресті таңдауыңызға не себеп болды?\n– Шардара қаласында туып өстім. Спортқа 12 жасымнан қызығып, осы қол күреске қатыса бастадым. Сол кездері интернет желісінен, әлеуметтік желілерден қол күрескен спортшы қыздарды көріп, неге байқап көрмеске деп ойладым.\n– Биыл 13 дүркін әлем чемпионы словакиялық Лусия Дебранованы жеңіп, сенсация жасадыңыз. Жалпы финалдағы ғана емес, әр қарсылас оңай емес қой. Чемпионатқа қалай дайындалдыңыз? Финал алдында уайым болмады ма?\n– Әлем чемпионатына өте қатты дайындалдым. Өзім \"Шардара Армспорт\" клубында жаттығамын. Осал тұсымды күшейтуге күніне төрт сағатымды арнадым. Қарсыласыммен қол күрескенде қобалжыдым, бірақ оны еңсеріп, финалда жеңіп шықтым.\nФинал алдында ата-анамның, \"жаттықтырушымның үмітін ақтай аламын ба?\", \"ұтылып қалсам ше?\" деген ой маза беимеді. Соған қарамастан, финалда жеңіп шықтым.\nҚарсыласымды жеңу оңайға соқпады. Жаттықтырушыларымның айтқан тәсілдерін қолданып жеңіп шықтым. Жеңген сәтте ішімдегі бар эмоция сыртқа шығарып, өте керемет әсер алдым.\n– Сіз 16 жасыңызды ересектер арасында әлем чемпионы атандыңыз. Алғаш рет осындай ірі жарысқа қатыстыңыз ба? Әлде бұған дейін де үлкен ареналарда ел намысын қорғап жүрсіз бе?\n– Жоқ, бұған дейін жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан, Азия, Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғадым. Бұл әлем чемионаты – ересектер арасында күрескен алғашқы жарысым.\n– Жасөспірімдер арасында қандай жетістіктерге жеттіңіз?\n– Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы, Әлем чемпионы және Әлем кубогы иегерімін.\n– Армрестлинг спортында не маңызды? Білектің күшін қалай жаттықтырасыздар?\n– Қол күресте ең маңыздысы ол – шыдамдылық, мінез, күш-қайрат қажет. Біз бірінші қыздырынып аламыз да, содан соң жаттығамыз. Күнде төрт сағат жаттыққан соң бабымда болып, үзбей жаттығудың арқасында әлем чемпионы атанып отырмын.\n– Әлем чемпионатынан кейін сіз туралы медиа жарыса жазды. Жеңісіңізді сенсация деп хабарлады. Сіз өзіңіз бұл жеңісіңізді қалай қабылдадыңыз? Чемпионаттан кейін өміріңіз өзгерді ме?\n– Шынымды айтсам, жеңіс маған үлкен жауапкершілік жүктеді. Кеудемді қуаныш пен мақтаныш кернеді. Халықтың ықыласын сезініп, бұл мені алға ұмтылуға жігерлендірді. Өмірде жаңа мүмкіндіктер ашыла бастады.\n– Сіз әлі мектепте оқиды екенсіз. Спорт пен сабақты қатар алып жүру қиын емес пе? Қандай мамандық таңдап жатырсыз?\n– Спорт пен сабақты алып жүру қиындық тудырып жатқан жоқ. Екеуіне де шамасы жететін адамға қиын емес деп ойлаймын.\nЗаң саласына қызығып жүрмін, бірақ спортты оқумен қатар алып жүргім келеді.\n– Мектепте жүріп өзімді дамытып жүрмін. Армандарымның бірі – әлемнің ең мықты спортшыларының қатарында болу. Сонымен қатар болашақта жастарға шабыт беретін тұлға болғым келеді.\nСөз соңында осындай дәрежеге жеткізген алғашқы ұстазым – Арман Қарсыбаевқа және жаттықтырушым Меруерт Қалықұловаға алғыс айтамын.Әр жеңісімнің артында осы кісілердің еңбегі тұр. Бұл жалғыз менің ғана емес, олардың да жеңісі деп білемін."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qyzdar-arasyndagy-ruxani-maxabbat-qazaqstanda-boston-nekesi-qalai-trendke-ainaldy", "title": "Қыздар арасындағы рухани махаббат: Қазақстанда Бостон некесі қалай трендке айналды?", "text": "\"Бостон некесі\" тақырыбының күн тәртібіне шығуына белгілі актриса Назира Бақаеваныңашық сұхбатытүрткі болды. Көпшілік үшін беймәлім бұл термин әп-сәтте трендке айналып, бірінің таңданысын тудырса, енді бірінің сыни көзқарасына ілікті. Тіпті, бұл мәселеге қатысты танымал режиссер Ақан Сатаев та арнайы мәлімдеме жасап, бұрынғы жұбайының сөзіне қатысты өз ұстанымын білдірді.\nБірақ \"Бостон некесі\" деген не? Бұл жай ғана заманауи тренд пе әлде әйелдердің өзін-өзі табуына, еркіндік пен қауіпсіздікке ұмтылуына арналған тарихи негізі бар формат па? Бұл материалда біз Назира Бақаева мен Ақан Сатаевтың арасындағы пікір қайшылығын ғана емес, осы одақ түрінің тарихына үңіліп, әлемдік тәжірибе мен желідегі заманауи \"бостондықтардың\" оқиғаларына тоқталамыз.\nЖурналист Дина Әділге берген сұхбатында актриса өзінің Дорис есімді қызбен \"бостондық некеде\" тұратынын растады. Назираның айтуынша, бұл одақ ең алдымен рухани жақындық пен өзара қолдауға негізделген.\n\"Иә, біз Дориспен рухани ретритте таныстық. Мен барлық егжей-тегжейге тоқталғым келмейді, бірақ қысқаша айтсам – ол менің өмірімді сақтап қалды. Мен Дориске өте ризамын, ол мен үшін жасаған және жасап жүрген барлық нәрсесін жоғары бағалаймын. Біз рухани тұрғыдан, апалы-сіңлідей қатты жақындастық. Кез келген әйел түсінетін шығар – әйелдің әйелге деген көмегі, қолдауы, жақындығы, апалы-сіңліліктің туыстық жылуы өте маңызды. Сондықтан біз Дориспен туыс болып кеттік десек те болады\", – деді Назира Бақаева.\nАктриса бұл форматтың тиімді тұстарын былай түсіндіреді:\n\"Бостондық неке\" – бұл қарама-қарсы жыныспен некені немесе серіктестікті таңдамай, өзінің дамуына, өсуіне, жетістіктеріне немесе мансабына уақыт бөлетін әйелдерге өте ыңғайлы. Бұл – әпке, құрбыларыңмен немесе жаны жақын қыз, әйел, жалғызбасты аналармен бірге тұрудың өте ыңғайлы нұсқасы. Ол ортақ тұрмысты жүргізуге, қаржылық жоспарлауды бірге жасауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, кейде бірін-бірі алмастыруға немесе біріне демалыс беріп, екіншісіне жұмыс істеп, дамуына мүмкіндік беруге көмектеседі\".\nБұл мәлімдемелерге қатысты танымал режиссер Ақан Сатаев өзінің түсініктемесін берді. Ол бұрынғы жұбайының сөзін күтпеген жағдай деп атап, фактілердің бұрмалануына жол бермеуді мақсат еткенін айтты.\nПубликация от Akan Satayev (@akansatayev)\n\"Ажырасуға дейін де, ажырасу процесінде де, одан кейін де Назира ажырасудың себебі ретінде басқа бір адамды, соның ішінде Альмираны атаған емес. Қазіргі мәлімдемелер мен үшін күтпеген жағдай болды және олар қоғамдық пікірді манипуляциялау әрекеті сияқты көрінеді\", – деді ол.\nРежиссер сондай-ақ ажырасудың нақты себептері тек жеке келіспеушіліктерге байланысты болғанын және барлық мүліктік, тәрбиелік мәселелер алдын ала келісілгенін атап өтті.\n\"Бостон некесі\" терминіXIX ғасырдың соңындаАҚШ-та пайда болған. Ол кезде бұл – ер адамға тұрмысқа шығып, үй шаруасына байланудың орнына, өз бетінше өмір сүруді таңдаған білімді әйелдердің одағы еді.\nТарихта бұл форматта өмір сүрген танымал жұптар:\nСара Орн Джуэтт және Энни Филдс: Жазушы мен қоғам қайраткері 28 жыл бойы бірге тұрған\nЭннидің жолдасы дүниеден өткен соң, қос ару бір шаңырақ астында ғұмыр кеше бастады. Олардың бұл серіктестігі Сараның өмірінің соңына дейін жалғасқан ұзақ әрі баянды одақ болды. Олар қыс айларын Бостондағы Эннидің шаңырағында өткізсе, жаз мезгілінде Сараның Мэн штатындағы үйіне қоныс аударатын. Екеуі үнемі бірге саяхаттап, әдеби кештер өткізіп, бір-бірінің шығармашылық ізденістеріне зор демеу болды.\nСараның сақталған хаттарынан Энниге деген шынайы сезімі мен шексіз сағынышын байқауға болады. Сол дәуірдің түсінігі бойынша, бұл қарым-қатынас қоғам үшін мінсіз достықтың үлгісі ретінде көрінді. Бұл жұп – әйел затының ер адамға тәуелді болмай-ақ, интеллектуалдық және рухани тұрғыдан толыққанды бақытты өмір сүре алатынын паш еткен еркін ойлы арулардың символына айналды.\nДжейн Аддамс және Мэри Розе Смит: Нобель сыйлығының лауреаты мен филантроптың 40 жылдық одағы\nДжейн Аддамс әлемге әлеуметтік жұмыстың негізін қалаушы және бейбітшілік жолындағы күрескер, Нобель сыйлығының иегері ретінде танылса, Мэри Розе Смит оның өміріндегі ең жақын адамы әрі сенімді серігі болды. Олардың бірлескен ғұмыры бірнеше онжылдыққа созылған ажырамас одаққа айналды.\nОлардың қарым-қатынасы ортақ тұрмыспен ғана емес, ортақ мақсатпен де берік еді. Филантроп Мэри Розе Смит Джейннің қоғамдық жобаларына, соның ішінде мұқтаж жандарға көмек көрсететін орталықтардың жұмысына барынша қолдау көрсетіп, қаржылай және моральдық демеу болды.\nДжейн өз хаттарында Мэриді өмірінің мәні мен басты тірегі деп атап, олардың арасындағы байланыстың тереңдігін \"үйленген\" жандардың сезімімен теңестірген. Олардың одағы сол кездегі қоғамда өзара сыйластық пен адалдықтың үлгісі ретінде қабылданды. Бұл жұптың тарихы – екі әйелдің бірігіп ұлы істер атқара алатынын және бір-біріне рухани сүйеніш бола отырып, әлемді жақсартуға үлес қоса алатынын дәлелдеген маңызды шежіре.\nЭлеонора Рузвельт және Лорена Хикок: АҚШ-тың бірінші ханымы мен журналистің 30 жылдық терең эмоционалдық байланысы\nАҚШ-тың бірінші ханымы Элеонора Рузвельт пен танымал журналист Лорена Хикоктың арасындағы байланыс тарихтағы ең көп талқыланатын әрі әсерлі одақтардың бірі болып қала бермек. Олардың достығы мен рухани серіктестігі бірнеше онжылдыққа созылған, уақыт пен қашықтық сынынан өткен берік қарым-қатынасқа айналды.\nОлардың бір-біріне жазған мыңдаған хатында тек саяси жаңалықтар мен қоғамдық мәселелер емес, ең алдымен екі адамның арасындағы терең эмоционалдық жақындық пен бір-біріне деген аңсау сезімі жатыр. Лорена Элеонора үшін тек жақын құрбы ғана емес, сонымен бірге оның қоғамдық белсенділігіне бағыт-бағдар беріп, қиын сәттерде сүйеніш болған сенімді кеңесшісі еді.\nОлардың одағы биліктің жоғары сатысында жүрген әйелдің де жан дүниесін түсінетін, оның идеяларын қолдайтын және оған абсолютті қауіпсіздік сыйлайтын адал серікке мұқтаж екенін көрсетті. Бұл қарым-қатынас сол заманның қатаң қағидаларына қарамастан, екі әйелдің арасындағы зияткерлік және рухани бірліктің биік үлгісі болды. Бұл жұптың тарихы – әлемдік деңгейдегі саяси тұлғаның жеке өміріндегі бақыты мен тыныштығын осындай \"Бостондық\" үлгідегі серіктестіктен тапқанының айқын дәлелі.\nПсихоаналитик Жанар Оспан \"Бостон некесінің\" оң тұстарын атай келе оныңер адам қатыгездігінен қорғанудың тәсіліболуы мүмкін екенін айтады.\n\"Психоанализ тұрғысынан қарағанда, \"Бостон некесі\" – бұл ең алдымен эмоционалдық қауіпсіздікке деген терең сұраныстан туған әлеуметтік құрылым. Заманауи әлемде бұл форматты таңдаған әйелдер көбіне дәстүрлі патриархалдық некедегі иерархия мен эмоционалдық еңбек дисбалансынан шаршағандықтан, либидинальды энергияны өзін-өзі дамыту мен мансапқа жұмсауды жөн көреді. Әйел психологиясының табиғаты эмпатиялық резонансқа бейім болғандықтан, мұндай одақтарда стресс деңгейі төмендеп, тұрмыстық міндеттерді тең бөлу арқылы тұлғаның ішкі ресурстары үнемделеді. Дегенмен, бұл құбылыстың екінші жағы да бар: серіктестердің бір-біріне эмоционалдық тұрғыдан тым қатты тәуелді болып қалуы, яғни \"симбиозға\" түсуі жеке шекаралардың жойылуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, кей жағдайларда мұндай қарым-қатынас ер адамдармен болған жарақаттық тәжірибеге берілген психологиялық қорғаныс реакциясы немесе \"қашу\" механизмі болуы ықтимал. Сондықтан Бостон некесін саналы түрде таңдалған жайлылық аймағы ретінде де, тұлғалық \"Меннің\" сыртқы қысымнан қорғану тәсілі ретінде де қарастыруға болады\", – деді психоаналитик Жанар Оспан.\nThreads желісінде де бұл тақырып қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар өзінің осындай некедегі тәжірибесі туралы сөз қозғады.\n\"Бостон некесі шынымен жұмыс істейді. Міне, үш ай болды, мен бір әйелмен бостон некесі қағидаты бойынша бірге тұрып жатырмын. Біз күн тәртібімізді бір-бірімізге ыңғайлы етіп реттеп алдық, міндеттерді өзара бөлдік, бюджетімізді ажыраттық (50/50 емес, әркімнің өз ақшасы өзінде), тіпті үйдегі жеке аймақтарымызды да белгілеп алдық. Қазір менің өмірімде толықтай тыныш, сыйластыққа негізделген одақ орнады: мұнда жеке шекаралар сақталады, уағдаластықтар құрметтеледі және абсолютті қауіпсіздік сезімі бар\".\n\"Бостон некесінде тұрып жатырмын. Ол – студент, ал мен – жалғызбасты анамын. Шығындардың басым бөлігі менің мойнымда, төрт жерде жұмыс істеймін. Өте қатты шаршаймын. Ол тегін тұрады, өзінің жеке бөлмесі бар, баспана, коммуналдық қызметтер мен азық-түліктің бәрін мен төлеймін. Ал оның міндеті – үй шаруасына көмектесу және балаға қарау... Бірде... кіреберістің өзінен-ақ дәмді бәліштің иісі сезілді... Сөйтсем, оны сол қыз пісіріпті. Мұны көріп, жылап жібере жаздадым...\".\n\"Екі тамаша арумен бірге Бостон некесінде тұрып жатырмын. Бізде үлкен 4 бөлмелі пәтер және бірге асырап жатқан екі итіміз бар... Үйде нағыз береке орнаған. Қазір мен өз блогыма және жеке дамуыма көңіл бөлдім. Үйде әрқашан жайлылық пен қолдау сезіледі; құрбыларым маған сенеді, демеу болады...\".\nДегенмен, бұл құбылысты түсінбейтіндер де бар.amelisse_amelisseесімді қолданушы былай дейді:\n\"Бұл не деген түсініксіз \"бостон некесі\"??? Ол – ересек әйел ғой! \"Апалы-сіңлілі махаббат\" пен сыйластық туралы мынау не сандырақ? Жалпы, Бостон некесі деген не нәрсе өзі? Кешіріңіздер, бірақ мен мұны шынымен түсіне алар емеспін\".\nТүйіндей келгенде, Бостон некесі біреулер үшін жайлылық пен қолдаудың көзі болса, енді екіншілер үшін дәстүрлі түсінікке сыймайтын жаңа формат болып отыр."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/3-million-adamnyn-omirin-qigan-asarsylyq-tyn-derekter-men-estelikter", "title": "3 миллион адамның өмірін қиған ашаршылық: тың деректер мен естеліктер", "text": "31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн қазақ халқы үшін ауыр тарихтың бір парағы, ХХ ғасырдағы аштық пен қуғын-сүргіннің зұлматын еске салады. Осы кезеңде миллиондаған адам көз жұмып, қазақтың дәстүрлі өмірі мен мәдениеті үлкен соққыға ұшырады. Informburo.kz ашаршылықтың себебі, салдары және халықтың осы қиын-қыстау замандағы күресі туралы шынайы деректерге шолу жасап, шынайы естеліктерді ұсынады.\n1920-жылдардың соңында Кеңес үкіметі елді жаппай ұжымдастыру саясатын бастады. Бұл саясат ауыл шаруашылығын социалистік жүйеге бейімдеу, жекеменшікті жою, халықты колхоз-совхоздарға біріктіруді көздеді. Бірақ қазақ даласында бұл реформа зорлықпен, репрессиямен іске асырылды.\nКөшпелі қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салты мен экономикасы жойылды. Қазақтардың негізгі кәсібі – мал бағу еді. Ұжымдастыру кезінде бай-құлақтар тап ретінде жойылды, малын тартып алды. Халықты отырықшыландыру мақсатында көшпелі өмір салты бұзылды.\n1930–1932 жылдары орталықтан (Кремльден) Қазақстанға астық пен ет өткізу жөнінде шектен тыс жоспарлар жіберілді. Бұл жоспарлар тым ауыр болды, ал оны орындамағандар \"бай\", \"кулак\", \"халық жауы\" ретінде қуғындалды. Халық өзіне азық қалдырмай, барлығын мемлекетке өткізуге мәжбүр болды.\nКеңес дәуірінде Қазақстан үш жойқын ашаршылықты бастан кешірді:\n1917-1919 жылдардағы ашаршылық.1918 жылдан бастап Қазақстанда шығарылған \"Наша газета\" газетінің 1918 жылғы 13 тамыздағы нөмірінде: \"Сыр аймағында басталған аштық пен індеттің халықты қырып, қаусатып тастағанын сол кездердегі тарихи деректерден көреміз. Бір ғана 1918 жылдың өзінде \"Түркістан халқын­ың 30 пайызы аштықтан қырылған\" деп жазылған.\nЕкіншісі – 1921-1922 жылдары болған ашаршылық.Құрғақшылықтан мал қырылып, қазақтар жиі қоныстанған облыстар тағы ашаршылыққа ұрынды. Ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша, осы жылдардағы аштықтан 1 млн 700 мың адам қайтыс болған.\nМемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Сейітқали Дүйсеннің мәліметінше, 2 млн 300 мыңнан астам адам аштыққа ұшырап, 1 млн шамасында аштық пен аурудан қайтыс болды. Егер 1920 жылы республика аумағында 4 млн 781 мың адам өмір сүрсе, ал 1922 жылы тек 3 млн 796 мың адам қалды. Әсіресе, бірнеше жылға созылған егін шықпаған республиканың батыс және оңтүстік-батыс өңірлері зардап шекті.\n1931-1933 жылдардағы ашаршылық– ең ауыр әрі ауқымды қасірет болды. Бұл кезеңде шамамен 1,5-3 млн қазақ аштықтан қырылды.\nДемограф-ғалым Мақаш Тәтімовтің есептеуінше, 1931–1933 жылдардағы ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5 млн адамның, соның ішінде 2,3 млн қазақтың және 200 мың келімсектің қайтыс болғаны анықталды. Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10 пайызға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52-53 пайыздан асып кеткен.\n1928 жылы Қазақстанда 40 миллионнан астам мал болса, 1932 жылы бұл көрсеткіш 4,5 миллионға дейін қысқарды. Қазақ үшін мал – тіршілік көзі, азығы, киімі, баспанасы мен көлігі еді.\nАшаршылық жылдарында қазақ халқы малымен бірге дәстүрлі шаруашылық құрылымынан, баспанасынан, тіршілік құралдарынан түгел айырылды. Бұл тек экономикалық күйреу емес, мәдени және әлеуметтік апат болды. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан мал шаруашылығы мен көшпелі өмір салты зорлықпен жойылды.\n1930-1933 жылдардағы ашаршылық жылдары қазақ халқы жаппай аштық пен қуғын-сүргінге ұшырағанымен, бұл кезеңде үнсіз көнген жоқ. Ел ішінде түрлі қарсылықтар мен көтерілістер болды. Бұл қарсылықтар көбіне ұжымдастыруға, малды тартып алуға, байларды тәркілеуге, азық-түлікті зорлықпен жинауға қарсыбағытталды.\nОсы жылдар аралығында Қазақстанда 372 шаруалар көтерілісі болды. Бұл көтерілістерге 80 мыңға жуық адам қатысқан.Қозғалыстар көбіне стихиялық сипатта болса да, жергілікті билікке қарсы ұйымдасқан түрде шыққан жағдайлар да кездесті. Ең ірі қарсылық ошақтары Созақ, Шемонайха, Қазалы, Маңғыстау сынды өңірлерде өтті. Бірақ бұл көтерілістер қатыгездікпен басылып, мыңдаған адам сотталып, жүздегені атылды.\n1931 жылдың күзінен бастап шектес республикалардың аумағына ашыққан қазақ халқының легі ағыла бастады. Кейбір зерттеушілердің есептеулері бойынша 1 миллионға жуық қазақ Қытай, Ауғанстан, Түркия, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресейдің басқа өңірлеріне босып кетті. Жаппай қоныс аудару ұжымдық наразылық пен қазақтардың колхоздар құру саясатына қарсы тұру нысандарының бірі болды, екінші жағынан, аштықтан құтылудың жалғыз дұрыс жолы болды.\nЕл ішіндегі жұрт аштық пен репрессиядан аман қалу үшін жан сақтау жолдарын іздеді. Көптеген ауыл тұрғындары қалалар мен теміржол бекеттеріне ағылды. Алайда қалада да жағдай жақсармады: аштық, ауру, үйсіздік жұртты қынадай қырды.\nАзық таппаған жұрт жабайы шөп, жусан, ағаш қабығы мен жапырақ жеп, кей жағдайда жәндіктер мен тышқан, ит етін де жеуге мәжбүр болды. Каннибализм деректері де тіркелді.\nАмерикалық тарихшы Сара Кэмерон \"Аштық жайлаған дала\" кітабында: \"Шу ауданында ашыққандарды тамақтандыратын жерде Дәнежан деген шенеунік бір босқынның өліп бара жатқан адамның қарнын жарып жіберіп, бауырын суырып алып, оны екінші адамға бергенін және де ол адамның бауырды шикідей жеп қойғанын есіне алады\", деп жазады.\nАман қалу үшін кей ата-ана баласын балалар үйіне өткізді.\nҚазақ даласында болған ашаршылыққа тарихи баға беру мәселесі – тәуелсіздік алғаннан кейін ғана кеңінен қарастырыла бастаған ауыр әрі күрделі тақырып. Ашаршылықтың себебі мен салдары, оның қолдан ұйымдастырылғаны, қазақ халқының ұлттық апатқа душар болғаны туралы шынайы пікірлер айтыла бастады.\nКей тарихшылар ашаршылықты тоталитарлық жүйенің салдары, сталиндік саясаттың қателігі, жоспарлы зорлық-зомбылықтың нәтижесі ретінде бағалайды. Кейбір зерттеушілер мен қоғам белсенділері 1931-1933 жылдардағы ашаршылықты қазақ халқына қарсы бағытталған геноцид деп ресми түрде мойындауды ұсынады.\nҰлы Отан соғысы және Еңбек ардагері – Жолдас Жолмұханұлы Байсейітов тің өмір жолы жайлы жазбаларынан үзінді:\nМен, Байсейітов Жолдас Жолмұқанұлы 1917 жылы наурыз айында Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Амангелді совхозында дүниеге келдім. Қаракөл орта мектебінің директоры Махамбетов Ғабдолла менің үлкен шешемнің інісі, яғни нағашым болатын. Сол үйде жатып 6 класс бітірдім. Ауылда ашаршылық, тамақ жоқ, бұл 1931–1932 жылдары еді, сондықтан әрі қарай оқи алмадым. Елдің көпшілігі Мақат, Доссор, Жайық бойына қарай қаңғып кетті. Әкем өлсе де, шешем бар, ішер асымыз болғандықтан, екі інім, бір қарындасымды ертіп, бесеуіміз жаяу Жайық бойына кеттік. Жолда бір інім және қарындасым аштықтан әлсіреп жүре алмады, оларды бір моланың қасына тастап кеттік. Шешем інім екеуімізді біресе арқалап, біресе жетелеп, нағашым Мысқалғаға жеткізді. Нағашымыз екеуіміз арбамен інім мен қарындасым қалған жерге келдік. Келсек, қарындасымның кеудесінде жаны бар екен, інім өліп кетіпті. Оны шұңқыр қазып көмдік. Нағашымыздың арқасында шешем, қалған бір інім, қарындасым төртеуіміз аштықтың зардабынан өлмей, аман қалдық. Бұл 1933-ші жыл еді.\nАтам екі ағайынды болыпты. Рақымбай, сосын Рақым … (інісінің толық есімі есінде жоқ). Өзі 7 жаста, бауыры 5-ке толған жылы, бөлшекбектер – әкесінің бүкіл малын тартып ап, өзін атып тастаған. Ауылдағы ағайын, бәлесінен аулақ деп, қос жетімді асыраудан қорыққан. Сол оқиғадан көп өтпей, алыс-жақын ауылдардың баршасын алапат ашаршылық жайлапты. Жаман болыпты! Адам жеу көбейіп кетіпті. Ұйықтап жатқан кісі болса, бауыздап, бүйрегін, сан етін жеп кетеді екен. 7 жасар атам, інісі екеуі, үй ішінде ұйықтаудан қорқып, сабан шатырға шығып, сонда көз шырымын алып жүріпті: \"Сатымен шығамыз, сосын сатыны көтеріп аламыз ғо, сол кезде ешкім тиіспейді, тыныш жатамыз. Түн ортасында күбірлеген дауыстарды естиміз. Шөп ішіне тығыла түсеміз\", – дейді. Бір күні, сатыны көтеруді ұмытып кетіпті… Әлгі күбірлектер тағы да келген. Сатымен көтерілген. \"Сосын шөпті айырмен шұқылай бастады. Үшкір темір, кіріп етіп көзімнің астына қадалды. Үн шығармадым. Ақырын істікті саусағыммен ұстап тұрдым. Темірді қайта суырып алғанда, қанымды сүртіп үлгердім. Байқаған жоқ. Сосын тағы да шөпті пішкілеп жатты. Бір уақытта, інім баж ете қалды. Жанды жеріне кіріп кетсе керек. Анау бәлеқор пішен арасын апыл-ғұпыл арышыды да, бес жасар бауырымды жұлып көтеріп, тау жаққа қарай жүгірді. Артынан шұбыра жүгіргендердің тарсылын естіп жаттым\". 7 жасымда атамның алдында отырып, оң көзі неге жасаурай беретінін сұрағанымда осылай деп еді. Өзін ақтайды, сосын өз-өзінен жерініп, кінәлайды. Ақтайтыны – \"7 жасар баламын ғой, не істей алар ем\", – дейді. Кінәлайтыны – \"Сатыны көтеруді ұмытып кеттім\", – деп өкінеді. \"Ашаршылық әркімнің үйін осылай істікпен шұқылады ғой\", деп еді.\nБұл жердің атауы – Ақтасты бұлақ. Қарағанды облысында, Жезқазғаннан Жезді кентіне барар жолдың бойында орналасқан, Жездіге 4-5 шақырымдай жерде. 1932 жылғы алапат аштық кезінде Батпаққарадан босқан бір топ адам осы бұлақтың басында көз жұмған екен. Оқиға былай болған: Осы маңнан атпен өтіп бара жатқан жақын маңдағы бір ауылдың адамы жүруге шамасы жоқ, құр сүлдері қалған аш-жалаңаш тобырдың қол бұлғап шақырғанын көреді. Атты жақындай бергенде, ішіндегі ең әлдісі делініп жүрген біреуі орнынан тұрып, селт етіп атқа ұмтылады. Алайда, бірнеше күн бойы ас ішпеген адамның әлсіз денесінде қайдан қуат болсын... Көздері қарауытып, жанталасып жатқан жандардың атты сойып алмақ болған үміті жүзеге аспай қалады. Жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінген аттылы адам ауылға асығыс шабады. Бірақ, ол қайтып оралғанша, ішінде бала-шағасы бар отыз шақты адамның жүрегі үзіліп, түгелдей қырылып қалған екен. Кейін жергілікті халық олардың сүйектерін жер қойнына тапсырып, ақсақалдардың бастамасымен бейітті қоршап, белгі қойған. Аштықтың азалы бір шежіресі – міне, осындай.\nЕстеліктер Сағат Жүсіптің \"Ашаршылық ақиқаты\"кітабынаналынды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/azyrasu-trend-pe-sesim-be-dariga-badyqova-men-tursynbek-qabatov-keisi-neni-korsetti", "title": "Ажырасу – тренд пе, шешім бе? Дариға Бадықова мен Тұрсынбек Қабатов кейсі нені көрсетті", "text": "Кейінгі уақытта шоу-бизнес өкілдері сұхбат беріп, ажырасқанын мәлімдей бастады. Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев ажырасқаннан кейін сұхбат беріп, не үшін бөлек кеткендерін айтса, жақында әнші, продюсер Мөлдір Мұқанова сұхбатында әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екеуі шынымен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Екі сұхбат та әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Танымал адамдардың жеке өмірі Қазақстандағы ажырасу мәдениеті мен отбасы институтының қазіргі жағдайы қандай деген талқыға түрткі болды.\nҰлттық статистика бюросының дерегінше, 2020 жылы елде 48 мыңнан астам неке бұзылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40 мыңның асқан. Яғни соңғы бес жылда ажырасу деңгейі шамамен 10 пайызға төмендеген. Алайда, мұны жақсы көрсеткіш деуге келмейді. Себебі, ата-анасы екі жаққа кеткен балалар толық емес отбасыда тәрбиеленеді. Жалғызбасты аналардың үлесі артып келеді. Ал алимент төлеуден қашып жүрген әкелер қаншама.\nОсы орайда Информбюро тілшісі ресми статистикаға көз жүгіртіп, ажырасуға әсер ететін факторларды сараптап көрді.\nНекелесу саны артқан сайын, ажырасу саны да көбейетіні түсінікті. 2000-2019 жылдар аралығында ажырасулар саны екі есеге артып, 2000 жылы 27 391 жағдайдан 2019 жылы 59 796-ға дейін жетті. Одан кейінгі жылдары қайтадан төмендей бастады:\n2024 жылы 123,6 мың неке тіркелсе, 40,5 мың жұп ажырасқан. Қалалық жерлерде 30,1 мың (74,4%), ауылдық жерлерде 10,4 мың (25,6%) ажырасу фактісі тіркелген. ШҚО, Қарағанды және Павлодар облыстарында ажырасу деңгейі жоғары. Ажырасудың ең төменгі деңгейі – Түркістан облысында. Оңтүстік және батыс өңірлерде дәстүрді сақтау және отбасы құндылықтарын қорғау әрқашан басымдықта болғандықтан, ажырасу коэффициенті де төмен.\nҰлттық статистика бюросының дерегінше, көбінесе отасқандарына төрт жыл болмаған отбасылар ажырасады. Ал былтыр бір жыл болмай ажырасқандардың үлесі 8% құраған. Некелесу жылдары бойынша:\n2024 жылы жарияланған \"Қазақстан отбасылары\" ұлттық баяндамасы деректеріне сәйкес, ажырасқандардың орташа статистикалық мінез-құлық үлгісі мынадай: ерлі-зайыптылар, 25-29 жастағы еркек пен 20-24 жастағы әйел неке құрып, 30-34 жасқа келгенде ажырасқан.\n25-29 жас аралығындағы әйелдер арасындағы ажырасулардың үлесі ерлерге қарағанда жоғары (12,1% және 18,1%). Бұл өте қисынды, себебі осы кезеңде көбінесе ерте отбасы құрғандар ажырасу туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар ерлер арасындағы ажырасулардың үлесі үнемі әйелдерге қарағанда жоғары болады. Орта білімі бар әйелдерге қарағанда жоғары білімі бар әйелдер көбірек ажырасады. Ерлер арасында мұндай ерекшелік байқалмайды.\n\"Астана мен Алматы қалаларында ажырасу деңгейі жоғары білімді тұрғындар арасында орта білімділерге қарағанда жоғары. Мұның бір себебі әлеуметтік нормалардың өзгеруі болуы мүмкін. Заманауи мегаполистер жағдайында ерлі-зайыптылар жараспаса ажырасуды дұрыс деп шешеді. Жоғары білімді адамдар шешімін саралап, өз-өзін дамытуға, өз қабілетін іске асыруға ұмтылады және жолдасымен қарым-қатынасы бақыт әкелмейтінін мойындаудан қорықпайды\", – делінген баяндамада.\nБұл сұраққа нақты жауап жоқ. Десе де мамандар ажырасу себептері деп қаржылық қиындықты, бала тәрбиесіндегі келіспеушіліктерді, зиянды әдеттер және ата-ана мен туыстарының араласуын, тәуелділік, опасыздық, зорлық-зомбылық, баланың болмауын, құндылықтардың сәйкес келмеуін атап көрсетеді.\nСарапшылардың пікірінше, бір отбасының ішінде құндылықтардың қайшылығы түсініспеушіліктен дау-жанжалға ұласып, арты ажырасуға әкелуі мүмкін. Құндылықтары ұқсас болғанына қарамастан неке туралы түсінік, балаларды тәрбиелеу, жұмыс, дін немесе қаржы мәселелері түрткі болуы мүмкін.\nЭкономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Шынар Төлешованыңсөзінше, ажырасу – қоғамның барлық салаларына әсер ететін әлеуметтік-демографиялық процесс.\n\"Қалалық жерлерде ажырасу деңгейі ауылдық жерлермен салыстырғанда жоғары. Негізгі факторлар деп мәдени айырмашылықтар мен халықтың этникалық құрылымын айтамыз. Статистика көрсеткендей, көп жұп некелескеннен кейінгі тоғыз жылда ажырасып жатады және бұл үрдіс үдей түседі. Ажырасумен аяқталатын некелер саны артып келеді. 2020 жылы тіркелген 100 некенің 1,8-і ажырасумен аяқталса, 2024 жылы мұндай некелердің үлесі 2,7%-ға дейін өсті. Сарапшылар мен психологтар ажырасуға көп нәрсе себеп дейді. АХАЖ мәліметінше, көп жұп некені бұзу себебі ретінде \"мінезіміз келмеді\" дегенді көрсетеді. Бұл сөздің астарында тұрмыстық және материалдық келіспеушіліктер, бала тәрбиесі туралы көзқарастардың сәйкес келмеуі, ымыраға келе алмау, баланың болмауы жатуы мүмкін. Маскүнемдік, нашақорлық, құмар ойын ойнау секілді тәуелділік, опасыздық жасау, зорлық-зомбылық та ажырасудың негізгі себептері болып отыр\", – дейді Шынар Төлешова.\nПсихолог Гүлжан Қалиқызыныңайтуынша, ажырасуды отбасы институты мен қоғамның әлсіреуі мәселесі деп емес, жаһандану заманында шетелден келіп жатқан әртүрлі ағымдардың арқасында басқа ойлардың пайда болуына байланысты психологиялық жетілу мен өзгеру процесінің белгілері деп қарастырған дұрыс.\n\"Бұрын адамдар \"шыдау керек\" деген ұстаныммен өмір сүріп келсе, қазір керісінше, эгоцентризм пайда болып жатыр. Адам өз сезімін, өз арман-тілегін, өз-өзін тануға көп қадам жасап жатыр. Біреуде агрессивті түрде, ал біреуде қалыпты өтіп жатыр. Біреулер өзгерістерге ілесіп, отбасын сақтап қалып жатса, кейбіреулер өзгерістерге қатты ұшырамай, оны қолданбайды. Әйелдің өзін таңдауын эгоизм деп емес, өз-өзін субъект ретінде тануға ұмтылыс деп қарастырған жөн. Адамның өз өміріне иелік ету актісі деп қарастырған дұрыс. Ер адамдар да өзгеріспен, өз эмоциясымен, уайымымен бетпе-бет келіп жатыр. Қоғам ретінде жауапкершіліктің жаңа моделін қарастырып жатырмыз. Бірақ ол – үлкен де ұзақ процесс. Қоғам үшін бұл – баяғы \"ұят\" мәдениетінен \"сана\" мәдениетіне өту кезеңі. Ауыр, қиын, түсініксіз, қорқынышты, бірақ дамуға алып бара жатқан процесс. Қалыпты ойлардан өзгеше, басқаша жаңа құбылыстар адамның ішкі жан дүниесінде үрей, қорқыныш туғызады. Оны біз басып тастағымыз келеді, естігіміз келмейді. Бірақ бұл – процесс. Сондықтан ажырасуды проблема ретінде емес, симптом ретінде қарастырамыз. Ал ажырасуда тек әйелді кінәлау – патриархалды қоғамның, ұят мәдениетінің көрінісі\", – деді психоаналитик.\nГүлжан Қалиқызы ажырасуды психоанализ тұрғысынан әлеуметтік құбылыс қана емес, ол адамның ішкі психикасындағы терең өзгерістердің белгілері деп атады. Адамның  нәресте кезінен сіңіріп келген бұрынғы және қазіргі құндылықтар жүйесі адамның ішкі қажетіне сай келмей қалған кезде \"ұят болады\", \"бұлай істеуге болмайды\" дейтін адамның суперэгосы мен өмірге, еркіндікке, қуанышқа деген бейсаналық ұмтылыстың арасында қақтығыс болады. Адам \"заң бұзайын ба, әлде мен өзімді таңдап, өз қалауыммен жүрейін бе?\" дегенде ажырасу ішкі азаттықтың әрекетіне айналады.\n\"Бұл – өте ауыр процесс, оңай процесс деп айту қиын. Бірақ кейбір адамдарға шынайы өмір бастау үшін қажет қадамдардың бірі болуы мүмкін, өйткені адамдар ішкі бейсанадағы образдарды іздеу арқылы бір-біріне қосылады. Бірақ адамдар да, қоғам да, білім де бір орында тұрмайды. Әрдайым өзгеріске ұшырап отырған кезде оған қаншалықты бейімделе аламыз? Отбасымызға, ішкі жан дүниемізге жаңалықтарды қаншалықты алып келе аламыз? Жұп ретінде бір-бірімізді түсіне аламыз ба? Біреуі бір орында қалып, екіншісі өзерген кезде арада түсініспеушілік пайда болады. \"Ұят\" санайтындар да, керісінше, өзгеруге ұмтылатын отбасылар да бар. Ары қарай бірге бола алмайтынын түсінгендер ажырасуды мәселенің шешім деп қарайды. Сонда әйел қоғамның \"ұят болады\", \"шыдау керек\" деген тілектерін көтеріп жүретін құты болудан бас тартып, басқаша болуды таңдайды\", – деді Гүлжан Қалиқызы.\nПатриархалды мәдениетте әйел көп жағдайда өз қалауларын тұншықтырып, өзгенікін алдыңғы қатарға қояды. Ал қазір өзіне субъект ретінде қарауға, өз қалауын, өмірін сезінуге ұмтылып отыр. Ақпарат ағынының әсері де жоқ емес. Басқаларды көргенде сұрақ туындап, әйелдерде ішкі өзгерістер пайда болады. Ал қоғамда бұл наразылық, қарсылық тудырады, өйткені өзін таңдаған әйел бұрынғы тәртіпті бұзып, енді бәрін тек ер адам шешпей, әйел де өз орнын иелене бастайды. Ғасырлар бойы әйелдің үні басылып келсе, міне, енді әйелдер құқығы, сезімдері, қалаулары барын айта бастады. \"Әйелдің эгоистігі, эгоизмі\" деген құбылыстар қазіргі психоанализде, қазіргі өмірде өз тілектеріне, өз қалауларына қайтару яғни жеке субъект болу процесі ретіде қарастырылып жатыр.\n\"Ал ер адамның жарақаты, биліктен айырылу қорқынышы бар, себебі ер адамдардың ішкі дағдарыста болып жатқаны кезеңі. Ер адамдар бұрынғыдай бәрін шешетін әке рөлінен айырылып жатыр, бұл олар үшін өте қорқынышты нәрсе. Қорқыныш бар жерде агрессия, әйелді төмендету реакциясы автоматты түрде шығады. Қазіргі қоғам ерлерге жаңа модель ұсынып отырған жоқ. Әйел адам ер адам ретіндегі орталық рөлді алып қойса, онда қазіргі замандағы ұғымдарға сай сенің рөлің қандай болуы керек: тепе-теңдік пе, әлде біреу төмендеп, біреуі жоғарылауы керек пе? Қай жерден баланс табамыз? Негізі тепе-теңдік ұстау, жауапкершілікті бөліп алу деген секілді модельдер бар. Бірақ олар бізге енді-енді келіп жатыр. Ер адамның билікті бақылауда ұстауға тырысуы шын мәнінде өзін іштей қажетсіз сезінуден, әлсіз болудан қорғап қалуы дейміз. Ер адамның әйелді кінәлауы – ішкі әлсіздігін сыртқа проекциялауы\", – деді психолог.\nГүлжан Қалиқызы қоғамда бейсаналылық ұжымдық өзгеріс болып жатқанын, \"ұяттан\" \"санаға\" өту, басқаша модель құрастыру, қазақ қоғамы мәдени кодтың ауысу кезеңінде тұрғанын айтып отыр. Бұрын мінез-құлықты \"ұят\", \"елдің сөзі\" реттеп отырса, қазір сана мен жауапкершілік алға шықты. Ұят адамды заңдылықтан шығармай ұстап тұрса, ал сана – өзгеріс пен дамудың басқаша жолы. Сондықтан қоғамда ажырасу, зорлықты ашық айту, жеке шекара туралы әңгімелер айтылса, ол қоғамның психологиялық өзгеруінің белгілері.\n\"Әлеуметтік желілердегі ажырасу кейстері ұжымдық терапия сынды, өйткені адам өзі істей алмағанды басқа жақтан алады. Кино көрген кезде не оқиғаларды естігенде жан дүниемізде шешілмеген сұрақтарға реакция береміз. Сұхбаттардың белсенді талқылануы – біреудің өміріне қызығушылық емес, жан жарақатымызды ұжымдық өңдеу процесі. Біз сол арқылы өзімнің де ішкі жан дүниемді реттеп отырамыз. Осылайша қоғам зорлық, жеке шекара, әйелдердің таңдауы, бұрын ұят саналған тақырыптарды ашық айта бастайды. \"Шыда\" мәдениетінен \"сана\" мәдениетіне көшу кезеңі, яғни аман қалу күйінен саналы өмірге өту. Ұят та, кінә сезімі де, агрессия да барлығы өз нормасында болуы қажет. Десе де \"ажырасу ұят\", \"балалар өскенше шыдау керек\" дегеннен саналы өмірге өту керек. Қазақ қоғамы дәл қазір өтпелі кезеңде тұр. Әр қоғам өз кодын сақтап, өзгерістерді менталитетіне, салт-дәстүріне, мәдениетіне сай бейімдеуі керек. Өз-өзін құрметтеу мәдениеті қатар келіп жатыр. Ажырасқан әйел саналы шешім қабылдаған тұлға ретінде көрініп, ал ер адам жәбірленуші емес, өз таңдауы мен ісінің салдарын мойындауға тиіс. Ер адам эмоциялық интеллектін дамытуы керек\", – деді Гүлжан Қалиқызы.\nПсихоаналитиктің сөзінше, әйелдің шыдауы – ерлік емес, жүйенің қысымы. Әйелдер бала үшін шыдайды, қоғамның пікірінен қорқады, қаржылай тәуелсіз емес, өз-өзіне деген махаббаты аз, өзін бағаламайды. Ұзақ уақыт бойы шыдап келген әйел ақыр соңында сеңді бұзып, өз қалауын істеуге бел буады. Сондықтан әйел ажырасамын деп шешкенде ер адам ауыр сезімін мойындаса, бұл отбасының күйреуі емес, керісінше, жаңа жетілген жақындықтың бастауына айналады дейді маман.\nАжырасқалы жүрген отбасыларға психолог көмегі қажет, өйткені ажырасу тек құқықтық процесс қана емес, ол – психологиялық үлкен өтпелдің кезеңі. Жақсы маман ажырасуды мәселенің шешімі деп қарастырмай, не болғанын, мұндай ойға не әсер еткенін, қай кезде қарым-қатынасқа сызат түскенін талқылайды. Психолог көмегін алған соң отбасын сақтап қалатындар да, ажырасу процесін барынша жарақатсыз өткізетіндер де бар.\n\"Бұрын психологтардың жұмысын ауылдың дана қариялары атқаратын. Қазір ондай адам аз. Әрине, ажырасуды ойға алған жұптарға психолог көмегі қажет. Ең алдымен эмоцияны дайындау керек, қаржылық тұрақтылық керек. Балалармен сөйлескен жөн. Мұндай шешімге келсеңіз кімнен қолдау күте алатыныңызды ойлаңыз. Ажыраспас бұрын бәрін жасап көрдіңіз бе, көмек сұрадыңыз ба, ерлі-зайыпты ретінде сөйлесуге мүмкіндік болды ма, ашумен шешім шығарған жоқсыз ба, бұл шешім өзіңізге және өзгелерге қалай әсер етуі мүмкін, ажырасқан соң өзіңізді кім ретінде көресіз деген сұрақтарға жауап беріңіз. Әр мәселені шешуге болады. Ол үшін көп уақыт керек. Асықпай саналы түрде шешім қабылдағанда бір-бірін кінәлау, зорлық-зомбылық көрсету азаяды. Біреулер ажырасуды дұрыс көрсе, енді бірінің қарым-қатынасы беки түседі. Отбасын құру оңай емес. Ешқандай формула жоқ, оны әр отбасы бірге құрастыра алады\", – деп қорытындылады психолог."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/panfilov-audanyndagy-qorgas-sygys-qaqpasy-qalai-damyp-zatyr-fotoreportaz", "title": "Жетісуда бизнес шекаралық аудандардың дамуына қалай көмектесіп жатыр? Фоторепортаж", "text": "Жетісу облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы \"Қорғас – Шығыс қақпасы\" арнайы экономикалық аймағында бүгінге дейін 28 жоба пайдалануға берілді. Тағы 40-тан астам жоба іске асырылып жатыр. Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 113,3 млрд теңгеден, ал белгіленген жобалардың жиынтық құны 682 млрд теңгеден асады. Аймақта қазірдің өзінде мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған. Болашақта 5 мыңнан асады деп жоспарланған.\nОсы орайда Информбюро тілшісі Панфилов ауданында ұйымдастырылған пресс-тур барысында кәсіпорындарды аралады.\nЖурналистер алдымен \"Қорғас – Шығыс қақпасы\" АЭА инвестициялық жобаларымен танысты. Оның аумағында күн панельдерін, болат бұйымдарын, тоқыма өнімдерін, құрама жем, кофе және басқа да өнімдерді шығаратын кәсіпорындар орналасқан.\n\"Қорғас – Шығыс қақпасында\" MacCoffee 3х1 шай және кофе шығаратын сингапурлықEmpire Manufacturing Kazakhstan ЖШСкомпаниясы 6 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаны іске асырып жатыр. Сол жерде шығарылған өнімдер Қазақстанға ғана емес, Өзбекстанға, Әзербайжанға, Қырғыз Республикасына, Түрікменстанға, Грузияға, Арменияға және Тәжікстанға экспортталады. Кәсіпорын 250 адамды жұмыспен қамтиды.\nГерманияныңSKYHANSA компаниясы\"Қорғас – Шығыс қақпасы\" арнайы экономикалық аймағында халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын салады. Сағатына 200 жолаушыға қызмет етеді. Әуежайда 700 жұмыс орны ашылады.\nАлМайами Solarболса, америкалық технологияны қолдана отырып күн батареяларын өндіруге 1,1260 млрд теңге инвестиция салды. Зауыт құрылысы кезінде және іске қосылғаннан кейін 67 адам жұмыспен қамтылды. Жобаның қуаттылығы жылына 100 Мвт күн панелін өндіруге жетеді. Барлық өнім АҚШ пен Еуроодаққа мүше елдерге экспортталады. Алғашқы өнім легі наурыз айында АҚШ-қа жіберілді. Күн панельдерін өндіруде еуропалық ең озық технологиялар мен жабдықтар қолданылады.\n\"Экспорттық әлеуеті жоғары, ішкі нарықта да сұранысқа ие жоба. Жасыл энергетикаға байланысты болғандықтан бетке ұстар жобамыздың бірі. Жобаның басты мақсаты Америка нарығына шығу болды. Биыл АҚШ стандарттауынан өтіп, экспорттауға рұқстаттама алды. Панельдердің бірінші легі экспортқа аттанды\", – деді \"Қорғас – Шығыс қақпасы\" АЭА бас директорының бірінші орынбасары Әсет Сейсенбек.\nЕркін экономикалық аймақта орналасқан нысанның бірі – жылдық қуаты 60 мың тоннадан асатынSSA Feed Mills ЖШСқұрама жем зауыты. Бір айда мұнда жүгеріден, бидайдан, бидай кебегінен, арпадан, соядан және басқа да жиырмадан астам шикізат түрінен 250 тоннадан астам сапалы өнім шығарылады.\nStandard Steel KZ ЖШСметалл плиткаларын, гофрленген тақтайшалар мен металлосайдинг шығарады. Маңызды жобаны іске асыруға компания 0,27 млрд теңге жеке инвестициясын құйды. Толық қуатқа жеткенде зауыт тәулігіне 10 тонна металл бұйымдарын өндіреді деп жоспарлап отыр.\nENVISION KKCжел энергетикалық құрылымдарды өндіру, электр қуатын жинау және сақтау жүйесі бойынша зауыт салынады. Бұл жобаға 20,6 млрд теңге қарастырылған. Үш жүздей жұмыс орны ашылады деп күтіледі.\nБаспасөз туры барысында журналистер Қазақстан-Қытай шекарасындағы Алтынкөл теміржол станциясына барды. Бұл теміржол магистралі – еліміздің көлік саласының халықаралық маңызы бар орасан зор жобасы, әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы екінші теміржол өткелі. Станция тасымалдау көлемін ұлғайта отырып, Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы мен Орталық Азия елдеріне мыңдаған контейнерлер жібереді. Алтынкөл станциясында 400-ге жуық адам, ал теміржолда 2 мың адам жұмыс істейді. Жылына шекарадан 13,8 млн тонна жүк өткізеді.\nАлтынкөл темір жол станциясында үш терминал бар. Кедендік инспекторлар Қытайдан келген ваогндарды тексерген соң оларды ары қарай жөнелту үшін терминалдарға жібереді. Тексеру барысында контейнер ашылмайды. Қажет кезде ғана мемлекеттік органдардың талабымен ішіндегі жүк тексеріледі. Журналистер жүк тасымалдайтынKTZE-Khorgos Gatewayжұмысымен танысты.\n\"Инвестициялық жобаларымыз бар, құрғақ портты кеңейтіп жатырмыз. Он жолдық теміржол салып жатырмыз. Ол жерде контейнерлерді сұрыптауға, сақтауға, вагондарды жөндеуге болады.  Құрғақ портта күніне 19-20 құрам, жылына 540 мың контейнер қабылдай аламыз. Алтынкөл станциясы контейнерлерді терминалдарға жібереді. Біз оны түсіріп алып, вагонға не жүк көлігіне тиеп жібереміз. Бір құрамда 45-60 контейнер болса, 55 минутта Қытай вагонынан Қазақстан вагонына ауыстыра аламыз. Жүктердің 60 пайызы Еуропаға, Өзбекстанға, Иранға кетеді. Бізде контейнер тұрып қалу деген жоқ. Келген бойда тиеп жібереміз\", – деді KTZE-Khorgos Gateway коммерциялық директоры Муслим Қадыров.\nКелген жүктің 95 пайызы вагондарға тиелсе, қалған бес пайызын жүк көлігімен алып кетеді. 2024 жылы дәл осы терминал арқылы 60 мың көлік өткен екен. Терминал тәулік бойы жұмыс істейді. Мекемеде 420 жұмысшы бар.\nАтап өтсек, бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақта 70 қатысушы тіркелген. Оның ішінде 28 жоба пайдалануға берілді, тағы 40-тан астамы – іске асырылу сатысында. Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 113,3 млрд теңгеден, ал белгіленген жобалардың жиынтық құны 682 млрд теңгеден асады. Аймақта қазірдің өзінде мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды,. Жаңа өндірістер іске қосылғаннан кейін олардың саны 5 мыңнан асады деп күтіледі.\nӨндірілген өнім көлемі 81,6 млрд теңгені, ал түрлі деңгейдегі бюджеттерге түсетін салық түсімдері 9 млрд теңгеден асты.\nЖурналистер 1967 жылы салынған\"Жаркент-Арасан\" шипажайыменде танысты. Кезінде Кеңес Одағындағы отыз шипажай қатарына кірген. Айналасын тау қоршайды. Мұнда емдік радон көзі бар. 2004 жылдан бері күрделі жөндеуден өтіп, жаңа процедуралар қосылып келеді. Бір уақытта 350 адам келіп, ем-шара ала алады. Негізінен радон ванналар, балшық, физиотерапия, урологиялық процедуралар, қосымша тұз шахтасы, массаж, көмірқышқыл газы, қанды лазермен тазалау, массаж, фитобөшке қызметі бар. Терапевт, медбике, массажистер жұмыс істейді. Шипажай аумағында елу орындық заманауи жаңа корпус салынып жатыр.\nТерапевт-дәрігер Жазира Жарқымбайқызы шипажайға ем алушыларды үш жастан бастап қабылдайтынын, буын, тірек-қимыл аппараты жүйесі аурулары, жарық, остеохондроз, протрузия, артроз, жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу жүйесі, эндокринология, урология, тері ауруларын емдеуге келетінін айтты.\nШипажайда ем алып жатқан Жұмабала Балақаранова орналасқан жері жақсы екенін, алып жатқан емі көңілден шығып жатқанын айтты.\n\"Қызметкерлер жақсы қарайды. Тамағы да жақсы. Күнде мәдени іс-шаралар өтеді. Кеше ғана поэзия кеші болды. Бильярд, тоғызқұмалақ, дойбыдан жарыстар өтіп жатыр. Ән байқауы да өтті\", – деді Талдықорғаннан келіп ем алып жатқан Жұмабала апа.\nПанфилов ауданының әкімі Марат Сағымбековтың айтуынша, ауданда 682 кәсіпкерлік нысан бар. Одан бөлек бес мыңдай шаруа қожалық тіркелген."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/dinnen-memlekettik-bilikke-irandy-37-zyl-boiy-bilegen-aiatolla-ali-xamenei-qandai-kosem-boldy", "title": "\"Діннен – мемлекеттік билікке\". Иранды 37 жыл бойы билеген Аятолла Әли Хаменеи қандай көсем болды", "text": "28 ақпан күні АҚШ пен Израильдің бірлескен Epic Fury операциясында Иранның жоғары көсемі 86 жастағы Аятолла Әли Хосейни Хаменеи мерт болды. Иран мемлекеттік БАҚ-тары оның қайтыс болғанын растап, 40 күндік ұлттық аза жариялады. Осымен 37 жылға созылған билік аяқталды.\nWikipediaдеректері бойынша, Хаменеи 1939 жылдың 19 сәуірінде Иранның Мешхед қаласында дүниеге келген. Әкесі Сейед Джавад Хоссейн Хаменеи – әзербайжан текті діни ғалым, дәстүршіл бағыттағы дін қызметкері болған. Ол дін мен саясаттың араласуына қарсы көзқарас ұстанған.\nХаменеидің балалық шағы Иранда Пехлеви әулеті билік еткен кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл әулет елді жаңғырту және батыс үлгісіне жақындату саясатын ұстанып, соның аясында дінбасылардың қоғамдық-саяси ықпалын шектеуге тырысып, кей жағдайда тіпті қудалады.\nАл Әли Хаменеи болса, жастайынан дін ғылымын меңгерген. 1958 жылы Құм қаласына қоныс аударып,  Аятолла Хомейнидің дәрістеріне қатысты. 1963 жылы 24 жасында саяси қызметі үшін алғаш рет қамауға алынды. Одан кейін де Шах Мұхаммед Реза Пехлевидің режиміне қарсы белсенді болғаны үшін бірнеше рет тұтқынға алынған.\n1979 жылғы революциядан кейін шах билігі құлатылып, Иранда діни қағидаттарға негізделген теократиялық басқару жүйесі орнықты. Жаңа тәртіп аясында қоғамдық өмірге қатысты бірқатар нормалар енгізіліп, әйелдерге хиджаб кию міндеттелді, алкоголь өнімдеріне тыйым салынды.\nCBC News-тың жазуынша, осы сәттен бастап Хаменеи Иран ислам республикасында бірнеше лауазым атқарды. Ислам революциясы сақшылары корпусының құрылу процесіне қатысып, кейін қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ Иран парламенті Меджлис депутаты болды.\nШешендік қабілетіне байланысты оны Рухолла Хомейни Тегеранда жұма намазының жетекшісі қылып та тағайындады.\nАл 1981 жылы Хомейнидің қолдауымен президенттік сайлауда жеңіске жетіп, 1989 жылға дейін бұл қызметті атқарған алғашқы дін қызметкері болды.\nХаменейдің жоғары көсем болуы үшін ел конституцисына өзгеріс енгізілді. Сол кездегі конституция бойынша жоғары көсемде \"Гранд аятолла\" дәрежесі болуы керек. Ал Хаменеи сол кезде тек \"хожат-аль-ислам\" деген орта дәрежелі дін қызметкері болатын.\n1989 жылғы жоғары көсемсайлауындаХаменеиді жақтап 60 адам дауыс беріп, тек 14 адам ғана қарсы болған. Хаменейдің өзі өз кандидатурасына қарсылық білдіріп, діни тұрғыдан лайықты еместігін мойындаған. Бұл қызмет Иран Конституциясы бойынша елдегі ең жоғары билік саналады.\nBritannica жазуынша,Хаменеи ресми діни беделі Хомейнімен салыстырғанда төмен болғандықтан, Ислам революциялық гвардиясымен (КСИР) тығыз одақ арқылы билігін нығайтқан.\nNewsweek-тің жазуынша, 2002 жылы жасырын Натанз уран байыту нысанының ашылуынан кейін Хаменеи бүкіл ядролық мәселенің орталық тұлғасына айналды. 2015 жылы Батыспен ядролық мәміле жасалды, бірақ АҚШ 2018 жылы одан шығып кетті. Кейін Хаменеи ядролық қаруға тыйым салатын пәтуа шығарса да, Батыс елдері Иранды құпия түрде қару жасап жатыр деп айыптайды.\nСондай-ақ Хаменеи Ливандағы Хезболлах, Газадағы ХАМАС, Йемендегі хусилер мен Ирак-Сириядағы жасақтарды біріктірген \"Қарсылық осін\" дамытты. Бұл желі Иранға шекарасынан тыс аймақтық ықпал жүргізуге мүмкіндік берді.\nEBSCO Research-тің жазуынша, Хаменеи тұсында бірнеше рет ірі толқулар болды: 2009 жылғы \"Жасыл қозғалыс\", 2019-2020 жылдардағы наразылықтар және 2022 жылы Маша Әмінидің қайтыс болуынан туындаған кең ауқымды көтеріліс ел іргесін шайқауға шақ қалды. Әр жолда ол қауіпсіздік күштерін іске қосты.\n2023 жылдың 7 қазанынан кейін жағдай күрт өзгерді. Израиль Ливанға соққы жасады, Хезболланың бас командирі Насрулла өлтіріліп, \"Қарсылық осі\" ауыр шығынға ұшырады. 2024 жылдың соңында Сирияда Асад режимінің құлауы Иранның аймақтық беделіне қатты әсер етті. 2025 жылдың маусымында Израиль мен АҚШ Иранның ядролық нысандарына тікелей соққы жасады. 2025 жылдың соңында Иранда  экономикалық дағдарыс болып, риалдың құнсыздануынан жаппай көтеріліс болып, бірнеше мың адам қаза тапты. Елде интернет толық дерлік өшірілді.\n2026 жылдың 28 ақпанында арнайы операция басталып, Израильдің шамамен 200 ұшағы Ирандағы 500-дей нысанға соққыжасады. Үш жоғарғы лауазымды тұлғаның жиналысы бір мезгілде нысанағаалынды.\nСол күні АҚШ президенті Дональд Трамп Хаменейдің қайтыс болғанын Truth Social желісіндежариялады.\n\"Бұл – Иран халқы үшін өз елін қайтарып алуға берілген ең үлкен мүмкіндік\", – деп жазды ол.\nИранның сыртқы істер министрі Аражчи бастапқыда мұны теріске шығарды, бірақAl Jazeera-ның жазуыншаиран мемлекеттік телеарнасы кейіннен өлімді ресми растап, 40 күндік аза тұту жариялады. Осы хабар тараған соң Иран халқы екі түрлі реакция берді. The guardian бір топ алаңға шығып, режимнің құлағанына қуанса, екінші топ аза тұтқанынжазды.\nIsrael Hayom-ның жазуынша, елде конституция бойынша 2026 жылдың 1 наурызында үш адамнан тұратын уақытша басқару кеңесі құрылған. Олар: президент Масуд Пезешкиан, бас судья Голям-Хосейн Мохсени-Эджеи және Сарапшылар жиналысының өкілі.CNBCиран жоғары қауіпсіздік шенеунігі Али Ларижанидің  сепаратистік топтар әрекетке көшсе, қатаң жауап беретінін ескерткенін жазды.\nҚазіргі уақытта ықтимал мұрагерлер қатарында Хаменеидің ұлы Моджтаба есімі жиі аталады. Алайда Иранның саяси-құқықтық жүйесінде биліктің әкеден балаға ресми түрде берілу тәжірибесі қалыптаспаған, сондықтан мұндай сценарий қоғам ішінде және діни-саяси элита арасында пікірталас туындатуы мүмкін деген бағалаулар бар.\nМоджтабадан өзге, Хаменеидің тағы бес баласы бар екені белгілі."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/aleumettik-zelini-bugattau-qalai-memlekettik-tonkeriske-akeldi-nepalda-ne-bolyp-zatyr", "title": "Әлеуметтік желіні бұғаттау қалай мемлекеттік төңкеріске әкелді? Непалда не болып жатыр", "text": "Непалда ел тарихындағы ең ірі жастар қозғалысы болып жатыр. Қозғалысты негізінен 18-25 жас аралығындағы жастар мен студенттер басқарды. Сол себепті оны \"Z ұрпағының қозғалысы\" деп атады. Сонымен қатар \"Азия көктемі\" немесе \"Непал революциясы\" деп те атап жатқандар бар. Наразылықтардың нәтижесінде премьер-министр Кхадга Прасад Шарма Оли отставкаға кетті, 34 адам қаза тапты, 1300-ден астам адам жараланды. Informburo.kz оқиғаның себеп-салдарына хронологиялық шолу жасады.\nБұғаттау #NepoKids – Непалдағы шенеуніктердің баласының TikTok-та салтанатты өмір салты туралы видеоларының тренд болған кезімен тұспа-тұс келді. Олар желіде қымбат киімдер, люкс көліктер мен саяхаты туралы видео салатын. Бұл билік пен қарапайым халық арасындағы теңсіздікті одан әрі айқындай түсті.\nДүниежүзілік банктіңдерегібойынша, Непалда 15-24 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 2024 жылы 20,8% болған. Осындай экономикалық теңсіздік, инфляция және үкіметтің халыққа берген уәдесін орындамауы наразылықты күшейтті.\n5-7 қыркүйектебейбіт шерулер басталды. Студенттер Катманду, Покхара, Итахари қалаларында жиналды. Олар \"Әлеуметтік желілерді емес, жемқордықты бұғаттаңдар\", \"Gen Z жемқорлыққа қарсы\" деген үндеу жасады. Полициямен қақтығыс болып, 20 шақты адам жараланды.\nӘлеуметтік желіде #UnbanSocialMedia және #NepoBaby хештегімен түрлі жазбалар мен үндеулер пайда болды.\n8 қыркүйектемыңдаған студент парламент алдында жиналды. Оларға полиция көзден жас ағызатын газ, су, оқ жаудырды. Бұл күні 19 адам қаза тауып, 347 адам жарақат алды. Елде комендант сағаты енгізілді.\n9 қыркүйектенаразылықтар одан әрі күшейе түсті. Әлеуметтік желілер қайта ашылды. Елдің басты халықаралық әуежайы жабылды. Демонстранттар парламент, жоғарғы сот, Сингха Дурбар үкімет орталығы, Nepali Congress штаб-пәтерін өртеп жіберді, саясаткерлердің үйіне шабуыл жасады.\nПремьер-министр Кхадга Прасад Шарма Оли отставкаға кетті, оның алдында ішкі істер, ауыл шаруашылығы, су және денсаулық сақтау министрлері де отставкаға кеткен. Сол кеште \"Непал мен непалдықтардың қауіпсіздігі үшін жағдайды бақылау\" мақсатында Катмандуға әскеркіргізілді. Әскерилер бірнеше министрді және олардың туыстарын тікұшақпен эвакуациялады.\nVideo: Nepal Ministers, Family Cling To Chopper Rope To Flee Protests.pic.twitter.com/7xVdI9ixsH\nБұл күні тағы 5 адам қаза тапты, 200-ден астам адам жарақан алды. Сонымен қатар түрмеден 100-ден астам тұтқын босады. БҰҰ биліктің іс-әрекетін \"артық күш қолдану\" деп айыптады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш \"жан-жақты тергеу\" жүргізугешақырып, зорлықты тоқтатуды талап етті.\n10 қыркүйектепрезидент Рам Чандра Паудел премьер-министр Олидің отставкасын қабылдады. Митинг мүшелері мен армия басшысы генерал Ашок Радж Сигдел кездесіп, уақытша үкімет туралы сөйлесті. Наразы топ парламентті таратуды талап етіп, премьер-министр ретінде бұрынғы бас судья Сушила Каркиді ұсынды.\nБұл күні қаза тапқандар саны 28-ге жетті, тағы 100-ден астам адам жараланды. Катманду, Лалитпур, Бхактапурде коменданттық сағат сақталды. Үндістан шекарада 22 қашқынды ұстады.\n11 қыркүйектекеліссөздер жалғасты, бірақ ірі бизнес өкілдерін қосу мәселесімен тоқтады. Сушила Карки ұсынысты қабылдады деген мәлімдеме тарады. Әскер қаруды тапсыруды талап етті.\nӘуежай ашылып, кей рейстер іске қосылды. Бұл күні тағы 3 адам қаза тапты, 50-ден астам адам жарақат алды.\n12 қыркүйектекеліссөздер әлі жалғасып жатыр. Катмандуда шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастап жатыр. Сот, банк пен полиция жұмыс істей бастады, алайда қоғамдық көлік әлі де тоқтап тұр.\nЖастар көшелерді тазалап жатыр. Бүгінге дейін барлығы 34 адам қаза тауып, 1360-тан астам адам жарақат алды. Билік қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлеуге және жараланғандары тегін емдеуге уәде берді.\nПремьер-министрдің отставкасы – жастар наразылығы ел үкіметін құлатқанын көрсетті. Әлі де әскер елді тәртіпке шақырып, митинг мүшелерімен келіссөз жүргізіліп жатыр. Олар парламентті қайта жасақтауды және қайта сайлау өткізуді талап етіп отыр. Бұл оқиға ел экономикасына да әсер етті. Туризм тоқтады, Үндістандық туристер эвакуацияланды, шекара жабылды.\nWashington Post агенттігініңжазуынша, бұл толқулар Непалдың 2008 жылдан бері саяси тұрақсыздықтан шыға алмай келе жатқанын дәлелдейді. Елде бірнеше рет конституциялық реформалар мен жаңа заңдар қабылданғанымен, жемқорлық, әлеуметтік теңсіздік және биліктің жауапкершілігі мәселелері шешімін тапқан жоқ. Әлеуметтік желілерді бұғаттау – жылдар бойы жиналған наразылықтың сыртқа шығуына түрткі болды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/migraciia-dagdarys-zane-bebi-bum-tauelsizdik-zyldary-qazaqstan-xalqynyn-sany-qalai-ozgerdi", "title": "Миграция, дағдарыс және беби-бум: Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халқының саны қалай өзгерді?", "text": "Егемендік алғалы бері демографиялық ахуал қалай өзгерді және оған қандай тарихи оқиғалар әсер етті? Тәуелсіздік күні қарсаңында Экономикалық зерттеулер институтыныңӨңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығы директорының орынбасары Шынар Төлешоваелдің демографиялық даму жолына талдау жасады.\nСарапшы Шынар Төлешованың айтуынша, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан халқы санының өсу серпінін шартты түрде екі ірі кезеңге бөлуге болады.\n\"1991-2001 жылдардағы халық санының азаюы көші-қон ағынымен де (елден кету), табиғи өсім көрсеткіштерінің төмендеуімен де байланысты болды.\n1991-1999 жылдары табиғи өсім деңгейі 1000 адамға шаққанда 13,30-дан 4,40-қа дейін қысқарды. Оған туу көрсеткішінің төмендеуі мен өлім-жітімнің өсуі әсер етті.\nТәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы туудың ең төменгі деңгейі 1999 жылға сәйкес келді. Сол кезде небәры 217,5 мың бала дүниеге келді. Ал туудың жиынтық коэффициенті бір әйелге 1,8 тууды құрады\", – дейді Шынар Төлешова.\nСарапшы өлім-жітімнің ең жоғары шегі 1995 жылы байқалғанын айтады. Бұл жылы 166 028 адам қайтыс болған. Салыстырмалы түрде алсақ, пандемия өршіп тұрған 2020 жылы қайтыс болғандар саны (160 962 адам) 1995 жылғы көрсеткіштен төмен болды.\nМаман 2000-2014 жылдары демографиялық көрсеткіштер айтарлықтай жақсарғанын айтады.\n\"2000-2014 жылдары туу өсті, өлім-жітім азайды. Туу коэффициенті 2001 жылы 1000 адамға шаққанда 14,91-ден 2014 жылы 23,11-ге дейін артты. Алайда, 2015-2024 жылдары табиғи өсімнің қайтадан бәсеңдеуі байқалды (1000 адамға шаққанда 15,24-тен 11,56-ға дейін).\nПандемия болған 2020-2021 жылдарды қоспағанда, туу мен өлім-жітім төмендей бастады. Туу коэффициенті 2015 жылғы 22,72-ден 2024 жылы 18,15-ке дейін, өлім-жітім коэффициенті 7,48-ден 6,58-ге дейін қысқарды.\nПандемия жылдары ерекше құбылыспен есте қалды. 2020-2021 жылдары өлім-жітімнің артуымен қатар, туу көрсеткішінің де күрт өсуі тіркелді. 2021 жылы 445 875 бала дүниеге келді. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы рекорд. Демографтар бұл кезеңді \"пандемиялық беби-бум\" деп атады.\nДегенмен, қазіргі уақытта туу көрсеткішінің төмендеу қарқыны өлім-жітімнің азаю қарқынынан жылдамырақ жүріп жатқандықтан, табиғи өсім баяулады\", – дейді сарапшы.\nСарапшының айтуынша, көші-қон жағдайының өзгеруін де шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады:\n1991-2003 жылдар– халық санының азаюында негізгі рөл атқарған айтарлықтай көші-қон жылыстауы кезеңі.\n2004-2011 жылдарыкөші-қонның оң сальдосы байқалды. Осы жылдары көші-қон өсімі 98,7 мың адамды құрады. Этникалық қазақтарды қайтару саясаты айтарлықтай оң нәтиже берді.\n2012-2022 жылдар– көші-қонның кему кезеңі. Еуропалық этнос өкілдерінің эмиграциясы қандастардың иммиграциясынан асып түсіп, ел 178,3 мың адам жоғалтты.\n\"2023 жылдан бастапелге келушілер санының өсуі тіркелуде. Бұл этникалық қандастарды репатриациялау жөніндегі жалғасып жатқан тиімді саясатпен, сондай-ақ көрші елдердегі геосаяси жағдаймен байланысты\", – деп түсіндірді Шынар Төлешова.\nБүгінде Қазақстан айтарлықтай демографиялық әлеуетке ие. Дегенмен, сарапшы Шынар Төлешова бірқатар сын-қатерлерді атап өтті:\n\"Отбасыларды қолдауға, өңірлерді дамытуға және ішкі көші-қонды реттеуге бағытталған тиімді демографиялық саясат болашақта адами капиталды нығайтудың кепілі болмақ\", – дейді сарапшы."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/lego-kiiz-ui-zane-talapai-qazaqtyn-ulttyq-oiyndaryn-qalai-zangyrtuga-bolady", "title": "Lego киіз үй және Talapai. Қазақтың ұлттық ойындарын қалай жаңғыртуға болады", "text": "Айнұр Полатова – қазақтың ұлттық ойындарына жаңа реңк берген жас стартап иесі. \"Бес тас\", \"Құмар\", \"Ағаш үй\" бестемшесі, \"Тұмар\" бестемшесі, \"Тоғызқұмалақ\" секілді бес ұлттық ойыннан тұратын Talapai жобасы Қазақстанға ғана емес, шетелге де танылып келеді. Киіз үй пішінді бестемшесі Louis Vuitton-ның назарына іліккен Айнұр енді киіз үйдің жиһаздарымен LEGO нұсқасын жасап шығармақшы.\nОсы орайда Информбюро тілшісі тіл ғылымдарын оқи жүріп қазақтың ұлттық ойындарын зерттеп қана қоймай, оларды қайта жаңғыртқан Айнұрмен сұхбаттасты.\n– Айнұр, өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. Ұлттық ойындарды жаңғырту идеясы қалай дүниеге келді?\n– Ақтөбе облысы Мөртек ауданының тумасымын. ҚазҰУ-да \"Қазақ филологиясы\" мамандығын тәмамдадым. Одан кейін ЕҰУ-да және Гёте атындағы Франкфурт университетінде \"Лингвистика\" бойынша магистратура бітірдім. Бакалаврда оқып жүргенде ұлттық ойындарды жаңғырту идеясы келді. Денсаулығыма байланысты Астанаға көштім. Сол кездері \"өмірімде не істеп үлгердім?\" деген сұрақ туды. Батыл болып, тәуекел етіп, өзім қалаған дүниелерді жасағым келді. Соңымнан із қалатындай пайдалы іспен айналысамын деп шештім. Қазақ тіліне, қазақ қоғамына үлес қосатын дүниемен айналысқым келді. Ойлана келе Қазақстан нарығында ойын индустриясы мүлдем жоқ екенін түсіндім. Достарымызбен бас қосқанда түрлі үстел ойындарын ойнағанда қазақ халқында үстел форматына келетін ойындар бар ма деген сұрақ туындады.\nҰлттық академиялық кітапханаға барып түрлі энциклопедияларды, оның ішінде ойындарға қатысты, жалпы қазақ мәдениетіне қатысты зерттеулерді оқып, этнографтармен сөйлестім. Қазақ көшпелі халық болғандықтан шауып жүріп бір орыннан екінші орынға қозағалатын қимыл ойындары екен. Көп қимылды қажет етпейтін тоғызқұмалақ пен асықты білеміз. Зерттей келе үстел ойындарына сай келеді-ау деген бес ойынды алды да, жобаны бастап кеттім. Ойындарды барынша заманауи реңкте жасау басты мақсатым болды. Бала кезден сырты көк тоғызқұмалақты көріп өстім. Пішіні бізді қызықтырмағандықтан бізден кейінгі ұрпақтың да қызығуы екіталай. Тоғызқұмалақты өте сапалы ағаштан, оюмен көмкеріп өзім елестеткендей заманауи реңкте жасауды ойладым. Солай жоба басталып кетті.\n– Talapai деген атау бірден ойға келген жоқ. Ойындарды жасап шығару оңай болмады. Оқуды енді бітіріп, Астанаға көшіп келген кезім. Ненің қайда екенін білмеймін. Тек қана миымда елестеткен сұлба бар, бірақ оны жүзеге асыру үшін материалды қайдан алатынымды, қалай жасайтынымды білмеймін. Екі айдай қате жіберіп, оны дұрыстап, Астанада бір шетінен екінші шетіне барып жүріп шебер таптым, шеберхана іздедім. Барлығы дайын болғаннан кейін енді жобаның атын қалай қоямыз дегенде ойындардың арасында \"Хан талапай\" болды. Ойынды \"Талапай-ау, талапай, табылды ойын, алақай!\" деп бастайды екен. Қазақтың ұмыт қалған ойындарын таптым, енді халық оны талап алса екен деген ниетпен \"Талапай\" деп қойдым. Этимологиялық сөздіктегі мағынасы – бір нәрсені талан-тартысқа салып бөліп алу.\nҚазіргі кезде \"Тоғызқұмалақ\", \"Бес тас, \"Бестемше\" деген ойындар бар. Бестемшенің екі түрі бар: \"Ағаш үй\" және \"Тұмар\" бестемшесі. Ертеректе киіз үй пішініндегі бестемше болған деген дерек бар. Бірақ мен оны жасаған кезде барынша өзгерткім келді де, түрлендіре келе үшбұрышты тұмар формасын ойлап таптым.\n– Түрлі ойындардың арқасында мәдениетіміздің бөлшектері сақталып бізге жеткен. Мысалы, \"Бестемше\" ойынында жүріс солдан оңға қарай жүреді, өйткені қазақ атқа оң жағынан мінген, нанды оң қолымен үзіп жеген, оң қолымен амандасқан. Әр отауда бір-бір тастан қалдыру себебі – қазақ әр баласына енші бергенде үйде кенжесі қалатын болған. Осы секілді әр ойынның өзіндік мәні, құндылығы бар. Ұлттық ойындарымыздан халқымыздың салт-дәстүрі анық көрінеді.\nҰлттық ойындар халқымыздың мәдениетін, пайымын танытып қана қоймай, белгілі бір қасиеттерді дамытуға бағытталған. Мәселен, бестас ойнаған бала қол моторикасын дамытып, ұшқырлық пен ептілігін арттырады. Бестастың пайда болуы тарихы қызық. Мұны көбіне қыздарға арналған ойын деп айтады, өйткені әжелеріміз қыздарға ойлап тапқан. Ұлдар далада жүрсе, қыздар кесте тігетін болған. Кесте тігіп отырған кезде қолдары жалыққанда әжелер кішкентай асықтарды жинап алып бестас ойнатқан. Бестемше, тоғызқұмалақ болса халқымыздың стратегиялық ойлауын, логикасын көтереді.\nПубликация от Қазақы ойындар бренді (@talapai_kz)\n– Ойындар қандай материалдан және қайда жасалады?\n– Екі жылдан бері ойындарды шығарып келеміз. Әр ойынның өзіндік жасалу техникасы бар. \"Бестемше\" ойынын алсақ, сыртын қарағаштан жасаймыз. Берік, өте сапалы, бай көрінеді. Ағашты Алматыдан алдыртамыз. Әріптесімнің бірі – шығыстан. Ол Қатонқарағайдың балын алып келеді. Сол балдан шайыр жасап, шеберіміз шайырды ағашқа сіңіреді. Ешқандай бояу қолданбаймыз. \"Бестемшені\" ашқан кезде балдың иісі мүңкіп тұрады. Батыстан саз балшық әкеліп, қолдан тастар жасаймын. Орталықтан тері аламыз. Одан сыртқы қаптамасын жасаймыз. Сонда біздің ойындарымызды алсаңыз еліміздің әр өңірінен бір-бір бөлшек жинайыз. Сол өнімді қолыңызға ұстаған сәтте Қазақстанның барлық өңіріне сапар шеккендей боласыз.\nОйын тастары барынша әдемі болғанын қаладым, бірақ жақсы тас таба алмадым. Моншақтан жасап көрдім. Түрлі фестивальдерде, көрмелерде шеберлермен танысып, саз балшықтан жасап көрейін дедім. Тасты киізден де жасадым, түрлі тәжірибе жасап көрдім. Саз балшықтан жасағанда көп уақыт алады. Осы жобаға ақша тарту үшін жұмыс істеймін әрі тастарды жасау үшін тағы түні бойы отырамын. Соған қарамастан бұл ойынның өзіндік құндылықтары бар деп ойлаймын. Өз еліміздегі материалдардан қолмен жасап шығамыз.\n– Louis Vuitton-ға өзім хат жаздым. Стартап болғандықтан қолдау табу өте қиын. Әуелде жобаны қалай дамытарымды білмедім. Астананың суығында бес ойынды арқалап алып түрлі есікті қағып, \"жоқ\" деген жауап естідім. Louis Vuitton-нан шақыру алған кезде медиа өкілдері көп жазды, сұхбат алды. Бірақ оған дейін ойындарымыз ешкімге қызық болмайтын. \"Ұлттық ойындар не үшін қажет?\" деп адамның мысын басатын сұрақтар қоятын. Сонда да басқалардан ақыл сұрап, жобаны барынша дамытуға тырыстым.\n\"Бестемшенің\" формасын көбісі сөмкеге ұқсатады. Сол жылы Louis Vuitton киіз үй сияқты дүкен ашты. Содан неліктен киіз үй пішінді сөмке жасамасқа деген ой келді. Олар шахматты қолдайды, ал менің өнімім шахматтан кем түспейді. Соның бәрін байланыстыра келе оларға хат жаздым. Екі аптадан кейін жауап берді. Басында жай хабарлама шығар деп ойладым. Кейін ресми жауап екенін, қызығушылық танытқанын түсіндім. Алғашында онлайн сөйлестік. Кейінірек Францияда кездестік.\n– Lego Nomad Yurt туралы айтып өтсең. Бұл жоба не үшін маңызды? Дауыс жинау процесі қалай болып жатыр?\n– Lego Nomad Yurt жобасы үлкен арманымнан туды. Шетелде көп адам ойындарымызға қызықты. Еуропада ойындарымыздың курсы бар. Берлинде қаншама жобаға қатыстым. Бәрі ойындарды сатып алғысы келді, авторлық құқықты да алғысы келді. Германияда оқып Қазақстанға оралған соң ойындарды шетелде емес, өз елімде дамытамын деп шештім. Балалар LEGO-ға қызығады. LEGO-мен қалай байланысу керек екенін білмесем де, ағаштан киіз үй түріндегі конструктор жасай бастадым. Қалада өскен балалар киіз үйдің қандай бөлшектерден тұратынын білмейді екен. Олар үшін киіз үй Наурыз кезінде немесе тағы басқа мейрамдарда дайын күйінде әкеле салатын құрылыс сияқты. Сондықтан кереге мен уық деген не, сықырлауық қалай қарай ашылады, ішіндегі сандық пен кебеженің айырмасы қандай, жиһаздары қалай аталатынын білмейтін. Жиһаздарына дейін жеке-жеке құрастырылатын конструктор жасадым.\nІздестіре келе LEGO-ның идея ұсынатын сайтын таптым. Жапондар кезінде \"неге біздің заттарымыз жоқ?\" деп LEGO-ға шағым түсірген. LEGO оларға өздігінен шығара алмайтынын, халыққа қажет болса сұраныс бар екенін көрсетіңдер деп айтқан. Жапондар сайт ашып, бірнеше жоба ұсынып, түрлі конструктор жасап шығарған. Қазір әлемде идея құлдырауы болып жатыр ғой. Сол кезде LEGO-да да идея құлдырауы болып, бұл сайтты жапондар ғана емес, бүкіл әлем қолдана алатындай етейік дейді. LEGO талаптарына сай құрастыра алатындар болса, бірнеше кезеңнен өтсе, соңғы кезеңде дауыс жинай алса жобаны іс жүзінде жасап шығарады.\nБіз шамамен алты ай дайындалып, бірнеше кезеңнен өттік. Киіз үй конструкторын жасау өте қиын болды, өйткені доғал формаларды, шаңырағын LEGO-ның шынайы фигураларынан құрау өте қиын екен. Барлық кезеңнен өтіп, енді дауыс жинап жатырмыз. Әзірге 5700 дауыс жинадық. Он мың дауыс жинасақ киіз үй пішініндегі LEGO-ны шығаруға тырысады. Шетелдіктер де қызығатынын көрсету үшін дауыс жинау процесін тездетпедім. Киіз үй көшпенділерге ортақ дүние болған соң Lego Nomad Yurt деп атадым.\n– Алда қандай жоспарың бар? Ұлттық ойындарымыз әр мектеп қабырғасында болса екен деп армандайсың ба?\n– Жоспар өте көп. LEGO-мен коллаборация жасасақ деп басқа да дизайн әзірлеп қойдық. Сондықтан киіз үйден басқа да конструкторлар шығарамыз. Ойындарды дамытып, қазақ тіліндегі ойындар жасауға көшеміз. Ұлттық ойындарымыз мектеп қабырғасында тұрса екен деген арманға жартылай болса да жеттік. \"Бестемше\" балабақшада ойнатылады, кейбір мектептерде ресми курс ретінде енгізілді. Армандарымыз орындалып жатыр деп сеніммен айта аламын."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/2025-zyly-tynaitqys-paidalanu-kolemi-19-mln-tonnaga-zetedi-bul-qalai-zuzege-asady", "title": "2025 жылы тыңайтқыш пайдалану көлемі 1,9 млн тоннаға жетеді. Бұл қалай жүзеге асады", "text": "Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында 2025 жылға қарай елдегі тыңайтқыштарды пайдалану көлемін1,9 миллион тоннағадейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл міндет экологиялық тұрғыдан тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту және агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру стратегиясының бір бөлігі. Орман өсімдіктерін өсірумен айналысатын маман Жеңіс Рахатайдың айтуынша, тыңайтқыштарды тиімді қолдану топырақ құнарлылығын жақсартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл бастама Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады.\n2024 жылғы наурыз айында Қазақстанда минералды тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілді. Бұл экономикалық шара фермерлер үшін үлкен мүмкіндік ұсынады, өйткені бюджеттік субсидиялар отандық зауыттардың арнайы шоттарына алдын ала аударылады. Бұл жаңашылдық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тыңайтқыштарды арзандатылған бағамен сатып алуға жағдай жасады. Нәтижесінде фермерлер егістік жерлерін тиімді түрде өңдеп, өнімділікті арттыруда маңызды қолдау алды. Аталған механизм ауыл шаруашылығы саласындағы қаржылық жүктемені төмендетіп қана қоймай, жалпы аграрлық сектордың тұрақтылығын арттыруға бағытталған.\n\"Көктемде топырақтың құнарлылығын арттыру үшін органикалық тыңайтқыштар, атап айтқанда қарашірік пен көңнің маңызы зор. Органикалық тыңайтқыштар тек энергетикалық материал ретінде емес, сонымен қатар топырақтағы микроорганизмдердің қорек көзі ретінде аса үлкен рөл атқарады. Көң мен қарашірікте микрофлоралар мол болғандықтан, олар топырақтағы бактериялардың белсенділігін арттырып, аммонификация және нитрификация сияқты маңызды үдерістерді жеделдетеді. Бұл органикалық тыңайтқыштардың қолданылуы өсімдіктердің өнімділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан да тиімді болады. Микроорганизмдердің дамуы нәтижесінде қарашірік біртіндеп минералданады. Бұл процесс барысында көңнің ықпалы маңызды рөл атқарады, өйткені ол топырақтағы қарашіріктің құрамын арттырып, топырақ қабатын қалыңдатады. Сонымен қатар, бұл топырақтың ылғал жинағыш қасиетін, биохимиялық және микробиологиялық әрекетін күшейтеді\", – дейді Жеңіс Рахатай.\nҚазақстандағы фермерлерді қолдау мақсатында қабылданған шаралар тыңайтқыштар өндірісінің өсуін ынталандырып, қазақстандық зауыттардың өнімдеріне тұрақты сұраныс қалыптастыруда. Бұл механизм фермерлерге ғана емес, экономиканың басқа салаларына да оң әсерін тигізуде. 2024 жылға қарай фермерлер топыраққа1,3 миллион тоннаданастам тыңайтқыш енгізуді жоспарлаған болатын, бұл 2023 жылғы деңгейден екі есе артық көрсеткіш. Биыл, 2025 жылы бұл көлемді1,9 миллионтоннаға дейін жеткізу жоспарланған, бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы секторын тұрақты дамытуға ықпал етеді.\nҚазақстанда ауыл шаруашылығы саласын қолдау шаралары аясында отандық тыңайтқыштар өндірісін ұлғайту және бұл саланы бюджеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру қолға алынуда. Жергілікті бюджеттерден минералды тыңайтқыштарды субсидиялау үшін35 млрдтеңгебөлініп, қосымша түрде Үкімет резервінен48,4 млрд теңгеқарастырылған. Бұл қаржылық қолдау шаралары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қажетті тыңайтқыштармен уақытылы қамтамасыз етіп, көктемгі егіс жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, тыңайтқыштардың қолжетімділігі мен уақтылы жеткізілуі ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға және саланың жалпы тиімділігін көтеруге ықпал етеді.\nҚазақстан Үкіметі ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында тыңайтқыштарды субсидиялауға48,4 миллиардтеңге бөлді. Бұл қомақты қаржы премьера-министр Олжас Бектеновтің қол қойған тиісті қаулы арқылы жүзеге асырылып, органикалық тыңайтқыштардан басқа барлық тыңайтқыш түрлеріне арналмақ. Мұндай қадам ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға және фермерлерге қаржылай көмек көрсетуге бағытталып отыр. Бұл шешім саладағы тиімділікті күшейтуге және аграрлық сектордың дамуын ынталандыруға септігін тигізеді.\nҚазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында мемлекет басшысы 2024-2028 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін екі есеге арттыруға және топыраққа минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін ғылымға негізделген қажеттіліктің 50 пайызына дейін жеткізуге бағытталған тапсырмалар берді. Осыған орай жаңа қаулы қабылданып, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға арналған нысаналы трансферттер түрінде қаражат бөліну жоспарлануда. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығындағы өнімділік пен тиімділікті арттыруға үлкен серпін бермек.\n\"Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекет минералды тыңайтқыштарды субсидиялауды басты назарда ұстап отыр. Өткен жылдың наурыз айында ауыл шаруашылығы кешенін дамыту шеңберінде тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі іске қосылған болатын. Бұл тетік арқылы бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған тыңайтқыштарды жеткізу үшін отандық өндіріс орындарының арнайы шоттарына алдын ала аударылады. Агрохимиктердің пікірінше, топыраққа азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізу дәнді дақылдардың өнімділігін едәуір арттырады. Мәселен, әрбір килограмм бұл элементтерді енгізу арқылы картоп өнімділігі 5 килограмнан 20 килограмға дейін, ал қант қызылшасы 26 килограмға дейін өседі. Дегенмен, тыңайтқышты қолдану тиімді болуы үшін оны ирригациялық, агромелиоративтік және агротехникалық шаралармен үйлестіре жүргізу қажет. Фермерлік шаруашылықтарда топырақтың табиғи құнарлылығы әртүрлі болғандықтан, қоректік элементтердің мөлшері де айырмашылыққа ие болуы мүмкін. Бұл агрохимиялық қасиеттерді ескерместен тыңайтқыш қолдану қажетті нәтиже бермеуі ықтимал. Керісінше, ол ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаға зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан тыңайтқыштарды енгізу алдында топырақтың қасиеттерін мұқият зерттеу және осыған сәйкес жоспарлау аса маңызды\", – деп түсіндірді маман Жеңіс Рахатай.\nҮкіметтің уақтылы қаржылық қолдауы мен қабылданған шаралар нәтижесінде тыңайтқыштарды пайдалану деңгейі айтарлықтай өсті. 2024 жылға дейін бұл көрсеткіш 21 пайыздан аспаған болса, соңғы мәліметтерге сәйкес тыңайтқыштарды пайдалану деңгейі алғаш рет ғылыми негізделген қажеттіліктің40 пайызынажетті. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тыңайтқыштармен уақытылы қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ жоғары және сапалы өнім алуына оң ықпалын тигізіп отыр.\n\"Кемер Агро\" ЖШС өңірде инновациялық жоба іске асыруда, бұл жоба тауық көңі мен қой жүнін қолдану арқылы органикалық тыңайтқыштар өндіруге бағытталған. Мақсаты – экологиялық таза әрі тиімді тыңайтқыштар өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру және өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.\nСолтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның құны221 миллион теңгеніқұрайды. Осы жоба ішінара қаржыландырылып, өңірдегі ауыл шаруашылық саласына оң ықпалын тигізуде. Жобаның өндірістік қуаты жылына6 мыңтонна тыңайтқыш өндіруге бағытталған, бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттырып, аймақтың экономикалық дамуына серпін бермек.\nЖаңа кәсіпорынның өнімі өңірде органикалық егіншілікті дамытуға ықпал етуде, бұл тұрақты ауыл шаруашылығына жасалған маңызды қадам. Аграрлық секторда органикалық әдістерді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғау және жердің құнарлылығын сақтау мүмкіндіктері артады. Бұл бастама ауыл шаруашылығының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттырып қана қоймай, жергілікті шаруалардың табысын тұрақтандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға да оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, органикалық өнімдерге деген сұраныстың өсуі нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыра отырып, ауыл шаруашылығының халықаралық стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.\nОблыс әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін 2025 жылғы өнімге қажетті2,3 миллион тоннатұқымның қажетті көлемі толық қамтамасыз етілді. Алдын ала жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша,1,6 миллион тоннатұқымның сапасы тексерілді. Тұқымның жаппай тексеру рәсімі наурыз айының соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр.\n2025 жылы Қазақстанда тыңайтқыш енгізу жоспары 1,9 миллион тоннаны құрайды, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 59 пайызына тең. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қазіргі уақытта тыңайтқыш өндірушілер мен жеткізушілер арасында келісімшарттар жасасу және қоймаларда қажетті қорды қалыптастыру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға және елдің аграрлық секторын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар екені анық.\nОлжас Бектенов ESTA Construction компаниясымен бірлесіп, құны1,3 миллиард долларболатын тыңайтқыш зауытының құрылысына қатысты Инвестициялар туралы келісімді екі апта ішінде жасауды тапсырды. Бұл жаңа зауыт еліміздің агроөнеркәсіп саласына үлкен серпіліс әкелмек. Құрылыс жобасы өңірдің экономикалық дамуына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Инвестиция келісімі өндірісті ұлғайтып, экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.\nПремьер-министр Олжас Бектенов пен ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топрак арасындағы кездесу кезінде Карбамид пен аммиак өндіретін зауыт құрылысының маңызды мәселелері қаралды. Бұл кездесу барысында екіжақты серіктестікті нығайту, өндірісті арттыру және еліміздің өндірістік әлеуетін дамыту жолдары талқыланды. Зауыт құрылысы Қазақстанның химия өнеркәсібіне серпін беріп, саланың өсуіне және экспорттық мүмкіндіктердің кеңеюіне ықпал етуі мүмкін. Премьер-министр мен компания басшысы бұл жобаның ел экономикасына тигізетін оң әсерін атап өтіп, болашақтағы бірлесе атқаратын жұмыстардың бағыттарын айқындады.\nМаңғыстау облысында \"Құрық\" теңіз порты маңында ірі газ-химия өндірісін құру жобасы басталып жатыр. Бұл зауыттың орны таңдалуында маңызды фактор ретінде Каспий теңізі арқылы өнімді экспорттауға қолайлы логистикалық жағдайлар ескерілді. Жоба жүзеге асқан жағдайда, ол өңірдің экономикалық дамуына ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанның газ-химия саласындағы әлеуетін арттыруға серпін береді. Жылына700 мың тоннағадейін карбамид және42 мың тоннааммиак өндіретін жаңа зауыт еліміздің ауыл шаруашылығы саласында тыңайтқыштар импортына тәуелділікті айтарлықтай азайтатын болады. Бұл зауыт қосылған құны жоғары өнімдер ұсыну арқылы ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Жоба жүзеге асырылған кезде құрылыс кезеңінде3 мыңғадейін маман тартылып, ал нәтижесінде400тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Бұл жаңа жұмыс орындары экономиканың дамуына оң әсер етіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.\n\"Қазақстанда қазіргі кезде үш негізгі тыңайтқыш түрі өндіріледі: аммиак селитрасы, аммофос және аммоний сульфаты. Бұл өндірістер елдегі агроөнеркәсіптік кешеннің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ғылыми негізде сұраныс3,2 миллион тоннанықұрағанда, отандық өндіріс қуаттары осы қажеттіліктің шамамен56 пайызынқамтамасыз етеді, бұл жылына шамамен1,8 миллион тоннатыңайтқыш өндіруге мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады және экономиканың дамуына ықпал етеді. Дегенмен, импортқа деген тәуелділікті азайту және толық өзін-өзі қамтамасыз ету мақсаты алдағы уақыттың өзекті мәселелерінің бірі болып қала бермек\", – деп түсіндірді фермер Мұрат Асанов.\nОлжас Бектенов карбамид өндірісін өз елімізде құрудың маңызды екенін ерекше атап өтті. Бұл қадам, бір жағынан, импортқа тәуелділікті азайтып, ішкі нарықты тұрақтандырса, екінші жағынан, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететінін айтты. Карбамид ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын тыңайтқыштардың бірі болып табылады, сондықтан оның қолжетімділігін арттыру аграрлық сектордың тиімділігін арттыруда шешуші рөл атқарады. Бұл бастама басқа да экономикалық салаларға оң әсерін тигізіп, елдің өндірістік әлеуетін жоғарылатуға және жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді деп күтілуде.\nМемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше назар аударып отыр. Өткен жылы өнім жинау бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізілгені белгілі. Бұл жетістікке жету үшін Үкімет егіншілерді қолдауға700 млрд теңгебөлді. Алайда, алдағы уақытта сапалы әрі қолжетімді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып қала бермек. Осыған байланысты, карбамидке ішкі сұранысты қамтамасыз ету және оны импорттау туралы жобалар ерекше қызығушылық тудырып отыр. Бұл туралы Олжас Бектенов атап өтті.\nКездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының талқылануы маңызды тақырыптардың бірі болды. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілердің дамуына және олардың өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталған. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау, субсидиялар мен жеңілдіктер арқылы фермерлердің өнімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және экспорттық әлеуетін нығайту көзделуде. Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары фермерлердің экономикалық жағдайын жақсартуға, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жалпы экономиканың дамуына ықпал ететіні атап өтілді.\nҚазақстанда тыңайтқыштардың құнының60 пайызынадейін жабуға арналған субсидиялау бағдарламасы іске асуда. 2024 жылдың наурызынан бастап, аванстық субсидиялау тетігі енгізіліп, өндірушілерге өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін алдын ала қаражат аударылады. Өткен жылы бұл мақсаттарға46,4 миллиард теңгебөлінсе, 2025 жылға35 миллиард теңгеқарастырылған."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/balalar-uzaq-dunie-korgisi-kelmeidi-nelikten-animaciialyq-filmdi-otbasymen-birge-tamasalau-kerek", "title": "\"Балалар ұзақ дүние көргісі келмейді\". Неліктен анимациялық фильмді отбасымен бірге тамашалау керек", "text": "\"Қазақ тілі\" қоғамының ұйытқы болуымен ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. 19 маусымда қазақша дубляждалған \"Элио\" фильмі үлкен экранға шықты. Жер бетінде жалғызсырап, өзге ғаламшарлықтардан өзін ұрлап кетуін өтінген Элионың шытырман оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Ата-анасынан айырылған бала Жерде өзін жалғыз сезінеді, сыр ақтарар досы да жоқ. Бір күні арманы орындалып, өзге әлемге аттанады. Басқа ғаламшардан нағыз дос табады. Алайда бұл қуаныш көпке ұзамайды.\nИнформбюро тілшісі Disney мен Pixar студияларының \"Элио\" анимациялық туындысын тамашалап, осы фильмнің қазақ және орыс тіліндегі дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаевпен аз-кем сұхбаттасты.\n– Бүгін премьераның масштабынан \"Элио\" шағын жоба секілді көрінгенімен, бірақ олай емес. Мен үшін бұл ерекше жоба, өйткені \"Элио\" – Pixar мен Disney студияларының бірегей туындысы. Бұл ешқандай ремейк емес, спин-офф, приквел не сиквел емес. Ешнәрсенің көшірмесі емес.\nЖаңа дүние болған соң кастинг жасаған кезде, әсіресе аудармашылар ынтамен келеді. Ақ қағазға жаңадан жазылған туынды болғандықтан, оған дейін жасалған аудармаға жүгінудің, жаңадан бірнәрсе ойлап табудың қажеті жоқ. Сол үшін бұл жоба өзіме де ыстық.\nБас кейіпкер Элионың көрерменге, әсіресе құрдастарына айтары көп. Кішкентай бала өз қаласында, өз мемлекетінде ғана емес, үп-үлкен Жер шарында орнын таба алмай жүр. Басқа ғаламға көшсем деп армандайды. Өзге ғаламшарлықтардан өзін ұрлап әкетуін сұрайды. Элио өзін жалғыз сезінеді. Досы да, жақыны да жоқ. Бірақ анимациялық фильм шынайы достықтың не екенін, дос болу үшін мықты, бай, сұлу тіпті адам болудың да шарт емес екенін, өзге ғаламшарлық құбыжық та жүрегі адал әрі ізгілік деп соғатын болса дос таба алатынын баяндайды. Өскелең ұрпаққа, әсіресе өтпелі кезеңге қадам басқан жеткіншектерге, ортаншы балаға, назардан тыс қалған мейірімге зәру балаларға айтары көп дүние.\n– Дубляж кастингтерінде ерекшелік болады деп айта алмаймын. Жұмыс барысы бірдей, бірақ бұл жобада басты кейіпкерлерді дыбыстауға барынша дебютанттарды шақырдық. Элио мен Глордон – екеуі де ұл кейіпкер. Бірақ біз Глордонды дыбыстауға қыз баланы ұсындық. Студия қарсы шыққан жоқ, рұқсатын берді. Қазақ тілінде \"род\" болмағандықтан ешқандай қиындық туған жоқ. Осылайша екі баланың ғана емес, ұл мен қыздың достығын көрсеткіміз келді.\n– Фильмдегі құбыжық баланың дауысы өте жіңішке, нәзік. Қазақтың ұл балаларына тән емес дыбыс болғандықтан, қыздардың арасынан іздедік. Ұлдар олай нәзік сөйлемеді. \"Нәзік сөйле\", \"жұмсақ сөйле\", \"қыз сияқты сөйле\" десең намыстанады. Сондықтан продюсерлермен кеңесе келе қыз баланы алдық және дұрыс шешім болды.\n– Бұл фильмде буллинг мәселесі де қозғала ма?\n– Ол да бар. Лагерьге жаңадан келген Элионы өзге балалар ұрып-соғып қарсы алады. Жетім Элио ғарышты ғана армандайды. Жер шарында өзін жалғыз сезінеді. Қиындықтарға қарсы тұру, жалғыздықпен күресу, шынайы дос табу бір жарым сағаттық фильмде жақсы көрсетіледі. Қолда барда алтынның қадірі жоқ демекші, өзге ғаламшарлықтармен араласып, солармен қырқысқанда ғана Жердің қадірін түсінеді.\n– Кейінгі кезде отбасы, мейірім, махаббат туралы анимациялық туындылар көптеп шығып жатыр. Қазіргі мультфильмдерді балалар ғана емес, үлкендер де көруі керек сияқты...\n– Оларды балаларға арналған емес, отбасылық фильмдер деп айтады. \"Үш марғау\", \"Маша мен аюды\" тек балалар көреді деуге болады. Ал отбасылық фильмдерді ата-ана баласымен, үлкендер өзінен кішілермен көруі қажет.\n– Бірақ қоғамда мультфильм тек балаларға арналған деген стереотип бар ғой.\n– Қоғамда сондай қате түсінік қалыптасқан. Анимацияны тек балаларға арналған деп есептейтіндер бар. Анимация – өнердің бір тәсілі. Анимация арқылы кезінде соғыс, геноцид, жемқорлықпен күрес туралы туындылар да түсірген. Зорлық-зомбылыққа, нашақорлыққа қарсы дүниелер бар. Олар балаларға арналған дүние емес қой, жалпы көрерменге арналған. \"Элио\" – отбасылық фильм. Көрерменге қызық, іш пыстырмайды.\nБірақ қазіргі балаларға ұзақ дүние көрсету қиын. Әлеуметтік желілерден отыз секундтық, бір минуттық видео көріп үйреніп қалған. Соның кесірінен балалар хикаясы бар мультфильмдерді көруге ерінеді. Ал біз кітап оқып, толықметражды фильм көріп, сериал тамашалап үйренген ұрпақ әлі де хикаяны басынан аяғына дейін кейіпкермен бастан кешуге дайынбыз. Ал қазіргі балаларды, өкінішке қарай, бір минутта қызықтыра алмасаң ұзақ дүние көрсете алмайсың.\n– Биыл тағы қандай фильмдер дубляждалады?\n– \"Жануарлар шаһары\" шығады. \"Аватар\" фильмінің үшінші бөлімінің жұмысын биыл бастаймыз. Жылдың соңына қарай жарық көреді.\n– Қазақшаға дубляждалып жатқан фильмдердің орысша дубляжын да сіздер жасайсыздар ғой?\n– Соғыс басталғалы, Ресей Украинаға шабуыл жасағалы Disney сияқты үлкен компаниялар ресми түрде Ресейден кетті. Олар соғысты қолдамайды. Орыс тілі тек Ресейге тиесілі дүние емес.  Орыс тілінде сөйлейтін басқа да мемлекеттер бар, сол үшінде дубляж орыс тілінде жүргізіліп жатыр және оны Қазақстанда жасайды. Бізбен қоса орысша тамашалайтын елдер бар. Бірақ бұл фильмдер ресми түрде Ресейге таратылмайды. Ол жақта көрермендер пират нұсқасын ғана көреді.\nОрысша дубляж жұмыстарына 2023 жылы қосылдым. Алғашқы жобаларды ресейлік әріптестеріміздің көңілінен шықпады. Көш жүре түзеледі. Қазақша жоба қалай шығады екен деп ешқашан қорыққан жоқпын. Қазақстан не Алматы болғандықтан емес, Бішкекте дыбысталса олар да уақыт өте келе жақсы жасайды деп ойлаймын. Орысша дубляж жасайтынымыз негізінде өкінішті. Алматы да, Бішкек те орысша сөйлей алады, орысша дыбыстай алады. Қазақ тілінің жанашыры ретінде мұны өкінішті жайт деп есептеймін. Бұл бір жағынан мықтылығымызды да, басқа жағынан әлсіздігімізді де көрсетеді. Тек қазақша бола берсе екен деп ойлаймын. Олар өздері орысша дыбыстаса, біз олармен жарысып қазақшасын көрсетейік. Бірақ жағдай осындай. Соғыс ешқашан жақсы болған емес, бірақ соғыстан кейін қазақша дубляж қайта тірілді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/isimdik-erkindiktin-emes-aurudyn-bastauy-psixolog-taueldiliktin-zasyryn-sebepteri-turaly", "title": "\"Ішімдік – еркіндіктің емес, аурудың бастауы\". Психолог тәуелділіктің жасырын себептері туралы", "text": "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, алкоголь жыл сайын әлемде 3 миллионнан астам адамның өліміне себеп болады. Бұл – жол-көлік апаттарынан немесе зорлық-зомбылықтан қаза табатындар санынан әлдеқайда көп. Ал Қазақстанда алкогольдік ішімдікке байланысты аурулар мен қылмыстар саны жылдан жылға өсіп келеді. 2024 жылы ел бойынша алкогольден уланудың 12 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 60 пайызы – 30 жасқа дейінгі жастардың үлесінде.\nАлкогольге тәуелділік – тек медициналық немесе құқықтық емес, ең алдымен психологиялық және рухани мәселе. Ол адамның ішкі жан дүниесіндегі жараның белгісі, шешілмеген эмоциялық ауыртпалықтың көрінісі. Көп жағдайда адам өзіндегі күйзеліс пен жалғыздық сезімінен қашып, ішімдік арқылы уақытша тыныштық іздейді. Бірақ бұл тыныштық – алдамшы, ол тек уақытша ұмыту сыйлайды да, кейін терең күйзеліске ұрындырады.\nІшімдікке тәуелділіктің себептері мен оның адамның өміріне, отбасына және қоғамға әсері туралы біз коуч, психолог Назира Бурханмен әңгімелестік. Ол өз тәжірибесінде жүздеген адаммен жұмыс істеп, тәуелділіктің түп тамырының физикалық емес, психоэмоциялық деңгейде жатқанын дәлелдеп жүрген маман. Сұқбат барысында біз ішімдікке тәуелділіктің жасырын белгілері, оның психологиялық себептері, тәуелді адамға қалай көмектесу керектігі және бұл дерттен арылудың нақты жолдары туралы жан-жақты талқыладық.\nПсихолог, коуч Назира Бурханның айтуынша, ішімдікке тәуелділік – адам жанындағы жараның сыртқы көрінісі. Көп жағдайда адамдар ішімдікті демалу, көңіл көтеру немесе стрессті жеңілдету жолы деп қабылдайды. Алайда оның түбінде терең психологиялық себептер, \"шешілмеген эмоциялар\" мен рухани бос кеңістік жатады.\n\"Адам ішімдікке көбіне ләззат алу үшін емес, ауырсынуды ұмыту үшін жүгінеді. Бұл – ең қауіпті тұсы. Себебі ішімдік уақытша жеңілдік береді, бірақ түбінде сол ауырсынуды күшейтеді. Ол өзін кінәлі, әлсіз сезінеді. Осы цикл қайталана береді де, адам психологиялық тұңғиыққа батып кетеді\", – дейді Назира Бурхан.\nОның айтуынша, тәуелділіктің алғашқы белгілері көзге бірден байқала бермейді. Алдымен адам жиі ішуді \"әлеуметтік себептермен\" ақтап алуға тырысады. \"Тек достармен\", \"жұмыстан кейін аздап\", \"демалыста ішпесем, көңілсіз\" деген сылтаулар біртіндеп жүйелі мінез-құлыққа айналады.\nКоуч маманның тәжірибесінде ішімдікке бейімділіктің түбірінде жиі ішкі бос кеңістік, жеке тұлғалық дағдарыс, эмоциялық күйзеліс тұратыны байқалады.\n\"Көптеген адам ішімдікті көңілді болудың құралы деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде ол эмоциялық байланыстан қашудың тәсілі. Адам өз-өзімен, өз ойымен жалғыз қалудан қорқады. Себебі ішінде \"шешілмеген\" реніш, жара бар. Ал ішімдік сол жараның үстіне уақытша таңғыш қойып беретіндей әсер қалдырады\", – дейді Назира Бурхан.\nПсихолог бұл құбылысты \"қашу механизмі\" деп атайды. Адам ішкі уайым мен ауыр эмоцияны баса алмай, химиялық жолмен оларды әлсіреткісі келеді. Бірақ ми уақыт өте келе бұл \"қашуды\" қалыпты жағдай ретінде қабылдап, химиялық тәуелділік пайда болады.\nНазира ханым ішімдікке тәуелділіктің алғашқы кезеңінде байқалатын бірнеше жасырын белгіге назар аударады:\n\"Тәуелділік бір күнде пайда болмайды. Ол тамшыдан теңіз болатындай, байқалмай басталып, сана мен ағзаны біртіндеп өзіне бағындырады\", – дейді маман.\nҒылыми тұрғыдан: неге адам тәуелді болады?\nДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 2024 жылғы есебінде алкоголизм мидың химиялық тепе-теңдігін бұзатын ауру деп сипатталады. Алкоголь ішкен сәтте мида дофамин мен эндорфин бөлініп, адам қуаныш сезімін бастан өткереді. Бірақ жиі қайталанған сайын ми бұл гормондарды табиғи жолмен шығара алмай қалады.\nКалифорния университетінің нейробиологтары дәлелдегендей, тұрақты түрде ішімдік ішетін адамдардың миындағы дофамин рецепторларының белсенділігі 30 пайызға төмендейді. Бұл адамды ләззатсыз, күйзеліс жағдайында қалдырады. Ол сол қуанышты қайта сезіну үшін тағы ішеді – осылайша \"шыр айналған цикл\" пайда болады.\n\"Ми – бейімделгіш орган. Ол неге жиі ұшыраса, соған үйренеді. Егер адам қиындықты ішімдікпен шешуге дағдыланса, ми сол сәтті шешім ретінде қабылдайды. Ал бұл – тәуелділіктің бастамасы\", – дейді Назира Бурхан.\nӘлеуметтік факторлар және мәдени қалыптар\nПсихологтың айтуынша, Қазақстанда ішімдік ішу көбіне әлеуметтік норманың бір бөлігі ретінде қабылданады. Мереке, туған күн, тіпті аза күндерде де үстелден ішімдік табылатыны қалыпты жағдай саналады. Бұл – ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан мәдени сценарий.\n\"Біздің қоғамда \"ішсең – еркек\", \"ішпесең – қызықсыз\" деген түсінік бар. Бұл – өте қауіпті стереотип. Өйткені, адамдардың көбі ішімдікті қарым-қатынас құралы ретінде қолданады. Ал шын мәнінде ол қарым-қатынасты бұзады\", – дейді Назира Бурхан.\nӘлеуметтанушылардың зерттеуінше, алкоголь тұтыну деңгейі жоғары қоғамдарда сенім мен ашықтық деңгейі төмен болады. Себебі адамдар эмоцияны ішімдік арқылы шығаруға дағдыланып, шынайы қарым-қатынас орнатуға қиналады.\nСоңғы жылдары Қазақстанда жасөспірімдер арасында ішімдікке ерте бейімдік байқалып отыр. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылы 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 14 пайызы айына кемінде бір рет алкоголь ішкен.\nНазира Бурхан бұл құбылысты ата-аналардың эмоционалды немқұрайлығы мен әлеуметтік желілердегі \"жалған еркіндік\" культімен байланыстырады.\n\"Қазіргі жастар ішімдікті \"еркіндіктің символы\" деп түсінеді. Ал шын мәнінде, ол – еркіндіктің жоғалуы. Еркін адам ешнәрсеге тәуелді болмайды\", – дейді ол.\nПсихолог ішімдікке тәуелді адамның ең басты жауы – өз ойы екенін айтады.\n\"Көп адам өзіне өтірік айтады: \"мен қалаған кезде тастай аламын\", \"бұл әдет емес\", \"бәрі де ішеді\". Бұл – өзін-өзі алдау механизмі. Ми әр ішкен сайын жаңа нейрондық байланыс жасайды. Бір күні адам шынымен қаласа да, тоқтата алмай қалады\", – дейді маман.\nҒылыми тұрғыда бұл нейропластикалық бейімделу деп аталады. Ми алкогольмен байланысты нейрондық жолдарды күшейтеді, ал ішімдіксіз өмірді стресс ретінде қабылдай бастайды. Сондықтан тәуелділік – ерік күші жетпей қалған жағдай емес, мидың қайта бағдарламаланған күйі.\nНазира Бурханның айтуынша, ішімдікке тәуелділікті жеңу – ең алдымен ішкі шындықты мойындаудан басталады.\n\"Көп адам \"менде мәселе жоқ\" деп өзін алдайды. Бірақ шын өзгеріс тек мойындаудан басталады. Мен өз клиенттеріме әрдайым айтам: \"Сен – ауру емессің, сен – емделуге шешім қабылдай алатын адамсың\", – дейді ол.\nПсихолог атап өткендей, тәуелді адамға бір ғана тыйым немесе жазалау әсер етпейді. Оған қолдау, сенім және түсіністік қажет.\n\"Біз адамдарды айыптаудан арылуымыз керек. Тәуелділік – бұл әлсіздік емес, көмекке шақыру. Адам ішімдік арқылы \"менің жаныма ауыр\" деп айқайлап тұр. Біз оны тыңдауымыз керек\", – дейді Назира ханым.\nІшімдікке тәуелділік – көрінбейтін, бірақ қоғамды іштен улап жатқан дерт. Ол тек бауыр мен жүйкені ғана емес, адамның рухын әлсіретеді.Назира Бурханның пікірінше, ең маңызды қадам – тәуелділікті тек медициналық емес, адамдық және рухани тұрғыдан түсіну.\n\"Әр адамда жарық бар. Ішімдік сол жарықты тұмшалап тастайды. Бірақ ол мәңгі сөнбейді. Тек өз ішіңдегі жылуды қайта жағуға батылдық керек\", – дейді ол.\nІшімдік тәуелділігінің жасырын механизмі мен адам миына әсері\nПсихолог Назира Бурханның айтуынша, ішімдікке тәуелділік – жай ғана жаман әдет немесе еріксіздік емес, ол нейробиологиялық өзгерістердің күрделі тізбегі. Бұл үдеріс мидың марапаттау орталығына, дофамин және серотонин секілді нейромедиаторларға әсер етеді.\n\"Адам алғаш рет ішімдік ішкенде ми дофаминнің көп мөлшерін бөледі. Бұл ләззат сезімін, жеңілдік пен қуаныш әсерін тудырады. Уақыт өте келе, ми бұл сезімді тек алкоголь арқылы алуға үйреніп кетеді. Яғни табиғи мотивация мен қуаныш тетігі бұзылады. Осы сәттен бастап адам өз еркінен тыс, химиялық тәуелділік шеңберіне түседі\", – дейді маман.\nҒылыми зерттеулерге сүйенсек, ішімдік мидың 126-дан астам аймағына әсер етеді, соның ішінде шешім қабылдау, эмоцияны реттеу және есте сақтау үшін жауапты фронтальды қыртыс ең қатты зақымданады. Гарвард университетінің нейропсихологтары жүргізген зерттеуде алкоголизмге бейім адамдардың миында грей-маттер көлемі 5-11 пайызға азаятыны дәлелденген. Бұл – адамның ақыл-ой қабілетінің, бақылау мен моральдық жауапкершілігінің төмендеуін білдіреді.\nДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, алкоголь жыл сайын әлемде 3 миллионға жуық адамның өліміне себеп болады. Бұл – әр 10 өлімнің біреуі ішімдікке тікелей немесе жанама байланысты деген сөз. Қазақстанда да жағдай көңіл көншітпейді: Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде жыл сайын алкогольден улану мен созылмалы ішімдікке тәуелділіктен 5 мыңнан астам адам қайтыс болады, ал есепте тұрған науқастар саны 90 мыңнан асады.\nЖүйке жүйесі мен эмоциялық тепе-теңдік бұзылысы\nНазира Бурханның айтуынша, алкоголь тек ағзаны улап қоймай, жеке тұлғаның құрылымын өзгертеді.\n\"Алғашында адам өзін еркін, көңілді, батыл сезінеді. Бірақ уақыт өте келе бұл әсер керісінше айналады – ашушаңдық, агрессия, уайым, өзін кінәлі сезіну, қоғамнан оқшаулану байқалады. Бұл – ішімдік арқылы жасанды түрде дофамин өндірісін күшейтудің нәтижесі. Ми табиғи жолмен қуаныш сезімін тудыру қабілетін жоғалтады\", – дейді психолог.\nАлкогольдің әсерінен адам эмоциялық тұрақтылығын жоғалтады, кішкентай қиындықты да көтере алмай қалады. Дәл осы психикалық күйзеліс ішімдікті қайта ішуге итермелейді. Бұл – \"құлып пен кілт\" механизмі, яғни адам проблемадан қашып, оны шешудің орнына мас күйінде ұмытқысы келеді.\nАмерикалық Ұлттық алкогольді зерттеу институтының мәліметі бойынша, тұрақты ішімдік ішу депрессия мен мазасыздықтың даму ықтималдығын 4 есе арттырады. Психологиялық тұрғыда ішімдік адамның өзін-өзі бағалауын төмендетіп, оның әлеуметтік мәртебесіне де әсер етеді: жұмыстан айырылу, отбасылық жанжал, ажырасу, достармен қарым-қатынастың үзілуі сияқты салдарлар жиі байқалады.\nӘйелдер мен ерлер арасындағы айырмашылық\nПсихолог атап өткендей, әйелдердің организмі алкогольге ерлерге қарағанда әлдеқайда сезімтал. Себебі әйел ағзасында су мөлшері аз, ал май тіні көп, сондықтан алкоголь баяу ыдырайды және улану жылдам жүреді.\nҒылыми деректерге сүйенсек, әйелдерде бауыр циррозы мен алкогольдік психоз ерлерге қарағанда екі есе жылдам дамиды.\n\"Қоғамда ішімдікке бейімдік көбіне ерлерге тән деген стереотип бар. Бірақ соңғы жылдары әйел алкоголизмі жасарып, жиілеп барады. Бұл – алаңдатарлық үрдіс. Жасырын ішу, күйзеліс, жалғыздық, әлеуметтік қысым – бәрі әйелдерді тәуелділікке итермелейді. Ал аналардың ішімдікке салынуы ұрпақтың денсаулығына тікелей қауіп\", – дейді Назира Бурхан.\nДДСҰ деректеріне сәйкес, әлемде әр адамға орта есеппен жылына 6,2 литр таза этанол (алкогольдің таза мөлшері) келеді. Еуропада бұл көрсеткіш 10-12 литрге дейін жетеді.\nҚазақстан бұл тізімде орташа деңгейде, яғни жылына шамамен 8 литр шамасында. Бірақ сарапшылардың айтуынша, бұл – ресми дерек қана, бейресми тұтыну бұдан әлдеқайда жоғары.\nРеспубликалық психикалық денсаулық орталығының статистикасы бойынша, соңғы 5 жылда елімізде жасөспірімдер арасындағы алкогольге тәуелділік 15 пайызға артқан. 14-17 жас аралығындағы әрбір 7-ші бала айына кем дегенде бір рет ішімдік ішіп көргенін мойындаған.\n\"Бұл – тек медициналық емес, әлеуметтік дағдарыс. Егер біз жастардың эмоционалдық интеллектін, өз-өзіне сенімін дамытпасақ, олар бос кеңістікті алкоголь немесе басқа стимуляторлармен толтыруға тырысады. Бұл – заманауи қоғамның ауруы\", – дейді Назира Бурхан.\nМи мен ағзаға әсер ететін жасырын салдарлар\nІшімдіктің әсерінен бауырда майлы дистрофия пайда болады, ол уақыт өте келе циррозға ұласады. Сонымен қатар, алкоголь жүрек бұлшықетінің әлсіреуіне, қан қысымының тұрақсыздануына және инсульт қаупінің артуына себеп болады.\nАмерикалық кардиологиялық қауымдастықтың дерегіне сәйкес, күніне бір стақаннан артық алкоголь тұтынатын адамдарда жүрек аурулары 38 пайыз жиірек кездеседі.\nМидың жұмысына келсек, алкоголь есте сақтау мен назар шоғырландыру қабілетін төмендетеді. Тіпті ішімдікті тоқтатқаннан кейін де мидағы нейрондық байланыстар бұрынғы қалпына келу үшін 6 айдан 2 жылға дейін уақыт қажет етеді.\nПсихологиялық тұрғыда тәуелділіктің терең тамыры\nНазира Бурханның айтуынша, ішімдікке бейімділіктің астарында көбіне балалық шақтағы жарақаттар, эмоциялық жетіспеушілік және құндылықтық дағдарыс жатады.\n\"Көп адам ішімдікті көңіл көтеру үшін емес, жан жарасын ұмыту үшін ішеді. Кішкентай кезінде өзіне сенімсіз, бағаланбаған, жалғыз өскен бала ересек өмірде ішімдік арқылы өзін еркін және қабылданған сезінеді. Бірақ бұл уақытша эффект\", – дейді ол.\nКоуч маманның пікірінше, тәуелділіктің ең қауіпті жағы – адам өзін жоғалтады. Уақыт өте келе оның санасы ішімдікпен бірге өмір сүруге бейімделеді. Ол таңертең ішпесе тұра алмайды, бірақ іштім десе де ләззат сезбейді. Бұл – психологиялық құлдық."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/bailyq-bar-beibitsilik-qaida-taiau-sygystyn-zamanaui-portreti", "title": "Байлық бар, бейбітшілік қайда? Таяу Шығыстың заманауи портреті", "text": "Соңғы күндер бүкіл әлем назарын Таяу Шығысқа, оның ішінде Иран мен Израиль арасындағы тұтануы мүмкін соғыс өртіне бұрған. Әсіресе, АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққысынан кейін жағдай тіпті ушыққан еді, бірақ, бүгінгі жаңалықтарға сәйкес, екі тарап атысты тоқтату жөніндегі келісімге келіп жатыр(бұл туралы әзірге Израиль ресми мәлімдеді).\nОсы реттеKursiv.kzТаяу Шығыстың заманауи портретін әзірлеп, бір Иран ғана емес, негізінен араб елдерінен құралған аймақтың әлем экономикасы мен саясатындағы орны жайында сараптама жазды. Материал авторы – Нұрсұлтан Ерболатұлы.\nИнформбюро екіжақты әріптестік негізінде сараптама материалыныңтолық нұсқасынұсынады.\nТаяу Шығыс – ежелгі өркениеттердің бесігі, діндердің тоғысқан мекені ғана емес, бүгінде жаһандық экономика мен геосаясаттың маңызды тіректерінің бірі. Бұл аймақтың өзектілігі көбінесе жер қойнауындағы байлықпен – дәлірек айтқанда, мұнаймен байланысты. Соңғы онжылдықтарда Таяу Шығыс елдері әлемдік энергетикалық нарықтағы басты ойыншыларға айналды. Бірақ олардың қуаты тек шикі мұнаймен шектелмейді – экономика, әскери күш және геосаяси позиция тұрғысынан да оларды айналып өту мүмкін емес. Осы материалдар негізінде Таяу Шығыс елдерінің қазіргі ахуалына тереңірек үңіліп көрелік.\nOPEC-тің статистикалық бюллетеніне сүйенсек, Таяу Шығыс елдері 2019 жылы күніне 24,17 миллион баррель мұнай өндіріп, дүниежүзілік өндірістің елеулі бөлігін қамтамасыз еткен. Алайда 2020 жылы COVID-19 пандемиясы салдарынан бұл көрсеткіш күрт төмендеп, 22,04 миллион баррельге дейін қысқарған. Келесі жылдары көрсеткіштер біртіндеп қалпына келіп, 2022 жылы 25,09 млн баррельге дейін жетсе, 2023 жылы 23,81 млн баррельге түскен. Бұл өзгерістер жаһандық мұнай сұранысына, геосаяси тұрақсыздыққа және энергия көздерін әртараптандыруға байланысты.\nБірақ бұл – тек өндіріс көлемі. Ал дәлелденген мұнай қоры бойынша Таяу Шығыс елдері әлі де көш басында. 2023 жылғы дерек бойынша, әлемдік мұнай қорының 55,6%-ы осы аймақта шоғырланған. Бұл – тұрақты түрде энергиямен қамтамасыз ету мен геосаяси сауда келіссөздерінде үлкен артықшылық береді. Сауд Арабиясы, Иран, Ирак сынды елдер бұл ресурсты ұлттық табыстың негізі ретінде пайдаланып отыр.\n2024 жылға арналған Халықаралық валюта қорының болжамдары Таяу Шығыс елдерінің ЖІӨ-сінің әркелкілігін көрсетеді. Мысалы, Сауд Арабиясы – 1,1 трлн доллар, БАӘ – 537 млрд доллар, Түркия – 1,3 трлн доллар, ал Израильдің ЖІӨ-сі – 540 млрд долларға жетіп отыр. Бұл елдерде экономикалық әртараптандырудың айқын белгілері бар: қаржы орталықтары, туризм, логистика және өндірістік сектор дамып келеді. Қатар, Кувейт, Бахрейн сынды мұнайға тәуелді елдер де технологиялық хабтарға айналу мақсатында инфрақұрылымды жаңғыртуда.\nАлайда аймақтағы барлық елдердің жағдайы бірдей емес. Судан ($28 млрд), Йемен ($19 млрд), Палестина ($18,6 млрд) және Сирия (мәлімет жоқ) сынды елдер соғыс пен тұрақсыздық кесірінен экономикалық дамуда айтарлықтай артта қалған. Бұл мемлекеттерде мұнай болса да, оны игеруге мүмкіндік пен инфрақұрылым жетіспейді. Салыстырмалы түрде мұнайы жоқ Израильдің ЖІӨ-сі Суданнан 20 еседен астам жоғары. Бұл әртүрлілік аймақтағы даму теңсіздігінің бір көрінісі.\nТаяу Шығыстың геосаяси маңызы – оның мұнайымен ғана емес, стратегиялық орналасуымен де байланысты. Сондықтан қорғаныс шығындары бұл аймақта ерекше мәнге ие. Global FirePower дерегі бойынша, Сауд Арабиясының қорғаныс бюджеті $71,7 млрд құрап, бүкіл аймақ ішінде бірінші орында тұр. Одан кейін Түркия ($40 млрд), Израиль ($24,4 млрд) және БАӘ ($15,5 млрд) келеді.\nАлайда бұл көрсеткіштер әскери қуатты нақты көрсете бермейді. Израиль, мысалы, тек 24,4 млрд доллар бөлгенімен, Global FireIndex рейтингінде 17-орында тұр. Ал әлдеқайда көп қаржы бөлетін Кувейт, Оман, Ливия сияқты елдер 70-80-орындарда. Бұл – әскери техниканың сапасы, кадр даярлығы мен технологиялық артықшылықтың маңызын көрсетеді.\nАйта кету керек, Иран 10 млрд доллара жуық қорғаныс бюджетімен 14-орында. Бұл – оның аймақтағы ықпалды мемлекет екенін білдіреді. Сонымен қатар Иранның әскери және саяси стратегиясы тек тікелей қарулы күшке емес, прокси күштер арқылы ықпал етуге бағытталған.\nТаяу Шығыс елдерінің әлсіз тұсы – тұрақсыздық пен ішкі қақтығыстар. Сирия, Йемен, Ирак сынды елдерде ұзаққа созылған соғыстар мен діни-саяси шиеленістер экономиканы тежеп, мұнай өндірісіне де кедергі келтіруде. Иранға қарсы санкциялар да бүкіл аймақтың сауда ағынына әсер етуде.\nСоңғы уақыттағы Иран мен Израиль қақтығысы – тек екі ел арасындағы емес, бүкіл Таяу Шығыс геосаясатын айқындайтын фактор. Бұл текетірес ұзақмерзімді әрі күрделі сипатқа ие, ал әлемдік державалардың араласуы жағдайды одан әрі күрделендіреді. Тікелей соғыс ықтималдығы төмен болғанымен, жанама соққылар мен прокси қақтығыстар жалғаса береді.\nСонымен қатар аймақтағы кейбір елдер(мысалы, Сауд Арабиясы мен Иран)арасындағы бәсекелестік пен діни қайшылықтар кейде қарулы қақтығыстарға ұласуы мүмкін. Бұл бүкіл әлемдік мұнай нарығына әсер ететін фактор.\nАлайда қуатты тұстары да бар. Біріншіден, мұнай мен газдың дәлелденген қоры оларға ұзақ жылдар бойы қаржылай тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Екіншіден, БАӘ, Катар, Сауд Арабиясы сияқты елдер экономиканы әртараптандыруға белсенді кірісіп, энергетикадан тыс табыс көздерін дамытып жатыр. Бұл – ұзақ мерзімді стратегияның белгісі.\nТаяу Шығыс – тек энергия көзі ғана емес, сондай-ақ әлемдік геосаясаттың \"жүрегі\". Мұнай байлығы оларға экономикалық артықшылық береді, ал әскери әлеует – өздерін қорғауға мүмкіндік береді. Бірақ болашақ тек мұнайға қарап қалмауы керек. Аймақ елдері диверсификация мен технологиялық даму жолына бет бұрса, әлемдік аренада өз ықпалын арттыра түсері анық.\nДегенмен, тұрақсыздық қаупі сейілмей тұр. Экономикалық теңсіздік, саяси қақтығыстар мен діни айырмашылықтар – аймақтың басты сын-қатері. Осы сынақтарды еңсерген жағдайда ғана Таяу Шығыс нағыз әлеуетін аша алады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/bogde-emes-bauyr-ulttar-arasyndagy-arazdyqtyn-emi-qandai", "title": "\"Бөгде емес – бауыр\": ұлттар арасындағы араздықтың емі қандай?", "text": "Бүгінгі жаһандану мен ақпараттық ықпал күшейген кезеңде ұлтаралық татулық мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Этностық әртүрлілік – бұл тек мәдени байлық емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік. Мамандардың айтуынша, әртүрлі ұлт өкілдері бір қоғамда бейбіт әрі сенімді өмір сүруі үшін тек саяси ерік пен құқықтық негіз емес, ең алдымен, психологиялық мәдениет пен ішкі қабылдаудың жоғары деңгейі қажет.\nҰлтқа қатысты стереотиптер, тарихи жаралар, әділетсіздік сезімі, әлеуметтік желідегі арандатушылық – мұның бәрі қоғамдағы этносаралық қарым-қатынастың нәзік құрылымына қауіп төндіруі мүмкін. Ал бұл күрделі әлеуметтік құбылыстың тереңінде не жатыр? Адам неге \"бөгдені\" қауіп ретінде қабылдайды? Қақтығыстан кейін ұжымдық жараны қалай емдеуге болады? Жастарда толеранттылық қалай қалыптасады? Осы және басқа да маңызды сұрақтар төңірегінде біз психолог, психоәлеуметтік кеңесші Лаура Сүйіндіктен сұхбат алып, ұлтаралық татулықты сақтау жолдарын адам психикасы, эмоциялық қабылдау, ұжымдық сана тұрғысынан қарастырдық.\n– Ұлтаралық келісім ұғымы психологиялық тұрғыдан қалай түсіндіріледі? Адамдар арасында этностық айырмашылықтарға қарамастан өзара құрмет пен сенім қалай қалыптасады?\n– Психологиялық тұрғыдан алғанда, ұлтаралық келісім – бұл әртүрлі этностық топтар арасындағы әлеуметтік когеренцияны, яғни өзара үйлесімді қарым-қатынас пен эмоционалды қабылдауды білдіретін күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс.Бұл құбылыс әлеуметтік сәйкестік теориясы, контакт гипотезасы және мәдениетаралық қабылдау модельдерімен тығыз байланысты. Әлеуметтік сәйкестік теориясы адамның өзін белгілі бір топпен сәйкестендіру арқылы қалыптасатын мінез-құлқын түсіндіреді. Бұл сәйкестік басқа этностық топтарды қабылдауға тікелей ықпал етеді. Егер адам өз тобын \"біз\", ал өзгелерді \"олар\" деп шектеп қабылдайтын болса, бұл ұлтаралық сенімді әлсіретіп, бөгде топты қауіпті, бәсекелес ретінде қабылдауға итермелейді. Зерттеулер көрсеткендей, адамдарда өз тобына артықшылық беріп, басқа топтарға бейсаналық теріс көзқарас қалыптастыру жиі кездеседі.\nКонтакт гипотезасына сәйкес, әртүрлі этнос өкілдері арасындағы тұрақты әрі тең қарым-қатынас сенім мен құрметті арттыра алады. Бірақ бұл үшін қатысушы топтар тең дәрежеде болуы, ортақ мақсатты бөлісуі және институционалдық қолдауға ие болуы қажет. Бұл шарттар орындалғанда, межэтностық қатынас дискриминацияны азайтып, симпатия мен түсіністік деңгейін арттырады. Этносаралық келісімнің тағы бір маңызды психологиялық тірегі – эмпатия. Адам өзінен өзгеше мәдени ортадан шыққан адамның эмоциясын түсініп, оны тұлға ретінде қабылдай алса, қашықтық қысқарады, сенім артады. Бұл қабілет, әсіресе, этностық қақтығыстар мен тарихи жаралар сақталған ортада аса қажет. Сонымен қатар, мәдениетаралық құзыреттілік – басқа мәдениеттермен өзара әрекеттесудің сауатты үлгісі ретінде – толерантты қоғам қалыптастыруда маңызды құрал. Ол өзге мәдениетті тек біліп қоймай, оны құрметтеп, бейімделе білуді үйретеді.\nАдам мінез-құлқының көп бөлігі қоғамдағы нормаларға бейімделіп қалыптасатынын ескерсек, бұл процесте қоғамдық институттардың да рөлі ерекше. Мемлекет, білім беру мекемелері, медиа мен қоғамдық ұйымдар плюрализм мен құрмет мәдениетін дәріптейтін орта қалыптастырса, ұлтаралық келісім де тұрақты бола түседі. Ұлтаралық келісім – бұл эмоция, таным және әлеуметтік құрылымдардың өзара ықпалы арқылы қалыптасатын психоәлеуметтік жүйе. Этностық айырмашылықтарға қарамастан, құрмет пен сенім тек санада емес, күнделікті тәжірибеде, сапалы қарым-қатынаста және институционалдық қолдауда қалыптасады. Психологиялық зерттеулер бұл процестің табиғи емес, үйретілетін әрі дамытуға болатын қабілет екенін анық көрсетіп отыр.\n– Этностық стереотиптер мен алдын ала пайымдаулар адамның қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Оларды жеңудің қандай психологиялық жолдары бар?\n– Этностық стереотиптер мен алдын ала пайымдаулар – бұл жеке адамның немесе әлеуметтік топтың басқа этнос өкілі туралы тұрақты, бірақ көбіне жалған немесе қарапайымдалған наным-сенімдері. Психологияда мұндай құбылыстар адамның когнитивті үнемдеуге ұмтылуы, яғни күрделі ақпаратты жеңілдетуге тырысуы және әлеуметтік үйрету нәтижесінде қалыптасатыны белгілі. Адамдар қоршаған ортаны жеңіл қабылдап, түсіну үшін белгілі бір үлгілерге, жалпылауға сүйенеді. Бірақ бұл үлгілер нақты өмірде шынайылықтан алшақ болуы мүмкін.\nЭтностық стереотиптер қарым-қатынас деңгейінде бірнеше бағытта кедергі келтіреді. Танымдық тұрғыдан адам өзіне ұқсас емес этнос өкілін \"бөгде\", \"түсініксіз\", кейде тіпті \"қауіп\" деп қабылдауы мүмкін. Бұл in-group/out-group деп аталатын әлеуметтік сәйкестік әсерінен туындайды. Эмоциялық деңгейде сенімсіздік, қорқыныш немесе ашық агрессия сезімі орын алуы ықтимал. Ал мінез-құлық деңгейінде мұндай стереотиптер дискриминация, әлеуметтік шеттету немесе тікелей шабуылға бейімділікке әкелуі мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей,адамдардың көпшілігі саналы түрде этностық стереотиптермен келіспесе де, бейсаналық деңгейде олардың ықпалында болады. Бұл – стереотиптердің қаншалықты терең және күрделі психологиялық құбылыс екенін дәлелдейді.\nМұндай теріс ұстанымдарды жеңудің бірнеше психологиялық жолы бар. Ең танымал және тиімді тәсілдердің бірі –Гордон Оллпорт ұсынған контакт гипотезасы. Яғни, әртүрлі этностық топтар арасындағы сапалы, тең дәрежедегі, бірлескен мақсатқа негізделген қарым-қатынас кезінде стереотиптер әлсірейді. 500-ден астам зерттеуді қамтыған Pettigrew & Tropp метаанализі бұл тұжырымды толық растайды. Сонымен қатар, когнитивті қайта құрылымдау әдісі де маңызды. Адам өзінің ойлау жүйесіндегі жалпылауды, логикалық қателерді тануға және оны сын тұрғысынан қайта бағалауға үйренуі қажет. Бұл тәсіл когнитивті психотерапияда кеңінен қолданылады.\nЭмпатияны дамыту мен рөлдік ойындар – басқа этнос өкілінің орнына өзін қойып көру, оның сезімін, уәжін түсінуге тырысу – стереотиптік көзқарастарды әлсіретеді. Бұл тәсіл тек рационалды түсінуге емес, эмоционалдық байланысты күшейтуге бағытталған. Бұған қоса, мәдениетаралық құзыреттілік – яғни басқа мәдениеттерді тану, салыстыру, құрметтеу қабілеті – этносаралық қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. Мұндай дағдылар білім беру, медиа және қоғамдық коммуникация жүйесі арқылы қалыптасады.\nЭтностық стереотиптер мен алдын ала пайымдаулар – адам психикасына тән табиғи, бірақ өзгертуге болатын құбылыс. Оларды жеңу – тек жекелеген адамның міндеті емес, сонымен бірге бұл қоғамның ақпараттық, білім беру және мәдени саясатының ортақ жауапкершілігі. Этносаралық құрмет пен түсіністік саналы көзқарас пен тәжірибеге негізделген жағдайда ғана шынайы түрде қалыптасады.\n– Қоғамда этностар арасындағы шиеленіс пайда болған жағдайда, топтық травма мен ұжымдық агрессия қалай туындайды және оны емдеудің жолы бар ма?\n– Этностар арасындағы шиеленіс – бұл жекелеген адамдар арасындағы келіспеушіліктен әлдеқайда ауқымды, терең әрі көпқабатты әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Мұндай шиеленістер көбіне тарихи, мәдени, саяси және эмоциялық жадымен астасқан, тұтас этностық топтардың арасында жүретін ұжымдық қақтығыстарға айналады. Психологияда мұндай жағдайлар жеке тұлғалық деңгейден жоғары тұрған, топтық сана мен ұжымдық эмоцияларға негізделген процестер ретінде қарастырылады. Осы шиеленістердің нәтижесінде қоғамда топтық травма мен ұжымдық агрессия пайда болады.\nТоптық немесе ұжымдық психологиялық травма – бұл белгілі бір этнос немесе әлеуметтік топ ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылыққа, жаппай қуғын-сүргінге, кемсітушілікке немесе тарихи әділетсіздікке ұшыраған жағдайда қалыптасатын терең жара. Бұл жара бір буынмен шектелмейді. Ол мәдени жад пен тарихи нарратив арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Осындай психологиялық жүктің мысалын армян геноцидінен кейінгі ұжымдық жадыдан, Холокостты бастан кешкен еврей халқының ұрпақтарының ұстанымдарынан немесе Руандадағы геноцидтен кейінгі ұлттың әлеуметтік құрылымынан байқауға болады. Кеңестік кезеңнен кейінгі Орталық Азия мен Кавказдағы этностық қақтығыстардан соң да көптеген қоғамдарда әділетсіздік, қорқыныш, кек, бейбітшілікке деген күмән сияқты сезімдер ұзақ уақыт сақталып отыр. Осындайтравмалық ортада ұжымдық агрессия да бейсаналық түрде белсендіріледі. Қоғам белгілі бір этносты \"қауіп көзі\" ретінде қабылдай бастайды, ал қарапайым адамдардың бойындағы стереотиптер мен үрей тереңдей түседі. Мұндай жағдайда эмоциялық жұқтыру жүреді – яғни бір адамның қорқынышы немесе агрессиясы бүкіл топтың көңіл күйіне таралады. Сонымен қатарагрессия көбінесе \"әділет үшін күрес\" деген моральдық ақтау арқылы жүзеге асырылады. Бұл құбылысты Альберт Бандура \"moral disengagement\" деп атаған:адам өз әрекетін өз көзқарасына сай \"дұрыс\" етіп ақтап алады, сөйтіп зорлық әрекетіне психологиялық тосқауыл қойылмайды.\nАлайда топтық травма мен ұжымдық агрессия – тұрақты күй емес, олардан сауығуға болады. Ол үшін бірнеше маңызды психологиялық және әлеуметтік қадам қажет. Біріншіден, әділдік пен мойындау – зардап шеккен топтың өткенін ашық тану, олардың жарасын мойындау, тарихи шындықпен бетпе-бет келу. Бұл процесс тек ресми кешіріммен емес, бейресми, мәдени, символдық деңгейде де жүруі керек. Екіншіден, ашық диалог пен нарратив алмасу – әртүрлі этнос өкілдерінің өзара тыңдауы, эмоциялық қабылдау мен түсіністікке келуі. Бұл жерде \"narrative exposure therapy\" сияқты психологиялық әдістер топтық терапия үшін тиімді. Үшіншіден, ортақ мақсат пен бірлескен тәжірибе – этностарды біріктіретін жобалар мен әрекеттер ұжымдық деңгейде серіктестік пен сенім қалыптастырады. Бұл мектеп, мәдени бастамалар, еріктілік немесе әлеуметтік жобалар болуы мүмкін. Төртіншіден, қалпына келтіруші әділет – қоғамдағы зиянның тек құқықтық емес, эмоциялық және адамгершілік деңгейде өтелуін қамтамасыз ететін тәсіл. Бұл әдіс Африка елдерінде, әсіресе Оңтүстік Африкадағы апартеидтен кейін кеңінен қолданылған.\nҰжымдық травма мен этностық агрессия – күрделі әрі сезімтал тақырып. Бірақ бұл жаралармен жұмыс істеу – тек саяси тұрақтылық үшін емес, сонымен бірге қоғамның психологиялық саулығы үшін де маңызды.Диалог, түсіністік, ашық мойындау мен бірге әрекет ету – сауығудың жалғыз жолы. Себебі жараны емдеудің алғашқы шарты – оның бар екенін мойындау. Ал сауығу – тек үнсіздікпен емес, шынайы қабылдау мен бірлескен болашақты құруға ұмтылу арқылы жүзеге асады.\n– Балалар мен жасөспірімдерде ұлтаралық толеранттылық қалай қалыптасады? Отбасы мен мектептің бұл процестегі рөлі қандай?\n– Балалар мен жасөспірімдерде ұлтаралық толеранттылықтың қалыптасуы – бұл күрделі, көпқабатты әлеуметтік-психологиялық процесс. Бұл қасиет адамның туа біткен ерекшелігі емес, оқыту, бақылау, қатынас және үлгі арқылы дамитын әлеуметтік дағды. Әсіресе балалық шақта, тұлғалық қалыптасудың бастапқы кезеңінде, этностық әртүрлілікке деген көзқарас әлі бейсаналық деңгейде қаланатындықтан, әлеуметтік орта – ең шешуші фактор.\nОтбасы – баланың алғашқы әлеуметтік ортасы, сондықтан ұлтаралық қабылдау мен төзімділіктің негізі осы ортада қалыптасады. Ата-аналар өзара немесе сыртқы этностар туралы қандай пікір айтып, қандай эмоциямен бөліссе, бала оны бейсаналық түрде қабылдайды. Мысалы, өзге этносқа қатысты мейірімді, бейтарап не жағымсыз сөздер баланың санасында соған сәйкес \"дұрыс-бұрыс\" схемасын қалыптастырады. Ата-ананың өзі толерантты болса, бала да соған ұмтылады. Сондықтан отбасындағы эмоциялық климат, тіл, көзқарас және үлгі – шешуші рөл атқарады.\nМектеп – бұл тұлғаның әлеуметтік кеңістіктегі екінші маңызды қалыптастырушысы. Білім беру жүйесі тек пән үйретіп қана қоймай, қоғамдық ортада өмір сүрудің мәдениеті мен нормаларын қалыптастырады. Егер мектеп бағдарламасында әртүрлі этностардың тарихы, мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі объективті және сыйластықпен ұсынылса, бұл балаларда әртүрлілікке деген құрмет пен қызығушылық тудырады. Сонымен қатар мектеп ішіндегі этностық әртүрлілікпен жұмыс істеудің стилі де маңызды: мұғалімдердің бейтарап, әділетті болуы, буллингке жол бермеуі, балалар арасындағы теңдік пен ынтымақтастықты қолдауы – толеранттылықтың әлеуметтік тәжірибесін ұсынады.\nЖасөспірім кезеңінде этностық сәйкестік туралы сұрақтар күшейе түседі, яғни \"Мен кіммін?\" деген ізденіспен қатар \"Мен басқаға қалай қараймын?\" деген мәселе де тереңдейді. Бұл кезеңде белсенді рефлексия және қоғамдық рөлдерді түсіну қабілеті артады. Сондықтан дәл осы уақытта толеранттылық тек есту не көру арқылы емес, жеке тәжірибе мен қарым-қатынас негізінде нығаяды. Жалпылай алғанда, ұлтаралық толеранттылық – қоғамда бірге өмір сүру мәдениетін меңгерудің көрінісі. Ол баланың эмоциялық қауіпсіздігіне, әлеуметтік қабылдануына, тұлғалық еркіндігіне тікелей байланысты. Ал бұл үшеуін қамтамасыз ететін негізгі институттар – отбасы мен мектеп.\n– Қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік сезімі этносаралық сенімге қалай әсер етеді? Бұл сезімдерден туындайтын агрессияны психологиялық деңгейде қалай басқаруға болады?\n– Әлеуметтік әділетсіздік сезімі – бұл адамдардың қоғамдағы мүмкіндіктер мен ресурстардың бөлінуін әділетсіз, тең емес деп қабылдауы. Психологияда мұндай сезім жеке адамның ғана емес, тұтас топтардың эмоционалдық және когнитивтік реакциясына ықпал ететін ұжымдық фрустрацияның бастауы ретінде қарастырылады. Бұл сезім этносаралық сенімге тікелей әсер етеді, өйткені адамдар әділетсіздіктің себебін көбінесе бөгде топтармен байланыстыра бастайды. Мұндай кезде басқа этнос өкілдері \"бәсекелес\", \"артықшылыққа ие\" немесе \"қолдау көріп отыр\" деген стереотиптер қалыптасады. Сөйтіп, этносаралық сенім әлсіреп, ұжымдық реніш пен бейсаналық агрессия пайда болады. Бұл құбылысты психологияда realistic conflict theory арқылы түсіндіруге болады. Теорияға сәйкес, ресурстар үшін бәсекелестік сезімі бар ортада топтар арасында шиеленіс артады, ал әділетсіздік сезімі бұл бәсекелестікті тереңдете түседі. Сонымен қатар relative deprivation theory – адамдар абсолюттік жоқшылықтан емес, өзін басқа топпен салыстырудағы айырмашылықты әділетсіз деп қабылдағанда көбірек агрессия танытады. Осыдан туындайтын агрессияны психологиялық тұрғыда басқару үшін ең алдымен когнитивтік қайта бағалау маңызды. Яғни адам немесе топ өзінің сезімін сыртқы жауға аудармай, жағдайды тереңірек түсінуге ұмтылуы керек. Бұл үшін психоәлеуметтік тренингтер, диалог алаңдары мен қоғамдық медиация тәжірибелері тиімді болуы мүмкін.\nЭмоцияны реттеудің тағы бір жолы – эмпатияны дамыту. Басқа топтың жағдайын, сезімін түсіне алу қабілеті – агрессияны төмендететін негізгі факторлардың бірі. Бұл процесс когнитивті ғана емес, аффективті деңгейде де жүруі қажет. Мемлекет пен қоғамдық институттар деңгейінде әділеттілік сезімін қалпына келтіру, яғни инклюзияны қамтамасыз ету, мүмкіндіктер теңдігін ашық көрсету, шешім қабылдауға әртүрлі топтардың қатысуын арттыру – бұл сенім дағдарысын психологиялық тұрғыда емдеудің институционалдық жолы. Қорытқанда әлеуметтік әділетсіздік сезімі тек экономикалық немесе саяси емес, психологиялық сенім құрылымына тікелей әсер ететін фактор. Ол басқарылмаса, этносаралық қатынастарды улап, ұзақмерзімді күйзеліс пен агрессияға алып келуі мүмкін. Ал оны жеңу – сана, сезім және құрылымдық әділеттілік деңгейінде қатар жүруі тиіс кешенді процесс.\n– Әлеуметтік желілерде жиі кездесетін ұлтқа байланысты негатив пікірлер мен стереотиптер жеке адамның санасына қалай әсер етеді?\n– Әлеуметтік желілер – қазіргі қоғамдағы ең ықпалды ақпараттық және эмоциялық кеңістіктердің бірі. Бұл ортада ұлтқа қатысты негатив пікірлер мен стереотиптердің жиі қайталануы адамның санасына бейсаналық деңгейде теріс үлгілер мен көзқарастарды сіңіреді. Психологияда мұны имплицитті (бейсаналық – автор түсіндірмесі) әлеуметтік ұстанымдардың қалыптасуы деп атайды.\nБіріншіден,адамның когнитивті жүйесі қайталанатын ақпаратты шындық ретінде қабылдауға бейім. Егер әлеуметтік желіде белгілі бір этнос туралы теріс пікірлер жүйелі түрде тараса, жеке тұлғаның санасында сол этносқа қатысты жағымсыз ассоциациялар қалыптаса бастайды. Бұл әсіресе әлеуметтік тәжірибесі аз, өзіндік фильтрі қалыптаспаған жастар мен жасөспірімдерге күшті әсер етеді.\nЕкіншіден, мұндай мазмұн \"топтық ойлау\" механизмін күшейтеді. Яғни, қолданушы өзін бір пікірді ұстанатын адамдар тобының мүшесі ретінде сезініп, сол көзқарасты сынсыз қабылдай бастайды. Бұл – ұжымдық агрессия мен стереотиптердің кеңеюіне жол ашады.\nҮшіншіден, негатив пікірлер жәбірленуші этнос өкіліне де әсер етеді. Психологияда \"стереотиптік қауіп\" деген ұғым бар. Яғни адам өзі туралы қоғамда бар негатив пікірді естіген сайын, соған сәйкес қорқыныш, мазасыздық, өзін төмен бағалау сияқты психологиялық реакциялар пайда болады. Бұл оның әлеуметтенуіне, өзін көрсетуіне, сенімділігіне теріс ықпал етеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде қалыптасқан ұлтаралық кернеу шынайы өмірдегі қарым-қатынастарға да әсер етуі мүмкін. \"Онлайн агрессия\" мен \"офлайн қақтығыстың\" арасындағы шекара барған сайын жойылып келеді. Мұндай әсерлерден қорғану үшін ақпараттық сауаттылықты, медиафильтр дағдыларын және эмоциялық интеллектіні дамыту қажет. Сонымен бірге,желі кеңістігінде негативті мазмұнға қарсы позитивті нарративтер мен этностар арасындағы өзара құрметті насихаттайтын контенттің үлесін арттыру – бұл да психологиялық иммунитет қалыптастырудың маңызды бөлігі.\n– Психологиялық тұрғыдан алғанда, ұлтаралық сенім мен түсіністік қай кезде бұзылады? Қандай жағдайда адамдар бір-бірін \"бөгде\" немесе \"қауіп\" ретінде қабылдай бастайды?\n– Психологиялық тұрғыдан ұлтаралық сенім мен түсіністік – адамның ішкі қабылдауы мен әлеуметтік тәжірибесінің, мәдени ортаның, эмоциялық жадтың және когнитивті үлгілердің өзара әрекетінен қалыптасатын нәзік тепе-теңдік. Бұл тепе-теңдік әрдайым тұрақты емес, ол нақты тарихи, әлеуметтік немесе жеке оқиғаларға байланысты бұзылуы мүмкін. Әсіресе топтар арасында қатер, әділетсіздік немесе бәсекелестік сезімі күшейген сәтте, бұрынғы сенім орнына қорғаныш пен күдік пайда болады. Психологияда бұл үдеріс көбінесе \"ingroup –outgroup\" (\"біз – олар\" – автор түсіндірмесі) дихотомиясы арқылы түсіндіріледі. Адамдар өз тобын (\"біз\" – автор түсіндірмесі) оң тұрғыда, ал басқа этносты (\"олар\" – автор түсіндірмесі) жиі теріс, қауіпті немесе жат ретінде қабылдауға бейім. Бұл – әлеуметтік сәйкестік пен өзін қорғау механизмдерінің табиғи салдары. Бірақ бұл бейімділік нақты бір факторлар әсерінен күшейіп, сенімнің бұзылуына алып келуі мүмкін.\nЕң жиі кездесетін себептердің бірі – ресурстарға – материалдық не символдық қорлар үшін бәсекелестік. Егер адамдар басқа этнос өкілдерін өз мүмкіндіктері мен артықшылықтарына қауіп төндіруші ретінде қабылдай бастаса, онда сенім әлсірейді. Бұл \"realistic conflict theory\" бойынша, нақты ресурстар үшін күресте этносаралық шиеленіс туындайды.\nТағы бір маңызды фактор – әлеуметтік әділетсіздік сезімі мен коллективтік реніш. Егер белгілі бір этностық топ өзін қоғамда кемсітілген, шеттетілген немесе әділетсіздікке ұшыраған деп есептесе, бұл – ішкі агрессия мен \"бөгдені кінәлау\" механизмін іске қосады. Ал басқа топ бұл наразылықты \"қауіп\" деп қабылдауы мүмкін. Сондай-ақ, ұлтаралық сенім мен түсіністік ақпараттық манипуляция мен стереотиптердің таралуы кезінде де бұзылады. Әсіресе әлеуметтік желілерде белгілі бір этносқа қатысты жалған не біржақты теріс пікірлердің көп таралуы адамдардың сол топқа деген көзқарасын бейсаналық түрде бұрмалап жібереді. Бұл \"қоғамдық жау\" бейнесін жасау арқылы \"бөгделендіру\" механизмін қалыптастырады. Психологияда мұны \"де-гуманизация\" дейді – яғни басқа топты адамдық сипатынан айыру. Ұзақ мерзімді перспективада бұл процестер қоғамдық сенім дағдарысына алып келеді. Этносаралық қатынастарда сенім бұзылғанда, адамдар күнделікті өмірде бір-біріне күдікпен қарай бастайды, жай сөз, әзіл, тіпті көзқарасқа дейін \"қастандық\" ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл – эмоционалдық поляризацияның жоғары деңгейі, ол ұжымдық психикада жаулықты күшейтеді. Дегенмен, психология бұл үдерістің қайтымды екенін де көрсетеді. Егер адамдар арасында тұрақты, тең құқылы және мағыналы қарым-қатынас орнатылса, сенім қалпына келе бастайды. Бірақ ол үшін жеке тәжірибе ғана емес, қоғамдық деңгейде саяси әділет, ашық диалог пен оң эмоциялық орта қажет.\nҚорытқанда, ұлтаралық сенім мен түсіністік тек идея емес – ол адамның ішкі қауіпсіздігіне, әділеттілік сезіміне, әлеуметтік қолдауына және когнитивті бейтараптығына тікелей байланысты. Бұл факторлардың біреуі бұзылса, адам \"бөгдені\" қауіп деп қабылдай бастайды, ал бірнешеуі қатар бұзылса – онда сенімнің орнына қорғану, агрессия мен жатсыну басым болады. Сондықтан мұндай сенімді сақтау үшін психологиялық сауаттылықпен қатар, қоғамдық әділет пен эмоционалдық тұрақтылықты қолдайтын кең орта қажет.\n– Ұлтаралық қақтығыстардан кейінгі психологиялық қалпына келу процесі қалай жүруі керек? Қоғамға не көмектеседі – үнсіз қалу ма әлде ашық диалог па?\nҰлтаралық қақтығыстар – бұл тек физикалық немесе саяси шындық қана емес, ең алдымен, терең психологиялық жара. Ондай оқиғалардан кейін қоғамда ұжымдық жарақат, эмоциялық поляризация, сенім дағдарысы және бейсаналық қорғаныс механизмдері белсенді түрде көрініс береді. Қалпына келу процесі – бұл жай ғана жағдайды ұмытып кету емес, ол саналы түрде жараны мойындау, өңдеу және қайтадан адамаралық сенімді қалыптастыру үдерісі. Психология тұрғысынан бұл – ұжымдық емделу деп аталады.\nАлғашқы кезең – травманың танылуы.Қоғамда қақтығыстың болғанын жоққа шығару немесе \"уақыт емдейді\" деген көзқарас – ұзақмерзімді жағынан қауіпті.Өйткені жасырылған эмоциялар мен өңделмеген ауыр сезімдер кейін жанама агрессия, стереотиптер, кек және қайта оралатын шиеленістер түрінде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан психологиялық қалпына келудің алғашқы шарты – ашық әрі әділетті мойындау. Мұнда ашық диалогтың рөлі шешуші. Бірақ бұл қарапайым пікір алмасу емес, кәсіби деңгейде жүргізілетін психоәлеуметтік медиаторлар, қоғамдық терапевтік кеңістіктер, нарративтік әдістер арқылы ұйымдастырылған қорғалған коммуникация болуы керек. Осындай ортада қақтығыстың екі жағы да өз тарихын, эмоциясын, көзқарасын бөлісіп, өзара жараны мойындауға мүмкіндік алады. Бұған мысал ретінде Оңтүстік Африкадағы апартеидтен кейін құрылған \"Шындық пен татуласу комиссиясын\" келтіруге болады. Онда қоғам қылмысты кешіруді емес, оны естіп, түсініп, санамен қайта қабылдауды мақсат етті.\nПсихологиялық емделу үшін эмоциялық қауіпсіздік кеңістігі өте маңызды. Адамдар өз ойы мен тәжірибесін бөлісуге дайын болуы үшін олар өзін еститін, айыпталмайтын және кемсітілмейтін ортада сезінуі керек. Бұл ретте қоғамдық ұйымдар мен мемлекет тарапынан қамқор, бейтарап, тыңдауға дайын позиция маңызды. Бірақ, өкінішке қарай,көптеген қоғам ұлтаралық қақтығыстан кейін \"үнсіздік стратегиясын\" таңдайды.Бұл – бейбітшілікті сақтау мақсатындағы тактикалық қадам сияқты көрінгенімен, психологиялық тұрғыда травманың \"консервациясы\" болып есептеледі. Үнсіз қалу – уақытша тыныштық береді, бірақ ұзақмерзімді перспективада өңделмеген жараны тереңдете түседі. Мұндай травма ұрпақтан ұрпаққа беріліп, тарихи әділетсіздіктің символына айналуы мүмкін. Психоаналитик Вамик Волькан мұны \"топтық жадтағы қатып қалған жара\" деп сипаттайды. Сонымен қатар қалпына келу үдерісі – қоғамдық келісім мен ортақ естеліктерді қайта құру процесі. Бұл жерде мәдениет, өнер, білім үлкен рөл атқарады. Қақтығыстан кейінгі қоғамда ортақ тарихты қайта жазу емес, әр этнос пен топтың жарақаттық тәжірибесін заңды, елеулі және құрметті деп мойындау маңызды. Бұл – ұжымдық кешірімге емес, ұжымдық түсіністікке апаратын жол.\nҚорыта айтқанда, ұлтаралық қақтығыстан кейін қалпына келу – жай ғана тыныштық емес, бұл – саналы емделу жолы. Үнсіздік – уақытша қорған болуы мүмкін, бірақ ол жараны жаза алмайды. Ал ашық, әділетті, құрметке негізделген диалог – адамның психикасына да, қоғамның құрылымына да сенім мен түсіністі қайта алып келетін бірден-бір тиімді жол."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zauyttagy-arbir-adam-el-ekonomikasynyn-irgetasyn-ustap-tur-metallurgter-otbasy", "title": "Зауыттағы әрбір адам ел экономикасының іргетасын ұстап тұр – металлургтер отбасы", "text": "Рудный қаласындағы ERG Service кәсіпорнында шын мәнінде үлгі боларлық бір әулет еңбек етіп жүр. Бұл – әр мүшесі зауыттан өз орнын тапқан, бір бағытта маңдай тер төгіп, елдің дамуына үнсіз үлес қосып жүрген ұжымдай тату шаңырақ. Бірге өткізген еңбек жолы – жарты ғасырға жуық тәжірибе, талай сынақ пен қуанышқа толы өнегелі өмір. Бір қарағанда жай ғана сәйкестік сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ отбасы үшін бұл жол – тағдырдың сыйы, жүректің таңдауы.\nБіз Сейтжан Майлыбаевпен арнайы сұқбаттасып, отбасының өндірістегі бірлігін, өмірге, еңбекке деген көзқарасын, ұрпақ тәрбиесіндегі ұстанымын тыңдадық. Ол – РММЗ прокат цехының тәжірибелі шебері. Екі жоғары білімі бар: машина жасау және металлургия мамандықтары бойынша. Еңбек өтілі – 22 жыл. Жан жары Индира Убайдаева – электродвигательдерді оқшаулаушы маман. Ол бұл салада 18 жыл еңбек етіп келеді. Мыңдаған мотордың жұмысына жан бітіріп, кәсібіне деген адалдығын дәлелдеген жан.\nҮлкен қызы – Гүлбану Нұртасова алғашқы еңбек жолын электр пештер пультінен бастап, бүгінде баллон толтыру цехында жұмыс істейді. Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша білім алып, болашағын өндірістегі еңбекті қорғау саласымен байланыстыруды көздеп отыр. Кенже қызы – Фариза Нұртасова – зауыттағы фельдшер. Ол үшінші жыл қатарынан ұжымның саулығына жауап беріп, жанашырлықпен қызмет етіп жүр. Әрқайсы түрлі цехта еңбек еткенімен, оларды біріктіріп тұрған – ортақ құндылықтар мен өзара сенім. Жұмыстан тыс уақытта олар бірге саяхаттағанды, гүл өсіріп, бір дастархан басында бас қосқанды жақсы көреді. Биыл қыздары ата-анасына тосынсый жасап, оларды күзде Дубайға демалысқа жіберуді жоспарлап отыр.\nБұл отбасының шынайы бақыты – бірге болу, бір мақсатқа жұмылып, бір-біріне сүйену. Олардың күші – ынтымақта, ал ынтымақтың бастауы – жүрекпен сүйген еңбек.\n– Металлургия саласына қалай келдіңіздер? Бұл саланы таңдауға не түрткі болды?\n– Металлургия саласына келуіміз кездейсоқтықтан туған шешім емес, бұл – өмір жолымызды қалыптастырған саналы әрі тағдырлы таңдау. Әулетімізде еңбекке адалдық, маңдай термен табылған нанның қадірін білу – атадан балаға жалғасып келе жатқан берік ұстаным. Біз үшін металлургия – жай ғана кәсіп емес, бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын еңбек дәстүрі, төзім мен табандылықты талап ететін рухани мектеп. Бұл салаға алғашқы қадамымызды сенімсіздікпен емес, шынайы жауапкершілікпен бастадық. Алғашында пештің ыстығы, темірдің оттай ызыңы, өндірістегі қатаң тәртіп сәл тосын көрінгенімен, уақыт өте келе осының бәрі үйреншікті тірлікке, тіпті жанымызға жақын өмір салтына айналды. Себебі біз бұл жерден тек кәсіби тәжірибе ғана емес, үлкен өмірлік сабақ алдық: кез келген жетістік табандылықпен, бірлікте және маңдай термен келеді екен.\nМеталлургия саласын таңдауға түрткі болған – қарапайым еңбек адамына деген құрмет. Зауыттағы әрбір адам – ел экономикасының іргетасын ұстап тұрған тұлға. Солардың қатарында болу, елге пайдалы болу – біз үшін үлкен мәртебе. Сонымен қатар, бір кәсіпорында бір отбасы мүшелері қатар еңбек ету – біздің арақатынасымызды бұрынғыдан да бекемдеп, ортақ құндылықтарымызды нығайтты. Қиын сәтте бір-бірімізге тірек болдық, қуанышта бірге марқайдық. Бүгінде таңертең зауыттың қақпасынан бірге кіріп, кешкісін бірге шығатын күндеріміздің әр сәті – біз үшін өмір жолымыздың шежіресіне айналған. Бұл – отбасылық береке мен еңбекке деген құрметтің үлгісі. Сондықтан металлургия – біздің кәсібіміз ғана емес, өмір салтымыз, жүрекпен таңдаған жолымыз.\n– Бір отбасының бір кәсіпорында жұмыс істеуі – көпке үлгі. Бұл жағдай сіздердің арақатынастарыңызға қалай әсер етеді?\n– Бір отбасының бір кәсіпорында еңбек етуі – біздің өміріміздегі ең үлкен бақ пен береке дер едік. Бұл – жай ғана жұмыс емес, жүректерімізді бір арнаға тоғыстырған, көзқарасымызды ортақ мақсатқа бағыттаған үлкен мектеп. Біз үшін өндіріс орны – үйдегідей ыстық, ал әрбір жұмыс күні – бірге өткен тағы бір тағылымды белес. Бір ортада жұмыс істеуіміз – өзара түсіністік пен қолдауды тереңдете түсті. Өйткені бір-біріміздің күнделікті атқарып жатқан қызметімізді іштен ұғынып, сезініп, құр сөзбен емес, нақты әрекетпен қолдау көрсете аламыз. Кейде біріміздің көңіліміз түсіп тұрса, екіншіміз демеу болып, алға жетелейміз. Біріміз жетістікке жетсек, сол қуаныш баршамызға ортақ болып, еңбекке деген ынтамыз арта түседі. Жұмыстан тыс уақытта да біз тек отбасы ретінде емес, бір бағытта еңбектеніп жүрген әріптес, серіктес, тірек ретінде бір-бірімізге сенім артамыз. Бұл сенім – қарым-қатынасымызды бұрынғыдан да нығайтып, арада кедергі қалдырмай, ашықтық пен шынайылықты орнықтырды. Біздің отбасымыз үшін ортақ кәсіпорын – тек табыс көзі емес, ол – өзара түсіністік пен сыйластықтың арқауы. Бірігіп еңбек ету арқылы біз тек металл құйып, темір балқытумен ғана айналысып жүрген жоқпыз, біз өзіміздің ішкі бірлігімізді, отбасы ұйытқысын да шыңдап келеміз. Сондықтан, расымен де, бір отбасының бір кәсіпорында жұмыс істеуі – үлкен жауапкершілікпен қатар, айналаға үлгі боларлық ерекше ынтымақтың көрінісі.\n– Зауыттағы күндеріңіз қалай өтеді? Жұмыс кестесі мен отбасы уақытының тепе-теңдігін қалай сақтайсыздар?\n– Зауыттағы күндеріміз тәртіп пен жауапкершілікке негізделген нақты бір ырғақпен өтеді. Таң қылаң бере оянып, күнделікті жұмысқа дайындықты отбасылық әңгімеден, бір-бірімізге тілек білдіруден бастаймыз. Өйткені біз үшін зауыт – жай жұмыс орны емес, өміріміздің бір бөлшегіне айналған орта. Әр күн – жаңа тапсырма, жаңа сынақ, жаңа мүмкіндік. Жұмысқа келгеннен бастап әрқайсымыз өз бағытымызға, міндетімізге бет аламыз. Жоғары дәлдік пен қауіпсіздікті талап ететін металлургия саласында әр қадам – маңызды. Сол себепті жұмыста бар назарымыз ісімізде, тәртіп пен тәртіпке бағыну – басты қағидамыз. Түс мезгілінде кейде жолымыз түйісіп жатса, қысқа ғана жылы лебіз айтып үлгереміз. Бірақ сырт көзге байқалмаса да, бір мекемеде жүргеніміздің өзі көңілге үлкен демеу. Ал отбасы мен жұмыстың арасындағы тепе-теңдікті сақтау – бұл біз үшін тек уақытты бөлу емес, бұл – шынайы ниет пен өзара түсіністіктің жемісі. Кешкісін үйге оралғанда біз жұмысты сыртта қалдырып, отбасылық жылулық пен жайлы ортаға бөленуге тырысамыз. Балаларымыздың әңгімесін тыңдап, дастархан басындағы уақытты қадірлейміз. Демалыс күндерін мүмкіндігінше бірге өткізіп, табиғатқа шығуға, бірге кітап оқуға немесе жай ғана әңгімелесуге мән береміз. Осылайша, біз зауыттағы қатаң ырғақ пен отбасы жылулығын бір-біріне қарсы қоймай, үйлестіре білуді өмірлік дағдыға айналдырдық. Уақыт тапшы болса да, бірлігіміз бен ниетіміз мол. Бәлкім, осының арқасында шаршау да жеңіл, өмір де мағыналы шығар.\n– Металлургия ауыр әрі жауапты сала екені белгілі. Қиын сәттерде бір-біріңізге қалай қолдау көрсетесіздер?\n– Иә, металлургия – ауыр әрі аса жауапты сала. Бұл салада тек физикалық күш емес, рухани төзім мен ішкі берік сенім де қажет. Темір балқып жатқан пештің ыстығы, жоғары температура, қауіпсіздік ережелері мен өндірістік талаптардың қаталдығы – мұның бәрі күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналған. Осындай жағдайда адамның жан дүниесі де әлсіреп, кейде қажып кететіні рас. Бірақ біз үшін ең басты күш – бір-бірімізге деген сенім мен қолдау. Біз отбасымызбен бірге бір өндірісте жұмыс істейтін болғандықтан, қиындықты да, қуанышты да бірге көтеріп келеміз. Қиын сәт туа қалса, көп сөздің қажеті жоқ – бір көзқарас, бір жылы сөз, үндемей иықтан қағу да жеткілікті. Біз бір-біріміздің көңіл күйін көзден-ақ түсінеміз. Біріміздің шаршағанымызды байқасақ, екіншіміз көмектесуге, көңілін көтеруге тырысамыз.\nҮйге келгенде де жұмыс жайлы бөлісіп, ішкі қобалжуды сыртқа шығарып, жеңілдеп қалуға тырысамыз. Бір-бірімізді тыңдай білу, түсіне білу – ең үлкен қолдаудың бірі.Кейде бір ауыз \"шаршама, бәрі жақсы болады\" деген сөздің өзі таудай демеу болады. Өйткені біз тек әріптес емеспіз – біз ең алдымен отбасы мүшесіміз, бір-біріміз үшін тірекпіз. Бұл салада жұп болып, жан болып жүру – үлкен нығмет. Темір балқытатын жерде жүрсек те, жүрегіміздің жылуын жоғалтпауға тырысамыз. Қиындықтың артында береке бар екенін білеміз. Сол үшін қолымыздан келгенше бір-бірімізге арқа сүйеп, рухымызды бірге көтеріп келеміз. Ең бастысы – біз біргеміз, ал бірге болғанда кез келген ауырлық жеңілдей түседі.\n– Өндірісте жұмыс істеген жылдар ішінде қандай маңызды тәжірибе жинақтадыңыздар?\n– Өндіріс саласында өткізген жылдар – біздің өмірлік мектебіміз, мінезімізді қалыптастырып, болмысымызды шыңдаған кезеңдер. Бұл жылдар ішінде тек кәсіби шеберлік емес, ең алдымен, төзім, тәртіп, жауапкершілік және ұжымдық рух сынды қасиеттерді бойымызға сіңірдік. Металл балқыған пештің жанына тек еңбек етемін деген ниетпен емес, шынайы адалдықпен келу керектігін түсіндік. Біз үшін өндіріс – адамдардың өзара сыйластығын, бір-біріне арқа сүйеп жұмыс істеуді, кідірместен шешім қабылдай білуді үйреткен орта. Қауіпсіздік техникасынан бастап, жоғары технологиялармен жұмыс істеу, өндірістегі үдерістерді бақылау – мұның бәрі әрбір жұмысшыдан ерекше зейін мен білімді талап етеді. Жылдар өте келе біз сол талаптарға бейімделіп қана қоймай, оларды күнделікті тәжірибемізбен толықтыра білдік. Сонымен қатар, ұжымдағы қарым-қатынастың маңызын, әріптеске деген сенім мен сыйластықтың қандай шешуші рөл атқаратынын ұқтық. Әсіресе отбасымызбен бірге еңбек ету – жауапкершілікті еселеп арттырды. Біріміздің тәжірибеміз екіншімізге үлгі, бір-біріміздің табандылығымыз ортақ күшке айналды. Өндіріс бізге еңбектің қадірін ғана емес, уақыттың, ұйымшылдықтың және шын пейілмен жасалған істің нәтижесін бағалауды үйретті. Металл қалай ыстықта шынығып, мықты бола түссе – біз де осы салада шыңдалып, нағыз өмірлік тәжірибе жинадық деп нық сеніммен айта аламыз. Бұл жол – біз үшін мақтаныш, әрі келер ұрпаққа қалдырар үлгі.\n– Кәсіпорында ата-анасымен бірге жұмыс істейтін жас буынға қандай ақыл-кеңес берер едіңіздер?\n– Кәсіпорында ата-анасымен қатар еңбек етуді әрбір жас үшін тағдырдың үлкен сыйы деп білеміз. Бұл – тек еңбек жолының басы ғана емес, адамдық тәрбие мен өмірлік тәжірибенің тірі мектебі. Ата-анамен бірге бір салада жұмыс істеу – бір жағынан мақтаныш, екінші жағынан үлкен жауапкершілік. Сондықтан жас буынға айтарымыз – осы мүмкіндікті терең түсініп, қадірін біле біліңдер. Ең әуелі, еңбекке құрметпен қараңдар. Қанша заманауи технология келіп, жеңіл жолдар табылғанымен, шынайы табыс – адал маңдай тердің жемісі екенін ұмытпаңдар. Ата-анамен қатар жүріп, олардың жылдар бойы жинаған тәжірибесін көру, күнделікті мінезі мен еңбекке деген адалдығын байқау – кітаптан оқи алмайтын үлкен өмір сабағы.\nЕкіншіден, үлкенге қарап бой түзеу – қазақтың қанында бар қасиет. Ата-анаңның қасында жүріп, тек кәсіби шеберлікті емес, адамдық парасатты, қарапайымдылықты, ұқыптылық пен ұжыммен тіл табысуды үйренуге тырыс. Әр ісіне назар салып, әр сөзін зерделе – бұл сенің ертеңгі өз жолыңның іргетасы. Үшіншіден, еңбек – тек өзің үшін емес, ортақ мүдде үшін жасалатын іс. Ұжыммен тату бол, әріптестердің сенімін ақта, ата-анаңның абыройына көлеңке түсірмей, қайта сол абыройды өз тәртібіңмен, ниетіңмен, кәсібилігіңмен толықтыра біл. Қорыта айтқанда, ата-анамен бір кәсіпорында қызмет ету – бұл жай ғана жұмыс емес, бұл – ұрпақ сабақтастығының тірі үлгісі, үлкен өмірге деген алғашқы әрі нық қадам. Сол қадамды шын ықыласпен, шынайы еңбектен бастап, ұрпақ жалғастығын мақтанышпен өрбіте беріңдер.\n– Қазіргі қоғамда қара жұмысқа, өндірістік еңбекке көзқарас қандай деп ойлайсыздар? Басшылық тарапынан жұмысшыларға қолдау бар ма?\n– Қазіргі қоғамда қара жұмысқа, әсіресе өндірістік еңбекке деген көзқарас біртіндеп өзгеріп, бұрынғыға қарағанда шынайы бағасын ала бастағандай. Иә, ұзақ жылдар бойы ақылмен жасалатын қызметтер мен кеңсе жұмысын жоғары қою үрдісі байқалып келді. Бірақ соңғы жылдары ел экономикасын алға сүйреп тұрған негізгі күш – дәл осы өндіріс, нақты еңбек екенін көпшілік тереңірек түсіне бастады. Металлургия, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты салада еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылар – олар елдің іргетасын қалаушылар. Олар – таң атпай жұмысқа келіп, қара тер мен қажырлы күштің арқасында күн сайын нақты нәтиже шығарып жүрген, шынайы еңбектің иелері. Бұл – мақтануға тұрарлық миссия. Сондықтан біз қоғамның бұл салаға деген құрметінің артып келе жатқанына шын қуаныштымыз.\nАл енді басшылық тарапынан көрсетілетін қолдауға келсек, соңғы жылдары жұмысшылардың жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар қолға алынып жатқанын байқаймыз. Жалақыны уақытылы төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, арнайы киіммен, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, демалыс орындарымен қамту сияқты әлеуметтік мәселелер ескерусіз қалмайды. Әрине, әлі де жетілдіретін тұстар бар, бірақ ең бастысы – жұмысшының үніне құлақ асатын, пікірін ескеретін басқару мәдениеті қалыптасып келе жатыр.\nБіз өзіміз еңбек етіп жүрген зауытта басшылықтың жұмысшыларға деген көзқарасын, қолдауын күн сайын сезінеміз. Әсіресе отбасымен жұмыс істейтін қызметкерлерге деген ерекше ықыласты, сенімді байқаймыз. Бұл – мотивацияның, ұжымдық ауызбіршіліктің негізі. Қорыта айтқанда, қазіргі қоғамда өндірістегі еңбек – барынша қадірленуге лайықты сала. Ал осы бағыттағы оң көзқарасты нығайтып, жұмысшы мәртебесін арттыра түсу – әрбіріміздің ортақ мақсатымыз болуы тиіс. Еңбектің ешқашан елеусіз қалмайтынына сенеміз.\n– Алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар? Жолдарыңызды немере-шөбере жалғастырады деген үміт бар ма?\n– Алдағы жоспарларымыз – осы салада жинаған тәжірибемізді тек өз өмірімізбен ғана шектемей, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдыру. Біз үшін металлургия – кәсіби жол ғана емес, бұл – өмір мектебі, шыдам мен жігердің шынайы мектебі. Сол себепті бұл жолды жалғастырар ұрпақ өсіп келе жатқанына үлкен үмітпен қараймыз. Қазірдің өзінде балаларымыз темірдің тегеурінін, еңбектің қадірін, күн сайын қайталанатын қарапайым тірліктің артындағы үлкен мағынаны көріп өсіп келеді. Олар зауытқа қарап, біздің таңмен таласа тұрып, күн еңкейгенше маңдай тер төгіп жүргенімізді көреді. Бұл – айтудан гөрі, үлгі арқылы үйретілетін тәрбие. Сол себепті біздің жүрегімізде үлкен сенім бар: ертең бұл жолды жалғайтын – өз немере-шөбереміз. Әрине, әр баланың өз қалауы, өз арманы болады. Біз олардың еркін таңдау жасауына қарсы емеспіз. Бірақ олар қай саланы таңдаса да, еңбекке адал болсын, адамдарға пайдалы болсын деген тілегіміз бар.\nАл егер металлургияны таңдаса – біз үшін бұл зор мәртебе болар еді. Онда бұл саланың шынайы құндылығы, рухы ұрпақтан ұрпаққа берілді деген сөз. Алдағы уақытта өзіміз де тоқтап қалмай, білімімізді толықтырып, технологияның жаңа мүмкіндіктерін меңгеріп, жастармен тәжірибе бөлісіп, ұжым ішіндегі татулық пен ынтымақты одан әрі нығайтуды мақсат етіп отырмыз. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан отбасылық еңбек дәстүрі үзілмей, келер буынға жол бастаса, одан асқан байлық жоқ деп білеміз. Бұл – біздің арманымыз ғана емес, борышымыз да."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-nauryizdagyi-ubt-bastaldyi-371945/", "title": "Қазақстанда наурыздағы ҰБТ басталды", "text": "Бүгін наурызда өтетін ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады. 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл былтырғымен салыстырғанда 20 мыңға көп, - деп хабарлайдыTengri EducationҒылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.\nБүгін наурызда өтетін ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады. 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл былтырғымен салыстырғанда 20 мыңға көп, - деп хабарлайдыTengri EducationҒылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.\nОлардың 74,4 пайызы қазақ тілінде, 25,5 пайызы орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.\nТалапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.\n\"Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – \"Математика-Физика\", оны талапкерлердің 18,7 пайызы таңдаған. Яғни, бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,6 пайызы \"Биология-Химия\", 10,3 пайызы \"Шығармашылық емтихан\" пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ медициналық қызметкерлер мен шығармашылық саласының мамандары\" - дейді министрлік өкілдері.\nҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушілердің сертификаты апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.\n2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120.\n\"Оның ішінде \"Қазақстан тарихы\" пәні бойынша 20 тапсырма, \"Оқу сауаттылығы\" мен \"Математикалық сауаттылық\" пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды,\" - дейді ведомство өкілдері.\nТестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.\nНаурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, былтыр мектеп түлектері, колледж түлектері, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған Қазақстан азаматтары, мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/uly-zenistin-80-zyldygyna-arnalgan-askeri-parad-fotoreportaz", "title": "Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад: Фоторепортаж", "text": "Бүгін Астанадағы \"Қазақ елі\" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті.\nInformburo.kz салтанатты шарадан арнайы фоторепортаж ұсынады.\nӘскери парадты Қазақстан Республикасы қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды.\nМемлекеттік туды және Жеңіс туын алаңға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы алып келді.\nЖеңістің Қызыл туы – осыдан 80 жыл бұрын әйгілі отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның майдандасы Григорий Булатов Рейхстагқа тіккен тудың көшірмесі.\nМемлекет басшысы – Қазақстан қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтасөз сөйледі. Президент сөзінде сұрапыл соғыс жылдарындағы отандастардың ерлігін атап өтіп, соғыс бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындырғанын айтты.\n\"Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Баршаңызға Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы. Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз. Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат үшін өте қиын сынақ болды. Оның зардабы көптеген елге ауыр тиді, солардың ішінде Қазақстан да бар. Қаһарлы күндер соғыстың тек қасірет әкелетінін көрсетті. Бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындырды. Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ\", – деді президент.\nПарадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты.\nСондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген.\nCоғыс кезінде ең көп шығарылған әрі аса танымал болған Т-34 танкі.\nПарад барысында Ұлттық ұланның заманауи бронды техникасының 13 бірлігі көрсетілді. Олардың қатарында \"Барыс\" 6×6, \"Алан-2\", сондай-ақ жауынгерлік қорғаныс деңгейі жоғары \"Cobra II\" броньды машиналары болды.\nАлғаш рет механикаландырылған колонналардың сапын \"Бук\", \"Тор\" зенитті-ракета кешендері, \"Барыс\", \"Алан\", \"Айбар\", \"Таймас\", \"Террекс\" дөңгелекті ұрыс машиналары, минаны залалсыздандыратын роботтары бар арнаулы автокөліктер толықтырып отыр.\nБұдан бөлек, қауіпті аймақтар арқылы 17 адамға дейінгі жеке құрамды тасымалдауға қабілетті \"Урал ВВ\" арнайы машинасы да ұсынылды.\nСонымен қатар отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары шығаруды жоспарлап отырған ұрыс машиналары, роботтандырылған қайық және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғылары таныстырылды.\nӘуе кеңістігінен А-400 әскери-көлік ұшағы, L-410 жолаушылар ұшағы және Би-300 патруль ұшағы ұшып өтті.\nҰлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа ел өңірлерінен алты соғыс ардагері келіп қатысты.\nМерекеде майдангерлерге ерекше құрмет көрсетілді.\nСондай-ақ парадқа құрметті қонақ ретінде халық қаһармандары, соғыс батырларының ұрпақтары мен қазақстандық ғарышкерлер шақырылған. Атап айтқанда, Мұхтар Алтынбаев, Сәт Тоқпақбаев, Бақытжан Ертаев, Қайрат Үмбетов, Азамат Жұмаділов сынды халық қаһармандары, соғыс батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова, сонымен қатар қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов әскери парадты тамашалады.\nСалтанатты іс-шараға Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы То Лам қатысты."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ana-asuyn-urudan-alady-toqsanynsy-zyldardyn-balalary-nege-qatigez-ake-sesege-ainaldy", "title": "\"Ана ашуын ұрудан алады\". Тоқсаныншы жылдардың балалары неге қатігез әке-шешеге айналды", "text": "Жаркентте 28 жастағы әйел кішкентай баласын жылу батареясына байлап қойып, ұрған. Бұл жантүршігерлік оқиғаның видеосы жуырда әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбаға байланысты Жетісу облысы Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп, күдіктіні уақытша ұстау изоляторынақамады. Ал балалар оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары балалардың анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастырып жатыр.\nЖетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)'in paylaştığı bir gönderi\nСоңғы уақытта балаларды ұрып-соғу, қорлау фактілері бар бейнежазбалар желіде жиі жарияланып жүр. Ата-ана өз баласына неге қол көтереді? Қатыгездіктің түп-төркіні неде? Зорлық-зомбылық көріп өскен баланың болашағы қандай болады? Мұндай жағдай олардың психикасы мен өміріне қалай әсер етеді? Осы сұрақтарға психолог мамандар жауап берді.\nПсихолог Гүлжан Амангелдиевазорлық-зомбылықты жеке адамның немесе бір сәттік оқиғаның мәселесі деп қарастыру қате екенін айтады. Оның сөзінше, бұл – ұрпақаралық психологиялық жараның көрінісі. Ол көп жағдайда аналар баласын әдейі ренжітуді мақсат етпейтінін, керісінше өз ішіндегі өңделмеген қорқыныш, дәрменсіздік пен ашуды көтере алмай қалатынын атап өтеді.\nМаман 90-2000 жылдары елімізде болған әлеуметтік күйзеліс пен эмоцияны емес, аман қалуды алға қойған тәрбиенің әсерінен бір буынның өз сезімдерін тану қабілеті әлсірегенін айтады. \"Шыда\", \"ұят болады\", \"үндемей күте тұр\", \"түсіну керек\"  сияқты мәдени тыйымдар ашу, ыза, өкпе, реніш пен қуанышты реттеу дағдыларының қалыптаспауына әкелген.\n\"Әйел ана атанған кезде жылдар бойы басылған сезімдер қайта оянады, өйткені өзінің бала кезіңдегі ішкі жаралы сезімдері қайта қозғалады. Бала ананың ішіндегі жаралы баласын оятып, ішкі конфликтілерін қайта өмірге әкеледі. Көп ата-ана психологиялық кітаптарды оқығанмен, ол кейде жеткіліксіз болады. Бізге эмоцияларды реттеуге көмектесетін ересек адам, тірек керек. Тірек тек ақша табу емес, ең алдымен эмоциялық қолдау болуы керек.Сондықтан мәселе тек \"жаман ана\", \"қатігез ана\" деп атауда емес, бұл ана неге осындай жағдайға жетті деген сұрақта.Ол қолдаусыз қалған, ашуын қалай дұрыс өңдеу керегін ешкім үйретпеген болуы мүмкін. Психоанализде \"контейнер\" деген ұғым бар: ашу, ыза сияқты сезімдерді белгілі бір формаға салып, түсіндіріп, олармен қалай өмір сүруге, қалай басқаша көрсетуге болатынын үйрету. Бұл қабілеттер психикада қалыптаспаған кезде зорлық пайда болады\", – дейді маман.\nСондықтан Гүлжан Амангелдиева баланы қорғау тек жазалау арқылы емес, ананың психикалық күйімен жүйелі түрде жұмыс істеу, ерте психологиялық қолдау көрсету және ұрпақаралық травманы үзу арқылы ғана мүмкін екенін айтады. Әйтпесе зорлық бір отбасынан екіншісіне, бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жалғаса беретін құбылыс болып қала береді.\n\"Бұл ана өз балалық шағында зорлықты немесе немқұрайлықты бастан өткерген болуы мүмкін. Көбіне солай болады. Егер адам зорлық көріп, ішіндегі ашу-ызаны шығара алмаса, түсінбесе, ол саналы түрде емес, кейін өз баласына да сол үлгіні қайталауы мүмкін.Әрине, кейбір ата-аналар өзімен әдейі жұмыс істеп, \"мені ұрды, бірақ мен балама қол көтермеймін\" деп таңдау жасайды.Әдетте олардың жанында әжесі, көршісі немесе басқа бір ересек адам эмоционалды тірек қызметін атқарған\", – дейді маман.\nПсихологтың айтуынша, ана ересек болса да, ішкі жан дүниесі жаралы күйде қалса, жалғыз өзі бала тәрбиелеуі қиынға соғады. Эмоцияны реттеу қабілеті дамымаған жағдайда, ашу сөзбен емес, әрекет арқылы шығады. Ашудың шынайы себебі басқа адамдарға бағытталуы мүмкін болғанымен, ол көбіне әлсізге бағытталады.\n\"Мұнда аналық идентификацияның дағдарысы да бар. \"Мен жақсы ана болуым керек \"деген ішкі қысым бар. \"Жақсы ана\" мен \"жаман ана\" арасындағы ішкі конфликтіні көтере алмаған кезде, адам өзін қолдай алмай қалады, сенімінен айырылады. Сол сәтте сөздің орнына іс-әрекет жүреді.Шын мәнінде, ол баланы емес, өз ішіндегі жаралы баланы \"ұрып\" жатады, бірақ оны өзі де түсінбейді.Көбіне ашу мен өкпенің нақты объектісі – күйеу, ана немесе басқа ересек адам болады. Бірақ оларға қарсы шығуға қорқыныш, ұят, авторитет, тастап кетеді деген үрей кедергі жасайды. Ал әлсізге тиіскенде, \"мені тастамайды\" деген ішкі иллюзия пайда болады. Сондықтан бұл – үлкен драма\", – Гүлжан Амангелдиева.\nГүлжан Амангелдиева қазір қоғамда біреулердің ананы айыптап, біреулердің түсінуге тырысатынын, алайда бұл жалғыз жағдай емес екенін айтады. Сол себепті \"Қалай жазалаймыз?\" дегеннен бұрын \"Қандай көмек керек?\" деген сұрақтың маңызын атап өтеді. Оның пікірінше, ана өз сезімін танып, өзіне \"Мен қазір не сезініп тұрмын?\", \"Үзіліс жасай аламын ба?\", \"Серуендеп келейін бе, біреумен сөйлесейін бе?\"  деп сұрай алуы керек, ал бұл – психологиялық жұмыстың алғашқы қадамы.\n\"Екінші маңызды нәрсе – қазақ қоғамындағы әйелдің өзіне демалуға ішкі рұқсат беруі. Біреудің рұқсатын күтпей, \"мен шаршадым\" деп айта алу, жолдасымен келісіп, уақытша жауапкершілікті бөлісу. Өйткені мәселе тек психологияда емес, денсаулық, гормондар, витаминдер де үлкен рөл атқарады. Адам – био-психо-әлеуметтік тұтас жүйе, сондықтан әлеуметтік өмірді, физикалық жағдайды және психологиялық күйді бірге қарастыру қажет. Бұл идеал ана болу туралы емес. Конфликттер болады, бірақ оларды шешу жолы әрекетпен емес, сөзбен болуы керек. Барлығы өз балалық шағын, ата-анасымен қарым-қатынасын түсінуден басталады.Көп аналар баласымен емес, өз ішіндегі жаралы баламен күресіп жүреді. Осыны ұққан кезде ғана \"ашуландым – ұрдым\" деген циклды тоқтатуға болады. Менің ойымша, біз мемлекет ретінде психологиялық көмекке жүгінуді қалыпты нәрсе ретінде қабылдауды үйренуіміз керек. Некеге дейін жұптарды терапиядан өткізу, ата-ана болуға психологиялық дайындық енгізу маңызды.Қазір біз көбіне дене дайындығымен немесе тек медициналық есепке тұрумен шектелеміз. Ал жүйелі алдын алу болса, қоғамның ішкі мәдениеті де өзгере бастар еді\", – дейді маман.\nГүлжан Амангелдиева пікірінше, бұл жағдай – бір ананың мәселесі емес, Қазақстандағы үлкен әлеуметтік проблеманың көрінісі.\n\"Тек жазалау, аналық құқығынан айыру дұрыс шешім емес.Керісінше, отбасын сақтап қалу үшін ұзақ мерзімді терапия, әлеуметтік қолдау, қарым-қатынасты қалпына келтіру жолдарын қарастыру керек. Баланы анадан айыру – ең ауыр шешім. Ал қарым-қатынасты түзету арқылы мыңдаған баланы өз отбасында қалдыруға болар еді. Бұл бір-екі әңгімемен шешілетін мәселе емес. Өзгеріс – ұзақ процесс. Егер бәрі оңай болса, біз интернеттегі әдемі ойларды оқып-ақ өзгеріп кетер едік. Өкінішке қарай, психикаға терең әрі ұзақ жұмыс қажет\", – дейді маман.\nБалалар психологы Айзада Жайыққызывидеода көрсетілген ананың әрекеті зорлық-зомбылықтың ең ауыр түрлерінің бірі екенін айтады.\n\"Мұндай жағдайда балада қорқыныш қалыптасады, қауіпсіздік, үлкендерге деген сенім жоғалады, өзін кінәлау сезімі пайда болады, яғни іштей \"мен жаманмын\" деген сенім қалыптасады. Сондай-ақ, айналасына агрессия көрсетіп, тіпті тұйықталуы да мүмкін.Баланың миы мұндай жағдайды ауыр психологиялық жарақат ретінде сақтап қалады. Бұл ересек өмірге де әсерін тигізуі мүмкін\", – дейді маман.\nСол себепті психолог жұмысты ананың жай-күйінен бастау керек екенін айтады.\n\"Неге ана мұндай әрекетке баруы мүмкін? Көбіне мұндай іс-әрекетке баратын аналар өздері де бала кезінде ұрып-соғу мен қорлауды көрген болуы мүмкін. Бейсанадағы сол модель кейінгі өмірінде қайталанады. Ұйқысыздық, айналасынан қолдаудың болмауы, тұрмыстық қиындықтар ананың ішкі ресурсын тауысады. Нәтижесінде ашу ең әлсіз адам – балаға бағытталады. Анада депрессия, постнаталдық психоз, импульсті бақылау бұзылыстары болуы мүмкін. Бұл жағдайда міндетті түрде маман көмегі қажет\", – дейді маман.\nАйзада Жайыққызы бұл жағдайда ана ересек адам ретінде өз эмоциясын басқара алмай отырғанын айтып, баланың қорқынышсыз, қауіпсіз ортада өсуі тиіс екенін ескертеді. Психолог мұны бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана мен әрбір ересек адам ескерсе екен дейді, себебі мұндай жағдайлар баланың болашағына үлкен зардап тигізуі мүмкін."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/onerin-unatqandar-men-boksege-syn-aitqandar-dzei-lo-qalai-qazaq-qogamyn-ekige-zardy", "title": "Өнерін ұнатқандар мен бөксеге сын айтқандар. Джей Ло қалай қазақ қоғамын екіге жарды", "text": "1 тамыз күні Астанада америкалық әнші, актриса әрі әлемдік шоу-бизнестің жұлдызы Дженнифер Лопес (J.Lo) алғаш рет Қазақстанда жеке концертін өткізді. Астана Аренада өткен кешке 25 мыңнан астам жанкүйер жиналды. Бұл шоу көпшіліктің есінде ұзақ сақталары анық. Алайда концерттен кейін әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туындап, қоғам екіге жарылды: бірі Джей Лоның кәсіби шеберлігін жоғары бағаласа, енді бірі оның сахналық образдарын сынға алды.\nЖеліде Джей Лоның дауысы, сахналық қойылымы, бишілермен үйлесімділігі мен шоу сапасына, әнішінің еңбекқорлығына тәнті болған қазақстандықтар аз емес.\nКөпшілік мұндай деңгейдегі шоуды алғаш рет көргенін айтып, шоу-бизнес өкілдеріне үлгі болғанын жазды.\n\"Бізде әлемдік сахна көрмеген кісілігі басым әншілер көп. Қалтасына он теңге түссе, ойына келгенін істеп, халықтың төбесіне секіреді. Одан қалса, бір-бірінің артын шұқиды. Біздің өнер \"иіскетумен, иіскейіннен\" ары аса алмай жатыр. Студияда түнімен фонограмма жазғанына масаттанып жүрген әншілерге Джей Ло – сабақ. Сахна – тек шынайы еңбекті ғана көтереді. Шамалары жетсе, сәусілдетіп киетін көйлектерін киіп, Дженнифердің елінде өнер көрсетсін! Көрсетсін де, сол елдің халқын біздікіндей тәнті етсін! Сөздің тоқетері, Джей Ло ешкімді қазақтықтан айырған жоқ. Ол – дамыған елдің өнерін көрсетті. Бар болғаны – сол ғана. Әңгіме біздің саналы түрде оны қабылдауымызда. Ешкімнің мойынынан бұрап қазақ ете алмаймыз. Өйткені, өзіміз қазақ бола алмай жүрміз!\", – депжаздыАжар Момбек есімді Facebook қолданушысы.\nКөрермендердің айтуынша, сахна техникасы, дыбыс сапасы және хореография – бәрі халықаралық стандартқа сай болды. Тіпті концерттен соң әйелдер қауымы спортпен шұғылдануға мотивация алғанын жазып жатты.\n\"Джей Лоны көрген бүкіл қазақ қыздары ертең спорт залға баратын болды ғой\", – депжаздыThreads қолданушысы.\nСонымен қатар, шоу кезінде Дженнифер Лопестің бірнеше рет сахнаға іш киімге ұқсайтын костюммен шығуы желі қолданушыларының бір бөлігінің наразылығын тудырды.\n\"Иә, ол жаста денені уыста ұстап, олай қимыл-қозғалыс жасау - ерен еңбек, маңдай тер. Харизмасы да ұшан-теңіз. Бірақ юбка, шалбармен де шығады ғой, ол әнші. Тек “купальникпен” емес. Келген еліндегі жергілікті халықтың менталитеті ескеріліп, сахналық киімдеріне жабықтау элементтерді қосса, оның да елге деген кұрметінің белгісі болар еді. Бір жерін жарқыратып жүрсе, әрине назар әуелі сол жерге түседі де, “ұлы өнер” соның тасасында қап кетеді\", – депжаздыFacebook қолданушысы Ләззат Ахатова.\nЖелі қолданушылары Дженнифер Лопес пен Димаш Құдайбергеннің өнерін салыстырып жатты.\n\"Димаштікі гипер вокал яғни адамзат әншілік өнерінің ең шегі. Димаш даусына ешкім шекара қоя алмайды, сондықтан оның өнеріне қай елге барса да кедергі жоқ – есік ашық, өйткені Димаш даусы – жалпы адамзаттық ән салу өнерінің жеткен жетістігі, бағындырған биігі (...) Ал Лопес өнері дауыс атаулыдан жұрдай болғандықтан – мұндай биіктіктен ада. Оныкі – тек тән қоздырушы ғана. Дені стриптиз элементерінен тұратын оның өнері түйсіксіз надан тобырдың төмен талғамын қанағаттандыруға арналған. Сондықтан ол әнді кешіріңіздер, көтпен салады және бұлай айтуды ол өте шебер меңгерген. Әдетте мұндай концерттерге рухани мүгедектер, тирандар, абьюзерлер, коррупционерлер, педофилдер, өз ұлтын жек көретін нигилистер, наркомандар мен арабқұлдар жалпы мұндай комплексін жарияға салмай ішінде сақтайтын \"скрытый извращенецтер\" құмар келеді. Өйткені мұнда алапат арсыздық, жойқын есіріктік бар. Ал \"извращенецтерге\" бұдан артық не керек?!\", – депжаздыақын, өнертанушы Ерлан Төлеутай.\nДженнифер Лопестің концертіне барған адамдарды да сынға алғандар болды.\n\"Сахнаға Джей Ло шыққан жоқ. Сахнаға біздің дүниенің алдында дірілдеген әлсіздігіміз, біздің ұлтсыздыққа деген құмарлығымыз шықты деп ойлаймын. Көп адамдардың әлеуметтік желідегі жазбаларына қарасақ. Көзіміз – жарыққа, құлағымыз – даңғазаға, жанымыз  жалаңаш бейнеге байланыпты-мыс... Бірақ, ешкім байқамады. Ол кеште біз Джей Лоны көрген жоқпыз. Біз өз бейшаралығымызды көрдік десек болар? Ол қазақша ән айтқан жоқ. Айтпайды да. Айтуға міндетті де емес. Бірақ біз... Жаппай барып, қол шапалақтауға міндетті болдық па?! Ол шоу үшін келді. Біз шоу үшін рухымызды сатып алдық па?\", – дептолғандыАсылхан Дәрібаев есімді желі қолданушысы.\nТіпті Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралармен тұспа-тұс келгені үшін Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне бойкотжариялағандарда болды.\nБұл пікірлер қоғамда мәдениетаралық қарым-қатынас пен сахнадағы еркіндік мәселесіне қатысты пікірталастың әлі де өзекті екенін көрсетеді.\nМәдениеттанушы Әсия Бағдәулетқызыәлемдік поп мәдениетке қазақ дәстүрлі сахнасының шарттары мен талаптарын қою орынсыз екенін айтады.\n– Дженифер Лопестің киімінен, концертінің датасынан қандай да бір диверсия көріп аттандаған адамдарға таң қаламын. Олардың көбі біздің реал өмірден басқа бір кеңістік пен уақытта өмір сүретіндей. Джей Ло не әлемдік поп-мәдениет өкілдерінің өнімдерін тұтынатынымыз құпия емес еді ғой. \"Санын жалтыратты\" дей ме, \"бұтын ашты\" дей ме, оның ешқайсысы жаңалық емес: Джей Ло бүгін Джей Ло болған жоқ. Әні мен биін онсыз да теледидар мен интернет арқылы тұтынып өскен ұрпақ та, әлі тұтынатын ұрпақ та жетіп артылады.\nСондай-ақ әлемдік поп мәдениетке қазақ дәстүрлі сахнасының шарттары мен талаптарын қою орынсыз да қисынсыз. Бұл өз заңдылықтары мен этикалық талаптары бар, әр түрлі жазықтықтарда, қатар өмір сүре беретін өнер формалары. Біз кеңістік (география) ғана емес, уақыттың да өніміміз. Сондықтан ұлттық мәдениетіміз бен музыкамызбен қатар өз дәуіріміздің әлемдік мәдениетін тұтынуымыз заңды. Өзіміз аңсайтын демократиялық құндылықтар да, ашық қоғам да әлеммен терезесі тең, ашық байланыста болуды меңзесе керек.\nҮшіншіден, поп-мәдениетті онсыз да тұтынамыз, Лопес деңгейіндегі әлемдік жұлдыздарды көру үшін Дубайға, не Батысқа арнайы ұшып барып, басқа елдің экономикасына қаржы тастап келіп жатқан отандастарымыз қаншама. Қайта осындай жұлдыздарды елге тартып, сондай шоулардан ел экономикасына пайда ойлағанымыз қисынды емес пе? Қыруар қаражат жұмсап концерттік залдар салдық, сол табыс әкелмей қаңырап тұру керек пе? Әлде фонограммаға тойғызатын, жалқау пост советтік эстраданың “шығармашылығы” үшін ғана салынды ма? Бұл сияқты бір концертке қанша адам ағылады, соның айналасында қанша бизнес жүреді, сонымен бірге сахнаның артында келешекте өз елімізде осындай шоулар жасауға, әншілерімізді әлемге шығаруға пайдасы тиетін қаншама пайдалы байланыстар орнайды. Ал тыңдарман осындай шоуларды жиірек көрсе, отандық поп-мәдениетке де талабы артады, отандық әртістер де бәсекеге ұмтылады.\nТүптеп келгенде, Лопес әлемдік деңгейде мойындалған әртіс, сондай деңгейдегі әртістердің Қазақстанның сахналарына келіп ән салып, шоу жасап жатқаны біздің жаһанның бір бөлігі екеніміздің белгісі.\nӨз басым Джей Лоның тыңдарманы емеспін, Қазақстанда болсам концертіне баруым да екіталай, бірақ сол концертке барғандарды жазғыру, немесе \"кім ұйымдастырды?\" деп кінәліні іздеу қисынсыз. Джей Лоның концертіне де, Абайдың тойына да үлгеретін, дәстүрлі музыканы да, поп музыканы да қатар тыңдайтын ұрпақтың өкілімін деп есептеймін өзімді. Алайда адамдарды біріктіретін, көңілдерін көтеретін концертке өз талғамының ғана өлшемімен қарайтындар, сынайтындар қай буында да (аға буында да, орта буын, не жастар арасында да) бар, және оған да плюрализмнің белгісі деп әсіре эмоциясыз қарай білуіміз керек.\nАл антрополог, мәдениеттанушы Динара Әбілденованыңпікірінше, мұндай түрлі пікірлердің туындауы мемлекеттің өзі зайырлы дей тұра біресе дінді, мәдениетті тірек құралы ретінде пайдалана отырып, енді бір жерде оған қарсы шығып отыруының салдарынан екенін айтады.\n–Мәдени құндылық, этикалық шекара бұл жазылмаған нормалар категориясына кіреді. Еш жерде жазылмаған ережелер болғандықтан әр адам өзі өсіп, тұрып жатқан шектелген ортасына қарай белгілі бір әрекет, киіну салтын қалыпты деп санауы мүмкін. Біздің қоғамды алсақ, бір ортақ мәдени құндылық бар деп айту қиын. Әлеуметтік, экономикалық, наным-сенім жағынан әртүрлі көзқарасты адамдар бар, әрі ол қалыпты құбылыс. Жекелеген индивидтің, белгілі бір ортаның сенімін басқаларға таңып қою дұрыс емес. Әрі бұл нормалар заңда жазылып, тыйым салынған әрекеттер қатарына жатпайды да.\nЖалпы мұндай түрлі пікірлердің болуы – мемлекетіміздің өзі зайырлы дей тұра біресе дінді, мәдениетті тірек құралы ретінде пайдалана отырып, енді бір жерде оған қарсы шығып отыруының салдарынан."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/29-million-tenge-jyimkyirgan-astanada-mektep-direktoryi-men-371947/", "title": "29 миллион теңге жымқырған: Астанада мектеп директоры мен бас бухгалтер сотталды", "text": "Мектеп директоры мен бас есепшісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.\nМектеп директоры мен бас есепшісіне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.\nСот мәліметінше, мектеп директоры бас бухгалтермен бірлесіп, қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, 2015 жылғы қазаннан 2024 жылғы тамызға дейін мекемеде іс жүзінде жұмыс істемеген алты еден жуушыны негізсіз табельге енгізіп отырған. Нәтижесінде шамамен 29 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп, ұрлық жасаған.\nБұдан бөлек, мектеп директоры 2015–2024 жылдар аралығында заңсыз жеке-дара шешім қабылдап, 501 білім алушыға білім беру қызметтерінің ақысына жалпы сомасы 183 миллион теңге көлемінде жеңілдіктер беру туралы бұйрық шығарған. Мектеп жарғысына сәйкес мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған, себебі оқу ақылы негізде жүзеге асырылған.\n\"Осылайша, С. қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланып, өзге тұлғаларға пайда мен артықшылықтар беру мақсатында әрекет етіп, мектептің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген\", - деп хабарлады сот.\nСонымен қатар, 2018 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 31 мамырға дейін мектеп директоры мен бас бухгалтері мектеп жанынан \"0\" сыныптарды ұйымдастырып, ата-аналардан ақылы қызметтер үшін қолма-қол ақшаны бақылау-касса аппаратын қолданбай қабылдаған. Түскен қаражат мектептің есепшотына енгізілмей, бухгалтерлік есепте көрсетілмеген. Нәтижесінде 305 миллион теңге көлемінде қаражатты иемденіп, жұмсаған.\n\"Бұған қоса, 2021–2024 жылдары мектеп директоры жазғы лагерь қызметтері үшін алынып, есепте көрсетілмеген, аса ірі мөлшердегі 25 миллион теңге қаражатты иемденген.\nСондай-ақ, 2017 жылғы қазаннан 2024 жылғы мамырға дейін директор шетелдік мұғалімдердің жалақысын жасанды және негізсіз түрде көтеру арқылы, делдалдар арқылы мектеп қаражатын жалпы сомасы 75 миллион теңгеге иемденгені анықталды.\nМектеп бухгалтері 2017–2024 жылдары қылмыстық жолмен алынған бюджет қаражатын заңдастыру мақсатында шамамен 176 миллион теңгені жеке депозиттік шотына аударып, 9 миллион теңге көлемінде сыйақы алған\".\nСотталушылар кінәсін мойындамады. Қорғау тарапы олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы болмауына байланысты ақтауды сұрады. Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші өкілдерінің, куәлардың айғақтарымен, мамандардың қорытындыларымен және сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденді.\nСот оларды сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру бойынша кінәлі деп таныды.\n\"Мектеп директорына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сонымен қатар екі қабатты тұрғын үйі, автотұрақ орны мен зергерлік бұйымдары тәркіленді. Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының мзейнеткерлік жаста болуын ескерді (65 жас).\nБухгалтерге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, автокөлігі, автотұрақ орны мен зергерлік бұйымдары тәркіленді. Кәмелетке толмаған үш баласының болуына байланысты бас бостандығынан айыру жазасын өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды\", - делінген сот мәліметінде.\nАзаматтық талап 588 миллион теңге көлемінде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-emhanalardagyi-pediatriyalyik-uchaskeler-371941/", "title": "Қазақстанда емханалардағы педиатриялық учаскелер жабылып жатыр: не өзгереді?", "text": "Қазақстанда 2026 жылдың аяғына дейін емханаларда әлі де жұмыс істеп тұрған педиатриялық учаскелерді қысқарту жоспарланып отыр. Балалар ата-анасымен бірге отбасылық дәрігерге тіркелетін болады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nҚазақстанда 2026 жылдың аяғына дейін емханаларда әлі де жұмыс істеп тұрған педиатриялық учаскелерді қысқарту жоспарланып отыр. Балалар ата-анасымен бірге отбасылық дәрігерге тіркелетін болады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nӘлеуметтік желілерде алматылық әйел кішкентай баласы тіркелген емханада педиатриялық учаскені қысқартып жатқанын айтып шағымданған. Денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы жанындағы БМСК орталығының жетекшісі Әсел Хасенова бұл жалғыз жағдай емес екенін айтты.\n\"2027 жылға қарай ел бойынша әлі жұмыс істеп тұрған педиатриялық және терапевтік учаскелердегі пациенттерді жалпы практика дәрігерлеріне (ЖПД) көшіру туралы тапсырма бар\", - деп түсіндірді Хасенова.\nБұл жұмыс қазірдің өзінде жүріп жатыр. Педиатриялық учаскелер біртіндеп қысқартылып жатыр. 2024 жылы Қазақстанда олардың саны 1770 болса, қазір - 1421.\nБұл шешімнің мәнін спикер былай түсіндірді:\n\"Біз 15 жылдан аса уақыт бойы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі дәл жалпы практика дәрігері жүзеге асыратын отбасылық тәсілге негізделуі керек деп айтып келеміз. Балалар ата-анасынан бөлек өспейді. Балаға әсер ететін барлық қауіп факторлары ең алдымен оның ортасына байланысты\", - деді ол.\nӘсел Хасенова балалар көмексіз қалмайтынын айтты. Барлық емханада ерте даму және араласу орталықтары немесе кабинеттері жұмыс істейді, педиатриялық учаскелер таратылғаннан кейін де балалар дәрігерлері сол жерде қабылдауын жалғастырады.\n\"Учаскеде педиатр кішкентай пациенттерді қабылдаумен қатар, есептілік пен құжаттарды толтырады, бұл күнделікті жұмыс уақытты алады. Қазір дәрігерлерді осы жүктемеден босатып, олардың толықтай балалармен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отырмыз\", - деді сарапшы.\nХасенованың айтуынша, жаңадан келген балалар қазірдің өзінде педиатриялық учаскелерге емес, ата-анасы немесе заңды өкілі тіркелген жалпы практика дәрігеріне ғана бекітіледі.\n\"Педиатриялық учаске қысқартылған жағдайда да дәл солай болады. Біртіндеп олардың саны азаяды, ал балалар ата-анасының бірі тіркелген учаскеге ауыстырылады\", - деп түсіндірді БМСК орталығының жетекшісі.\nОл дені сау балаларды жалпы практика дәрігері қарайтынын нақтылады. Егер ол баланың жағдайына байланысты қандай да бір мәселені балалар дәрігері бағалауы керек деп есептесе, баланы педиатрға жолдайды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/damir-sadyrov-oilap-tapqan-dziu-dzitsu-adisi-ony-qalai-alem-cempiony-atandyrdy", "title": "Дамир Садыров ойлап тапқан джиу-джитсу әдісі оны қалай әлем чемпионы атандырды", "text": "Қазақстандық джиу-джитсу шебері, әлем чемпионы әрі халықаралық төреші Дамир Садыров жаңа техникалық әдіс ойлап тапты. Алдыңғы үшбұрыштан кері үшбұрышқа өту әдісін халықаралық федерацияның өзі мақұлдаған. Бұл әдіс жоғары деңгейдегі жекпе-жектерде Дамир Садыровтың шеберлігін дәлелдеп үлгерген және қазір оны шәкірттеріне де үйретіп жүр. Спортшының айтуынша, ол әдісті бейнематериалдар мен нұсқаулықтар арқылы басқа мектептерге де енгізуді жоспарлап отыр.\nОсы орайда Информбюро тілшісі спортшының өзімен сұхбаттасып, бұл әдіс туралы кеңінен сұрап білді.\n– Бала кезден спорт өмірімнің ажырамас бөлігі болды. Мектепте жүргенде дзюдоға қатыстым. Бұл олимпиадалық спорт түрі маған тәртіпті, тепе-теңдік ұстауды және күрестің мәнін түсінуді үйретті. Жиырма жасымда алғаш рет джиу-джитсу залына барып, бұл спорттың жай ғана хобби емес, менің өмірлік жолым екенін түсіндім.\nМаған жол көрсеткен ұстазым, еліміздегі үздік мамандардың бірі – Рустам Балабаев. Оның қол астында мен ақ белдіктен қара белдікке дейін жетіп, джиу-джитсудың техникалық әрі философиялық қырларын терең меңгердім. Бұл жылдар қажырлы еңбекке, халықаралық сапарларға, жарыстар мен үздіксіз жаттығуға толы болды.\n– Спортта қандай жетістіктерге жеттіңіз?\n– 2017 жылдан бастап ұлттық және халықаралық турнирлерде белсенді өнер көрсете бастадым. 2019 жылы ACBJJ әлем чемпионы атанып, өз салмақ дәрежемде де, абсолютті категорияда да алтын алдым. 2019 және 2022 жылдары Абу-Дабиде өткен AJP әлем чемпионатында жеңіске жеттім. UWW, JJIF, ACBJJ әлем біріншіліктерінде жүлдегер атандым. Қазақстан чемпионы атанып әрі бірнеше дүркін жүлдегері болдым. 2024 жылы АҚШ-та өткен IBJJF және NAGA турнирлерінде жүлделі орындарға ие болдым. Ең жарқын жеңістерім деп осыларды атар едім.\n– Сіз спортшы ғана емес, халықаралық деңгейдегі төрешісіз...\n– Спортшы бола жүріп төрешілікке қадам бастым. Қазір JJIF, JJAU, AIGA, IBJJF, AJP және ADCC бағыттары бойынша халықаралық сертификатым бар. Әлем және Азия чемпионаттарында, сонымен қатар Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы мен Қазақстандағы ұлттық біріншіліктерде төрелік еттім.\nБұл – біліміме, әділдігіме және тәжірибеме берілген баға. Мені финалдық жекпе-жектерде төрелік етуге шақырады. Жас төрешілерге де білгенімді үйретемін. Мақсатым – аймақтағы төрешілік деңгейін жаңа биікке көтеру.\n– Иә, менің жұмысым тек татамимен шектелмейді. Жаңа буын спортшыларын тәрбиелеп жүрмін. Олардың ішінде әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Ринат Горбачёв пен Мариан Урдабаева бар. Жаттықтырушы ретінде техниканы ғана емес, тәртіпті, қарсыласты құрметтеуді, ойлау мәдениетін де сіңіруге тырысамын.\nМариан Урдабаева дзюдодан бірнеше дүркін ел чемпионы. Джи-джитсудан Қазақстан чемпионы, әлем чемпионаты және Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері. Ол екі түрлі спорт түрінен медаль алды.\n– Джиу-джитсу спортында өзіңіздің авторлық әдісіңізді ойлап тауыпсыз. Бұл қандай техника?\n– Иә, күресе жүріп бірқатар техникалық комбинациялар жасадым. Соның ішінде ерекше тәсіл – қарсылас қолын құлыптап тұрған кезде алдыңғы үшбұрыштан кері үшбұрышқа өту әдісі. Бұл әдіс басқа елдердің бапкерлерінің де қызығушылығын тудырды.\nБұл – менің жылдар бойы спаррингтер мен жарыстардағы тәжірибемнің нәтижесі. Алдыңғы үшбұрышқа (front triangle) түскенде қарсылас қолдарын құлыптап, тұншықтыруды бөгейтін жағдай жиі кездесетін. Дәстүрлі әдістер әрдайым нәтиже бере бермейтін, сондықтан мен өзгеше жол іздеуге кірістім.\n– Барлығы классикалық алдыңғы үшбұрыштан басталады. Қарсылас қолдарын құлыптағанда мен күшімді артық жұмсамаймын, оның орнына бұрышты өзгертемін. Үшбұрыш ішінде қалған қолды иықтан жоғары, шынтақ тұсынан іштен іліп, бейтараптаймын. Қарсылас басын көтермеуі үшін төменге басамын. Сол сәтте оның қалпын бұзамын. Осыдан кейін бүйірге ығысып, иыққа сүйеніп, аяқтардың орнын ауыстырып, кері үшбұрышқа (reverse triangle) өтемін. Бұл жерде тұншықтыру басқа қырынан жүреді.\nОдан кейін қарсыластың әрекетіне қарай сабмишнді аяқтаудың үш нұсқасы бар: классикалық артқы үшбұрышты аяқтарды қыса отырып орындау. Егер қарсылас өте мықты болса, оның қолын шынтақтан жоғары ұстап, өз тіземді қоса қысып, артерия аймағында жоғары қысым жасау. Үшінші нұсқа – қарсыластың аяғын іліп алып, оны \"қошқар мүйіз\" позициясына орау. Бұл кезде көкетке максималды қысым түсіп, қарсылас тыныс ала алмай қалады да, тұншығады. Бұл оған қауіп төндіріп, қарсылас бағдарын жоғалтады.\n– Мұны техникалық тұрғыда орындау қаншалық қиын?\n– Бұл әдісті орындау үшін денені жақсы бақылап, тепе-теңдікті сезіну керек. Бірақ басты үш элементті дұрыс қойсаң – басты бақылау, бұрышты өзгерту және қыспақтың тығыздығы – әдіс әсіресе тәжірибелі қарсыластарға қарсы қолданғанда көмектеседі.\n– Иә, бірнеше рет жасадым. Бұл әдіс жоғары деңгейдегеі жарыстарда өте жақсы көмектеседі, себебі стандартты тәсілдерді барлығы бұрыннан біледі. Техникалық арсеналын кеңейту үшін өз шәкірттеріме де үйретемін.\n– Бұл әдіс ресми оқу құралдарының бір бөлігіне айналуы мүмкін деп ойлайсыз ба?\n– Әбден мүмкін. Қазір көп бапкерлер стандарттан тыс шешімдерге қызығушылық танытып жүр. Өзім де бейнематериалдар мен әдістемелік нұсқаулықтар дайындап жатырмын, сонда бұл әдісті әртүрлі мектептерде қолдануға болады.\n– Мен үшін джиу-джитсу – тек спорт емес, үлкен мектеп. Өзімді спортшы, бапкер, төреші әрі жекпе-жек өнерінің тұрақты өкілі ретінде көремін. Мақсатым – джиу-джитсуды дамыту, елдер мен федерациялар, буындар арасында көпір болу. Жарысқа қатысып немесе білгенімді үйретіп қана қоймай жаңа мүмкіндіктердің есігін ашып жүрмін."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/milan-kortina-olimpiadasy-bilet-bagasy-qansa-qazaqstan-namysyn-kim-qorgaidy-zane-zuldegerler-qansa-syiaqy-alady", "title": "Милан-Кортина Олимпиадасы: Билет бағасы қанша, Қазақстан намысын кім қорғайды және жүлдегерлер қанша сыйақы алады", "text": "6 ақпанда Италияда Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиада ойындары басталады. Төрт жылдықтың дүбірлі додасы Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Биыл қысқы ойындарға әлемнің 93 елінен 3500-ден астам спортшы қатысады. Ал Қазақстаннан қанша адам баратыны әзірге белгісіз. Қаңтар біткенше спортшылар халықаралық жарыстарға қатысып, Олимпиада лицензиясын алуға тырысады.\nОсы орайда Информбюро порталы 25-рет өткелі жатқан қысқы Олимпиада ойындары қалай өтетіні және Қазақстан құрамасының дайындығы туралы материал әзірледі.\nИталия тарихта төртінші рет Олимпиада ойындарын өткізгелі отыр. Миланда бірінші рет болмақ. Ал Кортина-д’Ампеццо араға жетпіс жыл салып бұл жарысты екінші рет қабылдайды.\nМилан-Кортина 2026 ресми белгілері (маскот) – Тина және Мило атты екі ақкіс. Олардың эскизін мектеп оқушылары салған.\nОлимпиадада 16 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Спорт түрлері: биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, фристайл, трамплиннен секіру, шана спорты, скелетон, ски-альпинизм, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және шорт-трек. Бұл Олимпиада ойындарының ерекшелігі спорт бағдарламасына алғаш рет ски-альпинизм енгізіледі.\nСайыстар Италияның әртүрлі қалалары мен өңірлерінде өтеді. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Миланда \"Сан-Сиро\" стадионында өтеді. Ал әйгілі Пьяцца-дель-Дуомо алаңында марапаттау рәсімдері мен тікелей көрсетілімдер өтеді. Арена ди Верона тарихи амфитеатрында Олимпиада ойындарын ресми түрде жабылады. Олимпиада қалашықтары Милан, Ливиньо және Кортина-д’Ампеццода орналасады.\nОлимпиада медалі екі жарты бөліктен тұрады. Олар спортшының мансап жолын және осы жолда оның жанында болған барлық адамды бейнелейді. Медаль қайта өңделген металдан жасалған.\n\"Дизайн эмоция мен командалық рухты айшықтап, Милан мен Кортина қалаларының бірлігін ғана емес, жеңіс пен оған жету жолындағы күш-жігердің мәнін де бейнелейді. Медальдар екі бөліктен құралған, оларды Олимпиада және Паралимпиада құндылықтары біріктіреді. Бұл – спорттағы ұзақ жолдың нәтижесі және сол жолда спортшының жанынан табылған жандардың еңбегіне деген құрмет\", – делінген Милан-Кортина ойындарының ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.\nБилеттер тек цифрлық форматта сатылады. Олимпиада ойындарының ресми билет платформасы мен Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми серіктесі On Location сайтынан алу керек. Басқа сайттардан алсаңыз билет жарамсыз болуы мүмкін.\nСатып алу үшін міндетті түрде тіркелу қажет. Ең арзан билет 30 еуродан басталып, 1400 еуроға дейін жетеді. Ашылу ашылу салтанатының билеттері 260 еуродан басталып, 2026 еуроға дейін, ал Верона аренасындағы жабылу рәсімі 950 еуродан басталып, 2900 еуроға дейін жетеді.\nБарлық билет тек цифрлық форматта беріледі. Жарыстарға кіру үшін Milano Cortina 2026 мобильді қосымшасын қолдану қажет. Билет QR-кодын жарыстың басталуына 24 сағат қалғанда көруге болады. Қағаз билет мүлдем жоқ. Жоспарыңыз өзгерсе билетті қайтара аласыз. Бірақ 5% комиссия төлеуіңіз қажет.\nТуризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, ұлттық құрама спортшылары 10 спорт түрі бойынша 58 медаль жиынтығы үшін бақ сынайды. Атап айтқанда, биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика.\nБиатлон, шаңғы жарысы, фристайл-могул және фристайл-акробатика секілді спорт түрлерінен лицензиялық іріктеу әлі аяқталған жоқ. Әлем кубогі кезеңдері біткен соң халықаралық рейтинг жарияланып, үздік спортшылар Олимпиада жолдамасын алады. Ұлттық құрама тізімі мен лицензия саны қаңтар айының соңында анықталады.\nМәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина жекелей сында ел намысын қорғайды.\nШорт-тректен сайысқа төрт спортшы қатысады:\nБиылғы қысқы ойындарға Қазақстан атынан 35 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл – 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасымен шамалас көрсеткіш.\nМедальға үміткерлер қатарында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина, конькиші Евгений Кошкин және шорт-трекшілер бар.\nМихаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихында алғаш рет әйелдер арасында Гран-при кезеңінде жүлдегер атанды. Денис Никиша 2024 және 2025 жылдары қатарынан екі мәрте шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңдерінде екі алтын медаль жеңіп алды.\nЖақында Қазақстан ұлттық құрамасының формасы таныстырылды. Комиссия бекіткен эскиз Халықаралық Олимпиада комитетімен келісіліп жатыр. Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді. Форма демеушілер есебінен сатып алынған.\nАл ашылу салтанатында Қазақстан туын кім ұстап шығатыны әзірге белгісіз. Туды шорт-трекшілер Яна Хан мен Денис Никиша ұстап шығады деген ақпарат тараған болатын. Алайда туризм және спорт министрлігі мұны жоққа шығарып, ресми ақпарат енді жарияланатынын мәлімдеді.\nҚысқы Олимпиада ойындарына спортшыларды дайындауға 13,3 млрд теңге бөлінді. Олимпиадаға спортшылар жарыс басталардан бір апта бұрын барып, жергілікті климатқа бейімделеді.\nМемлекет тарапынан Олимпиада жүлдегерлеріне қомақты сыйақы қарастырылған:\nҚазақстан 1994 жылдан бері қысқы Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Содан бері сегіз Олимпиадада сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола. Қысқы Олимпиада ойындарының алтыны әзірге шаңғышы Владимир Смирновтан өзге ешкімге бұйырмады. 1994 жылы Лиллихаммерде (Норвегия) қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, екі күміс медаль алды. Осылайша бір ғана спортшының арқасында Қазақстан жалпы есепте 12-орынға жайғасты. Норвегияға Қазақстан атынан 29 спортшы барды.\n1998 жылы Жапонияда өткен Нагано Олимпиадасына Қазақстаннан 60 спортшы барды. Коньки тебуден Людмила Прокашева мен шаңғы сайысында Владимир Смирнов қола жүлдегер атанды. Осылайша, Қазақстан жалпы есепте 20-орын иеленді.\n2002 жылы АҚШ-та Солт-Лейк-Ситиге Қазақстаннан 52 спортшы қатысқанымен, ұлттық құрама жүлдесіз оралды. 2006 жылғы Турин Олимпиадасында да 55 спортшы медаль ала алмады.\n2010 жылы Ванкуверде Қазақстан көптен күткен медальға қол жеткізді. Биатлоннан 15 шақырым қашықтыққа сынға түскен Елена Хрусталева күміс жүлдегер атанды. Бұл Олимпиадаға 37 қазақстандық спортшы қатысты. Жалпы есепте ұлттық құрама 25-cатыға жайғасты.\n2014 жылғы Сочи Олимпиадасына 51 спортшы қатысып, Денис Тен мәнерлеп сырғанауден тарихи қола жүлдеге қол жеткізді. Жалпы есепте Қазақстан 26-орын иеленді.\n2018 жылы өткен Пхенчхан Олимпиадасында Юлия Галышева фристайл могулдан қола жүлдеге ие болды. Қазақстаннан 46 спортшы қатысып, ұлттық құрама жалпы есепте 28-орыннан көрінді.\n2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық 34 спортшы бақ сынап, ешқайсы жеңіс тұғырына көтеріле алмады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/180-kiiz-ui-erekse-rekordtar-zane-ulttyq-oiyndar-qazaq-xalqy-abai-toiyn-qalai-otkizdi", "title": "180 киіз үй, ерекше рекордтар және ұлттық ойындар. Қазақ халқы Абай тойын қалай өткізді", "text": "1-10 тамыз аралығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған онкүндік өтті. Жер-жерде хакімнің өмірі мен шығармашылығына арналған түрлі іс-шаралар өтті. Театр қойылымы, ақындар айтысы, ғылыми конференция, көрмелер мен концерттер әр күннің шырайын келтірді. Informburo.kz Абай тойының ел есінде қалатын талай қызыққа толы сәттерін баяндайды.\nАбай тойы аясында Семейде \"Абай QUIZ\" республикалық зияткерлік ойыны өтті. Оған еліміздің 10 өңірінен 180 команда, яғни 1 080 ойыншы жиналды. 4,7 миллион теңгелік жүлде қоры сарапқа салынды.\nБас жүлде астаналық \"Brainstorm\" командасына бұйырды. 2-орын – \"Алматы Микс\", 3-орын – семейлік \"Тұрақсыз тіркестер\" тобының үлесіне тиді.\nҰйымдастырушылар бұл шараны ең көп ойыншы қатысқан интеллектуалды ойын ретінде Қазақстан рекордтар кітабына ұсынбақ.\nҰлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Қарауылда 180 киіз үй тігілді.\nАқынның туған жеріне Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған делегация келді. Олардың қатарында парламент депутаттары, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, халық жазушысы Төлен Әбдік, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бар.\nСахнада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды. Онда Абай мұрасының әмбебап құндылығы мен аймақты ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендету басымдық екені айтылды.\nАбайдың 180 жылдығына арналған мерейтойда \"Жеті қазына\" ұлттық спорт фестивалі ел есінде ерекше қалмақ. Демеушілер мерейтойдың бас жүлде жеңімпаздарына – 10 автокөлік, қалған жеңімпаздарған 90 жылқы сыйлады.\nФестиваль алаңында бір күнде жорға жарысы, 16 шақырымдық топ бәйге мен 25 шақырымдық аламан бәйге, қазақ күресінің \"Түйе палуан\" және \"Өгіз палуан\" бәсекелері, ультрамарафон, тоғызқұмалақ ойыны өтіп, көрерменнің арқасын қоздырды.\nТоп бәйге мен аламанда Алматы облысы мен Павлодардың жүйріктері, жорғада қырғыз сәйгүлігі үздік шықты.\nҚазақ күресінен \"Түйе палуан\" атағын маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов, ал \"Өгіз палуанды\" алматылық Жігер Еркінұлы иеленді.\nЕң төзімді спортшы атағы батысқазақстандық Баубек Ильясовқа бұйырды. Ол Семейден Қарауылға дейінгі 180 шақырымдық ультрамарафонды 19 сағат 9 минутта жүгіріп өтті. Абайдың сүйікті ойыны тоғызқұмалақта шымкенттік Ғалымжан Темірбаев ешкімге дес бермеді.\nЕлордадағы MEGA Silk Way орталығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ерекше арт-инсталляция қойылды. Ұлы ақынның портреті 3000 рубик текшесінен құрастырылып, небәрі бес сағат ішінде жиналды. Биіктігі – 3 метр, ені 2 метр болатын бұл туындыны спидкубер жастар құрастырып шыққан.\nЖобаны ұйымдастырған Әлихан Ертұрсынның айтуынша, рубик текшесі логика мен шығармашылықты тоғыстырған өнер нысанына айналды.\nТүркістандықтар Абайдың 180 жылдығына орай 180 \"Абай жолы\" романының топтамасын басып шығарып, жастар мен тұрғындарға таратты.\nАбайдың 180 жылдығы Ақтөбеде ерекше сәттермен есте қалды. Дәл мерейтой күні өңірде 35 сәби дүниеге келіп, олардың екеуіне ұлы ойшылдың құрметіне Абай есімі берілді. Бірінші Абай таңғы сағат 5:15-те, ал екіншісі – Абай Абайбекұлы – екі сағаттан кейін, 7:00-де өмірге келген. Тағы бір қызығы, екеуі де – ата-анасының тұңғышы.\nЖас аналар Айзана мен Ақгүлді қуанышымен құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Әсет Оралбаев перзентханаға барып, шаһар басшысының атынан домбыра сыйлады.\nАбай ауданындағы Қарауылтөбеде \"Абай елі\" стелласы ашылды. Стелланың авторы – мүсінші Нұрбол Қалиев. Бұл орын енді ауыл қонақтары үшін Қарауылдың көркем көрінісін биіктен тамашалайтын жаңа тартымды нүктеге айналмақ.\nСтелла төрт тұғырдан тұрады: қауырсын қалам – \"Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы\" ұстанымының символы; қалқан – ел қорғаған батырлар мен бүгінгі ерлердің айбыны; домбыра – Абайдың жаны мен әнінің өзегі; ақбесік – ұлыларды тудырған қасиетті бесік. Ескерткіштің ең биігі – ғаламшар мен оны айнала қалықтаған қарлығаш, тыныштық пен тұрақтылықтың белгісі.\nМерейтой аясында \"Абайға құрмет\" акциясы басталды. Әр өңір Абай облысына бір нысан салып береді. Маңғыстау облысы – Достық үйін, Шымкент қаласы – шығармашылық орталық, Түркістан облысы – көрме орталығын, Астана – келешек мектебін, Ақтөбе облысы – жекпе-жек орталығын, Павлодар облысы – үстел теннисі орталығын салып берсе, Шығыс Қазақстан облысы қаладағы Ертіс өзенінің жағалауын абаттандырып бермек.\nСонымен қатар меценаттардың көмегімен \"Абай-Шәкәрім\" кесенесінің жанынан 60 гектар аумақта \"Этно ауыл Жидебай\" бой көтереді.\nЖалпы алғанда ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына ел бойынша 5 мыңнан аса түрлі форматтағы іс-шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында \"Абай академиясы\" атты энциклопедиялық порталдың таныстырылуы, зағип жандар мен нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың ашылуы, \"Адамзаттың Абайы\" республикалық ақындар айтысы, \"Құнанбай\" көркем фильмінің көрсетілімі, \"Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп\" халықаралық ақындар фестивалі, \"Асыл сөзді іздесең Абайды оқы\" республикалық жыр мүшәйрасы, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Мұхтар Әуезовтің \"Абай\" спектаклі, Роза Бағланова атындағы \"Қазақконцерт\" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымындағы концерт, \"Абай оқулары\" республикалық байқауы және тағы басқа ауқымды іс-шаралар өтті."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/iran-men-aiatolla-rezimi-eki-bolek-ugym-saiasattanusylar-taiau-sygysta-qasan-tynystyq-ornaityny-turaly", "title": "\"Иран мен Аятолла режимі – екі бөлек ұғым. Саясаттанушылар Таяу Шығыста қашан тыныштық орнайтыны туралы", "text": "Иран көшелері бүгінде соғыс алаңына айналды. Елде интернет бұғатталған, барлық 31 провинцияның халқы наразылыққа шығып жатыр, ал ауруханалар жаралыларға толған. Желтоқсан айының соңынан бері 2600-ден астам адам қаза тапты. АҚШ президенті Дональд Трамп \"көмек жолда\" деп мәлімдесе, Иран билігі шерушілерді өлім жазасына кесетінін жеткізді. Таяу Шығыстағы дүмпудің мән-жайы мен ықтимал салдары туралы Informburo.kz шолу жасады.\n28 желтоқсанда Иран астанасы Тегерандағы шағын кәсіпкерлер көшеге шығып, ұлттық валютасы риал құнының кезекті рет күрт құлдырауына наразылық білдірді. Соңғы бір жылда риал бағамы рекордтық деңгейге дейін төмендеп, инфляция 40 пайызға дейін шарықтаған. Бұл халық күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының өсуіне әкеп соқты. Осылай басталған наразылық көп өтпей барлық 31 провинцияға таралып, елдегі діни билеушілерге қарсы саяси сипат алды. Иран әуе кеңістігін жапты. Батыс елдері азаматтарын елден кетуге шақырды.\nҚауіпсіздік күштері наразылықты күшпен баса бастады.ВВСтаратқан деректерге сүйенсек, 7 қаңтарға дейін кем дегенде 34 шеруші қаза тапқан. Алайда, ең қанды қақтығыстар 8-9 қаңтар күні орын алған көрінеді. Ол кезде бүкіл ел бойынша мыңдаған адам көшеге шығып, жоғарғы көшбасшы аятолла Али Хаменеидің биліктен кетуін талап етті.\nШағын елді мекендердегі адам өлімі ірі қалалардағыдай ауқымды деңгейге жеткен. АҚШ-та орналасқанHRANAирандық құқық қорғау ақпарат агенттігінің жазуынша, наразылық басталғалы 18 күн ішінде бүкіл ел бойынша барлығы 617 наразылық акциясы тіркелген. 187 қалада өтіп жатқан көтерілісте 18 470 адам ұсталған, 2054 адам ауыр жарақат алған. Ал қаза тапқандардың жалпы саны 2615 адамды құрайды. Олардың ішінде 2435-і – наразылыққа қатысушылар, 13-і – бала. Бұған қоса, қаза болғандар арасында наразылыққа қатыспаған 14 бейбіт тұрғын бар. Сонымен қатар қауіпсіздік күштерінің 153 қызметкері мен үкімет жақтастары қаза тапты. Сондай-ақ тағы 882 өлім жағдайы бойынша тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр.\nBBC Persian қызметіне анонимді түрде сұхбат берген жас ирандық әйел өткен аптадағы оқиғаларды \"нағыз соғыс\" депсипаттады. Оның айтуынша, наразылық білдірушілер арасында бұрын-соңды болмаған ауызбіршілік байқалған. Алайда, биліктің өлім жазасы мен жаппай қуғындауынан қорыққан ол басқалар сияқты осы аптада елден қашуға мәжбүр болған.\n\"Мен Иранда қалғандардың тағдыры не болатынынан қатты қорқамын\", – дейді ол.\nДегенмен, құрбандардың нақты санын анықтау өте қиын, өйткені бұл көрсеткіш алдағы күндері тағы өсуі мүмкін. Себебі 8 қаңтардан бастап Иран билігі елдегі интернетті толықтай бұғаттаған. Кейбір ирандықтар ақпараттық оқшаулауды айналып өту үшін Илон Масктің Starlink спутниктік интернетін пайдалануда, бірақ бұл терминалдарға Иранда тыйым салынған және билік оларды қадағалап, тауып алуға тырысып жатқаны хабарланды. Құқық қорғау ұйымдары мен халықаралық ақпарат агенттіктерінің ел ішіне кіруге және оқиға орнынан тікелей репортаж жүргізуге мүмкіндігі жоқ.\nИран билігі қаза тапқандар туралы ресми деректерді әлі жариялаған жоқ. Дегенмен, жергілікті БАҚ өкілдері қауіпсіздік күштерінің 100 қызметкері опат болғанын хабарлады.\nИран президенті Масуд Пезешкиан елде болып жатқан тәртіпсіздіктерге шетелдік мемлекеттермен байланысы бар \"террористерді\"кінәлады.Оның айтуынша, олар базарларды, мешіттер мен мәдени нысандарды өртеп жатыр.\n\"Бұл – шетелде дайындықтан өткен террористер тобы. Олар Рашттағы және басқа қалалардағы базарларды, мешіттер мен мәдени нысандарды өртеді\", – деп мәлімдеді Масуд Пезешкиан 12 қаңтар күні эфирге шыққан телесұхбатында.\n90 миллионға жуық халқы бар Иранды 86 жастағы жоғарғы көшбасшы аятолла Әли Хаменеи басқарады. Елде парламент болғанымен, оған Хаменеиге адал депутаттардың ықпалы зор. Наразылықтарды басу секілді маңызды мәселелерде соңғы сөзді әрқашан Хаменеи айтады.\n1979 жылғы Ислам революциясына дейін Иран Батыстың негізгі одақтасы болған. Революция нәтижесінде шах тақтан тайдырылып, билікке діни шииттік режим келді. Иранның соңғы шахы Мұхаммед Риза Пехлевидің үлкен ұлы Реза Пехлеви қуғынға ұшырады. Содан бері ел басқаруда қатаң діни қағидалар қолданылады. Режимді сынауға рұқсат жоқ.\nЖаппай наразылық басталғалы АҚШ-та тұратын шахзаде Реза Пехлеви Х желісінде Иран халқына бірнеше ретүндеужасап, билікке жұмыла қарсылық білдіруге шақырды. Тіпті,  11 қаңтар күні Fox News арнасында көрсетілген Sunday Morning Futures бағдарламасына берген сұхбатында елге оралуға дайын екенін дежеткізді.\nАҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігі бейбіт шерушілерді өлтіруді тоқтатпаса, ел ісіне араласатынын бірнеше рет ескертті.\n2 қаңтарда олTruth Socialжелісінде: \"Біз әрекет етуге дайынбыз, шерушілерге көмекке келеміз\", – деп жазды .\n11 қаңтарда Иранмен сауда жасайтын елдерге АҚШ-пен арадағы сауда үшін 25 пайыздық баж салығын енгізетінін жариялап, Тегеранға қысымды күшейтті.\n13 қаңтарда ирандықтарды наразылықты жалғастыруға шақырып: \"Институттарды өз бақылауларыңа алыңдар. Қандықолдардың есімін есте сақтаңдар, олар бұл үшін есеп береді. Иран билігі шеруге шыққандарды өлтіруді тоқтатпайынша, ешбірімен кездеспеймін. Көмек жолда\", – деп жазды.\nИран билігі 14 қаңтар күні 26 жастағы Эрфан Солтани есімді азаматты шеруге қатысқаны үшін өлім жазасынакескен. Осы жағдайдан соң Дональд Трамп CBS News телеарнасына берген сұхбатында: \"Егер оларды дарға асатын болса, сіздер бірдеңенің куәсі боласыздар... Егер олар осыған барса, біз өте қатаң шаралар қабылдаймыз, – депмәлімдеді.Иран билігі Солтаниді өлтіріп-өлтірмегені әлі расталмады. Алайда CNN Трамптың \"өлім тоқтатылғанын\" мәлімдегенінжазды.\nЕске салайық, 1979 жылы Иранда болған революциядан кейін АҚШ пен Иран басты қарсыластарға айналды. Вашингтон Иранды Газадағы ХАМАС, Ливандағы Хезболла және Йемендегі хуситтерді қолдауы арқылы Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақсыздандырып отыр деп айыптайды. Сонымен қатар АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына үзілді-кесілді қарсы. 2025 жылдың маусымында АҚШ Иранның ядролық нысандарын бомбалады, ал халықаралық санкциялар ел экономикасына ауыр соққы болып тиді.\nКарнеги халықаралық бейбітшілік қорының өкілі,Иран бойынша ең танымал америкалық сарапшылардың бірі Карим СаджадпурCNN арнасына берген сұхбатында Трамптың мәлімдемелері наразылыққа шыққандарға үміт бергенінайтты.\n\"Соңғы екі аптада президент Трамп Иран билігі бейбіт шерушілерді өлтіретін болса, АҚШ шара қабылдайтынын айтып, 7 рет сес көрсеткенін есептеп шықтым. Бұл 2 мыңнан астам адам қаза тапқанға дейін болған еді... Меніңше, көптеген адам оның сөзін шын қабылдады және кем дегенде осы бір қатыгез режимге қарсы тұруға көмектесетін америкалық қорғаныстан үміттенеді\", – деді Карим Саджадпур.\nДегенмен сарапшылар елдегі жаппай көтеріліс билікті ауыстыра алмайтынын айтады.Ирантаншуы Қуанышбек Қари12 қаңтар күні Ara Media Youtube-арнасына бергенсұхбатында:\n\"Иран билігі орнында қалды. Қанша адам билік тақтан таяды деп күтті, тіпті билік кететіні туралы дезиформация да тарады. Бірақ әзірге олай емес. Осы жолы құламағанымен, алдағы бір толқуларда елдің ішіндегі сыртқа күштердің бірлесуімен, бәлкім, билік тақтан таятын шығар. Себебі жаздағы 12 күндік соғыстан кейін АҚШ пен Израиль үшін халықаралық құқық, елдің ішкі ісіне араласпау дегендер екінші әлде үшінші қатарға сырғыған сияқты\", – деді.\nАлсаясаттанушы Асхат ҚасенғалиFacebook парақшасында Иранның мемлекет ретінде хаосқа түсуіне Таяу Шығыстағы ойыншылар мүдделі емес екенінжазды:\n\"Картаны алып қарасақ, Иран құрлықта тікелей Ирак, Түркия, Әзербайжан, Армения, Пәкістан, Түркіменстан, Ауғанстанмен шекараласып жатқанын көре аламыз. Теңіз арқылы да бірқатар елмен шектеседі. Иранда хаос, азамат соғысы болса, бұл бірден көршілес елдерге әсер етеді. Аталған елдердің кейбірінде онсыз да жағдай тұрақсыз. 90 млн халқы бар Иран сияқты елдің астан-кестеңі шықса, көрші елдерге кететін босқындар легі мен олар экспорттайтын хаос та ауқымды болмақ. Сол үшін де бұл аймақтағы елдер Ирандағы жағдай аса ушыққанын қаламас\", – дейді ол.\nАлайда Иран мемлекеті мен \"аятолла режимі\" деген екі түсінік екенін атап өткен саясаттанушы көрші елдердің Иранның мемлекет ретінде сақталуын қолдаса да, аятолла режимінің билікте қалуын қолдауы екіталай екенін жазды.\n\"Себебі 1979 жылдан кейін орнаған теократиялық билік тек Израильге ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы өзге елдерге де қауіп төндірумен келеді. Ішкі саясатына араласуда. Ливанда \"Хезболла\", Сирияда Асад режимі, Йеменде \"хуситтер\", Иракта да шииттік топтарды қолдады, қолдауда. Бұл аталған елдер үшін үлкен мәселе. Бұның артында сол аятолла құрған жүйе тұр. Таяу Шығыстағы елдердің көбі Ирандағы режимнің ауысқанына қарсы болмас. Бірақ оны аса үлкен хаоссыз іске асыру мүмкін бе? Міне, бұл үлкен мәселе. 1979 жылы құрылған режим, өзінің барлық потенциалын сарқып бітуге дайын. Бұл ең алдымен құндылықтарға қатысты. Кезінде Троцкий коммунистердің әлемдік революциясын жасауды ойлаған еді. Сол сияқты Ирандағы теократиялық билік те, 80-ші жылдары \"Ислам революциясын экспорттауды\" армандады. Соның аясында пропаганданы құрды. Бірақ бұл құндылықтар енді өміршең емес. Енді аятолла режимі өзге аймақта революция жасаудың орнына, өзін сақтап қалу үшін жанталасып жатыр\", – дейді ол."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaly-2025-qazaq-xalqy-biyl-kimdermen-mangige-qostasty", "title": "Қазалы 2025: Қазақ халқы биыл кімдермен мәңгіге қоштасты?", "text": "2025 жылы Қазақстан қоғамы ел дамуына елеулі үлес қосқан көптеген танымал тұлғадан айырылды. Informburo.kz порталы биыл өмірден озған белгілі азаматтарды еске алады.\nТанымал күйші, сазгер, жыршы ақын Мұрат Сыдықұлы 6 қаңтар күні 85 жасқа қараған шағындадүниеден озды.\nМұрат Сыдықұлы – 1940 жылы Арал ауданы, Бөген ауылдық кеңесіне қарасты \"Қарашалаң\" елді мекенінде балықшы, өнерпаздар отбасында дүниеге келген.\nОл 1980 жылы өзінің отбасы мүшелерінен тұңғыш \"Сыдықовтар жанұялық ансамблін\" құрып аудан, облыс жұртшылығына концерттер беріп, өнер сүйер қауымның мақтанышына айналды. Халықтың, қазақ, орыс, батыс композиторларының және өзінің ән-күйлерін шебер орындайтын дәрежеге жетті.\nМұрат Сыдықұлы әндер, күй-толғаулар, өлең-жырлар жазумен 1958-1959 жылдардан бастап шұғылданған күйші, композитор, жыршы-ақын. Виртуоз орындаушы ретінде Республикалық, Бүкілодақтық, Халықаралық өнер байқауларының лауреаты.\nОның Қазақстан композиторлар Одағынан жоғары бағаланған \"Қайдасың сен\", \"Балықшы қыз\", \"Сыр гүлі\", \"Сырдария\", \"Шаттанамын\", \"Шалқи бер, дала\", \"Аққуым менің\", \"Майдангерлер мәңгі жасайды\", \"Туған жер\" т.б. әндері мен \"Арал толқыны\", \"Біздің Ғани\", \"Әке арманы\", \"Қайран ағалар\", \"Балдыз\", \"Өмір толғауы\", \"Тойға шашу\", \"Балтабай\", \"Мұраттың төкпесі\", \"Қос тұйғын\" тағы басқа күйлері халқымыздың рухани байлығына қосылған асыл қазыналар. Көптеген туындыларын ауылдың әнші, күйші, жыршыларынан бастап еліміздің атақты өнер шеберлері орындап, облыстық, республикалық радио, телевидениенің \"Алтын қорына\" жазылған.\nҚазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Түркияның Халықаралық \"Түрік дүниесіне қызмет\" сыйлығының иегері, Улан-батордағы Халықаралық Шыңғыс хан Академиясының құрметті академигі Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда 85 жасқа қараған шағындадүниеден өтті.\nЖазушы 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген.\nЕңбек жолы 1965 жылдан басталады. \"Қазақ әдебиеті\" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-71 жылдары \"Жазушы\" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, сонымен қатар Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983-84 жылдары еркін шығармашылық жұмыста, 1984-86 жыладыр \"Жазушы\" баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық жұмыста, 1988-2006 жылдары \"Жұлдыз\" журналының бас редакторы болды.\nФилология ғылымдарының докторы, профессор, ашаршылық жылдардың куәгері Мекемтас Мырзахметұлы 11 қаңтарда 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті.\nМекемтас Мырзахметұлы 1930 жылы 9 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майтөбе ауылында туған.\nПрофессор Абай мұрасын терең зерттеп, ақын шығармаларындағы философиялық ойларды Жүсіп Баласағұн мен Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымымен сабақтастыра талдады. \"Абай\" энциклопедиясын құрастыруға қатысып, Мұхтар Әуезовтің 20 томдық және 50 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығаруға елеулі үлес қосты.\nМекемтас Мырзахметұлы – 1930 жылдардағы қазақ даласында болған ашаршылықтың тікелей куәгері болған адам. Әкесі Мырзахмет 1933 жылы дүниеден өткен. Ашаршылық жылдары анасы сегіз айлық қызы мен төрт жарым жастағы Мекемтасты алып, көрші ауылға қарай жолға шығады. Жолда аш қасқырларға тап болады. Сонда анасы қызын қасқырларға қалдырып, ұлын аман алып қалуға мәжбүр болған.\nҚазақстандық белгілі педиатр дәрігер, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері , академик Камал Ормантаев 12 ақпан күніқайтыс болды.\nКамал Ормантаев 1936 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицина саласындағы жолын бастады. 1968 жылы осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, бұл қазақстандық балалар хирургиясының ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады.\nҚазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.\nОл 20 мыңға жуық күрделі операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалған. Оның еңбегінің арқасында 1 500-ден астам дәрігер дайындалып, олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шетелде де жетекші маман атанды.\nЖазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков 21 ақпан күні 83 жасқа қараған шағында өмірден озды.\nЖазушы 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданына қарасты \"Ленин жолы\" ауылында дүниеге келген. 1963 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Сол жылы жазушының \"Жолда\" атты алғашқы әңгімесі Қазақстан жазушыларының \"Замандастар\" жинағына енсе, \"Шойынқұлақ\" әңгімесі \"Лениншіл жас\" газетінде жарияланып, оқырман қауымға кеңінен танылды.\nЖазушының \"Гауһар тас\", \"Дермене\", \"Пері мен періште\", \"Тіршілік\", \"Өкпек жолаушы\", \"Біз соғысты көрген жоқпыз\", \"Қарғын\", \"Ақырамаштан наурызға дейін\", \"Ескерткіш\", \"Социализм зәулімі\", \"Конфронтация\", \"Талахан-186\", \"Бонапарттың үйленуі\", \"Ай-Петри ақиқаты\", \"Кемпірлер\", \"Шалдар\", \"Тыныштық күзетшісі\" секілді шығармалары әр жылдары жарық көрді. Повестері мен әңгімелері неміс, чех, венгр, болгар, қытай, түрік, өзбек және ағылшын тілдеріне аударылып, шетел оқырмандарына да кеңінен танылды.\nДулат Исабеков шығармаларының негізінде \"Гауһар тас\" (1975), \"Дермене\" (1994), \"Тауқымет\" (\"Тіршілік\" повесі бойынша, 1998), \"Лоторея\" (\"Ержеткенше\" повесі бойынша, 2013), \"Балуан Шолақ\" (\"Жаужүрек\" пьесасы бойынша, 2019) көркем фильмдері түсірілді. Сондай-ақ \"Әпке\" пьесасының желісімен телесериал жарық көрді. Дулат Исабеков – қазақ сахнасы тарихында өзіндік орны бар 26-ға жуық пьесаның авторы.\nЖазушы әрі этнограф Болат Бопайұлы 19 наурызда 65 жасқа қараған шағындадүниеден өтті.\nБолат Бопайұлы 1960 жылы Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағында дүниеге келген. 1986 жылы Іле педагогикалық университетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. \"Шыңжаң жастар-өрендер баспасында\" редакторлық қызмет атқарған.\n\"Қазақтың алғыстары мен қарғыстары\", \"Қазақ ырымдары\" атты кітабы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Этнографтың соңында \"Қазақ мінезі\", \"Қазақ кәдесі\", \"Қазақы түс жору\", \"Бастаудан бақиға дейін\",  \"Қазақтың гүл мәдениеті\",  \"Қазақ наурызнамасы\",  \"Қазақ аспан есебі\" сияқты оннан астам кітабы қалды.\nҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек ері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы, драматург Әкім Тарази 22 сәуір күні 92 жасқа қараған шағындаөмірден өтті.\nӘкім Уртайұлы Әшімов (Әкім Тарази – әдеби бүркеншік есімі) 1933 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына арнады. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, алғашқы туындыларын \"Ара\" журналында жариялаған.\nӘдебиеттегі алғашқы қадамы – 1966 жылы жарық көрген \"Құйрықты жұлдыз\" повесі. Кейінірек ол \"Қара жұлдызға жол\", \"Қасірет\", \"Москва — Баласағыз\" романдарын, \"Күлкісіз комедия\", \"Жақсы адам\", \"Жолы болғыш Бүкен\" пьесаларын жазды. Сонымен қатар \"Іздер көкжиекке кетеді\", \"Қараш асуындағы атыс\", \"Ләйләнің тілегі\" фильмдерінің сценарий авторы атанды.\nҚР Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жамбыл атындағы сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, академик, ғалым, Сейіт Қасқабасов 28 сәуірде 85 жасқа қараған шағындадүниеден озды.\nСейіт Қасқабасов 1940 жылы 24 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын үздік тамамдаған.  ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметтерін атқарған.\nТанымал еңбектерінің қатарында \"Казахская волшебная сказка\" (1972), \"Қазақтың халық прозасы\" (1984), \"Родники искусства\" (1986), \"Колыбель искусства\" (1990), \"Казахская несказочная проза\" (1992),\"Абай және фольклор\" (1995), \"Золотая жила\" (2000), \"Жаназық\" (2002), \"Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары\" (2003), \"XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті\" (2005), \"О фольклоре и не только\" (2005) \"Елзерде\" (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы.\nҚазақстанның халық жазушысы, ақын Темірхан Медетбек 10 мамыр күні 81 жасына қараған шағында дүниеден өтті.\nТемірхан Медетбек 1945 жылғы наурызда Түркістан облысы Түркістан ауданына қарасты Аманкелді атындағы колхозда дүниеге келген. Бала кезінен поэзияға құштар болып өскен ол Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдап, шығармашылық жолын ерте бастады.\nАқынның \"Жанымның жапырақтары\", \"Сапар алдында\", \"Алыс шақырымдар\", \"Мәртебе\", \"Әуедегі толқындар\", \"Дауыс\", \"Көгершін қауырсындары\", \"Аңқа кептірген аңызақ\", \"Сырым бар саған айтатын\", \"Тағдырлы жылдар жырлары\", \"Көк түріктер сарыны\" атты жыр жинақтары оқырман арасында кеңінен танылды. Сонымен қатар \"Менің Абайым\", \"Баба дәстүрдің мұрагері кім?\", \"Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл\" атты публицистикалық кітаптары әдеби қауымның назарын аударды.\nТемірхан Медетбек танымал ақын-жазушылардың шығармасын қазақ тілінде сөйлетіп, аударма саласында да елеулі еңбек сіңірді. Ақынның өз өлеңдері де қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар тілдеріне аударылған.\nТанымал журналист, публицист Мақсот Ізімұлы 9 маусым күні 65 жасқа қараған шағындадүниеден озды.\nМақсот Ізімұлы 1960 жылы 27 маусымда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат (қазіргі Х.Досмұхамбетов) ауылында дүниеге келген. 1983 жылы ҚазМУ журналистика факультетін тәмамдаған.\nЕңбек жолын аудандық \"Қазсельхозтехника\" бірлестігінде автомобиль жөндеуші ретінде бастаған. Кейін облыстық \"Орал өңірі\" газетінде, \"Зерде\" журналының фантастика және публицистика бөлімінде, \"Ана тілі\", \"Заң\", \"Түркістан\", \"Аруана\" газеттерінде, \"Жалын\" журналында, \"Қазақ энциклопедиясының\" бас редакциясында, сондай-ақ \"Арыс\" баспасында бас редактор қызметтерін атқарған.\nМақсот Ізімұлының прозалық шығармалары 1998 жылы жарық көрген \"Аяқталмайтын әңгіме\" және 2003 жылғы \"Бедеріндей кесте\" жинақтарын қамтиды. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша шыққан \"Нарық нақыштары\" антологиясына әңгімесі енген.\nҚазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, талантты сазгер, Исраил Сапарбай 18 шілдеде 85 жасына қараған шағындақайтыс болды.\nИсраил Сапарбай 1941 жылы 15 мамырда Өзбек КСР-нің Самарқанд облысы Кушрабад ауданында дүниеге келген. Шымкент педагогика институтының тіл-әдебиет факультетін тәмамдаған.\nАлғашқы өлеңдері 1975 жылы \"Көктем тынысы\" ұжымдық жинағында жарық көріп, республикалық \"Жалын\" бәйгесінің жүлдегері болды.\nАқын 70-ке тарта әннің және 150-ге жуық ән мәтінінің авторы. Оның \"Ауылдан келген ару\", \"Әмір-Темір\", \"Абай-Тоғжан\", \"Сыған серенадасы\", \"Махаббат мейрамы\" пьесасы театр сахнасында қойылып келеді.\nЖазушының шығармаларының қатарында \"Аққу арман\", \"Раушан ғұмыр\", \"Бозқараған\", \"Қызыл-жасыл дүние\", \"Жүрегіме ұя салған қарлығаш\", \"Қызыл жел\", \"Ғашықтың тілі\", \"Бармақтай бақ\", \"Махаббат пен Ғадауат\" сияқты өлеңдер мен жинақтар бар.\nҰшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы Талғат Мұсабаев 4 тамыз күні 74 жасындаөмірден өтті.\nТалғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Фабричное ауылында дүниеге келген.\nОл – ғарышқа ұшқан екінші қазақ. Аңыз тұлға  үш мәрте ғарышты бағындырған. Бірінші рет 1994 жылы ұшқанда ғарышта 126 күн өткізген. Екінші рет 1998 жылы ұшып, 208 күн сапарда болған. Гиннестің үздік табыстар кітабына бір айдың ішінде 5 рет, 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылған. 2001 жылы ғарышқа үшінші рет ұшқанда ғарышта 8 күн болған.\nҚаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Мұрат Тастағанов 17 қазан күнідүниеден өтті.\nМұрат Мырқанұлы 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Сарықамыс қыстағында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, еңбек жолын \"Коммунизм туы\" газетінде бастаған. Кейін өңірлік баспасөзде ұзақ жылдар қызмет атқарып, қазақ журналистикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты.\n\"Мәңгі жас ғұмыр\", \"Марқакөлім – мөп-мөлдірім, мерейім\", \"Алтын тау – Алтай\" жыр жинақтарының авторы, 60-тан астам әннің сөзін жазған. Ол Күршім ауданының Құрметті азаматы атанып, туған өлкесінің рухани өміріне өлшеусіз үлес қосты.\n\"Қазақ тілі\" қоғамының Өскемен қалалық ұйымын басқарып, сөздің киесін, тілдің қадірін ұлықтады. Кейін облыстық теле-радиокомпанияда, Семейдегі \"Ертіс өңірі\" газетінде және Әміре Қашаубаев атындағы филармонияда қызмет етіп, мәдениет пен өнердің дамуына елеулі еңбек сіңірді.\nҚазақстан Жазушылар одағының Басқармасы көрнекті жазушы, эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсат Тәж-Мұрат 30 қазан күні 67 жасқа қараған шағындадүниеден өтті.\nМақсат Тәж-Мұрат 1959 жылы қарашада Атырау облысына қарасты Қосшағыл поселкесінде дүниеге келген. 1978-1983 жылдар аралығында ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған. 1983-1990 жылдар аралығында \"Білім және еңбек\" журналында әдеби қызметкер, \"Социалистік Қазақстан\" газетінде тілші, \"Горизонт\"-\"Өркен\" газетінде редактордың орынбасары, \"Жалын\" журналының жауапты секретары, Қазақстан ЛКЖО ОК жастар бұқаралық ақпарат құралдары секторының меңгерушісі болып істеді.\n1990-1999 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінде аспирант, аға оқытушы, доцент болды. 2006-2007 жылдары \"Қазақ әдебиеті\" газеті бас редакторының орынбасары, 2007-2009 жылдары \"Ана тілі\" газетінің бас редакторы. 2009 жылы Астана қаласына ауысып, 2013 жылға дейін \"Астана\" журналының бас редакторы болып істеді.\nМақсат Тәж-Мұрат – \"Шәңгерей: жасампаздық өмірі\", \"Батыс Алаш-Орда: биобиблиографиялық сөздік тәжірибесі\", \"Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы\", \"Кәбиса жыл: зерттеу, эссе, әдеби толғамдар\", \"Қаһармандық анатомиясы. Мәншүктің мәлімсіз майданы\", \"Димаш. Когда жаждут крика\" кітаптарының және мерзімді басылымдар бетінде жарияланған жүзге тарта мақаланың авторы.\nТанымал филолог, әдебиет сыншысы, \"Қазақстан\" РТРК\" АҚ Басқарма төрағасы болған Ғалым Доскен 11 қараша күні 65 жасындадүние салды.\nҒалым Доскен 1960 жылы 19 шілдеде дүниеге келген, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының түлегі.\n2001-2002 жылдары \"Қазақстанның республикалық телевидение және радио корпорациясы\" ЖАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 2002-2006 жылдары \"Қазақстан\" РТРК\" АҚ басқарма төрағасы болды. Ал 2007 жылдан бастап \"Ел\" продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды.\nОл \"Сәулені күту\", \"Ұлы дала астаналары\", \"Маңғыстау қабірлерінің түсі\", \"Жоғалған жарық хроникасы\" сынды деректі фильмдердің авторы. Сонымен қатар, \"Тоғыз құйрықты ақ түлкі\", \"Сиқырлы флейта\", \"Билейтін құс\" кітаптарын жазып, \"Жезтырнақ\" балетінің либреттосын жазған.\nАқын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Күләш Ахметова 14 қараша күні 80 жасқа қараған шағындабақилық болды.\nАқын 1946 жылы 25 сәуірде Қырғыз Республикасының Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУ-ді тәмамдаған. Еңбек жолын Үшарал медицина пунктінің меңгерушісі ретінде бастап, кейін журналистика саласына ауысты.\nКүләш Ахметова қазақ поэзиясына терең мазмұнды, лирикалық әрі азаматтық бағыттағы көптеген жырлар қалдырды. Ол \"Сен менің бақытымсың\" туындысы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын, \"Құт\" жинағы үшін Мемлекеттік сыйлықты, \"Болашақ\" поэмасы үшін халықаралық К. Симонов сыйлығын алды. Сонымен қатар \"Құрмет\" және \"Парасат\" ордендерімен марапатталып, Жамбыл облысының Құрметті азаматы атанды.\nҒалым Жабайхан Әбділдин 3 желтоқсан күні 93 жасқа қараған шағындадүниеден озды.\nЖабайхан Әбділдин 1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1954 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген. Ол – философия ғылымының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салған ғалым.\nПрофессордың ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Оның ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды. Ғылымға қосқан зор үлесі үшін \"Барыс\" және \"Парасат\" ордендері секілді жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған.\nХалық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, кино және театр актері, режиссер, профессор, Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасындадүниеден өтті.\nАсанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада дүниеге келген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген.\nМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында М. Әуезовтің \"Абайында\" Керім, \"Еңлік-Кебегінде\" Кебек, \"Қара қыпшақ Қобыландысында\" Айшуақ, Ғ. Мүсіреповтің \"Қозы Көрпеш-Баян сұлуында\" Қодар, Ш.Айтматовтың \"Көктөбедегі кездесуінде\" Иосиф Татаевич, Шекспирдің \"Юлий Цезарінде\" Юлий Цезарь, М. Фриштің \"Дон Жуанның думанында\" Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің \"Қан мен терінде\" Еламан сияқты образдарды сомдап, қазақ театрының көрнекті актері ретінде танылды. Қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы – Г. Гауптманның \"Ымырттағы махаббат\" драмасындағы доктор Клаузен болды.\nАктердің \"Қыз Жібек\", \"Атаманның ақыры\", \"Сарқырама\", \"Трансібір экспресі\", \"Нан дәмі\", \"Алатаудың ай мүйізі\", \"Жаушы\", \"Бұлғар даласынан ескен жылы жел\" сынды фильмдердегі рөлі көрермен көзайымына айналған.\nСонымен қатар Асанәлі Әшімовтың режиссерлігімен Н. Гогольдің \"Ревизор\", Ғ. Мүсіреповтің \"Амангелді\", И. Оразбаевтің \"Мен ішпеген у бар ма?!\", С. Ванустың \"Сұлтан болсам егер мен\", Ж. Аймауытовтың \"Ақбілек\" туындылары сахналанды. \"Жылан жылы\", \"Шоқан Уәлиханов\", \"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу\" сияқты фильмдержарыққа шықты."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/iran-men-izrail-sogysy-aqs-tyn-iadrolyq-nysandarga-sabuylynyn-qazaqstanga-qandai-aseri-bar", "title": "Иран мен Израиль соғысы: АҚШ-тың ядролық нысандарға шабуылының Қазақстанға қандай әсері бар", "text": "Қазіргі уақытта Иран, Израиль және АҚШ арасындағы қарым-қатынас халықаралық саясаттағы ең қауіпті және күрделі текетірестердің біріне айналып отыр. 2025 жылы бұл шиеленіс тек саяси айыптаулар немесе санкциялармен шектелмей, тікелей әскери іс-қимылдарға ұласты. Төменде осы үш елдің арасындағы соғыс жағдайына шолу ұсынамыз.\nИран мен Израиль арасындағы қарым-қатынас онсыз да ұзақ жылдар бойы жаулық сипатта болды. Израиль Иранның ядролық бағдарламасын өзіне тікелей қауіп ретінде қарастырса, Иран Таяу Шығыстағы Израильдің әскери әрекеттерін ислам әлеміне қатер деп бағалайды. Ал АҚШ бұл екі ел арасындағы шиеленісте Израильдің басты одақтасы ретінде әрекет етіп отыр. 2025 жылы бұл текетірес шегіне жетіп, аймақтық әскери қақтығыстарға ұласты.\n2025 жылғы сәуірде Израиль Иранның келесі нысандарына соққы жасады:\n2025 жылы сәуірдің ортасында Израиль әскери-әуе күштері Иран аумағындағы бірнеше стратегиялық нысандарға, оның ішінде ядролық инфрақұрылымға соққы жасады. Бұл шабуыл бірнеше толқында жүзеге асты:\nИзраильдің F-35I Adir жойғыш ұшақтары (америкалық F-35-тің арнайы модификациясы) Иордания мен Сауд Арабиясының әуе кеңістігі арқылы өтіп, Ирандағы негізгі ядролық нысандарды нысанаға алған. Шабуыл төмен биіктікте, радарға ілінбеу үшін арнайы жасақталған маршрутпен жүзеге асты.\nШабуыл алдында Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері кибершабуылмен әлсіретілді. Израильдің Unit 8200 әскери кибербөлімі Иранның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін уақытша істен шығарғаны хабарланды. Сонымен қатар жарылыс жасаушы дрондар да пайдаланылған.\n\"Біз Иранның ядролық қару жасау әрекетіне жол бере алмаймыз. Бұл – алдын алу шарасы. Израиль өз халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кез келген қадамға баруға дайын\", – деді Израиль премьер-министрі (2025 жылы қызмет атқарып отырған).\nИзраиль бұл әрекетті \"шектеулі, бірақ дәл бағытталған операция\" деп атады және оны толыққанды соғыс емес, стратегиялық қорғаныс деп сипаттады.\nИран шабуылды \"соғыс актісі\" деп жариялап, 48 сағат ішінде жауап беруге уәде етті. Салдарынан Израильдің солтүстігіндегі әскери базаларға Ливан арқылы \"Хезболла\" қозғалысы зымыранмен соққы берді.\nИранның өзі Израильдің Хайфа мен Тель-Авив маңындағы стратегиялық нысандарына баллистикалық зымырандар ұшырды (жолдас сәтті немесе сәтсіз болғаны туралы деректер әртүрлі). Парсы шығанағындағы америкалық әскери базалар да қысымға ұшырай бастады.\nКөптеген әскери сарапшы бұл шабуылды \"Израильдің 1981 жылғы Ирактағы Осирак реакторына шабуылына ұқсас операция\" деп бағалады.Кейбірі бұл әрекет Иранның ядролық бағдарламасын бірнеше айға шегіндіруі мүмкін десе, басқалары \"бұл – соғысқа апаратын жол\" деп қауіптенеді.\nЭкономистер мұнай бағасының күрт өсуі жаһандық инфляцияны күшейтетінін болжауда.\nИзраильдің Иранға сәуір айындағы соққысы – Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалды түбегейлі өзгерткен бетбұрыс болды. Бұл оқиға тек екі ел арасындағы қақтығыс емес, аймақтық және жаһандық деңгейдегі қауіпсіздік балансына әсер ететін күрделі жағдайға айналып отыр.\nИран 2025 жылғы сәуір айында Израильдің ядролық және әскери нысандарына жасаған соққысына жауап ретінде бірқатар жан-жақты, үйлестірілген әскери және саяси қарсы шаралар қабылдады. Бұл жауап тек Израильге бағытталып қана қойған жоқ, сонымен қатар АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мүдделеріне де жанама түрде әсер етті.\nИранның жауап операциясы (2025 жылғы сәуір-мамыр):\nИран өзінің Fateh-110, Zolfaghar және Shahab-3 баллистикалық зымырандарын пайдалана отырып Израиль аумағына тікелей соққы берді.\nИзраиль Iron Dome жүйесі арқылы шабуылдардың 70 пайызын тосқауылдап үлгерген, бірақ кейбір нысандарға нақты соққы жеткені расталды.\n\"Хезболла\" және \"Ирактағы шии топтары\" арқылы жанама шабуылдар\nИранның ықпалындағы \"Хезболла\" қозғалысы Ливан жағынан Израильдің солтүстігіне ондаған зымыран атты. Сонымен қатар, Ирактағы \"Хашд аш-Шааби\" тобы АҚШ базаларына шабуыл жасады:\nМақсат – Парсы шығанағындағы мұнай саудасы мен тасымал қауіпсіздігіне қысым жасау.\nИранның Shahid Kaveh атты әскери кибертобы Израильге қарсы бірнеше кибероперация жүргізді:\n\"Израиль жасаған агрессияның жауабы сөзсіз болатынын айттық. Бүгін біз тек әділ қарсы шараны іске асырдық. Біз ешқашан бастамашы емеспіз, бірақ жауапсыз да қалмаймыз\", – деді Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи.\n\"Біздің әрекетіміз – Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес өзін-өзі қорғау шарасы. Израиль халықаралық құқықты бұзды. АҚШ бұл заңсыздықты қолдап отыр\".\nӘскери сарапшылардың пікірінше, Иран өзінің асимметриялық соғыс стратегиясын қолданды: – тікелей шабуыл + делдал топтарды пайдалану + кибер және ақпараттық шабуыл. Израиль үшін бұл шабуыл Иран тарапынан нақты қауіптің бар екенін көрсетті. АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар салды, бірақ тікелей әскери жауап бермеді.\n2025 жылғы сәуір айында Израиль соққысына Иранның берген жауабы әртараптандырылған, көп бағытты және стратегиялық түрде үйлестірілген әрекеттер жиынтығы болды. Бұл тек әскери қақтығыс емес, кибер, саяси және ақпараттық деңгейде де кеңінен өрбіген қарсы операция болды. Қақтығыс өңірлік соғысқа айналу қаупін тудырған сәт ретінде тарихта қалуы мүмкін.\n2025 жылы Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс ушығып, қарулы соққыларға ұласқаннан кейін, АҚШ бұл текетіресте шешуші дипломатиялық әрі әскери ойыншы ретінде араласты. АҚШ Израильдің негізгі стратегиялық одақтасы ретінде әрекет етіп, бір жағынан Иранның агрессиясына жауап қатты, екінші жағынан қақтығыстың жаһандық соғысқа ұласуына жол бермеуге тырысты.\nАҚШ-тың араласуы: 2025 жылғы сәуір-маусым\nNSA және Cyber Command Израильдің кибершабуылдан қорғанысын күшейтуге көмектесті.\nИзраильдің сәуір айындағы шабуылдарының тиімді болуына АҚШ барлауының рөлі зор болғаны айтылды.\n\"Америка Құрама Штаттары Израильдің өзін қорғау құқығын толық қолдайды. Бірақ біз Иранмен тікелей соғысқа ұласатын жолды қаламаймыз. Біз әр тарапты жауапкершілікпен әрекет етуге шақырамыз\", – деді АҚШ президенті.\n2025 жылғы сәуірдің соңында АҚШ қаржы министрлігі:\nАҚШ-тың өзіне бағытталған шабуылдар мен жауаптары\nАҚШ 2025 жылғы Израиль-Иран қақтығысында белсенді, бірақ абайлап әрекет ететін тарап ретінде көрінді. Ол Израильді толық қолдаса да, Таяу Шығыстағы кең ауқымды соғысқа тартылып кетуден сақ болуға тырысты. Әскери жағынан араласуы нақты шекарамен шектелді – барлау, қорғаныс, логистика және делдалдық. Бұл ұстаным АҚШ-тың 2020-жылдардағы сыртқы саясатындағы өзгерісті – тікелей соғыстан гөрі, серіктестерге қолдау көрсету арқылы әрекет етуді айқын көрсетіп отыр.\nБҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шұғыл отырыс өткізіп, тараптарды сабырға шақырды. Дегенмен, АҚШ пен Ресей арасындағы пікір қайшылығы қарар қабылдауға кедергі келтірді.\nТүркия қақтығысты тоқтату үшін екі жаққа да дипломатиялық диалог ұсынды. Қытай Парсы шығанағындағы қауіпсіздіктің бұзылуынан алаңдап, бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды. Ресей АҚШ пен Израильдің әрекеттерін \"арандату\" деп бағалап, Иранға жанама қолдау білдірді.Қазіргі әскери жағдай (2025 жылғы маусымдағы дерек):\nИран мен Израиль арасындағы 2025 жылғы қарулы қақтығыс – геосаяси ғана емес, экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан Қазақстанға да жанама әсерін тигізетін маңызды оқиға. Қазақстан қақтығыс аймағынан алыс орналасқанына қарамастан, аймақтық тұрақсыздық, энергетикалық нарықтар мен геосаяси одақтастықтар арқылы бұл жағдайдың салдарын сезінуі мүмкін.\nИран мен Израиль арасындағы қақтығыс Парсы шығанағындағы мұнай тасымалына қауіп төндіргендіктен, дүниежүзілік нарықта мұнай бағасы күрт көтерілді. Қазақстан – мұнай экспорттаушы ел. Сол себепті бағаның өсуі бюджет кірісін арттыруы мүмкін, бұл жағынан оң әсер береді.\nЭнергия тасымалдау инфрақұрылымына қауіп артса немесе Иран арқылы өтетін логистикалық жолдар бұзылса, Қазақстанның мұнай экспортындағы балама бағыттарда қысым көбеюі мүмкін (әсіресе Каспий арқылы). Мұнай бағасымен бірге инфляция да артуы мүмкін, бұл ішкі нарыққа кері әсер етеді.Әлемдік азық-түлік және қаржы нарықтарына қысым\nГеосаяси дағдарыстар әлемдік логистика мен сақтандыру шығындарын арттырады. Бұл Қазақстанға келетін импорттың бағасын қымбаттатуы мүмкін. Әсіресе Таяу Шығыстағы азық-түлік сатып алушылар нарығындағы тұрақсыздық, Қазақстанның астық экспортына әсер етуі мүмкін (Иран – Қазақстаннан бидай алатын негізгі елдердің бірі).\nҚазақстан мен Иран арасында Астрахань – Бендер-Аббас бағыты бойынша жүк тасымалы, логистика және бидай, металл өнімдері бойынша сауда байланысы бар. Қақтығыс Иранның ішкі нарығы мен порттарына қауіп төндіріп, екіжақты сауда айналымының баяулауына әкелуі мүмкін.\nСауда көлемі аз, бірақ технологиялық және медициналық ынтымақтастық бар. Қақтығыс Израиль экономикасына әсер етсе, бұл байланыстар да тоқтап қалуы мүмкін.Қауіпсіздік және діни-саяси тұрақтылық\nҚақтығыс діни сипатқа да ие (шииттік Иран мен еврей Израиль), сондықтан мұсылман елдеріндегі радикалды топтардың белсенділігі артуы мүмкін. Қазақстан үшін бұл ішкі діни тұрақтылықты сақтау, діни экстремизмге қарсы шараларды күшейту қажеттігін тудыруы мүмкін. Радикалды идеологиялар мен шеттен келетін ықпалдарға қарсы ақпараттық, құқықтық және идеологиялық қауіпсіздік мәселесі өзекті бола түседі.Геосаяси тепе-теңдік пен сыртқы саясат\nҚазақстан үшін бейтараптық пен көпвекторлы саясатты сақтау маңызды. Қақтығыс ушыққан жағдайда: Ресей мен Қытай Иранды жақтаса,АҚШ пен Батыс Израильді қолдайды. Қазақстан екі жақпен де ынтымақтастық орнатқан ел ретінде бұл жағдайға абай қарауға мәжбүр. Аса сақ дипломатиялық риторика қажет болады.\nОсылайша Қазақстан тікелей соғысқа тартылмаса да, жанама түрде энергетика, сауда және қауіпсіздік салаларында ықпал сезінеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/akemnin-zurgizusi-kualigi-zamandyqtan-saqtaityndai-tungys-qazaq-sopyr-uos-ardageri-tasbolat-aqysev-turaly", "title": "\"Әкемнің жүргізуші куәлігі жамандықтан сақтайтындай\": Тұңғыш қазақ шопыр, ҰОС ардагері Тасболат Ақышев туралы", "text": "Тасболат Ақышев – қазақтан шыққан алғашқы кәсіби әскери шопыр, 1911 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Қызылту ауданындағы №3 ауылда дүниеге келген. Бұл өңір сол кезде \"Чапаев совхозы\" деп аталған. Өкінішке орай, Тасболат Ақышев 7 жасында әкесінен, ал 9 жасында анасынан айырылып, тұл жетім қалады. Балалық шағында осындай қиын кезеңдерді бастан өткерсе де, болашақта ол өзінің қажырлы еңбегімен және адалдығымен танылып, кәсіби әскери шопыр ретінде зор жетістіктерге жетеді. Оның өмір жолы көптеген адамға шабыт беріп, ерлігі мен төзімділігі тарихта сақталып қалатыны сөзсіз.\nБүгінгі таңда ерекше назар аудартатын әулеттердің бірі – \"Шопырлар династиясы\" деп аталатын ардагердің ұрпақтары. Бұл әулеттің ерекшелігі – олардың барлығы шопырлық қызметте еңбек етіп, жинақтаған тәжірибесінің ұзақтығы 340 жылдан асқан. Ардагердің өзі алғашқылардың бірі болып Қазақстанда кәсіби шопыр ретінде танылған. Ардагердің ұлы Айдар Ақышев өз әкесін мақтанышпен еске алады. Оның айтуынша, әкесі көлікті басқаруда үлкен шеберлік пен жауапкершілік үлгісін көрсеткен. Айдардың Ақышевтің өзі де әке жолын қуып, көлік жүргізу мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруда. Үш қызы да осы дәстүрден алшақтамай, көлікті еркін тізгіндеп, шопырлық өнерді ілгерілетіп келеді. Олардың барлығы жоғары деңгейде көлікті басқаруды меңгеріп, әулеттің мақтанышы болып отыр. Осылайша, \"Шопырлар династиясы\" атауы тек қазақ жерінде ғана емес, басқа аймақтарға да белгілі болуда.\n\"Біздің әкемізді ауылда ерекше құрметпен \"шопырлардың ішіндегі генерал\" деп атайтын. Әкеміз Тасболат Ақышев қазақтан шыққан тұңғыш шопыр ретінде елге танылған. Мәскеуде генералдарды тасуға дейін барған әкеміз 50 жыл бойы шопыр болып, 2011 жылы оның құрметіне көшемізге аты берілді, ал тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Әкем мен анам Кенжетай Ақышева 11 бала тәрбиелеп өсірді және олардың барлығы шопыр жолын таңдады. Осыған байланысты бізді \"шопырлар династиясы\" деп атайды. Әке-шешеміз соғыстан кейін танысқан және екеуі де Батыр атағын алған. Әкемнің Шәмшия атты әпкесі болған, соғыстан кейін олар бір-бірін іздеп тауып, кездескен еді. Шопыр болуды бізге әкеміз үйретті. Ол өте қатаң, әскери тәртіпті ұстанатын адам болатын, жалпы он жылдық әскери қызметте болған ол бізге еңбекқорлық пен адалдықты үлгі етті. Барлық баласы әскерде қызмет еттік. Қыздарымыз барлығы тұрмысқа шығып, ұлдары үйленіп, немерелі болды. Әкеміздің бізге үйреткен өмірлік жолы мен еңбекқорлығы біздің отбасымыз үшін мәңгілік мұра болып қалды. Әкеміздің бізге берген ұстанымы мен тәлімгерлігі әрдайым бізді алға жетелейді және біз бұл мұраны келер ұрпаққа жеткізуге тырысамыз\", – деді Айдар Ақышев.\nӘкесі мен анасынан айырылғаннан кейін, ол Семей және Ақмешіт қалаларындағы балалар үйінде тәрбиеленуге мәжбүр болды. Бұл қиындықтарды жеңіп, Тасболат Ақышев балалар үйінен кейін 1931 жылы Папанин мектебінде 4-сыныпты тәмамдады. Екі жылдан соң, 1933 жылы, ол Қызыл әскер қатарына шақырылып, жаңа өмір кезеңі басталды. Осылайша, ол жасөспірім шағындағы көптеген қиындыққа қарамастан, өзінің білім алу және әскери өмірге деген қадамын сәтті бастады.\nМәскеу қаласында ІІХК әскерлерінің құрамында қызмет етіп, шопырлықты меңгереді. Қызмет кезінде Форд көлігінде ІІХК генералын тасиды. Бұл көліктер 1932-1936 жылдары аралығында шығарылып, Мәскеуде жинақталған және барлығы 40 мың дана өндірілген. Осы америкалық көліктер сол кезеңде Мәскеудің ресми өкілдері арасында кеңінен қолданыста болды.\nТасболат Ақышев – 1935 жылдың 1 наурызында жүргізуші куәлігін алған алғашқы қазақтардың бірі. Ол уақытта, яғни 1936 жылы МКИ (Мемлекеттік көлік инспекциясы) әлі құрылмаған еді. Тасболат Ақышев өзінің туған колхозында әйгілі \"Полуторка\" көлігінде жұмыс істеп, жүргізушілік қызметін атқарған. Бұл оның сол кездің өзінде көлік жүргізу саласында тәжірибелі маман болғанын көрсетеді.\n\"Адалдық пен шындықты өмірлік ұстаным еткен әкем өткен күндердің ауыртпалығын, полковник болып, бірнеше рет атыс кезінде аман қалғанын әңгімелеп отыратын. Сол ерліктері үшін алған ордендері туралы ерекше мақтанышпен айтатын. Болгария, Венгрия, Румынияны қалай азат еткені немесе Украинадағы Қырым мен Севастопольде өткен шайқастар туралы оқиғалары ауыл тұрғындарының есінде мәңгі сақталып қалған. 1933 жылы Мәскеуге сапар шегіп, ол жақта жүргенде де қазақ халқының арман-мақсаттарын танытқан әкем ерекше тұлға болып ел есінде қалды. Ауылдағылар, әсіресе соғыс жылдарындағы балалар, оны ерекше сыйлап, ол туралы аңыздар айтып жүретін. \"Тасболат бізге көп нәрсе үйретті\" деген сөздерді жиі еститінбіз. Оның өмір жолы, ерлігі мен адамгершілігі ауыл тұрғындарының жадында мәңгі сақталып, кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала береді\", – деп еске алды ардагердің ұлы.\n1941 жылы кәсіби маман ретінде өз еркімен шайқас алаңына аттанған ол, Мәскеу қаласын қорғауға жіберілді. Сол сұрапыл соғыс жылдары әсіресе әскери мамандар жетіспеді. Орыс тілін еркін меңгерген бұл жауынгер үш бірдей шайқасқа қатысып, соғыс даласында өз үлесін қосты. Соғыс жағдайында мұндай кәсіби білікті адамдардың орны ерекше болды.\nЖүрегінің түбінде қайталанбас ерлігі мен батылдығы сақталған ол АТБ орталығында шайқасып, шопыр ретінде қызмет етті. Генералды әйгілі ГАЗ М-1 көлігінде тасып, оның сенімді серігі болды. Курск шайқасының қатысушысы ретінде ол тарих беттерінде мәңгі есте қалған. Перекопте шайқасып, Украина фронтының төртінші бағытында Мелитопольскіде орасан зор ерліктер жасады. Бұл батырдың өмірі – ұлт мақтанышы.\nҰлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен жауынгер екінші дәрежелі Орденмен марапатталып, қажырлы еңбегімен ерекше танылды. Ол сонымен қатар \"Әскери еңбегі үшін\" және \"Германияны жеңгені үшін\" медальдарымен марапатталды. Жауынгерлік қажырлығы мен ерлігі үшін ерекше құрметке ие болып, маршал Сталиннің атынан \"Қырымды азат еткені үшін\", \"Севастопольді азат еткені үшін\" және \"Симферопольді азат еткені үшін\" үш алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл марапаттар оның соғыс кезіндегі шексіз батылдығы мен Отанға деген адал қызметінің айқын дәлелі болды.\nСоғыс жылдарында қатардағы ефрейтор сарбаздың Маршал Сталиннен алғыс хат алуы үлкен мәртебе болып саналатын. Бұл марапат сарбаздардың ерлігін және олардың майдандағы батылдығын білдіретін ерекше белгі еді. Ефрейтор сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі маңызды шайқастарға, оның ішінде Румыния, Болгария, Венгрия және Германия аумағындағы ұрыстарға қатысты. Әскери борышының аясында ол Жапонияға қарсы жүргізілген соғыс операцияларына да атсалысты. Осы шайқастардың барлығында ефрейтор өзінің батылдығы және табандылығымен ерекшеленді, бұл оның әскери қызметінің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдей түсті.\n1945 жылы 3 қыркүйекте \"Жапонияны жеңгені үшін\" арнайы медальмен марапатталды, кейіннен 1948 жылға дейін бас штабта шопыр болып қызмет етті. Ол осы қызметінде генерал П. С. Рыбалконы тасыды, бұл оның әскери мансабындағы ерекше кезеңдердің бірі болды. Мұндай тәжірибе ардагердің екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі өмірінде маңызды рөл атқарды.\nЕкі соғысқа қатысып, туған жерге аман-есен оралу үлкен жеңіс еді. Соғыстан 1948 жылы оралған азамат Қазақ елінің алғашқы жүргізушілерінің бірі болды. Сонау қиын-қыстау жылдары шопыр болу ерекше қабілет пен төзімділікті талап ететін. Оның үстіне, Мәскеуде қызмет етіп, ІІХК генералын тасу екінің бірінің қолынан келе бермейтін жауапты міндет болатын. Бұл қызмет жылдары ол үлкен тәжірибе жинақтап қана қоймай, сонымен қатар өзінің кәсіби шеберлігін дамытты. Отанға деген сүйіспеншілігі мен адал еңбегі арқылы ол көптеген жастарға үлгі бола білді.\nҚызыл әскер қатарында 10 жыл қызмет еткен батыр соғыстан кейін еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға белсенді түрде атсалысты. Ол колхоздар мен совхоздарды өркендетуге үлкен үлес қоса отырып, мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпал етті. Сонымен қатар, алғашқы тың жер пионерлерінің бірі болып, еліміздің аграрлық секторын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. Осы қажырлы еңбегі үшін 1956 жылы \"Тың жерлерді игергені үшін\" медалімен марапатталды.\nПобеда автокөлігімен ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосқан колхоздың бірінші басшысы Папанин мен совхоздың бірінші директоры Чапаевты алғаш рет тасымалдаған шопыр өз еңбегімен ел есінде қалған тұлға. Оның Отан алдындағы қызметі мен адал еңбегі жоғары бағаланып, құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, көптеген мерейтойлық медальмен марапатталып, ауыл-шаруашылығы саласында үлкен жаңалықтар енгізді. Шопырдың жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен абыройы кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала берді.\n\"Әкемнің жүргізуші куәлігін жүрегімнің түбінде сақтайтынымды жиі ойлаймын. Ол тек қарапайым құжат емес, мен үшін терең мағынаға ие символ. Бұл куәлік мені жамандықтан қорғап тұрғандай сезінемін, өйткені ол әкемнің маған қалдырған аманаты, өмірлік бағыттамасы секілді. Әкеме айтарым көп, бірақ кейде сөздерді табу қиын. Оның мейірімі мен даналығы әрқашан менімен бірге екенін білу мені тыныштандырады әрі жігерлендіреді. Осы ішкі диалогтың маңызын түсініп, жүрегімнің түбіндегі сезімімді сақтап жүремін\", – деді Айдар Ақышев.\nТасболат Ақышев өмірінің соңғы 10 жылында Газ-53 базасында көліктегі өрт сөндіруші болып қызмет атқарған. Ол және оның жары 11 баланы тәрбиелеп өсірген. Әйелі \"Батыр ана\" алтын жұлдыз орденімен және I, II, III дәрежелі \"Ана\" медальдарымен марапатталған. Тасболат Ақышев жалпы алғанда жарты ғасыр, яғни 50 жыл бойы жүргізуші болып жұмыс істеген. Ол еңбек және соғыс ардагері еді. 1985 жылдың желтоқсан айында Тасболат Ақышев 75 жасында ауыр сырқаттың салдарынан дүниеден өтті.\nБүгінде балалары мен немерелері ата жолын қуып, \"көліктің құлағында ойнайтын\" болды. Бұл үрдіс әсіресе көлік жүргізуге деген қызығушылық пен қабілеттілік отбасы арқылы берілетінін дәлелдейді. Жас ұрпақ ата-аналарының тәжірибесі мен машығын меңгере отырып, бұл өнерді одан ары дамытып, жаңа деңгейге көтеруде. Бұның нәтижесінде көлік айдау көптеген жастар үшін қажеттілік қана емес, сонымен қатар сүйікті іс пен кәсіби мақсатқа айналды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ramazanga-daiyndyq-oraza-kezinde-soldemeudin-gylymi-zane-ruxani-zoly-qandai", "title": "Рамазанға дайындық: Ораза кезінде шөлдемеудің ғылыми және рухани жолы қандай", "text": "Қасиетті Рамазан айы – бүкіл мұсылман қауымы үшін рухани кемелдену мен тән тазалығының мезгілі. Ораза ұстау – Аллаға деген құлшылықтың биік көрінісі, алайда оны денсаулыққа зиян келтірмей, толыққанды орындау маңызды. Әсіресе, ұзақ күндізгі Ораза кезінде шөлдің алдын алу көпшілікті мазалайтын мәселе. Адам ағзасының 60-70 пайызы судан тұратынын ескерсек, су балансын дұрыс сақтау тек жайлылық үшін емес, мидың когнитивті функцияларын, физикалық белсенділікті және жалпы денсаулықты сақтау үшін аса қажет.\nҒылым деректеріне сүйенсек, ағзаның 1-2% су жоғалтуының өзі зейін қою қабілетін төмендетіп, адам шаршап қалады. Осы орайда ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы Ораза кезінде шөлді қалай жеңуге болатынын, қандай тағамдарды таңдау керектігін және сәресі мен ауыз ашардағы тамақтану әдебі туралы айтып берді.\n\"Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): \"Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар\" деген. Бұл береке тек рухани емес, физикалық тұрғыда да көрінеді. Сәресіні өткізіп алсақ, ағзамыз әлсірейді, ал бұл құлшылыққа кедергі келтіреді. Шариғатта өз-өзіңе зиян келтіруге тыйым салынған, сондықтан сәресіде ағзаға қуат беретін құнарлы ас пен суды дұрыс таңдау – сүннетке сай әрекет\", – дейді Медет Құрмашұлы.\nАғза суды бірден емес, біртіндеп сіңіреді.\n\"Ауыз ашар сәтте асығыстық жасап, асқазанды бірден сумен толтырып тастау – денсаулыққа ауыр жүк. Пайғамбарымыз суды бір деммен емес, үш бөліп ішуді өсиет еткен. Бұл – медицинада да мақұлданған әдіс. Сабырмен, біртіндеп ішкен су шөлді жақсы қандырады әрі ағзаның жүйелі жұмыс істеуіне септігін тигізеді\", – деді ҚМДБ өкілі.\nТұз жасуша сыртындағы қысымды арттырып, суды сыртқа айдайды. Ал кофеин зәр айдағыш қасиетіне байланысты ағзадағы сұйықтықты екі есе жылдам шығарып тастайды.\n\"Мұсылман адам өз денесіне Алланың аманаты ретінде қарауы тиіс. Ораза кезінде шөлді шақыратын, ағзаны тез шаршататын ащы, тым тұзды астардан тыйылу пайдалы. Сәресіде шөлдететін тағамдардан бас тарту – күндізгі құлшылықтың жеңіл өтуіне жасалған қамқорлық\", – деді Медет Құрмашұлы.\nҚияр (96% су), қызанақ (94%) және қарбыз секілді өнімдерде су көп. Ол ағзаға баяу сіңеді және ұзақ сақталады.\n\"Алла Тағала бізге маусымына қарай түрлі жеміс-жидектерді нығмет етіп берді. Құрмамен ауыз ашудың мәні – оның құрамындағы калий мен табиғи қанттың ағзаны тез қалпына келтіруінде. Табиғи өнімдерді тұтыну – Жаратушының берген ризығын қадірлеу әрі денсаулықты сақтаудың ең төте жолы. Ораза – тек ішіп-жеуден тыйылу емес, ол – тәртіп пен тәрбие айы. Ағзаның су балансын дұрыс реттеу арқылы біз нәпсімізді де, денемізді де шынықтырамыз. Ғылыми кеңестерге құлақ асу – ақылдылық, ал оны құлшылықпен ұштастыру – имандылық. Оразаларыңыз қабыл, дұғаларыңыз мүстажаб болсын!\" – деді маман.\nҒылыми зерттеулер көрсеткендей, судың ағзада ұзақ сақталуы үшін тек сұйықтық емес, оның құрамындағы минералдар калий, магний, натрий маңызды рөл атқарады. Сүт өнімдері, әсіресе қатық пен айран, құрамындағы ақуыз бен электролиттердің арқасында қарапайым суға қарағанда шөлді 25-30 пайызға тиімдірек басады.\nКалий мен магний жасуша ішіндегі қысымды реттеп, судың \"буланып\" кетпеуін қадағалайды. Олар құрмада, банан мен жаңғақтарда көп.Сәресіде ішкен бір стақан айран немесе қатық ішек флорасын реттеп, шөлден туындайтын ауыздың құрғауын азайтады.\n\"Біздің бабаларымыз қатал ауа райында, ыстық далада жүрсе де, Оразаны ерекше төзімділікпен ұстаған. Оның сыры – ұлттық сусындарымызда жатыр. Қатық, айран, шұбат пен қымыз – бұл Алланың бізге берген шипасы мен қуаты. Сәресіде ішкен бір кесе айран адамды күні бойы шөлдетпей, бойына күш береді. Денсаулыққа пайдалы асты таңдау – дененің қақысын өтеу, демек, ол да бір сауапты іс\", – деп кеңес берді Медет Құрмашұлы."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/balalardyn-kozi-nasarlap-ozderi-nege-bukireiip-barady-zane-ogan-cifrlyq-texnologiialardyn-qatysy-qandai", "title": "Балалардың көзі нашарлап, өздері неге бүкірейіп барады және оған цифрлық технологиялардың қатысы қандай", "text": "Қазақстандағы педиатрия саласының өзекті мәселелері мен балалар денсаулығына қатысты Информбюро порталының сұрақтарына Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Педиатрия кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Ташенова Алматыда өткенхалықаралық педиатрия конференциясыныңбарысында жауап берді.\n– Қазақстанның педиатрия саласы соңғы жылдары көптеген өзгерістерді бастан кешіргенін білеміз. Өзгерістер қаншалықты оң нәтиже берді?\n– Салада соңғы 10-13 жылда көптеген технология енгізілді. Қазіргі Қазақстанда емдеу ісіне қажетті әлемдік деңгейде жоғары технологиялардың бәрі дерлік бар. Бірақ, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке басымдық беріліп отыр. Яғни, ауруды асқындырмай тұрып, оның ерте диагностикалау және алдын алу әлдеқайда маңыздырақ.\nМәселен, қазір балалардың психикалық, соматикалық дамуына қатысты ақаулар, аурулар жиі кездеседі. Сондықтан, дүниеге келген сәтінен бастап 6 жасқа толғанға дейін балалардың дамуындағы осындай ақауларды ерте анықтайға көбірек көңіл бөлеміз.\nОсы уақытта, әсіресе 3 жасқа дейін диагноз дұрыс қойылып, түзету шаралары уақытылы енгізілсе, балалардың денсаулығында кінәрат қалмайды.\nБұл үшін профилактикалық тексеру, скрининг, әмбебап патронаждық қызмет сынды құралдар қолданылады. Ерте араласу және оңалту орталықтары өңірлерде белсенді түрде ашылып жатыр. Сондай-ақ, заңнамалық тұрғыда қажетті стандарттар қабылданды.\n– Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге елімізде педиатрлар саны қаншалықты жеткілікті және олардың білім-білігі соған сай ма?\n– Бұрын 6 жасқа дейінгі балаларды тек педиатрлар қараған болса, енді мұндай құзырет жалпы практика дәрігерлеріне де берілді. Бұған дейін олар да жасы үлкен балалар мен ересек адамдарды ғана қарайтын. Сәйкесінше, балаларға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге атсалысатын дәрігерлер контингенті артты.\nӘрине, бұл педиатрлар тапшылығына байланысты мәселені шешу үшін қолға алынған шара. Өйткені, өңірлердің бәрінде бірдей педиатрлық учаскелер жоқ, оның орнына жалпы практика дәрігерлері ғана бар. Жаңа өзгерістерге сәйкес, жалпы практика дәрігерлері балаларды қарап, қажет жағдайда түрлі сала дәрігерлерін қамтитын бригадалардың қарауына жібереді. Мұндай бригаданың құрамына қажетіне қарай логопед, психиатр, дефектолог, әлеуметтік қызметкер не басқа сала өкілдері кіруі мүмкін, бірақ дегенмен оның негізінде педиатр басты рөл атқарады.\nМұнда балаларды емдеу мен профилактикалық ем-шара жасаудың бағдарламасы жасалады. Айта кетейік, мұндай бағдарлама әр балаға жеке-дара түзіледі. Ол міндетті түрде баланың ата-анасының келісімінен өтеді.\n– Балалар арасында жиі кездесетін сырқат түрлері қандай?\n– Ең бірінші орында – тыныс алу жолдарының аурулары. Вирустық инфекциялар, маусымдық тұмау және өзгеде тыныс алу ауруларының статистикасы қай уақытта да жоғары. Одан кейін сезу мүшелерінің аурулары тұр. Олардың ішінде балалардың смартфонды шамадан тыс қолдануына байланысты көз ауруларының көбеюі алаңдатып отыр. Одан қалды, психоэмоциялық, неврологиялық сырқаттар және асқазан аурулары да жиі кездеседі.\nСмартфонға шүйлігу, дұрыс отырмау себепті сүйек-бұлшық ет жүйесіне қатысты сколиоз, остеохондроз, омыртқаның қисаюы сынды аурулар да көбейген.\nТыныс алу органдарының аурулары негізінен вирустық инфекцияларға байланысты болса, қалғандары салауатты өмір салтын ұстанбаумен тікелей байланысты. Олардың басты себептеріне цифрлық технологиялардың теріс әсерін, фаст-фуд пен газды сусындарға құмарлықты және физикалық дене қозғалысымен айналыспауды жатқызар едім.\n– Бұл мәселелердің шешімі ретінде нені атар едіңіз?\n– Балабақшаға баратын балалар арасында мұндай сырқаттар тым жиі байқалмайды. Қанша дегенмен, үйде ата-ананың, балабақшада тәрбиешілердің бақылауы күшті. Режиммен тамақтанады, смартфонға шүйлігетін уақыт аз және түрлі белсенді қимыл-қозғалысқа негізделген шаралар да бар.\nАл мектеп кезінде бұл режим сақталмайды. Балалар үйден сырт жерде фаст-фуд не газды сусындарды көп тұтынады. Смартфонды көп уақыт қарайды және дене қимылы да азаяды. Мектеп бағдарламасындағы екі күндік дене шынықтыру сабағы жеткіліксіз. Оның өзі көп мектепте тек формалды түрде болатынын жасыра алмаймыз.\nБіздің зерттеуімізше, мектеп жасындағы бала аптасына кемі үш рет белсенді спортпен айналысуы қажет. Бұл жай дене шынықтыру емес, белсенді спорт болуы тиіс.\nЖүрек-қан тамырлары жүйесі жақсы жұмыс істеп, қанды бүкіл дене мүшелеріне белсенді айдаған кезде, бала ағзасы да жақсы жұмыс істейді. Оған қоса, мидың жұмысы жақсарып, оқуға да ынтасы артады.\n– Ал сүйек-бұлшық ет жүйесінің саулығы туралы не айтар едіңіз. Бүкір балалар көбейіп бара жатқаны жасырын емес...\n– Бұған – балалардың смартфонға шүйлігуінен бөлек, партада дұрыс отырмауын да басты себеп ретінде айтар едім. Парта әртүрлі жастағы балаға лайық болуы үшін, ол адаптивті, яғни көтеріліп-түсірілетін механизммен жасалуы тиіс. Әттегенайы, мұндай талап барлық мектепте бірдей сақтала бермейді. Бесінші сынып баласына арналған партаға оныншы сынып оқушысы отырса, әрине, омыртқасы қисайып, сколиоз не басқа аурулар қалыптасады.\nАдаптивті парталардан бөлек, бұл мәселенің шешімі – бір бала отырып, екінші бала тұрып сабақ оқитын парта болар еді. Яғни, партаның бір бөлігі баланың отырып оқуына, екіншісі тұрып оқуына арналады. Шамамен әр 15 сайын балалар орын ауыстырады. Сонда денесінің құрыс-тұрысы жазылып, қан айналымы жақсарады, сәйкесінше оқуға деген зейіні мен ынтасы да артады.\nЖалпы, бала үнемі қимыл-қозғалыста болуы қажет. Оны ұзақ уақыт бойы қимылсыз қалдыруға болмайды.\nТағы бір мәселе – оқулықтардың тым ауырлығы. Қазір балалардың мектеп дорбасы 7-8 келі салмаққа ие. Күнделікті оны мектепке, одан кейін үйге тасу баланың сүйек-бұлшық ет жүйесіне зиянын тигізеді. Сондықтан, оқулықтардың салмағы барынша жеңіл болуы тиіс. Кітап бір не жарты оқу жылына арналып шығарылатыны белгілі. Неге оны әр тоқсанға, яғни төрт бөлікке бөліп тастамасқа? Сонда кітап жұқа болып, салмағы да азаяр еді. Мұндай ұсыныстар біздің тараптан жиі айтылады, дегенмен олардың бәрі іске асырыла бермейтіні бар.\n– Балалар арасында артық салмақ пен семіздік мәселесі қалай шешілуде?\n– Балалар арасында семіздің бойынша аздаған болса да, шамамен 3,5 пайыз мөлшерінде тұрақты өсім байқалып отыр. Бұл – негізінен, мектеп жасындағы балаларға тән проблема. Онымен күресте ақпараттық-насихаттық жұмысты күшейту керек. Әрине, семіздіктің, оған әкелетін зиянды тамақтар мен сусындардың зардабы туралы балалардың өздерінің көздерін жеткізген дұрыс деп есептеймін.\nМәселен, Беларусьтің бір мектебінде жоғары сынып оқушылары қызық тәжірибе жасаған. Мектептің бір бұрышына қоян не тышқандарды жәшіктерге қойып, оларға күнделікті әртүрлі тағам берген. Зиянды тағам берген жануарлар көп семіріп, түрлі ауруларға ұшыраса, көкөністер мен пайдалы тағам жегендері сау әрі ширақ болып қала берген. Міне, бұл тәжірибе фаст-фудтың зиянына оқушылардың өздерінің көзін жеткізуге көмектескен."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/olimge-akeletin-undistandyq-sarbat-zotelge-qarsy-darilerden-qazaqstanga-qauip-bar-ma", "title": "Өлімге әкелетін үндістандық шәрбат: Жөтелге қарсы дәрілерден Қазақстанға қауіп бар ма", "text": "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістанда өндірілетін бірқатар сұйық дәрі-дәрмектің құрамында адам өміріне қауіпті зат бар екенін хабарлады. Сарапшылар Coldrif, Respifresh TR және ReLife атты шәрбаттардан диэтиленгликоль (техникалық спирт) табылғанын анықтаған. Бұл өнімдерді Sresan Pharmaceutical, Rednex Pharmaceuticals және Shape Pharma компаниялары өндірген. Бұл ақпарат Мадхья-Прадеш штатында бес жасқа дейінгі 17 баланың қайтыс болуынан кейін белгілі болды.\nҮндістанның Ауруларды бақылау және алдын алу комиссиясы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына бұл дәрілердің басқа елдерге экспортталмағанын және заңсыз жолмен шығарылғаны туралы дерек жоқ екенін мәлімдеді. Дегенмен, ДДҰ басқа елдер мен аймақтарға дәрі-дәрмек жеткізу тізбегін мұқият тексеруді және бақылаусыз дәрі айналымындағы өнімдерге қатаң қадағалау орнатуды ұсынды.\nБұл Үндістанда тіркелген алғашқы жағдай емес. 2023 жылы дәл осы зат табылған үнді шәрбаттары Гамбияда 70, ал Өзбекстанда 18 баланың өліміне себеп болған.\n2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың қаңтарына дейін Джамму және Кашмир штатында бес жасқа дейінгі кемінде 12 бала жөтелге қарсы шәрбат ішкеннен кейін көз жұмды. Белсенділердің айтуынша, шын мәнінде құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін.\nБұған дейін де кодеин қосылған шәрбаттарды заңсыз пайдалану жағдайлары тіркелген. Кодеин – әлсіз опиоид, бірақ жоғары дозада ол эйфория мен тәуелділік тудырады және кішкентай балаларға қабылдауға болмайды.\nМамандардың айтуынша, әр жолы ел билігі дәрі нарығын реформалауға уәде бергенімен, улы шәрбаттар қайтадан пайда болып отырады. Шағын компаниялар жүздеген арзан, сертификатталмаған шәрбат өндіріп, сатылымға еркін шығып кетеді.\nҚазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы бұл дәрілерге қатысты ресми түсініктеме берді.\nОрталықтың хабарлауынша, Coldrif, Respifresh TR және ReLife дәрілік препараттары Қазақстан Республикасының дәрілік заттар тізілімінде тіркелмеген және ел аумағына ресми түрде әкелінбеген.\nСонымен қатар Eapteka.kz, Apteka911.kz, Tabletka.kz сынды ірі интернет-дәріханалар мен маркетплейстердің ешбірінде әзірге бұл өнімдер жоқ.\nҮндістан билігі бұл дәрілер елден экспортталмағанын айтқанымен, ДДҰ бұл мәлімдемеге толық сенуге болмайтынын хабарлады. Себебі кей жағдайларда дәрілер бейресми немесе “сұр нарық” жолдарымен басқа елдерге өтіп кетуі мүмкін.\nСол себепті ұйым барлық елдерге, әсіресе дамушы нарықтарға, дәрілік өнімдердің сапасын және жеткізу тізбегін тексеруді күшейтуді ұсынды.\nМамандардың айтуынша, мұндай жағдайлардан қорғанудың ең сенімді жолы – дәрілерді тексерілген көздерден алу."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/aryz-bar-arasa-zoq-stalking-turaly-zan-nurai-serikbaidy-nege-aman-alyp-qalmady", "title": "\"Арыз бар, араша жоқ\". Сталкинг туралы заң Нұрай Серікбайды неге аман алып қалмады", "text": "Шымкенттегі 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлімі еліміздегі сталкинг мәселесінің қаншалықты қауіпті екенін және жүйенің дәрменсіздігін тағы да ашып көрсетті. Марқұм тірі кезінде құқық қорғау органдарына бірнеше мәрте көмек сұрап жүгінгеніне қарамастан, қорғаусыз қалып, ақыры өзін аңдыған \"сталкердің\" қолынан қаза тапты. Бүгінде қара жамылған отбасы Нұрайды жер қойнына тапсырып, ендігі кезекте әділдік орнауын талап етіп отыр. Жақындары күдіктінің \"психологиялық ауытқуы бар\" деген сылтаумен жауапкершіліктен құтылып кетуінен қауіптенеді. Сондықтан олар бұл қылмыстың қоғам бақылауында болып, кінәлінің ең ауыр жазаға тартылуы үшін халықтан қолдау сұрап отыр.\nОқиғаға қатысты туындаған үлкен резонанстан кейін Ішкі істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасады. Министрлік полиция қызметкерлері тарапынан дер кезінде шара қолданылмағаны туралы арыздар бойынша қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде қазақстандықтар \"ертең Нұрайдың күйін кешеміз бе?\" деп қорқып, өз басынан өтіп жатқан қудалау оқиғалары туралы жаза бастады.\nНұрай Серікбай мен күдікті 2024 жылдың жазында танысқан. Нұрай Алматыда \"Сән және дизайн\" мамандығы бойынша оқитын озат студент еді. Көп ұзамай 28 жастағы жігіт оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды, бірақ Нұрай одан үзілді-кесілді бас тартады. Өз қалауымен келісім ала алмаған жігіт 2025 жылдың қазан айында Нұрайды еркінен тыс алып қашады. Алайда Нұрайдың туыстары полицияның көмегімен қызды жігіттің үйінен алып кетіп, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресми арыз түсіреді. Кейінірек Нұрай \"енді мазаламаймын\" деген уәдесіне сеніп, жігітті кешіреді. Күдікті қудалауды тоқтатпай, Нұрайды телефон арқылы қорқытып, үйінің подъезінде аңдып жүрген. Қыздың ата-анасы қалалық прокуратура мен полиция департаментіне бірнеше рет шағымданғанымен, құқық қорғау органдары тарапынан нақты шара қолданылмаған.\nШымкентке қысқы каникулға келген Нұрай 11 қаңтар күні кешкісін тәтті пісірмек болып үйінің жанындағы дүкенге ұн алуға шығады. Төлеметов көшесіндегі үйінің маңында аңдып тұрған күдікті оны ұстап алып, сөйлесуге мәжбүрлейді. Нұрай бас тартып, қашпақ болғанда, жігіт оны қуып жетіп, асқан қатыгездікпен пышақтай бастайды. Бейнебақылау камераларына түскен кадрларда Нұрайдың соңына дейін қарсылық көрсеткені көрінеді. Ресми емес деректер бойынша оған 11 жерден пышақ сұғылған. 21 жастағы студент ару алған жарақаттарынан оқиға болған жерде көз жұмды.\nҚылмыскер оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Шымкент полициясы оны бір жарым тәулік бойы іздеп, 13 қаңтар күні қаладан 10 шақырым жердегі ашық алаңда қолға түсірді. Дәл осы күні Нұрайды өзі туып-өскен Түркістан облысы, Төрткүл ауылында жерледі. Пышақ іздері мен ауыр жарақаттардың көптігінен туыстары оны арулап жуындырудың өзі қиын болғанын айтты. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (\"Адам өлтіру\") бойынша іс қозғалып, күдікті тергеу изоляторына қамалды. Нұрайдың анасы қылмыскерге ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр.\n\"Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасына Серікбай Нұрайдың қаза болуына байланысты тіркелген қылмыстық істі Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне беру туралы өтінішхат жолдадым. Іс қоғамда резонанс тудырып отыр. Осыған байланысты ол объективті, сапалы және созбалаңсыз тергелуі тиіс деп санаймын. Оған қоса, Тергеу басқармасында тәжірибесі мол, білікті тергеушілер шоғырланған. Бұл жайт қылмыстық істің толық, жан-жақты түрде тергелуіне септігін тигізеді. (...). Тергеушіге іс бойынша бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы өтінішхаттар келтірдім. Сталкинг фактісі жайлы тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесін қосымша айтатын боламын\", – деп жазды адвокат.\nМарқұм Нұрайдың туған ағасы Сұлтан Серікбай қатты қиналып жүргенін және істі соңына дейін жеткізу үшін бар күшін салатынын айтты.\n\"Негізі көп жылай бермейтін адаммын, ұл бала мықты болу керек деген сенім бар. Бірақ соңғы күндері көзімнен тоқтаусыз жас ағып көл болды. Жүрек пен жанға қылыш тыққандай сезімдемін. Менің арманым сол пышақты маған тықса екен деп тілеймін бір Құдайдан. Ішім ашитыны \"жауыздықпен\" өлтіргені. Нәп-нәзік қызды солай қорлауға бола ма? Ешкімнің басына түспесе екен, сол үшін қазірден бастап бәріміз бір жұдырықтай жиналып \"Әділдікті\" талап етуіміз керек! Мұны сезіну маған ауыр тиеді, өмір сүрудің өзі азап болып тұр. Басқа адамдардың мұндай қасіретті бастан кешуін қаламаймын, сондықтан бұл іс \"Әділдіктің\" бар екенін көрсетуі тиіс. Біз бей-жайлық танытпай, бізден қорғау мен қолдау күтетін \"әйелдер қауымын\" аялап, қорғай білуіміз керек. Мәселенің \"жария етілуінің\" арқасында бізге қала сыртында қолға түскен қылмыскердің суреттері мен ұсталу сәтінің толық видеолары келіп жатыр. Сондықтан біз тоқтап қалмай, \"Әділдікке\" қол жеткізуіміз қажет. Сіздерге сенемін және қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын\", – деп жазды Нұрайдың туған ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде.\nПсихолог Эльвира ЕргалинаТөрткүлде осыған ұқсас жағдайдың осымен үшінші жыл қайталанып отырғанын жазды.\n\"Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай біздің ауылдың перзенті. Төрткүл ауылымның жыл сайын бір қызы ер-азамат қолынан аяусыз қаза тауып жүр, биыл үшінші жыл, үш төрім. Үшеуі де резонанс туғызған. Аядай ғана ауыл, қыздарының басына бір зұлмат келгендей. Құрбандар. Қыз-тағдырдың аяусыз үзілгені өкінішті. Эхх, Төрткүлім...\", – деп жазды психолог Эльвира Ергалина.\nМарқұмның танысы Бекарыс күдіктіге \"ақыл-есі дұрыс емес\" деген диагноз қойылып, ол жазадан сытылып кете ме деп қорқып отырғанын жазды.\n\"Менің танысым Нұрайды айуандықпен өлтіріп кетті. Егер біз үнсіз қалсақ, қылмыскерді \"жүйкесі ауру\" деп танып, бірнеше жыл ғана емдеуге жіберіп, кейін бостандыққа шығарып жіберуі мүмкін. Мұндайдың орын алуына жол бере алмаймын. Оқыңыздар және барынша таратыңыздар!\" – деп жазды марқұмның танысы.\nҚР Ішкі істер министрлігі 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімінен кейінШымкент полициясында қызметтік тексеру басталғанытуралы хабарлады. Мәліметке сәйкес, Шымкент қаласында бойжеткенді өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды. Полиция қызметкерлері тарапынан дер кезінде тиісті шара қолданылмағаны туралы барлық деректер мен арыздар бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.\nҚызылорда қаласының тұрғыны Жазира Қуанышбайжүйелі түрдегі қудалау мен психологиялық қысымның соңы қайғылы қазамен аяқталса да, құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы жұмысы әлі де сын көтермейтінін айтады. Осы орайда ол соңғы күндері өзінің де дәл осындай қауіптің құшағында жүргенін айтып, дабыл қақты.\nЖазираның айтуынша, жарты жылдан бері бейтаныс адам өзін аңдып жүр.\n\"Нұрайдың басынан өткен қайғылы оқиға қазір менің де өмірімде қайталанып жатыр. Қызылорда қаласында тұрамын. Осы уақытқа дейін полиция мен прокуратураға екі-үш мәрте арыз жаздым. Қазір көшеге жалғыз шығудан қалдым, барар жеріме тек адамдармен бірге барамын немесе амалсыз \"102\" арнасына хабарласамын. Алайда құзырлы органдардан еститінім тек бір ғана жауап: \"Әзірге тірісің ғой\". Прокуратура мұндай істермен айналыспайтынын айтып, арызымды полицияға сілтей салды. Ал полиция бөліміне барып, заңдағы тиісті бапты көрсетіп, мені аңдып жүрген адамның барлық дерегін қолына ұстаттым. Аңдып жүрген сәті түсірілген фото және видео айғақтардың бәрі бар. Соған қарамастан, іс \"қылмыс құрамы жоқ\" деп танылып, номенклатуралық негізде жабылып қалды. Сонда мен де Нұрай сияқты – Құдай сақтасын – өлім сағатымды күтіп отыруым керек пе?\nМен қашан қорықпай, емін-еркін жүре аламын? Бұл жағдайдың жалғасып жатқанына жарты жыл болды. Ол адам күн сайын үйім мен жұмысымның алдына келіп тұрады. Тіпті мені танитындардың бәрі оны да танып алды. Менің қалайтыным – тек өз үйіме қорықпай, аман-есен қайту. \"e-Otinish\" порталы арқылы екі рет шағымдандым. Полиция мен прокуратураға барып, қолымдағы барлық дәлелді көрсеттім. Тұрғылықты жерім мен жұмыс орным бойынша учаскелік инспекторлардың бәрі бұл жағдайдан хабардар. Өміріме қауіп төніп тұрғанын айтып, көмек сұрадым. Бірақ берілген жауап біреу: \"Қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ\". Бұл жауапсыздықтан әбден шаршадым. Нұрайдың қазасынан кейін үрейім тіпті үдей түсті. Қазір адамның ойына не келіп, не кететінін болжау мүмкін емес. Өте қорқынышты\", – деп жазды Жазира Қуанышбай желідегі жазбасында.\nЖәбірленушінің айтуынша, оның Threads желісіндегі жазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырғаннан кейін ғана полиция өкілдері хабарласып, барлық түсініктемені қайта жаздырған. Сонымен қатар, Жазира Қуанышбай күдіктінің туыстары тарапынан өзіне психологиялық қысым көрсетіліп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, жақындары \"ол сені өлтіріп кетпеді ғой, мұны неге желіге саласың\" деген сияқты пікірлермен оқиғаның қауіптілігін жоққа шығаруға тырысып жатыр.\n\"Маған істің тіркелгені немесе қандай да бір іс-шаралар жүргізіліп жатқаны туралы ешқандай ресми хабарлама келген жоқ. Тек кеше қалалық ішкі істер бөлімінен келіп, мені алып кетті де, барлық түсініктемені басынан қайта жаздық. Бұл жолы қылмыстық іс қозғалатынына сендіргендей болды. Алайда, оқиғаны әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін туыстары менің ата-анама шығып: \"Ол өлтіріп кетпейді ғой, мұны неге көпшілікке жариялады?\" – деп қарсылық білдіріп жатыр\", – деді Жазира ҚуанышбайInformburo.kzтілшісіне.\nҚызылорда облысы бойынша полиция департаменті Жазира Қуанышбай дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлімдеді.\n\"Сталкинг дерегі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Сталкинг – заңнамаға сәйкес адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттерден көрінетін заңсыз қудалау. Осындай деректер анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз\", – деді Қызылорда облысы бойынша полиция департаментіндегілер.\nҚылмыстық кодексте сталкингке қатысты арнайы баптың пайда болуы – маңызды қадам болғанымен, ол әлі де құрбандарды толыққанды қорғауға қауқарсыз болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, заңның қағаз жүзіндегі күші мен оның іс жүзінде орындалуы арасында үлкен алшақтық бар. Бұл, ең алдымен, құқық қорғау органдарының жаңа норманы қолданудағы тәжірибесіздігі мен ескірген жұмыс тәсілдерінен туындап отыр. Осы орайда,гендерлік теңдік және гендерлік экономика бойынша сарапшы Айгерім ҚұсайынқызыҚК 115-1-бабы қылмыстың алдын алуға неліктен қауқарсыз болып отырғанын түсіндірді.\n\"Бұл – өте жаңа норма. Ол 2024 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енді. Сондықтан практикалық деңгейдегі тренингтер, нақты алгоритмдер мен ведомствоаралық жауапкершілік тетіктері бірден іске асып кетпеді. Сталкинг көбіне бір реттік эпизод емес, белгілі бір жүйелілік (pattern) және бақылау мен қысым көрсету (coercive control) логикасымен жүреді. Алайда полиция әлі де \"бір реттік факт\" іздеуге негізделген ескі ойлау жүйесімен жұмыс істейді. Нәтижесінде қауіптің өршу кезеңі ескерусіз қалады. Тәуекелді бағалау мен шұғыл қорғау құралдары қатар қолданылмаса, баптың өзі ғана профилактикалық нәтиже бермейді. АҚШ деректері де сталкингтің кең таралғанын және оның ауыр психоэмоциялық салдары барын растайды. Баптағы санкциялар(айыппұл, қоғамдық жұмыс немесе 50 тәулікке дейін қамау – ред. түсіндірмесі)тәуекел деңгейі төмен адамдарға ескерту болуы мүмкін, бірақ агрессивті сталкерлерге әсері әлсіз. АҚШ-тағы зерттеулер бойынша, фемицид және фемицидке талпыныс оқиғаларының басым бөлігінде алдын ала сталкинг пен харассмент болған. Демек, жазаның қатаңдығы ғана емес, тәуекелді ерте бастан бағалау маңызды. Заңды \"бәріне бірдей қатаң\" етпесе де, бірнеше арнамен қудалау, қорғау нұсқамасын бұзу секілді ауырлатушы (aggravating) факторлар арқылы санкцияларды қатаңдату логикасы тиімдірек\", – деп түсіндірді Айгерім ҚұсайынқызыInformburoтілшісіне.\nСталкингке қатысты заңнамалық база қалыптасқанымен, оны іс жүзінде қолдануда түйткілдер аз емес. Әсіресе, полиция тарапынан жүйелі қудалауды \"ұсақ бұзақылық\" немесе \"тұрмыстық мазалау\" ретінде бағалау тенденциясы әлі де басым. Сарапшы бұл жағдайды құқық қорғау жүйесіндегі танымның таяздығымен байланыстырады. Оның пайымдауынша, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арыз жазумен ғана шектелмей, заңда қарастырылған нақты қорғау тетіктерін талап ету маңызды.\n\"Бұл – бюрократиядан бұрын, құқық қолдану тәжірибесінің әлсіздігі. Сталкингті \"құқық бұзушылық емес, жай ғана мазалау\" деп тану – үлкен қателік. Бұл қылмыстың дәлелі ретінде жинақталған дәйектемелер жүруі тиіс: хабарламалар, қоңыраулар, аңду және қорқыту ишаралары. Қазіргі жүйе құрбанның өзінен \"дәлелдердің толық пакетін\" талап етеді, бұл – алдын алу стандартына қайшы. Полиция арызды қабылдамаса немесе іс қозғамаса, арыздың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуін талап ету қажет. Бұл – тергеудің басталу нүктесі. Екіншісі – прокурорға шағымдану, әрі қарай тергеу судьясына Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабы тәртібімен полицияның әрекетсіздігіне шағым түсіру. Үшінші қадам – қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін параллель түрде қорғау шараларын (protective measures) сұрау, мысалы, жақындауға тыйым салу тетігін қолдану туралы өтініш беру. Іс жүзінде restraining order, яғни жақындауға тыйым салу тетігі бізде бар. Қазақстанда \"қорғау нұсқамасы\" қолданылады және ҚПК-де де жақындауға тыйым салу секілді шектеулер қарастырылған. Жүйелі шолулар мен мета-анализдер көрсеткендей, егер бұл шектеулер бұзылған жағдайда жедел әрекет ету және мониторинг жүйесімен байланысқан болса, оның тиімділігі едәуір жоғарылайды\", – деді сарапшы.\nАйгерім Құсайынқызының пайымдауынша, сталкингті тек жеке бап ретінде емес, ауыр қылмыстардың алғышарты немесе құрамдас бөлігі ретінде қарастырудың маңызы зор. Нұрай Серікбайдың өлімі секілді қайғылы жағдайларда қылмыскердің бұған дейінгі жүйелі аңду әрекеттеріне құқықтық баға берілсе, жазаның салмағы да арта түспек. Алайда, бұл жерде тек полицияның жұмысы емес, жәбірленушіге жақындары тарапынан көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қолдаудың да рөлі орасан.\n\"Теориялық тұрғыда мүмкін. Егер сталкинг дербес қылмыс құрамы ретінде дәлелденсе, қылмыстардың жиынтығы бойынша қосымша саралануы ықтимал. Егер ол қорқыту, бопсалау, жеке өмірге қол сұғумен қатар жүрсе, заң қосымша квалификацияға жол береді. Практикада бұл дәлелдеме жинау сапасына тіреледі: егер жүйелі аңду (pattern) дәлелденсе, бір баппен шектелу міндетті емес. Туыстардың \"өзің кінәлісің\" деген қысымы жәбірленушіні арыздан бас тартуға, медиацияға немесе \"үнсіздік келісіміне\" итермелейді. Бұл қылмыстық әділеттің дәлелдемелік траекториясын бұзып, қылмыскердің жазасыз қалуына немесе қауіптің одан әрі өршуіне алып келеді\", – деп түсіндірді Айгерім Құсайынқызы.\nҚоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар сталкинг мәселесіндегі ең үлкен қателік – оны \"тұрмыстық деңгейдегі мазалау\" деп жеңіл бағалау екенін алға тартады. Шын мәнінде, жүйелі қудалау – бұл жәбірленушінің еркіндігін шектеп, оны толықтай бақылауда ұстауға бағытталған агрессияның түрі. Нұрай Серікбайдың өлімінен кейінадвокат Дана АқәділқызыThreadsәлеуметтік желісінде бұл қылмыстың табиғаты мен құқық қорғау жүйесіндегі олқылықтар туралы пікір білдірді.\n\"21 жастағы қызды ұзақ уақыт бойы сталкинг жасап, психологиялық қысым көрсетіп, соңында өмірін қию – бұл бір сәттік эмоциямен жасалған әрекет емес, бұл – қадағалаудың, қорқытудың, бақылаудың, меншіктеуге ұмтылудың нәтижесі. Яғни, бұл жерде алдын ала қалыптасқан қылмыстық ниет бар. Сталкинг – \"жай мазалау\" емес. Бұл – адамның қауіпсіздігіне, еркіндігіне, психикалық денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет. Егер ол дер кезінде тоқтатылмаса, дәл осындай қайғылы жағдайларға әкеледі. \"Құқықтық тұрғыдан: Мұндай әрекеттерге құқық қорғау органдары ерте кезеңде құқықтық баға беруге міндетті еді; Қорғау нұсқамалары, шектеу шаралары, профилактикалық бақылау формалды емес, нақты қолданылуы тиіс; \"Отбасылық/жеке мәселе\" деген желеумен көз жұма қарау – қылмысқа жол ашу; Заңда сталкинг үшін нақты әрі қатаң жауапкершілік болуы тиіс және ол қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс істеуі керек. Ал бұл істің әділ, ашық және қатаң жазамен аяқталуы – қоғамдық әділеттілік талабы. Бұл махаббат емес – қылмыс: 21 жастағы қыздың өліміне апарған сталкинг\", – деп жазды адвокат Дана Ақәділқызы.\nСталкинг құбылысын тек құқықтық тұрғыдан ғана емес, оның тереңде жатқан психологиялық табиғатын түсіну — агрессордың әрекетін болжау және құрбанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Көп жағдайда қоғам \"мазасыз ғашық\" деп қабылдайтын бұл әрекеттердің артында клиникалық бұзылыстар немесе патологиялық мінез-құлық жатуы мүмкін. Сталкердің портреті мен оның ойлау жүйесіндегі ауытқулар туралыпсихиатр Бибарс ДжайлаубаевInformburотілшісіне айтып берді.\n\"Сталкинг – бұл жеке психиатриялық диагноз емес және ол халықаралық аурулар тізілімінде өз алдына ауру ретінде көрсетілмеген. Бұл – патологиялық мінез-құлық үлгісі, яғни бір адамды оның еркінен тыс қайта-қайта аңду, бақылау және мазалау әрекеттерінің жиынтығы. Дегенмен, сталкинг көбіне нақты психикалық бұзылыстардың симптомы ретінде көрініс табуы мүмкін. Мұндай әрекеттердің артында бірнеше себеп тұрады:біріншісі – психозбен байланысты сталкинг, мұнда адам \"ол мені сүйеді\" деген секілді сандырақ сенімдерге (эротомания) беріліп, өз әрекетін дұрыс деп санайды. Екіншісі – тұлғалық бұзылыстар, мұнда адам өзге біреуді бақылау арқылы өзін растауға тырысады және \"жоқ\" дегенді түсінбейді. Үшіншісі – әлеуметтік сталкинг, бұл адамның мінез-құлқындағы обсессивті ойлар мен эмоцияға тәуелділіктің нәтижесі. Шын ғашық пен сталкердің басты айырмашылығы – \"жоқ\" деген жауапты қабылдау қабілетінде.\"Сәтсіз ғашық\" бас тартуды мойындап, уақыт өте келе сабырға келсе, сталкер бәрібір өз дегеніне жететініне сеніп, аңдуын жалғастыра береді. Олар үшін бастысы махаббат емес, бақылау. Құрбаны одан қашқан сайын, бақылауды жоғалтып жатқанын сезіп, агрессияға басады. Ең қауіптісі – сталкерлер өз әрекетінің қауіпті екенін сезінбейді, олар өз қылығын \"қамқорлық\" немесе \"сүйіспеншілік\" деп ақтап алады. Сондықтан олар өздігінен маманға бармайды және емделмейді\", – дейді маман.\nСталкинг тек сыртқы қауіп қана емес, ол – адамның ішкі жан дүниесін қажытып, қалыпты өмір сүру мүмкіндігінен айыратын ауыр психологиялық соққы. Көп жағдайда жәбірленушілер өздерін кінәлап, үрей құшағында қалып қояды. Бұл ретте психиатр Бибарс Джайлаубаев сталкингтің жәбірленуші психикасына тигізетін зардаптарын сипаттап, агрессормен қарым-қатынас орнатудың қауіптілігі туралы сөз қозғады.\n\"Сталкингке ұшырау – жәбірленушінің психикасы үшін созылмалы травма. Ол көбіне посттравмалық стресс бұзылысына әкеледі: адамда тұрақты үрей, ұйқының бұзылуы, депрессия және өзін кінәлау сезімі пайда болады.Мұндай оқиғалар жарияланғанда, бұрын зәбір көрген жандарда \"келесі кезек менікі болуы мүмкін\" деген ұжымдық үрей оянады. Психиатриялық тәжірибе көрсеткендей, сталкермен кез келген диалог жағдайды ушықтырады, өйткені ол мұны \"үміт бар\" деп қабылдайды. Сондықтан ең тиімді тактика – байланысты толық үзу, қатаң шекара қою және барлық әрекетін құжаттап, құзырлы органдарға хабарлау. Тек эмоциямен емес, нақты шекарамен ғана қауіпті азайтуға болады\", – деп түсіндірді Бибарс Джайлаубаев."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zeniske-80-zyl-qazaqstandagy-uly-otan-sogysy-qaharmandarynyn-eskertkisteri", "title": "Жеңіске 80 жыл: Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ескерткіштері", "text": "Ұлы Отан соғысында жанын пида етіп, ерлікпен шайқасқан батырлардың есімдері мен ерліктері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, бүгінгі күнге дейін ұлықталып келеді. Еліміздің әр өңірінде соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлерге арналған ескерткіштер орнатылған. Мысалы, Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалы, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға, Бауыржан Момышұлына қойылған ескерткіштер.\nИнформбюро порталы Жеңістің 80 жылдығына орай сол ескерткіштер туралы мәлімет ұсынады.\nОралда қазақтың үш батыр қызы – Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ескерткіші бар. Ескерткіш 2017 жылы ашылды. Бұл композиция мүсінші Нұрлан Долбайдың қолынан шықты. Ортада Мәншүк, екі жағында Әлия мен Хиуаз бейнеленген.\nБұл батыр қыздарға орнатылған тұңғыш ортақ туынды. Бұған дейін Алматы қаласында Әлия мен Мәншүкке арналған композиция бой көтерген еді.\nАтырау қаласында 2019 жылы қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ескерткіші ашылды. Мүсін авторы – Бақытбек Мұхамеджанов. Бұл ескерткіш Атырау халықаралық әуежайының дәл алдына қойылды. Бір жылдан соң 2020 жылы әуежайға Хиуаз Доспанованың аты беріліп, маңдайшасына Халық қаһарманының аты жазылды.\nАтырау облысында дүниеге келген Хиуаз Доспанова Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 300-ден астам рет әуеге көтеріліп, немістердің бекіністерін, соғыс техникаларын, оқ-дәрі қоймаларын бомбалаған.\nАқтөбе қаласында 2005 жылы Кеңес Одағының батыры, мерген Әлия Молдағұлованың мемориалды кешені ашылды. Қоладан жасалған Әлияның мүсінінің екі жағынан барельеф орнатылған: сол жақ жартысында ұлы дала бейнесі, көшпенділер рухы бейнеленген, Құрманғазы мен Абылай хан көрсетілген; оң жағында 1916 жылғы отаршылдыққа қарсы көтерілістен бастап көптеген қайғы-қасірет әкелген Ұлы Отан соғысын, халқымызды жан-жаққа шашыратқан көріністер ашық бейнеленген.\nӘлия мүсінінің авторы – Бақытжан Әбішев. Барельеф авторы – Ескен Сіргебаев.\n2008 жылы Астана қаласының он жылдық мерейтойына орай мемориалды кешеннің дәлме-дәл көшірмесі Аграрлық университет жанында, Әлия Молдағұлова көшесі мен Жеңіс даңғылы қиылысында орнатылды. Бұл Ақтөбе облысының Астанаға жасаған тартуы болды.\n2021 жылы Ақтөбе қаласындағы халықаралық әуежайға Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Әуежай ғимаратында батыр қыздың биіктігі 247 см болатынмүсіні ашылды. Мүсін авторы – Жеңіс Жұбанқосов. Биыл Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толды.\n2018 жылы Батыс Қазақстан облысы Астананың 20 жылдығына орай елордаға  Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жауынгер Мәншүк Мәметованың ескерткіші мен \"Ақжайық\" алаңын тарту етті. Ескерткіш авторы – мүсінші Мұрат Мансұров. Мүсін қоладан, ал тұғыры граниттен соғылған. Биіктігі – 6,1 метр.\n2022 жылы Орал халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді. Ол Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші соғыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.\n1997 жылы Алматы қаласында қазіргі Астана алаңында Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнатылды. Мүсінші Қазыбек Сатыбалдиннің туындысында екі батыр қыздың бейнесі мен бейбітшіліктің символы көгершіндер бейнеленген.\nЕскерткіш орнатылған тұғырды қос батырдың \"алтын жұлдызы\" айшықтап тұр. Ал ақ тастағы бейбітшілік құсын қолынан ұшырған балалар бейнесі Әлия мен Мәншүктің ерлігімен келген бейбіт өмірді баяндайды.\n2016 жылы Астанада Б.Момышұлы мен Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа ескерткіш орнатылды. Қоладан құйылған 11 метрлік туындының авторы – мүсінші Асқар Нартов.\nРақымжан Қошқарбаев Екінші дүниежүзілік соғыс майданына 1944 жылы аттанған. 1945 жылы қазақ жауынгері Григорий Булатовпен бірге алғаш Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен. Осы ерлікті жасаған кезде Қошқарбаев небәрі 21 жаста болған.\nКеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлына арнап Қазақстанның бірнеше қаласында ескерткіш орнатылған.\nЖамбыл облысының өзінде Бауыржан Момышұлына арналған 9 ескерткіштер бар. Соның ең үлкені Тараз қаласындағы \"Ерлік\" мемориал кешенінде орналасқан. 2000 жылы орнатылған мүсін 2018 жылы басқа орынға ауыстырылған. Мүсіншілер – Д.Әлдеков, Н. Рүстемов, сәулетшілер – С. Дембай, Н. Баекеев.\nАстанада 2008 жылы қаланың 10 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының туған жері Жамбыл облысынан ескерткіш тарту етілді. Туынды авторлары – мүсінші Темірхан Қолжігіт, сәулетші Бақытжан Сыздықов.\nАлматыда 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай \"28 гвардияшыл-панфиловшылар\" саябағында мүсіні бой көтерді. Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан соғылған. Мүсін авторлары – Нұрлан Далбай мен Расул Сатыбалдиев.\nШымкентте де Бауыржан Момышұлының есімімен аталатын даңғыл мен Тәуке хан даңғылы қиылысында батырға арналған ескерткіш орнатылған.\n2024 жылы Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай Ақмола облысы Ақкөл ауданында батырдың құрметіне ескерткіш ашылды.\nСағадат Нұрмағамбетов 1943 жылы Солтүстік Кавказ майданында жас офицер ретінде жауға қарсы күресті. Небәрі 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанды.\nҚазақстанның алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов бүкіл саналы ғұмырын әскери қызмет саласына арнады. Ол 1992 жылы Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі болып тағайындалып, өмірінің соңына дейін ел игілігіне жұмыс істеді.\n2015 жылы Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, ғалым Әди Шәріповке арналған ескеркіш бой көтерді. Ескерткіш авторы – суретші-мүсінші Бақытжан Әбішев. Ескерткіш Әди Шәріпов көшесінде, Бөгенбай батыр көшесімен қиылысқан жерде орнатылды.\nЕкінші дүниежүзілік соғыс кезінде Әди Шарипов партизан отрядының құрамында болған. Әр жылдары ол Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы, сыртқы істер министрі, жазушылар одағының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Әди Шәріпов 350-ден аса ғылыми-публицистикалық жұмыс жазып қалдырған.\nДаңқ мемориалы – Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында 1975 жылы орнатылған ескерткіш-кешен. Сәулетшілері – Т.Бәсенов, Г.Сейдалин, В.Н. Ким және мүсіншілері – В.В. Андрющенко, Р.Е. Артимович.\nДаңқ мемориалы үш бөліктен тұрады. Алдында мәңгілік алау жанып тұрады. Дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл сайын соғыстан шейіт болған майдандастарын еске алу үшін осы жерге жиналады.\n28 панфиловшылар Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғағады. Мәскеу генерал-майоры Иван Панфилов басқарған  316-атқыштар дивизиясы 1941 жылы жазда Алматыда құрылған.\n2015 жылы Жеңістің 70 жылдығына орай Астанада Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың ескерткіші ашылды. Ескерткіш \"Жерұйық\" саябағында орналасқан.\nТуынды авторы – мүсінші Ренат Әбенов. Биіктігі 2,5 метрлік ескерткіш қоладан құйылған. Мемориалдың бір жақ бетінде Мәскеуді қорғау үшін қан төккен 28 панфиловшы-жауынгердің туған жылдары мен қаза тапқан күндері жазылған, табиғи граниттен биік тақталар жасалған."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/schuchinskdeg-kaygyilyi-okiga-aman-kalgandardyin-jagdayyi-371956/", "title": "Щучинскідегі қайғылы оқиға: аман қалғандардың жағдайы туралы не белгілі?", "text": "Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы Щучинскідегі \"Центр плова\" дәмханасында болған өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nАқмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы Щучинскідегі \"Центр плова\" дәмханасында болған өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nӨңірдің Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Ермектің айтуынша, барлығы 28 адам зардап шеккен. Оның ішінде екеуі ауыр, тағы екеуі өте ауыр жағдайда жатыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Тағы 4 адам Көкшетаудағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, 5 адам Астанаға жеткізілген, 8 зардап шегуші амбулаториялық ем қабылдап жатыр.\nБастапқыда өрттен 5 адам қаза тапқан, тағы екеуі ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Барлығы жеті адам қайтыс болған.\n\"Барлық күш жұмылдырылып, көмек көрсетіліп жатыр. Астанадан мамандар - анестезиолог-реаниматологтар, эфферентологтар келді, олар қазір гемофильтрация (қанды тазарту - еск.) процедурасын жүргізіп жатыр. Барлық қажет материал, дәрі-дәрмектер мен препараттар жеткілікті көлемде бар\", - деді Нариман Ермек.\nБұған дейін бірнеше науқасты емдеу үшін Астанаға жеткізу мүмкін екені хабарланған еді. Алайда денсаулық сақтау басқармасы өңірден 8 адамды әзірге елордаға тасымалдау мүмкін емес екенін, себебі олардың жағдайы ауыр екенін айтты.\nЖалпы, жансақтау бөлімінде жатқан сегіз адамның көпшілігі мекеме қызметкерлері.\nЕске салайық, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде \"газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан\". Сол кезде алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды.\nТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткеннен кейін өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарған. Өрт сөндіріліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.\n27 ақпанда барлығы 26 адам зардап шеккені, соның ішінде 7 адам қаза тапқаны (оның бірі - 16 жастағы қыз) белгілі болды.\nАқмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылды.\nЖарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstannyin-bes-kalasyinda-kolaysyiz-aua-rayyi-kutled-371933/", "title": "Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі", "text": "Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nҚазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\n\"2 наурыздаҚарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырауқалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі\", - делінген хабарламада.\nҚолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ana-boluga-daiyndyqty-zuktilikten-keminde-3-6-ai-buryn-bastau-qazet-akuser", "title": "Ана болуға дайындықты жүктіліктен кемінде 3-6 ай бұрын бастау қажет – акушер", "text": "Аналар күні – мейірім мен махаббатқа толы ерекше мейрам. Бұл күнді әлемнің көптеген елі секілді Қазақстан да мамырдың екінші жексенбісінде атап өтеді. Мереке аясында Informburo.kz тілшілері ана болуға дайындық жайында сөз қозғап, көптеген жанды сәбилі болуға жетелеген ҚР президенті іс басқармасы медициналық орталығының жоғары санатты акушер-гинекологі Жанна Ковальчукпен сұхбаттасып, ана болуға дайындық туралы сұрады.\n– Әйел ана болуға дайындықты неден бастау керек? Жүктілікті жоспарламас бұрын қандай тексерістерден өткен абзал?\n– Ана болуға дайындық – өте маңызды және жауапты кезең, оны елемеуге болмайды. Дайындықты жүктіліктен кемінде 3-6 ай бұрын бастау қажет. Ең алғашқы қадам – салауатты өмір салтын ұстану. Яғни дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден арылу және қимыл-қозғалыс керек. Сонымен қатар психологиялық дайындықты да ұмытпаған жөн. Ана болуға өзің, денең дайын екеніне сенімді болуың керек. Фолий қышқылын ішуді бастау қажет.\nТексерістерге келер болсақ, жалпы қан, зәр талдауы, инфекцияларды анықтайтын талдаулар (АПВ, гепатит, сифилис, АИТВ, ЦМВ және токсоплазмоз), кіші жамбас органдарының ультрадыбыстық зерттеуі, эндокриндік жүйенің жұмысын тексеру, тазалық дәрежесін анықтайтын және онкоцитологияға жағынды тапсыру керек. Оған қоса терапевтен және қажет болған жағдайда басқа да мамандардан кеңес алған дұрыс.\n– Жүктілік кезінде болашақ ананың ағзасында қандай өзгерістер болады?\n– Жүктілік – әйел ағзасында физиологиялық және гормондық өзгерістер болатын кезең. Яғни әйел организмінде баланың дамуына қажет жағдай жасалады.\nӘуелі гормондық өзгерістер болады – прогестерон, эстроген, АХГ мөлшері өзгереді. Бұл барлық мүше мен жүйенің жұмысына әсер етеді. Жүрек-қантамыр жүйесіне күш түседі, қан мөлшері артады. Жатыр ұлғайып, қуықты қыса бастайды. Әйел ағзасында бөлінетін релаксин гормоны буын аралықтарын босатып, босануға дайындалады. Прогестерон ішектің жиырылуын баяулатады. Жатыр ұлғая бастағанда өкпенің көлемі кішірейіп, тыныс алу жиілейді. Сонымен қатар әйелдің көңіл-күйі өзгергіш болады. Оған ағзаның гормондық өзгерісі себеп.\nБолашақ ананың ағзасындағы кез келген өзгеріс баланың дамуы мен өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін қажет. Сол себепті мұндай өзгерістерден қорқудың қажеті жоқ, ол қалыпты және жүктіліктің дұрыс өтуіне аса қажет.\n–Кей әйелдер босанғаннан кейін күйзеліске түсіп жатады. Бұл қалыпты құбылыс па? Оны қалай анықтайды?\n– Бұл әйелде босанғаннан кейін пайда болуы мүмкін психоэмоционалдық күй. Оны қыңырлық, шаршау немесе көңіл-күйдің жоқтығымен шатастыруға болмайды. Ол әйелдің физикалық және эмоциялық жағдайына әсер ететін, сәбиге күтім жасау мен ана болуды қиындататын күрделі бұзылыс.\nБосанғаннан кейінгі күйзелістің негізгі белгілері — мазасыздық пен үнемі алаңдап жүру, жиі шаршау мен немқұрайлық, жалпы өмірге және күнделікті айналысатын істерге қызығушылықтың жоғалуы, ұйқы мен тәбет мәселелері, өзін кінәлі сезіну, әлденеге лайық санамау, көңіл-күйдің жиі өзгеруі, өзі немесе бала туралы жайсыз ойлар.\nЕгер осы белгілер босанғаннан кейін екі аптадан артық байқалса және күнделікті өмірге кедергі келтіре бастаса, міндетті түрде дәрігерге және психотерапевке жүгіну қажет. Бұл жағдайды емдеуге болады, тіпті емдеу қажет.\n– Акушер-гинеколог ретінде сіз үшін \"Аналар күнінің\" маңызы қандай? Жылдар бойғы тәжірибеңіз бұл мерекеге деген көзқарасыңызға әсер етті ме?\n– Мен үшін бұл – өте маңызды күн. Себебі акушер-гинеколог ретінде ана болғысы келетін әйелдің маңызды кезеңінде жанында жүремін. Аналар күні біз, әйелдер, қандай ғажап қабілетке ие екенімізді, шексіз және шартсыз жақсы көре алатынымызды сезінеміз.\nМамандығым бұл мерекеге деген көзқарасымды, әлбетте, өзгертті. Мен ана болу үшін әйелдер қандай қиындықтан өтетінін көріп жүрмін. Жүктілік, қорқыныш, босану, ұйқысыз түндер – бұл әйел жүріп өтетін жолдың кішкене ғана бөлігі. Олардың мықтылығына таңғаламын, құрметтеймін. Ана болу – босану ғана емес, таңдау, төзім, күн сайынғы қамқорлық.\n– Жүктіліктен бастап босануға дейін қараған алғашқы пациентіңіз есіңізде ме? Сол кезде қандай сезімде болдыңыз?\n– Әрине, есімде. Ол кезде мен медициналық академияның студенті едім, тәжірибем жоқ. Бір жағынан ерекше, толғандырарлық сезім болса, екінші жағынан үлкен жауапкершілікті сезіндім. Сол келіншекпен бірге үйрендім, дамыдым. Пациент аман-есен қол-аяғын бауырына алғаннан кейінгі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Үлкен жетістікке, жеңіске жеткендей болдым.\n– Өзіңіз туралы айтып беріңізші. Ана болу сіздің өміріңізге қалай әсер етті және анаңыздан өмірлік маңызы бар қандай сабақ алдыңыз?\n– Ана болғалы мен өмірге басқаша қарай бастадым. Ана болу – қамқорлық пен жауапкершілік қана емес, ол – жыл сайын арта беретін шартсыз махаббат. Ана болғалы мен жұмсақ, көңілшек, шыдамды, әр нәрсеге мән беретін болдым. Баламмен өткізетін өз сәтті бағалауды үйрендім.\nАнама келер болсам, оның даналығы, өмірлік тәжірибесі мен еңбексүйгіштігі маған қазірге дейін көмектесіп келеді. Өзім ана болып отырсам да, анам үшін мен әлі сол баяғы кіп-кішкентай қызбын. Өмірімдегі маңызды сәттің бәрін анаммен бөлісемін, оның ыстық құшағына асығып тұрамын.\n– Аналар күнінде аналарға қандай тілек айтар едіңіз?\n– Барлық ананы осындай ерекше күнмен құттықтай отырып, балаларына сіңіріп жатқан тәрбиесі, беріп жатқан махаббаты мен қамқорлығы үшін алғыс айтқым келеді.\nСіздер болашақты қалыптастыратын, тұлға тәрбиелейтін, тұтас ұрпаққа тірек болатын жансыздар. Аналар – ошақтың ұйытқысы ғана емес, баласының бақыты үшін қаншама қиындықтан қасқайып өтетін, тіпті жанын құрбан етуге дайын нағыз батырлар.\nӘр анаға денсаулық, күш-қуат, жан-дүниесінің үйлесімін, тыныштығын тілеймін. Жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен қолдауын үнемі сезініп жүрсеңіздер екен. Балаңыз үшін кеудеңізді мақтаныш кернеп, көзіңіз бақыттан бал-бұл жайнап тұрсын! Сенімдеріңіз үшін, осындай маңызды жолды менімен бірге жүріп өтетіндеріңіз үшін алғыс айтамын."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-bahreyn-halkyina-koldau-bldrp-yintyimaktastyikka-371952/", "title": "Тоқаев Бахрейн халқына қолдау білдіріп, ынтымақтастыққа ниетті екенін растады", "text": "Мемлекет басшысы Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nМемлекет басшысы Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, еліміз қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін айтты.\nМемлекет басшысы Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымын зымыранмен атқылауға алаңдаушылық білдірді.\nҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жағдайды одан әрі ушықтырмай, қақтығысты диалог және дипломатия жолымен бейбіт түрде шешуді құптайтынын жеткізді.\nКороль Хамад бен Иса Әл Халифа ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға баса мән бере отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниетті екенін растады.\nТараптар Қазақстан-Бахрейн арасындағы достық қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбіт өмір, бақ-береке тіледі.\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/mektep-direktorynyn-zetispeusiligi-oqu-ministrinin-22-formulasy-maseleni-sese-me", "title": "Мектеп директорының жетіспеушілігі: Оқу министрінің \"2+2\" формуласы мәселені шеше ме", "text": "Қазақстанның білім жүйесі маңызды белес алдында тұр. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп директорларын \"2+2\", яғни алдымен екі оқу жылына, нәтиже жақсы болса – тағы екі жылға, жалпы кемінде төрт жылдан аспай тағайындау туралы бастама көтерді. Бастаманы жақтаушылар да, даттаушылар да бар: Бір тарап бұл әдіс басқару корпусын жаңартады деп сенсе, екінші тарап жағдай одан әрі күрделенуі мүмкін деген күмәнмен қарайды. Informburo.kz мәселенің мән-жайына үңіліп көрді.\nМинистр Жұлдыз Сүлейменова (@ministr_suleymenova_zhuldyz)'in paylaştığı bir gönderi\nМинистрдің ротация туралы желідегі үндеуіне қалдырылған пікірлер екіге бөлінді (Ескерту:пікір иелерінің жазу стилі сақталды):\nМәселен,marzhan351никті қолданушы:\"Кім сыйлайды екі жыл отыратын директорды. Ертең бәрібір кетесің ғой деген ой тұрады емес пе. Тұрақсыздықтан қандай нәтиже болады? Мұғалімдердің түрін жаттап та үлгермей ауысып кететін болса ол директорға да бәрібір болып қалады ғой. Немесе біреуі келіп бір жаңалық ашып, оны игере алмай жатқанда екіншісі келіп өзініңкін айтып тұрса не тірлік ол. Кемінде бес жыл отырғаны дұрыс деп ойлаймын. Осы аралықта нәтиже де көрсетіп үлгереді, еңбегі де бағаланады. Әр жерге ауыса бергеннен не өзгереді\",–деп жазды.\nUspanbaevнигімен тіркелген қолданушы да наразылығын білдірді:\"Ешкім басшы болып тауылмайды ғой. Барлығы тәжірибемен келеді. 2 жылда жас директор не жасайды? Қалай нәтиже береді? Тағы 2 жыл отыру үшін көзбояушылыққа барады. Қолдан жасап береміз көзбояушылық есептерді. Зардап шегетін тек білім сапасы болады. Экперимен жасай бермей, дамыған нәтиже көрсеткен шет елдің дайын моделін қарастырып, біздің білім саласына енгізу қажет деп ойлаймын\",–деп жазды ол.\nАлkymbat_abildakyzyминистрдің бастамасын оң бағалады:\"Өте орынды ұсыныс. Қалада да, аймақта да білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры әкесінен қалған мұрадай зейнетке шықпай кетпейтіндерді ел біліп отыр. Олар тек өз адамына жұмыс беріп, соларды ғана көтермелейді. Білімді, өз ұстанымы бар, мінезді ұстаздардан қашады. Сондықтан директорлықты бір мектепте – екі жыл, игі бастамасы барға ғана тағы екі жыл қосу – тәртіп болар еді, жүйе жаңарар еді\".\nЕnlikpalесімді қолданушы да бастамаға қолдау білдірді:\"Өте дұрыс ұсыныс. 4-5 жылдан кейін мектеп жеке меншігі сияқты болып, директор директор емес тағына жабысып ХАН болып кетеді. Ішкі мәселені көзі көрмей кетеді. Жаңадан келген адам жан-жағына қарайды, мектептің ой-шұқырын зерттейді. Назар аударады\",– деп жазды ол.\nFizika_almatyесімімен тіркелген азамат болса:\"Директор мен қоса бухгалтер, завучтарды да ұмытпаңызшы. Ұзақ жылдар завуч болғандар, келген директорларыңды айтқанымен жүргізеді ғой. Соңында директор ауысқаннан дым нәтиже болмайды. Баяғы жартас, бір жартас болады да қалады\",–деп ұсыныс айтты.\nМинистр Жұлдыз Сүлейменованыңдерегінесүйенсек, Қазіргі кезде елде 8 048 мектеп бар. Оның 5233-і – ауылдық жерде, 2815-і қалада орналасқан. 2026 жылдың 24 қаңтарындағы деректерге сәйкес, елде барлығы 7 238 мектеп директоры жұмыс істейді. 810 мектепті диреткор қызметін уақытша атқарып отыр. Мектепті уақытша басқарушылардың ең жоғары үлесі Батыс Қазақстан облысы (15,6%), Солтүстік Қазақстан облысы (13%), Шығыс Қазақстан облысында (12%). Біз уақытша міндетін атқарушы директорларға да көңіл бөлуіміз қажет деп санаймын.\nМектеп басшыларыныңжалпы портретінекелетін болсақ, олардың орташа жасы 48,5 жасты құрайды. Оның ішінде 62%-ы – әйелдер. Басшылардың 15,5%-ында магистр дәрежесі бар. Оның ішінде үздік нәтижені мегаполистер көрсетіп отыр. Атап айтқанда Астанадағы мектеп директорларының 43 %-ы, Алматыдағы мектеп директорларының 32 %-ы. Шымкенттегі мектеп директорларының 27,5 %-ы магистр дәрежесі бар мамандар. Елдегі мектеп директорларының орташа еңбек өтілі – 26 жыл:\nСонымен бірге директор лауазымына үміткерлердің сапасы да алаңдатады. Мектепті басқаруға үміткер ұлттық тест тапсырып, сұхбаттасудан өтуі керек. 2025 жылы кандидаттардың тек бестен бірі ғана (21%) өткен. Министрлік мектептердегі басқарушылық дағдылардың әлсіздігін демойындаған. Уәкілетті органның дерегінше, мектеп директорларының басқарушылық дағдысының төмендігі білім жүйесінің сапасына, ұжымдық мәдениеттің төмендеуіне тікелей әсер етіп жатыр. Оған қоса, мұндай мектептерде мұғалімдердің мазасы қашып, орталыққа хат жазуы жиілеп кеткен.\nҚазір ел аумағындағы мектептерде 490 мектеп директоры лауазымыбостұр. Алайда 2024 жылы құрылған директорлардың кадрлықрезервіаясында дайындалған 376 кандидаттың 29,26%-ы әлі күнге дейін басшылық қызметке тағайындалмаған. Әсіресе, Алматы мен Шымкент қаласында, Түркістан, Қызылорда облыстарында тағайындауды күтіп отырған кадр көп. Яғни кадр тапшылығы біркелкі емес: кей жерде кадр жоқ, кей жерде кадр көп. Директор тапшылығы әсіресе Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында айқын сезіледі. Мәселен, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы әрбір оныншы мектепте директорболмаса, Павлодар облысында 70 директоржетіспеген. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова бұл мәселенің мәнін былай түсіндірген:\n\"Облыс бойынша 70-тен астам мектеп директоры тапшы. Неліктен? Өйткені қазіргі таңда директор болуға ешкім құлықты емес. Біріншіден, жалақысы мұғалімнен төмен. Екіншіден, басшылыққа тағайындалу үшін арнайы тест тапсыру қажет, ал оны көпшілігі өте алмайды. Осыдан тағы да үлкен сұрақтар туындайды\", – деген еді облыс әкімінің орынбасары ұлттық арнаға берген сұхбатында.\nОған өңірдегі демографиялық құлдырау, ауыл мектептерінің көптігі және кадр тартудың қиындығы себеп болуы мүмкін. Демек, мәселе тек кадр саны емес, кадрдың географиялық қолжетімділігі мен оларды ынталандыру тетігінің әлсіздігінде деуге болады. Шын мәнінде, Қазақстан мектебінің директоры – тек педагогикалық ұжым жетекшісі емес, бір мезетте қаржы менеджері, кадрлық қызмет басшысы, шаруашылыққа, қауіпсіздікке жауапты тұлға және ата-аналармен, жергілікті билікпен жұмыс істейтін медиатор. Осындай әкімшілік және құқықтық жауапкершілігі жоғары болғанымен, еңбекақысы оған сай емес.\nБелсенді ұстазМейіржан Темірбекте осы тұжырымды қолдады.\n\"Елімізде 490 директор жетіспесе, оның себебі – қазір көп адамның директорлыққа барғысы келмейді. Өйткені, мектеп директорының жалақысы өте аз. Сол үшін көбінесе мектеп директорлары қосымша 8 сағат пәндік сабақ алады. Сол жағын да қарастыру қажет\", – деп санайды ұстаз.\nСонымен қатар ол білім бөлімінің басшыларының да ротация мәселесін көтеру уақыты келгенін айтты.\n\"Қазіргі таңда мемлекеттік білім беру ұйымдарының директорлары 7 жылдан кейін міндетті түрде ротациядан өтеді. Бұл жүйені жаңарту үшін дұрыс қадам болғанымен, көп жерде жұмыс істей бермейді. Себебі көп жерлерде бір \"елдімекен\" шегінде екі мектептен жоқ, сондықтан ауылдық жерлерде тиімсіз. Әйтеуір \"құс белгісі\" үшін шығарып қойғандай. Оны кезінде бұйрық шығып жатқанда айттық. Енді 2+2, жалпы алғанда 4 жыл сайын ротация туралы ұсыныс айтылып жатыр, бұны әлі де ойлану керек сияқты. Сонымен қатар, менің ойымша, реформа тиімді болуы үшін облыс басшылары білім бөлімінің басшыларын да жиі ауыстырып тұру керек. Бір аумақты 10-15 жыл басқару: жабық жүйе қалыптастырады, кадрлық тоқырауға әкелуі мүмкін, жауапкершілікті төмендетеді. Сол себепті білім бөлімі басшыларына да нәтижеге қарай бағалау, ұзақ отыруға шектеу қою, ротация мәселесін көтеру уақыты әлдеқашан келді\", – дейді Мейіржан Темірбек.\nСингапурдамектеп директорларын іріктеу қатаң түрде жүргізіледі. Үміткерлерде кемінде 3 жыл педагогикалық және 3 жыл басқарушылық тәжірибе болуы шарт. Сондай-ақ олар арнайы білім бағдарламасының көшбасшысы сынды бағдарлама мен тестілеуден өтуге міндетті. Директорларды Білім министрлігі тағайындайды, ротация 5-7 жыл ішіндежүргізіледі. Ротациядан соң директор ментор, кеңесші немесе жоғары лауазымдарға тағайындала алады.\nФинляндиядадиректорларды жергілікті биліктағайындайды. Тағайындау мерзімі анықталған (әдетте 4–5 жыл) немесе мерзімсіз болуы мүмкін. Директорлар жоғары автономияға ие. Ротация туралы нақты талап жоқ, алайда қайта тағайындау туралы шешімді де жергілікті билік шығарады.\nҚырғызстандамектеп директорлары әр 5 жыл сайынауыстырылады. Президент жарлығына сай, 2022 жылдан бастап бұл елде мектеп директорлары конкурс арқылы іріктеледі, ал жалпы білім беретін ұйымдардың 5 жылдан астам лауазымда жұмыс істеген басшылары осы жарлықтың күшіне енген күнінен бастап қызметтен босатылған болып есептеледі.\nТүркиядамектеп директорлары әдетте 4 жылдық мерзімге тағайындалып, қызметі бағалау нәтижесіне қарай қайтадан 4 жылға бекітілуі немесе басқа мектепке ауыстырылуымүмкін. Тағайындау кезінде педагогикалық өтіл, басқарушылық даярлық және бағалау нәтижелері есепке алынады.\nҚорыта келгенде,мектеп директорларының 2+2 ротациясы басқару корпусын жаңартудың құралы бола ала ма деген сұрақ әлі ашық.\n\"Біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Бұл мәселені толық зерделеуіміз қажет. Бірақ, менің ойымша, 20 жыл бойы бір жерде мектеп директоры болған адам ротациялануы керек. Егер жақсы қызмет көрсетсе, мектепті дамытса, басқа мектепке барып директор болсын. Біз оны орнынан алып тастап, педагогикаға қайтадан қайтарайық деп жатқан жоқпыз. Бір мектепте 4 жыл көлемінде жақсы қызмет көрсетсін деп отырмыз. Одан кейін басқа мектепті де көтерсін. Сондай ұсынстарымыз бар. Ұсыныстар талқылануда, егер ойларыңыз болса, ортаға салыңыздар\", – деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/birtutas-tarbie-endi-adal-azamat-bagdarlama-oqusylarga-ne-beredi", "title": "\"Біртұтас тәрбие\" енді – \"Адал азамат\". Бағдарлама оқушыларға не береді", "text": "2023 жылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі\"Біртұтас тәрбие\"бағдарламасын әзірледі. Бұл бағдарлама еліміздің білім беру жүйесінде тәрбие үдерісін нығайтуға бағытталған. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі аспектілері мен оның артықшылықтарын айтып өтті. Ал оқушылармен жұмыс істейтін психолог мамандардың пікірінше, бағдарлама, білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізуге және оқушылардың патриоттық, рухани-адамгершілік және зияткерлік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.\n\"Бұл экожүйе оқушыларды жан-жақты дамытып, заманауи білім мен құндылықтарды меңгеруге бағытталған. Бағдарлама аясында оқу орындары сабақтан тыс тәрбие жұмыстарына баса назар аударып отыр. Бұл жұмыстарға әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шаралар кіреді, олар арқылы оқушылар патриоттық сезімді, жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті арттырады. Мақсаты – азаматтардың толыққанды қалыптасуына ықпал ету және Қазақстанның болашағына үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеу\", – дейді психолог Назира Бурханова.\n2024 жылы Қазақстанда \"Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт\" атты жалпыұлттық құндылықтарға негізделген бағдарлама жаңартылып, барлық білім беру ұйымдарына енгізілмек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылған бұл бастама адал және әділ азаматтарды тәрбиелеуді көздейді. 14 наурызда өткен IV Ұлттық құрылтайда бағдарлама атауын\"Адал азамат\"етіп өзгерту ұсынысы қолдау тапты. Бұл атаудың таңдалуы бағдарламаның негізгі мақсатын – қоғамның тірегі болар жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеуді белгілеуді мақсат етеді.\nБағдарламаны іске асырудың екі жылы ішінде білім беру ұйымдарында білім берудің бірыңғай экожүйесін құру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар алты негізгі бағыт пен 77 қадамды қамтып, білім беру жүйесіне маңызды өзгерістер енгізді. Сонымен қатар, бұл бастамаға сынып жетекшілері, ата-аналар, психологиялық қызметтер және басқа да қатысушылардың кең ауқымы тартылды. Жобаның мақсаты – барлық қатысушының белсенді араласуымен жан-жақты, үйлесімді және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру.\n\"Құндылықтарды бала бойына сіңіру маңызды процесс және бұл үрдіс олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес үш негізгі компонентті қамту арқылы жүзеге асырылады: танымдық, практикалық және эмоционалды. Танымдық компонент балаларға әрбір құндылықтың мәні мен мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді, бұл олардың құндылық түсінігін арттырады. Практикалық компонент құндылықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, яғни нақты әрекеттер арқылы қолдануға бағытталады, осылайша балалар алған білімдерін практикада қолданып, күнделікті өмірде тиімді пайдалана алады. Ал эмоционалды компонент болса, бұл құндылықтарды баланың өмірлік әдеттеріне және күнделікті дағдыларына айналдыруға көмектеседі, сол арқылы құндылықтар тұрақты мінез-құлық үлгісіне айналады\", – деп тұжырымдады психоаналитик Жанар Оспан.\nБағдарлама аясында мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылып, өңірлерде Психологиялық қолдау орталықтары қызмет көрсетуде. Бұл бастаманың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың тәрбиесіне үлкен ықпал ететін сынып жетекшілерінің рөлін күшейту. Ата-аналар мен педагогтер арасындағы ынтымақтастықты арттыру арқылы балалардың оқу-тәрбие процесіне оң әсер ету көзделуде. Осылайша, ата-аналар мен ұстаздардың бірлескен әрекеттері балалардың дамуына және әл-ауқатына оң ықпал етеді деп күтіліп отыр.\nЖалпыұлттық құндылықтар қазіргі білім беру жүйесіне терең интеграцияланған және бұл үрдіс оқу процесінің әртүрлі аспектісінде көрініс табады. Мазмұндық деңгейде бұл құндылықтар пән материалдарына енгізіліп, оқу жоспарының маңызды бөлігін құрайды. Сонымен қатар, сынып сағаттарында талқыланып, сыныптан тыс іс-шаралар арқылы іске асырылады. Бұл көзқарас білім берудің барлық деңгейінде жауапты, еңбекқор және адал азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді, қоғамның тұрақтылығы мен дамуына негіз қалайды. Осылайша, жалпыұлттық құндылықтар жас ұрпақтың рухани әрі адамгершілік дамуын қамтамасыз ететін негізгі құрал ретінде маңызды рөл атқарады.\nОқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес \"Адал азамат\" біртұтас тәрбие бағдарламасының барлық білім беру ұйымдарына меншік түріне қарамастан енгізілетінін мәлімдеді. Бұл бағдарлама оқушыларды адалдыққа, патриотизмге және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Бағдарлама аясында мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар және іс-шаралар ұйымдастырылып, тәрбиелік жұмыстар күшейтілетін болады. Мұнда отбасы және қоғам арасындағы өзара байланыс нығайтылып, оқушыларға адамгершілік құндылықтары бойына сіңіріледі.\nБағдарламаның дамуы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын ұзақ мерзімді жоспарды қамтиды. 2025 жылы бағдарлама бойынша барлық қатысушыларды тарту және жекеменшік мектептермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында маңызды қадамдар жасалатын болады. Бұдан әрі, 2026 жылы бағдарламаның қоғамға кеңінен таралуын қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылданады. Сонымен қатар, мектептердің бірыңғай дизайн-коды \"Адал азамат\" тұжырымдамасының құндылықтарына сәйкес әзірленеді, бұл мектептердің сыртқы келбеті мен ішкі мазмұнын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болмақ.\nЕділ Оспанның айтуынша, бүгінде барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарында біртұтас білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – елдегі барлық балаларды қамтитын және жалпыұлттық сипаттағы тәрбие мен білім беру жүйесін қалыптастыру. IV Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы бұл бастаманың кең ауқымда жүзеге асырылуы керектігін ерекше атап өтті. Осыған байланысты, жеке білім беру ұйымдарында да тәрбие бағдарламасын енгізу жұмыстары жалғасуда.\n\"Адал азамат\" біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық балаларды қамти отырып, олардың адалдық, патриотизм және қоғамға пайдалы болу сынды құндылықтарды бойларына сіңіру мақсатында әзірленген. Бұл бағдарламаның стратегиялық мәні зор әрі ұзақ мерзімді жоспары бар. Бұл бастама ел болашағы үшін маңызды қадам болып табылады және оның табысты іске асырылуы елдің білім беру саласын жаңа деңгейге көтереді.\n\"Адал азамат\" біртұтас тәрбие бағдарламасы білім беру ұйымдарымен қатар, барлық мемлекеттік ұйымдардың да тәрбие жұмыстарына негіз болуды мақсат қояды.\nҚазақстанда \"Адал азамат\" біртұтас тәрбие бағдарламасы табысты іске асырылуда. Бұл бағдарлама аясында алты ірі жоба жүзеге асырылуда:\"Қамқор\", \"Шабыт\", \"Смарт бала\", \"Еңбегі адал – жас өрен\", \"Ұшқыр ой алаңы\"және\"Балалар кітапханасы\". Осы жобалар жалпы 4 миллионға жуық оқушыны қамтиды. Бастамалар құндылыққа бағытталған тәрбие беруге арналған және 77 қадамдық іс-шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама білім беру саласында оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға және жан-жақты тұлғалық өсуіне ықпал етеді.\n\"Қамқор\" жобасы аясында 3 миллионнан астам қазақстандық білім алушы \"Таза Қазақстан\" акциясына белсене қатысып, елімізде сенбіліктер өткізумен қатар 2,1 миллионға жуық көшет отырғызды.\n\"Бұл іс-шаралар табиғатты қорғау мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, сонымен қатар қатысушылардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы игі бастамалар арқылы оқушылар мен студенттер қоршаған ортаны сақтауда өз үлестерін қосып, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Мұндай шаралар экологиялық мәселелерге назар аудартып, жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін ұлғайтып, табиғатқа деген құрметін арттыруға ықпал етеді\", – дейді психоаналитик Жанар Оспан.\n\"Шабыт\" жобасы мен \"Әншуақ\" балалар ән фестивалі Қазақстандағы балалардың шығармашылық әлеуетін арттыруда үлкен серпіліс әкелді. Ел көлемінде жүзеге асырылған \"Шабыт\" жобасы ұлттық өнерді насихаттауда маңызды рөл атқарып, 2 миллионнан астам баланың домбыра тартуға деген қызығушылығын оятты. Сонымен қатар, \"Әншуақ\" фестивалі жас орындаушылар арасында үлкен танымалдылыққа ие болып, олардың өнердегі мүмкіндіктерін кеңейтті. Бұл іс-шаралар жасөспірімдердің мәдени-ағартушылық бастамаларға қызығушылығын және қатысуын арттырды. Мектептерде ұйымдастырылған \"Даналық ұстаздан\", \"Мақтанышым – Республикам!\", \"Жетістігім – еліме!\", \"Алғыс айту күні\" және \"Ананың аялы алақаны\" сияқты байқауларға 3 миллионға жуық оқушының қатысуы осының айқын дәлелі екені сөзсіз. Мұның барлығы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және мәдени дамуында зор ықпалын көрсетті, олардың болашақ ұрпақ үшін ұлттық өнердің құндылығын қалыптастыруға септігін тигізді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/oiau-zatqan-adamga-ota-zasauga-bola-ma-neiroxirurgpen-asyq-angime", "title": "Ояу жатқан адамға ота жасауға бола ма? Нейрохирургпен ашық әңгіме", "text": "Ми – адам бойындағы ең жұмбақ әрі өмірлік маңызы зор мүше. Оның саулығы тек тән саулығы ғана емес, жан дүниеміз бен ой-санамыздың тепе-теңдігіне тікелей байланысты. Ми жұмысын жақсарту, жүйке жүйесі ауруларын емдеу бүгінде медицинадағы ең өзекті бағыттардың біріне айналды. Соның ішінде нейрохирургия саласы – адам миының тылсым сырларын зерттеп, өмір сапасын арттыруға сеп болатын заманауи бағыт. 22 шілде – Дүниежүзілік ми күніне орай ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының нейрохирургі, ми ісіктері мен бассүйек патологияларын емдеуде инновациялық тәсілдерді қолданатынАбылай Серікбайменсұхбаттастық.\nӘңгіме барысында маман тәжірибесімен бөлісіп, озық технологиялардың рөлі мен нейрохирургияның келешегі жайлы ой өрбітті.\n– Қазіргі таңда өзіңіз ҚР ПІБ МО ауруханасы қабырғасында орындап жүрген ең бірегей немесе инновациялық ота туралы айтып беріңізші. Қайдан үйрендіңіз, қандай елдің мектебі немесе клиникасы әсер етті?\n– Қазір мен негізінен бассүйек негізінде орналасқан қолжетімсіз ісіктерді, сондай-ақ ми тереңінде орналасқан ісіктерді және бірнеше анатомиялық аймақтарға таралған (мысалы, краниоорбитальді немесе краниофациалды аймақтарды қатар зақымдайтын) күрделі ісіктерді жоюмен айналысамын. Мұндай жоғары технологиялық операцияларды орындау терең анатомиялық білімді, микронды дәлдікті және мультидисциплинарлық тәсілді талап етеді.\nБұл ота жасау әдістерін Мәскеудегі Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтында және Токио медициналық университетінің ауруханасында білім жетілдіру барысында меңгердім. Бұл мектептер маған бассүйек негізі хирургиясындағы заманауи бағыттарды, микрохирургиялық техника мен эндоскопиялық әдістерді үйлестіре отырып қолдануды үйретті. Қазіргі таңда сол тәжірибені Қазақстанда тиімді түрде енгізіп, күрделі нейрохирургиялық көмекті жаңа деңгейге көтеріп келеміз.\nСонымен қатар, біз сирек кездесетін тамыр патологиялары, соның ішінде Мойя-Мойя ауруы сияқты күрделі жағдайларда да хирургиялық араласулар жүргіземіз. Бұл дерт – ми қанайналымының созылмалы окклюзиялы зақымдануына әкелетін сирек ауру, оны емдеудің негізгі тәсілі – реваскуляризация, яғни диаметрі 1 мм шамасындағы қан тамырларын өзара жалғай отырып, миға қосымша қан ағымының жетуін қамтамасыз ету. Мұндай микроанастомоздар жоғары дәлдікті және микроскопиялық техниканы талап етеді.\nҚазіргі таңда біз осы инновациялық тәжірибелерді еліміздің клиникалық тәжірибесіне бейімдеп, күрделі нейрохирургиялық патологиясы бар пациенттерге сапалы және қауіпсіз көмек көрсетуге ұмтылып келеміз.\n– Кейбір ота кезінде науқастың санасын сақтау (awake surgery) қажет болады, яғни адам ояу жатуы керек. Сіздің тәжірибеңізде мұндай жағдай болды ма? Оның қиындығы неде?\n– Иә, науқас ояу кезінде ота жасау тәжірибем бар. Мұндай әдіс көбінесе тіл, қозғалыс немесе көру аймақтарына жақын орналасқан ісіктерді алып тастау кезінде қолданылады. Түсіндіре кетсем, ота басталғанда науқасқа наркоз салынады. Хирургиялық араласу барысында ісікті алар алдында пациентті оятып, сөйлеу, қозғалыс сынды функциялары тексеріледі. Содан кейін бәрі дұрыс болса ғана науқас қайта ұйқыға жіберіледі.\nОта жасау кезінде нейроанестезиолог пен нейропсихолог біріге отырып жұмыс істеуі керек, бұл – күрделі командалық жұмыс, сонымен қатар науқастың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстау маңызды.\n– Сіздің ойыңызша, күрделі нейрохирургиялық отаны сәтті аяқтау үшін команда жұмысының рөлі қандай? Ауруханаңыздағы команда туралы айтып берсеңіз.\n– Нейрохирургиялық отаның нәтижесі хирургтың біліктілігіне ғана емес, көпсалалы команданың үйлесімді жұмысына тікелей байланысты. Біздің командамызда 7 нейрохирург пен 2 невролог-паркинсолог бар, оған қоса тәжірибелі нейроанестезиологтар, нейрофизиологтар, нейрорадиологтар, эпилептологтар және ота жасау кезінде, сондай-ақ отадан кейінгі күтімді қамтамасыз ететін мейірбикелер секілді жоғары кәсіби ұжым жұмыс істейді. Әр маман өз рөлін нақты орындаған жағдайда ғана пациент үшін ең қауіпсіз әрі тиімді нәтижеге қол жеткізе аламыз.\n– Тәжірибеңізде ерекше есіңізде қалған оқиға туралы айтып беріңізші.\n– Жасы қырық шамасындағы ер адамға қатысты бір оқиға есіме түсіп отыр. Оның туыстары алғаш маған қабылдауға келгенде науқас тамақ ішіп, жүре алмайды, когнитивтік функциялары айтарлықтай бұзылып, көру қабілеті кенеттен төмендеп кеткен екен. Тіпті тек жарықты және адамдардың сыртқы сұлбасын ғана ажырата алатын жағдайға жеткен.\nБасқа жасалған МРТ зерттеуі кезінде бассүйек негізінде өте үлкен, алып деуге болатын, ми құрылымдарын басып тұрған және ісінуге алып келген ісік анықталды. Науқасқа нейрохирургиялық ем екі кезеңмен жүргізіліп, ісікті толықтай алып тастадық.\nНауқастың ауруханадан өз аяғымен шығып, көру қабілетінің қалпына келгені ең әсерлі сәт болды. Оның жақындарын таныған сәттегі қуанышын сөзбен айтып жеткізу қиын. Бірақ кейінірек оның өткен бірнеше айдағы оқиғаларды есіне түсіре алмағаны белгілі болды.\nМұндай оқиғалар кәсіби жолда жиі кездесіп жатады. Қалай болғанда да, біз, кейде еріксіз, кейде мақсатты түрде, біреудің өміріндегі қайғысы мен қуанышының куәгеріне әрі кейіпкеріне айналамыз. Бұл дәрігер қызметінің аса жауапты әрі адамгершілікке толы қыры деп білемін.\n– Миды зерттеу мен емдеуде нейронавигация, жасанды интеллект және роботтандырудың болашағы туралы не ойлайсыз?\n– Бұл технологиялар нейрохирургияның келешегін түбегейлі өзгертіп жатыр деп ойлаймын. Мәселен, нейронавигация нақты анатомиялық құрылымдармен жұмыс істеуде жоғары дәлдікті қамтамасыз етсе, жасанды интеллект ісік диагностикасы мен хирургиялық жоспарлауда деректерді талдаудың жылдамдығы мен дәлдігін арттырады. Ал роботталған жүйелер микроқимылдар мен тұрақтылықты талап ететін операцияларда хирургтің қозғалысын бірнеше есе нақты етеді. Болашақта бұл технологиялар бір-бірімен интеграцияланып, нейрохирургияны қауіпсіз, жылдам, әрі нақты салаға айналдырады деп сенемін.\n– Альцгеймер, Паркинсон сияқты генетикалық бейімділік пен нейродегенеративті аурулардың алдын алуда нейрохирургияның рөлі қандай?\n– Нейрохирургия қазіргі таңда аталған ауруларды толық емдеуді мақсат етпесе де, олардың кейінгі кезеңдерінде симптомдарды жеңілдету және өмір сапасын жақсарту мақсатында қолданылатын deep brain stimulation сияқты нейростимуляция әдістерімен тікелей айналысады. Сонымен қатар, нейрохирургтар мен молекулярлық нейробиологтар арасындағы ынтымақтастық генетикалық және эпигенетикалық факторлардың клиникалық мәнін тереңірек түсінуге жол ашып отыр. Болашақта профилактикалық нейрохирургиялық араласулар немесе биочиптер арқылы ерте диагностика жасау мүмкіндігі талқыланып жатыр.\n– Альберт Эйнштейн \"біз миымыздың 10 пайызын ғана пайдаланамыз\" деген екен. Шынында солай ма?\n– Бұл тұжырым – ғылыми негізі жоқ миф. Қазіргі МРТ, ПЭТ, фМРТ сынды нейровизуализациялық технологиялар адамның миды жүйелі әрі толыққанды түрде қолданатынын дәлелдеп отыр. Тіпті қарапайым тапсырмалардың өзінде әртүрлі ми аймақтары бір мезетте белсенді болады. Сондықтан, адам миының 10 пайызы ғана қолданылады деген пікір – кең тараған қате түсінік. Шындап келгенде, миымыздың барлық құрылымы белгілі бір қызмет атқарып жатады.\n– Келешекте ми ауруларына қарсы қандай инновациялық тәсілдерпайда болуы мүмкін деп есептейсіз?\n– Болашақта бірнеше бағыт айрықша рөл атқарады деп ойлаймын. Атап айтқанда, нейрорегенерация және стволдық жасуша терапиясы – зақымданған ми тінін қалпына келтіру мүмкіндігін береді; жасанды интеллектке негізделген диагностика – нейродегенеративті өзгерістерді ерте сатыда анықтауға септігін тигізеді; нейроинтерфейстер (мысалы, Brain-Computer Interface) – сал ауруына ұшыраған науқастарға сыртқы құрылғылармен өзараәрекеттесу мүмкіндігін ашады; нанотехнологиялар – дәрілік заттарды дәл қажетті аймаққажеткізуді қамтамасыз етеді.\nБұл инновациялар интеграцияланып, мидың бұзылған функцияларын қалпына келтіру және аурудың алдын алу үшін жұмыс істейді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/aitu-ulttyq-messendzerge-ainala-ala-ma-zane-ol-usin-qansa-uaqyt-qazet-sarapsylar-pikiri", "title": "Aitu ұлттық мессенджерге айнала ала ма және ол үшін қанша уақыт қажет? Сарапшылар пікірі", "text": "Қазақстанда мемлекеттік қызметтер саласында Aitu мессенджерін ұлттық деңгейде бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл қадам азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдетіп, бірқатар цифрлық сервистерді бір платформада біріктіруді көздейді.\nЖоспар бойынша, Aitu арқылы мемлекеттік органдардың хабарламалары, қызмет көрсету өтінімдері және электрондық құжат алмасу жүзеге асырылады. Сарапшылардың пікірінше, ұлттық мессенджер отандық ІТ-инфрақұрылымды дамытуға және деректер қауіпсіздігін арттыруға ықпал етуі мүмкін.\nЖурналист әрі жасанды интеллект пен ІТ-технологиялар саласының сарапшысы Мейіржан Әуелханұлыжаңа мессенджердің қолданысқа ену мерзімі мен бәсекеге қабілеттілігі туралы пікірін бөлісті. Ол алдымен бұл процестің уақытын атап өтті.\n\"Жаңадан жасалған мессенджердің қолданысқа ену мерзімін алсақ, егер ол бүкіләлемдік деңгейде танылса – шамамен бір-екі жыл жеткілікті болуы мүмкін. Ал егер тек аймақтық деңгейде қалса, онда уақыт әлдеқайда ұзағырақ қажет болады\", – дейді ол.\n\"Мысалы, Қытайдағы WeChat-ты алсақ, ол тек хабар алмасу құралы ғана емес, түрлі қызметтерді біріктірген толыққанды экожүйе. Сондықтан, жаңа мессенджердің оларды нарықтан ығыстыруы екіталай\", – деп түсіндірді Әуелханұлы.\nДегенмен, ол жаңа мессенджердің артықшылықтары болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.\n\"Мысалы, қазіргі жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ерекше мүмкіндіктер жасауға болады. Егер Қазақстанда бір мессенджер іске қосылса, мен аудио хабарлама жазып отырмын делік – ол автоматты түрде мәтінге айналдыруы керек. Немесе, керісінше, мәтінді дауыстап оқып беру сияқты функциялар енгізілсе, бұл үлкен артықшылық болар еді\", – дейді сарапшы.\nӘуелханұлының пікірінше, жасанды интеллектпен байланыстырылған жаңа деңгейдегі мүмкіндіктер мессенджерді өзгелерден ерекшелендіріп, халықтың қызығушылығын арттыра алады. Ал егер жаңа өнім қазіргі қолданылып жүрген мессенджерлерден ешқандай айырмашылығы болмаса және олардың функцияларын ғана қайталаса, көпшілік оны пайдаланбайды. \"Ондай жағдайда адамдар қолданыстағы қосымшалардан артық пайда көрмейді\", – деп нақтылады ол. Сарапшы сондай-ақ болашақтағы ықтимал сценарийлерді де атап өтті.\n\"Сондықтан мұндай платформалар өз қызметін жетілдіріп, нарықтағы басымдығын сақтап қалуға бар күшін салады\", – деп түйіндеді Мейіржан Әуелханұлы.\nЭкономист Арман Байғановең алдымен ұлттық мессенджердің технологиялық даму қарқынына тоқталды.\nСарапшы Қытайдағы тәжірибеге де назар аударды. Оның айтуынша, Қытайда өз мессенджерінің болуы – сол елдің ауқымды ресурстары мен үлкен халқының арқасы.\n\"Бізде ондай мүмкіндік шектеулі. Мұндай жобаны жасау және оны тұрақты түрде қолдау мемлекет үшін қосымша жүктеме болады. Бұл үшін арнайы компанияны тарту, ресурстар бөлу керек, әрі оны жасау мен қызмет көрсету қымбатқа түседі\", – деп түсіндірді ол.\nАрман Байғановтың болжамынша, бұл мессенджер халық арасында аса жоғары сұранысқа ие бола қоймайды.\nСарапшы сонымен бірге бәсекеге қабілеттілік мәселесін де атап өтті.\nБелгілі PR маманы, журналист Айбар Олжайұлттық мессенджер тақырыбында өз пікірін білдірді. Ол ең алдымен жобаның артықшылығы мен шектеулеріне тоқталды.\n\"Менің ойымша, оның негізгі принципі түсінікті. Яғни, басты артықшылығы – серверлерінің Қазақстанда орналасуы. Бұл тұрғыдан алғанда, кейбір қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін бұл, әрине, жақсы қадам. Бірақ мәселе оның қаншалықты кең таралатынында. Өйткені адамдардың барлығы бірдей Aitu-ға көшпесе, ол толыққанды байланыс құралы бола алмайды\", – дейді Айбар Олжай.\nОл әрі қарай адамдардың жаңа платформаны қолдану мәселесіне тоқталды.\nАйбар Олжайдың пікірінше, бұл жағдай ұлттық мессенджердің толық алмастырушы рөлін атқаруына кедергі келтіреді.\nБағдарламалық қамтамасыз ету инженері (Software Engineer) Арсен Өжетовең алдымен өз тәжірибесін бөлісті.\nОның сөзінше, жаңа мессенджердің табысты болуы үшін ол тек чат қосымшасы болып қалмауы керек.\n\"Егер Kaspi, eGov, тауар жеткізу сервистері, такси қызметтері сияқты қосымшалармен интеграция жасалса, нағыз super app қалыптасар еді. Мысалы, Қытайдағы Alipay секілді бір қосымша арқылы төлем жасау, мемлекеттік қызметтерді алу, тауарға тапсырыс беру және такси шақыру мүмкіндігі болса – дәл сол кезде ғана адамдардың қызығушылығы артады\", – деп түсіндірді ол.\nАрсен Өжетовтың пікірінше, қазіргі заманда адамдарға тек байланыс құралы жеткіліксіз.\n\"Қолданушы уақытын үнемдеп, күнделікті қажеттіліктерін бір жерден шеше алатын платформаны қалайды. Егер технология күнделікті өмірдің барлық саласын қамтитын болса, оны жаппай қолдану мүмкіндігі жоғары\", – деп қорытындылады маман."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qytaidyn-batys-qaqpasy-synzan-olkesinen-sagyn-reportaz", "title": "Қытайдың батыс қақпасы: Шыңжаң өлкесінен шағын репортаж", "text": "Биыл Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының құрылғанына – 70 жыл. Бұл жылдар аралығында өңір адам танымастай өзгерсе, соның ішінде соңғы 15 жылдағы экономикалық көрсеткіштер жалпы Қытай бойынша орташа көрсеткіштерден де жоғары болып отыр. Мұны бір ғана дерекпен сипаттаудың өзі жеткілікті. ҚХР бойынша жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 5 пайыз болса, Шыңжаң ауданында бұл көрсеткіш7 пайызғажуықтайды.\nАл аудан құрылған шақтағы номиналды жалпы ішкі өнім 1 миллиард юаньнан 2 триллион юаньға дейін(1666 есе!)артқан. Ал соңғы 10 жылда ауданның жалпы табысы екі есе өссе, оның жекелеген өңірлері мұндай өсімге бар болғаны 5 жыл ішінде қол жеткізді.\nМұндай жетістікке қол жеткізу үшін, әрине, ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Дегенмен, сарапшылар екі басты екі факторды бөле-жара айтады.\nОсы реформалық жұмыстардың қандай жеміс беріп жатқанын көру үшін Қытайдың Алматыдағы бас консулдығының мұрындық болуымен қазақстандық бір топ журналист өлкенің бірқатар жерінде болып, қолға алынған бірқатар жобамен танысып қайтты.\nКөлемді материалды оқу жеңіл болуы үшін оны ыңғайлы бөліктерге жинақтап, арнайы мазмұнын әзірледік.\nШыңжаң сапары ауданның орталығы – Үрімжі қаласындағы Еркін сауда аумағынан басталды. Өлкеде мұндай орталықтар бірнешеу(Қашғар мен Алашанькоуда да бар – автор), ал біз барғанымыз Үрімжіде 2018 жылы салынған. Халықаралық әуежай, жоғары жылдамдықты автомагистраль және теміржол контейнер терминалының жанынан орын тебуі еркін сауда аймағының тиімділігін арттырып тұр. Кедендік және салықтық жеңілдіктеріне байланысты орталыққа қызығушылар көп. Қазіргі таңда бұл жерден әлемнің 70 елінің 180 кәсіпорнының тауарларын табуға болады.\nАрасында күнделікті тұтынатын азық-түлік пен киім-кешектен бастап, Африка сынды алыс құрлықтан келетін экзотикалық бұйымдар да бар. Одан бөлек, Еуропа, Моңғолия, Үндістан және Ресейдің тауарлары да көз тартады.\nАл қазақстандық тауарлар арасында ұнға, балға, сұйық майға және тіпті, минералды сусындарға да сұраныс жоғары екен. Негізінен, Қазақстанның шығыс бөлігіндегі кәсіпорындардың өнімдері шоғырланғанымен(бұған Достық – Алашанькоу кеден бекетінің жақындығы себеп – автор), Алматы мен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан келетін тауарларды да байқадық.\nЕркін сауда аймағындағы тауарлардың дені онлайн сатылады. Салықтық және кедендік жеңілдіктерге байланысты бағасы да тиімді. Кәсіпкерлердің өз тауарын жарнамалауы үшін TikTok желісінде онлайн трансляция жасау мүмкіндігі де жолға қойылған. Айтпақшы, мұнда TikTok – жарнаманың ең негізгі көзі саналады. Ал эфирдегі жарнама жасаушылар – виртуалды көмекшілер.\nҚазақстандықтар соңғы уақытта тізгіндей бастаған GAC (Guangzhou Automobile Group Co) брендінің көліктері бізге осы Шыңжаңнан келеді. Рас, компанияның бас кеңсесі Қытайдың Гуанжоу қаласында орналасқанымен, ірі филиалдарының бірі дәл осы Үрімжі қаласында. Компанияның өзі 1997 жылы ашылса, Үрімжідегі филиалдың негізі 2006 жылы қаланған. Фабрика аумағы – 330 мың шаршы метр.\nЖалпы, GAC өндіретін көліктерінің саны жөнінен Қытайдағы үздік бес автоконцерннің қатарына кіреді. Онда газ-бензинмен жүретін дәстүрлі көліктерден бөлек, электр қуатына не гибридті қуат көзіне негізделген электрокарлар да көп шығарылады. Жылдық өндіріс көлемі – 3 миллион көлікке жуықтайды.\nGAC көліктері Қазақстанда 2023 жылдан бастап қана сатыла бастады. Дегенмен, қазірдің өзінде Алматы, Астана және Шымкент қалаларында GAC салондары жұмыс істеп тұр.\nАйта кетейік, Үрімжідегі GAC Motor өкілдері тура бір жыл бұрын Қазақстанда болып, біздің елде де өз көліктерінің өндірісін жолға қою туралы ниетін хабарлаған болатын. Қазір бұл ниетті нақты жобаға айналдыру мақсатында жұмыс жүріп жатыр. Жоба іске асқан жағдайда көліктің дайын бөліктерін аз шығынмен Қазақстанға жеткізу есебінен арзан бағадағы көліктерді біздің ел нарығына ұсынатын болады.\nБұл базар расымен де \"Үлкен базар\" деп аталады. Оның Шығыс базар, Гранд базар немесе ханзуша Эрдаоцяо деген де атаулары бар. Дегенмен, үйреншіктісі – Үлкен базар. Оның жөні бар, өйткені, базар аумағы – 100 мың шаршы метрден астам.\nБазар – сауда орны ғана емес, жергілікті тұрғындар мен туристердің кездесу не сауық құратын орнына айналған. Азық-түлік пен киім-кешек, кәдесыйлар, қолөнер бұйымдары – бәрі-бәрін осы жерден табуға болады.\nАйтпақшы, дәл осы базарда Нан мұражайы орналасқан. Мұнда жақсы көрген жанға гүл емес, бір құшақ нан сыйлау дәстүрі де бар.\nҮлкен базардың өзге мәдени орындардан тағы бір артықшылығы – бұл жерде қызық пен шу түнде де басылмайды. Қыз-қыз қайнаған түнгі өмір...\nҮрімжіде турист қарасы үзілмейтін орындардың бірі – Өлкетану мұражайы. Қай уақыт болмасын, мұражай алдындағы кезек басылмайды. Шығыс Түркістаннан бастап, өлкенің бүгінге дейінгі тарихынан сыр шертетіндіктен, оны халық арасында Шыңжаң мұражайы деп те атайды. Ғимарат ұйғыр архитектурасының стилінде салынғанымен, онда осы өлкені мекендейтін қытай, ұйғыр, қазақ, моңғол және өзге де халықтардың тарихына қатысты экспонаттар көп қойылған.\nДегенмен, туристер мұнда мумияларды көру үшін көбірек құмартады. Мұражайда бір емес, он мумия бар. Олардың бәрі Үрімжінің айналасынан өткен ғасырда табылған. Бәрінің дерлік жасы 4 мың жылға жуық. Арасында әйелдердің, ерлердің, тұтас отбасының, шақалақ сәбидің, тіпті, еуропалық нәсілге жататын адамның да мумиясы бар.\nМұражай гидтері бұл мумиялар \"Такла-Макан шөлінің әншілері\" деп аталатынын айтты. Оның сыры – бәрінің аузының ашылып жерленуінде жатыр. Ал мумиялардың бүгінгі заманға дейін жақсы сақталуын ғалымдар өлкенің құрғақ климатымен және даланың шөлейттігімен байланыстырады.\nАқпараттық тур аясында Amina шырын зауытына бас сұғудың сәті түсті. 2000 жылы іске қосылған түрлі жеміс шырынын шығаратын кәсіпорын бүгінде Шыңжаңнан бөлек, ішкі Қытайдың біраз бөлігін дәмді шырынмен қамтамасыз етіп отыр. Одан артылғаны Үндістан, Пәкістан, Өзбекстанға экспортталады.\nAmina жоғары технологиялық компаниясының есепшісі Лю Цяньнің айтуынша, Қазақстан кәсіпкерлерімен де келіссөздер жүргізілген, алайда біздің тараптан сұраныс жоғары болмапты.\n\"Қазақстаннан клиенттер келді. Біз олармен сусындарды экспорттау мәселесін талқыладық. Алайда, сұраныс әлі жоғары емес\", – деді ол.\nФабрика жылына 80 мың тонна жеміс шырынын шығаруға қуатты. Қазір шамамен 350 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өндірістік процесс толықтай автоматтандырылған. Тіпті, шырын құятын бөтелкелердің өзі пластик ұнтағынан осы жерде өндіріледі.\nAmina – біз мақала басында атап өткен мемлекеттік және кадрлық қолдаудың тамаша үлгісі бола алады. Зауыт салуға 50 му (қытайдың өлшем бірлігі – автор), яғни шамамен 34 мың шаршы метр жер беріліп, 50 миллион юань(шамамен 4 миллиард теңгеге жуық)инвестиция құйылған.\nҚазір зауыт жеміс шырынынан бөлек, тез даярланатын кеспе шығаруға да маманданған.\nСайрам-Нұр көлі Шыңжаңның батыс бөлігінде, Қазақстанның шығыс шекарасынан бар болғаны 30 шақырымдай жерде, Боро-Тала моңғол автономиялық округінде орналасқан. Алакөл мен Сайрамды шекара ғана бөліп тұрғандықтан, жергілікті жұрт екі көлді әңгіме арасында жиі байланыстырады. Дегенмен, Сайрамның ауданы Алакөлдің үштен біріндей ғана және екі көлдің туризмі де түрліше жолға қойылған.\nАйталық, Сайрамда суға түсуге, балық аулауға мүлде рұқсат жоқ. Оның себебі де бар, көл теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан(салыстыру үшін: бұл биіктік Іле Алатауының Бутаков сарқырамасы орналасқан биіктікпен шамалас – автор). Сәйкесінше, шіліңгір шілденің өзінде де көл суы суық, ал балықтар өте тереңде мекендейді. Дегенмен, кәсіби балықшылар балық аулап, туристерге дайындап береді.\nСайрам-Нұр көлі туристік аймағының баспасөз хатшысы Самал Аманқызыныңайтуынша, көлге жылына 500 миллионға жуық турист келеді. Енді бұл көрсеткішті 800 миллионға дейін жеткізу жоспары бар. Әрине, мұншалықты көп турист қабылдау көлдің экологиялық ахуалына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, туристер көлді жағалаудан ғана тамашалай алады. Көлдің периметрі 90 шақырымды құрайтын болса, осы периметр бойынша сапалы тасжол төселген. Туристер белгіленген орындарда ғана тоқтап, көлдің сұлулығын тамашалайды, суретке түседі, тынығады. Тәртіп солай.\n90 демекші, жергілікті тұрғындар көлді үш 90-мен сипаттайды. Көлдің периметрі – 90 шақырым, тереңдігі – 90 метр және Құлжаға дейінгі қашықтық та – 90 шақырым. Көл жағалауында тарихи орындар жеткілікті. Айталық, туристерді қызықтыратын мекеннің бірі – кезінде Шыңғыс ханның әскерін бақылайтын хан тағы да осы жерде болған.\nБоро-Тала округіндегі қолдан жасалған ғажаптардың бірі – алма бағы. Оның ерекшелігі сол – ол бірден үш – ауыл шаруашылығын дамыту, экологияны қалпына келтіру және туризмді дамыту бағыттарын көздейтін ауқымды жоба.\nШамамен 1160 гектар аумақты алып жатқан алма бағында негізінен тұз бен суыққа төзімді алма сұрыптары егілген. Одан бөлек, өрік, жабайы шабдалы, шырғанақ, долана және басқа да жеміс ағаштары бар. Ағаштардың дені әлі жас, дегенмен қазірдің өзінде бақтың өнімдері Шыңжаң мен Қытайдың бірқатар өңіріне жеткізіледі. Ал келешекте жемістерді экспортқа шығару жоспарда бар.\nДегенмен, бақтың ең негізгі рөлі – қуаңшылықпен күрес және экологияны сақтау болып келеді. Қала құрылысы кезінде жиналған қоқыс пен қажетсіз материалдан үйілген төбе бүгінде өнімді топырақ қабатымен жабылып, керемет жотаға айналған. Ол елді мекендерге келетін желді ұстап қалып, тұрғындар жылда әбігерге салатын құм көшкінінен арылған.\nОдан қалды, қаланың оңтүстік бөлігінде жауын-шашын 30 пайызға дейін артып, микроклимат әжептәуір жақсарған. Бұл жоба – әйгілі Такла-Макандағы шөлді тоқтату және көгалдандыру жобасының бір үлгісі іспеттес.\nӘрине, қаланың тынысы ашылып, құм көшіп жатқан дала жасыл белдеуге айналғаннан кейін мұнда жануарлар мен құстар да келіп, туризм қолға алынып жатыр. Қазір бұл төбе мен алма бағы – округтің туристер келетін бір орнына айналған. 2016 жылы бұл жер 3А санатындағы туристік аймақ мәртебесін иеленді.\nЖалпы, Боро-Тала – инвестиция тартуға тартымды аймақтардың бірі. Мемлекет басшылығы бұл аймақта туризм мен логистиканы дамытуға ерекше мән беріп отыр.\n\"Алашанькоу шекара бекеті бізді Қазақстанға, одан әрі бүкіл батыс әлеміне бастайтын қақпа. Осы құрлық порты арқылы біз Қазақстаннан ет пен бидайды импорттап жатырмыз\", – деді Боро-Тала моңғол автономиялық округі Инвестициялар басқармасының маманы Ли Жи Хан.\nШыңжаңдағы экономикалық дүмпу мол энергияны қажет ететіні анық. Егер бұрын бұл өлкеде дәстүрлі көмір энергетикасы жақсы дамыған болса, қазір оның орнын бірте-бірте жасыл энергетика басып келеді. Жаңа энергетиканың негізгі көзі – күн мен жел. Бұл ретте қазақстандық журналистер Мулэй қазақ автономиялық уезіндегі күн панельдерінің \"жайлауын\" тамашаладық.\nЖайлау деуге негіз бар, өйткені кең далада орнатылған 500 мыңнан астам күн панелі ұшы-қиыры жоқ көк жайлауды көзге әкеледі. Бұл жайлауды жел станциялары жиектеп тұр. Өндірілген электр энергиясы орталық электр желісі арқылы Шыңжаңның тұрғын үйлері мен кәсіпорындарының қажетіне жөнелтіледі.\nМамандар күн панельдерінің тағы бір артықшылығына назар аударды. Олар тек энергия өндіріп қоймай, күн ыстығын өзіне жұту арқылы жерге көлеңкесін түсіріп, аптапты дарытпайды. Бұл панельдер астындағы жердің \"еркін тыныстауына\" мүмкіндік беріп, жасыл желектің өсуіне жол ашады. Осылайша, аймақтың экологиялық микроклиматы да жақсара түседі.\nАйта кетейік, Қазақстанда салынып жатқан бірқатар жел энергетикасы станцияларын Қытай компаниялары жүзеге асыруда.\nШыңжаңдағы ауыл шаруашылығының негізгі саларының бірі – мақта шаруашылығы. Қазір мемлекеттік қолдаудың арқасында жоғары сапалы, өнімділігі жоғары мақта сұрыптары шығарылып жатыр. Өндіріс толықтай дерлік автоматтандырылған: жерді автоматты, жүргізушісіз тракторлар жыртып, дән себеді, плантацияларды дрондар бақылайды. Жасанды интеллектінің көмегімен жерді құнарландыратын қоспалардың мөлшері нақты есептеледі, дәл осылайша мамандарға тек орталық диспетчерлік пунктте отырып процесті бақылау ғана қалады.\n\"Жерді жырту процесін автоматтандырылған тракторлар жүзеге асырады. Оны адамдар кеңседе отырып басқарады. Мақтаны құрт жемес үшін бақылауды дрондар арқылы жасаймыз. Дәрі дронның көмегімен себіледі\", – дедіМақта технологиясы академиясының маманы Сун Мэй Чжин.\nАуыл шаруашылығын автоматтандыру мен цифрландыруды Қытайдың Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы қолға алған. Интеллектуалды басқарудың нәтижесінде ғалымдар Жонмиан 113+ деп аталатын мақта сұрыбын шығарған. 100 му (шамамен 67 мың шаршы метр) алқаптан 750 келі өнім алып, бұл – өлкенің жаңа рекорды болып танылды.\nPS.Шыңжаң бір Үрімжімен және Боро-Таламен шектелмейді. Ол – Қытайдың ең үлкен провинциясы. Сәйкесінше, бұл жазба – бір сапар аясында ғана көріп, көңілге түйгендер."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/poligamiiany-dasturmen-aqtauga-bola-ma-nemese-toqaldan-tugan-balanyn-quqygy-qandai", "title": "Полигамияны дәстүрмен ақтауға бола ма немесе \"тоқалдан туған\" баланың құқығы қандай?", "text": "\"Тоқалдықты заңдастыру\" тақырыбы әлі де қызу талқыланып келеді. Кейбір заңгерлер мен қоғам белсенділері бұл бастаманы әйелдердің және балалардың құқықтарын қорғау тетігі ретінде ұсынғанымен, бірқатар сарапшы пікірмен түбегейлі келіспейді. Мамандардың айтуынша, полигамияны заңдастыру – біріншіден, Конституция қағидаттарына қайшы, екіншіден, әйел мен баланың шынайы құқықтық қорғалу деңгейін арттырмайды. Сондай-ақ, олар заңсыз некеден туған баланың алимент алу құқығы туралы сөз қозғады.\nТаяуда мәжіліс депутаты Абзал Құспанның тоқалдықты заңдастыру туралы айтқан идеясы қоғамда түрлі пікір туғызды.\nГендерлік теңдік мәселелерін зерттеуші әрі сарапшы Айгерім Құсайынқызының айтуынша, Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның тоқалдық институтын заңдастыру туралы бастамасы – заң шығарушы тұлға үшін \"күлкілі әрі қайшылыққа толы ұсыныс\".\n\"Егер депутат әйелдерді қорғау деп тоқалдардың эмансипациясын немесе олардың балаларына мұрагерлік құқық беру мәселесін меңзеп отырса, мұны \"әйелді қорғау\" деп айту қате. Керісінше, ол – екінші әйелдерін жасырып жүрген ер адамдардың әрекетін заңдастыруға бағытталған қадам. Бұл – әйел құқығын қорғау емес, заңсыздықты заңдастырудың көрінісі\", – дейді сарапшы.\nОның сөзінше, Қазақстан гендерлік теңдікке қатысты 40-қа жуық халықаралық және салалық құжаттарды қабылдап, соның басым бөлігін ратификациялаған. Демек, \"теңдік\" ұғымының мәні – көп әйел алуды заңдастыру емес.\n\"Әйелдерді қорғау ұранымен кейбір ер адам өзінің аморальды ниеті мен әрекетін заңдастыруға ұмтылып отыр. Бұл – шынайы гендерлік саясаттың мәніне қарсы бағыт\", – дейді Айгерім Құсайынқызы.\nПубликация от Aigerim Kussaiynkyzy | Gender expert | Researcher| (@kussaiynkyzy)\nСарапшы сонымен қатар депутаттың бұл ұсынысы Қазақстан Конституциясының қағидаттарына қайшы екенін атап өтті. Оның айтуынша, еліміздің Ата заңы Қазақстанды демократиялық әрі зайырлы мемлекет ретінде айқындайды, ал мұндай елде діни немесе дәстүрлі жоралғыларды заңдастыруға жол берілмеуі керек.\n\"Конституцияның бірінші бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялаған.Зайырлы мемлекеттерде көп әйел алу сияқты діни ритуалдарды заңдастыруға болмайды.Егер біз діни нормаларды заңдастыра бастасақ, бұл мемлекет құрылымының іргетасын шайқалтады. Мұндай идеялар Ауғанстандағы тәліптердің немесе Ирандағы әйелдерге қарсы әрекеттерді ақтауға ұқсас сипат алады. Абзал Құспанның ұсынысы – осы тұрғыдан қарағанда антиконституциялық әрі антигендерлік бастама\", — деді зерттеуші.\nАйгерім Құсайынқызы заңгер адамның мұндай мәлімдеме жасауына өкініш білдіріп, оның қоғамдағы құқықтық мәдениетке теріс әсер ететінін айтады.\n\"Құқық қорғаушы, заңгер адамның өзі \"тоқалдықты заңдастыру керек\" десе, қарапайым азаматтар \"неге болмасын?\" деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл – Конституцияның бірнеше бабына қайшы, әйелдердің тең құқығын бұзатын, сексистік және патриархалды ұстаным.Абзал Құспан мұндай ұсыныстың заң ретінде қабылданбайтынын жақсы біледі. Дегенмен ол халықтың назарын аударып, популистік резонанс тудыру үшін осындай мәлімдеме жасаған. Сондықтан мен бұл пікірді қасақана жасалған, антиконституциялық, мизогендік және әйел құқығын аяққа таптайтын популистік мәлімдеме деп бағалаймын\", – деді сарапшы.\nТоқал әңгімесі күшейгенде қоғам белсендісі абайтанушы Омар Жәлел де де өзінің тоқал алған оқиғасын бөлісіп, оның себебін түсіндірді.\nОның айтуынша, бұрын тоқал алу – қажеттілік болған болса, қазір – нәпсінің қалауы, құмарлық, қала берді – мақтан.\n\"Бұрын мен осы мәселені көп көтердім. Айттым. Айтқан нәрсе міндетті түрде жүзеге асады екен. Ұрпақ дедік. Негізгі ұранымыз осы болды. Бірақ берекені ойламадық. Ойлауға шамамыз да болмады. Басы қатты нәпсімізді тоқтата алмадық. Қайратымыз жетпеді. \"Ертең би боласың, сонда бұл мәселе алдыңнан шығады\" деп, елдіктің жолында ғашығынан бас тарттырып, Тәттімбетті тоқтатқан Қазанғаптай дана би алдымызда болмады. Үлгісіздіктің көкесін көрсеттік. \"Өзім білемін\" дедім. Ешкімді тыңдамадым. Айтса, ұқпадым. Біраз адамдарға жел бердім.Әлі күнге дейін біраз жігіттер \"Сіздің осы әңгімеңіз ұнайды\" дейді. Нәпсілеріне ұнап тұрғанымен шаруасы жоқ.Қызба бастар көргісі келеді. Артын ойлап жатқан ешкім жоқ. Оларға бұл – қызық. Шыжығын ешкім ойлап жатқан жоқ\", – деді Омар Жәлел.\nСондай-ақ, ол өзіне еріп тоқал алып, кейін өкінген жандардан да кешірім сұрады.\n\"Мен \"тоқал алмаңдар\" деймін. Өз ащы тәжірибемнен айтып отырмын. Отбасының шырқын бұзбаңдар. Алған жарларыңды қадірлеңдер. Ұрпақ керек болса, солар-ақ туып береді. Бұл сөзді мен айтуға тиіспін. Үйткені көп жігіттер менің сөзіме ерді. Менің сөзім оларға демеу болды. Елдің алдында жүрген соң әр сөзіңе жауап беруің керек. Мен осылай өзімнің қате айтқан сөзіме жауап беріп отырмын.Егер менің әсерімнен отбасы бұзылса, иіліп тұрып кешірім сұраймын. Мен – өз идеямның құрбанымын. Бұл идея іс жүзінде өзінің дұрыс еместігін көрсетті.Бұрын тоқалды бәйбішелер өздері алып беретін. Бұл мәселе өмірлік қажеттілігі болғандықтан ғана даналықпен шешілетін. Ол заман енді келмеске кетті. Заман өзгеріп кетті. Он тоғызыншы ғасырдың идеясы қазір өтпейді\", – деді Омар Жәлел.\nАдвокат әрі отбасы құқығы саласындағы маман Құндыз Утебекова көп әйел алушылықты заңдастыру туралы ұсынысты Конституция талаптарына да, қоғамдағы теңдік қағидатына да қайшы деп санайды. Оның айтуынша, мұндай бастама елдің құқықтық жүйесін әлсіретіп, әйел мен ердің теңдігін бұзады.\n\"Менің ойымша, көп әйел алушылықты заң жүзінде енгізу – әділетсіз шешім. Себебі біздің Конституциямызда ерлер мен әйелдердің құқықтары тең деп нақты көрсетілген. Егер ер адамға бірнеше әйел алуға рұқсат берілсе, онда әділдік үшін әйелдерге де бірнеше ер алу мүмкіндігі берілуі керек емес пе? Бірақ бұл қоғамның моральдық және құқықтық қағидаттарына мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан мұндай бастама – теңдік емес, керісінше, теңсіздікті заңдастыру әрекеті\", – деді заңгер.\nҚұндыз Утебекованың пікірінше, гендерлік теңдік – тек құқықтық ұғым емес, мемлекет дамуының маңызды көрсеткіші.\n\"Әйел мен ердің қоғамдағы тең мүмкіндіктерін сақтау – өркениетті елдің басты белгісі. Егер біз көп әйел алушылықты заңдастыруға жол берсек, онда бұл әйелдердің мәртебесін төмендетіп, олардың адам ретінде тең құқылы болуына қауіп төндіреді. Бұл – қоғамды артқа тартатын, патриархалдық көзқарасты күшейтетін қадам\", – деп атап өтті ол.\nОның айтуынша, неке институтына қатысты кез келген заңнамалық өзгеріс құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан мұқият талдауды қажет етеді.\n\"Егер көп әйел алушылық туралы норманы талқылайтын болсақ, онда онымен бірге мүліктік даулар, мұрагерлік құқық, алимент төлеу тәртібі және басқа да көптеген мәселені қарастыру керек. Бұл – өте күрделі құқық саласы. Мұнда эмоция емес, заң мен әділет қағидаты жетекші рөл атқаруы тиіс\", – деді заңгер.\nҚұндыз Утебекова көп әйел алушылық идеясын қоғамдағы моральдық құндылықтарға да қауіп төндіретін құбылыс деп бағалады. Оның пікірінше, мұндай бастамалар халықтың құқықтық санасына теріс әсер етеді және әйелдің қоғамдағы рөлін әлсіретеді.\n\"Егер заңгерлердің өзі \"тоқалдықты заңдастырайық\" десе, онда қарапайым азаматтар не ойлайды? Бұл қоғамда заңға, Конституцияға деген сенімді азайтады. Біз әрбір адамның – әйел де, ер де – тең құқыққа ие екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан бұл бастамаға құқықтық тұрғыдан ғана емес, адамгершілік тұрғысынан да үзілді-кесілді қарсы шығу қажет\", – деп түйіндеді адвокат Құндыз Утебекова.\nАдвокат Құндыз Утебекованың айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңдар аясында Қазақстан Республикасында ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ некеден тыс туған балалардың да құқықтары толық қорғалған. Сондықтан \"тоқалдықты заңдастыру\" бастамасы – заңдық тұрғыда негізсіз және Конституцияға қайшы.\n\"Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында барлық адам тең. Яғниәйел мен еркектің, некеде туған және некеден тыс туған баланың құқықтары тең дәрежеде қорғалады. Ал \"тоқалдықты заңдастыру\" бұл теңдікті бұзады, себебі бір адамның бірнеше әйелмен некеде тұруы – Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 11-бабында тікелей тыйым салынған әрекет\", – деп түсіндірді адвокат.\nОның айтуынша, қазіргі заңнама некеге тұрмаған, бірақ ортақ баласы бар ер мен әйелдің де құқықтарын айқын реттейді. Яғни ата-аналар ресми некеде болмаса да, бала туған жағдайда ер адам баланың әкесі ретінде танылса, ол азаматтық-құқықтық және қаржылық жауапкершіліктен босатылмайды.\n\"Бұл Неке және отбасы кодексінің 47-бабында нақты көрсетілген.Егер ер адам баланың биологиялық әкесі болса, ол автоматты түрде ата-аналық міндеттерді атқаруға тиіс. Мұндай жағдайда анасы сот арқылы алимент өндіре алады – бұл Кодекстің 138-бабының 1-тармағында көзделген\", – деді Құндыз Утебекова.\nОл сондай-ақ, алимент төлеу некеде тұрғандарға ғана емес, неке қию рәсімінен өтпеген, бірақ баланың ата-анасы деп танылған адамдарға да қатысты екенін атап өтті.\n\"Мысалы, егер ер адам әкелік қатынасын мойындаудан бас тартса, анасы ДНҚ сараптамасы арқылы әкелік фактіні дәлелдеп, сот шешімі негізінде алимент өндіруге құқылы. Мұндай тәжірибе Қазақстанда кеңінен қолданылады. Сондықтан тоқалдықты заңдастыру бала мен ананың мүддесін қорғайтын жаңа құқықтық механизм әкелмейді\", – деді заңгер.\nҚұндыз Утебекованың пікірінше, керісінше, полигамияны заңдастыру әйелдердің құқықтық және әлеуметтік мәртебесін әлсіретіп, азаматтық құқықтық қатынастарда теңсіздік орнатады.\n\"Қазіргі заң әйелдің де, ердің де тең құқылы болуын қамтамасыз етеді. Ал егер бір ер адамға бірнеше әйелмен некеде болуға рұқсат берілсе, бұл Конституцияның 27-бабындағы \"Отбасы, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады\" деген қағидатқа да қайшы келеді. Себебі мұндай модельде бірінші және екінші әйелдердің құқықтық мәртебесі әртүрлі болады, бұл өз кезегінде мүліктік және мұрагерлік дауларға әкеледі\", – деді ол.\nМаманның айтуынша, егер мақсат әйел мен баланың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру болса, онда полигамияны заңдастыру емес, қолданыстағы алименттік және әлеуметтік қолдау механизмдерін жетілдіру қажет.\n\"Заңды бұзбай-ақ әйел мен баланы қорғауға толық мүмкіндік бар. Ол үшін отбасы құқығын күшейту, алимент өндірудің тиімді тетіктерін енгізу және ата-аналық жауапкершілікті арттыру қажет. Ал полигамия – керісінше, заңдық теңсіздік пен моральдық тұрақсыздықтың жолы\", – деп түйіндеді адвокат Құндыз Утебекова.\nПсихолог Назира Бурханованың айтуынша, көп әйел алушылық – тек әлеуметтік не діни мәселе емес, ол ең алдымен жеке тұлғаның психикасына әсер ететін күрделі психологиялық феномен. Мұндай жағдай отбасы мүшелерінің барлығында – әйелде, еркекте, балада – қанағаттанбау сезімі, сенім дағдарысы және эмоционалды жарақат қалыптастырады.\n\"Психоанализ тұрғысынан алғанда, бірінші әйел үшін ерінің тоқал алу шешімі – \"мен сүйікті болуға лайық емеспін\", \"мені алмастырды\" деген бейсаналық қорқынышты белсендіреді. Бұл өзін-өзі бағалау механизмін бұзады. Әйел ішкі түрде өзін кінәлі сезініп, \"неге мені таңдамады?\" деген мазасыз ойлармен өмір сүреді. Мұндай ішкі қақтығыс ұзаққа созылса, ол невротикалық күйге, тіпті депрессиялық эпизодтарға ұласуы мүмкін\", – дейді маман.\nНазира Бурханованың айтуынша, психологияда мұндай реакция \"эмоционалды сатқындық\" синдромы деп аталады. Бұл кезде адам физикалық емес, эмоционалды деңгейде алданғанын сезеді. Нәтижесінде әйелдің қорғаныс механизмдері белсеніп, агрессия, қызғаныш, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі байқалады.\n\"Зерттеулер көрсеткендей, ерінің екінші әйел алуын бастан өткерген әйелдердің 70 пайыздан астамында травмалық стресс белгілері байқалады. Олар ұйқысыздық, ішкі уайым, ашушаңдық, қорқыныш сезімін жиі сезінеді. Бұл психосоматикалық ауруларға – бас ауруы, жүрек соғуының бұзылуы, асқазан аурулары сияқты көріністерге әкелуі мүмкін\", – деп нақтылады психолог.\nПсихологтың айтуынша, мұндай отбасыларда ең көп зардап шегетіндер – балалар. Бала ата-анасының арасындағы эмоционалды байланыстың бұзылуын сезіп, өзін қауіпсіздік аймағынан айырылғандай көреді.\n\"Психоаналитик Джон Боулбидің байланыс теориясы бойынша, баланың болашақтағы тұлғалық тұрақтылығы оның ата-анасымен қалыптасқан сенім мен эмоционалды тұрақтылыққа тікелей байланысты.Егер бала әкесінің басқа әйелге кетіп, үйде шиеленіс пен суық қатынас орнағанын байқаса, онда оның бейсанасында \"махаббат тұрақсыз\", \"ер адам сенімсіз\" деген схемалар қалыптасады\", – дейді Бурханова.\nБұл құбылыс ұл және қыз балаларда әртүрлі көрініс табады. Ұл балалар агрессияға бейім болып, ер-әйел қатынасында үстемдікке ұмтылса, қыз балалар керісінше, эмоционалды тәуелділік синдромына шалдығады, яғни болашақта өзін бағаламайтын немесе қорлайтын серіктесті \"қалыпты\" деп қабылдай бастайды.\n\"Балаға \"әкенің екінші әйелі бар\" деген түсініктің өзі тұрақты отбасылық модельдің бұзылғанын білдіреді. Бұл бейсаналық деңгейде оның тұлғалық шекараларын әлсіретіп, идентификация процесін қиындатады. Яғни,ол кім болатынын, отбасын қалай құру керегін түсінбей өседі\", – дейді психолог.\nНазира Бурханова полигамияны \"дәстүр\" деп ақтау – қоғамның моральдық когнитивтік диссонансында тұрғанын айтады.\n\"Бір жағынан, біз зайырлы, демократиялық елміз дейміз. Екінші жағынан, діни немесе дәстүрлік негіздегі нормаларды заңдастыруды ұсынамыз. Мұндай екіұдайлық қоғамның бейсаналық деңгейінде \"қос мораль\" қалыптастырады. Бұл әйел мен ердің теңдігін теріске шығарып, отбасылық қатынастардағы зорлықты нормализациялайды\", – деді ол.\nМаманның пікірінше, полигамияны заңдастыруды ұсыну – әйелдің психологиялық және құқықтық қауіпсіздігін әлсірететін қадам.\n\"Тоқал алу – әйелдің қадірін төмендетіп, ер адамның жауапкершілігін азайтады. Ол эмоционалды адалдық институтын бұзады. Психоаналитиктер мұндай жағдайды \"бейсаналық агрессияның легализациясы\" деп атайды – яғни адам өз ішкі әлсіздігін, сенімсіздігін, эгоцентризмін заң арқылы ақтап алуға тырысады\", – деп түйіндеді психолог Назира Бурханова."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstandagy-sancel-madenieti-atysuly-oqigalar-psixolog-pikiri-zane-koreia-taziribesi", "title": "Қазақстандағы Сancel мәдениеті: Атышулы оқиғалар, психолог пікірі және Корея тәжірибесі", "text": "Соңғы жылдары әлеуметтік желілер қоғамның ойын ортаға салатын алаңына айналып, танымал адамдардың кез келген пікірі, әрекеті немесе қателігі жаппай реакция тудыратын деңгейге жетті. Осы үрдістің ішінде \"cancel мәдениеті\" – белгілі бір тұлғаны бойкоттап, қоғамдық ықпалын азайтуға бағытталған қозғалыс – ерекше орын алып отыр. Қазақстанда бұл құбылыс әлі тұрақты жүйеге айналмағанымен, соңғы бір жылда бірнеше танымал адамның төңірегінде үлкен талқылау жүргені рас. Төменде сол кейстерге тоқталамыз.\nАртынша Серік Шәріп қызды ұрып-соғу оқиғасына қатысты видеоүндеу жариялады. Ол сүйіктісі Әлия Бутееваны шапалақпен ұрғанын мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтты.\n\"Көпшілігіңіз ұрыс кезінде ашу мен ызаға беріліп кететін сезімді білетін шығарсыздар. Мен сіздерден менің қателігімді қайталамауды, қол көтермеуді сұраймын. Мен Әлияны шапалақпен салып қалдым, сол үшін одан, оның отбасынан және менен көңілі қалған барлық адамнан кешірім сұраймын\", – деді актер.\nSalem Entertainment тобы Серік Шәріппен барлық келісімшартты үзгенін ресми мәлімдеді. Актер қатысқан \"Шакал\", \"Qarga\" және \"Meow\" сияқты жобалар тоқтатылды немесе қайта қаралды. Сондай-ақ ол қатысқан көркем фильм – \"Патруль: соңғы бұйрық\" – прокатқа дайындалып жатқан нұсқадан актермен түсірілген сахналар алынып тасталды.\nСоттың қаулысымен актер ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі (\"Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер\"  – ред. түсіндірмесі) бойынша кінәлі деп танылып, бес тәулік әкімшілік қамауға алынды.\nӘлеуметтік желілерде оның әр жазбасының астына адамдар ашулы пікірлер қалдырып жатты. Актерді Бишімбаевпен салыстырып, \"асүй боксшысы\" деп атағандар да болды.\n2022 жылы Chocofamily Holding иесі Рамиль Мухоряпов қазақ тіліне қатысты айтқан пікірі үшін даудың ортасында қалды. Ол орыс тілін білсе де, қазақша сөйлейтіндерді сынға алып, мұны \"ұлтшылдық пен мәдениетсіздіктің көрінісі\" деп атаған. Бұл сөздер желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырып, көпшілік оларды мемлекеттік тілге құрметсіздік ретінде бағалады.\nНәтижесінде компания қызметтерінен бас тарту науқаны басталды. Көп ұзамай Мухоряпов кешірім сұраған бейнежазба жариялады, ал компания өкілдері жыл соңына дейін барлық қызмет түрін қазақ тіліне көшіруге уәде берді. Кейін оның тілге қатысты айтқан сөзі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, алайда полиция қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты.\nҚазақстандықтардың сенімін қайта қайтару мақсатында ChocoFamily барлық сервисін толықтай қазақ тіліне аударды. Осы оқиғадан кейін Мухоряпов қазақтілді жобаларды қаржылай қолдай бастады. Оның ішінде документалист Әлия Әшімді қолдау, тарихи кітаптардың басылымын қаржыландыру және қазақша контент өндірушілерге қолдау көрсету бар.\nӘзілкештің экс-әйелі Мөлдір Мұқан отандық бағдарламаға берген сұқбатында Тұрсынбек Қабатовтың өзіне опасыздық жасағанын және бүгінде балаларымен араласпайтынын айтты.\n\"Ұлым дүниеге келген уақыт. Бала ұйықтап жатыр, неге ояна беретінімді түсінбеймін. Мазам қатты кетіп жатыр. Бала емізіп жатқан уақытта телефонды алып, қарап қалып ем, \"Сіз күйеуіңіздің жүрісі туралы естідіңіз бе? Қазір оның көңілдесі бар\" деген хат келді. Айдаладағы бір адам жазып жатыр, парақшасы жабық екен. \"Оған біраз құнды сыйлық, пәтер, көлік алып берген. Қымбат тон, алмаз – бәрі қазір соның үстінде\" деген пікір жазылды. Өзім шаршап тұрмын. Түрлі ой мазалап жатыр. Ол күні Тұрсынбек үйде емес, гәстрөльде болуы керек, Алматыда болды. Жаңағы пікірді бірден өшірдім, Тұрсынбек келе салысымен бетіне атылған жоқпын. Бұл өтірік болар деп ойладым. \"Бұл жалған, Тұрсынбек мұндайға баруы мүмкін емес\" деген ойыма, өзімді алдағаныма 14 жыл болды. Өзімді алдап келген екенмін. Уақыт өте келе айттым. Себебі жаңағы ақпарат келе берді, келе берді. Оны кім жазғанын ақыры білмедім. Бірден \"Мен еркекпін\" деп кеудесін қаққан жоқ, кішіпейілділік танытты. \"Сен бұл әңгімені кімнен естідің?\" деп сұрақ қойды. \"Бұл өтірік\" деп басында мойындамады. Кейін жаңағы ақпараттар көп келе бастағаннан кейін \"Қоямын, иә, кішкене өзімді еркіндікке жіберген болармын. Қателік жасадым, қойдым, болды\" деген жауап қайтарды. Мен сендім. Ол уақытта да, күні кешеге дейін де мен ажырасамын деп ойламадым. Ажырасуға талпынбадым. Ондай шешімге дайын болмадым. Сол кездегі жанымның ауырғаны, сыздағаны әлі де кетпеді. Сыздап жатыр. Тұрсынбекті жақсы көргенімнен болар, қатты жақсы көрдім\", – деді Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізоваға берген сұқбатында.\nӘзілкештің өзі бірден әлеуметтік желі арқылы балаларымен жақсы қарым-қатынаста екенін жазып ақталды, бірақ опасыздық тақырыбын көтермеді . Осыдан кейін қоғамның пікірі екіге жарылды. Бірі мұны Мөлдір Мұқан фильміне пиар деп бағаласа, екіншілері керісінше оған қолдау білдіріп, \"Шәй в большом городе\" фильміне міндетті түрде баратынын айтты.\nСондай-ақ желіде Мөлдір Мұқан мен Тұрсынбек Қабатовтың бұрын түсірілген видеосы да қызу талқыланды. Видеода әзілкештің әйелі ажырасу тақырыбындағы сахнаға жылап отырады. Желі қолданушыларының арасында Тұрсынбек Қабатовтың Қазақстан бойынша өтіп жатқан концерттеріне бойкот жариялауға шақырғандар болды.\nОтбасылық өмірге қатысты ақпараттың cancel-ге нақты әсер еткені байқалмайды. Концерттері жалғасты, дегенмен көрермен санына қалай әсер еткені белгісіз.\n– Қазақстанда соңғы жылдары cancel мәдениеті, яғни жеке тұлғаны немесе компанияны қоғамдық түрде бойкоттау тәжірибесі күшейіп, әлеуметтік желілердегі пікірталастардың басты тетіктерінің біріне айналды. Психология тұрғысынан мұндай құбылыс топтық санкция ретінде қарастырылады, себебі адамдар қоғамдағы нормаларды бұзғандарды айыптау арқылы өзінің моральдық ұстанымын бекіткісі келеді. Стэнфорд университетінің 2021 жылғы зерттеуі де бұл әрекеттің көбіне әділеттілікті қалпына келтіруден гөрі эмоциялық разряд пен әлеуметтік үстемдікті сезінуге байланысты жасалатынын көрсеткен еді.\nҚазақстандағы cancel мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері бар: батыс елдерінде ол көбіне саяси-идеологиялық қайшылықтардан туындаса, бізде тіл мәселесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары және қоғамдық тұлғалардың моральдық жауапкершілігі ең көп триггерге айналады; Мухоряповтың сөзі, Серік Шәріп пен Бишімбаев істеріне қатысты реакциялар соның айқын мысалы. Сонымен бірге cancel мәдениетінің оң әсерлері де бар: Harvard Kennedy School зерттеулері қоғамдық бойкот кей жағдайда корпорациялардың ашықтығын арттырып, мәдени және этикалық нормаларды қайта қарауға ықпал етіп, зорлық-зомбылық сияқты мәселелердің жасырын қалмауына жол бермейтінін дәлелдейді. Қазақстанда да қоғамдық бақылаудың күшеюі көптеген мәселенің ашық талқылануына мүмкіндік берді.\nАлайда америкалық психологиялық қауымдастықтың деректері мұндай айыптаудың күшті стресс, үрей, депрессиялық симптомдар туғызып, адамның кәсіби әрі әлеуметтік өмірін күйретуі мүмкін екенін көрсетеді, ал эмоцияға сүйенген жаппай шабуыл фактісіз, біржақты шешімдерге әкелуі ғажап емес. Сондықтан Қазақстанда cancel мәдениеті \"жою\" емес, жауапкершілік мәдениетіне айналуы керек: ақпаратты эмоциядан бөлу, жазалау емес – түзетуге мүмкіндік беру, сондай-ақ қоғамдық бақылауды конструктивті қалыптастыру маңызды. Қорытындылай айтқанда, cancel мәдениеті қазіргі қоғамға тән құбылыс ретінде Қазақстанда да әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық нормаларды қорғаудың құралына айналып келеді, бірақоның тиімді моделі жазалаушы емес, қателікті түзету мен этикалық жауапкершілікті арттыруға бағытталған қалпына келтіруші әділдік қағидасына негізделуі тиіс.\nКореядағы cancel мәдениеті әлемдегі ең қатал, тіпті әлеуметтік қысымы ең жоғары елдердің бірі ретінде жиі аталады. Әсіресе K-pop индустриясы мен кино саласында танымал тұлғалар қоғамның назарында өмір сүреді, ал олардың жеке өміріндегі ең кішкентай қателік немесе күмәннің өзі бір сәтте карьераны толық тоқтатуға себеп болуы мүмкін.\nБіріншіден, Оңтүстік Корея – өте ұжымшыл, әлеуметтік нормаларға қатты мән беретін қоғам. Қоғамдық пікірден \"ұятқа қалу\" ондағы адамдар үшін өте ауыр әлеуметтік жаза болып саналады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары мен желідегі пікірлер қысымының күші өте жоғары. Танымал тұлғаның атына белгілі бір айып тағылса – тіпті ол дәлелденбегеннің өзінде – компаниялар бірден келісімшарттарды тоқтатады, телехабарлар эпизодтарын кесіп тастайды, жарнамалар алынып тасталады, ал жобаға қатысу толықтай тоқтатылуы мүмкін.\nЕкіншіден, бұл жерде cancel мәдениеті тек қысқа мерзімді айыптау емес, адамды қоғамнан толық оқшаулау түрінде көрініс табады. Өкінішке қарай, дәл осы қатты қысым салдарынан Кореяда өнер адамдарының өзіне қол жұмсау жағдайлары бірнеше рет тіркелген. Бұл – cancel мәдениетінің тым қатқыл формаға айналғанының ең ауыр көрінісі. Үшіншіден, K-pop индустриясы мен шоу-бизнес жүйесі өзі де өте қатаң. Айдолдар жас кезінен шектеулі ортада тәрбиеленіп, тамақтануынан бастап сөйлейтін сөздеріне дейін компания бақылауында болады.\nСолли корей қоғамындағы қатаң моральдық талаптар мен интернеттегі үздіксіз хейттің ең танымал құрбандарының бірі. Ол феминистік көзқарасы, еркін образы және жеке пікірі үшін қатты сыналған. Әлеуметтік желіде оған бағытталған үздіксіз буллинг психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болды. Нәтижесінде ол өз өзіне қол салды. Бұл оқиға Кореяда интернет мәдениетін реформалау талқысын күшейтті.\nКим Сон Хо – карьерасы бір түнде үзілген актер. 2021 жылы актерге қатысты жеке өміріне байланысты айыптаулар тарағаннан кейін, барлық жарнама компаниясы келісімшарттарды тоқтатты. Танымал форумдардың бірінде белгісіз қолданушы оны баласын алдыруға мәжбүрледі деп айыптады. Ол қатысқан телешоудан эпизодтары кесіліп тасталды. Жаңа түсірілетін фильмдерден шығарылды. Кейін айыптаулардың көп бөлігі жалған екені анықталса да, оның карьерасына келген зиян орасан болды.\nСо Йе Джи – басты рөлдерінен айырылған актриса. 2021 жылы оның жеке қарым-қатынастағы мінез-құлқы туралы дау шыққаннан кейін, бірнеше кино мен сериал жобасынан шығарылды.\nДаудың басы әріптесі Ким Джон Хённан басталды. Телехикая таныстырылымы кезінде актер кинодағы серігіне дөрекілік көрсетіп, өзінен алыс тұруды сұрайды. Кейін мұны одан актриса Со Ие Джидің талап еткені белгілі болады. Осыдан кейін Со Ие Джимен барлық жарнамалық келісімшарттар тоқтатылды. Бір жылға жуық экраннан көрінбеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/balabaqsa-men-mektep-mazirinde-siyr-zylqymen-qatar-qoi-eti-de-bolgany-durys-syrym-ertaev", "title": "Балабақша мен мектеп мәзірінде сиыр, жылқымен қатар қой еті де болғаны дұрыс – Сырым Ертаев", "text": "Ақмола облысындағы Dala.Camp форумының аясында Informburo.kz порталының тілшісі Түркістан облысындағы ірі ет экспорттаушы компания – \"Қайып-Ата\" ЖШС директоры Сырым Ертаевпен блиц-сұхбат өткізген болатын. Сарапшы бұл сұхбатты Қазақстанның ет экспорты нарығындағы мәселелерге қатысты пікірлерін бөлісті.\n– Сырым мырза, Сіздің кәсібіңіз Түркістан облысында шоғырланған. Дегенмен, ет тұтынушы кәсіпорындардан дәл осы Түркістан облысынан келетін еттің дәміне қатысты шағымдарды жиі естіп қаламыз. Соның себебін айта аласыз ба?\n– Түркістан облысында мал бағумен, оны бордақылаумен айналысатын шаруалардың саны мыңнан асады. Бұл қатарға үйінде мал бордақылап сататындарды қоссақ, 10 мыңның үстіне бір-ақ шығады. Олардың әрқайсының мал бордақылау тәсілі бар. Талапқа сай жұмыс істейтіндері де бар, оны өкінішке қарай сақтамайтындары да бар. Сіз айтқан шағымдар осындай үйінде, тиісті талапты сақтамай мал бордақылап сататындардың тұтынушыларынан түсетін болса керек. Арзан бағаға алданып қалатындар бар. Соларды байқау керек. Әйтпесе, Түркістан облысы мал етінің көлемі мен дәмі жағынан республикада бірінші орында тұрған өңір. Бұл ретте барлық шаруалардың қызметін талапқа сәйкестендіру міндеті бар, сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз.\n– Түсінікті. Қой етін келсек. Қазірде адамдар, әсіресе балалар жағы қойдың етін жемейтін болды. Бұған қатысты не айтасыз?\n– Бірқатар әріптестеріміздің күш біріктіруімен балабақша мен мектептердің ас мәзіріне жылқы мен қой еті енгізілді.\n– Қой еті енгізілмеді. Тек жылқы ғана ...\n– Әрине, балабақша мен мектептегі ас мәзірінде сиырдың, жылқының және қойдың етінен жасалған тағамдар болуы тиіс. Балалар ет жеп өсуі керек. Бұл бағытта жұмыс істеп жатқан әріптестеріміз бар.\n– Жақсы. Қазір киік санының артуы шаруаларға зардабын тигізіп жатыр. Ет экспорттаушы кәсіпорын басшысы ретінде бұл мәселенің шешімін өз қызметіңіздің бір бағыты ретінде көрмейсіз бе?\n– Өзге елдерде иік етіне деген сұраныс қандай екенін білмейміз. Оның тәсілі бөлек қой. Сондықтан, бізде киік етін өндіріске енгізуге қатысты жоспарымыз жоқ. Бірақ, бұл кәсіпке бет бұрғысы келетіндерге айтарым бар. Киік санын азайту және басқару бағытында Үкіметпен жұмыс істеп, киік етін экспортқа шығару жөнінде келісімге келіп жатса, Қытай мен Сауд Арабиясы, өзге де араб елдері экспорт үшін тиімді нарық болады деп ойлаймын. Арабтар арық малдың етін жегенді жақсы көреді. Ал киік – дала малы, үнемі шауып жүретіндіктен май жинамайды. Оның үстіне ыстық елдердің тұрғындары иік етін жесе, жылқы еті секілді ол адамда ысытпайды. Керісінше әсер береді. Сондықтан, араб елдері тарапынан киік етіне қызығушылық жоғары болуы мүмкін деп есептеймін. Бұл – жақсы бизнес-идея.\n– Сіздің кәсібіңізге келсек. Сіздер, қателеспесем, негізінен экспорт бағытында жұмыс істейсіздер.\n– Шамамен 90 пайызы экспорт, қалған 10 пайыз бөлігі – ішкі нарыққа бағытталған.\n– Неліктен мұндай стратегияны таңдадыңыздар?\n–  Ішкі нарықта жұмыс істеп жатқан шаруалар көп. Бұл нарыққа белсенді кіретін болса, соларға бәсекелес боламыз.  Ал олардың көбі өздері енді көтеріліп, жақсы жұмыс істеп жатқан шаруалар. Біз оларға, олардың бізге кедергі болғанын қаламаймыз. Сондықтан мал жетпей жатқан елдерге экспортқа ет шығарамыз. Экспортқа тыйым болмаса, шаруалардың жағдайы жақсы болады.\n– Негізінен, Өзбекстан мен Тәжікстан. Одан әрі араб елдеріне ет экспорттаймыз. Қазір Ауғанстан мен Түркияның нарығына ет экспорттау бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз.\n– Жақсы. Етті қандай түрде экспорттайсыздар?\n– Алушының сұранысына байланысты. Көп жағдайда төртке бөліп, салқындатылған көлемде жөнелтеміз. Бірақ, онға бөл десе, онға да бөліп жібереміз.\n– Етті терең өңдеу, консерві дайындау жағы қалай?\n– Биыл атқаратын жұмыстарымыз көп. Соларды реттеп алған соң қолға алатын шығарсыз. Бәлкім, келесі жылы...\n– Ішкі нарықта қай өңірлерге ет жібересіздер?\n– Түркістан облысы, Шымкент, Алматы қалалары... негізінен оңтүстік өңірлер.\n– Бүкіл Қазақстаннан. Қазақ жерінде қандай мал бар, әкеліп, бордақылап, экспортқа шығарамыз. Көп жағдайда алатынымыз – қазақтың ақбас сиыры. Ал жалпы, қой, сиыр, жылқы етін де экспортқа шығарамыз.\n– Мал бордақылау ісі жолға қойылғаннан егістіктер де жақсарды. Шөп, бидай, арпа, жоңышқа, жүгері болсын, егін өсіріп, мал азығына қажет өнім шығарып жатқан шаруалар бар. Олардың өнімін алып, құнарлы мал азығын дайындауды жолға қойдық.\n– Сіздер 2023 жылы австралиялық тәсілді өндіріске енгіздіңіздер. Оның артықшылығы не?\n– Австралиялық тәсіл ашық алаңда ауқымды мөлшерде – бір уақытта 50 мың, 70 мың бас малды бордақылауға мүмкіндік береді. Сапасын бақылау жағы жақсы. Австралияның өзі осы әдіспен мал санын көбейтіп, қазір әлемде 2-3 орында тұр.\n– Форумда әріптестеріңіз атап өткен канадалық тәсіл, яғни малдың көбеюіне табиғи жағдай жасаудан өзгешелігі бар ма?\n– Иә, бұл мүлде басқа тәсіл. Біздікі мал азығымен бордақылауға негізделеді.\n– Қазақстанда да, сіз ет экспорттайтын елдерде де негізінен мұсылмандар тұрады. Халал стандарттары қаншалықты сақталады?\n– Халал сертификатын жыл сайын алып отырамыз. Қасапшыларымыз тұрақты түрде оқудан өтеді. Ол талаптардың негізгілеріне малды бауыздап сою, малға пышақты көрсетпеу, тазалық сақтау және басқалар жатады. Оның бәрін сақтаймыз және сақталуын үнемі қадағалаймыз.\n– Құрбан айтта ішкі нарықтағы сұраныс күрт артады. Халық шариғат жолымен таза сойылған мал ретінде бізге үлкен сенім артады. Сол сенімді ақтауға тырысып қызмет етіп жатырмыз."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/almatydagy-avtomatty-erte-eskertu-zuiesi-nege-zer-silkinisin-bolzamaidy", "title": "Алматыдағы автоматты ерте ескерту жүйесі неге жер сілкінісін болжамайды", "text": "Алматыдағы әрбір, тіпті қуаты әлсіз болса да, жер сілкінісінен кейін қала тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар туындайды:\nБіз осы және өзге де сұрақтарды тікелей Сейсмология институты деп аталатын Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына (СБЗҰҒО) жолдадық.\n2025 жылғы ақпанда институт басшылығы мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің Қырғызстаннан келген, атап айтқанда, Бішкектегі Орталық Азия қолданбалы геоғылымдар институтының (ОАҚГҒИ) басшылығы әріптестерімен маңызды кездесу өткізген болатын. Оның нәтижесінде өте маңызды ынтымақтастық келісімі жасалды. Бұл Қазақстанға жер қыртысын іргелі зерттеулер мен жер сілкінісін болжау саласында ғана емес, сонымен қатар, ескерту тұрғысынан да айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік болуы тиіс.\nДемек, AЕЕ жүйесінің жұмысы таяу болашақта үлкен өзгерістерге ұшырайды. Оның қалай болатынын СБЗҰҒО директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Руслан Гашимов айтып берді.\n– Руслан, бізге Қырғызстанмен ынтымақтасудың  қандай қажеттілік пайдасы бар?\n– Алдымен негізгі ұғымдарды түсініп алсақ дұрыс болар еді. Тарихқа көз жүгіртсек, басқа жердегідей Қазақстанда да алғашында тек ғылым ғана болған. Яғни, алдын ала ескерту немесе төтенше жағдай туралы хабарлау мәселелерімен ешкім айналысқан жоқ. Ал барлық сейсмикалық стансалар мен датчиктер геологиялық жағдайға сүйене отырып, ғылыми негіз бойынша орнатылған. Кеңес дәуірінен бері институт  жер қойнауын зерттеуге басымдық берді. Тиісінше, институтта жұмыс істейтін сейсмикалық стансалар желісінің өзі ғылыми желі болып табылады немесе оны осылай атаған дұрысырақ. Бұл сейсмологтар ғылымының мәселелерін шешу үшін арнайы жасалған өзіндік, бөлек жүйе екенін түсіну де маңызды.\nБастапқыда бәрі дұрыс жасалды: орнату орындары нақты тексерілді және негізделген. Яғни, бізде институт бар – оның міндеті – сейсмикалық жағдайды зерттеу, зерттеу жүргізу, теорияларды алға тартып, сынау, болжамды модельдермен жұмыс жасау. Сондай-ақ, қалалық ескерту жүйесіне қосылған AЕЕ жүйесі бар.\nЕске салатын ең бір маңызды мәселе тағы бар! СБЗҰҒО функциялары мен міндеттеріне сиреналарды қосу және ескертулер жіберу кірмейді – бұл Төтенше жағдайлар министрлігі мен әкімдіктің құзыретіндегі нәрсе, сондай-ақ, ескерту жүйелерінің жұмысы үшін де барлық жауапкершілік соларда. Бұл институттың жұмысы емес. Ол станциялардың желілерін жасайды, тиімді орнату нүктелерін жоспарлайды, қалыпқа келтіріп, реттейді, оларды біліктілікпен пайдаланады және сейсмикалық жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.\n– Ал жер сілкінісі туралы ескерту жүйесін құру идеясы туғанда, AЕЕЖ осы желіге қосылған шығар?\n– Иә, кейінірек әртүрлі елдерде автоматты ерте ескерту жүйесін (AЕЕЖ) орнату идеясы пайда болды. Оның идеясы басқа: сейсмикалық стансалардағы сенсорлар бастапқы сейсмикалық толқындарды тіркейді. Бұл, сондай-ақ, өте жақсы орнатылған әрі  дұрыс орнатылған арнайы сейсмологиялық жабдықты қажет етеді. Бірақ бұл желі, атап өтейін, бүгінде Сейсмология институтының желісі емес.\nСондай-ақ, конфигурация тұрғысынан ол жай геометриялық, станция ұяшықтары бар тор ретінде жеңілдетілген болуы керек екенін атап өткен жөн. Ал ерте ескерту жүйесінің идеясы мынада: сенсор неғұрлым алыс орналасса, мысалы, оңтүстікте, ол оңтүстіктен келетін сейсмикалық белсенді толқынды соғұрлым тезірек анықтай алады. Әдетте, олардың екеуі бар: біріншісі әлсіз, содан кейін жойқын толқын келеді. Бұл оқырмандардың кең ауқымына түсінікті болу үшін өте жеңілдетілген түсініктеме. Датчиктер желісі болғандықтан, осы таяуда  біздің әкімдікте AЕЕЖ желісін салайық деп шешті.\n– Сонымен  не болды? Біздің білуімізше, желі әлі де толық мүмкіндігінде жұмыс істей алмай, өз мақсатын толық орындамай келеді...\n– Желінің әлі толық аяқталмағанын айтқан жөн. Сондықтан одан толық жұмыс істеу міндеттерін талап ету әзірше дұрыс емес. Сонымен қатар, оны орналастыру процесінде көптеген  басқа да мәселелер қосымша қосылады және алғашқы 28 станса мүмкіндігінше тез және сенімді орнатуға болатын принцип бойынша көбірек орнатылды. Біздің заңнаманың көптеген нюанстары мен мәселелері бар, соның ішінде... Мәселен, біздегі  жекеменшік аумақтарда сейсмикалық датчиктердің орналасуы нақты реттелмеген.\nҚытайда бұл мәселеге ешкім мән бермейді – ғалымдар бұл жерде сейсмикалық станса болуы керек десе, ол кімнің  жер аумағы болғанына қарамастан, сол жерге орнатылады. Ал біздің датчиктер институттың сейсмикалық стансаларына жақын жерде, ал, бір жерлерде коммуникациялар мен жердің қолжетімділігі принципі бойынша орнатылды. Қазір оның 28-і бар, тағы 70-ін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің өңір үшін бұл сан мейлінше жеткілікті. Өйткені, Астанадан жер сілкінісі келмейді. Әйтсе де, қауіп бізден 100 шақырым жерде ғана орналасқан Қырғызстан жақтан келеді. Дәл осы бағытта бізде сенсорлар жоқ, бұл жерде олар  қажет-ақ. Сондықтан, АЕЕЖ  қазіргі конфигурациясында техникалық тұрғыдан толық жұмыс істей алмайды. Енді желіні дұрыс конфигурациялау және аяқтау қажет.\nБізде бірдеңе істеуге уақыт болмайды. Бұл көршілес мемлекеттердің аумағында болған жер сілкінісі оқиғалары кезінде де тиімсіз, себебі, жер сілкіністері Ыстықкөл мен Қытай жағында жиі болып тұрады, ал ол жақта біздің жүйеге  қосылған сейсмикалық стансалар әзірше жоқ.\n– Осы себепті біз қазір Қырғызстанмен келісім жасадық па?\n– Сонымен қатар, тек бұл ғана мәселе емес. Желіге аудит жүргізіп, бірінші конфигурацияда анықталған кемшіліктерді сараптай отырып, құрылыстың екінші кезеңі өнімділікті жақсартады және ең бастысы, көршілес елдерді де маңызды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл, өз кезегінде, олардың стансаларын біздің жүйеге қосуға және бірнеше құнды секундтарды алуымызға мүмкіндік береді. Біздің желіде стансалар неғұрлым көп болса, соғұрлым біз осы секундтарды ерте аламыз. Біз қырғыз тарапымен келіссөздер жүргізе бастадық, себебі, оларда да сенсорлар мен стансалар бар, егер біз жақтан жер сілкінісі болса, олар да жедел ақпарат алуға мүдделі.\n– Бірақ, AЕЕ жүйесі тиімсіз болса, оны неліктен жақсарту керек? Мүлде бас тарту оңай емес пе?\n– Бұл өте қате көзқарас. Орнатылған сейсмикалық станциялар артық жабдық емес, олар ғылыми мақсатта да пайдасын келтіреді. Ал, АЕЕЖ кеңейту жалпы сейсмикалық саланың тиімділігін арттырады. Мысалы, Қытайда, бір ғана Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 1836 станса болса, Қазақстанда әзірге жалпы 126 станса бар, институтта 98 және 28 АЕЕЖ бар. 2026 жылдың соңына дейін тағы 70 АЕЕ стансасы салынады.\nИнститутты цифрландыру және жер сілкіністерін талдау мен болжауда нейрондық желіні пайдалану бойынша одан да көп жұмыс жоспарлануда. Келесі кезең – Қытайды байланыстыру, өйткені, ол жақтан жер сілкінісі көп болады. Ал сенсорларды сол бағытта қосу арқылы әрбір 100 км сайын біз әрбір сенсордан шамамен 5 секунд аламыз. Бұл қауіпті жер сілкінісі болғанға дейін 10-15 секунд ұта алатынымызды және осы бағытта жұмыстың жүйелі жүріп жатқанын білдіреді. Сондықтан, бізде бар пішіндегі AЕЕЖ, әрине, өткен жылы қаңтарда жұмыс істемеді, содан кейін келесі жер сілкінісі кезінде де жұмыс істемеді. Барлығын түпкілікті пысықтау, аяқтау және көршілес елдердің мүдделерін ескере отырып олқылықтарды түзету керек. Сол үшін де жауапкершілікті сезіне отырып, жұмыс істеп жатырмыз. Жақында институт басшылығымен бірге Қытайда да болдық, онда Алматы қаласының әкімі мен біздің институт Қытайдың Ұлттық жер сілкінісі бюросымен де өте маңызды келісімдер жасады. Бірақ, бұл бөлек мақаланың тақырыбы.\n– Сонда жақын арада Қырғызстанмен ынтымақтастық қандай болмақ?\n– Мен  жоғарыда айтып өткенімдей, станцияларды көбірек қосуымыз қажет. Қамту аймағы неғұрлым кең болса, станциялар неғұрлым алыс орналасса, Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту дабылын  тезірек алып, сиреналарды қосады. Толқын келгенше бізде біраз уақыт болады. Біз сондай-ақ \"шикі деректер\" деп аталатын алмасу туралы да келістік – олар ғылымға көмектеседі.\nБіз AЕЕ желісін ғылыми деректерді өңдеуге мүмкіндік беретін тиімдірек құралға айналдырғымыз келеді. Әрбір сейсмикалық станцияның өзі әдепкі бойынша сейсмикалық оқиғалар туралы ақпаратты өңдейді. Ол дабылдарды жазып, кейбір параметрлерді береді. Бұл ескерту жүйесі үшін жеткілікті, бірақ ғылым үшін жеткіліксіз.\nАл \"шикі деректердің\" мәртебесі өзгешеге. Олар әлдеқайда үлкен және өңдеуі де әлдеқайда қиын. Егер мейлінше қарапайым етсек, онда жүйе деректерді мынадай түрде ғана: жер сілкінісі болды – деректер бар деп қана жіберер еді. Толық дерек болмаса, дұрыс талдау да болмайды деген сөз. Біз жұмысты станциялардың ғалымдар өз жұмысында пайдалана алатын \"шикі деректерді\" үнемі жіберіп отыратындай  етіп ұйымдастыруымыз керек.\n– Сондықтан да жоғарыда аты аталған нейрондық желі бұған көмектесуі керек пе?\n– Біз құрғалы жатқан нейрондық желіні қарапайым тұрғыда жасасақ, онда мұндай желі қауіпті бағалау жүйесі болып табылады. Ықтимал қауіптерді алдын ала бағалау үшін бізге нақты болжамдар қажет. Қазір болжамдық комиссия үнемі жиналып отырады, сонан кейін барып қана жер сілкінісі бола ма, болмай ма, сосын айтады. Бұған көп уақыт кетеді.\nБіз зертханалар мен сейсмикалық станциялардан орасан зор деректерді автоматты түрде тез жинайтын және мұндай болжамдарды тездететін жүйені құрғымыз келеді, бірақ, әрине, адамдардың жұмысын тоқтатпау қажет. Яғни, профессорларымыз зерттеу жүргізеді, теорияларын ұсынады, сейсмологиямен айналысады. Бірақ, нейрондық желі ақпаратты өңдеуді мүмкіндігінше тездетеді.\nАл егер жер сілкінісінің ауыр прекурсорлары пайда болса, бұл да тез көрсетіледі. Қазіргі уақытта стансалардан және әсіресе, кешенді зертханалардан алынған мәліметтердің келуі және өңделуі өте ұзақ уақытты алады. Ал нейрондық желі мұны бірнеше есе жылдам орындап, болжау жұмыстарының тиімділігін арттыра алады.\nБізге сондай-ақ, бүкіл өңірде Жер мәселесімен айналысатын институтпен ғана емес, сонымен қатар, азаматтық құрылыс және селден қорғау бойынша да тиімді жұмыстарды  жолға қоюымыз керек, яғни, біздің жұмысымыз бен сейсмологтардың қызметі, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметі көптеген салаларды қамтиды. Оның ішінде инженерлік желілер, құбырлар (су, мұнай, газ), электр желілері сияқты барлық инфрақұрылым нысандары – олардың барлығына дер кезінде ескерту алу өте маңызды. Бұған  жер үсті және жер асты  көліктері де кіреді. Бұл өте  ауқымды үлкен жұмыс, біз жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарында және өз ресурстарымыз жайлы да айтатын боламыз."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qaitadan-resei-men-qytaiga-taueldi-etui-mumkin-ekonomist-tramptyn-qazaqstanga-baz-salygyn-saluy-turaly", "title": "\"Қайтадан Ресей мен Қытайға тәуелді етуі мүмкін\". Экономист Трамптың Қазақстанға баж салығын салуы туралы", "text": "2025 жылғы 1 тамыздан бастап АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыздық кедендік баж салығы енгізіледі. Бұл жаңалық халықаралық деңгейде кең талқыланып, сарапшылар арасында түрлі пікір туғызды. АҚШ әкімшілігі мұны экономикалық қажеттілікпен байланыстырса, қазақстандық сарапшылар бұл шешімнің астарында геосаяси мүдде мен күш көрсету элементтері барын жоққа шығармайды.\nОсыған орай біз танымал экономист Әнуар Нұртазинмен сұхбаттасып, Трамптың бұл қадамының ықтимал себептері мен Қазақстан экономикасына әсерін, сондай-ақ сыртқы саудадағы болашағымызды талқыладық.\n– Трамп әкімшілігінің бұл шешімі қандай геосаяси немесе экономикалық себептерге байланысты болуы мүмкін?\n– Бұл шешім бір қарағанда ресми түрде экономикалық сипатта қабылданғандай көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, АҚШ-та бірқатар экономикалық мәселе ушығып, олар осы мәселелердің шешімін іздеп отыр. Алайда бұл мәселелерді өз есебінен емес, басқа елдердің есебінен шешу күн тәртібінде тұр. Трамп әкімшілігі бұл туралы тұрақты түрде айтып келеді. Дегенмен бұл тек экономикалық теория шеңберіндегі мәселе емес. Керісінше бұл шешімді билік тетіктері мен күш арқылы ықпал ету теориясы тұрғысынан қарастырған жөн. Яғни бұл – америкалық нарықты қорғауға бағытталған протекционистік саясаттың бір көрінісі.\nМұнда АҚШ-тың өзіне жақын емес елдерге, оның ішінде Қазақстанға да қысымды күшейту ниеті анық байқалады. Трамптың ерекше атап өткен тұсы – BRICS елдерімен тығыз экономикалық байланысы бар мемлекеттерге бағытталған саясат. Ал Қазақстан – географиялық орналасуы мен экономикалық байланыстары тұрғысынан бұл топқа кіріп отыр. Географияны өзгерту мүмкін емес, ал экономикалық байланыстар объективті шындық.\nҚорыта айтқанда, АҚШ-тың проблемасы – экономикалық, бірақ олар оны билік пен күш теориясы арқылы шешуге тырысып жатыр. Бар мәселе осында. Яғни бұл жерде бірінші кезекте – күш логикасы мен қысым саясаты басым.\n– Қазақстан тауарларына 25% кедендік баж енгізу нақты қандай өнімдерге әсер етуі мүмкін?\n– Бұл жерде айта кету керек тауарлардың тізімі бар және ол айтарлықтай кең. Алайда көп тауарға бұл баж салығы әсер етпейді, себебі олардың басым бөлігі – ресурстық өнімдер. Ал Қазақстан, шын мәнінде, ресурстан басқа аса көп тауар экспорттамайды. Нақтырақ айтсақ, 2023 жылы Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт көлемі 2 миллиард 270 миллион долларды құрады. Бұл соманың басым бөлігі шикізаттық өнімдерге тиесілі.\nАтап айтқанда, шикі мұнай – 1 миллиард 10 миллион доллар, өңделген мұнай өнімдері – 178 миллион доллар, ферроқорытпалар – 271 миллион доллар, мырыш – 126 миллион, қорғасын – 90,7 миллион, титан – 18,1 миллион, тантал – 15,1 миллион, темір құбырлар – 13,8 миллион доллар болды. Қымбат металдар тобы бойынша, күміс – 102 миллион, ал платина, палладий, алтын, иридий, осмий секілді асыл металдарды қамтитын басқа да бағалы металл өнімдері – 164 миллион доллар көлемінде экспортталған. Радиоактивті химиялық өнімдер, соның ішінде уран – 45,5 миллион долларды құрады.\nБұл мәліметтер Қазақстан экспортының құрылымында жоғары технологиялық өнімдер емес, табиғи ресурстар басым екенін көрсетеді. Яғни, Қазақстан АҚШ нарығында негізінен шикізат жеткізуші ел ретінде қалып отыр. Жалпы Қазақстаннан АҚШ-қа бағытталған экспорттың көлемі үлкен емес. Бұл, ең алдымен, географиялық алшақтықпен байланысты – АҚШ біздің елден тым алыста орналасқан. Сол себепті бұл баж салығының тікелей экономикалық әсері айтарлықтай болмайды. Керісінше, бұл жерде экономикалық ықпалдан гөрі – саяси күш немесе позицияны көрсету әрекеті айқын байқалады.\n– Бұл АҚШ тарапынан Қазақстанға бағытталған нақты экономикалық қысым ба әлде кең ауқымды протекционизм саясатының бір бөлігі ме?\n– Сонымен, бұл мақсатты экономикалық қысым ба? Жоқ, бұл – тікелей экономикалық қысым емес, бұл – билік тетіктері арқылы жасалып отырған күш көрсетудің айқын көрінісі. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше, онда либерализм, еркін сауда, ашықтық сияқты қағидаттар үнемі жарияланып келеді. Алайда, қазіргі жағдай АҚШ-тың шынайы ұстанымын көрсетті: ең бастысы – Америка мүддесі және олар қандай шешім қабылдаса – солай болады. Бұл жағдай – күшті елдің өз тәртібін өзгелерге таңуының мысалы. Бұл жерде тек Қазақстанға емес, жалпы әлемге бағытталған күш көрсету, саяси ескерту жатыр. Қазақстан – бұл ретте жеке дара нысана емес. Мұнда АҚШ \"әлсіз, экономикасы шағын, дамушы елдер үлкен державаның айтқанына бағынуы керек\" деген ұстаным танытып отыр. Бұл – күштінің диктаты және мәселе – осымен тәмам.\n– Осы баж салығы Қазақстанның экспорттық секторы мен жалпы экономикасына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?\n– Экспорттық секторға тікелей әрі күшті әсері болмауы мүмкін. Негізгі экспорт – бұл уран мен мұнай. Алайда қысқа мерзімде металлургия өнімдерін экспорттау бойынша белгілі бір қиындықтар туындауы ықтимал. Ал нағыз мәселе – ұзақ мерзімді перспективада жатыр. Себебі сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Tengizchevroil кен орнын АҚШ-қа \"сыйға берді\". Неге \"сыйға берді\" деп отырмыз? Өйткені келісімшарт құпия күйінде қалып отыр. Егер ол құпия болса, онда сату бағасы жарияланбаған, демек, шартты түрде тегін немесе символикалық сомаға берілген болуы мүмкін.\nСонымен, біз табиғи байлығымызды, яғни Құдай берген ресурстарды Америкаға тегін беріп қойғаннан кейін, енді АҚШ-қа біз қажет болмай қалдық. Осыдан келіп, баж түріндегі шектеулер, экономикалық тосқауылдар енгізіліп жатыр. Бұл жағдай – ресурстарға бағытталған мәміле әрі ол АҚШ пен Украина арасындағы келісімдермен ұқсас, тек Қазақстанға қатысты қатаңдау болуы мүмкін, себебі ол әлі күнге дейін жоғары құпия деңгейінде сақталып отыр. Ал біз АҚШ үшін енді қызықсыз болсақ, онда АҚШ экономикалық және тарифтік шектеулер енгізеді.\nБұл не деген сөз? Бұл Қазақстанда жоғары технологиялық экспорттық өнімдер жоқ әрі жақын арада болмайтыны анық деген сөз. Себебі технология мен капитал экспорттаушы, яғни негізгі инвестор елдердің барлығы АҚШ-тың не істеп жатқанын мұқият бақылайды. Олар өз әрекетін Америкамен келісіп отырып жүзеге асырады. Яғни шартты түрде айтқанда, Германия, Франция, Жапония немесе Ұлыбритания АҚШ инвестиция салмаған елдерге өз қаржысын құймайды. Өйткені олардың ортақ ұстанымы және бірізді инвестициялық саясаты бар.Осылайша басқа елдер де осы жағдайды бақылап, Қазақстанға өндірістік тізбектерін орналастырудан бас тартуы мүмкін, себебі олар америкалық нарыққа тауар жеткізуге мүмкіндік жоқ екенін көреді. Яғни бұл – жанама түрде инвестицияларға тыйым салу дегенді білдіреді.\nБіз ұзақ жылдар бойы \"бізге шетелдік инвестициялар керек\" деп айтып келеміз, ал бұл шектеулер – инвестицияға тосқауыл. 2024 жылы Қазақстанда инвестиция көлемінің айтарлықтай төмендегені байқалды және Орталық Азия елдері ішінде таза инвестициялық ағын бойынша соңғы орынға түстік.\n– Мұндай кедендік саясат Қазақстандағы кәсіпорындардың (әсіресе экспорттаушы) бәсекеге қабілеттілігіне қалай ықпал етуі мүмкін?\n– Шын мәнінде, бізде бәсекеге қабілеттілік жоқ, өйткені экспортқа негізінен шикізат шығарамыз. Ал шикізат – кез келген жағдайда сатып алынатын өнім, себебі оның бағасы аса жоғары емес және қосылған құны өте төмен. Сол себепті қысқа мерзімде айтарлықтай проблема болмайды. Алайда негізгі қиындықтар ұзақ мерзімді болашақта туындауы мүмкін. Билік және геосаяси ықпал теориясы тұрғысынан қарағанда, бұл жағдай – өңірге жаңа инвестициялар салуға және жоғары технологиялық өндірістік тізбектерді құруға тосқауыл ретінде қабылдануы ықтимал.\nНәтижесінде, біздің нарық біртіндеп тарылып, капитал басқа аймақтарға ауысуы мүмкін. Ол аймақтар дамымаған болса да, инвесторлар үшін геосаяси тәуекелі азырақ. Осының салдарынанҚазақстанға келетін қаржы ағыны азаяды, яғни ұзақ мерзімді перспективада экономикаға түсетін кіріс аз болады.\n– Қысқа және ұзақ мерзімді салдарына кеңінен тоқтала аласыз ба?\n– Экспорттың АҚШ бағытындағы көлемі физикалық тұрғыда азая қоймайды деп болжауға болады. Тек бағалық жағынан аздаған төмендеу болуы мүмкін. Ал логистикалық есептеулерді қайта бағалау болса – бұл процесс онсыз да үздіксіз жүріп жатыр. Алайда біз үшін басты кедергі – география. Неге десеңіз, Қазақстан Қытай, Ресей, Ауғанстан және Иран секілді елдердің арасында орналасқан. Ал бұл мемлекеттердің барлығы АҚШ тарапынан бұрын-соңды болмаған санкциялық қысымға ұшыраған. Сәйкесінше, бұл елдер Вашингтон үшін \"дұшпан елдер\" ретінде саналады.\nАлҚазақстан осы ахуалдың геосаяси тұтқынына айналып отыр. Сондықтан ұзақ мерзімді оң перспективалар туралы айту әзірге қиын. Сыртқы экономикалық байланысты әртараптандыру мәселесіне келсек, Қазақстан бұл бағытта белсенді әрекет етіп отыр – өздеріңіз білесіздер, еліміз көпвекторлы саясат ұстанады, оның ішінде экономикада да.Алайда осы көпвекторлы бағыттың өзі бізді әрбір ірі ойыншыға тәуелді етіп қояды. Соның салдарынан, жауапкершілік көбейіп, ал нақты экономикалық пайда азаяды. Міне, мәселенің түп төркіні – осы.\n– Мысалы, Қазақстан үкіметі, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) бұл шешімге қандай жауап қайтара алады?\n– Шыны керек, Қазақстан – әлсіз әрі экономикасы шағын мемлекет. Бұл – жағымсыз болса да, бүгінгі геосаяси шындық. Сондықтан үкімет тарапынан қандай да бір қатаң жауап немесе қарсы шаралар күтудің өзі шынайы емес. Қуатты державаларға қарсы тұру – әлсіз елдер үшін қиын. Ал Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бұл мәселеге ортақ, біртұтас реакция білдіруі екіталай, өйткені бұл шешім бүкіл одаққа қарсы бағытталмаған. Бұл – негізінен BRICS елдеріне жақындасу тенденциясымен байланысты. Яғни бұл жерде Қытай, Ресей, Үндістан алдыңғы қатарда тұр.\nҚазақстан аталған елдердің барлығымен шекаралас әрі бұл – географиялық ақиқат, оны өзгерту мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл елдермен Қазақстан тарихи тұрғыдан сауда қарым-қатынаста болып келеді – бұл байланыстар соңғы 5-10 жылдың емес, мыңдаған жылдық тарихтың жемісі. Мысалы, Ұлы Жібек жолы да Қазақстан арқылы өткен, сол арқылы біз Қытаймен ежелден-ақ сауда жасағанбыз. Сондықтан бүгінде бұл елдермен экономикалық қатынасты тоқтату мүлде мүмкін емес.\nАл егер олармен байланысты үзбесек – АҚШ-тың көңілінен шығу да мүмкін емес.АҚШ-ты жақсы қатынасқа көндіру үшін не сыйлау, не ымыра ұсыну керек.Бірақ қазір біз бере алатын ештеңе қалмағандай. Бұған дейін беретініміздің бәрін беріп қойдық, енді жаңа \"сыйлық\" та, жаңа мүмкіндік те жоқ. Сондықтан Қазақстан тарапынан нақты бір жауап немесе қатаң мәлімдеме болмайды. Өйткеніәлемдегі №1 экономикамен ашық қақтығысқа бару – біз үшін стратегиялық тұрғыдан тиімсіз.\nҚысқасы, біздің ұстаным – бейтараптық пен икемділік. Міне, қазіргі ахуал осылай сипатталады.\n– Бұл жағдай екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға кері әсер етуі мүмкін бе?\n– Мұны былай түсіндірсек болады: біз – Қазақстан тарапы – АҚШ-пен сауда-экономикалық қатынасымыз бар деп есептейміз, ал АҚШ бұл қарым-қатынасты маңызды деп санамайды. Егер олар бұл байланысты маңызды деп есептеген болса, онда мұндай шешімдерді алдын ала бізбен келісіп, кем дегенде екіжақты келіссөздер жүргізер еді. Ондай процесс мүлде байқалмай отыр. Демек, бұл жағдай Қазақстан үшін теріс үрдістің бастамасы. Қысқа мерзімде бұл аса байқалмауы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді келешекте бұл инвестицияларға жасырын тыйым салу формасына айналуы ықтимал.\nОның салдарынан іскерлік белсенділік бәсеңдейді, қаржылық ағын тежеледі, Қазақстанға деген сенім азаяды. Осының барлығы Қазақстан үшін ғана кері нәтиже береді, өйткені біз – экономикалық жағынан әлсіз елміз, және мұндай жағдайда құдіретті елдердің билік саясатынан ең алдымен осал елдер зардап шегеді. Бұл жерде мен ешқандай асыра сілтеп отырған жоқпын – бұл геосаяси реализм.\nДемек, бізге не істеу керек?Біз балама серіктестерді – диалогқа дайын, тең дәрежеде сөйлесетін ойыншыларды табуға тиіспіз. Себебі қазіргі таңда АҚШ Қазақстанмен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ, ол талап қояды және оның орындалуын күтеді.\n– Қазақстан бұл жағдайдан шығу үшін қандай стратегия қолдануы мүмкін?\nҚазақстанның бұл жағдайдан шығу бойынша нақты стратегиясы жоқ. Иә, әрине, дипломатиялық белсенділік бар, форумдарға шақыру, кездесулер өткізу, келіссөздер жүргізу, қандай да бір ымыра іздеу, квоталарды қайта бөлу сияқты әрекеттер жасалуы мүмкін. Бірақ ел ішінде өңдеуші салаларды дамытуды ынталандыру – қиын міндет. Неге? Өйткені төлем қабілеті төмен, экономика ауқымы шағын, халық саны аз.\nҚазақстанда шамамен 20 миллион адам тұрады, бұл – ішкі нарықты дамытуға жеткіліксіз. Сонымен қатар, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге қажетті технологиялар бізде жоқ.Сондықтан қазіргі таңда қолымыздан келетіні – сыртқы сауданың географиясын кеңейту ғана.\nАлайда бұл бағыттың да бірқатар шектеуі бар: Ресеймен біз бәсекелеспіз, өйткені екеуміз де негізінен ресурстық тауарларды экспорттаймыз. Қытай нарығында біз бәсекеге қабілетті емеспіз. Үндістан – ірі нарық, бірақ ол бізге Ауғанстан мен тау жоталары арқылы ғана қолжетімді, бұл – табиғи тосқауыл.\nҚалған бірден-бір бағыт – Иран арқылы өтетін \"Солтүстік – Оңтүстік\" дәлізі. Бірақ Иран қатаң санкция астында. Сонымен бірге Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (ТМТМ) бар: Ол арқылы жүк алдымен Ақтау мен Баку порттары арқылы теңізбен өтеді. Содан кейін Әзербайжан – Грузия – Түркия арқылы құрлықпен, одан соң тағы да теңізбен тасымалданады. Бірақ бұл бағыт тым көп аралық кезеңнен тұрады: Каспий теңізі, құрлық шекаралары, таулы аймақтар, кедендік рәсімдеу. Бұл – логистика құнының күрт өсуіне алып келеді. Нәтижесінде тауардың соңғы бағасы қымбаттап, бәсекеге қабілеттілігі төмендейді.\nОсыған байланысты бірден-бір шынайы бағыт – Ресеймен немесе Қытаймен кластерлік өндірістік модель қалыптастыру. Мүмкін Орталық Азия елдерімен де бірлесу қарастырылуы мүмкін, бірақ бұл аймақтың өзі экономикасы шағын, жағдайы ұқсас елдерден тұрады. Осылайша, бұл жағдайбізді қайтадан Ресей мен Қытайға тәуелді етуі мүмкін.\nЖақсы ма, жаман ба – бұл даулы сұрақ. Жаңа өндіріс көздерінің ашылуы – жағымды құбылыс, бірақ бұл Қазақстан ұстанып отырған көпвекторлы саяси-экономикалық бағытқа қауіп төндіреді. Тәуекелдер өседі.\nСыртқы сауданың географиясын кеңейту туралы айтқанда, бізде Парсы шығанағы елдері бар, бірақ бұл да өз ерекшеліктері бар нарық, онда сату көлемі өте төмен. Қазақстаннан экспорт негізінен Еуроодаққа бағытталады, ол да ресурстық сипаттағы – мұнай мен газ, энергетикалық шикізат. Бұл экспорт негізінен Ресей арқылы жүзеге асады. Ал азиялық нарыққа шығу – өте күрделі міндет, өйткені соңғы нүкте – Қытай порттары, ал бұл нарықта біз бәсекеге төтеп бере алмаймыз. Қалған бір ғана жол – ішкі нарықты дамыту. Яғни, халық санын арттыру, халықтың табысын өсіру. Сонда ғана төлем қабілетті сұраныс артып, ішкі тұтыну мен өндіріс жанданады.\nБірақ бұл – теориялық мүмкіндік қана. Неге теориялық? Себебі бұл – аса күрделі стратегиялық шешімдер мен ауқымды мемлекеттік ресурстарды талап етеді. Ал қазіргі жағдайда мұндай қадамдардың жүзеге асу ықтималдығы өте төмен. Басқаша айтқанда – не 0%, не 0,1%.\n– Сауданы әртараптандыру, альтернативті нарықтар іздеу қаншалықты шынайы әрі тиімді жол болар еді?\n– Тағы да нақты түсіну керек нәрсе – біз үшін \"балама нарық\" дегеннің нақты не екенін анықтап алу қажет. Іс жүзінде ең ықтимал әрі тиімді бағыт – бұл ішкі нарықты нығайту, яғни: импортты алмастыру саясатын шынайы іске асыру, Қазақстандағы қазақ халқының санын күрт арттыру және ең бастысы – олардың табысы мен төлем қабілетін айтарлықтай көтеру. Ол үшін ресурстық табысты әділ бөлу механизмін қайта қарау, сондай-ақ жалпы ресурстық саясатты ұлттық мүдде тұрғысынан түбегейлі реформалау қажет. Бұл – нақты әрі шынайы қадамдар, бірақ оларды іске асыру үшін саяси ерік-жігер қажет.\nАҚШ-тың қазіргі әрекеттері әлемге не көрсетіп берді? Олар либерализм теориясының қате екенін, халықаралық құқықтың шын мәнінде ешқандай салмағы жоқ екенін, ал шын өмірде тек\"Кімнің әлеуеті басым – шешім соған қарай бейімделеді\"деген қағида үстем екенін анық көрсетті. Қалғанының бәрі – жай ғана \"әдемі сөздер\", бос әңгіме.\nБіз, сарапшылар, бұл шындықты баяғыдан түсініп, біліп отырғанбыз. Бұл жерде ешқандай тосын жайт жоқ. Сондықтан Қазақстан үшін нақты, іске жарамды қадам – жоғарыда айтылғандай: ішкі сұранысты күшейту, халықтың әл-ауқатын арттыру, ресурстық саясатты қайта қарау. Ал \"сауданы әртараптандыру\" немесе \"жаңа нарықтарға шығу\" деген ұрандар – іс жүзінде капитализм жағдайында өте шектеулі. Неге? Өйткені капитализмде ең құнды ресурс – бұл нарықтың өзі. Ал бөтен елдің нарығына кіргіңіз келсе – сізден \"сен кім едің өзі?\" деп сұрайды. Мысалы: Үндістанға қазақтар не үшін керек? Қытайға қазақтар не үшін керек? Шындық – ешкім ешқайда бізді күтіп отырған жоқ. Бұл – қалыпты жағдай. Бұл – капитализмнің заңдылығы.\nЕске салсақ, 2025 жылдың 2 сәуірінде Дональд Трамп әлемнің түрлі мемлекеттерінен келетін тауарларға жаппай кедендік баж салықтарын енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сол кезде Қазақстаннан келетін тауарларға 27 пайыздық баж енгізу жоспарланған еді. Алайда, қаржы нарығындағы тұрақсыздықтарға байланысты АҚШ билігі бұл шешімнің күшін уақытша тоқтатып, тараптармен келіссөз жүргізу үшін тек 10 пайыздық баж мөлшерін қалдырған болатын. Аталған тоқтату мерзімі 9 шілдеде аяқталады.\nАҚШ қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, егер 1 тамызға дейін сауда келіссөздерінде алға жылжу байқалмаса, Вашингтон кедендік баждарды қайта қалпына келтіреді. Ал 7 шілдеде Трамп кез келген ел, егер ол БРИКС-тің антиамерикалық бағытына қосылатын болса, қосымша 10 пайыз көлемінде баж салығына ілігетінін мәлімдеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanda-aue-biletinin-ortasa-quny-5-kundik-zalaqydan-aspaidy-iata-europa-boiynsa-vice-prezidenti", "title": "Қазақстанда әуе билетінің орташа құны 5 күндік жалақыдан аспайды – IATA Еуропа бойынша вице-президенті", "text": "Маусымның басында Үндістан астанасында өткен IATA қауымдастығының кезекті жиналысы әлемдегі авиация саласындағы қауіпсіздік, отын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, табысты арттыру және өзге де мәселелерді қозғаған болатын. Соңғы жылдары салаға экономикалық және қаржылық мәселелерден бөлек, саяси жағдайлар да айтарлықтай ықпалын тигізіп жатыр. Осы орайда, бұл өзгерістер тікелей Қазақстан нарығына қандай әсерін беріп жатқаны туралы IATA-ның Еуропа бойынша өңірлік вице-президенті Рафаэль Шварцманмен сұхбаттастық.\n– Нью-Делиде өткен IATA жиналысында әлемдегі әуе парктерінің ескіру мәселесі көтерілді. Өкінішке қарай, болжамға сәйкес, ұшақтардың орташа жасы арта береді. Бұл ретте Қазақстан мен Орталық Азиядағы жағдай қандай?\n– Қазіргі таңда әлемдегі әуе кемелерінің орташа жасы шамамен 14,8 жылды құрайды. Бұған жаңа ұшақтарды жеткізудегі іркілістер себеп. Ал жалпы Орталық Азиядағы ұшақ паркі жаһандық орташа деңгейден шамамен 5 жылға ескі. IATA жиынында бұл мәселе ұшақ жеткізудегі шектеулерге байланысты өндірістің баяулауынан туындағаны айтылды. Алайда бұл қауіпсіздікке тікелей әсер ететін мәселе емес. Бұл – отын үнемділігі мен қоршаған ортаға әсер тұрғысынан маңыздырақ. Жаңа ұшақтар аз отын тұтынады, шығарындылары аз болады. Сондай-ақ, олардың дыбысы да төменірек, бұл әуежай маңында тұрғындар мен кәсіпорындар үшін тиімді.\nАл қауіпсіздікке келсек, Қазақстан үшін ең бастысы – халықаралық стандарттарға сай болу. Мысал ретінде IATA-ның операциялық қауіпсіздік аудитін (IOSA) атауға болады. Қазақстандағы Air Astana, Fly Arystan, Scat Airlines және Qazaq Air сынды ірі әуе компанияларының IOSA сертификатына ие болуы – өте жоғары көрсеткіш.\n– Қазақстанның авиациясы IATA стратегиясында қандай рөлге ие және оның әлеуетін қалай бағалайсыз?\n– Қазақстанның авиация саласы жыл сайын 10%-дан аса өсіп келеді. Бұл – алдағы 20 жылда дамушы авиация аймақтары үшін болжанған жаһандық орташа көрсеткіштен екі есе көп. Қазақстан әуежай инфрақұрылымына инвестиция салып жатыр, егер реттеушілік мүмкіндіктерін де осы қарқынмен дамыта алса, онда Орталық Азияда көшбасшылық орынға ие болады.\n– Үндістандағы ұшақ апатын ескере отырып, Орталық Азиядағы әуе қауіпсіздігіне қандай баға бересіз? IATA жиналысында жаңа рейстер саны ұшақ паркін жаңарту қарқынынан озып бара жатқаны айтылды. Бұл қауіпсіздікке кері әсер ете ме және апаттар санының жыл сайын арта түсу қаупі бар ма?\n– Бұған дейін айтқанымдай, ұшақтарды жаңарту қауіпсіздікке тікелей әсер етпейді. Барлық ұшақтар қатаң сертификаттау мен техникалық қызмет көрсету талаптарына сай болуы керек. Сонымен қатар, ұшқыштар да қайта даярлаудан өтіп, қатаң түрде бақылауда болады.\n– Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азиядағы авиация нарығының даму қарқыны аса жоғары емес. Алайда аймақтың теңізге тікелей шыға алмауы әуе жүк тасымалының дамуына жақсы ынталандыру болуы тиіс деген ой келеді. Қазақстандық авиация саласының дамуының перспективасы қандай?\n– Қазақстан теңізге тікелей шыға алмайтын ел болғанымен, оның экономикасы мен негізгі экспорт өнімдері (мұнай, пайдалы қазбалар мен металдар) әуе жүк тасымалының қарқынды өсуіне көп мүмкіндік бере бермейді.\nБірақ жолаушылар тасымалы бойынша жағдай бөлек. Соңғы он жылда Қазақстанда жолаушылар тасымалы 57%-ға өсті, ал соңғы 5 жылда 107 жаңа халықаралық бағыт ашылды. IATA-ның әуе байланысы индексі 2014 жылдан бері Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты аймағымен байланысы аздап төмендегенін көрсетсе де, басқа елдермен байланысы 150%-дан аса өскен. Бұл – нарықта әлі де үлкен әлеует бар екенін көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстанда әуе билеттерінің орташа құны 5 күндік жалақыдан аспайды, бұл да нарықтың кеңеюіне мүмкіндік барын білдіреді.\n– IATA мен Қазақстанның авиациялық отынмен қамтамасыз ету және декарбонизация бағытындағы жоспарлары қандай? Қазақстанда тұрақты авиациялық отынды (SAF) өндіру мүмкіндігі бар ма?\n– 2021 жылы авиация 2050 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын нөлге дейін төмендету мақсатын қойғаннан кейін, тұрақты авиациялық отын (SAF) бұл стратегияның басты элементіне айналды. SAF көмірқышқылын азайтудағы 65% үлесті қамтамасыз етуі тиіс, яғни қазіргі жылына 2,5 миллиард литрден 2050 жылға қарай 450 миллиард литрге дейін өндіру қажет болады.\nSAF өндірісін дамыта алған мемлекеттер осы сұраныстан пайда көре алады. Қазақстанда SAF шикізаты жеткілікті болғандықтан, экспорттық әлеуеті зор. Дегенмен, өндірілген SAF отыны Jet A-1 стандартына сай болуы керектігін ескеру маңызды. Мысалы, Ресей мен ТМД елдерінде кең таралған TS-1 стандарты бұл мақсатқа сай келмейді.\n– Әлемнің әр түкпіріндегі соғыстар мен әскери операциялар авиацияның дамуына, соның ішінде Орталық Азияға қалай әсер етуде? IATA бірнеше рет азаматтық ұшақтар ешқашан әскери мақсатпен немесе қандай да бір қателікпен нысанаға алынбауы қажет екенін мәлімдеді. Алайда өмірде өзгеше жағдайлар да болып жатыр...\n– 2023 жылы желтоқсанда Әзербайжан әуе жолдарының (AZAL – ред.) №8243 рейсінің апатқа ұшырауы бұл қауіптің нақты екенін көрсетті. Азаматтық авиация әскери қақтығыс жағдайында нысана болмауы тиіс, бірақ өкінішке қарай, кейде солай болып жатыр. Мұндай жағдайлар азаматтық ұшулар үшін көптеген әуе кеңістігінің жабылуына алып келді. Дегенмен, қазіргі қауіпсіздік жүйесі ұшақтарды қорғауға жеткілікті деңгейде.\nШын мәнінде, Ресей әуе кеңістігінің (және керісінше, ЕуроОдақ әуе кеңістігінің Ресей ұшақтар үшін) жабылуы Орталық Азия үшін Еуропа мен Азия арасындағы көпір болуға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл – қауіпсіздікке қатысы жоқ саяси шешім. Біз бұл қақтығыстар тез және әділ шешіліп, адамдардың еркін саяхаттауы үшін мүмкіндіктер туады деп үміттенеміз."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-dollar-aytarlyiktay-kyimbattadyi-371951/", "title": "Қазақстанда доллар айтарлықтай қымбаттады", "text": "Қазақстанда 2 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nҚазақстанда 2 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nKASE Қазақстан қор биржасындағы күнделікті сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 502,60 теңге болып, 4,91 теңгеге жоғарылады. Осылайша, доллар бағам қайтадан нарық үшін маңызды межеден асты.\nҰлттық банк белгілеген ресми бағам – 497,56 теңге.\nkurs.kzдеректері бойынша, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы:"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/suicid-alsizdik-emes-belgi-psixoanalitik-balalar-suicidin-aldyn-alu-zoldary-turaly-angimeledi", "title": "\"Суицид – әлсіздік емес, белгі\": Психоаналитик балалар суицидін алдын алу жолдары туралы әңгімеледі", "text": "Соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі қоғамда ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл – жай ғана статистикалық мәлімет емес, терең психоэмоционалдық себептерге негізделген әлеуметтік және рухани дағдарыстың көрінісі. Әсіресе балалық шақтағы психологиялық жарақаттар, отбасындағы қарым-қатынас, әлеуметтік қысым мен цифрлық әлемдегі буллинг – суицидалды ойлардың қалыптасуына әсер ететін жасырын, бірақ қауіпті факторлар.\nОсы өзекті тақырып аясында психоаналитик Жанар Оспановамен арнайы сұхбат құрдық. Маманның айтуынша, суицид – бұл әлсіздіктің емес, көбіне естілмей қалған ішкі жанайқайдың көрінісі. Сұхбат барысында суицидалды мінез-құлықтың психологиялық табиғаты, психоанализдегі орны, балалар мен жасөспірімдердегі даму механизмдері және алдын алу жолдары туралы терең түсінік алуға тырыстық.\n– Суицидалды мінез-құлықтың психологиялық табиғаты қандай? Балалар мен жасөспірімдерде ол қандай механизм арқылы қалыптасады?\n– Суицидалды мінез-құлық – бұл адамның өзіне қасақана зиян келтіру немесе өмірден кетуге ұмтылуы. Ол тек жеке адамның ішкі күйзелісін емес, сонымен бірге әлеуметтік ортадағы шиеленісті қарым-қатынастар мен терең психологиялық жарақаттардың жиынтық нәтижесін көрсетеді. Психоанализге сүйенсек, суицид көбіне бейсаналық агрессияның өзіне бағытталуынан туындайды. Фрейдтің пайымынша, бұл – адам ішіндегі жиналған реніш пен ашуды сыртқа шығара алмай, өзін жазалау арқылы көрсету. Балалық шақтағы махаббат жетіспеушілігі, қабылданбау сезімі мұндай механизмді күшейтеді.\nКарен Хорни мен Мелани Кляйн ішкі \"жақсы\" мен \"жаман\" объектілердің күресін айтады. Егер бала өзін сүйікті әрі қажетсіз сезінсе, оның бейсанасында өмірдің мәнсіздігі туралы ой қалыптасуы мүмкін. Жасөспірімдер эмоцияны сөзбен жеткізуде қиындық көреді, әсіресе ұят, жалғыздық пен үмітсіздік жағдайында. Бұл ішкі күйзеліс өзін-өзі жарақаттау немесе тұйықталу арқылы көрінеді. Жасөспірімдік дағдарыс кезінде өзін табуға, өмірдің мәнін ұғынуға деген сұраныс жауапсыз қалса, бұл да суицидке апаруы мүмкін. Сонымен қатар, жас ерекшелігіне тән \"туннельдік ойлау\" – яғни қиындықты мәңгілік трагедия деп қабылдау – балама шешім көруді шектейді. Ал отбасылық жанжал, буллинг, киберқысым сынды сыртқы триггерлер бұл ішкі күйді күшейте түседі. Суицид ішкі қақтығыстардың, мысалы,\"жақсы болғым келеді\" мен \"мен ешкім емеспін\" арасындағы шешілмеген көрінісіболуы мүмкін. Бұған қоса, серотонин деңгейінің төмендігі, генетикалық бейімділік пен тұлғалық бұзылыстар да бейсаналық деңгейде суицидалды мінез-құлыққа ықпал етеді.\n– Психоанализ тұрғысынан суицидке бейімділіктің бастауын қалай түсіндіреміз? Бұл – саналы таңдау ма әлде бейсаналық күйдің көрінісі ме?\n– Психоанализ бұл құбылысты негізінен бейсаналық күйдің көрінісі ретінде түсіндіреді. Зигмунд Фрейдтің теориясы бойынша, суицид – адам бойындағы ішкі агрессияның өзіне бағытталуы. Яғни, бала немесе жасөспірім сыртқы объектіге (мысалы, ата-анаға, қоғамға) ренішін ашық көрсете алмаған кезде, оны ішке жұтып, өзін жазалауға бейім болады. Мұндай бейсаналық импульс көбіне махаббат пен агрессияның қарама-қайшылығынан, өзін кінәлі сезінуден, қабылданбағандықтан туындайды. Сондықтан суицид – саналы шешімнен гөрі, ішкі қақтығыстар мен шешілмеген жарақаттардың бейсаналық әрекетке айналуы. Ол – көмекке деген үнсіз шақыру, өзін түсінуді, тыңдауды, қабылдауды аңсаудың ең шеткі көрінісі.\n– Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіштерінің артуына әсер ететін әлеуметтік-психологиялық факторлар қандай деп ойлайсыз?\n– Қазақстанда суицид деңгейінің жоғары болуына бірқатар әлеуметтік-психологиялық факторлар ықпал етеді. Ең алдымен – отбасындағы эмоционалдық суықтық, ата-ананың назарсыздығы немесе керісінше, шамадан тыс қатаң бақылауы. Балалар өздерін бағаланбаған, қажетсіз сезінеді. Сонымен қатар, мектептегі қысым, буллинг, мұғалімдер мен қатарластардың түсінбеушілігі де маңызды рөл атқарады. Жасөспірімдік кезеңдегі қабылданбау, жалғыздық, өз орнын таба алмау – суицидке итермелеуші ішкі дағдарыстарға әкеледі. Қазіргі цифрлық заманда әлеуметтік желідегі идеалданған бейнелер, кибербуллинг пен лайк-бағалар арқылы бағалау жүйесі де балалардың психологиялық тұрақтылығына кері әсер етеді. Мұның бәрі – әлсіз өзіндік бағалау мен үмітсіздік сезімін күшейтетін сыртқы қысымдар.\n– Психоанализде балалық шақтың адам психикасына әсері өте терең зерттеледі. Бала кезіндегі эмоционалдық жарақаттар кейін суицидалды тенденцияларға әкелуі мүмкін бе?\n– Иә, психоанализ бұл байланысты айқын мойындайды. Бала кезінде алған эмоционалдық жарақаттар – мысалы, ата-ананың немқұрайлығы, сүйіспеншілік пен қауіпсіздіктің жетіспеуі – адамның ішкі әлемінде тұрақсыз өзіндік бейне қалыптастырады. Мұндай бала өзін кінәлі, махаббатқа лайық емес, қажетсіз сезінуі мүмкін. Бұл бейсаналық жарақаттар жасөспірім шақта экзистенциалдық дағдарыс кезінде ушығып, өзін-өзі жоюға итермелейтін терең ішкі қақтығыстар туғызуы ықтимал. Демек, балалық шақтағы еленбей қалған психологиялық ауыртпалықтар ересек өмірде суицидалды бейімділіктің негізін қалауы мүмкін.\n– Ата-ана мен баланың байланыс стилі суицидалды ойлардың пайда болуына қалай ықпал етеді?\n– Ата-ана мен бала арасындағы байланыс стилі – баланың өзін бағалауы мен әлемді қабылдауына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Егер ата-ана эмоционалды қолдау көрсетпесе, баланың сезімдерін елемесе немесе тек талап қойып, сүйіспеншілік білдірмесе, бала өзін маңызды емес, қажетсіз сезінуі мүмкін. Қатаң, бақылаушы байланыс түрі де кері әсер береді: балада дербестік болмаған сайын, ішкі еркіндігі тұншығып, өзін қоғамда көрсетуге сенім азаяды. Ал бейжай, салғырт қарым-қатынас жағдайында бала мүлде елеусіз қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда балада жалғыздық, үмітсіздік сияқты күйзелісті эмоциялар жиналып, олар суицидалды ойлардың туындауына себеп болуы мүмкін. Яғни,ата-ана мен баланың арасындағы сенімге негізделген, ашық әрі қабылдаушы қарым-қатынас – суицидтің алдын алудың ең маңызды психологиялық негізі.\n– Отбасылық динамика (мысалы, шектен тыс бақылау, немқұрайлық, зорлық-зомбылық) суицидке итермелеуші жасырын фактор бола ала ма?\n– Иә, бұл факторлар – суицидалды мінез-құлықтың маңызды, бірақ көбіне жасырын триггерлері. Шектен тыс бақылау кезінде бала өзін жеке тұлға емес, ата-ананың \"жобасы\" сияқты сезінеді, ал бұл дербестіктің жойылуына, ішкі күйзеліс пен қарсылыққа әкеледі. Немқұрайлық – баланың еленбеуі мен бағаланбауын тудырады. Балада \"менің бар-жоғым бәрібір\" деген ой қалыптасуы мүмкін. Ал отбасындағы зорлық-зомбылық (эмоциялық, физикалық немесе жыныстық) – баланың қауіпсіздік сезімін бұзып, үнемі қорқыныш пен кінә сезімінде өмір сүруге итермелейді. Мұндай деструктивті отбасылық жағдайлар баланың ішкі әлемінде құндылық дағдарысын, өмірдің мәнсіздігін және болашаққа сенімнің жоғалуын туғызуы мүмкін. Бұл – суицидке бейімделудің терең психологиялық негізі.\n– Жасөспірімдерде кездесетін экзистенциалды дағдарыстар (өзін-өзі табу, мағына іздеу, қабылданбау қорқынышы) суицидалды мінез-құлыққа қалай әсер етеді?\n– Жасөспірімдік кезең – адамның өзін тануға, өмірдің мәнін ұғынуға талпыныс жасайтын аса сезімтал әрі күрделі даму сатысы. Бұл уақытта экзистенциалды дағдарыстар, яғни \"Мен кіммін?\", \"Өмірімнің мәні неде?\", \"Мені шын қабылдай ма?\" деген терең сұрақтар пайда болады. Егер осы ішкі ізденістер түсіністік пен қолдау таппаса, жасөспірім өзін жалғыз, оқшау, мағынасыз күйде сезінуі мүмкін. Қабылданбау, назардан тыс қалу немесе үміттің ақталмауы – өмірдің мәні жоғалғандай әсер қалдырып, суицидалды ойларға жол ашады. Яғни, мағына іздеудегі тығырық пен өз \"менін\" табудағы сәтсіздік – психологиялық күйзелістің шарықтау шегіне әкеліп, суицидті \"шығу жолы\" ретінде қабылдатуы мүмкін.\n– Дене мен жыныстық даму кезеңі психологиялық тұрғыда қандай ішкі шиеленіс туғызуы мүмкін? Бұл суицидке әкелетін себеп бола ала ма?\n– Жасөспірім шақта дене мен жыныстық даму өте қарқынды жүреді, ал бұл өз кезегінде психикаға үлкен жүк түсіреді. Бала өз денесінің өзгерісін түсіне алмай, оны қабылдауда қиындық көруі мүмкін. Әсіресе, қоғамдағы сұлулық стандарттары мен құрдастар тарапынан болатын қысым сыртқы келбетке қатысты мазасыздықты күшейтеді. Жыныстық жетілу кезінде ұят, кінә, қорқыныш, өзін-өзі қабылдамау сезімдері туындайды. Егер бұл процесті ата-ана немесе әлеуметтік орта қолдап, ашық әңгімелеп түсіндірмесе, жасөспірім жалғыздық пен сәйкессіздік күйін бастан кешіруі мүмкін. Мұндай ішкі шиеленістер ұзаққа созылса, олар өзіне деген жиіркеніш, оқшаулану, үмітсіздікке ұласуы мүмкін. Бұл психоэмоционалдық ауыртпалық, әсіресе, әлсіз қолдауға ие ортада, суицидке итермелеуші факторға айналуы әбден мүмкін.\n– Қазіргі цифрлық дәуірде әлеуметтік желілер мен кибербуллингтің балалар мен жасөспірімдердің психикасына кері әсері қандай?\n– Әлеуметтік желілер – бүгінгі жасөспірімдердің өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда бұл кеңістік реалистік емес стандарттар мен үздіксіз салыстыруға негізделген. Балалар мен жасөспірімдер өзін өзгелермен салыстырып, \"мен толыққанды емеспін, мені ешкім қабылдамайды\" деген тұжырымға жиі келеді. Ал кибербуллинг – яғни интернет арқылы қорлау, мазақ ету, қысым көрсету – психикаға тікелей зиян келтіретін фактор. Мұндай зорлық түрі көбіне жасырын, үздіксіз әрі ауқымды сипатта өтеді, сондықтан оны бала жалғыз қарсы алады. Нәтижесінде, өзін-өзі төмен бағалау, үрей, әлеуметтік қорқыныш, оқшаулану дамып, бұл жағдай уақыт өте келе десоциализацияға және суицидалды ойларға алып келуі мүмкін. Демек, цифрлық кеңістік – тек байланыс құралы емес, сонымен қатар эмоционалдық қауіп аймағына айналып отыр.\n– Суицидтің алдын алу – кешенді әрі жүйелі тәсілді қажет ететін күрделі процесс. Ол тек психологтың жұмысы емес, бүкіл қоғамның, әсіресе отбасының, білім беру мекемелерінің және денсаулық сақтау саласының ортақ жауапкершілігіне жатады.\n1. Ерте кезеңде белгілерді тануКөңіл күйдің тұрақсыздығы, тұйықталу, үмітсіздік жайлы сөздер, бұрынғы қызығушылықтардан бас тарту, өлім жайлы жиі ой қозғау – бұл суицидалды ойлардың алғашқы сигналдары. Мұндай жағдайда баламен ашық, бағалаусыз сөйлесу өте маңызды.\n2. Эмоционалдық қолдау көрсетуБала өзін тыңдайтынын, қабылдантынын сезінуі керек. Оның уайымы \"ойыншық\" емес, нақты мәселе ретінде қарастырылуы тиіс. Ата-ана мен мұғалімдер арасындағы сенімге негізделген байланыс – қауіптің алдын алатын басты құрал.\n3. Психологиялық көмекке қолжетімділікМектеп психологының рөлін күшейту, сенім телефондары, онлайн кеңес беру платформалары сияқты қолжетімді ресурстар арқылы кәсіби қолдау ұйымдастырылуы қажет.\n4. Ақпараттық қауіпсіздік пен медиа сауаттылықБалаларды әлеуметтік желідегі зиянды контенттен қорғау, кибербуллингпен күрес жүргізу, медиадағы суицидке қатысты ақпаратты жауапкершілікпен тарату – маңызды профилактикалық шаралар.\n5. Құндылыққа бағытталған тәрбиеӨмірдің мәнін, қиындықпен күресу дағдыларын, эмоцияны басқаруды үйрету – баланың ішкі тірегін қалыптастырады. Бұл психологиялық тұрғыда төзімді, бейімделгіш тұлға дамуына жол ашады.\nҚысқаша айтқанда,суицидтің алдын алу – балаға жай ғана жанашырлық таныту емес, жүйелі қамқорлық пен нақты әрекетті талап ететін маңызды процесс. Суицид – әлсіздік емес, белгі."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qandai-tagamdar-qaterli-isik-pen-semizdikke-akeledi-nutriciologpen-suxbat", "title": "Қандай тағамдар қатерлі ісік пен семіздікке әкеледі? Нутрициологпен сұхбат", "text": "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, артық салмақ пен семіздікке шалдыққан адамдар саны соңғы 40 жылда үш есеге артқан. Қазақстанда да жағдай көңіл қуантарлық емес: Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ересектердің шамамен 60-65 пайызы артық салмақпен күресуде, ал әрбір үшінші адам семіздікке шалдыққан.\nМамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштердің негізгі себебі – фастфуд пен тәтті сусындарды шамадан тыс пайдалану, сондай-ақ энергетикалық сусындардың кең таралуы. Мұндай өнімдер ағзаның табиғи тепе-теңдігін бұзып, қант диабеті, гипертония, жүрек-қан тамыр және асқазан-ішек ауруларының даму қаупін бірнеше есе арттырады. Осыған орай біз нутрициолог пен кәсіби жаттықтырушы Айжан Қалымовадан арнайы сұқбат алып, зиянды тағамдардың зардабы, дұрыс тамақтанудың жолдары және пайдалы баламалар туралы пікірін тыңдадық.\n– Энергетикалық сусындардың ағзаға нақты қандай зияны бар?\n– Алдымен оның құрамына назар аудару қажет. Энергетикалық сусындардың ішінде кофеин, таурин, инозитол сияқты ағзаны уақытша сергітетін заттар өте көп мөлшерде болады. Бұл элементтер артериялық қан қысымын көтеріп, жүрек пен жүйке жүйесіне қатты салмақ түсіреді.\nЕкінші үлкен қауіп – қанттың шамадан тыс көптігі. Кейбір сусындардың үштен бірі дерлік қанттан тұрады. Қантты шамадан тыс пайдалану семіздікке, қант диабетіне, бауырдың әлсіреуіне, ұйқы безінің ауруларына, сондай-ақ жүрек пен қан қысымының көтерілуіне алып келеді. Тіпті кей жағдайларда энергетикалық сусындарды көп тұтыну қатерлі ауруларға, тіпті кенеттен өлімге де себеп болған оқиғалар кездескен.\n– Оларды жиі қолдану жүрек пен жүйке жүйесіне қалай әсер етеді?\n– Кофеинді шамадан тыс көп қолданғанда жүрек соғысы жиілеп, тахикардияны қоздыруы мүмкін. Сонымен қатар қан қысымын көтеріп, гипертонияға бейім адамдарды инсульт пен инфаркт сынды қауіпті ауруларға алып келуі ықтимал. Энергетикалық сусындардың құрамындағы қант алғашында ағзаға күш-қуат бергендей әсер етеді. Алайда қант деңгейі кейіннен күрт төмендеп кеткенде адам қайтадан шаршайды, әлсірейді. Соның салдарынан адам қайта-қайта энергетикалық сусын ішкісі келіп тұрады. Әсіресе кешкі уақытта энергетикалық сусын тұтыну қауіпті. Себебі ол мелатонин гормонының бөлінуін тежейді. Ал мелатонин бөлінбесе, түнгі ұйқы бұзылады. Ұйқы нашарлаған кезде керісінше стресс гормоны – кортизол мөлшері артып, жүйке жүйесіне ауыр салмақ түсіреді. Бұл ашушаңдыққа, тіпті уақыт өте келе депрессияға дейін әкелуі мүмкін. Сондықтан кешкісін энергетикалық сусын ішудің зияны өте зор.\n– Бургер, пицца сияқты фастфуд тағамдарының ең қауіпті тұстары неде?\n– Фастфудтың ең қауіпті тұстарына тоқталсақ, мысалы бургер, пицца, қуырылған картоп сияқты бәріне таныс тағамдардың құрамында ең алдымен трансмайлар бар екенін білеміз. Трансмай дегеніміз – табиғи емес, жасанды жолмен өндірілетін ең арзан май түрі. Ол екі жолмен пайда болады: өндірістік әдіспен химиялық өңдеу арқылы (маргарин, спред сияқты майлар) немесе майды ұзақ уақыт бойы қайта-қайта қыздырғанда. Мұндай майлар арзан әрі ұзақ сақталатындықтан, фастфуд өнімдерінде жиі қолданылады. Алайда дәл осы майлар ағзаға түскенде канцерогендер бөледі. Канцерогендер – ағзада қатерлі ісік туындатуы мүмкін қауіпті химиялық заттар. Сондай-ақ олар қан тамырларын бітеп, холестеринді көтеріп жібереді. Сондықтан трансмай – фастфудтың ең зиянды бөлігі.\nЕкінші қауіптілігі – тұздың шамадан тыс көп болуы. Фастфуд тағамдары дәмді болу үшін түрлі қоспа мен дәмдеуіш қосылады. Бірақ тұздың көптігі бүйрекке артық салмақ түсіріп, артериялық қысымды көтереді. Ал ол гипертония мен инсульттің негізгі себептерінің бірі болып саналады. Фастфудтағы тұз бен дәмдеуіштердің көптігі тәбетті ашып, тоқтық сезімін жоғалтады. Соның салдарынан адам шамадан тыс мөлшерде тамақтанып, өзінің тоқ екендігін байқамай қалады. Бұл асқазан-ішек ауруларына, сондай-ақ тағамға тәуелділікке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар фастфуд – \"бос калория\" көзі. Оның құрамында ағзаға қажетті дәрумендер, минералдар, ақуыздар жоқтың қасы. Мұндай тағамдар тек семіздікті күшейтіп, денсаулыққа зиян тигізеді.\n– Мұндай тағамдарды анда-санда да жеу зиян ба?\n– Егер айына бір-екі рет қана тұтынса, ол ағзаға аса қатты зиян тигізбейді деп ойлаймын. Дегенмен \"анда-санда\" деген ұғым әр адамға әрқалай түсініледі: біреуге аптасына бір-екі рет те аз көрінуі мүмкін, ал шын мәнінде бұл тым жиі. Сондықтан ең дұрысы – айына бір, ары кетсе екі рет қана жеуге кеңес берер едім. Егер одан жиі болса, ол тәуелділікке айналуы ықтимал.\n– Зиянды тағамдардың орнына қандай пайдалы әрі дәмді балама ұсынып алар едіңіз?\n– Өзімнің екі балам бар, екеуі де мектеп жасында. Сондықтан үйде де, мектеп асханасында да тамақтану кезінде ең алдымен ақуызы мол тағамды таңдауға тырысамыз. Ақуызға бай тағамдарға жұмыртқа, балық, ет, ірімшік сияқты өнімдер жатады. Бұлар ағзаға ғана емес, әрбір жасушаға пайдалы, әрі ұзақ уақытқа дейін тоқтық сезімін береді. Сондықтан бірінші кезекте ақуызды тағамдарды ұсынамын. Сонымен бірге пайдалы майларды да ұмытпаған жөн: мысалы, жаңғақтың түрлері. Олар да балаларға ұзақ уақытқа қуат пен тойымдылық береді.\n– Жастардың фастфуд пен энергетикалық сусындарға үйір болуының себебі неде деп ойлайсыз?\nЕң алдымен, біздің қоғамда дұрыс тамақтану мәдениеті қалыптаспаған. Мектептерде тамақтану мәдениетін үйрететін арнайы сабақтар жоқ. Сондықтан бұл білімді ең әуелі ата-ана баласына сіңіруі қажет деп ойлаймын.\nСтатистикаға көз жүгіртсек, Қазақстанда семіздікпен күресіп жүрген адамдардың үлесі 60-65 пайызға жеткен. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Әрбір үшінші адам артық салмақтан зардап шегіп отыр. Мұның барлығы тамақтану мәдениетінің жоқтығынан хабар береді. Екінші себеп – бағаның қолжетімділігі. Фастфуд арзан, ал құнарлы, сапалы тағам қымбат. Бұл да жастарды тез дайындалатын, бағасы төмен тамаққа жетелейді. Үшінші мәселе – қозғалыстың аздығы. Біз мұны \"гиподинамия\" деп атаймыз. Қазіргі жастардың көпшілігі спортпен тұрақты айналыспайды, қозғалысы аз. Осының бәрін ескергенде, жастардың фастфудқа бейім болуы – қоғам мен отбасының ортақ мәселесі. Сондықтан әр ата-ана өз баласына дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын үйретуге жауапты деп ойлаймын.\nТағы бір айта кететін жайт – жарнама. Энергетикалық сусындар мен фастфуд өнімдерінің жарнамасы өте көп, кеңінен таралған. Дегенмен соңғы жылдары жақсы өзгерістер де болды: 2025 жылдан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі жасөспірімдерге сатуға тыйым салынды. Бұл – құптарлық қадам. Алайда осы заңды қатаң қадағалау керек деп ойлаймын. Себебі өз тәжірибемде фитнес-клубтарда энергетикалық сусындардың тегін таратылғанына бірнеше рет куә болдым. Тіпті жаттығуға келген клиенттердің өзіне ұсынылған жағдайлар болды. Мұндайға жол бермеу үшін бақылауды күшейткен жөн. Сонымен қатар мектеп асханаларында да оң өзгерістер бар: сосиска, кекстер, тәтті сусындар сияқты өнімдерді сатуға тыйым салынды. Бұл – балалардың денсаулығы үшін қуанышты әрі маңызды бастама.\n– Энергияны табиғи жолмен арттыру үшін қандай тағамдар жеу керек?\n– Энергияны табиғи жолмен арттыру үшін қандай тағамдар жеу керек?\" деген сұраққа айтарым: ең бірінші – ақуызға бай тағамдар. Ақуыз бүкіл ағзамызға, әрбір жасушамызға қуат беріп қана қоймай, ұзақ уақытқа тоқтық сезімін сақтайды. Оған тауық еті, балық, қызыл ет, жұмыртқа, ірімшік сияқты тағамдар жатады. Сонымен бірге пайдалы майларды ұмытпау қажет: мысалы, зәйтүн майы, авокадо, түрлі жаңғақтар. Балалардың ланчбоксіне жаңғақ қоса салу – өте пайдалы әрі ұзақ уақытқа энергия беретін жақсы тәсіл.\nКелесі маңызды топ – баяу көмірсулар. Олар ұзақ қорытылып, ағзаны күні бойы күш-қуатпен қамтамасыз етеді. Бұған қарақұмық, сұлы жармасы, қоңыр күріш сияқты тағамдарды жатқызуға болады. Әрине, ең бастысы – су. Дене қуатының төмендемеуі үшін суды жеткілікті мөлшерде ішу өте маңызды.\nПубликация от ФИТНЕС ТРЕНЕР/ НУТРИЦИОЛОГ/ ПОХУДЕНИЕ/ АСТАНА (@aijan_kalymova)\n– Артық салмақ пен созылмалы аурулардың осы тағамдармен байланысы қаншалықты күшті?\n– Фастфуд пен тәтті сусындар қандағы қант деңгейін тұрақсыздандырып, артық салмақ пен 2-типті қант диабетіне әкелуі мүмкін. Ал шамадан тыс тұз бен трансмайлар жүрек пен қан тамырларына ауыр салмақ түсіріп, гипертония мен инфаркт қаупін күшейтеді. Сонымен қатар бауыр майланып, ағзада созылмалы қабыну процестері дамиды. Бұл – ұзақ мерзімде денсаулық үшін аса қауіпті жағдай.\n– Күнделікті өмірде зиянды тағамнан бас тарту үшін қандай практикалық кеңес берер едіңіз?\n– Мысалы, тәтті кәмпиттердің орнына құрма немесе басқа да табиғи жемістерді қолдануға болады. Яғни, дұрыс тамақтануды бірден қатаң шектеу арқылы емес, оның орнына пайдалы баламалар табу арқылы қалыптастырған жөн. Фастфудтың өзін де үй жағдайында пайдалырақ етіп жасауға болады. Мәселен, гамбургерді дүкеннен сатып алмай, үйде дайындалған ет, көкөніс пен пайдалы өнімдерден әзірлеуге әбден мүмкіндік бар. Сондықтан балаларды да осылайша пайдалы балама арқылы үйреткен дұрыс деп ойлаймын.\n– Балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтануға қалай үйреткен тиімді?\n– Ең алдымен бұл – идея мен көзқарастан басталады.Баланы шектеу арқылы емес, үлгі көрсету арқылы тәрбиелеу маңызды. Үйдегі ересектер өздері дұрыс тамақтану әдетін қалыптастырса, балалар да соны көріп, соған бейімделеді. Екіншіден, мектепте де дұрыс тамақтану жайлы арнайы сабақтар жүргізілсе, өте тиімді болар еді. Өкінішке қарай, мұндай пән бізде жоқ. Сондықтан әзірге басты жауапкершілік – ата-ананың өзінде. Яғни балаларға ең алдымен үлгі арқылы үйрету қажет.\n– Мектеп асханасында немесе үйде зиянды тағамдардың алдын алу үшін ата-ана не істей алады?\n– Ең әуелі ата-ана баласына мектепке пайдалы тағам салып бергені дұрыс. Мысалы, көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақтар немесе үйде дайындалған пайдалы тағамдар. Биылғы оқу жылынан бастап мектеп асханаларында сосиска, пицца, тәтті тоқаштар мен газды сусындарды сатуға ресми түрде тыйым салынды. Бұл – өте қуанышты әрі маңызды қадам. Сонымен қатар ата-аналар кез келген уақытта асхананың жұмысын, тазалығын тексеруге мүмкіндік алды. Жалпы алғанда, мектептегі тамақтану сапасы күннен-күнге жақсарып келеді. Бұл – балалардың денсаулығы үшін үлкен жетістік.\n– Өз тәжірибеңізде адамдардың зиянды тағамнан бас тартуына не көбірек көмектеседі?\n– Ең алдымен – білім. Адам дұрыс түсінік қалыптастырып, зиянды тағамның денсаулыққа қаншалықты қауіпті екенін терең ұққан кезде ғана оны шынайы түрде шектей бастайды. Екінші маңызды фактор – қолдау. Жақындары мен айналасындағы орта дұрыс тамақтануға мән берсе, адамға да оны бастау әлдеқайда жеңіл болады. Үшінші – нәтиже. Дұрыс тамақтана бастағаннан кейін ағзадағы өзгерістерді сезіну: артық салмақтың азаюы, энергияның артуы, бет әлпетінің жақсаруы, ісіктің кетуі – осының бәрі адамға үлкен мотивация береді. Сөйтіп, уақыт өте келе дұрыс тамақтану мен белсенді қозғалыс әдетке айналып, адамның өмір салты түбегейлі өзгереді деп ойлаймын.\nФастфуд пен газды сусынды бүгін тоқтатпасаңыз: Алғашқы айларда – қандағы қант тұрақсызданып, шаршағыштық, тәттіге құмарлық пайда болады, белге артық май жиналады. Бір жылда инсулинге төзімділік қалыптасып, қан қысымы көтеріледі, бауыр майлана бастайды.Бірнеше жылдан соң – семіздік, қант диабеті, гипертония, жүрек аурулары мен буынның сырқырауы мазалайды.\nСоңында айтарым: әр күніміз – болашақ қарттығымыздың іргетасы. Бүгін қалай тамақтанамыз, қалай қозғалып, қалай ұйықтаймыз – қартайғанда соның жемісін көреміз. Бір жол – белсенді, қуатты, аурусыз қарттық. Екінші жол – дәріге тәуелді, ауруханаға байланған қарттық. Таңдау – әрқайсымыздың қолымызда."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qorgas-qalai-qurgaq-porttan-euraziialyq-industriialyq-logistikalyq-xabqa-ainaldy", "title": "Қорғас қалай құрғақ порттан Еуразиялық индустриялық-логистикалық хабқа айналды", "text": "Өткен аптада ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Жетісу өңіріне жұмыс сапары Қорғас қаласын халықаралық деңгейдегі көп функционалды көлік-логистикалық, индустриялық-сауда және туристік орталыққа айналдыру жөніндегі стратегиялық бағытты растады.\nМұрат Нұртілеу \"Қорғас – Шығыс қақпасы\" еркін экономикалық аймағы мен \"Қорғас\" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының нысандарын аралап, көлік инфрақұрылымының жаңа жүктерді қабылдауға дайындығын бағалады және Қытайдың жетекші корпорациялары – China Minmetals Corporation және CITIC Construction Co. Ltd басшыларымен келіссөздер жүргізді.\nҚытайдың Минметалс корпорациясымен Қорғас ауданында заманауи логистикалық хаб салу жобасы талқыланды. Бұл нысан Қазақстанның жүктерді өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, экспорттық жеткізілімдердің тиімділігін арттырып, жаңа транзиттік бағыттарды тарту үшін жағдай жасай отырып, трансконтинентальды Азия-Еуропа бағытының негізгі буынына айналуы тиіс. \"CITIC Construction Co. Ltd\" компаниясымен шекаралық аймақта ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге арналған индустриалды парк құру жоспары әзірленді. Бұл Қазақстанға шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге көшуге, Қытай және үшінші елдер нарығындағы позициясын нығайтуға, агроөнеркәсіптік секторда жаңа жеткізу тізбегін құруға мүмкіндік береді.\nОсы орайда, Қытайды зерттеу орталығы \"Қорғас – Шығыс қақпасы\" арнайы экономикалық аймағының дамуына қатыстыматериалдыұсынды.\nБиылғы 1 шілдеден бастап Үкіметтің № 495 қаулысымен \"Қорғас – Шығыс қақпасы\" АЭА-ның нысаналы индикаторлары нақты белгіленген логистикалық аймақ ретінде жаңа мәртебесі бекітілді. АЭА аумағы 5 431,5 гектарды құрайды және порт/аэрологиялық, логистикалық және индустриялық аймақтарға бөлінген. Құжатта өндірісті жедел дамыту, тиімді көлік-логистикалық және индустриялық орталықты қалыптастыру, сондай-ақ шекаралық ынтымақтастықты ынталандыру басымдықтары белгіленген. Жетісу қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазірдің өзінде АЭА аумағында 28 жоба пайдалануға берілді, 40-тан астамы жүзеге асырылуда. Тартылған инвестиция көлемі 113,3 млрд теңгені құрады, мақұлданған жобалардың жалпы құны 682 млрд теңгеден асады. 5 мыңға дейін ұлғайту болжамымен мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылып, өнім көлемі 81,6 млрд теңгеге жетіп, салық түсімдері 9 млрд теңгеден асты.\nІске асырылған жобалардың қатарында кофе және сусындар (MacCoffee) өндірісі, 2025 жылдың наурызында АҚШ-қа экспорттауды бастай отырып, қуаттылығы жылына 100 МВт-қа дейінгі күн батареяларын шығару, жылына 60 мың тоннадан астам құрама жем өндірісі, сондай-ақ болат жабындар мен гофрленген қаңылтырлар өндірісі бар. Бұл деректер АЭА өнеркәсіптік құрамдас бөлігі тұрақты деңгейге жеткенін және аймақ тек транзиттік \"құрғақ порт\" болудан қалғанын көрсетеді.\nSkyhansa неміс инвесторларының қатысуымен \"Қорғас\" ШЫХО жанында жаңа халықаралық жүк және жолаушылар әуежайын салу туралы шешім бөлек стратегиялық қадам болды. Жоба ресми түрде 2025 жылдың 26 маусымында іске қосылды. Іске асыру кезең-кезеңімен 2025-2032 жылдары жүзеге асырылады, бұл ретте әуежай жүк және жолаушылар рейсін қабылдауға және жөнелтуге бағытталады, бұл көлік бағыттарын әртараптандыруға, жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыруға және қосылған құн есебінен экспорттық жеткізілімдердің табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.\nАғымдағы кезеңнің логистикалық динамикасы рекордтық көрсеткіштерді көрсетеді. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қытайдың \"Қорғас\" бақылау-өткізу пункті арқылы 22,255 млн тонна импорттық және экспорттық жүк өтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға артық. Шыңжаңдағы барлық бақылау-өткізу бекеттері арасында бірінші орын алды. Бұл ретте автокөлік ағынының ұлғаюы және Қытайдың көкөністері мен жемістерінің Қорғас арқылы экспорттау көлемінің ұлғаюы байқалады – бірінші жартыжылдықта 307 мың тонна. Қазақстан тарапынан \"құрғақ порттың\" негізгі буыны болып табылатын Алтынкөл стансасы бес айда 6,5 миллион тонна жүкті өңдеді (+ 22% ж/ж). Бірінші тоқсанда Қорғас станциясы арқылы 2 375 жүк пойызы (+ 28,5%) және 3,336 миллион тонна жүк (+ 26%) өтіп, осы кезеңдегі рекордтық көрсеткішке айналды. Жыл басында Қазақстан мен Қытай 2025 жылға арналған екіжақты теміржол тасымалының жоспарын 33 млн тонна – Қазақстаннан Қытайға 20,639 млн тонна және қарама-қарсы бағытта 12,361 млн тонна көлемінде келісілді, бұл жоғары мақсатты өткізу дәлізін анықтайды. 2025 жылы \"Қорғас\" ШЫХО сауда және туризм саласында сапалы секіріс жасады. Мұнда келушілерге қызмет көрсетуді толық цифрландыру аяқталды, соның ішінде бақылаудан өту, жүкті түсіру және қабылдау шекарадан өту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Қытай тарапынан 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3,893 миллион сапар тіркелді (+87,2% жыл/жыл), бұл шекаралық туризмнің қалпына келуі мен өсуін көрсетеді. Бұл Қытайдағы Қазақстанның Туризм жылдарына және елдер арасындағы визасыз режимге сәйкес келді, бұл туристер мен сатып алушылардың өзара ағынын арттырды.\nБірінші жартыжылдықтағы Алтынкөл/Қорғас жұбы арқылы жүк тасымалының жалпы құны туралы нақты деректер ресми түрде жарияланбағанымен, ауқымды бағалау үшін Қорғасты қоса алғанда, Шыңжаңның төрт интеграцияланған кеден аймағының сыртқы сауда көлемі 96,11 миллиард юань (2020 жылдың бірінші жартысында +1,9%) болғанын ескеруге болады.\nОсы факторларды біріктіре отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев талай рет айтқан \"Қорғастың\" Қытаймен саудадағы негізгі \"Орталық Азияға шығатын қақпа\" мәртебесін нығайтып отырғанын көрсетеді. АЭА өндірістік әлеуетінің өсуі, жүк айналымының рекордтық көрсеткіштері, авиациялық құрамдас бөлікті іске қосу және сауда және туризм инфрақұрылымын цифрландыру Қазақстанға еуразиялық логистика мен сыртқы саудада ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ететін транзиттік, индустриялық және инвестициялық орталық ретінде Жетісу өңірінің дамуындағы жаңа кезеңді құрайды.\nҚазақстан мен Орталық Азия үшін Қорғастың геоэкономикалық маңыздылығы стандартты жүк айналымы немесе инвестициялық көрсеткіштер шеңберінен шығады – бұл бірнеше өңірдің көлік, өнеркәсіп, сауда және туристік мүдделері тоғысатын халықаралық интеграцияның тұтас хабының қалыптасуы. Қорғас – жай шекаралық нүкте емес, \"Бір белдеу – бір жол\" бастамасына салынған және теңіз және құрлық дәліздері арасындағы жүк ағындарын қайта бөлуге мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстырылған еуразиялық көлік архитектурасының негізгі элементі. Жоғары технологиялық \"құрғақ порттың\", қуатты Алтынкөл теміржол вокзалының, қарқынды дамып келе жатқан жол-көлік инфрақұрылымының және жақын болашақта халықаралық әуежайдың бір жерде болуы Қытай мен Қазақстан арасында ғана емес, сонымен қатар Ресей, Парсы шығанағы елдері, Еуропа және Түркия бағыттарында жүктерді өңдеуге қабілетті бірегей мультимодальды логистикалық платформаны құрайды.\nАзық-түлік өнімдерін қайта өңдеуден жаңартылатын энергия көздерін өндіруге дейін әртараптандырумен АЭА өнеркәсіптік құрамдас бөлігі аймақты өсудің тәуелсіз көзімен қамтамасыз етеді, шикізат экспортына тәуелділікті азайтады және ел ішінде құн тізбегінің қалыптасуын ынталандырады. ШЫХО-ның шекаралық сауда және туристік аймағы B2C сегменті мен электронды коммерцияны нығайтып, Қорғасты транзиттік ғана емес, сонымен қатар жаппай тұтыну нарығының \"шлюзіне\" айналдырады. Орталық Азия үшін Қорғас логистикалық бағыттарды жаһандық қайта құрылымдау аясында көліктік, өндірістік және сервистік құрамдастардың интеграциясы тұрақты даму мен жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін кешенді даму үлгісіне айналуда.\nҚазақстан Қорғастағы жобаларды ілгерілету арқылы аймақтағы жетекші транзиттік және инвестициялық хаб ретіндегі рөлін тиімді қамтамасыз етіп, еуразиялық саудадағы ықпалын күшейтіп, сыртқы экономикалық саясаттың қосымша құралын алуда. Жетісу өңірі үшін бұл үдеріс өнеркәсіп өнімі мен халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту ғана емес, сонымен бірге ұлттық экономикалық қауіпсіздікке және еліміздің халықаралық аренадағы стратегиялық жағдайына тікелей әсер ететін ұзақ мерзімді капиталды, технологияны және адам ресурстарын тарту орталықтарының біріне айналуды білдіреді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ximiialyq-kastraciia-nege-pedofiliia-maselesin-sespeidi-sarapsylar-zana-sesimderdi-usyndy", "title": "Химиялық кастрация неге педофилия мәселесін шешпейді? Сарапшылар жаңа шешімдерді ұсынды", "text": "Педофилия – қоғамда терең үрей мен ашу-ыза туғызатын, бала қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін аса қауіпті құбылыс. Психологияда педофилия жыныстық ауытқу – парафилия – ретінде қарастырылып, бұл диагноз халықаралық аурулар классификациясының (ICD-11) және Америкалық психиатриялық ассоциациясының (DSM-5) тізіміне енгізілген. Мамандардың айтуынша, педофилдік мінез-құлық көбінесе бала кезінде бастау алып, тиісті психологиялық көмек көрсетілмеген жағдайда ересек жаста қауіпті әрекеттерге ұласады.\nДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша жыл сайын миллиондаған бала жыныстық сипаттағы қылмыстардың құрбаны болады. UNICEF пен World Childhood Foundation секілді ұйымдардың зерттеулеріне сәйкес, кей елдерде әрбір 5-ші қыз бала мен 13-ші ұл бала кәмелетке толмай тұрып жыныстық зорлыққа ұшырайды. Бұл тек тіркелген жағдайлар, ал көбі үнсіз қалады немесе жасырын қалып жатады.\nПедофилияға қатысты жаза мәселесі – тек құқықтық сұрақ қана емес, бұл – қоғамның адамгершілік қағидаттары мен болашақ ұрпақтың қауіпсіздігіне деген көзқарасының көрсеткіші. Түрлі мемлекет бұл мәселеге әртүрлі жолмен жауап беруде: мысалы, Оңтүстік Корея мен Польшада педофилдерге химиялық кастрация шарасы қолданылса, АҚШ-тың бірнеше штатында өмір бойына бақылауда ұстау немесе арнайы тізімдерге енгізу тәжірибесі бар. Ал Қазақстанда бұл мәселе әлі де өзектілігін жойған жоқ – жазаның қатандығы мен тиімділігіне қатысты қоғам мен сарапшылар арасында пікірталас жалғасуда. Осы материалда біз педофилдерге қатысты жазаның қажеттілігі мен тиімділігі жайында сарапшылар пікірін тыңдап, мәселені ғылыми-психологиялық тұрғыдан зерделеп көрдік.\nҚазақстанда кеңінен танымал психоаналитик, Орталық Азия психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова ең алдымен педофил мен қылмыскердің арасындағы айырмашылықты нақты түсіну қажет екенін айтады.\n\"Педофилия – бұл психикалық дерт, ал педофил – науқас адам. Әсіресе, егер ол өзі көмек сұрап келсе, оны емдеу керек\", – дейді психоаналитик.\nМаманның айтуынша, нағыз педофилия дертіне шалдыққан адам күш қолданбайды.\n\"Педофил құрбанын ұрып-соқпайды, керісінше, жылы сөзбен, мейіріммен арбайды. Педофил ауруы асқынып, адам шегінен шыққанда қылмыскерге айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда, әрине, жазалау керек, бірақ онымен қатар емдеу де қажет. Қазақстан түрмелерінде педофилия үшін сотталғандармен сапалы жұмыс жүргізіле ме, бұл – күрделі сұрақ. Алайда, мұндай қылмыскерлермен тұрақты түрде психотерапевттер жұмыс істеуі аса маңызды. Себебі, психологиялық түзету жұмысы жүргізілмесе, бостандыққа шыққаннан кейін олар қайта қылмысқа баруы мүмкін\", – дейді Анна Құдиярова.\nҚазақстанда педофилияның алдын алуға көмектесетін бір тетік – арнайы call-орталық құру болуы мүмкін. Онда кәмелетке толмағандарға жыныстық тартым сезінетін адамдар анонимді түрде хабарласып, көмек сұрай алар еді. Психотерапевттің айтуынша, мұндай жандарға құпиялылық кепілдендіріліп ем көрсетілуі тиіс.\n\"Егер әрбір ата-ана өз баласына толық жауап беретін болса, балалар ешқашан құрбан болмайды. Мәселе педофилдерде емес, тәрбие жүйесінде. Біз балаларымызға оттан сақ болуды, сіріңкемен ойнамауды үйретеміз ғой. Сол сияқты, психикалық ауытқуы бар адамдардан, маньяктардан да сақтануды үйретуіміз керек. Егер ата-ана баласын қараусыз қалдырса, бұл – оның кінәсі. Әр ата-ана өз баласына толық жауапты болса, ешбір педофилден қорықпауға болады. Балаларға сапалы тәрбие беру керек\", – деді Анна Құдиярова.\nАстана қаласының уролог-дәрігері, андрология мен жыныстық саулық саласындағы білікті маман, эстетикалық урология жөніндегі сарапшы Анастасия Оспанова педофилдердің қылмысын қайталау қаупін азайту үшін химиялық кастрацияның өзі жеткіліксіз екенін алға тартады. Бұл мәселені кешенді түрде шешу қажет екенін айтқан маман алдын алу мен бақылауға бағытталған бес түрлі маңызды шараны атап өтті.\n\"Химиялық кастрация дегеніміз – жыныстық құмарлықты уақытша басу әдісі. Бұл мақсатта тестостерон деңгейін төмендететін арнайы препараттар қолданылады. Мұндай шара кейбір жағдайларда, әсіресе кәмелетке толмағандарға қарсы сексуалдық қылмыс жасаған адамдарда жыныстық қозуды төмендетуде тиімді болуы мүмкін\", – дейді маман.\nАлайда уролог-дәрігердің айтуынша, химиялық кастрация – мәселені шешетін жалғыз жол емес.\n\"Педофилия көбіне жай ғана гормон деңгейінің бұзылуымен шектелмейді. Бұл – психосексуалдық сипаттағы терең бұзылыстар. Егер мұндай адамдар кешенді психотерапиялық ем алмаса, жыныстық белсенділігі уақытша төмендегенімен, олар қоғам үшін әлі де қауіпті саналады\", – деп ескертеді андрология және жыныстық саулық бойынша маман.\nЭстетикалық урология саласы сарапшысының пікірінше, химиялық кастрация тек кешенді бағдарламаның бір бөлігі бола алады. Бірақ жүйелі психологиялық жұмыссыз бұл әдіс қайталанатын қылмыстың алдын алуға кепілдік бере алмайды.\n\"Медикаментоздық ем – тек уақытша құрал. Ал нақты нәтижеге жету үшін психиатриялық және психологиялық оңалтудың қатар жүруі міндетті\", – дейді Анастасия Оспанова.\nСарапшы сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін мұндай тұлғалардың қоғамға қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.\n\"Егер олар толыққанды оңалтудан өтпесе, психологиялық жұмыс жүргізілмесе – қайталама қылмыс қаупі жоғары. Сондықтан бұл мәселеге көпдеңгейлі көзқарас қажет\", – дейді ол.\nАнастасия Оспанованың айтуынша, қылмыскерді түрмеден кейін бақылау жүйесі мынадай элементтерден тұруы керек:\n\"Егер қоғам шын мәнінде балаларды қорғағысы келсе, тек заңды қатайту жеткіліксіз. Бұл үшін постпенитенциарлық бақылау мен емдеу жүйесі нақты әрі тиімді жұмыс істеуі керек. Бір ғана дәрі бұл мәселені шешпейді. Мәселені шешетін – жүйелі жұмыс\", – деп түйіндеді Анастасия Оспанова.\nҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы педофилияға қатысты исламның ұстанымын түсіндіріп, оның рухани және моральдық салдарына тоқталды.\n\"Педофилия – адам табиғатына қайшы, ар мен ұяттан ада, шариғатта ауыр күнә саналатын қылмыс. Бұл – тек заң шеңберінде емес, рухани және моральдық тұрғыдан да ерекше алаңдаушылық тудыратын мәселе. Сол себепті біз бұған діни тұрғыдан нақты баға беруге тиіспіз\", – дейді дінтанушы Елбек Тасболатұлы.\nОның айтуынша, Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің IX отырысында осы тақырып арнайы қаралып, педофилияға қатысты арнайы пәтуа қабылданған. Бұл діни құжатта аталған құбылыстың табиғаты, оның қоғамға тигізер зияны мен шариғаттағы үкімі жан-жақты сараланған.\n\"Бүгінде кейбір адамдар педофилияны психикалық ауытқу немесе туабітті дерт ретінде көрсетуге тырысады. Алайда дін тұрғысынан бұл – азғындықтың ең ауыр түрі. Ислам ондай жиіркенішті әрекеттерге жол бермейді. Мұндай қылмыс – адам баласының абыройы мен ар-намысына, тіпті болашағына шабылған балта\", – дейді Елбек Тасболатұлы.\nҚМДБ шығарған пәтуада бұл туралы былай делінген: \"Ислам – мейірімділік пен кешірім діні. Ол адамзатты ізгілікке, әділет пен жауапкершілікке тәрбиелейді. Қазақ халқының мәдениетінде де мейірім мен ұят ұғымы ерекше орын алған. Ал қоғамның бейбіт тіршілігін бұзатын кез келген арсыздық – шариғатта ауыр күнә. Алла Тағала қасиетті Құранда: \"Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бұзақылық жасамаңдар\" (Ағраф сүресі, 56-аят) және \"Алла бұзақылық етушілерді сүймейді\" (Мәида сүресі, 64-аят) деп қатаң ескерткен\".\nИслам ғұламалары аяттардағы \"бұзақылық\" ұғымына кең түсініктеме берген. Мәселен, әйгілі табиғин ғалым Мужаһид бұл ұғымды былайша сипаттайды: \"Бұзақылық – зина, кісі өлтіру, ұрлық, ұрпақты аздыру, егін мен жерді құрту сынды зұлымдықтар\".\nЕлбек Тасболатұлының айтуынша, педофилия – тек құқық бұзушылық емес, тұтас қоғамға, адамзат болмысына қарсы жасалған аса ауыр қылмыс. Оның салдары өте күрделі:\n\"Егер мұндай жауыздық баланың өліміне алып келсе, бұл – адамзат баласына жасалған ең ауыр қылмыстардың бірі. Ислам ғалымдары бұған қатысты өте қатаң үкімдер айтқан – өлім жазасына дейін. Өйткені бұл әрекет – жаратылыс заңына, шариғатқа және адамгершілікке ашық қайшы\", – дейді дінтанушы.\nСонымен қатар, Елбек Тасболатұлы еліміздің зайырлы мемлекет екенін атап өтті. Сол себепті діни үкімдер емес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі басшылыққа алынады.\n\"Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бұл – дұрыс. Алайда біз діни институт ретінде қоғамды рухани жағынан сақтандыруымыз керек. Баланы тәрбиелеу – ата-анаға, ұстазға, имамдарға артылған аманат. Себебі бала – Алланың аманаты\", – деп түйіндеді Елбек Тасболатұлы.\nПедофилдер жасаған қылмыстар – тек жекелеген адамдардың емес, тұтас қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық жүйесіне тікелей қауіп төндіретін аса күрделі мәселе. Бұл туралы психолог, коуч Назира Бурханова жан-жақты пікір білдіріп, мәселенің тек адамгершілік немесе құқықтық тұрғыда ғана емес, экономикалық қырынан да қаралуы қажеттігін ерекше атап өтті.\n\"Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған жыныстық сипаттағы қылмыстар ел болашағына тікелей әсер етеді. Бұл балалардың тұлғалық қалыптасуына, білім алу мүмкіндіктеріне, еңбекке араласуына және қоғамға бейімделуіне орасан кедергі келтіреді. Мұндай қылмыстың салдары жылдар бойы сақталып, жәбірленушінің өмір сапасына теріс әсерін тигізеді\", – деді ол.\nПсихологтың айтуынша, педофилиядан зардап шеккен балалар ұзақмерзімді және кешенді медициналық-психологиялық көмекке зәру болады.\n\"Психологиялық жарақат алған балалар тек ішкі күйзелісте жүріп қана қоймайды, олардың толыққанды білім алуына да кедергі туады. Көп жағдайда оларда үрей, өз-өзіне сенімсіздік, қоғамнан оқшаулану, тұйықтық сияқты белгілер байқалады. Мұның бәрі олардың әлеуметтену үдерісін тежеп, болашақта кәсіби ортаға бейімделуін қиындатады. Нәтижесінде мұндай азаматтар еңбек нарығына толық қатыса алмай, ел экономикасына үлес қоса алмайды\", – деп атап өтті Назира ханым.\nОл бұл жағдайдың мемлекетке түсетін материалдық шығынын да тілге тиек етті.\n\"Педофил құрбандары үшін қажетті психотерапиялық және медициналық көмек арзан емес. Бұл қызметтердің құны жоғары және ұзақ уақытты талап етеді. Сонымен қатар, бұндай балалардың ата-аналары да психологиялық қолдауға мұқтаж болады. Бұл мемлекет үшін қосымша шығын. Мұның сыртында – тергеу, сот және жазалау үдерістеріне кететін қаржы. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі мұндай істерде жоғары ресурспен жұмыс істейді, ал қылмыскерлерді түрмеде ұстаудың өзі қомақты қаражатты қажет етеді\", – деді ол.\nПсихолог қоғам ішіндегі сенім мен тұрақтылықтың әлсіреу қаупін де елеулі фактор ретінде атады.\n\"Мұндай жағдайлар көбейсе, ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдап, үнемі қорқынышпен өмір сүреді. Бұл – қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер етеді. Жұртшылықтың мемлекетке, оның қорғау тетіктеріне деген сенімі азая бастайды. Кейбір отбасылар тіпті балалары үшін қауіпсіз орта іздеп, елден кетуді де ойлайды. Бұл – мемлекет үшін өте үлкен әлеуметтік дағдарыс\", – дейді Назира Бурханова.\nСарапшы педофилиямен күресте жазалаудан бөлек, алдын алу және тәрбиелік жұмыстардың маңызды екенін ерекше атап өтті.\n\"Педофилия – бұл тек қылмыс емес, мемлекеттің болашағына бағытталған қауіп. Мұндай әрекеттермен күрес тек қатаң жазалаумен шектелмеуі тиіс. Біз бұл мәселенің түп-тамырына үңіліп, оның алдын алуға күш салуымыз керек. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ата-аналармен, мұғалімдермен, тіпті балалардың өздерімен де ағарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет. Баланың қауіпсіздігі – бұл тек отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі\", – деп түйіндеді психолог.\nПсихолог Жанар Оспан педофилияның салдарын тек қылмыстық деңгеймен шектеуге болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер адамның психикасына терең жара салып, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Маман педофилдерге қатысты бақылау тетіктерін күшейту қажеттігін де көтерді. Ол ондай тұлғаларға арнайы электронды білезіктер тағылып, олардың балалар көп шоғырланатын жерлерге жақындауына қатаң тыйым салынуы керектігін айтты.\nСарапшының пікірінше, бұл – тек жазалаумен шектелмей, қоғамды қорғауға бағытталған нақты әрі тиімді шаралардың бірі.\n\"Педофилия – жай ғана заң бұзушылық емес. Бұл – адамның психикасына, қоғамның рухани тұтастығына бағытталған аса қатерлі соққы. Ол баланың болашағын бұзып, өмір бойы жазылмас жара қалдыратын ең ауыр рухани зұлымдықтардың бірі\", – деді маман.\nПсихоаналитик көптеген елде бұл мәселемен күрес тек заң жүзінде жүргізіліп қоймай, психологиялық және медициналық тұрғыдан да қолдау көрсетілетінін атап өтті.\n\"Мысалы, Германияда педофилдерге арналған арнайы психотерапиялық түзету бағдарламалары міндетті түрде жүргізіледі. Олар жазасын өтеу барысында да, бостандыққа шыққаннан кейін де психологтар мен психиатрлардың тұрақты бақылауында болады. Ал Оңтүстік Корея мен Польшада химиялық кастрация сынды нақты шаралар заңмен бекітілген. Бұл – қылмыскердің әрекетті қайталап жасауына жол бермеудің тиімді тәсілдерінің бірі\", – деп түсіндірді Жанар Оспан.\nМаман АҚШ тәжірибесіне де тоқталып өтті.\n\"Кейбір штаттарда педофилдерге арнайы GPS-бақылау білезіктері тағылады. Олар балалар көп жүретін мектеп, балабақша секілді орындардан белгілі бір қашықтықта ғана өмір сүруге міндеттеледі. Ұлыбритания мен Францияда мұндай қылмыскерлердің аты-жөні арнайы тізілімге енгізіліп, олардың жүріс-тұрысы қоғам тарапынан қатаң бақылауда болады\", – деді ол.\nЖанар Оспан бұл шаралардың барлығының түпкі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты.\n\"Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, педофилдердің 60-70 пайызы психикалық ауытқуға шалдыққан. Бірақ бұл олар жауапкершіліктен босатылады деген сөз емес. Керісінше, бұл олардың кәсіби әрі үздіксіз психологиялық қолдауды қажет ететінін көрсетеді\", – деді психолог.\nОл американдық психиатр Дэвид Фарлидің зерттеуін мысалға келтірді. \"Бұл зерттеуде педофилдердің шамамен 80 пайызы бала кезінде өздері де жыныстық немесе психологиялық зорлық-зомбылық көргені анықталған. Бұл – мәселенің тамыры әлдеқайда тереңде жатқанын көрсетеді\", – деді Жанар ханым.\nМаман қоғамда балаға зорлық жасауға еш жол жоқ деген ортақ ұстаным қалыптасуы қажет екенін ерекше атап өтті.\n\"Біз тек заңмен шектеліп қалмауымыз керек. Қоғамның әр мүшесі – ата-ана, мұғалім, көрші, тіпті кездейсоқ куә – балаға зорлық-зомбылыққа жол берілмеуі тиіс екенін терең сезінуі керек. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі\", – деді ол.\nСөз соңында Жанар Оспан: \"Баланы қорғау дегеніміз – оны жай ғана қауіптен сақтау емес. Бұл – оның тұлға ретінде еркін, қауіпсіз, сенімді өмір сүруіне жағдай жасау. Ерте профилактика, ата-ана тәрбиесі, мектептегі тәрбие, ақпарат құралдарының рөлі және кәсіби психологиялық қолдау – осының бәрі кешенді түрде қаралуы тиіс. Егер біз балаларымыздың қауіпсіздігін шынайы қамтамасыз еткіміз келсе, бұл бағытта аянбай еңбек етуіміз керек\", – деп түйіндеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/tortinsi-oqu-toqsany-bastaldy-mektep-oqusylary-men-ata-analarga-arnalgan-nusqaulyq", "title": "Төртінші оқу тоқсаны басталды: Мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған нұсқаулық", "text": "Ертең оқу жылының ең жауапты кезеңі – төртінші тоқсан басталады. Бұл тоқсан – жылдық бағалар мен емтихан қорытындыларын анықтайтын маңызды уақыт. Оқушылар осы кезеңде барынша жинақылық танытып, оқу үлгерімін жақсартуға күш салуы қажет. Ал ата-аналар балаларына дұрыс бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуі керек. Informburo.kz төртінші тоқсанға сәтті дайындалу үшін ең маңызды кеңестерді ұсынады\nЖылдық баға – әр тоқсандағы бағалардың орташа арифметикалық мәніне сүйеніп қойылады. Егер оқушының үлгерімі жыл бойы тұрақсыз болып, екі тоқсаны – \"3\", бір тоқсаны – \"4\" болса, жылдық бағаның жоғары болуы үшін соңғы тоқсанды жақсы аяқтау керек.\nБЖБ (Бөлімдік жиынтық бағалау) мен ТЖБ (Тоқсандық жиынтық бағалау) – төртінші тоқсанда үлгерімді анықтайтын негізгі бақылау жұмыстары.\nБЖБ:Бір тоқсанда бірнеше бөлім бар. Әр бөлім бойынша оқушының білімі мен біліктілігін тексеру үшін БЖБ алынады. Ол бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу түрінде болуы мүмкін. БЖБ қандай форматта болатынын және тапсыру уақытын педагог өзі шешеді.\nТЖБ:Әр тоқсан аяғында алынады, бірақ тоқсанның соңғы күні өткізілмейді. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды. Бір пәннен БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді.\nБЖБ мен ТЖБ-дан жоғары балл алу үшін күнделікті қайталау мен жүйелі дайындық қажет.\n\"Көркем еңбек\", \"Музыка\", \"Дене шынықтыру\", \"Кәсіпкерлік және бизнес негіздері\", \"Графика және жобалау\", \"Алғашқы әскери және технологиялық дайындық\", \"Зайырлылық және дінтану негіздері\" және бастауыш мектепте \"Цифрлық сауаттылық\" пәндерінен БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді. Оқушылардың бұл пәндерден оқу үлгеріміне тоқсан/жартыжылдық және оқу жылының қорытындысы бойынша \"есептелінді\" не \"есептелінген жоқ\" деген белгі жазылады.\nЖылдық бағасы үш немесе одан да көп пәннен \"2\" деген баға алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып оқушылары келесі сыныпқа көшірілмейді.\nБір немесе екі оқу пәнінен қайта \"2\" алған оқушылар сол пәндерден қосымша жиынтық бағалау тапсырады. Қорытынды баға жылдық баға мен қосымша жиынтық бағаның орташа арифметикалық мәні арқылы қойылады. Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылының басына дейін өткізіледі. Қосымша жиынтық бағалаудан тағы да екі алған оқушы сол сыныпты келер оқу жылы қайта оқиды.\nТөртінші тоқсанда кей сыныптар үшін емтихан кезеңі басталады.\n9 (10) сынып оқушыларықорытынды бітіру емтиханын тапсырады. Емтихантөрт пәннен тұрады, оның біреуі таңдау бойынша.\n11 (12) сыныптардыңбілім алушылары мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады. Қорытынды емтихан 5 пәннен тұрады, оның біреуін оқушы өзі таңдай алады.\nМамандандырылған мектептерде қорытынды емтихандар өзгеше болуы мүмкін.\nҚорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша үш және одан көп пәндерден \"2\" деген баға алған 9 (10) сынып оқушылары келесі сыныпқа көшірілмейді.\nАл үш және одан көп пәндерден \"2\" деген баға алған 11 (12) сыныптың оқушыларына №39 бұйрық бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі. Олар келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді. Оның мерзімін білім беру ұйымы белгілейді.\nОқушының \"үздік аттестат\", \"Алтын белгі\" алуына да осы емтихандардың нәтижесі де әсер етеді. Сол себепті оған мұқият дайындалған жөн.  Ол үшін алдымен уақытты дұрыс жоспарлау қажет. Кейін әлсіз тақырыптарды анықтап, сол бойынша мұғалімнен кеңес алған жөн. Тәжірибелік тесттерді орындау да көп көмегін тигізеді.\nЖазғы демалысты пайдалы өткізу үшін лагерьлерге ертерек тіркелген жөн. Жазғы лагерлерге 1-10 сынып оқушылары жіберіледі.\nТіркелу үшін ата-аналар лагерь сайтына немесе ұйымдастырушыларға хабарласуы керек.\nЛагерьді таңдағанда неге назар аударған жөн?\nАта-аналар баласына жазғы лагерь таңдған кезеде лагердің осы қызметпен айналысуға қажет құжаттарына, онда білікті медицина қызметкерінің болуына, ғимараттың өрт дабыл қаққыш жүйелерімен жабдықталуына назар аударып, бұрын баласын осы лагерьге жіберген адамдардың пікіріне құлақ асқаны жөн.\nҚорыта айтқанда, төртінші тоқсан – оқу жылының ең жауапты әрі қарқынды кезеңі. Бұл уақытта оқушылар үлгерімін жақсартуға, емтихандарға дайындалуға және жазғы демалысты жоспарлауға мән беруі керек. Ал ата-аналар баласына қолдау көрсетіп, олардың уақыты мен күшін тиімді пайдалануға көмектескені жөн."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstandyiktar-eskrgen-kolgn-tapsyiratyin-jer-tappay-jur-371939/", "title": "Қазақстандықтар ескірген көлігін тапсыратын жер таппай жүр: бағдарлама туралы не белгілі?", "text": "Екі жыл бұрын Экология министрлігі ескі көліктерді қайта өңдеу бағдарламасын жариялаған еді, алайда бүгінгі күнге дейін Қазақстанда оларды кәдеге жарататын орын жоқ.Tengri Auto-ғакөлікті кәдеге жарату пунктін ашып, бағдарламаға қосылмақ болған қазақстандық хабарласты.\nЕкі жыл бұрын Экология министрлігі ескі көліктерді қайта өңдеу бағдарламасын жариялаған еді, алайда бүгінгі күнге дейін Қазақстанда оларды кәдеге жарататын орын жоқ.Tengri Auto-ғакөлікті кәдеге жарату пунктін ашып, бағдарламаға қосылмақ болған қазақстандық хабарласты.\nӨскемен тұрғынының айтуынша, оның қара металлды қайта өңдейтін кәсіпорны бар. 2024 жылы ол пайдаланудан шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату кәсіпорнын ашуға рұқсат алмақ болған.\n\"Біз \"Жасыл даму\" компаниясына жүгініп, Астанаға бардық. Олар бізге жинау қажет құжаттар тізімін берді. Біз оларды 3–4 ай жинадық, бірақ құжаттарды тапсырғанда, ішінен кейбір сәйкессіздіктер тапты\", - деді ол.\nМәселе бір түбіртекте болған, оны ол бірден түзетіп, қалған құжаттарға қоса тіркеген.\n\"Олар үш айдан кейін бағдарлама іске қосылады деді. Қазір сайт әзірлеп жатыр екен. Құжаттарымның бәрі дұрыс екенін айтты\", - деді ол.\nАлайда соған қарамастан, кәсіпорынды тіркей алмаған. Оның айтуынша, дәл осындай жағдайға Қазақстанның басқа қалаларындағы барлық құжаты дайын қайта өңдеушілер де тап болған.\n\"Жасыл даму\" мәліметінше, 2024 жылдан бері бар болғаны үш өтінім түскен. Олардың барлығы белгіленген тәртіппен қаралып, талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған.\n\"Бас тарту туралы хабарламалар себебі көрсетіліп өтініш берушілерге жолданды. Бұл ретте ескертулер жойылмады. Осылайша, бүгінде пайдаланудан шыққан көлік құралдарын қабылдау бойынша қоғамда тіркелген қайта өңдеушілер жоқ\", - деді ведомство.\nСайтта техникалық жұмыстар расында жүргізіліп, кәсіпорындармен келісімшарт жасауға кедергі келтіре ме деген сұраққа компания жауап бермеді.\nКөлік иелері утильалым төлейді, алайда әлі күнге дейін көліктерін кәдеге жарату пункттеріне тапсыра алмай отыр. Бізге әртүрлі қаладан пайдаланудан шыққан көліктер мен техниканы кәдеге жарата алмай жүрген оқырмандар хабарласты.\nАқтөбе тұрғыны 2024 жылы көлігін есептен шығарып, оны утильге тапсырмақ болғанын айтты. Алайда өз қаласында қабылдау пунктін таппаған.\n\"Қазақстанда автоқалдықтарды кәдеге жаратуға болады деген ақпарат жарияланған соң көлікті есептен шығардық. Көлігімді сата алар едім, бірақ ол есептен шығарылғандықтан, енді ештеңе істей алмаймын\", - деді ол.\nОсындай жағдайға 2024 жылы тракторы мен жеңіл автокөлігін есептен шығарған Ақтөбенің тағы бір тұрғыны тап болған.\n\"Біз 2025 жыл бойы күттік. Пункттер ашылады деп уәде берумен болды, қайта өңдеушілермен келіссөздер жүріп жатыр дейді. Бірақ бұл жауапта нақтылық жоқ\", - деді ол.\nОсыған ұқсас оқиғаны Атырау тұрғыны да айтты:\n\"Көлікті тапсырайын десем, ешкім қабылдамайды. Онда мен утильалымды не үшін төледім? Соны түсінбеймін. Бүкіл Қазақстан бойынша көлік тапсыратын жер жоқ\", - деді ол.\nСөйтіп, көптеген қазақстандық көліктерін есептен шығарып, енді оларды сата алмайтын, металл сынығына өткізсе тым арзанға түсетін жағдайға тап болып отыр, ал кәдеге жарату пункттері әлі жоқ."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/page/kaz/restrict", "title": "Іnformburo.kz порталындағы жас шектеулері", "text": "Қазақстан Республикасының \"Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы\" заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында кез-келген ақпараттық өнімді жас санатының белгісінсіз таратуға тыйым салынады. Жастық санаттау балаларға арналмаған ақпараттық өнімге \"18+\" маркасын беру арқылы жүзеге асырылады.\nЖастық санаттың белгісіне талаптар 2019 жылы 11 қаңтарда өз күшіне енді. Ақпараттық ресурс арқылы ақпараттық өнімді таратқан кезде жастық санат белгісі ромб түрінде белгіленеді және (немесе) мәтіндік ескерту түрінде жазылады, ақпараттық ресурстың басты бетінде орналастырылады және аталған ақпараттық ресурста жарияланатын ақпараттық материалдың ең жоғарғы жас санатындағы балаларға арналған ақпараттық өнімге сәйкес келеді.\nInformburo.kz заңнама талаптарына жауапкершілікпен қарайды және жастық санат белгісін жариялайды. Егер сіз бұл бетке тап болсаңыз, онда белгіні көрдіңіз деген сөз.\nЕгер сіз 18 жасқа толған болсаңыз, кәмелет жасына толған қолданушыларға арналған келесі материалдарды оқуға кеңес береміз:\nБаламен жыныстық қатынас туралы қай жастан бастап әңгімелесуге болады?\nХарассмент немесе жыныстық бопсалау. Агрессорды ауыздықтауға қандай заң керек?\nАта-ана баласымен ашылып әңгімелесуге ұялады. Жастардың жыныстық сауатын қалай арттырамыз?\n\"Секс туралы айтсаң, күле бастайды\". Қазақтілді жасөспірімдердің жыныстық сауаты неге төмен?"} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kyizyil-dengey-almatyi-turgyindaryina-tauga-shyikpau-371903/", "title": "“Қызыл деңгей“: Алматы тұрғындарына тауға шықпау ұсынылды", "text": "Алматы тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жасалды. Іле Алатауы тауларындағы қар көшкіні туралы ескерту ең жоғары деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта өздігінен немесе абайсыз қадамнан қар көшкіні болу қаупі өте жоғары, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nАлматы тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жасалды. Іле Алатауы тауларындағы қар көшкіні туралы ескерту ең жоғары деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта өздігінен немесе абайсыз қадамнан қар көшкіні болу қаупі өте жоғары, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\n27 ақпан күнгі қаркөшкін бюллетеніне сәйкес, Іле Алатауы тауларында лавиналық қауіп жоғары (қызыл деңгей).\nСоңғы күндері тауда ауа райы күрт өзгерді:\n\"Мұндай жағдайда өздігінен және адам әсерінен болатын қар көшкіндері өте ықтимал. Әсіресе Кіші және Үлкен Алматы өзендері алабында, Медеу – Шымбұлақ маңында, биік таулы аймақтарда қауіп жоғары\", - делінген хабарламада.\nОсыған байланысты құтқарушылар маңызды ескерту жасады:\nПубликация от ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK (@ile_alatau_nationalpark)"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/konstituciianyn-qazirgi-nusqasy-men-zana-zobasyna-zasalgan-tolyq-salystyrmaly-keste", "title": "Конституцияның қазіргі нұсқасы мен жаңа жобасына жасалған толық салыстырмалы кесте", "text": "Қазақстанда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссиясы ұсынған Қазақстанның жаңа Ата Заңының жобасы қызу талқыланып жатыр. Құжат мәтінінің 84 пайызы жаңарған.\nОсыған орай, бұл материалда Конституцияның қолданыстағы және жаңа жоба түріндегі нұсқаларын салыстырып оқуға ыңғайлы болуы үшін арнайы кестеге енгізіп шықтық.\nМәтіннің қалған,қара түспенжазылған бөлігі – өзгеретін мәтін (құжаттың 84 пайызы, яғни басым бөлігі өзгеретіндіктен, оның осы бөлігін қара түспен қалдырдық).\nБiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы,байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып,өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулықмұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтыққоғам деп ұғына отырып,дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағыжоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырыпосы Конституцияны қабылдаймыз.\nБіз, біртұтас Қазақстан халқы,байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып,Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап,мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап,Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып,азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп,бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп,мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып,табиғатты аялау қажеттігін мойындап,бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып,келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп,Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз.\n1-бап1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.\n1-бапҚазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.\n2-бап1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.3-1. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін.4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар.\n2-бап1. Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика.2. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы конституциялық заңда айқындалады.4. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы. Елорда мәртебесі заңда айқындалады.5. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атауларының мәні бірдей.6. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді.\n3-бап1. Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын орнықтыру; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау.2. Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды.\n3-бап1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады.Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.\n4-бап1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі – Қазақстан халқы.2. Халық билікті жалпыхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді, сондай-ақ өз билігін мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырады.3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кету заңмен қудаланады. Халық пен мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Президенті, сондай-ақ конституциялық өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының Құрылтайы әрекет етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттік шегінде мемлекет атынан әрекет етеді.4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік біртұтас және ол заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөліну, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес Конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылады.\n1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Сотының және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады.4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.\n5-бап1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы – Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарт міндеттемелерінің нормалары.2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады.3. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарды қолдану тәртібі заңдарда айқындалады.4. Барлық заңдар мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы – оларды қолданудың міндетті шарты.5. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды.Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күші болмайды.Жаңа заң бұрын жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін болса, жаңа заң қолданылады.6. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында конституциялық заңдарға сәйкес қаржы саласына қатысты арнаулы құқықтық режим немесе «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін. Осы арнаулы құқықтық режимдер мемлекеттік басқару, сот жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін көздеуі мүмкін.\n1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.\n1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандық танылады. Мемлекеттік органда саяси партия ұйымын құруға жол берілмейді.2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең. Мемлекеттің қоғамдық бірлестік ісіне, ал қоғамдық бірлестіктің мемлекет ісіне заңсыз араласуына және қоғамдық бірлестікке мемлекеттік орган функцияларын жүктеуге жол берілмейді.3. Мақсаты немесе әрекеті конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын және қоғамдық тәртіпті бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестік құруға және оның қызметіне, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген жасақ құруға тыйым салынады.4. Басқа мемлекеттің саяси партиясы мен кәсіптік одағының, діни негіздегі саяси партияның қызметіне жол берілмейді, сондай-ақ саяси партия мен кәсіптік одақты шетелдік заңды тұлғаның, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаның, шет мемлекет пен халықаралық ұйымның қаржыландыруына жол берілмейді.5. Коммерциялық емес ұйымның шет мемлекеттен, халықаралық және шетелдік заңды тұлғадан, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамнан алатын ақша қаражатының қозғалысы және активтері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ашық әрі қолжетімді болуға тиіс.\n7-бап1. Дін мемлекеттен бөлек.2. Қазақстан аумағында діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылады және ол конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығын және қоғамның адамгершілік болмысын қорғау мақсатында шектелуі мүмкін.\n6-бап1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.3. Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.\n8-бап1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және тең қорғалады.2. Меншікті пайдалану қоғам мен мемлекет игілігіне қызмет етуге, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге, басқа тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелері құқықтарының көлемі мен шегі, оларды қорғау кепілдіктері заңда айқындалады.3. Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.\n1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.\n9-бап1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.3. Мемлекет біртұтас Қазақстан халқының тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға қолдау көрсетеді.\n8-бапҚазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.\n10-бапҚазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейді, мүдделі мемлекеттермен бейбітшілік пен ынтымақтастықты, олардың ішкі ісіне араласпауды, халықаралық дауды бейбіт жолмен шешуді көздейтін сыртқы саясат жүргізеді.\n9-бапҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.\n11-бапҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран. Олардың сипаттамасы және пайдалану тәртібі конституциялық заңда белгіленеді.\nІІ бөлімНегізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер\n10-бап1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.2. Республиканың азаматын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.\n12-бап1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріледі және тоқтатылады, ол берілген негізіне қарамастан бiрыңғай және тең.2. Қазақстан Республикасының азаматын өз азаматтығынан айыруға, азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге аластатуға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыс жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімімен ғана жол беріледі.3. Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейді. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады.\n11-бап1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.2. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.\n13-бап1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекетке берілмейді.2. Қазақстан Республикасы өз азаматтарын ел аумағынан тыс жерде заңға сәйкес қорғауға кепiлдiк бередi.\n12-бап1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.\n14-бап1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi.2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды.3. Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен мiндеттері бар.4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда көзделген жағдайда шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының азаматы үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттерді атқарады.5. Құқықтар мен бостандықтарды іске асыру басқа тұлғаның құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиiс, конституциялық құрылыс негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтiрмеуге тиiс.\n1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.\n15-бап1. Әр адамның құқық субъектiсi ретiнде танылуға құқығы бар. Әр адам құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлмен, оның ішінде қажетті қорғаныс арқылы қорғауға құқылы.2. Әр адамның өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.3. Қазақстан Республикасында заңға сәйкес біліктi заң көмегін алу құқығы танылады.\n14-бап1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.\n16-бап1. Заң мен сот алдында бәрi тең.2. Қазақстан Республикасының азаматын, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсiтуге болмайды.\n15-бап1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады.\n17-бап1. Өмір сүру құқығы – әр адамның абсолютті және ажырамас құқығы.2. Ешкімнің өз бетімен адам өмірін қиюға құқығы жоқ.3. Өлім жазасына тыйым салынған.\n16-бап1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.\n18-бап1. Әр адамға жеке басына тиіспеу құқығына және жеке бас бостандығы құқығына кепілдік беріледі.2. Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды.Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі.3. Әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негізі мен құқықтары түсіндіріледі.4. Ұсталған адамның, күдіктінің, айыпталушының тиісінше ұсталған, күдікті ретінде танылған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пайдалануға құқығы бар.\n19-бап1. Заңды күшіне енген сот үкімімен адамды кінәлі деп танымайынша, ол жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі емес деп саналады.2. Ешкім өз-өзіне, жұбайына (зайыбына) және заңда айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.Діни қызметшілер өздеріне сеніп, сырын ашқан адамдарға қарсы куәлік етуге міндетті емес.3. Адамды дәл сол құқық бұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа қайта тартуға тыйым салынады.\n17-бап1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.\n20-бап1. Адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне тиісуге болмайды және олар заңмен қорғалады.2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатыгездiк көрсетіп немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлап жәбiрлеуге және жазалауға болмайды.\n18-бап1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.\n21-бап1. Жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.2. Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдарының, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі.3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әр адамға өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжатпен, шешiммен және ақпарат көзiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.\n19-бап1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.\n22-бап1. Әр адам өзiнiң қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны көрсетуге не көрсетпеуге құқылы.2. Әр адамның ана тілі мен төл мәдениетiн қолдануға, қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, оқу мен шығармашылық тілін еркiн таңдауға құқығы бар.\n20-бап1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.\n23-бап1. Сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне кепiлдiк берiледi.2. Зияткерлік меншік заңмен қорғалады.3. Мемлекеттік құпияларды қоспағанда, еркін ақпарат алу және тарату құқығы заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен іске асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер тізбесі заңда айқындалады.4. Сөз еркіндігі және ақпарат тарату басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс.5. Цензураға тыйым салынады.6. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумақтық тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға, сондай-ақ арандату әрекетіне және оған шақыруға жол берілмейді.\n21-бап1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.\n24-бап1. Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген әр адамның ел аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жерін еркін таңдауға құқығы бар.2. Әр адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен жол беріледі. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына кедергiсiз оралуға құқығы бар.\n22-бап1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.\n25-бап1. Әр адамның ар-ождан бостандығына құқығы бар.2. Ар-ождан бостандығы құқығын пайдалану жалпыадамзат пен азамат құқықтарын, мемлекет алдындағы мiндеттерді шектемеуге тиіс.\n23-бап1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.2. Республика Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының жəне өзге де соттарының төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, əскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері саяси партияларда, кəсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.\n26-бап1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлестік құру бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiк қызметi заңмен реттеледi.2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, құқық қорғау органы және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партия мен кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияны немесе қоғамдық-саяси қозғалысты қолдауға не сыни пікір білдіруге құқылы емес.\n24-бап1. Əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінəлі деп тану туралы сот актісінің негізінде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.\n27-бап1. Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Мәжбүрлі еңбекке тартуға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде, не төтенше жағдайда, не соғыс жағдайында ғана жол беріледі.2. Қазақстан Республикасы қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайлары құқығына, еңбегi үшiн қандай да бiр кемсiтусiз сыйақы алу, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтiк қорғалу құқығына кепілдік береді.3. Заңда белгіленген тәсiлдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы танылады.4. Тынығу, жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мереке күндерi, ақы төленетін демалыс құқығына заңмен кепiлдiк беріледi.\n25-бап1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.\n28-бап1. Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi.2. Қазақстан Республикасында өз азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың заңда көрсетiлген санаттарына баспана заңда белгіленген нормаларға сәйкес берiледi.\n26-бап1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.\n29-бап1. Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды түрде алған кез келген мүлкіне жеке меншiк құқығы болады.2. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдік беріледі.3. Сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген айрықша жағдайда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiкті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға оның тең құны өтелген кезде жол беріледі.4. Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет бостандығы құқығына, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалану құқығына кепілдік береді. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi немесе шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.\n27-бап1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.\n30-бап1. Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады.2. Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы.3. Балаға қамқорлық жасау және тәрбие беру ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi.4. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсызата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.\n28-бап1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.\n31-бап1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне кепiлдiк берiледi, сондай-ақ жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және өзге де заңды негiз бойынша әлеуметтiк қамсыздандыруға кепiлдiк берiледi.2. Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де үлгілерін және қайырымдылық жасау қолдау табады.\n29-бап1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.\n32-бап1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.2. Қазақстан Республикасының азаматтары ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы.3. Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.\n30-бап1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.3. Жеке меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.\n33-бап1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей бастауыш және орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Бастауыш және орта білім мiндеттi.2. Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негiзінде жоғары білім алуға құқығы бар.3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.4. Мемлекет білім берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын белгiлейдi. Барлық оқу орнының қызметi осы стандарттарға сәйкес келуге тиіс.5. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие.\n31-бап1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.\n34-бап1. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті.2. Мемлекет адамның өмiр сүруiне және денсаулығына қолайлы болатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді.3. Адам өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн фактілерді, мән-жайларды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа алып келеді.\n32-бапҚазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.\n35-бапҚазақстан Республикасы азаматтарының бейбiт жиналыс, митинг, демонстрация өткізуге құқығы бар. Бұл құқықты пайдалану конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында шектелуі мүмкін.\n33-бап1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.\n36-бап1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына өзі жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiш жолдауға құқығы бар.2. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар.3. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы жоқ.Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ.4. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кiруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар заңға сәйкес лауазымдық мiндетіне ғана қатысты болады.\n34-бап1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.\n37-бап1. Әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.2. Әр адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.\n35-бапЗаңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.\n38-бапЗаңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу – әр адамның борышы мен мiндетi.\n36-бап1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.\n39-бап1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиеттi парызы мен мiндетi.2. Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңда белгiленген түрде және көзделген тәртiппен өткереді.\n37-бапҚазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.\n40-бапҚазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi.\n38-бапҚазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.\n39-бап1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.2. Ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 11, 13-15-баптарында, 16-бабының 1-тармағында, 17-бабында, 19-бабында, 22-бабында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.\n41-бап1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында тек заңмен және қажетті шамада ғана шектелуi мүмкiн.2. Этносаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.3. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси себептермен кез келген шектеуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 15 – 17, 20, 22, 25-баптарында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда шектелмеуге тиіс.\n40-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.\n42-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, Қазақстан атынан ел ішінде және халықаралық қатынастарда өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.2. Қазақстан Республикасының Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.3. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының үйлесімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін, билік органдарының біртұтас Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.\n41-бап1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды.2. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.3. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.4. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 Заңымен алып тасталды.5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.\n43-бап1. Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды.2. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын, жоғары білімі бар және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде бес жыл жұмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады.3. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі және Қазақстан Республикасы Құрылтайының жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуге тиіс.4. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астам дауысын алған кандидат сайланды деп саналады. Кандидаттардың ешқайсысы елу пайыздан астам дауыс санын ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екі кандидат қайта дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс санын алған кандидат сайланды деп саналады.5. Осы баптың 1-тармағының ережелері өзгермейді.\n42-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.2. Ант беру қаңтардың екінші сəрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.3. Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады.4. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 Заңымен алып тасталды.5. Бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.\n44-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, өзіме жүктелген Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.2. Ант беру сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің, сондай-ақ қоғам өкілдері мен шақырылған шетел азаматтарының қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 51-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе лауазымынан кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде ант береді.3. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Қызметінен кетірілгендерден басқа, Қазақстан Республикасының барлық бұрынғы Президенттерінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті атағы болады.\n43-бап1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңымен алып тасталды.3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ.\n45-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.2. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуға құқылы емес.3. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметші лауазымында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшы лауазымында болуға құқылы емес.\n44-бапҚазақстан Республикасының Президенті:1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын жəне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;6) Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;8) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Заңымен алып тасталды;9) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Заңымен алып тасталды;10) республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Сотқа өтініш жолдайды;11) келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекіту грамоталарына қол қояды; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;12) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;15) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады;20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.\n46-бапҚазақстан Республикасының Президенті:1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды;2) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындайды; Қазақстан Республикасының Вице-Президентін лауазымынан босатады, оның өкілеттігін айқындайды.Құрылтай Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Құрылтайдың бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақырады; Құрылтай ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайта талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;4) Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациядан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын келісім беру үшін Құрылтайдың қарауына ұсынады; депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындайды; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін лауазымынан босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкімет құрылымын айқындайды; Құрылтаймен консультациядан кейін Премьер-Министр ұсынған Үкімет мүшелерін тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін лауазымынан босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді.Құрылтай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындайды және оларды лауазымынан босатады;6) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын тағайындайды және лауазымынан босатады;7) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдік басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;8) депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Конституциялық Соттың он судьясын сегіз жыл мерзімге, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін бес жыл мерзімге, Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды; оларды лауазымынан босатады.Құрылтай Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беруден қайта бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады;9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және лауазымынан босатады;10) жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды;11) адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің Егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін Конституциялық Сотқа күшіне енген заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы өтініш жібереді;12) Қазақстан Республикасының атынан келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды; ратификациялық грамоталарға қол қояды; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ халықаралық ұйым басшыларының сенім және кері шақыру грамоталарын қабылдайды;13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, құрметті атақтарды белгілейді;14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті атақтарды, жоғары әскери атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;15) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселесін, саяси баспана беру мәселесін шешеді;16) кешірім беруді жүзеге асырады;17) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, ішкі саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне тікелей қатер төнсе және бұл мемлекеттік конституциялық органдардың жұмыс істеуін бұзуға алып келсе, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Құрылтайының Төрағасымен ресми консультациядан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе жекелеген аймақтарында төтенше жағдай енгізуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, осы мән-жайлар талап ететін шараларды қабылдайды;18) Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында әскери жағдай енгізеді, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына дереу хабарлайды;19) өзіне бағынатын Мемлекеттік күзет қызметін құрады;20) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін құрады;21) Қауіпсіздік Кеңесін, өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесін құрады;22) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.\n45-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.2. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Заңымен алып тасталды.3. Республиканың Президенті қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкімет бастамасымен шығарылатын Президенттің актілері тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады.\n47-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.2. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, ол уақытша болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының конституциялық заң күші немесе заң күші бар жарлықтар шығарады.3. Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін заңдарға Құрылтай Төрағасы мен Премьер-Министр алдын ала қол қояды және оларға заңдардың Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі.Үкімет бастамасымен шығарылатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне Премьер-Министр алдын ала қол қояды және оған актілердің Конституция мен заңдарға сәйкестігі үшін жауаптылық жүктеледі.\n46-бап1. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды.2. Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.3. Осы баптың ережелері Республиканың экс-Президенттеріне қолданылады.4. Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 8 маусымдағы Заңымен алып тасталды.\n48-бап1. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиісуге болмайды.Мемлекетке опасыздық жасауды қоспағанда, Президент өкілеттігін атқару барысындағы әрекеті үшін Қазақстан Республикасының Президенті қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.2. Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, қызмет көрсету және күзету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-Президенттеріне де қолданылады.\n49-бап1. Қазақстан Республикасының Вице-Президентін депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.2. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.3. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуға құқылы емес.4. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті:1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен халықаралық аренада Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;2) Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өкілдік етеді;3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;4) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.\n47-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Сот қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.2. Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Соттың қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.3. Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.\n50-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш беру арқылы өз еркімен орнынан түсуге құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты бұл өтінішті Қазақстан Республикасы Президентінің өзі және өз еркімен бергенін растайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты қорытынды берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне байланысты лауазымынан босатылды деп саналады.2. Қазақстан Республикасының Президенті денсаулығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда мерзімінен бұрын лауазымынан босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда Құрылтай депутаттардан және медицинаның тиісті салаларындағы мамандардан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешімді Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен комиссияның қорытындысы және конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Сот қорытындысы негізінде қабылдайды.3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі әрекеті үшін мемлекетке опасыздық жасағанда ғана жауапты болады және бұл үшін Құрылтай оны қызметінен кетіруі мүмкін. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу және оны тергеп-тексеру туралы бастаманы Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірі ұсынады. Бұл мәселе бойынша шешімді Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдайды. Құрылтай тағылған айыпты тергеп-тексеруді ұйымдастырады және оның нәтижелері Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Құрылтай отырысының қарауына шығарылады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім Жоғарғы Соттың айып тағудың негізділігі туралы қорытындысы және Конституциялық Соттың белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болған жағдайда Құрылтай отырысында депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің дауысымен қабылданады. Айып тағылған сәттен бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылданбаса, Қазақстан Республикасының Президентіне қарсы тағылған айып қабылданбады деп саналады. Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың кез келген сатыда қабылданбауы осы мәселені қарауға бастамашы болған Құрылтай депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келеді.4. Қазақстан Республикасының Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе Құрылтайдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін қарау кезеңінде ұсынылмайды.\n48-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді. Өзіне Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкілеттігін тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздерде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ.\n51-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты лауазымынан мерзімінен бұрын босатылған, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне өтеді; Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің денсаулық жағдайына немесе жеке сипаттағы өзге де себептерге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасына өтеді; Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне өтеді.Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтініш береді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы тұлғаның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті өз еркімен бергенін растайды және тиісті қорытынды береді.Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Вице-Президент, Құрылтай Төрағасы, Премьер-Министр өкілеттігін доғарады. Бұл жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.2. Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты лауазымынан мерзімінен бұрын босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының Құрылтайы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы жариялайды. Сайлау Қазақстан Республикасының Құрылтайы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасауға, сондай-ақ Құрылтайды таратуға құқылы емес.\n49-бап1. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.2. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.3. Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.4. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.\n52-бап1. Қазақстан Республикасының Құрылтайы – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган.2. Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған Құрылтайдың бірінші сессиясы жұмысын бастаған кезде аяқталады.3. Құрылтайдың өкілеттігі Конституцияда көзделген жағдайда және онда белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.4. Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңда айқындалады.\n50-бап1. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.3. Мəжіліс конституциялық заңда белгіленген тəртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.4. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.5. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.\n53-бап1. Құрылтай конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйесі негізінде сайланатын бір жүз қырық бес депутаттан тұрады.2. Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.\n51-бап1. Мəжілістің депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мəжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.6. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.\n54-бап1. Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрылтай депутаттарының кезекті сайлауы жұмыс істеп тұрған Құрылтай шақырылымының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.2. Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы Құрылтайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.3. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан, жиырма бес жасқа толған адам Құрылтай депутаты бола алады.4. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.5. Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді.\n52-бап1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңымен алып тасталды.2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте депутаттың жеке өзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.3. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.4. Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.Парламент депутаты:1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.Парламент Мəжілісінің депутаты:1) депутат конституциялық заңға сəйкес партиялық тізім негізінде өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;2) конституциялық заңға сəйкес партиялық тізім негізінде депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан;3) бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты конституциялық заңда айқындалатын тəртіппен сайлаушылар кері шақырып алған кезде өз мандатынан айырылады.Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және өкілеттігінен әрі депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді әзірлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі.\n55-бап1. Құрылтай депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Құрылтайда депутаттың жеке өзі дауыс береді. Депутат Құрылтай мен оның органдарының отырыстарына дәлелді себепсіз үш реттен артық қатыспаса, сол сияқты дауыс беру құқығын басқаға берсе, бұл заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға алып келеді.2. Құрылтай депутаты басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес. Осы талаптарды бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға алып келеді.3. Құрылтай депутатын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға не қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.4. Құрылтай депутатының өкілеттігі депутат орнынан түскен, қайтыс болған, заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайда тоқтатылады.Құрылтай депутаты:1) Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;2) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;3) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;4) өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;5) өзін сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде мандатынан айырылады.Құрылтай депутаттарының өкілеттігі Құрылтай таратылған жағдайда тоқтатылады.5. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 2-тармағының талаптарын және депутаттық этика қағидаларын сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа тиіспеу кепілдігінен айыруға байланысты мәселелерді дайындау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі.\n53-бапПалаталардың бірлескен отырысында Парламент:1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;1-1) конституциялық заңдарды қабылдайды;1-2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент əрбір Палата депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылықтары еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;2) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;3) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Заңымен алып тасталды;4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;6) Конституциялық Соттың Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.\n56-бапҚұрылтай:1) конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды;2) Қазақстан Республикасының Президенті қарсылық білдірген заңдарды немесе заң баптарын қарсылық жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайта талқылап, дауысқа салады. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Құрылтай конституциялық заңдар немесе конституциялық заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының төрттен үшінің дауысымен, ал заңдар немесе заң баптары бойынша депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен Президенттің қарсылығын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға және заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, конституциялық заң және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп саналады;3) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;4) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдайды;5) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялайды;6) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;7) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Вице-Президентін тағайындауға келісім береді;8) Қазақстан Республикасының Президентіне Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындауға келісім береді;9) Президенттің Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындауына Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен келісім береді;10) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды;11) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Жоғарғы Сотының судьяларын тиіспеу кепілдігінен айырады;12) Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Құрылтай депутатын тиіспеу кепілдігінен айыру мәселелерін шешеді;13) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы;14) Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;15) жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды;16) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды және бекітеді. Құрылтайдың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін бекітпеуі Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі деп саналады;17) Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдары орындалмаған жағдайда есепті тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы өтініш қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады;18) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тыңдау өткізеді;19) өз қызметінің регламентін және Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыруға, ішкі тәртіптемесіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешім қабылдайды;20) Құрылтайдың үйлестіру органын және жұмыс органдарын құрады;21) Құрылтай комиссияларын құрады, төрағаларын сайлайды және лауазымынан босатады, комиссиялардың қызметі туралы есепті тыңдайды;22) Құрылтайға Конституцияда жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.\n54-бап1. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мəселелерді əуелі - Мəжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заңдар қабылдайды, оның ішінде:1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мəжіліс пен Сенат əрбір Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса Палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.\n55-бапСенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату;2) Республика Президентінің Республика Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілді оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;4) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңымен алып тасталды;5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.\n56-бап1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау;2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;3-1) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау;4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.\n57-бапПарламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерінің тең жартысына өкілеттік береді;3) Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды;4) Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерін шешеді;5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді;6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;7) Палаталардың үйлестіруші және жұмыс органдарын құрады;8) өз қызметінің регламентін, Палатаның ұйымдастыру және ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдайды.\n58-бап1. Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшін Палаталардың депутаттары жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қызметтен кері шақырылып алынуы мүмкін, сондай-ақ олар өз еркімен орнынан түсуге хақылы.3. Парламент Палаталарының төрағалары:1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді;2) Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды;3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметіне сайлау үшін Палаталарға кандидатуралар ұсынады;4) Палаталар қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;5) Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды;6) Палаталар шығаратын актілерге қол қояды;7) Палаталарға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;8) өздеріне Парламент регламенті жүктейтін басқа да міндеттерді атқарады.4. Мәжіліс Төрағасы:1) Парламент сессияларын ашады;2) Палаталардың кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді.5. Палаталардың төрағалары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.\n57-бап1. Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған Төраға басқарады. Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайды таратады.2. Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда Құрылтай Төрағасы лауазымынан кері шақырылуы, сондай-ақ орнынан түсуі мүмкін.3. Құрылтай Төрағасы:1) Құрылтай отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;2) Құрылтайдың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға жалпы басшылық етеді;3) Құрылтай Төрағасының орынбасарлары лауазымына сайлау үшін Құрылтайға кандидатуралар ұсынады;4) Құрылтайдың қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;5) Құрылтайдың үйлестіру органының қызметіне басшылық етеді;6) Құрылтай шығаратын актіге қол қояды;7) өзіне Құрылтай регламентімен жүктелетін басқа да міндеттерді атқарады.4. Конституцияда өзгеше көзделмесе, Құрылтай Төрағасы Құрылтай сессиясын ашады.5. Құрылтай Төрағасы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығарады.\n59-бап1. Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.2. Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.3. Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.5. Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.6. Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. Республика Президентінің, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.\n58-бап1. Құрылтай сессиясы отырыс түрінде өткізіледі.2. Құрылтайдың бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауының қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.3. Құрылтайдың кезекті сессиясы жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.4. Құрылтай сессиясын, әдетте, Қазақстан Республикасының Президенті ашады және сессия Құрылтай отырысында жабылады. Құрылтай сессиялары арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен, Құрылтай Төрағасының немесе Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.5. Құрылтай отырыстары Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.6. Құрылтай отырысы ашық өтеді. Регламентте көзделген жағдайда отырыс жабық өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырысқа қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.\n60-бап1. Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.2. Палаталардың бірлескен қызметтеріне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар шығарады.4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.\n59-бап1. Құрылтай конституциялық заңда саны айқындалған тұрақты комитеттер, сондай-ақ комиссиялар құрады.2. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы шығарады.3. Комитеттер мен комиссияларды құру тәртібі, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру заңда айқындалады.\n61-бап1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тəртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тəртібімен енгізілген заң жобалары Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға:1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;5) республикалық бюджетке;6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;9) айналадағы ортаны қорғауға;10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мəселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға өзінің жауапкершілігімен хақылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады.4. Мəжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа беріледі, ол онда алпыс күннен асырылмай қаралады.Мəжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға хақылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі жəне бастамашыға қайтарылады.Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мəжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мəжіліске заңның жекелеген баптарының редакциясын ұсынуға құқылы.Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаған жағдайда, заң Президенттің қол қоюына беріледі.5. Егер Мəжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мəжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған жəне Сенат мақұлдаған болып есептеледі жəне он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.Егер Мəжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рəсімдері арқылы шешіледі.Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 4-тармағында белгіленген тəртіппен Мəжілістің жəне Сенаттың қарауына жатады.Мəжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мəжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мəжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді бекітсе, заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.Егер заң Мəжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі жəне бастамашыға қайтарылады.5-1. Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 8 маусымдағы Заңымен алып тасталды.6. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдардың жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.\n60-бап1. Заң шығаруға бастама жасау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Құрылтай депутаттарына, Үкіметке, Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі және тек қана Құрылтайда іске асырылады.2. Қазақстан Республикасының Президенті заң жобаларын қараудың басымдығын айқындауға құқылы, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезекте екі ай ішінде қабылдануға тиіс дегенді бiлдiредi.3. Құрылтай:1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауаптылығына;2) меншік режиміне және өзге де заттық құқықтарға;3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге немесе олардың күшін жоюға;5) республикалық бюджетке, мемлекеттік қарыз, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсету мәселелеріне;6) сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне;7) рақымшылық мәселелеріне;8) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;9) кәсіпорындарды және олардың мүлкін жекешелендіруге;10) қоршаған ортаны қорғауға;11) Қазақстан Республикаcының әкімшілік-аумақтық құрылысына;12) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне;14) халықаралық шарттарды ратификациялауға және денонсациялауға қатысты аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, негіз құраушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заң шығаруға құқылы.4. Құрылтай халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіптің қорғалуына, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасымен енгізілген заң жобаларын дереу қарауға тиіс.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне жауапкершілікті ала отырып, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық акт қабылдауға құқылы. Мұндай акт Құрылтай қабылдаған заң күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заң жобаларын қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады.5. Құрылтай қабылдаған заң он күн ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылады.Құрылтай заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тұтастай қабылдамауға құқылы. Мұндай жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және бастамашыға қайтарылады.6. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасымен Құрылтайға енгізілетін заң жобалары үшін мұндай қорытынды талап етілмейді.7. Үкімет енгізген заң жобасы қабылданбаса, Премьер-Министр Құрылтай отырысында Үкіметке сенім білдіру мәселесін қоюға құқылы. Бұл мәселе сенім білдіру мәселесі қойылғаннан бастап қырық сегіз сағаттан кейін ғана дауысқа салынады. Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысын алмаса, заң жобасы дауысқа салынбастан қабылданды деп саналады. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.\n62-бап1. Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.2. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен енгізіледі.4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады.5. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен заңдарды Мəжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды.Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Парламенттің жəне оның Палаталарының қаулылары Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша, конституциялық заңдардың жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс.8. Республиканың заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі.\n61-бап1. Құрылтай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар заң мен қаулы қабылдайды.2. Заң Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.3. Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданады.4. Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Құрылтай заңды депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдайды.Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Құрылтай қаулысы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.5. Заң жобалары бойынша кемінде үш оқылым өткізу міндетті.6. Заңдар, Құрылтай қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуге тиіс. Құрылтай қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс.7. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі заңмен және Құрылтай регламентімен реттеледі.\n63-бап1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.\n62-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай Төрағасымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін Құрылтайды таратады.2. Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай келісімімен тағайындалатын лауазымға Президент ұсынған кандидатураны тағайындауға келісім беруден қайта бас тартылған, сондай-ақ Құрылтай Төрағасын сайлаудан қайта бас тартылған жағдайда Құрылтайды таратады.3. Құрылтайды төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде немесе Конституцияның 51-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда таратуға болмайды.\n64-бап1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.3. Конституцияның 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есеп береді.4. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.\n63-бап1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.2. Үкімет – алқалы орган, ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Құрылтайдың алдында жауапты.3. Үкімет мүшелері Конституцияның 56-бабының 17) тармақшасында көзделген жағдайда Құрылтайға есеп береді.4. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі конституциялық заңда айқындалады.\n65-бап1. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.2. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.3. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.\n64-бап1. Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс енгізеді.3. Үкімет мүшелері Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне ант береді.\n66-бапҚазақстан Республикасының Үкіметі:1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;8) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Заңымен алып тасталды;9) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 Заңымен алып тасталды;9-1) Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.\n65-бапҚазақстан Республикасының Үкіметі:1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;5) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу шараларын әзірлейді;6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді;7) Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданысын толық немесе бір бөлігінде жояды не тоқтата тұрады;8) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Президентiнің келісімімен бекітеді;9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.\n67-бапҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі:1) Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді;2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңымен алып тасталды;3) Үкімет қаулыларына қол қояды;4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады;5) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.\n66-бапҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі:1) Үкімет қызметін ұйымдастырады және басқарады, оның жұмысы үшін дербес жауап береді;2) Үкімет қаулысына қол қояды;3) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның барлық аса маңызды шешімдері туралы Президент пен Құрылтайға баяндайды;4) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басқаруға байланысты басқа да функцияларды орындайды.\n68-бап1. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не ол лауазымнан босатылуға тиіс.2. Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.\n67-бап1. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде дербес шешім қабылдайды және өзіне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында дербес жауап береді. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны іске асырмайтын Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не лауазымынан босатылуға тиіс.2. Үкімет мүшелері өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ заңнамаға сәйкес өзінің лауазымдық міндеттері болатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес.\n69-бап1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыретінің мәселелері бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады.2. Республиканың Премьер-Министрі Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.3. Үкіметтің қаулылары және Премьер-Министрдің өкімдері Конституцияға, заң актілеріне, Республика Президентінің жарлықтары мен өкімдеріне қайшы келмеуге тиіс.\n68-бап1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулы шығарады.2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар өкім шығарады.3. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс.\n70-бап1. Үкімет жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады.2. Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, олар Республиканың Президентіне өз орнынан түсетіні туралы мәлімдеуге хақылы.3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.4. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды.5. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.6. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент оған міндеттерін одан әрі жүзеге асыруды тапсырады.7. Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.\n69-бап1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Құрылтайы алдында өз өкілеттігін доғарады.2. Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі орындау мүмкін емес деп есептесе, Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы өтініш беруге құқылы.3. Құрылтай Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда Үкімет Қазақстан Республикасының Президентіне орнынан түсу туралы өтініш береді.4. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президенті он күн ішінде қарайды.5. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.6. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті оған міндеттерін одан әрі атқаруды тапсырады.7. Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға құқылы. Премьер-Министрді лауазымынан босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.\n70-бап1. Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.2. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.3. Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттігі және қызметінің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады.71-бапҚазақстан Халық Кеңесі:1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары;қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту;Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.\n71-бап1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағаны қоса алғанда, он бір судьядан тұрады, олардың өкілеттігі сегіз жылға созылады.Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала алмайды.2. Конституциялық Соттың Төрағасын Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Президенті тағайындайды.3. Конституциялық Соттың төрт судьясын – Республика Президенті, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын тиісінше Сенат пен Мəжіліс тағайындайды.Республика Президенті Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.4. Конституциялық Соттың судьясы қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқарумен, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.5. Конституциялық Соттың судьяларын өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп əкелуге, оған сот тəртібімен белгіленетін əкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.6. Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.\n72-бап1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.2. Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады, олардың өкілеттігі – сегіз жыл.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды.3. Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады.Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.4. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Құрылтай келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.5. Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.6. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.7. Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы және қызметі конституциялық заңмен реттеледі.\n72-бап1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.2. Конституциялық Сот Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.3. Конституциялық Сот азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сəйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тəртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген мəселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сəйкестігін Республика Бас Прокурорының өтініштері бойынша қарайды.5. Конституциялық Сот Конституцияда бекітілген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Республика Конституциясына сəйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің өтініші бойынша қарайды.\n73-бап1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Құрылтай Төрағасының, Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:1) дау туындаған жағдайда Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдум өткізудің дұрыстығы мәселесін шешеді;2) Президент қол қойғанға дейін Құрылтай қабылдаған заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды;3) Құрылтай қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;4) халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;5) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарайды;6) Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді;7) Конституцияның 50 және 51-баптарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді.2. Конституциялық Сот Конституцияның 46-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда – Президенттің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 79-бабында белгiленген жағдайда соттардың өтiнiштерiн қарайды.3. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініші бойынша қарайды.5. Конституциялық Сот адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.\n73-бап1. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.\n2. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.\n3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімдерде шығарады.\n4. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Заңымен алып тасталды.\n74-бап1. Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуі, Құрылтайдың сайланған депутаттарын тіркеу не жалпыхалықтық референдум қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады.\n2. Конституцияның 73-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа өтініш берілген жағдайда тиісті актілерге қол қою не оларды ратификациялау мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.\n3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімде шығарады.\n74-бап1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиісінше, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.\n2. Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның жəне азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің күші жойылады жəне қолданылуға жатпайды.\n3. Конституциялық Соттың шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.\n75-бап1. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не ратификацияланбайды және олар қолданысқа енгізілмейді.\n2. Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс.\nКонституциялық Соттың түсіндірмесінде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс.\n3. Конституциялық Сот орындалуы Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері, оның ішінде жекелеген ережелері орындалмауға тиіс.\n4. Конституциялық Сот шешімдері қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болады және оларға шағым жасалмайды.\nVII бөлімСоттар жəне сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл\nVIII бөлімСот төрелiгi. Прокуратура.Құқық қорғау тетіктері\n75-бап1. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.\n2. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.\n3. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.\n4. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.\n76-бап1. Қазақстан Республикасында сот төрелігін сот қана жүзеге асырады.\n2. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилер заңда көзделген жағдайда қатысады.\n3. Қазақстан Республикасының соттары – Жоғарғы Сот, заңмен құрылған жергілікті және басқа да соттар.\n4. Қазақстан Республикасының сот жүйесі Конституцияда және конституциялық заңда белгіленеді. Қандай да бір атаумен болса да арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.\n76-бап1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.\n2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.\n3. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.\n77-бап1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, оның мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету.\n2. Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.\n3. Сот шешімінің, үкімі мен өзге де қаулысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.\n77-бап1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.\n2. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.\n3. Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:\n1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;\n2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;\n3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;\n4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;\n5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;\n6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;\n7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;\n8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;\n9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;\n10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.\n4. Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.\n78-бап1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болады және Конституция мен заңға ғана бағынады.\n2. Сот төрелігін іске асырған кезде соттың қызметіне мүлдем араласуға болмайды және бұл заң бойынша жауаптылыққа алып келеді. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді.\n3. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде мына қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс:\n1) ешкімнің өзіне заңда көзделген соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайды;\n2) сотта әр адамның өз сөзін тыңдатуға құқығы бар;\n3) айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес;\n4) адамның кінәлі екеніне қатысты кез келген күмән айыпталушының пайдасына қарастырылады;\n5) заңсыз тәсілмен жиналған дәлелдемелердің заңды күші жоқ. Ешкімді өзінің жеке мойындауы негізінде ғана соттауға болмайды;\n6) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.\n4. Конституцияда белгіленген сот төрелігінің қағидаттары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай.\n78-бапСоттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті.\n79-бапСоттар адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес.\nЕгер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті.\n79-бап1. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін.\n2. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, - Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.\n3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады.\n4. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.\n80-бап1. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек қана заңда белгіленген негіздермен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.\n2. Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, тиісінше Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Құрылтайдың келісімінсіз оны ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.\n3. Қазақстан Республикасы соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады.\n4. Судьяның депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.\n80-бапСоттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.\n81-бапСоттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.\n81-бапҚазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беріп отырады.\n82-бапЖоғарғы Сот – жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы, ол заңда көзделген жағдайда өзінің қарауына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндіру береді.\n82-бап1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.\n2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.\n3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.\n4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Республика Президенті Парламент Сенатының келісімімен тағайындайды.\n5. Жоғары Сот Кеңесінің мəртебесі, құрамын қалыптастыру тəртібі жəне жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады.\n83-бап1. Жоғарғы Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды және ол өз өкілеттігі мерзімі ішінде Жоғарғы Сот судьясы да болады. Жоғарғы Сот Төрағасының өкілеттік мерзімі – алты жыл.\nКонституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Жоғарғы Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.\nЖоғарғы Сот судьяларын Құрылтай Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен сайлайды.\n2. Жергілікті және басқа да сот судьяларын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен тағайындайды.\n3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін.\n4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.\n5. Жоғары Сот Кеңесінің мəртебесі, құрамын қалыптастыру тəртібі жəне жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады.\n83-бап1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.\n2. Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.\n3. Республиканың Бас Прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкілеттігінің мерзімі - бес жыл.\n4. Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңда белгіленеді.\n84-бап1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды заңда белгіленген шекте және нысанда жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.\n2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы орталықтандырылған бірыңғай жүйені құрайды, төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынады. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді.\n3.Бас Прокурорды Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.Бас Прокурордың өкілеттік мерзімі – алты жыл.\nКонституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалмайды.\n4. Бас Прокурорды қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.\n5. Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі конституциялық заңда айқындалады.\n83-1-бап1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жəрдемдеседі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.\n2. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тəуелсіз болады жəне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.\n3. Қылмыс орнында ұстап алынған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Адам құқықтары жөніндегі уəкілді өз өкілеттігінің мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп əкелуге, оған сот тəртібімен белгіленетін əкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.\n4. Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің құқықтық жағдайы жəне қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.\n85-бап1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жəрдемдеседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.\n2. Адам құқықтары жөніндегі уəкілді Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.\n3. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тəуелсіз болады жəне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.\n4. Адам құқықтары жөніндегі уəкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.\n5. Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.\n84-бап84-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңымен алып тасталды.\n86-бап1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдесуді көздейді. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді.\n2. Адвокат қызметін жүзеге асыру тәртібі, адвокат құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы заңда айқындалады.\nVIII бөлімЖергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару\nIX бөлімЖергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару\n85-бапЖергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.\n87-бапЖергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы ахуалдың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.\n86-бап1. Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.\n2. Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды.\n3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.\n4. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:\n1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;\n2) өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;\n3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;\n4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;\n5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.\n5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.\n6. Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгіленеді.\n88-бап1. Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының ерік-мүддесін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды айқындайды, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.\n2. Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.\n3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бір ғана мәслихаттың депутаты бола алады.\n1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;\n2) өз қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;\n3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган басшыларының есебін қарау;\n4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есепті тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;\n5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.\n5. Мәслихаттың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Премьер-Министрмен және Құрылтай Төрағасымен консультациядан кейін, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатады.\n6. Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы заңда белгіленеді.\n87-бап1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.\n2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:\n1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;\n3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;\n4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.\n3. Жергілікті атқарушы органды Республика Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімі басқарады.\n4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдерін тиісінше облыстың аумағында орналасқан мəслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың мəслихаттары депутаттарының келісімімен Республика Президенті қызметке тағайындайды.\nРеспублика Президенті дауыс беру жүргізілетін кемінде екі кандидатураны ұсынады. Дауыс беруге қатысқан мəслихат депутаттарының көп дауысын алған кандидат олардың келісімін алды деп есептеледі.\nӨзге əкімшілік-аумақтық бірліктердің əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметінен босатылады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдерін қызметінен босатуға құқылы.\n5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мəслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен əкімге сенімсіздік білдіруге жəне оны қызметінен босату жөнінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдеріне қатысты тиісінше Республика Президентінің не өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктердің əкімдеріне қатысты жоғары тұрған əкімнің алдына мəселе қоюға құқылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.\n6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі заңмен белгіленеді.\n89-бап1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүддесімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.\n2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына:\n1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу мен олардың атқарылуын қамтамасыз ету;\n3) жергілікті атқарушы орган басшыларын тағайындау және лауазымынан босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;\n4) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады.\n3. Жергілікті атқарушы органды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі басқарады, ол Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады.\n4. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін Қазақстан Республикасының Президенті облыс аумағындағы мəслихат депутаттарының немесе тиісінше астана, республикалық маңызы бар қала мəслихаты депутаттарының келісімімен тағайындайды.\nҚазақстан Республикасының Президенті кемінде екі кандидатураны ұсынады, олар дауысқа салынады. Дауыс беруге қатысқан мəслихат депутаттарының көпшілік дауыс санын алған кандидат келісім алды деп саналады.\nӨзге əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ лауазымынан босатылады. Қазақстан Республикасының Президенті өз ұйғаруымен астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдерін лауазымынан босатуға құқылы.\n5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасымен әкімге сенімсіздік вотумын білдіру мәселесі қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мəслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен əкімге сенімсіздік білдіруге жəне оны лауазымынан босату мәселесін тиісінше астана, облыс, республикалық маңызы бар қала əкімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің алдына не өзге де əкімшілік-аумақтық бірлік əкімдеріне қатысты жоғары тұрған əкімнің алдына қоюға құқылы. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті өз қызметіне кіріскенде тоқтатылады.\n6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылу және қызмет тәртібі заңда белгіленеді.\n88-бап1. Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.\n2. Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.\n3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін мәслихат шешімдерінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.\n4. Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоюы мүмкін, сондай-ақ олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.\n90-бап1. Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша – шешім, әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орындалуға міндетті.\n2. Жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін мәслихат шешімінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болғанда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.\n3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес келмейтін мәслихат шешімінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.\n4. Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоя алады, олардың күші сот тәртібімен де жойылуы мүмкін.\n89-бап1. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.\n2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.\nЖергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.\n3. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі.\n4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.\n91-бап1. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.\n2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар арқылы және тұрғын саны шағын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтарда өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.\nЖергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңға сәйкес мемлекеттік функциялар берілуі мүмкін.\n3. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның қызметі заңмен реттеледі.\n4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне заңда белгіленген өкілеттік шегінде кепілдік беріледі.\nX бөлімКонституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу\n92-бап1. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасы бойынша, Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасы бойынша қабылдаған шешіммен өткізілетін жалпыхалықтық референдумда енгізіледі.\n2. Жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, жалпыхалықтық референдум өткізілді деп саналады.\n3. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан Қазақстан Республикасы азаматтарының жартысынан астамы жалпыхалықтық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды жақтап дауыс берсе, олар қабылданды деп саналады.\n93-бапҚазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 6-тармағының және 43-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Сот қорытындысы болған жағдайда олар жалпыхалықтық референдумға шығарылады.\n90-бап1. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұрынғы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылады.\n2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланады.\n94-бап1. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылады.\n2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады.\n91-бап1. Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентінің өз бастамасымен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылданған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады. Егер Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті осы заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, ол өткізілді деп есептеледі.Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.\n2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тəуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері, Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережелер өзгермейді.\n3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Соттың қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады.\n92-бап1. Конституциялық заңдар Конституция күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде қабылдануға тиіс. Егер Конституцияда конституциялық деп аталған заңдар немесе заң күші бар актілер ол күшіне енген кезде қабылданып қойған болса, онда олар Конституцияға сәйкес келтіріледі де, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары деп есептеледі.\n2. Конституцияда аталған өзге заңдар Парламент белгілейтін тәртіп пен мерзімде, бірақ Конституция күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірілмей қабылдануға тиіс.\n3. Республика Президентінің өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде «Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шыққан және заң күші бар Жарлықтары Республика заңдарын өзгерту, толықтыру немесе күшін жою үшін көзделген тәртіппен ғана өзгертілуі, толықтырылуы немесе күшін жоюы мүмкін. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабының 12-15, 18 және 20-тармақтарымен көзделген мәселелер бойынша өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде шыққан Республика Президентінің Жарлықтары Республика Парламентінің бекітуіне жатпайды.\n4. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және Конституция қабылданған күннен бастап екі жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс.\n95-бап1. Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енген күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.\n2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру үшін қажетті шаралар қабылдайды.\n3. Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енген кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған Конституциялық Кеңестің және Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайды.\n93-бапКонституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті.\n94-бап1. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Конституция белгілеген ҚазақстанРеспубликасы Президентінің өкілеттіктеріне ие болады және оларды 1995 жылғы 29 сәуірде республикалық референдумда қабылданған шешім бойынша белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Республика Президенті өкілеттігінің қазіргі мерзімі Республика Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған Республика Парламентінің қаулысымен қысқартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент Мәжілісі бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындайды. Осы сайлаудың қорытындылары бойынша сайланған Республика Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бір ай ішінде ант береді және жеті жылдан кейін желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті Президент сайлауында сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскенге дейін өз өкілеттігін жүзеге асырады.\n2. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Вице-Президенті өзі сайланған мерзім аяқталғанға дейін өкілеттігін сақтайды.\n94-1-бапКонституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика Президентінің өкілеттік мерзімін белгілейтін ережесі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады.\n94-2-бапКонституцияның 42-бабы 5-тармағының ережесі Конституцияның осы нормасы күшіне енгеннен кейін өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамдарға қолданылатын болады.\n95-бап1. Бірінші сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзімге, депутаттардың екінші жартысы екі жыл мерзімге конституциялық заңмен белгіленген тәртіппен сайланады.\n2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Мәжілісі депутаттарын партиялық тізімдер негізінде сайлау туралы ережелері екінші шақырылатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады.\n96-бапКонституция күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті онда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтарына, міндеттері мен жауапкершілігіне ие болады.\n97-бапҚазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бірінші құрамы былайша құрылады: Республика Президенті, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжілісінің Төрағасы Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден үш жыл мерзімге, ал Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден алты жыл мерзімге тағайындайды, Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті алты жыл мерзімге тағайындайды.\n98-бап1. Конституцияда көзделген сот төрелігі мен тергеу органдары тиісті заңдарда көзделген тәртіп пен мерзімде құрылады. Олар құрылғанға дейін жұмыс істеп тұрған сот төрелігі мен тергеу органдары өз өкілеттіктерін сақтайды.\n2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және Жоғары Төрелік Сотының, жергілікті соттардың судьялары Конституцияда көзделген соттар құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды. Судьялардың бос орындары Конституцияда белгіленген тәртіппен толықтырылады.\n99-бап1. Конституциялық Сот жəне Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық Кеңестің жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды.\nКонституциялық Сот құрылғанға дейін Конституцияның 72-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген Конституциялық Соттың функцияларын Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.\n2. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейін қолданылады.\n3. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Палаталарын қалыптастыру туралы ережелері сегізінші сайланған Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауынан бастап қолданылады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/konstituciia-men-onyn-zana-zobasyndagy-aiyrmasylyqtar-salystyrmaly-keste", "title": "Конституция мен оның жаңа жобасындағы айырмашылықтар. Салыстырмалы кесте", "text": "31 қаңтарда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияҚазақстанның жаңа Ата Заңының жобасынқоғам талқысы үшін жариялады.\nКомиссия мүшелерінің айтуынша, Конституцияның 77 бабы өзгеріске ұшыраған. Нәтижесінде қазіргі қолданыстағы Ата Заң 9 бөлім, 99 баптан тұратын болса, оның жаңа жобасында 11 бөлім, 95 бап бар. Құжатта бөлім саны артқанымен, бап санының азаюына Мәжіліс пен Сенаттан тұратын парламенттің орнына бір палаталы Құрылтайды енгізуге байланысты баптардың, сондай-ақ қорытынды ережелер баптарының қысқаруы негіз болды.\nАл жаңадан қосылған екі бөлім \"Қазақстан Халық Кеңесі\" және \"Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу\" деп аталған.\nБұл материалда Конституцияның қолданыстағы және жаңа жоба түріндегі нұсқаларын сарапшылармен бірге салыстыра отырып, ең негізгі өзгерістерге кесте форматында шолу жасадық.\nАл тұтас Конституциядағы өзгерістер бойынша жасалған толық салыстырмалы кестеніосы сілтемебойынша өтіп оқи аласыздар.\nМемлекет қызметінің қағидаттары мен стратегиялық бағыты айқындалмаған.\nҚазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары:Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын орнықтыру; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау.Мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты:адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту.\nХалық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауыретінде белгіленген.\nОған қоса Қазақстан халқыныңЕгемендіктің деиесіекені айқындалған.\n– Соңғы жылдары әр қазақстандықтың көңіліне ұялап, жанына жақын бола түскен Заң мен тәртіп, Адал Азамат, Таза Қазақстан сияқты құндылықтар жаңа Конституция жобасының преамбуласы негізіне айналды. Олар Конституцияның барлық нормасының өзегін құрап, болашақ ел дамуының берік моральдық-құқықтық іргетасын қалады. Бұл басты қағидаттар еліміз үшін бетбұрысты кезеңде ұлтымызды ұйыстырып, мемлекеттік шешімдердің әділдігіне деген сенімді нығайтып, әрі қарай орнықты дамуымызға бағдар бергенін атап өткен абзал. Олардың конституциялық деңгейде бекітілуі – жұртшылықтың көптен күткен үмітінің үдесінен шыққан шынайы жауап болмақ.\nЖекелеген өңірлерінің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында қаржы саласына қатысты арнаулы құқықтық режим немесе \"қарқынды дамитын қала\" арнаулы құқықтық режимі белгіленуі мүмкінекені жазылған.\nДінніңмемлекеттен бөлекекені айқындалды. Діни ұйымдардың қызметі мемлекетзаңдарына сәйкес жүзеге асырылады.\nҚазақстанқарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартатыны жазылған.\nМемлекеттік рәміз атауы Гимн деп берілген.\nРәміз атауы қазақшаланып, Әнұран деп жазылды.\nҚазақстандықтарға заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетілетіні жазылған.\nӘр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеунегізі мен құқықтары түсіндірілетіні жазылған.\nЗияткерлік меншік заңмен қорғалатыны жазылды.\nСөз еркіндігі және ақпарат тарату басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиісекені жазылды.\nҚарлығаш Жаманқұлова,\"Әділ сөз\" қорының президенті:\n– Референдумда қабылданғаннан кейін Конституцияның жаңа редакциясы сөз бостандығына кепілдік береді. Сондай-ақ цензураға тыйым салу нақты түрде айқындалады. Менің ойымша, адамдар қолданыстағы Конституцияның 12-бабында бар нормаға алаңдаушылық білдіруде, яғни бір адамның құқықтары мен бостандықтары басқа адамның құқықтары мен бостандықтары басталатын жерде шектелетіні туралы қағидаға қатысты. Бұл ретте мұндай шектеулер Конституцияның қазіргі редакциясында да бар және олар Қазақстанның өз еркімен қабылдаған халықаралық міндеттемелеріне, соның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына толық сәйкес келетінін тағы да айтамын. Ешбір бостандық басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісінше тану мен құрметтеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ демократиялық қоғамдағы моральдың, қоғамдық тәртіптің және жалпы әл-ауқаттың әділ талаптарын қанағаттандыру мақсатынан өзге негіздер бойынша шектелмейді.\nНеке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағыекені айқындалған.\nБілім беру ұйымдарында(діни білім беру ұйымдарын қоспағанда)білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа иеекені айқындалды.\nСот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен танығаназаматтардыңсайлануға құқығы жоқекені айқындалды.\nПрезиденттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі.\nПрезиденттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.\nҚРпрезидентінҚРкәмелетке толған азаматтары конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайланыты туралы ереже өзгермейтіні нақтыланды.\nВице-президент туралы жеке бап енізілді. Оны Құрылтайдың келісімімен президент тағайындайды. Ол депутат болып сайланбайды, саяси партияға кірмейді және өзге ақы төленетін лауазымды атқармайды.Вице-президент президенттің тапсырмасымен халықаралық аренада Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді,Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезіндепрезидентатынан өкілдік етеді, президенттіңтапсырмасымен Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, президентайқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.\nПрезидентКонституциялықсотқаөтініш беру арқылы өз еркімен орнынан түсуге құқылыекені айқындалды.\nПрезидент қызметінен мерзімінен бұрын босаған жағдайдаоныңөкілеттігі қалған мерзімге Сенаттөрағасына көшеді.\nПрезидент қызметінен мерзімінен бұрын босаған жағдайдаоныңөкілеттігівице-президенткекөшеді. Құрылтай 7 күн ішінде сайлау өткізу туралы жариялап, одан кейінгі 2 ай ішінде президент сайлауы өткізіледі.\nЗаң шығарушы орган – Парламент, ол Сенат пен Мәжілістен тұрады.\nЗаң шығарушы орган – Құрылтай. Ол145депутаттан тұрады.\nПарламентке жасы30-данасқан адамдар депутат бола алады.\nҚұрылтайға жасы25-тенасқан адамдар депутат бола алады.\nСенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойыншареспубликапрезиденті тағайындайды.\nПрезиденттікквотажәнеҚазақстанхалқыАссамблеясыквотасыалыныптасталды.\n– Жаңа Конституцияның орталық жаңалығы – Парламенттің бір палаталы Құрылтайға айналуы. Оның өкілеттіктері, заң шығару бастамасы, қарау және қабылдау рәсімдері бөлек бөлімде нақты көрсетілген. Парламенттің алдында үкіметтің жауапкершілігі мен есеп беру механизмдері күшейтілді. Халық Кеңесі халық мүддесін білдіретін, қоғамдық күн тәртібін қалыптастыратын ең жоғары консультативтік орган ретінде конституциялық мәртебе алды. Толық пропорционалды жүйеге көшу – маңызды жаңалық. Сайлау тек партиялық тізімдер бойынша өткізіледі. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және партиялардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады. Бұрынғы бір мандатты кандидаттар енді праймериз және бәсекелес іріктеуден өтеді, бұл саясатқа кәсіби және ынталы кандидаттардың келуін қамтамасыз етеді.\nПарламенттің құзыреті 8 тармақтан ғана тұрады.\nҚұрылтайдың құзыреті кеңейтіліп, 21 тармаққа дейін көбейді. Жаңа құзыреттер қатарында президентінің сайлауын жариялау,жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру, президентке вице-президентті тағайындауға келісім беру,Конституциялықсот судьяларын, Жоғарғы Сотының судьяларын тиіспеу кепілдігінен айыру,Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіружәне басқалар бар.\nЗаң жобалары бойынша кеміндеекіоқылым өткізу міндетті.\nЗаң жобалары бойынша кемінде үш оқылым өткізу міндетті.\n– Біздің партия депутаттардың санын оңтайландыру, заңдарды үш оқылымда қарау және тұрақты сараптамалық комитет құру ұсыныстарын да енгізді. Бұл лоббизмді шектеуге және заң сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған маңызды қадам – Президенттік квотаны және Қазақстан халқы Ассамблеясы квотасын алып тастау. Енді Парламент тек сайлаушылардың еркімен құрылатын болады. Бұл шынайы саяси бәсекелестік пен демократиялық заңдылыққа жасалған іргелі қадам.\nҚазақстан Халық Кеңесітуралы жаңа бап енгізілді. Ол– Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.Қазақстан Халық Кеңесімемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарықоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту,Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.\nКонституциялықсот – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағындаелКонституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік органекені нақтыланды.\nБаспрокурордыпрезидент тағайындайтыны жәнебір адам бір реттен артықбаспрокурор болып тағайындалмайтыны нақтыланды.\nАдам құқықтары жөніндегі уəкілдіпрезидент тағайындайтыны нақтыланды.\nАдвокатура туралы жеке бап енгізілді.Оған сәйкес,адвокатура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдесуді көздейді. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді.\nБақыт Нұрмұханов,Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары:\n– Конституцияның сегізінші бөлімі – \"Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері\" аясында сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілді. Сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты, судьялардың тәуелсіздігі нығайды. сот жүйесінің кадр мәселелері шешілді. Сондай-ақ адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет Конституцияда нақты бекітілді. Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін арттыруға, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Конституцияның жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелеріне арналған тоғызыншы бөлімі Құрылтайдың құрылуы және елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаны ескере отырып қайта қаралды\".\nКонституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізутуралы жеке бөлім енгізілді. Оған сәйкес,Конституцияғаөзгерістер мен толықтырулар жалпыхалықтық референдумда енгізіледі."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/bir-palataly-parlamentke-kosu-onirlik-separatizmnin-aldyn-alady-saiasattanusy", "title": "Бір палаталы парламентке көшу өңірлік сепаратизмнің алдын алады – саясаттанушы", "text": "Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің дәстүрлі Жолдауын жариялап, ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Мемлекет басшысы саяси жүйені жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу, энергетика мен су инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ халықаралық ұйымдарды реформалау мәселелеріне баса назар аударды.\nОсыған байланысты Ресейдегі Мемлекеттік даму институтының директоры, саясаттанушы Дмитрий Солонников өз пікірін білдіріп, Жолдауда көтерілген бастамалардың маңызына тоқталды.\n– Өз Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жасанды интеллект пен цифрлық өзгерістер дәуіріне қадам басқанын атап өтті. Бұл қадамдардың ел мен өңір болашағы үшін маңызы қандай деп ойлайсыз?\n– Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект сөзсіз, әлемдік экономиканың және технологиялық дамудың басты қозғаушы күші. Олардан жаңа серпілістер, жаңа мүмкіндіктер күтіледі: басқару үдерістерін оңтайландыру, шешім қабылдауды жеңілдету, жаңа мамандықтардың пайда болуы, еңбек нарығында қайта бөліністер, өнімнің өзіндік құнын төмендету, құзыреттерді дамыту және тағы басқа.\nБір жағынан, бүкіл әлемде бұл салаға орасан зор инвестициялар құйылып жатыр. Екінші жағынан түпнұсқа, эксклюзивті өнімдер жасауға мүмкіндік береді. Осы бағытта өз орнын тауып, лайықты ұсынылған мемлекеттер болашақ экономикасында үлкен бәсекелік артықшылыққа ие болады.\nАлайда екінші қыры да бар: көптеген экономистер цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласында негізсіз үміттерге сүйенген алып қаржылық \"көпіршіктер\" пайда болып жатқанын айтады. Алдағы жылдары олардың жарылуы мүмкін, бұл үлкен шығындарға әкеліп соғады. Сондықтан, бұл секторға барынша назар аудару аса маңызды.\nБұл саламен жүйелі түрде, ұйымдасқан түрде айналысу қажет, әрі міндетті түрде мемлекеттің қатысуымен мүмкіндіктер мен қауіптерді бағалап, әлемдік бәсекелестікке дайындалып, ұлттық экономиканың орнын табуға және ықтимал дағдарыстарға алдын ала әзірленуге тиіс. Осыған орай арнайы басқару құрылымдары қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқаны мүлде дұрыс, бұл мемлекеттің жауапкершілік аймағы. Жеке инвестициялар мен жеке бастамалар қоғамды толықтай қорғап, серпіліс әкеле алмайды. Тарихта барлық іргелі технологиялар тек мемлекет қолдауымен жасалды. Осы тұрғыда Тоқаевтың ұстанымы толығымен дұрыс.\n– Президент заң шығару органының тиімді әрі ашық жұмысын қамтамасыз ету үшін бір палаталы парламентке көшуді ұсынды. Бұл қадам Қазақстанның саяси жүйесінің дамуына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?\n– Бір палаталы немесе қос палаталы парламент туралы әңгіме және заң шығару билігінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру – екі бөлек мәселе. Заң шығарушы билік екі палаталы жүйеде де тиімді әрі ашық бола алады, оған әлемде көптеген мысалдар бар.\nСонымен қатар, парламенттің жұмысын азаматтарға түсінікті әрі ашық ету маңызды. Соңғы жылдары Қасым-Жомарт Тоқаев осыған ерекше көңіл бөліп, конституциялық өзгерістер енгізді. Ал бір палаталы парламент құру – бөлек процесс.\nҚос палаталы парламенттің мәні мынада: бір палата бүкіл елдің мүддесін білдірсе, екіншісі өңірлердің пікірін білдіреді. Сайлау бір мандатты округтер арқылы да, партиялық тізім бойынша да өтуі мүмкін. Ал тек тізім бойынша сайлауға негізделгенбір палаталы парламентке көшу бірыңғай саяси кеңістік құру және өңірлік сепаратизмнің алдын алудегенді білдіреді.\nЯғни, негізгі идея депутаттар бүкіл елдің мүддесін ойлауы тиіс, ал өз өңірінің бюджетіне ғана басымдық беруге тырыспауы керек. Бұл өңірлік сепаратизмнің парламенттік салаға өтіп кету қаупіне қарсы қадам. Бұнда белгілі бір логика бар. Сепаратизмге қарсы әртүрлі тәсілдер бар, мүмкін бір палаталы модель де өз тиімділігін көрсететін шығар.\nАлайда конституциялық өзгерістер қабылданбас бұрын қоғамда кең ауқымды талқылау жүргізу маңызды. Сонда ғана шешім жалпыға ортақ ретінде қабылданады.\n– Жолдауда энергетикалық және су инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Мұндай бастамалардың орнықты даму мен \"жасыл өткел\" тұрғысынан маңызы қандай?\n– Энергетика саласы өте маңызды, әсіресе цифрлық технологиялардың дамуына байланысты. Жасанды интеллект, дата-орталықтар, суперкомпьютерлер орасан зор энергияны қажет етеді. Цифрлық технологияларды белсенді дамытқан кейбір елдерде электр энергиясының бағасы бірнеше есе өсіп, бұл Қазақстан үшін де үлкен проблемаға айналуы мүмкін.\nЖаңа қуат көздері мен энергия көздері жасалмаса, электр құны халық үшін қолжетімсіз болып, қымбатшылыққа байланысты цифрландыруды \"жерлеуі\" мүмкін. Сондықтан экономиканы дамыту туралы айтқандаең алдымен энергетика мәселесін шешуқажет.\n\"Жасыл күн тәртібі\" өз үмітін көп жағдайда ақтамады: АҚШ пен Еуропада көптеген жобалар тоқтатылуда, ал электр энергиясы бағасының өсуі оның \"көпіршік\" екенін дәлелдеді. Осы тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған атом электр станцияларын салу бағыты дұрыс әрі болашағы зор.\nСу ресурстары да кем емес маңызды мәселе. Қазақстан үшін үлкен аумақтарды ескерсек, бұл өмірлік мәнге ие: су қоймаларын сақтау, суару жүйелерін дамыту, Орталық Азия елдерімен ортақ ресурстарды пайдалану мәселелері. Бұл мемлекеттің ерекше назарында болуы тиіс.\n– Мемлекет басшысы ұлттық жобаларды жүзеге асыруда мемлекет пен бизнестің серіктестігіне баса назар аударды. Бұл тұрғыда Қазақстанның әлеуетін қалай бағалайсыз?\n– Мемлекет пен бизнес серіктестігі сөзсіз бүкіл посткеңестік кеңістікте дамудың негізгі драйвері ретінде қарастырылады. Бұл туралы Ресейде де, Беларусьта да, Орталық Азияда да, Оңтүстік Кавказда да жиі айтылады.\nБір жағынан, мемлекет стратегиялық даму бағыттарын айқындайды. Екінші жағынан жеке кәсіпкерлікке дамуға мүмкіндік беру маңызды. Мұнда кооперация, ашық заңдық және экономикалық ережелер жүйесі қажет. Мұның бәрі бірлесіп құрылып, жұмыс істеуі тиіс.\nБұл бүгінгі күннің басты бағыты, ал Қазақстанда бұл салада айтарлықтай даму болатыны анық.\n– Президент БҰҰ Бас Ассамблеясында ұйымды реформалау жөніндегі бастамаларымен шығатынын мәлімдеді. Қазақстан әділетті және теңгерімді әлемдік тәртіпті нығайтуда қандай рөл атқара алады деп ойлайсыз?\n– БҰҰ-ны реформалау – бүгінде елдердің бәрі талқылап отырған тақырып. Мәселе оны кім қалай түсінетінінде.\nБатыс елдері Қауіпсіздік кеңесін өз елдері есебінен кеңейтуді ұсынады, мысалы, Германия мен Жапонияны қосу. Алайда бұл Батыс өркениетінің үстемдігін күшейтеді, өйткені Жапония іс жүзінде АҚШ-тың бақылауында.\nАльтернативті тәсілді БРИКС елдері мен жаһандық Оңтүстік қолдайды: Африка мен Латын Америкаға – Бразилияға, Үндістанға тұрақты өкілдік беру. Мәселен, үнді өркениеті шынымен де ұсынылуға тиіс.\nҚазіргі таңда БҰҰ дағдарысты бастан кешуде: көптеген ірі шешімдер Қауіпсіздік Кеңесін айналып қабылдануда. Мысалы, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеттері БҰҰ тарапынан санкцияланбаған. Шын мәнінде \"күштілердің құқығы\" үстемдік құруда, ал ұйым дәрменсіз болып отыр.\nДегенмен, әзірге БҰҰ-ның баламасы жоқ. ШЫҰ, БРИКС сияқты жаңа халықаралық құрылымдар пайда болуда, бірақолардың ешқайсысы БҰҰ-ның орнын баса алмайды. Сондықтан реформалау – қажеттілік.\nҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұлттық ұстанымын да, Орталық Азия немесе ЕАЭО-ның ортақ көзқарасын да ұсына алады. Оның Бас Ассамблеядағы сөзін қатысушылар да, сарапшылар да жіті бақылайды. Әрине, бұл жағдайды бірден өзгертпейді, бірақ әр мәлімдеме маңызды. Бірақ әрбір осындай үндеу таразы басын бір жаққа қарай аударуы мүмкін ұсақ бөлшек іспетті. Сондықтан Қазақстанның ұстанымына барлығы мұқият назар аударады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstan-qalai-euraziianyn-zeteksi-logistikalyq-xabyna-ainaluda", "title": "Қазақстан қалай Еуразияның жетекші логистикалық хабына айналуда", "text": "Қазақстан өз географиялық орналасуын тиімді пайдалана отырып, Еуразия құрлығындағы басты көлік-логистикалық хабтардың біріне айналуға ұмтылуда.\nАзия мен Еуропа арасындағы дәстүрлі бағыттарға балама ретінде қалыптасып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағыты (орта дәліз) елдің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруда. 2030 жылға қарай Қазақстан жыл сайынғы транзиттік жүк ағынын 100 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.\n2024 жылы Қазақстан арқылы өткен транзиттік жүк көлемі 7,1%-ға өсіп, 34,6 миллион тоннаны құрады. Оның ішінде 27,5 миллион тонна жүк теміржол арқылы, 6,7 миллион тоннасы автомобиль көлігімен тасымалданған. Қытаймен жасалған маңызды келісімге сәйкес, 2029 жылға қарай контейнерлік пойыздар саны жылына 600-ден 3 000-ға дейін көбейеді деп күтілуде.\nҚазақстан қазіргі таңда Қытай, Еуропа, Ресей, Каспий маңы елдері, Парсы шығанағы және Оңтүстік Азияны байланыстыратын 13 халықаралық көлік дәлізі бойында орналасқан. Осы геостратегиялық артықшылық елді Еуразия кеңістігіндегі жүктер ағыны үшін маңызды торапқа айналдырды.\n2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан экономикасы 6%-ға өсіп, соңғы 12 жылдағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұл өсім өнеркәсіп, құрылыс, сауда және логистика салаларындағы белсенділікке тікелей байланысты. Үкімет халықаралық сауда мен көлікті ұзақ мерзімді тұрақты дамудың негізгі тірегі ретінде қарастырып, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыруда.\nАтап айтқанда, 2025 жылы елімізде 13 000 шақырым автожол мен 6 100 шақырым теміржол желісі жаңартылуда. Жалпы құны 2,3 трлн теңгеге бағаланған Қытай мен Өзбекстан бағыттарына арналған бес ірі теміржол жобасы іске асырылып жатыр. 2029 жылға қарай 11 000 шақырым теміржол жаңғыртылады деп жоспарлануда. Бұл Хоргос, Алматы және Астана сияқты хабтардан Ақтау портына дейінгі жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартпақ.\nАвтомобиль жолдары да түбегейлі жаңартылуда. Қазіргі уақытта 9 000 шақырым жол жөнделіп жатыр, оның 1 083 шақырымы қайта құрылуда, ал 847 шақырымы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. «Орталық – Батыс» дәлізі жобасы аясында Астана мен Ақтау арасындағы арақашықтық шамамен 900 шақырымға қысқарады.\nҚазақстан авиация саласында да ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда үш жаңа әуежайдың құрылысы жүріп жатыр, бірнешеуі жаңартылуда. 2024 жылғы деректер бойынша, алты отандық әуе компаниясы 57 ішкі бағыт бойынша аптасына 669 рейс орындайды. Қазақстан әлемнің 31 елімен 119 халықаралық бағыт арқылы тікелей байланысты.\n2025 жылы жаңа рейстер ашылып, Рим, Мюнхен, Шанхай, Гуанчжоу, Будапешт және Пусан қалаларына әуе қатынасы орнатылады. 2026 жылға қарай Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейстер іске қосылмақ. 2029 жылға қарай елімізде жылына 500 мың тонна әуе жүгі өңделіп, 65 миллион жолаушы тасымалданады деп күтілуде. Қазіргі таңда үш ұшақтан тұратын жеке жүк тасымалдаушы авиакомпания жұмысын бастады.\nТеңіз инфрақұрылымы да жаңғыртылуда. Ақтау портында тереңдету жұмыстары жоспарланған. 17 жаңа кеме (оның ішінде 4 паром) сатып алынып, флот кеңейтілуде. Құрық портында жылына 1 миллион тонна астық өңдеуге қабілетті жаңа терминал салынды. Сонымен қатар, жылына 11 миллион тонна жүк өңдейтін \"Заржа\" көпфункционалды терминалы іске қосылады. 2025 жылғы маусымда Ақтау портында заманауи контейнерлік хаб ашылып, контейнер айналымының қуаты 240 мың TEU-ге жетті.\nҚазақстан шет елдерде де логистикалық инфрақұрылымын дамытып келеді. Грузияның Поти портында жаңа терминал ашылды, ал Қытай (Сиань, Ляньюньган), Ресей (Селетино), Өзбекстан (Ташкент), Әзербайжан (Әлят) және Венгрияда (Будапешт маңында) логистикалық хабтар құрылды.\nҚазақстанның Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) шетелдік инвестиция тарту және мультимодальды логистика саласында әріптестік жобаларды ілгерілетуде маңызды рөл атқаруда. AIFC бастамасымен бірнеше бірлескен кәсіпорын құрылды. Олардың қатарында Middle Corridor Multimodal Ltd. (Қазақстан, Әзербайжан, Грузия), Caspian Integrated Maritime Solutions (Қазақстан, БАӘ), KPMC Ltd. (Қазақстан, Сингапур) және SK-AIH Investment Fund Ltd. (Қазақстан, Әзербайжан) бар.\nАталған әріптестіктер тек инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанды логистика мен сауда саласындағы шетелдік инвестиция үшін тартымды бағыт ретінде таныта түсуде.\nОрталық Азияның ЖІӨ көлемі 400 миллиард доллардан асып, халқы 80 миллионнан асқан қазіргі кезеңде Қазақстан логистика саласындағы жетекші рөлін бекемдей түсуде. 2022 жылдан кейінгі жаһандық жеткізу тізбегінің қайта құрылу процесінде еліміз Шығыс пен Батысты байланыстыратын сенімді көпірге айналды. Құрлық, теңіз және әуе көлігін қамтитын мультимодальды желі Қазақстанды болашақта Еуразиядағы сауда мен байланыстың негізгі орталығына айналдырары сөзсіз."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ana-tildi-qadirleu-bizdin-tek-ulttyq-emes-ari-dini-paryzymyz-qmdb-mamany", "title": "Ана тілді қадірлеу – біздің тек ұлттық емес, әрі діни парызымыз – ҚМДБ маманы", "text": "Бүгінгі таңда қоғамымызда діни сауаттылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлтаралық татулықты сақтау – басты назардағы мәселелердің бірі. Қоғамдағы рухани тұрақтылықты қамтамасыз етуде дін мамандарының, әсіресе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің атқарып отырған жұмысы айрықша маңызға ие.\nОсы ретте біз ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлымен сұхбаттасып, дін мен дәстүр сабақтастығы, діни ағартушылықтың рөлі, жастар тәрбиесі мен қазіргі заманғы діни ахуал жайлы бірқатар өзекті сауалдарға жауап алдық.\n– Ислам діні ұлтаралық татулық, көпэтносты қоғамдағы бейбіт өмір туралы не дейді? Құран мен сүннетте бұл мәселе қалай көрініс табады?\n– Ислам діні – тек бір ұлттың немесе бір аймақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігі үшін түскен ұлы дін. Оның басты қағидаларының бірі – адамдар арасында бейбітшілік пен өзара түсіністік орнату, түрлі ұлт пен ұлыс арасында татулық пен ынтымақтастықты сақтау.\nҰлттар мен ұлыстарға бөлінуіміздің мәні – бір-бірімізді тану, түсіну, бірлік пен бейбіт өмір сүруді үйрену. Демек, әр адам өз ұлтын жақсы көріп, тілі мен мәдениетін қадірлеп, еліне адал қызмет ететін патриот болуы керек. Алайда бұл өз ұлтыңды басқа ұлттардан жоғары қою, өзгелерді кемсіту немесе бөлектеу дегенді білдірмейді. Ислам діні мұндай ұлтшылдықты құптамайды, керісінше, әділдік пен теңдікті басты орынға қояды. Исламда \"жаман ұлт\" деген түсінік жоқ. Қай ұлттан шықса да, адамды жақсы не жаман ететін – оның іс-әрекеті мен ниеті.\nСол себепті дініміз әрбір мұсылманды әділеттілікке, сабырлыққа, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға шақырады. Осы тұрғыдан алғанда, ұлтаралық татулық пен келісім – Ислам дінінің қолдайтын әрі дамытатын негізгі құндылықтарының бірі. Бұл қағиданы ұстана отырып, кез келген көпэтносты қоғам бейбіт өмір мен рухани дамудың үлгісіне айнала алады.\n– Қазақстан – көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет. Мұндай қоғамда бірлік пен келісімді сақтау үшін діни институттар қандай рухани рөл атқара алады деп ойлайсыз?\n– Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет жағдайында діннің, әсіресе ресми діни мекемелер мен діни институттардың қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлі айрықша маңызды. Дін – адамдарды рухани тәрбие мен адамгершілікке баулитын, жүректерге сабыр мен мейірім ұялататын үлкен күш. Сондықтан ол әлеуметтік келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.\nАлайда, қазіргі таңда дін атын жамылып, өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін әрекет ететін түрлі теріс ағымдар мен экстремистік, террористік ұйымдар қоғам үшін аса қауіпті факторға айналып отыр. Олар әлемнің түкпір-түкпірінде ғана емес, кейде өз елімізде де іріткі салуға әрекет етеді. Бұл ерекше ескеруді талап ететін мәселе.\nМұндай жағдайларда халықтың діни сеніміне селкеу түсірмеу, ел ішіне іріткі салуға жол бермеу – ресми діни мекемелер мен имамдардың басты міндеттерінің бірі.\nСондықтан бүгінгі күні діни институттар халық арасында ағартушылық жұмыстарды белсенді жүргізіп, әсіресе діни сауаты төмен азаматтармен жүйелі түрде жұмыс істеуі қажет.\nБұл бағытта олар тек діни білім берумен шектелмей, қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға, жастарды теріс ағымдардан қорғауға, дұрыс діни көзқарас қалыптастыруға күш салуы тиіс. Қоғамдағы тұрақтылық – тек құқықтық немесе саяси саладағы іс-шаралардың нәтижесі емес, ол рухани тұтастықпен де тығыз байланысты. Ал бұл тұтастықтың діңгегі – діннің бейбітшілікке үндейтін, адамды ізгілікке тәрбиелейтін мәңгілік құндылықтары.\n– Исламдағы \"үмбет\" ұғымы этносқа емес, рухани ортақтыққа негізделеді. Бұл ұғым қазіргі қоғамдағы ұлтаралық келісім идеясына қалай үндеседі?\n– Ислам дініндегі \"үмбет\" ұғымы – бүкіл мұсылман қауымын біріктіретін рухани тұтастықтың нышаны. Бұл ұғым мұсылмандардың ұлт, тіл, нәсілге бөлінбей, бір Аллаға иман келтірген бауырлар ретінде бір-бірін қолдап, құрметтеп, өзара мейірімді қарым-қатынаста өмір сүруі керектігін білдіреді. Исламда мұсылман адам қай ұлттан шыққанына қарамастан, үмбеттің толыққанды мүшесі саналады. Бұл – діннің әмбебап әрі біріктіруші сипатының бір көрінісі.\nҮмбет ұғымы мұсылмандар арасындағы шынайы бауырмалдықты, өзара жауапкершілікті, қолдау мен түсіністікті нығайтуға бағытталған. Мұның өзі ұлтаралық келісім мен бейбіт қатар өмір сүру идеясымен тығыз үйлеседі.\nСондықтан бұл түсінік бүгінгі көпұлтты қоғамдарда аса маңызды рөл атқарады. Ол адамдарды тек діни тұрғыдан ғана емес, рухани, мәдени, адами тұрғыдан да жақындастырады. Исламдағы үмбет концепциясы – ұлтаралық татулықты нығайтып, бірлік пен келісімді сақтауға негіз болатын басты құндылықтардың бірі.\n– Ұлтаралық келісімнің тұрақтылығы үшін діни білім беру мен уағыздардың мазмұны қаншалықты маңызды? Діни қызметкерлер бұл бағытта қандай жауапкершілікке ие?\n– Ұлтаралық татулықты сақтау ісінде діни білім берудің маңызы айрықша зор. Дін – адамдарды тек рухани жетілдіру құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бейбіт өмір мен келісімді қалыптастырушы маңызды тетік. Бүгінгі таңда әлемде діни сауатсыздықтың салдарынан түрлі теріс ағымдар мен адасқан идеологиялар қоғам ішіне іріткі салуға тырысуда. Өкінішке қарай, кейде мұндай теріс пиғылды топтар дінді бетперде етіп, Құран аяттары мен хадистерді бұрмалап түсіндіреді. Олар дінді өз мақсаттарына пайдалануға тырысып, халықтың сеніміне селкеу түсіреді.\nОсындай жағдайда дін саласында терең білім алған, ғылыми негізде білім тарататын ғалымдар мен білікті мамандардың араласуы аса қажет. Тек осындай мамандар ғана теріс ағым өкілдеріне дәлелмен, сауатты уәжбен жауап бере алады және қоғам мүшелерін адасудан сақтап қала алады.\nСонымен қатар, имамдар мен діни қызметкерлер де бұл бағытта белсенді болуы керек. Олар халық арасында діни сауаттылықты арттырып, жастарға дұрыс діни түсінік беру жолында жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс. Қате бағыттағы адамдарға ескерту жасап, қажет болған жағдайда пікірталасқа шығып, шындықты дәлелдер арқылы көрсету – олардың маңызды міндеттерінің бірі. Бұл – діни қызметтің негізгі миссиясы: қоғамды рухани тұрғыда қорғау, адасқан топтардан арашалау және халықтың бірлік пен татулықта өмір сүруіне жол ашу.\n– Кейбір қоғамдарда діни ұрандар ұлтаралық араздықты күшейту үшін қолданылып жатады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін дін өкілдері қандай позиция ұстануы керек деп санайсыз?\n– Кейбір қоғамдарда дінді ұлтаралық араздық туғызу құралы ретінде пайдалануға тырысатындар расымен бар. Олар өз мақсаттарына жету үшін дін атын жамылып, халықты адастыруға тырысады. Мұндай ұрандар мен шақырулар – шын мәнінде діннің мәніне мүлдем қайшы, үстірт ойға, таяз пікір мен дүмшелікке негізделген әрекеттер. Ислам діні мұндай көзқарасты мүлдем қолдамайды.\nКерісінше,Ислам – бейбітшілік пен татулықтың діні. Ол өзге дін өкілдерімен сабырлы, сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатуға үндейді. Бұл қағидалар Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннетінде анық әрі нақты түрде көрініс тапқан. Ал діннің шынайы мәнін білетін ресми діни институттар мен білікті дін қызметкерлері мұндай арандатушылыққа қарсы тұрып, қоғамда тыныштық пен келісімді сақтауға атсалысып келеді.\nОлар халыққа дұрыс діни түсінік беріп, Исламның шынайы бейнесін көрсету арқылы түрлі араздыққа жол бермеуге бар күшін салады. Сондықтан мұсылман қауымы дін атын жамылған теріс әрекеттерден аулақ болып, шынайы діннің бейбітшілікке, әділдік пен өзара құрметке негізделетінін әрдайым есте ұстауы қажет.\n– Бейбітшілік пен татулық туралы айтқанда, Исламда бүлік пен араздықтың салдары туралы ескертулер жиі кездеседі. Бұл ұстанымдарды қазіргі жастарға қалай түсіндіруге болады?\n– Бейбітшілік пен татулықты сақтау – Ислам дінінің негізгі әрі тұрақты ұстанымдарының бірі. Ислам – адамзат баласын татулық пен ынтымаққа, әділдік пен мейірімге үндейтін дін. Құран Кәрімде Алла Тағала мұсылмандарды бөлінушілікке емес, бірлікке шақырып, оның маңызын айқын етіп көрсеткен. Мәселен, \"Әли Имран\" сүресінің 103-аятында былай делінеді: \"Барлығың Алланың жібіне жабысыңдар, бөлінбеңдер!\". Бұл аятта Алла Тағала мұсылман үмбетіне бірлікті ту ету қажеттігін ескертеді. Бөлінушілік – тек діни ғана емес, әлеуметтік және ұлттық тұтастыққа да үлкен зиянын тигізетін құбылыс. Сондықтан қоғамда татулық пен өзара түсіністікті сақтау – әрбір саналы адамның борышы.\nӘсіресе жастар арасында бейбітшілік пен бірліктің маңызын кеңінен түсіндіру – уақыт талабы. Жастарға бейбіт өмірдің артықшылықтарын нақты мысалдармен ұғындырып, бөлінушіліктің қандай зардаптарға апарып соғатынын көрсету арқылы олардың ой-санасына оң ықпал етуге болады. Тарихтағы алауыздықтар мен кикілжіңдердің салдарын баяндау – тәрбиелік тұрғыдан да, қоғамдық тұрақтылықты сақтау жолында да аса маңызды. Сондықтан қоғамның барлық саласында, әсіресе білім беру мен діни ағарту жұмыстарында жастарды бейбіт өмірге, ынтымақ пен келісімге баулу – келешек үшін жасалатын үлкен игілік.\n– Мешіт мінберінен айтылатын уағыздарда этностар мен тілге қатысты тақырыптарға қалай зер салу керек деп есептейсіз? Қоғамдық бірлікті сақтау үшін қандай шектеу мен даналық қажет?\n– Мешіттер мен түрлі діни жиындарда этносаралық татулық, өзара сыйластық және тіл мәселесі бұрыннан бері күн тәртібінен түскен емес. Имамдар мен дін өкілдері жамағатқа бірлік пен бейбіт өмірдің маңызын түсіндіру барысында тілдің де алатын орнын жиі айтады. Осы орайда қазақтың \"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте\" деген дана сөзі аса орынды. Бұл нақыл – тілді тек қатынас құралы емес, ұлттың рухани тірегі ретінде бағалаудың көрінісі. Халықтың ана тілі – Жаратушы Алланың берген үлкен нығметтерінің бірі. Құран Кәрімде де әр ұлт пен халықтың өз тілімен жаратылғаны туралы айтылып, тілдің Алладан келген сый екені ескертіледі. Бұл – әрбір адамның өз ана тіліне деген құрметін арттыруға, оны сақтап, дамытуға деген жауапкершілікті ұғындырады. Сондықтан ана тілімізді қадірлеу – біздің әрі діни, әрі ұлттық парызымыз.Ислам діні адамды тек бір тілде сөйлеуге міндеттемейді, қайта өз тілін сақтай отырып, басқа тілдерді үйренуге, өзге ұлт өкілдерімен сыпайы әрі түсіністікке негізделген қатынас орнатуға үндейді. Өз тіліне құрмет – өз тамырына, өз болмысыңа құрмет. Ал өзге тілдерді меңгеру – өзгеге құрмет, ынтымаққа ұмтылу. Бұл – Ислам дінінің бауырмалдық, кешірімділік және толеранттылық қағидаттарының бір көрінісі.\n– Діни сауаттылықты арттыру – ұлтаралық татулықты нығайтуға үлес қоса ала ма? Бұл ретте ҚМДБ қандай бағдарламалар немесе жобалар жүргізіп жатыр?\n– Діни сауаттылық – ұлтаралық татулық пен қоғамдық тұрақтылықты нығайтудың маңызды рухани тетігі. Ол адамды тек діни тұрғыдан ғана емес, адамгершілік пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу арқылы көпэтносты қоғамда бейбіт қатар өмір сүруге жол ашады. Діни тұрғыдан сауатты адам – өзінің де, өзгенің де құндылықтарын бағалай білетін, ар-ождан мен парасаттылықты ту еткен тұлға. Осы бағытта елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Әсіресе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұл саладағы қызметі ерекше. Басқарма қамқорлығындағы еліміздегі жалғыз Ислам жоғары оқу орны – \"Нұр-Мүбәрак\" Египет ислам мәдениеті университеті, сонымен қатар медреселер, колледждер мен мешіт жанындағы сауат ашу курстары – барлығы да діни білім беру арқылы қоғамға үлес қосып отыр. Бұл оқу орындарында білім алып жатқан жастар мен ересектер дінді дұрыс түсініп, радикалды көзқарастардан алшақ болуға, ұлтаралық келісімге негізделген ортақ құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеленуде.Діни сауаттылық – тек намаз оқу мен ғибадат жасауды үйрету емес, ол адамға шынайы мұсылман болудың мәнін ұғындырып, өзін құрметтеуге, өзгеге мейірімді болуға, қоғамда жауапкершілікпен өмір сүруге баулу. Сондықтан діни ағарту жұмыстары – біздің рухани және әлеуметтік тұрақтылығымыздың негізгі тіректерінің бірі. Бұл – Қазақстандағы діни институттар атқарып отырған жүйелі әрі үздіксіз қызметтің жарқын нәтижесі.\n– Қазақ халқының дәстүрлі діндарлығы мен ислам этикасы ұлтаралық мәмілеге қандай үлес қосып отыр? Бұл ерекшелік еліміздегі дінаралық және ұлтаралық үйлесімділікке қалай ықпал етуде?\n– Қазақ халқының дәстүрлі діндарлығы мен ислам этикасы – ұлттың рухани болмысының өзегі әрі бүкіл адамзатқа үлгі боларлық құндылық.Бұл қасиеттер әсіресе сын сағаттарда, тарихи қиын кезеңдерде анық көрініс тапты. Соның айқын мысалы – Кеңес үкіметі тұсындағы ұлттар тағдыры. XX ғасырдың 30–50 жылдары аралығында Қазақстанға күштеп жер аударылған 2 миллионнан астам өзге ұлт өкілдері қазақ жерінен пана тапты. Қазақ халқы сол бір ауыр кезеңде өзі де ашаршылық пен қуғын-сүргіннің тауқыметін тартып отырса да, жатсынбай, бөтенсітпей, сырттан келген жандарға құшағын ашты. Дастарханындағы соңғы нанын бөліп беріп, баспанасын бөлісті, жүрегінің кеңдігімен, адамгершілігімен бауырына басты.\nҚазақ ешкімді ұлтына, нәсіліне немесе дініне қарап кемсітпеді, қайта бәріне бірдей қарап, қолындағы барымен бөлісті. Бұл – жәй мейірімділік емес, ғасырлар бойы қанға сіңген имандылық пен ізгілік жолының жемісі.\nМұндай кеңпейілділік пен кісілік – қазақтың тереңнен бастау алатын ұлттық дәстүрі мен ислам дінінің этикалық ұстанымдарының жарасымды тоғысуының жарқын көрінісі. Ислам – адам баласына тек мұсылман ретінде емес, алдымен адам ретінде қарап, кісілік пен қайырымдылықты өмірлік қағида еткен дін. Қазақ халқы бұл қағидаларды тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдеп берді. Осы асыл қасиеттер – бүгінгі күнде де қоғамымызда ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді сақтаудың берік іргетасы болуға лайық. Өткеннің өнегесінен сабақ алып, болашақ ұрпаққа осы рухани мұраны жеткізу – әрқайсымыздың қасиетті парызымыз.\n– Қазіргі ақпараттық кеңістікте ұлтаралық немесе діни араздық тудыратын арандатушы пікірлер жиі кездеседі. Дін өкілі ретінде сіз мұндай жағдайда қандай ұстанымда болар едіңіз?\n– Өкінішке қарай, қазіргі таңда ақпарат кеңістігі шексіз түрде дамып, интернет пен әлеуметтік желілер адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұрын тек кітап пен ұстаз арқылы алынатын білімнің орнына қазір кез келген ақпарат санаулы секунд ішінде әлемге таралады. Бұл – бір жағынан үлкен мүмкіндік болса, екінші жағынан өте үлкен қауіп. Себебі интернет бетінде кез келген адам түрлі жалған ақпараттар мен арандатушылық мазмұндағы бейнематериалдарға тап болуы әбден мүмкін.\nМұндай жағдайда қоғамда ағартушылық жұмыстарының рөлі бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Атап айтқанда, дәстүрлі ислам құндылықтарын, қазақтың бай рухани мұрасын, ұлттық болмыс пен тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Өйткені адам баласы рухани негізге, ішкі иммунитетке ие болмаса, кез келген теріс идеологияның ықпалына тез түсіп кетуі мүмкін.Қазақтың дәстүрі мен ислам дінінің этикалық ұстанымдары бір-бірімен астасып, үйлескен рухани жүйе ретінде ғасырлар бойы халқымызды адамгершілікке, сабырға, ізгілікке тәрбиелеп келеді.\nОсы құндылықтар насихатталған жағдайда, халықтың рухани иммунитеті күшейеді. Адам өзін де, өзгені де тануға, ажыратуға, дұрыс пен бұрысты саралауға үйренеді. Сонда ғана азаматтарымыз теріс бағыттағы идеологияларға бой алдырмай, жалған ұрандар мен арандатушылыққа ермей, саналы әрі салиқалы таңдау жасай алатын деңгейге жетеді деп сенеміз. Бұл – тек дін мамандарының ғана емес, бүкіл қоғамның, әсіресе отбасы, мектеп, мешіт пен медиа өкілдерінің бірлесе атқаратын ортақ миссиясы.\n– Дәстүрлі ислам мен ұлттық сана арасында тепе-теңдік сақтаудың маңыздылығы туралы не айтар едіңіз? Бұл ұстаным ұлт бірлігін нығайтуға қалай әсер етеді?\n– Ислам діні – бүкіл адамзат баласына, барлық дәуір мен қоғамға арналған кемел дін. Ол белгілі бір ұлтқа немесе кезеңге ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ рухани бағдар ретінде түсірілген. Ислам өз табиғатында халықтардың мәдени ерекшеліктеріне, тілдік айырмашылықтарына, тарихи тәжірибесіне құрметпен қарайды. Сондықтан ол қандай да бір ұлттың дәстүрін жоюды көздемейді, керісінше, сол дәстүрдің шариғатқа қайшы келмейтін тұстарын қолдап, жетілуіне ықпал етеді. Біз, қазақ халқы, XIII ғасырдан бері мұсылманбыз. Осы ғасырлар бойы ислам дінін қабылдай отырып, өзіміздің ана тілімізді, рухани дүниетанымымызды, салт-дәстүрімізді сақтап келеміз. Бұл – дін мен дәстүрдің бір-біріне қарама-қайшы емес, қайта өзара үндесе отырып дамуының айқын дәлелі. Қазақы дүниетаным мен ислам құндылықтарының сабақтасуы нәтижесінде біз бүгінгі рухани мәдениетімізді қалыптастырдық.\nИслам – адамзатты ізгілікке, әділетке, мейірім мен бейбітшілікке үндейтін дін. Ал қазақтың дәстүрі – кісілікке, кеңпейілділікке, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге негізделген. Екеуінің тоғысуы біздің ұлттық болмысымызды байытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани мұраны сақтауға жол ашты. Осы үйлесімділік пен тұтастық бізді өркениетті елдердің қатарына қосып, рухани бай, мәдениеті терең ұлт ретінде қалыптастырды.\nСондықтан біздің дініміз де, ұстанған жолымыз да, ата-бабадан жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміз де алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқара беретініне сенеміз. Осы құндылықтарды сақтай отырып, біз адамгершілік пен ізгіліктің биік үлгісінде қала береміз."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/gonkong-tumauy-ystyqty-qalai-tusiremiz-zane-ony-oseltamivir-rasymen-emdei-me", "title": "Гонконг тұмауы: Ыстықты қалай түсіреміз және оны Осельтамивир расымен емдей ме", "text": "Соңғы апталарда ата-аналарды алаңдатқан басты сауалдар:\"Бұл Гонконг тұмауы ма? Неге баланың ыстығы ешқандай дәріге түспейді?\"болып тұр.\nБалабақша топтары жартылай бос: көп бала 39-40 градус қызумен бірнеше күн қатарынан ауырып жатыр. Ал ересектер әлсіздік пен буын сырқырауына шағымданып отыр.\nӘлеуметтік желіде \"жаңа вирус\", \"инфекциялық ауруханада кезек көп\" деген жазбалар көбейген сайын ел арасында алаңдаушылық та арта түсті. Бәрі бір-бірінен естіп,осельтамивир деген дәрініжаппай сатып алып жатыр. Дәріханадан бұл дәріні бірден табу қиын. Бұл шынымен жаңа вирус па? Қалай емделу керек? Осельтамивир шынымен ем бе? Педиатр Мадина Мұсахан егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.\nПедиатр Мадина Мұсахан Гонконг тұмауына (H3N2) қатысты дүрбелеңге негіз жоқ екенін айтады.\n\"Ол тұмау бұрыннан бар. Халық арасында оны әр кезеңде әртүрлі атап жатады. Негізінде жыл сайын қайталанып отыратын бір вирус – сол бір тұмау. Бұл жаңадан шыққан үлкен пандемиялық ауру емес\", – дейді маман.\nДәрігердің айтуынша, тұмаудың белгілері ЖРВИ-ға қарағанда айқынырақ және ауырлау өтеді.\n\"Мысалы, ЖРВИ кезінде қызу 3-4 күнге созылса, тұмау кезінде  39-40°С-қа дейін көтеріліп, 5-7 күнге дейін түспеуі мүмкін. Интоксикация да күштірек болады. Бала \"аяқ-қолым, ішім, бүкіл денем ауырып тұр\" деп шағымдануы мүмкін. Бұл тұмауға тән белгі. Тұмаудан кейінгі қалпына келу кезеңі де кейде ЖРВИ-ға қарағанда ауырлау болады\", – дейді маман.\nПедиатрдың айтуынша, тұмау симптоматикалық түрде ғана емделеді. Яғни:\nИбупрофеннің дозасын дәрінің концентрациясына және баланың салмағына қарай есептеу керек. Мысалы:\n\"Дәрі мөлшері міндетті түрде салмаққа сай болуы тиіс. Балаға жиі-жиі су ішкізіп, бөлмені салқындатып, ауаны ылғалдандырып отырған дұрыс. Егер баланың қызуы 6 сағатқа дейін түспей, дәрі беру арасындағы интервал сақталмаса, парацетамол мен ибупрофенді алмастырып беруге болады. Парацетамолдың дозасы – 15 мг/кг. Екі препаратты дұрыс интервалмен кезектестіре қолдануға болады. Егер бала өзін өте нашар сезініп тұрса, температурасы 37°С болса да, түсіру қажет жағдайлар кездеседі.Тұмаудың негізгі белгісі – жоғары температура, ал басты міндет – оны дұрыс түсіру, балаға су беру және үй жағдайын реттеу\", – дейді педиатр.\nЖелі қолданушылары тұмаумен ауырмау үшін құрамында осельтамивирі бар дәрі ішу керек екенін жазып жатыр. Оның қатарында флувир, флукап, освир, неодокс және тағы да басқа препараттар бар. Алайда педиатр мұның шындыққа жанаспайтынын айтады.\n\"Тұмау – кәдімгі вирус, оны түбегейлі емдейтін арнайы дәрі жоқ. Осельтамивир профилактика үшін көмектеспейді. Оны ауырғаннан кейін алғашқы 24-48 сағатта ғана беру ұсынылады. Бірақ ол ауруды толық тоқтатпайды. Мысалы, бала 5-7 күн ауыратын болса, дәрі ең көп дегенде ауруды 1 күнге ғана қысқартуы мүмкін. Осельтамивир бергеннен кейін келесі күні температура бірден жоқ болып кетеді деген түсінік дұрыс емес. Сондықтан бұл препарат міндетті емес, онсыз да толық жазылып шығуға болады\", – дейді маман.\nМадина Мұсаханның айтуынша, тұмаудың алдына алуға тек вакцина көмектеседі.\n\"Тұмауға қарсы вакцина салдыру уақыты – қыркүйек-қазан айлары. Поликлиникаларда үшвалентті вакцина салынады. Вакцинаны ауырмай тұрғанда салдыру керек. Қазір мемлекеттік емханаларда вакцина салынбайды, бірақ жеке орталықтарда салдыруға болады. Егер биыл ауырып қойған болсаңыз, вакцина салдырудың пайдасы жоқ. Келесі жылы алдын ала салдырған жөн\", – деп түсіндірді педиатр.\nАстана қаласының бас санитариялық дәрігері Айгүл Шагалтаева таратқан дерекке сүйенсек, зерттелген 285 үлгінің 116-сында H3N2 – Гонконг тұмауы анықталған.\nГриппке және COVID-19-ға теріс нәтиже көрсеткен материалдар ішінен:\nБұл көрсеткіштер бір ғана H3N2 емес, түрлі респираторлық вирус циркуляцияда екенін көрсетеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/vice-prezident-instituty-qazaqstan-men-setel-taziribesi-zane-sarapsylar-pikiri", "title": "Вице-президент институты: Қазақстан мен шетел тәжірибесі және сарапшылар пікірі", "text": "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстанда вице-президент лауазымын қайта енгізудіұсынды. Бастама бойынша, ол президенттің тапсырмасымен халықаралық форумдарда және шетелдік делегациялармен келіссөздерде Қазақстанның мүддесін қорғайды. Сондай-ақ Парламентте президенттің мүддесіне өкілдік етеді.\nҚасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, вице-прездиентті парламенттің келісімімен, депутаттардың көпшілік дауысы арқылы президент тағайындайды. Ал өкілеттік ауқымын мемлекет басшысының өзі айқындайды.\nАтап айтқанда, вице-президенттің негізгі функцияларына:\nВице-президенттің қызметтік функционалына қатысты негізгі ережелер алдағы уақытта Конституцияда нақты көрсетіледі.\nAqorda (@akordapress)'in paylaştığı bir gönderi\nҚазақстан тарихында вице-президент лауазымы осыдан 30 жыл бұрын – 1991-1996 жылдары аралығында болды.\n1990 жылғы 20 қарашада Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі \"Қазақ КСР мемлекеттік билік пен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы\" заң қабылдап, алғаш рет вице-президент лауазымын енгізді. Бұл Кеңес одағы ыдырауға бет алған, республикаларда жаңа саяси институттар қалыптаса бастаған уақыт еді.\n1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Қазақ КСР президентінің жалпыхалықтық сайлауындаЕрік Асанбаеввице-президент болып сайланды. Ол бұған дейін Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.\n10 желтоқсанда бұл лауазым ресми түрде Қазақстан Республикасының вице-президенті деп атала бастады. Ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Осылайша, вице-президент институты тәуелсіз мемлекеттің алғашқы билік құрылымдарының бірі ретінде қалыптасты.\nКонституциялық мәртебесі:1992 жылғы 2 шілдеде Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, президент пен вице-президентті Қазақстан азаматтары жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау арқылы 5 жыл мерзімге сайлайтын. Вице-президент лауазымына үміткерді президенттікке үміткер ұсынатын.\n1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған жаңа Конституция бойынша:\nАлайда бұл лауазымның ғұмыры ұзаққа созылмады. 1995 жылы 30 тамызда елде жаңа Конституция қабылданып, вице-президент лауазымы туралы баптар алынып тасталды. Ал 1995 жылы 24 қарашада президент әкімшілігі туралы жаңа ереже бекітіліп, онда вице-президент туралы мүлде айтылмады.\n1996 жылы 22 ақпанда Ерік Асанбаев Қазақстанның Германиядағы елшісі болып тағайындалып, вице-президент институты жойылды.\nВице-президент лауазымы әлемнің көптеген мемлекетінде бар. Ең танымал мысал – АҚШ. Онда вице-президент президенттің міндетін уақытша атқарады және Сенат төрағасы болып саналады.\nСонымен қатар Бразилия, Аргентина, Колумбия, Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Үндістан, Индонезия, Вьетнам, Иран, Қытай, Әзірбайжан, Ангола, Кения, Нигерия сынды бірқатар елде вице-президент институты жұмыс істейді.\nКей елдерде вице-президенті президентпен бірге халық сайласа, кей елдерде президент өзі тағайындайды.\nӨзбекстан, Қырғызстан, Ресейде вице-президент институты КСРО тарағаннан кейін бір-екі жыл ғана жұмыс істеп, таратылған.\nСаясаттанушы Досым Сәтпаевтыңжазуынша, Қазақстанда алғашқы вице-президент лауазымы 1996 жылы президентке орынбасардың және әлеуетті бәсекелестің қажеті болмағаны үшін жойылған.\n\"Қазір, сірә, Тоқаев бәсекелестіктен азырақ қорқады және көбіне мұрагерлер туралы, сондай-ақ вице-президент пен жаңа бірпалаталы парламент спикері арасындағы жаңа тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің болашақ құрылымы жайлы ойлайтын секілді\", – деді саясатанушы.\nДегенмен, саясаттанушы бұл лауазымның екінші жағы да бар екенін жазды.\n\"Тәжірибе көрсеткендей, егер кез келген қолдан жасалған саяси конструкция нақты саяси конъюнктураға бейімделіп, жиі конституциялық өзгерістер арқылы қалыптасса, халықтың сенім мандатын алмаған жеке тұлғаларға ғана арқа сүйесе және бұл жүйені мықты саяси институттар демеп тұрмаса, ол өте нәзік әрі тұрақсыз болады. Негізінде, сайлау және сот жүйелері осындай саяси-құқықтық тірек бола алар еді. Ұлттық құрылтай отырысында депутаттар конституциялық сот судьяларының кандидатураларын мақұлдайтыны, ал жоғарғы сотқа тағайындаулар президенттің ұсынысы бойынша жүретіні туралы тезистер айтылды. Сондай-ақ парламент орталық сайлау комиссиясына тағайындауларға келісім береді. Жалпы алғанда, бұл жаман емес сияқты. Бірақ бір \"әттеген-ай\" бар. Енді парламенттің өзі тек партиялық тізім бойынша сайланатын болады, бұл іс жүзінде оны атқарушы билік тармағына көбірек тәуелді етеді. Ал атқарушы билік болса, дәл сондай басқарылатын партиялық алаңды қалыптастырудың барлық құралдарын өз қолында сақтап қалды\", – деп жазды Досым Сәтпаев.\nАлсаясаттанушы,ғалым Нүркен Айтымбетоввице-президент лауазымының қайта құрылуы мен оның Қазақстанның Ата заңымен бекітілуі бүгінгі күні уақыт талабына сай бірнеше қажеттіліктерден туындап отырғанын айтты.\n\"Бұл, ең алдымен, елімізде соңғы жылдары басталған мемлекеттік басқару жүйесін реформалау үрдісінің жалғасын табуымен тікелей байланысты. \"Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет\" ұстанымы негізінде президенттік басқару жүйесінің тиімділігін күшейтуден туындап отыр. Президенттің айтуы бойынша, жаңа конституциялық өзгерістер президенттік билік институтын әлсіретпей, керісінше күшейте түспек. Қазақстан алдағы уақытта президенттік басқару жүйесіне негізделген республика ретінде одан әрі дамитын болмақ\", – деді саясаттанушы.\nСарапшының айтуынша, вице-президент лауазымын қайта енгізуге түрткі болып отырған факторлардың бірі – соңғы жылдары мемлекет басшысының шетелге ресми сапарларының жиілеуі. Оның сөзінше, президент мемлекетаралық келісімдер мен жоғары деңгейдегі кездесулерге байланысты уақыттың едәуір бөлігін шетелде өткізеді. Осындай кезеңдерде ел басқару тізгінін сенімді тұлғаға табыстау қажеттілігі туындайды.\n\"Тағы бір мәселе – алда президент сайлауы жақындап келеді. Саяси өзгерістерге сәйкес президент бұдан былай тек бір ғана мерзімге сайлана алады. Олай болса, мемлекет басшысына қазірден бастап өзінің мұрагерін дайындау қажет. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында болашақта елімізде болатын билік транзитінің қолайлы өтуі – мемлекеттің тұрақтылығының басты кепілі. Осыған байланысты билік қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, қоғаммен сенімді диалог орнату, сондай-ақ құқықтық және саяси жүйелерді нығайту тұрақты дамудың маңызды факторы болып саналады\", – деді саясаттанушы.\nСаясаттанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшысы Риззат Тасымда қазіргі жағдайда вице-президент лауазымын қайта енгізу жүйені алдағы транзиттік кезеңге институционалдық тұрғыда дайындаудың тиімді құралы екенін айтты.\n\"Ең басты мәні – кадрлық және саяси резервті жүйелі түрде қалыптастыру. Яғни, келешекте ел басқаруға дайын кандидаттардың легін ашық, заңды әрі саяси тұрғыдан \"пісіріп\" шығаратын механизм пайда болады. Ол кез келген тұрақты саяси жүйеге тән эволюциялық қадам. Екіншіден, егер вице-президент институты іске сәтті қосылса, премьер-министрдің де, болашақта Құрылтай спикерінің де саяси аясы кеңейеді. Неге десеңіз, кез келген әлемдік саяси жүйеде жазылмаған, бірақ бәріне белгілі бір \"қағида\" бар: қанша жерден тиімді жұмыс істесең де, беделің мен танымалдығың президенттен асып кетпеуі тиіс. Бұл көптеген лауазымды тұлғаның әлеуетін толық ашуға бейсаналы түрде тосқауыл болды. Енді сол \"саяси соққыны\", яғни қоғамдағы артық назар мен символикалық бәсекелестікті вице-президент өз мойнына алатын сияқты. Ал басқа институттар: Үкімет те, Құрылтай да өз функцияларын артық саясиландырмай, кәсіби деңгейде орындауға мүмкіндік алады\", – деді сарапшы.\nЖалпы алғанда, сарапшының пайымдауынша, ықтимал конституциялық өзгерістерден кейін кей ауқымды әрі стратегиялық мәселелер вице-президенттің құзыретіне берілуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, вице-президент лауазымы формалды қызметпен шектелмей, нақты саяси салмағы бар институтқа айналуы ықтимал.\nСарапшы вице-президент институтын енгізу қазіргі реформалар логикасында саяси жүйені сақтандыруға, билік сабақтастығы мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған қадам екенін, алайда оның тиімділігі бұл тетіктің қалай іске асырылатынына тікелей байланысты екенін атап өтті."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qyzylsamen-auyrgandardyn-78-paiyzy-ekpe-almagan-ata-analar-nege-vakcinaga-qarsy", "title": "Қызылшамен ауырғандардың 78 пайызы екпе алмаған. Ата-аналар неге вакцинаға қарсы?", "text": "Қазақстанда жыл басынан бері 3 мыңнан астам адамның қызылша жұқтырғаны анықталды. Әсіресе бес жасқа толмаған балалар арасында бұл жұқпалы ауру кең таралып отыр. Қызылша ЖРВИ, тұмау сияқты басталғанымен, асқынса түрлі қабынуға әкеледі. Сондықтан дәрігерлер қызылшадан қорғану үшін вакцина алу қажет дейді. Алайда кейбір ата-ана вакцинаның тиімділігіне күмәнмен қарап, баласына салдырғысы келмейді.\nОсы орайда Информбюро порталы қызылша бойынша эпидахуалдың ушығуына не себеп, вирустың таралуына қалай тосқауыл қоюға болады деген сұрақтарға жауап іздеді.\nҚызылша – жоғары контагиозды, яғни өте жұқпалы вирус. Тек адамнан адамға ауа тамшылары арқылы таралып және жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді. Асқынған жағдайда ми қабығы мен тінінің қабынуына әкеп соқтыратын менингит және энцефалит, яғни орталық жүйке жүйесінің ауыр асқынуларына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.\nБұл аурумен ауырған адаммен қатынаста болған 10 адамның 9-ы ауруға шалдығуы мүмкін. Қызылша бұрын ауырмаған және вакцина алмаған барлық жастағы адамдарға қауіпті. Сонымен қатар, жүкті әйелдер ауырған жағдайда тек әйелге ғана емес, жатырдағы нәрестеге де жұғуы ықтимал.\nАлматы қаласының №21 қалалық емхананың директорының емдеу-профилактика ici бойынша орынбасары Дина Абдикаримованыңайтуынша, қызылшамен ауырған науқас аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін екі күн бұрын және бөртпелер шыққаннан кейін бес күнге дейін қоршаған ортаға жұқпалы болады. Ауру көпшілік ойлағандай бөртпемен басталмайды.\n\"Қызылша басқа жедел респираторлы аурулар сияқты жоғарғы температура, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, көзге конъюктивит шығу, яғни көздің қызарып қабынуы секілді белгілермен басталады. Ең негізгі белгі – азу тістердің түбінде дақтарды байқауға болады. Екі күннен кейін аурудың келесі кезеңі басталып, балалардағы қызылшаны нақты ажыратуға мүмкіндік беретін белгілерге арнайы бөртпе қосылады. Бөртпелер – ұсақ папулярлы элементтері бар гиперемиялық дақтар. Олар денеге бірден емес, кезең кезеңімен таралады. Бірінші күні құлақтың артындағы аймақ, бас терісі, бет, мойынға, екінші күні кеуде, іш және арқаға, иыққа, ал үшінші күні қол-аяққа таралады. Қызылшаға қарсы вакцина алмағандарда бұл ауру асқынып, тыныс жолдарында пневмония, отит, ларингит, жүйке жүйесінде энцефалит тудыруы мүмкін. Аса қауіпті жағдайда соқырлық, тромбоцитопения және кейін, уақыт өте келе байқалатын жедел склерозды панэнцефалит тудыруы мүмкін\", – деді дәрігер.\nДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2025 жылы әлемде 247 мыңнан астам адамның қызылша жұқтырғаны расталған. Халықтың екпемен аз қамтылуы аурудың өсуіне себеп болып отыр. Қазақстанда қызылшамен сырқаттану дерегі 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы 6,8 есеге төмендеді. Алайда биыл жағдай ушыға бастады. 2026 жыл басталғалы 3 343 адамның қызылша жұқтырғаны анықталды. Тоғыз өңірде, атап айтқанда Астана қаласында, Алматы қаласында, Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарында вирустық инфекция кең таралып отыр. Қызылшамен көбінесе бес жасқа толмаған балалар (72%) жиі ауырады.\nҚызылшаның таралуына екпе алмағандардыңДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенованыңайтуынша, науқастардың 78 пайызы екпе алмаған. Олардың 56%-ы екпеден өз еркімен бас тартса, 14%-ы екпе алуды денсаулығына байланысты кейінге қалдырған. Ал 30%-ы – егу жасына жетпеген балалар.\nБас санитарлық дәрігер эпидахуалды тұрақтандыру мақсатында арнайы қаулы қабылдады. Енді балаларды қосымша иммундау шаралары күшейтіледі және ауру ошағы анықталған орындарға шектеулер енгізіледі.\n\"Аталған қаулыға сәйкес, мынадай шаралар жоспарланған: қызылша, қызамық және паротитке қарсы иммундау іс-шаралары. Ұйымдасқан ұжымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру мекемелерінде қызылша тіркелген жағдайда, вакцина алмаған адамдар уақытша шеттетіліп, эпидемияға қарсы алдын алу шаралары жүргізіледі. Балаларды стационарларға жоспарлы түрде жатқызуға қойылатын талаптар да ескерілген. Енді қызылшаға қарсы екпесі бар балалар ғана стационарға жатқызылады\", – деді комитет төрағасы.\nБалалар, мұғалімдер және тәрбиешілер ЖРВИ мен қызылша белгілеріне тексеріледі. Балабақшада не мектепте қызылша анықталса екпе алмаған балалар сабаққа қатыса алмайды. Балабақша топтарында вакцина алған балалардың үлесі 90 пайыздан төмен болмауға тиіс.\nМысалы, инфекция жұқтырған баланың сыныбын тексеріп, мектеп бойынша екпе алмағандар анықталады. Олар сабақтан уақытша шеттетіледі, себебі бұл уақытта оларға екпе салу мүмкін емес.\nВакциналау баланы қызылша және басқа инфекциялық аурулардан қорғаудың ең сенімді және дәлелденген жолы болып отыр. Сархат Бейсенованың сөзінше, Қазақстанда қолданылатын вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес келеді сапасы мен қауіпсіздігі қатаң бақылаудан өтеді.\n\"Нысаналы жастағы балаларды жоспарлы иммундау жүргізіліп жатыр. 2025 жылы қызылшаға қарсы бір жастағы 323,7 мыңнан астам бала және алты жастағы 348,3 мыңнан астам бала егілді. Иммундау аясында 18 жасқа дейінгі 214 мыңнан астам балаға вакцина салынды\", – деді Сархат Бейсенова.\nДәрігер Дина Абдикаримова қызылша өте тез жұқпалы ауру болғандықтан, одан сақтану мүмкін емес екенін айтып отыр. Қазіргі уақытта вакцина – қызылшаны тоқтатудың тек жалғыз жолы. Оның тиімділігі 97-99 пайызды құрайды. Алайда вакцина алған балалар да ауыруы мүмкін, бірақ бұл балаларда қызылша ауруы асқынуларға әкелмейді. Вакцина қызылшаның ауыр түрінен және өлімнен сақтайды.\n\"ҚҚП (қызылша, қызамық, паротит) вакцинасының құрамында тірі, бірақ әлсіретілген вирус бар. Ол ауру тудырмайды, бірақ ағзаны вируспен таныстырып, оған қарсы антиденелер (иммунитет) түзуге мәжбүрлейді. Ал ағза вируспен кездескенде ағзада тез арада вирусқа қарсы антиденелер түзіліп, оның тез жойылуына әсер етеді.  Қызамыққа қарсы вакцинаны балаларға бір жасында және алты жасында салынады. Екі доза алғаннан кейін адамдардың көпшілігінде өмір бойына дерлік иммунитет қалыптасады. Ұжымдық иммунитет негізі аурудың ары қарай тарап кетпеуі үшін және қандай да бір медициналық себептерге байланысты вакцина ала алмайтын балаларды қорғау үшін қажет\", – деді Дина Абдикаримова.\nҚазақстанда кез келген адам қызылшаға қарсы вакцинаны тегін ала алады. Әдетте бала бір және алты жасқа толғанда қызылшаға қарсы тегін вакциналау жүргізіледі. Ешқашан вакцина алмаған ересектер де тіркелген емханасына барып, екпені тегін салдыра алады.\nҚызылшаға қарсы вакцина тегін болғанына қарамастан кей ата-ана баласына екпе салдырудан бас тартады.\n\"Вакцинадан бас тарту себебі көп. Көбіне ата-ана вакцинаға күмәнмен қарайды. Интернет желісінде медицинадан хабары жоқ адамдар вакцинаға қарсы шығып, оны салдырмауға үндейді. Әлеуметтік желілерде кейбіреулер оқырман жинау үшін негізсіз, тіпті ғалымдардың аттарын жамылып, олардың айтпаған сөздерін айтты деп жалған ақпарат таратады. Ал қарапайым халық сол адамның айтқан сөздерін шын көреді. Қазақта \"шымшық сойса да қасапшы сойсын\" деп бекер айтпаған. Ата-анаға айтарым, аурудың алдын алу үшін де, емдеу үшін де дәрігерге құлақ асу керек\", – деді Дина Абдикаримова.\nДәрігер \"вакцина аутизмге әкеледі\" деген пікір шындыққа жанаспайды дейді.\n\"Бұл ақпараттың негізі жоқ, дәлелденбеген. Тек аутизм ауруы көп жағдайда бір жаста, вакцина алатын кезбен сәйкес біліне бастайды. Сол себептен көп жағдайда ата-ана аутизм туындаған кезде вакцинаға күмән келтіреді\", – деді ол.\nАдам қызылша белгілерін байқаса дереу дәрігерге хабарласып, оқшаулануы қажет. Әсіресе, вакцина алмаған адамдар, балалар және жүкті әйелдер үшін вирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары.\n\"Қызылшамен ауырған адаммен байланыста болғанын білген жағдайда және қызылшаға қарсы вакцина алмаған болса, инфекцияны болдырмау үшін байланыста болғанан кейін 72 сағат ішінде қызылшаға қарсы вакцинаны алу үшін дәрігерге барыңыз. Иммуноглобулин жұқтырған адаммен байланыста болғаннан кейін алты күн ішінде қабылданса, адам инфекцияның алдын алады. Қазіргі жағдайда тек екпе ғана аурудан қорғайды. Ал қызылша жұқтырған жағдайда аурудың асқынып кетпеуіне вакцина үлкен әсер етеді. Ауырған адамдарда тек симптоматикасын және соның асқынуынан туындаған ауруларды емдеумен ғана шектелеміз. Сонымен қатар ағзаның вируспен күресуіне көмектесу үшін витаминдер мен көп мөлшерде сұйықтық тағайындалады\", – деді Дина Абдикаримова.\nАйзат Серікбаеваүш жарым жасар ұлының ақпан айында ауырып, бір апта ауруханада емделіп, қалған уақытта үйде болғанын айтып отыр.\n\"Астанадан Шымкентке ұшақпен барып келдік. Шымкентте сол уақыттарда қызылша өршіп тұрды. Балам бір жасында екпе алды. Аурудың алғашқы күндері дене қызуы көтеріліп, әлсіздік болды. Үш-төрт күннен кейін бөртіп бастады. Ауруханада жатып шыққан соң 6-7 күні бөртуі қайтты. Балам ауырғанда қатты қорықтым. Осыдан кейін балаларға қарауға жауапкершілік күшейді. Олардың күнделікті тазалығына мән беретін болдық\", – деді Айзат Серікбаева.\nҚызылшаның алдын алу үшін елімізде жоспардан тыс иммундау шаралары жүргізіліп жатыр. Баласына вакцина салдырудан бас тартқан ата-ана ойын өзгертіп, келісімін берсе баласына екпе салдыра алады. Баланың вакцина салдырған-салдырмағанын eGov арқылы тексеруге немесе педиатрдан нақтылауға болады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/aqparattyq-terapiia-bastauy-sarapsylar-informburokz-saitynyn-bulzymas-qagidalary-turaly", "title": "\"Ақпараттық терапия бастауы\": Сарапшылар Informburo.kz сайтының бұлжымас қағидалары туралы", "text": "Informburo.kz ақпараттық-талдамалық мультимедиялық порталы 2015 жылғы 4 мамырда өз жұмысын бастады. Бұл жоба қоғамға қажетті ақпаратты бір жерде, бір сайтта ұсынуды мақсат етеді. Порталдың бастаушысы және алғашқы бас редакторы, марқұм Михаил Дорофеевтің айтуынша, басты мақсат \"қазақстандықтарға барлық ақпаратты жедел, тиімді әрі сапалы түрде алуға көмектесу\" болған. Осылайша, Informburo.kz қазақстандықтар үшін сенімді ақпарат көзіне айналды.\nҚазақстан мен әлемдегі ең маңызды оқиғалар туралы ақпарат беретін портал редакциясы 10 жылдан бері 24/7 режимінде қызмет атқарып келеді. Осы уақыт ішінде портал өз оқырмандарына объективті, қолжетімді және жан-жақты ақпарат ұсынуды басты мақсат етіп қойды. Портал өз даму жолында редакция құрамының өзгеруі, жетістіктер мен жеңістер, сондай-ақ қиындықтар мен шығындарды бастан өткерді. Есесіне, ол ең қиын кезеңдерде де жұмысын тоқтатпай, журналистиканың негізгі қағидаттарына – объективтілік, шынайылық, өзектілік, фактілердің тексерілуі және эксклюзивтілікке адалдығын сақтап қалды. Осы орайда қазақстандықтарға айтар ойын біздің портал арқылы білдіріп келген танымал тұлғалар жүрекжарды тілегін айтты.\nАида Балаева,мәдениет және ақпарат министрі:\n– Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, негізін тәжірибелі әрі сараптамалық жаңалықтар жасаудың хас шеберлері қалағандықтан, Informburo.kz жобасының іске қосылған күннен бастап табысқа жетуге зор мүмкіндігі болған. Ал жаңалық журналистері – бұл үлкен журналистиканың авиациясы.\n\"Ең алдымен, әрине, бұл бірінші бас редактор марқұм Михаил Дорофеев туралы. Михаил Викторұлы журналистиканың жоғары стандарттарын енгізіп қана қоймай, көптеген жобаның авторы болды және бірқатар кәсіби маман тәрбиеледі. Мен үшін Informburo.kz – отандық интернет-журналистиканың табысты дамуының бір мысалы. Қазіргі уақытта Informburo.kz – елдің ең үздік бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол ең кең ауқымды мәселелерді қамтып, кәсіби журналистер ұжымы өзекті аналитикалық материалдарымен және эксклюзивті зерттеулерімен танымал,\" – деп атап өтті министр.\nВедомство басшысы кәсіби және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының кез келген демократиялық қоғамды құруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Олар қоғамды объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді, бұл \"халыққа билікті бақылауға\" және әртүрлі пікірді еркін жеткізуге көмектеседі.\n\"Informburo.kz порталына объективті, кәсіби медиаресурс болуды жалғастыруын тілеймін. Редакция сапалы журналистика қағидаттарына адал болып, технологиялық тұрғыдан дамып, аудиторияның сенімін сақтап қалсын. Ал оқырмандарға сыни ойлау, шындыққа қызығушылық және қоғам өміріне белсенді араласуды тілеймін\", – деді Аида Балаева.\n– Informburo.kz – бұл жай ғана жаңалық таратушы емес, бұл – ойландыратын, ұлтты тәрбиелейтін, қоғамның ішкі тынысын дөп басып, жүрекке жеткізетін рухани алаң. Соңғы он жыл ішінде сіздердің жазған әрбір материалыңыз халықтың сана-сезіміне әсер етіп, жаңаша ойлауға жетелеп отырды. Бұл – бүгінгі күннің ең маңызды миссияларының бірі деп білемін. Психоаналитик ретінде мен адам санасының терең түкпірлерін зерттей отырып, қоғамдағы ақпараттың рөлін ерекше бағалаймын. Өйткені сапалы, адал әрі шынайы ақпарат – бұл да бір терапияның түрі. Ол адамға ішкі тыныштық табуға, болмысты дұрыс түсінуге және шынайы өмірмен үйлесуге көмектеседі. Informburo.kz дәл осындай ақпараттық \"терапияны\" оқырманға ұсынып келеді.\nСіздердің мақалаларыңыздан шынайылықты, жауапкершілікті, әрбір сөзге деген мұқият көзқарасты байқаймын. Бұл – кәсібилік пен жан жылуының үндестігі. Қарапайым жаңалықтың өзінен терең мән табуға мүмкіндік беретіндеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Осы он жыл ішінде сіздер – бір ғана ақпарат құралы емес, нағыз қоғамдық пікір қалыптастырушы беделді институтқа айналдыңыздар. Бұл – үлкен еңбек пен қажырлы командалық жұмыстың нәтижесі.\nАлдағы уақытта да жаңалық атаулыға бейжай қарамайтын, қоғамның шынайы келбетін айқын көрсететін сапалы контентпен қуанта беріңіздер. Ақпарат майданындағы кәсіби адалдығыңыз бен адамзаттық ұстанымыңыз ешқашан өзгермесін! Сіздерге шығармашылық шабыт, биік жетістіктер мен мызғымас сенім тілеймін! Әр мақалаларыңыз санаға сәуле, жүрекке жылу сыйлай берсін!\n– Ең бастысы – Informburo.kz сенім артатын ресурстардың бірі. Осы 10 жыл ішінде сіздер тек жаңалықтармен қамтып қоймай, қиын және қолайсыз мәселелерден қашпай, сезімтал тақырыптарды көтердіңіздер. Бұл – пісіп-жетілген, жауапкершілігі мол және әлеуметтік маңызды медианың белгісі. Сіздің дауысыңыз естіледі, демек ол біздің азаматтарымыз үшін маңызды.\nТәуелсіз медиа тек ақпараттық кеңістіктің бөлігі емес. Бұл демократия мен қоғамдық сенімнің негізі. Елде адал және өзінің қағидаттарына берік журналистер болған кезде, азаматтар олардың дауысы маңызды екенін, әділетсіздік жария болуы мүмкін екенін және шешімдер талқыланатынын сезінеді. Осындай медиа жетілген қоғамды қалыптастырып, елдің дамуына әсер етеді.\nInformburo.kz порталына өзінің сипатын сақтап қалуды, батыл болуды және ең бастысы объективті болуды тілеймін. Қайрат пен сенімділікті жоғалтпаңыздар. Ал оқырмандарға маңызды тақырыптарға деген қызығушылық, сыни ойлау қабілеті және ел өміріне белсенді араласуды тілеймін. Шулы ақпарат пен кликбейтті шынайы маңызды мәселелерден ажырату және кез келген ақпаратты сыни тұрғыда қабылдау қабілеті қазір жетіспейді.\nМерейтойыңызбен! Сізге жаңа жетістіктер, жарқын жобалар мен елдің ақпараттық кеңістігінде шынайы, қуатты дауыс тілеймін.\nМарат Пашимов,Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы:\nҚұрметті Informburo.kz редакция ұжымы! Сіздерді еліміздегі жетекші ақпараттық платформалардың бірі – Informburo.kz порталының 10 жылдық мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын!\nБұл мерейтой – жай ғана жылдардың жиынтығы емес, кәсіби шеберлікпен, табанды еңбекпен, ұлтқа деген адалдықпен өрілген берекелі онжылдық. Ақпарат тарату – аса жауапты әрі нәзік іс. Ол қоғамның рухани-әлеуметтік, интеллектуалдық және мәдени ахуалына тікелей әсер ететін күш. Informburo.kz осы он жыл ішінде дәл осы миссияны абыроймен атқарып, сан мыңдаған оқырманға бағыт-бағдар беріп, заманауи журналистиканың биік талаптарына сай қызмет етіп келе жатқанын мақтанышпен айтуға болады.\nМедицина саласының өкілі әрі осы саладағы іргелі ғылыми-зерттеу институтының басшысы ретінде мен ақпараттың, әсіресе, денсаулыққа қатысты деректердің дәлдігі мен шынайылығына ерекше мән беремін. Бұл жай кәсіби талап қана емес, бұл адам өміріне деген жауапкершілік. Осы орайда, Informburo.kz ұжымы денсаулық сақтау тақырыптарына ерекше ұқыптылықпен қарап, тексерілген деректер мен кәсіби сараптамаларға сүйене отырып, халыққа пайдалы әрі нақты ақпарат жеткізіп отырғанын зор ризашылықпен атап өткім келеді.\nСіздер пандемия кезінде де, күнделікті өмірде де медициналық білім мен ақпаратты қарапайым халыққа түсінікті тілде жеткізе отырып, үлкен ақпараттық-көпір бола білдіңіздер. Бұл тек журналистік емес, азаматтық және гуманистік миссияның биік үлгісі деп бағалаймын.\nInformburo.kz порталы бүгінгі таңда тек жаңалық тарату орталығы емес, қоғамдық пікірдің өрісін кеңейтетін, ғылыми ой мен салмақты сараптама ұсынатын алаңға айналды. Бұл – қазақстандық журналистиканың интеллектуалдық даму жолында маңызды қадам. Сіздердің түрлі сала мамандарын – дәрігерлерді, заңгерлерді, педагогтарды, экономистерді, әлеуметтанушыларды сөзге тарта отырып, халықтың көзқарасын байытып, ұлттың ақпараттық иммунитетін нығайтып жатқандарыңыз – аса бағалы еңбек.\nАқпарат саласында сенім мен шынайылық – ең басты капитал. Сіздер осы капиталды он жыл бойы үнемі молайтып келесіздер. Енді осы сенімге сүйене отырып, бұдан да биік белестерді бағындырып, қазақстандық медианың жаңа дәуірінде алдыңғы қатардан көрінетініңізге сенемін. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, шығармашылық шабыт, мызғымас серпін және ел болашағына қызмет ететін тың бастамалар тілеймін! Әрбір мақалаларыңыз – санаға сәуле, жүрекке жылу сыйлай берсін.\nАружан Саин,қоғам қайраткері, \"Мейірімділік\" ҚҚ және \"Мектеп OnLine\" білім беру жобасының негізін қалаушы және директоры:\n– Тәуелсіз, адал, қағидаттарына берік БАҚ-сыз саналы әрі жетілген азаматтық қоғам болуы мүмкін емес. Дәл осы өткір тақырыптарды көтеруден қорықпай, шындықты айтып, әдетте дауысын естімейтіндерге сөз беретін журналистер мейірімділік, әділеттілік және жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады. Informburo.kz – көрілім санынан тыс сенімге кіріп, адамдардың құрметіне бөленген портал. Осы үшін сіздерге алғыс айтамыз.\nАдам әрдайым назардан тыс қалмауы керек. Кез келген реформа, экономика, рейтингтерінің артында бала, отбасы, қарт адамның тағдыры тұр. БАҚ күрделі мәселелер туралы айтуды жалғастырса, ауыртпалықтан қашпаса – бұл қоғамның тірі екенін білдіреді. Ал мұндай қоғамның болашағы бар. Себебі көмек көрсету – бұл әлсіздік емес, керісінше күш.\nКомандаға шынайылық, батылдық және кәсібилікті сақтауды тілеймін. Өсіп, дамып, өз жұмысыңыздан мақтаныш пен қуаныш сезімін алыңыздар. Ал оқырмандарға айналада болып жатқан оқиғаларға деген қызығушылықты сақтауын және кішкентай істердің күшіне сенуін тілеймін. Әрбір материалдарыңыз кем дегенде бір тағдырды жақсылыққа өзгертетін болсын – сонда барлығын бекер істемеген боласыздар.\nМерейтой құтты болсын, Informburo.kz! Сіздердің бар болғандарыңызға, қайырымдылықты қолдағандарыңызға рақмет – баға жетпейді! Біздің қорымыздың қамқорлығындағылардың оқиғасын бөліскендеріңіз үшін және қордың жобалары мен іс-шаралары туралы оқырмандарға жеткізгендеріңіз үшін ДОМ қоры атынан үлкен алғысымызды қабыл алыңыздар! БАҚ-тың қолдауы және көп жылғы ынтымақтастығымыз болмаса, қазір қордың көрсетіп жатқан көмегі мүмкін болмас еді! Рақмет!\n– Informburo.kz ұжымы, сіздерді 10 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын! Адам өмірі үшін 10 жыл аса көп болмауы мүмкін, бірақ Қазақстанда бұл медиа, бизнес және тәуелсіз басылым үшін елеулі кезең. Informburo.kz осы уақыт ішінде нарықтағы көшбасшылардың біріне айналды және журналистика саласында жоғары стандарттарды көрсетіп келеді. Журналистік этикаға мән беріп, маңызды жобалар жасап жүргендеріңіз ерекше атап өтерлік.\nҚазақстанға сіздердің әлеуметтік бағыттағы жобаларыңыз, арнайы шығарылымдар мен сұхбаттарыңыз қажет. Сіздер әрдайым тәуелсіз басылым ретінде тексерілген фактілерге сүйене отырып, нейтралитет сақтайсыздар. Өкінішке орай, мұндай басылымдар елімізде аса көп емес, сондықтан басқа басылымдар сіздерге қарап үлгі алса жақсы болар еді.\nАқпараттық қолдауларыңыз үшін рақмет айтамын, біз бірге жүзеге асыратын жобалар үшін де. Ұзақ және гүлденген ғұмыр, тамаша жобалар және әрдайым шындық пен ақиқаттың жағында болуды тілеймін!\n– Informburo.kz – Қазақстанда беделді және тарихы тереңге бойлаған медиа бренд. Менің телевизиялық журналист ретіндегі мансабымның бастауы осы \"Информбюромен\" байланысты болды. 1990 жылдардың соңында және 2000 жылдардың басында Informburo.kz порталының дамуы Михаил Дорофеевтің жетекшілігімен жаңа деңгейге көтерілді. Ол порталдың қоғамдық-саяси маңызын арттырып, сандық кеңістікте мықты орынға ие етті. Михаил Дорофеев көптеген адам үшін мұғалім, дос және тәлімгерге айналды, оның Informburo.kz порталына қосқан үлесі өлшеусіз. Ол редакцияның жұмысын жаңа форматта, заманауи әдістермен және өзгеше құрылыммен қайта құрды. Осылайша, әрбір жаңа бас редактор осы өзгерістерді одан ары күшейтіп, бүгінгі таңда сапалы, заманауи және ең бастысы, оқырмандарға қажетті портал болып қалыптасты.\nҚазақстанда белсенді және тәуелсіз медиа ортаның сақталуы өте маңызды. Бұл ең алдымен аудиторияның сеніміне және таңдау еркіндігіне байланысты. Ақпараттың жеделдігі мен өзектілігі – әрбір БАҚ-тың басты бағыты, және сіздер бұл жағынан шеберлік танытып отырсыздар.\nҚұрметті әріптестерім, жоғары рейтингті сақтап, жағымды жаңалықтардың көп болуын және цензураның аз болуын тілеймін. Біздің елімізде тәуелсіз медиа өзін сенімді әрі еркін сезінсін деген тілектемін.\nЗульфат Манапов,Алматы облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры:\n– Құрметті Informburo.kz редакция ұжымы! Сіздерді еліміздің ақпараттық кеңістігінде өз орны бар, беделді де сенімді ақпарат көзінің бірі – Informburo.kz порталының 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Он жыл – бұл тек мерзімнің өлшемі емес. Бұл – күн сайын үздіксіз еңбектің, жауапкершіліктің, ізденістің, халық алдындағы адалдықтың нәтижесі. Informburo.kz осы уақыт аралығында ел ішіндегі маңызды тақырыптарды ашық көтеріп, қоғамдық санаға қозғау салып, азаматтық пікірдің қалыптасуына ықпал еткен, халықпен санаса алатын медиа платформалардың біріне айналды.\nҚұқық қорғау саласының өкілі ретінде мен ақпараттың қоғамдағы рөлі мен салмағын терең түсінемін. Себебі қоғамдық тәртіп пен тұрақтылық тек заңмен ғана емес, азаматтардың санасы мен мәдениетіне де тікелей байланысты. Ал сананы тәрбиелеу жолында сапалы әрі шынайы ақпараттың маңызы орасан. Сіздердің мақалаларыңыз қоғамдағы әділдік сезімін нығайтып, ел ішіндегі ашықтықты арттыруға септігін тигізіп келеді.\nInformburo.kz порталында құқық, заң, қоғамдық қауіпсіздік, адам құқығы, жастар тәрбиесі секілді тақырыптардың кең қамтылуы – бұл ұлт болашағына алаңдаушылық пен кәсіби жауапкершіліктің айғағы. Әрбір мақалаңыз – тек жаңалық емес, ол – азаматтық санаға әсер ететін қуатты құрал. Әсіресе құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған материалдарыңыз халықтың заңға деген сенімін күшейтуге ықпал етуде.\nПолиция майоры ретінде мен үшін қоғам мен құқық қорғау құрылымдарының арасында сенімді байланыс орнату – күнделікті қызметімнің маңызды бөлігі. Бұл сенім тек әрекетпен емес, ашық әрі шынайы ақпарат арқылы да қалыптасады. Informburo.kz – осы сенімді нығайтып отырған маңызды дәнекердің бірі. Сіздердің адал еңбектеріңіз, кәсіби принциптеріңіз және халық алдындағы ашық ұстанымдарыңыз – бүгінгі заман журналистикасының үлгісі. Қай тақырыпты жазсаңыз да, оның астарында терең талдау мен шынайы жанашырлық жатқанын байқаймыз.\nҚадірлі редакция! Алдағы уақытта да ел мүддесі үшін қалам тербеп, әділдік пен ақиқат жолынан таймай, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер! Сіздерге зор денсаулық, ұжымдық бірлік, шығармашылық табыс пен үздіксіз даму тілеймін! Ақпарат әлеміндегі адал еңбектеріңіз елмен бірге жасай берсін!\nАлмаз Шарман,Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының және Ұлттық дұрыс тамақтану орталығының президенті:\n– 10 жыл ішінде Informburo.kz Қазақстан медиакеңістігінде берік және құрметті орынға ие болды. Басылым объективті журналистика принциптеріне адал болып, цифрлық дәуірдің қарқынды өзгерістеріне бейімделе алды. Әсіресе, дәстүрлі жаңалықтар ұсыну мен қазіргі блогосфераға тән элементтер арасындағы теңгерімді табу қабілетін жоғары бағалаймын. Бұл стиль Informburo.kz порталын танымал етіп, ақпаратты кең аудитория үшін қолжетімді және тартымды етеді. Меніңше, басылымның жауапты медиатұтыну мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі жоғары бағаға лайық.\nЕжелгі заманнан бері адамзат ойы мен сезімін жеткізуге ұмтылуда – үңгірдегі суреттер мен иероглифтерден бастап, қолжазбалар, баспа және заманауи электрондық форматтарға дейін. Тәуелсіз медиа қоғам диалогының басты өткізгіштері, объективті ақпарат көздері және қоғамның әлемді сезінуінің көрінісі болды және солай қала береді. Бүгінгі күні, коммуникация жылдам сандық ағынға айналғанда, сапалы контентке – дәл, қысқа және сыналған ақпаратқа қол жеткізу ерекше маңызды. Тәуелсіз медиа әртүрлі көзқарасты тыңдауға, ешкімнің мүддесіне тәуелді болмай, сенімді фактілер негізінде пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл кез келген қоғамның демократиялық және интеллектуалдық дамуының негізгі іргетасының бірі.\nАқпаратты тарату жылдамдығы экранға жанасу арқылы өлшенетін заманда оқырманның назарын көбінесе шындық емес, эмоционалды әсер мен визуалды көрініс жаулап алатындықтан, кәсіби бағытты сақтау ерекше маңызды. Журналистер үшін бұл басты мақсаттан адаспай, шындық, адалдық және оқырманға құрмет көрсету дегенді білдіреді. Оқырмандарға келсек, маңызды мен екінші дәрежеліні ажырата білу, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау және тексерілген көздерге сену керек. Informburo.kz порталына стилін сақтай отырып, журналистік тереңдік пен жеделдікті жоғалтпауын, жауапты медиаға үлгі болып қалуын тілеймін. Ал оқырмандарға – қызығушылық, ақпаратты саналы тұтыну және білімнің әлемді қабылдауды қалай өзгертетінінен шабыт алуын тілеймін.\nАрдақ Тұрғанбаева,№2 Алматы қалалық емхананың жалпы практика дәрігері:\n– Құрметті Informburo.kz порталының қадірлі редакциясы мен шығармашылық ұжымы! Сіздерді еліміздің ақпараттық кеңістігінде жарқын әрі мазмұнды жол салып келе жатқан кәсіби медиа алаңы – Informburo.kz порталының 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Он жыл бойы ақпарат тарату, қоғаммен ашық әрі адал диалог құру жолында жасаған қажырлы еңбектеріңіз – қазіргі заман журналистикасының нағыз үлгісі. Бұл жылдар ішінде сіздер миллиондаған оқырманға жол тауып, ел ішіндегі өзекті мәселелерді батыл көтеріп, дер кезінде шынайы ақпарат ұсыну арқылы халықтың сеніміне ие болдыңыздар.\nЖалпы практика дәрігері ретінде мен күнделікті адамдардың денсаулығына ғана емес, олардың күйзеліске, уайымға, үміт пен сенімге толы ішкі дүниесіне де куә боламын. Осындай сәттерде дұрыс әрі сапалы ақпараттың адам психологиясына, рухани жағдайына және өмірге деген көзқарасына қаншалықты әсер ететінін анық түсінемін. Informburo.kz порталы тек жаңалық таратумен шектелмей, ел азаматтарының таным көкжиегін кеңейтіп, ойына серпіліс, жүрегіне үміт сыйлап отыр.\nПорталдарыңызда денсаулық сақтау саласына арналған, кәсіби деңгейде дайындалған, түсінікті әрі пайдалы материалдар жиі жарық көреді. Бұл – біз сияқты сала мамандары үшін де, қарапайым тұрғындар үшін де өте маңызды әрі қажетті ақпараттар көзі. Әсіресе соңғы жылдардағы пандемия кезеңінде сіздер халыққа тек ресми дерек қана емес, дұрыс бағыт-бағдар беретін сапалы контент ұсына алдыңыздар. Бұл – медианың адам өміріне тікелей ықпал ете алатын қуатты құрал екенін айқын дәлелдеді.\nСіздердің әрбір мақалаларыңыздың артында үлкен еңбек, зерттеу, дәлдік пен жауапкершілік жатқанын жақсы білеміз. Бүгінгі цифрлық ақпарат тасқынында шынайы дерек пен обьективті көзқарасқа негізделген журналистика ауадай қажет. Informburo.kz осы талаптың үдесінен шығып, қазақ қоғамының ақпараттық мәдениетін арттыруға зор үлес қосып келеді. Алда бұдан да жарқын жетістіктер, жаңа биіктер күтіп тұр. Оқырманмен арадағы берік сенім, адал ұстаным, кәсіби біліктілік – бұл сіздердің алдағы онжылдықта да өздеріңізді биіктен көрсететін басты құндылықтарыңыз болмақ. Құрметті әріптестер! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, тың серпін мен үздіксіз өсім тілеймін! Ақпарат әлеміндегі адал жолдарыңыздан айнымай, әрдайым ел сенімінің үдесінен шыға беріңіздер!\nҚарлығаш Жаманқұлова,\"Әділ сөз\" халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті:\n– Жеке мен үшін Informburo.kz мәңгі бақи Михаил Дорофеевтің есімімен байланысты болады – ол жоғары деңгейлі маман, азамат, принциптеріне берік тұлға. Оның энергиясы мен ішкі еркіндігі редакцияның ДНҚ-сында мәңгі сақталады. Informburo.kz – Қазақстандағы жаңалықтарды тек хабарлап қоймай, журналистік стандарттарға сай келетін жоғары деңгейдегі үлгі болуды мақсат еткен санаулы медиа-ресурстардың бірі. Осы 10 жыл ішінде ол көптеген адам үшін бағдар болды, тек сенімділік пен этика мәселелерінде емес, сонымен қатар объективті журналистика принциптеріне айрықша адалдығымен де ерекшеленді. Өйткені оларсыз мемлекет пен қоғам соқыр. Күшті, батыл, кәсіби медиасыз басты шешімдер қабылдау мүмкін емес – мемлекет деңгейінде де, қарапайым адам деңгейінде де. Тәуелсіз журналистика – бұл қауіп емес, тұрақтылықтың негізі. Әсіресе күрделі уақыттарда объективті журналистиканың рөлі қаншалықты маңызды екенін байқауға болады. Өйткені журналистика ең алдымен жекелеген мүдделерге емес, адамдарға қызмет етеді.\nРедакцияға батылдық пен абыройды жоғалтпауды тілеймін. Маңыздысы – сіздердің ыңғайсыз сұрақтар қойып, тақырыптарды терең зерттеп, қаржылық тұрақтылықтарыңызды сақтауыңыз. Оқырмандарға тілек – мұқият болып, сұрақтар қою, сапалы БАҚ-ты қолдау және ұмытпау: шынайы журналистика сіздің ынтымақтастығыңызды талап етеді.\n– 10 жыл ішінде Informburo.kz Қазақстан медиа кеңістігінің маңызды ғана емес, сонымен қатар ажырамас бөлігіне айналды – тәуелсіз, жедел және бейжай қарамайтын. Бұл кәсіби стандарттарды сақтай отырып, тірі, дәл және әлеуметтік сезімтал ресурс болу сирек кездесетін қасиет. Informburo.kz тек жаңалықтарды хабарлап қоймай, қоғамға болып жатқанды түсінуге, сұрақтар қоюға және өз көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.\nМен Informburo.kz порталын оқымайтын күн болады деп елестете алмаймын. Өйткені тәуелсіз медиа жоқ болса, кемел қоғамның да болуы мүмкін емес. Олар – мемлекеттің айнасы мен ар-ожданы. Дәл осы тәуелсіз редакциялар жиі ыңғайсыз, бірақ даму үшін қажетті тақырыптарды көтереді. Олар ой-өрісті кеңейтеді, естілмегендерге дауыс береді және қоғам мен билік арасында сенім кеңістігін қалыптастырады. Белсенді медиа тек журналистика емес, ол болашақ құрылысшыларының бір бөлігі.\nБірден болмаса да, біраз уақыт өткеннен кейін тәуелсіз БАҚ-ты сынағандар олардың дұрыстығын мойындап қана қоймай, көмекке де жүгінеді. Informburo.kz – мерейтойларыңызбен құттықтаймын! Редакцияға журналистік батылдығын, адамгершілігін және терең кәсібилігін сақтап қалуын тілеймін. Сөздеріңіздің ары қарай да естілуін, құрмет және сұранысқа ие болуын тілеймін. Ал оқырмандарға  зейінділік, сыни ойлау және мейірімділік: адал медиа тек адал әрі қызығушылық танытқан оқырман болғанда ғана жұмыс істейді. Мен сіздерді оқитыныма, кейде өз пікірімді сіздердің көмегіңізбен жеткізе алатыныма мақтанамын. Мұны ұзақ жылдар бойы жасағым келеді.\nНазира Бурханова,Психоаналитикалық бағыттағы психолог, коуч:\n– Құрметті Informburo.kz ұжымы! Сіздерді халқымызға шынайы әрі сапалы ақпарат ұсынып келе жатқан кәсіби медиа-платформа – Informburo.kz порталының 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!\nОн жыл – ақпарат кеңістігінде тек уақыт өлшемі емес, бұл – идеяға, жауапкершілікке, қоғамға деген адалдыққа негізделген үлкен рухани жол. Сіздер осы онжылдық ішінде өз бағытыңызды анық айқындап, тек жаңалық жеткізуші ғана емес, саналы қоғам қалыптастыруға үлес қосып келе жатқан терең ойлы алаңға айналдыңыздар. Бұл – бағалауға тұрарлық биік жетістік.\nПсихолог әрі коуч ретінде мен үшін ақпарат – адамның ішкі әлеміне әсер ететін ең қуатты құралдың бірі. Себебі әрбір сөз, әрбір ой санада із қалдырады, ал дұрыс құрылмаған ақпарат – адамның өзіне деген сенімін әлсіретіп, болмысын бұлыңғыр ете алады. Осы тұрғыдан алғанда Informburo.kz порталының өз материалдары арқылы елге үміт, ойға бағыт, жүрекке сенім ұялата білетіні – нағыз кәсіби шеберлік пен адами биіктік.\nСіздердің қоғамдағы өзекті мәселелерді батыл көтеріп, талғамы жоғары оқырман үшін сараптамалық мақалалар ұсынуларыңыз – ақпаратқа деген мәдениеттің қалыптасуына ықпал етіп отыр. Медиада сенім дағдарысы белең алған қазіргі уақытта сіздер шынайылықты, дәлдікті және адам тағдырына деген жанашырлықты бірінші орынға қойып, кәсіби этиканың биік үлгісін көрсетіп келесіздер.\nМен үшін ерекше құндысы – сіздердің материалдарыңыздың жай фактімен шектелмей, адамның жан дүниесіне үңіліп, терең мән бере алатыны. Бұл тек журналистика емес, бұл – адамның адамға айналуға ықпал ететін үлкен рухани еңбек. Осы арқылы сіздер біреуге – ой тастадыңыздар, біреуге – үміт, енді біреуге – шешім қабылдауға күш бердіңіздер. Әсіресе менталдық денсаулық, тұлғалық даму, отбасы мен бала тәрбиесі, қоғамдағы психологиялық құбылыстар жайлы материалдарыңыз үшін алғыс білдіремін. Бұл тақырыптар біз үшін аса маңызды және әлі де көптеп қозғала беруі тиіс. Сіздер бұл бағытта да көш бастап келесіздер.\nҚұрметті Informburo.kz ұжымы! Алдағы уақытта да елдің еңсесін тіктейтін, рухын көтеретін, ұлт болашағына қызмет ететін сапалы контент ұсына беріңіздер! Әрбір жазған сөздеріңіз, көтерген тақырыптарыңыз санаға сәуле, жүрекке жылу сыйлап, қоғамның сапалық өсуіне үлес қоссын! Сіздерге сарқылмас шабыт, кәсіби табыс пен жаңа биіктер тілеймін! Адал еңбектеріңіз халықпен бірге жасай берсін!\nҚаламқас Сәкенқызы,\"Бәйтерек\" Ұлттық басқарушы холдингі\" АҚ баспасөз қызметінің бас маманы:\n– Informburo.kz Қазақстанның жетекші медиалары арасында сенімді және лайықты орнын алды. Осы 10 жыл ішінде сіздер объективті, терең және жедел ақпарат көзі ретінде өз беделдеріңізді қалыптастырдыңыздар. Сіздің жұмысқа деген көзқарасыңыздың арқасында платформаға деген сенім кәсіби қауымдастық пен кең аудитория арасында тұрақты жоғары болып отыр.\nТәуелсіз медиа ашық қоғамның дамуы үшін маңызды рөл атқарады. Олар күн тәртібін анықтайды, маңызды мәселелерді көтереді, диалог мәдениетін қалыптастырады және медиа сауаттылық деңгейін арттырады. Күшті медиа болмаса, қоғамдық институттардың дамуы да, бизнесте және мемлекетте ашықтықтың артуы да мүмкін емес.\nInformburo.kz командасына шабыт, кәсіби өсу және тез өзгеретін ақпараттық кеңістікте тұрақтылық тілеймін. Оқырмандарға – сыни ойлау және сапалы журналистикаға деген қызығушылық. Әрбір келесі жыл одан да табысты болсын.\nСіздерді 10 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын! Бұл кез келген медиа үшін маңызды дата, ал Informburo.kz үшін – өз қызметімен мақтануға лайықты себеп. Осы жылдар ішінде сіздер сенімді, тәуелсіз және кәсіби ақпарат көзі ретінде танылдыңыздар. Материалдарыңызды ұсыну тәсілі, егжей-тегжейлерге назар бұру және күн тәртібіне жедел әрекет ету қабілеттеріңіз үлкен құрметке лайық.\nБіз сіздермен көптеген жылдар бойы ынтымақтасып келеміз, мен әрдайым сіздердің ашықтықтарыңызды, принципшілдіктеріңізді және диалог құру қабілеттеріңізді атап өтемін. Мұндай медиа қоғамға қажет – дәл сіздер ақпаратты саналы тұтыну мәдениетін қалыптастырып, Қазақстандағы журналистиканың жоғары стандартын қолдайсыздар.\nInformburo.kz командасына одан ары даму, кәсіби өсу және адал аудитория тілеймін. Жұмыстарыңыз үшін рахмет.\nМустафа Дастан Бақытұлы,№2 қалалық емхананың Мамандандырылған емдеу-диагностикалық профилактикалық бөлімшесінің меңгерушісі:\n– Құрметті Informburo.kz редакция ұжымы! Сіздерді еліміздің ақпарат кеңістігінде ойып тұрып орын алған беделді медиа-портал – Informburo.kz-тің 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Он жыл – ақпараттық салада аз уақыт емес. Бұл – үздіксіз ізденісті, кәсіби адалдықты, батылдықты және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті талап ететін жол. Informburo.kz осы жылдар ішінде өз оқырманының сенімін ақтап, мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді дер кезінде, ашық және жан-жақты қозғап келе жатқан маңызды ақпарат көздерінің біріне айналды.\nДенсаулық сақтау саласының маманы ретінде мен үшін қоғам мен адамның дені сау болуы тек физикалық жағдаймен ғана өлшенбейді. Ақпараттың тазалығы, шынайылығы мен бағыттылығы да – қоғамдық саулықтың айнасы. Сіздердің порталдан тараған әрбір жаңалық пен сараптамалық материал – оқырманның санасында сау көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін ерекше құрал. Informburo.kz ұжымы жылдар бойы денсаулық, әлеуметтік әділет, білім беру, экология, құқық және мәдениет секілді маңызды тақырыптарды тереңінен қозғап, мәселенің мәнісін ашуға тырысып келеді. Бұл – ел игілігіне бағытталған үлкен еңбек, сонымен бірге ұрпаққа қалатын құнды ақпараттық мұра.\nЖурналистика – адамзат пен қоғам арасындағы алтын көпір. Сіздердің бұл көпірді мықты негізде ұстап тұрып, ел мен елдің, адам мен адамның арасында сенім орнату жолындағы қажырлы еңбектеріңізді шынайы бағалаймыз. Сапалы контент, обьективті ұстаным, тың деректерге сүйенген сараптамалар, батыл әрі дәлелді пікірлер – мұның бәрі сіздердің кәсібиліктеріңіздің көрінісі. Пандемия кезінде және басқа да дағдарыс жағдайларында халыққа шынайы әрі жедел ақпарат беріп, медициналық саладағы қиындықтарды ашық жеткізе білгендеріңіз – дәрігерлер қауымы үшін де ерекше қолдау болды.\nОсындай күрделі заманда ақиқатты бұрмаламай, ел үшін еңбек ету – нағыз азаматтық ұстаным мен кәсіби биіктіктің белгісі. Қадірлі ұжым! Алдағы жылдары да тың серпінмен, жаңа ойлармен, қоғам игілігі жолындағы қажырлы еңбекпен оқырман жүрегінен орын алып, абыройларыңыз биіктей берсін! Ақпарат әлеміндегі адал жолдарыңыз бен биік беделдеріңіз ұзақ жасасын! Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби шабыт және елдік мұраттарға жетелейтін нық сенім тілеймін!"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanda-audaryspaqtyn-zana-erezesi-azirlenbek-zattygu-alanynan-fotoreportaz", "title": "Қазақстанда аударыспақтың жаңа ережесі әзірленбек. Жаттығу алаңынан фоторепортаж", "text": "Алматыда қазақтың дәстүрлі аударыспақ ойыны бойынша жаттықтырушыларға арналған екі күндік семинар өтіп, оған сала мамандары, спортшылар және федерация өкілдері қатысты. Шара барысында 2024 жылғы жүмыс қорытындыланып, үздік жаттықтырушыларды марапатталды. Сондай-ақ, семинар қатысушылары өзекті ережелерді талқылап, оларды жетілдіру жолдарын қарастырды.\nАударыспақ федерациясы ұйымдастырған семинардың спорттың дамуы үшін маңызы зор. Мұндай кездесулерде стратегиялық шешімдер қабылданып, ережелер түзетіледі және жарыстардың жаңа стандарттары қалыптасады. Семинар теория және практикадан тұрды. Қатысушылар ойынның даму стратегиясын, оны халықаралық деңгейде танымал ету механизмдерін және ірі спорттық шараларға интеграциялау перспективаларын талқылады. Аударыспақтың дамуына елеулі үлес қосқан үздік жаттықтырушылар марапатталды.\n\"Әр өңірден келген жаттықтырушылар мен төрешілерге екі күн семинар өтіп, бүгін \"Даукей\" клубында ережелерді практика түрінде талқылап жатырмыз. 2001 жылдан бері аударыспақтан ел чемпионаты өтіп келеді. Екі жыл бұрын ат үстіндегі күрес халықаралық федерациясы құрылып, Қырғызстанда ат үстіндегі күрестен тұңғыш әлем чемпионаты өтті. Аударыспақ әр елде әртүрлі аталады. Бір мәмілеге келіп, \"Ат үстіндегі күрес\" деген ортақ атау бердік. Федерация президенті Марат Жұманның қолдауымен аударыспақ дамып жатыр. Сәуір айында ересектер арасында алты салмақ дәрежесінде ат үстіндегі күрестен Азия чемпионатын өткізу жоспарланып отыр. Аударыспақ ережесіне жылда толықтырулар енгізіп отырамыз, өйткені спортшылардың жарақаты аз болуы керек\", – деді аударыспақтан ұлттық құраманың бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев.\nЖаттықтырушылар мен төрешілер \"Даукей\" көкпар клубына келіп, күннің суығы мен жауған қарға қарамай, алған теориялық білімін іс жүзінде сынауға кірісіп кетті. Беліне бірі көк, бірі қызыл белбеу таққан екі жігіт атқа мініп, әдіс-тәсілдерді көрсетті. Жиналған жұрт ережеге қатысты өз ойын айтып, нені қосып, нені алып тастау керек деп қызу сөз таластырды.\nАударыспақ федерациясы 2023 жылы құрылып, қысқа мерзімде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Оның басшысы – кәсіпкер және ірі Atasu Group логистикалық холдингінің негізін қалаушы Марат Жұман. Ол ұлттық спортты ел ішінде де, сыртта да белсенді түрде насихаттап келеді. 2024 жылы аударыспақ әлемдік танымалдыққа ие болып, Көшпенділердің Дүниежүзілік ойындарының ресми бағдарламасына енді. Ұлттық құрама спортшылары Алты салмақтың бесеуінде алтын алып, командалық есепте көш бастады.\n\"Семинарға барлық өңірден аударыспақ спортының мамандары – жаттықтырушылар мен төрешілер шақырылды. Бір жыл бойы өткен жарыстардың қорытындысы және аударыспақ ережесі талқыланады. Қандай әдіс-тәсілдерді алып тастауға не қосуға болатынын ақылдастық. Бұл практика барлық спортта бар. Кеше теория өтсе, бүгін ат үстінде спортшылармен бірге практика өткізіп жатырмыз. Семинар қорытындысы бойынша халықаралық ат үстіндегі күрес федерациясы бекіткен ережеге балама ереже жасалады және биыл елімізде өтетін ресми жарыстардың барлығы осы ережелермен өтеді. Ереженің басты мақсаты – аттар мен спортшылардың қауіпсіздігі, екіншісі – айла-тәсілдерді орындауда спортшының барлық мүмкіндігін шығару және бағалау.  Ресми жарыстарда ұлттық құраманы жасақтап, спортшылар халықаралық жарыстарда осы ережелерге сай өнер көрсетеді\", – деді Ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбуриев.\nАт үстіндегі күрес халықаралық федерациясы өткізген семинарда ортақ ереже талқыланып, федерацияға кіретін 12 елдің барлығы ережені мақұлдаған. Халықаралық жарыстарда Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстаннан келген шетелдік төрешілер де төрелік етеді.\n\"Көп спортшылар белдесу кезінде көп жатып қалып жатыр. Атты пайдаланып жатып қалып, әдіс-айла жасамайтын спортшылар бар. Ондайда қарсыласы қанша айлы жасағанмен бір деңгейде күреспейді. Әр әдіс-айланы жасаған кезде спортшының қауіпсіздігі ескеріледі. Қолы қайырылып кетпеуі керек, басқа да жарақат алмауы керек. Әр облыс өз аттарымен келген кезде аттардың тістеу, тебуі дегенді жібермеуіміз керек. Сондықтан төрешілердің де біліктілігін арттырып жатырмыз. Оның бәріне төрешілер баға береді. Бекіткен ережемен жыл бойы ресми жарыстар өткізіп, жыл соңында әр жарысты талқылаймыз. Барлығы дұрыс болса ештеңе өзгермейді, ал қосымша қосайық деген ұсыныстар болса, ережені қайта қараймыз\", – деді ол.\nҚазақстанның аударыспақ ұлттық құрамасы – әлемдік аренада жетекші командалардың бірі. 2024 жылы маусымда Қазан қаласында өткен ат үстіндегі күрестен екінші әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, 4 алтын және 1 күміс медаль иеленді. Негізгі спортшыларды даярлау орталықтары Ақтөбе және Түркістан облыстарында орналасқан. Нұркен Байбуриев аударыспақтан ресми жарыстарға қатысатын спортшылар саны екі-үш есе артқанын айтып отыр.\n\"Облыстардың бәрінде спорт мамандарымыз жастарды, жасөспірімдерімізді көптеп тартып жатыр. Ұлттық құндылығымыз әрі қазақтың қанында бар спорт болғаннан кейін жастар көптеп келуде. Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл секілді облыстар командалық жүйеде алда келе жатыр. Барлық өңірде үйірмелер, жаттықтырушылар жұмыс істейді. Басты мақсатымыз – аударыспақты бұқаралық спорт түріне айналдыру\", – деді мемлекеттік жаттықтырушы.\nАударыспақ – екі салт аттының ат үстіндегі күресі. Жарыстар арнайы дайындалған 15 метрлік алаңда өтеді. Бұл күрес түрі Орталық Азия елдерінде кең таралған. Халықаралық атауы – Horseback Wrestling яғни ат үстіндегі күрес. 2023 жылғы шілде айында Алматыда әлемдік ат үстіндегі күрес федерациясының бірінші конгресі өтіп, оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Ресей, Венгрия, Ауғанстан және Түркия делегациялары қатысты.\nЖарыс ережелеріне сәйкес, қатысушылар үш жас және салмақ дәрежесіне бөлінеді: жасөспірімдер (15-17 жас), жастар (18-20 жас) және ересектер (21 жас және одан үлкен). Бұл дәрежелер спортшыларға тең жағдай жасап, жарыстарды әділ әрі қызықты етеді.\nАлматыдағы семинар ұйымдастырушылары ережелерді жаңғырту және жаттықтырушылар құрамын нығайту арқылы аударыспақты жаңа деңгейге көтеріп, бүкіл әлемде одан да көп жанкүйерлерді тартуға болатынын атап өтті."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/real-men-dzei-lonyn-kelui-perizat-qairat-isi-zane-lrt-iske-qosyluy-2025-zyl-nemen-este-qalady", "title": "\"Реал\" мен Джей Лоның келуі, Перизат Қайрат ісі және LRT іске қосылуы. 2025 жыл немен есте қалады", "text": "2025 жыл Қазақстанда елді елең еткізген тосын жаңалықтар мен өзгерістер көп болды. Байлық салығы енгізілді, қыз алып қашуға тыйым салынды және \"Реал Мадрид\" футбол клубы Қазақстанға келді. Informburo.kz осы сияқты елді елең еткізген басты оқиғаларға шолу жасап, олардың қоғам өміріндегі салмағын таразылап көрді.\n8 қыркүйек күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында парламентті бір палаталы модельге көшіру туралы стратегиялықбастамакөтерді. Мемлекет басшысы бұл реформаның тағдырын асығыс шешпей, алдымен қоғам мен сарапшылар деңгейінде бір жыл бойы жан-жақты талқылауды, ал 2027 жылы түпкілікті шешімді жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынды. Егер халық қолдауына ие болса, болашақ Парламент мажоритарлық жүйеден бас тартып, толығымен партиялық тізім негізінде жасақталатын болады.\nЖылдың тағы бір стратегиялық маңызды оқиғасы — жаңа Салық кодексінің әзірленіп, қабылдануы болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құжатқа 18 шілдедеқол қойды. Жаңа ережелер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.\nЖаңа кодекс бойынша, қосымша құн салығының базалық мөлшерлемесі 16% болып бекітілді. Алайда дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер үшін ҚҚС 2026 жылы – 5%, ал 2027 жылы 10% деңгейінде болады. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан толық босатылады.\nЖеке тұлғалар үшін салықтық әкімшілендіру жеңілдейді. Енді азаматтар жылына бір рет бірыңғай декларация тапсырады, ал салық сомасы аз болса, оны жылына бір-ақ рет төлеуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ \"байлық салығы\" енгізіледі.\nҮкіметтің болжамы бойынша, бұл реформалар мемлекет қазынасына қосымша 3-5 триллион теңге табыс әкелуі тиіс.\n2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қылмыстық кодекске \"Неке қиюға мәжбүрлеу\" деген жаңа 125-1-бапенгізілді. Енді қыз алып қашу немесе адамды некеге тұруға мәжбүрлеу ауыр қылмыс саналып, ол үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушіні өз еркімен жібергені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босататын норма жойылды, яғни жаза кез келген жағдайда тағайындалады.\nСонымен қатар, заңнамада алғаш рет \"сталкинг\" (аңду) ұғымы пайда болды. Енді адамның жеке шекарасын бұзу, еркінен тыс ізіне түсу немесе интернет арқылы қудалағаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл (786 400 теңге), қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.\nСенат ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы заңдымақұлдады. Құжат Президенттің қол қоюына жолданды.\nАталған заң педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде және онлайн-платформаларда орналастыруды шектеуді көздейді. Сенатта атап өтілгендей, заңның басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау.\nБалқашта атом электр станциясының құрылысыбасталды. Құрылысты ресейлік \"Росатом\" компаниясы жүргізеді. Жобаға шетелдік компаниялар қатысқанымен, Қазақстан станцияның жалғыз иесі болып қалады және жобаға толық бақылау жасайды. Ал радиоактивті қалдықтарды қабылдау мен сақтаумен Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық айналысатын болады.\nЕске салайық, бұл мәселе бойынша 2024 жылы қазанда  жалпыұлттық референдум ұйымдастырылып,  қазақстандықтардың 71,12%-ы жобанықолдағанеді.\nСонымен қатар билік қытайлық CNNC компаниясына екінші АЭС-тің жобасын әзірлеуді ұсынды.\n2024 жылдың соңында басталған Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты сот 2025 жылдың маусымында аяқталды.\nСонымен қатар сотталушылар қаза болған адамның отбасына өтемақы төлеуге міндеттелді. Атап айтқанда, Шынасыл – 60 млн теңге, Сәкиев – 30 млн теңге, қалған сотталғандар бірлесіп тағы 30 млн теңге төлеуге тиіс.\nЕске салайық, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан қаза болды. Осы оқиға бойынша 11 адам ұсталды. Шамамен бір аптадан кейін Шерзаттың отбасы тұратын Азат ауылындағы үйі өртеніп кетті. Бас прокуратура бұл өрттің қасақана қойылғанын хабарлады. 21 қаңтарда тергеу аяқталды. Оның аясында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды.\n2025 жылы ел назарын аударған тағы бір сот отырысы – Перизат Қайрат ісі болды. Қайырымдылық көмек көрсету сылтауымен жиналған қаражатты жымқырғаны үшін қоғам белсендісі Қылмыстық кодекстің:\n18 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Президент жаңа ведомствоны басқару ісін Жаслан Мәдиевкесеніп тапсырды.\n\"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды\", – делінген Ақорданың хабарламасында.\nЖаңа технологиялар мен жасанды интеллект саласындаңы тағы бір жаңалық – Алматы  облысында Alatau City ауқымды жобасының іске қосылуы болды. Жаңа қалада криптовалютамен төлеу жүйесі енгізіліп, қаланы басқару ісіне жасанды интеллект жауапты болады.\nЖоба бюджеті 8,8 млрд теңгені құрайды. Алғашқы бастамаларға цифрлық сервистер, «ақылды» архитектура және сынақтары 2026-2027 жылдарға жоспарланған аэротакси пилоттық жобалары кіреді.\nАстанада көптен күткен LRTжүре бастады. Әзірге жолаушы алмайды, жылдамдығы небәрі сағатына 10 шақырым. Машинист жоқ, барлығы автоматтандырылған басқару жүйесі пойыздың қозғалысын, есікті ашып-жабуын, тіпті тоқтауын операторсыз атқарады. Қауіпсіздік, байланыс, төтенше жағдай – бәрі біртіндеп тексеріледі.\nЖүйе 2026 жылы толық іске қосылып, елорда тұрғындарын тасымалдайды. Билет құны 200 теңге көлемінде болады.\nReal Madrid C.F. (@realmadrid)'in paylaştığı bir gönderi\n2025 жылы спорттағы сенсация – Чемпиондар лигасы аясында аты аңызға айналған \"Реал Мадрид\" клубының Қазақстанға келуі болды. Жанкүйерлер әлемдік жұлдыздарды көру үшін әуежай мен команда тоқтаған қонақүй алдында сағаттап кезекте тұрды.\nОйын билеттері сатылымға шыққан санаулы сағаттар ішінде таусылып қалды. 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өткен \"Қайрат\" пен \"Реал Мадрид\" кездесуіне 20 мыңнан астам көрермен жиналды. Тіпті, матчты тікелей эфирде тамашалағысы келгендердің көптігінен онлайн-трансляциялар жүктемені көтере алмай, жиі істен шығып жатты.\nКездесу 5:0 есебімен аяқталса да, Қазақстан үшін бұл ойынның мәні әлдеқайда терең болды. Бұл тек спорттық шара емес, елдің халықаралық аренадағы имиджін арттырып, мыңдаған жанкүйерді біріктірген тарихи оқиға ретінде есте қалды.\nБиылғы концерттік маусым Қазақстан үшін ерекше оқиғаларға толы болды. Әлемдік деңгейдегі поп-дива Дженнифер Лопес пен аты аңызға айналған Backstreet Boys тобының келуі еліміздің мәдени өмірін ғана емес, экономикасын да айтарлықтай жандандырды.\nДжей Ло Қазақстанда екі ірі концерт берді. 1 тамызда Астанада, ал 10 тамызда Алматыда өткен шоу нағыз думанға ұласты. Елге 15 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Мегаполистердің билігі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, көлік кептелісін болдырмау үшін бірнеше көшені жауып, жанкүйерлерге арнайы автобус қызметін іске қосты.\nБұл шарадан 400 млн теңгеден астам сома тікелей салық түсімдері ретінде ел қазынасына түсті.\nКонцертте әншінің мойнына қонып алған шегіртке де \"хит\" болды. Бұл сәт әлеуметтік желілерде лезде мемге айналып, көпшіліктің есінде қалды.\nASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)'in paylaştığı bir gönderi\nАл 19 және 21 қыркүйек күндері Алматы мен Астана сахнасында аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы өнер көрсетті. Бойз-бэнд Қазақстанға толық құрамда келді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/informburokz-portalyna-10-zyl-fotosezire", "title": "Informburo.kz порталына – 10 жыл: Фотошежіре", "text": "2015 жылы 4 мамырда сағат 9.05-теInformburo.kz порталындаресми алғашқы жаңалықжарық көрді. Оның авторы – порталдың бас редакторы Михаил Дорофеев.\n\"Қазақстанда жаңа Informburo.kz жаңалықтар сайты іске қосылды\", – деп жазды ол.\nБұл – бүгінде 10 жылдық белесті бағындырып отырған Қазақстандағы ең танымал сайттардың бірінің алғашқы тәй-тәй қадамы еді.\nЖаңа жоба Алматыда \"Мегаполис\" басылымы негізінде іске қосылды. Порталдың меншік иесі – \"Инфополис\" ЖШС.\nInformburo.kz ақпарат нарығына өзімен бірге жаңа леп пен журналистиканың жаңа стандарттарын да ала келді. Портал ә дегенненақпараттың шынайылығы мен дәлдігі қағидасынбәрінен жоғары қойды. Тәулік бойы жаңалық таратып, оқиғаларға терең талдау жасады. Оқырмандармен бірге \"неге?\" және \"не үшін?\" деген сұрақтарға жауап іздеді.\nТүсауы енді кесілгеніне қарамастан, 2015 жылғы мамырда Informburo.kz Астанада өткен экономикалық форум аясындағы теледебатты ұйымдастыруға белсенді атсалысты.\n2016 жылыИнформбюро редакциясы порталдың алғашқы туған күнін атап өтті. Бір жылда Informburo.kz сайтына 11 миллион қолданушы кіріп, сайт беттері 57 миллион рет қаралды. Аз ғана уақыттың ішінде әртүрлі форматта 20 мыңнан астам материал жарияланып, 3,5 мың видеоролик жүктелді.\nДәл осы жылы портал European Newspaper Award байқауындаWeb design for Screen and Smartphone номинациясынжеңіп алды. Информбюро Қазақстан мен ТМД елдерінің ақпарат құралдары арасында бұл марапатты бірінші болып иеленді.\n2017 жылыИнформбюро порталыныңқазақ редакциясықұрылып, сайт екі тілде ақпарат тарата бастады.\nҚазақ аудиториясына арналған өзекті қоғамдық-саяси тақырыптарды тереңінен қозғаған қазақ редакциясы бірте-бірте сайтта күнделікті жаңалықтар таратуға көшті.\"Пікір\" айдарындабелгілі публицист Қайнар Олжай, драматург Сая Қасымбек, саясаттанушы Дос Көшім мен Расул Жұмалы, экономист Қайырбек Арыстанбеков және өзге сарапшылар қоғамдағы өткір мәселелерді көтерді.\n2020 жылықазақ редакциясыныңматериалысайтта бірінші болып1 миллионнан астам қаралымжинады!\nБүгінде редакция сайт жұмысынажасанды интеллект қызметін енгізубағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.\n2018 жылы Информбюро порталыжылдың үздік интернет басылымыатанды және \"Үздік интернет БАҚ\" аталымы бойынша\"Үркер\" ұлттық сыйлығынжеңіп алды.\nСондай-ақ, осы жылы порталдың бас редакторы Михаил Дорофеев Қазақстан РеспубликасыПрезиденті сыйлығының лауреатыатанды.\n2018 жылы Informburo.kz екі рет \"ЦЕХ\" салалықмедиаконференциясынөткізді.\nІс-шараға жергілікті және шетелдік медиа менеджерлер спикер ретінде қатысты.\n2019 жылыжурналистЕвгения Бодрова\"Үркер\" сыйлығынаие болды. Евгенияның Информбюро порталында жарияланған материалы жылдың үздік сараптамалық материалы атанды.\n2019 жылы қарашада Михаил Дорофеев 31 арнадағы \"Информбюро\" бағдарламасыны бас редакторы қызметіне тағайындалып, портал мен тележаңалықтар қызметін бір редакцияға айналдыруды қолға алды. Бұл – 2023 жылы құрылған\"31\" медиахолдингініңқалыптасуының алғашқы қадамы еді.\n2020 жылыИнформбюро порталында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңэксклюзив сұхбатыжарық көрді.\n2019 жылы Informburo.kz\"Халықтың сүйіктісі\"ұлттық сыйлығында\"Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы\"атанды.\n2021 жылыпортал \"Үздік БАҚ\" аталымы бойыншаМира Мустафина атындағы сыйлықпенмарапатталды. Бұл сыйлық отбасы және гендерлік саясатты ілгерілетуге қосқан үлесі үшін берілді.\n2019 жылдың соңы Қазақстан халқы үшін ғана емес, Информбюро редакциясы үшін де қайғылы оқиғамен есте қалды. 27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы облысының Қызыл Ту ауылының маңындаапатқа ұшырады. Ұшақ бетон қоршауға соғылып, екіге бөлінді. Оның бортында 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапса, солардың қатарында Informburo.kz сайтының белді журналисіДана Кругловада бар болатын.\nДана бар болғаны 35 жаста еді. 2016 жылдан бері Informburo.kz командасында жұмыс істеді. Оныңзерттеу мақалаларықоғамда талай мәрте резонанс тудырды. Жыл сайын әріптестері Дананы қайғыраеске алады.\nИнформбюро порталы қайғылы апатқа қатыстызерттеуматериал жариялады.\nInformburo.kz ұжымы үшін 2021 жыл да қайғымен басталды. Порталдың бас редакторы Михаил Дорофеев кенеттенөмірден озды.\nМихаил Дорофеев 25 жылдан аса уақыт әртүрлі БАҚ-та еңбек етіп, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған еді. Ауыр қазаға орай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен жақындарынақайғыра көңіл айтты.\n2023 жылдан бері журналистер арасындаМихаил Дорофеев атындағысыйлықтағайындалып келеді.\nСол жылы қарашада Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Михаил Дорофеев атындағы аудитория ашылды. Дорофеев осы жоғары оқу орнының түлегі еді. Оның құрметіне аталған аудиторияда студенттер – болашақ журналистер оқиды. Сондай-ақ, университет басшылығыДорофеев атындағы стипендиятағайындады.\nМихаил Дорофеевтен кейін Информбюро порталын 2021-2023 жылдары Анастасия Новикова және Анастасия Боловинцева басқарса, 2024 жылы портал тізгінін Гүлжан Мұқышева ұстады.\n2023 жылы сәуірде31 арна мен \"Инфополис\" ЖШС\"31\" медиахолдингінебірікті. Редакцияларды біріктіру процесі бірнеше жыл бұрын 31 арнаның \"Информбюро\" ақпараттық бағдарламасы мен Informburo.kz порталын қосу негізінде басталған еді. Екі медианы бір медиахолдингке біріктіру басқару сапасын және редакциялық саясатты одан әрі жақсартуға, сондай-ақ контентті бірлесіп өндіруге бағытталған.\n2024 жылы \"Инфополис\" ЖШС жаңа жоба –Sportburo.kzспорт саласындағы ақпараттық-сараптамалық жаңа сайтты іске қосты. Бұл – негізгі сайттың алғашқы \"серігі\", алдағы уақытта олардың санын көбейту жоспарда бар.\nҚазіргі таңда Informburo.kz порталының7 материалы 1 миллионнан астам қаралымжинаған. Ең үздігі –түнгі жөтел туралы мақала3 миллионнан астам ретоқылған.\nОдан бөлек, үздік бестікке келесі материалдар енген:\n2024 жылы Informburo.kz командасы қоғам назарын аударған Салтанат Нүкенованың қазасына бір жыл толуына орай\"Салтанат. Бір өмір – мыңдаған тағдыр\"деректі фильмінжарыққа шығарды.\nБиыл Информбюро порталның құрылғанына он жыл толды. Он жылда редакцияда танымал журналистер, фотографтар, блогерлер және медиаменеджерлер жұмыс істеді.\nInformburo.kz журналистері қоғамдағы шешімін таппаған мәселелерді қозғап, халық пен билік арасындағы көпірге айналды. Талай республикалық байқауларда жүлде алып, еңбегі еленді.\nЕң бастысы, Informburo.kz оқырман сүйіспеншілігіне бөленген жетекші сайтқа айналды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/oqusynyn-cifrlyq-kundeligi-nege-esqasan-qagaz-kundeliktin-ornyn-basa-almaidy", "title": "Оқушының цифрлық күнделігі неге ешқашан қағаз күнделіктің орнын баса алмайды?", "text": "Қағаз күнделік – өткеннің сарқыншағы ма, әлде баланың дамуына ауадай қажет құрал ма? Осы сұрақ қайтадан күн тәртібіне шықты. Цифрландыру дәуірінде дәстүрлі күнделіктің орны қандай болуы керек? Сарапшылар мен ата-аналар не дейді? Оқу-ағарту министрлігінің осы мәселеге қатысты ұстанымы қандай? Informburo.kz зерттеп көрді.\nҚазақстанда қағаз күнделік 2016 жылға дейін оқушының бағасы мен тәртібін қадағалайтын негізгі құжат болды. Күнделікті сабақ кестесі, үй тапсырмасы, баға – бәрі сонда жазулы тұратын. Мұғалім оқушыға қандай да бір ескертуі болса, оны да осы күнделікке жазып беретін.\n2016 жылдан бастап білім беру жүйесінде электронды күнделік (kundelik.kz) енгізіліп, қағаз күнделік кезең-кезеңімен қолданыстан шыға бастады. Алайдабалалар клиникалық психологы Айнұр Алдашбастауыш сынып оқушылары үшін қағаз күнделіктің маңызы зор екенін екенін айта келе, оны мектепке қайтарудыұсынды:\n\"Ми маңдай, төбе, шүйде, самай деген бөліктерден тұрады. Яғни, мидың маңдай бөлігі бала 6-7 жасқа келгенде белсенді дамып бастайды. Міне, сол маңдайды дамытуға керемет көмектесетін құрал – күнделік.\nКүнделік балаға уақытты түсіну үшін керек. Қазіргі балалардың көбі мезгілдерді, ай аттарын, аптадағы күндерді білмейді. Жаттату қиын. Жаттап алса да, уақытты сезбейді. Күнделікті күнде қолданған бала қазір қыркүйек екенін, аптаның қай күні екенін, қай күні не болатынын біліп жүреді. Қайта-қайта көріп, ашып жүрген соң көру арқылы есте сақтайды.\nКүнделік – көзге көрінетін сабақ кестесі. 90 пайыз бала – бұл жаста визуал. Ақпаратты көріп қабылдайды. \"Не оқимын, қай сабақты дайындаймын\" дегеннің бәрі көз алдында тұруы керек. Бұл өте маңызды.\nБала жоспарлап үйренеді. Мысалы, бүгін дүйсенбі. Бейсенбіге жаттау бергенін көрді. Ертең бір шумағын жаттаймын, сосын тағы бір шумақ. Бейсенбіге дейін күшімді, уақытымды ұтымды пайдаланамын деп жоспарлауды үйренеді.  Дербестік күнделікпен тезірек дамиды. Шапшаңдық, өз-өзіне қызмет көрсету, өзі үшін әрекет ету, өз бетінше тапсырма орындау қабілеті қалыптасады\", – дейді психолог.\nМаманның айтуынша, электронды күнделік бастауыштағы балаға ыңғайсыз:\n\"6-7 жастағы бала электронды күнделікті өз бетінше ашпайды. Оны анасы қарайды. Анасы қарамаса, айтпаса, сабақ та орындалмайды. Орындауға балада ынта да болмайды. Сосын баланың орнына анасы сабақ оқып, сабақ кестесін жазып отырады. Ал балада өз бетінше тапсырма орындау қабілеті нөл болады\" – дейді психолог.\nСонымен қатар Айнұр Алдаш күнделікке баға уақытылы қойылуы керек екенін атап өтті.\n\"Бала сабақта бағасын бірден алуы қажет. \"Кешке\", \"ертең\" деген, электронды күнделіктен көре салу деген жарамайды. Себебі баланың санасында себеп-салдарлық байланыс жоқ. Біраз уақыт өтіп кеткен соң қай бағаны не үшін алғанын бала ұмытып қалады. Бірден, дәл уақытында кері байланыс алмаған соң ол бағаның, бағалаудың бала үшін маңызы жоқ, бәрібір\", – дейді маман.\nАйнұр Алдаш жазбасының соңында Оқу-ағарту министрлігіне баяғы күнделікті қайтаруды ұсынды.\nInformburo.kz Оқу-ағарту министрлігіне осы мәселе бойынша ресми сауал жіберді. Министрліктің жауабына сүйенсек, білім беру саласындағы технологиялық шешімдерді енгізу жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Яғни, мектепте қай жүйені қолданатынын аймақтағы білім басқармалары шешеді.\nМинистрлік сонымен бірге кез келген жаңа жүйе заңнама талаптарына сәйкес келуі, барлық тараптардың мүддесін тең қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.\n\"Ақпараттық жүйелер саласындағы кез келген өзгерістер мен жаңашылдықтар заңнама талаптарына қатаң сәйкес келуі және білім беру процесіне қатысушы барлық тараптардың мүдделерінің теңдігін қамтамасыз етуі тиіс\", – деп жазылған жауапта.\nЭлектронды күнделік пен қағаз күнделік мәселесі ата-аналар арасында да қызу талқыланып отыр. Бірі – қағаз күнделіктің баланың жауапкершілігі мен мотивациясын арттыратынын айтса, енді бірі – электронды жүйені тиімді санайды. Ал үшінші тарап екі нұсқаны қатар қолдануды қолдайды.\nnurzhamalerzhankyzy1:\"Күнделік ұстаз үшін де, ата-анаға да, балаға да өте тиімді. Ата-анасы баланың күнделікті алған білімін, тәртібін тексеріп, көріп отырады. Бұрынғыдай күнделікті қайтарсын. Бала күнделік арқылы күнді, апта аттарын, жыл мезгілдерін, күнді тағы басқа көптеген мағлұматты білетін болады\".\naraily.maratkyzy88:\"Қызым оқитын мектепте кәдімгі күнделікті қолданады. Мұғалімдері күнделікті міндетті түрде толтырғызып, тексереді. Сабақ соңында баға қояды, ескертулері болса, оны да жазады. Кілең бестік алуға талпынып жүреді. Күнделіктің пайдасы көп\".\nnazerke_adilzhankyzy:\"Астанада мен апайына айтып жүріп күнделік алғызғанмын. Одан кейін ата-аналардың өздері көбі қолдамай қарсы болған. Мен ғана күнделікке баға қойылсыншы деп шырылдап жүрдім. Күнделік қайтарылса жақсы болар еді\".\nadema_8994:\"Электронды деп әбігерге салып қойды. Телефонға үңіліп отырамыз. Мұғалімнің де уақытын алады, апайлар кейде үй тапсырмасын уақытылы салмайды\".\nmokei89:\"Қызым 6-сыныпта, күнделік алып беремін. Өзің үшін жазып жүр деймін. Есесіне тиянақты, бәрін жоспарлы түрде жасайды. Ұлыма да 1-сыныптан бастаттық\".\naidankairosh:\"Қағаз күнделік шықса, ондағы баға, баланың жазуын көріп, одан сайын жүйкеміз жұқаратын шығар. Одан да электронды болғаны сәл жақсы ма деймін. Әр бала оқуды әртүрлі қабылдайды. Озат балаға бәрі оңай. Ал қосымша білімді қажет ететін балаға ол ауыр болады. Орташа есеппен қарағанда сыныптағы 25 баланың бәрі жақсы оқымайды. Тең жартысынан көбі – орташа оқитындар мен төмен оқитындар. Әр сыныпта жақсы оқитын 5-6 бала ғана болса, қалған күнделікті қарық қылмайды\".\ngulnaz_asetovna:\"Электронный күнделік қалсын. Бастауыштағы бала қағаз толтыра алмайды\".\nrustem31121985:\"Бізде Түркістанда қағаз күнделік те, электронды күнделік те бар. Балалар екеуін де толтырады\".\nmolya18.20:\"Бізде электронды күнделік бар, бірақ біз оны мүлдем ашпаймыз. Қағаз күнделік те бар. Балам ертең қандай сабақ болатынын, қай сабақтан қандай тапсырма бергенін өзі жазып келеді. Үйге келген соң өзі орындайды. Күнделікке баға қойдырады. Бұл баланы одан сайын жігерлендіреді\".\ngulzat_nabievna:\"Бізде 7-сыныпта қағаз күнделік бар. Оқушылар қолымен толтырады. Бағасын қойдыртады. Сынып жетекші ретінде апта сайын тексеріп отырамын. Ата-ана да тексереді. Баға санаймыз. Кімде көп болса, сол жеңімпаз атанады\".\nҚағаз күнделікке қатысты пікірталас – білім беру жүйесіндегі дәстүр мен цифрландырудың арасындағы теңгерім іздеудің көрінісі. Осылайша сарапшы бастауыштағы бала үшін қағаз күнделік қажет десе, министрлік шешімді өңірлерге қалдырды. Ата-аналар да үшке бөлінді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ekoazyrasu-degen-ne-zane-eskimnin-zuregine-zara-salmas-usin-ne-isteu-kerek-psixoanalitik-kenesteri", "title": "Экоажырасу деген не және ешкімнің жүрегіне жара салмас үшін не істеу керек? Психоаналитик кеңестері", "text": "Ажырасу – адамның өміріндегі ең күрделі психоәлеуметтік дағдарыстардың бірі. Психологияда мұндай кезеңдер \"өмірлік дағдарыс\" деп аталады және ол жоғалту синдромына ұқсас эмоционалдық процестерді тудырады: күйзеліс, кінә, ашу, қорқыныш, бос кеңістік сезімі.\nСоңғы жылдары психологиялық тәжірибеде \"экологиялық түрде ажырасу\" ұғымы кең тарала бастады. Психоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, бұл ұғым адамның өз сезімін және бұрынғы серіктесінің эмоциясын ескере отырып, қарым-қатынасты өркениетті, сауатты және психикалық тұрғыда қауіпсіз түрде аяқтауды білдіреді.\nЭкологиялық ажырасудың негізгі қағидалары туралы маман айтып берді.\nПсихоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, экологиялық түрде ажырасу адамның эмоциялық интеллект деңгейімен тікелей байланысты.\n\"Экологиялық ажырасу – бұл адамның өз эмоциясын тануы, оны бақылауы және серіктесінің сезіміне құрметпен қарауы. Мұндай жағдайда бұрынғы жұбайды жау ретінде емес, ортақ тарихы бар тұлға ретінде қабылдау маңызды. Қарым-қатынасты өркениетті түрде аяқтау үшін сөйлесім тіліне \"мен – сөйлемдерін\" енгізу қажет. Мысалы: \"Мен өзімді ренжігендей сезіндім\", \"Менің ойымша, бізге ара-қашықтық қажет\" деген сияқты сөздер сезімді ашық, бірақ айыптаусыз жеткізуге мүмкіндік береді. Экологиялық тұрғыда ажырасудың басты қағидаты – кикілжіңнің орнына диалог орнату және эмоциялық шекараны сақтау. Бұл өзіңе де, екінші адамға да психологиялық тұрғыда қауіпсіз кеңістік қалыптастырады\", – дейді маман.\nПсихоанализдің негізін қалаған З. Фрейд пен гуманистік бағыт өкілдері К. Роджерс пен А. Маслоу адамның эмоциясын басу оның ішкі күйзелісін күшейтетінін атап өткен. Бұл ойды психоаналитик Жанар Оспан да қолдайды. Оның айтуынша, ажырасу кезіндегі ең үлкен қателік – сезімді тұншықтыру.\n\"Көп адам ауыр сәтте эмоциясын көрсетпеуге тырысады. Бірақ эмоцияны басу – жараның тереңдеуіне әкеледі. Адам өз сезімін мойындағанда ғана катарсис, яғни ішкі босану процесі басталады\", – дейді маман.\nЖанар Оспанның пікірінше, эмоцияны тану мен қабылдау – өзін-өзі реттеу қабілетінің негізі.\n\"Өзіңізге: \"Мен ренжідім\", \"Мен қорқамын\", \"Мен шаршадым\" деп айту – әлсіздік емес, керісінше ішкі күштің белгісі. Бұл адамның өз күйін түсініп, психологиялық тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі\", – дейді психоаналитик.\nПсихолог ажырасу кезінде адамдардың жиі қолданатын қорғаныс тетіктерінің бірі – \"кінә арттыру механизмі\" екенін айтады. Оның сөзінше, бұл механизм қысқа мерзімде жеңілдік беретіндей көрінгенімен, ұзақ уақытта психологиялық жараны тереңдетеді.\n\"Біз ауыр сезіммен бетпе-бет келгенде, оны өзімізге қабылдаудың орнына, өзгеге телиміз. \"Сен кінәлісің\", \"Сен бұздың\" деген сөздер дәл осы проекция механизмінің көрінісі. Бірақ мұндай тәсіл жанды емдемейді, керісінше ренішті ұзартады\", – дейді маман.\nЖанар Оспанның пікірінше,экологиялық тұрғыда ажырасудың басты шарты – кінәлаудан гөрі жауапкершілікті бөлісу.\n\"Қарым-қатынас – екі адамның ортақ кеңістігі. Сондықтан да оның аяқталуы үшін жауапкершілік те ортақ болуы керек. Өзін де, өзгені де түсіне білу – психологиялық жетілгендіктің белгісі\", – дейді психоаналитик.\nПсихологтың айтуынша, балалары бар отбасылардағы ажырасу – ең күрделі психоэмоциялық процестердің бірі. Жанар Оспан бұл құбылысты психологияда \"баланың ішкі лоялдық қақтығысы\" деп аталатынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жағдайда бала екі ата-ананың арасындағы рөлдік тепе-теңдікті жоғалтып, өз эмоциясын ашық білдіре алмай қалады.\n\"Бала үшін ата-ананың екеуі де бірдей маңызды. Егер ересектердің арасындағы реніш балаға берілсе, ол қай тарапты жақтау керегін білмей, ішкі жан дүниесінде қақтығысқа түседі. Бұл оның сенім жүйесіне және болашақтағы қарым-қатынас моделіне әсер етуі мүмкін\", – дейді маман.\nСондықтан Жанар Оспан ата-аналарға баланы ересектер арасындағы шиеленістен қорғауды және махаббаттың үзілмейтінін үнемі білдіріп отыруды ұсынады.\n\"Балаға: \"Біздің арамыз өзгерсе де, сені екеуміз де жақсы көреміз\" деп ашық айту – оның ішкі қауіпсіздік сезімін сақтаудың ең тиімді тәсілі. Бұл сөз баланың психикасына тұрақтылық пен сенімділік береді\", – дейді психоаналитик.\nПсихоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, ажырасудан кейін бірден достық орнатуға тырысу немесе қарым-қатынасты қайта талқылау – адамның психикасына ауыр салмақ түсіретін құбылыс. Мұндай әрекеттер көбіне когнитивтік диссонансқа әкеледі, яғни санада \"бітті\" деген түсінік пен \"тағы бір мүмкіндік бар\" деген үміттің қақтығысы орын алады.\n\"Кей адамдар ажырасқаннан кейін бәрін \"достықпен аяқтадық\" деп шынайы эмоцияларын жасырып қояды. Бірақ бұл – ішкі қайшылықты тереңдететін жағдай.Эмоциялық жара жазылмай тұрып, достық орнатуға тырысу – өзін алдау\", – дейді маман.\nЖанар Оспанның пікірінше, уақыт пен арақашықтық – эмоциялық қайта қалпына келудің негізгі шарты.\n\"Өзіңді тыңдап, не сезініп жүргеніңді түсіну үшін уақыт керек. Бұл кезеңде рефлексия мен ішкі тыныштық өте маңызды. Адам тек өз эмоциясын қабылдаған кезде ғана жаңа өмірге психологиялық тұрғыда дайын болады\", – дейді психоаналитик.\nМаман сондай-ақ бұл уақытта психологиялық шекара орнатудың маңыздылығын ерекше атап өтеді. Оның айтуынша, бұл – өзін қорғаудың және жаңа тепе-теңдікке келудің негізгі қадамы.\nЗаманауи психотерапияда, әсіресе когнитивті-мінез-құлық терапиясы бағытында, ажырасудан кейінгі эмоционалдық күйзелісті өңдеу – жеке бағыт ретінде қарастырылады. Психоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, мұндай терапиялық жұмыс адамның өз сезімдерімен қайта байланыс орнатып, өмірін жаңаша көруге мүмкіндік береді.\n\"Психологпен жұмыс істеу – тек ауыр кезеңді жеңу емес, өзін қайта танып-білу жолы. Терапия барысында адам өз қажеттіліктерін түсінуді, деструктивті ойларды қайта құрылымдауды әрі жаңа өмір сценарийін қалыптастыруды үйренеді\", – дейді маман.\nОл экологиялық тұрғыдан ажырасуды тек \"мәдениетті қоштасу\" ретінде емес, жеке тұлғалық өсу актісі ретінде қарастырады.\n\"Экологиялық түрде ажырасу – бұл адамның өзін де, өзгені де түсіне білу қабілетінің артуы. Бұл процесс эмоционалдық мәдениетті дамытады және психологиялық жетілуге жол ашады. Менің ойымша, салауатты ажырасу – өзіңді және өзгені ренжітпей, өмірдің жаңа парағын ашу өнері. Мұндай таңдау – қоғамдағы психологиялық сауаттылық пен жауапкершіліктің айғағы\", – дейді психоаналитик Жанар Оспан.\nПсихоаналитик Жанар Оспанның айтуынша, ажырасу – екі адамның арасындағы шешім болғанымен, ол олардың артындағы үлкен әлеуметтік шеңберге де әсер етеді: туыстар, достар, ортақ таныстар. Сондықтан мұндай жағдайда дұрыс коммуникация мен жеке шекараны сақтау өте маңызды.\n\"Адамдар көбіне ажырасу туралы әңгімені өз атынан емес, өзгелер арқылы жеткізеді. Бірақ ең дұрыс жол – өз дауысыңмен, сабырлы әрі бейтарап түрде айту. Мысалы: \"Біз өзара келісіммен ажырастық. Біз ұзақ ойлана келе осылай шештік, сондықтан сіздерден түсіністік күтемін.\" Мұндай ашықтық өсек-аяңның алдын алады және эмоциялық бақылауды өз қолыңызда ұстауға көмектеседі\", – дейді маман.\nЖанар Оспан ажырасудан кейін достарды \"таңдау\" міндетті емес екенін де айтады. Оның пікірінше, достық – иелену емес, еркін байланыс. Егер екі тарап та сабырлы болса, ортақ достық сақталады.\n\"Бұрынғы жұбайдың туыстарымен де қатынасты бірден үзу міндетті емес. Тек эмоциялық және тұлғалық шекара сақталуы қажет. Егербайланыс сізге ауыр тисе, арақашықтық ұстау – қалыпты нәрсе. Балалары бар отбасыларда басты назар баланың эмоционалдық қауіпсіздігіне бағытталуы керек. Балаға: \"Біздің қарым-қатынасымыз өзгерсе де, сені екеуміз де жақсы көреміз\" деп ашық айту – оның ішкі тұрақтылығын сақтайды\", – дейді Жанар Оспан.\nСондай-ақ ол өз жеке кеңістігін қорғаудың маңыздылығын атап өтеді.\n\"Туыстар мен достардың пікірлері кейде жараны қайта ашады. Ондайда жай ғана \"Бұл тақырыпты талқылағым келмейді, бәрі бақылауда\" деп қысқа айту жеткілікті. Бұл – сыпайы түрде шекара қоюдың мәдени тәсілі. Түсіністік пен сабырлық сақталса, сыйластық жоғалмайды. Уақыт өте сізге кімнің шын мәнінде жақын екенін өмірдің өзі көрсетеді\", – дейді психоаналитик."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qaitadan-apat-zanryndagy-tungys-otandyq-film-qalai-tusirildi", "title": "\"Қайтадан\". Апат жанрындағы тұңғыш отандық фильм қалай түсірілді", "text": "Қыркүйек айында \"Dala Cinema\" киностудиясы ұсынған әлеуметтік-драма жанрындағы Qaitadan фильмі жарыққа шықты. Бұл фильм көрерменге голливудтық \"уақыт ілмегі\" (day loop) мотивін қазақы болмыс және өзекті әлеуметтік мәселелермен сәтті үйлестірген бірегей туынды. Түсірілім тобы су тасқыны шынайы шығуы үшін қолдан дамбы тұрғызып, оны жарған. Ауылдың макетін жасап, су басып жатқанын түсірген.\nОсы орайда Информбюро тілшісі санаулы қаржыға ауқымды фильм түсірген режиссер Думан Еркімбекпен және бас продюсер Жалын Тілеубергенмен сөйлесті.\n\"Қайтадан\" – режиссер Думан Еркімбектің алғашқы толықметражды фильмі. Ол 2020 жылы Алматы облысындағы Күрті ауылында қысқаметраж фильм түсіріп жүрген кезде  ауылдың шетіндегі үлкен дамбыны көрген.\n\"Дамбы жарылса ауылдың түгі қалмай шайылып кетеді ғой\" деген ой келді. Бірнеше жыл санада жүрді. Ақыры осы идеяны дамыта келе, 2022 жылы \"Қайтаданның\" сценарийін Асылбек атты туған ініммен жаза бастадық. Қағаз бетіндегі дүние кинодан бөлек болады. Кейде қаржы жетпей ойдағыдай шықпай жатады немесе актерлер өзінше ойнап, импровизацияға салып кетеді. Десе де бұл фильм өзінше ерекше болып шықты. Ойлағанымызға сәл жетпей қалған кездері тағы да уақыт, тағы да қаражат болса дедік. Бірақ ондай мүмкіндік болмағандықтан осы деңгейге жеткізе алдық\", – деді фильм режиссері және сценарий авторы Думан Еркімбек.\nОның айтуынша, фильмде адамдардың басына түскен сынақ, тығырықтан шығу кезіндегі әрекеттер, ой салатын идея бар. Көркем туындыда осындай айтпай келетін апаттардың алдын алу, оқиғаны болдырмау, себебі мен салдары сынды бағыттар қамтылған.\nФильмнің оқиғасы ауыл төңірегіндегі дамбының жарылуына байланысты өрбиді. Дамбыдағы жарық – бүкіл қазақ қоғамына арналған символдық ескерту іспеттес. Ол кез келген ұсақ-түйектің қауіпсіздік пен жауапкершілік тұрғысынан маңызды екенін жеткізеді. \"Қайтадан\" туындысы – қоғамды төтенше жағдайларға немқұрайлы қарамауға, ескерту сигналдарына дер кезінде үн қатып, бірлікпен әрекет етуге шақырады.\nБас кейіпкер – қала баласы Рауан. Ол ҰБТ-дан сүрінген соң, ата-ананасы сабақ болсын деп шалғайдағы ауылға апарып тастайды. Бірақ тағдыр оны күтпеген сынаққа салады: Рауан бір күннің тұзағына қалады. Әр күннің соңында дамбы қирап, апат болады. Кейіпкер уақыт ілмегінен шығу үшін тек өзін ғана емес, бүкіл ауылды құтқаруы керек екенін түсінеді.\n\"Апат айтып келмейді. Осы фильм арқылы қандай да бір тосын жағдай болса, еліміздің әрбір азаматы қалай әрекет ету керегін көрсетуге тырыстық. Жалпақ тілмен айтар болсақ, бұл – есею туралы фильм. Қиын-қыстау заманда, ел басына күн туғанда жеке басын ойламай, жауапкершілік алатын батыр, ержүрек жастарымыз болса, бірлесіп жүкті көтеруге үндейді. Еліміз, жеріміз бізге ғана керек екенін сезіндіру мақсатында сценарийге көптеген дүниені сыйдырдық. Бізге уақыттың қымбат екенін көрсеткіміз келді. Кинодағыдай бізге екінші мүмкіндік берілмейді. Бұл фильмде барлығын өзгертуге болады, ал шынайы өмірде бір қате жіберсек, бірнәрсеге бей-жай қарасақ сол нәрсенің зардабын шегеміз. Сондықтан көрермен фильмнің айтарын түсініп, тереңнен бойласа екен\", – деді фильмнің бас продюсері Жалын Тілеуберген.\nДуман Еркімбек дамбы жарылмай тұрып ауыл адамдарын эвакуациялау сахнасы қалай түсірілгенін айтып берді.\n\"Түсірілім кезінде әр сахна қиын болды, өйткені көп адаммен эвакуация жасадық. Түсірілім болған ауылда күн суық еді. Түнде көп сахна түсірдік. Қаншама ауыл адамын басқару, дамбының жарылғанын түсіру техникалық әрі эмоциялық жағынан қиын болды. Уақыт тапшы еді. Қолайлы ауа райын күттік. Бюджет аз болғандықтан қысқа уақытта көп нәрсе түсіру қажет болды. Соған қарамай соңына дейін жеткізген командаға көп рахмет. Жиналған кәсіби мамандардың ерік-жігерінің арқасында кино ойдағыдай шықты\", – деді Думан Еркімбек.\nДуман сценарий жаза бастағанда бірден компьютерлік графикадан бас тарту туралы ойлаған, себебі дамбы жарылатын кадр ойдағыдай шықпай қалуы мүмкін еді. Сондықтан түсірілім тобы фильм шынайы шығуы үшін ауылдың макетін жасап, қолдан дамбы тұрғызған.\n\"Көрермен графикаға сенбейді. Сондықтан дамбыны, ауылды қолдан тұрғызуды жөн көрдік. Дамбыны өзіміз жарамыз деп шештік. Қазақстанда ешкім істеп көрмеген соң қиын болды. Қоюшы суретші Бекен Нарбай іске кірісіп, дамбыны тұрғыздық. Бірнеше рет жарып көрдік. Ауылдың өзін екі-үш ай жасады. Нәтиже көңілден шықты. Классикаға айналған \"уақыт ілмегі\" элементі әлемдік кинода көп кездеседі. \"Қайтадан\" фильмінің өзіндік мағынасы, айтар ойы бар. Елімізде қаншама жыл бойы бір мәселе, апат, қате қайталанады. Сондықтан осы элементті таңдап алдық. Адам уақыт ілмегінен шығуы үшін өз-өзімен жұмыс істеп, өз-өзін жеңуі керек. Сол сияқты біз де қоғам ретінде мәселелерді шешу үшін онымен күресуіміз керек\", – деді фильм режиссері Думан Еркімбек.\nФильм үшін қоюшы суретшілер бас-аяғы үш ай бойы жай ғана декорация емес, толыққанды ауыл тұрғызған. Екі үлкен түсірілім тобы мен 300-ден астам адам қатысқан эвакуация мен дамбының жарылу сахналарын түсіру қиынға соққан.\n\"Жалпы, өте ауқымды, техникалық тұрғыдан қиын жоба болғандықтан, әрбір түсірілім күні сынаққа толы болды. Судың, апаттың эффектісін беру өте қиын. Біздің нарығымызда ешкім жасамаған. Қоюшы суретші мен декораторлардың қолынан келді. Оларға алғысым шексіз. Біз мамандардың өте креативті декорацияларды да жасай алатын дәлелдедік деп ойлаймын. Бекен Нарбай бастаған азаматтар үлкен жауапкершілікті мойнына алып, бел шеше кірісті. Ауылды тоғыз масштабта кішірейтіп макетін салып шықты. Дамбы тұрғызып, 250 тонна су жинап, қолдан бассейн жасады. Дамбыдағы суды жарып, судың бағыт-бағдарын реттеу арқылы діттегенімізге жете алдық. Судың эффектісі әлемде де дұрыс жасалмайды. Графика арқылы жасалғаны көрініп тұрады. Халықтың апатқа сеніп жатқаны шынайы су болғандықтан деп ойлаймын. Режиссердің көзі болған, халыққа жеткізе алған, динамикалық кадрларды жақсы түсірген коюшы оператор Мейірлан Ашековтың еңбегін атап өтіп жатыр. \"Аз ғана ақшаға мына қиялды қалай түсірейін деп жатыр?\" демей, бізге сенген, қолдаған командаға алғыс айтамын\", – деді Жалын Тілеуберген.\nАпат туралы тұңғыш қазақстандық фильм прокатқа ертерек шығуы керек болған. Алайда шығармашылық топ кейінге қалдыруды жөн санаған.\n\"Жанрлық фильмді жайдан-жай көрсете салуға болмайды. Былтыр көктемде су тасқыны болды. Сонымен қатарласып прокатқа шығуды жөн санамадық. Адамдардың эмоциясымен ойнау, хайп қуалап кетпеу деген дүниелерге мән береміз. Сонымен ұштасып, соны жарнамалағандай болмайық деген оймен күзге қалдырдық\", – деді Жалын Тілеуберген.\nФильмнің бас продюсері коронавирус пандемиясынан кейін қазақстандық фильмдер жаңа деңгейге көтерілгенін, көрермендердің де талғамы өскенін атап өтті. Көрермен сұранысы болса қазақтың фильмі дамитынын, бұл өз кезегінде кинотеатрлардың ауыл-аймаққа жетуіне ықпал ететінін айтты. Режиссерлер де ойланып, көрермен талғамына сай жанрлық фильмдер көптеп түсіреді дейді ол.\n\"Қазақстандағы ең ұзақ дайындалған фильмдердің бірі деп ойлаймын. Қалай шығады екен, халық қалай қабылдайды екен деген уайым соғұрлым көбейе береді. Соның барлығы қанша уақыт жүк болды. Мемлекет қолдауымен түсірілген фильм болған соң сұрауы бар. Бетімізден қақпай сценарийге, жастарға сеніп қолдау көрсетті. Сол жауапкершіліктің бәрін арқалап жүргеннен кейін сезім көкіректі кернеп, көзден жас болып шықты. Аядай ғана кеңседе режиссермен бірге қанша уақыт монтаждап, әр бөлшегіне мән беріп, көптеген өзгерту енгізіп, біраз уақыт еңбектендік. Қанша адамның аманаты, қанша адам жұмыс істеді. Бізге сенді. Аядай ғана кеңседе туған дүние елге тарайтын сәт туғанда көзімнен жас шығып кетті\", – деді Жалын Тілеуберген.\nФильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілді. Бас рөлдерде отандық жас актерлер Жасұлан Көпберген, Ермек Шынболатов және Шұғыла Ешенова түскен. Екінші планда Алмат Сақатовты, Аида Жантілеуованы, Ержан Нұрымбетовты және Әшім Ахметовты көруге болады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanda-erler-men-aielderdin-zalaqysy-nege-ten-emes-infografika", "title": "Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысы неге тең емес? Инфографика", "text": "Қазақстанда медиандық жалақы жыл сайын өсіп келеді, бірақ бұл өсім ерлер мен әйелдер арасында біркелкі емес. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ерлердің табысы әйелдерге қарағанда орта есеппен 25-35 пайызға жоғары. Бұл айырмашылық әсіресе жоғары жалақы төленетін салаларда айқын байқалады.\nНеге ерлердің табысы әйелдерге қарағанда жоғары? Мұның қандай да бір әлеуметтік, гендерлік себебі бар ма?Экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы Жанерке Рахмантүсіндіріп берді.\n– Еңбекақыда гендерлік теңсіздік – қазіргі заманның аса өзекті проблемаларының бірі. Бұның себебін ғасырлар бойына жалғасқан гендерлік дискриминациямен түсіндіруге болады. Патриархалды жүйедегі көп мемлекетте әйелдер, негізінен, біраз ғасыр бойына экономикалық өмірдің белсенді қатысушысы болудан жасанды түрде шеттетілгенін тарихтан білеміз. Оның үстіне, индустриалды дәуірде, яғни XIX-XX ғасырларда, әйелдер еңбек нарығына шыққанымен, оларды көп жағдайда тек \"көмекші\" позицияларға алатын еді.Тиісінше, алғашқы еңбек нарқына шыққаннан бастап, әйелдердің еңбекақысы ерлерге қарағанда азырақ болған.\nСоғыстың кезінде әйелдер ерлердің еңбек позицияларын игергеніне қарамастан, соғыстан кейінгі жылдарда ерлер жоғары еңбекақы берілетін позициялардан әйелдерді бәрібір қайта ығыстырды. Нәтижесінде, әйелдер, әдетте, еңбекақысы төмен салаларда еңбек етеді: білім, денсаулық, мәдениет және әлеуметтік салалар. Ал еңбекақысы жоғары салаларда, мәселен, қаржы, IT, менеджмент секілді салаларда, тіпті, қазірдің өзінде, ерлердің үлесі әлдеқайда басым. Бұл құбылысты ғылымда \"кәсіби сегрегация\" деп атайды.\nБұдан бөлек, КСРО дәуіріндегі \"әйел отбасы мен жұмысты қатар алуы қажет\" деген пропаганданың да қазіргі өмірімізге әлі де ықпал ететінін ұмытпаған жөн. Нәтижесінде, әйелдер жұмыстан кейінгі уақытта да отбасында \"екінші ауысыммен\" артық еңбек етуге мәжбүр. Себебі үйленіп, үй болу әйелдерге аптасына орта есеппен 7 сағат ақы төленбейтін жұмыс уақытын қосып береді.\nСонымен қатар, көп елдерде әлі күнге дейін \"ерлер нан табады, әйелдердің басты жұмысы – отбасы\" деген кертартпа таптаурындар бар. Оның үстіне, қоғамдағы әлеуметтік күтілімдерге сәйкес, әйелдер бала күтіміне байланысты мансабында үзіліс алуға мәжбүр.Елімізде ерлердің декреттік демалысқа шығу мүмкіндігінің бар болғанына қарамастан, карьералық үзіліс басым көп жағдайда әйелдерде ғана болады.\nБұдан бөлек, ұйымдардың көпшілігі еңбекақы бойынша \"құпиялық\" принципін алға тартып, ашық саясатты ұстанбайды. Яғни, бір жерде бірдей позицияда еңбек ететін ер мен әйелдің айлығындағы айырмашылықтың қаншалықты екені ашық айтылмайды. Демек, әйелдің академиялық жетістіктері жоғары, еңбек өтілі көбірек, жұмыс нәтижесі жақсырақ болса да, ол өзімен қатар жұмыс жасайтын, бірақ академиялық деңгейі төмен және аз нәтиже көрсететін ер әріптесіне қарағанда азырақ айлық алуы мүмкін.\nХалықаралық Экономикалық форумның 2020 жылғы деректеріне сүйенер болсақ, жалпыәлемде әйелдер ерлерге қарағанда 16 пайызға аз айлық алады.\n2025 жылғы \"Әлемдік гендерлік айырма\" индексі бойынша, Орта Азия әлемдік рейтинге 4-орынға ғана табан тіреген. Зерттеу нәтижесінде Орта Азия мемлекеттерінде гендерлік айырманың бар болғаны 69,8%-ға жабылғаны анықталды. 70 пайыздан жоғары нәтижені бар болғаны 2 мемлекет көрсеткен: Армения – 73,1% және Грузия – 72,9%. Өңірдің 7 елінің ішінде тек Қазақстан, Әзербайжан және Грузия \"экономикалық қатысу және мүмкіндіктер\" категориясы бойынша гендерлік айырманы 70 пайыздан аса қысқартқан:\nАкадемиялық жетістіктер бойынша тек Тәжікстан төмен нәтиже көрсеткен – 93,9%, қалған 6 мемлекет бойынша білім саласында гендерлік теңдік 98 пайыздан жоғары.\nОрта Азия елдері \"саяси қатысу\" категориясы бойынша екінші ең төмен нәтиже көрсеткеніне қарамастан,министрлік қызметтегі әйелдердің үлесін 8,2 пайыздық көрсеткішке арттырғанын да айта кету керек. Ал парламенттегі гендерлік теңдік көрсеткіші 10 пайызға өсті.\nЖалпы әлемдік индекс бойынша, Қазақстан 92 орынға табан тіреді, дегенмен 2024 жылғы қорытындымен салыстырсақ, еліміз рейтингте 16 орынға төмендеген. Рейтингте еліміздің төменгі орында болуы және гендерлік теңсіздіктің жабылмауы – жай статистика емес, бұл әйелдердің әлі күнге дейін жүйелі түрде өз деңгейінде бағаланбауы. Осы себептен айлық пен карьералық позициядағы айырма әлі де болса сақталады.\n2019 және 2025 жылдар арасындағы Қазақстанда әйелдер мен ерлер арасындағы медианалық еңбекақыны салыстырар болсақ, айқын флуктуацияны көреміз. Аталған жылдарда ерлердің жалақысы барлық дерлік салада жоғарырақ болған. Мәселен, 2019 жылы ерлер әйелдерге қарағанда 26 пайызға артық айлық алған. Медианалық еңбекақы аталған жылы ерлерде 127 586 теңгені құраса, әйелдердің медианалық айлығы 100 997 теңгені ғана құраған.\n2020 жылы бұл пайыздық көрсеткіш 14 пайызды құраған, ерлердің медианалық айлығы 153 303 теңгені, әйелдердің медианалық айлығы 133 979 теңгені құраған.\n2021 және 2022 жылдар медианалық еңбекақыдағы гендерлік айырма 9 пайызға дейін төмендеп, жақсы нәтиже көрсетеді. Аталған жылдары ерлердің медианалық айлығы 173 мың теңге (2021) және 214 мың теңгені (2022) құраған. Ал әйелдердің медианалық еңбекақысы 2021 жылы 159 мың теңгені, 2022 жылы 196 мың теңгені құраған.\nДегенмен, 2023 жылы ерлердің медианалық еңбекақысы әйелдерге қарағанда 17 пайызға дейін артық болды: ерлерде – 273 864 теңге, әйелдерде – 234 561 теңге. Ал 2024 жылы аталған пайыздық көрсеткіш 14 пайызды құрайды (ерлердің медианалық еңбекақысы – 305 161 теңге, әйелдердің медианалық жалақысы – 267 677 теңге)\nДегенмен, 2025 жылғы жарты жылдық көрсеткіш бойынша ерлердің әйелдерге қарағанда 18 пайызға артық айлық алатынын көруге болады (медианалық еңбекақы). Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, ерлердің медианалық еңбекақысы биыл 347 642 теңге болса, әйелдердің медианалық еңбекақысы 294 600 теңгені ғана құраған. Ал жалпы медианалық еңбекақы көлемі 317 512 теңгені құраған. Айта кету керек, 2025 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша, номиналды айлық көлемі 448 620 теңгені құрайды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/paydaly-kenes/kiik-etinen-zasalatyn-5-tagam-kasibi-aspazdyn-kenesteri", "title": "Киік етінен жасалатын 5 тағам. Кәсіби аспаздың кеңестері", "text": "Қазақстанда киік еті ресми түрде сатылып жатыр. Астана супермаркеттерінде бір келі етінің бағасы 2300 теңгеден басталады. Диетологтар мен нутрициологтардың айтуынша, киік етінде В5 дәрумені, темір, мырыш, сондай-ақ, магний, селен бар. Сол үшін ол D дәрумені, темір және ақуыз тапшылығы бар адамдар үшін пайдалы. Осы ретте Informburo.kz тілшісі киік етінен қандай тағамдар жасауға болатынын анықтап, қарапайым рецепттерді жинақтады.\nАспаз Мақпал Нұрғалиеваның айтуынша, базарда сатыла басталғалы бері киік етінен тапсырыспен қуырдақ дайындауға сұраныс өскен.\n\"Киік етін сатуға рұқсат берілгелі тапсырыспен қуырдақ дайындап жүрмін. Жиі деп айта алмаймын, бірақ сұраныс бар. Себебі оның құрамында дәрумендер өте көп, пайдалы өнім\", – дейді аспаз.\nМақпал Нұрғалиеваның айтуынша, киік етінен жасалған қуырдаққа міндетті түрде май немесе құйрық май қосу қажет, әйтпесе ет өте қатты, құрғақ болып қалады.\n\"Киік етінен қуырдақ қана дайындаймын. Ет өте құрғақ болғандықтан, алдымен қазанға май құйып, тұз сеуіп, қыздырып аламын. Сосын көп пияз салып қуырып, етті содан кейін ғана саламын. Сонда пияздың дәмі етке жақсы сіңеді. Ет біраз бұқтырылған кезде дәмі ашыла бастайды. Киік еті жабайы болғандықтан, өзіндік ерекше дәмі бар. Сол дәмді басу үшін ет толық піскен соң дәмдеуіштер қосамын. Соңында картоп қосамын\", – дейді аспаз.\nАспаздың айтуынша, киік еті – өте майсыз, талшықты, қаракесек ет. Сондықтан көп адам ет асып, сорпа сияқты ұлттық тағамдарды дайындай бермейді. Алайда Жезқазған облысында бабын келтіріп, басқа тағамдарды жасайтын адамдар да бар.\nБұл тағамды дайындау үшін етті ұзақ уақыт маринадтау қажет. Ол үшін бір келі етті ішіне қант, бұрыш, қалампыр, кориандр, сірке суы мен түрлі дәмдеуіштер қосылған 5 литр суға 3-4 тәулікке толығымен батырып қою қажет. Кейін сол етті маринадымен бірге отқа қойып, жарты сағат қайнатады. Қайнаған етті алып, табаға салып, майға орташа отта қызарғанша қуырады. Табада қалған сорпаға жарты стақан құрғақ жүзім шарабын және жарты стақан маринад қосуға болады. Дәміне қарай тұз бен бұрыш қосып, бетін жауып, бір сағатқа жуық бұқтыру қажет. Дайын болған кезде жанына көкөністер немесе картоп қосуға болады.\nКиік етінен дайындалған палаудың дәмі ерекше. Ол үшін киік еті, күріш, сәбіз, пияз, алдын ала дайындалған ноқат, сарымсақ, зира, тұз, дәмдеуіштер, май қажет.\nЕтті текшелеп турап, қазанда қыздырылған майға етті қызарғанша қуыру қажет. Кейін пияз бен сәбізді қосып, тағы 7-10 минут қуырыңыз. Кейін дәмдеуіштерді қосып, қайнатылған ноқатты салып, аздап су құйып, ет жұмсарғанша 20-30 минут бұқтыру қажет. Сол аралықта күрішті суы мөлдір болғанша жуып, ет пен сәбіздің үстіне тегістеп салу қажет. Күріш 1-2 см батып тұратындай мөлшерде қайнаған су құйып, қазанның ортасына тұтастай сарымсақ басын салу керек. Қазанның астындағы отты азайтып басып, қақпағын жауып, күріш суды толығымен сіңіргенше 20-25 минут қайнату қажет. Піскен кезде оттан алып, 10 минут демдеп, абайлап араластырып, дастарқанға ұсынуға болады.\nКиік етінің бабын тауып, кәуап немесе кебаб пісіруге де болады. Ол үшін тартылған киік еті, пияз, сарымсақ, жұмыртқа, кептірілген нан ұнтағы, тұз, бұрыш, зира қажет. Сонымен қатар табиғи йогурт, аскөк, лимон шырынынан соус жасайды. Ең алдымен тартылған етті ұсақтап туралған пияз, сарымсақ, жұмыртқа, нан ұнтағымен және дәмдеуіштермен араластырып, қоспа жасайды. Сол қоспадан ұзынша кебабтар жасап, шампурға тізеді де, 20-30 минутқа тоңазытқышқа қатырып қояды. Кейін кебабты орташа отта, әр жағынан 6-8 минуттан  толық піскенше қуыру қажет. Піскен соң, дайын соусымен, лавашпен және жаңа көкөністермен бірге дастарқанға ұсынуға болады.\nКиік етінен дайындалған тұшпаралы сорпа – өте жұмсақ әрі жеңіл тағам. Ол үшін киік еті, су, май, пияз, тұз, бұрыш, дәмдеуіштер, ұн, жұмыртқа қажет. Бірінше сүйегі бар етті суға салып, баяу отта 1,5-2 сағат қайнату қажет. Сорпаның бетіне шыққан көбікті алып тастауды ұмытпаңыз. Ет пісіп жатқан кезде тартылған киік етіне пияз, қара бұрыш, тұз, май қосып, қамырын илеп, тұшпара түйіп қою қажет. Ет піскен кезде дайын сорпаға тұшпараны 5-6 минут пісіріп, сорпамен бірге ұсынады.\nКиік етін сатып алу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет, өйткені ветеринарлық бақылаудан өтпеген ет адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.\nАуыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, киік етінің шығу тегі мен қауіпсіздігін растайтын ветеринарлық анықтамасы болуы керек. Сол себепті ветеринарлық бақылау комитеті қазақстандықтарға киік етін тек ресми орындардан – барлық қажетті құжаттары бар дүкендерден ғана сатып алуды ұсынады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/medeu-symbulaq-aiusai-turgen-satqaly-ile-alatauy-turizmi-qalai-damyp-zatyr-fotoreptortaz", "title": "Медеу, Шымбұлақ, Аюсай, Түрген шатқалы: Іле Алатауы туризмі қалай дамып жатыр? Фоторептортаж", "text": "Алматыға келген қонақтар Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне бас сұқпай қоймайды. Себебі мұнда туристер көп жүретін Медеу, Шымбұлақ, Аюсай, Үлкен Алматы көлі, Бұтақты, Түрген шатқалы орналасқан. Ұлттық парк аумағында жалпы 46 туристік маршрут бар. Туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін соқпақтар абаттандырылып, жаңа маршруттар ашылып жатыр.\nИнформбюро тілшісі Алматы қаласының оңтүстігінде, Іле Алатауының (Тянь-Шань) солтүстік беткейінде орналасқан парктің тынысымен танысып қайтты.\nІле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1996 жылы құрылған. Жалпы 200 160 гектар жерді алып жатқан парк келер жылы отыз жылдығын атап өтеді. Ұлттық парк құрамына Ақсай, Медеу, Талғар, Түрген филиалдары және Алматы мемлекеттік табиғи қаумалы кіреді. Парктің басты мақсаты – табиғи экожүйелерді, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды сақтау, биологиялық әртүрлілікті қорғау, ғылымизерттеу, экологиялық ағарту және тұрақты экотуризмді дамыту. Парктің аумағы батыстағы Шамалған өзенінен шығыстағы Түрген өзеніне дейін 120 шақырымға созылып жатыр, ені – 30-35 шақырым.\nЖыл басынан бері жеті айда Іле Алатауы ұлттық паркіне 507 571 турист келген. Былтыр қонақтар саны 824 мыңға жеткен. Ұлттық парк қызметкерлері биыл келушілер саны миллионнан асады деп отыр.\n\"Ұлттық табиғи парктің ең негізгі мақсаты – табиғатымызды қорғап, болашақ ұрпаққа қалдыру. Ол үшін орман қорын көбейту, аң-құс пен шөптесін өсімдіктерді, биоәртүрлілікті қорғау, өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын жасаймыз. Үлкен Алматы шатқалына туристер көп келеді. Биыл туристер саны миллионнан асады деп жоспарлап отырмыз. Бұрын жаяу жүргіншілер қатары 10-15 пайыз болса, қазір 30-40 пайызға жетті. Тау етегінде демалып қана қоймай, туристік соқпақтармен жүріп, шыңға шығатындар көбейді. Келер жылы ұлттық табиғи парктің құрылғанына отыз жыл болады. 1996 жылдан бері туризм әлеуеті едәуір өсті. Абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары атқарылды. Туризм саласын қолға алсақ экономикамызға да қаржы түседі. Шетелдік туристер көптеп келуі үшін жайлы жағдай жасауымыз керек\", – деді Іле Алатауы Ұлттық паркінің бас директоры Елнұр Ахметов.\nЖоғалған, адасқан туристердің қауіпсіздігі үшін парк аумағында бақылау-құтқару бекеттері жұмыс істейді. Ұлттық парк әкімдікпен бірлесе түнде де жанып тұратын маяктар қоюды жоспарлап отыр.\n\"Адамдар көбінесе түнде адасады. Күн батареясымен істейтін маяктар түнде жарық шашып, жол көрсетеді. Ал биік шыңдарға жалғыз шығып бара жатқандарды тауға жібермейміз. Топпен шығуы керек деген арнайы бұйрық шығарамыз\", – деді Іле Алатауы Ұлттық паркі бас директорының орынбасары Арқау Шантаев.\nҰлттық парк қызметкерлері үшін ең өзекті мәселе – қоқыс мәселесі. Туристер көбейген сайын парк аумағынан шығарылатын қоқыс көлемі де артқан.\n\"Былтыр 700 тоннадан астам қоқыс шығарылса, биыл жеті айдың ішінде 470 тонна қоқыс шығарылды. Ұлттық парк базасында қоқыс шығаратын үш көлік, сұрыптап қоқыс жинайтын 32 орын, қоқыс жинайтын 365 дана контейнеріміз бар.  Оның 70-і – дымқыл фракцияға, қалғаны құрғақ фракцияға арналған.  Арнайы жұмысшыларымыз, инспекторларымыз парктің ластанбауын қадағалайды\", – деді Арқау Шантаев.\nЕлнұр Ахметов та экологиялық туризм өзекті екенін айта кетті. Тауға демалуға келіп, бірақ от жағып, қоқыс тастап кететіндер аз емес. Табиғат аясында демалған соң әр адам айналаны ластамай, қоқысын жинап, артынан ештеңе қалдырмауы керек дейді ол.\n\"Туристер ереже сақтамайды. Тыйым салынған жерде от жағып, қоқыс тастап кетеді. Парк қызметкерлері арттарынан жинап жүреді. Сондықтан әр турист ұлттық табиғи парк ережесін білуі керек. От жағып, табиғатты ластаушылар заңмен жазаланады\", – деді Елнұр Ахметов.\n200 мың гектар жерді алып жатқан ұлттық паркті өрттен қорғап қалу оңай шаруа емес. Сол себепті өрттің алдын алу және қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қазіргі уақытта 25 км өртке қарсы жол жөнделіп, 78 км жолақ шөбі шабылған.  Сондай-ақ, өрт маусымына дейін және қауіпті кезеңде 60 дана аншлаг, 15 000 ақпараттық парақша, 4766 түсіндіру кездесуі ұйымдастырылған. Жыл басынан бері 7 орман өрті тіркеліп, ереже бұзған 35 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.\n\"Өртке қарсы қызмет мамандары оқытылып, техникалар мен құрал-саймандар жаңартылды, жанар-жағар май қоры дайындалған. Ұлттық паркте 320 мемлекеттік инспектор қызмет атқарады, соның ішінде 131 айналым (орман) инспекторы бар. Орманды қорғау шаралары екіге бөлінеді: орманды өрттен қорғау және зиянкестерден қорғау. Үлкен Алматы шатқалындағы орман өртін сөндіру станциясы былтыр салынып, биыл іске қосылып жатыр. Бірінші типтегі бірінші станциямыз. Төрт филиалдың әрқайсында осындай нысан салынып жатыр\", – деді Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары Дархан Исабеков.\nБұл станцияда өрт сөндіру автомашинасы, төрт трактор, төрт кіші өрт сөндіру кешені бар. Өртті жылдам анықтайтын 17 мұнара бой көтереді. Ол жерде датчик, камералар тұрады. Жоба іске асса парк қызметкерлері парк аумағының жетпіс пайызын камерадан көріп отыра алады. Осылайша қай жерде от тұтанғанын, кім қоқыс тастағанын, аң аулап жүргенін анықтайды.\nІле Алатауы ұлттық паркі аумағында орналасқан бақылау-өткізу бекеттері автоматтандырылып, онлайн төлем жүйесі енгізіліп жатыр. Ұлттық парк аумағында 10 бақылау-өткізу бекеті жұмыс істейді. Соның төртеуі автоматтандырылды. Бұтақтыдағы бекет толық автоматтандырылған, ал Алма-Арасан – тестілеу режимінде, Түрген және Қаскелеңдегі бекеттерде автоматтандыру құрылғылары орнатылған.\n\"Биыл Алма-Арасан шатқалындағы бекет толықтай автоматтандырылды. Енді келушілер экологиялық жарнаны қосымшасы арқылы төлей алады. Тіпті, ерте төлеуге болады. төлемді енді алдын ала жасауға да болады. Бұған дейін кіру ақысын бекетке жеткенде ғана төлеуге болатын. Соның салдарынан кейде кептіліс болып, келушілер кезек күтіп қалатын. Автоматтандырудың басты мақсаты – онлайн төлемге көшу, келушілерге ыңғайлы болуы үшін алдын ала төлеу мүмкіндігін жасау. Автоматтандыру жүйесі Ішкі істер министрілігінің базасына қосылған. Кез келген көлік бекетке келгенде мемлекеттік нөміріне қарап, төлемақы шығып тұрады. Сондықтан азаматтарды қосымша арқылы ертерек төлеуге, кезекке тұрмауға шақырамыз\", – деді Іле Алатауы Ұлттық паркі бас директорының орынбасары Арқау Шантаев.\nЖеті айда 298 миллион теңге ұлттық парктің арнайы шотына түскен. Бұл қаржы туристік бағыттарды абаттандыруға, қоқыстарды жинауға жұмсалады. Ал төлем бағасы көлік түріне қарай есептеледі: мотоцикл мен мопедтерге – 786 теңге, 16 орыннан аспайтын жеңіл көлікке – 5100 теңге, 32 орындық автобустарға – 11 мың теңге, одан көп болса 17 500 теңге төлейді. Қарапайым жеңіл көліктер 1179 теңге төлеп өте береді. Ал жаяу жүргіншілер адам басына 589 теңгеден төлейді. Парк аумағынан шығып кірсе тағы да төлеуі қажет.\nҮлкен Алматы көліне автокөліктер жіберілмейді, себебі қазіргі уақытта жолдың қауіптілігі өте жоғары. Көліктер соғысты, тас та құлады. Елнұр Ахметовтың айтуынша, \"ҚазАвтоЖол\" мекемесі мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесе жолды жөндеу, құлап кетуі мүмкін тастарды бекіту жұмыстарын қолға алмақ. Жол қауіпсіз бола түссе электравтобустар қатынап, адамдарды тасымалдайды.\n\"Жеке электр көліктерін жібермейміз. Табиғатымызды сақтау үшін арнайы компаниялар автобуспен туристерді тасымалдайды\", – деді ол.\nҰлттық парк аумағындағы 46 туристік маршруттың 80-85%-ы абаттандырылған. Биыл Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе қосымша 100 шақырымдай 11 соқпақты абаттандыру, үш кемпинг аумағын салу және үш бұлақ көздерін қалпына келтіру жұмыстары басталған.  Алма-Арасан – Терра алаңы арасындағы 15 км соқпақты абаттандырылып жатыр. Проходное сайындағы 1 км соқпақ толық реконструкциялануда. Парк қаражаты есебінен 1,5 км жаңа маршрут іске қосу жоспарланып отыр.\n\"Биыл Алма-Арасан ыстық су көздерінде әртүрлі жағдай болды. Туристерге тас құлады. Адамдардың қауіпсіздігі үшін Алматы қаласының туризм басқармасымен бірлесе 700 метрлік соқпақты абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды. Жартастарды арнайы тормен қаптадық. Әлеуметтік желілерде сұранысқа ие болған \"Хоббит сарқырамасына\" апаратын 1,5 шақырым соқпақты абаттандырамыз. Соқпақ жол жасамасақ топырақ эрозияға ұшырайды. Екінші жобамыз – денсаулыққа пайдалы, табиғатты сезінетіндей жалаң аяқ жүретін алаңдар жасау. Алакөлден тас алып келеміз. Тас қана емес шөп, құммен толтырамыз. Сондай-ақ, балаларға арналған арқан паркін жасап, оларға таудағы қауіпсіздік шараларын үйретеміз\", – деді Арқау Шантаев.\nБұл жобаларға жиналған экологиялық жарнаның қаржысы жұмсалады. Қажет ақшаның қалғанын экологияға жаны ашитын жеке компаниялар береді.\nТүрген филиалы Кузнецов сайында 2025-2026 жылдары жабайы Сиверс алмасына арналған жаңа ғылыми танымдық маршруты іске қосылады. Биыл наурыз айында ұлттық парк пен Helios компаниясы Сиверс алмасын ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жобасы туралы меморандумға қол қойды. Сиверс алмасы – Солтүстік Тянь-Шаньдағы ең көне өсімдіктердің бірі және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бірегей алма. Компания жеке инвестиция есебінен парк аумағында ғылыми визит-орталық пен бақылау алаңын, өмірін алма ағашын зерттеуге арнаған академик Аймақ Жанғалиұлына музей салады.\nІле Алатауф паркі аумағында кездесетін 2000-ға жуық өсімдіктің 37-сі Қызыл кітапқа енген. Жануарлар әлемі де ерекше бай. Паркте мекендейтін 47 сүтқоректі жануардың бесеуі Қызыл кітапқа енген. Олар – қар барысы,тянь-шань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні, тас сусары, үнді жайрасы. 198 құс түрі тіркелген, оның 11-і қорғалған түрлер қатарында. Сонымен қатар, 5000-нан астам омыртқасыз жануарлар түрі бар.\nПарк аумағында 2 миллиард ағаш отырғызу жұмыстары қолға алынған.\nІле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманды қорғау, молайту, қалпына келтіру бөлімінің басшысы Райхан Мұхамеджанованың айтуынша, ұлттық паркте орманды қалпына келтіру және молықтыру аясында 42 гектар аумақта 140,1 мың дана ағаш көшеті отырғызылды. Тұқымбақтарда 0,62 гектар жерге орман тұқымдары себілді. Орманды күтіп-баптау жұмыстары 256 гектар аумақта жүргізілді. Биыл тұқым жинау жоспары – 600 кг, оның ішінде: (шырша – 100 кг,өрік – 380 кг, алма – 120 кг).\n\"Тауға отырғызатын ағаш көшеттерді бес гектар жерді алып жатқан алты тұқымбағымызда өсіріп, паркімізді толық қамтамасыз етеміз. Оның үшеуі Түрген филилы, Түрген орманшылығында болса, екеуі – Қаскелең шатқалында, біреуі Кіші Алматы орманшылығында орналасқан. Біз тек осы жерде өсетін тұрақты ағаштарды ғана өсіреміз. Олардың тұқымын орманнан жинап алып, осы тұқымбақта, ашық алаңда аялап өсіреміз. Қазір олар орманды молайту жұмыстарында сәтті орындалып жатыр\", – деді Райхан Оразханқызы.\nОрманшының айтуынша, ұлттық паркте орманды қорғау және сауықтыру жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Мәселен, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 8 мың гектар аумақта орман-патологиялық зерттеу жүргізіліп, 2629,5 гектар жерге зиянкестерге қарсы авиациялық-химиялық өңдеу жасалған.\nІле Алатауы ұлттық паркі аумағындағы Қаскелең шатқалында орналасқан \"Алатау маралы\" атты қожалықтың иесі Кеңес Қайырханұлы марал өсіреді. 2003 жылы Алтайдан 60 бас марал әкеліп, Алатауға жерсіндірген. Содан бері мал басы 150-ге жеткен.\nЖыл сайын маусымда маралдың мүйізі кесіліп отырады. Егер кеспесе мүйізі кеуіп кетеді де, ішінде қан қалмайды. Жиналған қаннан емдік мақсатта арнайы өнімдер шығарылады. Шатқал ішінде емдеу орталығы да орналасқан.\nАлматыдағы Іле Алатауы Ұлттық паркі аумағында \"Бақыт соқпақтары\" жобасы аясында жаңа абаттандырылған тау маршруты мен Қазақстандағы ең биік аспалы көпір ашылды.\nТау бағыты мен көпірді қазақстандық құрылыс компаниясы Алматының танымал тау бағыттарын абаттандыруға арналған \"Бақыт жолдары\" бастамасы аясында сыйға тартқан.\nАбаттандырылған тау маршруты Проходное шатқалы арқылы Терра алаңына және Алёшкин көпірінен 3330 метр биіктікте орналасқан Космостанцияға дейін жалғасады. Маршруттың жалпы ұзындығы – 13,5 км. Жоба аясында салынып, тау символына айналған Алёшкин көпірі – Қазақстандағы ең биік аспалы көпірлердің бірі. Ұзындығы – 50 метр, ал теңіз деңгейінен биіктігі – 3000 метрден асады.\n\"Бақыт жолдары\" алдағы уақытта жалғасын табады. 2026 жылы Бұтақты шатқалында 17 шақырымға созылатын төрт маршрутты, 2027 жылы 11 шақырымға созылатын \"Жапон жолы – экопост\" бағыттарын абаттандыру жоспарланған."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/tanym/2026-zylga-arnalgan-zuldyz-zoramal-kimderdin-zoly-bolady", "title": "2026 жылға арналған жұлдыз жорамал: Кімдердің жолы болады", "text": "Астролог Юлия Кацманның болжамына сүйенсек, алдағы жыл – өмірлік мақсаттарды айқындайтын, табандылар мен адал жандардың бағы жанатын ерекше кезең болмақ. 2026 жылдың басты астрологиялық драйвері – Юпитер планетасының қозғалысы. Астрологияда молшылық пен кеңеюдің символы саналатын бұл планета жылдың екі жартысын екі түрлі сипатқа бөледі.\nЮпитердің ықпалы: Кімдердің жолы болады?\nТамыз айына дейін: Юпитер су белгілерінде болады. Бұл уақыт аралығындаШаян,СарышаянжәнеБалықтардыңтасы өрге домалайды. Ішкі түйсік пен сезімге сүйенген істер сәтті аяқталады.\nТамыздан бастап: ПланетаАрыстанбелгісіне ауысады. Осы сәттен бастап от белгісі өкілдері –Арыстан,МергенжәнеТоқтылардыңдәуірі басталады. Бұл – көшбасшылық қасиетті көрсетуге, мансапты өсіруге және шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға таптырмас уақыт.\nЖылдың ең маңызды әрі қауіпті нүктелері –17 ақпанжәне12 тамыз.\nБұл уақытты рухани ізденіске, медитацияға және ішкі тыныштықты сақтауға арнау ұсынылады.\nАстрологиялық болжам бойынша, Қазақстанның халықаралық беделі нығая түспек. Ел дипломатиялық жеңістерге жетіп, сыртқы байланыстарын кеңейтеді. Ең жағымды жаңалықтың бірі – Еуроодақ елдеріне виза алу жеңілдеп, құжат рәсімдеу процесі айтарлықтай оңтайлануы мүмкін.\nЖыл иесі – Жылқыны риза ету үшін алтын түстес, сары, алқызыл, бордо немесе қызыл түсті киім таңдаңыз. Кесек әрі жарқыраған әшекейлер сіздің сенімділігіңізді арттырып, сәттілік шақырады.\nНе қою керек: Жылқы сүйетін сұлы, бидай өнімдері, жас шөптер мен балғын салаттар. Ет тағамдарынан тауық, күркетауық немесе балық қойған дұрыс.\nНеден тыйылу керек: Дастарханға жылқы етін қоюға қатаң тыйым салынады. Бұл жыл иесінің қаһарына ұшыратуы мүмкін деген сенім бар.\nҮстелдің ортасына молшылық белгісі ретінде 8 мандаринді дөңгелетіп қойыңыз.\nҮйдің ішін майшаммен аластап, ескі энергиядан тазартыңыз.\nҮйге жылқы мүсінін қойсаңыз, оның басы жоғары қарап, есіктен төрге қарай \"кіріп\" тұрғанына мән беріңіз.Табысқа жетудің 3 кілті\nАдалдық: Жылқы  текті әрі шыншыл жануар. Бұл жылы қулық пен алаяқтыққа орын жоқ. Тек адал еңбек қана жоғары бағаланады.\nТәуекел: Өміріңізді өзгертуден қорықпаңыз. Көшу, жұмыс ауыстыру немесе жаңа іс бастау бұл жылы қолдау табады.\nТілек тілеу өнері: Арманыңызды \"Менде бәрі бар\", \"Мен бақыттымын\" деп осы шақта айтып үйреніңіз. Бұл ғаламның энергиясымен үндесуге көмектеседі."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/17-zylgy-quldyqtan-qutylgan-qundyz-ben-nazgul-olardyn-endigi-tagdyry-ne-bolady", "title": "17 жылғы құлдықтан құтылған Құндыз бен Назгүл. Олардың ендігі тағдыры не болады?", "text": "2023 жылғы қыркүйекте \"Көреміз\" бағдарламасында 17 жыл ағасының қолында құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың ауыр тағдыры қозғалды. Олардың оқиғасы ел назарына ілігіп, содан бері журналист Руслан Өтепбай қадағалап келеді. Құлдықтан босаған қыздарды бір жыл өткен соң Таразда тұратын Зүлфия Төленова оларды қамқорлығына алды.\nОсы аптада әлеуметтік желілерде Құндыздың аяқ-қолы байланып жерде жатқан фотосы тарады. Мұны кім істегенін анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Таразға барып қайтты. Кейін Зүлфия Төленова басқа балаларға да қол жұмсағаны белгілі болды.\nОсы орайда Информбюро порталы Назгүл мен Құндыздың құлдықтан қалай босағанын, қамқоршысынан қалай қорлық көргенін, оқиғаның мән-жайын баяндайды.\nҚыздар Отырар ауданына қарасты Шілік ауылында тұрған. Назгүл 1991 жылы дүнеге келсе, сіңлісі Құндыз 1996 жылы туған. Мектеп жасында анасынан айырылған, ал одан ертерек әкелері дүниеден өткен. Ата-анасынан айырылған соң әкелерінің бірінші әйелінен туған ағаларының қамқорлығына алынған. Аға-жеңгесінің қолында болған кезде қыздарға мемлекеттен айына 150 мың теңгеден асатын ақшалай көмек төленіп келген. Алайда аға-жеңгесі оларға ешқандай жағдай жасамай, керісінше еңбегін қанап, 17 жыл құлдықта ұстаған. Мұны сыныптастарының бірі біліп, \"Көреміз\" бағдарламасына хабарлаған.\nНазгүл мен Құндыздың інісі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Құндыз бен інісі 18 жасқа толмай тұрып үкімет ата-анасы жоқ деп екеуіне екі бөлмелі пәтер берген. Кейіннен ағайындар арасында жетімдерге талас жүріп, үйді қайтадан мемлекет меншігіне өткізіп жіберген.\nАғалары Сәулебектің алты баласы бар. Ол байдың малын бағатынын, қыздар 7 қолында болғанын және ешқандай жұмыс істемейтінін айтқан еді. Жеңгелері қыздардың күтушісі ретінде айлық алып келген.\n\"Сыныптастары бұларды жақсы білмейді. Бұлар ауырады. Өзім мал баққаннан кейін қасымда ұстаймын. Олар бізден бөлек тұрады, өйткені Құндызда өкпе ауруы бар. Келіншегім балаларымызға жұғады деп қорқады. Сол себепті бөлек тұрғыздық\", – деген еді Сәулебек Әбілдаев.\nНазгүлдің сыныптасы Айша Мұстафинаның айтуынша, сыныптастарының бірі көктемде қой қырқуға барғанда басқалар тамақтанып отырғанда екі қыздың дәретхана жақта нан ұстап жеп жүргенін көрген. Жақындап барған соң Назгүлді танып, суретке түсіріп алған. Сол кезден бастап Айша анасына хабарласып, Назгүл мен Құндыздың жағдайын сұрай бастаған.\n\"Ауыл әкімі \"қыздардың жағдайы жақсы\" деген. Сондада өзіміз көрейік деп бардық. Жүрегіміз ауырып кетті. Қойшыға арналған үйде тұрады. Ол жерде ешқандай жағдай жоқ. Жейтіндері – нан мен су. Киімдері ескіріп әбден тозған, жұқа шалбар мен жейдемен жүр. Тіпті іш киімдері жоқ. Тұратын жерінде ешқандай тазалыққа арналған зат жоқ. Қыздардан қолаңса иісі шығып тұр\", – деген еді Назгүлдің сыныптасы Айша Мұстафина.\nБір жыл бойы телебағдарлама редакциясының қарауында болған апалы-сіңлілі 2024 жылы қазанда жаңа заңды қамқоршысы Зүлфия Төленованың қамқорлығына өтті. Сол кездегі ақпаратқа сәйкес, Таразда тұратын Зүлфия Төленова барлығы 37 балаға бас-көз болған. Оның 13-і отау құрған, бүгінде 21 немересі бар.\n\"Қазір менімен 12 бала тұрады. Назгүл мен Құндызбен бір-екі ай шамасында бірге тұрдық. Қазіргі уақытты қыздардың заңды қамқоршысымын. Шаңырағымдағы әрбір баланың өмірде орнын табуына көмектесемін. Менің есігім 24 сағат бойы ашық. Бұл қыздардың сыныптастарына, бағдарлама редакциясына алғысым шексіз. Халықтың, сіздердің алдарыңызда мен сөз бере аламын. Өйткені мен өзіме сенемін\", – деген еді Зүлфия Төленова.\nБір жыл бойы түрлі терапиядан өткен Назгүл мен Құндыз ойын ашық айта бастады. Назгүл қой баққанын, күннің ыстығында тезек жинағанын, содан қап-қара болып кеткенін айтты.\n\"Мал бағып жүрген кезде шаршайтынбыз, қазір әдемі болып қалдық. Құндыз аппақ болып қалды. Шашы ол кезде қысқа еді, қазір өсті\", – деді Назгүл.\n2025 жылы наурызда журналист Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың жағдайын білу үшін арнайы Таразға барды. Ол қыздардың азып кеткенін көрген. Олардың заңды қамқоршысы Зульфия Төленова лайықты адам табылса қызметінен бас тартатынын айтқан еді. Руслан Өтепбай биыл жаңа жылда Тараз қаласында тұрып жатқан апалы-сіңілі қыздарды құттықтауға барғанда да қыздардың жағдайы жақсы емес екенін аңғарған.\n25 қаңтарда әлеуметтік желіде Құндыздың аяқ-қолы байланған суреті тарады. Суретті көрген бойда Руслан Өтепбай Зүлфия Төленоваға хабарласқан. Ол бұл жағдайды өзі де енді естіп тұрғанын, оқиға болғанда үйде болмағанын айтқан. Журналист Таразға жолға шығамын дегенде Зүлфия Төленова қарсы шыққан.\n\"Құндыз әпкесі Назгүлді ұрған. Ауруы қозып кеткен ғой. Сол кезде байлаған ба, білмеймін. Мен де қазір көріп жатырмын. Үйде Танялар байлаған. Таня – топтағы қыз, сөйлей алмайды. Мен әрі-бері жұмыстармен жүрген едім. Өзім де қатты ашуланып тұрмын. Дүйсенбі күні өтініш жазып, қыздарды үкіметке өткіземін деп отырмын. Шаршадым\", – деді Зүлфия Төленова.\nПубликация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)\n\"Бәрі белгілі болды. Қиналып жүрген тек Құндыз бен Назгүл ғана емес екен. Желтоқсан айының 29-ы күні Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар – асыранды балалары. Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады\", – деп жазды Руслан Өтепбай.\n27 қаңтарда әлеуметтік желіде Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты бейәдеп сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткен видеосы тарады. Құндыз видеода \"Мен оны пышақтап өлтірем, маған жақсылық жасамай-ақ қойсын\" деп айтқан.\nПубликация от Өзекті жаңалықтар мен қызықты видеолар (@shymda_)\nОқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Таразға барып, зерттеу жүргізді. 28 қаңтарда YouTube желісінде \"Құндызды кім байлады? Тараздан шұғыл шығарылым\" деген видео жариялап, қыздарды Зүлфия Төленованың қорлығынан арашалап қалды.\nЖурналист Назгүл мен Құндыз тұрған үйге барып, Құндыздан кім байлап тастағанын сұрады. Құндыз сол күні үйде Зүлфия Төленова болғанын, бірақ мұны ол жасамағанын айтты. Ал Таня болса Зүлфия Алматыға кеткенін және ешкімді ұрмайтынын жеткізген. Таня мұны істеген Әділхан десе, Зүлфия Таня дейді.\n\"Сырттан тон пішпейін деп кеше сізге хабарластым. Енді үйіңізге келіп тұрмын. Құндыздан сұрасам \"Зүлфия мама\" деп отыр. Екі қызды бас амандығында мемлекетке өткізіңіз. Содан соң мен қамқорлығыма аламын\", – деді Руслан Өтепбай.\nҚұндыздың әпкесі Назгүл мұны кім жасағанын білмейтінін, Зүлфия ешкім ұрмайтынын айтып отыр. Алайда видеодан қыздың сөйлеуге қорқып отырғанын аңғаруға болады. Зүлфия Төленова жағдайдан хабарсыз екенін айтып, ат-тонын ала қашты.\n\"Мүмкін емес, білмеймін. Мұны кеше көріп шок болдым. (...) Неге мұны қазбалай бересіздер. Ауру қыз. Жауап бере алмайды. Мынау деген сұмдық нәрсе екенін түсініп тұрмын. Менің миыма келмейді екен\", – деді ол.\nҚыздар тұрып жатқан үйге Жібек Жолы аудандық полиция бөлімінің бастығы Жәнібек Тұрлыбаев та келді. Ол 2025 жылы 29 желтоқсан күні Зүлфия Төленоваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Ол кезде Зүлфия Төленова қамқорлығындағы қыздың шашын жұлған видео таспаланды.\n\"Қазіргі таңда тиісті сараптама тағайындалып, қорытындысының нәтижесі бойынша оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қалған мәліметтер жария етілмейді. Дәлелденсе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Одан жеңіл жаза – 1000 АЕК айыппұл\", – деді Жәнібек Тұрлыбаев.\nЖібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова да оқиға орнына келіп, журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді.\n\"Бұл кісі туралы білеміз. 2011 жылдан бері балаларға қарайды. Бір жағанын мемлекетке көрсетіп жатқан көмегі болса, бір жағынанан балаларға қарағаны үшін ақы төлееді. Он күн бұрынғы жағдайдан хабардармын. Ал кешегі (Құндыздың қол-аяғы байланған) видеоны енді көріп тұрмын. Заң аясында тергеу жұмыстары жүргізіледі. Істі міндетті түрде өзім қадағалаймын\", – деді аудан әкімі.\nҚорғаншылық-қамқоршылық бөлімі басшысының орынбасары Шолпан ханым да Зүлфия Төленованың үйіне келді. Ол әлеуметтік қызметкерлер қыздардың жағдайын қадағалап тұрғанын, ешқандай шағым болмағанын айтып отыр.\n\"Қамқоршысы болғаннан кейін, жауапкершілік алғаннан кейін қарау керек еді. Назгүл мен Құндызды мемлекеттің қарамағына – интернатқа өткіземіз. Облыстық басқармамен уақытша орналастыру туралы сөйлесейік. Сосын электронды түрде қамқоршылыққа өтініш бере аласыз\", – деді ол.\nРуслан Өтепбай қыздарды бұл жерде қалдыруға болмайтынын айтып, мамандармен бірге әлеуметтік көмек көрсету орталығына алып келді. Назгүл мен Құндыз Жамбыл облысына қарасты №5 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына табысталды. Журналист Өтепбай апалы-сіңлі Назгүл мен Құндызды өз қамқорлығына алғысы келеді. Құжатты рәсімдеген соң қыздарды өзі Алматыға алып кететінін айтты.\nОрталыққа Құндыздың сыныптасы әрі туысы Бибігүл де келіп, Құндыздан оқиғаның анық-қанығын сұрады. Екеуі сөйлескенде Құндыз өзіне дәрі беріп жатқанын айтқан. \"Қинап ішкізе ме? Ол сенің денсаулығыңа керек пе? Қолыңнан ұрды ма, Кім ұрды Зұлфия апай ұрды ма? Не үшін ұрды?\" деп сұрады.\n\"Қолымнан ұрды. Қатты ұрады. Дәрі ішпегенім үшін ұрады. Назгүлге ұрысады. Оны ұрмайды. Мені ұрады. Төсегімді тартып \"тұр-тұр\" деп жұлқылап оятады\", – деп жауап берді Құндыз.\nКім байлағанын сұрағанда Зүлфия екенін, \"неге дәрі бердіңіз?\" деп ұрғанын, содан соң Зүлфияның басқаларға \"мынаның қолын байлап тастаңдар\" деп, ал өзі қарап тұрғанын айтты.\n\"Күнде ұрады. Бірінші мені айқайлап тұрғыза береді. Ұрады, сосын басыңды айналдыратын дәрі береді. Дәріні ішсем басым айналады. Өліп қалған адам сияқты ештеңені сезбеймін\", – деді Құндыз.\n27 қаңтарда Жамбыл облысының полиция департаменті Зүлфия Төленова бақылауында болған балалар мен мүгедек қызға қатысты азаптау фактісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады. Полицияның хабарлауынша, әйел уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлімі (азаптау) және 140-бабының 3-бөлімі (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндеттерін орындамау, екі немесе одан көп адамға қатысты) бойынша тергеу жұмыстары басталды.\n\"Балалар медициналық қызметкерлердің қарауынан өткізілді және арнайы балалар мекемесіне орналастырылды. Тағы екі ересек қамқорлықтағы тұлға – Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберілді. Қамқоршы күдіктінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілгені хабарланды. Тергеу барысында барлық жағдай толық, жан-жақты және объективті зерттеліп, нәтижесінде заңнамаға сәйкес процессуалды шешім қабылданады\", – деп хабарлады полиция.\nҚылмыстық баптар бойынша Төленова төрттен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Зүлфия Төленованың қамқорлығында 17 бала болған."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/bilim-sapasy-men-adami-kapitaldy-arttyruda-aleumettik-bastamalardyn-manyzy-qandai", "title": "Білім сапасы мен адами капиталды арттыруда әлеуметтік бастамалардың маңызы қандай", "text": "Қазақстанда соңғы он жылдықта білім сапасын арттыруға бағытталған түрлі бастамалар жүзеге асып жатыр. Осы салада тұрақты әрі стретегиялық шешімдер ұсынып жүрген ұйымның бірі – Bilim Foundation корпоративтік қоры. Сегіз жыл бойы қор Қазақстандағы білім сапасын арттыруға үлес қосып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған озық әдістер мен шешімдерді енгізіп келеді.\nҚор президенті Ерлан Айтмұхамбеттің айтуынша, қор жастар арасындағы суицидтің алдын алу, ауылдық жерлердегі білім сапасын арттыру және өңірлердегі жастарға тең мүмкіндіктер ұсыну сияқты жобаларды жүзеге асыруда. 2012 жылы жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне негізделген жоба жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың терең себептерін анықтауға мүмкіндік берген. Қор суицидтің алдын алатын әлемдік үздік стратегияларды біріктіріп, оларды Қазақстанның жағдайына бейімдеген.\n\"Бастапқыда бағдарлама Қызылорда облысында жүзеге асты. Бар болғаны екі жыл ішінде балалар арасындағы суицид деңгейі 50 пайызға төмендеп, суицидтік әрекеттер 78 пайызға азайды. Бұл көрсеткіш жобаны басқа өңірлерге енгізуге негіз болды. Бес жыл ішінде қор Қызылорда, Ақмола, Атырау және Ақтөбе облыстарын қамтыды. Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі қалаларда және Солтүстік Қазақстан облысында да жұмыс істеп көрдік\", – деді Ерлан Айтмұхамбет.\nБүгінде жоба жаңа аймақтарды қамтып, кеңейіп келеді. Жобаның маңызды тұсы – процесс толығымен цифрландырылған. Қор ІT-шешімдер арқылы нақты диагностика жүргізіп, адами факторлардан болатын қателіктерді барынша азайтуды мақсат етеді. Бұдан бөлек қор балалардың өмірлік дағдыларын дамытуға, оның ішінде әлеуметтік және коммуникациялық қабілеттерін жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Себебі мұндай дағдылардың девиантты (нормадан тыс) мінез-құлық пен қылмыстың алдын алуда маңызды рөл атқаратыны анықталған. Осы ретте балалардың әлеуметтік машықтарын дамыту мақсатында қор BF Books деп аталатын тағы бір жобаны бастаған. 65 кітаптан тұратын серия балалардың психикалық сауатын арттыруға бағытталған жүйелі шешімге айналды.\nҚор балалар мен жастардың, әсіресе алыс елді мекендерде оқитын жеткіншектердің, сапалы психологиялық көмекке қол жеткізе алуына ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта қор BF Line онлайн психологиялық қолдау желісін құрған. Бұл қызмет жасөспірімдерге анонимді түрде кәсіби көмек алуға мүмкіндік береді.\n\"Суицидтің алдын алу жобасын бастаған кезде біз бір қиындыққа тап болдық: шағын елді мекендерде балалар мектеп психологтарына сенім артпайды. Көбіне ондағы психологтар – олардың жақын ортасынан шыққан адамдар, олар баланың отбасын және туыстарын жақсы біледі. Нәтижесінде, жасөспірімдер ашылып, уайымын бөлісуден қорқады. Осылайша құпиялылықты сақтай отырып, кәсіби көмекке жүгінуге болатын платформа құру идеясы пайда болды\", – деді қор басшысы.\nҚазіргі таңда қормен серіктестік мектептерде BF Line желісінің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық плакаттар орнатылған. Бұл балаларға кәсіби психологтарға тікелей жүгініп, өз мәселелері бойынша қажетті қолдау алуға мүмкіндік берді. Жобаны тәжірибелі психологтардан тұратын команда іске асырады. Олар балаларға кеңес беріп қана қоймай, өңірлердегі мектеп мамандарын да оқытады.\n\"Біздің психологтер – 10-20 жылдық тәжірибесі бар мамандар. Олар жергілікті әріптестерімен бірлесе жұмыс істеп, балаларға психологиялық қолдау көрсетудің тиімді әдістерін үйретеді\", – деп толықтырды Ерлан Айтмұхамбет.\nҚор қызметінің тағы бір басты бағыты – ауылдық жерлердегі білім беру сапасын жақсарту. Осы мақсатта қор 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында арнайы жобаны іске қосқан. Қор басшысы Ерлан Айтмұхамбеттің айтуынша, бұл жоба ауылдық мектептердегі бірнеше мәселенің шешімі ретінде жүзеге асқан.\n\"Қазақстан президенті ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтудың маңызын бірнеше рет атап өтті. Қазақстанда көптеген ауыл мектебі апатты жағдайда, ал білім сапасы төмен деңгейде қалып отыр. Осы жағдайды өзгерту үшін біз ауылдық мектептерді жаңарту жобасын бастадық. Мемлекетпен серіктестік құра отырып, жеке инвесторлардың қолдауымен Петерфельд ауылындағы мектепті заманауи әрі тиімді білім беру мекемесіне айналдырдық\", – деді Ерлан Айтмұхамбет.\n1969 жылы салынған ғимараттың 80 пайызы күрделі жөндеуді талап еткен. 2019 жылы мектепке 300 миллион теңге көлемінде инвестиция салынып, күрделі жөндеу жүргізілген. Бүгінде Қызылжар Абай мектебі заманауи білім беру стандарттарына сай жабдықталып, толықтай жаңартылған оқу ордасына айналған. Қор басшысының айтуынша, жоба мұғалімдердің біліктілігін арттыруды да көздейді. Бұл үшін қор Назарбаев Зияткерлік мектептерімен ынтымақтастық орнатқан. \"Қызылжар Абай мектебі\" деген жаңа атауға ие болған мектептегі білім беру моделі Абай Құнанбайұлының философиялық және педагогикалық қағидаттарына негізделген.\nҚордың алға қойған тағы бір басты міндеті – балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, тең тұрғыда сапалы білім алуына жағдай жасау. Осы мақсатта қор Маңғыстау облысының балаларының бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында \"Жарқын Болашақ\" бағдарламасын бастаған.\n\"Біз елдің болашағы жастарға тәуелді екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан \"Жарқын Болашақ\" бағдарламасы шалғай өңірлердегі балалардың үздік білім алып, әлеуетін ашуды, жылдам өзгеріп жатқан әлемде бәсекеге қабілетті болуына көмектесуді көздейді. Біз оларға еліміздегі ең жақсы мектептер мен колледждерге оқуға түсіп, қажетті білім мен машықтарды игеруіне жағдай жасаймыз\", – деді қор басшысы.\n2023 жылы жобаны 118 бала тәмамдап, оның 112-сі жоғары оқу орындарына түсті. Оқу ордалары қатарында Назарбаев Университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚБТУ сияқты жетекші университеттер бар.\n\"Мұндай жобаларды кешенді жүзеге асыруда команданың рөлі ерекше. Әр топтағы балаларға куратор, сондай-ақ мектеп немесе колледж тарапынан педагогтар мен тәрбиешілер бекітілген. Біздің кураторлар балалардың тұлғалық дамуына, коммуникациялық машықтарының артып, жаңа ортаға бейімделуіне баса көңіл бөледі. Сонымен қатар өтпелі кезеңдегі қиындықтарды еңсеруге көмектесетін психологтарымыз да жұмыс істейді.  Біздің міндетіміз – олардың бейімделу процесі сәтті өтуін қадағалап, тұлғалық дамуына көмектесу\", – деп толықтырды Ерлан Айтмұхамбет."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/neke-zangyrtu-trendke-ainaldy-bul-san-be-alde-salt-pa", "title": "Неке жаңғырту трендке айналды. Бұл сән бе, әлде салт па", "text": "Соңғы жылдары Қазақстанда неке жаңғырту рәсімі танымал бола бастады. Әсіресе, белгілі өнер адамдары мен танымал тұлғалар некелерін қайта жаңартып, бұл рәсімнің қоғамда талқылануына себепкер болып жүр. Бұл үрдіс қайдан шықты? Ислам дінінде мұндай рәсім бар ма? Дінтанушылар бұл туралы не дейді?\nБылтыр белгілі әншілер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина күміс тойын атап өтіп, неке жаңғырту рәсімін жасаған еді. Ол үшін тойға 25 жыл бұрын әншілердің некесін қиған Лесбай қажы арнайы келген. Бұл туралы:\n\"25 жыл бұрын некемізді қиған Лесбай қажы, міне, бүгін, күміс тойымызға арнайы қонақ болып келіп, неке жаңғырту рәсімін жасадық. Бұл да Алланың бір жоспары, біздің отбасымызға деген ерекше сыйы деп білеміз. Тілегін жаудырған жақсы адамдарым, сіздерге де осындай той жұғысты болсын!\", – деп жазды Қарақат Әбілдина.\nA post shared by Karakat Abildina (@karakat_a)\nТағы бір мысал – теолог Алтындан Халел мен оның жолдасы Умра қажылығы кезінде Арафат тауында некелерін жаңартқан. Олар бұл рәсімді өздерінің отбасылық өмірін одан әрі нығайту мақсатында жасағандарынайтқан.\nA post shared by АЛТЫНДАН ХАЛЕЛ|ТЕОЛОГ|ЖЕНСКИЙ КОУЧ|ОБУЧЕНИЕ ИСЛАМУ•НАМАЗУ•КОРАНУ (@altyndan_khalel)\nПсихолог Құралай Ошақбаева да (әлеуметтік желіде Құралай ханым деген атпен танымал) жолдасымен бірге Үндістанға барып, үнді дәстүрімен некесін жаңғыртып, бұл рәсімнен ерекше әсер алғанын әлеуметтік желіде бөлісті.\nA post shared by Құралай Ханым (@quralai_hanum)\nЖелі қолданушыларының кейбірі танымал тұлғалардың бұл әрекетін құптап, ізгі тілек білдірсе, кейбірі сынға алып, құптамады. Бірі \"жастарға\" бақыт тілесе, екіншісі \"Ислам дінінде мұндай рәсім бар ма еді?\" деп жазды.\nАл Құралай Ошақбаева сынға алған оқырмандарына бұл рәсімді контент үшін жасағанын айтты.\n\"Шри-Ланка дәстүрінде бар неке жаңғыртуды біз де жасадық. \"Үнді махаббаты\" болып, 25 жұп некемізді жаңғырттық. Отбасылық достарымызбен жылдағы дәстүріміз әдемі жалғасты. Өз өмірімізден кино жасаймыз деп, сөзге қалдық. Бұрыш-бұрышта тығылып, әр нәрсені бүлдіріп, арақ ішіп, неше түрліні көрсетіп жүргендер бар емес пе?! Оның қасында бала кезден көріп өскен үнді фильмдерін өз көзімізбен көріп, бөтен емес, өз байымызбен, өзіміз үшін естелік етіп контент жасап жатқан жоқпыз ба\", – депжаздыпсихолог.\nЖалпы әлеуметтік желілерде  #некежаңғырту тегімен бірнеше видео табуға болады. Онда кей жұп бұл рәсімді үйленгендеріне бірнеше жыл толуына байланысты өткізгенін, екінші бірі жас кезінде мұсылманша некесі қиылмағандықтан жаңғыртқанын жазған.\nТеолог Нұрлан имам Байжігітұлышариғатта ажыраспаған адамдардың неке жаңғырту ұғымы жоқ екенін айтады.\n– Неке – ер-азаматтың нәзік жүректіге бір-ақ рет беретін ауыр серті, уәдесі, сөзі, аманаты, \"Осы әйелді қаладым, ие боламын!\" деп, Жаратушыға бір-ақ рет беретін анты. Неке – ерлі-зайыптыны бір-біріне байлау болса, талақ – соның шешілуі яки үзілуі. Шариғат тілінде некенің ұлы шарты – \"Ижап\" және \"Қабул\". Екі жастың мұсылман болуынан бастап, куәлер, неке сыйлық, ата-ана ризалығымен ұштасады. Дегенмен, неке анты бір-ақ рет беріледі. Яғни, шарттарымен неке бір-ақ рет қиылады. Қолымыздағы телефонның жаңартулары сияқты, бір рет қиылған некенің жаңартулары болмайды.\nМысалы, ерлі-зайыптылар ренжісті, арада үлкен дау-жанжал болды, екеуі екі жаққа кетті делік, алайда талақ сөзі айтылмады. Содан 1 жыл, 10 жыл, 100 жыл, тіпті, 1000 жыл бөлек тұрсын, сол әуелде бір рет қиылған некесі талақ түспейінше, сот бұзабаса, сол қалпын, күйін сақтап тұра береді.\nАл талақ түсіп, ресми ажырасқан ер мен әйел райынан қайтса, оның өзінде үш талақ берілмесе, қосылған кезде неке қайта қиылады. Осыны ел ішінде \"неке жаңғырту\" деп атап кеткен. Тағы айтамын, неке – ойнайтын дүние емес. Бар болса – бар. Жоқ болса – жоқ. Ойнауы, қалжыңдасуы да, у-шумен айтуы да, керек десеңіз, мастығы да есепке өтеді. Сонымен бірге, мемлекеттік заңды некені бұзып, өкіметті алдап, бірге тұра беру де зинаға барған жол екенін білген жөн, – деп түсіндірді имам."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/balany-uratyn-tarbiesilerge-toqtam-bar-ma-balabaqsalarda-qasan-tartip-ornaidy", "title": "Баланы ұратын тәрбиешілерге тоқтам бар ма? Балабақшаларда қашан тәртіп орнайды", "text": "Соңғы уақытта балабақша тәрбиешілерінің балаларды ұрып-соғу деректері жиілеп, қоғамда үлкен алаңдаушылық туындап отыр. Астанада тәрбиеші бүлдіршінге үш күнде 19 рет қол көтеріп, қылмыстық жауапкершілікке тартылса, Шымкентте сызғышпен ұрған тәрбиеші 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа міндеттелді. Жезқазғанда тағы бір тәрбиеші балаға күш көрсеткені үшін жазаланды. Осыған орай, Informburo.kz редакциясы Оқу-ағарту министрлігіне ресми сауал жолдап, тәрбиешілердің кәсіби жарамдылығы, жұмыс жүктемесі, кадр тапшылығы және балалардың қауіпсіздігі туралы сұрады. Төменде министрліктің ресми жауабы бойынша дайындалған материалды ұсынамыз.\nТестілеу педагогтың тек білім деңгейін бағалау мақсатында жүргізіледі. Ал тәрбиешілерге мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуді, соған психологиялық дайындықты колледждер мен жоғары оқу орындарында үйретеді. Яғни педагог балабақшаға балалармен жұмыс істеуге психологиялық, моральдық тұрғыдан дайын болып келеді.\nБалабақшалар мен басқа да білім беру мекемелерінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. Бұл кеңестер ұжымның адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсарту, педагогикалық әдептің бұзылуына байланысты даулы жағдайларды реттеумен айналысады.\nМектепке дейінгі ұйымдардың штатында педагог-психолог маманы қарастырылған. Ол балаларға, ата-аналарға және педагогтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ жағымды психологиялық орта қалыптастыру бағытында түрлі жұмыстар атқарады.\nҚазақстанда педагог мәртебесі мен оның кәсіби қызметіне қойылатын талаптар \"Педагог мәртебесі туралы\" заңмен нақты реттелген. Аталған заңның 7-бабына сәйкес, балалар мен ата-аналар тәрбиешілерге құрметпен қарап, лайықты қарым-қатынас көрсетуі керек. Бұл тәрбиешілердің заңмен бекітілген құқы.\nӨз кезегінде балабақша тәрбиешілері де педагогикалық әдеп нормаларын, оның негізгі қағидаттары мен талаптарын ұстануға міндетті.\nБір топтағы бала саны норматив талаптарымен бекітілген. Ерте жас тобындағы бала саны – 10 болса, келесі топта 20 бала, ал 3-5 жастағы балалар тобында 25 бала болуы керек.\nҚазіргі уақытта республиканың барлық өңірінде мектепке дейінгі ұйымдар саны артып келеді. Халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында балабақшалар, әсіресе жекеменшік балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда 3-4% педагог жетіспейді. Бұл сұрақты шешу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында тәрбиеші мамандығына грант санын көбейту, жалақыны 100% арттыру, әлеуметтік кепілдіктер беру шаралары қолға алынды.\n\"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы\" заңға сәйкес Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы 30 наурызда №117 бұйрықпен \"Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты\" бекітті.\nНұсқаулыққа сәйкес білім беру объектілері 2 топқа бөлінеді:\nБірінші топтың объектілері жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен, ішкі істер органдарының кезекші бөліміне шығатын дабыл беру құралдарымен жабдықталады. Екінші топтағы ұйымдар бұған қоса домофон жүйесімен қамтамасыз етіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды талабы – бейнебақылау жүйесін жедел басқару орталықтарына міндетті түрде қосу.\nЕгер тәрбиеші педагогикалық әдеп нормаларын бұзса, ата-аналар тиісті органға шағымдана алады. Мұндай кезде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес, тексеру аша алады. Ол білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға арналған тексеру парағы негізінде жүргізіледі.\nБалалардың құқықтарын кешенді қорғау мақсатында 2023–2025 жылдарға арналған \"Балалардың зорлық-зомбылықтан, жәбірленуден және оларға қатыгездікпен қараудан қорғалу құқығын іске асыру\" бөлімі бар кешенді жоспар іске асырылады.\nСонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оларды тәрбиелеу, дамыту, күтіп-бағу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады. Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар балаға қолайлы, қауіпсіз, дамытушы білім ортасын құруға және норматив талаптарын сақтауға міндетті. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда мекеме жұмыс жүргізе алмайды."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qairat-pen-real-madrid-matcy-matin-turindegi-transliaciia", "title": "\"Қайрат\" пен \"Реал Мадрид\" матчы: Мәтін түріндегі трансляция", "text": "23.40.Тарихи матч аяқталды. \"Реал Мадрид\" футболшылары \"Қайрат\" қақпасына бес гол салып, ойын 0:5 есебімен бітті.\n23.38.Ойынның соңғы минутында \"Реал\" футболшысы Браим Диас гол салды. Есеп – 0:5.\n23.35.Негізгі уақыт аяқталды. Төреші үш минут қосты.\n23.32.Ойын соңына жақындап қалды. \"Реал Мадрид\" футболшылары допқа иелік етіп, бір-бірімен алмасып, \"Қайрат\" футболшыларына бермей жатыр.\n23.27.Алаңға енді ғана шыққан Эдуардо Камавинга \"Қайраттың\" бос қақпасына гол салды. Есеп – 0:4.\n23.24. \"Реал\" сапында ойыншылар ауысты. Камавинга, Беллингем және Гонсалолар Гюлер, Тчуамени және Мбаппені алмастырды. Ал \"Кайрат\" сапында Громыко мен Саптаевтың орнына Зария мен Рикардиньо шықты.\n23.17.Ойынның 73-минутында Гюлерден пас алған Мбаппе \"Қайрат\" қақпасына үшінші голын салды. Есеп – 0:3.\n23.16.\"Реал\" сапындағы Родриго пен Браим Диас Винисиус пен Мастантуононың орнына алаңға шықты.\n23.12.Дани Себальос қарсыласын шалып құлатты. Төреші пенальти беру керек еді, алайда бас төреші Марко Гуида VAR қарап, пенальти болмайтынын айтты\n23.07.Ойынның 64-минутында \"Қайрат\" бірден үш ойыншысын ауыстырды. Арадтың орнына Эдмилсон, Жоржинью орнына Байбек, Тапалов орнына Станоев шықты.\n23.06.\"Қайрат\" футболшылары ойынның 60-минутында шабуылды үдетіп, қарсылас қақпасына бірнеше соққы жасап үлгерді.\n23.01.\"Қайрат\" ойыншысы Арад \"Реал\" қақпасына доп бағыттады. Бірақ қақпадан сырт кетті.\n22.59.Сатпаев \"Реал\" қақпасына айып соққысын бағыттады. Алайда доп тордың сыртынан табылды. Жанкүйерлер доптың торға тигенін көріп гол деп ойлап қалды.\n22.56.Мбаппе жалғыз өзі \"Қайрат\" қақпашысы Шерхан Қалмырзамен бетпе-бет келіп, қақпаға бағыттаған соққысы голға ұласты. Есеп – 0:2.\n22.54.\"Қайрат\" сапындағы Валерий Громыко қарсыласына өрескел әрекет жасап, сары қағаз алды. Енді оған ойын соңына дейін байқап ойнауға тура келеді.\n22.47.Футболшылар алаңға оралды. Екінші тайм басталды. \"Реал Мадрид\" алғашқы минуттан шабуылға шықты.\n22.33.Төреші 45 минут біткен соң қосымша бір минут қосып берді. Матчтың бірінші таймы 0:1 есебімен аяқталды.\n22.30.Шерхан Қалмырза \"Реал\" ойыншысы Винисиустің соққысын қайтарды.\n22.26.Ойынның 37-минутында қақпашы Қалмырза мадридтік Гарсияның соққысын қайтарды.\n20.25.\"Қайрат\" алғашқы таймның соңғы минуттарында шабуыл жасады. Бұл жолы Громыконың соқысы қақпадан сырт кетті.\n22.20.Ойынның 31-минутында \"Реал\" футболшысы Себальостың \"Қайрат\" қақпасына бағыттаған соққысын Қалмырза қайтарып қалды.\n22.15.\"Реал Мадрид\" шабуылын үдетті. 27-минутта Шерхан Қалмырза қарсыластың екі соққысын қайтарып үлгерді.\n22.11.Ойынның 24-минутында Мбаппе \"Қайрат\" қақпасына пенальти орындап, гол салды. Осылайша есеп ашылды.\n22.08.Матчтың 20-минутында қақпашы Шерхан Қалмырза Мбаппенің қауіпті соққысын қайтарды.\n22.06.Ойынның 18-минутында Арда Гюлер \"Реал\" бұрыштама добын қауіпті орындады.\n22.04.Сол қапталдан Дастан Сатпаев \"Реал Мадрид\" қақпасына қауіпті шабуыл жасады.\n21.09.Ойынның 12-минутында Мбаппенің \"Қайрат\" қақпасына бағыттаған соққысына Мартынович бөгет болды.\n21.08.\"Қайрат\" футболшысы Луиш Мата \"Реал Мадрид\" ойыншысы Мбппені құлатты. Ойынның он минутында \"Реал Мадрид\" өз алаңынан шықпады.\n21.54.Ойынның алтыншы минутында Жоржиньо \"Реал Мадрид\" қақпасына шабуыл жасамақ болды, бірақ \"Реал Мадрид\" футболшысы жолын кесті.\n21.47.\"Қайрат\" пен \"Реал Мадрид\" арасындағы матч басталды. Төрешінің ысқырығы естілді. \"Қайрат\" футболшысы Дастан Сатпаев ойынның оныншы секундында-ақ \"Реал Мадрид\" қақпасына шабуыл жасап үлгерді.\n21.45.Футболшылар \"Орталық стадион\" алаңына шықты.\n21.10.\"Реал Мадридтің\" алаңға шығатын негізгі құрамы: Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Алаба, Гарсия, Чуамени, Себальос, Гюлер, Мастантуоно, Винисиус, Мбаппе.\nПубликация от Real Madrid C.F. (@realmadrid)\n21.05.\"Кайраттың\" алаңға шығатын негізгі құрамы белгілі болды: Қалмырза, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луиш Мата, Мрынский, Касабулат, Арад, Громыко, Жоржиньо, Сатпаев.\n20.45.Ойынның басталуына бір сағат қалды.\n20.40.Орталық стадион алдында адам қарасы көп. Жанкүйерлер әлі де стадионға кіріп жатыр. Билет ала алмай сыртта жүргендер де қаншама.\n19.30.Flashscore.com бүгін алаңға негізгі құрамда шығатын футболшылардың тізімін жариялады. \"Реал Мадрид\" сапында Мбаппе, Родриго, Беллингем, Гарсия, Диас, Камавинга, Себальос, Алаба, Асенсио, Вальверде, Куртуа бар. \"Қайрат\" құрамында Сәтпаев, Қалмырза, Тапалов, Мартынов, Сорокин, Мата, Қасаболат, Арад, Мрынский, Жоржиньо, Громыка бар.\n18.35.\"Қайрат\" футбол клубының капитан Александр Мартынович УЕФА-ға берген сұхбатында \"Реал Мадридке\" қарсы ойын туралы пікір білдірді.\n\"Шынымды айтсам, жеребеде Мадридтік клубпен түскеніміз таң қалдырды. Басты мақсатымыз ел чемпионатын ұтып, Еуропалық жарыстарға шығу еді. Бірақ барлық кезеңнен өтіп, топтық кезеңге жолдама алу арманымыз орындалды. Ең бастысы – алаңға шығып, ойыннан да, стадиондағы атмосферадан да барынша ләззат алу\" – деді Мартынович.\n18.15.Defensa Central мәліметінше, \"Реал Мадрид\" бүгін \"Қайратты\" жеңсе 2,1 миллион евро алады. Ал тең түссе мадридтік клуб 700 мың евроға ие болады. \"Қайраттан\" жеңілсе ақшадан қағылады.\n18.05.Матч аяқталған соң тегін автобустар жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды:\nҚала метросының жұмысы түнгі сағат 01.00-ге дейін ұзартылады.\n17.50.Футбол мачты кезінде 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмыс істейді. Олар жанкүйерлер мен ойыншылардың қауіпсіздігін сақтап, жол қозғалысын реттейді.\n17.45.Стадион аумағына жанкүйерлер кіре басталды. Матч басталғанша арнайы бағдарлама ұйымдастырылған. Жанкүйерлер бетіне тегін аквагрим салдыра алады. Ал трибунада клуб жалаулары таратылады.\n17.40.Алматыға 26-29 қыркүйек аралығында матчты тамашалау үшін 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келген.  Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия және ТМД елдерінен келген. Қазақстанның басқа өңірлерінен келген жанкүйерлер де көп.\nMastercard мәліметінше, Алматыға келген шетелдік турист орта есеппен 1 500 АҚШ долларын жұмсайды.\n17.25.Матч күні кейбір көшелерде жол қозғалысы шектеледі. Орталық стадионның төңірегіндегі Абай, Сәтбаев, Байтұрсынов көшелерінің бөліктері сағат 16.00-ден бастап жабық болады.\nПолиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын шектеу сызбасымен алдын ала танысып, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге шақырады.\n17.15.Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі 2-тур матчында \"Қайрат\" пен \"Реал Мадрид\" кездеседі. Сағат 21.45-те Алматының \"Орталық стадионында басталатын тарихи ойынды тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер мен шетелдік БАҚ өкілдері келді. Екі команда алғаш рет кездескелі отыр. Бұған дейін Қазақстандық клуб мадридтік футболшылармен ешқашан ойнамаған, ал \"Реал Мадрид\" футболшылары алғаш рет Қазақстанға келіп отыр.\nСтадион аумағына жанкүйерлер 17.45-тен бастап кіре алады. Дәл осы уақытта ойын алдындағы бағдарлама басталады. \"Қайрат\" футбол клубы билетті тексеріп, стадионға кіргізу үшін көрермендерден матч басталарға 3-4 сағат бұрын келуді сұрайды. Жанкүйерлердің билеті ғана емес, жеке куәліктері де тексеріледі.\nМатчтың бас төрешісі – Италиядан келген Марко Гуида.\nОйынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/bes-oskar-algan-anora-filmin-korsetuge-ozbekstan-nege-tyiym-saldy", "title": "Бес \"Оскар\" алған \"Анора\" фильмін көрсетуге Өзбекстан неге тыйым салды", "text": "Былтырғы жылдың үздік фильмі атанған \"Анора\" комедиялық драмасы кеше ғана бес бірдей \"Оскар\" сыйлығына ие болды. Картина \"Үздік фильм\", \"Үздік түпнұсқа сценарий\", \"Үздік монтаж\" номинациясына ие болса, Шон Бейкер үздік режиссер атанды. Бас кейіпкерді сомдаған Майки Мэдисон үздік актриса атағын алды. 2024 жылы Канн кинофестивалінің бас жүлдесі – \"Алтын пальма бұтағына\" ие болған режиссер Шон Бейкердің картинасы талай фестивальде, киножүлдеде топ жарды. BAFTA-да Майки Мэдисон үздік актриса атанса, Шон Бейкер мен оның әйелі Саманта Квон \"Үздік кастинг\" жүлдесін иеленді. Режиссерлер мен сценаристер гильдиясы Шон Бейкерге бұйырды. \"Сыншылар таңдауы\" \"Анораны\" үздік фильм деп таныды.\n\"Анораның\" айналасында дау-дамай аз емес. Бірі \"Оскар\" сыйлығына лайық емес арзанқол дүние дегенді тілге тиек етсе, енді бірі \"эротикаға толы жалаңаштанған фильмді көрсету ұят\" десті. Тіпті Өзбекстанда бұл фильмді көрсетуге тыйым салынды. Неге? \"Анора\" қандай фильм? Бес бірдей \"Оскар\" сыйлығына лайық па? Информбюро тілшісі осы сауалдарға жауа іздеп көрді.\nСтриптиз-клубта биші болып жұмыс істеп, еркектердің көңілін табатын Анора бір кеште олигархтың ұлы Ванямен танысады. Ваня – 21-де, Эни болса – 23 жаста. Қыз Ваняға ұнап қалып, оны үйіне шақырады. Әке-шешесінің ақшасын шашып, тек көңіл көтерумен уақыт өткізетін жас жігіт Эниге Лас-Вегасқа ұшып кетейік деп ұсыныс жасайды. Эни келісіп, одан ақысын сұрайды. Вегаста жүргенде байдың ұлы Ваня Эниге үйленейік деп сөз салады. Кенет асып-тасқан өмірге тап болған Эни төрт қарат гауһар жүзік сұрап, тұрмысқа шығуға келіседі. Екі жас шағын шіркеуге барып неке қиған соң Нью-Йоркке оралады. Ұлының былығын естіген Захаровтар Ваняға бас-көз боп жүруге тиіс болған армян Торосқа мәселені шешуді тапсырады. Ваня мен Энидің үйленгені рас болып, Ваняның әке-шешесі дереу Ресейден АҚШ-қа ұшып келеді.\nӘке-шешесінің келе жатқанын естіген Ваня әйелі Эниді тастап, үйден қашып кетеді. Торостың екі жендеті Игорь мен Гарник қызды ұстап отырады. Торос келген соң төртеуі бірге Ваняны іздеуге аттанады. Жігіт барады-ау деген дәмханалар мен клубтарға кіріп, адамдардан сұрастырып шығады. Ақыр аяғында бұрын Эни жұмыс істеген клубтан табылады. Ішімдікке сылқия тойған Ваня есін білмейді. Эни сөйлесіп көрмек болғанымен одан түк шықпайды. Қарсы тараптың бар ойы – екеуін ажырастыру. Ал Эни Ваня өзін жақсы көреді, жауапкершілік алады деп ойлайды. Алайда ол күткендей болмай шығады. Әке-шешесін жек көретін, солардың айтқанына көніп, айдауымен жүретін, ересек адам боп шешім қабылдай алмайтын Ваняның есеймегенін, әлі бала екенін түсінеді. Олигархтар отбасы өзін қабылдайды деп ойлайды. Алайда Ваняның шеші оны \"жеңіл жүрісті\", \"жезөкше\" деп атап, бетіне салық қылып басады. Үндемей, сырттай бақылап жүрген Игорь ғана Эниді түсінуге тырысады. Ақыр соңында Эни мен Ваня ажырасып тынады. Ваня түк болмағандай еліне қайтады. Ертегіге сенемін деп опық жеген Эни үйіне оралады.\nРежиссер Шон Бейкер бұл фильмде ешкімге ақыл айтпайды. Мынау дұрыс, мынау бұрыс деп баға бермейді. \"Анора\" – бай мен жұмысшы таптың ара-жігін ашып көрсеткен туынды. Режиссердің секс-қызметкерлер туралы алғашқы фильмі емес. Бейкер фильмдерінде қарапайым адамдардың, маргинал қоғамның, иммигранттардың тұрмыс-тіршілігін баяндайды.\n\"Сегіз фильмім жарық көрді. Соның жетеуі – маргинал субмәдениет пен қоғам туралы. Америка арманына ұмтылатын, бірақ оған оңай жете алмайтын адамдардың өмірін көрсеткім келеді. Олар құжаты жоқ иммигранттар болсын, не болмаса өмір сүруге ақшасы болса да, әділетсіз стигмаға ұшыраған өмір салты бар шығар. Сол себепті оларға Америка арманына жетудің басқа жолын іздеуге тура келеді\", – дейді режиссер Шон Бейкер.\nӨзбекстан билігі бұл фильмді ел кинотеатрларынан және онлайн-платформалардан көрсетуге тыйым салды. Бас кейіпкер Анораның ұлты өзбек деп қабылдады. Кей медиа Анора Михееваны өзбек-америкалық деп қате жазды. Ал Шон Бейкер Анораның этникалық орыс және посткеңес елдердің бірінен екенін айтты. Анора тек өзбек қана емес, парсы тілінен шыққан тәжік есімі.\n\"Фильмдерімде ешқашан бұрын не болғанын ашып көрсетпеймін, өйткені оқиғалар дәл қазіргі сәтте болып жатады және көрермен де сол сәтті сезінсе деймін. Аздап өткеннен хабар беретін дүниелер бар. Анораның бірінші буын өкілі екенін түсінуге болады. Ол – этникалық орыс, посткеңес елдердің бірінен шыққан. Анасы Америкаға жасөспірім кезде не одан да кішкентай болғанда келген болуы керек. Энни болса отбасын асырап отыр\", – деді Шон БейкерNPR-геберген сұхбатында.\nКинотеатрлар желісінің иесі Фаррух Туляганов фильмді көрсеткісі келгенімен, оған тыйым салғанынайтқан. Ол фильмде халықтың намысына тиетін ештеңе жоқ екенін, билік рецензиялар мен синопсистерге сүйеніп шешім шығарған деп отыр.\nӨзбекстанның кинематография агенттігі \"Анораны\" өзбек халқының беделін түсіретін фильм деп таныған. Алайда фильм өзбек мәдениеті, менталитеті мен тарихы туралы емес. Анора өзін Эни деп атайды, ал тегі өзбек емес.\nЛитвада кинотеатрлар Украинаға болысып, \"Анора\" фильмін көрсетуден бас тартып жатыр. Оған себеп – ресейлік олигархтың баласы туралы сюжет пен орыстілді актерлердің ойнауы.\n– Екі-үш күннен бері бүкіл интернет \"Анора\" туралы шулап жатыр. Неге бұндай жеңіл фильм \"Оскар\" сыйлығын ұтып алды? Неге бұл картина Қазақстанда прокатқа шықпады? Тіпті фильм iPhone-ға түсірілген екен деген де сөздерді естідім.\nБіріншіден, фильм iPhone-ға түсірілмеген. Режиссер Шон Бейкерді көп адам осы фильм арқылы ғана танып отыр, алайда ол \"Анораға\" дейін де бірталай туынды жасаған. Атап айтсақ, 2015 жылы трансгендер жезөкшелер туралы \"Мандарин\" атты фильмі бір шулатты. Қаражаттың аздығынан Бейкер бұл фильмді iPhone 5S-ке түсірген. Содан кейін бұл туынды iPhone-ға толығымен түсірілген алғашқы атышулы фильм болып есептеледі.\nДиснейлендтің жанында тұратын кішкентай қыздың өмірі туралы \"Флорида жобасы\" деген керемет картинасы бар. Өте жарқын және жылы фильм. Анасы жезөкшелікпен айналысады. Бұл туындыдан кейін бұрынғы порноактердің өмірі туралы \"Қызыл зымыран\" деген фильмі шықты. Сондықтан Анора сияқты кейіпкерлер оған таңсық емес.\nАл қазір \"Анораны\" бәрі жамандап жатыр. Жезөкше мен байдың баласы туралы фильм қалай \"Оскарды\" жеңеді дейді. Бірақ бұл сыртқы қабат қана – фильмнің ішіне үңілсең көп зат табасың. Алдымен фильм неге әлемдегі ең беделді киносыйлықты жеңіп алды деген сұраққа жауап тауып көрсек.\nМатематикалық тұрғыдан алсақ, \"Анора\" жеңді, себебі ол жыл бойы бүкіл марапатты алды. 2024 жылдың басында әлемдегі ең беделді кинофестиваль – Канн кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Фестивальдің қазылар алқасының төрағасы Грета Гервиг фильмді 1939 жылғы америкалық классикалық комедия \"Ниночкамен\" салыстырып, фильмнің энергиясы бүкіл қазылар мүшесін жаулап алғанын атап өтті. Одан кейін қыста \"Оскар\" үшін талас басталғанда бұл фильм үшінші орында тұрған еді. Бірақ басты үміткерлер \"Эмилия Перес\" пен \"Бруталист\" өз кесірінен жарыс жолынан шығып қалды. \"Пересті\" режиссер мен басты актрисаның атышулы сұхбаттары құртса, ал \"Бруталист\" фильмді монтаждау кезінде жасанды интелект қолданғаны үшін сынға ұшырады. Осыдан кейін \"Конклав\" пен \"Анора\" алға шықты. \"Анора\" режиссерлер, продюсерлер және сценаристерге арналған өте маңызды Гильдиялардың сыйлығын жеңіп алды. Осының бәрі \"Анораның\" \"Оскардағы\" басты жеңісіне септігін тигізді.\nБұл – тәуелсіз кішкентай фильмнің жеңімпазы. Киноакадемия кейінгі жылдары осындай фильмдерге көп көңіл бөледі. \"Көшпенділер жері\", \"СОDA\", \"Бәрі барлық жерде және бірден\" дегендей. \"Анораның\" бюджеті 6 млн АҚШ доллары ғана. Бұл фильмнің режиссері Шон Бейкер өте қарапайым адам, әр фильміне әрең қаражат тауып жүрген суретші. Оның Карен Карагулян деген досы бар. Ол оның барлық фильміне түскен, себебі сонау студент кезден бері екеуі бірге жұмыс істеп келеді.\n\"Анора\" фильміне келсек, бұл – Күлшеқыздың (Золушка) заманауи интерпретациясы. 21-ғасырдың \"Красоткасы\". Жаңа заманға байланысты адами қарым-қатынастар да өзгеше. Армандар орындалмайды. Әлем – қатігез, ал ханзада – әлсіз, өтірікші. Басты кейіпкер қыз бүкіл фильм бойы ешкімге сенбейді, тек қорғанумен өтеді. Соңында ғана ашылып, өзіне жақын адамды табады. Фильм шын өмірде көп көріне бермейтін адамдардың өміріне терең үңілуге мүмкіндік береді. Бұл шедевр емес және \"Оскарды\" тек үздік туындылар алады деген ой да қате. Бұл – өте жақсы жасалған, түсірілген картина және ұтып алған барлық \"Оскарға\" лайық туынды\".\n– Кинорежиссер және сценарист Шон Бейкердің \"Анора\" фильмі \"Оскар\" алатындай сондай бір үздік өнер туындысы деп айта алмаймын. Оқиға желісі, сюжеті қарапайым, тіпті қарабайырлау десек те болатын шығар. Жаңалықты тағы байқамадым. Күнде болмаса да, жиі еститін оқиға. Әрине, айтар ойы бар, мән-мағына артуға тырысқан. Артистер де бірсыдырға ойнайды. Әрине, шынайы һәм сенімді шыққан. Бірақ өз рөлін жандырып жіберген артисті тағы байқамадым. Бәрі де кәдімгі ортаңқол артистер секілді көрінді. Әйтеуір, киноға да, артистердің ойынына да көңілім толған жоқ.\nСонда \"Жылдың үздік фильмі\", \"Үздік режиссер\", \"Үздік сценарий мен монтаж\", \"Үздік актриса\" аталымдары бойынша жеңімпаз атанған фильмнің құдіреті неде деп көп ойландым.\nЖиырма бірге келсе де ештеңе ойламайтын, ой-санасы жетілмей, адамдық тұлғасы дамымай, сәби қалпында қалып қойған ақымақтау Иван Захаровтың (бас кейіпкер) көркем бейнесін керемет сомдаған. Олигарх әкесінің ақшасын оңды-солды шашып, қызық қуып, көңіл көтерумен күн өткізетін шолжаң ұлдың іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан, тіпті сөйлеген сөзінен есірік жанның ерсіліктері көрініп тұрады. Ішімдік ішу, есірткіге елігу, жас баланың ойындарын ойнау, әрине, болашағы бұлыңғыр адамның ермектері екені бесенеден белгілі. Түнгі клубтардың бірінде жеңіл жүрісті Анора атты қызбен танысып, оны үйіне шақырады. Артынан оған ғашық болып қалады да, \"Маған күйеуге шық\" деп сөз салады. Екеуі үйленіп, неке қияды. Бұл жаңалықты естіген Иванның ата-анасы оларды ажыратуды ойластырады. Ақырында өздері келіп, ажырастырып, ұлдарын алып кетеді. Ал Анора жалғыз қалады.\nАмерикалық фильмдердің маған ұнамайтын бір жері, адам тәнін жалаңаштап, эротикалық көріністерді қымсынбай көрсетіп, ашық-шашық түсіретіні. Қазақ болғаннан кейін ғана емес, өзім де шығармашылық иесі болғандықтан жалпы осыны мүлде қабылдай алмаймын. Өйткені өнерде кез келген нәрсені ыммен-ақ түсіндіріп, ишарамен-ақ көрсетуге болады ғой. Жалпылай алғанда, өнерде ашық-шашықтан гөрі, ым мен ишаралардың әсерә күшті. \"Анорада\" осындай адам тәнін жалаңаштап, төсектегі эротикалық көріністерді көрсететін жерлері өте көп. Бәлкім, сонысымен аталмыш сыйлықты берушілердің талғамы мен талабын қанағаттандырып тұр ма екен? Кім білсін. Әйтеуір ғажап бір өнер туындысын көре алмадым. Тұшына алмадым, – деп жазды олFacebookпарақшасында."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qudaiga-zalbarynyp-otyryp-qaldym-zambyl-oblysy-turgyndary-zer-silkinisin-qalai-otkerdi-fotoreportaz", "title": "\"Құдайға жалбарынып отырып қалдым\". Жамбыл облысы тұрғындары жер сілкінісін қалай өткерді? Фоторепортаж", "text": "2025 жылғы 28 наурызда Жамбыл облысы Меркі ауылының тұрғындары5 балдық жер сілкінісінсезінді. Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында 4 балдық, Тараз, Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.\nЕкінші рет сол күні сағат 16 шамасындақайта жер сілкінді. Қазақстанның ТЖМ сейсмикалық станциялар желісінің мәліметтері бойынша, оның эпицентрі 5 километр тереңдікте орналасқан, ал магнитудасы – 5,7. Мерке тұрғындары қайтадан 5 балдық, ал көршілес елдімекендер әлсіз дүмпуді сезінген.\nInformburo.kzтілшілері табиғи апаттан зиян шеккен ауылдарға барып, мән-жайды тұрғындардан сұрап, барлығын өз көзімен көріп қайтты.\n64 жастағы Жаңа тұрмыс ауылының тұрғыныСерік ЖамалбековжұбайыБаян Серікқанменбірге сол түні үйде болған. Қария жер сілкінісін бірінші болып үйдегі мысық сездіргенін айтады. Кейін қатты дүмпуден қорқып еңбектеп далаға шыққан.\n\"Сол күні күн суық болды, жаурап үйге ерте келдім. Сағат үштерде ұйқым әбден қанып, ояу жатқанмын. Ал апаң далаға шығып кетті. Апаң қайтып келген соң, мысығымыз қатты мияулап жер сілкінісі болатынынан хабар берді бізге. Жер жәйлап дірілдеп бастап, үстімізге топырақ түскенде еңбектеп сыртқа шықтық. Адамның жаны тәтті ғой!\" – деп еске алды Серік Жамалбеков.\n\"Осы періште ғой бізді аман алып қалған! Осы періште мысығымызды суретке түсіріп алыңыздаршы. Осының арқасында тірі қалдық\", – деп жымиды Баян Серікқан мысығын нұсқап.\nСерік Жамалбеков тиісті мамандардың үйін келіп тексермегенін айтады.\n\"Басқа үйлерге мамандар кіріп көріпті. Апаң үйде болған, бірақ біздің үйге ешкім келмеді, ешкім қарамады. Өтірік айтып нем бар?! Жаппай емес, арасында бірлі-жарым үйлерге кірген сияқты. Ертесі елдің бәрі көшеге шықты, сол кезде үйлерінің жағдайы туралы сұрадық. Барлығы тамының жарылғанын айтып жатыр\", – деді қария.\nСондай-ақ, ол ескі үйлерге ғана емес, жаңадан тұрғызылған үйлерге де зақым келгенін айтады.\n\"Екі-үш үйден кейін жаңа үй тұр, оның да керегесі жарылды. Қазір күндіз үйінде адам жоқ, барлығы жұмыста. Тоқсандағы қариямен сөйлесе алмайтын шығарсыңдар. Сондай-ақ, көшенің басында тұратын Құрал деген азаматтың үйі жарамсыз болып қалды деп естідім, бірақ өз көзіммен барып көрмедім. Құралдың өзі балдақпен ақсап жүр. Әкімдіктегілер үйін жарамсыз деп танып, осы көшенің аяқ жағындағы бос үйге көшірді\", – деп бөлісті Серік Жамалбеков.\nҚос қария үйінің ішіндегі жарықтарды жөндеуге көмек сұрап отыр.\nЖұбайымен төрт немересін бағып отырғанСейсегүл Пирмановажер сілкінген кезде не далаға шығарын, не үйде қаларын білмегенін айтады. Себебі немерелері жауынның астында қалып ауырып қала ма деп қорыққан.\n\"Мен диванда жатқанмын, \"Құдай, Құдай!\" деп Құдайға сеніп жаттым десем де болады. Диван дүр еткен кезде диваннан құлап бастадым. Құдайға жалынып, қорқып отырып қалдым. Жатын бөлмеде жатқан балалар \"Апа, бірдеңке болып жатыр, қимылдап кеттік\" деп шулады. \"Қорықпаңдар, ештеңке болған жоқ\" деп жатқызып қойдым. Жолдасым сыртқа шығайық деді. Мен \"Жаңбыр құйып тұр, қайда шығасың? Балаларды шығарма, Құдай сақтасын\" дедім. Балалар да Құдайға жалбарынып отырды. Түнгі екі-үште оянып кететін әдетім бар еді. Мотор сияқты гүрілдеген дауыс естілгенде газ атылып кеткен шығар деп ойладым\", – деп баяндады апатты түнді Сейсегүл Пирманова.\nҚария да әкімдіктен көмек сұрап отыр.Себебі жер сілкінген кезде үйдің шатыры қозғалып, жаңбырдың суы үйдің ішіне аққан.\n\"Жатын бөлме мен басқа бөлмелердің топырағы түсіп кетті. Қорқып қалдық. Керегелер жарылған болатын, бізге келген адамдар \"Сіздікі қиын емес, оған ешқандай көмек берілмейді\" деп кетіп қалды. Бізге көмек қажет, үйдің сыртын көріп тұрсыздар, шатырды ауыстыру қажет. Жаңбыр жауса төбесінен су ағады. Оны айтып едік, \"Ол бұрыннан су ағып тұрған ғой\" деп кетіп қалды\", – деп налыды қария.\nЕкі рет инсульттен аман қалып, бүгінде балдақты серік еткенҚұрал Әжібаевбір түнде үй-күйсіз қалғанын айтады. Екі бөлменің төбесі опырылып түскен. Енді әкімдік көмегімен көшедегі бос үйге уақытша көшіп отыр.\n\"Төрдегі бөлмеде үш қызым жатты, ал әйелім ұлым үшеуіміз кіреберістегі бөлмеде ұйықтадық. Жер сілкінген кезде қыздарым жатқан бөлменің төбесі құлауға шақ қалды. Біз жатқан бөлменің төбесі де ішінара құлады. Барлығымыз жиналып бір бөлмеге жаттық. Далада жаңбыр жауып тұрды, қыздар жаурадық деген соң үйге кіруге мәжбүр болдық. Төрдегі бөлмеге кіруден қорықтық, себебі жер тағы қозғалса, түгелдей құлайын деп тұр. Облыс әкімдігінен де, жергілікті әкімдіктен де адамдар келді. Ауылдың әкімі таңғы сағат бесте хабарласып, \"Ойбай, амансыңдар ма?\" деп сұрады. Кейін сағат алты шамасында мертігіп қалмадыңдар ма деп үйге келді\", – деді Құрал Әжібаев.\nАры қарай ол облыс әкімдігі адамдарының үйді өз көзімен көріп, басқа үйге көшуге көмектескенін айтты.\n\"Қазір көшенің төменгі жағындағы көшіп барған үйде уақытша тұрып жатырмыз. Ол бір кісінің үйі. \"Үйдің төбесі құласа, өліп кетесіңдер\" деп ауыл әкімі біз барған үйдің иесімен өзі сөйлесіп берді, біз ешқандай ақша төлеп тұрып жатқан жоқпыз. Облыс әкімі үйдің тексерілетінін, құжаттардың Астанаға жіберілетінін, барлығын бұйрыққа сәйкес жасайтынын, үйді қалпына келтіретінін айтты. Яғни үй жөнделген соң қайтып көшіп келеміз\", – деді Құрал Әжібаев.\n55 жастағы қария осы күнге дейін денсаулық жағдайына байланысты үй ала алмағанын айтады. Төбесі құлаған үй марқұм ағасының әйеліне тиесілі.Қарағыз Әлімқұловаөз кезегінде күйеуі мен жалғыз ұлының қайтыс болғанын айтып,әкімдіктен жөндеу жұмыстарын назардан тыс қалдырмауды сұрады.\n\"Үй менің атымда, мен ешқайда кетпеймін. Қайда барамын, балам?! Марқұм күйеуімнің інісі болған соң отбасымен осы үйге кіргізгенмін. Жалғыз ұлым да қайтыс болып кетті, өзім қазір көршілердің үйіне кезек-кезек қонып жүрмін. Сырттағы бөлек тұрған бөлменің төбесі түгелдей опырылып түсті. Құралдар көбіне сол жерде тұратын. Сол түні апаттан зорға аман қалды. Өзім жесір әйелмін,сіздерден көмек сұраймын\", – деді Құрал Әжібаевтың жеңгесі Қарағыз Әлімқұлова.\n83 жастағыҰлбөбек Шолпанбаевада күйеуі мен жалғыз ұлының қайтыс болғанын, жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүргізу қиынға соғатынын айтады. Бүгінде келіні және жеті немересімен бірге тұрады.\n\"Үйім аман-есен, бірақ жер сілкінгенде қора-жайымның төбесі ортаға опырылып түсті. Шалым да, 45 жастағы ұлым да қайтыс болып кетті.Бізге көмек керек. Әкімдіктің адамдары \"Құлаған тамдарды ғана қараймыз, сізге қарамаймыз\" деді. Келіннің жұмысы жетіп артылады, үш немеремнің екеуі Алматыда, біреуі Таразда оқиды. Барлығын асырауға менің зейнетақым жетпей жатыр.Соған кішкене көмек сұраймын\", – деп өтінішін айтты Ұлбөбек Шолпанбаева.\nКөзбен шолып қарау нәтижелеріне сәйкес, Меркі және Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша 5 әлеуметтік және 12 жеке тұрғын үй нысаны жер сілкінісінен зардап шеккені анықталды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігі. Осы бес әлеуметтік нысанның бірі – Меркі ауылындағы 280 орындық \"Балдәурен\" балабақшасы, онда 70 қызметкер жұмыс істейді. Меңгеруші Эльмира Кәкібаева осы бүлдіршіндер мен тәрбиешілердің қайда барып орналасатынын және процестің қандай тәртіпте жүзеге асатынын түсіндірді. Себебі балабақша күрделі жөндеуден өтеді. Айтуынша, жұмыс уақытында баласын қалдыратын жері жоқ әке-аналарға басымдық беріліп, тәрбиешілердің жалақасы сақталады.\nАлдын ала зерделеу нәтижелеріне сәйкес, төменде көрсетілген нысандар жер сілкінісіне дейін айтарлықтай тозған немесе зақымданған.Барлық нысандар егжей-тегжейлі зерттеп тексеруді талап етеді.\n\"Аталған нысандар бойынша \"ҚазҚСҒЗИ\" АҚ мамандарымен егжей-тегжейлі зерттеп тексеру басталды, 8 сарапшы тартылды. Залалдың түпкілікті сомасы техникалық жай-күй туралы қорытындыға қол қойылғаннан және сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін айқындалатын болады. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, гидротехникалық құрылыстар және қауіпті өндірістік объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Жол коммуникациялары объектілерінде, темір жол жолдарында, шахталарда, өнеркәсіптік кәсіпорындарда зақымданулар мен қираулар жоқ. Зардап шеккен азаматтар жоқ\", – деді Жамбыл облысы әкімдігіндегілер.\nМеркі ауылындағы \"Балдәурен\" балабақшасының меңгерушісі Эльмира Кәкібаева 2-6 жас арасындағы280 баламен70 қызметкердіңқайда орналасатыны туралы айтып берді. 2025 жылдың 28 наурызында жер сілкінісі салдарынан ғимаратына зақым келген балабақша жарамсыз деп танылды. Яғни бүлдіршіндер мектепке дейінгі білім алуды жалғастыру үшін күрделі жөндеуден өтуі тиіс.\n\"2025 жылғы 28 наурызда жер сілкінісінің салдарынан балабақша керегелеріндегі жарықшалар ұлғайды. Алдында балабақша күрделі жөндеуден өтеді деп құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданған болатын. 2025 жылғы сәуірде осы сараптаманың қорытындысы шығады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құрылған жұмыс тобының шешімімен балабақша қызмет көрсетуді тоқтатты. Бүлдіршіндер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балалар толықтай таратылып, басқа бөбекжайларға орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Әке-анасы үйде қалдырғысы келген балалар үйінде қалады, ал басқа балабақшаға барғысы келетіндердің тізімі жасалады\", – деп түсіндірді Эльмира Кәкібаева.\nМеңгерушінің айтуынша, бүлдіршіндер тұрғылықты мекенжайына жақын балабақшаларға орналастырылады. Қазір Меркі аудандық білім бөлімімен бірге бос орындары бар балабақшалар тізімі жасақталып жатыр.\n\"Балаларды орналастыру бағытындағы жұмыстарды білім бөлімімен ақылдаса отырып жүргізіп жатырмыз. Бірінші кезекте ата-анасы жұмыс істеп, баласын үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ отбасыларға басымдық береміз. Бүлдіршіндерден бөлек тәрбиешілерді де уақытша басқа балабақшаларға орналастыру мәселесін қарастырып отырмыз. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметкерлер тиісті жалақасын алады\", – деп сендірді Эльмира Кәкібаева.\nӘкімдіктегілер де тиісті сараптама жүргізілген соң тұрғындарға көмек көрсетіліп, қираған ғимараттардың барлығы жөндеу жұмыстарынан өтетінін айтады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanda-el-azamattaryna-ortaq-adep-kodeksin-qabyldau-qazet-pe", "title": "Қазақстанда ел азаматтарына ортақ Әдеп кодексін қабылдау қажет пе", "text": "Қырғызстанда \"Ар-намыс кодексінің\" жобасы әзірленді. Бұл құжат қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік, өзара құрмет, қоғамдық мораль және отанға адалдық мәселелерін реттеуге бағытталған. Қазақстанда мұндай құжат жоқ, тек мемлекеттік қызметшілерге арналған ар-намыс кодексі қабылданған. Осы орайда, Қазақстанға осындай ұлттық деңгейдегі әдеп кодексі қажет пе? Информбюро тілшісі  сарапшылардың пікірін білді.\nҚұжат азаматтар, жастар, қоғам қайраткерлері және жалпы халық үшін моральдық стандарттар жиынтығы ретінде қызмет етуге бағытталған. Қырғызстан құжатында негізгі мақсаттар:\nӘлеуметтанушы, PhD докторы Эльмира Отардыңпікірінше, Қазақстанға да ұлттық деңгейдегі әдеп кодексі қажет. Ол тек қағазда қалмай, күнделікті өмірде көрінуі тиіс.\n\"Бұл құжат біздің көпұлтты, көпэтносты, көп дінді мемлекетімізді біріктіруге қызмет етеді. Қырғызстандық кодекс әлемдегі алғашқы құжат емес: Жапонияның моральдық партиясы, Сингапурдың Ұлттық құндылықтар бағдарламасы сияқты құжаттар бар. Жаһандану мен цифрландыру дәуірінде ортақ этикалық нормалар қоғамдағы біртектілікті сақтау үшін маңызды. Қазіргі кезде кей нормалар ұлттық дәстүрге сүйенсе, кейбірі шетелдік мәдениеттен үлгі алады. Бірыңғай бағыт жоқ. Сондықтан қоғамдық моральдық бағдарларды күшейту үшін Қазақстанға осындай кодекс қажет деп есептеймін\", – дейді әлеуметтанушы.\nСарапшы Қазақстанда жас-кәрі, қала-ауыл, орыс тілді-қазақ тілді, консерватор-либерал сияқты әртүрлі топтар бар екенін және олардың арасындағы алшақтық артып келе жатқанын айтады. Ортақ құндылықтар осындай кодекс арқылы қоғамдағы бөлінуді жұмсартуға ықпал етеді.\n\"Сонымен қатар, көпэтносты мемлекет ретінде ортақ моральдық-этикалық кодекс этностарды ортақ ережелерге, сыйластыққа біріктіре алады. Бұл құжат ұлттық бірлікті нығайтуға қызмет етеді. Сондай-ақ, цифрландыру мен жаһандану кейде әлеуметтік қақтығыстарға және агрессияға себеп болады. Осындай құндылықтық база бұл тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Жұмсақ құрал ретінде кодекс қоғамдағы агрессияны төмендетеді, адамдардың ой-санасын, адалдық, шыншылдық, әділдік, ұлттық мінез-құлықты жоғарылататын құрал бола алады\", – деді Эльмира Отар.\nСарапшының айтуынша, Қазақстанда жалпы ұлттық әдеп кодексі қабылданса, оны алдымен жастар, блогерлер, мемлекеттік қызметші емес мамандар, мәдениет және спорт саласының өкілдері сынды қоғамдағы жоғары топтарға бағыттау қажет.\n\"Жастар – оқушылар, студенттер, жұмысқа жаңа кірген мамандарға арнаудың маңызы – олар құндылықтарды осы кезеңде қабылдайды. Блогерлер мен инфлюенсерлер әлеуметтік желілерде ақпараттық күн тәртібін қалыптастырады, тіл мен мәдениетке тікелей әсер етеді. Кодекс журналистерге этикалық жауапкершілік мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді, ақпарат сапасын арттырады. Мемлекеттік қызметшілер, азаматтық белсенділер, спортшылар, мәдениет өкілдері – халыққа үлгі болатын тұлғалар. Білім беру мекемелері мен тәрбие орталықтары құндылықтарды балалар мен жастарға жеткізетін басты орта болып табылады. Мәдениет, туризм, қызмет саласындағы тұлғалар күнделікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады\", – дейді маман.\nАлайда Эльмира Отар моральдық құжат міндетті заңдық құралға айналса, әкімшілік бақылауға ұшырауы мүмкін екенін ескертеді.\n\"Егер кодекс міндетті заңдық құралға айналса, әкімшілік бақылауға айналу қаупі бар. Моральдық құжат ерікті болып қалуы тиіс, әйтпесе формализм мен цензура күшейуі мүмкін. Заң күшіне енгізілсе, оны бұзғаны үшін жазалау механизмін қосу мүмкіндігі, саяси құралға айналу қаупі де бар. Тек саяси идеология ретінде қызмет етсе, формализмге ұшырауы мүмкін. Цензура күшейуі ықтимал. Сонымен қатар гетерогенді қоғамда әр топтың мүддесі мен ерекшеліктері ескеріліп, теңгерімді болу қажет. Бұл құжаттың пайдасы – ортақ құндылықтарды түсіндіру, қоғамдық поляризацияны жұмсарту, тәрбиелік функция арқылы ұлттық бірегейлікті нығайта түседі\", – дейді сарапшы.\nЗаңгер Ғабдул-Ғани ӘбутәліпҚазақстанда әдеп, ар-намыс және қоғамдық мораль мәселелеріне қатысты кейбір нормалар Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінде қарастырылғанын айтады. Бұл ережелер көбінесе нақты құқықтық жауапкершілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзу, қоқан-лоққы көрсету сияқты әдепке қарсы әрекеттер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.\nАл жалпы халық үшін әдеп-ар-намысқа қатысты тікелей заңдық міндет жоқ, тек моральдық және мәдени нормаларға сүйену ұсынылады.\nЗаңгердің пікірінше, ұлттық деңгейдегі әдеп кодексін енгізу тек қағазда қалмай, қоғамдағы моральдық нормаларды нығайтуға бағытталып, әкімшілік құқықтық санкциялармен шатастырылмауы керек.\n\"Яғни, мұндай құжат қабылданса, ол ерікті моральдық стандарт ретінде қызмет етуі тиіс. Заңдық міндетке айналдырылса, формализм мен саяси ықпалға ұшырау қаупі бар\", – дейді заңгер."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qurmet-pe-piar-ma-sportsylarga-syi-siiapat-zasau-nege-trendke-ainaldy", "title": "Құрмет пе, пиар ма? Спортшыларға сый-сияпат жасау неге трендке айналды", "text": "Соңғы уақытта спортшыларға қымбат сыйлық – көлік, пәтер, ақшалай сыйақы табыстау үрдіске айналып барады. «Қайрат» футбол клубының қақпашылары Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке автокөлік табыстағаны да жұрт назарын аудартты. Бірі мұны жастарды ынталандыру десе, енді бірі спорт пен меценаттықтың шекарасы бұзылып барады деп алаңдайды. Жалпы, бұл қаншалықты дұрыс? Меценаттардың жарнамасына айналып кеткен жоқ па? Informburo.kz спорт сарапшыларының пікірін білді.\n– Спортшыларға жеке компанияның немесе меценаттардың сыйлық беруін құптамаймын. Себебі мұндай қадам спортшыны менмендікке, былайша айтқанда, жұлдыз ауруына соқтыруы мүмкін. Оның үстіне, бұл екі қақпашы автокөлік алатындай, ерекше атап өтетіндей ешқандай жетістікке жете қойған жоқ.\nКез келген нәрсенің екі ұшы бар. Сол сияқты Шерхан мен Темірланға жасалған демеушілік жағдайын қарасақ, пайдасымен бірге зиянын да көруге болады. Бір жағынан, меценат көлік сыйлап, жанкүйерлердің эмоциясына әсер етті, өзінің де атын, компаниясының беделін жарнамалады. Бірақ, екінші жағынан, қақпашылар материалдық тұрғыда байығанымен, командасындағы абыройын, жалпы ойынға деген көзқарасын біршама жоғалтып алды. Футбол – командалық спорт, мұнда бір ойыншыны бөліп-жару, батыр етіп көрсету – әділетсіз. Мәселен, егер \"Қайрат\" \"Селтикке\" қарсы матчта пенальтиге жетпей жеңіліп қалғанда, Темірлан Анарбеков \"қаһарман\" ретінде танылмас еді. Өйткені сол ойында бүкіл команда қорғаныста бар күшін салды, ал шешуші сәтте қақпашы өз міндетін орындады. Бұл – ортақ еңбек, ортақ жеңіс.\nЖалпы, спортшыларға жеке сыйлық таратып, әр жеңістен кейін қомақты ақша үлестіруге қарсымын. Себебі материалдық тұрғыда тоқтаған спортшының жеңіске деген аштығы жоғалады. Ал нағыз спортшы жеңіске аш болғанда ғана үлкен мақсатқа ұмтылады. Бұрын талай спортшы Олимпиада чемпионы атанып, мемлекеттен 250 мың доллар алуды армандайтын. Ал қазір кейбіреулер бір жарыстан-ақ сол сомаға жетеғабыл ақша алып жатыр. Кейінгі Олимпиадаларда алтынсыз қалғанымыздың бір себебі де осы ма деп ойлаймын.\nБір ғана мысал, Ризабек Айтмұхан деген балуан еркін күрестен алғаш рет әлем чемпионы атанғанда көптеген меценат оны көтермелеп, түрлі сыйлық ұсынды. Бірақ содан кейін ол ірі жарыстарда жүлде алуды қойды. Міне, марапаттың спортшыға берген \"пайдасы\". Сондықтан қос қақпашымызды қатты еркелетіп, жұлдызын өшіріп алмасақ екен деймін. Әйтпесе екеуі де – таланты, болашағы бар жігіттер.\n– Мен бұл мәселеге біржақты көзқарас ұстана алмаймын. Өйткені медальдің екі жағы болса, бұл мәселенің үш-төрт жағы бар сияқты. Бір жағынан, спортшыларға сыйақы беруді қолдаймын. Бірақ ол тең дәрежеде, әділ түрде болғаны дұрыс. Біреуіне көбірек, біреуіне азырақ емес, барлығына бірдей берілуі керек.\nМысалы, біз соңғы жылдары Олимпиадаға жолдама алған спортшыларды да чемпион болғандай күтіп алып, сыйлық беріп жатырмыз. 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысу лицензиясын алған спортшыларға пәтер, көлік, ақша бердік. Бұрын мұндай құрмет тек чемпионаттан медаль алып келгендерге көрсетілетін. Бұл еліміздегі спорт деңгейінің төмендеп бара жатқанын білдіреді.\nКешегі Шерхан мен Темірланға көлік берген кәсіпкерлерге де қарсы емеспін. Бірақ бұл жерде олардың өздеріне ұпай жинап алғанын да мойындау керек. Мүмкін Тұрсын Алагөзовтің жомарттығы, әлеуметтік желідегі белсенділігі әсер еткен шығар. Немесе \"Қайраттың\" Чемпиондар лигасына шығуы себеп болған болар. Қалай болғанда да, қазақтың балалары көлік мініп жатса, қуанамын.\nАлайда басқа спорт түрлеріндегі жағдай бөлек. Мысалы, боксшылар алтын медаль әкелген соң халықаралық федерациялардан, жеке демеушілерден 100 мың доллар көлемінде сыйақы алып жатыр. Президент қабылдады, министр құрмет көрсетті. Ал грек-рим күресінен 26 жылдан кейін алтын алған Айдос Сұлтанғалиды ешкім қабылдаған жоқ. Федерация да үнсіз қалды. Бұл – үлкен олқылық. Президент қабылдауын ұйымдастыру, құрмет көрсету де федерацияның жұмысы еді. Сондықтан мәселе тек сыйлық беруде емес, федерациялардың белсенділігінде. Егер әр спорт федерациясын шын жанашыр, спортқа адал адамдар басқарса, демеушілер де тартылады, сыйақы беру механизмі де өздігінен реттеледі.\n\"Спортты қолдаймыз ба, әлде спортшыны ма?\" деген сұраққа келсек, спортты қолдау – өте кең ұғым. Бізде Қайрат Боранбаев, Тимур Тұрлов сияқты ірі кәсіпкерлер қазақтар басым спорт түрлеріне келе бермейді. Ал күрес, бокс, дзюдо сияқты дәстүрлі спорттарға орта деңгейлі кәсіпкерлер ғана назар аударып жүр.\nСпортшыны қолдаған жөн, бірақ қолдау жүйелі түрде болуы керек.Үлкен компаниялар мен алпауыт кәсіпкерлерді спортқа тарту үшін спорт министрлігі нақты жұмыс істеуі тиіс.\n– Атлеттер – кәсіби спортқа өмірін арнаған жандар. Балалық және жастық шақтағы құрдастары көретін қызықтың бәрінен бас тартып, күндерін жаттығу залы мен жарыстарда өткізеді. Спортшылардың көбі біреуге тым қарабайыр көрінуі мүмкін: \"елімнің атын танытсам\" деген арманмен өмір сүріп, сол жолда көп нәрсені құрбан етеді. Олардың көпшілігі – шын патриот. Патриоттығының көрінісі – халықаралық аренада Қазақстан атынан жүлде алып, көк байрақты желбіретуі.\nҮлкен жеңістен кейін халықтың өз батырын қошеметпен қарсы алуы – біздің салтымызға сай дүние. Бұл – спортшыны да жігерлендіре түсетін сәт. Қымбат сыйлықтар алып жатса да, еңбектің ақталғаны. Спортшылардың көбісі (әсіресе жекпе-жек түрлері) қарапайым отбасылардан шығады. Олар \"әке-шешеме үй салып берсем\", \"отбасым уайым-қайғысыз өмір сүрсе\" деген перзенттік парызбен еңбектенеді. Ал әлеуметтік мәселелері толық шешімін таппаған спортшыларға жоғары деңгейде жаттығу жасау да қиынға соғады.\nДегенмен, ресми ұйымдардан тыс жеке тұлғалардан сыйлық алуда спортшылар сауаттылық танытуы керек деп ойлаймын. Әсіресе, миллиондаған аудиторияға жария етіп берілетін сыйлықтарға қатысты. Әрине, жақсы пиғылмен сыйлық жасайтын меценаттар өте көп, дегенмен сыйлығы үшін өз имиджіне әсер етуді сұрайтын сәттер де туындауы әбден мүмкін. Сондықтан, спортшылармен, командалармен осы салада білімі бар менеджер жұмыс істегені абзал."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/taiau-sygystagy-sogys-elge-qaita-almai-qalgan-qazaqstandyq-turisterdin-zagdaiy-qalai", "title": "Таяу Шығыстағы соғыс: Елге қайта алмай қалған қазақстандық туристердің жағдайы қалай", "text": "АҚШ пен Израиль әскери күштерінің Иранға жасаған әуе шабуылдарынан соң Таяу Шығыстағы әуе кеңістігі жабылып, үшінші күн қатарынан жүздеген рейс тоқтатылып, мыңдаған рейс кейінге шегерілді. FlightAware мәліметінше, бүгін таңертең 1239 рейс тоқтатылса, 28 ақпанда шамамен 2800 рейс, ал жексенбіде 3150-ден астам рейс тоқтатылды.\nТаяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуінен Біріккен араб әмірліктері, Катар секілді елдерде саяхаттап жүрген Қазақстан азаматтары елге қайта алмай отыр. Информбюро порталы олардың жағдайы қалай екенін, қандай көмек көрсетіліп жатқанын баяндайды.\n28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп 8 минуттық мәлімдемесінде Тегеранды ядролық бағдарламаны дамытып жатқаны үшін айыптап, Иранға қарсы \"ірі әскери операция\" басталғанын жариялады. Трамптың сөзінше, операцияның мақсаты – \"Иран режимінен төнген қатерге төтеп беру\". Операция салдарынан Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапты.\nАймақтағы шиеленіс Парсы шығанағы елдеріне де әсер етті. Шабуылға жауап ретінде Иран Израильмен қатар АҚШ әскери базалары орналасқан Қатар, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктеріне баллистикалық зымырандар жіберді. Жарылыс жаңғырығы Кувейтте де естілді.\nӘлемдегі ең қарбалас халықаралық әуе торабы Дубай үшінші күн қатарынан жабылды. Абу-Даби мен Доха да жабылып, қатаң шектеулер енгізді. Flightradar24 мәліметінше, дүйсенбіде Иран, Ирак, Кувейт, Израиль, Бахрейн, БАӘ және Катар үстіндегі әуе кеңістігі іс жүзінде бос қалды. 2020 жылы коронавирус пандемиясынан бері дәл мұндай жағдай болмаған еді.\nДубайда орналасқан Emirates Airlines, Абу-Дабиде орналасқан Etihad Airways және Дохада орналасқан Qatar Airways әуе компаниялары жүздеген рейсін тоқтатты.\nСарапшылар Парсы шығанағындағы үш ірі транзит хабының бір уақытта жабылуымен қоса осы аймақтағы әуе кеңістігінің бір тәуліктен астам уақытқа жабылуы секілді дәл мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған деп отыр.\nAtmosphere Research Group президенті, әуе саласының талдаушысы Генри Хартевелдт саяхатшылар таяу күндері шабуылдар тоқтамайынша рейстердің кейінге шегерілуіне, тіпті тоқтатылуына дайын болуы керек екенін ескертті.\nҚазіргі таңда бұл аймақтан кеткісі келетіндер үшін Сауд Арабиясы ғана жалғыз нұсқа болып отыр.\nҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдіріп, хат жолдады. Мемлекет басшысы достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті батыл айыптайды.\n\"Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды\", – делінген хатта.\nТаяу Шығыс елдерінде жүрген Қазақстан азаматтарына көмек беру мақсатында сыртқы істер министрлігі жетекшілік ететін арнайы мониторинг тобы құрылды. Қазақстанның Тегерандағы Елшілігі Ирандағы қазақстандықтар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желісін іске қосты. Сыртқы істер министрлігі азаматтарға адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға, қажетсіз сапарларды шектеуге және дипломатиялық өкілдіктермен тұрақты байланыста болуға кеңес берді.\nҚазақстанның шетелдегі мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, азаматтарға қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Таяу Шығыс елдерінде, сондай-ақ транзиттік аймақтарда жүрген азаматтардың тізімдері өзектендіріліп жатыр. Мессенджерлерде жедел чаттар құрылып, өзекті сұрақтарға жауаптар және елдегі жағдай туралы ақпарат және тиісті ұсыныстар беріліп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік органдарының талаптары мен ұсынымдарын сақтауға, қатерлі аймақтардан аулақ болуға, сондай-ақ енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз\", – делінген СІМ хабарламасында.\nСІМ-де және шетелдегі мекемелерінде шұғыл байланыс желілері ашылды. Қақтығыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарының саны туралы ақпарат нақтыланып жатыр. СІМ мәліметінше, транзиттік аймақтарда жүрген азаматтардың нақты санын атау қиын.\nҚР дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері туристік компаниялармен бірлесе, әуежайлар мен транзиттік аймақтарда жүрген азаматтарды орналастыру мәселелерінде қолдау көрсетіп жатыр. Қазақстан азаматтарын қақтығыс аймағынан шығару бойынша шаралар мен бағыттар пысықталуда.\n\"Туристік Қамқор\" тур сатып алып, БАӘ мен Катарда жүрген туристердің санын мәлімдеді.\n\"2 наурыздағы жағдай бойынша Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты бірқатар әуе компанияларының рейстері тоқтатылды. Қазақстандық туристер Парсы шығанағы аймағында әуе кеңістігі ашылғанға дейін осы елдерде болуға мәжбүр. Туркоды бар қазақстандық туристер қонақүйлерге орналастырылып, оларға тамақтану ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта БАӘ-де – 2 540 турист, Катарда 1 061 турист бар\", – деп мәлімдеді \"Туристік Қамқор\".\nТуроператорлар арқылы, яғни туркодпен шыққан қазақстандықтар қонақүйлерге орналастырылған. Оларға тұру және тамақ шығындары төленеді.\nСыртқы істер министрлігі Иран аумағында уақытша немесе тұрақты негізде жүрген Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қажет екенін ескертеді. Осыған байланысты мыналарды қатаң сақтауды сұрайды:\nҚазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосты:\nСол жақта жүрген азаматтар консулдық көмекке жүгіну үшін осы нөмірлерге хабарласып, орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.\n\"Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран мен Әзербайжан, Иран мен Армения, Иран мен Түркия және Иран мен Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау мақсатында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз\", – делінген хабарламада.\nКөлік министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты жедел штаб отырысын өткізді. Штаб құрамына Азаматтық авиация комитетінің, \"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі\" АҚ, \"Қазаэронавигация\" РМК, Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT және Vietjet Қазақстан авиакомпанияларының өкілдері кіреді. Отырыс барысында Таяу Шығыс елдеріндегі ағымдағы жағдай, тоқтатылған рейстердің жолаушыларын қолдау шаралары, әуе компанияларының баламалы және қауіпсіз авиамаршруттарды пайдалана отырып, жолаушыларды Қазақстанға қайтару жөніндегі жоспарлары талқыланды.\n\"Қазіргі уақытта Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливан әуе кеңістігі жабық немесе тұрақсыз жағдай сақталып отыр. Осы елдерден Қазақстанға 28 ақпанда 14 рейс және 1 наурызға 12 рейс тоқтатылды\", – деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.\nШектеулі рейстер орындалып жатқан елдер бойынша мониторинг нәтижелері, аталған мемлекеттердегі жолаушылар саны, оның ішінде ҚР азаматтарының жағдайы да штаб отырысында қаралды. Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын алып келу үшін баламалы әрі қауіпсіз әуе бағыттары қаралып, әуе кеңістігі ашылған жағдайда әуе компаниялар әуе кемелерін ұсынуға және кері рейстерді орындауға дайын екенін мәлімдеді.\nКей азаматтар шетелге турды банк қосымшалары арқылы алады. Осы орайда Kaspi.kz Kaspi Travel арқылы тур немесе барып қайтуға ұшақ билетін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол жерде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттерге материалдық көмек көрсететін мәлімдеді.\nСол өңірде мәжбүрлі түрде болған кезеңде Kaspi Gold-қа күн сайын әр ересек адамға – 35 мың теңге, әр балаға 15 мың теңге материалдық көмек аударылады.\nAir Astana Таяу Шығыс елдеріне барлық рейстің мәжбүрлі түрде уақытша тоқтатылуына байланысты Доха, Дели және Дубайда қалып қойған 735 жолаушыны қонақүйге бір тәулікке тегін орналастырды.\nЖолаушыларға жедел көмек көрсету мақсатында \"Авиациялық әкімшілік\" АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ұйымдастырылды: +7 7172 77 98 21, +7 7172 79 82 13, +7 7172 79 82 14.\nРейс мәртебесін білу үшін мына нөмірлерге хабарласу қажет:"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstanda-komirtekti-eginsilikke-basymdyq-berilmek-ol-tozgan-zerlerdi-qunarlandyrady", "title": "Қазақстанда көміртекті егіншілікке басымдық берілмек. Ол тозған жерлерді құнарландырады", "text": "Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, топырақты қалпына келтіру үшін қарқынды түрде көміртекті егіншілікті енгізеді. Осы орайда көміртекті егіншілік дегеніміз не, оның қандай пайдасы бар және бұл бастаманың қалай жүзеге асатыны туралы ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіруші маман Мұрат Асанов пен Орман өсімдіктерін өсірумен айналысатын маман Жеңіс Рахатай айтып берді.\nКөміртекті егіншілік – ауыл шаруашылығы жүйесінде көміртек балансын оңтайландыратын әдістер жиынтығы. Маман Мұрат Асановтың айтуынша, бұл тәсіл негізінен көміртек sequestration (сіңіру) және эмиссияны азайту принциптеріне негізделген. Яғни өсімдіктер арқылы топыраққа көміртекті сіңіріп, оны ұзақ уақыт сақтау технологиясын пайдаланады.\nБұл әдіс келесі тәсілдер арқылы жүзеге асады:\n\"Көміртекті егіншілік – болашақтағы тұрақты ауыл шаруашылығының бір бағыты. Бұл тәсіл табиғатты қорғап қана қоймай, фермерлерге де экономикалық пайда әкеледі. Қазақстанда да осы технологияны енгізу арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің экологиялық тұрақтылығын арттыруға болады. Қазіргі кезде көптеген ел көміртекті егіншілікке көшу арқылы өзінің ауыл шаруашылығын экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді етуге ұмтылып отыр. Сондықтан бұл әдіс еліміз үшін де үлкен мүмкіндік болмақ\", – деп түсіндірді ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіруші маман Мұрат Асанов.\nБакуде өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясында әлем елдері климаттық өзгерістермен күрес жолдарын талқылаған болатын. Осы конференцияда Қазақстан көміртекті егіншілікті дамыту туралы жаңа бастама көтерді. Бұл бастама арқылы Қазақстан климаттық өзгерістердің әсерін азайтуға және тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған шешімдерді ұсынуды мақсат етті. Еліміздің ұсынысы басқа қатысушылар тарапынан қолдау тауып, көміртекті азайту жолында халықаралық деңгейде жаңа серіктестіктердің қалыптасуына септігін тигізеді деп болжанды.\nПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясында орнықты ауыл шаруашылығына көшудің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Ол ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту арқылы климаттың өзгеруіне қарсы күреске үлес қосуға шақырды. Мұндай қадамдардың болашақ ұрпақ үшін экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі зор екендігін айтты.\nМемлекет басшысы еліміздің ауыл шаруашылығында \"көміртекті егіншілікті\" енгізу мүмкіндіктерін ерекше атап өтті.200 миллион гектарауыл шаруашылығы алқаптарына ие болып отырған Қазақстан тұрмыстық және аграрлық өндіріс әдістерін шығарындыларды азайту және топырақ сапасын жақсартуға пайдалану үшін қолайлы алаң ретінде қаралып отыр. Осы орайда,мемлекет басшысы аграрлық сектордағы осы әлеуетті зерделеп, оны тиімді пайдалану мақсатында мүдделі тараптарды бірлескен жұмысқа шақырды. Бұл қадам экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолдарын іздестіру бағытында маңызды кіріспе болды.\nБұдан бөлек Қазақстандағы көміртекті егіншілік тақырыбында өткен сайд-ивентте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев маңызды пікірін бөлісті. Ол өзінің кіріспе сөзінде көміртекті егіншілікті енгізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл әдіс Қазақстанда көміртегі шығарындыларын азайтып, тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер әлем назарында болғандықтан, Қазақстан да өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетіп отыр. Көміртекті егіншілік арқылы елдің ауыл шаруашылығы секторы қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тұрақты тәжірибелерді қолдана отырып, өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.\nҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Темірхановтың айтуынша, бұл бастама ауыл шаруашылығы саласында жаңашылдық енгізіп, экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен парниктік газдардың шығарылуын азайтуға бағытталған.\nМұрат Темірхановтың сөзінше, көміртекті егіншілік әдісін пайдалану топырақ құрамын жақсартып, өнімділікті арттырады. Сонымен қатар, бұл тәсіл Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болып табылады. Елдің ауыл шаруашылығы саласына енгізілетін технологиялар мен үкіметтің қолдау шаралары болашақта тұрақты және тиімді егіншілік жүйесін қалыптастыруға көмектеседі.\n\"Қазақстанда көміртекті егіншілікті дамыту үшін жаңа технологиялар ғана емес, сонымен бірге елеулі заңнамалық өзгерістер де қажет. Бұл салада сәтті алға жылжу үшін кешенді тәсіл керек, оның ішінде экологиялық стандарттарды енгізу, инновациялық әдістерді қолдану және тиісті инфрақұрылымды құру маңызды. Сонымен қатар, бұл бағытта халықтың санасын көтеріп, тұрақты және экологиялық таза егіншілік тәжірибелерін кеңінен насихаттау қажет\", – деді Орман өсімдіктерін өсірумен айналысатын маман Жеңіс Рахатай.\nҚазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда мемлекетке 12,2 миллион гектар жер қайтарылған. Бұл жерлердің5,3миллион гектары қайта бөлініп,2миллион гектары халықтың ортақ пайдалануы мен қоғамдық жайылымдар үшін ұсынылған. Осы шара тұрғындардың мал жаюға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға және ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етуге бағытталған.\n\"Аталған шаралар аймақтардағы жер тапшылығын төмендетіп, ауыл шаруашылығының дамуына оң ықпал етеді. Жер ресурстарын тиімді басқару арқылы ауылдық жерлерде халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға, олардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік жасалады. Нәтижесінде, бұл бастамалар ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына үлес қосып, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға көмектеседі\", – дейді маман Жеңіс Рахатай.\nМинистрлік мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында айтарлықтай белсенділік байқалуда. Осы жылдың өзінде64,4 мыңгектар жер игеріле бастады, бұл ауыл шаруашылығының дамуына серпін беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, игерілмеген немесе тиімсіз пайдаланылған жерлер бойынша құқықтық шаралар қолға алынып,64,8мың гектар жерді мәжбүрлеп қайтарып алу процесінде сот процестері жүруде.\nАуыл шаруашылығы жерлерінің тозуы қазіргі уақытта өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы өнімділігін төмендетіп, экожүйеге кері әсерін тигізуде.\nОсыған байланысты ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, шамамен 29,9 миллион гектар немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының 14 пайызы эрозияға ұшыраған. Бұл мәселенің шешімі ретінде жерді тиімді басқару, топырақты қалпына келтіру және экологиялық тұрақты әдістерді енгізу арқылы жерлердің тозуын тоқтату және оның құнарлылығын арттырудың маңыздылығы атап өтілуде. Сонымен қатар, фермерлерді заманауи ауыл шаруашылығы технологияларымен қамтамасыз ету де маңызды қадам. Бұл шаралар тек ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ықпал етеді.\nТопырақтың тұздануы ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігінің төмендеуіне және жалпы тозуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл мәселе ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай ықпал етіп, өндірілетін өнімнің сапасы мен мөлшеріне кері әсерін тигізуде. Топырақтың тұздануынан туындаған мәселелерді шешу үшін кешенді шараларды қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Солардың ішінде жерді ұтымды пайдалану және қорғауға бағытталған заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу маңызды болмақ. Мұндай шаралар топырақтың құнарлылығын арттырып, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына септігін тигізеді.\n\"Ауыл шаруашылығы саласында қазіргі таңда топырақ құнарын арттыру және агротехнологияларды тұрақты түрде енгізу басты бағыттар ретінде анықталған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі бұл процестердің бір-бірімен тығыз байланысты екенін және оларға жүйелі шешім қажет екенін ерекше атап өтті. Бұл бағыттар арқылы ауыл шаруашылығының тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру көзделуде, соның ішінде топырақтың құнарлығын сақтау мен жаңашыл агротехнологияларды ендіру негізгі мақсаттар болып табылады. Осылайша, заманауи әдістерді қолдану арқылы өнім өндіру сапасы мен көлемін жақсарту және қоршаған ортаға кері әсерді азайту мүмкіндіктері қарастырылып отыр\", – деп түсіндірді министрліктегілер.\nӘлемдік деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру маңызды болып отыр. Бұл мақсатта инновациялық әдістер мен технологияларға ерекше назар аударылуда. Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру және экологиялық тұрақтылықты сақтау үшін қабылданған қадамдар саланың тиімділігін арттырып, ел экономикасының дамуына оң ықпал етуі мүмкін. Инновациялар арқылы ресурс үнемдеу, өнімділікті арттыру және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту мүмкіндіктері қарастырылуда, бұл өз кезегінде жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі.\nБылтыр Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024-2030 жылдарға арналған маңызды стратегия әзірледі, оның негізгі мақсаты – топырақтың құнарын қалпына келтіру және агротехнологияларды тиімді енгізу болды. Жол картасы Қазақстанның әрбір өңірінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жасалып, елдің барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шараларды іске асыруды көздейді. Бұл стратегия ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін әзірленген. Сонымен қатар, жаңа агротехнологияларды қолданысқа енгізу арқылы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыру жоспарлануда. Осылайша, ұзақ мерзімді перспективада ауыл шаруашылық секторын жаңғырту арқылы Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесін ұлғайтуды мақсат етеді.\n\"Жаңа Бюджет кодексіне сәйкес, жайылымдарды қалпына келтіру мен сақтау шараларын қаржыландыру мақсатында аудандық бюджеттерден қаражат бөлінетіндігі туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Аудандық деңгейдегі қаржыландыру жергілікті билік органдарына осы салалардағы бастамаларды қолдап, қажетті инфрақұрылымды жетілдіруге мүмкіндік береді. Ауылдық аймақтардағы жергілікті экономика мен қоғамның дамуына үлес қоса отырып, бұл өзгеріс Қазақстанның экономикалық және экологиялық саясатына оң әсер етуі мүмкін\", – деді министрліктегілер.\nБұл өзгеріс жол картасында көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті қаржылық қолдауды қамтамасыз етумен қатар, топырақтың құнарлылығын жүйелі түрде арттыру үшін құқықтық негізді қалыптастырады. Осы арқылы аграрлық секторда тұрақты даму мен тиімділікті арттыруға бағытталған қадамдар нақтыланып, осы саладағы маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл шаралар аграрлық индустрияның ұзақ мерзімді даму перспективасын қамтамасыз ете отырып, шаруалардың еңбек өнімділігі мен жерді пайдалану тиімділігін елеулі түрде көтереді. Сонымен қатар, бұл қадамдар экологиялық тұрақтылықты сақтауға және болашақ ұрпаққа тиімді пайдалану үшін жер ресурстарын қорғауға септігін тигізеді."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ulan-gazetine-95-zyl-balalar-zurnalistikasy-qalai-damyp-zatyr", "title": "\"Ұлан\" газетіне – 95 жыл. Балалар журналистикасы қалай дамып жатыр", "text": "Биыл республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған \"Ұлан\" газетіне 95 жыл толып отыр. 1930 жылдан бері \"Пионер\", \"Октябрь балалары\", \"Қазақстан пионері\" деген атаумен шығып, кейін \"Ұлан\" деген атқа ие болған басылым балалар журналистикасы мен әдебиетінің дамуына үлес қосып қана қоймай, қашан да жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін оқу құралы болды. Кемел Тоқаев, Сейдахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Сұлтан Қалиұлы сынды ақын-жазушылар, журналистер бас редакторлық қызмет атқарып, қалам ұстаған жас буынға бағыт-бағдар беріп, қанатын қатайтты. Мыңдаған бала \"Ұланға\" хат жазып, жауабын асыға күтті. Осынау ғасырға жуық уақыт аралығында басылым жас оқырманның досы, сырласы, ақылшысы бола білді.\n\"Ұланның\" 95 жылдығы Алматыдағы Ұлттық кітапханада аталып өтті. Мерейтойға газеттің бұрынғы бас редакторлары, әр жылдары газетке хат жазып, журналистік жолын осы басылымнан бастаған журналистер, газеттің бұрынғы-қазіргі жас тілшілері және мектеп оқушылары қатысты.\nОсы орайда Информбюро порталы \"Ұлан\" газетінің балалар журналистикасындағы рөлі мен жас буынға ықпалын саралап, технология қарыштап дамыған заманда балаларды рухани байытатын кітап пен газет оқуға қалай тартуға болады деген сұраққа жауап іздеді.\nДихан Қамзабекұлы,\"Қазақ газеттері\" ЖШС бас директоры:\n– Үлкен классиктерімізден бас­тап, кешегі-бүгінгі қазақ ой-парасатының, педагогика, психология, әлеуметтік ғылымдар салаларының жетегінде жүрген шығармашыл азаматтар осы \"Ұланның\" шекпенінен шықты. Бұл – біз үшін мәртебе. 95 жыл бір қарағанда үлкен абыз аталарымыздың ғұмыры секілді. Бірақ біздің \"Ұлан\" бүгінге дейін қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді. 1930 жылдары газет алғаш шығып жатқан кезде Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары түрмеде отырды. Олардың ішінде Мағжан да, Жүсіпбек те бар еді. Олар өздері қызмет еткен жердің бәрінде де балаларға байланыс­ты, оларды ағартуға бағыттайтын ауқымды міндеттерді ойға алды. Басылым сол арыстардың арманын жалғады. Ақаңның соңғы тілегі, бата беріңізші деп алдына барғандағы соңғы батасы да: \"Айналайындар, мұғалім болыңдар\" деген бата еді. Онысы осы \"Ұлан\" секілді газеттердің оқырманы, тілекшісі бол деген сөз деп қабылдаймын.\nБасылым тарихтың талай тар жол, тайғақ кешуінен сүрінбей өтіп, бүгінгі биігіне жетті. Кеңестік идеологияның қыспағында жүрсе де, ұлттық құндылықтың шырағын сөндірмеді. Алаш арыс­тары арман еткен тәуелсіз ой, еркін пікір, ұлттық таным – басылымның өне бойынан орын тапты. Қандай қилы кезеңдер өтсе де, \"Ұлан\" ұлтпен бірге жасап келе жатыр. \"Ұлан\" – еліміздің бір ғасырлық тарихын шежіреге айналдырған ұлт айнасы.\nБейсенбай Сүлейменов,\"Ұлан\" газетінің бұрынғы бас редакторы:\n– Менің ұстаздарым мықты болды. Фариза Оңғарсынова, Бейбіт Қойшыбаев ағамыз, Уәлихан Қалижан ұстаз болды. Балалар журналисі болу деген өте жауапты, қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық. Біздің кезімізде балалар журналистикасында жүрген, \"Қазақстан пионеріне\" жазған қыз-жігіттер өз мамандықтарына шын берілгендер еді. Сол журналистер қазір балалар журналистикасына, балалар әдебиетіне атсалысып жатыр. Оның ішінде Талғат Айтбайұлы өз қаржысына \"Жыл он екі ай\" журналын басып шығарып жатыр. Желтоқсан оқиғасын зерттеп, он жеті томдық кітап қылып шығарды. Саналы ғұмырын балалар басылымдарына арнаған журналистер көп болды.\nМен де бүкіл шығармашылығымды балаларға арнадым. \"Қазақстан пионері\" газетінде тілшіліктен бастап бас редактор болып бірнеше жыл жұмыс істедім. Фариза апам мен Уалихан барлық мүмкіндікті жасады. Бізге және балаларға күш-жігер беріп әдебиетке, журналистикаға баулыды. Бізді үлкен журналисткаға шығарып салды.\nБалалар журналистикасының шыңы \"Ұлан\" газеті деп есептеймін, өйткені бала біткеннің барлығы шығармаларын \"Ұланға\" жіберетін. Жыл сайын мыңдаған хат келетін. Хаттарды ескерусіз қалдырмай, бәріне жауап жазатынбыз. Шығарамыз, шықпағанына жауап жазып, хаттың иесіне жетуін қадағалаймыз. Бүгінгі жазушылардың барлығы \"Ұланның\" мектебінен өткен, сол себепті бұл басылымның жастарды, соның ішінде жас тілшілер мен жазушыларды тәрбиелеуде рөлі өте зор деп білемін.\nҚазір бәрі телефонға көшіп кетті. Оның жақсы жағы да, жаман жағы да бар. Балаларды қадағалай алмай қалдық, өйткені олар озып кетті. Балаларға әдептілікті үйрететін, кішіпейілділікке тәрбиелейтін құрал – газет. Сондықтан балалардың барлығын газет оқуға шақыруымыз керек.\nҚазақстан жазушылар одағын басқарған Нұрлан Оразалин, Ұлықбек Есдәулет, қазіргі Мереке Құлкенов бәрі \"Қазақстан пионерінде\" қызмет істеген. Мен ең жақсы шығармаларымды \"Қазақстан пионерінде\" жаздым. Балалар жазушысы болуы үшін ең алдымен балалар журналистикасы мектебінен өту керек. Мен сол мектептен өттім. Балалар журналисі болғаныма қуанамын.\nЖадыра Нармаханова,\"Ұлан\" газетінің қазіргі бас редакторы:\n– \"Ұлан\" газетін қазақ журналистикасының ұстаханасы деп айтуға болады. Қазақ журналистеріне \"бала кезде қандай болдыңыз?\" деген сұрақ қойса, олардың міндетті түрде \"Ұланға\" қатысты естелігі болады. \"Кезінде \"Ұланға\" жазған едім\", \"Ұланнан\" осындай хат алған едім\", \"Осындай мақалам шыққан\" әдемі естелік ретінде айтады. \"Ұлан\" газеті балалардың материалдарын жариялап қана қоймай, олармен кері байланыс орнататын. Сонысымен де \"Ұланды\" көп адам жақсы көреді, ұмытпайды. Бүгінгі мерейтойымызға балардың өзі шақырусыз-ақ келіп, сыйлық жасап жатыр. Олардың бойында \"Ұланға\" деген ерекше ықыласы, махаббаты бар екенін көрдік.\n\"Ұлан\" газетінде кім істесе де, балаларға бар мейірімін көрсете алуы керек. Балаға \"мына мақалаң жарамайды\" дегенді көңіліне тимейтіндей жеткізуі қажет. \"Ұлан\" газетін мектеп оқулықтарына қосымша рухани құрал деп айтсақ болады. Газеттен оқушы өзіне қажет сұраққа жауап алып, әр салада жетістікке жетіп жүрген замандастары туралы оқып, алға ұмтыла бастайды. \"Ұлан\" газеті бүкіл қазақ балаларының рухани досы, жігерлендіретін көмекшісі секілді көрінеді. Газет оқыған адам, газетке жазылып өскен бала кітапты да оқиды. Ал газет пен кітап оқыған бала жақсы адам болып өседі. Олар ненің жаман, ненің жақсы екенін біліп, дұрыс шешім қабылдайтын тұлғаға айналады. Газет-журнал, кітап баланың жақсы адам болып өсуіне ықпал ететін үлкен құрал деп ойлаймын.\nКөп ата-ана баласына кітап алып берсе, газетке жаздырса оқиды деп ойлайды. \"Ұлан\" газетінде ата-ана бұрышы деген айдар бар. Ата-анаға көмекші құрал ретінде қажет дүниелерді айтып отырамыз. Мысалы, бала тәрбиесі туралы психологтардың кеңесін ұсынамыз. Балалар басылымында қанша жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан соң бір нәрсені байқадым: ата-ана баладан бұрын өзін тәрбиелеуі керек. Жастар ата-ана болуға дайын болмай шаңырақ көтереді де, балаға не қажет екенін, қандай тәрбие беру керек екенін білмейді. Кейбір ата-ана газет-журналға жаздырғанын, кітап алып бергенін міндетсініп, баласынан \"неге оқымайсың?\" деп талап қояды. Баладан талап еткенше бірге жұмыс істеу керек екенін түсіндік. Ата-ана баласымен бірге оқып, сол оқығанын бірге талқылауы керек.\nҚазір көп ата-ана баласымен тіл табыса алмайтынын, қазіргі балалардың психологиясы қиын екенін айтып жатады. Баламен тіл табысу оп-оңай. Бар болғаны ортақ дүние оқып, ортақ тақырыпта сөйлесе алу керек. Бірге оқығанда ғана ортақ әңгіме пайда болады. Сол кезде бала ештеңе жасырмай, ойын ашық айта алады. Сүйеніш іздегенде айдаладан барып көмек сұрамай, керісінше, ата-анасынан сұрайды. Себебі бала ата-анасымен кез келген тақырыпта сөйлесе алатынын біледі. Балаларға арналған газет-журнал тек балаларға арналған дүние емес, оны отбасының барлық мүшесі оқуы керек.\nКеш қонақтары басылым тарихынан сыр шертетін \"Ұлан\" – ұлағатты үнпарақ\" фотокөрмесін, роботтехникасы көрмесін тамашалап, арнайы ұйымдастырылған фотоүйшікте суретке түсті. Концерттік бағдарламада Ахмет Жұбанов, Абай мектептерінің оқушылары өнер көрсетті. Бұл мектептер мерейтойда өнер көрсетуге өздері ұсыныс жасаған."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nauryizda-kazakstandyiktarda-kosyimsha-demalyis-boladyi-371954/", "title": "Наурызда қазақстандықтарда қосымша демалыс болады", "text": "Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді. 2026 жылғы наурызда Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай айдың жартысына жуық уақыты демалыспен өтеді, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nКөктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді. 2026 жылғы наурызда Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай айдың жартысына жуық уақыты демалыспен өтеді, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.\nНаурызда елде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21–23 наурыз). Демалыс күндерінің ауысуына байланысты қосымша демалыс күндері де болады.\n2026 жылы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең \"қысқа\" айлардың бірі болады:\n2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі.\nНаурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:\nМерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.\nНаурызда Қазақстанда кәсіби және атаулы күндер де атап өтіледі:\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/im-really-sorry-prezidenttin-konstituciialyq-reformasy-kimderdi-lauazymynan-aiyrady", "title": "\"I'm really sorry\". Президенттің конституциялық реформасы кімдерді лауазымынан айырады", "text": "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында \"Бір палаталы парламент – Құрылтайға көшу\", \"Халық Кеңесін құру\", \"вице-президент лауазымын енгізу\" бастамасын көтерді. Бұл бастамалар жалпыхалықтық референдумда қолдау тапса, мемлекеттік реформалар саяси құрылымдар мен лауазымдарға әсер етеді.\nТоқаев мемлекеттік кеңесші лауазымын жою туралы шешімді жарялағанда осы қызметті атқаратын Ерлан Қаринге қарап, ағылшын тілінде \"I’m really sorry\" деп әзілмен кешірім сұрады.\nПубликация от Informburo.kz (@informburo.kz)\n2022 жылы президент 1995 жылдан бері қолданыста болған мемлекеттік хатшы лауазымының орнына мемлекеттік кеңесші лауазымын енгізді. Бұл қызметке Ерлан Қарин тағайындалды. Президент реформасы іске асса, Ерлан Қариннің бұл қызметі жойылып, ол Қазақстан тарихында мемлекеттік кеңесші қызметін атқарған тұңғыш әрі жалғыз адам болып қалмақ.\nЕсесіне Тоқаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанда жаңа қызмет түрі – вице-президент лауазымы енгізіледі. Оны парламент депутаттарының көпшілігінің келісімін ала отырып мемлекет басшысы тағайындайды. Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша:\nҚазақстандағы және шетелдегі вице-президент институты туралы Информбюроның материалын төмендегі сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.\nПрезидент Қазақстан халқына жолдауында бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді. Содан соң парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылып, \"Жаңа Парламент қандай болады, неше депутаттан тұрады? Құрылымы қандай болады және қалай жұмыс істейді?\" деген сауалдар қызу талқыға түсті. Ұсыныстар да айтылды.\nҚасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламентке \"Құрылтай\" деген атау бермек. Жаңа парламентке 145 депутат сайланады. Төрағаның үш орынбасары болады. Ал комитет саны 8-ден аспайды.\nҚазақстанда қазір қос палаталы парламент жұмыс істейді. Заң шығарушы ең жоғарғы орган саналатын сенатта 50 депутат бар. Сенат төрағасы – Мәулен Әшімбаев. Оның екі орынбасары – Жақып Асанов және Ольга Перепечина. Сенатта алты комитет жұмыс істейді.\nАл мәжілісте 104 депутат бар. Мәжіліс төрағасы – Ерлан Қошанов. Орынбасарлары – Дания Еспаева мен Альберт Рау. Мәжілісте 7 комитет жұмыс істейді.\nТоқаевтың реформасы жүзеге асса сенат пен мәжіліс төрағалары қызметінен кетеді, себебі Құрылтайды бір төраға басқарады. Депутаттар саны да қысқарады.\nЖаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделген. Қазір олар төрт жылға сайланады. Заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын процедурасы ұсынылады. Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды.\nПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың миссиялары аяқталғанын айтып, енді жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынды.\n\"Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың қазақ мемлекеттілігін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін дәйекті түрде нығайту сияқты міндеттерін осы жаңа органға жүктей отырып, стратегиялық сабақтастықты сақтап қалу өте маңызды деп санаймын. Сонымен бірге, Халық Кеңесі басқа елдердегі консультативті құрылымдардың оң тәжірибелерін ескере отырып құрылатын жаңа мемлекеттік орган болмақ. Оның құрамына барлық этностың, түрлі санаттағы азаматтардың және аймақтардың өкілдері кіреді\", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.\n1995 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Заңға сәйкес ҚХА – мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме. Ассамблея құрамында бүгінде 1961 адам бар. ҚХА төрағасы – Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның үш орынбасары бар. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Кеңесі, Хатшылығы, облыстардың ассамблеялары құрайды.\nМемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен парламент сенатының 5 депутатын тағайындап келді. Бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 адам мәжіліс депутаттығына сайланса, енді бұл квота жойылады. Өңірлерде Ассамблея жұмысын үйлестіретін және қамтамасыз ететін 34 Достық үйі бар. Жыл сайын президент төрағалығымен ҚХА сессиясы өтеді.\n2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылып, Бурабайда алғашқы отырысы өтті. Ұлттық Құрылтайдың төрағасы – Қазақстан президенті болса, оның екі орынбасары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен сенат депутаты Бибігүл Жексенбай.\nСәйкесінше, реформа жүзеге асқан жағждайдамемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де екі бірдей қызметі – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы және Ұлттық құрылтай төрағасы лауазымдарынан айырылады.\nҰлттық құрылтайдың құрамында 117 адам бар. Олар – қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық қор өкілдері, парламент пен мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, ақын-жазушылар, саясаттанушылар.\nЖаңадан құрылатын Халық Кеңесі жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады. Кеңесті 126 адамнан жасақтап, оған этномәдени орталықтардың 42 өкілін, ірі қоғамдық бірлестіктердің 42 өкілін және мәслихаттар мен аймақтардағы қоғамдық кеңестердің 42 өкілін қосу ұсынылды. Халық Кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды. Ал төрағасын оның мүшелері сайлайды. Кеңес төрағасының қоғамдық негізде жұмыс істеп, ротация арқылы тағайындалатын екі орынбасары, сондай-ақ хатшылық меңгерушісі болады.\n\"Халық Кеңесіне заң шығаруға бастамашылық ету құқығы берілуге тиіс. Жылына кемінде бір рет шақырылатын сессия Халық Кеңесінің жоғары органы рөлін атқарады. Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелеріне қатысты негізгі қызметі Кеңеске беріледі. Ішкі саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жаңа органның негізгі міндетінің бірі болмақ. Бұл мекеме мемлекеттік идеологияға қатысты мәселелерді, сондай-ақ Конституцияның және еліміздегі өзге де аса маңызды құжаттардың ережелерін түсіндіріп, насихаттау жұмысымен айналысады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін, мемлекеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдарды өткізу де Кеңестің құзыретіне кіреді. Халық Кеңесінің мәртебесі мен оны құру тәртібі Конституцияның арнайы бөлімімен және конституциялық заңмен реттеледі\", – деді мемлекет басшысы.\n2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарды. Парламенттік реформа аясында Конституцияның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған. Алайда түзетулер саны бұдан да көп болмақ.\n\"Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз\", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/koronavirus-pandemiiasynan-keiin-bioqauipsizdik-maselesi-ozekti-bola-tusti-sarapsylar-pikiri", "title": "Коронавирус пандемиясынан кейін биоқауіпсіздік мәселесі өзекті бола түсті. Сарапшылар пікірі", "text": "Алматыда өткен \"Биологиялық қауіпсіздік пен қорғаныстың болашағы\" атты халықаралық конференцияда 20 елден келген 150-ден астам сарапшы ғылым мен технология және жаһандық қауіпсіздік тоғысындағы өзекті мәселелерді талқылады. Соның ішінде биотехнология мен биологиялық тәуекелдерді басқарудағы жасанды интеллект рөлі, синтетикалық биология және \"айна өмірі\" тұжырымдамасы, биотехнологияның қолжетімділігі мен реттеу тетіктері, климаттың өзгеруі мен ауруларды қадағалау, биоқауіпсіздік саласындағы жалған ақпаратпен күрес, сондай-ақ ғылымдағы этика мен жауапкершілік мәселелері көтерілді.\nҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры Арман Байсуанов биоқауіпсіздік тақырыбы COVID-19 пандемиясынан кейін өзекті бола түскенін айтты.\n\"Бұл мәселе БҰҰ деңгейінде көтеріліп отыр. Орталық Азия Каспий теңізінен Моңғолияға дейін созылып жатқан аймақ болғандықтан Сібір жарасы секілді індеттер еш кедергісіз таралады. Осындай конференцияларда ақпарат пен тәжірибе алмасып, індеттердің таралуымен күрес бойынша жедел әрекет ету жүйесін құру міндеті тұр. Биоқауіпсіздік бойынша Еуропалық Одақтың және ТМД аясында аймақтық платформа, әлемдік деңгейде \"Биологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенция\" бар. Қазақстанда 2022 жылы биологиялық қауіпсіздік туралы заң қабылданды. Біз барлық шетелдік серіктестермен аймақтық және жаһандық деңгейде ынтымақтастық орнатуға, ақпарат алмасуға дайынбыз\", – деді Арман Байсуанов.\nҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Қазақстан кейінгі жылдары ғылыми тәсілдер мен халықаралық принциптерге негізделген заманауи биоқауіпсіздік жүйесін жүзеге асырып жатқанын атап өтті.\nШетелдік зерттеушілердің басын біріктірген іс-шарада биотехнологиялар қауіп-қатер көзіне айналмай, адамзаттың игілігі үшін қолданылуға тиіс екені бірнеше рет айтылды.\n\"Ғылым мен технологиялар қарыштап дамып жатыр. Технология әлдеқайда арзандады. Жасанды интеллект пайда болғалы да биологиялық зерттеу жүргізу жеңілдеп, шығын азая түсті. Алайда мұның екінші жағы бар: маманның пиғылы жаман болса салдары да жаман болады. Биологиялық зерттеулер адамзаттың игілігі үшін де, адамзатқа қарсы да қолданылуы мүмкін. Қазақстанда да, әлемде де зертханалар көптеп ашылып жатыр. Ал биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханаларды ұстау тым қымбатқа түседі. Әрі зертханаларда жұмыс істейтін мамандар өз қызметінің қандай қауіп-қатерге әкелуі мүмкін екенін бағамдай білуі керек. Сол себепті қауіпсіз орта құрамыз десек кәсіби мамандарды дайындап, оларды оқытуымыз қажет\", – деді Халықаралық ғылым және технология орталығының Аға бағдарлама менеджері Хендрик Виссер.\nСтратегиялық тәуекелдер жөніндегі кеңестің аға ғылыми қызметкері (АҚШ) Эндрю Вебер биологиялық қауіптерге қалай қарсы тұруға болатынын баяндады. Ол президент Барак Обаманың кезінде АҚШ Қорғаныс министрінің ядролық, химиялық және биологиялық қорғаныс бағдарламалары жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. Отыз жылдан астам уақыт биоқауіпсіздік саласында еңбек еткен сарапшы Қазақстан мен Грузиядан қару-жарақ деңгейіндегі уранды шығару, сондай-ақ Сирия мен Ливияның химиялық қаруын жою секілді ядролық қаруды таратпауға бағытталған ірі жұмыстарды басқарды.\n\"1995 жылы маусымда Қазақстанға алғаш келіп, америкалық мамандардан құралған шағын топқа жетекшілік еттім. Степногорск қаласындағы құпия нысанға барып, реакторларды өз көзіммен көрдім. Құпия зертханада Сібір жарасының штаммын өндіріліп, басқа үлгілері сыналды. Бұл сапар өмірімді түбегейлі өзгертті. Тоқсаныншы жылдардан бастап биотерроризм өзекті бола түсті. Неге тарихта ірі биологиялық шабуылдар болған жоқ деген сұрақ туындайды. Биологиялық қаруды жасау қиын дейді, бірақ олай емес. Мемлекеттер мен ұйымдар шабуылдардың алдын алып, биоқару жасау бағдарламаларының жолын кесіп отырды. Биологиялық қаруға тыйым салу Конвенциясын қолдайтын 195 ел бар. Өкінішке қарай, үш-төрт ел биологиялық қару жасауды тоқтатқан жоқ. Мысалы, Солтүстік Кореяда биологиялық қару бағдарламасы өте жақсы дамыған. Кеңес Одағы кезінде Ресейде бес мың адам жұмыс істейтін қауіпті бағдарлама болған. Біз ХҒТО-мен бірге Кеңес Одағы мұрасын жою үшін жұмыс істедік. Десе де Ресейдің биологиялық қару бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл өз кезегінде осы аймақ үшін ғана емес, әлем үшін де үлкен қауіп төндіріп отыр. Сондықтан Ресей, Солтүстік Корея, Иранмен заңсыз қаруларды дамытпау туралы келісімге келуіміз керек\", – деді Эндрю Вебнер өз баяндамасында.\nСарапшы әлемдегі зертханалар ғалымдар мен зерттеушілер үшін ашық болғаны дұрыс дейді. Жасанды интеллект дамыған уақытта құпия бағдарлама жасау, мемлекеттік құпияны жасыру қиын, тіпті Солтүстік Кореяның өзі жасыра алмайды.\nТөтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету орталығының директоры Томоя Сайто Жапониядағы құс тұмауы (H7N9) мен COVID-19 індеттері сияқты қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ірі төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеген. Ол баяндамасында Жапонияның биологияляқ қатерлерге қарсы тұру тәжірибесін бөлісті.\nАҚШ-тағы RAND корпорациясының аға ғылыми қызметкері Джеральд Эпштейн – ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке қатысты ғылыми-техникалық саясат бойынша жетекші сарапшы. Оның жұмыстары биотехнологиядағы инновацияларды дамыта отырып, биологиялық қауіптерді азайтуға бағытталған.\n\"Әлі күнге дейін ескі де дәстүрлі қатерлер адамзатқа қауіп төндіріп отыр. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін кейбір елдер биологиялық қару жасаумен айналысты және бұл қатер ешқайда кеткен жоқ. Өйткені жаңа технологиялардың дамуымен биологиялық технологияларды зиянды мақсатта қолдану мүмкіндіктері пайда болып жатыр. Сол себепті дәстүрлі қатерлерден қорғанып қана қоймай, заманауи технологиялардың арқасында пайда болуы мүмкін жаңа қатерлерді болжауымыз керек. Биотехнологияның адамзатқа тигізетін пайдасын да ұмытпауымыз керек. Халықаралық ынтымақтастық өте маңызды рөл атқарады, өйткені аурулар бір елдің шекарасынан өте алмай, тоқтап қала салмайды. Олар ештеңеге қарамай емін-еркін тарала береді. Әлемнің бір шетінде пайда болған кез келген ауру бүкіл әлем үшін қатерлі болуы мүмкін. Барлық ел биоқауіпсіздік мәселесімен бетпе-бет келіп отырған соң ортақ шешім табу үшін күш біріктіру қажет\", – деді Джеральд Эпштейн.\nБиотерроризмнің пайда болу қаупі және қауіптің жаңа векторлары сессиясында Женева қауіпсіздік саясаты орталығының аға кеңесшісі Марк Финоның айтуынша, коронавирус пандемиясы індеттің қайдан және қалай шыққанына қарамастан халықтың денсаулығына үлкен әсер ететінін, оның алдын алуға және онымен күресуге дайындық жетіспейтінін көрсетті.\n\"Сондықтан біз одан сабақ алып, қолда бар мехнаизмдерді жетілдіре түсуіміз керек. Болашақта болуы мүмкін кез келген биоқауіптерге дайын боламыз деп үміттенемін. Биоқауіпсіздік – жаһандық мәселе. Ешбір мемлекет, тіпті қуатты мемлекеттердің өзі онымен жалғыз айналыса алмайды. Сондықтан бәріміз бірге жұмыс істеуіміз керек, өйткені вирустар, аурулар мен індеттер шекараға қарамайды\", – деді Марк Фино.\nУкраина ұлттық ғылым академиясының академигі, Палладин атындағы биохимия институтының директоры Сергей Комиссаренконың айтуынша, биоқауіпсіздік кез келген елдің ұлттық қауіпсіздігінің маңызды бөлігіне айналды. Биологиялық қаруларға тыйым салынса да, әлі күнге дейін бұл мәселе өзекті. Көпшілік біле бермейтін биотерроризм өте қауіпті, өйткені кейбіреулер ауру қоздырғыштарын теріс пиғылы үшін пайдаланып, адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін.\n\"Биоқауіпсіздік саласын зерттеп жүрген сарапшылар өзекті мәселелерді талқылау үшін Алматыда бас қостық. Біз жоғарыда айтылған мәселелердің шешімін табуға тырысамыз, сонымен қатар ғалымдар, саясаткерлер және қоғам арасындағы көпір боламыз. Қазір әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат тарап жатады. Сондықтан да бұрмаланған ақпаратты жоққа шығарып, сенімді ақпарат тарату өте маңызды болып отыр. Осындай алаңдарда ортақ мәселелерімізді талқылап, ақпарат алмасқымыз келеді. Өзіміздің және халқымыздың өмірін қауіпсіз ету, адамдардың денсаулығын сақтау басты орында қала береді\", – деді Сергей Комиссаренко.\nОрталық Азия және Кавказ елдерінің Биологиялық қауіпсіздік қауымдастығының президенті Дамира Аширалиева осы аймақтағы биоқауіпсіздік бойынша алаң кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті.\nБиотехнология саласындағы жасанды интеллект рөлі тақырыбы көтерілген сессияда Назарбаев Университетінде биологиялық және химиялық қауіпсіздік бойынша үйлестіруші Айсұлу Нұржанова автоматтандыру биоқорғау деңгейін көтеріп қана қоймай цифрлық салада тәуекелдер тудыруы мүмкін екенін ескертті.\n\"Технологиялар дамып, автоматтандырылған жүйелер қолжетімді болған сайын ұйымдар жаңа құрал-жабдықтарды сатып ала алады. Дегенмен ұйымның өзі немесе оның қауіпсіздік мәдениеті бұл автоматтандырылған жабдықты енгізуге және пайдалануға әлі дайын болмауы мүмкін. Екінші маңызды мәселе – қажет дағдылар мен кадрлардың біліктілігі арасындағы айырмашылық. Қауіп-қатер туралы трансшекаралық ақпарат алмасу да өзекті бола түскенле деректер ұрланбауы үшін қауіпсіздікті күшейтуіміз керек\", – деді Айсұлу Нұржанова.\nДемократияны зерттеу орталығының аға талдаушысы Татьяна Новосиолова жасанды интеллект бұрмаланса немесе дұрыс пайдаланылмаса әсері қандай болатынын айтып, \"деректердің улануы\" мәселесін көтерді.\n\"Деректердің улануы\" (data poisoning) – құралдарға бұзып кіру немесе араласу. Бұл киберқауіпсіздікке де қатысты, себебі осы жүйелер қаншалық қауіпсіз және зиянды мақсатта пайдаланудың қалай алдын алуға болады деген сұрақтар өзекті болып отыр. Зертханалардағы қауіпсіздік мәселесі қозғалғанда сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің қауіпсіздігімен бірге ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қатар тұрады\", – деді Татьяна Новосиолова.\nІс-шараны Халықаралық ғылым және технология орталығы (ISTC) мен Орталық Азия және Кавказ Биологиялық қауіпсіздік қауымдастығы (BACAC) ұйымдастырды. Конференция GIZ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтті.\nСондай-ақ, конференция Биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияның (BWC) 50 жылдығына және ISTC-ның Қазақстандағы 10 жылдығына орайластырылған."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/taldyqorgandagy-bir-mural-qalai-ulttar-dostygynyn-simvolyna-ainaldy-suretsimen-suxbat", "title": "Талдықорғандағы бір мурал қалай ұлттар достығының символына айналды? Суретшімен сұхбат", "text": "Кейде бір сурет – тұтас ойдың, бір қабырға – бүтін ұрпақтың үнін жеткізетін күшке ие. Осындай рухани мағынасы терең, мазмұны бөлек муралдар қоғаммен үнсіз тілдесіп, әр жүрекке өз сөзін айтып тұрады. Сондай ерекше туындының авторы – Еркеғали Иманғали . Талдықорған қаласының тумасы, 29 жастағы суретші-дизайнер Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің дизайн мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда \"Жетісу\" телерадиокомпаниясының кино бөлімінде қоюшы суретші қызметін атқарып келеді.\nӨнерге деген шынайы сүйіспеншілік пен азаматтық ұстанымды ұштастыра білген маман жақында Жетісу облысы Талдықорған қаласындаҚазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ерекше мурал жобасын жүзеге асырды. Бұл туынды – тек сурет емес, ол бейбітшілік пен бірлікті насихаттайтын, болашақ ұрпаққа үн қататын көркем идеяның көрінісі. Төмендегі сұхбатта Иманғали Еркеғали осы муралдың туу тарихы, оның мән-мағынасы, салу барысындағы қиындықтар мен жеке көзқарастары жайында ашық әңгімелейді.\n– Ұлтаралық келісім мен татулық тақырыбы сіздің мурал идеяңыздың негізгі өзегіне қалай айналды? Осындай идеяны өнер арқылы жеткізуді мақсат етуіңізде қандай терең ой, қандай жеке тәжірибе жатыр?\n– Бұл муралдың идеясы кездейсоқ туған дүние емес. Ол ел бірлігі мен ұлттар достығының символына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен тығыз байланысты. Осы атаулы датаға орай бейбітшілік пен татулықты бейнелейтін мурал салу ұсынысы көтерілгенде, мен бұл бастаманы жүрегіммен қабылдадым. Сол сәтте өзіме бір сауал қойдым: \"Неліктен біз дәл қазіргі қоғамға терең ой салар, жүрекке жол табар, бейбітшілік пен бірлікті дәріптейтін көркем мурал арқылы үн қатпасқа?\" – дедім.\nБұл ой көкейімде біраз уақыт пісіп-жетіліп, идея нақты мақсатқа айналды. Жыл басында осы бастама жөнінде ресми түрде сөз қозғалды. Муралдың тақырыбы мен маңызы айтылды, алайда ол қай жерде орналасатыны, нақты мазмұны қандай болатыны секілді жайттар сол кезде әлі толық бекітілмеген еді. Мен болсам бұл үдерісті созбай, өз ұсынысымды әзірлеп, эскиз жасауға кірістім. Ұсынған эскизімде әртүрлі ұлттың балалары бейнеленді.\nӘр бала – өз халқының ұлттық киімінде. Олар үлкен бір пазлды бірігіп құрастырып жатыр. Бұл жай ғана сурет емес – бұл Қазақстанның рәміздік бейнесі. Әр бала – елімізді құрайтын түрлі этнос өкілдерінің символы. Қазақ, орыс, кәріс, ұйғыр, өзбек, кавказ халықтарының өкілдері елімізде ең көп таралған ұлттар екені белгілі. Мен бұл деректерді жай ғана ішкі түйсікпен емес, нақты мәліметтерге сүйене отырып, арнайы зерттеп, сенімді дереккөздерден – соның ішінде Google-дан тексеріп шықтым.\nПазлдың орталық бөлігінде жүрек пен \"лайк\" секілді әмбебап белгілер бейнеленген. Бұл – махаббаттың, өзара құрмет пен адамгершіліктің нышаны.Әртүрлі болғанымызбен, бір жүректің астында өмір сүріп жатқанымызды білдіретін символдық шешім. Аталған идея менің өзіме де ерекше әсер етті. Бұл мен үшін үлкен қуаныш, бір жағынан жауапкершілік еді. Содан көктемнің шуақты күндері келгенде, біз мурал салу жұмыстарына кірістік. Барлық рұқсаттар, техникалық құжаттар мен келісімдер уақытында дайын болды. Уақыты келгенде, идея қағаз бетінен көшеге шықты. Муралды салу жұмыстары сәтті басталып, арманымыз шындыққа айналды.\n– Муралда бейнеленген көркем образдардың астарында не жатыр?\n–Қазақстан – жас мемлекет. Бірақ бұл жастық – әлсіздік емес, жаңашылдықтың, серпін мен сенімнің белгісі. Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз көпұлтты қоғам ретінде қалыптасты. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп келеді. Тілдері басқа болғанымен, тілектері бір. Түрлері бөлек болғанымен, жүректері ортақ. Бұл – үлкен құндылық. Біз дәл осы құндылықты мурал арқылы бейнелегіміз келді. Муралда түрлі ұлттың балалары бірлікте әрекет етіп, ортақ бір пазл құрап жатыр. Бұл – еліміздегі этностардың тек қатар өмір сүріп қана қоймай, бірлесе әрекет етіп, Қазақстан атты тұтас мемлекетті құрап отырғанының көркем көрінісі. Демек, бұл мурал – бірлік пен татулықтың бейнесі ғана емес, сонымен қатар халқымыздың арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің символы.\nБірақ бұл муралдың тағы бір терең мағынасы бар. Ол – болашаққа бағытталған үміт. Себебі, онда бейнеленгендер – балалар. Балалар – біздің ертеңіміз. Бүгін ойнап жүрген бүлдіршін – ертең мемлекетті басқаратын азамат. Сондықтан дамуралда көрсетілген әр бала арқылы біз келер ұрпаққа үндеу жолдаймыз: еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау – тек өткеннің емес, болашақтың да міндеті. Біз бұл муралды жай ғана қабырғадағы сурет ретінде қарастырмаймыз. Ол – идея. Ол – жүректен шыққан мағына. Ол – тәуелсіз Қазақстанның көркем келбеті. Оның әр бөлшегінде ұлтқа деген сүйіспеншілік, болашаққа деген сенім, халыққа деген құрмет жатыр. Сондықтан да бұл мурал – тек көзге көрінетін бояу емес, ол – санаға әсер ететін мазмұн. Ол – ұрпақтан ұрпаққа жетер, үнсіз сөйлейтін үндеу.\n– Сіздіңше, қазіргі Қазақстан қоғамында ұлтаралық келісім мен достықты сақтау үшін өнер қандай рөл атқара алады?\n\"Өнердің ұлтқа бөлінбейтіні\" – бұл жай ғана сөз емес, бұл ғасырлар бойғы шындықпен дәлелденген терең тұжырым. Өнер – адамзат баласына ортақ мұра. Оның төлқұжаты, шекарасы, нәсілі болмайды. Ол жүректен шығып, жүрекке жететін құбылыс. Қай ұлттың өкілі болса да, адамның ішкі жан дүниесін тербейтін туынды оны бірден баурап алады. Себебі өнер – адам болмысының ең нәзік қырларына тіл бітіретін ерекше күш. Бүгінгі таңда біздің жас суретшілеріміз, музыканттарымыз, бишілеріміз – әсіресе өнерге бейім балалар – халықаралық деңгейде мойындалып, Қазақстан атын әлемге танытып жүр. Бұл – біздің елімізде өнердің өркендеп келе жатқанын, оған деген көзқарастың құрметке толы екенін көрсетеді. Бізде \"мынау тек қазақтікі\", \"мынау басқа ұлттікі\" деген шектеу жоқ. Керісінше, біз барлық халықтың өнерін құрметтейміз. Себебі өнердің өзі құрметке лайық.\nОсы мурал арқылы біз жастарға өнердің қандай үлкен рөл атқаратынын, оның адамдар арасындағы достық пен сыйластықты қалай қалыптастыратынын көрсеткіміз келді. Түрлі ұлттың балалары бір ортақ көркем ой арқылы біріккенде, олар бір-бірін жақсырақ тани бастайды. Өнер оларды тіл мен дәстүрден бұрын, жүрек арқылы табыстырады. Себебі, шын мәнінде, бәріміз – адамбыз.Ұлт пен дін – тек айырмашылық емес, керісінше, байлық. Ал ортақ Отанымыз – Қазақстан – сол байлықтарды біріктірген кең жүректі шаңырақ. Өнер – бейбітшілік пен татулықтың үндемейтін елшісі. Ол қақтығыс пен бөлінуге емес, жақындасу мен жарасымға жол ашады. Ән болсын, би болсын, сурет немесе сахналық өнер – олардың әрқайсысы адам мен адам арасындағы көпір бола алады. Сондықтан да, өнер – бұл тек шығармашылық акт емес, бұл – адамзаттың бір-бірін түсініп, құрметтеуіне бастайтын жол. Оның ұлттар арасындағы достықты нығайтудағы рөлі – баға жетпес құндылық.\n– Әртүрлі ұлт пен ұлыстың ортақ тіл табысуы сіздің шығармашылығыңызда қаншалықты көрініс табады? Бұл тақырып сіз үшін ішкі қажеттілік пе, әлде азаматтық ұстаным ба?\n– Біз көпұлтты ортада өмір сүріп келеміз. Бұл мен үшін тек сөз емес, өмірлік тәжірибеммен дәлелденген шындық. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімізде-ақ қазақ және орыс сыныптары қатар болатын. Орыс сыныптарында түрлі ұлттың балалары оқыды – кәріс, ұйғыр, татар, орыс, шешен, украин және басқалар. Сол кезде бізге бұл қалыпты жағдай сияқты көрінетін. Бірақ кейінірек есейе келе бұл ортада өсудің өз алдына үлкен байлық екенін түсіндім. Қазір де сол кезден таныс достарымызбен араласымыз үзілген жоқ. Әрқайсымыз өз жолымызбен кетсек те, арамызда құрмет пен достық сезімі сақталып қалды. Бұл – көпұлтты қоғамда өмір сүрудің ең жарқын жемісі.\nЖұмыс барысында да түрлі ұлт өкілдерімен бірлесіп, келісім мен татулықта еңбек етіп келеміз. Қарапайым қарым-қатынас – достыққа, достық – сенімге ұласады. Менің жеке өмірім де осы ұғымдардың дәлелі.Менің жұбайым – өзге ұлттың өкілі. Осы арқылы мен бір маңызды нәрсені анық түсіндім:ұлт – адамдарды бөлу үшін емес, байыту үшін жаратылған ерекшелік. Егер жүректер үндессе, тіл, діл, ұлт дегендер кедергі емес. Біздің бір ғана ортақ үйіміз бар – ол Қазақстан. Осы топырақта біздің баламыз өсіп келеді. Оның бойында екі түрлі ұлттың тамыры бар. Ол – болашақтың адамы. Ол – көпұлтты қоғамның нақты жемісі. Сол себепті мурал тақырыбы мен үшін жай сурет салу емес, өмірлік мәні бар идеяға айналды. Мен оны жан-тәніммен түсінемін, себебі менің өз өмірім осы идеямен сабақтасып жатыр.\nБүгінде Қазақстанда ұлты әртүрлі болғанымен, бір шаңырақтың астында тату-тәтті, бақытты өмір сүріп жатқан отбасылар өте көп. Солардың бірі – біз. Бұл біздің еліміздің бейбіт саясатының, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген қоғамдық мәдениеттің айқын көрінісі.Қазақстан – тек жер ғана емес, бұл – жүректің кеңдігі. Бұл – әртүрлі ұлттар бір отбасыдай өмір сүре алатын кеңістік. Бұл – менің Отаным. Бұл – менің шындығым.\n– Мурал жасау кезінде қандай қиындықтар болды? Жергілікті тұрғындар немесе билік тарапынан қолдау сезілді ме?\n– Мурал салу сырт көзге жай ғана шығармашылық жұмыс сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның артында үлкен еңбек, ерік-жігер, төзім мен тәртіп жатыр. Біз бұл жұмысты бастар кезде алдымызда тек бояу мен қылқалам ғана емес, бірқатар сын-қатер күтіп тұрғанын жақсы түсіндік. Ең алдымен, біз үнемі биіктікте жұмыс істедік.Биіктік – бұл тек физикалық кедергі емес, ол адамның бойындағы қорқынышты, сенімсіздікті жеңуді талап ететін сынақ. Әр қадамың – жауапкершілік. Әр қозғалысың қауіпсіздікпен өлшенеді. Ауа райы қандай болса да, жұмыс тоқтамауы керек. Кей күндері кенеттен жаңбыр жауып, кейде қатты жел тұрып, тіпті жұмыс техникасы да уақытша істен шығатын сәттер болды. Бірақ бұл мурал салудағы үйреншікті көрініс. Біз оны қалыпты, бірақ жауапты жағдай ретінде қабылдадық.\nБиылғы жаз ерекше ыстық болды. Біз мурал салуды күннің аптапты кезеңіне тап келіп бастадық. Кей күндері температура 40 градустан асып, күннің қызуы төбеден тікелей түсті. Таңғы 6-дан жұмысты бастап, күн тас төбеге шыққанша бар күшімізбен еңбектендік. Сағат 13:00-ге дейін бетімізді күйдірген ыстыққа қарамай, қабырғада өмір сүретін бейнелерге жан бердік. Күн ұзағына тек көлеңке іздеп, біраз тыныс алып қайта оралудан басқа амалымыз болмады.\nБұл – көрер көзге әдемі көрінгенімен, шын мәнінде орасан зор еңбек пен шыдамдылықты талап еткен жұмыс болды. 4 күн ішінде біз физикалық та, психологиялық та сынақтардан өттік. Әсіресе аптап ыстықпен күрес – ең үлкен қиындықтың бірі болды.Қылқаламың алақаныңа жабысып, бояу кеуіп үлгермей, күшің сарқыла бастаған сәттер де аз болмады. Бірақ біз ешқашан бұл істі жай ғана сурет деп қабылдаған жоқпыз.Бұл – идеяның көрінісі, бұл – бірлік пен бейбітшілікті халыққа жеткізудің бейнелі жолы. Сондықтан да біз үшін бұл еңбек – жауапкершілікпен өлшенетін рухани миссия болды. Біз барлығын мүмкіндігінше сапалы, шынайы, жүректен шығатын етіп жасауға тырыстық. Себебі қабырғадағы сурет – уақытша. Ал оның берер мағынасы – мәңгілік.\n– Болашаққа бағытталған шығармашылық жоспарларыңыз қандай? Алдағы уақытта тағы қандай муралдар салу ойыңызда бар? Сол туындыларды қандай тақырыптарға арнамақсыз?\n– Бүгінгі таңда бізде осы бағытта тағы да бірнеше мурал салу идеялары бар. Әзірге бұл жобалар әкімшілік деңгейде толық мақұлданған жоқ, бірақ үмітіміз зор. Егер тиісті рұқсаттар мен қолдау болса, болашақта да осындай мазмұнды, мағынасы терең муралдарды өмірге әкелу жоспарда тұр. Өйткені бұл – өнер ғана емес, қоғаммен үнсіз тілдесудің бір жолы. Мурал жай ғана қабырғаға салынған сурет емес. Ол музейде немесе галереяда тұрған, тек белгілі ортаға арналған туынды да емес. Ол – халықпен күнделікті кездесетін көше өнері. Көшеде өтіп бара жатқан әр адам оның жанынан еріксіз көз салады, кейде ойланып қалады. Таңертең жұмысқа бара жатып, кешке үйге оралғанда, тіпті жай ғана серуендеп жүріп муралмен көз түйістірген жан бір сәтке болса да оның мазмұнына үңіледі. Сол сәтте мурал өз міндетін орындап тұр деген сөз.\nКейде бір адам ғана муралға қарап, ішінен бір ой түйсе – бұл біздің еңбегіміздің зая кетпегені. Сол сурет бір жанға болсын әсер етсе, ой оятса, жүрегіне жылу сыйласа – бұл біз үшін үлкен жетістік. Біз мурал салып жатқан кезде адамдардың түрлі реакциясын көрдік. Көптеген жылы сөз естідік. \"Жарайсыңдар!\", \"Тамаша идея!\", \"Керемет жасап жатырсыңдар!\" деген сөздер көңілге қуаныш ұялатып, күш берді. Әрине, сын да айтылды. \"Мұны не үшін салып жатырсыңдар?\", \"Осы керегіңіз бар ма?\" деген пікірлер де кездесті. Бірақ бұл – кез келген шығармашылық жұмыстың табиғаты. Қоғамда пікір әртүрлі болуы заңды. Біз үшін маңыздысы – шын көңілмен, жауапкершілікпен атқарылған іс. Есімде ерекше қалған бір сәт бар: біз күннің аптап ыстығында мурал салып жатқанда, жасы үлкен бір апа келіп, үнсіз қарап тұрды. Сосын жақындап: – Қарағымдар, ыстықта терлеп, еңбек етіп жатыр екенсіңдер. Алла күш-қуат берсін! – деп ақ батасын айтып кетті. Бұл орта жастағы әйел адам – этникалық кәріс ұлтынан еді. Сол сәт мен үшін тек батаның емес, көпұлтты Қазақстандағы бірлік пен өзара құрметтің шынайы көрінісі болды. Мурал – тек бояудың жиынтығы емес. Ол – идеяның бейнесі, ол – халықпен үнсіз сырласу. Бұл өнер – қабырғада тұрса да, санаға сөйлейді. Ол қоғамның рухын көтереді, адамға ой салады, ұлттар арасындағы достық пен түсіністікке үндеу тастайды. Сол себепті де біз бұл жұмысты бір ретпен шектеп қалғымыз келмейді. Алдағы уақытта да осындай мағынасы терең, ойлы әрі рухани қуат беретін муралдармен қоғамға қызмет етуді жалғастырғымыз келеді.\n– Мурал жастарға, балаларға қалай әсер етеді деп ойлайсыз? Сіздердің жұмыстарыңыздың болашақ буынға қалдырар ізі қандай болмақ?\n– Муралда кішкентай балалардың бейнеленуі – бұл жай ғана көркем тәсіл емес. Бұл – адамның жүрегін елжірететін, жан дүниесін жылытып, жақсы эмоциялар сыйлайтын ерекше элемент. Бұл – көркем өнердің шынайы күшін сезіндіретін, үнсіз тіл қататын бейне. Балалар – мейірім мен тазалықтың символы. Олардың жан-дүниесі кіршіксіз, ойы таза, ниеті пәк. Олар әлемге шынайы көзбен қарайды. Сол себепті де олардың бейнесі кез келген адамға ерекше әсер етеді. Қабырғада күліп тұрған баланың жүзіне қараған адамның өзі еріксіз жымиып, жан дүниесі жылып сала береді. Өйткені біз бәріміз де бала болғанбыз. Сол бейне арқылы өзіміздің ішкі бала кезімізге қайта ораламыз.\nКейде ересек адамдар муралдағы идеяны бірден түсіне қоймауы мүмкін. Бірақ балалар бәрін тез ұғады. Біз сурет салып жатқанда кішкентайлар жанымызға келіп: – Аа, бұл пазл ғой! Балалар бірге ойнап жатыр екен! – деп қуанып, ойларын айтып жатты. Бұл олардың әлемді қандай тазалықпен, шынайылықпен қабылдайтынын көрсетеді. Олар жасандылықтан ада, өз көзімен көрген дүниені шынайы түйсініп, жүрегімен қабылдайды.\nБалалар бейнесі – тек мейірім мен қуаныштың емес, сонымен қатар ностальгияның да кілті. Әрбір ересек адам бала бейнесіне қарағанда, өз балалық шағын есіне алады. Сол кездердегі бейқам күлкі, тап-таза көңіл, риясыз ойын – бәрі-бәрі жүректе қайта жаңғырып, бір сәтке болсын өткен күнге жетелеп әкетеді. Бұл – өнердің шынайы күші. Сол себепті де муралдағы балалар бейнесі – жай ғана сурет емес. Ол – жүрекке жол табатын, жанды тербейтін, адамды жақсылыққа бастайтын бейнелік жолдау. Ол – адамдарды біріктіретін, өмірге үмітпен қарауға шақыратын үнсіз, бірақ айқын тіл қату."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazylyq-zoldamasyn-syiga-beru-qansalyqty-durys-zane-bul-rette-neni-eskeru-kerek", "title": "Қажылық жолдамасын сыйға беру қаншалықты дұрыс және бұл ретте нені ескеру керек", "text": "Қажылық – мұсылман баласының бес парызының бірі ғана емес, ол Жаратушыға жақындаудың, рухани тазарудың және өмірлік арманның орындалуының шыңы. Бүгінгі таңда елімізде қасиетті мекенге баруды аңсаған ата-анасына немесе жақындарына қажылық жолдамасын сыйға тарту үрдісі дәстүрге айналып келеді. Алайда, мұндай сыйлықты тарту ету тек қаржылық мүмкіндікпен шектелмейді. Мұнда сыйлаушының ниетінен бастап, қажылыққа баратын адамның физикалық дайындығына, шариғи талаптардың сақталуына және ұйымдастыру жұмыстарына дейін назар аударуды қажет ететін маңызды жайттар бар. Себебі, тиісті дайындық пен шынайы ықылас болмаған жағдайда, сауапты іс пен рухани сапардың мәні өзгеріп кетуі мүмкін.\nБұл мақалада біз қажылыққа жолдама сыйлаудың рухани артықшылықтарын саралай отырып, сапар кезінде туындауы мүмкін қиындықтар мен тәуекелдерге тоқталамыз. ҚМДБ мамандары мен теологтардың, сондай-ақ денсаулық сарапшыларының пікіріне сүйене отырып, қасиетті сапардың \"алтын стандарттарын\" талдаймыз.\nТеолог Расим Челидзеқажылықтың мұсылман үмбеті үшін маңыздылығына тоқтала келе, оның тек діни парыз ғана емес, сонымен қатар үлкен рухани жауапкершілік екенін атап өтті. Маманның айтуынша, бүгінгі таңда қаржылық қиындықтарға қарамастан, мемлекеттік гранттар мен арнайы квоталар арқылы қасиетті мекенге бару мүмкіндігі артып келеді. Ол аталған үдеріс мұсылман қауымының рухани кемелденіп, мол игілікке кенелуіне септігін тигізетінін айтты.\n\"Қажылық – мұсылман баласын өмірінде тым болмағанда бір мәрте Меккеге баруға шақыратын, Ислам дінінің бес парызының бірі. Дегенмен, көптеген мұсылманның бұл діни міндетті өз қаражаты есебінен орындауға мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан соңғы отыз жылда гранттық немесе жеңілдікпен қажылыққа бару үрдісі белсенді дамып келеді. Сондай-ақ Сауд Арабиясы тарапынан тұрмысы төмен мұсылмандар үшін арнайы квоталар бөлінеді. Қажылық сапарларын ұйымдастырумен еліміздегі аккредиттелген туристік агенттіктер мен діни институттар айналысады. Әрине, Жаратушы алдындағы парызды өтеп, бұл дүние мен ақырет үшін рухани игілікке кенелу – әрбір мұсылман үшін аса маңызды оқиға\", – деді Расим Челидзе.\nТеолог жеңілдік бағдарламаларының материалдық тиімділігіне қарамастан, оның өзіндік қиындықтары бар екенін алға тартады. Расим Челидзенің пайымдауынша,бюджеттік сапарлар қаржылық тұрақтылықты сақтағанымен, квота тапшылығы, ұзақ кезек және тұрмыстық қолайсыздықтар сияқты кедергілер қажылықтың сапасына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, маман тарихи деректерге сүйене отырып,қажылықты өмірде бір-ақ рет өтеудің маңыздылығынтүсіндірді.\n\"Мұндай сапарлардың материалдық тұрғыдан тиімді тұстарымен қатар, өзіндік қиындықтары да бар. Қажы үшін ең үлкен артықшылық – жеңілдік бағдарламасымен бару, өйткені бұл мұсылманның қаржылық тұрақтылығына нұқсан келтірмейді. Алайда, мұндай бағдарламалардың кемшілігі ретінде мыналарды атап өтуге болады: қажылықтан орын алудың қиындығы мен квота санының шектеулілігі, сондай-ақ кезекке тұрудың бірнеше жылға созылуы. Бұған қоса, ілеспе құжаттарды толтыру барысы мен қажылық кезіндегі жеңілдік иелеріне арналған тұрмыстық жағдайларды айтуға болады. Бюджеттік қонақүйлердегі тамақтану мен қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ арзан секторларда адамдардың тым көп шоғырлануы денсаулыққа қауіп төндіріп, тұрмыстық қақтығыстардың туындауына әкеледі. Мүмкін, бұл кемшіліктердің барлығы мұсылман әлемінің қасиетті мекеніне жеңілдікпен бару мәселесін тереңірек пайымдауға өз әсерін тигізер. Айта кетерлігі, соңғы онжылдықтарда мұсылмандар арасында қажылыққа бірнеше мәрте бару үрдісі байқалуда. Мұндай іс-әрекетке ислам құқығында (фиқһ) тыйым салынбағанымен, ол Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмір жолындағы қажылық үлгісіне мазмұндық тұрғыдан қарама-қайшы келуі мүмкін.Пайғамбарымыз өмірінде бір-ақ рет, яғни 632 жылы қажылық жасаған. Тарихшылар бұл сапарды \"қоштасу қажылығы\" деп атап, ол бір мәртелік қажылықтың жарқын үлгісіне айналды. 630 жылы Мекке алынып, әскери жорықтар аяқталған соң ол Мәдинаға оралады. 631 жылы қажылыққа Әбу Бәкірді жіберіп, 632 жылы қажылықты өзі өтейді. Сондықтан көптеген дін ғұламалары қажылықты бір-ақ рет өтеу туралы пікірді қолдайды және қажылық шығынын өтей алмайтын мұсылмандар үшін демеушілік жасауды құптайды. Мұндай демеушілік қолдаулар жоғарыда аталған көптеген кемшіліктерді жойып қана қоймай, мұсылман әлеміндегі әлеуметтік байланыстарды нығайтуға септігін тигізері анық\", – деп түсіндірді теолог Расим Челидзе.\nҚазақстандық қоғамда жақын адамдарына, әсіресе ата-анасына қажылық сапарын сыйға тарту үрдісі кең етек жайып келеді.Әлеуметтанушы Эльмира Отарбұл құбылыстың негізінде тек материалдық қолдау емес, әлеуметтік мән мен жауапкершілік жатқанын атап өтті. Оның пайымдауынша, бұл – отбасылық қарым-қатынастағы құрметті көрсету және жақын адамдардың ұзақ уақыт жоспарлаған мақсатын орындауға мүмкіндік беру тәсілі.\n\"Қажылық сапарын сыйлау – ата-анаға, туысқа немесе жақын адамға құрметтің бір көрінісі. Бұл – олардың жоспарлаған сапарына жағдай жасау. Алайдамұндай шешімнің артында дайындық, денсаулық, қаржылық және моральдық жауапкершілік мәселелері тұратынын да ескеру қажет. Қажылық – нақты талаптары бар сапар. Сондықтан оны сыйлық ретінде ұсыну кезінде адамның жеке дайындығы мен ниеті маңызды\", – дейді әлеуметтанушы Эльмира Отар.\nМысалы, сапар сыйлаудың әлеуметтік артықшылықтары:\nДегенмен, сарапшы бұл қадамның әлеуметтік және дайындық тұрғысынан күрделі тұстары бар екенін ескертеді. Әлеуметтанушы Эльмира Отар бұл мәселенің әлеуметтік және құндылықтық тәуекелдеріне тоқталып, сыйлық ретінде ұсынудың бірқатар кемшілігін атап өтті. Сарапшының пайымдауынша, бұл құбылыс қоғамдағы теңсіздікті көрсетіп қана қоймай, сапардың бастапқы мәнін өзгертуі мүмкін. Ол кемшіліктер:\nҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлымұсылман қауымы үшін өзгеге қуаныш сыйлаудың сауабы мол екенін алға тартады. Оның пайымдауынша, қасиетті мекенге баруды мақсат тұтқан, бірақ жағдайы келмей жүрген жандарға қажылық сапарын сыйлау – нағыз бауырмалдықтың көрінісі.\n\"Дінімізде мұсылман бауырыңның жүрегіне қуаныш ұялату – ең ізгі әрі абзал амалдардың бірі болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда, өмірінде қасиетті мекенге баруды армандап, бірақ мүмкіндігі болмай жүрген жандарға қажылық сапарын сыйға тарту – олар үшін ең үлкен қуаныш пен баға жетпес сыйлық\", – деді Елбек Тасболатұлы.\nҚМДБ өкілі кез келген қайырымдылық істің қабыл болуындағы ең маңызды шарт – ниеттің тазалығы екенін ескертеді. Ол материалдық көмек берушіні мақтаншақтық пен риядан сақтандырып, игі істің берекесі тек шынайы ықыласқа байланысты екенін алға тартты.\n\"Алайда, мұндай сауапты істениеттің тазалығына ерекше мән берген жөн. Жасалған қайырымдылық тек Алланың ризашылығы үшін болуы шарт. Егер бұл амал елге көрсету немесе мақтан үшін жасалса, ол адамның ниетін бұзып, істеген ісінің сауабын жойып жібереді. Сондықтан, ізгі амалдың берекесі мен сауабын сақтау үшін шынайы ықыласпен жасалғаны абзал\", – дейді Елбек Тасболатұлы.\nЕлбек Тасболатұлы қажылық сапарына ниет еткен жандарға маңызды кеңестер айтты. Оның сөзінше, қажылық – бұл тек саяхат немесе туристік бағыт емес, ең алдымен жауапкершілігі жоғары ұлы ғибадат. Осы орайда сарапшы шариғат талаптарына сай ескерілуі тиіс негізгі қағидаларды атап көрсетті.\n\"Қажылыққа ниет еткен әрбір мұсылман ең алдымен бұл сапардың жай ғана саяхат емес, ұлы ғибадат екенін терең түсінуі тиіс. Шариғатымыз бойынша, қажылыққа барарда ескерілуі тиіс ең бастыүш қағидабар:\nЕң бастысы – сабыр мен көркем мінез. Қажылық кезінде түрлі қиындықтар, аптап ыстық немесе адамдардың көптігі орын алуы заңды. Сол сәтте мұсылман бауырына ашуланбай, кешірімді болу – қажылықтың қабыл болуының белгісі, – деп түсіндірді Елбек Тасболатұлы.\nФитнес-жаттықтырушы, нутрициолог Айжан Қалымовада қажылыққа жолдама сыйлаудың астарында терең рухани мән мен отбасылық құндылық жатқанын алға тартады. Оның пайымдауынша, бұл – баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызының ең биік көрінісі және олардың рухани саулығына деген шынайы қамқорлығы.\n\"Ең алдымен, мұндай сыйлықтың рухани құндылығы өте жоғары. Себебі, Исламның бес парызының бірін өтеуге жәрдемдесу – діни тұрғыдан ең игі істердің бірі. Көптеген мұсылман үшін, әсіресе қаражат тапшылығынан жол шығынын өздігінен өтей алмай жүрген жандар үшін бұл – өмірлік арманының орындалуы. Сонымен қатар, балалары тарапынан жасалған мұндай қадам – ата-анаға деген шексіз құрметтің және олардың рухани амандығына деген шынайы қамқорлықтың ең биік көрінісі. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, бұл адамның рухани жаңғыруына және қоғамдағы беделінің артуына ықпал етеді\", – дейді Айжан Қалымова.\nАйжан Қалымова қажылықтың рухани артықшылықтарын айта келе, бұл сапардың ағзаға түсетін салмағы мен ұйымдастырушылық тұрғыдағы тәуекелдерін де назардан тыс қалдырмады. Маман сапарға шықпас бұрын денсаулық жағдайы мен шариғи талаптарды мұқият ескеру қажеттігін ескертіп, келесідей маңызды жайттарды атап өтті.\n\"Негізгі қауіп-қатер қажының физикалық жай-күйіне байланысты. Қажылық сапары үлкен күш-жігерді, ұзақ жаяу жүруді және аптап ыстықта болуды талап етеді, бұл дайындығы жоқ адамның денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондай-ақ рухани дайындық мәселесі де аса маңызды: тиісті діни білім мен шынайы ниет болмаса, сапар күтілген рухани нәтиже бермей, жай ғана туристік саяхатқа айналып кетуі ықтимал. Бұдан бөлек, жауапсыз туроператорды таңдау немесе виза мен құжаттарды рәсімдеудегі кедергілер сияқты ұйымдастырушылық тәуекелдер де бар. Сонымен қатар, адамның жеке міндеттемелерін де ескеру қажет. Қажылық ережелері бойынша, қажының өтелмеген қарызы болмауы тиіс, ал ол сапарда болған уақытта отбасы толықтай материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі шарт\", – деп қосты Айжан Қалымова."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/qazaqstan-qytai-aziia-zane-europa-arasyndagy-aue-zuk-tasymalynyn-strategiialyq-ortalygyna-ainalyp-keledi-zoan-pelise", "title": "Қазақстан Қытай, Азия және Еуропа арасындағы әуе жүк тасымалының стратегиялық орталығына айналып келеді – Жоан Пелисье", "text": "Airbus компаниясының Еуропа өңірі бойынша президенті Жоан Пелисье IATA қауымдастығының 81-жылдық жиналысында Қазақстандық журналистерге ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық әуе хабын құру бастамасына қатысты өз пікірін бөлісті.\nЖоан Пелисьенің айтуынша, Қазақстан соңғы жылдары Азия, Қытай және Еуропа арасындағы әуе жүк тасымалының аралық платформасына айналып келеді.\n\"Әлбетте, біз бұған қуаныштымыз. Қазақстанда азаматтық авиацияның дамуы біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұған дейін біз Air Astana және Fly Arystan әуе компанияларына ұшақтарымызды ұсынып келгенбіз, болашақта жүк тасымалы операторларына да өз әуе кемелерімізді ұсына аламыз. Бұл салада біздің белсенділігіміз жоғары. Қазір бізде жолаушылар ұшағынан жүк тасымалдайтын әуе кемесіне айналдырылған A320 және A330 ұшақтары бар. Ал арнайы жүк тасымалына арналған A350 ұшағын алғашқы операторлар 2027 жылдың екінші жартысынан бастап қабылдай бастайды. Сондықтан да Қазақстанның әуе көлігі хабының талаптарына сай келетін кез келген әуе кемесін ұсынуға дайынбыз\", – деді Жоан Пелисье.\nAirbus компаниясының өңірлік президенті сұхбат барысында өзге де сұрақтарға жауап берді. Оның ең басты тақырыптарын оқырман назарына ұсынамыз.\n– Қазақстанның Airbus компаниясының еуразиялық стратегиясындағы рөлі қандай?\n– Біз үшін Қазақстан – Орталық Азия нарығындағы ең маңызды елдердің бірі. Мұнда біздің кеңсеміз және тікұшақ орталығындағы өкілдігіміз орналасқан. Онда көптеген қызметкерлеріміз жұмыс істейді. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Airbus компаниясының Қазақстандағы басшысы ретінде Роман Блащишин тағайындалды. Бұрын ол қорғаныс және ғарыш салаларындағы ынтымақтастыққа жауап берсе, енді өнеркәсіп, бизнесті дамыту және саяси мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу сияқты кез келген деңгейдегі қарым-қатынасты құра алады. Басқаша айтқанда, бұл өкілдік – бізді Қазақстанмен байланыстыратын басты құралымыз.\nМұның бәрі Қазақстан нарығының біз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біз Қазақстан үкіметімен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайынбыз.\n– Қазақстанмен әріптестікті күшейту бойынша жоспарлар қандай?\n– Қазіргі таңда Қазақстанда біз өз қызметіміздің үш саласында жұмыс істеп жатырмыз.\nОлар – қорғаныс пен ғарыш жобалары, тікұшақ өндірісі және азаматтық авиация. Болашақта бұл тізімге жүк ұшақтарын жеткізу қосылады деп сенеміз. Сондықтан серіктестік қазірдің өзінде жоғары деңгейде дамып келеді, және ол қорғаныс саласында болсын, азаматтық салада болсын, біз оны одан әрі нығайтқымыз келеді.\nКелесі жылы біз Қазақстанның Air Astana әуекомпаниясымен серіктестігіміздің 20 жылдығын атап өтеміз. Air Astana мен FlyArystan жыл сайын өз флоттарын Airbus ұшақтарымен толықтырып келеді. Біз бұл ынтымақтастыққа ризамыз.\n– Airbus Орталық Азияны өзінің сервис орталықтарын орналастыру алаңы ретінде қарастыра ма?\n– Қазірдің өзінде Қазақстанда тікұшақтарға қызмет көрсететін сервистік орталығымыз бар. Бұл Орталық Азиядағы тікұшақ паркін қолдайтын жалғыз орталық. Сондай-ақ, біз оны көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты елдерге қызмет көрсету үшін де пайдаланамыз.Алдағы уақытта қорғаныс саласындағы C295 және A400M ұшақтары үшін де осындай тәжірибені зерттеп, іске асыруды жоспарлап отырмыз. Алдымен бұл ұшақтарды пайдалануға енгізу қажет. Кейін, әсіресе Қазақстанға осындай ұшақтар қажет болған жағдайда, оларға қызмет көрсетуге арналған сервистік орталық ашу мүмкіндігін қарастырамыз.\n– Airbus үшін Қазақстанды Орталық Азияның басқа елдерінен ерекше ететін не?\n– Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында Airbus-пен алғашқы ынтымақтастық орнатқан мемлекет. Кейін Uzbekistan Airways компаниясымен де серіктестік басталды. Дегенмен, Қазақстан бірінші болып ынтымақтастық орнату ғана емес, өзге де ерекшеліктерге ие. Біз өзара серіктестікті жоғары бағалаймыз және жыл сайын бұл әріптестік одан әрі нығая түсуде. Әсіресе, Air Astana компаниясымен азаматтық авиация саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығымыз Қазақстандағы қызметімізді кеңейтуге үлкен ынта береді.\n– Airbus Қазақстанға жеткізілген әскери-транспорт ұшақтарын пайдалануға персонал дайындау ісіне қатыса ма?\n– Қазақстан 2024 жылғы желтоқсанда алғашқы A400M ұшағын қабылдап, оны пайдаланатын елдердің қатарына жаңадан қосылды. Airbus персоналды оқыту және қолдау саласында ынтымақтастық орнатуға ұмтылады. Әскери әуе күштерінің ұшқыштары мен техниктері Airbus компаниясының Севильедегі Халықаралық оқу орталығында біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Қазақстанда әскери әуе күштерінің ұшақты бастапқы кезеңде тиімді пайдалануы үшін жергілікті Airbus қолдау қызметі жұмыс істейді. Оның кейбір қызметкерлері – Қазақстан азаматтары, олар алдын ала жұмысқа қабылданып, арнайы оқытылған.\n– Алдағы 10 жылда қандай технологиялық тенденциялар авиация саласына өз ықпалын тигізеді?\n– Алдағы онжылдыққа көз жүгіртсек, Airbus авиация саласына болашақта айтарлықтай әсер ететін бірқатар негізгі технологиялық бастамаларды белсенді түрде қолдап, жүзеге асырып жатыр.\nБіріншіден, біз экологиялық таза авиаотын – SAF (Sustainable Aviation Fuel) өндірісі мен қолданылуын кеңейтуге елеулі инвестиция салып жатырмыз. Қазіргі уақытта барлық Airbus ұшақтары құрамында 50% SAF бар отынды пайдалануға сертификатталған. 2030 жылға дейін бүкіл әуе паркімізді 100% SAF-пен үйлесімді етуге ұмтылып отырмыз.\nЕкіншіден, біз A220, A320neo сериясы және A350 секілді жаңа буынды ұшақтарды жасап, жеткізу арқылы жаһандық әуе паркін үнемі жаңартып келеміз. Бұл ұшақтар отын шығыны мен зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайтады. Әуе компанияларына ең тиімді әуе кемелерін ұсына отырып, біз авиация саласының көміртек ізін қысқартуға тікелей үлес қосып отырмыз.\nҮшіншіден, Airbus дәстүрлі ұшақтардың тиімділігін арттыратын технологияларды дамытуда көшбасшы. Бұл бағытта біз қозғалтқыш өндірушілермен тығыз ынтымақтастықта болып, жоғары тиімділікке ие жаңа буындағы екі контурлы қозғалтқыш технологияларын енгізіп жатырмыз. Сонымен қатар, The Wing of Tomorrow бағдарламасы аясында аэродинамиканы жақсарту бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік, ал EcoPulse секілді жобалар арқылы гибридті электр қозғалтқыштарының әлеуетін зерттеп келеміз. Бұл жұмыстар отын шығынын азайтып, қысқа және орта мерзімді кезеңде ұшақтардың жалпы энергия тиімділігін оңтайландыруға бағытталған.\nСутегімен жұмыс істейтін қозғалтқыштар сияқты ұзақмерзімді технологияларды дамытумен қатар, біз SAF тиімділігін барынша арттыруға, ұшақ паркін жаңартуға және қазіргі әрі болашақ жобаларымызда озық тиімділік тәсілдерін енгізуге ерекше назар аударамыз. Дәл осы бағыттарға біз ресурстарымызды белсенді түрде инвестициялап, келесі онжылдықта авиацияның экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға барынша күш саламыз.\n– Авиация саласы 2050 жылға қарай зиянды шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізе алады деп есептейсіз бе?\n– Airbus 2050 жылға қарай авиация саласында көміртегі шығарындыларын нөлдік деңгейге дейін азайту жөніндегі бүкіл саланы қамтитын мақсат аясында өз жауапкершілігін толық сезінеді. Бұл мақсатты ATAG, IATA, ICAO секілді ұйымдар белсенді қолдап отыр және ол Еуропалық Одақтың \"Жасыл келісім\" бастамасымен үйлеседі. Біз бұл мақсатқа тек авиация саласының бүкіл құн тізбегі бойынша күш біріктіру арқылы ғана қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз. Бұл – ұшақ өндірушілер, әуе компаниялары, отын жеткізушілер, реттеуші органдар мен үкіметтер арасындағы жаһандық деңгейдегі тығыз ынтымақтастықты талап етеді.\nAirbus декарбонизацияға апаратын нақты және кешенді жолды қолдайды. Осы жол аясында біз ғылыми тұрғыдан негізделген, қатаң шығарындыларды азайту мақсаттарын көздеп отырмыз. Бұл мақсаттар тәуелсіз сарапшылар тарапынан расталған. Біздің стратегиямыз бірнеше бағытты қамтиды: отын үнемдейтін ұшақтарға көшуді жеделдету, таза авиаотынды (SAF) пайдалануды кеңейту, дәстүрлі авиациялық технологиялардың отын тиімділігін арттыратын инновацияларды үздіксіз енгізу, сондай-ақ сутегі қозғалтқыштары сияқты озық технологияларды дамыту.\n2050 жылға қарай нөлдік шығарындыларға қол жеткізуіміз осы шешімдерді тиімді жүзеге асырып, кеңінен енгізуімізге байланысты. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым мен нормативтік-құқықтық база қажет, ал біз өз тарапымыздан осы мақсатқа жетуге қажетті технологиялық әлеуетімізді барынша жұмылдырамыз.\n– Airbus сутегі қозғалтқышымен жүретін коммерциялық ұшақтарды қолданысқа енгізуге қаншалықты жақын?\n– Бұл – Airbus компаниясының көміртексіз авиацияны дамытудағы ең маңызды бастамаларының бірі. Инновациялық технологияларды коммерциялық деңгейге жеткізу үшін біз зерттеу мен әзірлемелерге айтарлықтай және тұрақты түрде инвестиция салып келеміз. Жуырда біз сутегі отынымен жұмыс істейтін ұшақтың жаңа тұжырымдамасын ұсындық. Бұл жобада отын элементтері (fuel cell) технологиясының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылған.\nБастапқы болжамымыз бойынша, мұндай ұшақ шамамен 2035 жылы қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған. Алайда қазіргі болжамдар бұл бағыттағы маңызды қиындықтарды — сутегіні сақтау жүйесінен бастап, күштік қондырғыларды әзірлеуге дейінгі барлық қажетті авиациялық технологияларды дамыту қажеттігін ескереді. Сонымен қатар, сутегін өндіру, тарату және әуежай инфрақұрылымын қоса алғанда, толыққанды сутегі энергетикалық экожүйесін құру да аса маңызды.\nДегенмен, Airbus бұл мәселелерді шешу және сутегі қозғалтқышын дамыту идеясынан бас тартпайды. Сутегімен жұмыс істейтін алғашқы коммерциялық ұшақты қолданысқа енгізу мерзімі осы негізгі технологиялық және инфрақұрылымдық салаларда қол жеткізілетін прогреске тікелей байланысты болады. Біз бұл бағыттағы дамуымыз бен жетістіктеріміз туралы тұрақты түрде хабарлап отырамыз.\n– Геосаяси жағдай мен сауда кедергілері (мысалы, Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас) Airbus-тың жеткізу тізбегіне әсер етіп жатыр ма?\n– Бүкіл аэроғарыш саласы сияқты, Airbus та жаһандық сауда жүйесінің даму үдерісін және қазіргі макроэкономикалық ахуалды – оның ішінде геосаяси мәселелер мен жоғары тарифтердің енгізілуін мұқият бақылап отыр. Біздің саланың жаһандық сипатын ескере отырып, біз 1979 жылғы келісімнің қағидаттарына қайта оралуға шақырамыз. Бұл ұзақ мерзімді келісім баж салығынан бос сауданы қамтамасыз етеді, ал оған біздің сала едәуір дәрежеде тәуелді.\nТарифтер мен жалпы сауда саясатының өзгерістері жеткізу тізбегімізге ықпал ететінін жақсы түсінеміз. Сол себепті біз әлем бойынша клиенттеріміз және жеткізушілерімізбен тығыз жұмыс істей отырып, өзгермелі нарық жағдайына бейімделуге және ең тиімді стратегияларды анықтауға күш салып келеміз. Airbus жаһандық деңгейде өз қызметін жалғастырып, жұмыс орындарын сақтап, инновацияларды қолдап, АҚШ, Еуропа, Азия және басқа да өңірлердегі аэроғарыш нарықтарына өнім жеткізуді қамтамасыз етіп отыр.\nҚазіргі сауда шиеленістерінің нақты қаржылық және операциялық салдарын бағалау әлі ерте болса да, біз стандартты тәуекелдерді басқару аясында бірнеше ықтимал сценарийді қарастырып жатырмыз. Клиенттерге уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету және бизнестің тұрақты жұмыс істеуін қолдау – біздің басымдығымыз. Біз аэроғарыш саласының бәсекеге қабілетті әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін саясаткерлермен, салалық қауымдастықтармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жалғастырамыз.\n– Airbus Қазақстанның аэроғарыш секторында білім беру және инновациялық бастамаларды қолдауға ашық па?\n– Airbus Қазақстандағы аэроғарыш секторын дамытуға бағытталған бірқатар нақты жобаларға қатысу арқылы бұл бастамаларды қолдауға белсенді түрде атсалысып келеді.\nАэроғарыш инфрақұрылымын дамыту саласындағы серіктес ретінде Airbus қазақстандық менеджерлер мен инженерлерге Франция мен Ұлыбританияда спутниктік бағдарламаларды басқару бойынша оқудан өту және тәжірибе жинақтау мүмкіндігін ұсынды. Қазіргі таңда бұл мамандар Қазақстанның ғарыш саласындағы ұйымдарында қызмет атқаруда.\nҚазақстанмен бірлескен Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering (AHKE) кәсіпорны өңірдегі тікұшақ мамандарын аттестациядан өткізумен қатар, Азаматтық авиация академиясының түлектеріне арналған екі жылдық практикалық оқу бағдарламасын іске асыруда.\nБіз сонымен қатар жас таланттарды қолдау бастамаларына да қатысудамыз. Мысалы, біз Назарбаев Университетінің Mechaton 2025 іс-шарасына қатысып, механика және аэроғарыш мамандықтарының студенттеріне дәрістер мен тағылымдамалар ұсындық. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қазақстанда ab-initio тікұшақ ұшқыштарын оқыту және қолдау көрсету мүмкіндіктерін зерттеп жатырмыз.\nAirbus қажеттілікке және іске асыру мүмкіндігіне байланысты бірлескен жобалар аясында өз білімін және тәжірибесін бөлісуге әрдайым дайын."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/braziliia-men-qazaqstan-zaiylym-samalas-bolganymen-nege-mal-sanynda-aiyrmasylyq-ulken", "title": "Бразилия мен Қазақстан: Жайылым шамалас болғанымен, неге мал санында айырмашылық үлкен?", "text": "Dala.Camp Forum 2026 аясында Қазақстандағы мал шаруашылығы саласының кәсіпкерлері қосылған құн тізбегіне қатысты мәселені талқылады. Сарапшылардың айтуынша, фермерлер бұл тізбекте бар болғаны 10 пайыз шамасындағы үлеске ие болса, оның 40 пайыз үлесін логистика мен сатумен айналысатындар көріп отыр.\nБұл ретте \"Мал шаруашылығындағы қосылған құн тізбегі\" тақырыбындағы талқылау саланың ішкі логикасына — генетика мен биологиялық қауіпсіздіктен бастап өңдеу, баға қалыптастыру және нарыққа шығуға дейінгі кезеңдерде қосылған құнның қалай қалыптасатыны, бөлінетіні және жоғалатынына арналды.\nTuran Қазақстан мал өсірушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Жәнібек Кенжебаев жүргізген пікірталасқа қатысқан спикерлер Қазақстандағы мал шаруашылығы әлі де ферма, бордақылау, өңдеу және өткізу секілді оқшау кезеңдерден тұратынын, ал қосылған құнның біркелкі қалыптаспай, тізбек бойында \"ағып кететінін\" атап өтті. Негізгі сын-қатер – фрагменттелген нарықтан әрбір буын жалпы экономиканы күшейтетін басқарылатын жүйеге көшу.\nТалқылаудың өзегі – қосылған құн қай жерде жоғалады, толық вертикалды интеграциясыз тұрақты модель құру мүмкін бе және мал бағасын қалай болжамды етуге болады деген сұрақтар болды. Халықаралық тәжірибе биологиялық қауіпсіздік пен ветеринариялық стандарттардың тек бақылау құралы емес, баға қалыптастыру факторы екенін көрсетті. Реттеу мен нарық икемділігінің балансы да назардан тыс қалмады.\nӘзербайжанның бас ветеринар дәрігері Галиб Абдулалиев биологиялық қауіпсіздіктің сауда артықшылығына айналуын атап өтті: жануарлардың генетикалық әлеуеті, сапалы жем-шөп, тиімді маркетинг және нарыққа қолжетімділік – ұсақ шаруашылықтар мен ірі өндірушілер үшін ортақ талап. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 75 пайыздан астамы ұсақ шаруашылықтардың үлесіне тиесілі, сондықтан олардың рөлі ерекше.\n\"Табысты мал шаруашылығын дамыту үшін жануарлардың генетикалық әлеуеті жоғары болуы керек. Мал басын жеткілікті әрі сапалы жемшөппен қамтамасыз ету маңызды. Ең бастысы – өнімді өткізетін нарықтың болуы және өз өніміміздің маркетингін жолға қою. Бұл кезеңдерді ұсақ фермерлік шаруашылықтар да, ірі өндірушілер де орындауы тиіс. Биологиялық қауіпсіздік осы жүйелердің барлығында – генетикада, азықтандыруда, ветеринарияда және саудада маңызды рөл атқарады\", – деді ол.\nАл \"Terra\" компаниялар тобының бас директоры Ердос Тапаев мал шаруашылығында толық циклді иелену – әрдайым мақсат емес екенін және компаниялар тар салаларда кәсіби шоғырлануы керектігін айтты. Алайда нарықтық инфрақұрылым жеткіліксіз болған жағдайда көптеген кәсіпорындар бірігуге мәжбүр.\n\"Жері, репродукторлары, бордақылау алаңдары, ет комбинаттары және экспорттық нарықтары бар компаниялар бар. бірақ шаруалардың бәріне мұндай құрылымға, вертикалды жүйеге ие болуға ұмытлудың қажеті аз. Сондықтан, ұсақ шаруалар өзінің маманданған саласына көбірек көңіл бөлгені жөн. Ал назарын вертикалды жүйеге бұрып, ресусрын жан-жаққа жұмсайтын болса, тиімділік төмендейді. Сол үшін де әркім өз саласымен айналысқаны дұрыс. Осылайша, әлемдік деңгейдегі өзіндік құн қалыптасса, біз дәл осындай өзіндік құнмен нарықта бәсекеге қабілетті бола аламыз\", – деді Ердос Тапаев.\nСессияда Түркістан облысындағы толық өндірістік циклді қалыптастыру тәжірибесі, климат, жем-шөп базасы, су ресурстары мен логистиканың өзіндік құнға ықпалы қаралды. \"Қайып-Ата\" ЖШС директоры Сырым Ертаев АҚШ пен Австралияның үздік тәжірибесіне негізделген мал биржасын құру жоспарын таныстырып, мәмілелердің ашықтығы мен заңдылығын, қатысушыларға арналған инфрақұрылымды қамтамасыз ету көзделетінін жеткізді.\nКооперация және салалық бірлестіктердің рөлі де назарда болды. Қазақстан мал өсірушілер одағының директоры Дәурен Салықов Қазақстанның пайдаланылмаған әлеуетін атап өтіп, жайылым көлемі бойынша елдің мүмкіндігі зор екенін, бірақ мал басы мен экспорт көлемінің әлі төмен екенін айтты.\n\"Бразилияда жайылым жерлерінің көлемі 196 млн гектарды құраса, Қазақстанда – 180 млн гектар шамасында. Соған қарамастан, Бразилияда мал басы 238 млн болса, Қазақстанда – 8,8 млн ғана. Айта кету керек, біздегі экспорт көлемі 30 мың тоннаны құраса, Бразилияда – 3,5 млн тонна. Рас, климатта айырмашылық бар, бірақ егер біз Бразилия жасап отырған шаруаның кем дегенде 50 пайызын атқара алсақ, оның өзі біз үшін өте жақсы нәтиже болар еді. Мысалы, Астанадан Бурабайға дейін 250 км жол жүрсеңіз, бірде-бір мал басын көрмейсіз. Міне, осындай бос жатқан жерді малмен толтыру – біздің тікелей міндетіміз болуы керек\", – деді Дәурен Салықов.\nСессия қорытындысында спикерлер мал шаруашылығы – жеке кезеңдер жиынтығы емес, біртұтас жүйе деген ортақ пікірге келді. Әділ баға, инвестициялық тартымдылық пен тұрақты өсім тек жүйелі үйлестіру, ашық нарықтық механизмдер және бизнес, салалық бірлестіктер мен мемлекеттің серіктестігі арқылы мүмкін."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/biz-qazaqstannyn-ornyqty-damuyndagy-senimdi-ariptespiz-aiib-direktory", "title": "Біз Қазақстанның орнықты дамуындағы сенімді әріптеспіз – АИИБ директоры", "text": "24-26 маусымда ҚХР астанасы – Бейжіңде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің оныншы жыл сайынғы жиналысы өтеді. Банктің портфелінде қазақстандық 7 жоба бар болса, олардың жалпы құны 2 миллиард АҚШ долларынан астам. Бұл жобалар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басым бағыттар қатарына жатқызған көлік, энергетика және денсаулық сақтау салаларында жүзеге асырылады.\nИнформбюро порталы осы айтулы шара қарсаңында банктің инвестициялар жөніндегі директоры Константин Лимитовскиймен сұхбат құрды.\n– Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) негізін қалаған мемлекеттердің бірі. Он жыл ішінде біздің елдің банк қызметіндегі рөлі қалай өзгерді?\n– 2016 жылы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі құрылғаннан бері Қазақстан құрылтайшылардың бірі ретінде оның қызметінде маңызды рөл атқарады. Қазақстан алғашқы күннен бастап орнықты инфрақұрылымға және аймақтық дамуға бағытталған көп жақты институттың маңызын мойындады. Он жылда оның рөлі тек күшейе түсті.\n2024 жылы АИИБ және Қазақстан үкіметі инфрақұрылымды орнықты дамытуды жеделдетуге және инклюзивтік экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған 2025-2029 жылдар кезеңіне арналған көп жылдық инвестициялық бағдарламаны бірлесіп әзірлеуге кірісті. Бұл ынтымақтастық экологиялық инфрақұрылымды қолдайтын, әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейін жоғарылататын, аймақтық байланыстарды және Орталық Азия елдері мен басқа да аймақтардың ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететін инвестициялық жобалардың тиімді әрі сенімді желісін құруға ортақ ұмтылысты көрсетеді.\nҚазақстан технологияларды пайдаланып инфрақұрылымды дамыту, жеке капиталды тарту және мемлекет-жеке сектор әріптестігін жасау үшін қолайлы орта құру жолында көш бастап келеді. Осындай жаңашыл бастамалардың қатарында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заң бойынша қаржыландырылған еліміздегі бірінші аурухана, сондай-ақ маңызды көлік жобалары, соның ішінде сауданың дамуын тежейтін шектеулерді жоюға арналған теміржол айналма жолдары – AИИБ мақтан ете отырып қолдайтын нақты бастамалар.\nАИИБ банктің негізін қалаушы мемлекет болып табылатын Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға бейілділігін үнемі көрсетіп келеді.\n– Қазіргі уақытта АИИБ портфелінде қазақстандық қанша және қандай жобалар бар? Бізге көлік, энергетика және денсаулық сақтау саласындағы жеті жоба туралы мәлім. Бұл жобалар қалай іске асып жатыр және әзірге жалпақ елге әлі хабарланбаған инвестициялық бастамалар бар ма?\n– Қазіргі уақытта AИИБ-нің Қазақстанда көлік, энергетика және денсаулық сақтау саласын қамтитын, жалпы құны 2 миллиард АҚШ долларынан астам, мақұлданған жеті жобасы бар. Бұл бастамалар сәтімен іске асырылуда, мұның өзі орнықты даму және инфрақұрылымды жетілдіру саласындағы ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізеді.\nБекітілген жобалардан басқа, АИИБ және Қазақстан үкіметі жаңа инвестициялық бастамалар портфелін дамытып келе жатыр. Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан жобалардың қатарында – Алматы теміржол айналма жолдарын салу жобасы, оның арқасында халық көп шоғырланған қала аудандарынан жүк тасымалының қайта бағыттау және аймақтық сауда мен көлік байланысын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын М-32 (Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын) автокөлік жолы учаскесін қайта құру мүмкін болады.\nҚарқынды дамып келе жатқан бұл портфель біздің Қазақстанның ұлттық басымдықтарынан айнымастығын және стратегиялық серіктес ретіндегі аймақтағы рөлін көрсетеді. Қазіргі уақытта біз Қазақстанмен автомобиль жолдары мен темір жолдар, денсаулық сақтау (атап айтқанда, аурухана салу), жаңартылатын энергия көздері және қаржы институттарын дамыту сияқты салаларда жаңа жобалар пакетін қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз.\n– АИИБ қолдау көрсетуге дайын екенін білдірген басымдықты бағыттардың бірі – \"Каспий жасыл энергетикалық дәлізі\" жобасы. Бұл жоба бірқатар өңірлік мәселені шешуге арналған. Осы жайында толығырақ айтып берсеңіз.\n– \"Каспий жасыл энергетикалық дәлізі\" жобасы – Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жаңартылатын энергетика саласындағы трансшекаралық байланыстарды кеңейтуге бағытталған, өзгеріс әкелетін аймақтық бастама. AИИБ жобаны әзірлеудің бастапқы кезеңіне белсене қатысып жатыр және оны қолдауға өте мүдделі екенін танытты.\nДәліз тұжырымдамасында Қазақстан мен Өзбекстаннан Каспий теңізі және Әзербайжан аумағы арқылы Еуропаға жаңартылатын энергияны экспорттауға жол ашатын электр энергиясын жеткізуге арналған инфрақұрылым салу көзделген. Жобаны іске асыру Каспий өңіріндегі \"жасыл\" энергетиканың ауқымды әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, энергия жүйелерін көміртексіздендіруге, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және аймақтық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.\nЖобаға АИИБ қатысуы оның басым бағыттарына, атап айтқанда, орнықты инфрақұрылымды және өңірлік интеграцияны ілгерілету мақсатына толығымен сәйкес келеді. Бұл жоба энергияның \"жасыл\" көздеріне көшудің және банктің негізін қалаушы бірнеше мемлекет арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастықтың озық үлгісі болуы мүмкін.\n– Қазақстан президенті үкіметке ұлттық экономикаға жаңа инвестиция көздерін тартуды тапсырды. Қазақстан көлік, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен жетілдіру жобаларын ілгерілетіп жатқаны белгілі. Бұлар – АИИБ қызығушылық танытанын салалар. Жақын арада қандай жаңа жобалар қолдау тауып, банк портфелін толықтыруы мүмкін?\n– AИИБ Қазақстанның стратегиялық басымдықтарына сәйкес даму бағдарын анықтауда ұстанымы белсенді екенін көрсетті, ал біз елдегі қарым-қатынасымызды кеңейту үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенін көріп отырмыз. Қазіргі уақытта мақұлдаудан өткен жеті жобаға қоса, біз Қазақстанның инфрақұрылымдық базасын нығайтуға және орнықты экономикалық өсуіне жәрдемдесуге бағытталған бірқатар жаңа бастаманы қарастырып жатырмыз.\nАтап айтқанда, біз темір жолдағы тар жерлерді жоюға және басқасына қоса, Алматыдағы теміржол айналма жолдарын салу жобасы мен М-32 автожолының негізгі учаскелерін қайта құруға бағытталған бағдарламаны әзірлеп жатырмыз. Нақтырақ айтатын болсақ, екі бастама да көліктің қолжетімді болуын жақсартуға, көлік инфрақұрылымының өткізу әлеуетін кеңейтуге, сондай-ақ ел іші мен өңірдегі тауар айналымының тиімділігін арттыруға бағытталған.\nСонымен қатар, біз үкіметпен жаңартылатын энергетика және әлеуметтік инфрақұрылым саласындағы жобаларға қолдау көрсету мүмкіндігі бойынша тұрақты диалог жүргізіп жатырмыз. Біздің үнемі дамып келе жатқан жобалар желісі арқылы АИИБ жеке капиталды тартуға және мемлекет пен жеке сектор әріптестігін дамыуға әқпал ететін ұзақ мерзімді қаржылық шешімдерді ұсынуға ұмтылады. Біз Қазақстанның орнықты дамуы жолындағы сенімді және икемді әріптес болып қала береміз.\n– Биыл Бейжіңде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің оныншы жыл сайынғы жиналысы өтеді. Кездесуде қандай тақырыптар талқыланады және олардың қайсы Қазақстанға тікелей қатысты?\n– АИИБ оныншы жыл сайынғы жиналысы мекеме тарихындағы маңызды кезең болмақ, онда оның он жылдағы дамуы қорытындыланып, орнықты өсудің келесі кезеңінің бағдары белгіленеді. Биылғы жылдың тақырыбы – \"Ертеңгі күннің инфрақұрылымы үшін қаржыны жұмылдыру\". Осы орайда капиталды тарту, инновацияларды ынталандыру және жасыл, инклюзивті және технологияға бағдарланған инфрақұрылымға инвестиция салу ауқымын кеңейту қажеттілігіне назар аударылады.\nБанктің негізін қалаушылардың бірі ретінде Қазақстан пікірталаста белсенді рөл атқарады деген сенімдеміз. Еліміз үшін тікелей маңызы бар тақырыптардың ішінде жаңартылатын энергетикаға жеделдетіп инвестиция тарту, өңірлік байланыстарды нығайту және Қазақстан мен АИИБ тығыз ынтымақтастық орнатқан бағыттардағы мемлекет пен жеке сектор әріптестігін кеңейту бар.\nЖеке капиталды тартудың жаңа құралдары мен бастамаларына ерекше назар аударылады, бұл – Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тарту аясындағы стратегиялық бағыты тұрғысынан алғанда өте өзекті мәселе. Осы жыл сайынғы кездесуде Қазақстан инвесторлардың, саясаткерлердің және даму бойынша әріптестерінің жаһандық аудиториясы назарына өзінің реформалар бағдарламасы мен банктік жобаларды қолдау бағдарламасын ұсынуға мүмкіндік алады."} {"source": "kaz.tengrinews.kz", "url": "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tayau-shyigyis-eldernde-kazakstandyik-4-myin-turist-kalyip-371943/", "title": "Таяу Шығыс елдерінде қазақстандық 4 мың турист қалып қойған", "text": "Қазақстанның төрт мыңнан аса азаматы Таяу Шығыс елдерінен шыға алмай отыр. Әңгіме БАӘ, Қатар және Сауд Арабиясында жүрген туристер туралы болып отыр. Мұндай деректі \"Туристік Қамқор\" қоры келтірді, - деп хабарлайдыTengri Travel.\nҚазақстанның төрт мыңнан аса азаматы Таяу Шығыс елдерінен шыға алмай отыр. Әңгіме БАӘ, Қатар және Сауд Арабиясында жүрген туристер туралы болып отыр. Мұндай деректі \"Туристік Қамқор\" қоры келтірді, - деп хабарлайдыTengri Travel.\nҰйым мәліметінше, адамдардың басым бөлігі баспанамен қамтамасыз етіліп, қауіпсіз жерде орналасқан.\n\"2026 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты бірқатар әуекомпанияның рейстері тоқтатылды. Қазақстандық туристер Парсы шығанағы аймағында әуе кеңістігі ашылғанын күтіп, осы елдерде қалуға мәжбүр. Туркоды бар қазақстандық туристер қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген\", - деп хабарлады қор.\nҚор дерегінше, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде:\nСамое важное о событиях в Казахстане и мире"} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zetisu-oblysyndagy-panfilov-audany-qalai-damyp-zatyr-fotoreportaz", "title": "Жетісу облысындағы Панфилов ауданы қалай дамып жатыр? Фоторепортаж", "text": "Жетісу облысының шекаралық аймағы Панфилов ауданы – халқының саны және әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатардағы аудандардың бірі. Ауданда 142 мың адам тұрады. Облыс құрылғалы үш жыл ішінде аталған ауданда 6 жаңа мектеп, 21 медицина нысаны салынған.\nИнформбюро тілшісі Панфилов ауданының әлеуметтік және инвестициялық объектілері туралы пресс-турға қатысып, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.\nАлматыдан 300 шақырымдай жерде жатқан Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласына ат басын бұрдық. Алдымен \"Жайлы мектеп\" ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды орта мектепте болдық. Жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған бұл заманауи білім ордасында балалардың алаңсыз білім алып, шығармашылық еркін дамуына барлық жағдай жасалған. Мектепте 64 сынып бар, соның алтауы – touch-экрандары бар жаңа модификациядағы кабинеттер. Онда оқушылар химия, физика, биология пәндерін, робототехника, STEM, нанотехнологияны меңгереді. Сонымен қатар екі информатика кабинеті, 258 орындық кең акт залы, екі спорт залы, екі оқу залы бар кітапхана, 230 орындық асхана, би залы бар.\n\"Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ерекше жағдайлар жасалған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта бейнебақылау, дыбыстық хабарлау жүйесі орнатылған. Материалдық жабдықтарға бай шеберханалар, кітап оқуға, оқушылардың шығармашылық дамуы мен демалуына арналған коворкинг аймақтары, сондай-ақ балалар мен спорт алаңдары жасақталған. Балалар бір ауысымда оқиды. Ал түстен кейін мектептің хореография залында би, спорт зал мен алаңдарда волейбол мен баскетбол және басқа да тегін үйірмелерге қатысады. Барлық пәннен ақысыз қосымшалар жүргізіледі\", – деді мектеп директоры Айгүл Дәрубаева.\nӘр кабинет жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сабақ оқуға, тәжірибе жасауға қажеттің бәрі бар. Химия пәні кабинетіне кіргенде 9-сынып оқушылары сабақ өтіп жатты. Тақтаға жазылған формулаларды зертханада сынап көретіндерін айтып, \"Жайлы мектеп десе жайлы мектеп\" деп баға берді.\nКөркем еңбек пәнінде балалар станоктарды, әртүрлі техниканы қолданып ағаштан, темірден, гипстен әртүрлі бұйым жасайды. Өздері жасаған қолөнер бұйымдарын қайырымдылық жәрмеңкесінде сатып, жиналған қаржыны жағдайы төмен отбасыларға берген екен. Пән мұғалімі жаңа нәрсені үйренуге балалардың қызығушылығы жоғары екенін айтып отыр. Түстен кейін өтетін үйірмеге де балалар ертерек келіп алып, кеш батқанша қол еңбегімен айналысады.\nОқу мекемесі 2024 жылы қараша айында ашылған. Қазіргі таңда білім алып жатқан 1071 оқушыға 92 мұғалім сабақ береді. Мектеп автобусы қашықтан келетін 60-қа жуық баланы тегін тасымалдайды. Мұғалімдер біліктілігін арттыру курстарынан өтіп тұрады.\nМектептен шығып екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н. Головацкий атындағы ауылдың күрделі жөндеуден кейін жаңартылған мәдениет үйіне бардық. Кезінде Николай Головацкийдің арқасында салынған мұндай көрнекті мәдениет ошағы кез келген ауылда кездеспейді.\nАуыл тұрғындары жеке меншікке өткен, жөндеусіз жүдеу күйге түскен мәдениет нысанының болашағы үшін алаңдап, аудан және облыс басшылығымен болған кездесулерде күрделі жөндеу қажет екені туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Осы орайда облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәдениет ошағының жай-күйіне назар аударып, осы мәселенің шешілуіне ықпал етті. Мәдениет үйінде ардагерлер фестиваліне дайындалып жатқан \"Алтын қазына\" ансамблі мүшелерінің дайындығына куә болдық. Ғимаратта орналасқан ауыл кітапханасының жұмысымен таныстық.\n\"Бұл мәдениет үйі 1992 жылы қолданысқа берілді. 2023-2024 жылдары 601 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр. Мәдениет үйінде алты үйірме жұмыс істейді. Кітапхана мен Головацкий музейі бар. Бұл дизайны ерекше мәдениет үйі, Қазақстанда басқа еш жерде жоқ\", – деді Панфилов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Толқын Көшербаева.\nМәдениет үйінің жанында 210 орындық \"Жаскент\" жекеменшік балабақшасы орналасқан. Бір кездері \"Қорғас\" ХШЫО-ның бұрынғы әкімшілік ғимараты болған бұл нысанды кәсіпкер Тұрсын Кончибаева сатып алып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 200 млн теңгеден астам сомаға күрделі жөндеу жүргізген. Ғимаратқа газ кіргізіп, балабақша ашып, жиырмадан астам адамды жұмысқа орналастырды.\nПанфилов өңірдегі жасыл аудан саналады. Көгалдандыру бағытында \"Таза Қазақстан\" бағдарламасы аясында ауданда 15 мыңға жуық ағаш егілген. БАҚ өкілдері де Талды ауылдық округінде демеушілер салып берген \"Тау самал\" мәдениет және демалыс саябағына барып, ағаш екті. Мұндағы іргелі жұмыстар жайлы округ әкімі Қуандық Әшіржанов айтып берді.\n\"Біздің Талды ауылы – Панфилов ауданының үлгілі елді мекендерінің бірі, мұнда бес мыңнан астам адам тұрады. Жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалып, ауылда мектеп, екі балабақша, амбулатория, мәдениет үйі жұмыс істейді. Жақын арада газдандыру жұмыстары басталады. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтар санатындағы азаматтарға арнап 16 үй салынып жатыр. Сондай-ақ бүгінгі таңда 300 орындық жаңа мектеп тұрғызыла бастады\", – деді ол.\nТілшілер қауымы аталған мектептің құрылыс алаңына барды. Аудан әкімінің орынбасары Дидар Ешеновтің айтуынша, білім беру нысанының құрылысы 2024 жылғы маусым айында басталған. Осы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс орнында 96 адам жұмыс істеп жатыр.\n\"Бұл мектеп арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен салынып жатыр. Жалпы құны – 2,7 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары тамыздың соңында аяқталуға тиіс, дегенмен бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жұмыс кестесінен едәуір алда келеді. Сондықтан құрылысты бірінші тамызда аяқтаймыз деген жоспар бар. Бүгінде сыртқы және ішкі әрлеу, ауланы абаттандыру жұмыстары жасалып жатыр\", – деген Дидар Ешенов жаңа білім ордасының жабдықталуы жайлы мектептен еш кем түспейтінін және оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің үміттері толығымен ақталатынын жеткізді.\nМектеп қабырғасында пән кабинеттерінен бөлек керамика, аспаздық, тігін секілді шеберханалар болады.\nЖурналистер былтыр көпбалалы отбасыларға 160 пәтер, сондай-ақ демеуші компанияларының есебінен екі пәтерлі үйлер салынған жаңа шағын ауданда болды. 2024 жылы 620 пәтер пайдалануға берілген. Қазіргі таңда ауданда 4500-ге жуық адам үй кезегінде тұр.\nКелесі нысан – жаңадан салынған Алтүй ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулатория. Оның штатында 18 маман бар – жалпы практикадағы екі дәрігері, 6 медбике. Бүгінгі таңда зертхана, күндізгі стационар сияқты стандартты медициналық қызметтерден басқа, оңалту орталығының жұмысы қарастырылған.\n\"Ауданда 2023 жылы – үш, 2024 жылы екі медициналық пункт салынды. Биыл осындай үш ғимарат салынады деп жоспарланы отыр. Ауылда 11 медициналық мекеме салынып жатыр, соның ішінде бес дәрігерлік амбулатория салынып бітті. Әр амбулатория тәулігіне 25 науқасты қарай алады. Дәрігерлер жеткілікті. Амбулаторияда меңгеруші, жалпы практика дәрігері және медбикелер бар\", – деді Панфилов аудандық аурухананың бас дәрігері Айдын Елікбаев.\nПанфилов ауданында үш жылдың ішінде бізде кәсіпкерлердің көмегімен 6 спорт кешені пайдалануға берілген. Соның бірі – Үлкен Шыған ауылындағы 90 орындық спорт кешені. Мұнда кең тараған спорт түрлерінен он секция жұмыс істейді. Спорттың алты түрінен 197 бала жаттығады.\nПресс-тур соңында Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кеңінен айтып берді.\n\"Панфилов ауданы шекаралық аймақта орналасқандықтан экономикалық даму жағынан мүмкіндігі жоғары аудандардың бірі саналады. Соңғы үш жылдың ішінде тек білім саласының өзінде 6 елді мекенге жаңа мектептер салынып, пайдалануға берілді. Үш жылда 6 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Биыл Дәнеш Рақышев атындағы мектептің жаңа құрылысын тамыз айының аяғына дейін бітіріп, 1 қыркүйекте іске қосамыз. Денсаулық сақтау саласында үш жылдың ішінде 21 елді мекенде жаңа ғимараттар салынды, 7 елді мекендегі медицина ғимараттары күрделі жөндеуден өтті. Біздің аудан халық өсімі жағынан бірінші орында, жылына кем дегенде 3200-3500 бала дүниеге келеді. Сондықтан перзентхана ғимаратын да жөндеуді жоспарлап отырмыз\", – деді аудан әкімі.\nМарат Сағымбек жол мәселесі де шешілетін айтып отыр. Көктал мен Сарыөзек арасындағы 78 км және Көктал мен Айдарлы ауылындағы 15 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары басталды.\n\"Ауылішілік жолдар да назардан тыс қалмайды. Газбен қамту бойынша биыл 25 елді мекенге көгілдір отын жеткізуге қаражат бөлінді. Бес елді мекенге су құбыры жүргізілді. Ауданымызда жұмыссыздық мәселесі толық шешілді деп айтуға болады. Керісінше, жұмыс күші жетпей жатыр. Алынып жатқан зауыт, фабрикалар, кәсіпорындар бар. Ауданда 27 білікті дәрігер тапшы. Сырттан келетін дәрігерлерге жағдай жасау мақсатында бес үй бердік. Облыс әкімінің шешімімен оларға берілетін қаржылай қолдау сомасы он миллион теңгеге дейін көтерілді.  Мамандар келіп жатыр, оны үй кезегіне тұрған жас мамандар санынан көріп отырмыз\", – деді Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек.\nПресс-турдың екінші күні БАҚ өкілдері Панфилов ауданындағы Қытаймен шекаралас аумақта орналасқан арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысты. Бұл туралы Информбюроның келесі материалынан оқи аласыздар."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/zenbirek-atu-kosede-dastarxan-zaiu-zane-fanas-samdary-alem-xalqy-orazany-qalai-qarsy-alady", "title": "Зеңбірек ату, көшеде дастархан жаю және Фанас шамдары. Әлем халқы Оразаны қалай қарсы алады", "text": "Рамазан айы – бүкіл әлем мұсылмандары үшін тек құлшылық кезеңі ғана емес, бұл – сан ғасырлық тарихы бар мәдени антропологиялық феномен. Ислам діні тараған аймақтардың географиялық және этникалық ерекшеліктеріне қарай, бұл айды өткізудің өзіндік дәстүрлері қалыптасқан. Төменде төрт түрлі мәдениеттің Рамазанды қарсы алудағы бірегей ерекшеліктеріне ғылыми және тарихи деректер негізінде талдау жасаймыз.\nТүркиядағы Рамазан – империя асқақтығы мен халық қарапайымдылығының симбиозы. Мұндағы дәстүрлердің басым көпшілігі Османлы сарай мәдениетінен бастау алады.\n\"Махья\" өнері (Аспандағы жазулар): Бұл дәстүр XVII ғасырда Сұлтан Ахмет мешітінің мұнараларына алғаш рет май шамдармен жазу ілінгеннен басталады. Тарихи деректер бойынша, махьяшылар ай бойы мешіт мұнараларына \"Хош келдің, Рамазан\" немесе \"Жақсылық жаса\" деген секілді ғибратты сөздерді шамдармен өреді. Бүгінде бұл дәстүр заманауи диодты шамдармен жалғасып, Стамбулдың түнгі панорамасын ерекшелендіреді.\nРамазан барабаншылары және \"Маниялар\": Сағат болмаған заманда халықты сәресіге ояту үшін пайда болған барабаншылар бүгінде Түркияның тірі символы. Олар жай ғана дабыл қақпайды, олар түрік фольклорының ерекше жанры – \"Манияларды\" орындайды. Бұл маниялар әлеуметтік сынды, әзілді және діни үгітті қамтиды.\n\"Тіс жалдау\" дәстүрі: Осман дәуірінен келе жатқан, қазір қайырымдылық ретінде сақталған бұл дәстүр бойынша, үй иесі, бай адамдар ауызашарға келген қонақтарға \"менің асымды жеп, тістеріңді тоздырдыңдар\" деген ілтипатпен сыйлық немесе ақша береді. Бұл – жомарттықтың ең жоғары деңгейі.\nГастрономия: Түрік ифтар дастарқаны \"Рамазан пидесісіз\", яғни күнжіт сепкен нансыз өтпейді. Ауызашардың басында міндетті түрде \"Ифтариелік\" – ірімшік, зәйтүн, құрма, бал жиынтығы ұсынылады.\nМысыр – Рамазан айын әлемдегі ең шуақты және ең жарқын мерекеге айналдырған ел. Мұндағы мерекелік атмосфера басқа араб елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары.\nФанас шамдарының құпиясы: Фанас – Египет Рамазанының ажырамас бөлігі. Тарихи деректер бұл дәстүрді 969 жылы Фатимид халифасы әл-Муизз Лидиниллаһтың Каирге келуімен байланыстырады. Халық оны қолына жарық шамдар ұстап қарсы алған. Содан бері фанас жасау – үлкен өнер. Бүгінде Каирде Рамазан алдында арнайы шам базарлары ашылады, ал шамдардың көлемі кішкентай ойыншықтан үлкен ғимараттың биіктігіне дейін жетеді.\n\"Маидат әл-Рахман\" – Мейірім дастарқаны: Египетте Рамазан айында жомарттық институты өте дамыған. Көше бойында ұзыннан-ұзақ дастарқандар жайылып, кез келген жолаушы немесе кедей адам тегін ас іше алады. Бұл шараларды ірі кәсіпкерлер де, қарапайым көршілер де бірігіп ұйымдастырады.\nЗарб және Ифтар пушкасы: Каирде ауызашар уақытын хабарлайтын зеңбірек ату дәстүрі бар. Бұл дәстүр XIX ғасырда Мұхаммед Әли паша тұсында кездейсоқ пайда болып, бүгінде сүйікті рәсімге айналған.\nМалайзияда Рамазан \"Булан Пуаса\" деп аталады және ол тропикалық экзотикамен астасып жатыр.\nБубур Ламбук феномені: Бұл – жеті түрлі дәмдеуіш, ет және көкөністер қосылған күріш ботқасы. Куала-Лумпурдағы \"Kampung Baru\" мешітінде бұл тағамды дайындауға жүздеген волонтер қатысады. Бұл тағамның ерекшелігі – ол сатылмайды, тек тегін таратылады. Антропологтар бұл дәстүрді малай халқының \"Gotong-royong\" философиясының көрінісі деп бағалайды.\nБазар Рамазан: Малайзиядағы ең үлкен туристік Рамазан базарлары. Мұнда жүздеген тағам түрлері сатылады. Бұл базарлар тек сауда орны емес, мәдени алмасу алаңына айналған.\nДіни төзімділік: Малайзия көпконфессиялы ел болғандықтан, Рамазан айында мұсылман емес азаматтардың мұсылман достарын ифтарға шақыруы немесе бірге ауызашар жасауы – ұлттық бірліктің нышаны.\nҚазақ даласында Рамазан айы – көшпелілер мәдениеті мен ислам құндылықтарының тамаша үйлесімі.\nЖарапазан – бірегей фольклорлық мұра: Жарапазан парсының \"шахр-и рамазан\" сөзінен шыққан – қазақ халқының Рамазан айындағы рухани бренді. Бұл жай ғана өлең емес, бұл – үй иесіне бақ-береке тілеу, ислам қағидаларын жырмен жеткізу формасы. Жарапазан тек қазақ, қырғыз және ішінара өзбек халқына тән. Оның тәрбиелік мәні – жастарды қайырымдылыққа, сөз өнеріне баулу.\nАуызашар этикасы: Қазақ ауызашары – бұл үлкен әлеуметтік жиын. \"Ауызашар\" беру – қазақ үшін міндетті жомарттық. Дастарқанға міндетті түрде ұлттық тағамдар – бауырсақ, ет, қымыз, шұбат қойылады. Бұл көшпелілердің ақ пен етке негізделген тамақтану мәдениетінің оразамен ұштасуы.\nШілдехана мен Қадір түнінің ерекшелігі: Қазақтар Қадір түнін \"Қыдыр ата келетін түн\" деп ерекше қастерлеп, таңға дейін ұйықтамай, рухани әңгімелер айтып, дұға жасаған. Бұл түнде үйді тазалап, жаңа киім кию дәстүрі де болған.\nБереке асы – Сәресі: Қазақ халқында \"Сәресі ішкеннің берекесі бар\" деген сенім күшті. Ертеде малшылар қауымы сәресіде қуатты ас ішіп, күні бойы далада жұмыс істеуге дайындалған."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/nikolas-maduro-tutqynda-elde-totense-zagdai-venesuelany-alda-ne-kutip-tur", "title": "Николас Мадуро тұтқында, елде төтенше жағдай. Венесуэланы алда не күтіп тұр?", "text": "АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасап, оның президенті Николас Мадуроны қолға түсірді. Кейінірек Нью-Йоркте Мадуро мен бірінші ханым Силия Флореске қару-жарақ пен есірткіге қатысты қылмыс бойынша айып тағылды. АҚШ перезиденті Дональд Трамп билік \"тиісті түрде\" берілмейінше елді \"басқаруға\" уәде берді. Informburo.kz болған оқиғаға шолу жасады.\n3 қаңтар күні ел астанасы Каракастың оңтүстігінде орналасқан әскери база маңында жарылыстар болған. Соның салдарынанқаладағы кейбір аудандар жарықсыз қалған. Осыған байланыстыВенесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай жариялады.\nАл жергілікті уақыт бойынша сағат 02:01-де америкалық әскерилер Каракастағы Николас Мадуроның үйіне басып кірді. АҚШ президентінің айтуынша, Мадуро болат бункерге кіруге тырысқан, бірақ есігін жауыпүлгермеген.\nНиколас Мадуроның орналасқан жерін анықтауға Венесуэла үкіметіндегі Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) дереккөзі көмектескен. Ал оны ұстауға АҚШ армиясының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жоғары деңгейлі \"Дельта Форс\" бөлімшесі жұмылдырылған. Әскерилер Мадуро мен әйелін Бруклиндегі федералдық мекеме – астаналық тергеу изоляторына апарды.\nКейінірек Трамп Truth Social платформасында \"Николас Мадуро USS Iwo Jima линкорының бортында\" деген жазуы бар фотосуретті жариялады. Мадуро мен жұбайы 5 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 12:00-де сот алдына шығады.\nДональд Трамптың мәлімдеуінше, опреация кезінде бірде-бір америкалық әскери қызметкер қаза таппағанын және жараланғандардың аз болған. Ал Венесуэланың қорғаныс министрі Владимир Падрино мемлекеттік телеарнада жасаған мәлімдемесінде Мадуроның қауіпсіздік қызметкерлерінің елеулі бөлігі, сондай-ақ сарбаздар мен бейбіт тұрғындар қаза тапқанын хабарлады.\nBBC деректеріне сүйенсек, Каракастың бес нүктесіне шабуыл жасалған:\nReuters-тіңжазуынша,қазір Венесуэлада вице-президенті Дельси Родригес уақытша президент болып отыр. Ол Мадуроны босатуды талап етіп, оны \"жалғыз президент\" депатады.\nАл Венесуэла үкіметі шабуылды \"Венесуэланың стратегиялық ресурстарын, атап айтқанда мұнай мен пайдалы қазбаларды\" басып алу және \"елдің саяси тәуелсіздігін күшпен жою\" әрекеті деп бағалады.\nАҚШ президенті Дональд Трамп Atlantic басылымына берген сұхбатында Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес АҚШ-пен ынтымақтастықтан бас тартса, өте қымбат құн төлейтінінмәлімдеді.\n\"Тіпті ол Мадуроның жағдайынан да ауыр болуы мүмкін\", – деді Дональд Трамп.\nАмерикалық ресми тұлғалар Венесуэлаға әрі қарай әскери араласуды жоспарламағанын айтқанымен, Трамп онда америкалық әскерлерді орналастыру туралы сұраққа \"Біз онда солдаттардың пайда болуынан қорықпаймыз\" депжауап берді.\nТрамп сондай-ақ инфрақұрылымды жөндеу және \"елге пайда әкеле бастау\" үшін америкалық мұнай компанияларының баратынын мәлімдеді. Сонымен қатар жер қойнауынан өндірілетін байлықтың Венесуэла мен АҚШ халқына бұйыратынын жеткізді. Сондай-ақ ол АҚШ-тың басқа елдерге мұнай сататынын мәлімдеді.\nВенесуэла дәлелденген мұнай қоры бойынша әлемде бірінші орында, бірақ бұл \"ауыр\" мұнай деп аталады. Оны өңдеу қиынырақ, бірақ дизель отыны мен асфальт өндіруге жарамды. Алл АҚШ әдетте бензин өндіруге қолданылатын \"жеңіл\" мұнай өндіреді.\nАҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди Мадуро мен оның әйеліне есірткі терроризмін жасауға сөз байласу және кокаин тасымалдау, пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтау, сондай-ақ АҚШ-қа қарсы пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтауға сөз байласу бойынша айыптар тағылғанын мәлімдеді.\nНиколас Мадуро орталықшыл-солшыл президент Уго Чавестің басшылығы тұсында танымал болып, 2013 жылы оның орнына президент болды.\nМадуро АҚШ-қа жүз мыңдаған венесуэлалық мигранттардың келуіне және елге есірткінің, атап айтқанда фентанил мен кокаиннің тасымалдануына байланысты Трамппен текетіресте болды.\nАлайда, есірткіге қарсы күрес сарапшылары Венесуэла негізінен басқа елдерде өндірілген есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаушы ел ретінде әрекет ететінін, ал фентанил негізінен Мексикада өндіріліп, АҚШ-қа әдетте ортақ құрлық шекарасы арқылы кіретінін айтады.\nТрамп венесуэлалық екі есірткі тобын – Tren de Aragua және Cartel de los Soles ұйымдарын шетелдік террористік ұйымдар тізіміне енгізіп, соңғысын Николас Мадуро басқаратынын мәлімдеді.\nМадуро болса картель басшысы екенін үзілді-кесілді жоққа шығарып, АҚШ \"есірткіге қарсы соғысын\" оны тақтан тайдыру және Венесуэла мұнайын иемдену әрекетіне сылтау ретінде пайдаланып отыр деп айыптады.\nСоңғы айларда америкалық әскерилер есірткі контрабандасына қатысты деген кемелерге жиырмадан астамсоққы жасаған, нәтижесінде 100-ден астам адам қаза тапқан.\nСоққылар туралы алғашқы хабарламаларға Венесуэланың ескі одақтастарыөте өткір реакциябілдірді.\nРесей Венесуэлаға қарсы жасалған \"қарулы агрессия актісіне\" алаңдаушылық білдіріп, оны қатаң айыптады. Сондай-ақ Мәскеу АҚШ басшылығын ұстанымын қайта қарап, егемен мемлекеттің заңды түрде сайланған президенті мен оның жұбайын босатуға шақырды.\n\"Қытай АҚШ-тың егемен мемлекетке қарсы күш қолдануын және оның президентіне қатысты әрекеттерін терең күйзеліспен қабылдап, батыл түрде айыптайды\", – деп мәлімдеді Қытай Сыртқы істер министрлігі. Қытайдың пікірінше, Вашингтонның әрекеттері \"халықаралық құқықты және Венесуэланың егемендігін бұзады, сондай-ақ Латын Америкасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіреді\".\nКуба мен Иран да АҚШ-тың әрекеттерін айыптады. Маусым айында америкалық бомбалауға ұшыраған Тегеран бұл шабуылды Венесуэланың \"ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын өрескел бұзу\" деп атап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін араласуға шақырды. Венесуэланың жақын одақтасы Куба \"батыр венесуэла халықына қарсы жасалған мемлекеттік терроризмді\" айыптады. Сонымен қатар Куба операция кезінде 32 куба азаматы қаза тапқанын айтып, 5 және 6 қаңтар күнін аза тұту күні депжариялады.\nБұған дейін Трамп есірткі саудасына байланысты әскери күш қолданамын деп қоқан-лоқы жасаған Мексика да АҚШ-тың Венесуэладағы әскери әрекеттерін қатаң сынға алып, олардың \"аймақтық тұрақтылықты елеулі түрде шайқалтатынын\" мәлімдеді.\nВенесуэламен шекаралас Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ-тың әрекеттерін Латын Америкасының егемендігіне \"қол сұғу\" деп атап, бұл гуманитарлық дағдарысқа әкелетінін ескертті.\nСаясаттанушыДосым Сәтпаевтыңжазуынша, Николас Мадуро мен Дональд Трамп арасындағы текетірес 2019 жылы Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде басталған. Ол кезде Трамп оппозиция өкілі Хуан Гуайдоны қолдады. Мадуро екінші мерзімге инаугурацияланғаннан кейін Гуайдо өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған еді. Алайда сол жолы да Мадуро билікті сақтап қалды. 2024 жылы іс жүзінде оппозициялық кандидат Эдмундо Гонсалес жеңіске жеткенімен, қамауға алу қаупіне байланысты елден кетуге мәжбүр болды. Яғни, қақтығыс көптен бері пісіп-жетілген.\n\"Трамп үшін кем түспейтін тағы бір маңызды мақсат – геосаяси мүдде болды. Оған тек \"шағын жеңісті соғыс\" қажет болған жоқ, мұндай әдісті одан бұрын да көптеген америкалық президенттер қолданған. Трамптың басты мақсаты Мадуроны көрнекі трофейге айналдыру еді. Бұл – АҚШ-тың жуырда қабылданған жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іс жүзінде жүзеге асырудың нәтижесі. Аталған стратегия мәні жағынан XIX ғасырдың бірінші жартысында АҚШ президенті Джеймс Монро жариялаған Монро доктринасының қайта жандануы іспетті. Ол доктрина АҚШ-ты Латын Америкасындағы үстем күш деп жариялап, континент елдерінің ішкі істеріне араласуға құқық берген болатын\", – деп жазды саясаткер.\nДосым Сәтпаев XIX ғасырдағыдай бір елдің мүддесі өзге мемлекеттердің егемендігінен жоғары қойыла бастағаны геосаяси шындыққа айналып бара жатқанын айтады.\n\"Мадуроны демонстративті түрде құлату – соңғы онжылдықтарда Латын Америкасында экономикалық әрі саяси ықпалын айтарлықтай күшейткен Қытайға да анық сигнал. Венесуэла үшін Қытай оның мұнайын сатып алатын негізгі серіктестердің бірі болған. Алайда Трамп Мадуроның дәстүрлі одақтастары Ресей мен Қытайға арқа сүйей алмайтын сәтті таңдады. Бұл, өз кезегінде, басқа латынамерикалық елдерге кімнің төңірегіне топтасу керек және кімге қарсы тұру қажет екенін көрсететін белгі болды. Қалай десек те, турбуленттілік күшейіп келеді\", – деп жазды саясаткер."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/islam-bir-rettik-nekege-ruqsat-ete-me-sarigattagy-uilenuge-qatysty-ustanym-qandai", "title": "Ислам \"бір реттік некеге\" рұқсат ете ме? Шариғаттағы үйленуге қатысты ұстаным қандай", "text": "Ақтөбе тұрғыны \"Нұр Ғасыр\" мешітінде қызға тиісіп, \"бір реттік неке\" ұсынған. Кейін бұл оқиға көпшілік арасында кең тарап, талқыға түсті. Осы орайда Информбюро тілшісі ислам дінінде \"бір реттік неке\" бар ма, жоқ па деген сұраққа жауап іздеді.\nПубликация от Emmanuella Nauryzbaeva (@emmanuellanauryzbaeva)\nҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.\n\"Мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы. Онда келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет. ҚМДБ қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені, мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес\", – делінген хабарламада.\nҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді.\nҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, ұстаз Елбек Тасболатұлы исламда уақытша неке деген мүлдем жоқ екенін, уақытша некенің үкімі қандай екенін айтты.\n\"Ақ неке – ер мен әйел затының отбасын құру мақсатында жасалатын қасиетті келісім шарт. Сондықтан да, ақ некенің басқа келісім шарттардан қарағанда өзгеше талаптары бар. Мысалы, неке қимақшы болған ер мен әйел бір-біріне жақын туыс болмауы, қалындық тарапының қамқоршысының (әкесі, атасы, ағасы,баласы арнайы тәртіппен) келісімі, күәлардың қатысуы, екі тараптың разылығы және басқа да шарттар қойылады. Біздің ұстанатын бағытымыз – көпшілік ғұламалардың жолы. Яғни уақытша неке мүлдем дұрыс емес\", – деді ұстаз.\nЕлбек Тасболатұлы исламда уақытша неке есепке алынбайтынын, бұндай неке қиылған болып есептелмейтінін айта кетті. Мұндай ұғым төрт мәзһабта да жоқ. ҚМДБ ханафи мәзһабын ұстанғандықтан бұндай некені жоққа шығарады.\n\"Бір реттік неке\" кейбір жат ағымдардың өздеріне жасап алған дүниесі. Мұндай неке қоғамда бұзақылықтың, арсыздықтың жайылуына себеп болады. Сондықтан жезөкшелікке ұқсайтын дүние болып есептеледі немесе діннің атын жамылып жезөкшелікті адалға шығарып алу деп есептесек те болады. Салдары өте ауыр. Мұндай неке есептелінбегендіктен жезөкшелікпен қатар дінде қатаң тыйым салынған зинамен айналысу және оны діннің атымен ақтап алу болып есептеледі. Бұл күнәнің үстіне күнә, азғындық үстіне азғындық болмақ. Дініміз бұндай нәрсеге қатаң тыйым салады. Сондай азғындыққа түсіп қалмау үшін ресми орындардан, мешіттен дінге қатысты мәселенің мән-жайын анықтап алу керек\", – деді Елбек Тасболатұлы.\nҮкімі:\"бір реттік неке\" зина, харам болып есептеледі.\nЖалпы неке сөзінің негізі – \"никах\" деген араб сөзі. Ислам дінінде үйленудің өзіндік парызы мен шарттары бар. Парызы екеу: біріншісі – үйлену сөзі, ұсыныс, екіншісі – ұсынысты қабыл алу.\nАталған шарттардың бірі кем болған жағдайда Әбу Ханифа мәзһабы бойынша неке дұрыс болып саналмайды.\nМұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өзінің ұлағатқа толы хадистерінде де үйленудің, жұбайлық өмірдің өзінің сүннетінен екендігін баса айтады. Үйленуді, шариғат жолымен некелесуді мойындамаған жанды өз үмбетінен деп есептемейтіндігін ескертеді.\nҚМДБ некесі қиылмаған \"азаматтық неке\" шариғатта некесіздікке жатады дейді.\n\"АХАТ бөлімінде ресми тіркелмей немесе мұсылманша неке қиылмай жақындасу зина ұғымына кіреді. Осылайша, екі тарап \"ерлі-зайыпты болуға дайындық, тәжірибе\" деген желеумен ауыр күнә болып саналатын зинақорлықты ақтауға тырысады. Негізінде мұсылман шариғатында халал мен харам анық ажыратылып көрсетілген\", – делінген ҚМДБ хабарламасында.\n\"Азаматтық некенің\" шариғатқа қайшылықтары:\nҮкімі:АХАТ бөлімінде ресми тіркелмей немесе мұсылманша неке қиылмаған \"азаматтық неке\" – зина, харам болып саналады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/ministr-sudia-partiia-xatsysy-alemde-zasandy-intellekt-qandai-qyzmetterge-tagaiyndaldy", "title": "Министр, судья, партия хатшысы. Әлемде жасанды интеллект қандай қызметтерге тағайындалды", "text": "Таныстыру рәсімі Астанада Digital Bridge халықаралық форумы аясында өтті. Бұл – Қазақстанда лауазымға ие болған алғашқы нейрожелі. Ол ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарды, 2008 жылдан бергі директорлар кеңесінің шешімдерін және қордың құрылған сәтінен бастап жинақталған басқа да материалдарды талдайды.\nӘлемнің өзге де елдерінде жасанды интеллект басқару саласында қолданылып қана қоймай, қызметке тағайындалып, түрлі лауазымға ие болып жатыр. Иформбюро порталы осындай қызмет атқарып жүрген жасанды интеллект негізіндегі нейрожелілер туралы шолу әзірледі.\nSamruk-Kazyna Artificial Intelligence – жасанды интеллект негізінде әзірленген және өңір бойынша директорлар кеңесінің дауыс беру құқығы бар алғашқы цифрлық тәуелсіз мүшесі. SKAI корпоративтік басқарудың ашықтығы мен сапасын арттырудың жаңа құралы болып отыр. Нейрожелі құжаттарды, директорлар кеңесінің шешімдерін және қор құрылғаннан бергі жинақталған басқа да материалдарды талдайды. Бұл – кеңестің әлдеқайда ұтымды әрі сараланған шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді.\n\"Самұрық-Қазына\" қауіпсіздікті назардан тыс қалдырмады. SKAI қордың портфельдік компаниясы – \"Қазақтелекомның\" екінші суперкомпьютері Al Farabium-ның жабық контурында жұмыс істейді. Осылайша ақпарат ел аумағынан тысқары тарамайды, ал жоғары есептеу қуаты талдаудың сенімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз етеді.\nЖүйенің негізі ретінде қазақстандық Alem LLM тілдік моделі қолданылған. Енді технология мен адамдар шешімді бірлесе қабылдайды. SKAI директорлар кеңесінің алдағы отырысында қолданылмақ.\nШэньчжэньде DeepSeek үлгілерінің негізінде құрылған \"AI кадрлары\" (AI civil servants) муниципалдық қызметтерде жұмыс істей бастады. Бұл жасанды интеллект-қызметкерлер құжаттарды өңдейді, жүктелген міндеттерді жасауға көмектеседі, шағымдарды талдайды, тапсырмаларды бөледі. Бұл министр сияқты жоғары лауазым болмаса да, жасанды интеллект мемлекеттік басқару саласында жұмыс істеп, процестерге қатысып отыр.\n2023 жылы Футянь ауданында жасанды интеллект негізінде \"виртуалды партия хатшысы\" тағайындалды. Ол тұрғындарға кеңес беріп, мемлекеттік қызметтер бойынша жауаптар ұсынды. Бұл PR-жоба болғанымен, БАҚ оны \"виртуалды шенеунік\" деп атап кетті. Виртуалды мемлекеттік қызметшілер тапсырмаларды орындағанымен адамның бақылауында болады. Шешімді адамның өзі қабылдайды.\nАлбанияда жасанды интеллект министр болып тағайындалды. Diella атты виртуалды министр елдегі мемлекеттік сатып алуларды қадағалайды. Осылайша Албания жасанды интеллектіні министр лауазымына тағайындаған әлемдегі алғашқы мемлекет атанды.\nDiella албан тілінде \"күн\" деген мағынаны білдіреді. Албания премьер-министрі Эди Раманың айтуынша, енді мемлекеттік тендерлерді өткізу үдерісі біртіндеп Diella-ның құзырына беріледі.\n\"Осыдан соң Албания мемлекеттік тендерлерде жемқорлықтан толық арылған елге айналады. Барлық қаражат ашық әрі қатаң бақылауда болады. Бұл – қиял емес, нақты қадам\", – деді Эди Рама.\nЖасанды интеллект қазірдің өзінде жұмысын бастап, барлық үкімет отырыстарына қатысып жатыр. Виртуалды министрді қолдау үшін жаңа бөлім құрылып, мемлекеттік құрылымдарға нейрожелілер енгізіледі. Бұл тендерлердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етпек.\nВиртуалды министр парақорлық пен лоббизмге жол бермейді. Жақында ғана Албанияның бұрынғы президенті сыбайлас жемқорлық күдігімен қамауға алынғандықтан, бұл жаңалық елде өзекті бола түсті.\nDiella қазірдің өзінде e-Albania атты электронды мемлекеттік қызметтер платформасын басқарып отыр. Жасанды интеллект бейнесінде дәстүрлі албан киіміндегі қыз бейнеленген.\nСот саласына да жасанды интеллект еніп жатыр. Қытай сот жү­йесі цифрлық инновацияларды қол­дану тұрғысынан әлем бойынша көш бастап тұр. Бұл елде цифрлық сот зертханасы жұмыс істейді.\nҚытайдың кейбір аймақтарында, мысалы Шанхай мен Ханчжоу соттарында жасанды интеллект виртуалды көмекші ретінде сотқа қатысады. Олар алдыңғы істерді талдайды, заң баптарын тізеді, үкім нұсқаларын ұсынады. Мысалы, қылмыстық істерде жасанды интеллект айыпталушының кінәсін дәлелдеуге қатысты деректерді жүйелеп береді.\nСондай-ақ, кейбір аймақтарда жасанды интеллект \"виртуалды сот офицері\" қызметін атқарады. Ол сот залында бейне-аватар ретінде көрініп, іс барысын түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді. Бірақ, соңғы шешімді әрдайым судьяның өзі қабылдайды.\n2023 жылы Ұлыбританияның Брайтон қаласында кәсіпкер Стив Эндакот \"AI Steve\" атты жасанды интеллект жобасын іске қосты. Жоба мақсаты – жасанды интеллект көмегімен тұрғындармен тікелей диалог құрып, пікірлеріне құлақ асу.\nAI Steve – чат-бот пен нейрожелінің қосындысы. Брайтон тұрғындары онлайн түрде AI Steve-ке сұрақ қойып, ұсыныстарын айтады. Жасанды интеллект оларға жауап беріп қана қоймай, тұрғындардың идеясын жинап, сараптайды. AI Steve ресми түрде парламент мүшесі емес, бірақ ол 2024 жылғы Ұлыбритания парламенттік сайлауында \"AI Steve\" атауымен тәуелсіз кандидат ретінде тіркелді. Егер ол сайлауда жеңсе, ресми мандат Стив Эндакотқа берілетін еді. Бірақ, ол барлық шешімді AI Steve-тің алгоритмдеріне сүйеніп қабылдайтынын мәлімдеді.AI Steve – әлемдегі алғашқы жасанды интеллект-кандидат. Ол әлі ресми саясаткер болған жоқ, бірақ Ұлыбританиядағы сайлауға қатысуы жасанды интеллектінің саяси жүйеге тікелей кіре бастағанын көрсетті.\nРесейде алғаш рет жасанды интеллект мемлекеттік қызметшіні алмастырды. Амур облысындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Игорь Радченко 2025 жылғы көктемде осындай тәжірибе бастаған. Сәуірде ол GigaChat және DeepSeek нейрожелілеріне негізделген екі AI көмекшісін іске асырды. Мекеме заң кеңесшісіне мардымды жалақы төлей алмаған соң, оның орнын жасанды интеллектімен алмастырған. AI көмекші кәсіпкерлердің өтініштерін өңдеумен айналысады. Жасанды интеллект қолданысқа енгізілгелі өтініштерді қарау уақыты екі күннен бір сағатқа дейін қысқарды.\nЖасанды интеллект омбудсменге оңтайлы әрекет ету бағытын ұсынады, тиісті заңдарға сілтемелерді жинайды және сотқа өтініш беруге немесе хат жобасын жасауға көмектеседі.\nБұл тәжірибе нәтиже күткеннен асып түсетінін көрсетті. Омбудсмен бизнес мүддесін қорғайтын арбитраж сотқа былтыр небәрі 19 іс түскен болса, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында сотқа 30 шағым түскен.\nБұл ретте жетекші заң кеңесшісі жұмыстан босатылмаған. Оның орнына ол Амур облысының азаматтық палатасындағы осындай бос лауазымға ауыстырылған.\nЭстония – электронды үкімет жүйесі дамыған елдердің бірі және алғашқылардың бірі болып сот жүйесіне жасанды интеллект енгізді. 2019 жылы Эстония әділет министрлігі \"робосудья\" (AI judge) жобасын таныстырды. Негізгі мақсаты – қарыз қайтару, келісімшарт бұзылуы, шағын төлемдер секілді ұсақ азаматтық дауларды жылдам шешу.\nБұл робосудья 7 мың еуроға жетпейтін азаматтық істерді қарайды. Әдетте компаниялар мен тұтынушылар арасындағы даулар немесе шағын коммерциялық даулар болуы мүмкін. Жасанды интеллект материалдарды талдап, алгоритм бойынша шешім шығарады. Шешім шыққан соң тараптардың бірі келіспесе, оны адам судья қарауы үшін апелляцияға бере алады. Бұл жерде жасанды интеллект соңғы шешімді шығара алмайды, бәрібір іс адам бақылауында болады.\nБұл жобаның артықшылығы – жасанды интеллект қарапайым істерді тез шешеді. Ал судьялар ұсақ істерге уақыт кетірмей, күрделі істерге көбірек көңіл бөледі. \"Робоcудья\" жүйесі пилоттық режимде ғана қолданылды. Толыққанды ұлттық деңгейде енгізілген жоқ. Десе де, Эстония үкіметі оны жетілдіріп жатыр.\nАйта кететін жайт:Албанияда жасанды интеллект ресми түрде министр атанса, қалған елдерде жергілікті деңгейде \"вируталды әкім\", \"виртуалды судья\" секілді эксперименттер жасалып жатыр. Жасанды интеллект толықтай жауапкершілікке ие бола алмайды, тек көмекші құрал ретінде қолданылады."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/kogam/azyq-tulik-narygyndagy-importqa-taueldilik-maselesi-qasan-sesiledi", "title": "Азық-түлік нарығындағы импортқа тәуелділік мәселесі қашан шешіледі", "text": "Қазақстанда екі жылдан бері отандық азық-түлік өндірушілер өндіріс пен азық-түлік қауіпсіздігін дамытуға қатысты аса маңызды мәселелерді шешуге тырысқанымен, үкімет тарапынан қолдау таппай келе жатқан мәселелер бар. Олар туралы Информбюро тілшісіне Қазақстан сүт одағының директоры Владимир Кожевников айтып берді.\nОның сөзінше, азық-түлік саласының салалық одақтары екі жылдан бері отандық өнімдерді сатуды жандандыру, бәсекелестікке лайықты жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстанға азық-түлік әкелуді бақылауды күшейту бойынша ұсыныстарын қайта-қайта көтеріп келеді. Дегенмен, Салалық одақтар альянсы мемлекеттік органдар өкілдерінің олардың бастамаларын талқылау барысында өзекті мәселелерге тереңірек үңілгісі келмейтініне және маңызды ұсыныстарды формальды себептермен қабылдамайтынына қайран.\n\"Азық-түлік секторының салалық одақтары үкіметтің отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қатысты қорытынды жобасын алды. Бұл заң жобасы отандық өндірісті қолдауға, өндірушілер мен олардың өнімдерін сататын сауда желілері арасындағы өзара қарым-қатынасты мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған. Онда сауда желілерінде отандық азық-түлік өнімдерінің үлесін бақылау, сондай-ақ шекарада өнімдердің \"сұр\" импортына қарсы күресті жандандыру және бұл үшін әртүрлі мемлекеттік органдардың ресурстарын жұмылдыру туралы ұсыныстар бар. Өкінішке қарай, салалық одақтар \"Атамекен\" ҰКП арқылы алған үкіметтің қорытынды жобасында заң жобасындағы дерлік барлық ұсынысқа теріс қорытынды берілгені белгілі болды\", – деді Владимир Кожевников.\nҮкіметтің қорытындысы – кез келген заң жобасымен жұмыс істеудегі маңызды кезең. Ұсынылған нормаларды мақұлдай отырып, заң жобасында көтерілген мәселелерді шешуге жауапты министрліктер мен ведомстволар бұл заңнамалық бастамалармен жұмыс істеуге дайын екенін және мәселенің өзектілігін растайтынын білдіреді. Бірақ бұл жағдайда мәселенің өзектілігі анық болса да, Қазақстан өз азық-түлік өндірісінен мүлде айырылып қалу қаупінде тұрса да, ұсыныстардың басым бөлігі қолдау таппаған.\nСаудада отандық азық-түлік өнімдерінің орнын жақсартуға және олар үшін әділ жағдайлар жасауға бағытталған ұсыныстар заң жобасында шамамен 40 тармақтан тұрады және бірнеше тақырыптық блокқа топтастырылған. Бірінші блок – бұл отандық өндірушілер мен сауда желілері арасындағы қарым-қатынасты реттеу, ол көптен бері өз шешімін күтуде. Салалық одақтардың өкілдері мұны мүмкіндігінше тезірек реттеу маңызды деп санайды.\nМамандардың айтуынша, нарықта әрдайым күштінің ережесі жүреді, ал қазіргі уақытта мұндай күш сауда желілерінің қолында. Өндірушілер оларға толықтай тәуелді және желілер бұл мүмкіндікті пайдаланып, тауарларды сату үшін тиімсіз шарттарды ұсынады.\nБірнеше жылдан бері бөлшек саудада импорттық азық-түліктің отандық өнімдерден басым екенін байқауға болады. Салалық одақтардың пікірінше, бұл қазақстандық өндірушілердің нашар жұмыс істейтінінен немесе аз өндіретінінен емес, сауда желілерінің импорттық тауарларды сатудан көбірек пайда көретінінен. Оларға отандық өндірушілер қызықсыз: отандық өнімдерге ең нашар сөрелер мен ең тиімсіз шарттар ұсынылады. Нәтижесінде, біздің өндірушілер өз өнімдерін толық көлемде сата алмай, өндірісті дамыту, салық төлеу, жұмыс орындарын құру сияқты маңызды функцияларын орындай алмайды. Бұл сауда желілерін алаңдатпайды да, өйткені нарықтық жағдайда әркім өз мүддесі үшін жұмыс істейді. Бірақ бұл мемлекет үшін маңызды мәселе, себебі бюджет тапшылығын толтыруға бағытталған салықтарды, әсіресе ҚҚС-ты көтеру ұсынылып жатқанда, оны толықтыратын негізгі ресурс – отандық өндірушілер.\nЖаңа Салық кодексінің жобасында салықтарды арттыру жөніндегі ұсыныстар халық пен бизнестің қатты сынына ұшырап отыр. Алайда, бұған балама ұсыныстар жоқтың қасы. Дегенмен, отандық өндірісті дамыту мемлекеттік бюджетті толтыру мәселесін айтарлықтай шеше алар еді. Сондықтан, салалық одақтардың өкілдерінің пікірінше, мемлекеттік органдар ең алдымен отандық өндірістің мүдделерін қорғап, содан кейін ғана Қазақстанның жаһандық нарықтағы орны туралы ойлануы керек.\nТұтынушылардың мүддесі тұрғысынан алғанда да бұл мәселе өте өзекті. Бір қарағанда, арзан импорт – тұтынушылар үшін пайдалы сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ көбіне төмен баға өнімнің сапасының нашарлығынан болады. Себебі, қазақстандық азық-түлік өнімдерінен айырмашылығы, импорттық тауарлар үнемі тексеріліп отырмайды. Импорттаушылардың тауарларының бір партиясы тексерілгеннен кейін, олар бір жыл бойы тауардың құрамын және сапасын тексерусіз елге кіргізе алады.\nСонымен қатар, көптеген импорттаушылар бағаны демпинг әдісімен төмендетеді. Мысалы, Владимир Кожевников құрғақ сүтке қатысты жағдайды мысал ретінде келтірді. Бір кездері Қазақстан бұл өніммен өзін толық қамтамасыз еткен еді. Алайда, кейіннен АҚШ-тан төмен бағамен үлкен көлемде құрғақ сүт әкелінді. Нәтижесінде, отандық өндірушілер баға демпингін көтере алмай, өндірістерін тоқтатуға мәжбүр болды. Бүгінде Қазақстандағы құрғақ сүт өндірісі қажеттіліктің тек 5%-ын ғана қамтиды.\nБаға демпингі импорттық азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер тарапынан жиі байқалады. Белгілі бір деңгейде бұл – қалыптасқан схема. Нарыққа жаңа ойыншы өз тауарының бағасын әдейі төмендетіп кіреді, осылайша, тұрақтап қалу үшін әрекет етеді. Ал бәсекелестерінен құтылған соң бағасын қайтадан көтереді. Нәтижесінде, импорт отандық өндірісті әлсіретіп, жойып жіберуі мүмкін. Бұл әсіресе азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан алаңдаушылық туғызады. Салалық мамандар дабыл қағып, бұл мәселеге назар аударуға шақыруда. Өйткені, егер белгілі бір геосаяси өзгерістерге байланысты Қазақстан нарығынан негізгі импорттаушылар кетіп жатса, азық-түлік дүкендеріміздің сөрелерінде не қалады? Біз тіпті қысқа уақытқа да өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз ете алмауымыз мүмкін.\nОтандық өндірушілерге жағдай жасауды жақсарту бойынша заңнаманы жетілдіру ұсыныстары талқыланып жатқанда, олардың кейбірі қабылданбай, кері қайтарылып жатқанда, еліміздегі азық-түлік өндірісінің жағдайы нашарлай түсуде. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы ет өнімдерін өңдеумен айналысатын алғашқы өндіріс кешендерінің бірінің директоры Светлана Меденникованың айтуынша, соңғы бірнеше жылда жергілікті өндірушілердің саны азайып келеді. Ал соңғы екі жылда жағдай одан бетер нашарлаған.\n\"Сауда желілері әлі де импорттық өнімдерді сатуға мүдделі. Қазіргі уақытта, әсіресе шекара маңындағы аймақтарда, сауда сөрелеріндегі импорттың үлесі 70 пайызға жетіп отыр. Қазақстандық өнімдерге бөлшек сауда орындарынан орын табу өте қиын. Ең қынжылтатыны, сауда желілері мен ритейлерлер қазақстандық өндірушілермен ынтымақтасуға, олардың өнімдерін сатуды бастауға ешқандай қызығушылық танытпайды. Олар негізінен Ресей, Беларусь және басқа импорттық тауарларға шоғырланған. Импорттық тауар жеткізушілерімен сауда желілерінде бірлескен бөлімдер ашып, әртүрлі акциялар ұйымдастыруда. Ал қазақстандық өндірушілер сауда желілеріне де, өз мемлекетіне де қажет емес сияқты\", – дейді Светлана Меденникова."} {"source": "informburo.kz", "url": "https://informburo.kz/kaz/tanym/qazannyn-sonynda-qandai-zana-filmderdi-tamasalauga-bolady-informbiuro-soluy", "title": "Қазанның соңында қандай жаңа фильмдерді тамашалауға болады? Информбюро шолуы", "text": "20-26 қазан аралығында Қазақстан кинокөрермені онға жуық жаңа фильмді тамашалай алады. Олардың қатарында әлемдік өнер тарихындағы ең құпия туынды туралы деректі кино, Брюс Спрингстиннің шығармашылығы жайлы биографиялық драма, балаларға арналған мультфильмдер және отандық кинотуындылар жобалар бар.\nРежиссері:Райан КрегоБұл – \"Gabby’s Dollhouse\" анимациялық сериалының толықметражды нұсқасы. Габби әжесімен бірге Кэт‑Францискоға барғанда сүйікті қуыршақ үйшігін жоғалтып алады. Кейін оны мысықтарға құмар Вера алғанын біледі. Габии үйшікті қайтару үшін ойыншық мысықтарымен бірігіп, ерекше саяхатқа аттанады.\nБрюс Спрингстиннің 1982 жылғы \"Небраска\" альбомының пайда болу тарихына арналған биопик. Фильмнің негізгі оқиғалары 1981 жылы болған: турдан кейін Спрингстин Нью‑Джерсиге оралып, қалай атақты әнжинағын өмірге әкелгенін көрсетеді.\nБұл бөлімде тылсым әлемнің қорғаушысы Финник өзінің көрінбейтін қасиетін жоғалтып алады. Соны қалпына келтіру үшін досы Кристинамен бірге сиқыршы іздеп, саяхатқа аттанады.\nКартина 2011 жылдың 12 қарашасында Таразда орын алған қайғылы оқиғаға негізделген. Полиция капитаны Ғазиз Байтасов өлімге бас тіккен террористі тоқтату үшін басын қатерге тігіп, бейбіт тұрғындарды құтқарып қалған. Фильм желісі осы оқиғадан екі күн бұрын басталады. Туынды бір адамның ерлігін және терроризмге қарсы күресті еске салуға арналған.\nМанга әлеміндегі танымал кейіпкер Дэнджи жаңа фильмде Резе есімді қызбен танысады. Бірақ көрермен бірден байқай алмайтын бұл жаңа кейіпкердің өз құпия мақсаты бар. Аниме жанкүйерлері Chainsaw Man франшизасының осы бөлімін асыға күтіп жүр.\nХамит түрмеден қашып шыққан соң, өзінің жалғыз мұрагерін құтқарғысы келеді. Сол кезде бала сүймеген ерлі‑зайыптылар дәл сол сәбиді тауып алады. Екі әке арасында балаға талас басталады. Бір жағында сатқындық пен билік, екінші жағында балаға деген махаббат пен отбасылық құндылықтар тұрған осы туынды \"Кім шын әке бола алады?\" деген сұраққа жауап іздейді.\nТеңізші Алексей Алехин белгісіз князьдікке тап болып, жетім қалған кішкентай айдаһарды құтқарады. Кейін оны асырап алады. Осы оқиғадан кейін капитанның өмірінде бір‑біріне ұқсамайтын сынақтар пайда болады: Филимон князді қайғыдан арылту, жеңілмес Бамбуланы жеңу, елді дұшпандар мен сатқындардан қорғау, әрі ханшайыммен кездесу. Фильм отбасылық құндылық пен жауапкершілік туралы.\nБасты кейіпкер – бірнеше дипломы бар, бірақ жұмыссыз жігіт Бақыт. Ол Астанаға көшіп, ауырған інісін емдетіп, қарт анасын бағуды армандайды. Күтпеген жерден мұнай компаниясының басшысы Әлібектің көмекшісі болып жұмысқа орналасып, сұлу әрі өршіл Әнімге ғашық болады. Бірақ жаңа қызмет, пәтер мен көлік алғанына қарамастан, ол өзінің бақытын музыкада табады.\nБұл – қазақ киносының алғашқы музыкалық jukebox фильмі. Фильм үшін 13 әнді симфониялық оркестрмен қайта өңдеген. Фильм композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай түсірілген.\nТаффитиге атасы басқа жануарлармен араласуға тыйым салады. Ол үнемі: \"Дүние қауіпке толы\" деп айта береді. Бірақ Таффити кездейсоқ ебедейсіз және көп сөйлейтін қабанмен танысқан соң, бәрі өзгереді. Жаңа достар бір-бірінен көп нәрсе үйренеді."}